«Жастар жылы» іс — шарасына сценарииі
Сценарий к мероприятию «Жастар жылы»
Музыка ойнайды, жүргізушілер сахнаға шығады.
Звучит музыка на выход ведущих. На сцену выходят ведущие.
Жүргізуші 1(Сейітқан Бекзат). Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Келген қонақтар! Міне, Қазақстан да 21 ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша ала алады.
Ведущий 2(Биражнова Ақамарал). Добрый день, дорогие друзья и уважаемые гости!
Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мы живем в сильном, процветающем и богатом государстве, которым по праву можем гордиться. Мы уверены в нерушимости нашего единства, успешном будущем нашей страны.
1)(Қазақша би. Нурманова М., Шакманова С., Асан А., Каткенова З.)
Ведущий 2. Все мы прекрасно знаем что 2019 год является Жастар жылы, которая подразумевает собой единые цели, единые интересы, единую судьбу и единую страну. Данная идея возлагает на молодежь огромную надежду и ответственность за будущее страны.
Жүргізуші 1. Кұрметты қонақтар жақында біздің мектебімізде каратэ кекушинкай ашылды қазір олар бізге өз өнерлерін көрсетеді, тамашалаңыздар! Қарсы алыңыздар!……….
2)( Каратэ көрсетілімі Молдахметов Ж. К.)
Жүргізуші1. Қазақстан ең керемет, бірлігі жарасқан елдердің қатарына жатады. Осы еліміздің гүлдері қазақ еліміздің жастары болып табылады. Еліміздің болашағы жастар болып табылады, өйткені жастар өте қайсар, жігерлі және жарқын болып келеді.
Ведущий 2. Казахстан — это прекрасный цветок единства, нежный и благоухающий. Лепестки цветка — это молодежь Казахстана, сплотившаяся навечно. Именно молодые люди, яркие и энергичные, определяют перспективы славной истории нашей страны.
Жүргізуші 1. Біздің мектепте алдыңғы қатарды жайдарман клубы бар, қарсы алыңыздар!
3) (Жайдарман. 11 А сынып).
Жүргізуші 1. Юность – замечательная пора в жизни человека. Это время размышлений о будущем, построение планов и определения перспектив своей жизни. Мы, как современная молодежь Казахстана, четко определили для себя приоритетные ценностные установки, тренды, которые помогут нам реализоваться в жизни и не потерятся!
4) (Өзбек биі. Шакманова С.)
Жүргізуші 1. Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! – деген Мағжан Жұмабаев.
Ведущий 2.
Здесь «Мәңгілік» — великое начало. А мы – опора, будущее в нем. Мы – молодежь. Мы встанем у штурвала. Нам все проблемы, беды не почем.
5) (Номер; Монолог Жадра Нурасыл).
6) Номер: танец лезгинка.
Жүргізуші 1: «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс — шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақсатннның болашағын әр салада қолдауымыз керек» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылын жариялаған еді.
7) (В небе беркут. Биржанова А. Ән айтады)
Ведущий 2. Объединение всей казахстанской молодежи, при этом признавая уникальность и индивидуальность каждого гражданина, является ведущей идеей главы нашего государства.
(Флешмоб. Алға, Қазақстан!)
Жүргізуші 1. Қазақстанның гүлденуі және өрлеуі жастардың қолында, жастар әлеуметтік ортаның ең жасампаз, жігерлі, жас бөлігі болып табылады. Қазақстанның жастары – еліміздің тағдырын шешуге дайын бірден бір алға тартар күш болып табылады.
Ведущий 2. Расцвет Казахстана в руках молодежи, ведь это самая активная и динамичная часть социума с огромной жизненной силой и энергией. Молодежь Казахстана — это судьбоносная сила страны, огромный ресурс успешного развития казахстанского общества.
(Алтын бесік. Каткенова З. Ән айтады)
Жүргізуші 1. Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Алдымызда кездесетін талай асу белестерге қол жеткізуміз үшін, еш қиындықтарға іркілмей, тек қана алға қарай жылжуымыз керек.
Ведущий 2. В оданом из своих выступлений Глава государства Нурсултан Назарбаев сказал замечательные слова: «Я верю в нашу молодежь! Казахстану нужны амбициозные, креативные, сильные духом и полные решимости личности! От молодежи зависит вектор дальнейшего развития Казахстана».
номер: Песня Суйрік нентори
Жүргізуші 1. Түйіндей келе, біз, жастар, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің алтын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік,
достар!
9) (Туған елім. Барлық қатысушылар шығып ән айтады)
Ведущий 2:
Наша дружба, наша вера
С нами бутет навсегда
Наша сила, наша воля
Не погибнет никогда!
И поа на белом свете
Солце светит нам во вслед,
Казахстанцем всем желаем
Быть едиными на век.
Жүргізуші 1. Біздің шағын «Жастар жылы» ашылуына орай жасаған мерекелік концертімізге келгендерің үшін рахмет! Сау саламат болыңыздар!
«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы»
«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімдеміз басар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
1-жүргізуші:
Бар мұрадан – қасиетті мұрам ең
Данасың ғой, болар әр кез дана кең
Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің
Шырақшысы – сен аман бол, Қара өлең! – деп кезекті қара өлеңге берсек
1 «Ә» сынып оқушысы Молдан Кәусар Мұқағали Мақатаев «»
2-жүргізуші:
Сөз — шырақ, Көз алдыңды жарқыратқан
Cөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан
Cөз — теңіз, төлегейін тулататын,
Сөз — тұлпар, сәйгүлік ой арқыратқан- деп кезекті көркем сөзге берсек
1-жүргізуші:
Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,
Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.
Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,
Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім.
9 «А» сынып оқушысы Қасқарбек Аружан «»
2-жүргізуші:
Тұнығыңды лайламайын қара өлең,
Тұмарың боп жалғанайын қара өлең
Сен қуат бер, көтер мені биікке,
Ақын дейтін менде де бар бір өнер
Абай ата, Мағжан жыры жалғасқан
Ұйқасым бар түйнек түйек алдаспан.
Шамаң келсе өлеңіме ұйқас бер,
Шабыттанам жігер рухым талмастан
7 «Ә» сынып оқушысы Қонысбаева Нұрбақыт «»
1-жүргізуші:
Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
10 «Ә» сынып оқушысы Есбосынқызы Алуа «»
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2-сынып оқушылары вальс
1-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте 4-сынып оқушылары
«Үнді биі», қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Өнер –ердің қанаты, шабыт құсы,
Би көтереді жоғары алып күші
Өнер болса бойыңда сөнбейтұғын
Сарайыңның болады жарық іші,
деп кезекті мың бұралған бишілерге беріміз.
3-сынып оқушылары «Көктем» биімен
1-жүргізуші:
«Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!
6-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Қазақтың күйлері көп «Көңілашар»,
«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп ұласар.
Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,
Қазақтың болмаған ғой тегі нашар! – деп кезекті күйге берсек!
«Сарыжайлау» күйі – орындайтын:
9 «Ә» сынып оқушысы- Бекқожа Ілияс
10 «Ә» сынып оқушысы- Есмуратов Али
1-жүргізуші:
Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!
Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы 3 сынып оқушылары
«Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, — деп Абай атамыз жырлағандай әнге кезек берсек
2 «Ә» сынып оқушысы — Тұрғынбай Нұргүл «Туған жер» әнімен
1-жүргізуші:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең
Қарсы алыңыздар ортада 11 «А» сынып оқушысы Орнальдина Аруана «» әнімен
2-жүргізуші:
Қаншама адам танылған өнерменен,
Өнердің арқасында, шалқып жүрген.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен- деп кезекті әнге берсек. сынып оқушысы — «»
1-жүргізуші:
Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!
Усенбекова Ғалия Ердаулетқызы
Алматы қаласы, Медеу ауданы
№53 мектеп-гимназия
Құлпырған көктем мезгілі де санаулы күннен кейін есігімізден кіріп келгелі отыр. Ал көктем мезгілінің ең бірінші мерекесі ол – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні! Осы мерекеге орай бүгін біз сіздердің назарларыңызға группалас немесе сыныптас аруларыңызды құттықтау кешіне арналған сценарий ұсынамыз.
Группаңыздағы немесе сыныбыңыздағы қыздар қауымын мерекесімен естен кетпестей етіп құттықтау үшін арнайы орынды тауып, белгілеп алғаныңыз дұрыс. Мәселен, би алаңы бар шағын кафе немесе мектептің (оқушы болсаңыз), университеттің (студент болсаңыз) мәдениет залдарында өткізуге болады. Сонымен қатар, мерекелік сыйды да естен шығармаған жөн. Ал кештің қызықты өтуі үшін, «асабалардың арланын, тамадалардың тарланын» іздеудің қажеті жоқ. Орталарыңыздан сөздің майын тамызатын жігіттің табылатыны анық. Бастысы ұйымдасқан түрде болса, және кеш бағдарламасы көңілді құрылса болғаны. Ал қалған сөз кезегін жүргізушілерге берейік: (Екеуі де жігіт болуы тиіс).
1. Кеш жарық, қымбатты арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға күткен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні де келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға деген бір құрметпен басталғаны абзал!
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Аман болсын әрқашан да аналар! – деп ақ сүт беріп өсірген аналарымызға бір қошемет көрсетейік!
2. Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен өкпемізді алып тастап, екі бүйрек, жалғыз жүрегімізбен қызу құттықтаймыз! Бүгінгі кешке келіп отырғандарыңызға көп-көп рақмет! Алдарыңызға ас қойып, екі қолды бос қойып отырғанымызда, ыстық тамақ пен суық коланы араластырып, дәм-ауыз тиіп отырыңыздар.
Мерекелік кеш әнмен жалғасады. Домбыра немесе гитарада барлығына таныс бір әннің орындалғаны дұрыс. Қыздар туралы болса, нұр үстіне нұр болады.
1. Осы бір керемет әннен кейін алғашқы сөз кезегін, «жігітке жеті өнер емес, жеті дөнер де аз» деп білетін _______ ұсынамыз.
Сыныптас немесе группалас, өзі денелі жігіт тілегін арнайды.
— Кезінде жүректеріңізді жаулап алып, енді еркіндік аңсап жүрген еркін де еріккен еркектер қауымы атынан алғаш болып сөз бастау оңай емес екені анық. Құрметті группаластарым (сыныптастарым) мерекелеріңіз құтты болсын! Аналарымыздың мерекесі құтты болсын! Әрқашан арамызда күліп-ойнап жүре беріңіздер!
2. Мына бір тамаша тілекті _______ неге жалғастырмасқа деп тұрғандай. Ал сөз кезегі өзіңізде:
— 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!
Көңілдерің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімдерің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша ақ көңілім тұншығады,
Ән болып көмейімнен ақтарылмай, – деп сіздерге әсем бір ән арнап берейін, қабыл алыңыздар!
Ән орындалады. (Қыздар, махаббат секілді тақырыпта)
Жігіттер қауымы өз тілектерін жаудырып болғаннан кейін, қыздарды ашық әңгіме алаңына тарту кеш көрігін қыздыруға үлкен септігін тигізеді. Бәлкім сіздер бірінші рет, мүмкін бесінші, алтыншы рет бас қосып отырған боларсыздар. Сондықтан да қыздардың алғашқы группаластарыңызбен (сыныптастарыңызбен) таныстығы, бір-біріне деген алғашқы көзқарастарының қандай болғаны, өзгелер жайлы не ойлайтынын сұрап білу арқылы көңілдерін шаттандыруға болады. Ол үшін әрқайсысына сөз кезегін ұсынсаңыз, кеш жүргізушісіз-ақ құлпырып шыға келмек.
Кештің көркін би алаңы одан да қыздыра түсетін болады.
Би алаңында түрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Жай ғана «паровоз» жасап адамдар арасынан жүрудің өзі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Би алаңына бармаған кей қыздар әдемі суретке түсетін алаң (фон) іздейтіні анық. Мұндай сәтте сізден мықты фотограф болмауы керек.
Би алаңынан қайта дастарқанға отырғаннан кейін:
1. Мирас болып атадан қалған сыйға
Ауылдағы су өтпейтін қара пима
Бұның бәрін неге айтып тұр дерсіздер…
Қалай қыздар, ностроение нормәлни ма? – деп кешімізді жалғастырайық. Сонымен біздің сіздерге жасаған кішкене ғана сыйымызды қабыл алыңыздар. Шын көңілден ұсынылған сыйлықтар өз иелерінің шын көңілінің түкпірінен орын алсын.
Сыйлықтар таратылады.
Енді сыйлық жайын айтып өтейік. Қазіргі таңда технологияның дамыған заманында көп досымыз альбом арнамайтыны анық. Еее, ұялы телефонымда, компьютерімде бар ғой деп жүре береміз. Сондықтан да альбом сыйлағанның мәні зор. Ал альбомнан өзге де тамаша сыйлық жасауға болады. Ол қандай дейсіз ғой?
Группалас (сыныптас) қыздарыңыздың суреттерін жеке диск бетіне шығарып, ішкі диск бетін де көркемдеп сыйлаған сый үлкен естелік болмақ.
Мерекелік кешті қайта әуезіне салып, ішкі сырын айтуға сөз кезегі келген арудан жалғастыруға болады.
Ал кешті мерекелік тортпен аяқтау – отшашумен бірдей!
2. Құрметті қызғалдақтай құлпырған қыздар! Мерекеден мерекеге аман-есен жете беріңіздер! Денсаулықтарыңыз зор болып, опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, помадалы езулеріңіз жиылмасын!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: Massaget.kz
Ақтөбе қаласы №3 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына байланысты «Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін әдеби кешінің жоспары.
1 — жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ұлы күн бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналады.
2 — жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына байланысты
« Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін әдеби кешімізге « Қош келдіңіздер!».
1 — жүргізуші:
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында — ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
Деректі фильмнен үзінді(Мағжан жұмабаев туралы естеліктер)
2 — жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов:
1 — жүргізуші: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Оданбасқамыздыңбәріміздікікүмәнді, өтесенімсіздепбілемін» депжазды.
2 — жүргізуші: Иә, ЖүсіпбекАймауытовсөзіменайтсақ, “Мағжансыршылдығымен, суретшілігімен, сөзгееркіндігімен, тапқыштығыменкүшті, маржандайтізілген, торғындайүлбірегеннәзікүндікүйімен, шерлі, мұңдызарыменкүшті”. Оныңөлеңдері “әлдеөкіндіреді, әлдемұңайтады, әлдежылатады, әлдеесіркетеді, әлдежігербереді”
Акимбаев Ельдар «Мен кім?»
1 — жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай — күйіне тәуелді.
Сонымен сіздердің назарларыңызға, «Ана», «анама», « Сүйемін» өлеңдері.
(Оқитындар: 6 сынып оқушылары Орынгали Айгерим, Когай Анеля., Саша.,Нұрсұлтан)
2 — жүргізуші:
«Сарыарқа» күйі. Орындайтын : -Туменов Даулет
1 — жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
2- жүргізуші:Давлетова Алинаның «Түркістан» өлеңі.
Слайд «Түркістан» туралы
1 — жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, «Батыр Баян» поэмасының маңызы ерекше
«Батыр баянның жазылуы туралы естелік» деректі фильмнен үзінді.
2 — жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға — ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады.
5 класс оқушылары «Мен жастарға сенемін»
1 — жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»
6 а класс оқушысы Жармұхамбет Айгерімнің оқуында «Қазақ тілі» өлеңі.
2 — жүргізуші: Ақын жаратылыстың сұлу заттары, яки өнерінің тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз. адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”
9б- сынып оқушысы Костырев Алексей «Сүй, жан сәулем.»» өлеңі.
1 — жүргізуші: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Балмагамбетова Бақыттың оқуында «Алдамшы өмір» өлеңі.
2- жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – «Сағындым». Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
Кубашев А «Сағындым» өлеңі
М.Жұмабаевтың жұбайынайтқан естеліктер.(деректі фильмнен үзінді.)
1 — жүргізуші: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу — маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп — жұмыр жауһар дүние»
2 — жүргізуші: Алдарыңызда Мағжан поэзиясының табынушылары.
Акежан., Бауыржан., — «Туған жерім -Сасықкөл» өлеңі
6 сынып оқушысы Орынғали А «Қарағым» өлеңі
8а сынып оқушысы Түлкибаева А «Өмір» өлеңі
- жүргізуші: Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды.«Бәрінен де сен сұлу», «Туған жер»өлеңі өзіндік халық арасына кең таралған. Біреулер бұл әннің авторы Мағжан екенін біліп, біреулер білмей жаттап өсті.
«Туған жер» әні қабыл алыңыздар.
2 — жүргізуші:
Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!
1 — жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!
«М.Жұмабаев» туралы стенд
«М.Жұмабаев» туралы слайд