Жана жыл казакша сценарий

Айта берсек таусылмас Жаңа жылда жаңа жыр Кел оданда, халайық Ойын ойнайық жаңа бір. «Қош келдің, Жаңа жыл!» Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ м

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата — аналар кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Г. Наргиза: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Нұрхан: Шыршамызда қаншама
Түрлі — түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

Асылназ:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет

Аю: — Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр — тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір — ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» — дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: — Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес…
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет….(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. — Әрең таптым — ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік… (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі — түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
— Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 — рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жылқы — Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата»
Нұртай:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Абылайхан:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Қайырқұл.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Ұлан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ақниет:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге….
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі……
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын — күлкі таралсын
Құтты болсын…..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Қ. Наргиза.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Санжар:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

Рамазан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Қуанышбек:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тышқан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, доңыз қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(жылтыр сандық ішінен доңыз билеп шығады)
Би: жылан — Елшат
— Ау, тышқанжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата — аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата — аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата — аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата — аналарымыз да бар. Тамашалайық!

Би: «Үнді биі»
Жылқы — Елшат
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: — Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Сиыр — Мұрагер
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жандаулет:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Нұрасыл:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр.

Би: үнді биі (Абылайхан мамасы мен ағасы)

Нұржас:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Ерсін:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Әсел.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Әсем:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті — ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о — о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи — хи — хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо — хо. Охо — хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф — аф — аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата — аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата — аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата — аналарға алғыс хат табыстау)

— Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы,
«Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының І — санатты тәрбиешісі
Кушаева Асел Максутовна

№68
МИББ кешені

«Қош
келдің, Жаңа жыл!»
 

Кабышева А.Ш.

Қарағанды
— 2015ж.

 «Қош
келдің, Жаңа жыл! »
 атты
кеш.

Мақсаты:
оқушыларға мерекелік көңіл күй
тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның,
ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді
ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй
жасау.

Қатысушылар: 2 жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, жалмауыз кемпір, клоун,
бастауыш сынып оқушылары, жаңа мешін жылы, ескі қой жылы.

Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.

1 Жүргізуші:
Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа
жылдық карнавал.

Маска да бар, би
де бар, асығыңдар,

Шарша жанында
қонақтарды қарсы алындар.

2
жүргізуші:

Аяз ата
шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады,
басталады Жаңа жылдық карнавал!

Карнавалдың
иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, оқушылар екі-екіден залға кіреді)

1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан
үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар,
оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа
жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1
Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.
Мына жерде сүйікті ертегілеріміздердің кейіпкерлері, джунглидің барлық аңдары
да жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мереке?

— Жаңа
жыл!! 

2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша
халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны
айналып «Шырша» жырын айтайық.

Хоровод Шырша әні

2 Жүргізуші:

Балалар,
ортамыздағы әсем не?

     Шырша!

1Жүргізуші:

Шыршамыз қандай
әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып
берер екен?

1 сынып оқушысы:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр
жараса!

Басында әсем
жұлдызы,

Көз тоймайды
қараса.

2сынып оқушысы

Жасыл желек
жамылған,

Асыл моншақ
тағылған.

Міне сұлу
шыршамыз

Көптен күтіп
сағынған

Кел балалар
келіңдер

Тамашаны көріңдер

2 Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап
келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар!
Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді
муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін.
Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі
қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы
алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!Бұл ойын Алдау ойыны Мен
сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді
алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.

Мен мұрынды ұстадым!1,2,3 өзі құлағын ұстайды

-Мен басымды ұстадым 1,2,3 иығын ұстайды

Мен құлақты ұстадым1,2,3 бетін ұстайды

Мен құлақты жасырдым1,2,3 өзі қол соғады

Клоун:  Балалар, алданғандар бар, мен оларды
көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.

Оқушылар өлең, тақпақтар айтады.

1Жүргізуші:

Балалар ортамызға
бізбен бір жыл бірге болған  қой жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?

— Әне өзі де келе
жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.

Бәрі: Хош келдің ескі
жыл.

Ескі жыл:
Мен  ескі  жылмын
сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім. Қарсы алыңдар мешін жылын.

1 Жүргізуші:
— Ескі жыл сен жаңа
жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.

2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр
қалып,

Шаттанайық қуанып.
— Ескі жылымыздың
құрметіне «Қызғалдақ» тобының орындауында би. Қарсы алыңыздар.

(Би биленеді)
1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні
бар.

Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
6сынып оқушысы
Шаймерденова Мадинаның орындауында Жаңа жыл әні. Қарсы алыңыздар.

(Ән айтылады)
2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау
шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы
келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар,
жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

(Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің
жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?)

Балалар: Аязата, Ақшақар.

1 Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар
дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік
ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)

Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды
жыртып жатырсыңдар?!

2 Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам
алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

1 Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі.
Ал, сен сияқты үлкен  адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?

Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман
перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб
еді, ал, бардым …. Онда кешке дейін тақпақ-әндер, көбейту кестесін жаттатады,
ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар,
ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?

Еще 45 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі
құрысын!

2 Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр
ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?

Балалар қолдарын көтеріп:

— сауат ашу үшін

— жазу

— сызу

— санау

— кітап оқуды үйрену үшін

— сурет салу үшін

1 Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз
кемпірге қарап)

Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып
едік қой?!

Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол
көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп
секіреді)

2 Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз
қандай жаңа жыл келмек?

Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе
мектеп… оқу… жазу… Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру
сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді
музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)

Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға
толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)

2 Жүргізуші: Тоқта, тоқта!

Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап:
балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)

Балалар: Иә!

Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына
сіріңкесін алып, жаға бастайды)

1 Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла
алмадық қой!

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз
кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға
тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.


Барлығы: Аяз ата,
ақша қар, жаңа жылым кел, кел!

(Аяз ата, ақша қар, жаңа
жыл келеді)

1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата,
жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жаңа
думан, жаңа жыр

2 жүргізуші
Кел,Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,

                      
Құт-береке боп келгейсің еліме

                    
 Үміт артып армандарға аяулы

                      
Шаттығына бөлегейсің бізді дей отырып Аяз атамен бірге «Аппақ-аппақ жапалақтап
» әнін хороводпен салайық


Аяз ата: Аяулы ата — аналар, ардақты ұл —
қыздар, бүн балаларыңа бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.

1 жүргізуші  Аяз Ата шаршап келіпті,сәл тынығып алсын.Аяз ата балалардың
өнерін тамашалаңыз! «Қарлығаш» тобының қыздарының орындауында Үнді биі

2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар,
ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен
қой жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Мешін жылына табысты жыл,
береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Мешін жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)

Қой : Мен
ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.

Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі
жыл кетеді)

Мешін жылы: 
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар

1 жүргізуші Кәне достар!Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп
келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алуға Камиланы «Қош келдің Жаңа
жыл»әнімен қарсы алайық

 2 жүргізуші  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің балалар өнерлі. Сіз келеді деп
күтіп отырғандары қаншама? Солардың өнерін тамашаласақ

Аяз ата: Ақшақар,сыйлықтар қайда,кәне берші.Мен мына балалардың
жарқын жүздеріне,тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған
сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)

Шырша жарқырайды.

Ақшақар: Балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау
сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр….

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ….

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ……

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын …..

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Аязата: бәрекелді, үлкен сый кәпитімізден Жаңа
жылға да беріп қояйық.

Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа
жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Оқушылар тақпақтарын айтуға шығады.

Рысжан: Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны…

Жұпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды!

Бегайым: Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.

Айнұр: Мұз өрнектің бәрі асыл,

Оюларды аңғарам.

Қарағайдың жап-жасыл

Күйіне мен таңқалам.

Аружан: Қандай әсем шартарап!

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап,

Аязата келіп тұр.

Амирхан: Аязата ешкімді алаламас,

Шырша түбі сыйлықтан құры қалмас.

Қояндарға береді ойыншықтар

Аслан: Жай емес ол ойыншық – жұмсақ қасқыр

Қорқақ емес ендігі қояндар да

Ойнайды олар, қолында бір – бір қасқыр.

Ақшақар ойын ойнатады. Шырша ойыны Биік-аласа Үлкен-кіші

 1Жүргізуші: Біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай
тамашалай берейік.

Оқушылардың Ән, би өнерлері көрсетіледі 

2жүргізуші: Диананың орындауында « Бақытты әйел» әнін қабыл алыңыздар

Аяз  ата:  Бәрекелді, бәрекелді .Өнерлі балалар көп екен

1жүргізуші:  Аяз ата,ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне « Қызғалдақ» тобы
қыздарының жаңа жылдық әзіл әнін тыңдаңыздар!

Аяз ата: Ой,қандай өнерлі балалар,рахмет балапандарым!

Аяз ата кәмпиттерін таратады.

(Сырттан үш санта клаус  кіріп
келеді)

Санта Клаус 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!
Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер
неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.

Санта Клаус 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп,
сонымен келдік.

Санта Клаус 3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда,
біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.

Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін
әлі-ақ жауап бересіңдер.

Санта Клаус 1: Сіз жыл сайын жастардың өнерін
көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті
түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік.Бәрі жамырай шулап
биге кіріседі

2 Жүргізуші:
Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген
жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Оларға несін ренжисіз. Оданда бұларда да өнер
бар екен, біздің оқушылар сіздің көмекшілеріңіздің өнерлерін тамашалағысы
келеді, біздер үшін ең жақсы сыйлық. Қане оқушылар сендер Аяз атамыздың
көмекшілерінің өнерін тамашалағыларың келе ме?

Оқушылар : Иә
Аяз ата: Жақсы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар.
(Санта Клаустар өнер көрсетеді)
Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті
бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән
бермей жүр екенбіз ғой.

1 Жүргізуші: Рахмет сендерге. Сендердің де
өнерлеріңді тамашаладық. Енді алыстан ат терлетіп келіпсіңдер, біздің
оқушылардың да өнерін көріңдер

2 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Қыран тобы 1сынып оқушыларының
орындауында «Солдат болам мен ертең» әнін кабыл алыңыздар

Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған
қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге
жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!Тағы кімнің  өнері бар.

1
жүргізуші
Жүзімізде күлкі ойнап

                     
Естіледі әніміз

                
     Жаңа жылды қарсы алып

                     
Би билейміз бәріміз дей отырып Қарлығаш тобы кыздарының Габриэль биін
тамашалаңыздар.

Аяз ата: Жаңа жыл жаңа
бақыт, әкелсін далама құт.

Өнерлерің көп болсын, елде уайым
жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа
бақ қонсын.

Келер жылы келермін, өнер тағы
көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге, көптен —
көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке
қоныңдар.

Келесі жылы көргенше, амандықта
болыңдар.

1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге
Аяз атаны шығарып салайық.

1
Жүргізуші
: Келеді жылдар,келеді айлар
ауысып,

Қой жылы
мен мешін жылы да ауысып.

Береке,бірлік
бейбітшілік төрінде

Тұрайық
әркез татулықпен қауышып

 2 Жүргізуші: Бітуге
қалды таяп-ай,

Не
қыласың аяп-ай.

Кәне
халқым қол соқшы,

Жаңа
жылда аямай !

1
Жүргізуші
: Қой жылы-той жылы

Мешін
жылы-вечер жылы,

Жаңа
жыл-жаңа нұр жаудырып,

Мешін
жылы-сауық жылы болсын ағайын!

2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман
болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі
ұстаздар!бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық,бірлік
бәрінде де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын,аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

2 Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа  жылға
арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа-
жылдарыңыз құтты болсын!

1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық
отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз
жемісті болсын. Табысқа кенеліп,мешіндей көңілді болайық.Жылы жүздеріңізден нұр
кетпесін

2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!Жаңа жыл
баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі кездескенше сау – саламатта
болыңыздар!

Жаңа жыл құтты болсын !

Төрлет, құтты Жаңа жыл!

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер
2- жүргізуші: Бармысыздар бүгінгі кештің құрметті қонақтары!

1- жүргізуші:

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 — жүргізуші:

Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

2- жүргізуші:

Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

1-жүргізуші:

Нұрғазы ағай біздің ағамыз.

Ақылын тыңдап бата аламыз.

Ел үшін жақсылығын аямаған

Үлгі тұтып, жанұясы аялаған.

Бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін Нұрғазы Қалмырзаұлы мен Ұлтай Алиасқарқызына береміз.

2-жүргізуші:

Құрметті әріптестер! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге Жаңа – жылдық керемет әнімен

Ақерке Талғатқызын шақырамыз!

1-жүргізуші:

Екі елді мекенде орналасқан мекеме

Сөзге шешен тілі бал

Биік-биік асулардан өтуге

Бар ықыласын төгуде

Екі елді басқара білген береке – деп меңгерушілеріміз Ғабит Нұрғазыұлы мен Ұлмекен Инкаровнаға сөз берейік.

2-жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр мұлқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды- деп, Абай атамыз жырға қосқандай, қонақтарды ұзақ күттірмей ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата!

2 – жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар «Ну погоди» мульсериялындағы өлеңді пародия салып келеді )

Аяз ата:

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар және көмекшілеріммен сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Мына жерде керемет той-думан болып жатыр екен .

салайық

(«Жаңа — жылдық » флешмоб биі)

1-жүргізуші:

Ойын: «Ашқарақ»

Ойын шарты: Ортаға 3 адам шығады. Қолдарына алма, банан,нан береді. Кім бірінші жеп тауысса «Ашқарақ №1», «Ашқарақ№2» «Ашқарақ№3» деген номинация беріп, бастарына тәж кигізеді

2- жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Ит жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.- дей отырып сөз кезегін балабақшамыздың ұлағатты ұстаздары: Анар апай, Ұлмекен апай, Сабира апай және аспазшы апайларымыз Жұмакүл, Фатима,Батпа апайларымызға береміз.

2- жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Күліп жүрейік мәңгілік!

Ортада «Балбөбек-1» бөбекжай балабақшасының қыздарының орындауында «Жол сақшысы» атты әзілін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Балбақша әкімшілігі Әдіскер Айнур Сегізбайқызы бастаған, Гулнур, Ақерке, Ақмарал, медбике Раушан апайларға сөз береміз

Ән: «Жаңа жыл»

2- жүргізуші:

Ойын: «Шар жару» ойыны

Ойын шарты: Билеп жүріп, аяқтарына шар іліп алып бір – бірінің шарын жару керек

Тәрбиешілерге сөз береміз: (барлық тәрбиешілерге сөз береміз)

Жалпы би

Ойын: Әр ұлттың биін салу

Ойын шарты:

Әр ұлттың әндерін қояды. Жарысқа шығушылар қандай өлең қойылса соған билейді.

Тәрбие көмекшілері мен жүргізушілерге , күзеттің жігіттеріне сөз беру

Балабақша ұжымдарын марапаттау

1 – жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, мешіндей көңілді болайық!

2 – жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

«Қуант бізді, Жаңа жыл!» ертеңгілік сценариі


  • Балабақшадағы ертеңгіліктер
  • babazhanova
  • 15.06.2020
  • 0
  • 1
  • 11074

Алматы қаласы
ТОО «BabyБалдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші Бабажанова Алтын Жалеловна

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым — қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші – Сиқыршы: Құрметті біздің қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңыз да бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!

Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Қарлығаш» тобында!
(балалар келіп шыршаның жанына тұрады)

Сиқыршы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан, бәрімізге!

— Балалар, қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсізғой, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамдарын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Сиқыршы: Міне, керемет, қараңдаршы, қандай әдемі шырша! Шырша тойына өз өнерлерін ала келдіңдер ме? Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

(Балалар тақпақтарын айтады).

Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,                
Араластым биге де.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде.

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл  
Бізге құтты жыл болсын.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата –әже, әке-әже,
Құтты болсын жаңа жыл!

Сиқыршы: Балалар, шыршамен ойнайықшы, ол өз шамдарын жақсын, біз үрлегенде сөндірсін, шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үрлейміз.

«Шыршамен» ойын.

(Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Ойын екі-үш рет ойналады. Балалар шапалақтайды, ал шырша жанады.)

Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз, бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.    Ал біз шыршамызға арнап ән айтайық, би билейік.

Ән «Жасыл шырша жанында»

Сиқыршы: Қыс қызығы тамаша,

Ойнаймыз біз таласа.

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша – дей отырып, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалар тақпақ айтады.

Тамаша, тамаша
Шыршымыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз  
Көптен күтіп, сағынған.

Шыршаны айналып,
Би билейміз ән салып.
Жаңа жыл өзіңді                  
Жырменен қарсы алып.

— Жарайсындар, балалар. Ал қазір бізге шыршамыздың құрбылары келіпті. Олар бізге бір құпия айтқылары келіп тұр екен. Қандай құпия екенін көріп, билерін тамашалайық.

Би «Шыршалар».

Сиқыршы: Жарайсындар, қыздар. Шыршамыз көңілденген сияқты. Ал, енді айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?  (Балалардың жауабы).
Сиқыршы: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 – рет

Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. (Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Амансын ба ұлдарым,

Амансын ба, қыздарым?

Қандай әсем жүздерің,

Қандай мөлдір көздерің.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Ақшақар— Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүрг.: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, сәлеметсіз бе, Ақшақар. Біз балалармен ән айтып, би билеп, ойын ойнадық. Ал енді, балалар сіздерге де ән орындап береді.

Ән «Шырша жыры»

Ән аяқталған кезде Аяз ата шеңбердің ішінде қалып қояды.

Балалар: Қалып қойдың шеңберде,

Жібермейміз ешқайда.

Шығармаймыз біз сізді,

Ойнағымыз келеді.

Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін,  (балалар отырады)

Ұшақ болып ұшамын.   (балалар тұрып, қолдарын көтереді)

Су болып ағамын,   (балалар отырады)

Құс болып ұшамын.  (балалар қайта тұрып, қолдарын көтереді)

Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын.

Балалар: Сыйлық!

Аяз ата: Сендерге арналған сыйлықтарым бар еді, жеткізе алмай қалдым. Қане менің кішкентай көмекшілерімді шақырайыншы. Ергежейлер, көмектесіндерші.

«Ергежейлер» биі.

Сиқыршы: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге тақпақтарын дайындап келді, отырып тамашалап, демалып алыңыз.

Аяз ата: Жақсы, ендеше балалардың тақпақтарын тындайық.

Сиқыршы: Ал, балалар, тұрмайық. Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық. Ал, Аяз ата демалып алсын.

Балалар тақпақтарын айтады.

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай                    
Кесіп алсам шіркін-ай!

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,            
Аяз ата оралып.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,            
Мерекені бастаған.

Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік, көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,                                             
Бізге риза болсын, деп.

Бар баланың қонағы,
Төрлет Ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,                      
Қашан мырза болады.

Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,                         
Аппақ екен шапаны.

О, алақай Аяз ата!
Келе жатыр алыста.
Қане, досым, әнге қосыл,        
Биге қосыл, қалыспа!

Аяз ата: Жарайсындар, балалар.

Ақшақар.: Жарайсындар, балалар. Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.

(Музыкамен Ескі жыл-Доңыз келеді).

Доңыз: Мен доңызбын, доңызбын,

Өзім сондай сұлумын.

Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін.

Ақшақар: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде – жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Кел, Жаңа жыл! Жаңа жыл! – деп ортаға жаңа «Тышқан» жылын шақырамыз!

Жаңа жыл (Тышқандар): Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпыз ба? Біз сондай асықтық, жүгірдік. Кешігеміз деп қорықтық. Біздің ең жақсы қасиетіміз – жылдамдық.

Жүрг.: Жоқ кешікпедіндер. Қош келдіңдер! Олай болса, барлығымыз жаңа жылымызға арнап, әнімізді айтайық.

Ән «Жаңа жыл»

Аяз ата: Жарайсындар, балалар. Ал, Тышқан жылы, қош келдің! Сендер бізге қандай базарлық әкелдіңдер?

Тышқан: Біз сіздерге әдемі, көңілді, жаңа жылдық биімізді әкелдік.

«Карнавал» биі.

Аяз ата: Жарайсындар, балаларым. Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балаларды сүймейсің
Тәтті егер бермесең?

Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас   
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқырды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
(Ақшақар сыйлық толы үлкен шананы алып келеді).

— Міне, менің сыйлыққа толы үлкен шанам да жетті.

Сыйлықтарды таратады.

— Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын.

Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.

— Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын.  

Дайындаған: тәрбиеші, Бабажанова Алтын Жалеловна.


Торпақова Айнагүл Амерхановна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Аршаты орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Катонқарағай ауданы Аршаты ауылы

Жұмыс орнының телефоны: 872342-282-18 arschatu @ mail.ru

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін сценарий

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір — біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізушілер киімдері: Жаңа жылдық Ханшайым мен Ханзада.(Ханшайым -бастауыш сынып оқушысы, Ханзада -жоғарғы сынып оқушысы)
1-жүргізуші:
Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұcтаздар!
Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер! Бүгінгі шыршамызға сән беретін мерекелік шеруімізді бастайық!
(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді. Балалармен ертегі кейіпкерлері сиқыршы, гномдар, ескі жыл мешін кіреді.)
2-жүргізуші: «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман — тілектеріңіз орындалсын!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

Сіз де қош келдіңіз, Мешін жылы! Сіздің биылғы жылыңыз да құтты болды.
Заман дағдарысына қарамастан молшылық болды. Өз жылыңызға ризасыз ба?
Мешін жылы: Әрине ризамын. Биылғы менің жылымда көптеген жаңалықтар болды. Ең қуанышты күн- «Тәуелсіздіктің 25 жылдық» мерейтойын атап өту болды. Тәуелсіздік жасасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Алға, Қазақстан!
1-жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Садуов Жайнарбек Шаймарданұлына береміз.
2-жүргізуші: Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашужыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар!
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің Жаңа жылдық ұранымыз: «Біз бір — бірімізбен доспыз!». Олай болса бәріміз «Дос болайық бәріміз» әнін бірге айтайық. (Бұл әнді 11- сынып оқушысы Қалижанұлы Арман орындайды. Қалған оқушылар бірге би билейді.)

— Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып ЖАҢА ЖЫЛ» әнін айтайық.
(Гномдар балалардың шыршаны айналуын ұйымдастырады).
— Балалар шырша тойына гномдар, сиқыршы да келіпті. (Сахна төріне шығып)

  1. гном: Армысыздар, Халайық!
    2- гном: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріңізге орын жетті ме?
    1- гном: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз! Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
    2- гном: Бүгінгі мерекемізді көңілді өткізейік! Жарайма!
    1- гном: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.. (Шыршаны айналып ән айту.Орысша, қазақша жаңа жыл жырын әндету).

Ән аяқталған соң, гномдар ортаға шығып жаңа жылдық әуенмен балаларға қимылдарын бірге қайталауды өтініп, флешмоп билейді.

1-жүргізуші:

Өзінің сиқырлы күшімен талайды достастырып, жамандықты жақсылықпен жеңе білген, ол кім, балалар? (хормен «сиқыршы» деп айта білулері керек)

— Сіз, бізге көмектесіңізші, біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?
Сиқыршы: Жаңа жылдарыңызбен балалар, қонақтар! Қолымнан келгенінше көмектесейін. Сиқырлы таяғымен сиқырлайды. (музыка ойналады)
Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді. Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.
АЯЗАТА:— Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс. Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.

Қасқыр: — Жарайды, Аяз ата сіздің айтқаныңызды тыңдайын.
Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.
АЯЗАТА: — Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба?
— Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.

Түлкі: — Айтқаныңыз болсын.
Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.
АЯЗАТА: — Амансыздар ма балалар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар сізді асыға күтіп отыр.
АЯЗАТА:

Балалар! Мен орман ішінде келе жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар ма?
— Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды Ақ-ша- қар3)
Сиқыршы – Мен көмектесейін! Қалай ойлайсыздар?! (Сиқырлы таяқшасымен сиқырлайды. Сиқырлы әуен ойналады).
Әсем әуен ойналып Ақшақар кіреді.
АҚШАҚАР:

— Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз атамнан адасып қалдым.
— Рахмет сиқыршы! Рахмет!
1-жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата тағына отырады).
АҚШАҚАР:

— Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой, менің билегім келіп тұр.
Иә, бұл 1 — сыныптың балалары. «АҚШАҚАРЛАР» биін қарсы алыңыздар!
Би соңында Ақшақар қар жауғызады.
2-жүргізуші:

– Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды
– дегендей, мектеп алды даярлық тобының құттықтауын қабыл алыңыздар. (Өлеңдерін жатқа, нақышына келтіріп орындайды)

1-жүргізуші:

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе, 2- сыныптың оқушыларының құттықтауларын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын — жарқын ән салып
,
Жалғасады жырға жыр. 3 — сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық!Ән: «Жаңа жыл!»
АЯЗАТА:

Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой. Қәне менің кішкене көмекшілерім қайда екен? …
Аяз ата балалармен Гномдар биін билейді. Би: «Гноми — гном»
Бұл балалар 5- сынып оқушылары, сыйлығыңызды берсеңіз.
— Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы!
( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).

Ойындар:

1-ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы 
5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.   

2-ойын: Жаңажылдық сайыс

 Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.

3-ойын: Сыйлықтарға толы қорап.

Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойылған. Оны әдемі лентамен байлап, «Мерекеңізбен» деп жазу жазылған. Ал ішіне кәмпитті толтырып салу. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қою. Алдайтын адам сыйлықты көріп, бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі. Үлкен сыйлыққа кенеледі.

«Шыршаны безендір» сайысы

Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде қыздар ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ұлдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.   

т.б ойындар ойнатуға болады.
Мешін жылы – Ой балалар, менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды! Сендермен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Менің жылымда сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім бар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
.
2017 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер
, Қазақстаным!
Келесі жыл бастауын
тауыққа беремін.
Сау болыңыздар! /МЕШІН жылы қоштасып, шығып кетеді./

Барлығы: Қош бол, мешін жылы, қош бол!

1-жүргізуші: Балалар Жаңа жылымыз келгенше көңілді шырша тойымызды жалғастырайық.
Лоторея ойнату.
Сағат соғылып, әсем әуен ойналады.

Есік қағылып Жаңа жыл « Тауық » кіреді.

Тауық жылы:
Армысыздар балалар,
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық!

Жақсылыққа бағыт алған,
Тауықпын мен Жаңа жыл!
Жаңа жылда барлығыңыз,
Жаңа үміт таба біл.
Жаңа жылдың мерекесін,
Мерекеге жалғаймын!
Елде, жерде, табиғатта,
Бақыт жолды қолдаймын!

2-жүргізуші : — Қонысыңыз құтты болсын Тауық жылы.
Қонарсыз төрімізге ырыс болып.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!
АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп — көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!
АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар!
(Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
2 — жүргізуші: Міне, жаңа 2017 жыл да келді. Ал 2017 жылы да елімізге тыныштық болып, ырыс — құтымыз арылмасын!
1 — жүргізуші: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Келесі жаңа жылда кездескенше аман — сау болайық!
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Екі жүргізуші ортаға шығады.

І жүргізуші: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

ІІ жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

ІІ жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры … береміз.

ІІ жүргізуші: 

Жаңа жыл — қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:  Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!

Музыка қосылады. Бірақ әнші әнді айтпайды.

Әнші: О, ағайын! Мен ән сала алмаймын. Орталарыңда не Аяз ата, не Ақша қар жоқ. Қалай болғаны? Жаңа жыл деген өзіндік ерекшелігімен болу керек қой. Аяз ата мен Ақша қар келмей, мен ән айта алмаймын.

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды — деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

Аяз ата: 

Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім құрдай жорып,

Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.

Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе ән салмаймын деп, әншіміз ренжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, ән салдыртсаңыздар.

Аяз ата:

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші балам, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.

ІІ жүргізуші:  Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.

ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. «Салтанат» бишілер тобы. Қарсы алыңыздар!

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Сыйлықтар беріледі.

І жүргізуші:  

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде ақын жастар да бар еді. Солдардың бірі сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жүрекжарды жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!

Аяз ата:

Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,

Ақындарын сыйлаған ел емес пе.

Биылғы келіп отырған жыл да қазақ халқы үшін қасиетті жылқы жылы! Ендеше бабына келіп отырған жүйрікті жібер ортаға! Өнеріне бір тамсанайық!

Ортаға ақын шығып өлеңін оқиды.

ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін!

Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары!

Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.

Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді.

Ергежейлілер: Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.

Аяз ата:  Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!

Ергежейлілер: Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін.

Бәрі жамырай шулап кетеді.

Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!

І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?

Жастар:  Иә! Дайынбыз!

Аяз ата:  Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді.

Өнерлі жастар екі жаққа бөлініп жарысқа түседі. Кезек-кезегімен ән айтып, би билеп, қызықты сұрақтар қояды. Ойындар ойналады. Өнер жарысы аяқталған соң, Аяз ата сөз алады.

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүре екенбіз ғой.

Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші:  Бәрекелді, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйрік аттай бірге қоса шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. (Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл — жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, балалар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты балалар.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шәмшәт Оразымбетке беріледі!
Ән________________ орындайтын “____________________
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты мәдени,рухани тәрбиелеп жатқан музей директоры және мәдениет Үйінің директоры _______________________ береміз.
2- жүргізуші:
— Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ___________________ беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/ән ”______________________” орындайтын______________________./

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
— Әнімен елін жырлаған, қүйімен жырын толғаған Нартай музейіне келдіңіз.
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
— Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/________________________ биі/________________________
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға ауылымыздың өнерлі жастарын шақырамыз.

/ ән __________________________________/
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға бір биші бала шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
2-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл — жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата:
— Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін.
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың?
Жылан жылы:
— Тарих қойнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жаңа жыл (жылқы):
— Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан бауырым! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
— Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ?
Жаңа жыл (жылқы жылы):
— Дәл өзімін.
Жылан жылы:
— Айналайын келші, жалыңнан бір иіскейін. Ал, құлыншақ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл (жылқы):
— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
— Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар.
Уа!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші:Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті ағайын және балалар! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Хош сау болыңыздар!

Содержимое разработки

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі.

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, балалар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты балалар. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі ауыл әкімі Шәмшәт Оразымбетке беріледі! 
Ән________________ орындайтын “____________________
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты мәдени,рухани тәрбиелеп жатқан музей директоры және мәдениет Үйінің директоры _______________________ береміз.
2- жүргізуші:
— Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ___________________ беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/ән ”______________________” орындайтын______________________./

2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:
— Әнімен елін жырлаған, қүйімен жырын толғаған Нартай музейіне келдіңіз.
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
— Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/________________________ биі/________________________
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға ауылымыздың өнерлі жастарын шақырамыз.

/ ән __________________________________/
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға бір биші бала шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
2-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл — жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Жылан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата:
— Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін…
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың? 
Жылан жылы:
— Тарих қойнауына. Осы жерде жылқы бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде кісінеп жылқы жылы келеді./
Жаңа жыл (жылқы):
— Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, жылан бауырым! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
— Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? 
Жаңа жыл (жылқы жылы):
— Дәл өзімін.
Жылан жылы:
— Айналайын келші, жалыңнан бір иіскейін. Ал, құлыншақ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл (жылқы):
— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жылан жылы:
— Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар… 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
2-жүргізуші:Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті ағайын және балалар! Осымен біздің «Төрлет,құтты Жаңа Жыл » атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Амандықпен жүздесейік! Хош сау болыңыздар!

Сценарийді дайындаған: М.Аймаханов

Н.Нақыпов

Музыкалық көркемдеуші : Р.Смайлов

Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!

Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? .
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Нартай әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

Аяз ата:
— Бәрекелді қарақтарым! Келсін, жылан келсін…
/жылан жылы шығады./
Жылан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, жылан қайда тарттың? 
Аяз ата:
— Бар бол балам.
Жылан жылы:
Уагалейкумассалам, сен құлыншақпысың ? 
Аяз ата:
Болар, болар… 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!



-80%

Скачать разработку

Сохранить у себя:

«Төрлет,құтты Жаңа Жыл» атты Жаңа жыл мерекесіне арналған кештің сценарийі. (50.5 KB)

Похожие файлы

  • Эко – квест игра в группе общеразвивающей направленности для детей 6-7 лет Экологический поход по спасению леса.

  • Конспект занятия по математике в подготовительной к школе группе «Страна Математика»

  • Проект в подготовительной к школе группе «Зимние виды спорта»

  • Родительский всеобуч Тема: «Учите детей общаться со сверстниками и взрослыми»

  • Сценарий праздника «Выпускной с веселыми клоунами Анфиской и Ириской»

Вы смотрели

Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Құрметті ата — аналар, қонақтар және оқушылар. Жаңа 2015 жыл — «Қой жылы» бәрімізге құтты болсын. Жаңа жыл тек қана денсаулық, отбасымызға бақыт, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыс әкелсін. Елбасымыз аман болып, елімізде тыныштық болсын. Бүгінгі жаңа жылдық кештен жақсы әсер алыңыздар. «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты мерекелік іс — шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1 — жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2 — жүргізуші:
Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 — жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош, келдіңдер, балалар! — дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған бүлдіршіндерді шақырайық.
2 — жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем ән мен би билеп
Күй — жырларын төгіңдер.
2 — жүргізуші: — Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңдер, балалар!
1 — жүргізуші: — Жасыл шырша мерекесі сендер үшін, балалар!
1 — жүргізуші: Балалар, бүгін сендерді жаңа жылмен құттықтау үшін мектеп басшысы келіп отыр.
2 — жүргізуші:
Армысыз мектебіміздің басшы ағасы,
Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы.
Тамаша жаңалықтың бастауы боп
Мол болсын жаңалықтар тағы, тағы.
1 — жүргізуші:
Армысыз балалардың жақсы ағасы,
Қамқоршы жүргінің ер панасы
Біздер үшін бүгінгі ән менен күй,
біздер үшін бүгінгі сән менен сый, — дей отырып ортаға мектеп басшысын қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
2 — жүргізуші:
Балалар, директор ағайдан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?
Барлығы: Шырша шамы жағылсын! 3 — рет
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
2 — жүргізуші:
Құрметті халайық бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата емес пе! Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл бола ма?
1 — жүргізуші:
Дұрыс айтасың ендеше балалармен қосылып Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 — рет
1 — жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2 — жүргізуші:
Айтыспай — ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
Ән. Аяз ата (оқушылар бәрі айтады)
Аяз ата:
Амансыңдар ма, балалар!
Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын
Денсаулықтарың мықты болсын
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын
Егеменді еліміз көркейе берсін
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Аталарың сендерге
Асау желмен алысып
Шаршап келді алыстан
Ақша қар мен Ескі жыл
Олар да жүр қасымда
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша қар!
Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Сендер ән айтып, би билеңдер, біз дем алайық.
1 — жүргізуші:
Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына орындыққа отырып дем алыңыз.
Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға беретін тәтті кәмпитіміз бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетіңдер өнерді, мен өзім бастап берейін.
(Ақша қар билейді. Меруерт — Жаңа жыл келе жатыр. Би)
Аяз ата: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
Ақша қар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл! 3 — рет. Музыка ойнайды. Атқа мініп билеп келеді.
1 — жүргізуші:
Асыға күткен Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл — Қой жылы.
Ал, Жаңа жыл!
Келген қадамың құтты болсын!
Сән әкелген жыл бақыт жылы болсын!
Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы болсын!
Халықтар достығы нығая берсін!
Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік!
Темірлан:
Қой жылы жақсылыққа бағыттаған
Қоймын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл!
Жылқы жылының мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым — ұят, жаным — халық
Қызметім де соларға.
Лаура:
келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Жылқы жылы мен қой жылы да ауысып,
Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
Ақша қар:
— Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.
Аяз ата:
— Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен құтты жыл болдың. біз ризамыз саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі жыл!
Темірлан:
Ал, Ескі жыл, аман бол
Ізбасарың мен болам
Аман болсын деп тіле
Елім, жерім, кең далам.
Лаура:
Біздің елде өткен жылы
Жылқы жылы тыныштық
Ал ұмтылдық біз есейдік
Жақсылыққа тырыстық
Ескі жылым жылан жылы
Қош аман бол көргенше.
2 — жүргізуші:
Ал, достар бізге реніш жоқ шығар. Құрметпен жылқы жылын шығарып салайық.
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3 — рет.
1 — жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алға тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де, көрмегенде арманда
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Ән: Жаңа жыл. Лаураның орындауында.
2 — жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсың ағайың.
Ән: Шырша жыры. 2 — сынып.
Лаура:
Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Би қазақша: «Ұлдар» тобы 2 — 4 сынып.
2 — жүргізуші:
Армысың, аманбысың жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келгенде сый ғып тартып
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән. 3 — сынып «Шырша жыры».
Лаура:
Жаңа жыл — жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл ақ арманның өрленуі,
Жаңа жыл партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
1 — сынып оқушылар өнерін тамашалау.
Ән. «Жасыл шырша жанында»
3 — сынып оқушылар өнерін тамашалау.
Елжан:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз!
Би.
Лаура:
Бүгін бәріміз де өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз. Олай болса жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырайық.
2 — сынып:
Думан:
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да,
Өзіңді сағыңды.
Асылан:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Сырым:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Думан:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Асылан:
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл,
Қарсы аламыз біз сені.
Ақ көңілмен, ақ пейілмен
Баршамыздың төрінде.
Сырым:
Сәлем беріп сіздерге,
Бар өнерді саламыз.
Өнерлі бала бар деп,
Әлемге жар саламыз.
1 — жүргізуші:
Келесі кезекте 1 — 3 — сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.
Ән. «Жас дәуірдің түлегіміз» Орындайтын: Нұрлан.
Елжан:
Мың бұралған ақ қайыңдай,
Қыздар шықсың ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қарсы алайық.
Би: Ажар, Үміт, Лаура.
Лаура:
Жаңа жыл — туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл — шуылдаған жаңа ормандар.
Ал, мынау — мәңгібақи жаңа дүние,
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар, — дей отырып, ортаға Алдар көсені, сиқыршыны шақырайық.
Алдар — Темірлан:
Мен, Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдармын.
Алдау деген түк емес,
Сиқыршыны да алдаймын, — деп екі қайтара әндетіп, сахнада жүреді.
(сол кезде сахнаға Сиқыршы шығады)
Сиқыршы — Асар — О, Алдеке көңілдісің ғой өзің?!
Темірлан: Неге көңілді болмасқа, бүгін бізде жаңа жылдың шырша мерекесі өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?
Асар: Мен бүгін өз сиқырымды бүлдіршіндерге көрсетіп, көңілдерін көтеруге келдім.
Темірлан: Қандай сиқыр көрсетесің? Не арқылы?
Асар: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсаң болды, не көргің келсе соны көруге болады.
Темірлан: Өзің білесің Қазақстан — көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымақтастығын жарастырып отырған — өзіміздің Елбасымыз. Сол ұлттар достығының белгісі ретінде әр ұлт өнерін көрсете аласың ба?
Асар: Қай елді көргің келеді?
Темірлан: (ойланып тұрып) Үнділерді көрсете аласың ба?
Асар: Бәлі, сол да сөз болып па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң — жағыңды жайнат.
Үнділердің өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Музыка қосылады. Ажар үнді биін билейді.
Темірлан: Тамаша, тамаша. Сенің айнаң шыныңда да сиқырлы екен. Енді түріктің өнерін көрсетші.
Асар: Сөз боп па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң — жағыңды жайнат.
Түрік халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
2 — сынып ұлдары түрік биін билейді.
Темірлан: Ой, ғажап екен. Енді қай халықтың өнерін көрсем болады? Өзіміздің қазақ биін көрсетші.
Асар:
Айнам, менің айнам,
Жаң — жағыңды жайнат.
Қазақ халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Лаура, Ажар билейді (қазақша)
Темірлан: Ой, ризамын, саған рахмет. Осы сиқырлы айнаңды маған сыйлап кетші.
Асар: Жарайды, сыйладым саған айнамды. Қазақстандағы ұлттар достығы нығая берсін. Мені басқа елдің балалары шырша маңында тосып отыр соларға барайын.
Темірлан: Рахмет, саған, сиқыршым. Алыс жолға аттанып барасың, жолың болсын. Шығарып салайын.(екеуі сахнадан шығып кетеді)
1 — жүргізуші: Ал, балалар, сиқыршы мен Алдардың өнеріне ризасыңдар ма?
Бәрі: Ризамыз, ризамыз! Рахмет, рахмет.
Келесі көрініс: «Айлакер мысық»
ойын ойнау.
2 — жүргізуші:
Ендігі кезекте кішкентай бүлдіршіндердің өнерін көрсетеді. Аяз атаның балаларға беретін базарлығы бар екен.
Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақша қар екеуіміз тамаша дем алдық, ойнадық, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер тағатсыздана тосып отыр.
Елжан: Иә, Аяз ата халқымызға бата бере кез келді ғой деймін.
Аяз ата: бата береді.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын!
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер! Әумин!
Ал, балалар біз Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар балалар!
Ақша қар: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақша қар!
Елжан:
Бітуге қалды таяп — ай,
Не қыласың аяп — ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай.
Лаура: Жаңа жыл — қой жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен берекеғ қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!
Лаура: Құттықтау сөз ата — аналарға беріледі.
Сау болыңыздар.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жалынды жастар бізді? болаша?ымыз сценарий
  • Жалмауыз кемпір сценарий
  • Жакет на праздник
  • Жак тати статьи сценарии интервью
  • Жайы? бект?ров сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии