Тақырыбы: Жас мамандармен тренинг
«Ой толқымаса, сөз шықпас»
Мақсаты:
Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;
«Сынық құмыра» аңыз-әңгімесі. (видеоролик)
Жас мамандар аңыз-әңгіме бойынша өз пікірлерін ортаға салып, мазмұнына талдау жасайды.
«Маятник» ойыны.
Шарты: 2 топқа адамның дене мүшелерінің суреті беріледі, яғни бірінші топ адамның бойындағы жақсы қасиеттердің қай жерде орналасатынын тауып қағаз бетіне жапсырады, ал екінші топ берілген суреттегі қай дене мүшесінде жаман қасиеттердің орналасатынын тауып қиып тастаулары қажет. (1-сурет)
- «Жануарлар» ойыны.
Мақсаты: педагогтың мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, жаттығуға қатысушылардың басқалардың әрекетіне зейін салуына, байқағыштыққа сонымен қатар басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуге жетелейді.
Ойын шарты: қатысушыларға жануарлардың аты жазылған текшелер беріледі. Барлығы шеңбер бойына жиналып, қолдарындағы жануарлардың бір ғана қимылын салу қажет. Әрқайсысының міндеттері әуен тоқтағанда өз сыңарларын табулары қажет.
- «Коучинг ой-жазу» жаттығуы.
Алдыңғы «Жануарлар» ойынында берілген жануарлардың аты бойынша барлығы өз сыңарларымен сөйлем құрастырулары қажет, яғни ол жас маманның оқу-тәрбие барысында кездескен қиындықтары, ұжыммен қарым-қатынас кезіндегі қарама-қайшылықтары, болмаса жеткен жетістіктері, ұсыныс-пікірлер түрінде де құрастыруға болады.
Мысалы:
- М,е,ш,і,н;
- С,и,ы,р.
- Т,ү,л,к,і.
- Ж,ы,л,қ,ы.
- М,ы,с,ы,қ
- «Педагогтың кәсіби бейімделуі» сауалнамасы
«Жас мұғалімнің бейімделу проблемасы» сауалнама Сізден анкета сұрақтарымен алдын ала мұқият танысып, тиісті жауапты таңдап алғаннан кейін, анкетаны толтыруыңызды сұраймыз. Сізге зерттеуге қатысып, өз ойыңызбен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
1. Педагогикалық жұмысқа Сіз қалай келдіңіз?
— саналы түрде
— өзге салалардан жұмыс таппағандықтан
2. Сіз жұмысты қалай іздедіңіз/таптыңыз?
— бітірген жоғары оқу орнынның жолдауымен
— аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жолдауымен
— мақсатты түрде ауданның/қаланың ең үздік мектебін іздедім
— достарымның/әріптестерімнің ұсынымдары арқылы вакансия таптым
— мектеп әкімшілігі шақырды
3. Сізде тәлімгер-мұғалім бар ма?
— иә, және оның көмегі тиімді
— жоқ, бірақ ол маған керек
— жоқ, мен оған мұқтаж емеспін
— иә, бірақ оның көмегі тиімсіз
4. Өзіңіздің жеке педагогикалық қызметіңізден кейін Сіздің мұғалімнің жұмысына деген көзқарасыңыз өзгерді ме, егерөзгерсе қалай?
— өзгерген жоқ
— жақсы жағына қарай өзгерді
— жаман жағына қарай өзгерді
— жауап беруге қиналамын
5. Өзіңіздің мектептегі жұмысыңыздың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады?
— толық қанағаттанамын
— жоқтан гөрі, иә
— иәден гөрі, жоқ
— нақты жоқ
— жауап беруге қиналамын
6. Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесесіз:
— сабақ беретін пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
— екі және одан да көп пәндерден сабақ беру
— тәлімгерлік жүйесінің болмауы
— педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастар
— мектеп әкімшілігінің жұмыс стилі
— оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасы
— оқушылардың оқуға ынтасының жоқтығы
7. Мектепте жұмыс істеу кезінде Сіз жоғары оқу орнында алған біліміңіздің тәжірибелік пайдасын жалпы қалай бағалайсыз?
— өте жоғары
— айтарлықтай жоғары
— аса жоғары емес
— төмен
8. Сіздің ойыңызша, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқыту мазмұнында не жетіспейді?
— сабақ беретін пән бойынша мазмұны мен білім ауқымы
— кәсіптік тәжірибе бойынша уақыт көлемі мен мазмұны
9. Өзіңіздің негізгі педагогикалық біліміңізді жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектеп қабырғасында алғандығыңызбенкелісесіз бе?
— келісемін
— келісемін, бірақ толығынан емес
— ішінара келісемін
— келіспеймін
10. Алдағы бірнеше жылда өзіңіздің педагогикалық мансабыңыздың дамуын қалай бағамдайсыз?
— жұмыс істеп жүрген мектебімде, пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру
— мансаптық өсу (оқу меңгерушісі, мектептің құрылымдық бөлімінің басшысы) оған қоса пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру
— өзге беделді, кәсіби тартымды мектепке ауысу
— магистратураға түсу, ғылыми-педагогикалық қызметті бастау
— екінші жоғары білім алу
11. Мамандықты ауыстыру туралы ойыңыз бар ма?
— иә
— жоқ
12. Мамандықты ауыстыру ойыңыз болса, оның себебі
— мамандықтан түңілу
— ұтымды ұсыныс түсу
— жеткіліксіз кәсіби деңгейіме байланысты
— мектептегі психологиялық жағдайға байланысты
Соңында, өзіңіз туралы шағын ақпарат
Тегі, аты–жөніңіз (толық)________________________________________________
қала, аудан, облыс________________________________________________________
Сіз бітірген жоғары оқу орнының аты _____________________________________
диплом бойынша біліктілігіңіз _____________________________________________
жоғары оқу орнын бітірген жыл ___________________________________________
жүргізетін сабақтарыңыз ___________________________________________
- «Релаксация»
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Өзен толқындары құдды бір бұйра шаштай толқып өріледі. Судың сылдыры құлағыңызға жағып, күн шуағы құлағыңызға жағып, денеңізді қыздырып барады. Сіз орныңыздан тұрып, ыстық құмның үстімен жалаң аяқ жүріп келесіз. Ыстық құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Сіз салқын су ішіп денеңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жан-жағыңызға қараңыз, өте әдемі көрініс көріп отырсыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм. Кең дем алып, ақырындап, демімізді сыртымызға шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз бойымызға күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді керемет жандармыз.
- Жадынама тарату
Жұмысты жаңа бастаған жас мамандарды қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
- Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
- Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз. - Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
- Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
- Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
- Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
- Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
- Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
- Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
Жас мамандарға
- Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
- Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
- Өзіңіздің білім атты «жүктемеңізді» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
- Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
- Сабаққа көрнекілікті «артығымен» әзірлеңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
- Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.
Просмотр содержимого документа
««Жас маманның бейімделуі» Тренинг»
А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
«Жас маманның бейімделуі»
Өткізген: педагог — психолог Култанова Т.Б.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: Жас мамандармен тренинг
«Ой толқымаса, сөз шықпас»
Мақсаты:
Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;
«Сынық құмыра» аңыз-әңгімесі. (видеоролик)
Жас мамандар аңыз-әңгіме бойынша өз пікірлерін ортаға салып, мазмұнына талдау жасайды.
«Маятник» ойыны.
Шарты: 2 топқа адамның дене мүшелерінің суреті беріледі, яғни бірінші топ адамның бойындағы жақсы қасиеттердің қай жерде орналасатынын тауып қағаз бетіне жапсырады, ал екінші топ берілген суреттегі қай дене мүшесінде жаман қасиеттердің орналасатынын тауып қиып тастаулары қажет. (1-сурет)
-
«Жануарлар» ойыны.
Мақсаты: педагогтың мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, жаттығуға қатысушылардың басқалардың әрекетіне зейін салуына, байқағыштыққа сонымен қатар басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуге жетелейді.
Ойын шарты: қатысушыларға жануарлардың аты жазылған текшелер беріледі. Барлығы шеңбер бойына жиналып, қолдарындағы жануарлардың бір ғана қимылын салу қажет. Әрқайсысының міндеттері әуен тоқтағанда өз сыңарларын табулары қажет.
-
«Коучинг ой-жазу» жаттығуы.
Алдыңғы «Жануарлар» ойынында берілген жануарлардың аты бойынша барлығы өз сыңарларымен сөйлем құрастырулары қажет, яғни ол жас маманның оқу-тәрбие барысында кездескен қиындықтары, ұжыммен қарым-қатынас кезіндегі қарама-қайшылықтары, болмаса жеткен жетістіктері, ұсыныс-пікірлер түрінде де құрастыруға болады.
Мысалы:
-
М,е,ш,і,н;
-
С,и,ы,р.
-
Т,ү,л,к,і.
-
Ж,ы,л,қ,ы.
-
М,ы,с,ы,қ
-
«Педагогтың кәсіби бейімделуі» сауалнамасы
«Жас мұғалімнің бейімделу проблемасы» сауалнама Сізден анкета сұрақтарымен алдын ала мұқият танысып, тиісті жауапты таңдап алғаннан кейін, анкетаны толтыруыңызды сұраймыз. Сізге зерттеуге қатысып, өз ойыңызбен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
1. Педагогикалық жұмысқа Сіз қалай келдіңіз?
— саналы түрде
— өзге салалардан жұмыс таппағандықтан
2. Сіз жұмысты қалай іздедіңіз/таптыңыз?
— бітірген жоғары оқу орнынның жолдауымен
— аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жолдауымен
— мақсатты түрде ауданның/қаланың ең үздік мектебін іздедім
— достарымның/әріптестерімнің ұсынымдары арқылы вакансия таптым
— мектеп әкімшілігі шақырды
3. Сізде тәлімгер-мұғалім бар ма?
— иә, және оның көмегі тиімді
— жоқ, бірақ ол маған керек
— жоқ, мен оған мұқтаж емеспін
— иә, бірақ оның көмегі тиімсіз
4. Өзіңіздің жеке педагогикалық қызметіңізден кейін Сіздің мұғалімнің жұмысына деген көзқарасыңыз өзгерді ме, егерөзгерсе қалай?
— өзгерген жоқ
— жақсы жағына қарай өзгерді
— жаман жағына қарай өзгерді
— жауап беруге қиналамын
5. Өзіңіздің мектептегі жұмысыңыздың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады?
— толық қанағаттанамын
— жоқтан гөрі, иә
— иәден гөрі, жоқ
— нақты жоқ
— жауап беруге қиналамын
6. Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесесіз:
— сабақ беретін пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
— екі және одан да көп пәндерден сабақ беру
— тәлімгерлік жүйесінің болмауы
— педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастар
— мектеп әкімшілігінің жұмыс стилі
— оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасы
— оқушылардың оқуға ынтасының жоқтығы
7. Мектепте жұмыс істеу кезінде Сіз жоғары оқу орнында алған біліміңіздің тәжірибелік пайдасын жалпы қалай бағалайсыз?
— өте жоғары
— айтарлықтай жоғары
— аса жоғары емес
— төмен
8. Сіздің ойыңызша, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқыту мазмұнында не жетіспейді?
— сабақ беретін пән бойынша мазмұны мен білім ауқымы
— кәсіптік тәжірибе бойынша уақыт көлемі мен мазмұны
9. Өзіңіздің негізгі педагогикалық біліміңізді жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектеп қабырғасында алғандығыңызбенкелісесіз бе?
— келісемін
— келісемін, бірақ толығынан емес
— ішінара келісемін
— келіспеймін
10. Алдағы бірнеше жылда өзіңіздің педагогикалық мансабыңыздың дамуын қалай бағамдайсыз?
— жұмыс істеп жүрген мектебімде, пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру
— мансаптық өсу (оқу меңгерушісі, мектептің құрылымдық бөлімінің басшысы) оған қоса пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру
— өзге беделді, кәсіби тартымды мектепке ауысу
— магистратураға түсу, ғылыми-педагогикалық қызметті бастау
— екінші жоғары білім алу
11. Мамандықты ауыстыру туралы ойыңыз бар ма?
— иә
— жоқ
12. Мамандықты ауыстыру ойыңыз болса, оның себебі
— мамандықтан түңілу
— ұтымды ұсыныс түсу
— жеткіліксіз кәсіби деңгейіме байланысты
— мектептегі психологиялық жағдайға байланысты
Соңында, өзіңіз туралы шағын ақпарат
Тегі, аты–жөніңіз (толық)________________________________________________
қала, аудан, облыс________________________________________________________
Сіз бітірген жоғары оқу орнының аты _____________________________________
диплом бойынша біліктілігіңіз _____________________________________________
жоғары оқу орнын бітірген жыл ___________________________________________
жүргізетін сабақтарыңыз ___________________________________________
-
«Релаксация»
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Өзен толқындары құдды бір бұйра шаштай толқып өріледі. Судың сылдыры құлағыңызға жағып, күн шуағы құлағыңызға жағып, денеңізді қыздырып барады. Сіз орныңыздан тұрып, ыстық құмның үстімен жалаң аяқ жүріп келесіз. Ыстық құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Сіз салқын су ішіп денеңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жан-жағыңызға қараңыз, өте әдемі көрініс көріп отырсыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм. Кең дем алып, ақырындап, демімізді сыртымызға шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз бойымызға күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді керемет жандармыз.
-
Жадынама тарату
Жұмысты жаңа бастаған жас мамандарды қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
-
Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
-
Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз. -
Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
-
Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
-
Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
-
Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
-
Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
-
Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
-
Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
Жас мамандарға
-
Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
-
Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
-
Өзіңіздің білім атты «жүктемеңізді» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
-
Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
-
Сабаққа көрнекілікті «артығымен» әзірлеңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
-
Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
Хаттама
А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Күні: 29 қырқүйек
Тақырыбы : «Жас маманның бейімделуі»
Мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу; жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;
Контингент: жас мамандар
Қолданылған құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, қағаз, қалам, видеоролик
Жүру барысы:
«Сынық құмыра» аңыз-әңгімесі. (видеоролик) көрсетілді. Жас мамандар аңыз-әңгіме бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Гүлназ Бауыржанқызы: сынық құмыраның құндылығын, ескі екенін,- айтты. Айдана Жаналиева: ескі, жырық құмыра болса да жолға төгілген суға гүлдер құлпырып шықты. Ол әрине құтты, бағалы құмыра.
«Маятник» ойыны.
Шарты: 2 топқа адамның дене мүшелерінің суреті беріледі, яғни бірінші топ адамның бойындағы жақсы қасиеттердің қай жерде орналасатынын тауып қағаз бетіне жапсырды, ал екінші топ берілген суреттегі қай дене мүшесінде жаман қасиеттердің орналасатынын тауып қиып тастады.
«Жануарлар» ойыны.
Мақсаты: педагогтың мәнерлік мінез-құлықтың дамуына әсер етеді, жаттығуға қатысушылардың басқалардың әрекетіне зейін салуына, байқағыштыққа сонымен қатар басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуге жетелейді.
Ойын шарты: қатысушыларға жануарлардың аты жазылған текшелер беріледі. Барлығы шеңбер бойына жиналып, қолдарындағы жануарлардың бір ғана қимылын салу қажет. Әрқайсысының міндеттері әуен тоқтағанда өз сыңарларын табулары қажет.
«Педагогтың кәсіби бейімделуі» сауалнамасы
«Релаксация»
Жадынама таратылды. Жас мамандар тренингке белсене қатысты. Жұмысты жаңа бастаған жас мамандарды қате қадамнан сақтандыратын бірнеше кеңестер берілді.
Педагог-психолог: Култанова Т.Б.
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл,
бейбітшіл, дау—дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі
өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық,
көңіл—күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға
бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез—құлқына,
қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш,
жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны
стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым—қатынас орнату,
қарым—қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды
біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну,
жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу,
әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа
бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер –
жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік,
айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық,
саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар
секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» — ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша
ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі,
креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен
қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген
оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл—күйінің
өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті
(шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты
ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей
тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде
өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық
мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде
орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын,
тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар.
Олар сенімді, тұрақты адамдар.
Жас мамандармен тренинг: «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Жас мамандарға психологиялық көмек көрсету, кәсіби құлшынысын арттыру мақсатында жүргізуге болатын тренинг
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Жас мамандармен тренинг: «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
Куатова Айжан Сериковна
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясы педагог-психолог
14.01.2019
11572
109
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Мақсаты: Жас мамандардың білім көкжиегін ақпараттық технологиялармен байланыстыра отырып, шығармашылығын дамыту;
Тәуелсіздік Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз өлкесінен басталады.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей келе Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Жүргізуші:
— Армысыздар құрметті бүгінгі сайыстың талапкерлері, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арнап ұйымдастырылып отырған «Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысына қош келіпсіздер!
Тәуелсіздігіміздің туын желбіретіп, өзге елдермен тереземізді теңестіретін ол – білім. Сол білім арқылы егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, бұл ақпараттық технологияларды жан – жақты меңгерген ұстаздардың жемісі.
Жүргізуші:
— ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Осы мақсатта Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Жас маман және ақпараттық технология» сайысы ұйымдастырылып отыр.
Жүргізуші: Ендеше бүгін сайысқа түскелі отырған жас мамандарды ортаға шақырайық.
Қара қылды қақ жарып бүгінгі сайыстың әділ шешімін беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Бағдарламада:
Электронды портфолио.
Microsoft еxcel
Power point
Microsoft word
Өз өнерін көрсету.
Мұғалім портфолиосы.
2.Білгенге: Білім байлық – бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай – деп Омар Шораяқұлы жырлағандай білгенін ортаға салар кез келген тәрізді. Ендеше, келесі бөліміміз — Microsoft еxcel.
Microsoft еxcel – электрондық кестемен жұмыс жасау программасы. Бұл бөлімде әр жас маман қолына берілген тапсырма бойынша Еxcel – де диаграмма құруы қажет. Диаграмма таңдау ерікті.
3.Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс бар – дағы жең.
Дүниеде барлығыңды кім біледі,
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен! – деген жолдарынан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың адамзат баласына , яғни жастарға үлкен бір күш пен жігер бере жырлағанын айқын көруге болады.Олай болса, тәуекел етіп, жігеріңді жиып, нағыз тартысқа түсетін сәт —
Power paint программасы
Power point – программасы презентациялар мен анимациялар жиынтығы. Мұнда әрбір сайыскер өз қалауынша презентациялар жасау қажет. Уақыт шектеулі 7 мин.
4. Мағжан Жұмабаев:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін — деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді Microsoft word программасы бойынша сайысқа түседі.
Microsoft word – мәтіндік редактор программасы. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерге берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Уақыт шектеулі
Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын ең соңғы шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
Қорытынды:
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.
Ұқсас материалдар:
- Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
- «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
- «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
- 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
- Жас маманға әдістемелік кеңес
- «Жарқын елдің шамшырағы — жас маман» (эссе)
-
Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
Подборка по базе: Ответы Методика разработки и проведения тренинга.pdf, Социально-пс ихологический тренинг (часть 1_2) Точилина Т.В..doc, Социально Психологический тренинг Федько.docx, «Психофизический тренинг по актерскому мастерству».doc, жас мамандармен тренинг,сауалнама қорытындысы.docx, соц псих тренинг.docx, Профессиональная этика — Профилактика конфликтных ситуаций посре, соц псих тренинг.docx, 7 класс тренинг.docx, Соц.псих. тренинг.docx
Жас мамандарға арналған тренинг
Мақсаты: Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және жас мамандарға көмек көрсету. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарастарын анықтау.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд, музыка аппараты, баяу әуенді диск
Нақыл сөздер: «Жас маман! Әрбір бала – бір жүлдыз. Жарқырауына көмектес!» Ахмет Байтұрсынов:»Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»
Психолог сөзі:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- «Танысу» тренингі.
- «Менің құндылықтарым» тренингі
- «Лабиринт» тренингі
- «Бақшада» аутотренингі
- «Жақсы сабақ дайындау рецептісі» кеңесі
1. «Танысу» тренингі.
2. «Менің құндылықтарым» тренингі
Психолог алдына үш литрлік банканы алып, оны диаметрі екі сантимертден кем емес тастармен толтырады.
Содан кейін ұстаздардан: «Банка толды ма?» деп сұрайды.
Ұстаздар: «Иә, толды» деп жауап берді.
Ары қарай психолог ас бұршақтарын салады да, оны біраз сілкіп қалады. Бұршақтар тас арасындағы бос орындарға орналасады. Сонда психолог қайтадан сұрайды: «Банка толды ма?»
— «Толды» — деп жауап береді.
Сол кезде психолог қолына бір қорап алады. Оның іші құмға толы еді. Сол құмды банкаға төгеді. Әрине, құм банкадағы бар бос орынды алып, тасты да, бұршақты да жауып тастайды.
Психолог тағы да сұрайды: «Банка болды ма?»
Ұстаздар: «Иә, толды» деп жауап берді.
Сонда психолог бір кесе су алып банкаға толық құяды, ол су құмды ерітіп жібереді. Сонда психолог:
— Сіздер мынаны түсіндіңіздер: банка – бұл сіздің өміріңіз. Тастар – бұл өміріңіздегі ең маңызды құндылықтарыңыз: жанұяңыз, денсаулығыңыз, үйіңіз, балаларыңыз – жалпы басқа еш нәрсе болмасада, сізді бақытты ететін құндылықтар. Асбұршақ – жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет, мансабыңыз, т.б, ал құм – қалған ұсақ түйектер.
Егер банкаға бірінші құм салсақ, онда тас пен бұршаққа орын қалмайтын еді. Өмірдеде дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш – жігеріңізді ұсақ – түйекке кетірсеңіз, маңызды орындар үшін орын қалмайды.
Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз, өз мақсат – мүдделеріңізді анықтаңыз, ал қалғаны құм ғана.
3. «Лабиринт» тренингі
Жаттығудың мақсаты: сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау.
Суретте көрсетілгендей кез келген матаға маркермен бұрылыстары көп жолдар салынады, яғни лабиринт және көрсетілген жолмен жүретін кез келген шағын дөңгелекше қажет. Топ матаны керіп қолдарымен ұстап тұрады. Нұсқаушы белгі бергеннен кейін мата үстіндегі шағын дөңгелекшені керілген матаның көмегімен жылжытып барлық жолдардан өтіп шығады. Ойын кезінде сөйлеуге болмайды. Сөйлеген жағдайда немесе дөңгелекше жолдардан шығып кеткен жағдайда жаттығуды қайта бастайды. қашан толық өтіп шыққанша жалғаса береді. жаттығудың да мақсаты осы. Топпен бірлесе жұмыс істегенде ғана тиімді нәтижеге жетеміз. Жаттығу біткеннен кейін қатысушылар өз ойларын,пікірлерін білдіреді.
Жаттығуды талдау:
— Ойын саған ұнады ма?
— Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсені кім айтты?
4. «Бақшада» аутотренингі
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.
Уақыты: 7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.
ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.
б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.
Кіріспе:
— Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
— Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
— Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
— Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
— Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
— Алма бағы …
— Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
— Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
— Дәмі керемет …
— Жеген сайын жегіңіз келеді …
— Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
— Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
— Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
— Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
— Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
— Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
— Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
— Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.
5. «Жақсы сабақ дайындау рецептісі» кеңесі
Құрметті ұстаздар мұғалім болу бейнеті мен зейнеті қатар жүретін мамандық екенін бармашыз білеміз. Ендеше сол жұмысты абыроймен атқаруда жас ұстаздарға арнап жасаған рецептіміз бар еді, сонымен таныстырып өтейін. Оқушыларға жақсы сабақ дайындауда біздің рецептіміздің көмегі тиер деп ойлаймын.
«Жақсы сабақ дайындау рецептісі»
- 12 порция ақылдылық
- 11 порция шыдамдылық
- 10 порция батылдық
- 9 порция жұмысқа қабілеттілік
- 8 порция оптимизм
- 7 порция өз ісіңе берілушілік
- 6 порция ойлану
- 5 порция мейірімділік
- 4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
- 3 порция юмор
- 2 порция такт
- 1 порция әр балаға үміт қосыңыз
Ескерту: Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болуы үшін, 1 қасық жақсы көңіл – күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз сабағыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әзірлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. Сабақтарыңыз сәтті болсын, құрметті әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!
«Жүректен жүрекке»
Тренингті қорытындылау
«Үздік жас маман!»
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол — ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол — күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Диляра әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І жүргізуші: Хибасова Диляра Газизовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажымуханқызы
ІІ жүргізуші:
Бастауышта сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгүль саған сәт — сапар
І жүргізуші:
Койбағарова Айгүль Бектемисовна бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Арзиева Құралай Байрамқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер
І жүргізуші:
Есенкулов Малик Ендірбайұлы,
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе — біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе — өзіңді — өзің түсіну»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан — ағай
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлсүм біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Агибаева Гүльсүм Ұстанымы «Білсе білім — күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Мауленова Айгуль Ізтелуовна
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Әсель біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Жунусова Әсель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Ляззат біздің өнерлі
І жүргізуші:
Калилаева Ляззат Қолдасқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Айтжанова Дина Теңізбаевна
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Тарих тану ұстазы
Жансая біздің жан — жақты.
І жүргізуші:
Тоқсанбаева Жансая Маратовна тарих пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
І І жүргізуші:
Даярлық топтың сабағын
Қызықтырып өткізген
Эльмираның
Бар бойынан табасың
І жүргізуші:
Ізмұхан Эльмира даярлық тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Бахытжанова Дамегүль Үмбетовна
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айданадай маманнан
Шәкірт ұғып алады
І жүргізуші:
Бекмағанбетова Айдана бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Қыпшақбаева Тазагүль Маденқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Аманжол
Шығады әлі талай биік шыңға.
І жүргізуші:
Лепесов Аманжол Абужанович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан ағай
ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас…» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Керімбаев Ардагер Амангельдиевичті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Керімбаев А. А. мектеп директоры
2. Айнакожаева Ш. К. оқу ісінің меңгерушісі
3. Сабырова А. С. тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Байбекова М. О.- әлеуметтік педагог
5. Джумабаева А. А. кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:- Мазмұны
— Көрерменге әсер етуі
— Орындау шеберлігі
— эмоционалдығы
ІІ тур — Ширату
1. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 — ойыншы:
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)
2 — ойыншы:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
3 — ойыншы.
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ )
4 — ойыншы.
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
5 — ойыншы
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер — асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
6 — ойыншы
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир — Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
7 — ойыншы
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
8 — ойыншы
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып
9 — ойыншы
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер — металлург
10 — ойыншы
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
11 — ойыншы
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама — қарсы сөздер. ( антоним)
Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай)
2. Жүргізуші: Мақал — мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі — өз тілім
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
Мақалды аяқтау.
1. Найзасыз ер болмайды (Таңбасыз ел болмайды)
2. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
3. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
4. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
7. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
8. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
9. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
10. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)
1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Төртінші кезең. Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
— Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: — Орындау шеберлігі
— Образдылығы
— Шынайылығы
— Көрерменді баурап алуы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
1. Жүргізуші:– Бесінші кезең
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: — Жағдайды шешу шеберлігі
— Педагогикалық — психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
— Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне, жауабына сенімділігі
Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір — бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.
1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
— Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
— Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз…
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер — кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата — ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата — ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
— Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата — ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата — анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз…
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара — пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттау.