Жас инспекторлар сайысы сценарий

☑ Скачать бесплатно Сценарии мероприятии на тему Жас инспектор в формате Документ Microsoft Word (docx). Другие методич. материалы по предмету Другое.

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Жарияланды 18-01-2013, 02:49 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Атырау облысы,Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғаліміНургул Жалгасова КулмановнаСабақтың мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды зейінді, епті болуға, сақтыққа, саналылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, интерактивті тақта, жас инспектор формасы мен таяқшасы, жолда жүру ережелері туралы фотосуреттер.Сабақтың түрі: сайыс жарыс сабағы.Енді әділқазылар алқасымен, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.I кезең: Бағдаршамның шығу тарихы, «Тарих тағылымы»II кезең: «Жұмбақтар шешейік».III кезең: Сұрақ – жауап.IV кезең: «Реттеуші инспекторлар қызметі»V кезең: «Көше ережелерін білейік»VI кезең: «Өнер сайысы»Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Ережені жаттаймыз, Өмірлерді сақтаймыз!» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Шуақты өміріміз күндей күліп,Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.Арманға сапар тарту мүмкін емес,Жол жүру ережесін білмей тұрып.Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.Жол жүру ережесі заңды тәртіп -Ол ортақҮлкен – кіші, баршамызға!«Тарих тағылымы».1 — топ «Бағдаршам» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. 1 — топ бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.2 — топ. Тарихтан тағылым.1 – оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал, ендеше тыңдап көрелік.Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер – механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.2 – оқушы: Алдымен түрлі – түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.3 – оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.4 — оқушы: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.Менің үш көзім бар.Бір көзім «кідір» дейді,Бір көзім «жүгір» дейді.Бір көзім «абайла» дейді,Қарап қалма маңайға дейді.5 — оқушы: Көреген дәу қырағы,Көшемізде тұрады.Ол бергенде команда,Бағынамыз әманда!Ашса кезек үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзін.Тоқта! Сақтан! Жол ашық!Жүрме жолға таласып.Қызыл көзін ашқандаСынық сүйем баспа алға.Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жасыл көзін ашқандаӨте бергін жасқанба!6 — оқушы: Жолдар қиылысында,Қалтарысып қысылма.Көлденеңнен жол болса,Кібіртектеп тоспа оны.Бос болмаса алайда,Сақтық жаса абайла.Қалмас үшін соқтығып,Ол өткенше тос тұрып.III – топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»II – топ Тарихтан тағылым.1 — Оқушы Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп – тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.2 — Оқушы: Ресейде алғаш жолдарды I Петр салдыра бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Ресейде үш түрлі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды.3 — Оқушы: Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамызда асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км – ден асады.II – топ «Жол белгілері»1 — оқушы: Үйрен таппай тыным бір,Белгілердің тілін біл.Егер оны білмесең,Тартар жолың бұлыңғыр.2 — оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған3 — оқушы: Есігінен артқыКөлікке сен мінгін.Енді есіктен алғыТүсеріңді білгін.4 — оқушы: Тоқта, жолдас!Тоқта, жолдас! Бұзба көше тәртібін,Өткізе алмай, өміріңнің артығын.Жүрсің бе сен, қалай — қалай басасың,Тоқта! Байқа, ойла, қателесесің,Ал кеп қалды, автобус пен трамвай.Тоқта, жолдас! Тәртіп бұзба, жүр былай,Саспа босқа ақтық па да аптық па.5 — оқушы: Көше заңын білмесең,Үлкенменен жүр бірге сен.Олардан кетпе алыстапҚолдарынан алыстап,Көше заңын оқи жүр,Көңіліңе тоқи жүр.Жасама әсте ағаттық,Аялдай тұр ағаттық.II – кезең. Жұмбақтар шешуIII – кезең. Сұрақтарға жауап береміз1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.3 Мына белгі нені білдіреді? – Абайла! Балалар!4 Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? – Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.5 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі? – Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек.6 Мына көліктер қалай аталады? – Өрт сөндіру, жедел жәрдем.Жол белгілерін интерактивті тақтадан көрсету.Ақпараттық – көрсеткіштік белгілерЕскерту белгілеріТыйым салатын белгілерСервис белгілеріБасымдылық белгілеріЖол таңбаларыМұғалім:Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.Баратын сапардың қашығын, тұрағын,Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.Күндіз де, түнде де от болып жанады,Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.IV кезең. Реттеуші инспекторлар қызметіV кезең «Көше ережелерін білейік»«Жол белгілері» тобы1 Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.2 Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.3 Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.4 Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.«Бағдаршам тобы»1 Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.2 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.3 Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.4 Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла.VI кезең «Өнер сайысы»«Бағдаршам» тобы, әннің аты – «Бағдаршам»«Жол белгілері тобы, әннің аты – Шофер»

