?ыс?а мерзімді саба? жоспары
1
Білім мекемесі
?. М?ратбаев атында?ы №17 орта мектебі
М??алімні? рефлексиясы
2
М??алім
Серкебаева Л. Б.
3
Сыныбы
4 «А»
4
П?ні
?дебиеттік о?у
5
Та?ырыбы
М?хтар ?уезов.Жетім.
6
Ма?саты
«Жетім» ??гімесін о?ып, ??гімені? негізгі идеясын ашу, ?з ойларын жина?тап, ?орытынды жасау?а ?йрету. М?хтар ?уезовты? ?мірбаяны мен шы?армашылы?ын о?ып тану.
7
Міндеттері
М?тінді о?ыту (м?нерлеп, сауатты о?у)
С?ра?- жауап ар?ылы м?н-м?тіндегі негізгі идеяны аны?тау.
Топты? ж?мыс ар?ылы ынтыма?таса отырып, ж?мыс жасауды ?йрету.
8
К?тілетін н?тижелер
— М?тінні? идеясын т?сінеді, т?сініп о?у?а ?йренеді;
— М?тінді о?и отырып к?з алдына елестету ?абілеттері дамиды, сын т?р?ысынан ойлай отырып, ?з ойларын еркін жеткізе алады, топпен ынтыма?таса ж?мыс жасайды.
9
Саба?та ?олданылатын модульдер
Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету, АКТ, о?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау, о?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер, о?ушыларды? жас ерекшеліктеріне с?йкес о?ыту ж?не о?у, талантты ж?не дарынды балаларды о?ыту, о?ытуда?ы бас?ару ж?не к?шбасшылы?
10
Саба?ты? типі
Аралас саба?
11
Саба?та ?олданылатын ?діс т?сілдер, ??ралдар
Постер, «ысты? орынды?» ?дісі, салыстыру, ??гімелеу, с?ра?-жауап, т?ртіп алу ?дісі, эссе жазу.
М?хтар ?уезовті? суреттері, плакаттар, кесте, ?аза? фильмдер жина?ы «Жетімдер», «Ана», «Жетімні? монологы» дискілер.
12
Саба? кезе?дері
М??алімні? іс-?рекеті
О?ушыны? іс ?рекеті
13
?йымдастыру кезе?і
О?ушыларды? назарын саба??а аудару.
Б?рін ??ып алы?дар,
?р с?зге зер салы?дар.
Саба??а керекті о?у-??ралдарын алу
Сыныпта ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру ма?сатында о?ушылар ше?бер ??ра отырып, бір-біріне жа?сылы? тілейді.
14
?й тапсырмасы
?й тапсырмасын пысы?тау
М.Дулатов. Шешені? балаларын с?юі
-М.Дулатовты? ?мірі туралы не білесі?дер?
-?андай е?бектері бар?
?ле?ді жат?а айтады. Берілген тапсырмаларды орындап, с?ра?тар?а жауап береді.
О?улы?та?ы с?ра?тар ж?не м??алім дайында?ан с?ра?тар?а жауап беріп, ?з пікірлерін орта?а салады.
15
Жа?а саба?
Сергіту с?ті.
К?не балалар орнымыздан т?рып, к?зімізді ж?мып елестетіп к?рейікші:
Тіршілікке ?ажетті жа?дайлар?а нелер жатады? (ауа, ?орек, су,жары?,жылу)
И?, б?ларсыз ?мір жо?, ал сендер ?шін сол к?ндей ысты?, ауадай ?ажет жан ол кім? (Ана)
Аналарын жандары?да, я?ни сендер ба?ытты балаларсы?дар. Ал ата-анасы жо? балаларды ?алай атайды? (Жетімдер)
Олай болса экран?а назар аударайы?.
( «Жетімдер» фильмін к?рсету)
-Б?л фильм ?алай аталады?
-Балалар б?л фильмді к?ргенде ?андай сезімде болды?дар?
-Фильмді к?ргендері? бар ма?
-Фильмдегі балаларды? та?дыры ?андай?
Б?гінгі саба?та біз М?хтар ?уезовты? «Жетім» ??гімесімен танысамыз. (Алдын ала берілген тапсырма бойынша автор туралы о?ушыларды? дайында?ан рефератын о?ыту.)
О?улы?пен ж?мыс:
2. С?здік ж?мыс:
Жетім-?ор?ансыз, панасыз, ата-анасы жо?, жал?ыз.
?иянат-?ділетсіздік, зорлы?, ?ктемдік.
?а?а беріс-шеттеу, б?рылыс, тасалау жер.
О?улы?пен ж?мыс.
3. ?р топтан о?ушылар м?тінді тізбектей о?иды.
4. О?и?а желісі бойынша м?тінді мазм?ндау.
5. С?ра?-жауап ?дісі ар?ылы м?тінді талдау.
— Жападан-жал?ыз келе жат?ан бала кім?
— ?асым жеті т?нде неліктен жал?ыз жаяу келе жатты?
— ?асымны? та?дыры неге ?иын болды?
— Таби?ат бала?а ?алай к?рінеді?
— ??гімеде ?асым жетімдікті? ?орлы?ын ?алай к?рген?
— Егер сен ?асымны? орнында болса?, не істер еді??
— ?асым?а жетімдіктен ??тылуды? ?андай амалын айтар еді??
— ??гіме неліктен жетім деп атал?ан?
Д?птермен ж?мыс. Тапсырмалар;
1-топ. Иса?а мінездеме бері?дер.
2-топ. «Жетім» с?зіні? ма?ынасын т?сіндірі?дер.
3-топ. ?асым?а хат
4-топ. Автор?а хат (О?ушыларды? жазбаларын ты?дау)
К?белек т?рып ертемен, к?лімсіреп керілді.
Бір шы?пен бетін жуды, екі шыр айналды.
?ш дегенде жерге жетті
Т?рт дегенде ?шып кетті.
О?ушылар проектормен фильм тамашалайды.
Жа?а саба?ты? та?ырыбын о?ушылармен бірге болжау.
Авторды? шы?армашылы?ы мен ?мірбаяны туралы не білеміз?
О?ушылар авторды? ?мірбаянына шолу жасап, танысып, м?тінді тізбектеп о?ыды.
М?хтар ?уезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында ту?ан. Шебер жазушы.«Абай жолы» романын жаз?ан. 2–3 сыныптарда «?білманс?р», «Бала Абай», «?ке арманы», «Боран», «Кешкі д?? басында» атты шы?армаларымен танысты?. М?хтар ?уезов ?аза?ты? ?лы жазушысы, ?дебиет зерттеуші, драматург ж?не ?о?ам ?айраткері. Ол Абайтану ?ылымыны? негізін сала отырып, ?аза? ?дебиеті тарихына орасан ?ызмет сі?ірді. Оны? ?лемге тара?ан «Абай жолы» роман-эпопеясы – ?лтымызды? рухани ?азынасына ?осыл?ан ?лы м?ра. Балалар?а арнал?ан шы?армалары да баршылы?, мысалы: «К?ксерек», «Жетім», «?ор?ансызды? к?ні» т.б.
«Б?л д?уірде ?з тілін, ?дебиетін білмеген, ?адірлемеген адам толы? м?нді адам емес» — деген екен М?хтар ?уезов.
М?тінді о?ушылар талдайды.
- ?р топ м?тіндегі ?з б?ліктерін м?тінге с?йене отырып, ?з с?здерімен ??гімелейді, бір-біріні? ойын жал?астырады, толы?тырады.
- М?тінні? мазм?нын ашу (с?ра?-жауап ар?ылы топ ішіндегі белсенділігі аз к?рінген о?ушы?а с?ра? н?мірі жазыл?ан стикер таратып, ол о?ушыдан жауап алу)
М?тінді тізбектей о?у барысында, о?ушылар ?аламмен ?здеріне ма?ынасын т?сінуге ?иын со??ан с?здерді? астын т?ртіп сызып отырады.
О?ушылар «Жетімні? монологын» ты?дайды ж?не тал?ылайды. ?р топ о?ушысы шы?ады.
Б?л монологты? б?гінгі та?ырып?а ?атысы не?
Б?гінгі ??гімедегі жетім мен ?азіргі ты?да?ан монологта?ы жетімні? орта? тілегі, ?алауы не?
Олар адамдардан не к?теді?
Критерийлер:
1. Мазм?ндылы?ы;
2. Сауаттылы?ы;
3. С?йлемдерді? байланысы
16
Жа?а саба?ты бекіту
?р топ?а тапсырма №1:
М??алімні? с?зі:
?азіргі та?да ата-анасы жо? балаларды ?кімет ?ам?орлы?ына алып, арнайы балалар ?йіне алады. Дегенмен, балалар ?йінде ?аншама жа?дай жасалынса да ата-ананы? мейірім шуа?ына ешн?рсе жетпейді.
?р топ?а тапсырма №2:
Таби?ат ??былысы мен баланы? к??іл-к?йін салыстыр, несімен ??сас?
О?и?а желісі немен басталды?
??гіме ?алай ая?талды?
??гімені? идеясы ?андай?
?асымны? ?мірден к?рген ?иыншылы?ынан басталды
?ор?ыныштан ж?регі жарыл?ан ?асымны? ?лімімен
Жетім к?рсе? жебей ж?р демекші, жетімдерге к?мектесу, мейірімсіздіктен аула? болу.
Таби?атта?ы ?згеріс
Баланы? к??іл к?йі
1. ?алы? ?ара б?лт
2.Б?лт жиі-жиі к?ркіреп,к?н жар?ылдайды;
3.Ымырт жабылып, ?ас ?арай?ан ша?та
1.Жал?ыз жаяу бала
2.Т?сі де, к??ілі де
?артайып, ж?деп
3.Ж?регі ?алтырап,
шошынып, еле?деп.
17
Бекіту.
?нтаспадан «Ана» ?ле?ін ты?дау.
Бала ?шін анасыны? ?асында ?ара су ішкенге не жетсін!
Ал балалар, елімізде жетімдер саны азаюы ?шін ?андай тілек айтасы?дар?
?р?ашан к?н с?нбесін,
Аспаннан б?лт т?нбесін.
?асымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
О?ушылар хормен ?н айтады.
?р?ашан к?н с?нбесін,
Аспаннан б?лт т?нбесін.
?асымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
17
Ба?алау
Ба?алау формативті
Топ басшылары тобында?ы о?ушыларды? жауаптарын ба?алайды.
18
Кері байланыс
Екі ж?лдыз, бір тілек.
Та?ырыпты т?сінгенін о?ушылар ?ол шапала? ар?ылы білдіреді.
19
?йге тапсырма
1.М?тінді о?ып, мазм?нын айту.
2.Д?птерге кестені толтыру.
О?ушылар ?й ж?мысын жазып алады.
Просмотр содержимого документа
«М?хтар ?уезов «Жетім»»
«Капитоновка
орта мектебі» КММ
бастауыш
сынып мұғалімі: Курмахан М.
Ата –
аналарға арналған тренинг
Тақырыбы: «Балам —
менің баға жетпес байлығым»
Мақсаты: Бала
тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Ата —
аналардың қарым — қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын,
отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата — анамен оқушы арасындағы қарым —
қатынасты нығайту.
Қажетті
құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам,
фломастер, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы.
1. «Сәлем сөздің анасы» амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Доп лақтыру жаттығуы
4. Гүл теру жаттығуы. Пікірлесу
5. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам …»
6. Бала туралы бейнеролик көрсету.
7. Топқа бөлу. Шығармашылық тапсырма.
8. Балама ақ тілек.
9. Қорытынды.
Тренинг
ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Тренинг барысы:
Сәлеметсіздер ме
құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Балам
– менің баға жетпес байлығым» атты тренинг сабағымызға
хош келдіңіздер!
Ата –ана тілегі
баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты
тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты
жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның
жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып
демеуші ата-ана.
Шаттық шеңбері: Ата – аналар
шеңбер жасай тұрады.
1. «Сәлемдесу»
жаттығуы: Бір
күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір–бірімізбен
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1-
нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей
қарайық
2-
нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3-
нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
—
Сәлемдесу
кезінде қандай әсерде болдыңыздар?
—
Өмірдегі
ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
2. Тақырыпты ата-аналардың әңгімелеуі арқылы ашу.
3. «Доп лақтыру» жаттығуы.
—
Бала
сіз үшін кім? Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала –
болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
4. «Гүл теру» жаттығуы. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата —
аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір — бір гүлден алады. Сол
гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.
· Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер
айтасыз?
· Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс —
әрекетіңіз.
· Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша
қандай жақсы қасиеттер бар?
• Бала тәрбиесі үшін отбасы
жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
• Балаларда қызғаныш,
өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
• Балаларыңыз игілік істер істесе оларды
қалай мадақтайсыздар?
• «Өнегелі отбасы» дегенді қалай
түсінесіз?
5. Аяқталмаған
сөйлем «Менің балам …»
Ия, әрбір ата – ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім –
тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана
қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге
келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш
түрл і адамның мінезі беріледі екен. Ол – бірінші ата- анасынан, себебі
бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал –екінші
ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына
алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші –
достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келіп,
олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.
Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы жақтарын ала
білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары
сөзсіз. Десекте кейбір кездері олардың бойынан өзімізге ұнамайтын
қасиеттерді де кездестіріп қаламыз. Ендеше баламыздың бойындағы осындай
қасиеттерді танып білу үшін «Менің балам …» ойынын жүргізейік!
Тапсырма: «Менің балам …» деген сөзді жалғастыру
үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін
5 минут беріледі. (Ата –аналарға алдын-ала дайындалған кеспе қағазы
беріледі).
Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады.
Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке
бөліңіз?
1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді
қанағаттандыратын жақтары.
2. Балаңыздың бойындағы
мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.
Рефлексия
1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?
2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді
қынжылтқан не?
6. Бейнеролик
көрсету
7. Топқа бөліну.
Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Құрметті ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні
жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз
байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі
болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы
бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата – аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір
бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не
үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны
тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып
қорғайсыздар.
(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып
отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата —
аналар мына үлкен қағазға
«Отбасылық
құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек.
Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық
құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың
тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі
отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды,
ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл
аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап
шығады.
8. Балама ақ тілек. Жүрекшелерге тілек жазу
9. Қорытынды.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы
былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім.
Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.
Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең,
кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан
бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе
бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата –
анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.
«Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең
үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың
басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге
тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып,
бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай
қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.
“ Ата — ананың алақаны-балаға саялы бақ”
(тренинг)
Мақсаты:
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін,
олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің
жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты
жақсарту
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Тренинг бағдарламасы:
- І.Кіріспе
- ІІ.Негізгі бөлім:
- 1. «Киіз үй» тренингі (шаңырақты бейнелеу)
- 2. Ата-аналар топтарын құру ( ән арқылы)
- 3 .”Мен үшін қымбат…”(Ой қозғау)
- 4 .”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
- 5 .”Жүректен шыққан жылы сөз”:
- А)”Мейірімділік шуағы”;
- 6 . «Орыныңмен орыныңды ауыстыр»ойыны
- 7. ”Жағымсыз қылықтар”
- 8 .”Жақсы қасиеттер”
- 9. «Бақытты жанұя» (постер қорғау)
- 10.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
- 11 .Жаттығу “Тілек шырағданы”
- 1 2 .Қорытынды
І. Кіріспе бөлім:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
тренингтің тақырыбы: «Ата – ананың алақаны –
балаға саялы бақ » деп аталады.
Отбасы — өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
жүзеге асатын …. адамның ең басты шаттығы
болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын
тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
бөлуді ешқашан естен шығармайық.
- «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
- Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
- А.С.Макаренко
“ Адамдық негізі – ол — әйел”.
“ Ана – отбасының ұйытқысы”.
“ Киіз үй” тренингі (шаңырақты бейнелеу)
Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
«Әнмен бой сергіту»
Ата-аналардың өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айтуға мүмкіндік беру үшін Шәмші әндері арқылы топқа бөлу.
Мұғалім танымал 3 ән жазылған қағаз таратады. Ата-аналар өзіне тиген ән бойынша топ құрады.
ІІ.Негізгі бөлім 1. “Мен үшін қымбат..” (ой қозғау)
Ананың
Аялы алақаны
күлкісі
мейірімі
Ананың
Ыстық жүрегі
Мейірімді көздері
Жан жылуы
махаббаты
- 2.“Бала деген кім?”
(ой қозғау)
Бала
Болашағымыз
Асыраушым
Бауыр етіміз
Бала
Көмекшім
Үмітіміз
Ақылшым
Өмірімнің
жалғасы
А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша,
баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен
тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
«Орыныңмен – орыныңды ауыстыр» ойыны
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Жағымсыз
қылықтар
Тәкәппарлық
Еріншектік
Мақтаншақтық
Жағымсыз
қылықтар
Сараңдық
Дөрекілік
Ызақорлық
Жалқаулық
Жақсы
қасиеттер
Еңбекқорлық
Жақсы
қасиеттер
Адамгершілігі мол
Сыпайылық
Инабаттылық
Тіл алғыш
Мәдениеттілік
Тәртіптілік
Құрметті ата-ана! Еліміздің болашағы сіздің балаңыздың,
яғни баршамыздың балаларымыздың қолында, ол бақыт
отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан да
балаларыңыз бақытқа кенелсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі
қателіктерге жол бермеңіздер!
Сіздің ойыңыздағы «Бақытты жанұя» ұғымын алдарыңыздағы
қағаз бетіне түсіруіңіз сұралады.
Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
«Балаңыз ұялы телефон
алып бер деп жылады.
Сіз: «Шамалы шыдай тұр,
уақытында алып беремін» — дедіңіз.
Балаңыз тыңдамай есікті
тарс жауып кетіп қалды.
Сіздің әрекетіңіз?»
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», — деді. Сіздің әрекетіңіз?
“ Тілек ш ырағданы ”
Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Қорытынды
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!
Тосын сый
«Бақыт ты бала » салатының рецептісі
Махаббат
Күлкі
Жауапкершілік
Бақыт
Күтім
Мейірімділік
«Тексерілді»
№21 «Назерке» балабақшасы
жедел басқару құқығындағы
МКҚК әдіскері
Умирбаева А.С. ___________
« Аяулы ана — ардағым»
8 — Наурыз мерекесіне арналган ертеңгілік .
№10 «Балдәурен» ортаңғы тобы.
Тәрбиеші: Шамурадова
2017-2018жыл
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Балалар әуен ырғағымен залға,
қолдарына шар ұстап кіріп келеді.
Жүргізуші: Аналар тойы береке,
Тірішілік жаңа оянды.
Ақ сүт беріп өсірген
«Ботам» деген дауысы.
Кетпес ешбір есімнен.
Құрметті ардақты, ақ жаулықты абзал
аналар, балабақша қызыметкерлері
және кішкентай бүлдіршіндер!
Сіздерді көктемнің алғашқы
8 – Наурыз әйел – қыздар мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз! Сіздерге ұзақ өмір, зор денсаулық,
отбасыларыңа амандық, береке, бірлік тілейміз.
№ 10«Балдәурен» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің
«Аяулы ана — ардағым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Ендеше аналарымызға арналған балаларымыздың
тақпақтарына кезек берейік.
Арай: Сен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Сей.Айзере: Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың
Жасұлан: Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде ,
Шын сағынып қаласың.
Сат.Айзере: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде.
Хамза: Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарын қуантып
Ұзақ өмір сүіңіз
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың қыранындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
деп абзал аналарымызға арнаған әнімізді қабыл алыңыз.
Хор: Ән «Анашым»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыздар.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз.
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасам ақ сүтіңді асыл анам.
Нұрай: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттық кетпес баладан.
Рахымжан: Анашым аяулым адам сен едің
Серігі болған біздердің.
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршым менің анашым.
Айару: Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым
Өзіңдей жанды әлемнен
Қайдан табамын анашым?!
Артық Кәусар: Мейірімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десең ол —Ана
Жүргізуші: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылды,
Күн пердесі сөгілді.
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар әнменен,
Қарсы алайық көктемді.
Олай болса балалар! Көктем аруын қарсы алайық.
(Көктем аруы себет толы гүлмен кіріп келеді.)
Мен көгілдір көктеммін
Жылда бір келіп кетемін
Орманда бұл — бұл сайраған
Көптен күткен көктеммін.
—Әлемдегі ең аяулы аналарды құттықтауға келдім.
Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.
—Сәлеметсіздерма балалар! Мен Көктем аруымын .
Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған
гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Көктем аруы біздің балалардың көктемге арнаған
тақпақтарын тыңдайық.
Абылай: Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді.
Ақбөбек: Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.
Гауһар: Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
Бау – бақшада орманда
Құстар әні төгілді.
Әмірхан: Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны
Көлбеңдейді көбелек.
Көктем: Балалар мен сіздерге құр келгенім жоқ.
Мен сендерге ойын ала келдім .
Ойын : «Гүлді кім бірінші берді?»
Шарты: Ортаға екі ұл бала шығып, қыздарды алып келіп вальис билейді.
Музыка тоқтағанда жүгіріп барып гүлді әкеліп беру.
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар ,
Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар! Көктем аруы біздің
балалардың көктемге арналған әндері бар.
Ән : «Көктем келді»
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар!
Менің көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Біздің балалар биді де жақсы билейді.
Би: «Жалқаубек ».
Жүргізуші : Бәрімізге анасың,біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
Мамаларды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап әдеппен бас иеміз.
Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған.
Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әжелерімізге
арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Асан Кәусар: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі
Малика : Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Керек болса, бәріне
Нұрғиса: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ақ әжем
Жүргізуші: Десекте уақыт бізбен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Өнерлерін аналарға бағыштайды.
Енді аналарымызға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Мариям: Жақсылыққа шақырып
Жамадықтан тыяды
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
Нұрислам: Құтты болсын ақ анам
8 – Наурызың
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,
Теңіздей тербеліп көл бетінде
Бишілер билеп тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Алдымызда мың бұралған биші ұл – қыздарымыз.
Би: «Мамма мария»
Көктем: Жарайсыңдар балалар. Бәріңізде өнерлі екенсіңдер.
Мені өздерің сияқты басқада балалар күтіп отыр.
Соларға баруым керек. Сау балыңыздар.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, ертеңгілімізді
тақпақтармен жалғастырамыз, олай болса орыс тілінде тақпақ айтып берейік.
Гауһар: Мама , так тебя люблю
Что не знаю прямо!ьшому
Я большому кораблю
Дам названьне «Мама»
Жасұлан: Мамочке подарка
Приготовлю я.
Самая красивая
Мама у меня!
Абылай: Скоро день 8 Марта
Что бы маме подорить?
Может, ей цветок красивый
Или вазочку купить?
Айдана: Ялюбимой мамочке
Подарю подарочки
Вышью ей платочек
Как живой, цветочек
Бөбек: Я поздравить мамочку
С праздником хочу
Сделаю для мамы
Все, что захочу.
Әмірхан: Сорвала я в поле
Цветок голубой
Пренесу в подарок
Маме дорогой.
Жібек: Бабушка любимая
Самая красивая
Руки золотые
Глазки молодые.
Ата – анамен ойын: «Қолынан танып тап»
Шарты: Ортаға бірнеше балаларды шығарып қолдарын создырып қоямыз,
ал бір ананы шығарып өз баласының қолынан танып білу, осылайша ойын
жалғасады.
Жүргізуші: Ендігі кезекті Гаухар, Арай, Сей.Айзеренің әндеріне кезек
береміз.
Ән: «Бөбектер»
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық «Ұлдар» биін.
Би: «Флешмоб»
Жүргізуші : Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған
— деп балалардың аналарына жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ана мен баланы айырмасын
Бірі әнді , бірі оның қайырмасы
Болғанда әке – дәулет, ана – бақыт
Тағдыр оларды бір – бірінен ешқашан
айырмасын, дегеп — бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз.
Аяулы сүйікті, қамқоршы – Асыл аналар.
Сіздерді көктемнің алғашқы мерексі
8 – Наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге ұзақ өмір, отбасыңызға амандық тілейміз.
Қостанай ауданы Затобол кенті әкімдігінің «Гүлдер» Бөбекжайбақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
««Ана – аса қымбатты жан»»
Ортаңғы «Жұлдыз» тобы
Тәрбиешілер: Садырбекова Г
Нурбаева Ж.Е.
2018 жылы Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты:
мерекелік көңілкүйін құру;
ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға
эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қатысушылар: «Жұлдыз» тобының балалары, тәрбиешілері, атааналар,
көктем ханшайымы, аю
Ертеңгіліктің барысы: (Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты щеңбер жасап
тұрады).
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналарымыздың, қыздарымыздың, әжелеріміздің
мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой? Әне, қыздар да келе
жатыр! Қарсы алайық!
(Музыка әуені естіледі де, қыздар залға кіреді.)
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай
әдемі болып кеткен!
(Ұлдар қыздарға басын иеді).
Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8наурыз халықаралық
әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де
орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек
емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі.
Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
Балалар: Балалар бірге қосылып:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Жүргізуші: Балалар біз қайда келдік?
Балалар: Анамызға, көктем мерекесіне. Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем айларын атап шығайық. (наурыз, сәуір, мамыр)
Жүргізуші:Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз
құтты болсын.
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы,
Көрікті көктем келді
(Ортаға музыкамен көктем кіреді)
Көктем: Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда,
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш,
сұлулық тілеймін!
Жүргізуші:
Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында
айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан
ару көктем біз саған ризамыз.
Музыкалық әуенмен аю кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аю.
Аю:Ой, балалар, көктем келген бе? Мен ұйықтап жатқан жерімнен оянып
кеттім.
Жүргізуші: Аю, көктемнің алғашқы 8наурыз аналар мерекесін тойлап
жатырмыз.
Аю: Ондай болса, мен ұйқымды ашайын, сендер маған би билеп беріңдер.
Би «Gentleman».
Жүргізуші: Тамаша біздің ұлдарға үлкен рахмет! Аю ұлдардың көрсеткен
өнері ұнады ма?
Аю: Әрине, билерін өте тамаша керемет болды. Жүргізуші:
Жүргізуші:
Жүргізуші:
Ойын:
Жүргізуші:
Балалар:
Жүргізуші:
Тақпақтар:
1) А.Айша
2) А.Ернур
3) А.Жанель
4) А. Адиль
5) А.Бекмұхаммед
6) А.Наз
7) Ә.Дінмұхаммед
Б.Айлана
9) Б. Айзара
10) Б.Ерік
11) Б. Ясмин Жүргізуші:
Ән:
Би:
Жүргізуші:
Ән:
Балалар:
Жүргізуші:
Ән:
Жүргізуші:
Тақпақтар:
12) Б.Бексултан
13) Г.Анеля
14) Д.Жандос
15) Е.Назым
16) Е.Айдана
17) Ж.Нура
18) Ж.Нұрасыл
19) К.Жігер
20) К.Әбілмансұр
21) Қ. Даулет
Жүргізуші:
Би: Жүргізуші:
Тақпақтар:
22) М.Қайсар
23) М.Әділ
24) С.Аңсар
25) С.Мансур
26) Т.Мадияр
27) Т.Дінмұхаммед
28) У.Алдияр
29) Ф.Григорий
30) Ш.Арсен
31) Б.Кумар
Жүргізуші
.
Сау болыңдар, балалар
Жүргізуші:
Марапатау
Қорытындылау
1ұл. Ұлдар айтындаршы мерекеге барлығы жиналдыма ?
2ұл. (залға қарап) Барлығы жиналған сияқты қонақтарымыз да келіпті.
3ұл. Иә, бүгін аналар, әжелер, қыздар мерекесі ғой.
Ендеше мерекені бастайық. 4ұл. Тоқтандар, қыздар жоқ ғой.
5ұл. Ә, олар топта өздерін әдемілеп жатқан, кешке дейін келіп қалар.
6ұл. Ұлдар, тыныш, міне қыздарымыз да келіп қалыпты.
7ұл. Ендеше қыздарымызды қарсы алайық.
Композиция «Қыздар, қыздар – сұлу қыздар»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен
және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер
күнімен құттықтаймын!
«Жаным»дейсің мені.
Жаратушымбір сен
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!деп «Айгөлек» тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық
аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді
бастаймыз.
1бала: Ана –деген өмірімнің шырағы
Өмір көзі алтын күннің шуағы
Дем беретін сүйетұғын жаныммен
Шөл далада сусындайтын бұлағың.
2бала: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8ші наурызбен.
3бала:В добрый день Восьмое марта
Мамам нашим шлем привет!
«Мама» — слово дорогое, В слове этом жизнь и свет.
4бала: Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Аналардың мейрамын
Бірге қарсы аламыз.
5бала:I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
6бала:Аялаймыз ананымызды
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Ән: «Апа, туған күніңмен!» К.Ыбыраев
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.
Би: «Көктем вальсі»
Тәрбиеші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар
әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды
тілектерімізді айтайық.
7бала: Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
8бала: Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжем
Тентек болсаң кешірген
Шөлдедің бе,дана әжем
Шай қайнытып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем!
9бала:А вот руки бабушки — это просто клад!
Быть без дела бабушке руки не велят.
Золотые, ловкие, как люблю я их!
Нет, других, наверное, не найти таких!
10бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Ән: «Атаәже»
Тәрбиеші: Балалар, ұлдар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелріміздің ғана
мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап
жіберейік.
11бала:Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар.
12бала:Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз Той күні бірбірден
Қыздарға сыйлаймыз.
13бала: Біз қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан тартпаймыз.
Меркемен құттықтап,
Қыздарменен ойнаймыз.
8naurizscenaribalabakshaga
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап,
тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға
шақырып, ойын ойнайық.
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 56 ұл
бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен
тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға
сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Ойын: «Кім жылдам?»
Балалар таяқшаны тез орап соңындағы сыйлыққа кім бірінші жетеді.
2 ойын: «Кім шапшаң»
Балалар қасықпен бір жерден екінші жерге киндерлерді тасып апару керек.
Ойын: «Анаңды дауысынан таны»
Балалар өз аналарын дауыстарынан тану керек.
Ойын: «Сән»
Ұл балалар қыздарды жылдам киіндіру керек.
2 ойын: «Гүлзардағы гүлдер» Балалар гүлзарға гүлдерді жылдам жинау керек.
Ана – тіршілік тірегі (8 наурыз!)
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз — аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата — анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал — мәтелдер.
Сабақ барысы.
Кіріспе:
1 жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты аналар, қыздар және мұғалімдер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
2 — жүргізуші. Кешімізді «Көктем» әнімен ашайық.
Ән: Көктем.
1 — жүргізуші.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
2 — жүргізуші. Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын… Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі сынып жетекшіміз Айсұлу Жұмабайқызына беріледі.
1 — оқушы. Ержан
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
2 — оқушы. Жанару.
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың — дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге…
1 — жүргізуші. Абзал аналарымыздың құрметіне Адель мен Меруерттің орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Анашым»
2 — жүргізуші. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған
Меруерт, Дамир және Алдияр, Ержан, Әселдің орындауындағы «Апатайым, анашым» атты әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Апатайым анашым»
1 — жүргізуші. Аналар адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт — аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата — анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда флешмоб
Би: флешмоб.
2 — жүргізуші. «Отбасы — шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Сондай отбасының данасы, қариясы болады. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп қазақ халқы бекер айтпаған. Ендеше келесі құттықтау сөздері әжелерімізге арналады.
3 — оқушы
Әжетайым, әжешім,
Ең ардақты, ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті,
Баға жетпес, ақ әжем.
Аман — есен жүріңізші,
Бар тілегім, сол әжем!
4 — оқушы
Әжем — ақыл бесігі,
Мейіріммен тербеткен.
Менде ақылды боламын,
Аман — есен ержетсем.
Ән: «Әже»
1 — жүргізуші.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
2 — жүргізуші.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда Әсел, Нұрсұлтан және Меруерттің домбырамен «Кеңес»күй ойнап береді.
Күй: «Кеңес»
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса Әсел, Диана Нұрсұлтан және Нияздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
5 — оқушы
6 — оқушы
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
7 — оқушы
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
8 — оқушы
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
1 — жүргізуші.
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Көрініс «Үш ұл»
Автор. Екі әйел құдықтан су тартып тұр екен. Қарт адам шаршап құдықтың жанында дем алып тұрады. Бұлардың қасына тағы бір әйел келеді.
1 ана. Менің ұлым батыр да күшті. Төбелесе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді.
2ана. Менің ұлым ән салғанда бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы оған жетпейді.
Автор. Үшінші әйел үндемей тұрады.
Ата. Ал сенің балаңның қандай өнері бар?
3ана. Не айтайын, менің баламның ешқандай ерекшелігі, өнері жоқ.
Автор. Әйелдер шелектерін алып, үйлеріне қарай беттейді. Ал бірінші және екінші ананың ұлдары жандарынан жүгіріп өте шығады. Үшінші ананың баласы жүгіріп келіп.
3ұл. Ана, әкел мен көтерейін.
1 — 2 ана бірге. Қалай ата, біздің балаларымыз сізге ұнады ма?
Ата. Қайдағы балалар. Мен тек бір ғана баланы көріп тұрмын.
1 — жүргізуші. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Ән: Ақ мамам.
1 — жүргізуші. Құрметті қонақтар, біздің «Ана — тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет.
2 — жүргізуші.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау — саламатта болыңыздар!
Ана – тіршілік тірегі. жүктеу
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе _ сынып оқушысы Жоламанды әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор: Жақыпов Мұхамедқали Исатайұлына беріледі (директор сөз сөйлейді).
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _ сынып оқушысы __________-ны «Аяулы ана» әнімен сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті үнді биіне береміз.
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген — рәмізі сұлулықтың.
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса ______ қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын _-cыныптың _ баласы бар. Тамашадан көрініс. Ортада _ сынып әзілкештері.
Жүргізуші: Келесі кезекті күйге береміз. Сахнада _ сынып оқушысы _______ «Ерке сылқым» күйін орындайды.
Жүргізуші:
Бұралып біздің қыздар билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам — — сынып өнерпаздарының биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы ____ — қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, — дей келе Елемесова Айгерімді «Ана» атты шығармасымен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
Келесі кезекте _ — сынып оқушысы _______ «Анаға сыр» атты поэзиялық туындысымен ортаға шақырамыз. Жас ақынның жүрек сырын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып.
Жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!
Белгибаева Тазагуль Зейнуллаевна,
психолог, №52 бастауыш мектеп шағын орталығы, Тараз қаласы, Жамбыл облысы
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, қаламсап, желім, қиылған қолдардың суретін жабыстыратын ватман, күннің суреті салынған ватман, маркерлер.
Ұйымдастыру кезеңі.
Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамыз.
— Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы: «Менің балам қандай?»
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.
II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
III. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?
— егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
— егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
— егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
— егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
— егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.
IV. «Менің балам қандай?» ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.
V. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.
VI. Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.
Ұстаз: Айтгуль Шингисова
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
ФОН: Күй
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 2 ші жыл тойланып отыр.
2-жүргізуші:
Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.
1-жүргізуші:
Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
2-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе
Мектебіміздің оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар
Көрініс қойылымы: «Әке өсиеті» Әке-Талғат, бала-Ақниет
1-жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
2-жүргізуші:
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Амангелді, Байбек)
Күй «Секіртпе» Айдар
1-жүргізуші:
Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.
Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
2-жүргізуші:
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп
1 сынып оқушысы Фатиманың орындауында « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
2-жүргізуші: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында » Жылдар сөйлейді» атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.
Фон: Музыка қою
9 б сынып оқушысы Әшірбеков Қанағаттың орындауында «Балбырауын» күйі
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.
2-жүргізуші
Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
1-жүргізуші:
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2-жүргізуші:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2 -сынып оқушылары Жазира мен Наргиздің орындауында » Көгершін » биі
1-жүргізуші
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
2-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
1-жүргізуші
Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушыларының өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.
Сәндікұлттық киім үлгісін көрсету
2-жүргізуші:
Бүгінгі Астананың нұры қандай!
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
1-жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,
10-сынып оқушысы Қуанбай Нұрболат орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».
1-жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!
Дереккөз: Sabaqtar.kz
Ұқсас материалдар:
-
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий
-
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
-
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы
-
16 желтоқсан: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
-
Тәуелсіздік туралы