Балаба?шада?ы жайдарлы жаз .
Покатилов ауылында?ы «?ыз?алда?» балаба?шасында жаз айларында с?билерді? денсаулы?ын ны?айтып ,ой-?рістерін дамыту?а арналган шаралар ?туде .Жаз айыны? жайдарлы к?ндері т?рбиешілер с?билерді адамгершілікке,ізгілікке,?з жерін, ту?ан ауылын ,Отанын с?юге ,?адірлей білуге баулы?ан,с?билерді ойната ж?ріп ойландыра алатын ,жа?а заман талабына сай т?л?аны т?рбиелеуде ма?ызды орын бар,т?рлі серуен,ерте?гілік ?ткізуде.
?аза?стан Республикасы Президенті Н.?.Назарбаев 2010 жыл?ы 7желто?санда?ы №118 жарлы?ымен бекітілген «?аза?стан Республикасында білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасында»
«Зерек бала мектепке дейінгі т?рбиемен о?ытуды? м?нін арттыру жалпы ?лемдік ?рдістер ?атарына жатады .Балаба?ша?а бар?ан балалар білім беруді? барлы? де?гейлерінде білімді тез ?абылдайды ж?не жалпы ?мірде табысты болып келеді»-деп жазыл?ан с?би ж?ректерді н?р?а,?уанышка толтыр?ан «Білімге ал?аш жол ашкан,?ош бол менні? балаба?шам!»атты ертенгілікті ?ткізген Габдуаахитова Жибек б?л к?ніді мерекеге айналдыра білді.Балаба?шамен ?оштас?ан б?лдіршіндер ?з ?нерлерімен ата-аналарын да ?уантты.
«Ауылым алтын бесігім» атты та?ырып аясында Шамуратова Гулдана балалар?а серуен ?йымдастырып ,ауылда?ы мекемелерге «Демалыс саяба?ына» апарып ,ауыл адамдарыны? е?бек іс ?рекетімен таныстырды .Б?лдіршіндер де ?з ойларын айтып,с?ра?тар беріп жатты.Балаларды? ауыз ?дебиетіне,?лтты? салт д?ст?рге,?мірге тал?амдарын,к?з?арастарын зерделі зейінмен ?алыптатыру?а арнал?ан.
«Ертегілер-бізде ?она?та»атты ерте?гілікті Айткалиева Н?ржау?ан ?ткізді.Ертегі кейіпкерлермен бірге р?лдік сюжеттік ойндар ойнатып,ж?мба?тар шешкізеді.
Елбасы Н.? Назарбаев :Білімді сауатты адамдар-б?л ХХІ ?асырда адамзат дамуыны? негізгі ?оз?аушы к?ші-деуіні? ?зі-?лкен жауапкершілікті ж?ктейді .Мені? де ж?регім арман –ма?сат?а толы,жаным ??штарлы??а жа?ын ,ж?мыс десе жанып т?р?ан бойымда?ы жалыным бар –жас маманмын .Кішкентай б?лдіршіндерді отанымды с?юге ,елімізді? бас ?аласы Астананы ?адірлеуге ,тани білуге арнал?ан «К?рікті мені? Астанам! » атты ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетін ?ткіздім .?лты ?р т?рлі болса да,ойы-тілегі бір халы? т?ратын ауылды? б?лдіршіндері де с?йкімді .Олар Астана туралы та?па?тар ,?н айтып , «Б?йтерек», «Хан шатыры», «Бейбітшілік ж?не Келісім сарайы » т.б ?аланы? к?рікті ,?сем ?имараттарыны? суреттерін тамашалап ,?здері де Астана ?аласына с?йіспеншілігін жеткізуге талпынып ?аланы? ?сем келбетін салын?ан суреттерді ?п-?демі етіп бояды.
Б?лдіршіндерге жол ?ауіпсіздік ережесін са?тай білуге арнал?ан «Жол ережесін білейік ,Аман есен ж?рейік!»-атты шараны жас маман Рамазанова Альфия ?лкен ?зірлікпен ?ткізді.Т?рбиеші балаларды ба?даршамны? т?стерін ажырату?а,жаяу ж?ргінші жол ?ауіпсіздігін ?алай са?тау керек екендігін білу ?ажеттігі туралы ?йретті.Б?лдіршіндер жол белгілері туралы ж?мба?тар шеші.
21.06.2013 жылы к?ні б?лдіршіндермен спортты? шара ?тті.Балалар ?лтты? ойындар?а зор ынтамен ?атысты. «?аза?стан-2030»стратегиялы? ба?дарламасы елімізде салауатты ?мір салтын насихаттау ?шін спортты дамытуды? міндеттерін белгілеп берсе ,Елбасыны? жыл сайын?ы халы??а арнал?ан Жолдауында б?л ма?сат ай?ын к?рсетілген .Б?гінгі бала елімізді? ерте?і.
Біздер де балаба?ша да б?лдіршіндерді? денсаулы?ын са?тап,ны?айту?а шыны?тыру?а арнал?ан «К??ілді жаз » атты спортты? шара ?ткіздік . ?имыл-?оз?алыс?а толы ойындарды ойнап,спортты? сайыс?а ?ызы?а ?атыс?ан б?лдіршіндерден болаша?та елін , Отанын с?йген ,жерін,ана тілін ?адірлей білген ?лтжанды азамат шы?атынын мен шын ж?ректен сенемін.
Жаз бойы барлы? уа?ытын балаба?шаны? асханасында ?ткізетін аспазшы Л.Васильевна,аспаз к?мекшісі Г.Гумарова е?бегі айтарлы?тай .Олар ат?ар?ан аспазды? міндеттеріне ?лкен м?н беріп , балалар?а ?те д?мді та?ам ?зірлеп,б?лдіршіндерді? ал?ысына б?ленген жандар.Т?рбиешіні? к?мекшілері А.Рамазанова,К.Мырза?алиева б?лдіршіндерді? тазалы?ына к??іл б?ліп ,?з ж?мыстарын адал ат?ару?а тырысады.
«Т?рбие- талбесіктен басталады »-. Балаба?ша б?лдіршіні? екінші ?йі .Бала?а балаба?шада т?лім-т?рбие беретін,та?ерте? жылы шыраймен ?арсылап алатын т?рбиешілер ?з міндеттерін адал ат?ару?а талпынады «?ыз?алда?»балаба?шаны? ме?герушісі Тлесова А.М да ?зі де талмай ізденіп ,о?ып т?рбиешілерге де талап ?оя білетін е?бек?ор жан.
?зім Орал ?аласында т?рсам да,осы Покатилов ауылына ж?мыс?а келдім,енді к?н де бойымда?ы к?ш-жігерімді,білімімді ?нерімді осы балаба?шада?ы б?лдіршіндерді т?рбиелеп,о?ыту?а арна?ым келеді.Жайдарлы жаз бізді? «?ыз?алда? » балаба?шасында м?нді де ,с?нді ?ызы?ты т?рде ?тіп жатыр Сан ?лт т?ратын ,досты?ы жарас?ан ,тілегі бір ауылда халы?ты? к??ілінен шы?ып ,?рпа? т?рбиесі алдында?ы жауапкершілігімізді сезініп ,т?рбиешілік ,?зтазды? міндетімізді адал ат?ару бізді? міндетіміз .
Омарова Мейрамг?л Н?рлыбек?ызы
«?ыз?алда?» балаба?шасы ?діскері.
Покатилов ауылы.
Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы жайдарлы жаз .»
Қайырлы күн, әріптестер және жас мамандар!
«Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер !
Ұстаз! Ол-ақыл ойдың кені емес пе ?
Көш бастар заманының ері емес пе ?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе ?
:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,
Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,
Жас мамандар сайысатын кез келді,
Танытатын бар болмысын барын сап.
жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
«Жас маман деген кім ?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды
ортаға шақырамыз.
Актанова Айдана Сағындыққызы «Ақжелкен» ересектер тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:«Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері:Уахитова Жанна Николаевна
Қадырғалиева Гүлдана Берікқызы «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:«Еңбек етсең еріңбей, тояды қарының тіленбей»
Тәлімгері: Туякова Динара Дәрменқызы
Гарифуллина Фариза Радикқызы «Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Мухамбетжанова Орынғаным Сайлауқызы
Сұлтанова Гүлназым Ильсқызы «Балбөбек» тобының тәрбиешісі
Ұстанымы «Білсе білім-күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Сариева Ира Жаннатқызы
Машықкер:Рамазанова Гулжихан Серикбаена
Машықкер:Туякова Бактыгул Серикбаевна
Машықкер: Шангереева Нүргүл Батырқызы
Машықкер:Қапашева Айна Абатқызы
Жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақ тілегін тілеуші «Өркен» МдҰ директоры Уразгалиева Жаңылсын Балтабайқызын шақырамыз
Жас мамандар толқып тұрған болар,олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы Сұлтан Төребекұлын жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба ,орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па ?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1. «Өркен» МдҰ директоры Уразгалиева Ж.Б
2. «Өркен» МдҰ әдіскері Туякова Д.Д
3. «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешісі Есеналиева Галия Төлепқызы
Сайыстың кезеңдері:
1.«Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 5 минуттық таныстыру)
2. .Жағдаяттар қоржыны (педситуация)
3.«Өнердің өрі- таланттың төрі»(өнерін көрсету 3 минут)
4«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» (ұйымдастырылған .оқу іс әрекеті немесе ашық сабақтар)
Бәйге қуып, мамандар өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен 4 маман кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Ескеріледі :- Мазмұны
-Көрерменге әсер етуі
-Орындау шеберлігі
-эмоционалдығы
Ортаға кезекпен жас мамандарымызды шақырамыз.
Таныстыру бөлімінің бағаларымен таныс болайық
Ал, мамандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Білімді бір тексеріп көрейік біз,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.
І Жүргізуші:
Келесі кезекте жағдаяттар шешу
Әр маманға 1 сұрақ ,1 жағдаят шешуге беріледі.
Ескеріледі:
-Жағдайды шешу шеберлігі
-Педагогикалық-психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
-Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне ,жауабына сенімділігі
О ,заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін-бірі.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: -Орындау шеберлігі
-Образдылығы
-Шынайлылығы
-Көрерменді баурап алуы
Ортаға кезекпен мамандарымызды шақырамыз.
Сайысымыз да өз мәресіне жетті.Сайыстың қортындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
Білімнің айдынында жүзіп өткен ,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.-дей келе бүгінгі «Жас келсе іске!»атты сайысымызды аяқтаймыз.
Тәрбиешілерге сұрақ
-
Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?
-
Баламен қарым-қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
-
Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба?
-
Күнбе күнгі өткізілетін жұмыстарыңызда баланың көңіл күйіне мән бересіз бе?
«Еңбек жолыңа сәттілік,жас маман!»
(жас мамандар сайысы)
1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Мерекелеріңіз берекелі болсын!
Бүгінбіздің колледжде дүбірлітой,
Денқойыптыңдаңыздар, көңілдіқой,
Жырданшашушашылсын, күйкүмбірлеп,
Қошкелдіңіздер, халайық, сергісінбой.
2- жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
1-жүргізуші:
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
2-жүргізуші:
Жаншуағы, күншуағыарайма,
Ұстаздегенәулиедейталайға.
Басыниіпөткенжоқпабізтүгіл,
Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.
1-жүргізуші:
Көкбайрығымкөкжүзіндеқалқыған,
Әнұранымәуелегеншалқыған.
Бес құрлыққаелдіңатынпашеткен,
Елбасы да өткенұстазалдынан.
2-жүргізуші:Ұстаз…! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы, жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші…
1-жүргізуші:«Ұстаз…! Жасқану мен қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» — деген даналықты ғибрат етіп, ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып, жігерін жанып келген жастардың, жас мамандардың «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Сайыс кезеңдері:
-
«Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)
-
«Өнердің өрі- таланттың төрі»(өнерін көрсету 3 минут)
-
Жағдаяттар қоржыны (педситуация)
2-жүргізуші: Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты…
Бар ғалым, барлық қоғам құрметтейді,
Нұр сепкен шәкіртіне мұғалімді.
1-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың сайыпқырандарын шақырудың кезегі де келіп жеткен сияқты.
-
Тиыннан теңге құра білгеннің есебі түгел деп пайымдайтын – Маржан Садыкова
2.Жұмыс күнін жоспарлап, жүйелейтін – Нұргүл Альмолдина
3.Кешегі колледж түлегі, бүгінгі өндіріс шебері – Ердос Қомар
4.Кемеден келіге топ еткен жап –жас маман — Ануар Хамитов
-
Өз құқығын өзгеден артық білетін – Мақпал Раис
6.Кезекті демалысын Араб Эмиратында өткізсем деп армандайтын – ДианаКушкунбаева
7.Адам жан дүниесінің жанашыры болсам дейтін психолог – АйғанымОразбаева
(сайыскерлер ортаға шығады, сонан соң шығып кетуге рұқсат)
2-жүргізуші:Сайыскерлерлермен танысып болсақ, сайыс кезеңдеріне кезек берелік.
1-жүргізуші:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,
Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,
Жас мамандар сайысатын кез келді,
Танытатын бар болмысын барын сап.
2-жүргізуші:Ұстаздықты мұрат еткен жас толқын, қадамдарыңызға құт, «сапарларыңызға» сәттілік тілейміз!
«Үздік жас маман!»
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол — ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол — күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж — жігерлі
А — алғыр
С — сұлу да сымбатты
М — мақсаткер
А — айтқанды екі етпейтін
М — мінезі жайсаң
А — арманшыл
Н — насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Диляра әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І жүргізуші: Хибасова Диляра Газизовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажымуханқызы
ІІ жүргізуші:
Бастауышта сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгүль саған сәт — сапар
І жүргізуші:
Койбағарова Айгүль Бектемисовна бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Арзиева Құралай Байрамқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер
І жүргізуші:
Есенкулов Малик Ендірбайұлы,
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе — біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе — өзіңді — өзің түсіну»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан — ағай
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлсүм біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Агибаева Гүльсүм Ұстанымы «Білсе білім — күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Мауленова Айгуль Ізтелуовна
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Әсель біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Жунусова Әсель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Ляззат біздің өнерлі
І жүргізуші:
Калилаева Ляззат Қолдасқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Айтжанова Дина Теңізбаевна
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Тарих тану ұстазы
Жансая біздің жан — жақты.
І жүргізуші:
Тоқсанбаева Жансая Маратовна тарих пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш — ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
І І жүргізуші:
Даярлық топтың сабағын
Қызықтырып өткізген
Эльмираның
Бар бойынан табасың
І жүргізуші:
Ізмұхан Эльмира даярлық тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:
«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Бахытжанова Дамегүль Үмбетовна
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айданадай маманнан
Шәкірт ұғып алады
І жүргізуші:
Бекмағанбетова Айдана бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Қыпшақбаева Тазагүль Маденқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Аманжол
Шығады әлі талай биік шыңға.
І жүргізуші:
Лепесов Аманжол Абужанович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан ағай
ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас…» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Керімбаев Ардагер Амангельдиевичті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Керімбаев А. А. мектеп директоры
2. Айнакожаева Ш. К. оқу ісінің меңгерушісі
3. Сабырова А. С. тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Байбекова М. О.- әлеуметтік педагог
5. Джумабаева А. А. кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:- Мазмұны
— Көрерменге әсер етуі
— Орындау шеберлігі
— эмоционалдығы
ІІ тур — Ширату
1. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 — ойыншы:
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)
2 — ойыншы:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
3 — ойыншы.
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ )
4 — ойыншы.
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
5 — ойыншы
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер — асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
6 — ойыншы
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир — Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
7 — ойыншы
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
8 — ойыншы
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып
9 — ойыншы
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер — металлург
10 — ойыншы
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
11 — ойыншы
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама — қарсы сөздер. ( антоним)
Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай)
2. Жүргізуші: Мақал — мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі — өз тілім
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
Мақалды аяқтау.
1. Найзасыз ер болмайды (Таңбасыз ел болмайды)
2. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
3. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
4. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
7. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
8. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
9. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
10. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)
1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Төртінші кезең. Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
— Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: — Орындау шеберлігі
— Образдылығы
— Шынайылығы
— Көрерменді баурап алуы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
1. Жүргізуші:– Бесінші кезең
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: — Жағдайды шешу шеберлігі
— Педагогикалық — психологиялық сауаттылығы
— Түсінікті баяндауы
— Жедел әрі нақты жауап беруі
— Өзіне, жауабына сенімділігі
Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір — бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.
1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
— Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
— Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз…
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер — кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата — ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата — ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
— Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата — ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата — анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз…
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара — пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттау.
03.12.2019
Тақырыбы: Жас маман. Ол кім?
«Жас мамандар»мектебі ұстаздық жолын енді бастаған жас мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында жұмыс жасайды.
Мақсаты: Жас ұстаздың оқу-тәрбие үдерісіндегі кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Бәріміз шеңберге тұрып өзіміздің атымызды айтып таныстыру және бастапқы әріпіне өзінің бір қасиетін айту.
Орынымызға отырмас бұрын, айтыңыздаршы кімге қандай геометриялық фигуралар ұнайды үшбұрыш, шаршы, шеңбер, тік төртбұрыш
Бүгінгі отырысымыз жарыс және пікір талас түрінде өткелі отыр. Енді негізгі бөлімімізді бастар алдында әр топ, келесі топқа өздерінің жалынды сәлемін, лебізін жолдайды.
І- бөлім
Енді міне негізгі бөлімге көшеміз. Пікірталасжарысымыздыңаты «Жас маман . Ол кім? » депаталады. Ол үшін әртопқатүрліқағаз,плакат, бояу, қайшы, желім, керек заттың бәрі алдарыңызғақойылған, сіздер өз ойларыңыздыақылдасып осы қағазғасуретінсалып , ұрандарыңыздықұрап өз ой- пікірлеріңіздіайтыпқорғайсыздар.Сіздерге5-7 мин уақытберіледе.
ІІ- бөлім
1. Келесі жарысымыз ойын түрінде . «Ерте, ерте, ертеде» … депаталады. Ол үшін «қоршау», «тоғай», «жаңалық», «алаң»,«өзен», « халық» осы сөздерденәңгіме не болмасаертегіқұрау қажет. 3мин.
2. Келесі сайыс «Жұдырық, бармақ, алақан» депаталады. Ол үшін әр топ ортағакеледі де, терісқарапшеңбержасайды . Мен 1,2,3 деген кезде әрекеттіңбіреуінқолдарыңыздыжоғарыкөтеріпкөрсетулеріңіз қажет. Мен «рахмет» деген кезде ғана қолдарыңыздытүсіресіз.Қайтоптабіркелкілері көп болса солжеңімпаз.
3. «Сиқырлы сурет» әр топ байланған көзімен бір жануардың суретін салып шығады. Қайтоптыңсуретікөбірекұқсайтын болса соларжеңеді.
5. «Сөзсіз» әртопқабірдейжазулары бар карточка беріледі. Оларсондағыжазылғансөзді мимика,жест арқылы көрсетулері қажет . Қай топ өтенақты және күлкініштікөрсетеалдысолжеңімпазаталады. «Үзіліскесоғылғанқоңырау», «Еріпкеткенбалмұздақ», «Желішыққандөңгелек», «Кеуіпқалған гүл» т.б.
6. «Сыйлығымдықабыл ал …» мимика арқылы әр топ бір — бірінесыйлықсыйлайды, ал келесі топ не сыйлағаныншешуі керек.
« Менің алған әсерім …» атты анкета толтырғызу. Жас мамандарғаарналғанкепілдемеоқыпберіп , әрқайсынаүлестіріп беру.
Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөзін, білімнiң шындығындa да бaғa жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені белгілі. Өйткeні, білім — тeк ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тaмыры, eл дaмуының aлтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толaстамайды. Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін елдeн бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлғa болды.Сондықтан біз шәкірттердің бойына білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етулеріңізге тілектеспіз.
Учительские университеты
Жас мамандар сайысы
Бөкеншина Салтанат Қоңырғазиевна КМҚК № 11 «Ертөстік» ясли-бақшасының тәрбиешісі Семей қаласы Жас мамандар сайысы Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер. Жас тәрбиешілердің білімін, іскерлігін педогогикалық шеберліктерін арттыратты мақсатында біздің балабақшамызда «Жас тәрбиеші» атты сайс өткізгелі отырмыз. Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде Бақдәулет деген атына заты сай дәулетті , сегіз қырлы ,бір сырлы елінің қамын ойлаған хан болыпты. (Хан кіреді музыка ырғағымен) Ол ханның он екі көрікті , талантты, иіскерлі , білімді қыздары болыпты. Ол қыздардың барлыңы тәрбиеші мамандығын таңдапты. (Тәрбиешілер кіреді) Жүргізуші: Күндердің күнінде Самрұқ хандығынан Бексұлтан деген жас ханзада келіпті.( Ханзада кіреді музыка ырғағымен) Хан: Не шаруамен келдің Бексұлтан ханзада? Бексұлтан: Уа, хан ием. Мен сіздің хандығыңызда он екі жас тәрбиеші қыздарыңыз бар деп естідім. Ішінен өз хандығыма лайықты жанашыл, дарынды , талантты жас тәрбиеші таңдап алуға келдім, маған өз таңдауымды жасауға рұқсат етіңіз. Хан: Бексұлтан ханзада менің қыздарым көркіне ақылы сай, білімді, өнерлі. Олай болса саған таңдауға мүмкіндік берейін. Жас тәрбиеші сайысын жарияетейін.(Музыка ойнайды ортаға уазір келеді) Уазір: Уа, халайық тыңдаңыздар: Бақдәулет ханның жарлығы бойынша № 11 «Ертөстік» ясли бақшасында «Жас тәрбиеші» атты сайыс өткізілсін және барлық қатысам деген жас тәрбиешілер сайыс ережесімен таныс болсын. Олай болса бүгінгі сайыстың нақты бағасын беруші әділқазылар алқасымен таныстырып кетейін: Сайыстың төрайымы болып 11 « Ертөстік» ясли бақшасының меңгерушісі Дурбаева.С.К тағайындалсын және оның мүшелеріне кәсіподақ ұйымының председателі Жанат Ахметжановна , Ербол Әсемхан №19 мектептің директоры Ахмерова.С және М. Караповна тағайындалсын. Ары қарай сайыстың өту барысын менің көмекшім Гаухар Жумағалиевнаға табыстаймын.(деп уазір шығып кетеді) Сайысқа қатысушы тәрбиешілермен таныстыру. Жүргізуші : Әр тәрбиешіні таныстырады. Хан жарлығы бойынша бүгінгі « Жас тәрбиешілер» сайысының бөлімдерімен таныстырайын. Сайыс II кезеңнен тұрады. I кезең Қатысушы сауалнамасын толтыру Жаңа технологияларын, озық тәжірбиелердің әдіс тәсілдерін пайдалан отырып жүргізілген ашық оқу іс әрекетінің (топ жабдығы, безендірілуі, тазалығы, жинақтылығы) жайында жас маман жетекшісінің сараптамасы. Әділ қазылар алқасына ұсынылады. Өзін өзі таныстыру Эстетикалық талғамға сай фото суретпен безендірілген қатысушы тәрбиеші жайында жасалған буклет немеcе альбом (қазылар алқасына ұсынылады) Педогогикалық әдістемелік көрме II кезең «Шебер қол» өнерінен сайыс Тәрбиеші портфолиосы Өнер көрсету «Ойнайық та, ойлайық» аудиториямен ойын ойнату. |
Категория: Дошколенок | Добавил: Кеңесбекқызы (2015-03-29) |
Просмотров: 1351 | Комментарии: 3
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация
|
Вход
]
«Жас маманға – ақ жол!».
(психологиялық тренинг)
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.
Қатысушылар: жас мамандар.
Өту түрі:
І. Сәлемдесу.
ІІ. «Ақшақар» ойын жаттығуы.
ІІІ. «Айналма» ойын жаттығуы.
IV. «Келісу керек» ойын жаттығуы.
V. «Шеңбердегі саусақтар» ойын жаттығуы.
VІ. «Қай орынға отырасыз?» тесті
VI. «Рефлексия» кері байланыс
Қорытынды
Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.
Психолог сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана, әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту-қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарыңыз құтты, еңбек жолдарыңыз сәтті болсын деген тілектестігімізді білдіре отырып, «Жас маманға – ақ жол!» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер дейміз!
І. Сәлемдесу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
«Бір-бірімізбен амандасайық» (сәлемдесу). Өз есімінің бастапқы әріпіне сай 3 жағымды қасиетін айту қажет. Мысалы: Ақнұр Ақылды, ақкөңіл, аяулы
Мақсаты: бір – біріне жақын болуға, бір – бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: басыңызды тигізу арқылы.
ІІ. «Ақшақар» ойын жаттығуы.
Мақсаты: бірлесе ойлауға, шешім қабылдауға, көшбасшыны анықтауға, көздеген мақсатқа бірлесе жетуге бағытталған.
Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын бөтелкесі. Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. Мыс: 16 қатысушы болса 8 бөлік.
Нұсқауы: қатысушылар жіптің көмегімен қарындашты бос шырын бөтелкесіне салулары қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырылады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап, өз ойларын білдіреді.
ІІІ. «Айналма» ойын жаттығуы.
Мақсаты: бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, шапшаңдықты, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жағымды көңіл күй орнату.
Нұсқауы: қатысушылар шеңбер жасап қолдарынан ұстап тұрады. Жүргізушінің белгісінен кейін айналмадан қолдарын үзбей, дене мүшелері арқылы өтіп шығу керек. Жаттығуды күрделендіру үшін айналманың орнына жіп қолдануға да болады.
Қажетті құралдар: айналма (обруч).
Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.
ІV. «Келісу керек» ойын жаттығуы.
Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез-келген жерден шыға білу. Яғни ым-ишара арқылы бірін-бірі түсіну, жест, мимика арқылы вербалды емес қарым-қатынас орнату.
Нұсқауы: қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Жүргізуші топ басшыларына 1 минут ішінде бірнеше сөз оқиды. Бұл жерде топ басшысы өз тобына ым-ишара арқылы жеткізуі керек. Қай топ көп сөз тапты, сол команда жеңіске жетеді. Әр сөз 5 ұпаймен есептелінеді. («Жасқыран тобына» – көзілдірік, дәрігер, жол, коньки, кітапхана, үй, футбол, әке, ұялы телефон, қуану). («Топжарған тобына» — аспаз, балық, сыйлық, суретші, мүсін, домбыра, көбелек, компьютер, денсаулық, мектеп.)
V. «Шеңбердегі саусақтар» ойын жаттығуы
Мақсаты: ептілікке, ұжымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Нұсқауы: қатысушылар сұқ саусақтарының басына айналманы қойып, топпен бірге белгіленген жерге дейін алып жүрулері керек. Айналманы алып келе жатқан кезде қолдың жоғары қарай көтеріліп кететіні байқалады. Егер жоғары көтеріліп кеткен жағдайда немесе түсіріп алған кезде ойын қайта басталады.
Қажетті құралдар: айналма (обруч).
Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады. Неге айналма жоғары көтеріліп кететіні жөнінде сауал тасталады.
VI. «Қай орынға отырасыз?» (психологиялық тесті)
Мәтінді оқымай тұрып, төмендегі суретке зер салыңыз. Жаныңызға жақын, отырғыңыз келетін орындықты таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес орындық сипаттамасын оқып, өзіңізді таныңыз.
1. «Кәсіпкер» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.
2. «Рухани тәлімгер» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.
3. «Өнертапқыш» орындығы. Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам боп таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.
4. «Сыншы» орындығы. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.
5. «Психолог» орындығы. Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын меңгеруге құштарсыз.
6. «Саяхаттаушы» орындығы. Сіз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.
7. «Романтик» орындығы. Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.
8. «Ғалым» орындығы. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.
9. «Философ» орындығы. Сіз кірпияз, бірақ көңілді адамсыз. Күні бойы бір орында отыра аласыз. Сөйте тұра, ішіңіз пыспайды, өзгелердің де ішін пыстырмайсыз. Сіз үшін әлем – алып ойын-сауық. Дүние жүзінде әр күні әр түрлі қызық жайт орын алады ғой. Бірінші рет көрген кісіге таңғажайып боп көрінесіз. Бағыңызға орай, көпшілігі сіздің біртүрлі қылықтарыңызды қызықты деп қабылдайды. Өмірге өзгеше көзқарасыңызды үнемі танытып жүресіз.
Қорытынды. Тренинг ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар, тренинг барысында топ болып бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін арттыруға, топ үшін жауапкершілікті қаншалықты сезінулерін көруге әрбір қатысушының өзіне мүмкіндік береді. Адамды жігерлендіріп, өзін топпен араласуға және жан-жақты көрсетуге, қасында жүрген адамдардың мінез-құлқы туралы тереңірек білуде де шараның берері мол болды деп есептейміз. Тренинг болашақ жас мамандарға алдағы уақытта ұжыммен бірлесіп, топ болып жұмыс істеуге, кез-келген қиындықтарда шыдамдылық танытуға, қысыл таяң жағдайларда өзін қалай ұстау керектігіне де үйретеді.
Ұстаздық еңбек жолдарыңызды жігерлі күш-қайратпен шыңдап, биіктен көрініңіздер. Барлықтарыңызға әрқашанда сәттілік серік болсын деп тілейміз!!!
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді “Суретті тест” жаттығуы арқылы білетін боламыз.
РЕФЛЕКСИЯ
«Сіз қандай мұғалімсіз?». Психодиагностикасы.
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күн көріс үшін
б) бас қатыру
3. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
а) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз
10. Ұжым арасында беделіңіз:
а) өте жоғары
ә) жақсы
б) орташа
Әрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.
40-50 ұпай жинасаңыз: Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.
20-39 ұпай жинасаңыз : Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.
10-19 ұпай жинасаңыз: Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.
Жалпы білім беретін №20 А.С.Пушкин атындағы мектеп — лицей
«Жас маманға – ақ жол!»
(психологиялық тренинг)
Дайындаған: Сатханова Б.Ж.
Атырау – 2016ж
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл,
бейбітшіл, дау—дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық,пікірін жиі
өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық,
көңіл—күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға
бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез—құлқына,
қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш,
жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны
стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым—қатынас орнату,
қарым—қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды
біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну,
жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу,
әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа
бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер –
жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік,
айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық,
саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар
секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» — ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша
ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі,
креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен
қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген
оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл—күйінің
өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті
(шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты
ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей
тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ІҮ. Слайдтан бірнеше түстер көрсетіледі. Осы түстердің ішінде
өзіңізге ұнаған түсіңізді таңдаңыз.
Таңдаған түсін жазады.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық
мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде
орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын,
тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар.
Олар сенімді, тұрақты адамдар.