Көктем-ана.
Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.
Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Ән: «Айналайын ақ мамам»
Тақпақтар:Сәния,Арман,Айгерім,Жансая,Аяулым
Әр сөзінді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
\\\\\\\\\\\\
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
\\\\\\\\\\\\\
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
\\\\\\\\\\\
Ана деген-өмірдегі қамқорын
Ана деген-сүйенерін жан құрбың
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті ақ әжем
Жүргізуші:
Тұлыншағым желпілдеп
Би билейік кештерде
Ақ көйлегім желпілдеп
Биші болам өскенде
«Заманауи би»
Музыка әуенімен Сайқымазақ кіріп келеді
Сайқымазақ:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мұнда не болып жатыр?Қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Сайқымазақ!Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Балалар кәне Сайқымазақпен амандасайықшы!
Сайқымазақ:Қандай тамаша! Мен де анамды қатты жақсы көремін.Сендермен бірге менде аналар мерекесін тойласам бола ма?
Жүргізуші:Әрине, болады.Білесің бе Сайқымазақ ана деген керемет асыл жан.Менің анам кішкентай кезімде не айтсам да соны әперетін.
Сайқымазақ:Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі
Айтып ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Жүргізуші:Сайқымазақ сен біздің балалардың өнерін тамашала.Кәне төрге шыға ғой!
Жүргізуші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық алтын бақ-дей отырып біздің тобымыздың балаларының орындауында «Құттықтаймын мама»
Жүргізуші:Аялаймыз ананы
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналаро
Шырқап тақпақ айтамыз
Тақпақтар: Айсана,Іңкәр
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
\\\\\\\\\\\\\\\
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан
Алып құшақ гүлдерді
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сайқымазақ:Балалар қандай тамаша билейді екен.Менің де билегім келіп кетті.Бірақ менің кететін сәтім келіп қалды Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.Мен оларға сендердің қандай өнерлі,биші екендеріңді айтып барамын.Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:
Қар еріп,су көбейіп сай салада ағады
Бүршік шашып жапырақ ашып
Жер,гүл шашақ тағады
-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық
Музыка әуенімен Көктем кіреді
Көктем:Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
түбіне тал еккенмін
Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз
Көктем:Рахмет сендерге балалар!
Жүргізуші:Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыз
Тақпақтар:Айзара,Ануар,Сандияр,Тамерлан
Айтсақ болды тіл алам
Әйбәт мамам,ай мамам
\\\\\\\\\\\\\
Аяулы ақ әжем
Әлпештеп өсірген
\\\\\\\\\\\\\
Анам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
\\\\\\\\\\\\\\
Ақ жүректен сақтаған
Жарқын күлкі бақ маған
Ақ бетінді сүйейін
Келші,келші ақ мамам
Би: «Көктем» биі
Көктем:Балалар мен сендердің аналарымен бірге ойын өткізгім келіп тұр. «Шаш үлгілері».
Жүргізуші:Ару Көктем біздің балалар аналарына арнап тақпақтарын арнағысы келіп тұр
А.Диьназ,Алина,Сұңқар,Данель,Дана
Ана деген-жылулық
Ана деген-мейірім
\\\\\\\\\\\\\
Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі — әжем
\\\\\\\\\\\\
Күн мен айым-әжетайым
\\\\\\\\\\\\\\\\\
Ақ анама кім жетсін
Әлемдегі жақсы ана
\\\\\\\\\\\\\\\
Түнде сергіп жатпаған
Күндіз тыным тппаған
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын ақ мамам
Көктем:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер жақсы биде әнде айтасыңдар.Сендерге көп рахмет мен уақтымды сендермен өте қызықты өткіздім.Ал енді менің кектетін уақытым келдіғСау болыңдар!
Жүргізуші:Балалардың орындауында «Көктем» Әні
Жүргізуші:Осымен 8 наурызға арналған «Көктем-ана,қыздар-гүл» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет
Содержимое разработки
Көктем-ана.
Зал іші әсем безендірілген.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып залға кіреді.
Жүргізуші:Аяулы аналар,әжелер,қыздар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!Жүздеріңізден шаттық,көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Ән: «Айналайын ақ мамам»
Тақпақтар:Сәния,Арман,Айгерім,Жансая,Аяулым
Әр сөзінді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
\\\\\\\\\\\\
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
\\\\\\\\\\\\\
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
\\\\\\\\\\\
Ана деген-өмірдегі қамқорын
Ана деген-сүйенерін жан құрбың
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті ақ әжем
Жүргізуші:
Тұлыншағым желпілдеп
Би билейік кештерде
Ақ көйлегім желпілдеп
Биші болам өскенде
«Заманауи би»
Музыка әуенімен Сайқымазақ кіріп келеді
Сайқымазақ:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мұнда не болып жатыр?Қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Сайқымазақ!Біз аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Балалар кәне Сайқымазақпен амандасайықшы!
Сайқымазақ:Қандай тамаша! Мен де анамды қатты жақсы көремін.Сендермен бірге менде аналар мерекесін тойласам бола ма?
Жүргізуші:Әрине, болады.Білесің бе Сайқымазақ ана деген керемет асыл жан.Менің анам кішкентай кезімде не айтсам да соны әперетін.
Сайқымазақ:Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі
Айтып ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Жүргізуші:Сайқымазақ сен біздің балалардың өнерін тамашала.Кәне төрге шыға ғой!
Жүргізуші:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық алтын бақ-дей отырып біздің тобымыздың балаларының орындауында «Құттықтаймын мама»
Жүргізуші:Аялаймыз ананы
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналаро
Шырқап тақпақ айтамыз
Тақпақтар: Айсана,Іңкәр
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
\\\\\\\\\\\\\\\
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан
Алып құшақ гүлдерді
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сайқымазақ:Балалар қандай тамаша билейді екен.Менің де билегім келіп кетті.Бірақ менің кететін сәтім келіп қалды Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.Мен оларға сендердің қандай өнерлі,биші екендеріңді айтып барамын.Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:
Қар еріп,су көбейіп сай салада ағады
Бүршік шашып жапырақ ашып
Жер,гүл шашақ тағады
-Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару Көктемді қарсы алайық
Музыка әуенімен Көктем кіреді
Көктем:Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
түбіне тал еккенмін
Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз
Көктем:Рахмет сендерге балалар!
Жүргізуші:Көктем біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыз
Тақпақтар:Айзара,Ануар,Сандияр,Тамерлан
Айтсақ болды тіл алам
Әйбәт мамам,ай мамам
\\\\\\\\\\\\\
Аяулы ақ әжем
Әлпештеп өсірген
\\\\\\\\\\\\\
Анам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
\\\\\\\\\\\\\\
Ақ жүректен сақтаған
Жарқын күлкі бақ маған
Ақ бетінді сүйейін
Келші,келші ақ мамам
Би: «Көктем» биі
Көктем:Балалар мен сендердің аналарымен бірге ойын өткізгім келіп тұр. «Шаш үлгілері» .
Жүргізуші:Ару Көктем біздің балалар аналарына арнап тақпақтарын арнағысы келіп тұр
А.Диьназ,Алина,Сұңқар,Данель,Дана
Ана деген-жылулық
Ана деген-мейірім
\\\\\\\\\\\\\
Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі — әжем
\\\\\\\\\\\\
Күн мен айым-әжетайым
\\\\\\\\\\\\\\\\\
Ақ анама кім жетсін
Әлемдегі жақсы ана
\\\\\\\\\\\\\\\
Түнде сергіп жатпаған
Күндіз тыным тппаған
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын ақ мамам
Көктем:Балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер жақсы биде әнде айтасыңдар.Сендерге көп рахмет мен уақтымды сендермен өте қызықты өткіздім.Ал енді менің кектетін уақытым келдіғСау болыңдар!
Жүргізуші:Балалардың орындауында «Көктем» Әні
Жүргізуші:Осымен 8 наурызға арналған «Көктем-ана,қыздар-гүл» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет
-80%
Похожие файлы
-
ДОКЛАД «ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ В СИСТЕМЕ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ» в рамках проведения постоянно действующего семинара «Патриотическое воспитание дошкольников»
-
«Видеоролики как средство реализации образовательной программы в ДОУ. Применение видеороликов в пяти образовательных областях»
-
Конспект ОД по развитию речи Обучение рассказыванию по картине «Вот так снеговик!»
-
Конспект занятия по познавательному развитию в группе общеразвивающей направленности для детей 6 – 7 лет «Путешествие в Антарктиду»
-
Рисование «Снежинка»
Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған «Нағыз ана,нағыз әже»ертеңгілігіне жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Залға балалар кіреді,қолдарында гүлдер,ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Алдымен осы мектептің директоры Сарсенова Айнур Тоқтарқызына сөз береміз
Жүргізуші;
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
1 бала:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен Адема
Құттықтайды балалар.
2 бала:
3бала:
4бала: «Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен. Иасин
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
5 бала: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып Ақнұр
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
6 бала: Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз. Марат
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
7 бала: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін Жанель
Ән салайық бәріміз.
8 бала:Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі Нұрайым
Сипап ылғи басымнан.
Сол кезде залға Мыстан кемпір жүгіріп келеді
Мыстан: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондай мәз болып отырсыңдар ?А?
Жүргізуші: Сен кімсің?Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан: Мен Мыстан бикешпін,сендер мені не таныған жоқсыңдар ма?Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз немересімін
Жүргізуші: Ал Мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан: Ол пенсияда ғой ,енді мен оның орнында боламын
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды.қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші:Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой.Неге біз кетуіміз керек? Біз ешқайда кетпейміз . Солай ғой балалар
Мыстан: Солай ма ? Ендеше мен сендерге қазір көрсетемін
Менің шляпам сиқырлы,қазір мен сендерді бақаларға айналдырамынайналады2-3 рет
Жүргізуші: Жоқ,жоқ Мыстан –бикеш тоқтаңыз Мерекемізді бұзбаңыз Біз саған гүлдер сыйлаймыз
Ойын : «Гүлді жина»эстафетасы
Ойын шарты; Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топ 5 баладан.Алдарында орындықтың үстінде 5 гүл жатыр.Балалар сол гүлдерді кезек бір бірден алады . сосын құмыраға салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді Мыстан- бикешке сыйлайды.
Мыстан: -Гүлдерің неге аз ?Бәрібір мерекелеріңізді бұзамын?
Жұргізуші : Мыстан –бикеш ренжімеші Осы біздің балалар ардақты аналарымызға ән орындап бермекші Тыңдашы!
Ән: « Ақ мамам» 2 топ балалары орындайды
Мыстан –бикеш: Жарайсыңдар Кішкене ғана ұнадыАл сендер қазір менің Мыстан –әжем туралы өлең немесе тақпақ айтпасаңдар мереклеріңді бұзамын
Жүргізуші:-Балалар Мыстан-бикештің тапсырмасын орындайықшы,мүмкін ол өлеңді тыңдап әжесін есіне алып жүрегі жұмсарып , кетіп қалар.
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
9. бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп Мансур
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
10. бала: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге Аяна
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
11. бала. Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген Ерасыл
Шөлдедің бе, дана әжем.
12 бала: Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем Тамерис
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
13бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
14 бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп . Мадина
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
15.бала Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме, Расул
Таң қалдырам бар елді.
16. бала:
17 бала:
18 бала:
Жүргізуші: жақсы Енді өлең айтып берейікші
Ән: « Әжем менің айдай»
Мыстан –бикеш : жылайды:- Қандай керемет өлең .менің жүрегім жібіп кетті. Жарайсыңдар Мен сендерге енді жаманшылық жасамаймын Тойлайберіңдер Мен гүлдерді және өлеңді әжеме апарамын Сау болыңдар!
Жүргізуші: Сау бол Мыстан –бикеш Ал балалар біз мерекемізді әрмән қарай жалғастырайық
«» ойынын ойнайық Ойынға аналарда қатысады
19 бала: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған Ернұр
Қуанышты мерекең!
20 бала : Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын Али
Құттықтайды балалар.
21 бала: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, Бақтияр
Әдеппен бас иеміз.
22.бала:
23.бала:
24 бала:
Би : «Қаражорға» Ұлдар
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ,жоқ
2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Ойын : « Кім жылдам» жіпке кір іледі 2ана 2 бала
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Би: «Гүлдер биі» Қыздар
Жүргізуші: Рахмет ! Тақпақтарымызды әр қарай жалғастырайық
25 бала : Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың, Данияр
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
26 бала: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында Алихан
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда.
27 бала : Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің Аяжан
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз
Ән: «Қуанышқа бөленген әр күніміз»
28бала: Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған, Инсар
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!
29 бала :
30 бала:
31 бала:
32 бала:
Би : «Қыздар,қыздар»Ұлдар
33 бала: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың. Дильназ
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.
34 бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын Ерқанат
Аман болшы анашым!
35 бала: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз. Ақерке
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : «Вальс»
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі
Тақырыбы: «Ақ мамам»
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалар «Вальс» әуенімен залға кіреді.
1 Жүргізуші: Қымбатты аналар, қонақтар «Күншуақ» І кіші тобының
«Аяулы — анашым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Бүгін наурыздың 8 – і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!
1 жүргізуші: Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі , қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
2 жүргізуші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.
1 жүргізуші:Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі қалай Аналар күні!Қәне, балалар бәріміз бірге аналарымызға арнап ән айтып берейік.
Ән: «Мерекеңмен анашым»
2 жүргізуші: Біздің балалар әнмен қатар тақпақты да айта алады.Аналарымызға арнаған тақпаққа кезек берейік.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар!
Зор ден саулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жолдап бүгін саған
Мерекеңмен құттықтаймын
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам!
1 жүргізуші: Жарайсыңдар! Тыңдаңдаршы балалар ана жақта «Мама, мама» деген дауыс естіледі.
2 Жүргізуші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын? /жылайды/
1 жүргізуші: Қоянжан неге жылайсың ,жылама.Біз саған мамаңды тауып береміз. Балалар қоянжанның мамасын тапқанша сендер қоянның көңілін көтеру үшін ән айтып берейік.
Ән: «Мамамыз»
2 жүргізуші: Қоянжанның көңіл күйі әлі жоқ.Ендеше көбелектеріміз би билеп берсін.
Би: «Көбелектер»
Түлкі кіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын. Қоянның қасына келіп: Қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі.Ең әдемі менің мамам. (артына қарайды. Мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды). Мен мамамды жоғалттым.(Екеуі жылайды.)
1 жүргізуші: екеуіндн жыламаңдар сендердің мамаларын әдемі ,сұлу.Мамаларыңды тапқанша біздің балалар көңілдерінді көтеріп ойын ойнап алыдар.
Ойын: «Кім тез гүл тереді»
Ұлдар гүлдерді бір – бірлеп себетке салады,қыздар өқмыраға салып екі топ болып жарысады.Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Аю келеді: Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой.
2 жүргізуші: аюжан ренжемеші мында қоян мен түлкі мамаларынан адасып қалыпты.олар жылай береді. Біздің балалар көңілдерін көтеру үшін би билеп берген болатын.
Аю: Ааааа.Ал, мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп — әдемі!
Аю: Жоқ, жоқ,жоқ, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.», — деп үшеуі дауласады.
1 жүргізуші: Қәне дауласпаймыз. Бәріңнінде мамаларың әдемі , сұлу.Қараңдаршы сендердің жылағандарыңды көріп біздің ұлдардың сендерге арнап би билеп,тақпақ айтып бермекші.
Би : «Кавбой»
Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Әжетайым, әжетай
Сізді жақсы көреміз.
Сізге өлең – тақпақты
Жатқа айтып береміз.
Шуағыңды сепкен
Күнімізсің әже.
Жұлдыздарың боп,
Айналамыз әже.
Осы кезде ару көктем келеді.
Ару коктем:Саламатсыздар ма, балалар! Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендер неге шулап жатырсыңдар.
-
Ой , менің ормандағы достарым мында екен ғой.
2 жүргізуші: Тоқтаңыз көктем , біздің балалар 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Біздің балалардың сізге арнаған тақпағы да бар, тамашалаңыз.
Көктем деген қыстағы
Әніміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты
Сай –саламен су ақты.
1 жүргізуші : Барлығымыз бірге бойымызды сергітіп алайық.
Ән: «Бір оңға, бір солға»
Ару көктем: Рахмет балалар ,көңілімді көтердіңдер.Мен сендерге өзімнің сыйлығымды ала келдім.Енді мен достарымды Түлкіжан,Аюжан,Қоянжанды мамаларына апарайынСау болыңдар , балалар!
2 жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды,сыйлап, құрметтеп жүреді.
1 жүргізуші: Дұрыс айтасын, біздің балалар тәртіпті.! Міне бүгінгі ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Аналарыңа, әжелеріңе өз қолымен жасаған сыйлықтарыңды беретін сәтте келді. Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті әжелер, аналар,ұжымдастар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз күнімен құттықтаймын! «Есіңде ғой мен қуана күлгенім, тәй тәй басып ең алғашқы жүргенім. Өзіңменен бірге жүріп мәңгілік бірге терем қуаныштың гүлдерін»- дегендей ортаға біздің бүлдіршіндерімізді шақырамыз. (Ішке ер балалар кіреді.)
Жүргізуші: Бәрімізге анасың
Біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мерекең, құттықтаймыз анашым.
Гүл-гүл жайнап бәріміз,кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен құттықтаймыз бәріміз!- деп аналарға тақпақтарымызды арнайық.
Ақылбек:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
Санжар:
Әже деген көп шығар
Әжемдей жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Нұрсәт:
Келді көктем күннің
Күлімдейді гүлің
Алтын ойлы анам
Мерекеңіз бүгін.
Е. Әбілмансұр:
Залдың іші жайнап тұр
Балаларда сайрап тұр
Мерекені бастайтын
Біздің қыздар қайда жүр?
(қыздар дауыстап:тоқтаңдар біз мұндамыз- деп қолдарына гүлдерімен кіріп келеді)
Жүргізуші: Міне қолдарына әдемі гүлдерін ұстап, қыздарымыз да келді, аналарымызға өнерлерімізді көрсетейік.
Хор: Құттықтаймын, ана, мерекеңмен!
Жүргізуші: Балалар бәріміз орындыққа жайғастық па? Олай болса мерекемізді жалғастырайық. Балалар бүгін ертемен біздің балабақшаға пошташы сыйлық әкелді, ол үстелдің үстінде тұр, бұл сыйлықтың ішінде не бар екен?
Осы кезде тоқтаңдар , тоқтаңдар – деп микки маус сабынды шариктерін балаларға, қонақтарға шашады.
Микки Маус: Сәлематсыңдар ма, балалар, сендердің ән салған дауыстарыңды естіп, мен де келдім мерекеге. Менің шашқан сабынды шариктерім сендерге ұнадыма?
Жүргізуші: Сәлематсыз ба, сіз кімсіз өзіңізді таныстырып жіберіңіз.
Микки Маус: Ой-ой мен өзімді таныстыруға ұмытып кетіппін ғой, мен көңілді микки мауспын, танысқаныма қуаныштымын. Балалар мына әдемі залда қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: 8- наурыз аналар, әжелер мерекесін тойлап жатырмыз.
Микки Маус: Олай болса аналар, әжелер мейрамы құтты болсын!
Жүргізуші: Рахмет Микки Маус, біздің бақшаға ертемен пошташы сыйлық әкелді, не барын білмей тұрмыз
Микки Маус: Сыйлықтарың қайда? Маған көрсетіңдерші, аа мына жерде тұр екен ғой, бұл сиқырлы сыйлық сияқты, ( сыйлықты ашады).
Балалар сыйлықтың ішінде сұрақтар бар екен, сұраққа жауап беріңдер, аналарың да көмектессе болады.
1.Үйдегі кішкентай бөпеңе, түрлі түсті қарындашпен саласың сен нені? (суретті)
2.Таңертең ертемен әдемілеп, тегістеп жинайды балалар нені? (төсекті)
3. Тамақ ішіп болғасын, анаң мен бірігіп, жуасың сен нені? (ыдысты)
4. Таңертңе ертемен, анасы баласын, апарады қайда? (балабақшаға)
Рахмет қандай ақылды балалар мен аналар!
Жүргізуші: Микки Маус біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жұлдыз:
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
Әлихан:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Аяжан:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Хор: Ақ мамам
Оразалы:
Жүре берсем қасымда,
Әйбат анам, әй анам.
Ботам деген дауысыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Айдос:
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап күлем.
Аделья:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Көрініс: «Красная шапочка» -ертегісі.
Е.Әбілмансұр:
Бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Әлия:
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас құйып
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Иісін жұпар аңқытқан.
Әмина:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам
Бар шуағын баласына арнаған
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам
Айымсың ғой жарық қылар түнімді
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді
Құралай:
Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Эль-мансұр:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Би: Өзбек биі (Құралай, Аделья, Аяулым, Жұлдыз,Аяжан, Әмина)
Жалғасбек:
Әжем менің әйбат
Ешкім оған жетпейді
Күні бойы бірге ойнап
Жанымнан бір кетпейді.
Аяулым:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
С.Әбілмансұр:
Менің әжем мейірман,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Оразалы:
Әжетай нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз.
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй ішің немере, шөбереге тола берсін.
Хор: Менің Әжем
Айрина:
Май диэ диэ мами
Ай лавю со мач
Ай уонт ю ту би хаппи
Он зэ эйтс оф марч
Ерсұлтан:
Ай лайк зе уэй ю лук
Ай лайк зэ уэй ю кук
Нау ай уонт ту сей
Хаппи Мазэрс дэй
Алламжар:
С 8 марта поздравляю,
Наконец пришла весна.
Всем девчонкам пожелаю,
Счастья, радости, тепла!
Тимур:
Пусть сегодня милым мамам,
Дарят все вокруг цветы.
Вас, прекрасных наших самых,
С женским праздником весны.
Микки Маус: Олай болса балалар аналар мерекесінде аналармен бірге ойын ойнайық! Ойын: Балаңызды табыңыз (Бір ана шығады, көзін байлап, көп баланың ішінен өз баласын табуы керек. Ойын 3-4 рет қайталанады).
Би: Вальс-Қазақша ломбада биі. (Алия;Ерсұлтан, Е. Мансұр, Аяулым, Санжар,Жұлдыз,Әмина, Алламжар, Айдос, Айрина,Ақылбек, Құралай)
(Микки Маус аналарды мерекесімен құттықтап, балаларға арнаған өзінің сыйлығын беріп, шығып кетеді).
Сән үлгісін көрсету. (Ұлдар мен Қыздар әдемі киініп шығады. )
Жүргізуші:
Қыздарға әдемі киімдерін үйлестіріп тіккен аналарға көп рахмет, қолдарыңыз шебер екен. Құрметті қонақтар,аналар,әжелер,апалар құтты болсын мереке осы келген ортаға тілейміз біз береке- деп, «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Балабақшадағы ертеңгіліктер- admin
- 13.04.2018
- 0
- 1
- 11593
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна
Әсем безендірілген залға балалар қолдарына гүл алып «Көктем» әнінің сазымен кіреді.
Жаттығуды орындайды.
Ақерке: Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау алақай,
Көктем қандай көңілді.
Мұстафа: Көлде аққу, көкте қаз
Орманда бұлбұл сайраған
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған
Көктемнің күнін қарсы алып
Бүгін елім тойлаған — деп барлығыңызды шуакты көктем мерекесі – 8 наурыз аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Күлімде күн күлімде
Нұрыңды төк әлемге.
Жарқырасын көк аспан.
Бүгінгі аналарымыздың мерекесінде — деп,
Көктемде жылуымен тіршілікті жандандырған, алтын күнге теңейтін біздің аналарымыз бен әжелеріміздің мерекесі. Күн шуағындай таралған, жүректен шыққан жылы лебізімізді, әніміз бен биімізді ардақты аналар мен әжелерге арнаймыз. Әр өнерімізді көрсетер алдында Күнімізді ұмытпай, оның шуақтарын сәндейміз. (Бантты алып күн шуағына жапсырып көрсету)
/Айлана барып күн сәулесін сәндейді/
Ән. «Аналардың мейрамы»
Жүргізуші: Күн шуағын төккенде,
Күлім-күлім қағамыз.
Ақындық өнерімізді де біз көрсете аламыз-деп
Балаларды ортаға шақырамын.
/Мейрамбек барып күн сәулесін сәндейді/
1-бала: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
2-бала: Аялаған, баптаған,асыраған, сақтаған.
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс!
3-бала: Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер анасын.
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау керек-ау,
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек-ау.
/Али барып күн сәулесін сәндейді/
4-бала: Біз әдепті баламыз
Оттай болып жанамыз
Тақпақтарды жақсы айтып,
Би де билеп аламыз.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, күн неткен шұғылалы. Айналасына шуағын шашып барлық табиғат оянып тіршілік басталады. Жәндіктер де оянады. Қазір сіздерге Қанқыздары мен шегірткелер билеп береді.
/Адия барып күн сәулесін сәндейді/
Би: Қанқызы.
Жүргізуші: Ақындық өнерімізді одан әрі жалғастырамыз.
/Әлім барып күн сәулесін сәндейді/
1-бала: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
2-бала: Әркім сүйер өзінің,
Мақтан етер анасын.
Бәрі жақсы ананың,
Бәрін сыйлау керек-ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек-ау!
3-бала: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт!
Тілейміз біз балалар!
Амина: Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып, шырын береді!
Мұстафа: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып береді. Ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу береді, жылы-жылы сөздер айтады.
Ақерке: Ән демекші, бүгінгі мерекемізде ән айтсақ, қалай қарайсыңдар.
Мұстафа: Әрине, дұрыс айтасың! Сүйкімді аналарымызға —
«Анам-Әжем»- әнін арнайық.
/Амина күн сәулесін сәндейді/
Ән «Анам-Әжем» /жарты шеңберге тұрады/
Жүргізуші: Аспанымыз ашық болып, күніміз нұрланып тұрсын!- деп күнімізді сәндеп, осы әсем биімізді асыл аналарымызға арнаймыз. «Кір жуу»-биін тамашалаңыздар.
/Арыстанбек барып күн сәулесін сәндейді/
Би. Кір жуу.
Жүргізуші: Қуанышта болайық,
Жақсылықты тойлайық.
Аналармен қуанып,
Асыр салып ойнайық-деп кезекті ойынға берейік.
Ойын. Моншақтарды жинау.
Жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп
— Келесі кезекті сахналық қойылымға береміз. Сол атаумен күнімізді тағы да сәндейміз. (Кәусар шығып бантты алып күнге тағады)
Ағылшын тіліндегі «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
/Мұстафа барып күн сәулесін сәндейді/
«Бауырсақ» — ертегісі
Жүргізуші: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!- деп келесі құттықтауымыз асыл да, ардақты әжелерімізге арналады.
/Абдулкарим барып күн сәулесін сәндейді/
1-бала: Әжеме ешкім жетпейді,
Айналатын толғанып.
Еркелеп өсіп келемін,
Әжемменен қорғанам,
Әжем аман жүрсе екен,
Бар билікті алса екен.
2-бала: Қайырымды,қасиетті.
Ең ардақты, ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман-есен жүріңізші,
Бар тілегім сол, Әже.
Ән. Әже. /бастапқы қалыпқа тұру/
Жүргізуші: Күн шуағын төккенде,
Күлім-күлім қағамыз.
Би билейтін өнерімізді де біз көрсете аламыз.
/Дәубек барып күн сәулесін сәндейді/
Гүлдер — биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ақындық өнерімізді одан әрі жалғастырамыз.
Ортаға балаларды шақырамын.
1-бала: Мерекесі бүгін
Алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай,
Ұлым деген сөзі,
Ақын жырындай.
2-бала: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде.
3-бала: Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анашым.
4-бала: Шалқып-тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
/Арыстанбек күн сәулесін сәндейді/
Ән: «Анаға сыйлаймын»
(Балалар аналарына сыйлықтарын береді)
Жүргізуші: Ана — көркі көгімнің,
Ана — нұры жерімнің.
Ана — бағы баланың,
Мақтанышы елімнің!-деп бүгінгі аналар күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Аналар мерекесі»
Бір бала ортаға шығады
— Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін — деп.Ақырын құлағына сыбырлаймын.
Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән «Менің әжем айдай»
Али: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Нұралы:Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ойын: «Әжемнің жібі»
Балалар әжелеріне арналған ағылшын тілінде тақпақтар айтады
Қоңырау дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)
Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін
Шақыр мені үйге сен
Ешкімді кіргізбей
Тазалық жүргізем
Әжелер мен аналарға
Көмектесемін мен
Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.
Күнде, күнде күн сәулесі,
Тұрсын қағып терезе
Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін. Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.
Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.
Қоңырау соғады, музыка әуенімен әжелер кіріп би билейді
Би «Бабушки старушки»
Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар
Ән әуенімен Кикимора кіреді
Кикимора: Орман аралап жүрсем
Қоңырауды естідім
Қатты дыбысымен
Әкелді мені мұнда.
Мен қырсық, жаман емеспін
Мен тентек қызбын
Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.
Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора
Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?
Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің. Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Кикимора: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні
Кикимора: Ой, қандай бақыт!Ә Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен! Ал біздің балалар саған мақтау тартады
Балалар кезекпен: әдемі, көңілді, ақылды сөздер айтады
Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой әуенге билейді
Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.
Би «Шақыру»
Кузя кіріп көңілсіз айтады:
Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді
Менің жөтелімді ешкім емдемейді
Менің анам жоқ
Ешкімге керек жоқпын
Сен Кикимора жаман емессің
Сен көңілді, күлкүлісің
Күлімдеп маған тез
Болшы сен анашым…
Кикимора: Әрине қымбаттым.Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді) Енді менде ұлым бар, ана болдым!
Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.
Ән: «Ақ мамам»
Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар. (қоңырау соғылады)
Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
Қоңырау соғады
Үш аспазшы шығады.біреуі ең басты аспазшы
Біз – екі аспазшымыз
Бізге бәрі айтады
Сендер тәтті қуырып
Балаларға бересіңдер деп
Ең басты аспазшы ұйықтап кетеді
Аспазшы жүгіріп жүріп айтады: қамыр тасыды, компот пен борщ пісіру керек. Көмектесіңдерші бізге балалар.
Жүргізуші: Пісіруге көмектесеміз.
Ойын «Жеміс — жидектер»
Ойын біткен соң кастрөлдің ішінен кәмпиттер т.б. сыйлықтар шығады
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Ортаңғы топ
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Ән:“Анашым”
1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
4. Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
5. Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
6. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн — әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп — көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
Ойын: «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Бұзақы: Ойқанды жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар.
7. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
8. Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9. Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
10. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
11. Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
2. Екінші кәмпит.
Ән:
3. Үшінші кәмпит
«Апазшылар биі»
4. Төртінші кәмпит
«Кел билейік»
5. Бесінші кәмпит
Би: «Қанекей кір жуайық»
Алматы облысы, Қаратал ауданы,
№ 97 балабақшасының тәрбиешісі
Бұтабаева Гүлжан Сапарғалиқызы
«Аяулы анашым!» атты
8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.
Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8— наурыз мерекесі туралы түсінік
беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру,
еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке,
қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге
тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, құрметті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай
кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен
құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек
аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі
«Аяулы анашым» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды
шақырайық.
(Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында
айналып, билеп өтеді.)
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 — ші Наурызбен!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім балалар?
Балалар: Ана, Ана, Ана.
Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән «Ақ мамам»Хор
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы—дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл
алыныздар!
Таппақ:
Нұрсұлтан:
Үн қатасын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
8-ші наурызбен
Маргарита,Игнат
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
—Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады?Көктем мезгілінде
—Балалар менің айтып тұрғаным қай жылдың мезгілі деп ойлайсыңдар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілі.Қанекей бәріміз бірге ару
Көктемді қарсы алайық
Музыка әуенімен Көктем кіреді
Көктем келеді. балалар мен ,ата—аналармен амандасады.
Көктем:Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
түбіне тал еккенмін
Жүргізуші:Амасың ба! Ару КөктемБіздің ертеңгілігімізге қош келдіңіз
Көктем:Рахмет сендерге балалар!
Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік !
Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай
дайындалғандарың тамашала !
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би « Балапан биі»Орындайтын –кішкентай балалар.
Таппақ:Баянсұлу
Ярослав:
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Феруза:Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Ойын. «Аналарды тамақтандыр»
Би «Көңілді би»
Көктем:
—Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің
сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келісесіңдер ме?
—Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
—Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?
—Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?
—Дұрыс менің қолымда бәйшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді жерге
бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез
гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.
Ойын.
Көктем:Балалар менің уақытым келіп қалды. Бірақ мен енді әркез
сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайындай
Бишелер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Тақпақтар: Дамир,Дария,Рома,Феруза
Ән «Әжемнің шәйі»
Таппақ:Іңкәр
Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп
жатқан артистер!
Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір—бірден сыйлаймыз!
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге
рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)
Би «Вальс»
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс—береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір—думан, бақ әкелсін мереке —дей отыра бүгінгі мерекеге арналған
ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Айналайын ақ мамам
1.Ананың үніменен таң атады,
Ананың әдлиімен күн батады.
Жетелеп ертегілер әлеміне,
Әлдилеп балапанын жұбатады.
Қ—сы:
Айналайын ақ мамам,
Өзіңменен мақтанам
Дәл өзіңдей анаға ,
Бала болу бақ маған!
2.Ананың аялаған алақаны
Мен оның еркелеген балақаны
Мейірім шапағаты тұңып тұрған,
Қанатын саялаған балапаны
Қ—сы: