Жеті лақ ертегісі тех карта
Скачать материал
Скачать материал
- Сейчас обучается 98 человек из 33 регионов
- Сейчас обучается 92 человека из 30 регионов
- Сейчас обучается 390 человек из 69 регионов
Краткое описание документа:
Жеті лақ ертегісі
Білім беру саласы:Таным,қатынас,шығармашылық
Бөлімі: Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мақсаты:Балалардың ертегі туралы білімдерін одан әрі дамыту,ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдап,рөлдерді бөліп ұйымшылдықпен ойнауға,ойын барысында жаман-жақсыныәрекеттерді ажыратып ,үлкенді құрметтеп ,кішіні қамқорлауға үйрету.Ертегі кейіпкерлері арқылы мейірімділікке және шын достыққа тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Ертегі әлеміне саяхат жасау
Әдіс- тәсілдері: сөздік,ойын,түсіндіру
Көрнекіліктер:жеті лақ ертегісінің кейіпкерлері, экран,гипс балшығы,мақта
Билингвалдық компонент: ешкі-коза,лақ-козленок,қасқыр-волк,орман-лес
Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
6 098 312 материалов в базе
- Выберите категорию:
- Выберите учебник и тему
- Выберите класс:
-
Тип материала:
-
Все материалы
-
Статьи
-
Научные работы
-
Видеоуроки
-
Презентации
-
Конспекты
-
Тесты
-
Рабочие программы
-
Другие методич. материалы
-
Найти материалы
Другие материалы
Рейтинг:
1 из 5
- 12.02.2015
- 12981
- 60
Рейтинг:
4 из 5
- 12.02.2015
- 1233
- 0
- 12.02.2015
- 503
- 0
- 12.02.2015
- 2277
- 146
- 12.02.2015
- 2014
- 10
Рейтинг:
4 из 5
- 12.02.2015
- 2729
- 60
-
Настоящий материал опубликован пользователем Куанова Лиза Муратжанқызы. Инфоурок является
информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте
методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них
сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайтЕсли Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с
сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.Удалить материал
-
- На сайте: 7 лет и 11 месяцев
- Подписчики: 0
- Всего просмотров: 4925
-
Всего материалов:
1
Ұйымдастырылған оқу іс—әрекетінің тақырыбы: Ертегі әлеміне саяхат
«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
Мақсаты: Оқу—іс әрекетінде «Қасқыр мен жеті лақ ертегісінің үзіндісіне
тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік қорын
молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау,
қорытындылау.
Көрнекіліктер: Ертегіге байланысты суреттер
Ұйымдастырылған оқу іс—әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба достарым.
Амансың ба, қонақтар,
Біз сіздерді сағындық.
— Балалар жылдың қай мезгілі?
—Қыс мезгілі.
— Қыс туралы не білеміз?
Кіріспе. Енді балалар бүгін біз « Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен
танысамыз
— Балалар қасқыр туралы не білесіңдер?
— Қандай жануар?
— Жабайы жануар, Қауіпті аңдар қатарына жатады.
— Қасқыр туралы мына өлеңді еске түсірейік.
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым.
Аш болсам ұлырмын,
Ауылды торыймын.
— Ешкі,лақ қандай жануар?
— Үй жануарларына жатады.
— Етімен, сүтімен бізге пайдалы.
— Лақ туралы қандай өлең.тақпақ білесіңдер.
Балалар — Лағым—ау лағым,
Ерке тотай шұнағым.
Ағаштарды кемірсең,
Құлағыңды жұламын
Сергіту сәті: «Қорбаңдаған аюдың…»
Тәрбиеші ертегі суреттерін пайдалана отырып,ертегіні әңгімелеп айтады.
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен.
Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
— Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
—«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін. Осы
кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі
кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады.
Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр
саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап
жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр
ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке
болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп
қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн
сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете
созып тұрып әнге басты:—
Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есік
ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан—
жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды.
Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны
тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне
оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады.
Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы
үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап
жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ
шыға келеді. Бәріде аман—есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек
болмады .Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып,
қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол
кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да,
батып кетті.
Қорытынды:
— Балалар барлығымыз ертегіні жақсы түсіндік пе?
— Қызықты болды ма?
— Енді сергіту жасап жіберейік;
Көлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қасқыр қалай жүреді,
Қасқыр былай жүреді.
Тақырыбы: Жеті лақ ертегісін сахналау.
Білім беру саласы: Таным,қатынас,шығармашылық.
Бөлімі: Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Мақсаты:
Көркем әдеби шығарма негізінде балалардың сөйлеу тілін ұстарту, байланыстырып сөйлеуін дамыту, дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Сөздік қорын молайта отырып, ертегі қойылымын сахналауға қатынасып, бала бойындағы актерлік шеберлікті шыңдау, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу.
Фон Музыка.
Саңырауқұлақ орманда отырады.
— Ееее амансыңдарма балаларым? Мен 100 жылдан артық орманның ішінде өмір сүрген саңырауқұлақпын. Мен сендерге осы орманның ішінде болған бір қызықты ертегіні әңгімелеп бергім келіп тұр. Ертегі «7-лақ» деп аталады.
Ерте,ерте ертеде бір ешкі болыпты. Оның 7 лағы бар екен.Ешкі кунде балаларын жалғыз қалдырып жәрмеңкеге барып,сүт, жеміс-жидек алып, үйіне келеді екен.
Ешкі:
-Лақтарым,шұнақтарым
Айналайын қарақтарым,
Жәрмеңкеге мен барайын,
Сүт пен жеміс алайын.
Ал сендер үйде қалыңдар,
Есікті кілттеп алыңдар.
Бір-біріне қамқор боп,
Кішіге көз салыңдар.
Тентек боп үйді шашпаңдар,
Есікті ешкімге ашпаңдар!
Кешке өзім келемін,
Тамақ әкеп беремін.
Лақ:
-Мәәә үйді шашпаймыз
Есікті ешкімге ашпаймыз.
Ешкі:
-Ия балаларым,мен кеттім
Тентек болмаңдар.
Ешкі кетеді,көңілді әуен қосылады. Лақтар секіріп,ойнап,билей бастайды.
Саңырауқұлақ:
-Орманға ешкі лақтарымен көшіп келгенін шетел орманынан оралған қасқыр естиді.
Ешкі үйіне қайтқанда күнде бір ән айтады екен.Сол әнді естігенде ғана балалары қарсы алып, есікті ашады екен.
Ешкі әнің айтып үйіне оралады.Лақтар тамаққа тойып алып,ыдыс жуып,секіріп ойнай бастайды.
Ешкі:
-Лақтарым,шұнақтарым!Мен жәрмеңкеге барып келейін-деп кетіп қалады.
Саңырауқұлақ:
-Осы уақытта қасқыр ешкінің кеткенің аңдып тұрады.
Қасқыр:
-Ешкі әрең кетті ғой.Ал енді лақтар жалғыз-деп есікті қағады
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашағойыңдар,аналарын келді,сүт әкелді.
Лақтар:
-Жоқ ашпаймыз.Сен біздің анамыз емессін.Сенің дауысын жуаң,ал біздің анамыздың дауысы жіңішке.
Қасқыр қолын сілтеп:
-Қуларын қараш өздерінің.Қазір мен сендерге көрсетемін.-деп аюға келеді.
Қасқыр:
-Аю менің дауысым жуан,оны жіңішкелетіп берші-дейді.
Аю:
-Істесек істейік.
Саңырауқұлақ:
-Қасқыр дауысын жіңішкелетіп,қайтадан лақтарға келіп:
-Лақтарым,шұнақтарым!Есікті ашағойындар-деп жіңішке дауыспен ән сала бастайды.
Лақтар есік ашады,қасқыр бәрін алып кетеді.1-лақ пештің артына тығылып қалады.Ешкі жәрмеңкеден оралып,есіктің ашық жатқаның көріп,жылай бастайды.
Ешкі:
Лақтарым,шұнақтарым!Көлге біткен құрақтарым,
Неге мені тыңдамадыңдар?Есікті ашпандар-деп айттым ғой сендерге.
Пештің артынан 1 лақ секіріп шығып:
-Мама,олардың барлығын қасқыр алып кетті,ал мен пештің артына тығылып үлгердім.Жыламашы анашым!
Ешкі:
-Жоқ,мен барып қасқырды табайын,оның қарның жарайын.Ал сен үйде отыр.Жооо-жоқ менімен бірге жүр-деп 2-уі қасқырдың үйіне барады.
Ешкі:
-Қасқыр,сен қандай жауыз едің?
Қасқыр:
-Ешкі,менің кінәм не?
Ешкі:
-Лақтарымды сен жеп қойдың.
Қасқыр:
-Әй,сол ойым іске аспады ғой!Кешірші мені ешкі.Лақтарын сүйкімді екен.Оларды жеуге дәтім бармады.Біз жақсы дос болып кеттік.
Ешкі:
-Ондай болса олар қайда?
Қасқыр ысқырады,лақтар секіріп ортаға шығады.Көңілді әуенге барлығы билейді,залдан барлық орман аңдары шығады.
Саңырауқұлақ:
-Ееее,балапандарым!Менің ертегім сендерге ұнадыма? Ааааааа.Көңіл күйлеріңіз көтеріліп қалғанына менде мәз болып қалдым.Менің бұнымен ертегім біткен жоқ балалар! Келесі жолы тағы ертегі ойнаймыз.
Ендеше сау болыңдар!
Айтпақшы, айтпақшы балаларым дос болыңдар!Жарайма?Мамаларынды тыңдандар!
Көңілді әуенмен балалар саңырауқұлақты шығарып салады.
Тәрбиеші:
-Балалар ертегі сендерге ұнадыма?
-Жағымды кейіпкерді атайықшы
-Жағымсыз кейіпкер кім?
-Бұл қай ұлттың ертегісі?
-Сендерге ертегіні сахналау ұнады ма?
Балалар біз алдағы уақытта көптеген ертегілер сахналайтын боламыз!
Тайгожина Данара Женисовна, тәрбиеші
«Борас орта мектеп-бақша» КММ
ШҚО, Бесқарағай ауданы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Жасы: (3-4) Білім беру саласы: «Әлуметтік орта» Кіші сала: Көркем әдебиет Тақырыбы:Жеті лақ Мақсаты: Оқу іс әрекетінде «Жеті лақ» ертегісінің үзіндісіне
тоқтала отырып бүлдіршіндердің қызығушылығын ояту. Сөздік
қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын
кеңейту. Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Балаларды сахналауға үйрету Сөздік жұмыс: Сұрақ-жауап,дидактикалық , ойын,
Дидактикалық құралдар:Үй жануарлары,Жабайы жануарлар,Моншақ,жіп
Іс- әрекеті кезеңі |
Тәрбиешінің басқарымдылық қызметті |
Балалардың іс-әрекеті |
I кезең- Мотивациялық қозғаушы |
Балалар біз барлықтарымыз ертегіні жақсы көремізбе? Бауырсақ ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? Ал шалқан ертгеісінде қандай кейіпкерлер бар? |
Балалар ертегіні жақсы қандай ертегіні жақсы көретіндерін айтады.«Бауырсақ», «Үйшік», «Жеті лақ», «Үш аю» бауырсақ;ата, аже,қоян,қасқыр,аю,түлкі кейіпкерлері атайды. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін айтады. |
II кезең — Ұйымдастырушылық ізденушілік |
Балалар түгелдеу, сахналық көрініске дайындау. Алсу Айзат Айлин Айлана Дания Сабина Автор: Ерте ерте бір ешкі және жеті лағы болыпты. Олар орманда Автор: Ешкінің үйде жоғын білген қасқыр, ешкінің үйіне келіп есігін қағып былай дейді. Балалар біз анамызға сыйлық жасап қояйық. Дидактикалық ойын «Моншақты жина» Шарты: домалақ пішінде түстер моншақты тізбектейді. Автор: Лақтар есікті ашады аналары үйге кіреді. Лақтар қасқыр келіп есікті ашылғанына айтады. Автор:Ал қасқыр үйдің жанында ешкінің кеткенін көріп, тағы да келеді, даусын жіңішкелендіріп әндетеді. Жүргізуші: Лақтар қуанып есікті ашып жіберсе ол қасқыр болады. Жүргізуші: 6 лақты қасқыр алып кетеді ал бір лақ тығылып қалады. Орманнан ешкі оралады, үйіне келсе есік ашық лақтарын іздейді. Жүргізуші: Тығылып қалған лақты тауып алады. Ол болған жайды баяндап береді. Жүргізуші: Ешкі мен лақ орман ішін аралап келе жатса алдыңнан қасқыр шығады. |
Ешкі: Лақтарым шырақтарым Естідіме құлақтарын, Сүтін жинап келді анаң Еміп тойсын тамақтарың. Аш есікті шырақтарым. Лақтар: есікті ешкімге ашпаймыз Қасқыр:Лақтарым шырақтарым Естідіме құлақтарын, Сүтін жинап келді анаң Еміп тойсын тамақтарың. Аш есікті шырақтарым. Лақтар: мә — мә есікті ашпаймыз сен біздің анамыз емессің! сенің даусың жуан, ал анамыздың дауысы жіңішке. Ешкі:Лақтарым шырақтарым Естідіме құлақтарын, Сүтін жинап келді анаң Еміп тойсын тамақтарың. Аш есікті шырақтарым. Ешкі: Жарайсыңдар лақтарым! мен орманға тағы кетемін, ал сендер есікті ешкімге ашпаңдар деп орманға кетеді. Естідіме құлақтарын, Сүтін жинап келді анаң Еміп тойсын тамақтарың. Аш есікті шырақтарым. Қасқыр: а – а сен сендерді ұстап үйіме алып кетемін. Ешкі: лақтарым шырақтарым қайдасыңдар Ешкі: жүр ендеше орман ішін аралап қасқырдан сұрайық. Ешкі: Қасқыр сен, менің лақтарымды көрдің бе? Дидактикалық ойын «Не артық?» шарты: Балалар үй жануарлардың арасынан жабай аңдарды алып тастайсында.Ал жабайы аңдардың арасынан үй жануарларын алып тастау керек. |
III кезең- Рефлекстік түзетуші |
Сендерге ертегі ұнадыма? Ешкіде қанша лақтары болды? Ешкі қандай жануар? Қасқыр қандай жануар? |
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толығымен жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Ертегіні сахналауға, мазмұнын баяндау.
Түсінеді: Тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
Қолданады: Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерді ажырату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Жасы: (3-4)
Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас»
Кіші сала: Қарапайым матиматика білімдерін қалыптастыру,Тіл дамыту.Құрастыру.
Тақырыбы: «Әжеге қонаққа барамыз»
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндермен таныстыру көп және аз ұғымдарын қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту. Тәртіпті,ақылды, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық:Түсінідіру көрсету ,сұрақ жауап .
Сөздік жұмыс:әже, моншақ.
Дидактикалық құралдар:Көрпеше,геометриялық пішіндер,моншақтар және жіп,васковичный квадрат.
Іс –әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің басқарымдылық іс -әрекеті. |
Балалардың іс- әрекеті |
І — кезең мотивациялық-қозғаушы |
Балалар біз бүгін әжеге қонаққа барамыз. Балалар әжеге бармас бұрын сыйлық жасап алайық. Балалар қарандаршы мынау бізде қандай пішін? Дөңгелектің түсі қандай ? Өтте жақсы балалар. Ал мынау не? Ендеше осы жіпке дөңгелектерді тіземіз. |
Балалар әжеге қонаққа баратындарына қуанады. Дөңгелек екенің айтады. Қызыл,сары жасыл, көк екенің айтады. Жіп екенің айтады. Балалар жіпке моншақтарды тізеді. |
ІІ — кезең проблемалық ізденушілі |
Балалар біз сыйлықты дайындадық енді әжеге барамыз. Әжеге немен баруға болады? Балалар мен сендерге ұсынамын поезьбен баруды,олардың вогондары көп,бізде солай бір біріміздің артымызға тұрып барайық. Поездің дауысын салып барады. Балалар қайда келдік? Әженің сөзі: Сәлеметсіздерме балалар! Қалдарын қалай? Маған не арқылы жеттіндер? Қалай жеттіңдер? Әжеге арналған сыйлығын береді? Әженің сөзі: Рахмет балалар! Балалар менің көзім көрмей жатыр, маған көрпемді жамауға көмеке тесіндерші. Тәрбиеші:Балалар мынау көрпешеде қандай пішіндерді көріп отырсындар? Төртбұрыштың түсі қандай?үшбұрыштың түсі қандай? Дөңгелектің түсі қандай? Сергіту сәті: қошақаным койдың қайда қалып қойдың. Бұртыйып тұр бұйірін. Қай өрістен тойдың. Томпан томпан торай Дауысының зор-ай Үлкен болып қонасың. Толысына оң ай. Әженің сөзі:Балаларды мадақтап-мадақтайды. Балаларға арналған сыйлығын береді. Тәрбиеші: Балалар біз енді топқа барайық. Не арқылы барамыз? Балалар әже бізге не берді? Балалар әже берген кәмпит көппе азба? Жарайсындар,балалар! Балалар мен сендерге квадрат ойының ұсынамын. Балаларға ойын шартымен таныстырамын. |
Балалар сыйлық дайындағандарына қуанады. Әжеге келгендерін айтады. Әжемен амандасады. Жақсы. Поезд арқылы келгендерің айтады. Жақсы Балалар әжеге көрпесін жамауға көмектеседі. Дөңгелек төртбұрышты ұшбұрышты көріп тұрғанын айтады. Көк,қызыл,екенің айтады. Жасыл екенің айтады. Сары екенің айтады. Сергіту сәтінің қимылмен көрсетеді. Поез арқылы баратындарын айтады. Кәмпит ереді. Көп кәмпит бергендерін айтады. Ойын шартымен танысады,ойынға деген қызығушылықтарын танытады. |
ІІІ — кезең рефлексивтік түзетуші |
Балалар біз бүгін кімге қонаққа бардық? Әже қандай көмек көрсеттік? Қандай пішіндерді орналастырдық? Әже бізге не береді? Қанша кәмпит береді? Сабаққа қатысқан оқушыларды мақтау-мадақтау. |
Әжеге қонаққа бардық. Көрпешені жамауға көмектестік. Дөнгелек,төртбұрыш,ұшбұрыш айтады. Кәмпит берді. Көп кәмпит берді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұсынады: Пішіндердің түсін ажырата білуге.
Түсінеді: «Бір» және «көп» ұғымдарды түсіну.
Қолданады: «Бір» және «көп»деген ұғымдарды ажырата алу.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата – аналар мен балалар! Біз көптеген ертегілер білеміз. Міне солардың бірі былай басталады:
Айдалада аланда бір үйшік тұр.
Ол биікте, аласа да емес …
Естеріңізде ма осы ертектін аты?
Сіздер үйшіктін сол аланда қалай пайда болғанын білесіздер ма? Үй перілері туралы естіппедіңіздер? Үй перілері бүкіл әлемді шарлап шығыпты, тіпті Англияда да болыпты. Англияға барып олар ағылшынша сөйлеуді үйреніп келіпті. Үйге қайтып келіп олар, ормандағы аланда әдемі үйшік соғуды шешіпті. Міне ғажайып олар үй соғуды ұмытпапты, ал қазақ тілін ұмытып қалыпты.
(осы кезде үй перілері шығады да үй соға бастайды, үй соғып жатып ән салады.)
«Building blocks»
Building blocks, Building blocks, I can build a house, house, house |
(Үй перілері үйшікті соғып болып, үйшіктін ішінде орналасады.
Жүргізуші: Айдалада аланда бір үйшік тұр. Ол биікте, аласа да емес. Қасынан тышқан – ізқазған өтіп бара жатыр еді. Үйшікті көріп тоқтады да:
Тышқан: Сәулетті үйшік тым жақсы!(есікті тоқылдатады) Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Үй перілері үйшіктен жүгіріп шығады да, қол ұстасып тізіліп тұрады.
Үй перілері: We don’t understand. Say it in English, please! (Біз сені түсінбейміз. Өтінеміз ағылшынша айтшы.)
Тышқан: I am a mouse. I am grey, I have a tail. (Мен тышқанмын. Сұр түстімін. Менің құйрығым бар.)
Let me live with you. (Мені сендермен тұрайыншы.)
Үй перілері: Come in please.(кел кір)
Үй перілері қолдарын көтеріп, тышқанды үйшікке кіргізеді. Ертедегі кейіпкерлерді аюдан басқаларынын бәрін үйшікке кіргізеді.
Жүргізуші: Тышқанды үйшікке кіргізді,
Ғажайып үйшіктің есіктері.
Бір – бірімен татулас,
Ағылшыншада сөйлейді.
Тышқан: What is your name?
Үй перілері: My name is House – spirit.
Тышқан: Where do you live?
Үй перілері: I live in the house.
Жүргізуші: Үйшікке бақа – бақылдақ секектеп келеді.
Бақа: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Тышқан: Мен тышқанмын інқазған,
Қонаққа шақырамын мен сені.
Бірақ үйшікке кіру үшін,
Ағылшынша сұран сен.
Бақа: Knock-Knock-Knock! (есікті тоқылдатады)
Үй перілері: Who is there?
Бақа: I am a frog. (Мен бақамын.)
I am green; I like to jump. (Мен жасылмын; секіргенді жақсы көремін.)
Let me live with you. (сендермен тұрайыншы.)
Үй перілері: Come in please. (кел кір)
Үй перілері бақаны үйшікке кіргізеді де, орындарына отырады.
Жүргізуші: Жұмыс қызу жүріп жатты,
Тату тәтті тұрып жатты.
Таңертенмен азанда,
Әтеш келді қонаққа.
Әтеш: Сәулетті үйшік,
Тым жақсы!
Үйшікте кім бар?
Тіл қатшы.
Тышқан(үйшіктен шығады): I am a little mouse. (мен кішкентай тышқанмын)
Бақа (үйшіктен шығады): I am a green frog. (мен жасыл бақамын)
Тышқан мен бақа (бірге): Ал сен кімсің?
Әтеш: мен Әтешбын ән шырқаған. Таңертен ерте тұрамын, сендерді де оятамын. Ку – ка – ре – ку.
Әтеш өлен айтады.
«Good morning»
Good morning, |
Тышқан мен бақа (бірге): Кел, бізбен бірге тұр.
Үй перілері: Who is there? (Бұл кім?)
Әтеш: Knock-knock-knock! (Стук-стук-стук!)
Үй перілері: Who is there? (Бұл кім?)
Әтеш: I am a cock. I have a bright tail. (Мен Әтешбын. Менің әдемі құйрығым бар.) Let me live with you. (Мен сендермен тұрайыншы.)
Үй перілері: Come in, please. (Кел кір.)
Жүргізуші: Міне тұрып жатыр бәрі бірге: бақа, тышқан және Әтеш..
оятады уақытында бәрінде,
Әсем әнмен әтеште.
Қораз үйшіктен шығып бәрін оятады. Бәрі үйшіктен шығып жаттығу жасайды.
Жүргізуші: Қоян – желаяқ үйшіктің жанынан жүгіріп өтіп бара жатып, тоқтайды.
Қоян: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Тышқан (үйшіктен шығады): I am a little mouse. (мен — тышқанмын )
Бақа (үйшіктен шығады): I am green frog. (Мен — бақамын)
Әтеш: I am a cock. (мен — Әтешпін)
Бәрі (хормен): сен кімсін?
Қоян: Мен қоян – желаяқ.
Бәрі (хормен): Қояным қош келдің,
Төртеу болған тым жақсы.
Бірақ сен тағыда,
Үйшіктің есігін қағағой.
Қоян: Knock-knock-knock! (Стук-стук-стук!)
Үй перілері: Who is there? (Бұл кім?)
Қоян: I am a rabbit. I like to dance. (Мен қоянмын.Мен билегенді үнатамын.)
Let me live with you. (Сендермен тұрайыншы.)
Үй перілері: Please, come in. (Кел кір.)
Жүргізуші: Үйшікке секіріп кірді сұр қоян,
Асырсалып қуанлы достары.
Жүргізуші: Үйшіктің жанынан түлкі өтіп бара жатып, терезені қағады.
Түлкі шығады. Үй перілері үйшіктің алдында тізңлңп тұрады.
Түлкі: Тук-тук-тук! Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Бақа: Есікті қағып жатқан кім?
Түлкі: Бұл, мен түлкімін.
Әтеш: Солай – ақ болсын қош келдің!
Бірақ сен өзінді ағылшынша таныстыр.
Түлкі: I am a fox. I am red; I have a beautiful coat and fluffy tail. (Мен Түлкімін. Мен қызғылтсарымын, менің әдемі тоным бар және құйрығым бар.)
Үй перілері: Please, come in. (Кел кір.)
Жүргізуші: Кенеттен ну орманнан
Көкжал бөрі – қасқыр сері жүгіріп келді.
Есіктен сығалап, ол сұрады.
Волк: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Үй перілері: And who are you? (Сен кімсің?)
Волк: I am a grey wolf. I want to eat very much. May I come in? (мен сұр қасқырмын. Менің қарным аш. Кірсем болады ма?)
Бәрі (хормен): Қош келдің!
Жүргізуші: Міне, осылайша олар әндетіп сәулетті үйшікте бірге тұрып жатты.
Жүргізуші: Ну орманна маймандап,
Шықты аю кенеттен.
Ұнады үйшік аюға,
Есікті қағып сұрады.
Аю: Сәулетті үйшік тым жақсы! Үйшікте кім бар? Тіл қатшы.
Тышқан (үйшіктен шығып): I am a little mouse.
Бақа (үйшіктен шығып): I am green frog.
Әтеш (үйшіктен шығып): I am a cock.
Қоян (үйшіктен шығып): I am a rabbit.
Түлкі (үйшіктен шығып): I am a fox.
Волк (үйшіктен шығып): I am a grey wolf.
Бәрі(хормен): Ал сен кімсің?
Аю: Мен маймақ аюмын,
сендермен ән салып тұрамын.
Бал беремін достарға
I am a bear. I live in the mood.
Үй перілері: Sorry. There are many visitors here. You are too large. There is no place for you. (Кешір бізде қонақ тым көп. Сен тым үлкенсін. Симайсын.)
Аю есікті қағып тұра береді. Үйшіктің сыртына хабарландыру ілінеді: «Sorry. All places are taken.» (Кешіріңіздер, орын жоқ)
Жүргізуші: Есіктін сыртына жауап ілінді:
«Кешіріңіз, орын жоқ » – деді.
Байқамады маймағым.
Аяғын тықты ол үйшікке,
Тырмысып бақты тағыда.
Әрен кірді ол үйшікке.
Аю үйшікке әрен кіреді. Үй перілері аюдын итергеніне шыдамай құлап қалады, сүйтіп үйшік қирайды..
Жүргізуші: Сәулетті үйшік қирады.Развалился теремок.
Сытылып шықты аңдарда:
Тышқан, артынан бақада.
Әтеш, Түлкі, қоянда.
Не істедің маймақ аюым!
Сұр қасқырда ытқып шықты үйшіктен.
Аю (ұялып): не істедім мен достарым?
Сәулетті үйшік қирады.
Жүргізуші: Ақымақ, маймақ аюым,
Жылама сен томпағым,
Жаңа үйшік соғармыз,
Тату – тәтті тұрармыз.
Үй перілерімен, аңдар үйшікті қайта соғады. «Building blocks» әнің айтады. Иіледі.
Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр! –
Автор: деп өлеңдетеді екен.
Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.
Автор:Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)
Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.
Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым!
Аша қойыңдар,
Аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Тұяғым шылқыған су.
Автор: -дейді өлеңдетіп.
Лақтар:
-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.
Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.
Қасқыр:
О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.
Ұста:Қолымнан келмейді.
Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.
Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.
Лақтар: Бұл кім?
Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр!-
Автор:дейді әндетіп
Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.
Ешкі кетерінде:
-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.
Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.
Қасқыр:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.
Лақтар анасы екен деп есікті ашады.
Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.
Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.
Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.
Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.
Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.
Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.
Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығы ма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.
Лақтар:О, анамыз келді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.
Автор: Ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.
★★★★★★★
Құрметті сайт тіркелушілері мен қонақтары сіздерге баланың логикалық ойлауын дамытуға , сөйлем құрауына және тағы да басқа көптеген 1000 нан аса көрнекілік суреттерін ұсынамыз.
↓↓↓
ТАПСЫРЫС ЖАСАУ
«Жеті лақ» ертегісі
Тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын
Айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.
Ертегі кейіпкерлерінің қимылын,дыбысын салдырып,кейіпкерлер
бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Сахналандыру үстел үсті, театр арқылы кейіпкерді бейнелеуге үйрету,
Ертегілерді тыңдауға,түсінуге,көруге талпындыру.
Көрнекілігі: «Жеті лақ» қуыршақ театры.
Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен амандасып, «Қайырлы күн,бүгінгі күн шуақты нұрлы болсын!» деп тілек білдіреді,достық, ынтымақтастық сыйлайды.
Балалар мен бүгін сендерге «Жеті лақ» ертегісін оқып беремін.
Ертегі оқылады.
-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
— Ертегі кейіпкерлерін атап көрейікші.
— Анасы орманнан келгенде балаларына қандай өлең айтады екен?
Балаларым, шырағым,
Қутыңдаған шұнағым,
Сендерге сүт әкелдім,
Есікті ашшы,лағым.-деп хабар береді екен.
- Ешкінің бұл айласын кім естіп қояды?
- Қасқыр.
- Балалар сендер де лақтар сияқты бөтен кісілерге есік ашасыңдар ма?
- Жоқ ашпаймыз. Анамыздан рұқсат сұраймыз.
Сергіту сәті: Ал, балалар келіңдер,
Бой жазайық бәріміз-
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
-Балалар ешкі үй жануарына жата ма?
-Әрине
-Ешкінің төлін не деп атаймыз?
-Лақ дейміз.
Шөре-шөре,лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар өз қалауы бойынша ертегі кейіпкерлерін таңдап алып,рөлдерге бөлініп ертегіні сомдауға кіріседі.Балалар бойында қуаныш сезімдері пайда болады.
Күтілетін нәтиже:
Білу қажет: Ертегі аттарын, кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта білу.
Игереді: ертегі айту, жаттығуды іс-әрекет арқылы жасай біледі, сахналандыру
түсініктерді қалыптастыру.
Меңгереді: кейіпкер бейнесіне ену, ертегі эмоциямен айту, тақпақтарды мәнерлі айту қабілеттері артады.
Ертегі кейіпкерлеріне ат салысып ойнағандар:
Қасқырдың рөлінде –Рамазан
Ешкі рөлінде— Нұрай
Жеті лақ рөлінде— Қуаныш, Эмелья, Бекзат,Бақдаулет, Бақберген,Кәусар,
Темірлан.
Содержимое разработки
Тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын
Айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.
Ертегі кейіпкерлерінің қимылын,дыбысын салдырып,кейіпкерлер
бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Сахналандыру үстел үсті, театр арқылы кейіпкерді бейнелеуге үйрету,
Ертегілерді тыңдауға,түсінуге,көруге талпындыру.
Көрнекілігі: «Жеті лақ» қуыршақ театры.
Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен амандасып, «Қайырлы күн,бүгінгі күн шуақты нұрлы болсын!» деп тілек білдіреді,достық, ынтымақтастық сыйлайды.
Балалар мен бүгін сендерге «Жеті лақ» ертегісін оқып беремін.
Ертегі оқылады.
-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
— Ертегі кейіпкерлерін атап көрейікші.
— Анасы орманнан келгенде балаларына қандай өлең айтады екен?
Балаларым, шырағым,
Қутыңдаған шұнағым,
Сендерге сүт әкелдім,
Есікті ашшы,лағым.-деп хабар береді екен.
-
Ешкінің бұл айласын кім естіп қояды?
-
Қасқыр.
-
Балалар сендер де лақтар сияқты бөтен кісілерге есік ашасыңдар ма?
-
Жоқ ашпаймыз. Анамыздан рұқсат сұраймыз.
Сергіту сәті: Ал, балалар келіңдер,
Бой жазайық бәріміз-
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
-Балалар ешкі үй жануарына жата ма?
-Әрине
-Ешкінің төлін не деп атаймыз?
-Лақ дейміз.
Шөре-шөре,лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар өз қалауы бойынша ертегі кейіпкерлерін таңдап алып,рөлдерге бөлініп ертегіні сомдауға кіріседі.Балалар бойында қуаныш сезімдері пайда болады.
Күтілетін нәтиже:
Білу қажет: Ертегі аттарын, кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта білу.
Игереді: ертегі айту, жаттығуды іс-әрекет арқылы жасай біледі, сахналандыру
түсініктерді қалыптастыру.
Меңгереді: кейіпкер бейнесіне ену, ертегі эмоциямен айту, тақпақтарды мәнерлі айту қабілеттері артады.
Ертегі кейіпкерлеріне ат салысып ойнағандар:
Қасқырдың рөлінде –Рамазан
Ешкі рөлінде— Нұрай
Жеті лақ рөлінде— Қуаныш, Эмелья, Бекзат,Бақдаулет, Бақберген,Кәусар,
Темірлан.
Бекітемін:
Аға тәрбиеші:——-Есқабылова. Ұ
Тәрбиеші: Нұрмағанбетова. З.К.
9.11.2015 оқу жылы.
-80%
Похожие файлы
-
Тоқсандық тест тпасырмалары
-
Ана тілі-ата-баба мұрасы
-
Раздаточный материал
-
Ғажайып әлем бағдарламасы
-
Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп
Жеті лақ ертегісі
Мақсаты: Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып, қимыл арқылы көрсетуге үйрету; дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту; ертегіні сахналауға үйрету; үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері.
Рөлдерде ойнайтындар:
Жүргізуші, тәрбиеші: Зәмзәгүл Амангелдіқызы
Ешкі — тәрбиеленуші Алимахун Асемай
Қасқыр – тәрбиеші Асем Изатқызы
Лақтар – тәрбиеленуші Абуғали Адия, Шаймұрат Айару, Ғаниқызы Ханифа.
Аңшы – тәрбиеленуші Жомарт Нұрлыбек.
Жүргізуші: З. А. Балалар, ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия, дайынбыз.
Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар.
Төрт аяғы бар
Адам деуге болмайды
Сақалы тағы бар (ешкі)
II Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім біледі? (лақты).
III Алыстан сезіп ел ішін,
Көк төбегім ұлып тұр
Бірақ малдың өрісін
Қияннан – ақ біліп тұр. (Қасқыр)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Енді балалар, денемізді бір сергітіп алып, ертегімізді тамашалайық.
Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағын
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Лағым секіріп жүреді.
Жүргізуші: Баяғы заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы бар екен. Олардың үйі орманның шетінде орналасыпты. Ешкі лақтарына азық әкелу үшін күнде орманға кетеді екен. Үйінен шығып бара жатып
Ешкі: Қарақтарым, шырақтарым есікті ешкімге ашпаңдар, әйтпесе сендерді қасқыр алып кетеді.
Жүргізуші: — Деп, кетеді екен. Бір күні орманға кеткенде, үйіне қасқыр келіп, есігін қағады. Бірақ лақтар есікті ашпайды. Үйге кіре алмаған қасқыр тасаға тығылып, ешкінің келуін күтеді. Бір кезде ешкі келіп:
Ешкі: «Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық алым келген аналарыңмын есікті ашыңдар»,
Жүргізуші: — дейді.
Лақтар: Алақай, алақай анамыз келді
Жүргізуші: Лақтар есікті ашып, ешкі үйге кіреді.
Жүргізуші: Ертесіне ешкі орманға кеткенде қасқыр үйдің есігін қағып:
Қасқыр: «Қарақтарым, шырақтарым, мен сендерге азық әкелген аналарыңмын».
Жүргізуші: — дейді қасқыр.
Лақтар: Алақай, алақай анамыз келді.
Жүргізуші: Лақтар есікті ашады. Қасқыр үйге еніп лақтарды алып кетеді.
Қасқыр: — р, р, р.
Лақтар: — мә, мә, мә, мә.
Жүргізуші: Тек кішкентай лақ қанапештің ішіне тығылып, аман қалады. Ешкі оралғанда лақтарды таппай қайғырады.
Ешкі: мә, мә, мә, мә лақтарымды қасқыр әкетіпті, енді қайттім!
Жүргізуші: Сол кезде пештен кішкентай лақ шығып, болған жағдайды анасына айтады.
Лақ: мә, мә, мә, ана сіз орманға кеткенде, үйге қасқыр келді, біз сіз екен деп, есікті ашып жібердік. Қасқыр балаларды алып кетті.
Жүргізуші: Ешкі тездетіп аңшыға жолығып, лақтарын құтқаруды өтінеді.
Ешкі: Аңшы өтінемін, менің балаларымды қасқыр алып кетіпті, құтқаршы.
Аңшы: жарайды, құтқарам.
Жүргізуші: Аңшы қасқырды тауып алып, лақтарды үйлеріне алып кетеді. Ешкі мәз болып, балаларымен ұзақ өмір сүріпті.
Жеті лақ ертегісі. жүктеу