Жас мамандар апталы?ыны? ашылуы сценарий

Жас келсе, іске! атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер ! Ұстаз! Ол-ақыл ойдың кені емес пе ? Көш бастар заманының ері емес пе ? Жатталып кейінгіге хаты қал

Қайырлы күн, әріптестер және жас мамандар!
«Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер !
Ұстаз! Ол-ақыл ойдың кені емес пе ?
Көш бастар заманының ері емес пе ?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе ?

:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,

Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,

Жас мамандар сайысатын кез келді,

Танытатын бар болмысын барын сап.

жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
«Жас маман деген кім ?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды
ортаға шақырамыз.

Актанова Айдана Сағындыққызы «Ақжелкен» ересектер тобының тәрбиешісі

Ұстанымы:«Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері:Уахитова Жанна Николаевна

Қадырғалиева Гүлдана Берікқызы «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі

Ұстанымы:«Еңбек етсең еріңбей, тояды қарының тіленбей»

Тәлімгері: Туякова Динара Дәрменқызы

Гарифуллина Фариза Радикқызы «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі

Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Мухамбетжанова Орынғаным Сайлауқызы

Сұлтанова Гүлназым Ильсқызы «Балбөбек» тобының тәрбиешісі

Ұстанымы «Білсе білім-күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Сариева Ира Жаннатқызы

Машықкер:Рамазанова Гулжихан Серикбаена

Машықкер:Туякова Бактыгул Серикбаевна

Машықкер: Шангереева Нүргүл Батырқызы

Машықкер:Қапашева Айна Абатқызы

Жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақ тілегін тілеуші «Өркен» МдҰ директоры Уразгалиева Жаңылсын Балтабайқызын шақырамыз

Жас мамандар толқып тұрған болар,олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы Сұлтан Төребекұлын жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба ,орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па ?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1. «Өркен» МдҰ директоры Уразгалиева Ж.Б

2. «Өркен» МдҰ әдіскері Туякова Д.Д

3. «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешісі Есеналиева Галия Төлепқызы

Сайыстың кезеңдері:

1.«Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 5 минуттық таныстыру)

2. .Жағдаяттар қоржыны (педситуация)

3.«Өнердің өрі- таланттың төрі»(өнерін көрсету 3 минут)

4«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» (ұйымдастырылған .оқу іс әрекеті немесе ашық сабақтар)

Бәйге қуып, мамандар өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен 4 маман кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.

Ескеріледі :- Мазмұны
-Көрерменге әсер етуі
-Орындау шеберлігі
-эмоционалдығы
Ортаға кезекпен жас мамандарымызды шақырамыз.
Таныстыру бөлімінің бағаларымен таныс болайық
Ал, мамандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Білімді бір тексеріп көрейік біз,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
І Жүргізуші:
Келесі кезекте жағдаяттар шешу
Әр маманға 1 сұрақ ,1 жағдаят шешуге беріледі.
Ескеріледі:
-Жағдайды шешу шеберлігі
-Педагогикалық-психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
-Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне ,жауабына сенімділігі

О ,заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін-бірі.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.

Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: -Орындау шеберлігі
-Образдылығы
-Шынайлылығы
-Көрерменді баурап алуы
Ортаға кезекпен мамандарымызды шақырамыз.
Сайысымыз да өз мәресіне жетті.Сайыстың қортындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
Білімнің айдынында жүзіп өткен ,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.-дей келе бүгінгі «Жас келсе іске!»атты сайысымызды аяқтаймыз.

Тәрбиешілерге сұрақ

  1. Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?

  2. Баламен қарым-қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма?

  3. Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба?

  4. Күнбе күнгі өткізілетін жұмыстарыңызда баланың көңіл күйіне мән бересіз бе?

«Еңбек жолыңа сәттілік,жас маман!»

(жас мамандар сайысы)

1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Мерекелеріңіз берекелі болсын!

Бүгінбіздің колледжде дүбірлітой,

Денқойыптыңдаңыздар, көңілдіқой,

Жырданшашушашылсын, күйкүмбірлеп,

Қошкелдіңіздер, халайық, сергісінбой.

2- жүргізуші:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

1-жүргізуші:

Әр сөзі мейіріммен басталатын,

Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,

Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,

Қалайша атамасқа асқақ атын!

2-жүргізуші:

Жаншуағы, күншуағыарайма,

Ұстаздегенәулиедейталайға.

Басыниіпөткенжоқпабізтүгіл,

Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.

 1-жүргізуші:

Көкбайрығымкөкжүзіндеқалқыған,

Әнұранымәуелегеншалқыған.

Бес құрлыққаелдіңатынпашеткен,

Елбасы да өткенұстазалдынан.

2-жүргізуші:Ұстаз…! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы,  жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші…

1-жүргізуші:«Ұстаз…!  Жасқану мен  қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» — деген даналықты ғибрат етіп, ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып, жігерін жанып келген жастардың, жас мамандардың «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   Сайыс кезеңдері:

  1. «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)

  2. «Өнердің өрі- таланттың төрі»(өнерін көрсету 3 минут)

  3. Жағдаяттар қоржыны (педситуация)

2-жүргізуші:      Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты…

Бар ғалым, барлық қоғам құрметтейді,

Нұр сепкен шәкіртіне  мұғалімді.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың сайыпқырандарын шақырудың кезегі де келіп жеткен сияқты.

  1. Тиыннан теңге құра білгеннің есебі түгел деп пайымдайтын – Маржан Садыкова

2.Жұмыс күнін жоспарлап, жүйелейтін – Нұргүл Альмолдина

3.Кешегі колледж түлегі, бүгінгі өндіріс шебері – Ердос Қомар

4.Кемеден келіге топ еткен жап –жас маман — Ануар  Хамитов

  1. Өз құқығын өзгеден артық білетін – Мақпал Раис

6.Кезекті демалысын Араб Эмиратында өткізсем деп армандайтын – ДианаКушкунбаева

7.Адам жан дүниесінің жанашыры болсам дейтін психолог – АйғанымОразбаева

(сайыскерлер ортаға шығады, сонан соң шығып кетуге рұқсат)

2-жүргізуші:Сайыскерлерлермен танысып болсақ, сайыс кезеңдеріне кезек берелік.

1-жүргізуші:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,

Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,

Жас мамандар сайысатын кез келді,

Танытатын бар болмысын барын сап.

2-жүргізуші:Ұстаздықты мұрат еткен жас толқын, қадамдарыңызға құт, «сапарларыңызға» сәттілік тілейміз!

«Үздік жас маман!»
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол — ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол — күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Диляра әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І жүргізуші: Хибасова Диляра Газизовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажымуханқызы
ІІ жүргізуші:
Бастауышта сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгүль саған сәт — сапар
І жүргізуші:
Койбағарова Айгүль Бектемисовна бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Арзиева Құралай Байрамқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер
І жүргізуші:
Есенкулов Малик Ендірбайұлы,
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе — біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе — өзіңді — өзің түсіну»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан — ағай
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлсүм біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Агибаева Гүльсүм Ұстанымы «Білсе білім — күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Мауленова Айгуль Ізтелуовна
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Әсель біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Жунусова Әсель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Ляззат біздің өнерлі
І жүргізуші:
Калилаева Ляззат Қолдасқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Айтжанова Дина Теңізбаевна
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Тарих тану ұстазы
Жансая біздің жан — жақты.
І жүргізуші:
Тоқсанбаева Жансая Маратовна тарих пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
І І жүргізуші:
Даярлық топтың сабағын
Қызықтырып өткізген
Эльмираның
Бар бойынан табасың
І жүргізуші:
Ізмұхан Эльмира даярлық тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Бахытжанова Дамегүль Үмбетовна
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айданадай маманнан
Шәкірт ұғып алады
І жүргізуші:
Бекмағанбетова Айдана бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Қыпшақбаева Тазагүль Маденқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Аманжол
Шығады әлі талай биік шыңға.
І жүргізуші:
Лепесов Аманжол Абужанович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан ағай

ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас…» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Керімбаев Ардагер Амангельдиевичті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Керімбаев А. А. мектеп директоры
2. Айнакожаева Ш. К. оқу ісінің меңгерушісі
3. Сабырова А. С. тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Байбекова М. О.- әлеуметтік педагог
5. Джумабаева А. А. кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:- Мазмұны
— Көрерменге әсер етуі
— Орындау шеберлігі
— эмоционалдығы
ІІ тур — Ширату
1. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 — ойыншы:
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)

2 — ойыншы:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
3 — ойыншы.
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ )
4 — ойыншы.
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
5 — ойыншы
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер — асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
6 — ойыншы
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир — Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
7 — ойыншы
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
8 — ойыншы
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып

9 — ойыншы
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер — металлург
10 — ойыншы
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
11 — ойыншы
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама — қарсы сөздер. ( антоним)
Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай)
2. Жүргізуші: Мақал — мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі — өз тілім
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

Мақалды аяқтау.
1. Найзасыз ер болмайды (Таңбасыз ел болмайды)
2. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
3. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
4. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
7. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
8. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
9. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
10. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)

1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Төртінші кезең. Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
— Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: — Орындау шеберлігі
— Образдылығы
— Шынайылығы
— Көрерменді баурап алуы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
1. Жүргізуші:– Бесінші кезең
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: — Жағдайды шешу шеберлігі
— Педагогикалық — психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
— Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне, жауабына сенімділігі

Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір — бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.

1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
— Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
— Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз…
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер — кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата — ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата — ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
— Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата — ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата — анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз…
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара — пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттау.

«Жас маман – 2018» атты мерекелік кеш

Сценарий

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар және 2018 жылдың түлектері! «Жас маман – 2018» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Бүгін Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық және техникалық колледжі өзінің түлектерін ақ сапарға шығарып салғалы тұр. Бітіруші түлектердің диплом табыстау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының Әнұраны

Жүргізуші: Бүгінде колледжімізде ___ оқытушы дәріс береді. ___ студент күндізгі және сырттай бөлімде білім алуда. Соның ішінде ___ студенті колледжімізді күндізгі бөлімін биыл аяқтағалы отыр. Колледжіміз көптеген жетістіктерге жетіп, аудан, облыс көлемінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеміз.

Жүргізуші: Қымбатты бітіруші түлектер, алайын деп отырған дипломдарыңыз құтты болсын, өнер жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын!

Жүргізуші: Ал енді, осының бәріне үлесін қосып, себепкер болып жүрген, студенттердің бітіру кеші аясындағы мерекеге зор ықпалын тигізіп отырған колледжіміздің директорын түлектерге ақ жол тілеу үшін және де үздік диплом табыстау үшін сахнаға________________________________________ шақырамыз. 

Жүргізуші: Үздік диплом иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті ________________ «Мен қазақпын» тамаша әнімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Көптен күткен салтанатты мерзімде келіп жетті. Ол – алтын ұяда 4 жыл бойы, бойыңызға жинаған, білім нәріне сусындағаныңыздың дәлелі – «Диплом» тапсыру салтанаты. Ендеше, студенттерге ақ жол тілеп, келесі құттықтау сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________________ беріледі.

Жүргізуші: Болашақ жас мамандарымызға қошемет білдіріп отырайық. Диплом иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің құрметтеріңізге колледжіміздің биші қыздарын қарсы алыңыздар. Би.

Жүргізуші: Өнерлі студент қашанда биік шыңдарға шығатыны сөзсіз. Колледж өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, колледжден тыс жерлер де, аудандық, облыстық байқауларға, облыстық олимпиадаларға қатысып жүрген

біздің түлектерімізді сәтті аяқтауларымен құттықтай келіп отырған қонағымыз және бітіруші белсенді түлектерімізді алғыс хатпен марапаттау үшін ортаға Жастар ресурстық орталығының маманы ______ортаға шақырамыз. (Жастар ресурстық орталығының алғыс хаты)

Жүргізуші: Ән мерекем. Ортада бүгінгі бастауыш бңлңм беру мамандығының бітіруші түлегі ________________ ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Өмірдегі ең жауапты кезеңге қадам басқан бітіруші түлектерге бүгінгі диплом беру салтанатында дипломмен қоса, еңбек кітапшасы табысталғалы отыр. Ендеше ортаға

1._____________________________________________________________

2._____________________________________________________________

3._____________________________________________________________

шақырамыз. (Еңбек кітапшасы тапсырылады).

Жүргізуші: Ортаға мұнай газ кен орындарын пайдалану мамандығының бітіруші түлектерін өздерінің өнерлерімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ата — ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып

Құрметті ата-аналар колледжіміздің белсенді де, білімді азаматын тәрбиелегеніңіз үшін колледж атынан алғыс хаттарымызды қабыл алыңыздар. Ортаға колледжіміздің директоры __________________ шақырамыз. (Ата-аналарға алғыс хат)

Жүргізуші: Келесі кезекті колледж өміріне, колледжден тыс қоғамдық шараларға атсалысып, колледжіміздің атын шығарып жүрген белсенді студенттерімізді алғыс хатпен марапаттауғабереміз. (Колледж алғыс хаты)

Жүргізуші: Ендеше ортаға өздерінің ақ тілектерін арнау үшін түлектерімізді шақырайық.

1.

2.

3.

Жүргізуші: Колледжіміздің түлегі, жас маман құқықтану мамандығының оқытушысы _______________ мен Бастауыш білім беру мамандығының 3 курс студенті __________________ «Кел студент» әнімен ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошеметтеп отырыңыздар. Ән:

Жүргізуші: Колледж аманатын тапсыру үшін бітіруші үздік диплом иегері ________________ , аманат қабылдап алу құрметі колледжіміздің белсенді 2 курс студенті _________________ беріледі.

Жүргізуші: Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжінің ұжымы қоғамның рухани жандануының басты кепілін мәдениет биіктерінен іздестіреді. Әрбір бітіруші жас түлекке қажымас қайрат, талмас қанат, биік шыңдардан көрінуге, ел өркениетін дамытуға бағытталған өткір де өзекті жобаларын жүзеге асыру жолында сәттіліктер тілейміз!

Жүргізуші: Бүгінгі бітіруші түлектердің «Жас маман – 2018» атты салтанатты жиынын студенттердің қоштасу әнімен аяқтасақ. Барлық жас түлектерді сахна төріне шақырамыз.

Ән: студенттердің қоштасу әні

Жүргізуші: Ауызбіршілігі айнымайтын, ақжүрек жұрт, қуатты ұлт, шуақты ұлыс – Қазақстанның болашақ жастары жасасын…! Келесі кездескенше сау-саламатты болыңыздар…!

Тәрбие сағаты

Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы)

Тақырыбы: Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы)
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан – жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Бірінші – Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т. б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3 – 5 минут).
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ – жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой – өрісін тексеру мақсатында өтеді.
Тест жұмысын орындау (20 сұрақ пәннен, 10 сұрақ әдістеме);
Ситуациялық тапсырма;

Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. «Үздік сабақ» макеті (сабағыңыз үздік болу үшін не істейсіз?)
2. «Мамандығым мақтанышым»- жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсетесіз.
Қатысушы мұғалімдер:
Серікқанова Ж.
Қайырова А.
Баркышева С.
Оразай А.
Жеңісхан И.
Макажанов Д.
Мукажанова А.
Төкежанов А.
Каркенева Д.

1Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман – 2018» жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол – ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол – күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж – жігерлі
А – алғыр
С – сұлу да сымбатты
М – мақсаткер
А – айтқанды екі етпейтін
М – мінезі жайсаң
А – арманшыл
Н – насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Шығармашыл, ақылды, әдемі
Серікқанова Жанерке ортамызда
Жайнап жүр гүлдей алдымызда.
І жүргізуші: Серікқанова Жанерке тәлімгер ұстаз
Ұстанымы: «Өмірдің әр сәтінен сабақ ал»
Тәлімгері: Жібек Өмірбаевна
ІІ жүргізуші:
Биологиядан сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгерім саған сәт – сапар

І жүргізуші:
Биология пәнінің мұғалімі Мукажанова Айгерім Миргалымовна
Ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»
Тәлімгері: Дуанова Алмагуль Кашкеновна
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Азаматтай жаны ізгі жігіттер
І жүргізуші:
Технология пәнінің мұғалімі Төкежанов Азамат
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңді – өзің түсіну»
Тәлімгері: Амангулов Тлеуберген Базылбековия
І жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Ажар біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
– Бастауыш сынып мұғалімі Кайырова Ажар
Ұстанымы «Білсе білім – күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Ағланбекова Б. И.
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Таңшолпандай қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Каркенова Динара – бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: Еңбек – бәрін де жеңбек
Тәлімгері: Нургул Сатбековна
І жүргізуші:
Спорттың нағыз шебері.
Әрбір ісі кемелі.
Баулыған әрбір өренді,
Ильяс біздің өнерлі
І жүргізуші:
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жеңісхан Ильяс
Ұстанымы: « Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»
Тәлімгері: Курумбаев К. А.
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Абзал
Шығады әлі талай биік шыңдарға.
І жүргізуші:
Оразай Абзал – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Болашақ бүгіннен басталады.»
Тәлімгері: Курумбаев Қ. А.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән: «Айгерім»
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
Мектеп директоры: Абраимова Еркежан Мураткановна
Тәрбие жұмысының жетекшісі: Сембаева Ж. Ө
Бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі: Ағланбекова Б. И
2. Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

Бірінші – Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т. б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
1. Жүргізуші:
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3 – 5 минут).
2. Жүргізуші:
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ – жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой – өрісін тексеру мақсатында өтеді.
А. Тест жұмысыны орындау
Б. Ситиуациялық тапсырма
1. Жүргізуші:
Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді:
А. Үздік сабақ
Б. Мамандығым – мақтанышым жетістіктеріңізді презентация арқылы көрсету.
2. Жүргізуші:
1. Жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді.
2. Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін – өзі таныстыруға кезек берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
– Көрерменге әсер етуі
– Орындау шеберлігі
– эмоционалдығы

Таныстыру кезеңі
1. Жүргізуші: Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: – Орындау шеберлігі
– Образдылығы
– Шынайылығы
– Көрерменді баурап алуы
«Өнерлінің өрісі кең»
(өнер көрсетіп болғасын)
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)

2. Жүргізуші: Осындай тапқыр достар кез – келген де,
Жетсін – ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы) жүктеу


Заманауи жас маман мектепішілік байқауы жас ұстаздар өз кәсібінің шебері іскерлік үздік жас маман

© Дереккөзі

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жас кітапханашылар сайысы сценарий
  • Жас инспекторлар сайысы сценарий
  • Жас аспазшы бай?ауы сценарий
  • Жас ?ыран ?йымына ?абылдау сценарий бастауыш сынып
  • Жас ?ланды ?абылдау сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии