Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ
мектеп интернат кешені
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Мен мамандық әлеміндемін»
Кездесу кеші
Куратор: Рахметова Ж.Ж
2017 оқу жылы
Бекітемін: 11.11.17 ж.
Д.Т.Ж.О: А.О.Рахметов
Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін
Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету,
мамандық таңдаудың қыр — сырларын меңгеру; елімізге өз үлесін қоса
білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:
Көрнекілігі: слайд
Кешке қатысушы:
-11 а сынып оқушылары
-Студенттер
-Ұстаздар
Пікір айтушылар: Болашақ мамандық иелері, яғни студенттер
Өту барысы:
1. Кіріспе бөлім.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Мамандық иелеріне сөз беру.
4. Сұрақ — жауап .
5. Кеңестер.
6. Қорытынды.
Қайырлы күн!
«Мен мамандық әлеміндемін» атты шарамызды бастаймыз. Кешімізге қонақтар қош келдіңіздер сіздермен бірге қоғамдық -гуманитария бағытында оқитын 11 а сынып оқушылары. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе мамандық таңдау. Ең бірінші маман дық таңдауды сөз етпек боламыз. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Кей біреуіміз өзіміз қызықпайтын мамандықты таңдаймыз. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбау шылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
Бүгінгі кездесу кешіміз осы отырған оқушыларымызға мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі деген ойдамын.
Оқушылар мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік.
Мамандық дегеніміз — адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық – адамның қоғамдық мінездемесі.
“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады”
Әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Осы мамандық түрлерін қалай таңдап, қалай білу керек деген сұрақтар кім-кімді болмасын мазалайды.
Бүгінгі оқушыларымыз мамандықты өздері таңдай ала ма? Әлде толығымымен мамандық таңдауға ата-аналар атсалысу керек пе? Сынып оқушыларының өздерінен сұрап көрейік. Өзі таңдады ма? Қандай мамандық таңдады,әлде ата анасы таңдап берді ме?
Куратор: сұрақ оқушыға мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Сұрақ оқушыларға:
Мамандық таңдап үлгердіңбе?
Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
Жоғары оқу орнына түсуге өз күшіңе сенесіңбе?
Болашақ мамандығың жайында кіммен ақылдастың?
Өзіңді ҰБТ-ға байланысты мазалап жүрген ойлар бар ма?
Сенің арманың не?
Таңдаған мамандығыңның қыр сырын зерттеп көрдің бе?
Психологқа сұрақ:
Ата ананың бағыт бағдары дұрыс емес пе? Әлде өзі таңдауға қабілетті емес пе?
Әр адамның өзінің арман мақсаты болады. Сол арманына жету керек.
Келген қонақтарды таныстыру:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, тарих,экономика және құқық факультеті, дүниежү зілік тарих және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушы магистрі Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметовна мен Майманова Нұршат Нуркановна .
Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студеттері -Гарифуллина Алима,
Кенжеғали Ләззат.
Тарих мамандығының 2курс студеттері -Зинуллина Нұрмира,
Қажым Альмира,
Ғұбай Айдана.
Мектеп түлектерін «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.
Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікіралмасудың маңызы өте зор.
Ендігі сөз кезегін сіздерге берсек. Өздеріңіздің оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.
Сұрақ студенттерге:
-Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
-Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
-Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
-Қай уақытта адам өзжемісін көре алады.?
-Оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде ?
Сергіту сәті; «Болмасаң да ұқсапбақ …» Енді студенттер мен оқушыларды ортаға шақырамын
Қандай мамандық болсын кез – келген ситуациядан шыға алатын актерлік өнері болу керек.
Мұғалім мен оқушы, кітапханашы мен оқытушы, сатушы мен сатыпалушы, полиция мен жүргізуші.(Оқушылар мен студенттер рөлге еніп шығады)
Оқытушыға сұрақ:
Бүгінгі жастар тек бір жапырақ қағаз үшін, яғни тек диплом үшін кез келген оқуды таңдай салады,атақты немесе атақсыз болсын қарамайды оқи салады.
1.Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп деп ойлайсыздар?
Жалаң пікірдің себебі. Диплом болса жерде қалмайсың деген баланы қателестіруге алып келеді. Мына мамандықты алсаң адам боласың, экономист болсаң миллионер боласың деген
жалған ұғыммен баланы соған итермелейді.
2.Таңдаған мамандығын оқып I-II курста басқа мамандыққа ауысу көппе?
3.Қазіргі таңда қандай мамандық сұранысқа ие?
4. Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?
Амантай Орынғалиұлы: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мамандықтан қателеспеу үшін неге сүйену керек? Үш жақ бірлесу керек ата-ана, мұғалім, оқушы.
Қорытындылау:
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз,ойландыратын жағдай болдыма?
Алдарыңызда үлкен жол жатыр. Өздеріңіз таңдаған ақ жол сіздердің болашақтарыңызды жарқын және қуанышқа толтырсын. Ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Халық нақылы
Кештің мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кештің бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз.
2. Қонақтарды таныстыру.
3. Бейнеролик.
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5. Статистика бойынша бейнеролик.
6. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
7. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
8. Қонақтарға сый.
9. Қорытынды.
1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Жалелов Абылай Армияұлына сөз береміз.
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.
2. Қонақтармен таныстыру.
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының менеджері — Ернарова Ақнұр Ернарқызы.
Мектеп инспекторы – Маканов Медет Капатаевич.
Инженер-энергетик, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Акедилова Асель Куанышевна.
Қарағанды политехникалық колледжінің «Электр станция және тораптардың электр жабдықтары» мамандығының 3 курс студенті – Мухаммединов Темірлан Ержанұлы.
ТОО «Azia Oil» электрик – Тулепбергенов Тайыр Мирзабаевич.
3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын, арнайы дайындалған сюжетке назар аударайық.
Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз:
4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден.
1. Бүгінгі жастар тек қана бір жапырақ қағаз үшін, яғни диплом үшін кез-келген оқуды таңдай салады, арзанырақ болса болды немесе ата-анасының қалауы бойынша, тек қана диплом алып шықсам болды деп оқи салады. Осындай жастардың көбейіп кетуіне не себеп?
2. ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар көп пе?
3. Студенттерден сұрайықшы, мамандықтарға өкінетін, «Қап, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма?» Әлде өздеріңізге ұнайды ма?
4. Өз ісінің нағыз маманы атану көп адамға бұйыра бермейтін бақыт. Ол үшін өзіңнің мамандығыңа деген, жұмысыңызға деген махаббат болу керек. Бүгінде мамандықтарымен жұмыс істеп жатқан, өзінің мамандықтары туралы, жұмысы туралы, ұнайтын, ұнамайтыны, қалай түскенін сұрап білу үшін қонақтарымыздан сұрасақ.
5. Бүгінгі таңда агенттер мен менджерлер саласы өте үлкен сұранысқа ие, туризм болсын, жарнама агенттігі болсын, оған түсіп жатқан студенттеріміз де көп. Біздің елімізде шахта бар, металлургиялық заводтар бар. Өкінішке орай, ол жердің көбісінде біздің қазақтар жұмыс істемейді. Біз көбінесе туристік бағытқа барамыз, заңгер боламыз, басқа жұмыстар таңдаймыз. Өзімізге ең керек мамандықтардың орны ойсырап бос қалып жатады. Бұл біздің табиғатымызға жат қылық па?
6. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты тарапынан мектеп түлектерінің мамандық таңдауына жол сілтейтін қандай шаралар атқарылуда. Біле отырайық.
7. Сыныптастарыңыздың көбісі қандай мамандықтар таңдады?
5. Ойын «Мамандықты тап», «Көп сөйлеме», «Суреттер сөйлейді».
«Мамандықты тап». Бұл сайысқа команданың барлық мүшелері қатысады. Алдымен сіздерге жұмбақ жасырылады. Шешуін тапсаңыздар ортада тұрған шаршыларды дұрыс орналастыру арқылы, жасырылған мамандықтарды табу керек. Әр командаға 3 тапсырма беріледі.
«Көп сөйлеме». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына іс-қимылмен жасырылған белгілі мамандықтарды табулары керек.
«Суреттер сөйлейді». Ойыншылар кезекпен өз командаластарына жасырылған белгілі мақалдарды тақтаға сурет салу арқылы түсіндіріп беруге тиісті. Әр командаға 2 мақалдан беріледі.
