«Жұлдызды дода» сайысы
Мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
-
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы»
атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да
тартымды әлемімен танысамыз. Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі
екендігіне көз жеткіземіз. Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды
ортаға шақырайық
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер,
–деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Төрағасы:
Мүшелері:
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс жеті
кезеннен тұрады. Тіл өнері, логикалық есептер, математикалық сөздік, жеті
керемет, қазақтың байырғы есептері, жұмбақтар, жорға. «Тіл өнері» сайысынан 2
оқушы, «Логикалық есептерден» кейін 1 оқушы, «Қазақтың байырғы есептері»
сайысынан 1 оқушы, «Жұмбақтар» сайысынан 1 оқушы. «Жорға» сайысына жоғары
ұпай алған 3 оқушы қалады. «Жекпе- жек» сайысында 2 оқушы кесте шешеді.
ТАНЫСТЫРУ
2-жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
БӘЙГЕ
-
Гипотенузаның квадраты катеттерідің квадраттарының қосындысына тең.Қандай ұшбүрыш туралы айтып тұр? (Тікбұрышты үшбұрыш)
-
Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (0)
-
Сөйлемді толықтырыңыз: «Сызықтық функцияның графигі . . . болады» (түзу сызық)
-
3,5 таяқтың неше ұшы бар? (8)
-
Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер)
-
«Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым. (Евклид)
-
Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды? (Бүтін сандар, оң сандар, теріс бөлшек сандар)
-
Конустың неше төбесі бар? (1)
-
Дұрыс пирамиданың бүйір жағының төбесінен жүргізілген биіктік деп нені атаймыз? (Апофема)
-
Кеңістікті зерттейтін бөлім? (Стреометрия)
-
Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым? (Теорема)
-
Несие алған үшін төленетін ақы? (Пайыз)
-
Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)
-
Алманың жартысы неге тең? (Екінші жартысына)
1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
2-жүргізуші: Ең қиыны жарыстың «Көкпар» келді
Мықтыларды қалыпты жеңсің енді .
Тез жауап бер ойланып тұрыпқалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Тіл өнері |
20 |
30 |
40 |
50 |
Логикалық есептер |
20 |
30 |
40 |
50 |
Математикалық сөздік |
20 |
30 |
40 |
50 |
Жеті керемет |
20 |
30 |
40 |
50 |
Қазақтың байырғы есептері |
20 |
30 |
40 |
50 |
Жұмбақтар |
20 |
30 |
40 |
50 |
Жорға |
20 |
30 |
40 |
50 |
Жүргізуші: Ал енді «Тіл өнер» деп аталатын бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде оқушылардың
ойының жүйріктігін және қазақ, орыс, ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз. Әр
дұрыс жауап үшін 10 ұпай, әр аудармаға 10 ұпайдан беріледі.
Тіл өнері:
(20)Жоқ өзінде бас та,қас та мойын да,ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш, линейка, ruler)
(30)Алды-артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді,
Шыққан тегін білсе де. (Түзу, прямая, straigt line)
(40) Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (Дәреже степень, power)
(50) Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ол ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан?
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан, натуральные числа, real numbers)
Логикалық есептер:
(20) Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, Әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша
мысық отыр? (4 мысық)
(30) Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатартұрса, бірінші тұтатар едіңіз? (Сіріңкені)
(40) Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда)
(50) 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек. (4 алманың әрқайсысын 4 ке
бөлу керек)
Математикалық сөздік:
(20) Квадрат (шаршы)
(30) Куб (текше)
(40) Дискриминант (айқындаушы)
(50) Биссектриса (жарма)
Жүргізуші: Қорытынды…
Қазақтың байырғы есептері:
(20) Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын
өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады. (4 тен1)
(30) Екі қыстақтың арасы10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп,кешке
бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)
(40) Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда
5 сәбіз артық жеген.Шешесі неше сәбіз жеген? (28 сәбіз)
(50) Айдар қағаз парағын бес рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты
қайта жазғанда неше тесік шығады? (32 тесік)
Жүргізуші: «Бұл жерге кемейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім мен оларды айтып бермек үшін»- деп ойнымыздың «Жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.
Жұмбақтар:
(20) Күшіне сенген бір мықты
Жығып салған сегізді.
(Шексіздік)
(30) Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
(Дәреже)
(40) Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді.
(Параллель түзулер)
(50) Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына.
«Теңдеудің түбірлері нешеу?» — деген
Қандай сан жауап берер сұрағыма?
(Дискриминант)
Жүргізуші: Келесі тур жеті керемет деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз ілінген кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Бірінші болып ұпай саны ең көп оқушы таңдайды.
Жеті керемет:
(20) Квадраттың қабырғасы – 9 см. Периметрі нешеге тең? (36)
Трапецияның қабырғалары 10 см және 9 см. Орта сызығы қанша?(9,5)
Қабырғасы 6 см және 8 см. Тік төрт бұрыш ауданы қандай?(48)
(30) «Т» – әрпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.
«А» әрпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.
«Д» әрпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.
(40) «Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін- математика» Ломоносов
(50) «Математика-ғылымдардың патшасы» Гаусс
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз екі оқушы ойыннан
шығады. Сіздерге рахмет!
1-жүргізуші: Әділ қазылар, сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтсаңыздар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан
шығарылады. Сізге рахмет!
1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан
шығады. Сіздерге рахмет!
1-жүргізуші: Мәнгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын
-дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік.
Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез, әрі нақты жауап
берулеріңіз керек. Бір минут ішінде қанша сұрақ тындап, нешеуіне дұрыс
жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауапқа 10
ұпай.
ЖОРҒА
А- нұсқасы
1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан. (қарама қарсы сан)
2. Нөлден үлкен сандар. (оң сандар)
3. Қарама қарсы сандардың қосындысы. (нөл)
4. 9-ға кері сан. (тоғыздан бір)
5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. (аксиома)
8. cos0° –та неге тең. (бірге)
9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (360°)
10. Бір жазықтықта жатпайтын түзулер. (айқас)
11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (нөл)
12. a²+b²=c² кімнің теоремасы. (Пифагор)
13. 75% санның қандай бөлігі. ( ¾ )
14. бестің квадраты. ( 25 )
15. 11 жай сан ба? (ия)
Ә- нұсқасы
1. Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар. (натурал сан)
2. Нолден кіші сандар. (теріс сандар)
3. Кері сандардың көбейтіндісі. (бір)
4. Жарты түзу. (сәуле)
5. 9-ға қарама қарсы сан. (- 9 )
6. Бағытталған кесінді. (вектор)
7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема)
8. tg45°-та неге тең. (бірге)
9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180°)
10. Қиылыспайтын түзулер. (параллельтүзулер)
11. ax4+bx2+c=0 қандай теңдеу? (биквадрат теңдеу)
12. sin²α+cos²α неге тең? (бірге)
13. 100 санының ¼ бөлігі неше? (25)
14. Тоғыздың квадраты. (81)
15. 13 құрама сан ба? (жоқ)
Б- нұсқасы
1. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі. ( % )
2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
3. Пифагор теоремасы. (a²+b²=c²)
4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр түзулер)
5. ax²+bx+c=0 қандай теңдеу. (квадрат теңдеу)
6. Кесінді деген ке? (екі нүкте арасындағы түзу)
7. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)
8. sin0°-та неге тең. (нол)
9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі үшбұрыш)
11. Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес теңсіздіктер)
12. tgx·ctgx неге тең. (бірге)
13. 100 санының ¾ бөлігі неше? ( 75 )
14. Үштің кубы. (27)
15. 15 жай сан ба? (жоқ)
1-жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша ұпайлары аз бір оқушы ойыннан
шығады. Сізге рахмет!
1-жүргізуші: Сонымен сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жекпе жек» бөліміне
көшейік.
2-жүргізуші: Бұл бөлімде екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Қайсысы бірінші әрі
дұрыс орындаса сол оқушы жеңімпаз болып «Математика көшбасшысы»
атанады
Жүргізуші:Қытайдың көне «Же-ким» деген кітабында қасиетті тасбақа туралы аңыз
бар. 4000 жыл бұрын император Ню өзен бойынан қасиетті тасбақаны
көрген. Оның арқасында ақ және қара дөңгелектерден құрастырылған сурет
бар. Әр фигураны дөңгелектер санына қарай сандармен ауыстырса кесте
шығады.Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда 15 шығады. Қытайлықтар
бұл суретті ло-шу деп қасиетті таңба ретінде маги квадрат деп атаған.
1 |
2 |
3 |
4 |
9 |
2 |
|
4 |
5 |
6 |
3 |
5 |
7 |
|
7 |
8 |
9 |
8 |
1 |
6 |
2-жүргізуші: Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, жанкүйерлердің
дайындаған музыкалық өнерлерін тамашалайық .
1-жүргізуші: Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау
үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.
2-жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ-қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
2-жүргізуші: Осымен «Математика көшбасшысы» атты сайысымыз аяқталды. Келесі
кездескенше, сау-саламат болыңыздар!
Тақырыбы: «Жұлдызды дода»
Жоспары:
I.Қатысушы өнерпаздардың қандай
әншіні салатынын анықтау.
II. Әділқазы алқасымен таныстыру.
III. Өнерпаздар өзі салатын әншінің
әнін дауысына келтіре орындайды,оның қимыл,іс-әрекетін салады.
IV.Өнерпаздар сол әншінің
киім-үлгілерін де ұқсатып киеді.
V.Әділқазылар әр қатысушыларға әр
орындаған әннен кейін өз пікірлерін айтады.
VI.Марапаттау.
1-жүргізуші: Армысыздар, өнер сүйер
қауым!
Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,
Жұлдызы деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал,өнерпаздарға сәттілік тілейікші.
2-жүргізуші: Уа,халайық,халайық,
Мұнда
назар салайық.
Өнер жолын жалғамақ,
Өнерпаздар шықсын ортаға
Жұлдызды дода атанбақ.
1-жүргізуші:
Қандай жақсы жақсылықта көріскен,
Әншілерің алдыңда тұр келіскен.
Қанша өнер білсең де,көптік етпейді,
Дейтін
еліміз өнерліге өріс кең, дей келе сайысқа бірінші шығатын өнерпаздарымызды
қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: О,заманда ашқан қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан»,жаныңдар.
Шақырған сайыстарға
бірін-бірін,
Өнерпаздар -дарындар.
Тыңдайық тамашалап,көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз
өнерін.Ал енді келесісайыскерлерімізді ортаға қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп
бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй .
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең мен ше сүй.- деп сахнаға келесі сайыскерлерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші:Әннің де естісі
бар, есері бар,
Тыңдаушының
құлағын кесері бар.
Ақылдының
сөзіндей ойлы-күйлі,
Тыңдағанда
көңілдің өсері бар. Келесі сайыскелерді қошеметпен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Әркімнің өнерге
де бар таласы,
Әркімнің де бар және бақталасы.
Қазақ елі өнерге жақын халық,
Құрметтейді өнерді кәрі-жасы. — дей келе ортаға келесі сайыскерелерімізді
шақырамыз.
2-жүргізуші: Кім сүймес,көкке
өрлеген әсем әнді
Көңілдің
күйін шерткен көркем сәнді,
Болғандай,
бойға қуат,ойға азық,
Балқытып,
еріткендей тербеп жанды.
Келесі
сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Жігіт төмен көрінбес,
Сайыста жүрсе қалыспай.
—
дей келе ортаға сайыскерелерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші: Қазақ халқы
өнегелі бай ел екен,
Өнер
деген мол қазына,кең екен.
Домбыра
тартып,ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз
қазақ кемде- кем екен.
-дей
келе Келесі сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-
жүргізуші: Қолында өнері бардың,
Аузында өлеңі бар, демекші, сегіз қырлы,бір сырлы келесі сайыскерімізді қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші:
Енді ортаны ашайық,
Жырдан шашу шашайық!
Ән мен биді шалқытып,
Інжу-маржан
шашайық деп ортаға келесі сайыскеріміз ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:Жан
едім,әсем әнді сүйіп айтқан,
Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан.
Келетін- нақышына жүз құбылтып,
Кейде
өрлеп,кейде шалқып баяулатқан.- дей келе келесі сайыскерлерімізді ортаға
шақырамыз.
1-жүргізуші:
Қандай жақсы жақсылықта көріскен,
Әншілерің алдыңда тұр келіскен.
Қанша өнер білсең де көптік етпейді,
Дейтін еліміз өнерліге өріс кең.- дей келе келесі сайыскерлерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші:
Енді сайыскерлеріміз осы реттік сандарымен келесі еркін тақырыптағы әндерін
орындайды. Сайысымыз осымен аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
1-жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Тақырыбы: «Жұлдызды дода»
Жоспары:
I.Қатысушы өнерпаздардың қандай әншіні салатынын анықтау.
II. Әділқазы алқасымен таныстыру.
III. Өнерпаздар өзі салатын әншінің әнін дауысына келтіре орындайды,оның қимыл,іс-әрекетін салады.
IV.Өнерпаздар сол әншінің киім-үлгілерін де ұқсатып киеді.
V.Әділқазылар әр қатысушыларға әр орындаған әннен кейін өз пікірлерін айтады.
VI.Марапаттау.
1-жүргізуші: Армысыздар, өнер сүйер қауым! Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,
Жұлдызы деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал,өнерпаздарға сәттілік тілейікші.
2-жүргізуші: Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Өнер жолын жалғамақ,
Өнерпаздар шықсын ортаға
Жұлдызды дода атанбақ.
1-жүргізуші: Қандай жақсы жақсылықта көріскен,
Әншілерің алдыңда тұр келіскен.
Қанша өнер білсең де,көптік етпейді,
Дейтін еліміз өнерліге өріс кең, дей келе сайысқа бірінші шығатын өнерпаздарымызды қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: О,заманда ашқан қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан»,жаныңдар.
Шақырған сайыстарға бірін-бірін,
Өнерпаздар -дарындар.
Тыңдайық тамашалап,көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.Ал енді келесісайыскерлерімізді ортаға қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй .
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең мен ше сүй.- деп сахнаға келесі сайыскерлерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші:Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар. Келесі сайыскелерді қошеметпен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Әркімнің өнерге де бар таласы,
Әркімнің де бар және бақталасы.
Қазақ елі өнерге жақын халық,
Құрметтейді өнерді кәрі-жасы. — дей келе ортаға келесі сайыскерелерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші: Кім сүймес,көкке өрлеген әсем әнді
Көңілдің күйін шерткен көркем сәнді,
Болғандай, бойға қуат,ойға азық,
Балқытып, еріткендей тербеп жанды.
Келесі сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Жігіт төмен көрінбес,
Сайыста жүрсе қалыспай.
— дей келе ортаға сайыскерелерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына,кең екен.
Домбыра тартып,ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ кемде- кем екен.
-дей келе Келесі сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші: Қолында өнері бардың,
Аузында өлеңі бар, демекші, сегіз қырлы,бір сырлы келесі сайыскерімізді қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Енді ортаны ашайық,
Жырдан шашу шашайық!
Ән мен биді шалқытып,
Інжу-маржан шашайық деп ортаға келесі сайыскеріміз ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:Жан едім,әсем әнді сүйіп айтқан,
Жағымды көпке бірдей жұрт ұнатқан.
Келетін- нақышына жүз құбылтып,
Кейде өрлеп,кейде шалқып баяулатқан.- дей келе келесі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Қандай жақсы жақсылықта көріскен,
Әншілерің алдыңда тұр келіскен.
Қанша өнер білсең де көптік етпейді,
Дейтін еліміз өнерліге өріс кең.- дей келе келесі сайыскерлерімізді шақырамыз.
2-жүргізуші: Енді сайыскерлеріміз осы реттік сандарымен келесі еркін тақырыптағы әндерін орындайды. Сайысымыз осымен аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
1-жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Жұлдызды сәт
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме қонақтар, ұжымдастар, бүгінгі балабақшамызда
балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ерекше балаларды шыңдап, туған
жерге деген патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған
«Жұлдызды сәт» байқауына қош келдіңіздер!
Байқауға балабақшамыздың ересек және мектеп алды даярлық тобының
тәрбиеленушілері қатысқалы отыр. Олай болса сайысқа қатысушыларымызды
қарсы алайық.
№8 «Балауса» ересек тобының тәрбиеленушісі Елубай Нұрасыл.
№9 «Жас дәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі Авидулла Аяулым.
№11 «Ертөстік» ересек тобының тәрбиеленушісі Аман Сабина.
№12 «Назерке» ересек тобының тәрбиеленушісі Абдрасул Ясин.
№13 «Ақбота» ересек тобының тәрбиеленушісі Баспай Мирас.
№14 «Ақбөбек» МАД тобының тәрбиеленушісі Сүйрейбаева Ұлданай.
Жүргізуші: Ал қанекей, келіңдер,
Бір – біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, — дей келе қатысушыларға сәт сапар
тілейміз. Балақайлар біздің сайысымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады.
Сол тапсырмалар барысын мұқият бақылап әділ бағасын беретін әділ қазы
алқасымен таныс болайық.
Балабақша әдіскері: Умирбаева А. С.
Өзін—өзі тану пән жетекшісі: Сарыева Ж.А.
Балалабақша психологы: Қортабаева Н.Ж.
Жүргізуші: Ендеше сайысымыздың кезеңдермен таныс болайық.
Сайыс 5 – бөлімнен тұрады:
1-бөлім: «Білгенге маржан»
2-бөлім: «Қызықты мозайка»
3-бөлім: «Қай ертегі, ойлан тап»
4-бөлім: «Тапқырлар сайысы»
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт сайысы»
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып,
өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше
жұмыс істеуге жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын,
ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру,
кеңейту.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың оқу-білім туралы айтқан сөздері
жазылған плпкпттар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе әңгіме.
Мұғалім. Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Жұлдызды сәт» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.
Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріндер.
Білімімізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер — дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
Оқушылар ортаға шақырылып, таныстырылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды ортаға шақырамыз.
Ән.
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда.
«Бәйге» бөлімінде түрлі сала бойынша әр түрлі сұрақтар қойылады. Сигналды открытканы кім бұрын ашса, сол оқушы 1-ші болып жауап береді. Дұрыс жауап Берген оқушыға 1 жұлдызшадан беріліп отырылады.
Сұрақтар:
- Біздің Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай қала?
- еліміздің президенті кім?
- Отанымыздың астанасы қай қала?
- Мемлекеттік рәміздерді білеміз бе?
- Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады,
- Қ.Р-да жыл сайын аталып өтілетін басты үш мерекені ата?
- Қазақ халқының жаңа жыл мерекесі қай уақытта аталып өтіледі?
- Ш.Уалихановтың кішкентай кезіндегі досы кім?
- Қазақ халқының шешен билерін ата?
- Әліппенің атасы атанған кім?
Жүргізуші:
Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Деп келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Бұл сайысты мақалдың соңғы сөзін оқушы тауып, сол сөзді орыс тіліне аударуы қажет.
- Аз сөз алтын-көп сөз көмір.
- Ел іші-алтынбесік.
- Өз елім -өлең төсегім.
- Жері байдың –елі бай.
- Қыс азығын жаз жина.
- Оқу-инемен құдық қазғандай.
- Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
- Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің сөзі алтын.
- Өнерлі бала –сүйкімді.
- Жақсы дос үшін жан пида.
Жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Жеті жұмбақ» деп аталады. Тоғыз ұяшықта әр түрлі пәннен сұрақ қойылады. Оқушы бір пәнді таңдайды. Онда 7 сұрақ беріледі. Бір сұрағын таңдайды да жауап береді.
Ана тілі
- Мәтін деген не?
- Қазақ даласында ең алғаш мекетеп ашқан адам кім?
- Мына өлеңнің авторын ата? «Күз» А. Құнанбаев
- «Балаларға тарту» кітабын жазған кім? ( І. Жансүгіров)
- Қандай мақал –мәтел білесің?
- «Қайраты бат кісінің –берекесі бар ісінің»-деп қай әңгімеде айтылған?
- М.Әуезов көбінесе кім туралы жазды?
Қазақ тілі
- Сөз таптарларын ата?
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Қосымшаның неше түрі бар. Атап бер.
- Дауысты дыбыстың неше түрі бар, атап бер.
- Түбір дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
Математика
- Есептеп шығарн.
Марұлан он тор көз бәптер сатып алды. Ал Самат одан 13 жол дәптер сатып алды. Екеуі неше дәптер сатып алды?
- Қосудың қасиеттерін ата?
- 7 онд. 8 бірл. Қандай сан?
- 1 дм. Неше см. Бар?
- 1 м. Неше см бар.
- Бұрыштардың түрлерін ата?
- Фигураның периметрін қалай табады?
Дүниетану.
- Судың қасиетін ата? (ақ, түссіз)
- Жапырақтың түсі неге жасыл; (хлорофил)
- Адамның өміріне не қажет?
- Өсімдіктің өсуіне неп қажет?
- Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
- Суға шыдамды жанурларды ата?
- Жыртқыш аңдарды және жыртқыш құстарды ата?
Жүргізуші:
Келесі кезеңге өтуге соңғы сұрақ қалды. Аз жұлдызша жинаған екі оқушы ойыннан шығады.
Тапқырлықтың негізі талап,
Кілті –білім –демекші, енді «Тапқырлық » кезеңіне келейік. Геометриялық жигуралардан бір заттың бейнесін салу. (1 минут)
Әр мүшесі қай фигурадан салғанын айтып өтуі.
Жүргізуші:
Оқушылар таңдаған сұрағы бойынша жауап береді, яғни өз шешендігін көрсетеді.
-әдептілік деген не, қалай түсінесің?
-туған жер туралы әңгімеле
-«денсаулық –зор байлық» дегенді қалай түсінесің?
Жүргізуші:
«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады»-демекші, ақырғы сайыс «Жорға». Бұл кезеңде екі оқушыға жеке-жеке 12 сұрақтан беріледі. Тез бірден жауабын айту керек.
1-оқушы.
1. Тудың авторы кім?
2. Мұхтар көбінесе кім туралы жазды?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Ит жеті қазынаға кіре ме?
5. Абайдың анасы кім?
6. Бие сүті қала аталады?
7. Батырларды ата?
8.Сұйықтың өлшем бірлігі?
9. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
10. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?
11. Абылайдың шын аты кім?
12. Ы. Алтынсари жазған кітап қалай аталады?
2-оқушы.
1. Елтаңбаның авторы кім?
2. Абай кім?
3. Жылдың неше мезгілі бар?
4. Тауық жеті қазынаға жата ма?
5. Абайдың әжесі кім?
6. Түйе сүті?
7. Абылайға Төле би қандай ат қойды?
8. Ең алғаш балаларға мектеп ашқан кім?
9. Қимылды білдіретін сөз табы?
10. Қазақстаннан шыққан екінші ғарышкер кім?
11. Күннің шуағы жылы
Ананың құшағы жылы
12. Қазақстанның көрші елдерін ата?
Егер оқушы тең түссе қосымша 5 сұрақ қойып «Жекпе жек» ойыны арқылы «Сынып жұлдызы » анықталынады.
Мадақтау.
Марапаттау.
Қазылар алқасына сөз бер
Ж ұлдызды сәт
Қисынды ойлай білейік
2 – командаға:
SICIA
HTISF
ETBLA
NSOWDIW
1 – командаға:
NFMOITNRANO
GORMARP
TUOECRMP
ETKITC
3 – командаға:
NEMLGTENA
CAEPAKCBS
LKAPCSCO
ELETDE
Қисынды ойлай білейік
2 – командаға:
ASCII
SHIFT
WINDOWS
TABLE
1 – командаға:
COMPUTER
PROGRAM
INFORMATION
TICKET
3 – командаға:
BACKSPACE
CAPSLOCK
DELETE
GENTLEMAN
Дода
1 0
2 0
1 0
2 0
3 0
3 0
Дода – 10
Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы
есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда оның
жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған
жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі
Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын қытайлықтар
«суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
Сұрақ: Бұл санау құралын гректер мен
Батыс Еуропалықтар не деп атаған?
Дода — 10
Бірінші электронды есептеуіш машина
1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван
университетінде жасалды, құрастырушылар
Дж. Моучли мен Дж. Эккерт болды.
Сұрақ: Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды?
Дода — 10
Абак
Дода — 10
ENIAC
Дода — 20
Дода — 20
Дода — 20
Марк-1
Дода — 20
Арифмомтер
Дода — 30
Дода — 30
Дода — 20
Блез Паскаль
Дода — 20
Чарлз Бэббидж
М
Т
И
К
П
Ы
Л
Р
П
Ш
О
Н
Қ
О
Р
А
Н
И
Р
П
Т
Т
Е
Т
Т
А
Н
Р
С
Т
И
Е
О
М
Н
Е
В
Ө
Р
И
О
Б
Ц
Ә
Р
И
А
Т
З
П
М
Е
Д
О
Н
С
А
Е
И
М
Й
І
Р
Н
Е
Т
Т
И
Р
К
С
Н
И
М
У
О
С
Х
С
В
М
Т
Т
Р
Д
Е
О
Ж
Р
Е
О
Е
А
Ұ
З
Д
А
Р
Л
Б
Ь
Е
И
А
Я
Ф
О
Я
Ф
Й
Л
И
И
Н
Е
Ц
К
Н
А
Т
Микропроцессор, тышқан, мәтін,
плоттер, принтер, сөз, байт,
пиксель, архив, жад, абонент,
модификация, ұя, файл, терезе,
монитор, модем, интернет,
байт, антивирус.
Жүргізуші:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ы шашылар.
Ақыл, тілі — Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұр дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
— Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 — ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады — деп бүгінгі ойын жұптық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.
І — топ «Алғырлар» тобы.
Мүшелері:
1) Қалияр Режеп
2) Абылқасым Бекнұр
ІІ — топ: «Тапқырлар» тобы
Мүшелері:
1) Тлеумбетов Абзал
2) Рахимов Сұлтан
ІІІ — топ: «Жүйріктер» тобы
Мүшелері:
1) Адиқызы Адина
2) Әділханұлы Тілек
IV — топ: «Қыран» тобы
Мүшелері:
1) Базарханқызы Тұнық
2) Болат Альфия
V — топ: «Сұңқар» тобы
Мүшелері:
1) Нурғожаева Мөлдір
2) Имаш Бейбарыс
Жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! — дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 — әділ қазымыз: Мектеп директоры: Л. Н. Нурғожаева
2 — әділ қазымыз: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. О. Алиева
Кіріспе сөз.
Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Жүргізуші:
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын – деп бүгінгі сайысты бастайық.
Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7 — бөлімнен тұрады.
1 — бөлім: «Бәйге» (бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады)
2 — бөлім: «Ойлан тап!» (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
3 — бөлім: «Тұлғаны тани біл» (бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар)
4 — бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған.
5 — бөлім: «Жүзден жүйрік» (әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
6 — бөлім: «Тілашар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
7 — бөлім: «Кім жылдам?» (сурет бойынша тапсырма)
8 — бөлім: «Жорға»
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, — деп таныстыруды бастаймыз.
(әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
1 — топтың аты: “Алғырлар”
Топ ұраны:
2 — де сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Өте жақсы оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.
2 — топтың аты: “Тапқырлар”
Топ ұраны:
Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе, күш — қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.
3 — топтың аты: «Жүйріктер» тобы
Топ ұраны:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
4 — топ: «Қыран» тобы
Топ ұраны:
Қыран тобы алға,
Алға басып жүреміз.
Талаптанып, талпынып,
Біз жеңіске жетеміз
5 — топ: «Сұңқар» тобы
Топ ұраны:
Сұңқардай самғаймыз.
Жеңуден жалықпаймыз.
Жарыстарға қатысып,
Бірінші орынды аламыз.
Жүргізуші:
Ал қанекей балалар,
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Білімділікпен жараңдар!
1 — бөлім: «Бәйге» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
1 — тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Лепті сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын сұрау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Ертегідегі алдайтын адам (Алдар көсе)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім? (қазақ мектебін ашқан)
2 — тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Антоним дегеніміз не? (мағыналары қарама — қарсы сөздер)
3 — тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады? ( тау, тас, бұлт)
2. Көбейтудің қасиеттерін ата (терімділік, үлестірімдік, ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті (қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
4 — тобы:
1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
2. Синоним дегеніміз не? (мағыналары бір — біріне жуық сөздер)
3. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
4. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
5. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)
5 — тобы:
1. Адам тіршілігне қажет жылуды қайдан алалды? (Күн)
2. Көлік күтетін жерді не деп атайды? (аялдама)
3. Ұлттық аспаптарды ата. (домбыра. сырнай)
4. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)
5. Мәтін түрлерін ата? (пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Сөз маржаны дегенде,
Ерінбей қане, шешіңдер.
Маржанды сөзді тереңнен
Тауып алып тізіңдер, — деп келесі кезекті 2 – бөліміміз «Ойлан тап!» деп аталады. (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
10. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
10. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
10. 1 дм неше см? (10 см)
10. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
10. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
20. 2 тәулікте неше сағат бар? (48)
20. 30+30+30 неше болады?(90)
20. 10 саны неше таңбалы сан?(екі)
20. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
20. 9 жүздік 5 бірліктен тұратын санды ата. (905)
30. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
30. 200 кг неше тонна? (2 т)
30. Бір ғасырда неше жыл? (100)
30. 100 неше таңбалы сан? (3)
30. 8 бен 5 санының көбейтіндісі нешеге тең? (40)
40. 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)
40. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)
40. Кез — келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
40. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық 2 таңбалы санды ата (44, 45, 55, 54)
40. 9 саны мен 6 санының көбейтіндісі нешеге тең? (54)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды, — деп 3 — бөлім “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз. Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр оқушыға 1 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.
Шәмші Қалдаяқов (15. 8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29. 2. 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
• «Менің Қазақстаным»,
• «Теңізде – толқында»,
• «Бақыт құшағында»,
• «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР — нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос — жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) — боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13 — ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Абай – теңдесі жоқ ақын, аса дарынды композитор, асқақ ойшыл философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл, реформатор, халқымыздың отандық, тіпті дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше орын алған ұлы тұлға.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл — 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке — шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 — 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 — ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз — Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы
Әйтеке Байбекұлы(1644 — 1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір — Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,- деп 4 – бөлім «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І — топ
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ — топ
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 2 қатар торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (80 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұған. Барлығы қанша? (10)
ІІІ — топ
1. Бөлменің төрт бұрышында бір — бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІV — топ
1. Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
(3 партия)
2. Киноға билет алу үшін кассаға кезекте 13 адам тұр. Мирас кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр? (7)
3. Самат 2 балықтан, ал Марат 1 балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? (Самат — 8, Марат — 4)
V — топ
1. Әкесі мен екі баласы велосипед теуіп жүр. Анасы рульдер мен доңғалақтарын санағысы келді. Рульдер — 2, ал доңғалақтары — 5 болды. Велосипед нешеу және олар қандай?
(2 доңғалақты — 1, 3 — доңғалақты — 1)
2. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр? (6)
3. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Сұңғаттың ағасы, ал Сұңғат Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім? (Мәрленнің інісі)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректілік,
Серігің болсын бойыңда, — деп 5 «Жүзден жүйрік» бөлімді бастаймыз. ( әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
1. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)
2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
3. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді? (5 күнге — 100 тг)
4. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? (мұнай)
5. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4 — тен артық бөрене сыймайды. Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? (3 рет)
6. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? (Жаңбыр)
7. Егер бір дәптер 7 тг тұрса, 3 дәптердің бағасын тап? (21)
8. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: Қол ұшын берді. (көмектесті)
9. Табақта 8 шабдалы, ал себетте одан 2 есе көп шабдалы бар. Себетте неше шабдалы бар? (16)
10. Серік Сапиев қай спорттың шебері? (боксшы)
11. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді (43 жыл)
12. Бекзат Саттарханов неше жасында олимпиада чемпионы атанды? (20)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, 6 – бөлімді бастаймыз. «Тілашар» (Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. Үш тілде жауапты айтса 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай, егер жауап бере алмаса басқа жауап берген ойыншыға ұпай беріледі.)
1 — топ:
1. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз — frost)
2. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег — snow )
3. Бірін — бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос — жаран. (әріп – буква — letter)
2 — топ:
1. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка — ruler)
2. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц — hare)
3. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка — cat)
3 — топ:
1. Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук — onion)
2. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса — fox)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга — book)
4 — топ:
1. Жылт — жылт етеді, Жылғалардан өтеді. (су — вода — water)
2. Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ (тұз — соль — salt)
3. Алыстан қарасаң аппақ, Татып көрсең, тәтті — ақ. (қант – сахар — sugar)
5 — топ:
1. Айдалада ақ отау, Аузы — мұрны жоқ отау. (жұмыртқа – яйцо — egg)
2. Жұдырықтай қызыл шар, Тілді үйірген шырынбал. (алма – яблоко — apple)
3. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. ( аю – медведь — bear )
6 — топ:
1. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сөлі тәтті. (қарбыз – арбуз — watermelon)
2. Құстан аумайды, Көкте зулайды. (ұшақ — самолет — plane)
3. Білімнен мол сый — асы, Балғындардың ұясы. (мектеп – школа — school )
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
7 — бөлім: «Кім жылдам?» берілген суреттер арқылы тапсырмалар орындау.
1 — топ: 2 — топ:
3 — топ: 4 — топ:
5 — топ: 6 — топ:
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
“Жеңбедім, жеңілдім” деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.
Жақсы бала құлақ сап айтқаныңды ұғады,
Төсегінен тұра сап таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық: істемейді шалалық,
Тап — таза боп жуынып, алады ол таранып,
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, — дей отыра, әділ — қазыларымыз дайын болғанша, кезекті оқушыларымыз әрқашан тату, дос бола білсін деген мақсатпен, әнге береміз.
Ән: (хор) “Дос болайық бәріміз”
1. Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүруге,
Достық жырын білуге,
Буып ұстап бірлікте, еңбекті сүйем де.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.
Алтын күліп даламыз.
2. Қайраттанып ғарышта,
Озып шыққан жарыстан.
Жүргізуші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге!!!!
Источник: bilimdiler.kz
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
І жүргізуші:
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
І жүргізуші:
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той
Ден койып тыңдаңыздар, көңілді қой!
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп
Кош келдіңіздер халайық, сергісін бой!
ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
І жүргізуші:
Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!
Әнұран ойналады
ІІ жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге дайын.
І-жүргізуші:
Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Бүгінгі мектебіміздің атын асқақтатып жүрген оқушылар «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.
І жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.
І І жүргізуші:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)
Іжүргізуші
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдын әлі
Ән-шашу әсем бимен , түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады. Ортада Казак елі осындай әнімен Гулназ бен Аиданы шакырамыз!
І І жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
І жүргізуші:
Құттықтау сөз
(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас Ұланның» туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)
Қошемет көрсетіледі.Құттықтау сөз————
Өнер деген шіркін –ай бір-бір арман
Өнер деген биші ғой мың бұралған
Өнерменен талайлар жан сақтады
Өнер деген шебердің саусақтары.
Адамдықтың рухын түсірмеген
Ұлылардың тағдырын мүсіндеген.Ортада Манго би үйірмесі
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
Музыка-ырғақ,нәзік әуен асқақ үн.
Музыка-өзен, дала, аспан үн.
Қане,әншілер, бас әуенге,қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын. Сахнада Бақытты балалық шақ әнімен Ақерке. Қарсалыңыздар!
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші:
Ажары атқан таңдай ару жастардың
Қасы бар қанатындай қарлығаштын
Жанары жан біткенді етіп өскен
Шапалық өнеріне биші жастардың. Ортада Классика биімен Аида мен Жанельді қарсалыңыздар!
І жүргізуші:
Асыл сөздің ұстасы
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім,еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз
Тұла бойы тұнған бір
Өнер болар ұрпақпыз. Сахнада Үнді биімен 11 А сынып оқушылары.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Назар аударыңыздар Мемлкеттік ту шығарылсын!