ЖОЛЫ БОЛСЫН ӘРКІМНІҢ, ОРЫНДА ЖОЛ ТӘРТІБІН!

Сабақ мақсаты: 1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау. 2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. 3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам, машина. Ұйымдастыру. Көрініс. МАИ қызметкері :Балалар, біздің Жаңаөзен қаламызда кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді? Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын. (Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.) МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар. («Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.) МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау! Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін. Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді) МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма? Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді) МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не? (Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.) Жасыл түс: Сақта көше тәртібін Бағдаршамның ал тілін Біліп алдым мен де Жасыл жанса демде Алға кетем лезде Сары түс: Сары жанса сабыр Сақтай тұрам әзір Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай, Қаламын кілт тоқтай. МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін. (Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.) Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын. Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады) Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін. МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады) Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой. Хормен(балалар) Дауласуды қояйық, Жарықтарды жағайық Бағдаршам-ау, бағдаршам, Достасып тату болайық.! МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар? Қоян: Балалар, ме…

«Қайнар» мектеп – гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жол қозғалысының жас инспекторлары

Дайындаған: аға тәлімгер Каримбаева У.

2016 оқу жылы

Жол қозғалысының жас инспекторлары

Жол қозғалысы жас инспекторлары(ЖҚЖИ) тобының негізгі мақсаты төмендегідей:

-оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру;

-көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып үйрену, жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) насихаттау, оқушылар арасында ЖҚЕ байланысты шаралар ұйымдастыру;

-жол-көлік оқиғаларынан (ЖҚО) зардап шеккендерге көмек көрсету ісіне машықтану.

ЖҚЖИ топтары жұмысының негізгі міндеттері:

-жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) тереңдетіп оқып үйрену, балалардың жол-көлік оқиғалары (ЖҚО) жарақаттарының алдын алу әдістерін үйреніп, ЖҚО-дан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге машықтану, жол қозғалысын реттеудің жедел-техникалық құралдарымен танысу;

-мектепте, балабақшада, техникалық насихат құралдарын пайдалану арқылы ЖҚЕ-ні насихаттауға арналған бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-ЖҚЖИ слеттары мен автоқалашықтарының қызметтерін ұйымдастыру,жұмыстарына қатысу;

-жас велосипед жүргізушілерімен жұмыстар ұйымдастыру.

ЖҚЖИ топтарының құрылымы:

-ЖҚЖИ топтарына жасы 10-ға толған оқушылар қатысады.ЖҚЖИ тобы жұмысына белсене араласуға тілек білдірген мектеп оқушылары мүше бола алады;

-Топты құру үшін оның мүшелерінің саны 10-нан кем болмауы керек және ол жеке бөлімшелерге бөлінеді;

-ЖҚЖИ тобына мүше етіп қабылдау топ жиынында тілек білдірушінің ауызша өтініші арқылы жүзеге асырылады. Жас инспекторлар сынақ тапсырып, салтанатты жиында оларға куәлік, кеудеге тағатын белгі және қолдың қарына тағатын жас инспектордың арнайы жеңбелгісі тапсырылады;

-ЖҚЖИ тобының күнделікті жұмысына топтың жалпы жиналысында сайланған ЖҚЖИ штабы басшылық жасайды. Штаб өз құрамы арасынан топтың командирі мен комиссарын сайлайды. ЖҚЖИ штабы өз жұмысын мектептегі «Мұрагер» ұйымының басшылығы арқылы жүргізеді. «Жас талап» тобы мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енеді.Топ командирі мен комиссары арнайы бекітілген айырым белгілерін тағады.

1.Жас инспектордың міндеттері:

-жол қозғалысының жас инспекторы деген атақ абыройды жоғары ұстау, топ жұмыстарына белсене араласу, штаб пен командирдің тапсырмаларын дер кезінде бұлжытпай орындау;

-жол қозғалысы ережелерін оқып үйреніп, оларды бұлжытпай орындауда өзгелерге үлгі көрсету;

-өз қатарластары мен кішкентай балалар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттап түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-қоғамдық құқық ережелерін әр кез сақтап нығайту, балалардың ЖҚЕ бұзуының алдын алуға қатысу;

-өз денсаулығын шыңдау, дене шықтыру және спортпен ұдайы айналасу.

Жас инспекторларының әні.

Бірге оқып бірге білген,

Жолда жүру талабын.

Әрқашанда ұмытпаймыз,

Қауіпсіздік тәртібін!

Қайырмасы:

Достар, достар,сақ болыңдар,

Бірге еді жанымыз.

Белгілерді еске аласып,

Кел,шырқайық бәріміз!

2.Жас инспектордың құқықтары:

-топ қызметіне байланысты кез-келген мәселені талқылауға қатысу, ұсынысын айту;

-ЖҚЖИ тобы штабын және оған айлану;

-балалардың жол-көлік зақымдарының алдын-алу жұмыстары әдіс-тәжірбиелерді меңгеру жөніндегі білімді, біліктілікті және машықтарды оқып үйреніп, «Қозғалыс қауіпсіздігінің жас нұсқаушысы» атағын алу;

-жол қозғалысы қауіпсіздігі (ЖҚҚ) мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жергілікті полиция органдарынан және ЖП бөлімшелерінен ақыл кеңес алу;

-жол қозғалысы жас инспекторының бекітілген айырым белгісін тағу;

-полиция қызметкерлерінің басшылығымен көшелерде, мектеп, ықшам аудандарда ЖҚЕ сақтауға байланысты рейдке шығу;

-ЖҚЖИ тобындағы белсенді қызметі үшін ЖП органдарның, қоғамдық ұйымдардың мақтау қағаздармен, кеудеге тағатын белгілермен, бағалы сыйлықтармен, жол қозғалысы жас инспекторларының аудандық, облыстық, республикалық слеттеріне делегат болып қатысу.

ЖҚЖИ тобы қызметінің мазмұны бірнеше бағыттарға бөлінеді.

Ақпараттық қызмет:

-ЖҚЖИ тобы қызметінің нәтижелері бойынша мектепте радиохабарлар ұйымдастыру, тоқсан сайын «Жас талап» журналын, «Бағдаршам»» қабырға газетін шығарып, «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» ұраны мен «Достар» әнін бекіту -күнделік, ай сайынғы кеңес жұмысы, жылдық жоспарлы есеп беру папкасы, шағын аудандағы ЖҚЖИ тобының қызмет аймағы картасы, топтың төлқұжаты сияқты құжаттарды мұқият жүргізу.

Үгіт-насихат қызметі:

-жол қоғалысы қауіпсіздігі тақырыбына байланысты жұмыстар;

-әңгімелер,викториналар, кинолекторийлар, ойындар, саяхаттар, жарыстар, конкурс, КВН, тақырыптық ертеңгіліктер мен мерекелер, спектакльдер ұйымдастыру, ЖҚЕ бойынша көрнекі құралдар мен әдістемелер базасын жасауға және оны қолдануға атсалысу.

Қамқорлық қызметі:

— «Ботақан», «Гүлдер» балабақшаларында, бастауыш сыныптарында жол қауіпсіздігіне арналған сурет конкурстарын, ән-өлең сайыстарын өткізу, тәлімгердің көмегімен «Жол әліппесі» саяхаттарын ұйымдастыру;

-автоалаң,автоқалашықта бүлдіршіндерге арналған саяхат ұйымдастыру;

-үйірме мұғалімдерімен бірге шеберханаларда құралдар жасау;

-ЖҚЕ бұзуының алдын-алу мақсатында жүргізілетін кезекшіліктер мен рейдтер қатысу;

-балалардың ЖҚЕ бұзуы туралы мектеп оқушылары мен ата-аналарды құлақтандыру;

-авто қалашықта ЖҚҚ бойынша және автоалаңда жол қозғалысын реттеуге байланысты ойындарын ұйымдастыру;

-жас велосипед жүргізушілермен жұмыс.

Топ командирінің негізгі қызметтері:

-топ жұмысына басшылық: жұмыс жоспарын жасап, мектептегі өзін-өзі басқау органдарына бекітуіне ұсыну бөлімшелердің қызметіне бақылау жүргізу, штаб отырыстарын, қорытынды жиындар өткізу, аудандық семинарлар мен ЖҚЖИ топтары семинарлары мен ЖҚЖИ топтары командирлерінің жиналыстарына қатысу.

Жарыстар мен конкурстар:

1. «Жол қозғалысы ережелерінің белгілері»

2. «Жас насихатшылар»

3. Жас велосипедші»

4. «Жас жүргізуші»

5. «Жас реттеуші»

6. Сапта жүру байқауы

7.Командирлер байқауы

8. «Жас автомобильші»

9. «Жас санитар»

10. Үгіт бригадалар байқауы.

Ата-аналар үшін ақпарат

Ата-аналар балаларына көшелер мен жолда жүру ережесін білуде үлгі көрсетеді.Мектепке дейінгі баланың ең жақсы адамы жолда жүру ережесін сақтамаса ешқандай оқыту тиімді болмайды.Ата-анасы жол ережесін бұзса, баласы да оларға еліктеп, жолда жүрудің денсаулық пен өміріне қауіпті әдеттеріне дағдыланады, бұл орны толмас қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға олардың бәрінен бұрын балалардың қауіпсіздігіне жауапты екінін, сол үшін дұрыс үлгі болу керектігін түсіндіру қажет. «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналармен жұмыс барысында мақсатты түрде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз: ақыл-кеңестер, жиындар, бос уақытты балалармен бірге өткізу, буклеттер тарату. Ата-аналармен жұмыс түрлері.Баланың балабақшаға, мектепке барып қайту жолы оған жолда жүру ережесін үйретіп, көше қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді тәсілі. Көбінесе ата-ана көшелер мен жолдарда өзін-өзі ұстау тәртібін баланың 5-6 жасында, бірінші сыныпқа барарда үйретеді.Бірақ баланың әдет-дағдылары баланың ерте балалық шағынан бастап бойына сіңе бастайды. Сондықтан ата-ана 1,5-2 жасынан баламен бірге көшеге шығып, бойында «көліктен сақтану» дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін ата-анасы келесі міндетті талаптарға орындауы тиіс:

-бала көшеден асықпай өтуді үйренуі үшін үйден ерте шығуы керек;

-жүргінші жолынан өтерде міндетті түрде тоқтаңыз;

-жолдан асықпай, баланың адамына ыңғайланып жүріп өтіңіз, бала жүгіріп отырмауы тиіс;

-балаларды жолдың жаяу жүргінші өтетін тұсынан және қиылыстардан ғана өтуді үйретіңіз;

-ешқашан жолды көрсетпей тұрған көліктің немесе басқа заттардың артынан шыға келмеңіз.Аялдамада тұрған көліктің алдынан да,артынан да өтуге болмайды,әрі қарай барып жақын жердегі жаяу жүргінші жолынан немесе қиылыстан өту керек;

-қарсы жақта тұрған трамвай, троллейбус, автобусты көріп, асығыс жүрмеңіз, балаға да осылай үйретіп, қауіпті екенін, келесі көлікті күткен дұрыс түсіндіріңіз;

-жолдан өтіп бара жатқанда баламен бос әңгімені тыйыңыз, бала жолдан өткенде алаңдамай, бар назарын жол үстіндегі жағдайға ғана аударуға дағдылануы тиіс;

-көшені қатаң түрде тікбұрыштың бойымен қиып өтіңіз, бұл көліктердің қозғалысын жақсы бақылауға және тез өтіп кетуге мүмкіндік береді;

-бағдаршам бар жерде жолдан жасыл белгіде ғана өтіңіз, өтетін жолдың қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз.Бала көлік болмаса да қызыл және сары түсте жолдан өтпейтініне дағдылануы тиіс;

-жолдан өтерде аялдамада баланың қолынан мықтап ұстаңыз, жолда жүгіріп кетуі мүмкін;

-кез-келген көліктен баладан бұрын шығыңыз, әйтпесе бала құлап қалуы немесе ересек болса жолға жүгіріп кетуі мүмкін,баланың жолдан сізден бұрын жүріп, жүгіріп өтуіне тыйым салыңыз, жан-жағына қарап өтуді үйретіңіз;

-балаға жол үстіндегі жағдайды бақылауды үйретіңіз, бұрылуға бет алған немесе өте тез жылдамдықта келе жатқан көліктерді көрсетіп сақтануды үйретіңіз.(ондай көліктерді өткізіп жіберу керек);

-баламен бірге келе жатып, «Мен көшені қарау үшін басымды бұрамын, көліктердің қозғалысын байқаймын, жолдың бос екеніне көз жеткіземін» сөздерімен өз қимылдарыңызды оған көрсетіңіз;

-балабақшаға, мектепке, дүкенге баратын жолды көрсетіңіз;

-балаңыздың велосипедті балалар немесе спорт тебуін қадағалаңыз, жолға жақын немесе жолдармен жүруге тыйым салыңыз;

-Есте сақтаңыз! Баланың көзінше жолда жүру ережесін бұзбаңыз, бала жол тәртібін ата-анасына қарап үйренеді.

«Үй-мектеп» маршруты-бұл құжат.Мұнда бала ата-ананың үйінен мектепке дейінгі және мектептен дейінгі жол кескінін бейнелейді.

«Үй-мектеп» бағыты және оны пайдалану.

«Үй-мектеп» бағыты әзірлемесі- бұл баланың үйден мектепке баруы, қайтуына ұсынылатын, жолын сипаттайтын және кескіндейтін құжат.Бағыттама ата-аналардың көмегімен әзірленіп, ортаңғы топ балаларынан бастап ұсынылады.Ол үшін бағытты әзірлеу және баларға үйрету әдісін түсіндіру мақсатында ата-аналарға кеңес беру жұмысы ұйымдастырылады.Әрбір әзірленген бағыттама топты талқыланып, сол бағытпен жүретін баланың өзі түсіндіре білуі тиіс.

Бағыттама әзірлеу міндеттері:

-баланың мектепке барып-қайту қозғалысындағы қауіпсіздікті арттыру;

-балаға мектепке бару-қайту жолының жағдайына бейімделуге үйрету;

-бағыттама құрастыруға, жол жағдайына бейімдеуге және қауіп-қатердің алдын алуға ата-аналарды үйрету;

Бағыттама әзірлеу тәртібі (үш кезең):

1.Ата-ана баласымен бірге үйден мектепке бару-қату жолын бірге жүріп,қолайлы түрін белгілейді және қауіпті жерлерді атап көрсетеді.

2.Үйден мектепке дейінгі жолда орналасқан ғимараттардың кескін-сызбасын құрастырады, көшелердің атын жазады, бағдаршамдар мен жол белгілері және жаяу жүргіншілер өтуге арналған жолақтар көрсетіледі.

3.Қозғалыс жолы тұтас сызықты көрсеткішпен белгіленеді.

Қауіптілігі жоғары жерлерді түгел суреттеуге баса көңіл аудару қажет: үйден шығу, жолды кесіп өту (әсіресе бағдаршам жоқ болса), ауламен жүргенде көліктер өтетін жерлерді байқау.Жүріп өтуге тура келетін әрбір жолға арнайы сипаттама беру:

-көліктердің жүру белсенділігі;

-бұрылыстан көлік шығ келу мүмкіндігі;

-көшені көруге бөгет жасайтын заттардың тұруы.

Үй тұрған көшені жеке сипаттап көрсету керек.Көбінесе «Үй-мектеп» бағыттамасын падалану.Бағыттаманы құрастырғаннан кейін ата-ана баланы үйден мектепке бару-қайту жолымен жүргізіп, оның бағытпен дұрыс жүруін, сипатталған қауіпті жерлерді көріп түсінуін бақылау керек. Сонымен бірге баланың бойында үйден ерте шығу, асықпай жүру, көшені ақырын тік қиып өту, жол бос болса да жан-жағына жіті қарау дағдылары қалыптасады. Ең бастысы-баланың көшені көрсетпей тұрған зат немесе келе жатқан көліктің қауіптілік белгісі кескінін түсінуі.

Жаңа инновациялық жобалар

  1. Қазақстан Республикасы бойынша жас инспекторлар мүшелеріне бірыңғай формасына көшу;

  2. Автоалаң, автоқалашықта бүлдіршіндерге арналған саяхат ұйымдастыру;

  3. Автоқалашықта ЖҚЕ бұзуы бойынша автоалаңда жол қозғалысын реттеуге байланысты оқу тәжірбие ойындарын ұйымдастыру;

  4. Аудандағы, қаладағы жүргізуші үздік жүргізушілермен кездесу ұйымдастыру;

  5. Мектеп ауласына автотұрақ құру;

  6. Мектептен шығар жолда аяқ жол (тротуар), бағдаршам (светофор) орналастыру қажет;

  7. Оқушылар өтуге арналған жолақтар (зебра) орнату қажет;

  8. Көршілес мектептер арқылы тәжірбие алмасу,өтілген жол ережесі сабақтардан мәлімет жинау;

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы
Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нургул Жалгасова Кулмановна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды зейінді, епті болуға, сақтыққа, саналылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, интерактивті тақта, жас инспектор формасы мен таяқшасы, жолда жүру ережелері туралы фотосуреттер.
Сабақтың түрі: сайыс жарыс сабағы.
Енді әділқазылар алқасымен, сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
I кезең: Бағдаршамның шығу тарихы, «Тарих тағылымы»
II кезең: «Жұмбақтар шешейік».
III кезең: Сұрақ – жауап.
IV кезең: «Реттеуші инспекторлар қызметі»
V кезең: «Көше ережелерін білейік»
VI кезең: «Өнер сайысы»

Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Ережені жаттаймыз, Өмірлерді сақтаймыз!» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп —
Ол ортақ
Үлкен – кіші, баршамызға!

«Тарих тағылымы».
1 — топ «Бағдаршам» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. 1 — топ бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.
2 — топ. Тарихтан тағылым.
1 – оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал, ендеше тыңдап көрелік.
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер – механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

2 – оқушы: Алдымен түрлі – түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
3 – оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т. б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
4 — оқушы: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Менің үш көзім бар.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап қалма маңайға дейді.

5 — оқушы: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!

6 — оқушы: Жолдар қиылысында,
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртектеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.

III – топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»
II – топ Тарихтан тағылым.
1 — Оқушы Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп – тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.

2 — Оқушы: Ресейде алғаш жолдарды I Петр салдыра бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Ресейде үш түрлі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды.
3 — Оқушы: Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамызда асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км – ден асады.

II – топ «Жол белгілері»
1 — оқушы: Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең,
Тартар жолың бұлыңғыр.

2 — оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған

3 — оқушы: Есігінен артқы
Көлікке сен мінгін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді білгін.

4 — оқушы: Тоқта, жолдас!
Тоқта, жолдас! Бұзба көше тәртібін,
Өткізе алмай, өміріңнің артығын.
Жүрсің бе сен, қалай — қалай басасың,
Тоқта! Байқа, ойла, қателесесің,
Ал кеп қалды, автобус пен трамвай.
Тоқта, жолдас! Тәртіп бұзба, жүр былай,
Саспа босқа ақтық па да аптық па.

5 — оқушы: Көше заңын білмесең,
Үлкенменен жүр бірге сен.
Олардан кетпе алыстап
Қолдарынан алыстап,
Көше заңын оқи жүр,
Көңіліңе тоқи жүр.
Жасама әсте ағаттық,
Аялдай тұр ағаттық.

II – кезең. Жұмбақтар шешу

III – кезең. Сұрақтарға жауап береміз
1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3 Мына белгі нені білдіреді? – Абайла! Балалар!
4 Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? – Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.
5 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі? – Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек.

6 Мына көліктер қалай аталады? – Өрт сөндіру, жедел жәрдем.
Жол белгілерін интерактивті тақтадан көрсету.
Ақпараттық – көрсеткіштік белгілер
Ескерту белгілері
Тыйым салатын белгілер
Сервис белгілері
Басымдылық белгілері
Жол таңбалары

Мұғалім:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

IV кезең. Реттеуші инспекторлар қызметі

V кезең «Көше ережелерін білейік»
«Жол белгілері» тобы
1 Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2 Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3 Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
4 Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.

«Бағдаршам тобы»
1 Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
2 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
3 Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
4 Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла.

VI кезең «Өнер сайысы»
«Бағдаршам» тобы, әннің аты – «Бағдаршам»
«Жол белгілері тобы, әннің аты – Шофер»

Қорытынды
Мұғалім:
Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды. Әр оқушы «Менің үйден мектепке дейінгі жолым» деген схеманы сызып күнделіктерінің бірінші бетіне салып қойды. Жолда жүру ережелеріне байланысты тәрбие сағаттары өтті. Міне, алдарыңызда оқушылардың салған суреттері, жасаған макеттері. Оқушылар жолда жүру айлығына бір кісідей ат салысты. Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп —
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға!

Жолда жүру жас инспекторлары.

Тақырыбы: Жолда жүру жас инспекторлары.

Мақсаты:

а) оқушыларға жолда жүру жас инспекторлары жұмысы туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасы

1.Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кімдер ұйымдастырады?

  1. Ереже талабын бұзғандарға қандай жаза қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жолда жүру жас инспекторлары туралы айтамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

  • Интербелсенді тақтада жолда жүру жас инспекторлары жұмысы жайлы түсінік.

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын насихаттау мақсатында мектептегі жас инспекторлар бастауыш сынып оқушыларымен жолда жүруге байланысты түрлі ойындар өткізеді.  Әрбір сыныпта өз командирі мен отряд мүшелері болуы қажет. Олар жолда жүру ережелерін меңгерту мақсатында түрлі макеттер жасап, көшеелр мен жолдардағы көлік жүрісіне жаяу жүргіншілердің, мектептердің қатысуымен жарыстар өткізуді дағдыға айналдыруы тиіс.

ІҮ.Сабақты бекіту

  • Интербелсенді тақтада жас инспектор алдына қандай міндеттер қойылады ?
  1. Оқушылардың жолда жүру ережелерін үйренуіне;
  2. Жолда жүру ережелері сабақтары өтетін кабинеттер мен бұрыштамаларды плакаттар, макеттер және басқа көрнекі құралдармен безендіруге;
  3. Өздерінің тұрғылықты жерлерінде, ауданда көпшіліке арналған шаралар ұйымдастырған кезде жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
  4. Мектептерде, демалыс орындарында тақырыптық кештер, ертеңгіліктер, тапқырлық ойындар мен викториналар өткізуге қатысатын болады.

Ү. Сабақты қорытындылау

  • Жолда жүру жас инспекторлары немен айналысады?
  • ЖЖИ отрядтары қызметінің негізгі бағыттары.
  • Қозғалыстың жас инспекторларының слеттері.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы:

  1. Жас инспектор деп кімді айтуға болады?
  2. Мектептерде жас инспекторлар тобы қалай және не үшін құрылады?
  3. Жас инспекторлардың жұмысын кім ұйымдастырады?
  4. Жас инспекторлардың қандай міндеттерін білесіңдер?

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жас ?лан слеті сценарий
  • Жас ?лан сайлау сценарий
  • Жас ?лан жас ?ыран сценарий казакша
  • Жас ?лан жас ?ыран ?йымына ?абылдау сценарий 2019 2020
  • Жас ?лан ант ?абылдау сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии