«Алтын сақа» атты интеллектуалды сайыс (3 сыныптар)
Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды, сайыс сабақ.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: жоспары, интерактивті тақта.
Ойын барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. Жарыс ережесімен таныстыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар.
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқығандар.
Жүргізуші:
-Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
-Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Бұл сайыс-үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
-Енді сайысымыздың өтілу ережесімен танысыңыздар:
1. «Алшы»-(Тұрақты сөз тіркесінің мәнін ашу)
2. «Тәйке»-Тапқыр болсаң тауып көр.(Логикалық есептер)
3. «Шік» -Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айту
4. «Бүк»- Сиқырлы ұяшықтар
Жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын сақа» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 3 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасады. Сайыс екен деп қобалжымай,өздериңизди оз достарыңыздың ортасындамын деп сезінсін деген оймен орындарыңызға отырғызған едік.Ендеше, менімен бірге ұйымшылдық пен қатысып отыруға шақырамын.
-Жүрегінде от,
Көздерінде жалын бар- дей келе 1-топ окушыларын қолдап жіберелік.
-Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты- дей келе 2-топ оқушыларын мадақтап қоялық.
-Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты- дей келе 3-топ оқушыларына қол шапалақ ұралық.
-Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын- дей келе 4-топ оқушыларын мадақтап алалық.
-Еркін сөйлеп барынша,
Жарыстан сірә қалмайтын- дей келе 5-топ оқушыларын мадақтайық.
-Бәрінен де білгір,
Бәрінен де тапқыр- дей келе 6-топ оқушыларын мадақтайық.
Жүргізуші:
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазылармен танысайық.
1. Бекова Ардақ -төрайымы.ББ -ның сектор меңгерушісі;
2. Аюпова Ж.Р. -мүше,БҮО-ның әдіскері;
3. Қармысова Толғанай Е.-мүше,БҮО-ның «Дарынды» балалармен жұмыс жөніндегі әдіскері;
4.Құлбарақ Рысгүл Қожабергенқызы-мүше,№1 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі;
5.Төлегенова Қарлығаш Садыхинқызы-мүше,№4 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі;
ІІ. Ойын барысы.
1-сайыс
1.Арасынан қыл өтпейтін — Тату, дос
2. Ит арқасы қиянда, ит өлген жер — Алыс, қашық
3. Жерге кіріп кете жаздау — Ұялу.
4. Қолды болды — Ұрлық
5. Қой аузынан шөп алмас — Момын
6. Төбесі көкке жеткендей — Қуану
7. Қуанышы қойнына сыймады -Қуанды
8. Қолы қолына жұқпады- Тез қимылдады
9. Саусағының ұшын қимылдатпады- Қозғалмады, еш нәрсе істемеді
10. Ине шаншар жер жоқ – Толық, тығыз
11.Санын соқты — Өкінді
12. Қол ұшын берді -Көмектесті
13.Көзді ашып-жұмғанша -Жылдам, тез
14.Соқырға таяқ ұстатқандай- Анық
15.Қырық қазанның құлағын тістеген- Қыдырымпаз
16.Арасынан қыл өтпейді – Өте тату
17.Екі езуі екі құлағына жету – Қуану
18.Инемен құдық қазғандай – Қиын, ауыр
19.Көздің жауын алу – Қызықтыру
20.Ақ саусақ – Жалқау
21.Қабыргаңмен кеңес — Ойлан
22.Бесіктен белі шықпай -Ерте
23.Жүрек жұтқан — Батыр
24.қоян жүрек -Қорқак
25.қолы ашық-Жомарт
2- сайыс.
3 –сайыс
Боран таң ата толастады. Айнала аппақ қар. Тұраш пен Сапашты тысқа еріксіз жетеледі. Олар шаналарын алып далаға шықты. Дәукен қарт ауланы басып қалған қарды күреп жатыр екен. Екі бала қартқа көмектесті. Олардың астау шаналары бар еді. Дәукен қарт күрекпен шанаға қарды үйіп салып тұрды. Екеуі қора бұрышына апарып төге берді. Лезде кең аула қардан тазартылды.
Жауабы: Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Биыл қар қалың түскен еді. Бірақ көктем шығысымен, күн тез жылынды .Қар еріп, сарқырап су аға бастады. Түс мезгілінде, сабақтан қайтқанда, өткел іздеп сай жағалап жүргеніміз.
Балалар арнасы тарлау жерден кешіп өтті. Ең соңында кішкентай екі қыз тұрып қалды. Бойшаңдауы оп-оңай секіріп өтті де, қолын созды. Қыздар аман есен өтті. Балалар қуана-қуана үйлеріне жетті.
Жауабы: Бірлік болмай – тірлік болмас.
Біздер, жеті-сегіз бала, жаздыгүні тоғайға бардық.Тоғай таудың етегінде ағашы қалың, іші көлеңкелі екен. Ағаш көлеңкесінде отырып дем алдық. Күн қызуы күшейе түсті. Шөлдеген соң, жидек теріп жедік. Кенет тоғай іші қара көлеңке болып кетті. Аспанды қалың бұлт бүркеді. Жел тұрды. Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жаңбыр басталды. Біздер бір биік ағаштың түбін паналадық. Жаңбыр шелектеп құйды. Киімдеріміз су болды. Көп ұзамай жаңбыр да басылды. Күннің көзі көрінді. Киімдерімізді сығып, кептіріп алдық. Содан үйді-үйімізге қайттық.
Жауабы: Жаңбырменен жер көгереді,батаменен ел көгереді.
Бөгенбай батыр — Абылай заманындағы атақты қолбасшы, батыр. Сол кездегі қазақ сарбаздарының үлкен ағасы болған. Бөгенбай Арғын ішіндегі Қанжығалы руынан шыққан. Оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған. Бөгенбай халық тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысты. Ол жоңғарлармен соғыста ерен ерлік көрсетті. (41 сөз)
Жауабы: Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.
Ыстық күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су ішеді. Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып:
— Апырмай, мына мүйіз не деген әсем! Өзі басыма да жақсы жарасып тұр. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы біреуде бар ма екен? — деп мақтаныпты.
Кенеттен дабырлаған дауыстар, иттің үргені естілді. Тазы ерткен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келді. Бұғы да зыта жөнелді. Біраз қашқан соң, күтпеген жерден мүйізі ағаштың бұтағына ілініп қалды. Ары жұлқынып, бері жұлкынып босана алмайды. Аңшылар қуып жетіп, бұғыны бауыздап жібереді. Әдемі сұлу мүйіздер бұғының қазасына себепкер болады.
Жауабы: Мақтанып жүрмей, сақтанып жүр.
Қыстың ашық күнінде Ернар, Айдын, Талғат үшеуі ауыл шетіндегі кішкентай көлшіктің жанына ойынға шықты. Олар қардан аққала жасап, бір-бірімен қар лақтырысып ойнады. Одан кейін үшеуі қатып жатқан көлшікке сырғанақ тебе бастады. Кенеттен көлдің мұзы жарылып, Айдын суға күмп ете түсті. Ол қорыққанынан айқайлап жіберді. Осы кезде Ернар мен Талғат жүгіріп келіп, оған қолдарын созып , судан шығарып алды. Бұл жағдайды естіген Айдынның анасы достарына рахмет айтып, « Міне, нағыз достық осындай болады!»- деді.
Жауабы: Ағаш тамырымен мықты,адам досымен мықты.
4- сайыс.
1. Үш жұртты ата. (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
3. Қазақстан Туының авторы? (Ш. Ниязбеков)
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды? 5. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
6. Елтаңбамыздың авторын ата. (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
7. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 — ХІІ)
8. Киіз үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
9. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)
10. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
11. Әнұранның авторлары? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
12. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (күй)
Жүргізуші.
Жарысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Жарыстың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
ІІІ. Жарысты қорытындылау.
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында салт — дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт — бағдар беру.
Оқушыларды топқа бөлу
І топ: Тапқыр тобы
ІІ топ: Намыс тобы
ІІІ топ: Жігер тобы
Сайыс бағдарламасымен таныстыру
Топты таныстыру
Топ басшыларының құттықтауы
Жалғасын тап
Кім шапшаң?
Мәтін — мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту
Кейіпкерге хат
Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап
Құпия хаттарға жауап бер
Сиқырлы ұяшықтар
Поэзия минуты
Кіріспе бөлім:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2 — 4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.
Қазақ халқы ежелден салт — дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт — дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек — жас ұрпақтар. Сол салт — дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік
«Алтын сақа» сайысы 10 бөлімнен тұрады.
Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып көрейік.
Ой қозғау.
Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.
————————-
І кезең: Топты таныстыру
ІІ кезең: Топ басшыларының құттықтауы
ІІІ кезең: Жалғасын тап
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Өз үйім… (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы,…
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады,…
Өнер жастан шығады.
2 – топ: Намыс тобы.
1. Отан… (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз,…. (білім кеме)
3. Оқу инемен…. (құдық қазғандай)
3 — топ: Жігер тобы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде……………………
ІҮ. «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
2 – топ: Намыс тобы.
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.
3 — топ: Жігер тобы
Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.
Ү. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» — деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
— «Біз бір жақсы ойын ойнайық» — деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
— «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» — дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген — ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті. Шибұттың даусын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
— Ойбай! Бауырым — ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық — түбі қорлық)
ҮІ. Кейіпкерге хат.
Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесі.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қасымға хат жазу
Шерхан Мұртаза «Интернат қоймасы». Атамырзаның айтағына ерген Серікке
хат жазу.
ҮІІ. Сұрақ – жауап.
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4. Әнұранның авторлары? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (күй)
2 – топ: Намыс тобы.
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
4. Қазақстан Туының авторы? (Ш. Ниязбеков)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)
3 — топ: Жігер тобы.
1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Елтаңбамыздың авторын ата? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 — ХІІ)
4. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
5. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)
ҮІІІ. Құпия хаттарға жауап беру.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
2 – топ: Намыс тобы.
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 — топ: Жігер тобы.
Құрметті достар. Менің бір кластасым бар. Ол үнемі класқа сотка алып келеді де, біздерге көрсетіп мақтанады. Мен оның соткасын көріп, өзім де сондайын алғым келеді. Ал менде оны алатын ақша жоқ. Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?
ІХ. Сиқырлы ұяшықтар.
Математика пәні бойынша
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?
5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?
Қазақ тілі пәні бойынша:
1. Заттың ісін, қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Мал — сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.
5. Жалғауы жоқ септікті ата?
Ана тілі бойынша:
1. Қала аттарын алфавит ретімен ата (Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Шымкент)
2. Ақжолтай атанған батыр кім?
3. Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
4. Мәншүктің соғыстағы қаруы?
5. Құрманғазының анасы?
Х. Поэзия минуты.
Бүгінгі сайысқа байланысты бір шумақ өлең шығару.
ХІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі А. Баспаев алды.- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт — дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады…
«Алтын сақа» атты интеллектуалды сайыс (3 сыныптар)
Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденіпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды, сайыс сабақ.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: жоспары, интерактивті тақта.
Ойын барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысатын оқушыларды анықтау. Топтарға бөлу. Жарыс ережесімен таныстыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар.
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқығандар.
Жүргізуші:
-Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
-Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Бұл сайыс-үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
-Енді сайысымыздың өтілу ережесімен танысыңыздар:
1. «Алшы»-(Тұрақты сөз тіркесінің мәнін ашу)
2. «Тәйке»-Тапқыр болсаң тауып көр.(Логикалық есептер)
3. «Шік» -Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айту
4. «Бүк»- Сиқырлы ұяшықтар
Жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын сақа» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 3 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасады. Сайыс екен деп қобалжымай,өздериңизди оз достарыңыздың ортасындамын деп сезінсін деген оймен орындарыңызға отырғызған едік.Ендеше, менімен бірге ұйымшылдық пен қатысып отыруға шақырамын.
-Жүрегінде от,
Көздерінде жалын бар- дей келе 1-топ окушыларын қолдап жіберелік.
-Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты- дей келе 2-топ оқушыларын мадақтап қоялық.
-Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты- дей келе 3-топ оқушыларына қол шапалақ ұралық.
-Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын- дей келе 4-топ оқушыларын мадақтап алалық.
-Еркін сөйлеп барынша,
Жарыстан сірә қалмайтын- дей келе 5-топ оқушыларын мадақтайық.
-Бәрінен де білгір,
Бәрінен де тапқыр- дей келе 6-топ оқушыларын мадақтайық.
Жүргізуші:
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазылармен танысайық.
1. Бекова А-төрайымы.ББ -ның сектор меңгерушісі;
2. Аюпова Ж.Р.-мүше,БҮО-ның әдіскері;
3. Қармысова Т.Е.-мүше,БҮО-ның «Дарынды» балалармен жұмыс жөніндегі әдіскері;
4.Құлбарақова Р.-мүше,№1 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі;
5.Төлегенова Қ.-мүше,№4 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі;
ІІ. Ойын барысы.
1- сайыс.
2- сайыс.
3 -сайыс
4- сайыс.
Жүргізуші.
Жарысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Жарыстың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
ІІІ. Жарысты қорытындылау.
Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)
24 ақпан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ramuk_b
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында салт — дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт — бағдар беру.
Оқушыларды топқа бөлу
І топ: Тапқыр тобы
ІІ топ: Намыс тобы
ІІІ топ: Жігер тобы
Сайыс бағдарламасымен таныстыру
Топты таныстыру
Топ басшыларының құттықтауы
Жалғасын тап
Кім шапшаң?
Мәтін — мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту
Кейіпкерге хат
Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап
Құпия хаттарға жауап бер
Сиқырлы ұяшықтар
Поэзия минуты
Кіріспе бөлім:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2 — 4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.
Қазақ халқы ежелден салт — дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт — дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек — жас ұрпақтар. Сол салт — дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік
«Алтын сақа» сайысы 10 бөлімнен тұрады.
Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып көрейік.
Ой қозғау.
Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.
————————-
І кезең: Топты таныстыру
ІІ кезең: Топ басшыларының құттықтауы
ІІІ кезең: Жалғасын тап
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Өз үйім… (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы,…
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады,…
Өнер жастан шығады.
2 – топ: Намыс тобы.
1. Отан… (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз,…. (білім кеме)
3. Оқу инемен…. (құдық қазғандай)
3 — топ: Жігер тобы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде……………………
ІҮ. «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
2 – топ: Намыс тобы.
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.
3 — топ: Жігер тобы
Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.
Ү. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» — деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
— «Біз бір жақсы ойын ойнайық» — деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
— «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» — дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген — ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті. Шибұттың даусын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
— Ойбай! Бауырым — ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық — түбі қорлық)
ҮІ. Кейіпкерге хат.
Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесі.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қасымға хат жазу
Шерхан Мұртаза «Интернат қоймасы». Атамырзаның айтағына ерген Серікке
хат жазу.
ҮІІ. Сұрақ – жауап.
1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4. Әнұранның авторлары? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен? (күй)
2 – топ: Намыс тобы.
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
4. Қазақстан Туының авторы? (Ш. Ниязбеков)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)
3 — топ: Жігер тобы.
1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Елтаңбамыздың авторын ата? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 — ХІІ)
4. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
5. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)
ҮІІІ. Құпия хаттарға жауап беру.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
2 – топ: Намыс тобы.
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 — топ: Жігер тобы.
Құрметті достар. Менің бір кластасым бар. Ол үнемі класқа сотка алып келеді де, біздерге көрсетіп мақтанады. Мен оның соткасын көріп, өзім де сондайын алғым келеді. Ал менде оны алатын ақша жоқ. Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?
ІХ. Сиқырлы ұяшықтар.
Математика пәні бойынша
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?
5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?
Қазақ тілі пәні бойынша:
1. Заттың ісін, қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Мал — сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.
5. Жалғауы жоқ септікті ата?
Ана тілі бойынша:
1. Қала аттарын алфавит ретімен ата (Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Шымкент)
2. Ақжолтай атанған батыр кім?
3. Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
4. Мәншүктің соғыстағы қаруы?
5. Құрманғазының анасы?
Х. Поэзия минуты.
Бүгінгі сайысқа байланысты бір шумақ өлең шығару.
ХІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі А. Баспаев алды.- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт — дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады…
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№7 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза Сарсенбаевна
«Алтын сақа» интеллектуалды ойын — сайыс
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан — жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Ойын — сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:
— Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
— Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 3 сынып оқушыларының арасында «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойын — сайысын өткізгелі отырмыз.
Сайыс бағдарламасымен таныстыру:
— Бүгінгі интеллектуалды ойын 8 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру.
2. Жалғасын тап.
3. Кім шапшаң?
4. Мәтін — мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту.
5. Сұрақ – жауап.
6. Берілген сөздерден сөздер құрастыру
7. Сиқырлы ұяшықтар.
8. Поэзия минуты.
— Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
— Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымызға бастаймыз. Сонымен, оқушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
1 — кезең “ Таныстыру ”Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз:
2 — кезең: «Жалғасын тап»
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын оқушы жалғастырады.
1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Дені саудың, жаны сау
2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
3. Үлкенге – құрмет, кішіге ізет
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын
4. Ақыл – тозбайтын тон,, білім — таусылмайтын кен.
Ырыс алды — ынтымақ
5. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Білім қымбат, білу қиын.
7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
8. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
Ердің көркі елімен, отан көркі жерімен.
9. Бірлік болмай, тірлік болмас
Ақыл — дос, ашу дұшпан.
10. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.
Оқу инемен құдық қазғандай.
3 — кезең «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай оқушы жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол оқушы жеңіске жетеді.
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық
4 — кезең. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелерді ашты. Айнұр партаның үстін, тақтаны дымқыл шүберекпен сүртті. Бірінші сабақ қазақ тілі. Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындайды. Сөздіктер сөреде тұрған. Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады.
- Басты бет
- Материалдар
- Ойындар, Сценарийлер
- Барлығы
- Қосымша білім беру
- Интеллектуалдық сайыс
Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:
Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.
Интеллектуалдық сайыс
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Мектептің аға тәлімгерлері немесе пән мұғалімдерінің сыныптан тыс іс шара ұйымдастыруына арналған!
Төмендегі Ойындар, Сценарийлер толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Интеллектуалдық сайыс
Адақ Ұлжалғас Адаққызы
ШҚО, Өскемен қаласы, Ұлан ауданы, Гагарино ауылы «Гагарино орта мектебі» КММ Аға тәлімгер
14.01.2020
1185
4
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Жүргізуші:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ы шашылар.
Ақыл, тілі — Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұр дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
— Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 2 — ші сынып оқушыларының арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады — деп бүгінгі ойын жұптық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.
І — топ «Алғырлар» тобы.
Мүшелері:
1) Қалияр Режеп
2) Абылқасым Бекнұр
ІІ — топ: «Тапқырлар» тобы
Мүшелері:
1) Тлеумбетов Абзал
2) Рахимов Сұлтан
ІІІ — топ: «Жүйріктер» тобы
Мүшелері:
1) Адиқызы Адина
2) Әділханұлы Тілек
IV — топ: «Қыран» тобы
Мүшелері:
1) Базарханқызы Тұнық
2) Болат Альфия
V — топ: «Сұңқар» тобы
Мүшелері:
1) Нурғожаева Мөлдір
2) Имаш Бейбарыс
Жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! — дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 — әділ қазымыз: Мектеп директоры: Л. Н. Нурғожаева
2 — әділ қазымыз: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. О. Алиева
Кіріспе сөз.
Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Жүргізуші:
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын – деп бүгінгі сайысты бастайық.
Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7 — бөлімнен тұрады.
1 — бөлім: «Бәйге» (бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады)
2 — бөлім: «Ойлан тап!» (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
3 — бөлім: «Тұлғаны тани біл» (бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар)
4 — бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған.
5 — бөлім: «Жүзден жүйрік» (әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
6 — бөлім: «Тілашар» (жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)
7 — бөлім: «Кім жылдам?» (сурет бойынша тапсырма)
8 — бөлім: «Жорға»
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін, — деп таныстыруды бастаймыз.
(әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады)
1 — топтың аты: “Алғырлар”
Топ ұраны:
2 — де сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Өте жақсы оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.
2 — топтың аты: “Тапқырлар”
Топ ұраны:
Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе, күш — қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.
3 — топтың аты: «Жүйріктер» тобы
Топ ұраны:
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
4 — топ: «Қыран» тобы
Топ ұраны:
Қыран тобы алға,
Алға басып жүреміз.
Талаптанып, талпынып,
Біз жеңіске жетеміз
5 — топ: «Сұңқар» тобы
Топ ұраны:
Сұңқардай самғаймыз.
Жеңуден жалықпаймыз.
Жарыстарға қатысып,
Бірінші орынды аламыз.
Жүргізуші:
Ал қанекей балалар,
Мына жаққа қараңдар.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Білімділікпен жараңдар!
1 — бөлім: «Бәйге» деп аталады. Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
1 — тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Лепті сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын сұрау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Ертегідегі алдайтын адам (Алдар көсе)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім? (қазақ мектебін ашқан)
2 — тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Антоним дегеніміз не? (мағыналары қарама — қарсы сөздер)
3 — тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады? ( тау, тас, бұлт)
2. Көбейтудің қасиеттерін ата (терімділік, үлестірімдік, ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті (қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
4 — тобы:
1. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
2. Синоним дегеніміз не? (мағыналары бір — біріне жуық сөздер)
3. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
4. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
5. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)
5 — тобы:
1. Адам тіршілігне қажет жылуды қайдан алалды? (Күн)
2. Көлік күтетін жерді не деп атайды? (аялдама)
3. Ұлттық аспаптарды ата. (домбыра. сырнай)
4. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (үш)
5. Мәтін түрлерін ата? (пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Сөз маржаны дегенде,
Ерінбей қане, шешіңдер.
Маржанды сөзді тереңнен
Тауып алып тізіңдер, — деп келесі кезекті 2 – бөліміміз «Ойлан тап!» деп аталады. (математика сабағы пәні бойынша сұрақтарға жауап береді)
10. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
10. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
10. 1 дм неше см? (10 см)
10. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
10. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
20. 2 тәулікте неше сағат бар? (48)
20. 30+30+30 неше болады?(90)
20. 10 саны неше таңбалы сан?(екі)
20. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
20. 9 жүздік 5 бірліктен тұратын санды ата. (905)
30. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
30. 200 кг неше тонна? (2 т)
30. Бір ғасырда неше жыл? (100)
30. 100 неше таңбалы сан? (3)
30. 8 бен 5 санының көбейтіндісі нешеге тең? (40)
40. 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)
40. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)
40. Кез — келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
40. 4 және 5 сандарымен жазылатын барлық 2 таңбалы санды ата (44, 45, 55, 54)
40. 9 саны мен 6 санының көбейтіндісі нешеге тең? (54)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды, — деп 3 — бөлім “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз. Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр оқушыға 1 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.
Шәмші Қалдаяқов (15. 8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29. 2. 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
• «Менің Қазақстаным»,
• «Теңізде – толқында»,
• «Бақыт құшағында»,
• «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР — нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос — жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) — боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13 — ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Абай – теңдесі жоқ ақын, аса дарынды композитор, асқақ ойшыл философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл, реформатор, халқымыздың отандық, тіпті дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше орын алған ұлы тұлға.
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл — 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке — шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 — 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18 — ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз — Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы
Әйтеке Байбекұлы(1644 — 1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір — Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,- деп 4 – бөлім «Ойлы болсаң, озып көр!». Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І — топ
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ — топ
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 2 қатар торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (80 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұған. Барлығы қанша? (10)
ІІІ — топ
1. Бөлменің төрт бұрышында бір — бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
ІV — топ
1. Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды?
(3 партия)
2. Киноға билет алу үшін кассаға кезекте 13 адам тұр. Мирас кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр? (7)
3. Самат 2 балықтан, ал Марат 1 балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? (Самат — 8, Марат — 4)
V — топ
1. Әкесі мен екі баласы велосипед теуіп жүр. Анасы рульдер мен доңғалақтарын санағысы келді. Рульдер — 2, ал доңғалақтары — 5 болды. Велосипед нешеу және олар қандай?
(2 доңғалақты — 1, 3 — доңғалақты — 1)
2. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр? (6)
3. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Сұңғаттың ағасы, ал Сұңғат Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім? (Мәрленнің інісі)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректілік,
Серігің болсын бойыңда, — деп 5 «Жүзден жүйрік» бөлімді бастаймыз. ( әр жұпқа сурет көрсетіледі, балалар сурет таңдайды, артында жасырылған сұраққа жауап береді)
1. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)
2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
3. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді? (5 күнге — 100 тг)
4. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? (мұнай)
5. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4 — тен артық бөрене сыймайды. Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? (3 рет)
6. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? (Жаңбыр)
7. Егер бір дәптер 7 тг тұрса, 3 дәптердің бағасын тап? (21)
8. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: Қол ұшын берді. (көмектесті)
9. Табақта 8 шабдалы, ал себетте одан 2 есе көп шабдалы бар. Себетте неше шабдалы бар? (16)
10. Серік Сапиев қай спорттың шебері? (боксшы)
11. Шортан 60 жыл, табан балық 17 жыл өмір сүреді. Шортан табан балықтан қанша жыл ұзақ өмір сүреді (43 жыл)
12. Бекзат Саттарханов неше жасында олимпиада чемпионы атанды? (20)
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, 6 – бөлімді бастаймыз. «Тілашар» (Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. Әр оқушы кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады. Үш тілде жауапты айтса 30 ұпай, екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай, егер жауап бере алмаса басқа жауап берген ойыншыға ұпай беріледі.)
1 — топ:
1. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз — frost)
2. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег — snow )
3. Бірін — бірі қоштаған, Бір үйден көрдім, Қырық екі дос — жаран. (әріп – буква — letter)
2 — топ:
1. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка — ruler)
2. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц — hare)
3. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка — cat)
3 — топ:
1. Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук — onion)
2. Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса — fox)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ, Құшағымда білім көп. (кітап – книга — book)
4 — топ:
1. Жылт — жылт етеді, Жылғалардан өтеді. (су — вода — water)
2. Онсыз астың дәмі жоқ, Ассыз оның мәні жоқ (тұз — соль — salt)
3. Алыстан қарасаң аппақ, Татып көрсең, тәтті — ақ. (қант – сахар — sugar)
5 — топ:
1. Айдалада ақ отау, Аузы — мұрны жоқ отау. (жұмыртқа – яйцо — egg)
2. Жұдырықтай қызыл шар, Тілді үйірген шырынбал. (алма – яблоко — apple)
3. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. ( аю – медведь — bear )
6 — топ:
1. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сөлі тәтті. (қарбыз – арбуз — watermelon)
2. Құстан аумайды, Көкте зулайды. (ұшақ — самолет — plane)
3. Білімнен мол сый — асы, Балғындардың ұясы. (мектеп – школа — school )
— Қорытынды жасаймыз. Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Жүргізуші:
7 — бөлім: «Кім жылдам?» берілген суреттер арқылы тапсырмалар орындау.
1 — топ: 2 — топ:
3 — топ: 4 — топ:
5 — топ: 6 — топ:
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын?
“Жеңбедім, жеңілдім” деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.
Жақсы бала құлақ сап айтқаныңды ұғады,
Төсегінен тұра сап таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық: істемейді шалалық,
Тап — таза боп жуынып, алады ол таранып,
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ, — дей отыра, әділ — қазыларымыз дайын болғанша, кезекті оқушыларымыз әрқашан тату, дос бола білсін деген мақсатпен, әнге береміз.
Ән: (хор) “Дос болайық бәріміз”
1. Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүруге,
Достық жырын білуге,
Буып ұстап бірлікте, еңбекті сүйем де.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.
Алтын күліп даламыз.
2. Қайраттанып ғарышта,
Озып шыққан жарыстан.
Жүргізуші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге!!!!
Источник: bilimdiler.kz
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ — жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
— Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 — кезең: «Бәйге»
2 — кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 — кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 — кезең: «Жорға»
Негізгі бөлім:
— Мықты болсаң — алдағыны басып оз,
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.
1 — кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
— Ал, бастайық!
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 — дің қосындысы 60 — қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,………………..(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)
2 — кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга — book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч — ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз……. болсын. (дос – друг — friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок — lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака — dog)
3 — кезең: «Қызықты тоғыздық»
— Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.
20 ұпай: Шоқан туралы көп жазған балалар жазушысы? (с. Бегалин)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура. (Үшбұрыш)
20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?
4 — кезең: «Жорға»:
— Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
10. «Үлгілі бала» кітабының авторы кім?
11. 1 дм неше см?
12. Жуан дауыстыларды ата?
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
14. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы кім?
15. Астанамыз қай қала?
16. Ұя салмайтын құс?
17. Абайдың әжесі?
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
19. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
20. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?
1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 — тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
5. Балықшы сөзінің түбірін тап?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
7. Қосымша нешеге бөлінеді?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
12. Түбір сөз дегеніміз не?
13. Тіктөртбұрыштың қасиеті?
14. «Сұлба» деген не?
15. Ауаның негізгі қасиеті?
16. Буын дегеніміз не?
17. Сапарғали Бегалин қай жақта дүниеге келген?
18. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
19. 1 метрде неше см?
20. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады — ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы
Қалалық қазақ мектеп – лицейі Мемлекеттік мекеме
Бастауыш класс мұғалімі Хасенова Нурханым Хасеновна