Тақырыбы: «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы-2014» сайысы
Мақсаты: Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, шарлар, нақыл-сөздер.
Жүру барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, лагерь демалушылары! Бүгінгі « Лагерь ханшайымы мен ханзадасы-2014» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Здравствуйте уважаемые гости, в этот солнечный денек, мы рады приветствовать вас в нашем лагере «Жауказын». Но сегодня у нас не обычный день, сегодня у нас важное событие. Конкурс «Принц и принцесса лагеря -2014».
1-жүргізуші: Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Қарсы алайық құрметпен өнерпаздарды, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар.
1-жұп Мерей мен Ержігіт
2-жұп Аманбай мен Лаура
3-жұп Фархад пен Динара
4-жұп Нариман мен Б.Динара
5-жұп Бақдаулет пен Альбина
6-жұп Мұхаммедрасул мен Наркиза
2-жүргізуші:
Ах, какие милые,
Добрые, красивые,
Величавы и горды,
Наши девочки г. Кульсары.
Ну, а мальчики у нас,
Загляденья высший класс,
Все галантны, все скромны,
И в костюмах как Джеймс Бонд,
Защитят весь мир они!
Жүргізуші:
-Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші — дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.
Лагерь директоры: Әлия Орынбайқызы.
Психолог: Жекебаева Сағира.
Жүргізуші:
-Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 — бөлім: «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру)
2 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)
3 — бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
4 — бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
Жүргізуші:
-Есте қалар бұл күндер,
Бал — бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік деп тағыда қошемет көрсетіп қояйық.
1-жүргізуші:
-Ақыл — көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң…» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші:
Первый конкурс, который ожидает наших конкурсантов называется «Знакомство».
1-жұп Мерей мен Ержігіт
2-жұп Аманбай мен Лаура
3-жұп Фархад пен Динара
4-жұп Нариман мен Б.Динара
5-жұп Бақдаулет пен Альбина
6-жұп Мұхаммедрасул мен Наркиза
2-жүргізуші:
Вот и закончился первый конкурс, мы познакомились с нашими конкурсантами.
2-бөлім «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)
1-жүргізуші:
«Біреу білмегенді, біреу білер»
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап) бөлімінеде кезек келді.
2-жүргізуші:
Второй конкурс – «ИНТЕЛЕКТУАЛЬНЫЙ».
А теперь проверим знанья.
Вед принцесса – это не титул, а призванья!
Принцесса должна быть умной, и очень благоразумной
Кто умней — сейчас узнаем!
Сұрақ тапсырмалары:
- Төрт түлік малды ата.(қой, сиыр, түйе,жылқы)
2. Түйенің сүтін ата.(шұбат)
3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?(түндіктен)
4. Жаз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
5. Малдың пірлерін ата.
Жылқы пірі-Қамбарата,
Сиыр пірі-Зеңгібаба,
Қой пірі –Шопаната,
Түйе пірі-Ойсылқара,
Ешкі пірі-Сексеката.
6. Бесікке байланысты қандай ырым-тыйымдар білесің? (Бос бесікті тербетпе. Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырма. Бесіктің теріс жағына отырма. Бесікті саудалама. Айтқан бағасына сатып алу керек.)
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам. (Наурызкөже)
8.Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
9. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? (Ақсүйек, асық, алтыбақан, тоғызқұмалақ, көкпар, жасырынбақ,қыз қуу, теңге алу.)
10.Нанға байланысты ырым-тыйымдар: (Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуә етуге болмайды. Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.)
- Самое лучшее время для школьников. (Каникулы)
- Самая главная песня страны. (Гимн)
(Әділ-қазылардан «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап) бөлімінің бағаларын сұраймыз.)
3 — бөлім:
1-жүргізуші:
— «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би — билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
2-жүргізуші:
Третий конкурс – «Артистизм».
В этом конкурсе конкурсанты должны показать свои способности читать стихи, петь песни и танцевать.
— Құдайберген Ержігіт орындауында Махамбеттің өлеңінен үзінді оқу.
-Нұрсейтова Мерейдің орындауында би «Вуги вуги».
-Аманғалиев Аманбай орныдауында ән «Мерекем».