6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, нені үйрену қажет деп ойлайсыз?
2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыздар?
3. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз? Өздерің қай уақыттан бастап дайындалдыңдар?
4. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?
7. Статистика бойынша бейнеролик.
8. Қорытынды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
9. Қонақтарға сый.
Муханбетжанова Н.Р. — психолог
Акедилова К.К. — психолог
Ә.Бөкейхан ат. №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы
«Үздік жас маман!»
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол — ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол — күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Диляра әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І жүргізуші: Хибасова Диляра Газизовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажымуханқызы
ІІ жүргізуші:
Бастауышта сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгүль саған сәт — сапар
І жүргізуші:
Койбағарова Айгүль Бектемисовна бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Арзиева Құралай Байрамқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер
І жүргізуші:
Есенкулов Малик Ендірбайұлы,
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе — біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе — өзіңді — өзің түсіну»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан — ағай
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлсүм біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Агибаева Гүльсүм Ұстанымы «Білсе білім — күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Мауленова Айгуль Ізтелуовна
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Әсель біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Жунусова Әсель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Ляззат біздің өнерлі
І жүргізуші:
Калилаева Ляззат Қолдасқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Айтжанова Дина Теңізбаевна
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Тарих тану ұстазы
Жансая біздің жан — жақты.
І жүргізуші:
Тоқсанбаева Жансая Маратовна тарих пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
І І жүргізуші:
Даярлық топтың сабағын
Қызықтырып өткізген
Эльмираның
Бар бойынан табасың
І жүргізуші:
Ізмұхан Эльмира даярлық тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Бахытжанова Дамегүль Үмбетовна
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айданадай маманнан
Шәкірт ұғып алады
І жүргізуші:
Бекмағанбетова Айдана бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Қыпшақбаева Тазагүль Маденқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Аманжол
Шығады әлі талай биік шыңға.
І жүргізуші:
Лепесов Аманжол Абужанович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан ағай
ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас…» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Керімбаев Ардагер Амангельдиевичті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Керімбаев А. А. мектеп директоры
2. Айнакожаева Ш. К. оқу ісінің меңгерушісі
3. Сабырова А. С. тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Байбекова М. О.- әлеуметтік педагог
5. Джумабаева А. А. кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:- Мазмұны
— Көрерменге әсер етуі
— Орындау шеберлігі
— эмоционалдығы
ІІ тур — Ширату
1. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 — ойыншы:
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)
2 — ойыншы:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
3 — ойыншы.
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ )
4 — ойыншы.
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
5 — ойыншы
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер — асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
6 — ойыншы
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир — Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
7 — ойыншы
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
8 — ойыншы
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып
9 — ойыншы
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер — металлург
10 — ойыншы
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
11 — ойыншы
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама — қарсы сөздер. ( антоним)
Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай)
2. Жүргізуші: Мақал — мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі — өз тілім
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
Мақалды аяқтау.
1. Найзасыз ер болмайды (Таңбасыз ел болмайды)
2. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
3. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
4. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
7. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
8. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
9. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
10. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)
1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Төртінші кезең. Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
— Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: — Орындау шеберлігі
— Образдылығы
— Шынайылығы
— Көрерменді баурап алуы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
1. Жүргізуші:– Бесінші кезең
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: — Жағдайды шешу шеберлігі
— Педагогикалық — психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
— Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне, жауабына сенімділігі
Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір — бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.
1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
— Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
— Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз…
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер — кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата — ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата — ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
— Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата — ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата — анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз…
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара — пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттау.
Раздел | Воспитательная работа |
Класс | — |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | |
Дата | 08.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
«ЖАС МАМАН-2016» МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, әріптестер, ардагер ұстаздар және жас мамандар!
«Жас маман -2016!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер !
ІІ жүргізуші:
Мы приветствуем сегодня
Молодых своих друзей,
Тех, кто полон сил и знаний,
Свежих мыслей и идей.
Добрый день, дорогие коллеги! Мы приветствуем вас на традиционном конкурсе педагогического мастерства «Жас маман-2016».
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол-ақыл ойдың кені емес пе ?
Көш бастар замананың ері емес пе ?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе ? — ендеше ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы жас мамандарымызды шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Представляем вашему вниманию участников конкурса
1. Умралиева Айгуль Исенгуловна
2. Хренова Елена Валерьевна
3. Халыкова Бакытнур Гиниятовна
4. Карагодина Анастасия Андреевна
5. Абдулова Анаргүл Амангельдаевна
6. Лукинова Елена Васильевна
7. Киреева Сагида Серикқызы
8. Бажбиева Марзия
Давайте поприветствуем наших конкурсантов бурными аплодисментами.
В жюри такие педагоги!
И мудры, умны, но строги …
Их строгость за душу берет,
И расслабляться не дает.
Бүгінгі сайыстың әділ қазыларымен таныс болайық:
-
Мектеп директоры — Шиганакова Надежда Александровна
-
__________________________________________________________________________________________________________________________
-
__________________________________________________________________________________________________________________________
-
__________________________________________________________________________________________________________________________
-
__________________________________________________________________________________________________________________________
Алғашқы сөз мектеп директоры — Шиганакова Надежда Александровна
І І жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың турлерімен таныс болыңыздар.
І кезең сырттай байқау — «Менің мпедагогикалық мамандығым» эссе жазу.
І тур заочный конкурс эссе на тему «Моя педагогическая деятельность»
ІІ тур
І. Өзін-өзі таныстыру/ визитная карточка
ІІ. залмен тренинг/ тренинг с залом
ІІІ. Сұраққа жауап,жағдайаттар шешу/ решение ситуаций, вопросы по педагогике и
ІV. « Өнерліге өріс кең» өнер сайысы/ номер художественной самодеятельности
І жүргізуші:
Бәйге қуып, мамандар өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен жас маман маман кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
И так мы начинаем наш конкурс , и первое задание «Визитная карточка» участники конкурса в течение 3 мин должны красочно рассказать о себе.
І жүргізуші:
Таныс болдық мамандардың тегіменен
Туып өскен мекені жеріменен,
Таныстыру бөлімінің бағалары әзір болғанша келесі сайысқа кезек береміз.
Келесі кезекте «Залмен тренинг» Уақыты -3 мин.
І жүргізуші:
Ал, мамандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Білімді бір тексеріп көрейік біз,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
Келесі кезекте жағдаяттар шешу
Әр маманға 1 сұрақ ,1 жағдаят шешуге беріледі.
ІІ жүргізуші:
Сейчас мы еще раз докажем, что учителя у нас эрудированные, креативные, перспективные, творческие и коммуникабельные.
Как правило, на них нет точного ответа, но каждый день жизнь нам ставит такие задачи, которые нам приходится решать, применив долю юмора, жизненного опыта. Вам предлагается предложить свои варианты ответа выхода из сложной ситуации.
Обьявляется следующее задание нашего конкурса «решение ситуаций».
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- келесі өнер байқауына кезек берейік.
Мы начинаем следующий конкурс «Номер художественный самодеятельности».
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Ортаға қатысушы сайыскерлеміздің шақырамыз.
1. Умралиева Айгуль Исенгуловна
2. Хренова Елена Валерьевна
3. Халыкова Бакытнур Гиниятовна
4. Карагодина Анастасия Андреевна
5. Абдулова Анаргүл Амангельдаевна
6. Лукинова Елена Васильевна
7. Киреева Сагида Серикқызы
8. Бажбиева Марзия
Сайыстың қортындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:
Ұстаз сөзі күн нұрына пара-пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Любуясь конкурсантами невольно,
Вот и пришел Ваш звездный час
Признания в любви вы все достойны,
От всей души мы поздравляем Вас!
Спасибо всем участникам, жюри, мы желаем вам новых творческих успехов. До новых встреч!
Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл,
бейбітшіл, дау—дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі
өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық,
көңіл—күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға
бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез—құлқына,
қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш,
жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны
стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым—қатынас орнату,
қарым—қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды
біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну,
жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу,
әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа
бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер –
жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік,
айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық,
саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар
секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» — ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша
ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі,
креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен
қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген
оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл—күйінің
өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті
(шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты
ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей
тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде
өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық
мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде
орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын,
тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар.
Олар сенімді, тұрақты адамдар.