Тексерген: Орындаған:
Оқу ісінің меңгерушісі 2 «Б»сынып жетекшісі
____________Р.Қ.Өміртаева _________З.Б.Абилова
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Желтоқсан ызғары«
Астана қаласы
№69 мектеп-гимназиясы
Тәрбие сағат тақырыбы: Желтоқсанның ызғары.
Мақсаты:
1.16-желтоқсан оқиғасына қатысқан жас азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың өмірлерімен таныстыру.
2.Желтоқсан құрбандарынан үлгі ала отырып, оқушыларды батырлыққа, ерлікке және батылдылыққа тәрбиелеу.
3.Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі жас азаматтарымыз ардақтауға, құрметтеуге, сыйлауға дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбындарының суреттері, ұрандар жазылған плакат, күйтабақ.
Тәрбие сағаттың түрі: еске алу
Тәрбие сағаттың жоспары:
1.Оқушылардың өлеңдері
2. «Ерте солған жыр гүлі» көрінісі
3.Желтоқсан әні
4.Қайраттың жазған хатынан үзінді
5. «Қайраттың хаты» үзінді
6.Желтоқсан ызғары туралы видео-таспасы
7. «Ерте солған жыр гүлі» көріністің жалғасы
8.Оқушылардың өлеңдері
9.Желтоқсан құрбандарына құран оқылып, шелпек таратылуы.
10.Мұғалім өлеңі
11. «Көк тудың желбірегені» әні
Тәрбие сағаттың барысы:
Күй ойнайды.
Нұрай:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тілімен
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айрылып өз тілімен
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен
Наурызбай:
Мен жігітпін, айқасқа сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
Жаңартаудай жойқынмын жұлқығанда
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым
Пәк салтанат салтымды сүйемін мен
Бақ орнаттым басына молаңның да
Мұрагермін де иемін мен!
Күй ойнайды.
Айдана:
— Армысыңдар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Жетпіс жыл бойы құлбырауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Жанартаулар бұғып жатып бір күнде атылды.
Әлішер:
— Сол сияқты 1986 жылы желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
Маржан:
— Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді.
Күй ойнайды.
Дәрия: Қазақы өлең қаншама рет «ах» ұрды,
Отыз бір дана қажы атылды,
Отыз жетіде Сәкен менен Ілияс,
Елге атылған оқты өзіне шақырды.
Бекарыс: Жетпіс алты Мұқағали алыпты,
Күйік пен у теңізіне батырды
Біздің заман бетін тырнап алатын,
Өлең үшін өлтіреді ақынды
Әмина: Талантына азап пен сор жақын ба?
Жырымен гүл өсіретін тақымда.
Бірінші боп зорлық билік алса егер,
Ақын байғұс кетеді екен тақымда
Сексен алты дүрліктіріп даланы
Үкім тақты тағы да бір ақынға
Ерболат Ерасыл:
— Желтоқсан құрбандарының бірі Қайратпен жүргізілген тергеу бізге құпия болып қалды, «Ерте солған жыр гүлі» атты көріністі қабыл алыңыздар!
Күй ойнайды. Қайратты тергеуге әкеледі
Қайрат(Әмірғали Ерасыл):Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
Өлеңімді оқыңдар!
Тергеуші(Тамерлан): Түкірдім мен жырларыңа,
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім
Тергеуші(Әміржан): Алдап арбау тәсілімен,
Салдым қанша жанға бұғау
Тәнің таудың тасы білем,
Мойындата алмадым – ау.
Тергеуші(Есілхан): Ах, бескесер тағы да басталды ма?
Періштедей бейкүнә жұтынасың,
Күә қалың, қалайша құтыласың?
Тісіңді қайрап кектенесің бе?
Ұлы халықты жеп көресің бе?
Тергеуші(Тамерлан): Жиылып бүркіт болмас он мың қарға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрібір іске аспады амалдарың,
Қарңадай қаңқылдаған надандардың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз,
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат(Әмірғали Ерасыл):Сен сияқты залымдар көп қой әлі
Әлде қашан дүние өзгерер еді
Кетсемдағы атылып өкінбеймін
Күресімді бірақта тоқтатпаймын
Міне саған түкірем алдыменен,
Тфу, бетіңе, жан алғыш….- деп, Қайратты бір ұрып, камераға қайтадан қамайды. Осы сәтте «Желтоқсан желі» әні орындалады. Қайраттың камерада отырып жазған хаттарынан үзінді оқылады.
Ернұр: Сәлеммен Қайрат
8-інші көкек, 1988жыл
«Сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасу, ең соңғы амадық та – жамандық хат! Амансыңдар ма, ардақты асыл анашым, бауыр – ет баурларым, қадірлі қарындастарым, ақ пейіл жеңешем мен келінім және балдай тәтті қос бөбектерім!
Сендердің денсаулық, көңіл – күй, тұрмыс – тіршіліктеріңді сұрап не қылайын, бәрібір маған қу тағдыр жазбайын деп отыр. Ендігі өздерің де естіп – біліп, үлкен қуаныш үстінде боласыңдар. Сонда да басынан аяғына дейін өз қолыммен жазайын. Ертеңгі кұнімде болмайды…» — деп жазып отырған жерінен тергеуші қайтадан Қайратты шақыртып ату жазасын бұйрады.
Күй ойнайды. Қайратты ату жазасының көрінісі көрсетіледі.
Желтоқсан ызғары туралы видео-таспасы
Батырхан: Демалатын ауасы жоқ қоғамда
Ақыл мен ой айналады боданға
Ақыл мен ой айналғанда боданға
Ақын көнбей қояды екен содан ба?
Тоғжан: Пәле біткен өш келеді оларға
Қайрат, Қайрат
Не ойлап жатыр екенсің
Топырағы жылап жатқан молаңда
Күй ойнайды. Қайраттың моласының макеті, жанында анасы мен қалыңдығы.
Қайрат Рысқұлов
1966 жыл 13 наурыз -1988жыл 21 мамыр
Анасы(Ғажайып):Мойыныңды біразырақ бұршы құдай
Тірлікте кім қанішер, кім сұмырай…
Оқыста отқа түскен көбелегім
Гүл ашпай көктей солған қыршыным – ай
Жетеме құлағыңа сорлы мұңым,
Ешкімге залалы жоқ бұйра қозым,
Іздер едім жол жоқ қой саған бірақ,
Таба алмай тіршілігім тәмәдалар,
Сезеді қу жүрегім, сүтім адал,
Ақ жолдан таймайтұғын балам да адал.
Қайраттың қалындығы(Аяулым):
Ақ гүл едім аруақтай арыдым,
Өткен менің түйсігім мен танымым
Жанарымда өмір өлең толы еді
Неге ертерек сөніп қалды жарығым,
Қыпша белім нені аңсайсың сен енді
Қыздырмайды қаным суық денемді
Мен тұманда мәңгі бақи жоғалттым,
Желкенін жел кернеп жүрген кемемді
Анасы(Ғажайып):Құлыншағым, қан құсып отыр анаң
Сала ма сені әлдилеп топырақ ән
Көзіне күл шашамын бұл қоғаммның
Заңы – гүл, адамы – құл, соты –қараң.
Қайраттың қалындығы(Аяулым):
Биылғы көп тіршілікке кекті едің,
Сұңқарым ай, арманыңа жетпедің.
Ең болмаса ғұмырымды жалғайтын
Құрсағыма өмңр сеуіп кетпедің.
«Бұл – Қайраттың тұяғы» деп ұялмай,
Асқақтықпен көрсетер ем халқыңа
Табандарға тапталмады намысың
Алты алашқа аян болды дауысың
Мен өзіңді жүрегіме жерледім
Алаңдамай дем ала бер, Арысым!
Алаңдамай дем ала бер, Арысым!
Күй ойнайды.
Маржан: Кәнілі ме, ақын Қайрат, ер Қайрат
Ауа жетпей атып шыққан алаңға,
Қылғындырған қиянатқа көнбейді ол,
Тапталғысы келмеді оның табанға
Дидар: Әсте естен шығармайды жыр мұңы
Айтады ылғи домбыраның күмбірі,
Желтоқсандық азамат пен құрбаны
Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.
Мұхаммедали: Айналайын, ағайындар, ақ жүрек
Жолың түссе, басына бар, тағзым ет!
Айдана: -Ол тірі қалғанда ақын боларма еді… Ерте солған жыр әлеміндегі гүл едің ғой….
Күй ойнайды.
Мұғалім: Желтоқсанда шындық жырын шайқаймын деп жарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың
«Нашарқор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың ұланым
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдегі ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Нұрай: Осы бір жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Сәбира, Қайрат Рысқұлов, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парымыз. Қазір осы құрбандарға арналған бір минуттік үнсіздік жариялаймын.
Мадияр: Қазақ халқында «Өлінің рухы разы болмай, тірі байымас» деген қағидалы сөз бар, желтоқсан құрбандарына арнайы құран бағыштап, құдайы шелпек тартайық.
Қайрат(Әмірғали Ерасыл): Оянды, халқым, оянды
Асырды іске қиялды.
Ел көзін ашты баяғы
Болсашы дейін баянды.
Жанымыз жомарт қазақпыз
Көк туы бар қазақпыз
Ән «Көк тудың желбірегені» аяқтау.
Сценарий мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші:
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде — өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Ойын: «Алма ағашы»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші: 2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова
Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 2_ жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Желтоқсан жаңғырығы – егемендік!
Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу; 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Желтоқсан оқиғасында ел қамын ойлаған ерлерді үлгі тұтуға, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету; оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, плакат, шарлар, слайд, бине фильм.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін ерекше күн. Республикамыздың Тәуелсіз ел болып егемендігін жариялағанына 24 жыл толып отыр. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 ның Желтоқсаны туралы шындықты білмейтін жан жоқ десе болады. 16-желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан, әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Түгелбай, Ербол, Ләззат сынды, жүздеген мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.
(Слайд «Желтоқсан құрбандары»)
1-жүргізуші: Халықпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ара дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз, егеменді Қазақстан!
2-жүргізуші: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге мұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені,
Шалажансар қар астына көмгені.
Тәуелсіздік – ата-баба арманы,
Қандай елмін бүгін міне, көр мені!
1-оқушы: Диас
Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз, балаң да.
Қан төгілді намыс үшін балаңның,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
2-оқушы: Бибінұр
Қаһарманды ұмытпайды халықтар,
Өткен күнді тарихымыз анықтар.
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген алыптар!
Мұғалім: Қанша жыл өтсе де, қанша ғасыр өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға болмақ. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 29 жыл өтті.
3-оқушы: Төре
Бақыт құсы әр адамға қонып бір,
О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға-бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бине баянға назар аударайық.
4-оқушы: Гүлжамал
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.
2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
1-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар». «нашақорлар» деген кінә тағылады.
2-жүргізуші: Көрініс «Қайраттың тұтқындалуы»
Тергеуші: Кезекші, қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер! (Екі адам қолтығынан сүйеп Қайратты ішке кіргізеді)
Сен 17 желтоқсан сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат: Жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде.
Тергеуші: Жоқ! Сен Сәтбаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды.
Қайрат: Мен оны көргем жоқ, өлтірген жоқпын!
Тергеуші: Өтірік айтасың!
(Ашуланып Қайраттың желке тұсынан ұрады. Қайрат жерге құлап қалады)
Кезекші, тұрғызыңдар мынаны!
Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойында, әйтпесе жаман болады!
Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын! ʺҚазақ қыздарын жазықсыз ұрып — соғудаʺ дегенді естіп араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын!
Атымды адам қойған соң
Қайтіп надан болайын?
Ортам надан болған соң
Қайдан барып оңайын?
Тергеуші: Өй, мына күшік не деп тұр!
Қайрат: Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр солардың да бәрінен
Өз аулымның иттері үріп қапқаны.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты — құрбандық»,
Атам десең атыңдар!
Тергеуші: Ақымақ, сен өлтірдің! Әкетіңдер көзін құртыңдар!
(Сүйреп әкетеді)
(Ортаға шырақ жаққан 4 оқушы шығады. Олар сөздерін айтып шырақтарын кезектесіп сөндіреді)
5-оқушы: Дильназ.500 күннен астам өлім жазасының камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайраи енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенет Семейден бір-ақ шықты.
Семей түрмесінде 21-мамырда 21 жасында 21 камерада қаскөйлік әрекеттен қаза тапты.
6-оқушы: 1986 жылы 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақатталған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды.
7-оқушы: Сол бір ызғары ерте түскен қыс тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызда әлі жаңғырып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен Ләззат сенің де нәзік үнің естілді. Сен тірі болсаң қазағымның мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосар едің.
8-оқушы: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына масқара сөздер айтып балағаттаған қорлығына шыдай алмай Өскемен педучилищесінің І курс студенті жатақхананың 5-қабатынан құлап өлді.
9-оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ үшін көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
10-оқушы:
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз да жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз?
11-оқушы:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеге өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңігүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
2-жүргізуші: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы.
12-оқушы:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің, Алғандайсың жұлдыздардың жарығын Алтын заңың құтты болсын қымбаттым Туған күнің құтты болсын алыбым! Армандарды жақындатқан тым алыс Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс Егемендік ел бақыты ертеңі О, халайық құтты болсын қуаныш.
1-жүргізуші: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгірұлы айтқандай, Желтоқсан құрбандарына қазіргі уақытта қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы. Сондықтан тындырылған іс орынды деп бағалаймыз. 2-жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, ата-анасына «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.
1-жүргізуші: Сәбира, Ләззат, Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.
Мұғалім: «Жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды» демекші, халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтар: Мұқтар Шаханов, Хасен Қожаахмет сынды ағаларымыз, қаншама шындықты шырқырай жазған тілшілеріміз, ел ағалары, жазушыларымыз, ән жазған сазгерлеріміз, осының бәрі кешегі қанды оқиғаның аманатын бүгінгі ұрпаққа, келер ұрпаққа жеткізушілер деп білеміз.
Алматы төрінен орын алған Тәуелсіздік ескерткіші ел тілегінен туындаған тәу етер орын екені даусыз.
Тәуелсіз ел атандық, биік даңқың,
Бар әлемге әйгілі мәлім атың.
Ата-баба қанымен келген бізге,
Тәуелсіздік құт болып қонды еліме.
Қорғап сені өтетін өле-өлгенше,
Мақтанамын әлемге: «Мен азатпын!»
1-жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігі биік болсын деген тілектермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
Тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарды, желтоқсан құрбандарының ерлігін баяндау.
Дамытушылық: Ойлауын, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өй – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге,Отанын қастерлеуге, қорғауға баулу.
Көрнекіліктер: желтоқсан қаһармандарының суреттері, ҚР рәміздері.
Сабақ барысы:
Мұғалім: 16-желтоқсан- тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік ел жадында қалған күн.
Үміті боп елімнің жасай берсін ұлы күн
Ақ күні боп баланың, шаттығы боп үлкеннің.
Мұғалім: Армысыңдар, құрметті ұстаздар,оқушылар және осы кештің қонақтары! Бүгін дүниені дүр сілкіндірген 1986 ж. желоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрие сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгін1986ж. 16 желтоқсанында қазақ елінің солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтерген ұл-қыздарымыз туралы сыр шертеміз. Бұл қасіретті күнді, оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуы мүмкін емес!Қайрат Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанқызы, Е.Сыпатаев сынды жүздеген, мыңдаған жастардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күресі еді.
Мұғалім: Сол желтоқсан оқиғасында қайтыс болған құрбандарды 1 минуттік үнсіздікпен еске алайық.
Көрініс: Желтоқсан оқиғасының басталуы
Осыдан 28 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
Мұғалім: Желтоқсан оқиғасының басталуына Д.А. Қонаевты ҚазКомпартиясының ОАК 1-хатшысы қызметінен босатып, орнына Колбинді сайлаған 1986 жылғы желтоқсанның 16 күнінде өткен Пленум себепші болды.
Желтоқсан — заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Ән : «Көк тудың желбірегені»
Мұғалім: Балалар, Қайрат Рысқұлбеков туралы кім, не біледі?
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966 — 1988 жылы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтының студенті.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған
Мұғалім: Қ.Рысқұлбеков туралы көрініс
-Тұтқындағы Рысқұлбековты алып келіңдер!
— Тұтқынға түстім жаутаңдай
Жоламай ешкім қасыма
Бара қалсаң сәлем айт,
Елдегі құрбы-досыма
— Айыпкер Рысқұлбеков тұр! Шыныңды айт, Савицкийді өлтірдің бе?
-Жоқ, өлтіргенім жоқ. Савицкийдің өліміне қатысым жоқ.
-Өлтіргеніңді мойында. Мойындасаң жазаң жеңілдейді. Ақтық сөзіңді айт! Сен 18-күні сағат 10-да қайда болдың?
-Жолдастарыммен Фурманов көшесінде болдым.
— Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сәтбаев көшесінде милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе? (ұрып жібереді)
-жоқ, мен ешкімді көргенім жоқ, ұрғаным да жоқ.
-Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар!
— Кінәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Атам десең атыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мұғалім: Қайратқа өлім жазасы кесілді. Кеш те болса , Қайратқа кешірім жасалып, 1988 жылы сәуірдің 23-күні ату жазасын 25 жылға бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Бірақ белгісіз себептермен Қайрат 1988ж. мамыр айының 21-күні Семей қаласының түрмесінде қаза болады.
Қаймықпады ызғарынан, бұлтынан
Қалтыратты империя іргесін.
Халықтардың бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір көшін.
Мұғалім: Балалар, сендер Сәбира Мұхамеджанқызы туралы не білесіңдер?
Нариман: Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы 1- қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары «Ленин жолы» мектебін «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі…
«Ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.
Сәбира — тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді
Мұғалім: Сабира Мұхамеджанқызы туралы көрініс:
Ұстаздар бөлмесі. Сабираны жиналысқа салуда. Ұстаздар отыр, алдында Сабира т.б. оқушылар. Орындықтың біреуінде Сабираның анасы.
Ұстаз: қызыңыз көргенсіз, тентек. Ол не жасағанын білесіз бе? Кеше қызыңыз алаңға шығып шеру ұйымдастырған .Енді қызыңыз үшін осылардың бәрі оқу орнынан шығарылады.
Сабираның анасы : мүмкін емес, қызым ондайға бармайды.
Сабира : — Жоқ! Бәріне кінәлі менмін. Жазаласаңдар мені жазалаңдар. Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды мен алаңға үгіттеп апардым. Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырғанмын.
Анасы : — О, не дегенің, қызым –ау! Ең болмаса анаңды аясаңшы! (Сабира жылап бөлмеден сыртқа қарай жүгіре жөнеледі)
Мұғалім: — Иә, Желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сабирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті…
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Желтоқсанның тағы бір құрбаны Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70 — 25.12.86) 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!
Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16 — сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 22жыл толып отыр.
Міне, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Ән. «Елім менің аңсаған»
Мұғалім: 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз ҚР рәміздері қабылданды. Олар ҚР гимні, ҚР мемлекеттік елтаңбасы, ҚР туы.
Яғни Ата заңымыздың 9 — бабында көрсетілген. Және де осы заңның 34 — бап, 2 — тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» — делінген.
Тәуелсіздік – биігі бұл санамның,
Тәуелсіздік – таза ауасы даламның,
Тәуелсіздік – бұл арманы бабамның.
Тәуелсіздік – бақ дәулеті баламның!
-Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 24 жылдығымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз!
Осымен бүгінгі «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрбие сағатымызды «Желтоқсан желі» әнімен аяқтаймыз.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
Ұстаз: Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы
Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұеды суреттер, шарлар, нақыл сөздер..
- Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армаандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1-жүргізуші:
Армысыздар, аяулы халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.
1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.
2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
1-жүргізуші:
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
1-оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
2-оқушы:
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
3—оқушы:
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шекккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
4—оқушы:
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз да жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз?
5—оқушы:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеге өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
6—оқушы:
Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.
7—оқушы:
Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан.
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан
8—оқушы:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула!Лаула!Желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!
2-жүргізуші:
Хор: «Желтоқсан желі»
- Көркемсөз. «Батыр ескерткішінің алдында»
1-жүргізуші:
Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.
2-жүргізуші:
Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.
1-жүргізуші:
Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.
9—оқушы
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастап тепкен күн
Қариялар итке таланып,
Ел басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
10—оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
11—оқушы:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
12—оқушы:
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған-
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
13—оқушы:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
14—оқушы:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
15—оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!…..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!…..
2-жүргізуші:
Хор: «Қазақстаным менің»
Ән «Алға, қазақ жігіттері»
1-жүргізуші:
Күндік кешпей, мұз кешпей,
Ат артында міңгеспей,
Мұңдық болып мұңаймай.
Тәкапәр нағыз құдайдай
Қасқайып қарап тұратын
Ағасы өлсе іні боп,
Жауына қарсы шығатын,
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысқан
Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.
16—оқушы:
(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені
Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтиымның
Қыздары көп, қарағым
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.
17—оқушы:
(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.
18-оқушы:
Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.
Тәртіп қорғау санаға екті нені,
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.
19—оқушы:
(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.
2-жүргізуші:
Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.
20—оқушы:
(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.
1-жүргізуші:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
III. Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы».
2-жүргізуші:
Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Миллиционер: — Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!
Савицкийді өлтірген сен бе ?
Қайрат: — Жоқ, мен емес!
Миллиционер: — Сен өлтірген мойныңа ал!
Қайрат: — Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Миллиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.
(Қайратты алып кетеді)
2-жүргізуші: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар. (жай музыка жүріп тұрады)
21-оқушы: «Түрме жыры»
Тор темір жамбасыма тақылдайсың,
Өзіммен бірге туған жақындайсың.
Телміріп темір торға қаматқанша
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,
Ас берер ортасында жалғыз тесік,
Күніне ұстатады үш тілім нан
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп
1-жүргізуші:
Көрініс: «Қайратты тергеу сәті».
2-жүргізуші:
Тұрыңдар! Сот келеді.
Тергеуші: Сот процесін бастаймыз!
1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында
таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?
2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің
қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.
Қайрат: Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп
табамын.
Қайрат: Хақ. о халқым!
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім
бар.
(Қайғырған музыка журіп түрады)
Ақтық сөзі:
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдвайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Тергеуші: Сот процесі аяқталды.
1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
2-жүргізуші:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық.
- Тәуелсіз ел туралы даналық сөздер, мақал-мәтелдер.
Би: «Қаражорға»
1-жүргізуші:
Қазақпын еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын қойнауы- құт, жері дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Астана»
(әсем қала Астана туралы слайдтар жүріп жатады)
- Қорытынды
2-жүргізуші:
Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.
Ұқсас материалдар:
-
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий
-
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
-
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
-
16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
-
Тәуелсіздік туралы
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 — жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін — ді….
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып….
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 — сынып оқушысы
2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі»
1 — жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 — сынып оқушысы
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1 — жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 — сынып оқушылары
2 — жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 — сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты
плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға
газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші:
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде — өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Ойын: «Алма ағашы»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова
Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!