Ж?ргізушілер сайысы сценарий

Бүгінгі байқау – нағыз қайнаған қуаттың көзі, бойға күш берген шуақтың өзі! Бүгінгі байқау – келешекке керілген шығармашылықтың желкені, жалынды жастардың мекені! Жас таланттардың басын қосқан өнер алаңы! Оларды алда байрақты бәсеке күтіп тұр. Әр өнерпаз кеудесінде намыс туы желбірей берсін!

  • Сценарилер
  • samal_eskende
  • 29.11.2019
  • 0
  • 1
  • 13077

«Жүргізуші-2019» байқауының

СЦЕНАРИЙІ

Өтетін орны: Достық үйі

Өтетін күні, уақыты: 24.09.2019 ж сағат 15.00

Жүргізушілер:

 Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты екібастұздықтар! «Үздік жүргізуші – 2019» байқауына қош келдіңіздер!

 Жүргізуші: Бүгінгі байқау – нағыз қайнаған қуаттың көзі, бойға күш берген шуақтың өзі! Бүгінгі байқау – келешекке керілген шығармашылықтың желкені, жалынды жастардың мекені! Жас таланттардың басын қосқан өнер алаңы!  Оларды алда байрақты бәсеке күтіп тұр. Әр өнерпаз кеудесінде намыс туы желбірей берсін!

 Жүргізуші: Олай болса сіздердің құрмет қошеметтеріңізбен қатысушыларды сахна төріне шақырайық.

Қатысушылармен таныстыру

  1. Базилова Дильназ – №17 жалпы орта білім беру мектебі
  2. Аманбек Сұлтанбек – Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  3. Магашова Жұлдыз – Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  4. Мейрамов Айдын — №13 жалпы орта білім беру мектебі
  5. Хажай Іңкәр – Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  6. Жанбек Арыстанбек – №11 жалпы орта білім беру мектебі
  7. Таурбаева Динара – Қосым Пшенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжі  
  8. Бейсенов Марлен – Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі
  9. Тыныбек Қазына — №36 мектеп –лицейі
  10. Рахымтай Серік — Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  11. Жүмкей Әйгерім — №21 жалпы орта білім беру мектебі
  12. Кошаева Айнұр — №26 мектеп-гимназиясы
  13. Ибадулла Әйгерім — №36 мектеп –лицейі

 Жүргізуші: Байқау үміткерлерімен таныс болдыңыздар, енді бүгінгі байқаудың әділ бағасын берер аса қадірменді қазылар алқасын таныстырып өтейін

  1. Сабитова Гүльбаршын Рапыққызы – «Өнер» қалалық мәдениет орталығының музыкалық жетекшісі, «Гаухартас», «Тұмар» ансамбльдерінің жетекшісі.
  2. Бәтенов Қуаныш Жүрсінұлы – қалалық іс-шаралар жүргізушісі, ұстаз, өнер жанашыры.
  3. Сеитова Гүльбаршын Арқалыққызы – С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Жүргізуші: Бүгінгі сайыс 4 бөлімнен тұрады. Қатысушылар осы аталған бөлімдер бойынша сынға түседі:

1-бөлім: «Сәлем сөздің анасы», таныстыру бөлімі;

2-бөлім: «Көркем сөз шебері», көркем шығармадан, драмадан үзінді немесе кез келген танымал ақынның өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу; 

3-бөлім: «Сөз мәнері»  (қатысушыларға түрлі сценарий нұсқалары беріледі: салтанатты шара, корпоративтік шара, шоу-бағдарлама және т.б. мәнерлеп оқып беру ).

4-бөлім: «Импровизация» (аудиториямен жұмыс, кез- келген оқиғадан шыға білу)

 Жүргізуші: Ал қазылар алқасы үміткерлерді төмендегі критерийлер бойынша бағалайды.

 — жүргізушінің шеберлігі

дауыс ырғағы;

киім үлгісі;
орындау шеберлігі

сахна мәдениеті;

Жүргізуші: Сайсымызды бастамас бұрын сөз кезегін Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Жұмабекова Шынар Болатқызына береміз.

 Жүргізуші: Бүгінгі байқаудың мақсаты:  Көркем сөз шеберлерінің өнерін дамыту, әртүрлі жанрдағы мәдени шара жүргізушілерін анықтау, жарыққа шығару, шығармашылық орта қалыптастыру, тәжірибе алмасу. Олай болса сайыскерлерге бірінші бөлімді бастауға рұқсат, яғни өздерін таныстыру бөлімі.

  1. Базилова Дильназ – №17 жалпы орта білім беру мектебі
  2. Аманбек Сұлтанбек – Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  3. Магашова Жұлдыз – Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  4. Мейрамов Айдын — №13 жалпы орта білім беру мектебі
  5. Хажай Іңкәр – Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  6. Жанбек Арыстанбек – №11 жалпы орта білім беру мектебі
  7. Таурбаева Динара – Қосым Пшенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжі  
  8. Бейсенов Марлен – Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі
  9. Тыныбек Қазына — №36 мектеп –лицейі
  10. Рахымтай Серік — Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі
  11. Жүмкей Әйгерім — №21 жалпы орта білім беру мектебі
  12. Кошаева Айнұр — №26 мектеп-гимназиясы
  13. Ибадулла Әйгерім — №36 мектеп –лицейі

Қатысушылар рет – ретімен өздерін таныстырады.

1 Жүргізуші: Жүргізушіге түрлі мәдени шараларды жүргізу үшін дауыс ырғағының, мәнерінің, көркемдік бояуының қанық болуы маңызды. Олай болса екінші кезеңге көшейік. Қазір қатысушыларымыз дайындап келген көркем шығармаларын оқитын болады.

  1. Базилова Дильназ – С.Торайғыров «Кедейлік»
  2. Аманбек Сұлтанбек – М.Мақатаев «Шын ғашықпын»
  3. Магашова Жұлдыз – Лайле Атагуль «Сол жағым сыздап тұр»
  4. Мейрамов Айдын – Есенғали Раушанов «Жаз не деп еді»
  5. Хажай Іңкәр – А.Байтұрсынов «Анама хат»
  6. Жанбек Арыстанбек – Мұхтар Шаханов «Отырар»
  7. Таурбаева Динара – М.Мақатаев «Бесік басында»
  8. Бейсенов Марлен – А.Құнанбаев «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»
  9. Тыныбек Қазына – М.Мақатаев «1941 жыл. Ақпан»
  10. Рахымтай Серік – М.Шаханов «Жігерлендіру»
  11. Жүмкей Әйгерім – М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
  12. Кошаева Айнұр – С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
  13. Ибадулла Әйгерім – М.Мақатаев «Сезім»   

Қатысушылар рет – ретімен көркемсөз оқиды.

2 Жүргізуші: Сайыстың ІІІ бөлімі өте қызықты болады деп ойлаймыз. Себебі қатысушылардың жүргізушілік қабілетін осы бөлім аша түсетіндей. Сайыскерлерге түрлі сценарий үлгілері, яғни дайын мәтіндер таратылады. Қатысушы өз тарапынан мәтінді қандай мәдени шараға арнап жазылғанын көрсетіп, соған орай нақышын келтіріп оқуы керек.

(Осы кезде қатысушылар қазылар алқасының үстелінен билеттік жүйе арқылы мәтін таңдап алуы керек. Сәл үзіліс жасалуы тиіс. Дайынмын деген қатысушы шығып оқи беруге болады)

Қатысушылар рет – ретімен берілген мәтінді оқып шығады.

Жүргізуші: Сайыскерлерімізді келесі бөлімге дайындалу үшін сахна сыртына шығарып саламыз.

 Жүргізуші: Осы жерде бастау үшін жарысты,

Талай талант танысты да, табысты.

Аламанда айбыны үшін еліңнің

Жібермеңдер, қолда ұстап намысты!

Жүргізуші: Қымбатты, көрермен біз сайысымызды жалғастырамыз. Келесі бөлім «Импровизация».

 Жүргізуші: Шынымен, мәдени шара барысында түрлі жағдайлар болады. Мәселен, жарық сөніп қалады, музыка ойнамай қалады. Осындай жағдайда жүргізушілер тығырықтан қалай шығады сынап көрейік.

 Жүргізуші: Сайысты бастайтын Базилова Дильназ

Қатысушылар рет – ретімен аудиториямен жұмыс жасайды.

Жүргізуші: Байқауға қатысушылар барлық сыннан өтті. Кім жүйрік? Бұл жарыста кім озып шықты. Ол қазылар алқасына аян.

2 Жүргізуші: Қазылар алқасы өз қорытындысын шығарғанша, назарларыңызға шағын концерттік бағдарлама ұсынамыз.

КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА

 Жүргізуші: Сайыскерлерді сахна төріне қошеметтеп шақырайық.

Жүргізуші: Сөз қазылар алқасына беріледі

ҚҰТТЫҚТАУ. МАРАПАТТАУ

 Жүргізуші: Осымен, байқау өз мәресіне жетті. Барша қатысушыларымызға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

 Жүргізуші: Ел болашағын дамытар, халқының қамын жейтін еңбекқор, білімді, өресі биік өрендеріміз көп болсын! Келесі кездескенше, күн жақсы болсын!


«Үздік жүргізуші»,»Үздік актер» байқауы
1 — жүргізуші: Қайырлы кеш қадірменді, көрермендер!
2 — жүргізуші: үргізуші: Армысыздар құрметті, қонақтар!
1 — жүргізуші: Тұнғыш президент күніне орай өтіп жатқан іс — шаралар жалғасын табуда. Бүгін біз «Үздік жүргізуші», Үздік актер» байқауларын өткіземіз.
Бүгінгі сайыскерлеріміздің өнеріне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырсақ:
——————————————
2 — жүргізуші: Олай болса, байқауымызды бастасақ.
1 — жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп — тегіс жұмыр келсін айналасы
2 — жүргізуші: Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы,
ОЛ — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі — надан
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы — деген Абай атамыздың сөзіне сүйенсек, өлеңде үлкен өнердің бірі, олай болса,»үздік жүргізуші » байқауын бастасақ.
1 — жүргізуші: Алдымен байқаудың шарттарымен таныстырып өтсек:
а. Сахнада өзін ұстауы
ә. Сөйлеу мәнері
б. Киім киісі,
7. Көрермендермен байланысы;
в. Тақырыптардан ауытқымау;
г. Айтылған ойдың бір арнаға тоғысуы.
2 — жүргізуші: Ортада 8 сынып оқушысы ———————
«Сыр сұхбат» бағдарламасын жүргізбек.
1 — жүргізуші: Рахмет, Келесі 8 м сыныбы «Айгөлек» балалар мен жасөспірімдер байқауынан үзінді көрсетпек. Ендеше, ортада ———————————-
2 — жүргізуші: Өлеңге әркімнің — ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
— деп кезекті 9 сыныпқа берсек. Ортада «Сөнбес сәуле» бағдарламасымен Манатова Аяулым.

1 — жүргізуші: Естідім де сөзін ана тілімнің,
Бойым жылып лезде мен тірілдім.
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін,
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін.

2 — жүргізуші: Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ
Мен дайынмын өлуге де бүгін — ақ — өзінің ана тілінің қадір — қасиетін түсінген ақын сияқты біздің құрбыларымыз өз ана тілінде керемет сөйлеп, ұтымды ойларын жеткізіп жатқан сияқты, сіздер де байқап отырған шығарсыздар.
1 — жүргізуші: Олай болса ортада, 10 сынып оқушысы»Айтылмаған әңгіме» бағдарламасымен ————————————
2 — жүргізуші: Келесі сынып 10 ә сынып оқушысы «Айтуға оңай» бағдарламасымен ———————-
1 — жүргізуші: Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Келесі тапсырма: Мына жерден белгілі ақындардың өлеңдерін таңдап аласыздар. Сіздер өлеңді мәнерлеп оқып бересіздер.
Дайындалуға 3 минут.(әннен шашу, кезекпен оқиды)
2 — жүргізуші: Келесі байқауымыз»Үздік актер» байқауын бастасақ. Алдымен байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтсек.
1. Образға ену.
2. Дауыс ырғағы.
1 жүргізуші: 3. Сахнадағы еркіндік.
2 — жүргізуші: Көрерменге әсері.
1 — жүргізуші: Өзін — өзі ұстай білу мәдениеті
1 — жүргізуші: ортада 8 а сынып оқушысы ———————-
2 — жүргізуші: Рахмет, ортада 8 м сынып оқушысы
1 — жүргізуші: келесі сайыскеріміз 9 сыныптың оқушысы ———————
2 — жүргізуші: Ортада 10 а сынып оқушысы
1 — жүргізуші: Келесі актеріміз 10 ә сынып оқушысы ——————————
2 — жүргізуші: Қазір барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ.
Қазір сайыскерлеріміз дайындалған тапсырмаларды алып орындайды, дайындалуға 3 мин уақыт беріледі. (Муз. номер).
1 — жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
Қорытынды сөз кезегін мектеп директоры ———————— на береміз.
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін айтса

«Жұлдыздар шеруі» жүру барысы

Ход проведения «Парада звезд»

Цель: чествование учащихся и их наставников, добившихся наивысших результатов в интеллектуальных конкурсах, предметных олимпиадах, спортивных соревнованиях и творческих конкурсах районного, областного, республиканского и международного уровней.

Подготовка: оформление сцены в соответствии с тематикой, минусовки песен и танцевальных композиций, а также минусовки музыкальных заставок во время выхода участников на сцену.

На сцене ведущие. Звучат фанфары.

Жүргізуші 1:

Сәлеметсіздер ме,
ата — аналар, ұстаздар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын дей отырып мектебіміздің белсенді,өнерлі, білімді,шығармашыл,спорт сүйер оқушыларымызды марапаттайтын жыл сайын дәстүрге айналып келе жатқан «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ведущий 2: Добрый день, уважаемые родители, учителя, учащиеся!

Опять весна на белом свете,

На школьной радостной планете.

Природа снова оживает,

Звенит, цвет, блогоухает,

И это чудо в этом зале,

Каких мы школьников собрали!

Царит торжественно волненье,

Звучит привычное вступление

Для всех кто миг сей долго ждал,

Настал , настал он, звездный час!

2016 год – это год, олицетворяющий особый период в жизни каждого казахстанца. Мы становимся свидетелями торжественного празднования 25-летия со дня провозглашения Независимости Республики Казахстан. На протяжении 25-ти лет, совершив невероятный рывок в историческом развитии, казахстанцы сообща трудятся над созданием сильного, динамичного, современного государства под руководством Лидера Нации, Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева.

25-летие Независимости Республики Казахстан – это великий праздник для всех казахстанцев. Юбилейный год начал новый отсчёт времени и положил начало грандиозным планам, делам, мероприятиям, знаменующим успехи и победы пройденного пути.

В юбилейный год принято подводить итоги, и мы тоже подводим итоги достижений учителей и учащихся Мичуринской школы .Уже стало традицией в конце учебного года отмечать заслуги тех учащихся и учителей, которые добились высоких результатов в работе, в учебе, спорте, техническом творчестве, искусстве и музыке. И сейчас разрешите начать наш «Парад школьных звезд».

1 Жүргізуші:

Мектебіміздің аудандық, облысытық, республикалық ,халықаралық пән олимпиадасының жүлдегерлерін және мектеп өміріндегі шығармашылықты шындауда жоғары нәтиже көрсеткен жұлдыздарды қарсы алыңыздар!

2 Ведущий: Мы приветствуем победителей районных, областных, республиканских и международных предметных олимпиад, а также научно-практических проектов и конференций.

Встречаем бурными аплодисментами.

(Дети поднимаются на сцену. Ведущие называют фамилию и имя ученика, его достижение — где участвовал и какое место занял)

1 Жүргізуші: Кұрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ______________________ беріледі.

2 Ведущий: С приветственным словом к вам, дорогие ребята, уважаемые учителя и родители, обращается директор школы ____________________

(выступление директора школы)

1 Жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда балабақша аралығындағы аудандық «Айгөлек » байқауының жеңімпазы өнер көрсетеді Дайраби Ақнұр «Домбыра» биі

2 Ведущий: Песня «Аист на крыше» исполняет Мурзагалиева Маржан победитель районного и областного конкурса «BI жұлдызай».

1 Жүргізуші: Мектебіміздің аудандық, облыстық, республикалық шығармашылық байқауларының жұлдыздарын қарсы алайық!

Ведущий 2: Мы рады видеть на нашем празднике призеров районных, областных и республиканских творческих конкурсов.

(Дети поднимаются на сцену. Ведущие называют фамилию и имя ученика, его достижение — где участвовал и какое место занял)

Жүргізуші 1: Құттықтау сөз кезегін _____________ ауылының әкімі __________________ беріледі. (Приветвтсенное слово акима округа)

Ведущий 2: Перед вами выступает победитель районного конкурса пианистов «Маленький музыкант», призер районного конкурса фортепианной музыки Зайцева Дарья с произведением «Казахский народный танец»

Жүргізуші 1: Ән «Ертегілер әлемінде» орындайтын мектеп алды тобының оқушысы, болашақ мектебіміздің жұлдызы Нурушева Аружан

1 жүргізуші: Жұлдызды шеруімізді әрі қарай жалғастырамыз. Аудандық областық республикалық, халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздарын қарсы алайық.

2 Ведущий: Мы продолжаем наш парад. И приглашаем победителей районных , областных, республиканских и международных спортивных соревнований.

(Дети поднимаются на сцену. Ведущие называют фамилию и имя ученика, его достижение — где участвовал и какое место занял)

Ведущий: С приветственным словом выступит тренер и наставник по ______________________

(выступление тренера)

1 Жүргізуші: 1.Би «Мереке» өнер көрсететіндер Қалалық «Нұрлы жол» атты би фестивалінің жүлдегерлері. Дуйсенғали Айару, Өтеген Назира,Өтепкалиева Альмира.

2. Ән «Халық қасиеті» орынтайтын аудандық волейбол, футбол , шығын футбол жарысының және «Жас сұңқар» тобының топ басшысы Әмірбек Сырым.

Ведущий: Предлагаем вашему вниманию показательное выступление спортменов ___________ школы.

(выступают спортсмены под музыку «Олимпиада-80»: ленты, каратэ, гимнасты, борцы, гири (на заднем плане девочки с лентами), выход всех участников на поклон)

1 жүргізуші:

Егер жұлдыздар жақыраса демек, оның қажеттілігі бар. Осындай жұлдыздар шеруінен кейін бұған ешкім күмән келтіре алмайды.

2 Ведущий:

Я знаю таких замечательных людей, истинных знатоков своего дела. Для которых находить и зажигать звезды на школьном небосводе стало делом всей жизни! Это ваши учителя, которые всегда рядом с вами и помогут дотянуться до самой дальней звезды, чтобы ученикам, захотелось стать ярче, интересней.

Мы сегодня хотим сказать «Спасибо» всем вашим учителям-наставникам, под чьим чутким руководством вы смогли добиться таких высоких результатов.

(Учителя-наставники поднимаются на сцену. Ведущие называют фамили, имя отчество учителя, настасником какого конкурса, олипиады или соревнований является, количество призеров)

1 жүргізуші: Для вас, уважаемые учителя, звучит песня «Ұстазым» в исполнении лауреата районных, областных и международных конкурсов Хапезовой Жұлдыз.

Ведущий 2: Знакомые, родные лица

Самоотверженных и близких нам людей.

Семья и школа- союз пусть этот длится !

Союз родителей и всех учителей.

Дорогие родители, вы весь этот год вы были рядом с детьми и помогалиим идти к победе, поддерживали, когда было трудно, радовались за успехи свомих детей.

Уважаемые родители, коллектив _________ школы выражает вам огромную благодарность и признательность за воспитание ваших детей, чьи знания и таланты прославляют доброе имя нашей школы.

1 жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін ата –аналар комитетін атынан ___________ және _________ беріледі.

(выступление родителей)

1 жүргізуші:Ата-аналар құрметтіне Үйгір халық биі орындайтын облысытық «Жас дарын» сайысының жүлдегері Темирболтова Гүлнур.

1 жүргізуші:

Бойларында от бар екенің байқадық,

Бойларында шоқ бар екенің байқадық,

Жеңімпаздың саны жылдап көбейіп,

Дарындылар өсе берсін жайқалып деп осымен бізідін салтанаты шеруімізді аяқтаймыз

2 Ведущий:

Мы желаем силы, вдохновения,

Поменьше неудач и слез,

И в наш нелегкий век еще терепенья

И исполнения мечтаний всех и грез

Пусть звезды на нашем школьном небосклоне никогда не гаснут. А их количество только увеличивается с каждым годом!

До свидания, дорогие зрители и участники парада. До новых встреч в 2017 году!

4

 

«Жас  суретшілер»  сайысы

Тақырыбы:  «Жас 
суретшілер»  сайысы

Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің
қыр-сырын жан-жақты үйрету.

Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету
қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

 

Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель
бояулары, қылқалам.

Сайыстың
барысы: 

 Құрметті   балалар,  ата — аналар  қонақтар!
 
 Бүгінгі  «Жас  суретшілер»  атты сайысымызға қош
келдіңіздер!

Біздің 
жетістіктерімізді  бағалайтын    әділқазылар    алқасымен таныстыруға  
рұқсат   етіңіздер!

1._________________________________________________

2._________________________________________________

3._________________________________________________

Бүгінгі   сайыс   6  кезеңнен тұрады.

1. «Таныстыру»

2. «Аппликациялық  сурет»

3.  «Өсімдіктерді  құрастыр»

4. «Айырмашылығын
тап»

5.  «Шебер — фломастер»

6.
«Жаз – керемет жыл мезгілі»

Әр  таңды  бақытпен  атырамыз,
Өнерді  ой  көгінде  бақылаңыз.
Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға,
Суретші   балаларды  шақырамыз.

І
топ «Балдырған»

ІІ
топ «Достық»

І. Таныстыру
Топпен
таныстыру;

      «Балдырған»

Біз  балдырған  баламыз,

Шырқап  әнге  саламыз.

Туған  жердің  төрінде,

Алау  болып  жанамыз.

          
«Достық»

Достық 
болсын  әр  елде,

Бақыт 
қонсын  әлемге.

Тату
– тәтті  тұрайық,

Сәнді 
өмір  құрайық.

ІІ.  «Аппликациялық  сурет»

20140626_165532.jpg20140626_165513.jpgТүрлі —  түсті  қағаздан  балапан бейнесін  жабыстыру.

ІІІ. 
«Өсімдіктерді  құрастыр»

Бөлшектерге 
бөлінген  өсімдіктердің  бейнесі.  Өсімдіктерді  түр – түріне  қарай 
құрастыру.

20140626_165728.jpg20140626_165723.jpg

IV. 
«Айырмашылығын тап»
  Топ  басшыларына
тапсырма.

Екі топ  басшыға
сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына
көрсетуі қажет

V.  «Шебер
— фломастер» 

Фломастерлермен суретті  анық боляп шығады.

20140626_170115.jpg20140626_170123.jpg

VI
«Жаз – керемет жыл мезгілі»

Балалар  өз бетінше  жаз мезгілінің бейнесін қағаз бетіне
салады.

20140626_170849.jpg

20140626_170811.jpg

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,  —  деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Балалар, жарайсындар! Бүгінгі сайысқа бәріңізде   ат   саласып
қатыстыңдар.  

Марапаттау рәсімі. (музыка әуенімен сайыс аяқталады)

Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!»

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және

көрермендер!

«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген,

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен демекші, бүгінгі сайыста

қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен

алғырлығы додаға түседі.

1-жүргізуші: Баға берер топтарға,

Қара қалды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз салайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1)Мектептің ғылымиәдістемелік жұмысының меңгерушісі Сапрыгина Р.Э.

2) Мектептің ғылыми – жобалар жұмысының меңгерушісі Абжанова Г

3) «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып

мұғалімі Сахариева М. М.

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)

2. Ширату

3. Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)

4. Жеті жұрттың тілін біл.

5. Тапқырлар сайысы.

6. Капитандар сайысы.

7. Ептілер сайысы.

1. кезең Таныстыру (жеребье арқылы) 5ұпай

Әдеппен ізетпен танысуға дей келе сайыстың алғашқы шарты

«Таныстыруды» бастаймыз.

2. кезең «Ширату» 3 мин

Балқарағай, қолшатыр, бозторғай, түймедағы – сөздеріндегі әріптерді

пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1 ұпай.

3. кезең «Өнер сайысы»

«Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Үшінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» деп өнер сайысын бастайық. Бұл сайыста әр

топ дайындап келген өнерлерін көрсетеді.. Жоғарғы ұпай саны 5 ұпай.

4. кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде

аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай

беріледі.

1) Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр – шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (Қаламручка)

2) Жазу жазып жалықпаған,

Жазажаза арықтаған (Бормел)

3) Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады ( Қоңыраузвонок)

4) Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы (Түлкілиса)

5) Қыста ғана болады

Ұстасаң қолы тоңады (Қарснег)

6) Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны (Теледидартелевизор)

7) Өзі кірді ашады

Суға салсаң қашады (Сабынмыло)

8) Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пиязлук)

9)Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен (Құмырсқамуравей)

10) Жылтжылт еткен

Жырадан өткен (сувода)

11)Қабатқабат қаттама

Ақылын болса аттама (Кітапкнига)

12)Белі бүкір

Алысқа түкір (Мылтықружье)

13) Судан алады,

Суға салса өледі (Тұзсоль)

14) Кесе –кесе мұқалды

Жонижони жұқарды. (Пышақнож)

5. кезең «Тапқырлар сайысы»

4 топқа 4 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу

керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.

Шешуі:

6. кезең «Капитандар сайысы»

Әр топ командирін шақырамыз.

1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.

1. Республикамыздың басты қаласы (Астана)

2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)

3. Білім күні қай күн? (1қыркүйек)

4. Анаңның аты кім (...)

5. Қазақша жыл басы (Наурыз)

6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?

8. Аспан сөзінде неше әріп бар?

9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)

10. Бір өркешті түйе (Нар)

11. Апркль айының қазақша атауы. (Сәуір)

12. ТОбыңның аты

13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?

14.Жасың нешеде

15.Мемлекеттік рәміздер

16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын

18.Оқу жылы қашан аяқталады?

19.Киелі құс

20. «Көз қорқақ – қол …»

7. кезең «Ептілер сайысы»

Бұл кезеңде әр сайыскер кедергілерден өтіп математикалық тапсырмаларды

орындап, келесі балаға эстафетаны тапсырады.

Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін,

Әділқазы береді

Дұрыс, әділ шешімін.

Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,

сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!

Болмасын ешбір сын өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке! демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасының

төрайымына береміз!

«Супер ӘКЕ!» сайысы

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі бұл ана. Бағыңды сынап сайысқа түсер кез келді.-деп жыл аралатып келетін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекесінің қарсаңында «Айгөлек» шағын орталығының және мектепалды даярлық сыныбының әкелер арасындағы ұйымдастырылған «Супер Әке» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру.

2.Шаш үлгісі

3.Сұрақ- жауап (психологиялық ситуация)

4. Тапсырма (кеспе кесу)

5.Ашық хат жасау

6. Тапсырма «Кім күшті»

7. Өнер көрсету

Әкелерді қошеметпен ортаға шақыру.

1.Таныстыру. Әр әке өзін таныстырады.

2. сайыс «Шаш үлгісі». Әкелер өз қыздарының шаштарына сәнді шаш үлгісін жасау және қорғау керек.

3.Сұрақ- жауап (психологиялық ситуация)

(әр әке қалташадан сұрақтар алып толық жауап береді)

1.а)Күлкі күні қашан?

ә) Өміріңізде ең қызықты оқиға

2.а)Аналарға арналған мақал мәтел

ә)Балаңыз дүниеге келгенде қандай күйде болдыңыз? (көрсету)

3.а)Бесік жырын айтыңыз

ә)Баланың жаялығын ауыстыру

4.а)«Ана» сөзін үш тілде айту

ә)Балаңызды жылаған кезде қалай жұбатасыз

Жүргізуші: Төртінші бөлім кеспе кесу. Әкелер 5 минут ішінде кеспе кесіп шығу керек.

Жүргізуші: Бесінші бөлім ашық хат жасау . Әкелер түрлі түсті қағаздан әдемі ашық хат жасайды. Уақыты 7 минут

Жүргізуші:Алтыншы бөлім«Кім күшті?» Әр әке өз баларын қолдарына алып отырып тұру керек. Уақыты 3 минут.

Жүргізуші: Жетінші бөлім өнер көрсету.

Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Таңқалдырып сіздерді,

Әнді айтып,би де билеп береді.-дей келе ортаға әкелерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз. Әр әке кез келген әншіні таңдап сол әншінің әнін орындап беру керек.

Жүргізуші:

Сайыста бірі озар,бірі қалар,

Әділдігін дәл тапса би қазылар.

Сөз сөйлейтін шындықтың бетін ашып,

Әділдіктің туын биік ұстағандар.

-демекші сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Марапаттау жүргізу.

Жүргізуші:

Сайыс аты сайыс емес пе,

Бұған ешкім ренжімес те.

Қатысқанның өзі мәртебе емес пе

Бұл да алар бір қамал емес пе.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Ал, енді біздің балаларымыздың шағын концерттік ән шашуымызды тамашалаңыздар. Балалардың орындауында ән.

Ән: «Ақ әжем»

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Балалар ортаға шығып тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

1. Үн қатасың бал тілмен
    Еркелеймін күнде мен 
      Құттықтаймын анашым
      Сегізінші мартыңмен. (Наргыз)
2.   Әлпештеген аялаған 
      Ақсүт берген апатайым
     Тақпақ айтып бүгін саған
      Мейрамыңмен құттықтаймын. (Гульмира)

3.   Жарқын жүзді жан анам
     Сендей болса бар адам.
     Шаттық кетпес баладан.(Рахат)
4.   Ана өмір шырағы
    Ана өмір бұлағы
     Бесігімнің жыр әні 
     Жүрегімде тұрады. (Дильназ)
5 . Біз доспыз гүлдермен 
    Тек оны жұлмаймыз.
    Той күні бірбірден 
      Анаға силаймыз. , (Бибарыс)
6  .Еркелеймін шаттанам

     Жарқын күлкің бақ мағепан
    Ақ бетіңнен сүйейін
     Келші кеплші ақ мамам (Дана)
 7.Бал бөбегін баптаған
    Мамам үшін мақтанам
    Ақ бетіңнен сүйейін
    Келші келші ақ мамам. (Айсулу)

8. Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір — бірден
Аналарға сыйлаймыз. (Динара)
9. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар. (Назерке)

Жүргізуші: Балалардың орындауында ән «Апатайым»

Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық (Азель)

Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін! (Арман)

Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын (Жансұлу)

Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орыны бөлек дара екен (Ансар)

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.(Томирис)

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді 
Сыйлайды оны бар адам. (Мерей)

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ(Бекжан)

Менің апам бұл апам,

Айтқан сөзі дәл апам.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі апам. (Аян)

Туған күнмен құттықтайды немерең,

Келсін дейді енді өмірге шөберең.

Денсаулығың мықты болсын, ақ Әжем,

Жаратқаннан жақсы іс келсін жебеген.(Бегзат)

Кто открыл мне этот мир,
Не жалея своих сил?
И всегда оберегала?
Лучшая на свете МАМА.
Кто на свете всех милее
И теплом своим согреет,
Любит больше, чем себя?
Это МАМОЧКА моя.
Книжки вечером читает
И всегда всё понимает,
Даже если я упряма,
Знаю, любит меня МАМА.(Валерия)

В праздник мы подарим
Мамочке тюльпаны —
Стройные, красивые,
Как улыбка мамы!
В праздник мы подарим
Бабушке подснежники —
Строгие и добрые,
Как бабуля, нежные! (Жанна)

Маму я свою люблю,
Ей подарок подарю.
Я подарок сделал сам
Из бумаги с красками.
Маме я его отдам,
Обнимая ласково. (Иван)

С бабушкой моей вдвоем
Очень дружно мы живем!
Вместе ходим мы гулять,
Вместе мы ложимся спать,
Вместе моем мы посуду —
Правда, правда! Врать не буду!
Мы не любим унывать,
Можем спеть и станцевать —
Будет бабушка мне хлопать,
Ну, а я — кружиться, топать!
Не капризничать стараюсь,
Слез не лью, а улыбаюсь —
С ней большие мы друзья,
Потому что мы —  СЕМЬЯ! (Анель)

Ән: «Мамонтенок»

Жүргізуші: Гульмира мен Бибарыстың орындауында «Қошақан» әні

Жүргізуші: Динара орындауында «Анашым» әні

Би: Өзбек биі

Жүргізуші: Нарғыздың орындауында «Тұлпарым» әні
Жүргізуші: Балалар аналарына арнап жасаған ашық хаттарын табыс етеді және ұлдарымыз қыздарға арналған сыйлықтарын береді.Қатысқандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі көктем мерекесіне аман жетейік,көріскенше күн жақсы болсын ағайын!

«Екі жұлдыз» ән байқауы

Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.

Біздің әр Өзін өзі тану сабағында аңыз әңгімесіз өтпейтіні рас сол себепті алдарыңызға «Алма ағаш» атты аңыз

Ертеде бір бала алма ағашымен айырылмастай дос болыпты. Олар күнұзақ бірге болып, күндерін ылғида бірге өткізіпті. Бала шаршаса оның тасасына тығылып, қарны ашса жемісін жеп, іші пысқанда оның үстіне өрмелейтін болған. Осылай күндер зырғып өте берді. Әлгі бала есейіп ержетіп өз теңін тауып үйленіпті. Оның бала кезіндегі алма ағашына баратын уақыты болмапты. Ал алма ағашы баланы қатты сағынатын. Күндердің бір күнінде бала алма ағашына келіпті. Алма ағашы қатты қуанып:

-кел баяғы күндердей ойнайық, мінекей менің жемісімді же, — дейді

Бала: -қандай ойын, мен ойнайтын жастан кеттім, маған ақша керек.

Алма ағашы: — менде қандай ақша, оданда сен менің жемісімді теріп алып сатып ақша қыл дейді. Бала алманың барлық алмасын теріп алып кетеді.

Алма ағашы тағы жалғыссырап тағы қалады. Уақыт өтіп бала алма ағашына тағы келеді.

Алма ағаш қатты қуанып: — кел баяғы күндегідей ойнайық дейді.

Бала: — қайдағы ойын мен әке атандым маған үй керек дейді,

Ағаш: — мен не істей аламын немесе менің бұтақтарымды жинап алып үй сал дейді. Бала ағаштың барлық бұтағын теріп алып кете барады, ағаш тағы қалады. Арада тағы біраз жылдар салып бала қайта ағашқа келеді.

Алма ағашы тағы қуанып: -кел баяғыдай ойнайық дейді.

Бала: -қайдағы ойын мен қазір ел ағасы болдым шет елге шығуға маған кайық керек дейді.

Ағаш:- мен не істей аламын? Менің діңімді ал содан қайық істеп аласың дейді. Бала ағашты бел ортасынан кесіп алып кетеді.

Арада тағы жылдар өтіп бала тағы келеді. Ағаш: — кел отыр, менің саған берер жемісімде, бұтағымда, ағашымда жоқ, деп еңкілдеп жылап жібереді.

Бала:- менің оны жейтін тісімде, кесіп алып кететін күшімде жоқ дейді жай сенің көлеңкеңде отырсамда жарайды деген екен.

Бұл оқйға баяндалған алма ағашы біздің анамыз. Біз кішкентай кезімізде әр қашан оның қасында болдық, кейін есейіп ер жетіп сол кісінің тіпті хәлін сұрауға уақытымыз болмады, ал өзіміз жеке үй болғанда анамызды ойлайтында уақыт болмады. Бауырлар осы жарық дүниеге әкелегн анамызды құрметтейік, олар мәңгі біздің қасымызда болмайды ғой.

Бұл біздің өзін өзі тану пәнінің бір элементі болатын.

Олай болса құрметті тыңдарман көңіл күйді түсірмейміз, уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.

2сынып Иралинова Ләззат және

3сынып Мажитова Қымбат және Сардар сұлтана, балайым

4сынып Марияш «

5сынып Ермекбаева Жансая

6сынып Кокышева Гулзира

7сынып Нурсейтова Маржан

8сынып Алма

9сынып Ақшолпан

10сынып Тапалова Дария
Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1.
2.
3.
1. Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен – дей келе, сахна төрінде өздерінің әсем әндерімен Иралиновна Ляззат орындауында «Ана» әнімен. Қабыл алыңыздар.

2. Қарашы Қазақ еліме қарашы қазақ жеріме дей келе сахна төріне Мажитова Қымбат «Қазақ елі» әнімен қарсы алыңыздар!

3.Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мектебің мынау класың

осында он жыл тұрасың демекші
Алдарыңызда Ермекбаева Жансая «_Мектебім» әнімен қарсы алайық.

4. Сахна төрінде

жүз теңгең болғанша, бір досың болсын демекші «Жан досым» әнімен Жусупова Алма_шәкірті

Құрметті көрермендер қол соғып қолдап отырыңыздар.

5. Тамаша«Бала тілегі» әнімен осы жұбымызды шақырамыз. Сахна төрінде Нурсейтова Маржан шәкірті қарсы алыңыздар.

6. Осы жұбымыз Қайрат Нұртастың хит әндерінің бірін орындап көрмекші.
Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұбымыз хит қылып айта алар ма екен.
Оны сіздермен бірге тамашалайық. Ортада орындауында «__Ана___» әнімен

Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Сіздердің алдарыңызға кішкентай бүлдіршін Төкеш Наргиз анасымен ән айтуға келген екен Наргизаны сахынаға шақырайық «Ана мен бала әні» сіздердің құрметтеріңіз үшін.
Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Екі жұлдыздың әнұраны.

Келесі «Екі жұлдыз» сайысында кездескенше хош,сау болыңыздар.

Жүргізуші:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ы шашылар.
Ақыл, тілі — Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұр дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
— Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 — ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады — деп бүгінгі ойын жұптық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.

І — топ «Алғырлар» тобы.
Мүшелері:
1) Қалияр Режеп
2) Абылқасым Бекнұр

ІІ — топ: «Тапқырлар» тобы
Мүшелері:
1) Тлеумбетов Абзал
2) Рахимов Сұлтан

ІІІ — топ: «Жүйріктер» тобы
Мүшелері:
1) Адиқызы Адина
2) Әділханұлы Тілек
IV — топ: «Қыран» тобы
Мүшелері:
1) Базарханқызы Тұнық
2) Болат Альфия
V — топ: «Сұңқар» тобы
Мүшелері:
1) Нурғожаева Мөлдір
2) Имаш Бейбарыс

Жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! — дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 — әділ қазымыз: Мектеп директоры: Л. Н. Нурғожаева
2 — әділ қазымыз: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. О. Алиева
Кіріспе сөз.
Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Жүргізуші:
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын – деп бүгінгі сайысты бастайық.
Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7 — бөлімнен тұрады.
1 — бөлім: «Бәйге» (бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады)
2 — бөлім: «Ойлан тап!» (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
3 — бөлім: «Тұлғаны тани біл» (бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар)
4 — бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған.
5 — бөлім: «Жүзден жүйрік» (әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
6 — бөлім: «Тілашар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
7 — бөлім: «Кім жылдам?» (сурет бойынша тапсырма)
8 — бөлім: «Жорға»
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, — деп таныстыруды бастаймыз.
(әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
1 — топтың аты: “Алғырлар”
Топ ұраны:
2 — де сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Өте жақсы оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.
2 — топтың аты: “Тапқырлар”
Топ ұраны:
Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе, күш — қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.
3 — топтың аты: «Жүйріктер» тобы
Топ ұраны:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
4 — топ: «Қыран» тобы
Топ ұраны:
Қыран тобы алға,
Алға басып жүреміз.
Талаптанып, талпынып,
Біз жеңіске жетеміз
5 — топ: «Сұңқар» тобы
Топ ұраны:
Сұңқардай самғаймыз.
Жеңуден жалықпаймыз.
Жарыстарға қатысып,
Бірінші орынды аламыз.
Жүргізуші:
Ал қанекей балалар,
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Білімділікпен жараңдар!
1 — бөлім: «Бәйге» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
1 — тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Лепті сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын сұрау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Ертегідегі алдайтын адам (Алдар көсе)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім? (қазақ мектебін ашқан)
2 — тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Антоним дегеніміз не? (мағыналары қарама — қарсы сөздер)
3 — тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады? ( тау, тас, бұлт)
2. Көбейтудің қасиеттерін ата (терімділік, үлестірімдік, ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті (қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
4 — тобы:
1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
2. Синоним дегеніміз не? (мағыналары бір — біріне жуық сөздер)
3. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
4. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
5. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)
5 — тобы:
1. Адам тіршілігне қажет жылуды қайдан алалды? (Күн)
2. Көлік күтетін жерді не деп атайды? (аялдама)
3. Ұлттық аспаптарды ата. (домбыра. сырнай)
4. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)
5. Мәтін түрлерін ата? (пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Сөз маржаны дегенде,
Ерінбей қане, шешіңдер.
Маржанды сөзді тереңнен
Тауып алып тізіңдер, — деп келесі кезекті 2 – бөліміміз «Ойлан тап!» деп аталады. (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
10. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
10. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
10. 1 дм неше см? (10 см)
10. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
10. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
20. 2 тәулікте неше сағат бар? (48)
20. 30+30+30 неше болады?(90)
20. 10 саны неше таңбалы сан?(екі)
20. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
20. 9 жүздік 5 бірліктен тұратын санды ата. (905)
30. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
30. 200 кг неше тонна? (2 т)
30. Бір ғасырда неше жыл? (100)
30. 100 неше таңбалы сан? (3)
30. 8 бен 5 санының көбейтіндісі нешеге тең? (40)
40. 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)
40. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)
40. Кез — келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
40. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық 2 таңбалы санды ата (44, 45, 55, 54)
40. 9 саны мен 6 санының көбейтіндісі нешеге тең? (54)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды, — деп 3 — бөлім “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз. Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр оқушыға 1 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.
Шәмші Қалдаяқов (15. 8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29. 2. 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
• «Менің Қазақстаным»,
• «Теңізде – толқында»,
• «Бақыт құшағында»,
• «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР — нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос — жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) — боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13 — ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Абай – теңдесі жоқ ақын, аса дарынды композитор, асқақ ойшыл философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл, реформатор, халқымыздың отандық, тіпті дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше орын алған ұлы тұлға.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл — 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке — шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 — 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 — ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз — Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы
Әйтеке Байбекұлы(1644 — 1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір — Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,- деп 4 – бөлім «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І — топ
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ — топ
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 2 қатар торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (80 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұған. Барлығы қанша? (10)
ІІІ — топ
1. Бөлменің төрт бұрышында бір — бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІV — топ
1. Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
(3 партия)
2. Киноға билет алу үшін кассаға кезекте 13 адам тұр. Мирас кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр? (7)
3. Самат 2 балықтан, ал Марат 1 балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? (Самат — 8, Марат — 4)
V — топ
1. Әкесі мен екі баласы велосипед теуіп жүр. Анасы рульдер мен доңғалақтарын санағысы келді. Рульдер — 2, ал доңғалақтары — 5 болды. Велосипед нешеу және олар қандай?
(2 доңғалақты — 1, 3 — доңғалақты — 1)
2. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр? (6)
3. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Сұңғаттың ағасы, ал Сұңғат Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім? (Мәрленнің інісі)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректілік,
Серігің болсын бойыңда, — деп 5 «Жүзден жүйрік» бөлімді бастаймыз. ( әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
1. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)
2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
3. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді? (5 күнге — 100 тг)
4. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? (мұнай)
5. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4 — тен артық бөрене сыймайды. Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? (3 рет)
6. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? (Жаңбыр)
7. Егер бір дәптер 7 тг тұрса, 3 дәптердің бағасын тап? (21)
8. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: Қол ұшын берді. (көмектесті)
9. Табақта 8 шабдалы, ал себетте одан 2 есе көп шабдалы бар. Себетте неше шабдалы бар? (16)
10. Серік Сапиев қай спорттың шебері? (боксшы)
11. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді (43 жыл)
12. Бекзат Саттарханов неше жасында олимпиада чемпионы атанды? (20)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, 6 – бөлімді бастаймыз. «Тілашар» (Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. Үш тілде жауапты айтса 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай, егер жауап бере алмаса басқа жауап берген ойыншыға ұпай беріледі.)
1 — топ:
1. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз — frost)
2. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег — snow )
3. Бірін — бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос — жаран. (әріп – буква — letter)
2 — топ:
1. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка — ruler)
2. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц — hare)
3. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка — cat)
3 — топ:
1. Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук — onion)
2. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса — fox)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга — book)
4 — топ:
1. Жылт — жылт етеді, Жылғалардан өтеді. (су — вода — water)
2. Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ (тұз — соль — salt)
3. Алыстан қарасаң аппақ, Татып көрсең, тәтті — ақ. (қант – сахар — sugar)
5 — топ:
1. Айдалада ақ отау, Аузы — мұрны жоқ отау. (жұмыртқа – яйцо — egg)
2. Жұдырықтай қызыл шар, Тілді үйірген шырынбал. (алма – яблоко — apple)
3. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. ( аю – медведь — bear )
6 — топ:
1. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сөлі тәтті. (қарбыз – арбуз — watermelon)
2. Құстан аумайды, Көкте зулайды. (ұшақ — самолет — plane)
3. Білімнен мол сый — асы, Балғындардың ұясы. (мектеп – школа — school )
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
7 — бөлім: «Кім жылдам?» берілген суреттер арқылы тапсырмалар орындау.
1 — топ: 2 — топ:
3 — топ: 4 — топ:
5 — топ: 6 — топ:
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
“Жеңбедім, жеңілдім” деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.
Жақсы бала құлақ сап айтқаныңды ұғады,
Төсегінен тұра сап таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық: істемейді шалалық,
Тап — таза боп жуынып, алады ол таранып,
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, — дей отыра, әділ — қазыларымыз дайын болғанша, кезекті оқушыларымыз әрқашан тату, дос бола білсін деген мақсатпен, әнге береміз.
Ән: (хор) “Дос болайық бәріміз”
1. Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүруге,
Достық жырын білуге,
Буып ұстап бірлікте, еңбекті сүйем де.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.
Алтын күліп даламыз.
2. Қайраттанып ғарышта,
Озып шыққан жарыстан.
Жүргізуші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге!!!!

Источник: bilimdiler.kz


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

«Өнерлі тәрбиеші-өрге жүзер» сайысы
Утеғалиева Айгүл Жауынбаевна
БҚО Қаратөбе ауданы МКҚК «Балдырған» бөбекжай- балалар бақшасы
Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып,кәсіптік құзыретіліктерін нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу.
Қатысушылар: педагогтар
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар,сайысқа қатысушылар.Бүгінгі «Өнерлі тәрбиеші-өрге жүзер» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші күн нұрына бара-бар,
Ізгілікпен мейірімге толы олар
Шуақ болып жүректерге таралар
Тәрбиеші -әр бүлдіршіннің сауатын ашып,өнерге үйретіп, тәрбие беретін «білім»атты кемеге алғаш, отырғызып, болашаққа жол көрсетеді.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?-дегендей сайыскерлерге баға беретін әділқазылармен таныс болыңыздар.
Әділқазы төрайымы: Гүлнұр Маратқызы
Алма Дәулетбекқызы
Гүлзира Сапарғалиқызы
Жүргізуші:Бәйгенің аттарындай шабыстары
Білімнің ұшқыр болсын табыстары
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
Тәрбиешілербүгін,міне сайысады

Бұл сайыс ерекше сайыс ,бұл күні сайысқа қатысушылармен қатар оларды әдістемелік және психологиялық көмек берген тәлімгерлердің де сайысы.
1 топ «Жұлдызай» тобы ,еңбек өтілі 1 жылға дейінгі жас мамандардан құрылған тәлімгерлері Қалиева Салтанат және Қажмұратова Дария
2 топ «Бойтұмар» тобы еңбек өтілі 2-3 жыл болған педагогтар тәлімгерлері Аманжолқызы Айгүл және Сұлтанова Салтанат

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.
1. Ал,қанекей, танысайық!
2. Өнерлі өрге жүзер.
3. Ой қозғау
4. Таңғажайып әлем
5. Туған тілім-тірлігімнің айғағы
6. «Қазіргі заманғы тәрбиеші» моделі
7. «ЭКСПО-17»-ге қосар үлесің.

Жүргізуші:
Бәйге десе жарысудан қашпайық,
Ойланайық,асықпайық,саспайық.
Ал бірінші сайыс шарты бойынша
Топтарыңызды таныстыра бастайық-деп, сайыстың бірінші шарты бойынша топтарды таныстыруға кезек береміз.

2.Өнерлі өрге жүзер

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп,енді бірі ән салыпты
Бүгінгі байқаудан бәйге алуға,
Педагогтар аянбай жан салыпты.

(«Бүлдіршіндер»биі) («Жалғыз көзді ана»қойылымы)
3.Ой қозғау
Жүргізуші:
Ал,тәрбиешілер, сайысқа қалайсыздар
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Тапсырма ал,қоржыннан қымсынбай кеп,
Жаңылмай жауап берсең жарайсыңдар,-дегендей бұл шартта ілінген шарларды көздеп атып,ішіндегі сұрақтарына жауап береміз.Бұл тапсырмада өз мамандықтарыңа сәйкес 1 сұрақ, 1 ситуациялық сұрақ бар.Ситуациялық сұрақты рөлге еніп қойып береді,және шешеді.

1. а) 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қай жылы, нешінші қаулысымен бекітілген?

Б) Балабақшадан келген бала «мен балабақшаға енді бармаймын,маған апай ұрысты» деп айтып баратын болған.Сізге осы жайды ата-ана ескертеді,сіздің әрекетіңіз.

1 сұрақ. А)Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлімдерін атаңыз және әрқайсысына тоқталып өтіңіз.
Б) Сізде қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағы болып жатыр.Бір тәрбиеленуші сіздің сабақ өткізуіңізге қайта-қайта кедергі жасауда.Сіздің әрекетіңіз.

2 сұрақ.а)ҚР –ның мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты қай жылы бекітілген?
Б) Сізде бүгін қоршаған ортамен таныстыру, «гүл» тақырыбында өткізілмекші.Кенет сол сәтте ойнап жүрген тәрбиеленушіңіз сіздің сабаққа қолданатын топтағы өсіп тұрған гүліңізді құлатып,шашып тастады. Сіздің әрекетіңіз.

А) Серуен кезінде не жоспарланады және оған тоқталып өтіңіз.

Б) Сізге басшылық бүгін бітіруге тиісті өте маңызды тапсырма берді.Тек ғана сіз орындайды деген сенімде.Ал, отбасы жағдайында күтпеген жерден бір қиындыққа тап болдыңыз.Сіздің әрекетіңіз.

Жүргізуші: Мамандықтың сан түрлі әдісі бар,
Оның сырын біледі ме, қатысушылар
Өздері таңдап алған ертегімен
Ал,қане сайыскерлер жарысыңдар-дей отырып, жаңа үлгідегі «Таңғажайып әлеміне» кезек береміз.

( «Күн нұры» ертегісінен ) ( «Болашақты болжаған бала»ертегісі)
Жүргізуші:
Сайыскерлер көсіліп шабар жерің бар,
Ту көтерген елің бар,
Атадан қалған ардақты
Қасиетті тілің бар,-дей отырып, «Туған тілім-тірлігімнің айғағы » атты сайысымызға кезек береміз.
«Мақал-сөздің мәйегі» демекші, екі топқа ортақ мақал-мәтел айтылады. Сол мақалдың ішіндегі бір сөзді алып, келесі мақал-мәтелді құрастырып айтысады. Мысалы , «Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы» , келесі топ «Ырыс-алды ынтымақ». Бір айтылған мақалды қайталауға болмайды.
Жүргізуші:
Үйретеді ойнатып, ойландырып,
Жамандықты тастайды артқа ысырып,
Жақсылықты жолына жарық қылып,
Педагогтар жүреді алға ұмтылып,-дей келе, сайыстың бұл шартында топтар өздерінің дайындаған «Қазіргі заманға тәрбиеші моделі»туралы жұмыстарымен бөліседі.

Жүргізуші:
Арманға апарады таңдар ғана,
Өзгерді қоғам бүгін,санаң жаңа
«ЭКСПО-17» ге үлес қосар,
Ізденген,шығармашыл мамандарда,-дей келе, «ЭКСПО-17» ге қосар үлесің»-атты соңғы сайысқа кезек береміз.
«Жұлдызай» тобы балаларға арналған «Алтын сақа» ойын алаңы атты жобасын, «Бойтұмар» тобы жаңа үлгідегі күн энергиясынан қуат алатын балабақша жобасын қорғады.

Сайысымыз соңына де келіп жетті.Педагогтарға деген –ұлы құрмет толастамауы керек. Өйткені, ұрпақты тәрбиелейтін осы ұстаздар. «Өнерлі — өрге жүзер» сайысының қорытынды сөзін әділқазылардан күтеміз.

«Ұстазым» әнімен сайысымыз қорытындыланады. Марапаттау .

Соңы.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Ж?лдызай фестивалі сценарий
  • Ж?зден ж?йрік мы?нан т?лпар сценарий
  • Ехор бурятский праздник
  • Ехб праздник рождества
  • Ефросинья полоцкая сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии