Ж?рек жылуы сценарий

Саба?ты? та?ырыбы:Ж?рек жылуы ?зін-?зі тану п?ніМа?саты:Міндеттері:?айырымдылы? мейірімділік адамгершілік ??ндылы?тар туралы т?сініктерді ке?ейту.Мейірімділік,?

Саба?ты? та?ырыбы:

Ж?рек жылуы                                                    ?зін-?зі тану п?ні

Ма?саты:

Міндеттері:

“?айырымдылы?”“ мейірімділік”“ адамгершілік”  ??ндылы?тар туралы т?сініктерді ке?ейту.

Мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сінік ке?ейту.?ам?орлы? жасау?а жетелеу.Мейірімділікке т?рбиелеу.

?олданылатын ?діс -т?сіл,модуль т?рлері

Топты? ж?мыс, жеке ж?мыс,шы?армашылы? ж?мыс.

Диалогтік о?ыту,сыни т?р?ыдан ойлау,АКТ-?олдану.

Т?йінді идея

“Ж?ректен шы??ан жылы с?з, ж?рекке барып жетеді”.

Уа?ыт

Ресурстар

М??алімні?  іс?ректі

О?ушыны? іс?ректі

О?улы? д?птер

Слайд 1

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

I.?йымдастыру уа?ыты

II.??гімелесу.

 ?ткен тапсырма?а шолу

1.Анасы неліктен М?хтар?а риза болды?

2.Сендерді? ?айырымды іс-?рекет

жаса?ан кездері?  болды ма?

Сол жа?дайда сендер ?здері?ді ?алай сезінді?дер?

III. Жа?а саба?.

Маржан мен жау?азын. Сурет ар?ылы м??алім  ??гімелеп береді.

Бекіту

IV.Д?йекс?з.

О?ып ма?ынасын ашу.

V.Сергіту с?ті

VI.Топтар?а тапсырма:

Тапсырмаларды о?ып, топта тал?ылап,т?йін-жауапты айтады.

VII.Жа?даяттар:

Суреттерге ?арап,жа?даяттарды шешу.

VIII.Д?птермен  ж?мыс

28-бетпен ж?мыс

1-тапсырма

Ж?регі?нен шы??ан мейірімділік,?айырымдылы? ж?не жанашырлы? сезімдері кімдерге,нелерге арналатынын бос тор к?зге жазу.

Т?йін  “Ж?ректен шы??ан с?з,ж?рекке жетеді”

IX.

“Адамдар?а ж?рек жылуын сыйлау ?шін тек ?ана іс-?рекет емес,жылы с?зде керек.екен”

X.Шы?армашылы? ж?мыс.

XI.Ж?ректен ж?рекке

?лкен ж?рекшеге  алдарында?ы кішкентай ж?рекшені жапсыру.

XII.Саба?ты ?орытындылау.

Б?гінгі саба?тан не білдік?

Не туралы,?андай адами ??ндылы?тар,?асиеттер туралы білім алды??

XIII.Ба?алау

Топтар бір біріне ба?а береді.М??алім ?орытынды жалпы  ба?а береді.

XIV.?йге тапсырма

“Шатты? ше?бері’

“?ам?орлы? ”??гімесін  2-3 бала?а ??гімелету.

О?ушылар осы с?ра?тар?а толы? жауап береді.

?орытынды:

Мейірімді адам  ?зге адам?а,тума-туыс?андарына,таби?ат?а деген жанашырлы? сезімін,?ам?орлы?ын к?рсетуге дайын т?рады.

Жеке пара? тарату

О?ушылар берілген м?тінмен танысады.

I топ: Маржан жау?азын?а  ?андай жа?сылы? жасады?

II топ:  Таспен Маржанны? іс ?рекетінен ?андай айырмашылы? бай?ады?дар?

“Таби?атта?ыбарлы? жылу-к?ннен.?мірдегі барлы? жылу  адамнан ”М.Пришвин.

“Бауырса?”?ні

I топ:Сен досы?мен к?лге шомылу?а барды?.Кенет сен досынны?  “??т?ар” деген дауысын естіді??

Не істер еді??

II топ:  Сен жолда келе жатырсы?.Шалшы??а т?сіп кеткен балапанды к?рді?.Балапан  ши?-ши? етіп,шы?у?а ?рекет жасады.Біра?  о?ан шамасы жо?.Осы жа?дайда сен ?андай ?рекет жасар еді??

1.Пошташы?а к?мек

2Інісін ж?бату

?нтаспадан т?рлі, жан?а жылы тиетін,к??ілі?ді  к?теретін с?здер топтамасын  ты?датып, нені білдіретінін аны?тау. 

Та?тада сурет к?рсетіледі.Суретке

?арап алып,?з ойларын а? бетке жазып о?иды немесе ауызша айтады.

Стикерге ?з ж?ректеріне  ризашылы? сезімдерін жазып,о?ып ?лкен ж?рекке жабыстырады.

К?н н?рындай к??ілім,

Даламдай ке? пейілім.

Ж?регім толы мейірім,

Б?рі?е орта? шуа?ым,

Мен мейірімді, ?айырымды боламын.

Жылы ж?рек,бір тілек  айтады.

Маржан мен жау?азын. ??гімелеу,д?птер.30 бет

Просмотр содержимого документа

«Ж?рек жылуы »

Тақырыбы:  «Жүрек жылуы- достықта,  мейірімділікте  және     сыйластықта».

Мақсаты:  Оқушылардың жаңа ортаға   бейімделуі,   бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру. Балалардың  өзін-өзі тануды дамытуға жағдай жасау, бағалау және өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, топты ынтымақтастыру, біріктіру  бағытында  жұмыстану.

Түрі: Тренинг сабақ

Құрал-жабдықтар: Ватман қағазы, қайшы, маркер,  түрлі-түсті қағаз, желім, интерактивті тақта.

Топтық қатысушылар ережесі:

Топтың толық қатысуы.

Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары.

Қатысушылардың ашық, әділ болуы.

Белсенді, өз ойларын еркін айту.

                           Жоспар:

  1. «Жылулықты сезіну» жаттығу.
  2. «Мектеп жолдары» жаттығу.
  3. «Кім нені жақсы көреді?» жаттығу.
  4. «Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығу.
  5. «Айсберг» жаттығу.
  6. «Біздің топ жүрегі» жаттығу.

                     Сабақтың барысы:   

                                       1.«Жылулық сезіну» жаттығуы.

Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да,  жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бәрі қолдарынан ұстап жылулық сыйлайды.

2.«Мектеп жолдары» жаттығуы.

Тақтада  немесе шеңбердің ортасында «Мектеп жолдары» суреті жапсырылады. Оқушыларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Бастауыш сыныпта менің есімде қалған………..», «Бесінші сыныпта маған…….». Барлығы шеңбер бойымен бір-біріне доп немесе жұмсақ ойыншықты кезекпен беру арқылы пікірлесіп айтады. Жүргізуші  қызықты пікірлерге мән беріп, барлық оқушылардың мектептегі тәжірибесіне көңіл аударады. Жүргізуші оқушылардан 5-ші сыныпқа ауысқанда мектеп өмірінде қандай жаңа өзгерістер кездескені жөнінде әңгімелеп беруді ұсынады.

                          3.«Кім нені  жақсы көреді?» жаттығуы.

Тәттіні жақсы көретіндер бір қадам алға, мысықтары барлар оң қолдарын көтереді, футболды жақсы көретіндер тізерлеп  отырады, сурет салғанды ұнататындар шапалақ ұрады,  т.б. Жаттығу соңында кім  5 сынып оқушылары солар қолдарынан ұстасады. Жүргізуші оқушыларды  біріктіретін нәрселер көп екінін айтып түсіндіреді.

                         4.«Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығуы.

Менің ең жақсы нышандарым Менің қабілеттерім мен таланттарым Менің жетістіктерім

Нұсқау:

  1. Бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы ерекшеліктерін айту.
  2. Мақтан ететін әр түрлі қабілеттері мен таланттары туралы айту.
  3. Бұл бағанға өмірдің әр саласында жеткен жетістіктері туралы айту.
  1. «Айсберг» жаттығуы.

Оқушылар өздерін мұздың үстінде тұрғандай сезінулері керек. Мұз еріген сайын бір-бірін құлатпай,  сол кішкентай мұзға барлығы сыйысып тұрулары керек.

Талдау:

Қандай сезімде болдыңдар?

Кімге ыңғайсыз, қолайсыз болды?

                             6.«Біздің топ жүрегі» жаттығуы.

Оқушылар жаңа бүршік жарған ағашымызға өзіміздің жүрек жылуымызды бере отырып,  оның жайқалып, құлпырып өсуіне көмек берейік. Осы тренингте алған әсерлерімізді ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектеріңізді жазып  ілейік.

Талдау:

Тренинг кезінде алған әсеріңіз?

Мектепке, сыныпқа деген көзқарасыңыз қандай?

7.«Сен, мен және бәріміз» әнімен аяқтау.

Қорытынды. Бүгінгі тренингке белсенділікпен жақсы қатыстыңыздар.

Алдағы уақытта сіздерге жақсы оқу, шығармашылық табыс тілеймін.

«Жүрек жылуы» психологиялық тренинг

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, жағымды эмоция қалыптастыру.
А) білімділігі: Оқушыларға көңіл-күйлерін көтеретін ойындар ойнату.
Ә)тәрбиелілігі: Жүрек жылуын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Б)дамытушылығы:Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Төмендегі Басқа толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Жүрек жылуы» психологиялық тренинг

Жексенова Әйгерім Тасболатқызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы. Жалпы білім беретін №9 орта мектеп психологы

19.04.2019

1391

3

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

Сабақтың тақырыбы:

                          Жүрек  жылуы

Мақсаты:        «Қайырымдылық», «мейірімділік»

                                 адамгершілік кұндылықтары туралы

                                 түсініктерін кеңейту.

Міндеттері—  мейірімділік, кайырымдылық туралы 

                                 түсініктерін кеңейту;

                              — камқорлық жасауға жетелеу;

                              — мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдісі:   сұрақ жауаптоппен жұмыс.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, тауық пен балапандардың

                                            суреті, дәптер, оқулық, интерактивті тақта.

Ұйымдастыру сәті: 1) Оқушылардың назарын  сабаққа 

                                             аудару.

                                             2) Психологиялық дайындық.  

                                             3) Өткенге шолу.

                                             4) Шаттық шеңбері. Сәлемдесу

Просмотр содержимого документа

«Ашық сабақ «Жүрек жылуы»»

Дұрыс тамақтану

Тақырыбы: «Жүрек жылуы»

Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік,қайырымдылық,сүйіспеншілік,ізгілік,инабаттылық,ақылдылық,әдептілік қасиеттерін ояту.

Міндеттері: — Жақсы тілек,ізеттілік,ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

— Қайырымдылық қарым-қатынас жасау,іскерліктерін дамыту;

— Мейірімділікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Жауқазын гүлдері,әдемі жүрекше,видеосюжет,проектор,слайд,бейджиктер,баяу музыка.

Шаттық шеңбері:

Сәлеметсіздер ме,менің қымбатты достарым.Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

— Біздің бүгінгі сабағымыз «Жүрек жылуы» деп аталады.Олай болса,шаттық шеңберіне тұрайық.

— Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт қойып,дүрсілін тыңдап көріңдерші.Сендердің жүректерің мейірімге,қайырымға,махаббатқа,жылы сезімге толы.Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады.Енді осы жүректен алған жылуымызды айналамызға шашып бөлісейік.

Әңгімелесу.

-Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

-Сендер үлкендерге қандай көмек көрсеттіңдер?

-Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа ақпарат.

Мейірімді адам өзге адамға,туған-туыстарына,табиғатқа деген жанашырлық сезімін,қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.Әрқашанда адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп,тек жақсылық ойлау,игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Ойын-жаттығу.«Көмек» http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQD4Izhkp_qx9tOhTq85kf9n2bZlqc9V8jEexiDnjNzsZTLA1he

Балапандарынан адасып қалған тауыққа көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беріледі.

Тапсырма.

-Сен досыңмен көлге шомылуға бардың.Кенет досыңның «Құтқар» деген даусын естідің.Сен не істер едің?

— Сен жолда келе жатырсың.Шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің.Балапан «шиқ-шиқ» етіп шығудың әрекетін жасайды.Бірақ оған шамасы келмейді.Осы жағдайда сен қандай әрекет істер едің?

— Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?

Парасаттылық Жақсылық Қамқорлық

Көмек Мейірімділік

Жанашырлық Ізгілік Адамгершілік

Дәйек сөз.

Табиғаттағы барлық жылу — күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан. М.Пришвин

Мәтінмен жұмыс.

Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға жетелеу мақсатында З.Мейірхановтың «Маржан мен жауқазын» әңгімесін мұғалім оқып береді.Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

— Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

— Маржанға баға бер.

Шығармашылық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Оқушылардың санына сәйкес алдын-ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі.Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады.Тақтаға тамшыларды іліп,өзгелерге,айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.

— Балалар,әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады.Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.

Тапсырма.

Оқушылардың алған білім-біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі.Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап,осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады.Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға,жан-жануарларға,табиғатқа қамқорлық жасайды.Жақсылық жасау – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі.Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге,жанашырлық танытуға,көмек көрсетуге,қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

Тыныштық сәті.

http://www.design-warez.ru/uploads/posts/2010-03/1267532256_560795.gif

— Балалар,ыңғайланып отырып,терең тыныс алыңдар,көздеріңді жұмыңдар.Енді көз алдарыңа айтқандарымды елестетіңдер.

-Ашық аспан,қалықтаған құс,жайқалған қызыл-сары гүлдер,жайнаған бақ,жарқырап бар жылуын шашқан күн,биіктігі көк тіреген ғимараттар,күн шуағына бөленген бақытты балалар,балалардың қуанышына мәз болған аналар,оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар,немерелерінің ақылдылығына риза болған әжелер.Тұла бойлары жақсылыққа,махаббатқа,қуанышқа толған жандарды көре отырып,осындай сезіммен көзімізді ашамыз.

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.

— Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?»сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң,жария етеді)

— Расында да,адамның әдептілігімен,жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады,көңілімізді сергітеді.

Құрметті ұстаз-аналар алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз!(Оқушылар жауқазын гүлін ұстаздарға сыйлайды)

Жүректен жүрекке.

Оқушылар жүрегімізді жақсы тілекке толтырайық. (оқушылар журекке жақсы тілектер жазып оны үлкен жүрекке іледі)

Елімізде қайырымдылық жасаудың негізінде құрылған «Бөбек» қоры . «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. ( Оқушыларға слайд арқылы көрсету)

Тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: Қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық, әдептілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: ұлағатты сөздер, түрлі қағаздар, суретті плакат.

I. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі тақырып Шаттыққа толы жүрекпен деп аталады.
Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық — мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі ретінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда.
Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі – шапағаты — әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.

Шаттық шеңберін құрамыз.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

II. Ойын. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз Тапқырлар мен Алғырлар
Сөйлемді жалғастыр.
— Ең үлкен қорқыныш – бұл…
— Мен мынадай адамдарға сенбеймін…
— Мен ренжимін, егер…
— Мен ұмытпаймын, егер…
— Маған көңілсіз, егер…
— Егер маған дауыс көтерсе, мен…
— Мен қарсыласқанда…
— Егер мен сенімсіз болсам…

III. «Қайырымды бала» мәтінімен талдау, пікірталас өткізу.
Айдос мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты. Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып жолда жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті – қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..
Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау.
Баланың қайырымдылығы неде?
Өзің Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

IV. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдынан самал еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп — үлкен болып өседі.

V. Күннің шуағын құрастыру өзінің адал досының атын және мінезінің қандай екенін айтады. Мысалы: Айдана ақ көңіл

VI. Сөзжұмбақ.
«Тапқырлар» тобы
1. Анаңның анасы саған кім? (әже)
2. Оң аяқ, сол аяқ, Кезек оны тебеді. (доп)
3. Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. (апта)
5. Мектептегі екінші анаң. (ұстаз)
6. Бірлік болмай (тірлік) болмас.
7. Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар өзінде. (қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам. (ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
«Алғырлар» тобы
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады? ауырудан, жоқшылықтан,(зерігуден)
3. Жақсыдан үйрен — жаманнан (жирен)
4. Білім ордасы не? (мектеп)
5. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
6. Бала тілі — (бал)
7. Үлкенге құрмет — кішіге (ізет)
8. Күн күледі, Түн түледі. (көктем)

VII. Жүректен — жүректе
— Күлімдеген күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
— Таза мөлдір су мейірімді!
— Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату — тәтті достарым мейірімді!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Ж?ргізушілер сайысына сценарий
  • Ж?ргізушілер сайысы сценарий
  • Ж?мекен н?жімеденов сценарий
  • Ж?мат шанин сценарий
  • Ж?лдызды дода сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии