«№9 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Әлем нақты ғылымдар тілінде»
МИФ онкүндігінің ашылуы
2013 – 2014 оқу жылы
Тақырыбы: Әлем нақты ғылымдар тілінде.
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың
негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық
қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға, физика және информатикаға деген
қызығушылығын арттыру;
Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,11 класс оқушылары
қатысты.
Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар,
зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу әуені
ойнайды.
1- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық
табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші.
Барлықтарыңызды Математика – Информатика –
Физика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар,
конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді
көрсетейік!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең
ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын
ортаға шақырайық.
ПӘН БОЛЫП
КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ.
«Информатиктер» тобы!
Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
«Физиктер»
тобы
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
«Математиктер»
тобы
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және
информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! Физикадан Республикалық сырттай оқудан ІІ
орын иегері Сейлханов Байғали, Аудандық кіші ғылыми академияның І орын иегері,
аудандық «Дарын» бойынша ғылыми жобасының ІІ орын иегері Жексенбек Нұрлан,
аудандық «Дарын»-нан ІІІ орын иегері Қалиева Үміт.
Оқушылар сендерге де осы
оқушылардың жетістігіне жетулеріңе тілектеспіз.
1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға
«Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар!
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні
немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де
ашуланыпты. Сонда:
— Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
— Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер
соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
— Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика
сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа
сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де,
үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып,
ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып
кетеді.
— Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар
қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
— Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
— А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп
немерелері таң қалды.
— Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен
сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді
бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса
бір қария адам келіп тұр екен.
— Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
— Сізде математиканы жек көретін бала бар ма,
мен соларды іздеп келе жатыр едім?
— Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп
әжесі немерелерін қорғаштайды.
— Сағат неше болды?- деп сұрайды.
— Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
— А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой
сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына
есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді?
(Көрермендерге сұрақ)
2-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік:
1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан)
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін.
Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка)
3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5
шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т)
4. Сәуленің 2қуыршағы,
3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша
жемісі бар? (10),
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша
болу қажет? (Ж: 50-70 см)
6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі
алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі
қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут
ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?
(екеуі тең)
8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш
жасайды? ( 4 рет)
Кейін
сандардың бәрі былай деп оралады:
Бір дегенім-
бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.
2-жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Үшбұрыш:
Мен үшбұрышпын,
Ылғи үштен түрамын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үш бұрын болып құрамым.
Төртбұрыш:
Мен төртбұрышпын,
Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.
Тіктөртбұрыш
Математиканы білместерге
Құбыжық болып көрінем.
Бар бұрышым тік болса,
Тік төртбұрыш деп аталам.
Параллелограмм
Қарам-қарсы қабырғам,
Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,
деп аталам!
Ромб
Ромбы атты бауырым,
Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге,
Тағады заттай қымбатты.
Трапеция
Трапеция туыстың,
Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.
Музыкалық
номер.
1-жүргізуші:
Негізі бар ғылымның математика
Жалықпай оқып үйрен тек қана
Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,
Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.
(Ортаға оқушылар шығады)
1-оқушы:
Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің
бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің
туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның
мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті
дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет.
2-оқушы: Ал менің апам – бау-бақшамен айналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бир шаршы метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы
өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға
қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп
дайындау керектігін білмес еді.
3-оқушы: Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол
математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен
еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс
материалдарының шығынын есептей алмас еді.
Менің анам – сатушы. Ол математиканы жақсы
біледі. Ол тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга
тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың құнын төлейді.
4-оқушы. Менің анам – есепші, яғни бухгалтер.
Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны
есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе
жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына
жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет.
Ал, әкем – көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген
жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында
жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп
біледі.
5-оқушы: Міне, осыдан математика жер бетіндегі
барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше
алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты
мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір
жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай
алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де
қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді.
Математика – нақты ғылым!
1-жүргізуші: Математикаға арналған ән шашуды қабыл алыңыздар,
құрметті көрермендер.
Музыкалық номер.
2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі ойынға жиналған нақты ғылымдарды
сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар:
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйiр болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.
1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт — дей отырып,
мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға
үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!
2-жүргізуші: Осымен «Әлем нақты ғылымдар
тілінде» атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше
сау-саламатта болыңыздар.
Жаратылыстану-математикалы? ба?ытында?ы п?ндер апталы?ыны? ашылу сценарийі.
Та?ырыбы:
?лем на?ты ?ылымдар тілінде.
Ма?саты:
• Мектеп к?лемінде ?йымдастырыл?ан апталы?ты? негізгі ма?саты – м?мкіндігінше мектепті? барлы? о?ушыларын белсенді ?атыстыру;
• О?ушыларды? ойлау ?абілеті мен логикалы? ?абілеттерін арттыру;
• Жаратылыстану-математикалы? ба?ытында?ы п?ндер бойынша білімдерін тере?дету;
• жаратылыстану, математика п?ндерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру;
Апталы?ты? ашылуына 1-11 сынып о?ушылары ?атысады.
??рал –жабды?тар: ?алымдарды? на?ыл с?здері жазыл?ан плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу ?уені ойнайды.
1- Ж?ргізуші
-Уа, халайы?, халайы?,
Б?рі?е жар салайы?.
Б?гінгі к?н т?рінде
Дарындылар елінде
Тап?ыштарды? тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Ж?мба? шешіп а?дысып
2- Ж?ргізуші
Шабыт тасып шал?ысып,
Есеппенен ?н салысып.
К??ілді апта жасайы?
Ж?мба? шерді шашайы?
Ат салысып аянбай
Бар ?нерге басайы?
1-ж?ргізуші
Асып ?сте саспайы?
Батыл ?адам бастайы?
Еркі?ді билеп барынша
Жарыста сір?, ?алыспа
Кеш ?ызы?ын ей, достар.
Осылайша шабытпен
К?не енді бастайы?.
2-ж?ргізуші
М?нда ?ызы? табылар
Жа?ылтпаш, ж?мба? б?рі бар.
Айтыс, тартыс та?ы бар
С?з ж?мба? та, сан ж?мба?.
Суретті ж?мба?, шеш ж?мба?.
О-о-ой, бір ?ызы? апта болар,
?здері?мен бес болар.
1-ж?ргізуші.
Барлы?тары?ызды п?ндер апталы?ыны? ашылуымен ??тты?таймыз! Апталы?та б?рі бар – ашы? саба?тар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді к?рсетейік!
2-ж?ргізуші: Б?гінгі к?ні барлы? ?ылымдарды? ішіндегі е? ауыр ж?не е? ?ызы? болып к?рінетін ?ш егіз п?нні? мектебіміздегі алыптарын орта?а ша?ырайы?.
П?Н БОЛЫП КИІНГЕН О?УШЫЛАР ШЫ?ЫП, ТА?ПА?ТАР О?ИДЫ.
«Информатиктер» тобы!
Армысы?дар, жинал?ан ?ауым!
??т?арып ауыр бейнеттен
Техниканы ?йреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп с?йлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
?лшеп киім кигізген
Барлы? істі ат?арып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Б?рі?із ма?ан ?ара?ыз!
Ойынымызды бастайы?
Алуан т?рлі ойларды
Ортамыз?а тастайы?.
Информатика п?нінен
К?рсетіп біздер батырлы?
Ой тол?алы? ж?йелі
Та?дайымыз?а татырлы?
«Физиктер» тобы
Уа, халайы?, халайы?!
Б?рі?е жар салайы?!
Б?гінгі к?н т?рінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Ж?мба? шешіп а?дысып…
Шабыттасып шал?ысып,
Есеппен ?н салысып.
К??ілді апта жасайы?,
Ж?мба? шерді шашайы?.
Ат салысып аянбай,
Бар ?нерге басайы?.
«Математиктер» тобы
?ылымдарды? патшасы атан?ан,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата ал?ан,
Т?збейтін ?тірікке жал?анды??а!
Жасы?тан емессі? сен ?аталдансы?
А?ыл – ойды т?ртіпке келтіретін
На?ыз п?н математика атан?ансы?
Жас достар,
М?ны жа?сы ??айы?
Математика ?ылымы
??рметтеуге лайы?
Д?ниедегі ??былысты? м?ніне
Таби?атты?, ?оз?алсты? б?рінде
М?мкін емес есептерсіз т?сіну
Есебі?із д?ние кілті ?лі де.
2-Ж?ргізуші: ??рметті к?рермендер, химия, биология, география п?ндерін с?йіп о?итын о?ушылар?а ??рмет к?рсетейік!
«Химиктер» тобы
Химия — ырыс б?ла?ы
Шал?ы?ан байлы? мол д?улет
Аялап к?тіп т?р алда
Болаша?ымыз — н?р с?улет
Аялдама, ал?а ?мтыл
??діретті бізді? ой
Сенде байлы?, сенде ырыс
Сенімен ?мір с?нді ?ой
?сімдік – тіршілік,
Химия – анасы
С?йлейді бір жаз?ан
Ал осы химия к?шіндей
?алымдар атасы жыр жаз?ан
Жер деген бір б?тін д?ние,
Матас?ан, т?тас?ан элемент
Осынша бірлікті са?та?ан
Химия – керемет!
«Географтар» тобы
Таби?атты? бар байлы?ы даламда
Жер – Ананы? жатты?ы жо? адам?а
Тама? та, киім де, денсаулы? та
Б?рі, б?рі таби?атты? ?олы?да
К?ті?дер, бапта?дар, к?бейті?дер к?ркейті?дер
?немде жетеді адам затына
Барлы?ы мына мені? ?олымда
Ол мына менмін – география п?німін.
1-Ж?ргізуші: ??рметті к?рермендер, апталы?ты? ашылуына орай назарлары?ыз?а «Математикалы? ертегі» ?сынамыз. ?арсы алы?ыздар!
Ертеде ?жесі мен 2 немересі т?рыпты. Бір к?ні немерелері мектептен шаршап келіп, математика саба?ын жек к?ріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда:
— Сен осы математика саба?ын жа?сы к?ресі? бе?
— Жо?, осы математика саба?ы, сандар, есептер соны? б?рі ма?ан жыныма тиеді.
-Сен ше?
— Мен де сол саба?ты жек к?ремін. Осы математика саба?ы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ?ой. Мен осы саба? ?шін бас?а саба?тарды о?ып ?лгермеймін ж?не есептерден басым ?атады,- деп екеуі де, ?стелді? ?стінде ?йы?тап ?алады.
Б?ны? б?рін естіп ?ал?ан сандар, барлы?ы жиналып, а?ылдасып, бас?а амал жо? екенін біліп, балалардан ?ашып кетеді.
Кейінірек оларды? б?лмесіне кірген ?жесі шошып кетеді.
— Ойбай- а- а- й! ??дай са?тасын! Мынау сандар ?айда ?ашып кеткен? Б?гін нешінші к?н, са?ат неше бол?анын білмейміз ?ой.
— Балаларым, айналайындар, т?ры?дар!
— А? Не болды? Біз еште?е білмейміз,- деп немерелері та? ?алды.
— Сендер, математикасаба?ын жа?сы к?рмегендіктен сандарды? б?рі ?ашып кетті., енте? ертемен т?рып сандарды іздеуге шы?айы?. Енді б?дан бас?а амаламыз жо?,- деп ?жесі ?ай?ырады.
Сол кезде есікті біреу ?а?ып, ?жесі т?рып ?араса бір ?ария адам келіп т?р екен.
— С?леметсіз бе? – деп ?ария амандасады.
— Сізде математиканы жек к?ретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
— Бізде м?ндай бала жо?. Бізде б?рі жа?сы.,- деп ?жесі немерелерін ?ор?аштайды.
— Са?ат неше болды?- деп с?райды.
— Са?ат, ээммм-ээээ- деп ?жесі айта алмайды.
— А-а-аай! ?ап, б?лем! Сендерде екен ?ой сандарды? б?ріні? ?ашып кеткен. Осы математика ?леміні? за?ы бойынша мына апталы?ты ?ызы?ты, белсенді ?атыссандар ?ана сандар ?айтып келеді!!
2-ж?ргізуші: ??рметті на?ты ?ылымдарды с?юші ?ауым. Сіздерге со?ында айтарымыз бар:
Есептеуге ж?йрiк болса? жасы?нан,
Математика?а орын берсе? басы?нан,
Барлы? ?ылым са?ан ?йiр болады,
Досы? солар – табылатын ?асы?нан.
1-ж?ргізуші:
Мы?ты болса? – алда?ыны басып оз,
Мы?ты болса? – артта?ыны жеткізбе.
Мы?ты болса? – тай?анама к?к м?зда,
Мы?ты болса? – б?геттерді б?зып ?т.
Мы?ты болса? – заманы?ды к?ктеп ?т — дей отырып, мы?тылар?а арнал?ан математика, физика, информатика п?н апталы?ында о?ушылар?а ?лкен же?істерді, м??алімдерге табыс тілейміз!
2-ж?ргізуші: Осымен «?лем на?ты ?ылымдар тілінде» атты салтанатты ашылумызды ая?тау?а р?хсат еті?іздер.
1-ж?ргізуші: Барша?ызды апталы?ты? жанды, жансыз таби?и ??былыстарыны? жер, к?к, тау, те?ізді? ?ажайып сырларын бірге ашу?а ша?ырамыз!
Просмотр содержимого документа
«?лем на?ты ?ылымдар тілінде. »
Жаратылыстану — математика апталығының ашылу салтанаты
1 — жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану — Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.
1 — жүргізуші: Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген үш оқушы: математика, физика, информатика шығып, тақпақтар оқиды )
Математика: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Физика:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Информатика: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
2 — жүргізуші: Келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр — сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшаларына берсек (ортаға пән болып киінген үш: биология, химия, география шығады
Биология:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
География: География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.
Химия: Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
1 — жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар — ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
Апталық «Математика — ақыл-ойдың әуені
Материал жайлы қысқаша түсінік:
бастауыш ыныптар арасында өткіліген математикалық апталықң жоспары мен ашылу салтанаты
Төмендегі Сабақ жоспары толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Апталық «Математика — ақыл-ойдың әуені
Кенжетаева Гулсара Ғаділбекқызы
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Социализм ауылы Социализм негізгі орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12.01.2019
1810
9
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
1. /апталы_ты_ ашылу салтанаты.doc | «Жаратылыстану Математика» апталығының ашылу салтанаты |
«Жаратылыстану – Математика» апталығының ашылу салтанаты
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану — Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.
1- Оқушы: Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Саяхатшы келеді
Саяхатшы: Мен саяхатшымын көп саяхаттадым, сусыз, көлсіз шөлдерден өттім, Көп күндер мен түндер бойы дамыл таппадым. Зерттелмеген аралды іздеп жүрмін, Міне сол сапрмен жүріп Егіндікөл ауданынына жеттім, Егіндікөл ауданы керемет екен, адамдары мейірімді, қонақжай екен, Бұл ауылдың адамдары маған №» Егіндікөл орта мектебіне соғып сол мектептің оқушыларымен кездесіп кетуімді сұрады.
Жұргізуші: Қайырлы күн! Құрметті саяхатшы.
Бұл залда осы мектептің барлық оқушылары жиналды. Біз арамыздан Жаратылыстану математика пәндерінінің ащылу салтанаты жиыны өтіп жатыр, осы залдан математика мен жаратылыстану пәндерін өте жақсы оқитын, ең үздік, ең білімді оқушыны анықтағалы отырмыз. Мұмкін сондай оқушыны табуға сіз көмектесетін шығарсыз?
Саяхатшы: Әрине көмектесемін, мен жолда көп нәрсе көрдім, көп адамға көмектестім, Сендерге де көмектесемін,
Әй Менің көмекшілерім! Менің сиқырлы сандығымды әкеліңдер! ( сандықты көтеріп екі оқушы келеді)
Қане сиқырлы сөздерімді есіме түсірейін (қолына сиқырлы таяғын алады)
Сиқырлы сөзі айтылады.
Жәшіктен оқушы атып шығады:
Мен, маған не болған қайда тап болдым,?
Жүргізуші : Сіз біздің мрекемізге тап болдыңыз. Біз жаратылыстану математика пәндерін үздік оқитын, көп білетін оқушыны анықтамақпыз, әрине сіз сиқырлықпен біздің ортамызға тап болсаңыз, мен сізге бірінші сұрағымды қояйын:
( сұрақ қойылады) өзен деген не?
Қай өзенді сұрайсың, жер бетіндегі өзен болса, ол сулы, картадағы өзен болса, ол құрғақ болады ғой,
Оқушы жауап береді: Қай өзенді сұрайсың, жер бетіндегі өзен болса, ол сулы, картадағы өзен болса, ол құрғақ болады ғой,
Саяхатщы, Сұрақтың жауабын тексеріп көрейін!
Мұндайды білмеу ұят қой, Ой мына сұрақтың жауабын естіген суда ұяттан қып қызыл болып кетті ау! ( жауабын өзі айтады)
2сұрақ қойылады; Кытайдың астанасы қай қала
Оқушы: Мен білетін бір қала бар, ол Астана
Саяхатщы, Сұрақтың жауабын тексеріп көрейін!
Оқушы: О құдайым Астананы қытайдың астанасы ете гөр!
Мұндайды білмеу ұят қой, Ой мына сұрақтың жауабын естіген суда ылайланып кетті ау! ( жауабын өзі айтады)
Жұргізуші: Біздің құрметті қонағымыз сұрақтардың жауабын білмесе мүмкін оқушылар сендер жауап берерсіңдер.
Сұрақтар қойылады.
1.Химиялық Элементтердің периодтық жүйесін ашқан кім? Менделеев
2. 1Литр су әлде , бір тонна тұз ауыр ма? Бірдей
3.Тұңғыш қазақ геологы, Қазақ ССРҒА-ның кеңестік шығыстан шыққан бірінші академигі, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы (Қ.Сәтбаев)
4.Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сіріңкені
5.Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел, Бриз
6.Полюстерді қосатын шартты сызық Меридиан
7.Организмнің ішкі ұш сұйықтығы (Қан. Лимфа, ұлпа)
8.Жүйелеудің атасы ( Кал Линеий)
9.Ильяс солтүстікке қарап отыр, ал Лаура оңтүстікке қарап отыр, екеуі бірін- бірі көргісікеліп отыр, Екеуі бастарын бұрмастан бірін-бірі қалай көре алады? ( Олар бір- біріне қарама -қарсы қарап отыр)
10.Қандай жолмен адам ешуақытта жүрмейді? ( Құс жолымен)
11.Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж.Флэшка)
12.Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
Құрметті оқушылар сіздердің білімдеріңді кеңейту мақсатында сиқырлы саяхатшымен бірге Зерттелмеген аралға саяхат жасауға шақырамыз, ол саяхат мынадай жоспар бойынша жүзеге асып бір апта жүреді. Сол аптада жаратылыстану математика пәндері бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүреді.
(алты оқушы шығып тақпақ айтады)
Қорытынды сөз. Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Жумагулова З.А. беріледі.
Жұргізуші; Осымен жаратылыстану математика пәндері апталығын ашық деп жариялаймыз.
Ән: Жаса Қазақстан Орындайтын 9 ә сынып оқушысы Шамшиден Жарқын
Назар салып тыңдағындарыңызға көп көп рахмет!
Естай атындағы орта мектеп
Әдістемелік әзірлеме
Математикалық апталықтың тақырыбы:
«Математика — қызықты да сырлы әлем»
Материалды дайындаған: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
Естай атындағы жалпы білім беру
мектебінің жоғары санатты математика
пәні мұғалімі
Ахметова Айсұлу Омаровна
Математикалық апталықтың тақырыбы: «Математика — қызықты да сырлы әлем»
Апталықтың ұраны : Оқы, біл, Үйрен!
Апталықтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ізденуге , алған білім қорларын пайдалана білуге баулу;
Тәрбиелік: тиянақтылыққа, жауапкершілікке, баулу, еңбек сүйгіштік, төзімділік , шыдамдылық қасиеттерін шыңдау;
Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білу, білім қорын молайту,өз мүмкіндігін пайдаланып шығармашылық бағытта жұмыс істеуге дағдыландыру, оқығанын білгенін,естігенін үйренгенін берік есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік:
Жүргізу әдісі: топпен, жекелей.
Жоспары:
1-күні . Эстафеталық жарыс.
2-күні. «Жұлдызды сәт».
3-күні.Не?. Қайда?. Қашан?.
4-күні. Көңілділер,тапқырлар отауы.
5-күні. Ауызша журнал — Тарихи мәліметтер.
6-күні . Айтыс.— Математикалық сандар айтысы
1-күні . Эстафеталық жарыс.
Эстафеталық жарыста оқушылардың математикадан білім деңгейін көрсету мақсатында қатысушыларға жас ерекшелігін, сыныбын ескере отырып тапсырмалар дайындалады. Жарысқа 5-6 оқушыдан тұратын екі топ қатысады. Алдын-ала топ жетекшілері тағайындалады. Топ жетекшілері өздерінің эмблемасын дайындайды, әр топтың аты, ұраны, өлеңі болады. Тапсырма жазылған парақша топ жетекшісіне беріледі,жарысты екі топтың жетекшілері бастайды, тапсырманы орындап болған соң әрқайсысы өз тобының келесі оқушысына береді. Тапсырмалар топтағы әр оқушыға жекелей нақты аты-жөнін көрсете жазылады,себебі қатысатын оқушылар әр сыныпты қамтитындықтан,берілетін тапсырма оқушының сыныбы бойынша өтілген оқу бағдарламасы негізінде құрылады. Жарысты ұйымдастыру барысында әділ қазылар алқасы тағайындалады, мұғалім мен бірге оларда төреші болып, жекеоқушылардың білімін бағалайды, соның негізінде топтың жалпы ұпайы анықталады, жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз деп танылады
2-күні. «Жұлдызды сәт».
Нұсқау: «Жұлдызды сәт» сайысын 3 тур негізінде ұйымдастырып өткізуге болады. 1-тур танымдық ой өрісін анықтайтын сұрақтар түрінде құрылып, тестік жауабы жазылған интеративті тақтада көрсетіледі. 2- тур оқушының математикалық есептеу дағдысын анықтайтын практикалық есептен; 3- тур финал. шығармашылық қабілетін анықтайтын тапсырма негізінде құрылады. Алдын ала « жұлдызшалар дайындалады, әр дұрыс жауапқа 5 «жұлдызша» таратуға болады. 1- тур нәтижесі бойынша көп жұлдызша жинағаны келесі турға өтеді, соңында жеңімпаз ойыншы финалға өтеді. Ойынға 4 оқушы қатысады.
1-тур тапсырмалары.
1.Математикадан «Ұлы математика курсы» атты оқулық жазған қазақтың ғалым профессоры кім?
А) Ә. Ермеков. В) Ә. Бөкейханов . С) М. Әбділдин .
2. Қазақтың халық әдебиетінің дамуына үлес қосқан және «Есеп құралы» арифметикалық оқу құралын араб харібінде жазған кім?
А) Қ. Бекхожин. В) М Дулатов. С)М. Жұмабаев.
3. 14- 15 ғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі Ақсақ Темірдің немересі Самарқандта обсерватория ашқан кім?
А) Әл – Фараби. В) Әл- Каши . С) Ұлықбек.
4. «Пішіндеме» атты оқулық жазған қазақ ғалымы кім?
А) Е. Омаров. В)А. Байтұрсынов. С)Қ. Сәтбаев.
5.π мәнінің 150 ондық таңбасын анықтаған ғалым кім?
А) Пифагор . В) Диофант . С) Л . Эйлер
2-тур тапсырмалары.
2- тур. Оқушының математикалық есептеу дағдысын анықтайтын практикалық есептен құрастырылады.
3-тур тапсырмалары
« Математика» сөзінен жаңа сөздер құру.
Қортынды:Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталып , марапатталады.
3 – күні. Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?
Мақсаты: оқушыларды ізденуге үйрету, білімді өздігінен жинақтауға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жүргізілу , ұйымдастырылу тәртібі: Не? Қайда? Қашан?-«Білгірлер»отауы/Клуб»Знатоки»/ телебағдарламасының негізіне сәйкестендіріліп құрылған. Ойынға екі топ қатысады. Ойыншылар саны 10-12 аралығында болғаны қолайлы. Әр топтың жетекшісі таңдалынып бекітіледі. Әр қатысушыға жеке өз мүмкіндігін көрсете алатындай қатысушы санына сәйкес сұрақтар дайындалады. Ойынға түсетін сұрақтар конвертке салынады және нөмірленеді.
Сұраққа жауап беру үшін 1 минут уақыт беріледі. Стол үстінде конверттер шеңбер бойымен орналастырылады және ортасында бағыттауышы болуы керек, оқушы соны айналдырғанда қай конверт тұсына бағыттап көрсетілсе сондағы сұрақ талқыға шығады, жауабын топ болып ,ақылдасып , біреуі түсіндіреді. Арасында музыкалық үзіліс болып тұрады, онда оқушылар домбыра сүйемелдеуімен әндер орындайды.
Викториналық сұрақтар:
№1. «Алгебра» сөзі қай тілден алынған?
Жауабы: Әл- жебр деген араб сөзінен шыққан.
№2 . «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» авторы кім?
Жауабы: Г. Галилей.
№3. Арифметиканы ғылым ретінде түсіндіріп баяндаған кімдерді білесің?
Жауабы: Эратосфен, Евклид, Диофант.
№4. Музыкалық үзіліс.
№5. Қазақтың үй тұрмысында қолданылатын сандық геометриялық фигура ретінде не?
Жауабы: параллепипед.
№6 Қазақтың тұңғыш арифметикаға арналған оқулығын кім жазған?
Жауабы: М Дулатов.
№7 . Музыкалық үзіліс.
№8. 1 қадақ ұғымын қазақ халқы не үшін қолданған?
Жауабы: 410 г мөлшеріндегі өлшем ретінде қолданған.
№9. Квадриллион не?
Жауабы: құрамында 24 нөлі бар сан.
№10 Миллион сөзі қашан шыққан?
Жауабы: 1500 жылы Италияда қолданылған.
№11. Бұл не? / конверт ішіне кітаб мұқабасы негізін бейнелейтін «кітапша» және оның қандай кітаб болуы мүмкін екендігін анықтайтын сызбалар жазылуы , сызылуы керек сол арқылы оқушы анықтай алады. /
Жауабы: біздің эрамыздан бұрынғы III – ғасырда жазылған грек математигі Евклидтің « Бастамалар» кітабы.
12. Жетіқарақшы қашан көрінеді?
Жауабы: Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлды- зының сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.
Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді.
Қортынды:
Соңында жеңімпаз топ анықталынады. Ойын барысын, апталық барысында, тағайындалған әділ — қазы алқасы бағалап, қортындысын шығарып отырады.
4- күні. Көңілділер,тапқырлар отауы
Көңілді тапқыштар жарысына екі топ « Зерде», «Зерек» қатысады.
Жарыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлануға, өзінің және топтың мақсатын қорғай білуге баулу, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.
Ойын жарыс түрінде жүргізіледі Жарыстың шарты: әр топтың өзінің төсбелгісі, әні, ұраны болу керек,арнайы қарсылас топ бір-біріне өлең шумағымен сәлемдесу арнайды, сол сияқты сәлемдесу әділ қазылар алқасына да және көрермендерге де арналуы мүмкін.
Жоспары:
-
Топтардың таныстыруы.
-
«Көңілді санамақтар»..
-
Топ жетекшілерінің сайысы.
4)Ойымды жалғастыр сайысы.
5)Ребус шешу.
6) Қорытындылау.
Жарыстың жүргізілу барысы:
1- Жүргізуші : Құрметті оқушылар, қонақтар бүгін біз сіздермен бірге Математикалық КТО тамашаламақпыз.
2- Жүргізуші : Бүгінгі сайысқа « Зерде», « Зерек» екі топ қатысады Жарыс барысын саралап отыру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ –қазылар сіздер бүгінгі сайыстың әділ бағасын берер деп сенеміз.
-
Жүргізуші : Сайысты бастау үшін ортаға Зерек тобын шақырамыз./ортаға әр топ саппен шығады, атын ,ұранын таныстырады /
Біздің топ: ЗЕРЕК.
Біздің ұран: ОҚЫ, БІЛ, ҮЙРЕН; ЖАМАННАН ЖИРЕН.
Біздің ән: 1. Білімге сүйеніп, ерекше күйге еніп,
Жарысты бастаған тобыма қарашы
Жарысқа келгенде, алдыңа жан салмас
Жеңісті біздерден ешкім де ала алмас
ҚАЙЫРМАСЫ :Мектептің біз ұланымыз
Есепке біз жүйрік
Тайсалмай шық , Зерек тобы
Жарысуға қарсы топпен.
2.Жігерін жанытып, білімін танытып
Келдік біз ортаға намысты ту қылып
Сеніммен жеңіске ие боп кетем деп,
Ән салдық әуелей даланы жаңғыртып.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сәлемдесу : « Зерек» тобынан қарсылас топқа.
Хош келдің Зерде тобы
Жарысуға Зерекпен
Апталықты жақсы бастап
қуанышпен аяқтайық
Зерек тобынан Зерде тобына
Жалынды мың сәлем!
Сәлемдесу : Әділ -қазылар алқасына
Уақыт бөліп біздер үшін
Тамашалап көрдіңіздер
Жетістікпен , кемшілікті
Әділ сынап баға беріңіздер
Әділдікке істерімен баулыған
Әділ -қазы алқасына
«Зерек» тобынан мың сәлем!
-
Жүргізуші: Ортаға екінші топты «Зерде» тобын шақырамыз.Олар өздерінің тобымен сахнаға сап түзеп кіреді тобын, ұранын таныстырады , өлеңін шырқайды.
Тобымыз:»Зерде»!
Ұранымыз: Есепшіл біз жас ұлан, зерделі боп жүреміз!.
Әніміз:
1.Білімін танытып, жігерін жанытып
Біз келдік ортаңа баршаңды қуантып
Сайыстың межесі, жеңістің жебесі
Қолда деп сенеміз бүгінгі белесте.
Қайырмасы:
Әділдік қыраны шарықта
Адалдық, бірлікке шақыра
Көрермен сенеді «Зердеге»
Зерденің қуаты сендерде
2. Біз топпыз үнемі жеңіспен көз ашқан
Жеңістің жолында жасыман сөз бастар
Сеніммен жеңіске ие боп кетем деп
Ән салдық, осылай даланы жаңғыртып.
Қайырмасы:
3. Жеңілсең Зерегім жасыма
Жеңдім деп және де тасыма
Сабырлы жетер де мұратқа
Сабырсыз қалмай ма ұятқа.
Сәлемдесу қарсылас топпен:
Бәрекелді Зерек жандар
Кездерің жоқ жасыған
Ұшқыр ойға біз дағы
Құрметпенен бас ұрған
Бұл ізденіс құп алар
Үлкен кіші қуанар
Әрқашанда осылай
Сынасуға сайысқа « Хош келдіңіз» дейміз біз!.
Сәлемдесу әділ- қазылар алқасына:
Армысыздар әділ- қазы алқасы
Әділдік сұрап сіздерден
Тілек қылар баршасы
Сынасуға сайысқа шықты Зерек, Зерделер
Сайысқанды бағалап
Қортындысын көретін
Әділ баға қоятын
Әділ қазы алқасына мың сәлем!
2-жүргізуші : Сіздердің барлықтарыңыз1- тапсырмадан сүрінбей өттіңіздер,өз топтарыңыздын намысын қорғап шықтыңыздар . Енді кезек 2- тапсырма. «Көңілді санамақтар». Сіздер тез өздеріңіздің тапсырмаларыңызды орындап , жауабын айтуға тиістісіздер. / Төмендегі өлең шумақтары әр топқа таратылып беріледі/
Түйе, бота маң басқан Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан Төрт аяғын тең басқан
Бие бар құлын емізген Шұнақ құлақ бір ешкі
Қос ешкі туған егізден Қос лақты қос ешкі
Үш қозы мен екі қой Төрт қозылы екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (15) Бәрін бірге санап қой. (15)
«Кәне есептеп тапшы»
Біздің үйде қалада
Түрлі-түрлі маман бар
Мен айтайын даралап
Кәне сендер санаңдар
Талай алған бәйгені
Бір ақын әйгілі,
Екі ғалым- биолог,
Үш инженер геолог,
Білер жаста, кәріде
Төрт тамаша дәрігер,
Бес белгілі артист бар,
Алты шофер- таксист бар.
Берер бізге көп тәлім,
Жеті көрші мұғалім.
Бізге киім тігуші,
Сегіз тәтей тігінші.
Зәулім үйлер салатын
Тоғыз маман құрлысшы,
Жастар үлгі алатын.
Он құрметті жұмысшы,
Бәрін қосып санаңдар.
Үйде қанша маман бар.? Жауабы: 55 маман бар.
1-жүргізуші: Сіздердің барлықтарыңыз есепке жүйрік , тез есептей алатын алғыр екенсіздер. Ендігі кезек топ жетекшілеріне келді. Сіздер бір-бірлеріңізбен сұрақ алмасып,берілген сұрақтың жауабын айтасыздар./ 3- тапсырма орындалады/
3 тапсырма. Топ басшылары сұрақ алмасады, жауабын береді.
2-жүргізуші: Міне топ басшылары да өздеріне артылған сенімді ақтап шықты деп ойлаймын. Енді келесі 4- тапсырмаға назар аударайық.
4-тапсырма. ««Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді).
1-жүргізуші: Сіздердің барлықтарыңыз мақалды біледі екенсіздер. Келесі тапсырмаға көшейік. Ол 5- тапсырма Ребус шешу.
5- тапсырма Ребус шешу. Әр топ қарсыласына математикалық ойлы сөз жасырылған ребус ұсынады . Нақыл сөздің авторын білсе бірге айтады. Мына нақыл сөздерді жасыруға болады.
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
6. Қортынды жасалынады . Жеңген топ анықталынады.
5-күні . Ауызша журнал- « Тарихи мәліметтер»
Ескертпе:
« Ауызша журнал» оқушылардың математикадан тарихи мәліметтерді де оқуына, танысуына мүмкіндік береді. Әр сыныпта белгілі бір тарауды өткеннен кейін оларға« Тарихи мәліметтер» арналады. Көбіне оқушылар оған мән бермейді. Ал апталыққа қатысушы оқушы осының бәрін ескеруі қажет. Тарихи мәліметтерді дайындау кезінде жас ерекшелігі, сыныбы ескеріледі. Төменде 6 сынып оқушылары дайындаған тарихи мәлімет берілді.
Санау жүйелері және теріс сандар туралы тарихи мәліметтер
Сан ұғымы – математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі.
Адамзат мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал нәрселерді санау болды.
Нәрселерді санаудың нәтижесінде натурал сандар шыққан. Сандарды белгілеу үшін жасалған таңбалар цифрлар деп те аталады. Цифрлар:1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0. Бұл цифрлар алғашқыда Үнді (Индия) елінде қолданылған, бірақ Еуропаға бұл цифрларды арабтар әкелген. Осыдан бұл цифрлар араб цифрлары деп аталған. Осындай цифрлардан сандар құрастырылып, олар белгілі бір тәсілмен аталып таңбаланған. Сандардың аталуының және таңбалануының жалпы тәсілін санау жүйесі деп атайды. Австралия және Полинезия тайпалары бір мен екі сандарынан үшті, төртті, бесті, алтыны құрастырған. Алтыдан артық сандарды «көп» немесе «сан жетпес» сандар деген. Мысалы: бірді – урапун, екіні- оказа, үшті- оказа- урапун, төртті- оказа- оказа, бесті- оказа- оказа- урапун, алтыны- оказа- оказа- оказа деген. Дүниені, табиғат құбылыстарын зерттеудегі қажеттіліктен адамзат сандарды атаумен қатар, жазуға да үйренген. Әр түрлі халықтар цифрларды әр түрлі таңбалармен белгіленген. «+» және « -« таңбаларын бірінші рет 1489 жылы чех ғалымы Я.Видман енгізген. Одан кейін көбейту таңбасы енгізілген. Көбейту амалының «×» таңбасын 1631 жылы ағылшын математигі Уильям Оутрет (1574-1660) , ал «*» таңбасын 1698 жылы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц (1646-1716) енгізен. Бөлу амалының «/» таңбасын алғаш рет, 1684 жылы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц енгізген, ал бөлу амалын бөлшек түрінде жазудың «-» таңбасы У.Джонстың (1675-1749) еңбектерінде пайдаланылған. Теңдік («=») белгісін 1557 жылы ағылшын дәргері Роберт Рекорд енгізген. Теңсіздік ()белгісін Гарриот Томас (1560-1621) енгізді .
Римдіктерде бестік жүйемен санау қалыптасқан. Сандарды Рим цифрларымен жазуда осы бестік жүйе қолданылған :бір –I, бес-V, он- X, елу- L, жүз- C, бес жүз-D, мың-M таңбаларымен белгіленген. Рим цифрларымен жазуда қосу, азайту принциптері қолданылады. Қазіргі кезеңдерде қолданылатын халықаралық санау жүйесі –ондық жүйе.
Үнді математиктері де теріс сандарды VІІ ғасырда ғана қолдана бастады. Ал Еуропада теріс сандарды ХІІ –ХІІІ ғасырларда ғана қолдана бастады. Француз математигі Рене Декарт (1596-1650) 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.
6- күні .
Айтыс.
Айтыс қазақтың ежелден келе жатқан өнері Айтыс өнері арқылы шешендікке, ой- өрісін жетілдіруге, өздігінен ізденуге, өнерге баулуға болады. Айтыс мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылады. Айтысты өткізу үшін дауыс, айту мәнері жақсы домбырада ойнай білетін оқушы таңдалынып алынады. Оқушымен алдын –ала дайындық жасалады. Айтыс тақырыбын математиканы сандар әлемінде оның қыр –сырын түсіну үшінде, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында да ұйымдастыруға болады. Айтыс мәтінін өзім құрастырам және қабілеті бар деген оқушыларға дайындауға беремін. Төменде оқушылармен жүргізілген айтыстың жоспары берілді.
Жоспары:
1. Математикадағы ұлы тұлғалар жайлы айтыс
/Айтыскер қыздар Кожахметова Гүлсім , Турғанбекова Толғанай/
2.« Салақ жаман оқушы мен тәртіпті жақсы оқушының айтысы»
/Айтыскер қыздар : Рахымжанова Балжан, боздаева Айнур/
3. «Рационал сандар –оң және теріс сан айтысы»
4.«Нөл мен бірдің айтысы»
Айтыстың беташарын жүргізуші ашады:
Кел, келіңдер балалар
Тамашаға қараңдар
Шақырады сіздерді
Үлкені мен кішісін
Математика әлемі
Шақырады біздерді
Өнер білім керек қой
Талап ,мақсат алдыңа қой
Есеп білсең өмірде
Ұтылмайсың , ұтасың
Заман қазір есепті
Алға тартып кеңінен
Нарық заңы қатал ғой
« Есеп» керек бәріне
Ел дәулетін артырар
Үміт арттық сіздерге
Есеп сүйгіш өрендер
Шақырайық ортаға
Қыздарымды айтыскер
Гүлсім және Толғанай
Айтыскер қыздарымыз ортаға шақырылады.
Толғанай:
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
Математика апталығы құтты болсын
Ойлары оқушылардың жаңалыққа толсын
Әрқашан еңбектері жемісті боп
Ежелгі гректердей мықты болсын
Талай ғалым тер төккен біздер үшін
Оқып , білсін , үйренсін ғылым үшін
Үйреніңдер білімді ,іздеңіздер
Ал достым айтыскер Гүлсім деген
Екеумізде әр топтың басшысымыз
Жауап берші бірнеше сауалыма
Хабарың барма сенің тарихи мәліметтен
Сүйікті алгебра пәніміз
Қай уақытта әлемге әйгілі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсең кім, айтшы достым аты –жөнін
Гүлсім:
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
Басталды міне апталықта
Жыр –шашуды мен дағы ала келдім
Ат қойдық тобымызға «Зерде» атты
Зерделеп отырсын деп әрбір затты
Бұл топта есепші мен әншілер бар
Кеудесі алаулаған, жалындаған
Зерденің әрқашанда орны бөлек
Баршаңа басын иіп тұрар ерек
Зерекпен енді міне сайысуға
Дайын тұр көкке ұшатын қырандай боп
Ал достым сауалыңа жауабым дайын менің
Сұрадың алгебра жайлы мәліметті
Айтайын мәлім етіп жауабын бұл сұрақтың
Алгебра пәніміз IX ғасырда әйгі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсем мен әл- Хорезми болған еді
Қарсылас Толғанайым қалың қалай?
Отырмысың айтысуға жаның қалмай
Білсең сен сұрағыма жауап берші
Пифагор кім, неліктен ғылымда аты қалды?
Толғанай:
Жауабыңа сүйсіндім замандасым
Сен де оңай беріспес жеңісті қолдан дедім
Сауалың орынды, ізденгенің көрінді
Кім білмейді атақты Пифагорды
Теоремасы үшбұрышқа қойылды
Ашқан жаңалық теоремасы үшін
Ертеде 100 өгіз де сойылды
Жауабыма толса көңілің
Азда болса сұрағыма уақытыңды бөлгін
Хабарың барма сенің теңгелерден
Ақын , жырау, күйші, батыр бейнеленген
Қазақтың төл ақшасы теңгелерден
Айтшы білсең 20 мен 10 теңгеде
Бейнеленген кім 100 теңгеде?
Гүлсім:
Сауалыңа жауабым дайын құрбым,
Кім білмейді қазақтың төл теңгесін
Кім білмейді Абайдай ұлы ақынды
Бейнесі бедерленген 20-қ төл теңгеде
Алгерамен әлемге әйгі болған
Төл теңгеде бейнесі жарқыраған
Әл- Фараби есімін кім білмейді
1 теңге мен 100 теңге белгісінде аты қалған
Білгенімді жасырман , айтайын ойды анығынан
10 теңгеде бейнесі бар шоқ жұлдызымыз Шоқан аға ғой.
Жауабым көңіліңе ұнаса
Сауалым бар өзіңе ұнаса
Біз міне 21-ғасыр ұрпағымыз
Ойлансаң ой тоқтатып, өткен күнге
Бабалар ерте кезде санауды
Есептеуді қалай білді?
Толғанай:
Бабалар ерте кезде санағанда
Ұсақ таспен , есепшот пайдаланған
Кейіннен тәжрибе толыққан соң
Абакты есеп шоттай ойластырған.
Гүлсім :
Жарайсың, айтыскер ақын құрбым
Жүйріктігің айтыста көрінді тым
Осыменен аяқтайық енді біз
Келесі кездескенше аман болыңызшы, сіз.
Жүргізуші: Сіздердің ендігі тамашалайтыныңыздар:
« Салақ жаман оқушы мен тәртіпті жақсы оқушының айтысы»
-Айтып қойшы қарағым
Қандай боп жүр сабағың
Жайын біліп қояйын
Сендей салақ баланың.
Сөзім тыңда, қарағым
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың
Мен Арттекке барамын
-Айналайын көкешім
Тәртіпті айтып нетерсің
Сендердердегі Серікбай неге жарды шекесін
-Портфельіне барып жүр
Төс қалтасын бағып жүр
Сендердегі Сембайдың
Қалтасында наны жүр
-Оқысам оқу ұқпаймын
Майдай болып жұқпаймын
Маған оқу не керек
Деп әндетіп тағы жүр .
-Арамыздан осылар кетсін десек балалар
Тәртіпті біз нығайтып
Салақтар мен жамандарды арамыздан қуайық.
Жақсы оқып ,көңілге тоқып
Ел ертеңі болашақтың жастары
Зерделі ,зерек біз болайық!
Қортынды: Айтыс қортындысы шыққанға шейін тақпақ тыңдалады, жұмбақ шешіледі.
Тілдесер табиғаттың тілі де есеп
Көз тартар сұлулықтың сыры да есеп
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап
Алдыңнан қалмайды екен тіріде есеп
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айналған жер
Бәрінің заңы есеп екені рас
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп білем, көрем
Демесең болсын егер еңбегің еш
Әуелі есепті оқып үйрен.
«Рационал сандар –оң және теріс сан айтысы» үлгісі
Оң сан: Ассалаумағалейкум! Халқым менің
Иіліп тағзым беру салтым менің
келдім мен сонау алыс елден ерек
Берейін деп өзімнен бірер дерек.
Жөімді менің сұрасаң
Қлағың сал сөзіме
Сонау ерте заманнан
Ашылыпты сырларым
Оңтүстікте оң жақта
Мекндепті оң сандар
Қызмет еткен әр түрлі
шендері бар әр қилы
Бірліктер мен , ондықтар
Жүздіктер мен мыңдықтар
Мың- мыңдаған ел екен
Сонау алыс түкпірде
Миладерлер тұрыпты
Миллиондармен бірігіп
Сапасы көп, саны көп
Шетсіз , шексіз ел екен
«Натурал» оның ханы екен
Амалдары тағы бар
Қосу, азайту, көбейту
Бөлінеме, өсеме
Ол ырыздығы өзінің
Мен осылай жөн айтсам
Кезегімді өзіңе берейінші
Сеніде бір тыңдап көрейінші.
« Теріс сан» сөзі: Ау, халайық, халайық
Айтыс өнер салтым-ай
Өнер сөзді қастерлеген халқым –ай
Мен өзіңдей замандас
Алыс елден ерек
Берейін деп дерек
Қарсы жақтан келгенім-ай
Жөнімді егер сұрасаң
Құлағың сал сөзіме
Сонау ерте заманнан
Мекенім еді солтүстік
« борыш», «қарыз»,» берешек»
Сөз төркіні ерекше
Бізге туыс «блекше»
« Алым- берім» әр түрлі
Билігіме бас ұрған
«Теріс сан» едім әйгілі
Бабаларым ер еді
Елін, жерін қорғаған
Шетсіз, шексіз мекені
Миллионер мен миллиадер
Бізде де бар еді.
Түбі туыс, тегі бір
Түп тамыры тереңде
Аталарымыз болыпты
« Рационал сандар»елінен
Қандай соған жауабың бар құрбыжан.
Оң санның жауап сөзі: Сөз кезегін бердің сен
Сөз маржанын тердің сен
Қиыстырып қиыннан
Жиыстырып жиыннан
Толғауыңды толғайсың
Еліңді сен қорғайсың
Өіңнен мін таппайсың
Неғұрлым сен теріске
Кетсең егер шығандап,
Соғұрлым күшің азаяр
Білесің бе оны сен
Теріс жан –ау, теріс жан.
Түп , тегіміз бір дейсің
Оны мен білмейді деймісің
Суға кеткен тал қармайды
Жеті атамды білмесем
Айып маған «терісжан»
Өз атымды сұрасаң
Тегімді мен өшірмен
«Оң» сан болар нысыпым
Ал өзіңді тыңдайық
Құрбыжан-ау замандас.
Теріс санның жауап сөзі:
Қарсы келген аттасым
Оңтайы келсең жоқ етер
Ептілігім тағы бар
Силағанға сиым бар
Үлкендерді тыңдайтын
Әдеті бар , салты бар
Жақсылықты жырлайтын
Әдебі бар халқымның
Қиындықтан , қашпайтын
Дауға бір баспайтын
Ұланы бар өзімдей
Қиыр кетсем шығандап
Елім, жерім қамы ұшін
Кішілік танытсам
Білерлігім ол менің
Дауың болса , айт құрбым
Төзімдік менің ұраным
Ту қылып шыңға шығамын
Кезегімді өзіңе берейінші
Сеніде бір тыңдап көрейінші.
Оң санның жауап сөзі:
Сөз кезегін бердің сен
Сөз маржанын тердім мен
Ойымды менің ұқпадың
Мендей болып шықпадың
Сес көрсеттің өзіме
Махамбеттей жырладың
«Қайраңнан алған шабақтай
Жоқ етем»- деп қоймадың.
Жеті атамды білмесем
Айып маған құрбыжан
Түп атамыз «Рационал сан»
Тармақтары «оң» және «теріс»сан
Натурал мен бүтін сандар
Жай бөлшек пен ,ондық бөлшекке
Ұсақталып бөлінсе де
Ортасында төбе би»нөл»
Содан бері бақылап бәрін тұрады.
Бірлігіміз жарасқан
Тату — тәтті елміз , ағайын
Осыменен айтысты тамамдайық
Төрелігін біз сіздерге қалдырайық
Нұсқау: Әр жұп айтыстан кейін оқушылардың ән орындауына, жатқа мәнерлеп ақындардың өлеңдерін оқуына болады. Соңында әділ қазылар алқасы нәтижесін шығарып жеңімпазды анықтайды.
«Нөл мен бірдің айтысы» үлгісі
«Нөл» сөзі: Атым менің нөл деймін
Білмеске тақыр шөлдеймін
Бірлікке тізіп тіркесе
Таусылмайтын көлдеймін
Мінезімде қате жоқ
Ой жетпеске мен жетем
Көбейтсеңіз сан мыңмен
Дәл өзімдей нөл етем
Ал»Бірлікжан» өзіңде
Қандай тірлік бар енді
Сөз кезегін өзіңе
бергенім менің жөн енді.
«Бір» сөзі: Ей халайық, халайық
Тамашаға қарайық
Талабыңды ашатын
Өзіңді ойға салатын
Айтыс дәстүр жаңғырсын
Ойымыз жыр боп таңға ұрсын
Білмек болсаң сырымды
Мен айтайын жырымды
Санау менен басталған
Сонау ерте заманда
Бірлік болса өмірде
Жалғасады тірлігің
Сенің менсіз күнің жоқ
Екеуміз бірге көлдейміз
Жеке тұрсақ шөлдейміз
Сөзіме құлақ сал деймін
«Нөл» жауап сөзі:
Сөзіңе құлақ салайын
Танығаның меніде,
дұрыс болған шырағым
Ал тыңдасаң мені де тарқатайын шерімді
Айтылмаса сөз жетім
Тыңдаушысыз мен жетім
Сөзіме құлақ сал құрбым
Санды нөлге бөлмеймін
Бөлгенді жөн көрмеймін
Білмесең енді біліп қой
Ешқандай үлес бермеймін
Нөлді санға бөлемін
Бөлгенді жөн көремін
Нөл-нөлден үлес беремін
Қосылып санды өсірмей
Шегеріп санды өшірмей
Көрсеткіш болсам қай санға
Бірлікке қана кешірім
Әділ кеңес құрамын
Әділдік менің ұраным
Қашанда әділет болсын деп
Теріс сан мен оң санның
Іргесін бөліп тұрамын
Ал , кәнекей «Бірлік жан»
Осыған дауың барма екен.
«Бірдің» жауап сөзі: Сөзіңе құлақ саламын
Танығаның мені де ,
Дұрыс болған шырағым.
Көп мақтасаң өзіңді
Кемістігің байқалар
Нөл деген құр атағың
Жоқпен бірге пара- пар
Ал мен кіші болсамда
Білдіремін бір затты
Санға қосса «бірді»
Көбейгені тірлігі
Саннан «бірді» шегерсең
Азаяды несібең
Ешкімге намыс бермеймін
Санасады менімен
Көбейтуде, бөлуде
Сен сияқты өшірмен
Көрсеткіш болсам кей санға
Санасады бәріде
Сый құрметпен әлі де.
Математика пәні апталығының ашылу жиыны
«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»
Математика пәні апталығының ашылу жиыны
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика» пәні апталығының ашылу жиынына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ұлы мереке — Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған бұл апталық «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбымен өткізіледі.
1-жүргізуші: Күні кеше Елбасымыз өзінің интерактивті лекциясында «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген болатын. Ендеше терең білімді бойымызғы сіңіру арқылы еліміздің өркендеп өсуіне, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болатынына үлес қосатынымызды естен шығармауымыз керек.
2-жүргізуші: Алғашқы сөз _____________________________________________________
_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________беріледі.
1-жүргізуші: Математика пәнінің кереметтігін, құпия сырын өлең жолдарымен жеткізетін 9 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1.Математика – 1,2,3…натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
- Үш деген сан киелі ғой қазақта,
Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.
Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің
Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа!
Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып жеті санының кереметін,
Әр сөзінен дананың терген ілім.
- Симметрия ұғымын пайдаланып,
Ою — өрнек бұйымына сызғызған.
Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,
Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар бір апта бойы өз жалғасын табатын апталықтың бағдарламасымен сіздерді таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:
Дүйсенбі 10 желтоқсан:
- Апталықтың ашылу салтанаты
- Математикаға байланысты ребустар байқауы. Бұл байқауға оқушылар апта бойы қатыса алады.
1-жүргізуші:
Сейсенбі 11 желтоқсан::
- «Ең үздік оқушы дәптері» көрмесі
- «Математикалық таңғажайыптар алаңы» ойыны
- «Математик болғың келе ме?» ойыны
2-жүргізуші:
Сәрсенбі 12 желтоқсан::
- ««Жай бөлшектерді азайту» тақырыбында ашық сабақ
- «Бақытты сәт» ойыны
- «Жұлдызды сағат» ойыны
1-жүргізуші:
Бейсенбі 13 желтоқсан::
- «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбында ашық сабақ
- «Негізгі тригонометриялық тепе – теңдіктер» тақырыбында ашық сабақ
2-жүргізуші:
Жұма 14 желтоқсан:
- «ХХІ ғасырдың жас математигі» интеллектуалдық ойыны
- Көңілді тапқырлар сайысы
1-жүргізуші:
Сенбі 15 желтоқсан:
- Оқушыларды марапаттау.
2-жүргізуші: Жиынды Елбасының сөзімен аяқтағымыз келіп отыр:
Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер!
1-жүргізуші: Ел болашағының баянды болмағы, баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты. Ендеше, білімдерің толыссын! Еңбектерің жансын!
«МАТЕМАТИКА ПӘН АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ» АПТАЛЫҚ СЦЕНАРИЙІ
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
«№9 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Әлем нақты ғылымдар тілінде»
МИФ онкүндігінің ашылуы
2013 – 2014 оқу жылы
Тақырыбы: Әлем нақты ғылымдар тілінде.
Мақсаты: • Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; • Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру; • Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету; • Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру; Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,11 класс оқушылары қатысты. Құрал –жабдықтар: Математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ашылу әуені ойнайды.
1- Жүргізуші -Уа, халайық, халайық, Бәріңе жар салайық. Бүгінгі кеш төрінде Дарындылар елінде Тапқыштардың тілінде, Есеп шешіп, жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші Шабыт тасып шалқысып, Есеппенен ән салысып. Көңілді кеш жасайық Жұмбақ шерді шашайық Ат салысып аянбай Бар өнерге басайық 1-жүргізуші Асып әсте саспайық Батыл қадам бастайық Еркіңді билеп барынша Жарыста сірә, қалыспа Кеш қызығын ей, достар. Осылайша шабытпен Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық табылар Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. Айтыс, тартыс тағы бар Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ. Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ. О-о-ой, бір қызық кеш болар, Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші. Барлықтарыңызды Математика – Информатика – Физика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар… Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
2-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ. «Информатиктер» тобы! Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым! Құтқарып ауыр бейнеттен Техниканы үйреткен Роботтай – адамды Тіл бітіріп сөйлеткен Компьютер емей немене Білмегенді білдірген Өлшеп киім кигізген Барлық істі атқарып Пайдасын елге тигізген Компьютер емей немене Бәріңіз маған қараңыз! Ойынымызды бастайық Алуан түрлі ойларды Ортамызға тастайық. Информатика пәнінен Көрсетіп біздер батырлық Ой толғалық жүйелі Таңдайымызға татырлық
«Физиктер» тобы Уа, халайық, халайық! Бәріңе жар салайық! Бүгінгі кеш төрінде, Физика елінде, Физика тілінде, Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып… Шабыттасып шалқысып, Есеппен ән салысып. Көңілді кеш жасайық, Жұмбақ шерді шашайық. Ат салысып аянбай, Бар өнерге басайық.
«Математиктер» тобы Ғылымдардың патшасы атанған, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! Жасықтан емессің сен қаталдансың Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән математика атанғансың Жас достар, Мұны жақсы ұғайық Математика ғылымы Құрметтеуге лайық Дүниедегі құбылыстың мәніне Табиғаттың, қозғалстың бәрінде Мүмкін емес есептерсіз түсіну Есебіңіз дүние кілті әлі де.
2-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, математика, физика және информатика пәндерін сүйіп оқитын оқушыларға құрмет көрсетейік! Физикадан Республикалық сырттай оқудан ІІ орын иегері Сейлханов Байғали, Аудандық кіші ғылыми академияның І орын иегері, аудандық «Дарын» бойынша ғылыми жобасының ІІ орын иегері Жексенбек Нұрлан, аудандық «Дарын»-нан ІІІ орын иегері Қалиева Үміт.
Оқушылар сендерге де осы оқушылардың жетістігіне жетулеріңе тілектеспіз.
1-Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осыған орай назарларыңызға «Математикалық ертегі» ұсынамыз. Қарсы алыңыздар! Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты. Сонда: — Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе? — Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді. -Сен ше? — Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады. Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді. Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді. — Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой. — Балаларым, айналайындар, тұрыңдар! — А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. — Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады. Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. — Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады. — Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім? — Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.- Сағат неше болды?- деп сұрайды. — Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды. — А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? (Көрермендерге сұрақ)
2-Жүргізуші: Ал, балалар көмектесейік пе? Мынадай сұрақтарға жауап берейік: 1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан) 2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка) 3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т) 4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10), 5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см) 6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек) 7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: Бір дегенім- бесік, Шықтым содан өсіп. Екі- дегенім елім, Далам, тауым, көгім Үш дегенім- үміт Үміт артар жігіт. Төр дегенім- төзім, Төзе білем өзім. Бес- дегенім бақыт Бағалайтын уақыт. Алты деген- ақыл, Тыңдағаның мақұл Жеті деген- жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген- сөзім Серт беретін кезім Тоғыз деген тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он- дегенім Отан Қорға соны ботам.
2-жүргізуші Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар. Фигуралар тобын халайық, Қол соғып қарсы алайық.
Үшбұрыш: Мен үшбұрышпын, Ылғи үштен түрамын. Үш қабырға, үш төбе, Үш бұрын болып құрамым.
Төртбұрыш: Мен төртбұрышпын, Көпбұрыштың бірімін. Үшбұрыштан болсам да жас, Бірақ одан ірімін.
Тіктөртбұрыш Математиканы білместерге Құбыжық болып көрінем. Бар бұрышым тік болса, Тік төртбұрыш деп аталам.
Параллелограмм Қарам-қарсы қабырғам, Параллель әрі тең болса. Іргелес жатқан бұрыштар. Бірінен бірі кем болса. Қосындысы бірақ та, 180- қа тең болса, деп аталам!
Ромб Ромбы атты бауырым, Бәрінен де сымбатты. Білімділер кеудеге, Тағады заттай қымбатты.
Трапеция Трапеция туыстың, Ашуы мүлде тым қатты. Параллелограмм атасын, Жартылай ғана тыңдапты.
Музыкалық номер.
1-жүргізуші: Негізі бар ғылымның математика Жалықпай оқып үйрен тек қана Білімнің кілтін ашты,көзін тауып, Ньютон, Колмогоров,Ковалевская. Бүгінде математика барлық жерде Құрылыста, техникада өндірісте Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер, Жас достар зерделікпен меңгеріңдер. (Ортаға оқушылар шығады)
1-оқушы: Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Менің туыстарымның өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, менің анамның мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет. 2-оқушы: Ал менің апам – бау-бақшамен айналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бир шаршы метрге қанша ұрық, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атам сиырға қарайды. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді. 3-оқушы: Ал, менің әкем құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді. Менің анам – сатушы. Ол математиканы жақсы біледі. Ол тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың құнын төлейді. 4-оқушы. Менің анам – есепші, яғни бухгалтер. Бұл математикамен тығыз байланысты мамандықтардың бірден бірі. Анам жалақыны есептеу үшін бөлуді, көбейтуді, қосуды, алу амалдарын білуі керек, әйтпесе жалақы алатын адамдар зардап шегеді. Сонымен қатар ол салық басқармасына жіберілетін салықты, зейнетақы қорына есептелетін ақыны есептей алуы қажет. Ал, әкем – көлік жүргізуші.Ол жұмысында жүрген жолына қанша бензин жұмсалғанын есептпеу үшін және белгіленген жерге уақытында жету үшін қандай жылдамдықпен жүру керектігін арифметикалық амалдарға сүйеніп біледі. 5-оқушы: Міне, осыдан математика жер бетіндегі барлық адамдарға керек. Онсыз адам есептпей алмайды, өлшей алмайды және шеше алмайды. Математикасыз үй салуға, қалтадағы ақшаны санауға, қашықтықты мөлшерлеу мүмкін емес. Адам математиканы білмесе ұшақтарды, автомобильді, кір жуғыш машинаны, тозаңытқышты, теледидарды және басқа да көп техниканы жасай алмас еди. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым!
1-жүргізуші: Математикаға арналған ән шашуды қабыл алыңыздар, құрметті көрермендер. Музыкалық номер. 2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі ойынға жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым. Сіздерге соңында айтарымыз бар: Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан. 1-жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт — дей отырып, мықтыларға арналған математика, физика, информатика пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз! 2-жүргізуші: Осымен «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.26 Kb |
Количество скачиваний: | 205 |
Скачать
Просмотров: 305
Похожие материалы
- Построение таблиц и диаграмм в 5 классе
- Лекция «Организация БД и систем управления ими. Структура данных и система запросов.»
- Практическое занятие «Поиск информации в сети Интернет»
- Задания на применение сокращенного перевода
- Практическая работа по информатике «Работа с фрагментами текста»
- Бүлінген және вирус жұққан файлдар
- Курсовая работа «Интеллектуальные информационные системы когнитивной графики»
- Презентация на тему «Своя игра» (8 класс)
- Работа «Алгоритмы и исполнители»
- Интерактивная проверочная работа по информатике (с выбором ответов и выставлением оценки) Выполено учащейся 9 класса Козвониной А.
31.01.2018
Жаратылыстану-математика бірлестігінің апталығының ашылуы.
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу салтанаты.
1- Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану-Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңдер!
2-жүргізуші:Оқушылардың қыығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше.Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз-оқушылар Жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып
қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру
1- жүргізуші: Ал енді барлық ғалымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің патшаларына берейік(ортаға пән болып киінген үш оқушы :математика,физика,информатика шығып таппақтарын
оқиды)
Математика.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасқтан емессің сен қаталдансың
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстын мәніне
Табиғаттың,қозғалыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіздүние кілті әліде
Физика.
Уа,халайық,халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шердішашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара,ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашан танып қал.
Информатика.
Армысыңдар бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай-адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық
Информатикапәнінен
Көрсетіп біздер
батырлық
Ой толғалы жүйелі,
Таңдайымызға татарлық,
2-жүргізуші:Келесі сөз кезегін біздіқоршаған табиғаттың қыр-сырын меңгеретінжаратылыстану ғылымдарының
ханшаларына берсек (ортаға пән болып киінген үш:биология,химия,география шығады)
Биология
Табиғаттың құпиясы тұңғиық,
Көзжетпейтін мұнарасы тым биік
Білген сайын сырыноның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құцып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашанбас иетін
Атаңнан мал қалғаншатас қалсын деп
Халқын айтқан орынды өсиетін
География
География әлемі-қызық әрі тартымды,
Өз сырымен қызықтырар әркімді
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын
Химия
Химияны оқу парыз әркімге
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияны оқындар әр бөлімін
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде
Химияны оқиық,біз көңілмен
Кездесер ол күнделікті өмірден
Ақылымыз-химияны біліңдер!
Тап болар әр жерден, әр өңірден
1-жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Апталықта бәрі бар-ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар. Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!