-Калиоллоева Лаура, Аманғалиева Динара, Құттыбаев Нариман, Қабыл Альбина, Көздібаев Бақдаулеттің орындауында би «Макарена».
-Айтбаев Фархадтың шығармашылық өнері бар екен.
-Серік Мұхаммедрасулдың өнері тақпақ айту.
-Қабыл Наркизаның орындауында үнді биі «Хатуба». Қошемет халайық!
(Әділ-қазылардан «Өнерлі бала – елдің көркі» бөлімінің бағасын сұраймыз.)
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай ортамызға өнерпаздарымызды шақырайық.
Аманбек: Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қарлығаш: Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Тілекқабыл: Дөңгеленіп төбеден
Сәулесін күн төгеді
Жарқын жаздың не деген,
Жасыл түссе көп еді.
Сандуғаш: Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.
Ақниет: Жаз келді далама,
Түсті кілем төседі
Бақшамызда, аулада,
Гүлдер жайнап өседі.
4 — бөлім:
1-жүргізуші: «Сұлулық сыры»
-Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз! –
2-жүргізуші:
Уважаемые гости, приготовтесь хлопать и свистеть наши конкурсантки начинают настоящий показ мод.
Модные платья,
Каблуки и прически,
Брошки, булавки,
Банты и расчески,
Кружево, бархат,
Стразы, цветы,
Все это нужно для такой красоты.
(Әділ-қазылардан «Сұлулық сыры» бөлімінің бағасын сұраймыз.)
Жүргізуші:
-Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт — дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата — ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз мықты болып өсе берсін!
Жүргізуші:
-Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
-Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханшайымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Лагерь ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
-Бүгінгі мерекелік іс — шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.
Мектепішілік: «Мектеп
ханзадасы мен ханшайымы-2019» сайысы
Мақсаты:
·
оқушылар мен ұстаздар арасында
ынмақтастықты арттыру;
·
шығармашылық біліктілікті шыңдау;
·
мектептің қоғамдық өмірдегі белсенділікті
арттыру және оның дамуына жол ашу.
Талаптары:
Байқауға мектебіміздегі 8 – 11 сыныптар аралығында әр сыныптар бір жұп қатысуы
міндеттеледі. Сайысқа қатысушы бір ұл, бір қыз жұп болып өнер көрсетеді.
Сайыстың
сындары:
1 — бөлім: «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру). Әр
жұп өзінің сайысқа әзірлігін және сныптағы сәттерінен үзінді келтірілген
видиоролик ұсынуы тиіс. Видиороликтың көрсетілу уақыты 2,5 минуттан аспауы
тиіс. Видиоролик жақсы сапалы және жан – жақты қамтылған болуы керек.
2 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап). Алдын ала
дайындалған презентацияда көрсетілген сұрақтарға жеребе бойынша жауап береді.
3 — бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
Әр жұп өзінің таңдауы бойынша қалаған бір өнер көрсетеді. Бұл кезеңде
үміткерлердің сахна мәдениеті, орындау шеберлігі және шығармашылық талғамы
сыңға түседі.
4 — бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
Қатысушылар әр түрлі материалдардан әзірленген киім үлгісін дайындайды, және
сән көрсетеді.
Байқауды бағалау:
Байқауды
әділ қазылар алқасы 10 ұпайлық жүйемен әр кезең талаптарына байланысты
бағалайды.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап) сайысында әр
қатысушы бағына
қарай түскен балдық сұрақтар бойынша бағаланады.
Қосымша. Мерекенің слайд
жұмысы берілген.
Соңғы бетте Грамота үлгісі
берілген.
Фанфар
ойнаиылады.
Жүргізушілер
сахнаға шығады.
1-Жүргізуші: Армысыздар,
құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Мектеп
ханшайымы мен ханзадасы-2019» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Здравствуйте
уважаемые гости, в этот солнечный денек, мы рады приветствовать вас в нашем школе.
Но сегодня у нас не обычный день, сегодня у нас важное событие. Конкурс
«Принц и принцесса школы -2019».
1-Жүргізуші: Армысыз
асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Қарсы алайық құрметпен өнерпаздарды, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды
ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар.
2-Жүргізуші: 1-пара
11 «а» класс – Антонов Евгений и Кизенко Анастасия
1-Жүргізуші: 2-жұп
11 «ә» сынып – Шаймұхаметов Ербол және Мұрал Айбол
2-Жүргізуші: 3-пара
10 «а» класс – Рахманов Максат и Кузнецова Наталья
1-Жүргізуші: 4-жұп
10 «ә» сынып – Заупан Шыңдар және Омаров Ернұр (Әзіл үшін ұл қыз болып қатысты)
2-Жүргізуші: 5-пара
9 «а» класс — Юрочкина Виктория и Шәкіров Кенжебек
1-Жүргізуші: 6-жұп
9 «ә» сынып – Өрлеу Ернар және Бейісхан Қарақат
2-Жүргізуші: 7-
пара 8 «а» класс – Зырянов Максим и Шорманова Маргарита
1-Жүргізуші: 8
жұп 8 «ә» сынып – Мырзагалиев Елдар және Өрлеу Едина
2-Жүргізуші:
Ах,
какие милые,
Добрые,
красивые,
Величавы
и горды,
Наши
девочки с Гагарино.
Ну,
а мальчики у нас,
Загляденья
высший класс,
Все
галантны, все скромны,
И
в костюмах как Джеймс Бонд,
Защитят
весь мир они!
1-Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші — дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп,
төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Кузнецова Марина Дмитиревна
2. Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: Қалиханова Гүлвира Манарбековна
3. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің
мұғалімі: Манайхан Зоя
1-Жүргізуші: Әділ
қазы алқаларының алдында жатқан номер реттерін аламыз. Реттік номерлерімізді
қоямыз.
-Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен
таныстырып өтейін.
1 — бөлім: «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру)
2 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)
3
— бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
4 — бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
2-Жүргізуші: А тепер
друзия ознакомлю вас с этапом сегоднешнего конкурса
1- Приветствие
2-«Интелектуальный» (вопрос — ответь)
3- «Творческие способности» (музыкальный номер)
4- Осенний костюм
1-Жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал — бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік деп тағыда қошемет көрсетіп қояйық.
1-Жүргізуші:
Ақыл — көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің
сұрасаң…» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
2-Жүргізуші:
Первый
конкурс, который ожидает наших конкурсантов называется «Знакомство».
2-Жүргізуші: 1-пара
11 «а» класс – Антонов Евгений и Кизенко Анастасия
1-Жүргізуші: 2-жұп
11 «ә» сынып – Шаймұхаметов Ербол және Мұрал Айбол
2-Жүргізуші: 3-пара
10 «а» класс – Рахманов Максат и Кузнецова Наталья
1-Жүргізуші: 4-жұп
10 «ә» сынып – Заупан Шыңдар және Омаров Ернұр (Әзіл үшін ұл қыз болып қатысты)
2-Жүргізуші: 5-пара
9 «а» класс — Юрочкина Виктория и Шәкіров Кенжебек
1-Жүргізуші: 6-жұп
9 «ә» сынып – Өрлеу Ернар және Бейісхан Қарақат
2-Жүргізуші: 7-
пара 8 «а» класс – Зырянов Максим и Шорманова Маргарита
1-Жүргізуші: 8
жұп 8 «ә» сынып – Мырзагалиев Елдар және Өрлеу Едина
2-Жүргізуші: Вот
и закончился первый конкурс, мы познакомились с нашими конкурсантами.
1-Жүргізуші:
«Біреу
білмегенді, біреу білер»
«Білекті
бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей 2 бөлім — «Бар ізгілік тек
білімнен алынар» (сұрақ — жауап) бөлімінеде кезек келді.
2-Жүргізуші:
Второй
конкурс – «Интелектуальный».
А
теперь проверим знанья.
Вед
принцесса – это не титул, а призванья!
Принцесса
должна быть умной, и очень благоразумной
Кто
умней — сейчас узнаем!
Сұрақ
тапсырмалары:
На
экаране.
1-Жүргізуші:
(Әділ-қазылардан «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)
бөлімінің бағаларын сұраймыз.)
2-Жүргізуші: Уважаемое жюри не забывайте оценивать
1-Жүргізуші:
3 — бөлім:«Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би — билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
2-Жүргізуші: Третий
конкурс – «Творческие спосбности».
В
этом конкурсе конкурсанты должны показать свои способности читать стихи, петь
песни и танцевать.
1-Жүргізуші: 2-жұп
11 «ә» сынып – Шаймұхаметов Ербол және Мұрал Айбол – Ән. «Екі жұлдыз»
2-Жүргізуші: 1-пара
11 «а» класс – Антонов Евгений и Кизенко Анастасия – Би.
1-Жүргізуші: 4-жұп
10 «ә» сынып – Заупан Шыңдар және Омаров Ернұр (Әзіл үшін ұл қыз болып қатысты)
«Италья» көрініс
2-Жүргізуші: 3-пара
10 «а» класс – Рахманов Максат и Кузнецова Наталья — вальс
1-Жүргізуші: 6-жұп
9 «ә» сынып – Өрлеу Ернар және Бейісхан Қарақат – «Адай» күйі
2-Жүргізуші: 5-пара
9 «а» класс — Юрочкина Виктория и Шәкіров Кенжебек – Танец «Современный»
1-Жүргізуші: 8
жұп 8 «ә» сынып – Мырзагалиев Елдар және Өрлеу Едина «Телефон» әнін қабыл
алыңыздар.
2-Жүргізуші: 7-
пара 8 «а» класс – Зырянов Максим и Шорманова Маргарита – танец «Узбекский»
(Әділ-қазылардан
«Өнерлі бала – елдің көркі» бөлімінің бағасын сұраймыз.)
1-Жүргізуші: Құлақтан
кіріп бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең менше сүй,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай ортамызға 5 «ә» сынып оқушысы
әнші қызымыз Жеңісбек Бағдананы «Қыз бала
гүл» әнімен шақырайық!
1-Жүргізуші:
4 — бөлім: «Сұлулық сыры»
-Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз! –
2-Жүргізуші: Уважаемые
гости, приготовтесь хлопать и свистеть наши конкурсантки начинают
настоящий показ мод.
Модные
платья,
Каблуки
и прически,
Брошки,
булавки,
Банты
и расчески,
Кружево,
бархат,
Стразы,
цветы,
Все
это нужно для такой красоты.
1-Жүргізуші:
-Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт — дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата — ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз мықты болып өсе берсін!
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
1-Жүргізуші: :
-Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханшайымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Мектеп ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен
құттықтаймыз.
-Бүгінгі мерекелік іс — шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы
болсын.
Тақырыбы: «Күз ханзадасы мен ханшайымы»
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға меркелік көңіл-күй сыйлау. Әр баланың сахна мәдениетін қалыптастыру. Өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігіттік қасиеттерін бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, гүл, шар.
Барысы:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын,
Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал — құрақ,
Шашу болды жапырақ.
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшаймы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында
Жансың лайым бәрінің жұлдыздары,-
дей келе ханзада мен ханшайымдарымызды ортаға шақырайық.
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші-
дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныс болайық.
Қайсы әнші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық!-
деп өнер сүйер қауымды бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
- Бөлім: «Тегімді менің сұрасаң.» (өзін таныстыру)
- Бөлім: «Өнерлі бала-елдің көркі» ( өнер сайысы)
- Бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
- Бөлім: « Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ-жауап)
- Бөлім: «Дәмді ас» (дайындап келген ас мәзірімен таныстыру)
- Ақыл- көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң.» деп аталады. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.
- Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би-билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,
деп өнер сайысына кезек береміз.
2 «А» Мұрат Нұрдаулет, Габбасова Аружан (Жастар биі)
2 «Б» Бауыржан Нұрбек халық әні «Еркем-ай», Таубай Махаббат Қазақ биі
3 «А» Оразбек Сырымбек, Исламғали Дильяра (вальс)
3»Б» Ерболат Нұрасыл, Айтқали Альбина (вальс)
4 «А» Иосиф Диас, Амангелді Хиуаз (Испан биі)
4 «Б» Қуанұлы Бекзат, Нұрболатқызы Мархабат (вальс)
3. Сынбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп дайын тұрған
Ханзадалар мен ханшайымдарға қызығып қарасатын
келесі кезекте сән үлгсін ұсынбақпыз.
- Білім жолы сара жол
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал
Жауап беруге дайын бол!
Сұрақ-жауап бөліміне кезек береміз.
- Ырыс алды (ынтымақ)
- Өнер алды (қызыл тіл)
- Қазақтың ұлы ақыны (А.Құнанбаев)
- Ақыл- дос, ашу (дұшпан)
- Еңбек қылсаң ерінбей (тояды қарның тіленбей)
- Әнұранның авторлары (сөзін жазғандар Н.Ә. Назарбаев,
Ж. Нәжімеденов. Әнін жазған Ш.Қалдаяқов)
- Бірлік болмай, (тірлік болмас)
- Оқу инемен (құдық қазғандай)
- Қына тасқа бітеді (білім басқа бітеді)
- Жақсының аты өлмейді (Ғалымның хаты өлмейді)
- Оқу білім бұлағы (білім өмір шырағы)
- Отан үшін отқа түс (күймейсің)
- Болат қайнауда шынығады (батыр майданда шынығады)
- Жаңбырменен жер көгерер (батырменен ер көгерер)
- Ерді намыс өлтіреді (қоянды қамыс өлтіреді)
- Отан отбасынан (басталады)
- Ерлік білекте емес (жүректе)
- Досы көпті жау алмайды (ақылы көпті дау алмайды)
- Ас мәзірі. Оқушылар үйден дайындап келген ас мәзірімен таныстырады
Келешкете әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен күнгеө
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
«Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауының ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз.
Просмотр содержимого документа
««Күз ханзадасы мен ханшайымы» Сыныптас тыс шара»
Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл — күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Ертеңгілікті хормен ашу:Кап-кап ,тук-тук-тук әнімен барлық сыныптың орындауында.
Армысыздар, құрметті ата — аналар мен балалар!
Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді.
Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді
Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды — деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
(сайыскерлер әуенмен ортаға шығады)
1.Саяжан-Мағжан
2.Асанали-Бахыт
3.Айжан-Әміржан
Күз келіп хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен
таныстырып өтейік: ата-аналар арасынан.
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 — бөлім: «Таныстыру» (өзін таныстыру)
2 — бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 — бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)
5 — бөлім: «Күзгі тағам»
1- кезең:Ақыл — көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң…» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
2 — кезең: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би — билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
Ата-аналармен ойын ойнау: «Кім жүйрік» жемістерді бір бөлек,көкөністерді бір бөлек жинап алу
3 — кезең: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
Әуенмен сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді.
4 — кезең: «Бар ізгілік тек білімнен алынар»
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
1. Қазір қай мезгілі?
3. Біздің елбасшымыз кім?
4. Күз айларын ата?
5. апайыңның атын білесің бе?
6. Қандай ертегі білесіндер?
7. Біздің мектеп неше қабатты?
8. Адамдар күзде нені жинайды?
9. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (қызанақ)
10. Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)
11. Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді. (қарбыз)
12. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз)
5 – кезең:«Күзгі салат»
Ата — анасымен біріге отырып, жасаған дәмін таныстыруға кезек береміз.
Қайрат Айшаның орындауында үнді биін қабыл алыңыздар.
Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт — дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата — ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!
Әділқазыларға сөз беріледі
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс — шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.
Бекітемін—————- Келісілді——————-
«Қостанай қаласының әкімдігінің Директордың тәрбие ісі
білім бөлімінің №15 орта мектебі»ММ жөніндегі орынбасары
директоры Сапанова Д.С Қойтбаева З.А
«——-»——————-2017ж. «——»—————-2017ж
«Күзгі ханзада мен ханшайым»
Мектепалды «А» сыныбы
/ ертеңгілік/
Тәрбиеші:Нургалиева С.М
Тақырыбы: Күз ханзадасы мен ханшайымы
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету;
ә) инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру;
б) ұқыптылыққа, шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, гүл шоқтары
Барысы:
І жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Бармысыздар жадыраған жас достар!
І жүргізуші: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
І жүргізуші: Мұнда назар салайық.
ІІ жүргізуші: мерекесі халықтың
І жүргізуші: алтын күзге арналған
ІІ жүргізуші: кешімізді бастайық.
І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналып өткізгелі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауына қош келдіңіздер.
ІІ жүргізуші: Олай болса, бүгінгі байқауымызға қатысқалы отырған күз ханзадалары мен ханшайымдарын ортаға шақырайық.
(музыка ойналып, ортаға шығады)
І жүргізуші: Байқауға қатысатын үміткерлерге ақ жол деп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
ІІ жүргізуші: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем,
Жүйрік озар сайыстарда нешебір,
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылармен таныс болыңыздар.
-
Даулетқалиева Раушан Амантайқызы – химия-биология пәнінің мұғалімі
-
Валиев Асқар Ғаббасұлы – Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетістігі
-
Бектемирова Назгүл Сәрсенбіқызы – мектеп психолог
І жүргізуші: ендеше, бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
-
Таныстыру.
-
«Күз сыры» өнер көрсету
-
Мерекелік дастархан
-
«Әсем кештің сән үлгісі»
-
«Алуан-алуан сұрақтар» сұрақ-жауап
ІІ жүргізуші: Қазылар алқасы үміткерлеріміздің бағасын бірге шығарады, яғни әр сыныптан шыққан жұптарға баға бірге қойылады. Сайыстың қорытындысы сайыс соңында айтылады. Ең төмен ұпай – 3, ең жоғары ұпай – 5.
І жүргізуші: Ендеше, үміткерлеріміз дайын болса сайысымызды бастайық.
ІІ жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол, тілеп үкілі ұміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердік.
І жүргізуші: Ендеше, бірінші шартымыз – үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
(ортаға шығып, өздерін таныстырады)
ІІ жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер аянбай жан салыпты.
І жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз.
Күйге енейік баршамыз ерекше бір,
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
ІІ жүргізуші: Құрметті көрермендер, ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
(өз өнерлерін көрсетеді)
І жүргізуші: жігіттеріміз бен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге көшеміз
ІІ жүргізуші:Сайысымыздың ІІІ бөлімі – мерекелік дастархан.
І жүргізуші: Үйден дайындап әкелген тағамдарымен таныстыру
ІІ жүргізуші: Қазақтың түрлі түсті дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
І жүргізуші: Қазір сіздердің әрқайсысыларыңызға тапсырмадан беріледі. Сұраққа жауап беру, жағдаяттан шығу және мақал-мәтелдің жалғасын табу. Қызықты әрі нақты, толық жауап беру табылады.
-
Жеті қазынаны атаңыздар
-
Досы көппен сыйлас
-
Сенің ұнатып қызың немесе жігітің өзіңнің жан досыңмен достасып жүргенін білдің. Сол кезде сен не істер едің?
1. Сыбаға деген не?
2. Еңбектің жаны тәтті,
3.Сенің өзіңнің жаныңа жақын мұғалімің тапсырма берді. Сен оны бірнеше рет орындаған жоқсың. Мұғалімің сенен тапсырманы орындаған, орындамағаныңды сұрайды. Сол кезде сен не деп жауап берер едің?
1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
2. Білімді мыңды жығады,
3. Сіздерге бұл өмірде не қымбат?
1.Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар?
2.Ұлға отыз үйден тыйм,
—————————————————————————————————————
3.Қыз баланың немесе ер баланың қандай болғанын қалар едің? Әдемі, ұтқыр сөздермен жауап беру керек.
ІІ жүргізуші: Әділ қазылар дұрыс жауаптарға бағаларын өздері бере жатар.
І жүргізуші: Ия, біздер сайысымыздың келесі кезеңін хабарлайық.
ІІ жүргізуші: Келесі кезең – «Әсем кештің сән үлгісі». Жігіттеріміз бен қыздарымыз дайын болғанша күмбірлеген домбыра үніне құлақ түрейік.
Алдарыңызда Айкөркем Салықова.
ІІ жүргізуші: Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып-ақ тұр бәрі сұлбасына.
Бетін шымшып жауратып күз салқыны,
Еркелейді еріксіз сырласыңа.
Ортаға жұптарды қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
(Музыка әуенімен ортаға шығып сән үлгісін көрсетеді)
І жүргізуші: Сонымен,қымбатты көрермендер, жан дүниесі, рухани әлемі,таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген , арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен
ІІ жүргізуші : Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай, ашық жүзді, айдай сұлу, жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшаға лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге келіп жеттік.
І жүргізуші: Әділ қазылар алқасы дайын болғанша, бәріміз ортаға шығып билейік.
ІІ жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын ,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімегін
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
І жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар.
Өнерлерің шындалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі байқауымыздың нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға қазылар алқасын шақырамыз
І жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді аяқтаймыз.
ІІ жүзгізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар.
1. /Алтын к_з.doc | «Ханзада мен Ханшайым» сайысы |
«Ханзада мен Ханшайым» сайысы:
Сайыстың мақсаты: Жас ұрпағымызды қазақ ұлтына тән имандылық, ибалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, әдептілікке тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Мектеп жасындағы жас жеткіншектерді халықтық педогогика бағытына тәрбиелей отырып, ұлттық сананы, халықтық қадір-қасиетімізді ерекше сезінуге баулу.
Көрнекілік: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шар, гүл.
Барысы:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біздің мектебімізде «Ханзада мен ханшайым» сайысы өткелі тұр. Бұл сайысқа 5-7 сыныптар оқушылары қатысқалы отыр.
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз қыздар мен жігіттердің қарым-қатынастары қандай?
Олардың арасында достық бірлік бола алама?
Және олардың ақылдылығын, білгіштігін, өзгешіліктерін, досшылдығын көру, әрі қалыптастыру.
Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Біздерге ойын-сауық басталады.
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз,
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратамыз.-дей
отыра ортаға қатысушы жұптарды шақыралық.
Музыка ойналып, ортаға қатысушы жұптар шығады.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болсада қашпайық біз,
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанеки жұптар сайысын бастайық біз.
Сайыскерлерге сәттілік тілеп, ізбасарлары атынан би жолдаймыз.
Биші болам болашақта Шарадай,
Төземін мен қиын жолға қарамай,
Ренжімеймін өтпей қалсам байқаудан
Қалып жатсам, шартына мен жарамай.-деп
Келесі биші қыздарды ортаға шақырамыз.
Сайыс бағдарламасы 6 сайыстан тұрады.
- Вальс
- Өз өнерлерін көрсету
- мимика
- Сән үлгісі
- дәруменді салаттар.
Әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Өнерлінің өнерін
Келіңдер байқап көрейік,
Жүйрік аттай желейік,
Вальске кезек берейік.
2. Өнер сайысы:
Құлақтан кіріп бойды алар,
әсем әнмен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз.
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
Деп жұптарымыз өз өнерін көрсетеді.
3. Мимика.
Қазақтың түрлі-түсті дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар,
Жауаптарын таба ма екен жастарымыз,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Тапсырмалар таратылады.
4. Сән үлгісі:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын,
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Жастарымызға қызығып қарасасың.
Жұптарымыз дайын болғанша әдемі биді тамашалайық!
7-сынып қыздары.
Ас-адамның арқауы деп қатысушыларымыз дәруменді салаттар жасап әкелген екен. Олай болса таныстырып өтсе.
Біздің «Ханзада мен ханшайым» сайысымыздың барлық сындары аяқталды.
Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті әдемі биге береміз.
Би.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір-күрес жеткізе ме мұратын,
Жеңілдім жеңбедім деп ренжімеген,
Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын,
Ортаға әділ-қазылар алқасын шақырайық.
«қош» демейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрерменім көбейсін күннен күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да,
Тіршілік-арман бәрімізге де орын бар,
Қуаныш та бар өкініште бар жолдарда.
Ұстазым менің достарым менің
Бәрің де аман болыңдар.
Осымен сайыс кешіміз аяқталды, Көріскенше қош сау болыңыздар!
Степной орта мектебі
(7-сынып жетекшісі Авталип А)
5-7 сыныптары аралығында
2012-2013 оқу жылы
- Басты бет
- Материалдар
- Барлығы
- Мектепке дейінгі
- Балабақша
- Ханзада мен ханшайым
Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:
Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 13 күннен соң олимпиада аяқталады.
Ханзада мен ханшайым
Материал жайлы қысқаша түсінік:
материал кез келген тәрбиешіге көмек болады
Төмендегі Барлығы толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Ханзада мен ханшайым
Толыбаева Лалагул Максетбаевна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
26.09.2018
428
0
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады