Фурманов
орта мектебі
(жаратылыстану апталығының
жабылуына арналған сыныптан тыс кеш)
Сыныбы: 9-11 сыныптар аралығы
Дайындағандар: Сулейменова Ж.Ж.
Мусиева Э.Ж.
Сақтапбергенова Ж.Ғ.
Серикбаева А.Ж.
Сапабекова Ж.Т.
Туякова Н.О.
2017-2018
оқу жылы
Тақырыбы: Жаратылыстану әлемінде
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын
арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, топ үшін
жауапкершіліктерін нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: кеш.
1-жүргізуші
— Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Көңілді кеш жасайық,
Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.
2-жүргізуші
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.
1-жүргізуші
Табиғат сырын аштырған
Токпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
Физика демей немене?
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
2-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!? Бүгінгі біздің 9-11 сыныпта
арасындағы «Жүзден жүйрік…» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
«Алғырлар» тобын қарсы алайық.
2-жүргізуші
Барлық ісіті
атқарып
Пайдасын мектепке тигізген
«Білгірлер» тобын қарсы алайық
1-жүргізуші
Жиналған ылғи
дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар
«Тапқырлар» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
1-жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызға
Сіздерге құрметпен қол соғылады- дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.
_____________________________________________
______________________________________________
2 жүргізуші:
Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
Жоспары
1. «Таныстыру»
2. «Блиц турнир» (әр топқа сұрақ-жауап қойылады)
3. «Мақал-мәтел жалғасын тап»
4. «Жұмбақтар» ( жұмбақтар)
5. «Көрермендер
сайысы» «Ойлы болсаң, тауып көр»
6. «Қызықты ойын»
7. «Қисынды ойлар».(Логикалық
есептер).
1-жүргізуші
Ал, қанекей сайысты бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз
Әр топ өздерін
таныстырады.
2-жүргізуші. Келесі кезең «Блиц турнир» кезеңі.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
Оқушылар
жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді
1 — топ:
1. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)
2. Уақыт өтуіне қарай басқа
денелерге қатсты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех.қозғалыс)
3. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған
құрылғы – бұл … (монитор)
4. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті
ағайындылардың есімдерін ата (апта күндері)
5. 2,5 таяқтың неше ұшы бар (6)
6.
Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
7.
Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?
(М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен реакциядан кейінгі
заттардың массасы тең болады)
8. Оңтүстік Америка мен Солтүстік
Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)
9. 9. Бұл компьютерді іске қосқан кезде
жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы
бағдарлама. (Операциялық жүйе)
10. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым? (Ботаника
)
2 топ
1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20
торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай)
2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы
мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)
3. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
4. Электронды есептеуіш машинаның даму
буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
5. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы
байланыс ортасы (интернет)
6. Жасушаны ашқан ғалым? (Роберт Гук)
7.Құрлықтың
су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)
8. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М.
Лазарев)
9.Периодтық
жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар? (22бей
металл,88 металл)
10. Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын
физикалық шама (сыну көрсеткіші)
3-топ
1. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар.
Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)
2. Өз сұйығымен динамикалық тепе –
теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)
3. Word
бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен
кірістіріледі? (Кірістіру
– Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет шерту)
4. Ең үлкен бұғаз
(Дрейк)
5. Оңтүстік Американың байырғы
тұрғындары кімдер (үндістер)
6.
Донорлы –акцепторлы механизм қай байланысқа жатады
және мәні қандай? (ковалентті байланыс, дайын жұп электрон бергені –донор, бос
ұяшық бергені –акцептор)
7. Жануар
атымен аталатын құс – Түйеқұс
8. Солтүстік бағыт пен белгілі бір
зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
9. Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір
ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау
– бүл (Мұрағаттау)
10. 4 әр түрлі оң сандардың
көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)
1-жүргізуші:
Келесі кезең «Мақал- мәтел жалғасын
тап» кезеңі.
1 топ
1. Ай жоғары әлемге Күн жоғары
….. төменге (жарық сәулесі)
2. Қызға ….. (қырық үйден тию)
3. Антивирусы күштіні Вирус ала
алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)
4. Байт биттен құралады. (Теңге
тиыннан құралады)
5. «Дос егіз болса,
дұшпан . . . . . . » сегіз
2
топ
1. Аузы күйген, …. үрлеп ішер
(Кебу)
2. Ай мен күн ауысты Тәулікті …. тауысты
(жерлің өз осімен айналуы)
3. Жеті жұрттың тілін біл, … (жеті
түрлі білім біл)
Жеті атасын білмеген ….
(жетімдіктің белгісі)
4. Вирустан қорыққан, Интернетке
шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
5. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
3
топ
1. Түйені жел қозғаса Ешкіні ….
аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)
2. Жел соқпаса…. шөптің басы
қозғалмайды (күш)
3. Екі жақсы қас болмас
Екі жаман …. ( дос болмас)
4. Алты жыл аш болсаңда, ….
(атаңның салтын ұмытпа)
5. Күлсең ескірген
компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
1- жүргізуші:
Келесі 4 кезең «Жұмбақ шешу» үш топқа ортақ жұмбақтар
1.Жарқылдан
соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ
2. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде
айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)
4 Қағазға тойматын құрылғы (принтер)
5. Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
6. сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай
материк бейнеленген?
АФРИКА
7. Алды артымыз шексіз деп,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
8.Табылса бұрын там — тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде. (Алюминий)
9.Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл — ойдың елдің салтын. (Темір)
10. Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам
шөгеріп.
Өркеші бұлтқа
тиеді,
Бауыры жатыр
көгеріп (Тау)
11 Аспанды жағып өтеді
Бірақ бізге жетпейді.
(Метеорит)
12. Мекені көкте екі ару
Бір-бірін
көруге зәру. (күн мен
ай)
13.Керегіңше әрқайсың
Сіміресің
қанбайсың.
Онсыз
жерде он минут,
Өмір сүре алмайсың. (Ауа)
14. сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк
бейнеленген?
С.АМЕРИКА
15. Пернеден
жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже
баласы (тінтуір)
1-жүргізуші: 5 кезең «Көрермендер
сайысы» «Ойлы болсаң, тауып көр»
1. Қандай мемлекетті басқа киюге
болады? (Панама).
2. Қандай жер ешқашан қартаймайды?
(Жаңа жер)
3. Өз атын өзі шақыратын құс? (Көкек )
4. Сіз ұшақта отырсыз, Сіздің
алдыңызда жылқы, артыңызда көлік тұр. Сіз қай жердесіз? (Әткеншекте)
5. Жасыл адамды көрген жағдайда не
істеу керек? (Көшеден өту.)
6. Бір көз, бір мүйіз, бірақ,
мүйізтұмсық емес? (Бұрыштан
сығалап қараған сиыр.)
7. Бір қолшатыр астында алты бала,
екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды? (Егер жауын жаумаса)
8. Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз? («Дұрыс емес» сөзі.)
9. Шамды бұрау үшін қанша
программист қажет? (Бірде-біреуі
қажетсіз. Бұл программистер шешпейтін аппаратты проблема)
10. Көл үстінде түрлі-түсті таразы
ілініп тұр… (Ақылдан алжасқандықтың белгісі)
Келесі
6 кезең «Қызықты ойыны»
Мен
сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды орыс тілінде айтып
отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер одиннадцать дейсіңдер, мен 5 десем
сендер шесть дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық
1
топқа: 13,21,54,212,10009
2
топқа: 11,25,45,313,11111
3
топқа: 18,32,65,345,10010,
Келесі
ойын: «Қарандаш қай қалтамда».
Ойынның шарты: ойынға бес адам шығады. Бір
адам карандашты алып қалтасына жасырады
- Карандаш алған адамның нөмірін
2-ге көбейтеді. - Оған 3-ті қосады.
- Оны 5-ке көбейтеді.
- Карандаш оң қалтада болса
8-ді, сол қалтада болса 9-ды қосады. - Шыққан санды айтады.
Шыққан саннан 22-ні азайтамыз. Алынған
санның біріншісі карандаш алған адамның реті, екіншісі 1-болса оң қалтада, екі
болса сол қалтада.
1-жүргізуші: Корзинадағы 7
алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл
қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
2-жүргізуші: 86 санын
ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.
1-жүргізуші: Кезекті
«Математикалық терминдер» ойынына береміз.
Екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір
математикалық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта шарды .үлкен етіп
үрлейді, сол жеңімпаз болады.
1-жүргізуші: Суретте
қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.
1-жүргізуші: Қанша
үшбұрыш бар (8)
2-жүргізуші:
келесі 7 кезең «Қисынды ойлар».(Логикалық есептер).
1) Бір бай үш жыл
малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс
малай байдың жөн — жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп
қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа
бағалаған?(6 лақ)
2) Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен
сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған
жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды?
(Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)
3) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг?
(6 кг)
4) Егер түнгі сағат 12 — де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді
көруге бола ма?(болады)
5) Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика
бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болды?
1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика
6.Кез
–келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал
(111-11=100)
7.Теңдік
тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық
9 9 9 = 72
9*9-9=72
44 44 = 1 44 /
44 = 1
5 5 5 5 =50 5 *5 + 5 * 5 =50
8. Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)
9. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың
(көлеңке)
10. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не?
(адам орындықта отыр)
11. Электр пойызы шығыстан батысқа
қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа
қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)
12.
Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан
кіші болу керек ( үтір, 5,5)
1 жүргізуші
Кешіміздің соңғы
сәті таяп қалды
Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Ендігі сөз кезегін
әділ қазылар алқасына береміз.
Қорытынды
1
жүргізуші
Егеменді қазақтың
біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
2
жүргізуші
Алдыңызда жайнаған
жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!
(1.Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына
1 апельсиннен тиды. Ол қалай болуы мүмкін. (мұнда әңгіме атасы, әкесі және
баласы жайлы жүреді)
2.Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры
неше мәрте жазылуы тиіс (20 рет)
3.
Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады (аспалы сағат)
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін
Көрсетіп септеудің жолын қалай
Келдім оларды айтып бермек үшін,-деп келесі кезең «Қателеспе» яғни
«Формулалар биі» ойынын ойнайық.
Ойын шарты бойынша 6 оқушы ортаға
шығарылады. Оларға формулалар жазылған парақшалар таратылып беріледі. Сол
парақшадағы формулаларды дұрыс болатындай етіп бір – бірін толықтыру қажет.
Формулалар сыңарын тауып ортаға вальсқа алып шығады.
1) Ньютонның екінші заңы F=ma
2) Үйкеліс күші Fүйк=ΜΝ
3) Джоуль-Ленц заңы Q=J2Rt
4) Сызықты функция y=ax+b
5) Дискриминант формуласы D=b2-4ac
7) Қысқаша көбейту формуласы (a+b)2=a2+2ab+b2
8)Көлемнің формуласы V=abc
2-жүргізуші: Келесі кезең «Ән шырқайық қосылып» нота бойынша
берілген сұрақтарға жауап береміз.
1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
2. 44444444= 500 (444 + 44 + 4 + 4 +4= 500)
3. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын
өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін
ұйықтады? (Төрттен бірін)
Компьютердің енгізу құрылғыларын ата. (пернетақта, тінтуір,
сканер)
5.
6. Көлемі жөнінен екінші материк. (Африка)
Подборка по базе: Баст апталығына фейсбук.docx, 3 сынып. Жаратылыстану. 20 сабақ. Ләззат (1).docx, 5-сынып жаратылыстану бейімдеу анықтама.doc, 5 сынып КТП Жаратылыстану.docx, Жас маман апталығы қорыт анықтама.docx, 5 сынып жаратылыстану тапсырмалар.pptx, ойын апталык.ppt, Жаратылыстану апталығының ашылуы.docx, 10 сынып жаратылыстану бағыты 3 тоқсан 382 бұйрық.docx, 5 Өз ойынының сценарийі.docx
«Жаратылыстану» пәндерінің апталық жиынының сценарийі
Оқушылар ортаға шығады да, жүректің бейнесінде орналасады ( экраннан Күн шуағы, Көк Аспан, Құстар, Ағып жатқан су, Ағаштар жайқалып, Шыңында қары бар таулар, жайқалған дала суреттері баяу көрсетіліп тұрады) баяу музыка ойнайды.
1-оқушы: Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас иеді )
2-оқушы: Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)
3-оқушы: Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды)
4-оқушы: Қанатты достарым! (құсша қанат қағады)
5-оқушы: Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)
6-оқушы: Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)
7-оқушы: Бас ием тауларға (бастарын иеді)
8- оқушы: Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)
9-оқушы: Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады)
10- оқушы: Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)
11-оқушы: Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)
12-оқушы:Келген біз балаңыз. (бастарын иеді)
(Оқушылар сахнадан шығып кетеді де, видео көрсетіледі)
1-Жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Жаратылыстану – пәндері,
Апталығын бастаймыз!
2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар «Жаңару» жаратылыстану математикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің
«Жаратылыстану ғажайыптары әлеміне саяхат» атты пәндік апталығына қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Апталықтың мақсаты:
-Оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
— Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
-Өз Отанының табиғатын қорғай білуге бағыт беру , табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағыдаларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Армысыздар,ағайын!
Ағайын тілін табайын!
Бармысыздар,бауырлар,
Өкпе жоқ,бізде бауыр бар.
Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
Апталықты ашайық,
Көңілді кеш жасайық.
Бүгін жаратылыстану-математика апталығында барлық ғылымдардың ішіндегі ең-ең қызық болып табылатын пән иелерін төрге шақырайық.
2-жүргізуші: Інжу-маржан жатыр теңіз жеріңде
Саяхатшылар қалды мәңгі ел есінде
Талаптанып жасынан ұғып алған.
География жарар әркез керегіне.
Ортаға География патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Элементтер, элементтер сыр бүккен
Бәріңізде орны бар тірліктен
Химияны меңгерсеңдер қиналмай
Қол созады студенттік күн күткен.
Ортаға Химия патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар
2-жүргізуші: Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбауда керек шығар дос үшін.
Екеуіннің араңдағы байланыс
Өмір бақи үзілмесің, қосылсын!
Ортаға Жаратылыстану патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Өсімдіктер, жануарлар әлемі
Адамзатты таң қалумен келеді.
Биология түп қазығы тірліктің
Қызғылықты әрқашанда дерегі.
Ортаға Биология патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Жаратылыстың заңына әркім тәуелді
Физикаға әуес шәкірт өнерлі.
Қандай ғажап физикалық заңдылық
Әдемі етіп ұсьап тұрған әлемді.
Физика патшалығынан келген өкілді ортаға шақырамыз. Қарсы алайық.
1 жүргізуші: Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мың істі атқарасың.
Ортаға Информатика патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
1 жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид,Фалес, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің, сен қаталдансың.
Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың.
Ортаға Математика патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Құрметті әр пән патшалығынан келген өкілдер, сіздер мына отырған жас достарыңа қандай лебіздеріңізді білдіресіздер. Сөз кезегін өкілдерге береміз.
1. География өкілі: Қарасaм Қазақстан картасына,
Оранған бар байлықтың алқасына
Арайлы атамекен – туған жерім,
Мен үшін сенің артық, әр тасың да.
География бастауысың жер-дүниенің
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен
Үлгі етіп өнегесін бабалардың
Ұмытпайық өнеге, өсиетін.
2. Химия өкілі: Өмірге әр ғылым керегін ұғыңдар
Қараңдар, жараңдар, химиядай ғылым бар
Ғылыммен осындай кеңейер білімің
Ғылымның зер салып, зерттендер сырың әр
Химия айналдым, көп уақыт ойландым
Ақыры ұғындым мән-жайын пайданның
Химия ырыс қой, түсіңсен пайдасын
Қызметі өрлесін маңызын жоймасын
Атом-бомба полигон жарғызбасын
Жамандыққа қолданып химияны
Басымызға азапты салғызбасын.
3. жаратылыстану Бағбан бабам бау өсіріп жеріне
өкілі: Үлгі өнеге көрсетіп ол еліне
Бабалардан тағылым алған ұрпақтар
Тартып туар, арғы ата-тегіне
Жасыл бақ көркі болған кең даланың
Ұмытылмас ұлылығы ер бабамның
Жайқалған жасыл бақты көрген кезде
Құрметтеп мен бабамды еске аламын.
4. Биология: Көріппе едік тіршіліксіз даланы
Дауасы жоқ жазылмайтын жараны
Бұған кімдер берер екен жауапты
Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы
Семей жері жарылыстан тулады,
Тұңшықтырып айналаны улады
Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт
Мұңын айтып, ұлар құстай шулады.
5. Физика өкілі: Физика — өмір тұрмыс тірегі
Құрамына заңдылықтар кіреді
Мақтанасың сен бекерге басқа ұрып
Қайсымыздың пайдамыз көп өмірге
Төрелігін берсің әр кез патшалық.
Жер бетінің әрбір құмын, әр тасын
Мен зерттеймін, ей балақай байқашы
Мені білгің, оқыған сен азамат
Сиқыршымын мен – физика патшасы
6. Математика өкілі:
Математика сандар менен формулалар,
Белгілі бала күннен бізге бұлар,
Пифагор мен Фалестен бастау алып,
Математиканың мәні де, міне осылар.
Алгебра –синус пенен косинус,
Білсең мұны өзіңе үлкен плюс,
Есептер мен ережеден тұратын,
Алгебра-шексіз бір космос.
7. Информатика өкілі:
Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьютер бұл ғажап.
Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады.
Талай шаруа бүгінде,
Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті,
Том-том кітап жүктейді.
Ғаламторға жалғасаң,
Жоқ онымен таласың.
Бар сұраққа бір демде,
Миллион жауап аласың.
1-жүргізуші:
Тынышталып тынданыздар
Назар салып қараңыздар
Қызықты пәндер айтысының
Өнерін тамашалап қараңыздар
Көргендер де армандар,
Көрамеген де армандар
Босқа қарап жүргенше,
Қызықтан тыс қалмаңыздар
Сіздерді математика, физика, информатика пәндерінің айтысын тамашалауға шақырамыз, қарсы алыңыздар. Айтыскер ақындарымыз
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:
Қазіргі таңда бәріміз үшін мынадай ақиқаттың маңызы ерекше, адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын күрделі құбылыс. Барлығымыз бірлесе және жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жаңаша жақсару жолына шыға аларымыз хақ. «XXI — ғасыр ғылыми ізденістер мен ақпараттар ғасыры». Сондықтан да жас ұрпаққа , жас буынға жаңаша білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңашылдықпен суарылып отыруы тиіс.
1-жүргізуші:
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық мәдениетті , сауатты адам –ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға , бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарды да пайдалана білуі керек.
2- жүргізуші:
Құрметті көрермендар жаратылыстану- математика ғылымдары туралы қызықты деректерді тыңдай отырсаңыздар
Химия: Екі заттың бір-біріне әсері арқылы үшінші бір затты шығару химия ғылымының негізгі мақсаты болып саналады. Менделеев химиялық элементтер кестесін дайындаған кезде небәрі 63 элемент қана белгілі болған. Ал бүгін олардың саны 118-ге жеткен.
Биология: Адамның әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі.
Бар өмірінде адам басындағы шашы 725 километрге дейін өседі.
Көзді ашып түшкіру мүмкін емес
Физика: Адамдарға дыбыс пен шудың айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, екеуі бір емес. Мамандар үшін бұл екі терминнің арасында үлкен айырмашылық бар. Дыбыс – бұл жануарлар мен адамдардың сезім мүшелері қабылдайтын ауытқулар. Ал шу – бұл дыбыстардың бейберекет араласуы.
География: Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналады
Математика: Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында оның ұйықтау уақыты күн сайын 15 минутқа ұзарып келе жатқанын байқайды. Содан арифметикалық есептеулердің нәтижесі бойынша, бұл көрсеткіш қашан 24 сағатқа жететіндігін шығарады. Ол сан 1754 жылдың 27 қарашасы еді. Дәл сол күні ол дүниеден озды.
Информатика : Әр минут сайын YouTube –де 20 сағат бойы бейнежазбалар жүктеледі. Сайтқа жүктелген алғашқы бейне “Мен хайуанаттар паркіндемін” деп аталды және қызықсыз болды. Бүгін YouTube барлық контенттің 99% ретінде болады.
2-жүргізуші: Болашақ болмыс – барлығы келер ұрпақта
Халықтың нұрын соларға берсек бұл шақта
Жетер ек шіркін ХХІ-ге де ұялмай
Елжіреп бүгін, сәл жүдеп бүгін тұрсақ та
Амандық берсін Аналық ұлы құрсаққа
1-жүргізуші: «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып кеткен болатын.
2-жүргізуші: Ұлағаттың түп-тамыры өзің ұшқан ұяда
Өскен ұяң жетелейді асқар биік қияға
Өз ұясын қорғамаса әрбір құс
Басқа ұяға бауыр басып сияма?
Ойлау керек елдің жайын, ел жайын
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын
Өзімізді асыраушы табиғаттай – Ананы
Азаматтық арың менен аялауға тұр дайын.
Бейне хабарландыру /Айжан хабарландыру жасайды слайдқа қарап/
2-жүргізуші: Қаңтар айының 27 мен ақпан айының 03 аралығында болатын «Жаңару» жаратылыстану математикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің апталығына белсене ат салысуларыңызды сұраймыз.
Апталықтың ашылуына зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Екеуі бірге: Қош сау болыңыздар!!!
Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.
Одной из главных целей реформы образования является формирование личностной компетентности, опираясь на инновационные технологии, путем создания у учащихся возможности развития творческого мышления, инициативы, достижения планомерного использования его собственных возможностей в результате создания благоприятных условий для гармоничного развития личности.
За эти годы был пройден немалый путь. От алгоритмической культуры и компьютерной грамотности мы пришли к информационной культуре, к внедрению информатики во все сферы жизни нашего общества.
Сейчас компьютеры применяются почти во всех отраслях науки и производства.
Компьютерді экологияны, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға, информатиканы, география, физика, химия, биология, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады.
Компьютер можно связать с экологией, природой, проектированием экономики, развитием культуры, информатикой, предметами географии, физики, химии, биологии, математики медицинскими науками.Вот такие способы чтобы сформировать человека нового типа, способного быстро принимать эффективные решения в изменяющейся среде, способного самостоятельно мыслить, самосовершенствоваться.Человек, обладающий такими качествами, может хорошо отстаивать себя и в социальном плане.Для того чтобы дать образование в соответствии с требованиями общества, необходимо систематизировать новые педагогические технологии в сочетании с различными методами обучения, разработать современную эффективную систему образования.
Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады. Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.
Осыған байланысты Қостанай облысы Қостанай ауданы Қостомар ауылының орта мектебіңде қаңтар айының 27 мен ақпан айының 03 аралығында болатын жаратылыстану- математика әдістемелік бірлестігінің
«Жаратылыстану ғажайыптары әлеміне саяхат» атты пәндік апталығы өткелі жатыр. Ал ендеше сол мектепке барып апталықтың ашылуың өз көзімізбен көріп қайтайық
В Средней школе села Костомар Костанайского района Костанайской области с 27 января по 03 февраля проводится предметная неделя естественно-математического цикла «Путешествие в мир естествознания».А теперь пойдем в эту школу и увидем открытие Недели своими глазами
08.03.2017
Жаратылыстану апталығының ашылуы(көрініс)
Жүргізуші:Ерте-ерте ертеде жаратылыстану
патшалығы өмір сүріпті. Патшаның үш ұлы, ай десе ауызы,күн десе көзі бар асқан
сұлу қызы болыпты. Ұлдарының біреуі биолог, екіншісі геогроф, үшіншісі химик
екен. Бір күні патшаның қызы қатты сырқаттанып қалыпты.
Ханшайым:Хан ием қызымыз
ауырып қалды, оның ауыруы күннен күнге ушығып барады. Не істейміз? Бір амалын
табыңыз.
Патша:шақырыңдар тәуіпті.
Емші:Хан ием қызыңыздың
хәлі өте нашар. Оның жүрегі ауырады, сондықтан жүрек талма ауруына шалдыққан.
Патша:Ұлдарым арттарыңнан ерген жалғыз қарындастарыңның
жағдайын естіп отырсыңдар. Ендеше емін таппайынша елге оралмаңдар.
Биолог: Жүрек талма ауруна
дермене – асыл шөбі қажет. Оның бойы 50см-ге дейін өсетін жартылай бұталы,
көпжылдық өсімдік. Өте улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда жинап алу
керек.Дермене жусанның бір түрі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар
науқастарға пайдалану керек.
Геогроф:Мен дермене
өсімдігінің географиялық орнын анықтадым.
Ол Оңт. Қазақстанда, Арыс, Түркістан
аймағында жиі өседі. Сол сияқты Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Тапсақ сол
жерден табамыз.
Химик:Ия дермене өсімдігінің жапырағында 7% жуық сантонин,
1,5-3% эфир майы болады. Мен бұл
өсімдіктен тұнба жасап қарындасымызды емдеп аламыз.
Патша:Ұлдарым міне
біреуін дермене өсімдігін дәріге жарайтының, екіншін географиялық орның, оның химиялық құрамын
анықтап дәрі жасап емдедіңдер. Енді жаратылыстану ғылымының салаларын дамытатын
сендерсіңдер. Өздеріңнің білімдеріңді осы аптада көрсете біліңдер және мына
барша тұрған балаларды білімге шақырыңдар.
Жүргізуші:
Жанды жансыз денелер табиғатта кәдімгі,
Қайдан пайда болды деп ойландырған әркімді.
Бұл сауалдың жауабын зерттеп тапқан данышпан,
Біз білеміз кітаптан ғалым Чарльз Дарвинді.
Жаратылыс ғылымы жұмбағы көп әлі де,
Білуге оны құштарлық жетелейді әріден.
Жаратылыстану саласы: география, химия,
Биология ілімі қамтиды соның бәрін де.
Басталмақшы онкүндік жаратылыстану пәнінен,
Қолөнер, сайыс, көрмесітағы басқа сәнімен.
Қатысыңдар балалар құлшыныспен ниет қып,
Талаптыға нұр жауар оза шапқан бәрінен.
«№5 Күршім орта мектебі» КММ
«Таңғажайып әлем»
«Таңғажайып әлем»
(жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш)
Сыныбы: 8-10 сыныптар
Өткізгендер: Рахметолдина Ж.Р.
Бегешова А.М.
Сагитжумартова Ж.Е.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Таңғажайып әлем
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: кеш.1-жүргізуші- Уа, халайық, халайық.Бәріңе жар салайықБүгінгі кеш төріндеДарындылар еліндеТапқыштардың тіліндеЕсеп шешіп, жарысып,Көңілді кеш жасайық,
Ат салысып, аянбайБар өнерге басайық.
2-жүргізушіШақырамыз келіңдер жарысуға,Күш, өнер, біліммен алысуғаБар өнерді салайық ортамызғаҚанекей, кім шығады сайысуға.1-жүргізушіТабиғат сырын аштырғанТокпен қазан астырғанМиллион гектар астықтыКомбайынмен бастырғанФизика демей немене?Білмегенді білдіргенӨлшеп киім кигізген2-жүргізуші Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!? Бүгінгі біздің 7-11 сыныптар арасындағы «Таңғажайып әлем» атты кешімізге қош келдіңіздер!Жиналған ылғи дарындар,Жүректе от көздерінде жалын бар«Жалын» тобын халайықҚол соғып қарсы алайық.1-жүргізушіҮлгілі тәртіп, жақсы оқуАлға қойған мақсаттыӘрқашан да мектепте,Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға«Алғырлар» тобын шақырайық.2-жүргізуші
Барлық істі атқарыпПайдасын мектепке тигізген«Білгірлер» тобын қарсы алайық.
1-жүргізушіШын жүйрік шабысынан танылады,Нақты білім, терең ой сыналады.Баға берер әділқазы ортамызға,Сіздерге құрметпен қол соғылады — дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.
_____________________________________________
______________________________________________
_______________________________________________
2 жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.Жоспары
1. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» (әр топқа сұрақ-жауап қойылады)2. «Қателеспе» (формулалар табу)
3. «Ән шырқайық қосылып» (нота бойынша берілген сұрақтарға жауап беру)
4. «Биологиялық ойын»
5. Географиялық терминдер
6. Қызықты тәжірибе
7. «Қисынды ойлар». (Логикалық есептер).
1-жүргізушіАл, қанекей сайысты бастайықӨзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз
Әр топ өздерін таныстырады.
2-жүргізуші. Келесі кезең «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» кезеңі. Санның да саны бар ғой саналатын,Әртүрлі білім сырын ұға алатынЖылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,Саналып әр секундпен жүре алатын.Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді1 — топ:1. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)2. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (ширек)3. Үш физиканың атасы (Аристотель, Аль-Фараби, Ломоносов)4. АҚШ-тағы ең биік сарқырама — Йосемитск (739 м) 5. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең? (7,9 км/сек)6. Әлемдегі ең ірі сейсмикалық белдеулер (Альпі-Гималай, Тынық мұхиты 625)7. Ең бірінші программа құрған оқымысты әйел программист (Ада Лавлейс)
8. Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. (Операциялық жүйе)
9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым? (Ботаника )
10. Адам ағзасындағы ең ыстық мүше (бауыр)
2 — топ1. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)3. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой — қиял)4. Әлемдегі ең суық планета? (Плутон -235°C)
5. Джоульмен өлшейтін физикалық шамалар (жұмыс, энергия)
6. 40 санының төрттен бір бөлігі. (10)
7. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
8. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
9. Жасушаны ашқан ғалым? (Роберт Гук)
10. Адам ағзасындағы ең қатты зат (тіс)
3-топ
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)2. Сұйық көлемі немен өлшенеді ме? (мензуркамен)3. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 — 5000 жыл болатын құрал? (Есепшот)
4. 100 жыл басқаша қалай аталады? (ғасыр)5. Бір санға сондай санды тіркеп жазса, ол сан неше есе артады? (11 есе)6. 4 санының кубы нешеге тең? (64)
7. Қандай зарядтар бір — біріне тартылады (әр аттас)
8. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен, 2000 жыл)
9. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс
10. Қан беруші адам қалай аталады (Донор)
1-жүргізуші:
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшінЕсеп-қисап, сан цифр термек үшінКөрсетіп септеудің жолын қалайКелдім оларды айтып бермек үшін,-деп келесі кезең «Қателеспе» яғни «Формулалар табу» ойынын ойнайық.
Ойын шарты бойынша 6 оқушы ортаға шығарылады. Оларға формулалар жазылған парақшалар таратылып беріледі. Сол парақшадағы формулаларды дұрыс болатындай етіп бір – бірін толықтыру қажет.
1) Томсон формуласы T=2πLC2) Үйкеліс күші F=µN3) Джоуль-Ленц заңы Q=J2Rt4) Сызықты функция y=ax+b5) Дискриминант формуласы D=b2-4ac
6) Тұз қышқылы — HCl7) Қысқаша көбейту формуласы (a+b)2=a2+2ab+b2
Көлемнің формуласы V=abc
9) Калий перманганаты: KMnO4
10) Тотияйын: CuSO4
11) Тұтқыр сұйықтың формуласы: F= ηf*ϑd12) Кальций корбанаты СаСО2
2-жүргізуші: Келесі кезең «Ән шырқайық қосылып» нота бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)2. Ең қиын балқитын элемент (вольфрам)3. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады? (Төрттен бірін)
4. Компьютердің енгізу құрылғыларын ата. (пернетақта, тінтуір, сканер)
5. Өз атын өзі шақыратын құс? (Көкек )
6. Көлемі жөнінен екінші материк. (Африка)
7. Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен өздігімен араласу құбылысы қалай аталады? (диффузия)
8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым (Ньютон)
9. «Танго» биі әлемге,
Тарап кеткен қай елде. (Аргентина)
Биологиялық ойын. №1 есеп. Бамбук ағашы тәулігіне жуық шамамен 30см — ге өседі. 12 сағаттан кейін оның биіктігі қандай болады? (15см)
№2 есеп: 60 кг макулатура бір ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды? (7ағаш)
№3 есеп: Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стақан су ағады. Осындай краннан бір сағатта, және 1 тәулікте неше су ағады? (1 сағ-10стақан, 1 тәулікте-240 стақан)
№1 есеп: Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақты жесе, осындай 10 жұлдызқұрты бір тәулікте қанша жапырақ жейді? (300жапырақ)
№2 есеп: Раушангүлдің доминантты қызыл гүлін рецессивті ақ раушангүлмен будандастырғанда, қызғылт түсті будан алынады, осы құбылысты түсіндіріп бер.
№3 есеп: 1 тонна мақта қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мақта қалдығынан қанша метр мата алуға болады? (21000м)
№1 есеп: Үкі 1 жылда 1000 дала тышқанын жейді. Жылына бір дала тышқаны 1кг бидай жейтін болса, үкі бір жылда неше килограмм бидайды сақтайды? (1000кг)
№2 есеп: Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, ол 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі? (240 жәндік)
№3 есеп: Бір кішкене балыққа 3 литр су керек болса, 50 литр су сиятын аквариумға қанша балық салуға болады? (16 балық)
№1есеп: Доминантты сабалақ жүнді қоян мен рецессивті тегіс жүнді қоянды будандастырғанда бірінші ұрпақта барлығы сабалақ жүнді болады. Бірінші ұрпақты өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта қандай будандар алынады?
1- жүргізуші: «Сергіту сәті» (көрермендер ойыны) жұмбақ шешу
1.Жарқылдан соң жаңағы,Суға бөкті бар алап.Көкте түрлі жолақты,Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ 2. Күндіз қасыңнан қалмайды.Бірақ ешкім ұстай алмайды.Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) 3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)
4 Қағазға тойматын құрылғы (принтер)
5. Біз санбыз сызықпен бөлінген,Математиканы ұқпас адамға,Құбыжық боп көрінген,Дұрыс, бұрыс, аралас,Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)6. Алды артымыз шексіз деп,Жете алмайсың біздерге,Сәуле менен кесіндіШыққан тегін білсе де. (түзу)7.Табылса бұрын там — тұмнан Қазір көп әрбір өлкеде, Қымбат болды алтыннан Қандай металл ертеде. (Алюминий) 8.Қымбат деп айтатындай емес алтын, Сонда да тапты игілік одан халқым. Апарып Айға елімнің туын тікті Жемісін ақыл — ойдың елдің салтын. (Темір) 9. Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп (Тау)
10 Аспанды жағып өтеді
Бірақ бізге жетпейді. (Метеорит)
11. Мекені көкте екі ару
Бір-бірін көруге зәру. (күн мен ай)
12.Керегіңше әрқайсың
Сіміресің қанбайсың.
Онсыз жерде он минут,
Өмір сүре алмайсың. (Ауа)
1-жүргізуші:Кезекті «Географиялық терминдер» ойынына береміз.
Әр топтан екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір географиялық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта көп термин айтады.
2-жүргізуші: Қызықты тәжірибе:
№1: Кәдімгі үрленген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
№2: Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
№3: Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
2-жүргізуші: Келесі кезең «Қисынды ойлар». (Логикалық есептер).
Арыстан бір қойды 2 сағатта қасқыр 3 сағатта ит 6 сағатта жей алады. Осылардың бәрі жабылып бір қойды қанша сағатта жейді (1 сағат)
2) Ежелгі грек математигі Пифагордан: «Сіздің неше оқушыңыз бар?»-деп сұрағанда, ол: «Менің оқушыларымның жартысы математиканы оқып үйренеді,ширегі табиғаттануды оқып үйренеді,ал 1/7-і уақытты үнемі ойланып отырып өткізеді,қалғаны 3 қыз», деп жауап беріпті. Пифагордың неше оқушысы болған? (Ж: 28)
3) Парсы шаруасы үш ұлына 17 түйесін мұраға қалдырды. Бірінші ұлына барлық түйеснінң 1/2-ін, екінші ұлына 1/3-ін, үшінші ұлына 1/9-ін алуды тапсырды. Ағайындылар көп ойланды, бірақ әкесінің мұрасын ол айтқандай етіп бөле алмады. Сол кезде олардың жанынан түйесімен өтіп бара жатыр еді. Ол түйелерге өзінің қосып, мәселені шешуді ұсынды. Шындығында, ағайындылар түйелерді әкесі айтқандай бөліп алды. Қожанасыр да өз түйесін қайтарып алып кетті. Ойланыңдар, бұл қалай болған? (17+1=18 18*1/2=9; 18*1/3=6; 18*1/9=2) 1 жүргізуші
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалдыАл, қазір әділ қазылар сөз аладыКешіміздің жеңімпаздарын анықтапМақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
ҚорытындыЕгеменді қазақтың біз ұраны,Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтыңСамғайтын биіктерге тау қыраны.Алдыңызда жайнаған жүздер әніСіздермен кездесеміз біздер әліӘділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.Назарларыңызға рахмет!
Жаратылыстану — математика апталығының ашылу салтанаты
1 — жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану — Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
1 — жүргізуші: Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген үш оқушы: математика, физика, информатика шығып, тақпақтар оқиды )
Математика: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Физика:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Информатика: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
2 — жүргізуші: Келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр — сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшаларына берсек (ортаға пән болып киінген үш: биология, химия, география шығады
Биология:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
География: География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.
Химия: Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
1 — жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар — ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
- Главная
- Разное
- Образование
- Спорт
- Естествознание
- Природоведение
- Религиоведение
- Французский язык
- Черчение
- Английский язык
- Астрономия
- Алгебра
- Биология
- География
- Геометрия
- Детские презентации
- Информатика
- История
- Литература
- Математика
- Музыка
- МХК
- Немецкий язык
- ОБЖ
- Обществознание
- Окружающий мир
- Педагогика
- Русский язык
- Технология
- Физика
- Философия
- Химия
- Шаблоны, фоны, картинки для презентаций
- Экология
- Экономика
Содержание
-
1.
Тақырыбы: Таңғажайып әлем жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш презентациясы (8-10) -
2.
ІІ топ – “Болашақ”Командалар І топ – “Жалын”ІІІ топ – “Ізбасарлар” -
3.
Сайыстың өту кезеңдері:1- кезең. «Ұшқыр ойдан -
4.
І кезең Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. -
5.
«Қателеспе» II кезең -
6.
1) Томсон формуласы 2) Үйкеліс күші 3) Кальций корбанаты 4) Сызықты функция F=µNСаСО2y=ax+b -
7.
Дискриминант формуласы2) Тұз қышқылы 3) Калий перманганаты4) Тұтқыр сұйықтың формуласыD=b2-4acHClKMnO4 -
8.
Қысқаша көбейту формуласы2) Тотияйын3) Көлемнің формуласы4) Джоуль-Ленц заңы(a+b)2=a2+2ab+b2CuSO4V=abcQ=J2Rt -
9.
«Ән шырқайық қосылып» -
10.
Слайд 10 -
11.
Тік бұрыштан кіші бұрыш -
12.
Жауабы: сүйір -
13.
Ең қиын балқитын элемент -
14.
Жауабы: вольфрам -
15.
Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының -
16.
Жауабы: Төрттен бірін -
17.
Компьютердің енгізу құрылғыларын ата -
18.
Жауабы: пернетақта, тінтуір, сканер -
19.
Өз атын өзі шақыратын құс? -
20.
Жауабы:Көкек -
21.
Көлемі жөнінен екінші материк. -
22.
Жауабы: Африка -
23.
Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен өздігімен араласу құбылысы қалай аталады? -
24.
Жауабы: диффузия -
25.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым -
26.
Жауабы: Ньютон -
27.
«Танго» биі әлемге,Тарап кеткен қай елде -
28.
Жауабы: Аргентина -
29.
«Биологиялық ойын» -
30.
«Географиялық -
31.
Қызықты тәжірибе -
32.
«Қисынды ойлар» -
33.
Қатысқандарыңызға рахмет!!! Сау болыңыздар!!!
ІІ топ – “Болашақ”Командалар І топ – “Жалын”ІІІ топ – “Ізбасарлар”
Слайд 1
«Таңғажайып әлем» білім сайысы
Слайд 2ІІ топ – “Болашақ”
Командалар
І топ – “Жалын”
ІІІ топ – “Ізбасарлар”
Слайд 3
Сайыстың өту кезеңдері:
1- кезең. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»
2-кезең.
«Қателеспе»
3- кезең. «Ән шырқайық қосылып»
4- кезең. «Биологиялық ойын»
5- кезең. Географиялық терминдер
6-кезең. Қызықты тәжірибе
7-кезең. «Қисынды ойлар»
Слайд 4І кезең
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға жылдам жауап беру
қажет. Әр сұрақтың дұрыс жауабы ұпай
«Ұшқыр ойдан
– ұтымды жауап»
Слайд 61) Томсон формуласы
2) Үйкеліс күші
3) Кальций корбанаты
4) Сызықты функция
F=µN
СаСО2
y=ax+b
Слайд 7Дискриминант формуласы
2) Тұз қышқылы
3) Калий перманганаты
4) Тұтқыр сұйықтың формуласы
D=b2-4ac
HCl
KMnO4
Слайд 8Қысқаша көбейту формуласы
2) Тотияйын
3) Көлемнің формуласы
4) Джоуль-Ленц заңы
(a+b)2=a2+2ab+b2
CuSO4
V=abc
Q=J2Rt
Слайд 15Сықырлаған арба үстінде
келе жатқан екі жолаушының
біреуі жолдың жартысын
өткенде
жолдың жартысы
қалғанша ұйықтады.
Жолаушы жолдың қанша
бөлігін ұйықтады?
Слайд 17Компьютердің енгізу
құрылғыларын ата
Слайд 18Жауабы: пернетақта,
тінтуір, сканер
Слайд 23Бір дененің молекулаларының
екінші дененің молекулаларымен
өздігімен араласу құбылысы
қалай аталады?
Слайд 25Бүкіл әлемдік тартылыс
заңын ашқан ғалым
Слайд 27«Танго» биі әлемге,
Тарап кеткен қай елде
Слайд 33Қатысқандарыңызға рахмет!!! Сау болыңыздар!!!