Жас аспазшы бай?ауы сценарий

Методическая разработка конкурса среди студентов по профессии повар

« Жас аспазшы — 2019» байқауы

Теректі колледжі, БҚО

Жумагалиева Бибигуль Муратовна

«Жас аспазшы — 2019»байқауын өткізудегі басты мақсаты: Шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау; оқушылардың таңдаған мамандыққа қызығушылықтарын арттыру;

оқушыларды инабаттылыққа өнерге, шеберлікке тәрбиелей отырып,көпшілік алдында шығып, ойын еркін айтуға, сақынада өзін-өзі еркін ұстай білуге үйрету.

Көрнекілігі: компьютер, «Жас аспазшы-2019» байқауы атты слайд, оқушылардың ұй жұмыстары (слайдтар)

Жабдықтау: үстелдер, ыдыс аяқтар, маркирленген тақтайлар, пышақтар, азық түліктер, арнайы киімдер

Байқаудың барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар

2-жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған «Жас аспазшы 2019»байқауына қош келіпсіздер.

2-жүргізуші: Сайысқа қатысушы өрендерін–дегендей, бүгінгі сайысқа түскелі отырған

Жас аспазшыларымызды сахна төріне шақырайық.

1 курс оқушылары: Джасыбеков Фархат

Иркенгалиев Эдгар

Нариманова Гаухар

Сагынгалиева Назерке

1-жүргізуші: Қазір сахына төріне , ең тапқыр, ең батыл, ең білімді, ең дарынды,

Жас аспазшымыз шығып отыр, олар алдымызда өздерінің таланттары мен шеберліктерін, білімдері мен біліктерін ортаға салады.Ал енді сайысқа қатысушылардың реттік санын жеребей тастау арқылы анықтайық.

Жребий

2-жүргізуші: Әділдікпен баға берер баршаңа,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділ-қазы алқаларын сайлайық

Үздіктерді таңдап бүгін алуға — деп, бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін

әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Сагубаева С С – әдіскер

2 Хайруллина З К —

3. Сундетова С А

1.-жүргізуші Ал енді қатысушыларды сахна төрінен сайысқа дайындалуға

шығарып салайық, олай болса «Жас аспазшы -2016» байқауының жоспарымен таныс болыңыздар:

1.Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру , регламенті 2-мин)

2. «Шебер аспаз» «Винегрет» салат жасап, өз шеберліктерін көрсету

3. «Ең іскер аспаз» картоп тазалау сайысы (ұқыптылық, тазалық)

4. Тест тапсырмаларын орындау (15- сұрақ регламенті -5 мин)

5. «Менің отбасымның ең сүйекті тағам» презентация

2- жүргізуші. Сайысқа қатысушыларға қошемет көрсетіп , сайыстың

бірінші нөмірі бойынша «сәлемдесу» бөліміне кезек береміз. Олай болса ортаға шақырайық

№1 жеңімпаз….

1.-жүргізуші Табылар бойларынан кемер білім,

Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.

Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,

Көреміз сайыскерлер шеберлігін- дегендей, сайыстың 1 бөліміне кезек береміз

2-жүргізуші — «Шебер аспаз»

Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетеді. Дайын өңденген көкөністерден «Винегрет» жасау. Бағаланады : азық-түліктерді өңдеу кезінде тиянақты ысырапсыз қолдану, көкөністердің формалары ұқыпты бірдей етіп турау. 1.-жүргізуші Ендеше іске сәт сайыскер қатысушылар!

Сайысымыздың шарты бойынша бұл кезеңде қатысушыларға 10 минут уақыт берілген .

……. Салатты дайындап болсаныз, қазылар алқасылар сіздің жұмыс орындарын тексеріп, салаттың дәмін қарап шықсын

2-жүргізуші Сәт сапар тілеп бәріңе,

Іскер сайысын бастайық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып- деп , екінші кезең «Ең іскер аспаз» сайысы . Қатысушылар картоп тазалау кезінде ептілік, ұқыптылық, тазалық және де кімде ең үзін қабығы болып тазалауын көрсету

1.-жүргізуші «оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» дегендей, Сайыстың үшінші шарты тест тапсырмаларына жауап беру. 15 сұраққа -5 мин беріледі

2-жүргізуші Тест тапсырмалары таратылып беріледі және олар жауап бергенше көрермендермен тест өткізіп тағы бір жеңімпаз тауып алайық.

1-жүргізуші әділ–қазылар алқасы тесттің дұрыс жауаптарын анықтап, бағаларын қойсын

1.-жүргізуші Сайысымыздың соңғы кезеңі «Менің отбасымның ең сүйекті тағам» әр қатысушы өз отбасында жие дайындайтын және де ең сүйекті тағамды, презентация арқылы көрсету

2-жүргізуші Әділқазылар алқасы «Жас аспазшы -2016 » байқауының барлық кезеңі қорытынды, бағасын есептеп шығарғанша ән тыңдайық.

Орындайтын: Эльмира

1.-жүргізуші Ал енді «жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар» болып шыққан

қатысушылар Бүгінгі нәтижелерін білу үшін, сөзкезегін әділқазы алқасына береміз.

2-жүргізуші Құрметті сайысқа қатысушылар, жеңістеріңіз құтты болсын дей отырып осы мен бүгінгі «Жас аспазшы -2016 » Байқауы жабық деп жариялаймыз.

1.-жүргізуші 2-жүргізуші Қош сау болыңыздар

1.-жүргізуші — Амангельді Әлмира

2-жүргізуші — Тұрар Аксана

Шакимова Гульжан Женисовна

Зал іші әсем безендірілген. Қабырғада «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы-нан» деген жазулар ілінеді. Интерактивті тақтада сайыстың өтілу барысы, мақсаты, тағамдардың суреті көрсетіліп тұрады.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Оқушылар арасында «Аспаз» мамандығын таныту
  • Оқушылардың «Аспаз» мамандығына деген қызығушылығын арттыру
  • Үздік оқушыларды анықтау

Жүргізуші:  Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, кеш қонақтары!

Аспаз жолы қиынырақ басқадан

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,

Шаршасада аспаздықтың жолында

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам,- дей келе бүгінгі «Кішкентай  аспаз-2017» сайысын бастаймыз.

Аспаз-қоғам сұранысына ие мамандық. Себебі ас-адамның арқауы демей ме. Ал асты әрі дәмді етіп дайындай білу үшін білім мен еп керек.

«Жақсы аспаз дәрігермен тең» деген сөз бар халық аузында. Аспаз мамандығы адам өмірінде жайлы жағдай тудырудың ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің  денсаулығын  нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рахаттануға көмектеседі. Аспаз-өнері бұрынғы ғасырдан келе жатқан өнер және ең таңдаулы мамандықтардың бірі. Аспаз маманын-тек дәмді тағам дайындау үшін емес, өмірімізге ең қажетті маман ретінде қабылдауымыз керек.

Аспаздың  қауырт жұмыстарына өте төзімділік, қайсарлық керек. Аспаз             қыз-жігіттер қазіргі кезе көптеп саналады. Біз мамандығымызды мақтанышпен айта аламыз.

-Ендеше, сайысқа қатысушы болашақ аспаздарды, қол соғып қарсы алайық.

  1. Жиеналиева Айнара
  2. Қабдығали Айым
  3. Қайрат Анар
  4. Нурғали Нурай
  5. Тілепберген Оксана
  6. Махмет Інкәр

7.Утеуғалиева Ақерке

Оқушыларды бағалап, жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасын таныстырып өтейік.

Байқаудың шарттары:

  1. Таныстыру
  2. Аспаздық жекпе-жек (оқушылардың қаншалықты сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқау үшін әр түрлі тағамдар ұсынылады.)

А.Ұстап көру арқылы

Ә.Иісі арқылы

Г.Ішу арқылы

  1. Үй жұмысы(оқушылар шығармашылығы)
  2. Білім сайысы (тест тапсырмалары)
  3. Кім шебер (Шеберліктерін көрсетіп дайын тағамдардан салат түрлерін әзірлеу
  4. Өнерлі өрге жүзер- өнер сайысы
  5. Бәйге ойыны . Жеті құпия

Жүргізуші:      Көңіліне жетсін әрбір сөздерің

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін

Дәстүрімен бүгінгі үлкен сайыстың

Әрбір аспаз таныстырсын өздерін

Келесі тур «Аспаздық жекпе-жек» деп аталады, яғни болашақ аспаздар қандай жағдайда болсада астың дәмін, сапасын, түрін айыра білу керек.Қазір  сайыскерлеріміздің көзін байлап алдарына түрлі тағам ұсынамыз. Дұрыс ажырата білген оқушы ұпай санын толықтырады.

Іске сәт!

3 Тур.    Қасиеттің бәрі керек адамға

Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда,

Әрі тапқыр, әрі жылдам аспаздар

Қане шықсын таңғажайып алаңға,- дегендей ендігі кезекті үй тапсырмасына берейік. Сайыскерлер дайындаған тағамның атын, құрамын, дайындалу жолын айтуы шарт.

4.Тур       Бұл мектеп білімнің ақ ордасындай

Болмасын әрбір күннің болмасын жай

Жүреміз әр күн сайын сабақ оқып,

Келер-ау деп, қиын сұрақ дәл осындай

Кезекті білім сайысына берейік

  1. Тур Көрсетті өнер әр салада сайысып

Қимылдары жүргендей бір жәй ұшып,

Көкөністен ас мәзірін жасайды.

Қыздарымыз дем арада, майысып. Келесі тур шеберліктерін көрсетіп дайын тағамдардан салат түрлерін әзірлеу. Берілетін уақыт 10 минут.

6 Тур.      Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреулер ән салыпты

Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға

Арулар аянбай-ақ жан салыпты

Сайыс түрі «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, бағалайық.

7 Тур. Соңғы турымыз сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерге мамандық түрлерінен  жеті сұрақ қойылады.

1.Биология «Шипалы бұта» деп аталатын жемісі бар бұталы өсімдік.Құрамында С витамині бар. Ол қандай өсімдік (Итмұрын)

  1. Медицина А витоминоз қандай ауру? (Бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру)
  2. Әдебиет

4.Бейнелеу өнері

  1. Музыка Дастарханға байланысты қандай әндер білесің (Қазақы дастархан, Дастархан-ау дастархан, Елім менің)
  2. География

7.Математика

Жүргізуші:      Біз таңдаған мамандық

Нәтижесін береді

Өмірге деген адалдық

Болашаққа бастап келеді,- дегендей бүгінгі өткізіліп отырған жоспарлы «Кішкентай  аспаз-2017» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысын шығару барысында төмендегі ережелер қаперлеріңізге алынуы тиіс.

  1. Таныстыру барысында жұмыс киімі, таныстыру мәтіні, дауыс ырғағы, аспапта ойнай білуі есепке алынады.
  2. Теориялық сұрақтарға қауіпсіздік, санитарлық ережелері, қолданылатын құрал-жабдықтар, калькуляциялау, тауартану, тағам даярлау технологиясы енгізіледі.
  3. Үй тапсырмасын бағалаудығ ерекшелігі, жарнамалануы, сыртқы әсемделуі есепке алынады.
  4. Практикалық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталынуы, санитарлық-гигеналық жағдайы, тағамның дәмділігі есепке алынады.
  5. Сайыс қорытындысын шығару.
  6. Жүлдегерлерді марапаттау.

Тақырыбы: « Жас аспазшы — 2016» байқауы

Мақсаты: оқушылардың еңбекке пәнімен тағаммен жұмыс бөлігіндегі
тақырыптарды меңгеру

пысықтау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ару қыздарымызды инабаттылыққа өнерге, шеберлікке тәрбиелей
отырып,

көпшілік алдында шығып, ойын еркін айтуға, сақынада өзін-өзі
еркін

ұстай білуге үйрету.

Көрнекілігі: тағамға байланысты мақал-мәтелдер. Әртүрлі
суреттер,

түрлі -түсті шарлар.

Байқаудың барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар

2-жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған «Жас аспазшы 2016»байқауына
қош келіпсіздер.

1-жүргізуші: Көрсетсін өздерінің өнерлерін,

Табындырып өнерге көрерменін.

Таныстырып өтейік,

Сайысқа қатысушы өрендерін-дегендей, бүгінгі сайысқа түскелі
отырған

Жас аспазшыларымызды сахна төріне шақырайық.

6-сынып оқушылары

Тұрсын Ақкенже, Ахмет Ұлбазар

7-сынып

Нақып Ажар, Икрам Ақниет

8а-сынып

Ахмет Набат , Әубәкір Бақтыгүл

8б-сынып

Мұсахан Ұлжан, Мұхамеджан Сымбат

9а-сынып

Жүсіпбек Ақнұр, Мамрайым Бахыт

9б-сынып

Атымтай Аружан ,

2-жүргізуші: «Жас аспазшы — 2016»байқауын өткізудегі басты
мақсаты:

-Шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау.

-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

-Ару қыздарымызды имандалыққа, инабаттылыққа, өнерге шеберлікке
тәрбиелеу

-Еңбек пәнінен мектепшілік оқушылар арасындағы өзара тәжірбие
алмасуды

дамыту , оқушылардың көпшілік алдында шығып, ойын еркінайтуға,
сахнада

өзін-өзі еркін ұстауға үйрету.

Мектепшілік «Жас аспазшы -2016» байқауының жеңізпаздарын
жариялау.

1.жүргізуші: Қазір сахына төріне , ең тапқыр, ең батыл, ең
білімді, ең дарынды,

Жас аспазшымыз шығып отыр, олар алдымызда өздерінің таланттары
мен шеберліктерін, білімдері мен біліктерін ортаға салады.Ал енді
сайысқа қатысушы аруларымыздың реттік санын жеребе тастау арқылы
анықтайық.

Аспазшыларымызды сахна төріне шақырайық.

2-жүргізуші: Әділдікпен баға берер баршаңа,

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділ-қазы алқаларын сайлайық

Үздіктерді таңдап бүгін алуға — деп, бүгінгі байқауымыздың әділ

Бағасын беретін

Әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3

4.

1.-жүргізуші Ал енді ару қыздарымызды сахна төрінен

сайысқа дайындалуға

шығарып салайық, олай болса «Жасаспазшы -2016»

байқауының шарттарымен таныс болыңыздар.

1.Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру , регламенті 2-мин)

2.Тест тапсырмаларын орындау (10- сұрақ регламенті -3 мин)

3.Ас мәзірін дайындау (шикізат өнімен өзімен бірге алып келу,

регламенті -15)

4. Жемістерден салат жасап, өз шеберліктерін көрсету .

5.Дайын пирогты безендіру.

6. Технология пәні бойынша , жасалған бұйымдарды таныстыру

2- жүргізуші. Осындай тапқыр достар кез-келгенде,

Жетсін-ау , жарыстарға жеңгенге не.

Қарсылас болған менен, құрбысындар,

Тілейміз, ізгі тілек сендергеде- деп, сайысқа қатысушы

Аруларымызға қошемет көрсетіп , сайыстың

Бірінші шарты бойынша «сәлемдесу» бөліміне кезек

береміз. Олай болса ортаға шақырайық

№1 аруымыз

1.-жүргізуші «оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» дегендей,

Сайыстың екінші шарты тест тапсырмаларына жауап беру болмақ.
Ендеше

Тест тапсырмалары таратылып беріледі, және олар жауап бергенше

әділ-қазылар алқасы тесттің дұрыс жауаптарын анықтап, нәтижесін

шығарғанша әнге кезек берейік.

Ән орындайтын.

Табылар бойларынан кемер білім,

Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.

Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,

Көреміз сайыскерлер шеберлігін- дегендей, сайыстың үшінші

шарты бойынша

«Асмәзіріндайындау» бөліміне кезек береміз.

Ендеше іске сәт сайыскер арулар!

2-жүргізуші

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ойсалар,

Әнді сүйсең менше сүй- деп , Абай атамыз жырлағандай,

сайыскерлеріміз салқын тағамдарын дайындап болғанша, жақсы

өлең шумағына кезек берейік.

Орындайтын Сметулла Гулназ.

1.-жүргізуші Сайысымыздың шарты бойынша бұл кезеңде

аруларымызға 15 минут уақыт берілген . Аруларымыз салатты

дайындап болса, дайындаған салаттарына атқойып ,

жасалу жолдарын қазылар алқасына түсіндіріп өтсін.

2-жүргізуші Сәт сапар тілеп бәріңе,

Өнер сайысын бастайық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып- деп , төртінші кезең, аруларымыздың

«жемістерден салаттар жасап» шеберлігін таныту кезеңіне кезек
берейік.

Қыздарымыз салаттарын жасап болғанша

Әнге кезек берейік.

Орындайтын

1.-жүргізуші Гулназ , біздің қыздарымыз қандай өнерлі десеңізші,
бірінен-бірі қалар емес.

2-жүргізуші Ия , дұрыс айтасыз апай ендеше, оларды тағы басқа

қырынан сынап көрсек қайтеді?

1.-жүргізуші Сынасақ , сынайық! Бірақ , қалай сынаймыз?

2-жүргізуші Былай болсын, жас аспазшы қыздарымыз қарапайым
пирогты мерекелік тортқа айналдырсын.

1.-жүргізуші Жарайды, олай болса , іске сәт арулар! Ал
қыздарымыздың торты дайын болғанша биге кезек берейік.

Ортада 6- сынып оқушылары.

2-жүргізуші Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты, сайыскерлерде арада майысып-

дегендей, ару қыздарымыздың дайын өнімін әділқазы

алқаларына бағалауға жіберейік.

1.-жүргізуші Сайысымыздың соңғы кезеңі қолөнер бұйымдарына

кезек берейік. Бұнда ару қыздарымыз бұйым түрлерін жасалу
жолдары мен таныстырып өтеді.

Әділқазылар алқасы , «Жас аспазшы -2016 » байқауының барлық
кезеңі

қорытынды, бағасын есептеп шығарғанша ән тыңдайық.

Орындайтын

1.-жүргізуші Ал енді «жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар» болып шыққан

</ аруларымыздың

Бүгінгі нәтижелерін білу үшін, сөзкезегін әділқазы алқасына
береміз.

2-жүргізуші Құрметті сайысқа қатысушы арулар, жеңістеріңіз құтты
болсын дей отырып осы мен бүгінгі «Жас аспазшы -2016 »

Байқауын жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар

Мақсаты: Студенттердің бойындағы білім мен аспаздық  өнерін ұштастырып, қабілетін шындау. Кәсібі білім биігінен көрінуге  талпындырып, осы сайыс арқылы Үздік аспазды анықтау.  Студенттердің өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін, және аспаздық қабілетін дамыту. Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс  жасауға  тәрбиелеу. Іздену және ойлау қабілетін, арнайы пәндерге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал ету, өз бетінше іздену жұмысына баулу.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі № 2 аспаз тобында ұйымдастырылып отырған  «ҮЗДІК АСПАЗ 2018» сайысына қош келдіңіздер!
Халқымыз барлық уақытта өзінің қонақжайлығымен ерекшеленген. Сондықтан халықта «жер танимын десең – атың болсын, ел танимын десең – асың болсын» деген мақал бар. Біздің қыздарымызда – болашақ аналар, бір  үйдің асханасының иесі болып, қонақ күтетін жандар. Сондықтан бүгін біз олардың ас әзірлеу шеберлігін дамыту, дастарханның сәнін үйрету мақсатында осы сайысты  ұйымдастырып отырмыз.
Ал енді сайыстың шарттарымен таныстырайын.

  1. Шарт. Таныстыру (2-3 минут)
  2. Шарт. Аспаздық саласы бойынша сұрақ – жауап.
  3. Шарт. Тұшпара – манты жасау (5минут) әр топтан 2 қыз.
  4. Шарт. Бутерброд жасау (5 минут) әр топтан бір қыз.
  5. Шарт. Салат дайындау (10 минут ) әр топтан 2 қыз.
  6. Шарт. Үй тапсырмасы ретінде дайындап келген десертты ұсыну
    Жүргізуші: Енді сіздерді бүгінгі сайысқа қатысатын студенттермен таныстырамын. Бұл сайысқа аспаз тобының 25 студенті қатысады. Қыздар бес топқа бөлінген. Олар төмендегідей. (слайд көмегімен таныстырылады)
  7. Көкөністер тобының құрамы:
    Джауланова М, Анарханова О, Қурбантаева Г, Рахимжанова М        Абдиғаниева У.
  8. Жемістер тобының құрамы: Исраилова  Мухайё, Абдужалилова  Турсуной, Абдукадирова Турғуной, Сайдикаримова  Ирода, Худайбергенова Нодира.
    Дәрумендер тобының құрамы: Каримқулова Д, Ирсалиева Ш, Темиржанова Ф, Ирсдавлатова Н, Убайдуллаева Д.
    Жидектер тобының құрамы: Абдуропова Р, Нишанбаева У, Абдазимова Д, Юлдашова С, Мадикаримова З.
    Жанғақтар тобының құрамы:
    Ирисматова Д, Хожаназарова Х, Нишантаева М, Эргешова И, Нартаева М. лар сахна төріне шығады.
    Жүргізуші: Енді бүгінгі сайысымызға қатысатын қыздарға өзінің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы мен таныс болыңыздар.
    Бүкіл шарттар бойынша қазылар алқасы 5 балдық жүйе бойынша қатысушыларды бағалайды.
    Топ басшылары жеребе таңдап, өз кезектерін анықтап алады.
    Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Көкөністер тобының басшысы Джавланова Мунисаны сахна төріне шақырамыз
    «Көкөністер»
    Мен көкөніс тобының топ басшысы Джавланова Муниса. Біздің тобымызда Абдуғаниева Умида, Анарханова Озода, Қурбантаева Гулчехра, Рахимжанова Мухлисалар осы сайыста өзінің он саусағыдан бал тамған өнерлерін сіздерге ұсынады.

Болса да ащы

Дәмді етер асты

Өседі ол жерде

Тығып алып басты дей тұрып Көкөністерге сипаттама беремін.

Қазақстанда көкөністер түрі өте көп және кең таралған. Оларға укроп, аскөк, қызанақ, қияр,орамжапырақ т. б кіреді. Көкөністердің негізгі қасиеті тағамға ерекше дәм береді, және өз кезеңінде витаминдерді өзінде қалыптастырады. Көбінесе көкөністерде А, В, Д, С, РР витаминдерін кездестіреміз. Адам оғзасында С витамині жетіспеген  жағдайда адамда Цинга ауруы келіп шығады,егерде РР витамині жетіспегенде Пелларо аүруы келіп шығуы мүмкін. Көкөністерді косметикада кең көлемде  пайдаланылады.
Сахароза (Қызылша қанты) – қант қызылшасында, глюкоза – жүзімде, жемістер мен көкөністерде, әселде кездесетін қант. Бұл өнімдер адам организміне өте пайдалы. Олар әртүрлі көкөністерде магний, кальций, калий, фосфор, темір, натрий элементтері көрінісінде болып келеді.
Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Жемістер тобының басшысы Исраилова Мухайены сахна төріне шақырамыз
2 – топ «Жемістер»
Мен Жеміс тобының топ  басшысы  Исраилова  Мухайё. Тобымызда   Абдужалилова  Турсуной, Абдукадирова Турғуной, Сайдикаримова  Ирода,Худайбергенова Нодиралар қатысып аспадық өнерлерін көрсетеді.
Қазір мен тобымыздың аты жемістер болғандықтан жемістерге сипаттама беремін. Жемістер өте құнарлы тағамдық  өнім. Құрамында А,Б,В,С ,РР, дәрумендері  фруктоза,минералды  заттар,  клетчатка  болады. Негізгі  жеміс  дақылдарға  алма,өрік,алмұрт,шие,анар,шабдалы т.б  жемістер кіреді. Олардың құрамында көкөністерге қарағанда дәрумендер және қанты мол, әсіресе фруктоза көп, ал клечатка аз болады. Сонымен қатар олардың құрамында минералды заттар, органикалық қышқылдар, пектин, және илік заттары да кездеседі. Дәнді жемістердің ішіндегі кең тарағаны – алма. Жемістерді  ұзақ  уақыт  сақтау  үшін қақтайды, консервелейді. Жемістер: субтропик, тропик түрлерге бөлінеді. Цитрусты жемістердің құрамында қант, органикалық қышқылдар, эфир майлары және гликозиттер бар. С, Р дәрумендерге өте бай.  Ал анардың  құрамында  темір көп  сондықтан, анемия мен аурыған адамдар анарды көп қолдану керек. Ұзақ мерзімге сақталуға арналған алма немесе алмұрттың әр қайсысын жеке қағаздарға орап салады.  Дәнді жемістерде 0о С  температурада, 85-90% ауа ылғалдылығында  сақтайды.

Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Дәрумендер тобының басшысы Каримкулова Мунисаны сахна төріне шақырамыз

3-топ «Дәрумендер»

Бүгін достар келдім міне «Үздік аспаз» сайысына,

Он саусағынан бал тамған үздіктердің жарысына.

Қарсыласым сәлем бердім бәріңе.

Бас иемін сәлем беріп иіле!
Дәрумендер адам ағзасында өзінен өзі пайда болмайды.Олар тамақ арқылы бүкіл организмге тарайды. Дәрумендер латынның вита-ұзақ, амины- өмір  деген ұғымды білдіреді.Дәрумендер жетіспеген жағдайда (авитаминоз) адам организмінде зат алмасыну бұзылып, адам түрлі ауруларға шалдығу мүмкін.Дәрумендер құрамына қарай суда ерийтін және майда ерийтін болып бөлінеді.
Майда еритін дәрумендер (А,Д,Е,К)- жақсы сақталады, аспаздық өңдеугу, ауа, қышқылдарға, тазалауға, т.б заттардың әсеріне төзімді келеді.Витамин А-жұмыртқада,сәбізде, барлық қара малдардың бауырларында кездеседі.Ол витамин жетіспеген жағдайда «ақшам соқыр» ауруы пайда болады.
Д дәрумені балық, сары уыз, сары май, сырда кездеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда жас балаларда рахит ауруы пайда болады.
К дәрумені қанның уюына әсер етеді. Ол шпинат, бауыр, қырқбуын т.б азық-түлік тауарларының құрамында кездеседі. Е дәрумені әсіресе жармалар және өсімдік майлары да көп.
Суда еритін дәрумендер(С,Р,РР,В)-ұзақ сақтауға,аспаздық өңдеуге, жарық, ауа, қышқылдар т.б заттардың әсеріне төзімсіз келеді. Витамин С-цитрусты жидектерде, сарымсақ пен бас пияздың жасыл жапырағында көп кездеседі.Ол витамин жетіспеген жағдайда «цинка» ауруы пайда болады.
Витаминдер фармацияда капсула немесе таблетка түрінде кездеседі. Бірақ мен сіздерге ұсынарым табиғи дәрумендерге бай көкөніс және жемістерді көп қолданыңыздар.
Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Жидектер тобының басшысы Нишанбаева Умиданы сахна төріне шақырамыз.
4 – топ «Жидектер»
Біз тобымыз атыны жидектер қойдық. Себебі  жидектер дәруменге бай және құрамында адам ағзасына  пайдалы дәрумендер көп. Оларды тосап қайнату үшін, дірілдек, тұздықтар, сироп, шарап дайындау үшін және кондитер өндірісінде пайдаланады. Жидектер  құрамында 10-25%  дейін глюкоза, фруктоза, С дәрумені  хош істері және илік заттары,  калий, калций сияқты  элементтерге бай.  Жидектердің химиялық құрамы мен пішіні,  көлемі,  түстері көп, оларға: таңқұрай, құлпынай, бүлдірген, жүзім т.б. кіреді. Біз жидектерді дастарханды сәндеу  үшін де пайдаланамыз.  Қара қарақатта С дәруменіне көп. Құлпынай қант темір,пектін және С дәруменіне бай. Жүзім- құрамында 10-25% пайызға дейін глюкоза мен фруктоза, С дәрумені, хош иісті және илік заттары, калий, калций,  темір сияқты элементтерге бай жидек. Әсіресе құрамындағы салицил қышқылы көптеген ауруларға  дауа. Сондықтан да біз сіздерге жидектерді көбірек пайдалануды ұсынамыз.
Жүргізуші: 1.Шарт: Таныстыру шарты бойынша Жанғақтар  тобының басшысы
Ирсматова Диянаны сахна төріне шақырамыз.
5 – топ «Жаңғақтар»
Біз тобымызға «Жаңғақтар» атауын беру себебіміз, жаңғақтың адам ағзасына тағамдық құндылығы өте жоғары. Бәрімізде жаңғақ  жегенді ұнатамыз. Жаңғақ біздің есте сақтау  қабілетімізді  арттыратын дәрумен, және калориялық ақуызға  бай.
Нағыз жанғақтарға орман жаңғағы және фундук жатады, ал грек жаңғағы, бадам, каштан, фисташка, бүршік жаңғақтары сүйекті түрлеріне жатады.
Жаңғақ құрамында май өте көп 40-70%, белок 15,5-22% минералды заттар 2-3%, А,С,В топтарының дәрумендері кездеседі. Жалпы жаңғақтарды кондитер тағамдарына, балмұздақтар құрамына қосады.
Жаңғақтар  келетчаткаларға бай және  асқазанның  перистальтикасына  жақсы әсер  етеді. Оларды бауыр  ауруларында, отеросклерозда  және кейбір  жүрек қан тамыр  ауруларында кең қолданады. Қыс мезгілінде  тыныс ауруларына жас  балалар көп шалдығады, сондықтан  жаңғақтан   жасалған дәрі өте пайдалы. 500 гр ұнтақталған грек жаңғағының  дәні  мен  30гр бал, 100гр алоэ және 4 лимонның шырының сығу  керек. Олардың барлығын  араластырып, беру керек. Жаңғақтар ағзаға  өте пайдалы дәрумен  болып есептеледі . Мен сіздерге  күні 1-2 рет жаңғақты  жеулеріңді кеңес беремін.
Жүргізуші: «Ал енді 2 ші шартымызды орындау үшін әр топтан бір қызды сахна төріне шақырамыз».
2. Шарт: Топ басшылары сұрақтар жазылған конвертті таңдайды. Сахна төрінде конвертті ашып сұрақтарға жауап береді.
1-конверттегі  сұрақтар.

  1. Картоп фринды қуыру әдісі?
  2. Жұмыртқаны не үшін алюминий ыдысқа жаруға болмайды?
  3. Тұшпараның піскенін қалай білеміз?
  4. Ет піскенде қанша пайызға кішірейеді?
  5. Құс еті қашан тұздалады?

2-конверттегі  сұрақтар.

  1. Духовкада құырылған етті әдемі қызарту үшін не жағылады?
  2. Тұзды болып кетген сорпаны қалай қалпына келтіреді?
  3. Балық қабыршағын тез тазалау әдісі?
  4. Духовкадағы пісірмелердің піскенін қалай тексеруге болады?
  5. Наурыз көжені құрайтын дәнді-дақылдарды айтыңыз?

3-конверттегі  сұрақтар.

  1. Қызанақтың қабынын тез аршу үшін не істейміз?
  2. Ас түзының тағамдық және емдік қасиеттері?
  3. Зайтун майының тағамдық және емдік қасиеттері?
  4. Бас пияздың тағамдық және емдік қасиеттері?
  5. Манка ботқасын пісіру үшін жарманы  сүтке қай уақытта салады?

4-конверттегі  сұрақтар.

  1. Шай мен кофенің емдік қасиеттері?
  2. Шұбаттың емдік қасиеттері?
  3. Сүтті ашымау үшін қалай пісіреді?
  4. Солыған аскөкті қалай өз қалпына келтіреді?
  5. Көкөністерді аршығанда саусақтар сарғаймау үшін не істеу керек?

5-конверттегі  сұрақтар.

  1. Разрыхлительді қамырға қосу әдісі?
  2. Духовкадан шыққан пісірмені табадан ажырату әдісі?
  3. Балықты дәмді құыру әдісі?
  4. Нандың қамырын илеу сырлары?
  5. Сүтті күріш ботқасын пісіру әдістері?
    Жүргізушы: Құрметті көрермендер! Енді үшінші шартымызды орындау үшін әр топтан 2 қатысушыны сахна төріне шақырамыз.
    3.Шарт: Әр топтан екі қатысушы шығып манты және тушпара буктейді. Оған  бес минут ажратылады. Берілген уақыт ішінде қатысушылар  тапсырманы жылдам, тез әрі  әдемі орындаулары қәжет.  Қыздар тапсырманы орындау уақтында әр топтың басшылары мақал – мәтелдер айтысып жарысады.

Мақал – мәтелдер

  1. Құлақтай нан жесең – ұлақтай кұш толар
  2. Дәні жоқтың – наны, наны жоқтың – жаны жоқ
  3. Нады жерден – сұра, аққан судан сұра, малды ерден сұра
  4. Аш отырғанша, айранға нан тұрап жеген жақсы
  5. Дәнді шашпа, нанды баспа
  6. Нан тамақтың – атасы, ынтымақ көптің – атасы
  7. Танғы асты тастама
  8. Дастырханның басында – дұшпанда дост
  9. Берген ас түске жетпейды, ниет етсең кетпейді
  10. Сыйлап берсе суын іш
  11. Тату үйдің тамағы тәтті
  12. Ас тұрған жерде, ауру турмайды
  13. Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды
  14. Аштың ақлы астан әрі аспайды
  15. Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды
  16. Дүнеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті
  17. Ас адамның – арқау

Қыз туралы мақал-мәтелдер

  1. Қызға 40 үйден тыю
  2. Қаздың 40 жаны бар
  3. Қыз сақтағанша, тұз сақта
  4. Қызым үйде – қылығы түзде
  5. Қызы бардың – көзі бар, ұлы бардың ізі бар
  6. Бір жас қыз, екі жаман ұлға татыйды
  7. Қыз өссе ұйге жут, ұл өссе ұйге құт
  8. Қой жүрген жер – береке, қыз жүрген – мереке
  9. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көрккі
  10. Бесін болса күн түрмас, күйеу келсе қыз тұрмас
  11. Бір қыс күйеуге шықса, 40 қыз түс көрер
  12. Отырған қыз орнын табар
  13. Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды
  14. Ат тандасаң аяғына қара, қыз таңдасаң анасына қара
  15. Қызы бардың назы бар
  16. Қызы бар үйдің келіншегі де сүйкімді
  17. Қыздың сырыны женгесі біледі
  18. Қыз бен аласпа, қырсықпен жарыспа
  19. Жігіт қыз тандайды, қыз жігіт талғайды
  20. Қыздің көркі кийгені, жігіт көркі сүйгені
  21. Қыздың жолы жіңішке
  22. Қыз қылығымен тәтті.

Жүргізуші: Рахмет қыздар! Төртінші шартымыз бутерброд жасауға әр топтан бір қатысушыны сахнаға шақырамыз.

Бурерброд жасау шартына 5 минут ажратылады. Бутерброд сапасына қойылатын талаптар: тағамдық құндылығы, эстетикалық талаптарға жауап беруі, ұсыну ережелеріне  бағыну керек. Қыздар бутерброд жасап жатқанда №2 аспаз тобының биіші қызы   Қурбантаева Гулчехра орындауында ұлттық биі тамашалаңыздар.

Қазылар алқасы дайын болған бутербродтарды бағалап отырған уақытта залдағыларға аспаздыққа  арналған  жұмбақтарды жасырамын.
1.Екі жағы  бүртік
Ортасы сызық                                              (бидай)
2.Жерден шығар көгеріп

Беліне қылыш байланып.                            (жүгері)

3.Әуеден айнала ұшқан

Бөден екен

Бөденені біреу аттып жеген екен,

Еті арам сорпасы  адал

Немене екен                                                   (шәй)

4.Былық-былық, былық  семіз,

Қабырғасы жоқ семіз                                   (қамыр)

5.Сылдыр сұйық  анады

Ақ болса да қар емес

Шешуін кім табады                                       (сүт)

6.дегенде емен екен , емен екен ,

Мен көрсем емен жолы төмен екен ,

Білімді ақын болсаң мен айтайын ,

«құраннан» бір жас үлкен немене екен.       (нан)

7 Аппақ қардай,

Дәмі балдай                                                     (балмұздақ)

  1. дастарханға түспейді,

Қазанда піспейді ,

Дәмі аузынан кетпейді                                   (ана сүті )

  1. мың қойым суға жүзеді ,

Қойшысы бірге жүзеді                                    (көже мен шөміш )

10 . әрі сусын , әрі дәрі ,

Емге ішеді жас пен кәрі ,

Малдың суті , елдің құты

Деп бағалар жұрттың бәрі .                          (қымыз )

  1. қауын – қарбыз дей алмайсың ,

Піскен мен жей алмайсың ,

Жарғаның мен қап –қатты ,

Ал асқанда , тәп –тәтті .                              (асқабақ)

  1. алуан түрлі із салғанның өзі еді ,

Әр бір шардың өзіндік ұясы бар               (ас бұршақ )

  1. шиге жайып кептірген ,

Өзі қышқыл , түсі ақ ,

Сорсаң дәмді , түсі ақ ,

Жаңғақтай – ақ домалақ .                         (Құрт)

Жүргізуші:

Ал енді құрметті көрермендер 5-ші шартымыз – Салат  дайындау шартына 7 минут ажыратылады.Ажыратылған уақыт ішінде сахна төрінде қыздар  салат жасау өнерін презентация жасайды және  салатты көркемдік, сәндік безендіру қабілеттерін назарларыңызға ұсынады.

Сахнаға тағы да аспаз тобы  студенті  Қурбантаева Гулчехраны қатысушылар тапсырманы  орындау барысында көрермендердің назарына өзінің көркем биімен ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасы, дайын болған салатты бағалап отырғанызға дейін мен көрермендерге аспаздыққа  арналған  жұмбақтарды жасырамын.

Ұрмай- соқпай жылатады ,

әр кім бірақ ұнатады                              (пияз)

Ақ отаудың есігіде жоқ

Тесігіде жоқ                                             (жұмыртқа)

алыстан қарасам аппақ ,

Татып қарасам тәтті – ақ .                     (қант)

Аласа ғана бойы бар ,

Тоғыз қабат тоны бар                            (сарымсақ)

Көк лағым көгенде тұрып семіреді      (қарбыз )

Сусыз піскен ас көрдім ,

Домаланған бас көрдім                          (қауын)

Ақ қиыршық еритін ,

Ас жоқ одан жеритін .                            (тұз)

Мұз сынды түрі

Тәтті дәмнің бірі                                     (науат)

Аспан түстес сұйық ,

Әр кім ішер құйып                                 (сұ)

Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр                (қызылша)

Әрі қызыл, әрі тәтті ,

Татқан жанды таңырқатты.                   (алма)

Қыста мазар

Жазда базар                                             (жүзім)

Ояғы тау , бұяғы тау ,

Ортасында бұжыр тау                            (жаңғақ)

Жүргізуші:

Келесі шартымыз 6-шарт бойынша қыздар сіздердің арнайы пән мұғалімдерің үйде дайындап келуге тапсырған үй тапсырмасы – «Десертті»  қазылар алқасына және көрермендердің назарына ұсыныңыздар. Десертті ұсыну мен бірге дайындалу ережелерін түсіндіріп кетіңіздер.

Бүгінгі сайысымыздың қорытынды нәтижесі шыққанша тағы бір керемет ән тыңдасақ. Осы әнімізді орындайтын, өнерін облыс таныған студентіміз Мирзанов Илхамдың «Жаса – Қазақстан!» әнімен ортаға шақырамыз.

Қазылар алқасы 5 номинация бойынша марапаттайты.

1.Үздік аспаз

2.Білікті аспаз

3.Ерке аспаз

4.Жас аспаз

5.Ерке аспаз

Жүргізуші: Ал құрметті колледж қауымы, осы сайымызды аяқтамас бұрын сіздерге айтарым:
Қыз -өмірдің қызғалдағы,қыздар-болашақ ана, бақыт-байлық ошағы, адамзаттың ойы-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиеттің ұясы.
Аңқау болма, қызыққа көп салынба
Кір келтірме қыз атыңа, арыңа
Шалыс басып, түсіп  кетпе жалынға
Гүлденіп жүр бұл өмірдің барына
Ата-бабаларымыз қыз баланы  жастайынан еркелетіп, бетінен қақпай, еркелеп қал, ертең бір үйдің иесі боласың,бар ауыртпалық өзіне түседі, соны қазірден санаңа түйе бер деп үйреткен. Қыз баланың үй жұмысына, тамақ істеуге, кісі күте білуге тәрбиелеген. Сондықтан қыздар, сендерге айтарым өтіп жатқан өмірлеріңнің уақытында сендерге сәттілік тілеймін, дей отырып бүгінгі сайысты өз мәресіне жеткіземіз.

Якупова Надира Абдумажитовна,
Д.Қонаев атындағы №25 колледждің арнайы пән оқытушысы,
ОҚО, Сайрам ауданы

Құрметті тойшыл қауым!

Бүгін міне Қаракемер ауылында,

Әулие шоқы бауырында

Жадырасып жарасатын,

Жамырасып тарасатын,

Балдай тәтті тілектер тыңдалатын,

Ән тербеген жүректер нұрланатын,

Қызығы көпке дейін жырланатын,

Келмегендер қызықтан құр қалатын

Бір тамаша отырыс болғалы тұр!

Себебі, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында өзі көктемдей құлпырып кеткен әдепті келін, аяулы жар, ардақты ана, ұлағатты ұстаз Ыбышева Маржанкүл Ретқызы 50-ге толып отыр. Қане, құрметті қауым, осы отырыстың себепкерін 30 жылға жуық бірге отасқан отағасы Есенгелді ағамен қоса қол соғып ортаға шақырайық!

(Той иелері ортаға келген соң).

Осы атаулы күнді той иелері жәй ғана өздері атап өтпей, мерейтой дастарханына жақындарын, туған-туыс, құрдастарын, әріптестерін шақырып отыр. «Жақсы таз басын жасырмайды, Жақсы әйел асын жасырмайды» -демекші, бұл өте құптарлық іс деп ойлаймыз. Сол үшін мерейтой иесіне ду қол шапалақ!

Бір ауыз сөз? Жоқ. Орындарыңызға бара берсеңіздер болады.

Той иелері асабаны жұртқа таныстырып жатушы еді, бірақ популярный адамдарға немесе бесплатный тамадаларға реклама, резюме, презентация деген нәрселер қажет емес. Сонда да өзім туралы бірер сөз:

Көптен күткен той жақсы өтсін десеңЖүйрік болсын таңдаған тамадаңызБізді таңдап көңілің қалап жатсаКөңіл кілтін бізде іздеп таба аламыз.

Жазда қара, ал қыста ағарамызМаңдай терді, көпшілік, бағалаңызАта жолдан жаңылмай жүріп келіпҚалжыңды да орынды таба аламыз.

Әуезді әнді шырқап әлеуметтіңАй шырағын жүректе жаға аламызКейде біреу киліксе келеңсіздеҚара сөзбен кенедей қадаламызТойларың бар 9-да басталатынМен емеспін көп жұрттан жасқанатынКөпшілік, той болса егер звондаңдарМен АСАБА тойыңды басқаратын

«Сәлем берген саулық береді, ал сәлем алған қызығын көреді» деген халық сөзіне бас ие отырып, сіздерге де бас иіп сәлем бердім!

Таусылмасын! Ағытылсын ой көші,

Туысқандар қысылмастан сөйлеші.

Ақ тілекті ағытып бір бастайық,

Бүгінгі кеш – 50 жастың той кеші…

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

Тойларыңыз құтты болсын, көпшілік!

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!

«Аталы үй – баталы үй» дегендей,

Осы тойдың ол қариясы

Осы отырыстың дариясы

Көлденең көптің бірі емес ол

Жекелеп шырқар ариясы

Әбдікерім ағадан дастарханға бата сұрайық. (Шапан?)

Бүтін болса, ел жақсы Сулы болса, көл жақсыАдасканға ай жақсыЖылқыға сай жақсыМінуге тай жақсыЖемесе де май жақсыБермесе де бай жақсы. Бәрін айт та бірін айтСарайыңды ашатынШаршағанды басатынҚою қара шай жақсы

Шай ішейік бал менен, бала-шағаларменен – деп менің бір досым айтқандай, шайдан алыңыздар, шараптан құйыңыздар. Ал мен болсам алғашқы сөз кезегін Тұрархан апама, Күлсімхан жеңгеге, Әбдікерім ағаға және Света тәтеге бергелі отырмын.

(Сөз сөйлегеннен кейін):

Жасы үлкендер өз алдына бір төбе,

Оларға еткен қызметің де мәртебе!

Бәрекелді, балам! – десе болғаны,

Бақ құсының қасыңа кеп қонғаны!

Жасы үлкендер – өз алдына бір отау,

Олар барда асқақ емес Алатау.

Айналайын, бақытты бол! – дегені

Жолыңдағы көп бөгетті жеңеді.

Үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз, баталы сөз», «Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» деп бекер айтпаған ата-бабаларымыз.

Құрметті қонақтар, құйылған шампандарды алып отырыңыздар, ауызға зәкөскені салып отырыңыздар, ал мен келесі кезекті бүгінгі отырысымызды әуезді әнімен көркемдейтін ауылымыздың еңбек сіңірген музыканты Батырдың әніне беремін.

Әдеті той бастайтын әуел бастан, Шырқатып жіберетін әнін асқақ.Шабыты жүрегіне жол беріп тұр – Бұл тойды ашып берсін інім бастап!!!

(Ән)

Құрметті тойшыл қауым! Мен сіздерді кейбір мамандар мен адамдардың міндеттерімен таныстырғым келіп отыр.

Дәрігердің міндеті – дәрі беру, ем беру,

Кәрілердің міндеті – ақыл беру, дем беру.

Малшылардың міндеті – малдарына жем беру,

Саудагердің міндеті – артық алу, кем беру.

Ұстаздардың міндеті – ғылым-білім үйрету,

Махаббаттың міндеті – сезімдерді сөйлету.

Бұзақының пиғылы – қирату мен күйрету,

Арақ ішіп, «Қырам!»- деп,

«Брат, сен үшін тұрам!»- деп

Бірін-бірі сүйрету.

Тойшыл қауым міндеті – ә дегенде жүздетіп, асқазанға жол салу,

Содан соң бір кекіріп, табақтарға қол салу,

Үстелдегі тағамның бәрін ішіп-жеп қоймай, пакетке де мол салу.

Маржанкүлдің міндеті – ойға батпай тұңғиық, бокалына су құйып,

Соғыстырып бәрімен жүре беру жымиып.

Тұмау тиген адамға міндет болар жөтелу,

Ал қарыздың міндеті – уақытында өтелу.

Есекеңнің міндеті – асабаның ақысын өзі біліп, сұратпай молырақ қып тез беру,

Асабаның міндеті – тойға келген қауымға рет-ретімен сөз беру.

«Сөз сұлтаны – дәмділігі, ой сұлтаны – жандылығы» деген халық даналығын естен шығаруға әсте болмайды. Халқымыздың ағалар мен әпкелер жөнінде де айтылған асыл сөздері аз емес. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас», «Ақылың ағаңда болсын, құндызың жағаңда болсын», «Әдемі ниет әпкеден, әпкелер үшін мақтанамын көпке мен» деген сияқты сөздер қандай тамаша.

Олай болса, келесі сөз кезегі Медел, Меруерт, Маржан, Шолпан, Алмагүл, Сейіткерім, Гуля, Болат, Роза атты аға-тәтелерде.

ПАУЗА………………………………………………………………………………………..

Тойға келсе әпкелер ырыс-бақыт ап келер.

Апамызға жездем сай әпкелермен бақ келер.

Рұқсатсыз әпкеден шыға алмайтын бір адым,

Сөз салмағын ендеше жезделерге бұрамын.

Қамқорлықты көздеген, қайырым көп жездеден –

Арнап сыйлық әкеп тұр, ардақтырақ өзгеден.

Келесі сөз кезегі әпке-жезделері Қалысбек-Айманкүл, Байжан-Сәулемкүлде.

(Үйде тауық бағасыздарма? Қанша тауық бар? Қанша қораз? Оларға сіз қарайсызба жоқ жұбайыңызба? Әпкеден рұқсат сұрамай қай-қай жерге бара аласыз?)

Қораз бен Еркек…

Екеуінің айырмашылығыАңыз бен ертек.Қораз, мәселен, кез келгенКөрші мекиендердің жүрегін өртеп,Мінез көрсетіп тентекҚыдырғысы келсе қыдырып,Ұрынғысы келсе ұрынып,Бөтен қораға Бұрылғысы келсе бұрылып,Шөжелердің артынан жүгіріп,Бірде тұрып, бірде жығылып,Кешке өзінің қорасынаҚалың мекиендерінің арасынаТүк болмағандай қоқиланып,оңын-соңын шоқыланып,Қайтып келеді.Еркек сөйтсінші…Әйел қаһарға мініп,Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп,Өткеннің тарихын қозғап,Жіпке тізгендей айтып береді.Қырық жыл бұрынғы Жігіт кезінде ұсынған махаббатынЖүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді.Соны білетін ол байғұсҮйіне қайтіп келеді?Алпыс аңызын, қырық өтірігінБатырлар жырын айтқандайАңыратып айтып келеді.Келеді деймін-ау…Келтірмейді.Өлтіруге жақындатадыБірақ өлтірмейді.Әйел еркектіЕшқашан олай жүргізбейді,Сирағын сындырып,Ауыздықтап, тізгіндейді.Жүргенін білсеҮйге кіргізбейді.Қайран, Еркек…Қораздың бұл өмірінКүнде іздейді,түнде іздейді.

ПАУЗА…………………………………………………………………………….

50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,

50 деген алтын той некеліге.

Елу жылда — ел жаңа деген сөз бар

Сол елуге өзің де келдің міне.

Әр уақытта домалап өрге тасың,

Келін алып жылы суға қолың батыр

Құтты болсын мерей той, 50 жасың

Қайнағаммен әрқашан таңыңды атыр.

Елу – деген жүздің нағыз жартысы,

Елу деген – даналық қой, ол анық!

Оған жетсе елжірейді әр кісі.

Құттықтайды бар ағайын қол алып.

Елу деген – тамаша жас еңселі,

Елу деген – парасаттың өлшемі.

Жүзге дейін бақытты өмір сүрсін деп

Құттықтайды мұнда отырған ел сені.

Елу деген толы той мен думанға,

Тау секілді көрінеді тұлғаң да.

Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,

Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да.

Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін,

Әнге толсын, күйге толсын кештерің,

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестерің.

Ортаға Маржанкүлдің әріптестерін – ұлағатты ұстаздар математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ және ағылшын тілі пәні мұғалімдері Орынкүл, Перизат, Айнұр, Жанар, Айгүл, тағы да Айгүл, Ақмарал, Дина, Әлия және Гүлнарды шақырамыз.

Игра с табличками!

Ведущий свадьбы вызывает четырех добровольцев. Из реквизита у ведущего четыре небольших таблички, с надписями: баня, роддом, дурдом, работа (важно чтобы надписи на табличках были хорошо видны гостям). Участники становятся спиной к аудитории и на них надеваются таблички с текстом, так чтобы они не могли прочитать, что же там написано! Далее начинается самая веселая часть игры. ведущий задает каждому участнику по три вопроса: 1. как часто вы тут бываете? 2. с кем обычно вы туда ходите? 3. Три вещи, которые Вы взяли бы с собой в это место? (Вопросы связаны с текстом на табличках). Случайные ответы, порой доводят гостей до слез (от смеха).

ПАУЗА……………………………………………………………………………………………….

Әрбір тойда достардың орны бөлек. Достарың жаныңның жақсылығын, жүрегіңнің қуанышын сезінеді. Достық даңқын көтеру, досты сыйлау – атадан қалған. «Қазақ қоссыз болса да, доссыз болған емес», «Көптен адасқан қосын таппас, естен адасқан досын таппас» деген ұлағатты сөздердің ұқтырары мол.

Жарқылдаған жеңгелер, шашуыңды шаш бүгін,

Еске алады әжелер осы тойда жас күнін.

Арта берсін достығың – доссыз өмір бос бүгін,

Құрбы-құрдас, қанеки, тілегіңді қос бүгін!

Орал, Жұмакүл, Нұрслан, Шолпан, Жексенбек, Күлбүбі, Жәділ, Шолпан, Марат, Бинұр, Зейнеш, Мұхит, Айнұр, Қасымхан, Анара, Бөкенбай, Ұлбосын, Асылбек, Зерхан, Сапар, Ұлғаным, Бақытжан, Гүлбағира, Константин, Жания деген Есекең мен Маржанкүлдің достарын ортаға шақырамыз.

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

оқушыларды өздеріне қызықты іспен шұғылдануына мүмкіндік беру. оқушылар сайыс бойынша өздерін бас аспаз есібінде сезініп, түрлі тағамдар дайындайды.

Мақсаты:
Студенттердің өзге мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, аспаз мамандығы туралы білімдерін пысықтау;
Студенттерді жан-жақтылыққа, өнерге, шеберлікке тәрбиелей отырып,
көпшілік алдында ойын еркін айтуға үйрету;
Студенттердің шығармашылық идеяларын дамыту, ерекше қабілеттерін насихаттау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тағамға байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әртүрлі суреттер.

Байқаудың барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар
Бүгінгі өткелі отырған Әуесқой Аспазшы 2017 байқауына қош келіпсіздер.

1-жүргізуші: Көрсетсін өздерінің өнерлерін,
Табындырып өнерге көрерменін.
Таныстырып өтейін мен ендеше,
Сайыстың қатысушы өрендерін–дегендей, бүгінгі сайысқа түскелі отырған
Жас аспазшыларымызды ортаға шақырайық.

Фермер шаруашылығы 1 тобының студенттері
Бранов Рақымжан
Мұратов Заманбек
Электронды есептеуіш машинасының операторы тобының студенттері
Мусин Дастан
Шаймардан Жоламан
Электр газымен дәнекерлеуші 2 курс тобының студенттері
Темірханов Заманбек
Заңғалиев Азат
Электр газымен дәнекерлеуші 3 курс тобының студенттері
Құспанов Әділ.
Молдагереев Ақылбек

1-жүргізуші: Әуесқой Аспазшы 2017байқауын өткізудегі басты мақсаты:
-Шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау.
-Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
-Студенттердің ой еркіндігі мен шығармашылық шеберлікке тәрбиелеу
-мамандықтар арасындағы өзара тәжірбие алмасуды дамыту , студенттердің көпшілік алдында шығып, ойын еркін айтуға, сахнада өзін-өзі еркін ұстауға үйрету. Колледжішілік Әуесқой Аспазшы 2017 байқауының жеңізпаздарын жариялау.

1.жүргізуші: Қазір ортаға ең тапқыр, ең батыл, ең білімді, ең дарынды,
Жас аспазшымыз шығып отыр, олар алдымызда өздерінің таланттары мен шеберліктерін, білімдері мен біліктерін ортаға салады.
Ал енді сайысқа қатысушылардың реттік санын жеребе тастау арқылы анықтайық.

1-жүргізуші: Әділдікпен баға берер баршаңа,
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділ-қазы алқаларын сайлайық
Үздіктерді таңдап бүгін алуға — деп, бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Директордың өндірістік оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Қалиев.
2. Колледжіміздің бас аспазы Жанар Ақташева.
3. Аспазшы мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Жарқын Мұңайтпасова.

1.-жүргізуші
Байқау шарттарымен таныс болыңыздар. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің іріктеуінен өткен 4 оқушы екінші кезеңге қатыса алады.

Бірінші кезең шарты:
Таңғы көңіл жұмыртқа қуыру.
Әдемі әлем бутерброд дайындау.
Екінші кезең шарты:
Дәрумендер себеті салаттар дайындау.
Ас болсын макарон дайындау.

1- жүргізуші. Осындай тапқыр достар кез–келгенде,
Жетсін–ау , жарыстарға жеңгенге не.
Қарсылас болған менен, достарсыңдар,
Тілейміз, ізгі тілек сендергеде- деп, сайысқа қатысушы студенттерімізді қошемет көрсетіп , сайысты бастау үшін Аспазшы зертханасына барайық.

Бірінші кезең
1.-жүргізуші
Табылар бойларынан кемер білім,
Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.
Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,
Көреміз сайыскерлер шеберлігін- дегендей, сайыстың бірінші шарты бойынша
Таңғы көңіл жұмыртқа қуыру бөліміне кезек береміз.
Ендеше іске сәт сайыскер аспазшылар!

1.-жүргізуші Сайысымыздың шарты бойынша бұл кезеңде
Аспазшыларымыз берілген тапсырмаға сәйкес жұмыртқа қуырып, дайындаған тағамына ат қойып, жасалу жолдарын қазылар алқасына түсіндіріп өтсін.

1-жүргізуші Сәт сапар тілеп бәріңе,
Бутерброд сайысын бастайық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып- деп , сайыскерлеріміз бутерброд дайындаудан шеберлігін танытатын Әдемі әлем бөлімімізді бастаймыз.

1-жүргізуші Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Ең әдемі бутербродтар жасапты,
Сайыскерлер бір-бірімен таласып-
дегендей, аспазшыларымыздың дайын өнімін әділқазы алқаларына бағалауға жіберейік.

1.-жүргізуші Ал енді жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар болып шыққан
Сайыскерлеріміздің бүгінгі нәтижелерін білу үшін, сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Екінші кезең
1.-жүргізуші. Құрметті сайыскерлер екінші кезеңге қатысуларыңызбен құттықтаймын.
Екінші кезең шарты:
Дәрумендер себеті салаттар дайындау.
Ас болсын макарон дайындау.

1.-жүргізуші. Аспазшы үлкен мамандық,Тамағы тілді үйірген.Сыйлайтын жанға денсаулық,Өнерді түйген түйіннен. – деп екінші кезеңнің алғашқы бөлімі Дәрумендер себеті салаттар дайындауды бастаймыз. Сәттілік серік болсын сайыскерлер!
1.-жүргізуші. Қолыңыздан тараған,Керемет дәм мен көңіл-күй.Бақ, байлық сізге тілесін,Дәм татқан сізден әрбір үй- деп екінші кезеңнің екінші бөлімі Ас болсын макарон дайындауды бастайық. Дайындаған тағамдарымыз әділқазылар алқасын таңғалдыратынына сенімдімін. Ендеше іске сәт жігіттер.

1.-жүргізуші Ал ендеше Үздіктердің үздігі болған, шеберлікпен шыңға жеткен жеңімпазды анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

1.-жүргізуші
Бүгінгі жеңістеріңіз құтты болсын. Сайыскерлерімізге әрдайым ақ жол к тілейміз. Ең талантты, ең шебер әркезде өзім деп біліңіздер. Сау болыңыздар.

Қаратөбе колледжі МҚКК

Келісемін:Бекітемін:
Директордың өндірістік-оқу жұмысы Колледж директоры:
жөніндегі орынбасары: _______________ _______________ М. А. Салахаден
Б.М. Қалиев

Әуесқой Аспазшылар 2017
сайысы

Дайындаған: өндірістік оқыту шебері
Ж.А. Таттигалиева


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жас ?лан слеті сценарий
  • Жас ?лан сайлау сценарий
  • Жас ?лан жас ?ыран сценарий казакша
  • Жас ?лан жас ?ыран ?йымына ?абылдау сценарий 2019 2020
  • Жас ?лан ант ?абылдау сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии