Махаббат жайлы сценарий

Ғашықтар күніне арналған "Махаббат-мәңгі ертегі" әдеби-сазды кештің бағдарламасы. Классному руководителю, Мероприятия, 9 класс, "Махаббат мәңгі ертегі" әдеби-сазды тәрбиелік шара

Тақырыбы: «Махаббат – мәңгі ертегі».

Мақсаты: білімділік – оқушылардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттеріне қозғау салу үшін лиро – эпостық жырлар арқылы, заманымыздың заңғар жазушылары мен кең ауқымды ізденгіш, ойшыл ақындарымыздың өлеңдерінің астарлы мағынасын түсіндіру.

тәрбиелік –пікірталас арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету.

дамытушылық – адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін, сезімдерін қалыптастыру және дамыту, көзқарастарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе отырып дәлелдей білуге баулу, өз жолдастарының ойын салмақтылықпен пай»ымдау.

Көрнекілігі: тақырыпқа сай нақыл сөздер, ақын –жазушыларымыздың осы тақырыптағы кітаптарынан, оқушылар шығармашылықтарынан көрме ұйымдастыру.

Барысы.

Шам сөндірілген. Балауыз шам жағылған. Шам жарығымен оқушылар столға бөлініп орналасқан.

«Махаббат бекеті» фильмінен үзінді көрсетеді.

Гүлназ: Жүзімдегі меңді көрдің бе? Көз алмайсың енді көрдің бе мені, жаным?

Жұлдыз жаққан түнді көрдің бе? Күлім қаққан күнді көрдің бе, жаным?

Бекжан: Көзімдегі мұңды көрдің бе, қолымдағы гүлді көрдің бе менің, жаным?

Гүлназ: Көрдім, көрдім, өзіңді көрдім, көлдей мөлдір көзіңді көрдім, жаным!

Бекжан: Сен қызғалдағымсың.

Гүлназ: Сен ізгі арманымсың.

Бекжан: Сен көңіл нұрымсың.

Гүлназ: Сен өмір жырымсың.

Бекжан: Көктем мен жаздай,

Гүлназ: Аққу мен қаздай

Бірге: Жазылмасын жұбымыз біздің. (Музыкамен өлең оқылады).

1-оқушы: Мұқағали Мақатаев «Адам ата, Хауа ана»

Мен –Адам ата, ол –Хауа ана,

Мен де таза, ол да таза, ауа да.

Жылжып ағып жылға жатыр – қойтолқын,

Харекетсіз біз отырмыз жағада.

Айналамыз алау жасыл жаннат бақ,

Ақтарылған екеумізді ардақтап.

Бет алған ек біздер қайда бармаққа,

Неге отырмыз ел көзінен аулақтап?

Не күш бізді бастап келді білмейміз,

Неге біздер бұрынғыдай асыр сап,

Алдым – жұлдым арпалысып жүрмейміз?!

Әрі жақын, әрі алыс арамыз,

Қыз бенен ұл ….. Бөлініппіз қараңыз,

Қыз бенен ұл …. Жер мен көктей арамыз,

Жер менен көк жақындасып барамыз.

Біз отырмыз еш нәрсе де демейміз,

Еш нәрсені түсінбесек не дейміз?!

Жылап аққан жылғаға тас лақтырып,

Құныға кеп құмға аяқты бөлейміз.

Ал табиғат, ал табиғат тым басқа,

Түйіп болмас, сүйіп болмас сыр –дастан.

Ыю – қию құстар анау шуласқан,

Көбелектер нәр алуда тынбастан.

Шалғын мынау бұйра шашын таранған,

Сары, жасыл, қызыл гүлдер саналуан.

Самалдатып сағым ақса аулақта,

Сағым болып теңселеді тау – орман,

Барлығы да махаббатпен жаралған….

Автор: Ия, тағы да махаббат. Адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып – ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Жер бетінде қанша миллиард адам болса, жердің астында қаншасы.. Солардың әрқайсысында өзінің дара махаббаты бар. Дүниежүзілік соғыс пен қилы – қилы қантөгістерге, ядролық зардап пен жер сілкіністеріне, ғарышты бағындыру мен ғылыми техникалық шарықтауларға куә ғып қана қойған жоқ, сонымен қатар мыңдаған жылдар ұрпақтар елегінен өтіп сұрыпталған рухани байлықтың, ең бастысы адамгершілік қасиеттердің құлдырауына, тіршілікті азып тозудан,ттоқыраудан аман сақтап келе жатқан ұлы махаббат сезімінің орны бөлек екендігін байқатты.

2- оқушы: Аяқтап болып махаббат дейтін сапарды,

Қозы мен Баян моласы міне атанды.

Қалауын қанша тапқанымен қара тас,

Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.

Басына бардым, қасында тұрмын солардың,

(Қозыдай маңырап, сүймеген сірә болармын…)

Егіз жүректі екіге бөліп мола тұр,

Тұмсығы үшкіл қанжарындай – ақ Қодардың…

Төрт жанардың да тауысып түгел көлдерін,

Төрт бұлақтарынан төге де жүріп селдерін,

Ескерткіш етіп қос Ана тастап кетекн бе

Аялап жатқан Аягөз сынды белбеуін.

Жол түсіпұрпақ Таңсыққа барсаң тегінде,

Бір соқпай кетпе күмбезге сонау керінген.

Қазақтың осынау қасқайын тұрған төрінде

Бабаларыңның махаббаттары көмілген…

1 –жүргізуші: Махаббат туралы әңгімеміздің аясы кең болу үшін, құрметті ұстаздар, оқушылар, мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойсам деймін. Қалай ойлайсыздар, сіздер үшін мәңгілік махаббат қазір бар ма?

3 – оқушы:

Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы өзге жұлдыздардан алыстан жарқырап құр жымындаса, Күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір бернетін, жарық сәуле төгетіңдер аз емес. Мүмкін ондай адамдаы Күнмен салыстырған дұрыс емес шығар, өйтекні Күн бүкілдүние жүзін бірдей сәулелендіреді ғой, ал жақсы адамның жарығы

кейде бір кісіден аспайды. Бақытты етсе, бір – ақ жанды бақытты етеді. Бірақ бір адамды бақытты етудің өзі де үлкен қасиет емес пе?

Махаббатсыз өмір өмір ме? Бірақ сол махаббат қуаныш емес қайғыға айналса, ондай махаббаттан қандай қызық бар? Қайғының да, қуаныштың да торлайтыны бақыт, бірі соны суалтсам дейді, бірі сол бақытты гүлжайнатсам дейді. Егер қолындағы бақыт суалар болса, адамға одан ауыр қандай қасірет, өкініш бар? Адам неге тұрақсыз болады екн? Жоқ адам емес, махаббат тұрақсыз секілді…

Тұрақсыз затта құн жоқ. Сонда махабатта да құн болмағаны ма? Жоқ бұның бәрі де бекер ұғым.

Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты. Адам өз басының келешегіне басқа жәйттен көрмеу керек. Асқар таудың басына ақша бұлттар ұяласа, ал асыл адамның басына айнымас табандылық біту керек. Сонда ғана махаббат тұрақты, мәңгілік болады.

2-жүргізуші: Бірақ жүрек деген бір асау тұлпар емес пе, оның үркуі де, алып қашуы да жеңіл. Сонда оны немен тоқтатасың? Өз бетімен ала жөнелген жүйрікке қандай қыл арқаның бар?

4-оқушы: Қазақ «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болу да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да ешдүлей күш жеңе алмайды.

Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббатта адал, мәңгілік сақталады.

1-жүргізуші: Олай болса Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» атты өлеңіне дайындалған көріністі тамашалайық.

Автор: Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп жылады:

Ана: «Жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынары,

Еркелеттім, өмірімді желкен еттім жолына.

Тек сол гүлдеп толыссын деп,

Тек сол кисін, сол ішсін деп,

Ештеңені аяғам жоқ бәрін бердім қолына.

Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдарлы,

Ой түзеді, көз жауын ап қызғалдақтай майдағы.

Алды болды құрбысының бірге өскен,

Үмітіме бақпен қайғы қалай қатар мінгескен?

Бекер, бекер жіберіппін еркіне,

Ерте түсіп қалды – ау, сірә, албырт сезім өртіне.

Бақытты едім,

Бақытты едім мен қандай,

Қашан қызым жолыққанша ғашықтықтың дертіне.

Күзетшімін бұл күні есік торыған,

Туар айым тумай қалды оңынан.

Үш жыл болды бұйрабас бір әртістің

Сорлы қызым жүгіріп жүр соңынан.

Ал ол иттің, бұл қорлыққа қарашы,

Бар әйелі, баласы. Үйленуге қайдан келсін шамасы?!

Қызым соны білмейді ме? Біледі.Біле тұра селт етпейді жүрегі.

Небір жайсаң жігіттерді төредей

Мазақ етіп келеді ме елемей?!

Бұл не деген көлден табар бақытты

Шөлден іздеп жаңылысқан шөрегей.

Деп сенсем де: бақыт алда, жол алда,

Адасқандай кейіптемін боранда.

Ал ол үшін бұйрабас сол әртістен

Артық жан жоқ ғаламда.

Тек соны ойлап беріледі арманға,

Тек соны ойлап жылайды үйде қалғанда.

Сосын қайта жымияды: «Менен асқан бақытты Адам жоқ, — деп, -жалдғанда».

Дауа бар ма, дауа бар ма талғамға?!

Жақын тартып сырласымдай бұрынғы,

Кешір, қалқам, саған аштым сырымды.

Сен ерекше сыйлы жансың қызыма,

Сыйлайтыны – жатқа оқйды жырыңды.

Өзіңе аян, қыз көңілі гүл нәзік,

Жеңе алмаспыз өр мінезбен ұрдажық.

Өтінемін, сол бақытсыз сорлыға

Қол ұшын бер, ой саларлық жыр жазып.

Автор: Соны айтты да, шығып кетті ол қоштасып,

Тұрып қалдым ойым мұңмен астасып.

Көз алдымнан кетпей қойды мұңлы ана,

Көз алдымнан кетпей қойды жас ғашық.

Өлке даңқын артқанымен арқаға, Әлі күнге түспей келген картаға

Қыран ғана қалықтайтын көгінде,

Бұлттан биік заңғар аз ба, Сұрақ қойған таңдар аз ба,

Жазылмаған заңдар аз ба өмірде?

Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен мәселі,

Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.

Жыға алмайды оны жұрттың өсегі,

Бұған дәлел – құдіретті «Қорлан» әні кешегі.

Қасиетті сәт соққанда әбден меңдеп кеселі,

Қайран Естай қимас досын шақырып,

Былай депті деседі:

Естай: «Ей, Нұрлыбек, еренім! Жетпіс екі жасымда

Тұзағына іліндірді мені өлім.

Тулағанмен, амал нешік, көнемін.

Тіршілікте аз созбап ең қол ұшын,

Өлген соң да қажет боп тұр көмегің.

Дәл өзіңдей ұқсын қайғымды ел,

Ғашық көңіл – мәңгі жасыл айдын көл.

Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны — жай күндер.

Көлмен – көлдей, таумен таудай теңдесе,

Белдесуге талап қылдым мен неше.

Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,

Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,

Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға

Сірә мендей ғашықтықтан бақ тауып,

Сірә мендей мұңға батқан жан бар ма?

Дүниенің өзге бақыт, шаттығын

Менсінбеген менің мұңым – тәтті мұң.

Тәтті емей не? Он сегізге ой салып.

Жиырма бесті таңдандырса қарттығым?!

Әттең тағдыр қоса алмадым, сорым ба?

Заман жылан, жатып алды – ау жолымда

Бірақ менің бақытым да барым да-

Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу бір жыл сәуле шашты қолымда.

Өр толқынға қарсы жүзген ер кеме

Мен болыппын.Оһо, қандай мәртебе!

Бұл жүзікке елу бір жыл әйелім

Қызғанышпен қарап келді өртене.

Деседағы ел дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт, қарсыласа көрмесін.

Қорланымның көзі болған жүзікті,

Өтінемін, өзіммен бір жерлесін!

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде

Ғашық болып өлу – қандай мәртебе!

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де!»

Автор: Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?

Әне, солай қайсар ақын көз жұмды.

Бұл туралы айтқан кезде Қорланға:

Қорлан: «Егер олай етпесе,

Естай,Естай болама?!

Естай, Естай бола ма?!

Онсыз дағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың – ау, Жер – ана?»

Автор: Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп,

Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп.

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжімді жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап қозып делбесі де, Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып, Жанарын шоқтай жандырып.

Қорлан: «Бақыттымын, бақыттымын»

Автор: Депті де, көз жұмыпты мәңгілік.

Ән:»Құсни Қорлан»

Бір қызбар Маралдыда Қорлығайын,

Табиғат берген екен күн мен айын.

Мұратқа іздеген жан бәрі – ай жетпес,

Дариға – ай, арманым көп неғылайын.

Ахау арман, Құсни Қорлан, Екеуі – ай туған екен бір анадан.

Автор: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.

Адам азса, ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі.

Ешбір геометриямен өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері.

Ғашық болу келсе кімнің қолынан,

Әлем соған сенеді. Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!

Апатай – ау, Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?

Көңілінің күні жоқтардан, Табанының бүрі жоқтардан.

Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.

Апатай – ау, «Қызым батты күнәға» деп қамығып жылама,

Жанарынды қасіретке бұлама.

Мүмкін жолы сәтсіз шығар…

Бірақ сүю бақыты –

Кез келгенге тартылмайтын сыбаға.

Апатай – ау, Сеніміңді жасытпа,

Қашықтықты жеңе білу мықтылық,

Нағыз бақыт – жақында емес, қашықта.

Кел, ендеше, орнымыздан тік тұрып

Тост айтайық Қашық, қиын жол таңдаған ғашыққа:

Аспаны ашық болсын деп, Сәулесін алысқа шашып қалсын деп,

Өлім де бөле алмас ғашық болсын деп, Адамдар оларды соттауға асықпасын деп!

2 жүргізуші: Сауалнамамызды әрі қарай жалғастырсақ. Қалай ойлайсыңдар, бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

5 – оқушы: Менімше, бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез – құлқының тұрақтылығымен байланысты. Көрінген ұшқыннан жалт етіп тез тұтанатын жандар да аз кездеспейді.Бұнымен қатар бір сүйген адамға деген сезімін бойына жазылған міңгі жазылмас кесел тәрізді өмірбақи өзімен бірге алып жүретін кісілер де көп. Өзі қартайса да махаббаты қартаймайтындар бар. Мүмкін оның бір кездегі ыстық жүрегі әлдеқашан смөнген де болар, мүмкін ол сүйген сұлу қыз да қазір бетін әжім басқан кемпірге айналған шығар, бірақ ол жүрегінде ең ақырғы сағатына дейін сол бір кездегі жалынды махаббаттың қызуын сақтауға тырысады. Өйткені өзі кәрі болғанымен махаббат қашан да болса жас. Сөйткен күнде ғана адамзаттың бұзылуына жол бермейді. Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ, адам онда пәк сезімсіз аңға айналады.

1 – жүргізуші: Ал қызғаныш махаббатты өлтіре ме, жоқ әлде сөнуіне мүмкіндік бермей ме?

6-оқушы: Махаббат — қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді. Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай – ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?

Аққуды атуға, махаббатты қорлауға болмайды! Махаббат әні – аққу әні. Оның сұлу ырғағын естудің өзі адамның өміріндегі бір тәтті арман емес пе?! Әрине аққуды ататындар да, махаббатты қор ететіндер де табылады. Бірақ олар дүниенің қызығын, сәнін түсінбеген бейшаралар. Олар үшін махаббат әні – аққу әні салынбайды. Ал қор болған махаббат зары – жаралы аққудың соңғы әні. Оның мұңына, оның зарына елжіремеген жүрек ол жүрек емес.

Ән: «Жалғыз аққу».

2-жүргізуші: Есінде бар ма жас күнің,

Көкірегің толық, басың бос.

Қайғысыз, ойсыз мас күнің,

Кімді көрсең — бәрі дос.

Махаббат қызық, мал мен бақ

Көрінуші еді досқа ортақ.

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сондай қызық шақ.

Құдай – ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жалдар.

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті – ау құрғырлар.

Жыланасың, боқтайсың,

Сағынасың, жоқтайсың.

Махаббат кетті, дос кетті,

Жете алмайсың, тоқтайсың.

Көзіме жас бер жылайын,

Шыдам бер сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын,-деп ұлыАбай жырлағандай әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа арналған «махаббат» мәселесі Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романында айқын көрініс тапқан. «Роман неге тек қана махаббатқа құрылған?» деген сұраққа автордың не деп жауап бергенін білесіңдер ме?

7- оқушы: Әзілхан аға «Бұл романды жастар өмірінен алып, жастарға арнап жазған мақсатым, бұрынғы ата – бабаларымыздың мекеніне ұя салып, бүгінгі біздің орнымызды басатын, ісімізді жалғастырып, алға апаратын болашақ ұрпаққа, солардың жүректерінде асыл адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына титтей де болса өзімнің себімді тигізуге ұмытылу еді. Біз – ата – ана, жанжүрегімізді жарып шыққан жас қауымның жақсы болуын тілейміз. Баяғы Төлеген ағаларындай уәдеге берік, Жібек апаларыңдай ақылды, жауапкершілік жағдайда душар болса, сонау Қарақыпшақ Қобыландыдай қаһарман батыр, кешегі Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты отаншыл, ержүрек болса екен деп арман етеміз. Өз жүрегімдегі сол арманды мен жастарға қалай жеткізсем деп толғандым. Сонда осы ойдың бәрін оларға бір ғана махаббат деген асыл жібекке түйіп беруді мақұл көрдім. Өйткені саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл сезімдердің бірі адамгершілік сезімі деп махаббатпен сабақтас.Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегіне асыл махаббат ешқашан да ұя салмайды. Мінеки, осы себептен де мен жастардың жүрегіне махаббат арқылы жақындауды мақсат еттім. Кітабымның негізгі арқауы махаббат ете отырып, жастарымыздың жанына, жүрегіне, ойына қарапайым халқымыздың кейбір асыл қасиеттерін: ананы ардақтаушылық, қызды қадірлеушілік, алған жарын жанындай сүюшілік, ағаны құрметтеушілік, сертке беріктік, ұйымшылдық, бірлік- бірауыздық, бауырмалдық сияқты дәстүрлерін сіңіргім келеді. Халқымыздың бұл қасиеттері туралы басқа кітаптарда да жазылған, айтылған, әліде айтыла берер. Ал мен соған өз үлесімді қосуды парыз тұттым. Ол мақсатым орындалды ма, орындалмады ма – оны оқырман қауым біледі» деп жауап берген оқырман сұрағына.

1 – жүргізуші: Олай болса, «Шың басындағы оқиғаны» тамашалайық.

Автор: Бір – бірінен көз айырмай үздігіп

Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.

Қыз: Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған,

Қанатыңа алғаныңа шаттанам.

Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа,

Енді өзің біл, сенсіз өмір жоқ маған!

Автор: Деді сұлу жасаурап от жанары.

Жігіт те оған ызғарлықпен,

Ерге біткен мырзалықпен

Жүрегінен жалын шаша қарады.

«Қандай бақыт түсініскен, сеніскен…»

Біраздан соқ қиқу шықты еңістен

Бұл, әрине, қуғыншының хабары.

Қыз жылады.

Жігіт: Нар тәуенкел, келсе, келсін!

Автор: Батыр жігіт томсарды,

Томсарды да қанжарына қол салды.

Қыз: Жоқ- жоқ, күнім, қайсарланба бекерге,

Жалынамын, әкеме қол көтерме.

Жазмыш солай болған шығар, көнерміз,

Әттең, ерте қайырылды – ау кемеміз.

Енді бізге бір жүру жоқ, сондықтан

Екеумізде құздан ұшып өлеміз.

Тіршілікте жетпесек те мұратқа,

Ақыретке бір барамыз бірақ та.

Ант еткенім айтқан серттен танбасқа,

Жасымасқа, жүнжімеске, талмасқа.

Өміріме шуақ құйған өзің ең,

Өлімге де алдыменен сен баста!

Автор: Деді ерні дір – дір етіп ақ маңдай,

Ақ маңдайы алауланып ақ таңдай.

Жігіт үнсіз бас изеді күлімдеп

Тұңғиықтан шығар бір жол тапқандай.

Өлімге емес, тойға бара жатқандай

Шыңнан төмен қарғып кетті тоқтамай.

Қыз жылады құзға шағып зар – мұңын,

Қарғып, сілеп дүниенің тарлығын.

Секіруге сүйгенінің соңынан

Бірақ күші жетпей қалды сорлының.

Өзі берген сертін өзі сата ма,

Сатқындық па? Атай көрме, атама!

Секіруге оқталғанда қайтадан

Өмір тәтті боп көрінді, о тоба!

Ат терлете көктеп өтіп шатқалды,

Біраздан соң қуғыншылар кеп қалды.

Қыз бейшара тұманданып көз алды,

Бір қызарды, бір сұрланды, бозарды.

Әбден тқанып ұғынған соң мән – жайға,

Қияқ мұртты қыз ағасы сөз алды:

Ағасы: Әке, қызың күйе жақты даңқыңа,

Күйе жақты ата – баба салтына.

Сатқындықтан жиренішті не болмақ

Таудан қайсар ұлағатты халқына?!

Неткен азап қорлық жеңіп арығын,

Қызыңды ендібөгеме, әке, жолынан,

Батаңды бер, сертін жақпай аттансын

Сүйгенің соңынан.

Бұдан төте өткел бар деп іздеме,

Осы жеңіл өзіңе де, бізге де.

Автор: Сосын қызға бұрылып:

Ағасы: -Кәне, қалқам, неге тұрсың үдеріп?

-Әмин, — автор: деді әкесі де түнеріп.

Автор: Кәрі көзін күдік қатқан, ту еңісте жігіт жатқан

Құзар шыңның қойнауына жіберіп.

Қыз: Өз еркіңмен өлу ерлік екен ғой,

Ондай ерлік келер емес қолымнан.

Перзентіңді ете көрме келеке,

Ая мені, Ая мені, жан әке!

Ағасы: Олай болса мін атқа,

Тағдыр сені салды дүлей сынаққа.

Сексендегі мәужіреген шалды ертіп,

Көзіңді құрт туған жерден жыраққа.

Көктем қоныс тепкендей — ақ іргемде,

Шаттанушы ем, сен қасымда жүргенде.

Әкем сені шалға берем дегенде,

Осы опасыз мінезіңді білген бе?

Тіршілікте ез адамға көп өлім,

Неге ғана қуғыншы боп кеп едім?!

Жігітіңді сүйгендігің шын болса,

Әкеме ара түсейінші деп едім.

Қайран жігіт жүрегіне нұр тұна

Өліп кетті сені тастап жұртына.

Кебек толы құмыраның келісті

Ішін көрмей, ғашық болып сыртына.

Тек ол өлім – өнерлі өр өлім,

Өр өлімнен шын ғашықтың құдіретін көремін.

Неге бізде еркін, ұзақ ғұмыр сүрген нар жоқ?

Нар жоқтығы – Нарды жығар сен секілді жар көп.

Қалың жұртты мен екіге бөлемін:

Сүйе алатындар деп, Сүйе алмайтындар деп,

Сүйе алмайтынына ұялмайтындар деп.

Сәтсіз бітті пенделікпен күресің,

Сен әрине, соңғы топқа кіресің.

Пенделердің есіне сап жүресің.

Қарлы Кавказ артып саған ұлы айып,

Аянышпен қарап тұрар мұңайып.

Шын сүюге қабілеті жетпеген

Әрбір адам мүсіркеуге лайық.

2жүргізуші: Ендеше, оқушылар, мына сұраққа қалай жауап берер едіңдер, өмірде бір адамға шын ғашық болып өту мүмкін бе?

8-оқушы: Бұл сұраққа мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен жауап берсем деймін.

Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам болмайын сол аман ба!?

О, тәңірім, неткен жан ед қайрылмайтын,

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,

Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?

Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт, бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.

1-жүргізуші: Шабыт. Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш. Мыңдаған халық алдында Гамлет рөлін ойнайтын артист шабыты бар да, төрт қабырғалы зертханада жападан жалғыз отырып ғылымның тұңғиығына бойлайтын оқымыстының шабыты бар. Артиске шабыт берген сүйсіне қол соққан көрермендердің ынта – ықыласы десек, ғалымға шабыт берген не? Қия шетіне жеткізбес мызғымай тоқтап қалған уақыт па? Әлде сыртқа шығамын деп асау толқындай ой теңізінде ойнаған іштегі дарын арманы ма?

Қандай күш сол шабытты оятқан?

Шын оқымыстыны шабыттандыратын атақ та, бақта емес. Ол адам үшін, сол адамды жаратылыстың құрсауынан мәңгі азат ету үшін еңбек етеді. Бойындағы күш – жігерін, табиғаттың өзіне берген дарынының бәрін соның жолына сарп етеді. «Адам баласының басына күнде ақылды ой түсе бермейді» деп Эйнштейн айтқандай, қандай дарын иесі болса да шешем деген жаратылыс жұмбағын оңай шеше алмайды. Кейде оған ұйқысыз түндер, көптеген мехнатты айлар, жылдар кетеді.

2-жүргізуші: … Махаббат па?

Махаббат болған еді.

Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,

Тапты да түсірді ғой торға мені.

1-жүргізуші:Махаббат па?

Махаббат болған менде.

Жиі барғам аққулар қонған көлге.

Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

2-жүргізуші: Ғашықтық па?

Ғашық та бола білгем,

Бір – ақ жанға ғашықпын бала күннен,

Жаныменен сүйемін, жанарыммен.

1-жүргізуші: Сағыныш па?

Қалай оны тауыса аламын.

Сағынамын, шөлдегем, аңсағаным,

Ақыры шаршағамын, шаршағамын.

2-жүргізуші: Сүйгенім бе?

Сүйгенім өмірде емес.

Ұйықтасам, түнде түсім, көңілде елес,

Өлгенше кетер емес көңілден еш….

Қорытынды: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатынан көп ой түйгендейміз. «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыратындай заңдар емес» деп В. Белинский айтпақшы, махаббат жөнінде кесіп – пішіп айту мүмкін емес, нақты ереже де жоқ. Әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілеймін.

Мұхтар Шахановтың мына өлеңімен осы тәрбие сағатымызды аяқтайық.

Ал, сапарың сәтті болсын, қызғалдақ.

Өмір мынау: қатар тосқан жеңілі мен ауырын,

Қайғысы мен сауығын, шуағы мен дауылын.

Бүгін, міне, қандай тілек айтсам екен, бауырам.

Саған байлық тілер ем мен, бірақ ол бір әңгүдік

Есігіңнен кіргенімен паң күліп,

Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,

Саған жолдас бола алмайды мәңгілік.

Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзімнен,

Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре ала ма соқпақтар мен жолсызда.

Ал сұлулық тілер едім, сұлусың сен онсыз да.

Қайтсем екен? Мен одан да бүкіл адам аңсаған,

Бүкіл адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,

Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсаған,

Кез келгеннің уысына түспейтін, Кез келгеннің бақшасында піспейтін,

Зор махаббат тілейінші мен саған!

Сабақтың тақырыбы: Махаббат – өмір нәрі

Мақсаты:оқушылардың сүйіспеншілік,махаббат туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өмірдің   бар жақсылығының негізі махаббат,сүйіспеншілік екенін түсіндіру;

-адамды,Отанды ,өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;

-сүйіспеншілікті ,махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:сыныптан тыс

Сабақ әдісі:түсіндіру,әңгіме –сұхбат

Көрнекілік:интербелсенді тақта,слайд

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезең

II.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ашатындай «Махаббаттың сарқылмас бұлағы», «Махаббат – өмір нәрі» дегендей ұғымдарға сипаттама береміз. Махаббат сезімі  туралы, оның неге әкелетіні, бұл өмірде неге қажетті екені сияқты сұрақтарды талқылаймыз. Сіздерге махаббат сөзінің түсінігін кеңейтетін, ол туралы ой  дамытатын, өзінің өмірлік мәнін сезіндіретін түрлі жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылады.

                                          Махаббат түрлерімен танысу

Анаға            балаға               екі жастың             отбасыңа             отанға

«Махаббат» өлеңін оқу

О,махаббат аяулы асыл сезім,

Арнамаған бар ма екен саған сөзін .

Мекендеген жер үстін жан иесін .

Баурамаған бар ма екен сірә кезің.

Асыл сезім жаралған ізгіліктен

Талпынады жан біткен ізгі үмітпен

Сенен шығып ,тарайды сенен ғана

Бар жақсылық атаулы бізді күткен.

Дүние бос,өмір жоқ сенсіз жерде

Тең саналар хайуанмен сенсіз пенде.

Адамдықтың ,ізгілік,ұлылықтың

Биігіне жетудің кілті сенде.

Ұлы сезім,шегің жоқ ,шеңберін жоқ,

Бір қарасақ өзіңсіз елдегі көп.

Түрлерің көп,қырларың,сырларын көп.,

Ең қол жетпес және жердегі жоқ.

Адамдағы қымбаттың ,қасиеттің

Қадіріне жетуді ғасыл еттің

Сен бар жерде бақытты жан атаулы,

Сен жоқ жерде  басында қасиет-мұң.

О,махаббат берілген тек адамға

Нұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда

Тек қадірің түсіну ,құрбан болу

Бұйырмаған жердегі әр адамға.

III.Әңгімелесу.

Танысқан өлең бойынша сұрақ – жауап өткізіп, талқылау жасау.

  1. Неліктен махаббат құдыретті де қасиетті ұғым?
  2. «Ғашықтық» және «құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
  3. Туған жерге, туған елге деген махаббат сезімін қалай түсінесіз?
  4. Махаббаттың сыйластық пен достыққа деген қандай байланысы бар?
  5. Махаббат сезімінсіз адам бола ма?
  6. Қандай құс махаббаттың белгісі деп аталады?
  7. IV. Жаңа ақпарат

Жүрек— махаббат символы

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл  өзінің космол. ілімінде махаббат  бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат  деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік махаббат  — сұлулыққа  сұқтанатын  махаббаттың төменгі сатысы,

ал рухани  махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары

Ағартушылар  махаббат адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді. Мәселен, Шефтсбери махаббатты ынтымақ  сезімі және қоғамдық тәртіптермен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, махаббат — адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы  махаббатты мәселесін әлеуметтік өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі махаббатты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірінің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендікпен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеуметтік таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті.

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстетикалық  көркемдік, этикикалық ғибраттық зор маңызға ие болды.

Орта ғасырдағы өзекті мәселе

Орта ғасырларда махаббат  ұғымы көркем шығарманың ғана нысаны емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика  салаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында,діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында  да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтол., аксиол., гносеол. мәселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.

Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс  сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше.
Мысысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат .

Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы М. —имандылықтың,ер мен әйел махаббатты — отбасының, Отанның беріктігінің,ұстаз бен шәкірт махаббаты — білімнің,ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббаттар — елдіктің т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі.

Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы

иман,

Отан,

отбасы махаббатқа негіз болар құндылықтар.

Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат  иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. М-тың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт  өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.

Ер мен әйел арасындағы махаббат

Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат  жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға өтеді. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйел арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы — олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі.

Хақты сүю махаббаты

Хақиқатты сүю — адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін махаббат. Мұндай хақты сүю махаббаты жайлы өз  махаббаттарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған.Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде: “Хазірет Хақ субхана уа тағала: мен кеңістіктің бір бұрышында жасырынулы тұрған кен-қазына едім. Менің Тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып барша, ғаламды жараттым”, — деді.

Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебін атайды:

Құдай — абсолютті, кемел, ол өзінің махаббатының нысаны-адамды жаратты. Алланың самадтығы (мұқтажсыздығы) шексіз, ол әуел бастан махаббат бастауы болғандықтан да сүйіспеншіліктің, мейірім-шапағаттың таусылмас кені. Алланың адам сүйіспеншілігін қалауы шындығында мұқтаждық емес — жомарттық, себебі хақтың достығына жеткен адамды шексіз рахым-шапағатқа бөлейді.

Адамзат бүкіл жаратылыстың ішіндегі жауһары, ең сүйіктісі. Ең сүйіктісі болғандықтан да ол — аса көркем жаратылыс, оны “Алла тағала өз бейнесінде жаратқан” және ол өзінің ең сүйікті досын адамзат қауымы ішінде жаратты. Бүкіл ғаламды, жанды-жансыз дүниені осы екі дүниенің шамшырағы, екі ғаламның тәжі, Алланың сүйікті досы — Мұхаммедтің (ғ.с.) құрметіне, соған деген махаббатының себебінен жаратты. Бүкіл жанды-жансыз, ірілі-кішілі, рухани және материалды заттар мен дүниені “Нұри Мухаммедтің” яғни, хазірет пайғамбардың нұрынан жаратты.

Абай өзінің 38-қара сөзінде “…ықыласпен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл ғылым деген нәрселерменен… Талап, ұғым махаббаттан шығады. ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады… Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” дейді. Яғни адамның ең асыл қасиеті — ақыл, ең асқақ мұраты — танымға құмарлық. “Махаббатсыз, дүние дос, хайуанға оны қосыңдар” деген ақын адам “ғы-лым-білімді махабатпен көксерлік болғанда”, жүрегін дүние достығынан босатып, хаққа арнағанда ғана адам атына лайық боларын айтады.
Адам жаратылысының осы негізгі үш себептерін:сүйіспеншілік үшін,сұлулыққа ғажаптану үшін,ақиқатты тану үшін деп ажыратқанмен де, осы талпыныстың бәрі махаббаттан бастау алады.Пәктікті сүюге, сұлулықты түйсінуге, кемелдікті тануға талаптанудың барлығы махаббаттан шығады “Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй сол  Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады иманигүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл”.Имандылық жаршысы болған осы ғұламалардың махаббат жайлы пікірлері бір арнада тоғысады. Олар махаббат бастауы — Алла деп біледі. “Кәпір болса да берме азар” дейтін Иасауи де бүкіл адам баласын сүюге, татулыққа, бауырмалдыққа үндейді. Ал Хақ жолы — әділдікті сүю — ізгілікті сүю, яғни ғаламның, табиғаттың үйлесімділігінен, заңдылығынан ғибрат алып, соған сай өмір сүру, сондай-ақ адамзат қауымындағы, адамның жаны мен тәніндегі бүкіл заңдылықтар мен құбылыстарды ретке келтіретін ақиқат ілімге сай өмір сүру.
Сұрақ-жауап жүргізу.

Махаббат тарихына қысқаша шолу жасау(суреттері интербелсенді тақтадан шығып тұрады).

Атақты махаббат жұптарымен таныстыру:

Қозы Көрпеш-                   Қыз Жібек пен                       Еңлік-Кебек

Баян сұлу                             Төлеген

Қалқаман-                         Ләйлі-Мәжнүн                     Ер Тарғын

Мамыр                                                                             Ақжүніс

V.Тапсырма.

«Қызықты жағдаяттарды талдау»

1.    Бір-бірін ұнатқан екі жас, яғни қыз бен жігіт көшеде келе жатады.Сол кезде қыз жігітті сынамақшы болып сұрақ  қояды.

Сұрақ: жолдың шетінде бір құмыра жатады,қыз жігітке сен мені шын сүйсең осы құмыраның ішіне кіріп кет дейді.Сол кезде жігіт қызға жауабын қалай қайтарады?

2.    Бейтаныс қыз бен жігіт өтіп бара жатқан екі автобустың екеуінде отырады.Сол кезде бір-бірін бақылап ғашық  болып,танысып үлгіреді.Екі автобус екі жаққа жүріп кете береді.

Сұрақ: Сол екі ортада қалай танысып үлгіреді?

Шығармашылық жұмыс:

«Махаббат бейнесі» тақырыбында оқушылар өз пікірлері негізінде махаббат бейнесін салады.

Ойын: «Ашық хат» оқушылар бір-бірлеріне хат жазады.

 VI. Қорытындылау:

Сұрақ-жауап:   «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
1-топ. Ұқсас ұғымдарды іріктеу.
2-топ. Қарсы ұғымдарды іріктеу.

•Махаббаттың қандай түрлері болады?Оларды қысқаша

•Қай ғалым «Махаббат  бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш» деп білді?
• Қай ғалым және махаббатты нешеге бөлді?Оларды ата.

• Сезімдік,рухани деген бұл қандай махаббат ?

• Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысын атаңдар.

•Адам жаратылысының  негізгі үш себептерін атаңдар.
•Махаббаттың құндылығы неде?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?

• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
•Махаббат адамға қандай артықшылық береді?

Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?
• Махаббат қай уақытқа жағымсыз қасиетке айналады?  

«Махаббат»  сөзіне түйіндеме жасау.
Махаббат – бұл …
Сонымен, махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды.
Жүректен жүрекке.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады- дей келе сабағымызды қорытындылап, баршаңызға жүректер таратамын. Әрбіріміз оған жақсы тілектер жазып Жер тәрізді шарға орналастырамыз.

Семей құрылыс колледжі

Арнайы пән оқытушысы Скакова Айгерім Ниязхановна

Тақырыбы: «Махаббат – мәңгі ертегі»

Мақсаты: 1.Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету

2.Ой өріс, қиялдарын дамыту,дүниетанымдарын кеңейту.

3.Махаббат сезіміе,махаббат сыйластығына,сезімге тұрақтылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік:

Көрнекілігі: тақырыптық слайд-шоу, видео

Тәрбие жұмысының түрі:

Барысы: 1. Ұйымдастыру (акт залын безендіру)

2. Кіріспе сөз — топ жетекшісі

1-жүргізуші:

Махаббат — өмір көркі.

Абай Құнанбаев

Құрметті ұстаздар,студенттер!

Бүгін барлық жас жүректі желпіндіретін «Махаббат –мәңгі ертегі » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі.  Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет — адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір – Ғашықтар күні болып аталып кетті.

2-жүргізуші:

Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.

41 МВС топ студенті Тұрарбаева Ақмаралдың орындауында «Сен маған сүюді үйреттің»

(экранда бейне-клип көрсетіліп тұрады)

1-жүргізуші:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі!деп Мұхтар ағамыз айтқандай.

Махаббат — бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Махаббат:  сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік  — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады.

21 МВС топ студенті Маратов Мақсатты қарсы алайық

2-жүргізуші:

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

— деп Мұқағали Мақатаев ақынымыз айтқандай шын ғашық болып, ғашықтарыңыздың амандығын тілеп, оның жанарының ішінен өзіңізді ғана көріп, сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңдер деп, М.Мақатаев қаламынан «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі — өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен» т.б. жыр кітаптары, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін, махаббатқа жыр еткен, демекші Мұқағали Мақатаев ақынымыздың өз дауысымен айтылған «Есіңе мені алғайсын» атты видеосын назарларыңыға ұсынамыз.

1-жүргізуші:

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, ана мен бала, ақын мен ақындық, махаббат т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

21 МВС топ студенттері: Құнай Санатқан мен Айытов Мадиярдың орындауында Мұқағали Мақатаев ақынымыздың үзінді монолог.

2-жүргізуші:

Шынымен де, махаббат барша сезімдердің жиынтығы. Оны жоқ деп айтудың да қажеті шамалы. Өйткені, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады. Мәселен, Қозы көрпеш – Баян сұлу жырында, екі ғашықтың бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Екеуі бастапқыда бір –бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезімдері үдей түседі. Жырда Қозының Баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. Қай нұсқасында болсын, оның Баянды сүюшілік сезімін баса суреттеуге тырысады. Мысалға, Баянға айтқан бір сөзінде Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме,

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен соған,

Ішіме қайғы толғызды, — деп айтқандай Әбиірбек пен Майраның орындауындағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» атты бейне көріністі назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші:

Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген

Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген

Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген

Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген

Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген

Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген –деп ортаға 31 МВС топ студенті Толқынқызы Ризаны шақырамыз

Көрермендер арасында «Махаббат» аты мақал-мәтел, өлең шумақтар сұралады.

2-жүргізуші:

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махабаттан не басталады? Махабаттан барлық басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Өшпенділік, қызғаншақтық, күншілдік сияқты сезімдері махаббаттан басталады. Сөйтіп, махаббат – ең жақсы өмір жағы. Ал алайда ғалымдармен психологтардың зерттеуі бойынша қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты былай анықтайды екен, ендеше назарларыңызға «Қыз бен жігіт арасындағы» бейне көріністі ұсынамыз

1-жүргізуші:

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні

-деп ортаға құрылыс колледжінің психологы Аусарова Майра Қайыпжановнаны ортаға шақырыайық.

1-жүргізуші: «Махаббат – мәңгі ертегі» атты ашық тәрбие сағатымызды қорыта келе,

махаббат – біздің өмірімізде сирек пен асыл сезім. Көптеген тек махаббат туралы айтады, ал істе осы қандай болса да қанағатсыздық болады. Менің ойымша, тек қыз бен жігіт арасында ғана махаббат емес, махаббат «Тәрбие отбасынан басталады» және махаббат ана мен бала арасында, мүмкін әлемде ең күшті сезім шығар. Бірақ махаббат түйсігі өз табиғат –ана салады. Себебі ол бізге достарды, ата-аналарды, өмірді сыйлайды. Сондықтанда адамдар махаббат сөзін дұрысырақ түсінсе деймін.

2-жүргізуші: Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет

Поделитесь с коллегами:

« Махаббат - өмір тірегі » - атты әдеби – музыкалық композицияның сценарии

Ескендирова

Гульжахан

Сарымсаковна

Образование: высшее, КПИ, 1990 г.

Специальность: Учитель русского языка и литературы, казахского языка и литературы

Категория: первая

Педагогический стаж: 25 лет

Должность: Социальный педагог, учитель казахского языка и литературы

Проблема, над которой работает учитель:

«Развитие устной и письменной речи с использованием индивидуальных способностей учащихся»

СҚО Уәлиханов ауданы

Бидайық орта мектебі

« Махаббат —

өмір тірегі » —

атты әдеби — музыкалық композицияның сценарии

Дайындаған:

« Асыл мұра » драмалық үйірменің жетекшісі Ескендирова Г. С.

Бүгін, « Асыл мұра » драмалық үйірмеміздің, ересектер тобы дайындаған:

« Махаббат — өмірдің тірегі » — атты әдеби — музыкалық композициямызды назарларыңызға ұсынамыз.

Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,

Көзбен көр де, ішпен біл, — деген екен ұлы Абай махаббат туралы. Ғасырлар бойы, махаббат сезімі туралы, бүкіл әлемнің ақындары жырлаған. Өмірдегі бар жақсылық махаббаттан басталады: екі жас бір — біріне ғашық болып, жаңа отау құрады; ата — ана баласын сүйеді, әлпештеп, алақанына салып өсіреді; әр бала ата — анасын жақсы көріп, өмір бойы сыйлап өтеді. Шынында да, махаббат — өмір тірегі деген сөзсіз!

( «AVE MARIA» музыкасы ойнайды, балконда Джульетта тұр, Ромео шығады )

Ромео:

Им по незнанью эта боль смешна.

Но что за блеск я вижу на балконе?

Там брезжит свет. Джульетта, ты как день!

Стань у окна, убей луну соседством;

Она и так от зависти больна,

Что ты ее затмила белизною.

Оставь служить богине чистоты.

Плат девственности жалок и невзрачен.

Он не к лицу тебе. Сними его.

О милая! О жизнь моя! О радость!

Стоит, сама не зная, кто она.

Губами шевелит, но слов не слышно.

Пустое, существует взглядов речь!

О, как я глуп! С ней говорят другие.

Две самых ярких звездочки, спеша

По делу с неба отлучиться, просят

Ее глаза покаместь посверкать.

Ах, если бы глаза ее на деле

Переместились на небесный свод!

При их сиянии птицы бы запели,

Принявши ночь за солнечный восход.

Стоит одна, прижав ладонь к щеке.

О чем она задумалась украдкой?

О, быть бы на ее руке перчаткой,

Перчаткой на руке!

Джулетта:

О, горе мне!

Ромео:

Проговорила что — то. Светлый ангел,

Во мраке над моею головой.

Ты реешь, как крылатый вестник неба

Вверху, на недоступной высоте,

Над изумленною толпой народа,

Которая следит за ним с земли.

Джульетта:

Ромео, как жаль, что ты — Ромео!

Отринь отца и имя измени,

А если нет, меня женою сделай,

Чтоб Капулетти больше мне не быть.

Ромео:

Прислушиваться дальше иль ответить?

Джульетта:

Лишь это имя мне желает зла.

Ты б был собой, не будучи Монтекки.

Что есть Монтекки? Разве так зовут

Лицо и плечи, ноги, грудь и руки?

Неужто больше нет других имен?

Что значит имя? Роза пахнет розой,

Хоть розой назови ее хоть нет.

Ромео под любым названием был бы

Тем верхом совершенств, какой он есть.

Зовись иначе как нибудь, Ромео,

И всю меня бери тогда взамен!

Ромео:

О, по рукам! Теперь я твой избранник!

Я новое крещенье приму,

Чтоб только называться по — другому.

Джулетта:

Кто это проникает в темноте

В мои мечты заветные?

Ромео:

Не смею назвать себя по имени. Оно мне ненавистно.

Когда бы оно попалось мне в письме,

Я б разорвал бумагус ним на клочья.

Джульетта:

Десятка слов не сказано у нас,

А как уже знаком мне этот голос!

Ты не Ромео? Не Монтекки ты?

Ромео:

Ни тот, ни этот; имена запретны.

Джульетта:

Как ты сюда пробрался? Для чего?

Ограда высока и неприступна.

Тебе здесь неминуемая смерть,

Когда б тебя нашли мои родные.

Ромео:

Меня перенесла сюда любовь,

Ее не останавливают стены.

В нужде она решается на все,

И потому — что мне твои родные!

Джульетта:

Они тебя увидят и убьют!

Ромео:

Твой взгляд опасен двадцати кинжалов,

Взгляни с балкона дружелюбней вниз,

И это будет мне от них кольчугой.

Джульетта:

Не попадись им только на глаза!

Ромео:

Меня плащом укроет ночь. Была бы

Лишь ты тепла со мною. Если же нет,

Предпочитаю смерть от ударов,

Чем долгий век без нежности твоей.

Джульетта:

Кто показал тебе сюда дорогу?

Ромео:

Ее нашла любовь. Я не моряк,

Но если б ты была на крае света,

Не медля мига, я бы, не страшась,

Пустился в море за таким товаром.

Джульетта:

Мое лицо спасает темнота,

А то б , я знаешь, с стыда сгорела,

Что ты узнал так много обо мне.

Хотела б я восстановить приличье,

Да поздно, притворяться ни к чему.

Ты любишь ли меня? Я знаю, верю,

Что скажешь « да ». Но ты не торопись.

Ведь ты обманешь. Говорят, Юпитер

Пренебрегает клятвами любви.

Не лги, Ромео. Это ведь не шутка.

Я легковерной, может быть кажусь?

Ну ладно, я исправлю впечатление

И откажу тебе в своей руке,

Чего не сделала бы добровольно.

Конечно, я так сильно влюблена,

Что глупою должна тебе казаться,

Но я честнее многих недотрог,

Которые разыгрывают скромниц.

Мне б следовало сдержаннее быть,

Но я не знала, что меня услышат.

Прости за пылкость и не принимай

Прямых речей за легкость и доступность.

Ромео:

Мой друг, клянусь сияющей луной,

Посеребрившей кончики деревьев…

Джульетта:

О, не клянись луной, в месяц раз

Меняющейся, — это пусть к изменам.

Ромео:

Так чем мне клясться?

Джульетта:

Не клянись ничем

Или клянись собой, как высшим благом,

Которого достаточно для клятв.

Ромео:

Клянусь, мой друг, когда бы это сердце…

Джульетта:

Не надо, верю. Как мне ты не мил,

Мне страшно, как мы скоро сговорились.

Все слишком второпях и сгоряча,

Как блеск зарниц, который потухает.

Едва сказать успеешь « блеск зарниц » .

Спокойной ночи! Это почка счастья

Готова к цвету в следующий раз.

Спокойной ночи! Я тебе желаю

Такого же пленительного сна,

Как светлый мир, которым я полна.

Ромео:

Но как оставить мне тебя так скоро?

Джульетта:

А что прибавить к моему сговору?

Ромео:

Я клятву дал. Теперь клянись и ты.

Джульетта:

Я первая клялась и сожалею,

Что дело в прошлом, а не впереди.

Ромео:

Ты б эту клятву взять назад хотела?

Джульетта:

Да, для того чтоб дать ее опять.

Мне не подвластно то, чем я владею.

Моя любовь без дна, а доброта —

Как ширь морская. Чем я больше трачу,

Тем становлюсь безбрежней и богаче.

( голос кормилицы за сценой )

Меня зовут, я ухожу. Прощай. —

Иду, иду! — Прости, не забывай.

Я, может быть, вернусь еще. Постой — ка.

( уходит)

Ромео:

Святая ночь, святая ночь! А вдруг

Все это сон? Так непомерно счастье,

Так сказочно и чудно это все!

На балкон возвращается Джульетта.

Джульетта:

Еще два слова. Если ты, Ромео,

На мне решил жениться не шутя

Дай завтра знать, когда и где венчанье.

С утра придет мой человек к тебе,

Узнать на этот счет твое решенье.

Я все добро сложу к твоим ногам,

И за тобой последую повсюду.

Кормилица за сценой: Голубушка!

Джульетта:

Иду! Сию минуту! —

А если у тебя в уме обман, тогда, тогда…

Кормилица за сценой: Голубушка!

Джульетта:

Немедля! Оставь меня и больше не ходи.

Я завтра справлюсь.

Ромео:

Я клянусь спасеньем…

Джульетта:

Сто тысяч раз прощай. ( уходит )

Ромео:

Сто тысяч раз

Вздохну с тоской вдали от милых глаз.

К подругам мы — как школьники домой,

А от подруг — как с сумкой в класс зимой.

( направляется к выходу)

На балкон возвращается Джульетта.

Джульетта:

Ромео, где ты? Дудочку бы мне,

Чтоб эту птичку приманить обратно!

Но я в неволе, мне кричать нельзя,

А то бы я эхо довела до хрипа,

Немолчным повторением этих слов:

Ромео, где ты? Где же ты, Ромео?

Ромео:

Моя душа зовет меня опять,

Как звонки ночью голоса влюбленных!

Джулетта: Ромео!

Ромео: Милая!

Джульетта:

В каком часу послать мне за ответом?

Ромео: В девять.

Джульетта:

До этого ведь целых двадцать лет!

Мученье ждать… Что я сказать хотела?

Ромео:

Припомни, я покаместь постою.

Джульетта:

Постой, покаместь я опять забуду,

Чтоб только удержать тебя опять.

Ромео:

Припоминай и забывай, покуда,

Себя не помня, буду я стоять.

Джульетта:

Почти светает, шел бы ты подальше.

А как, скажи, расстаться мне с тобой?

Ты как ручная птичка щеголихи,

Привязанная ниткою к руке.

Ей то дают взлететь на весь подвесок,

То тащат вниз на шелковом шнурке.

Вот так и мы с тобой.

Ромео:

Мне так хотелось бы той птицей быть!

Джульетта:

О, этого и я хотела бы,

Но я бы умертвила бы тебя своими ласками. Прощай!

Прощай! Прощай! А разойтись нет мочи!

Так и твердить бы целый век: « Спокойной ночи »…

Ромео:

Прощай! Спокойный сон к тебе приди,

И сладкий мир разлей в твоей груди!

А я к духовнику отправлюсь в келью,

Поговорить о радости и деле…

( «AVE MARIA» музыкасы ойнайды )

Следующая сцена:

( музыка из кинофильма « Жестокий романс » )

Татьяна:

Я к Вам пишу — чего же боле?

Что я могу еще сказать?

Теперь я знаю в Вашей воле,

Меня презреньем наказать.

Но Вы, к моей несчастной доле,

Хоть каплю жалости храня,

Вы не оставите меня.

Сначала я молчать хотела,

Поверьте: моего стыда

Вы не узнали б никогда,

Когда б надежду я имела,

Хоть редко, хоть в неделю раз,

В деревне нашей видеть Вас.

Чтоб только слышать Ваши речи,

Вам слово молвить, и потом,

Все думать, думать об одном,

И день и ночь до новой встречи.

Но говорят, Вы нелюдим,

В глуши, в деревне все Вам скучно,

А мы, ничем мы не блестим,

Хоть Вам и рады простодушно.

Онегин:

Предвижу все: Вас оскорбит,

Печальной тайны объяснение.

Какое гордое презренье,

Ваш гордый взгляд изобразит!

Чего хочу? С какою целью

Открою душу Вам свою?

Какому злобному веселью,

Быть может повод подаю!

Татьяна:

Зачем Вы посетили нас?

В глуши забытого селенья,

Я никогда б не знала Вас,

Не знала б горького мученья.

Души неопытной волненья,

Смирив со временем ( как знать? )

По сердцу я нашла бы друга,

Была бы верная супруга,

И добродетельная мать.

Онегин:

Случайно Вас когда — то встретя,

В Вас искру нежности заметя,

Я ей поверить не посмел:

Привычке милой не дал ходу;

Свою постылую свободу,

Я потерять не захотел.

Еще одно нас разлучило…

Несчастной жертвой Ленский пал…

Ото всего, что сердцу мило,

Тогда я сердце оторвал.

Чужой для всех, ничем не связан,

Я думал: счасте и покой

Замена счастью. Боже мой!

Как я ошибся, как наказан.

Татьяна:

Другой!… Нет, никому на свете

Не отдала бы сердца я!

То в высшем суждено совете…

То воля неба: я твоя;

Вся жизнь моя была залогом,

Свиданья верного с тобой;

Я знаю, ты мне послан богом,

До гроба ты хранитель мой…

Онегин:

Нет, поминутно видеть Вас,

Повсюду следовать за Вами,

Улыбку уст, движенье глаз

Ловить влюбленными глазами.

Внимать Вам долго, понимать

Душой все Ваше совершенство,

Пред Вами в муках замирать,

Бледнеть и гаснуть… вот блажество!

Татьяна:

Ты в сновиденьях мне являлся,

Незримый, ты мне был уж мил,

Твой чудный взгляд меня томил,

В душе твой голос раздавался,

Давно…нет, это был не сон!

Ты чуть вошел, я вмиг узнала,

Вся обомлела, запылала,

И в мыслях молвила: вот он!

Не правда ль? Я тебя слыхала:

Ты говорил со мной в тиши,

Когда я бедным помогала,

Или молитвой услаждала,

Тоску волнуемой души?

Онегин:

И я лишен того: для Вас

Тащусь повсюду наудачу,

Мне дорог день, мне дорог час,

И я в напрасной скуке трачу

Судьбой отсчитанные дни.

И так уж тягостны они.

Я знаю: век уж мой измерен,

Но чтоб продлилась жизнь моя,

Я утром должен быть уверен,

Что с Вами днем увижусь я…

Татьяна:

И в это самое мгновенье,

Не ты ли, милое виденье,

В прозрачной темноте мелькнул,

Приникнул тихо к изголовью?

Слова надежды мне шепнул?

Кто ты, мой ангел ли хранитель,

Или коварный искуситель:

Мои сомненья разреши.

Быть может это все пустое,

Обман неопытной души!

И суждено совсем иное…

Онегин:

Боюсь в мольбе моей смиренной,

Увидеть Ваш суровый взор,

Затеи хитрости презренной —

И слышу гневный Ваш укор.

Когда бы Вы, как ужасно

Томиться жаждою любви,

Пылать — и разумом всечасно

Смирять волнение в крови;

Желать обнять у Вас колени

И, зарыдав, у Ваших ног

Излить мольбы, признанья, пени,

Все, все, что выразить бы мог,

А между тем, притворным хладом

Вооружать и речь , и взор,

Вести спокойный разговор,

Глядеть на Вас веселым взглядом!

Татьяна:

Но так и быть! Судьбу мою

Отныне я тебе вручаю,

Перед тобою слезы лью,

Твоей защиты умоляю…

Вообрази: я здесь одна,

Никто меня не понимает,

Рассудок мой изнемогает,

И молча гибнуть я должна…

Онегин:

Но так и быть: я сам себе

Противиться не в силах боле;

Все решено: я в Вашей воле,

И предаюсь своей судьбе.

Татьяна:

Я жду тебя, единым взором

Надежды сердца оживи

Иль сон тяжелый перерви,

Увы, заслуженным укором!

Кончаю! Страшно перечесть…

Стыдом и страхом замираю…

Но мне порукой Ваша честь,

И смело ей себя вверяю…

( играет романс « Я словно бабочка к огню…»)

Я словно бабочка к огню стремилась так неодолимо,

В любовь волшебную страну,

Где назовут меня любимой.

Где бесподобен день любой,

Где не страшилась я б ненастья,

Прекрасная страна — любовь ,страна любовь,

Ведь только в ней бывает счастье.

Пришли иные времена,

Тебя то нет, то лжешь не морщась.

Я поняла, любовь страна,

Где каждый человек притворщик.

Моя беда ,а не вина, что я наивности образчик.

Любовь — обманная страна, обманная страна,

И каждый житель в ней обманщик.

Зачем я плачу пред тобой и улыбаюсь так некстати?

Неверная страна — любовь,

Там каждый человек предатель.

Но снова прорастет трава,

Сквозь все преграды и напасти.

Любов ь- весенняя страна, весенняя страна,

Ведь только в ней бывает счастье,

Бывает счастье!

( Құрманғазының күйі ойнайды)

Саудагер:

Төлеген он екі жасқа келеді. Қыз іздеп, еш қызды ұнатпайды. Төлеген он алты жасқа келгенде бұл елге бір саудагер келеді. Ол Төлегеннің қыз ұнатпай жүргенін естіп, былай дейді:

Қыз ұнамай өз еліңнен жүрсе саған,

Төлеген сүйінші бер енді маған,

Елі бар Ақ Жайықта Алты Шекті,

Аласың жақсы қызды барсаң соған.

Төлеген қыз іздеуге көңілі кетті,

Жолы бар оның неше күндік депті?

Саудагер айтты жолын жүз күндік деп,

Төлеген іздемекке талап етті.

Төлеген Ақжайыққа жүрмек болды,

Тәңірінің жазған ісін көрмек болды,

Басшы болып, сол елді тапқан жанға,

Жүз жамбы сүйіншіге бермек болды.

Жаратты бір қара көк тұлпар атты.

Өзі жорға жануар құс қанатты,

Тұрманының барлығын алтындатып,

Күміспенен төрт аяғын тағалатты.

Шам — шырақ, тас орнатты жүген, ерге,

Басшы, қосшы, жүз жігіт алды бірге,

Тоғыз нарға алтын мен күміс артып,

Бес жігіт тағы алды қызметкерге.

Ерлерге жәрдем болсын бір Құдайы,

Қырық түйе болды қант пен шайы,

Азық — түлік барлығын даярлап ап,

Жөнелді туғаннан соң Наурыз айы.

Қаршыға:

Алты Шекті елінің ханы Сырлыбай деген бар еді. Ол ханның алты ұлы, ең кенжесі Жібек сұлу деген жалғыз қызы және ханның Қаршыға жыршы деген ақын уәзірі бар еді.

Қаршыға сенімді болған соң тоғыз мың жылқысын отарға шығарып, Қаршығаны жылқышылардың басы қылып қойған еді. Сол Қаршыға Төлегенді естіп, бармақ болды. Ол: « мен Төлегенді көрейін, Төлеген маған жақса, Қыз Жібек те жақтырар»,- дейді. Мұны ойлап бір атты алдырып мініп, Төлегенді іздеп келеді:

Отар жатқан Қаршыға,

Бір бедеуге мінеді,

Алладан пәрмен тіледі,

Ойпаң жерден орғытып,

Жарлау жерден ырғытып,

Тегіс жерден сырғытып,

Аяңдамай желеді.

Сексен жігіт елшіге,

Салып жетіп келеді.

Келіп сөйлей береді:

Асу да асу бел дейді,

Аса бір соққан жел дейді,

Сексен жігіт ішінде,

Базарбайдың баласы,

Төлеген мырза кім ? — дейді.

Төлеген:

  • Ассалаумағалейкүм, Қаршыға — еке!

Мен едім Базарбай ды Төлегені,

Мен едім Базарбайдың үлкен ұлы,

Алланың шыныменен сүйген құлы.

Осы келген Қаршыға, тобынан асқан ер еді.

Шетте тұрған Қаршыға, Төлегенге кеп еді.

Қаршыға:

Ауыл алды бел дейді, белден көшкен ел дейді,

Сексен жігіт ішінде, Базарбайдың баласы,

Төлеген мырза сен, — дейді.

Нәсіліңе қарасам, хас патшамен тең, — дейді.

Мен жайымды айтайын, Алты Шекті елінде,

Сырлыбай ханның уәзірі,

Қаршыға жыршы мен! — дейді.

Төлеген болсаң сен, — дейді,

Кел, соңымнан ер, — дейді.

( екеуі кетеді )

Төлеген:

Кім бар? — деп бұл күймеде дауыстады,

Ақылын ашуланып тауыспады.

Төлеген үш қайтара шақырса да,

Қыз Жібек сөйлесуге намыстанды.

Төлеген сонда тұрып қапа болды,

Өзінің елін ойлап іші толды:

Қыз түгіл өз елімде ер қорыққан,

Қайран басым бұл жерде бекер болды.

Өз елімде тең едім хан затымен,

Алдыма келмеуші еді жан атымен,

Мынау қыз жауап бермей қапа қылды,

Жүргенсіп өз елінде сәулетімен.

Төлеген қапа болып, қалды тұрып,

Атының кейін қарап басын бұрып,

Сол уақытта Қаршыға да жетіп келді,

Сөйлеспей Жібек кетті құдай ұрып.

Қаршыға Төлегенге келді жетіп,

Атына қамшы басып екпіндетіп,

Төлеген Қаршығаға сөз сөйледі:

Кетті, — деп, жауап бермей қапа етіп.

Бұл Жібек маған шақырсам жауап бермейді, ақымақ адамдарға ұқсап, бұл қалай? — дейді, сонда Қаршыға айтты:

Қаршыға:

— Мұның бектігі бар, ешкім бұрын бұған ондай дауыстап сөйлескен емес, енді мен сөйлейін,- деп Қаршығаның Жібекке келіп айтқаны:

Ұядан ұшқан балапан, қанаттарын тарайды,

Асыл туған анадан, әрбір іске жарайды.

Сенің үшін қарағым, тігемін алтын сарайды,

Данышпан адам дүниенің парасатын қарайды.

Ақы алып, қызмет қылғанды, оны да іске санайды.

Көтергін Жібек басыңды, ертіп келдім бір жігіт,

Тап өзіңе лайық, жақтырмап едім талайды.

Басыңды көтер, Жібекжан! Құлағың салып сөзіме,

Қасымда тұрғын бір жігіт тап лайық өзіңе.

Нұр жігіттей жүзі бар, бал шекердей сөзі бар,

Талай бекзат көріп ем, мыңын жисаң осының,

Жетпейді басқан ізіне, Қаршыға сынды көкеңді,

Қапа қылмай, қарағым, бір қарашы жүзіне.

Сонда Жібек сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді:

Көке болмай жерге кір, салмаймын құлақ сөзіңе.

« Бай тауып, маған әкел », — деп, қашан айттым өзіңе?

Жөндеп баққын малыңды, бет алдыңа сандалмай,

Жолама менің ізіме! Екі тайға ұялмай,

Мені сатып сыртымнан, не бетіңмен сөйлейсің,

Көрінбей жоғал көзіме!

Қаршыға сонда сөйлейді:

Рас, менің, Жібекжан, екі жорға алғаным,

Неге айтайын сөзімнің, расын айтпай жалғанын,

Мақұл ма екен, Жібекжан, сөздің жөнін байқамай,

Өтірік жалған салғаның? Екі жорға мен алдым,

Төлегенге дос болып, нан, қарағым, сөзіме,

Көңілің маған хош болып. Жолыңа сенің басымды,

Бәйгеге тігіп мен келдім, сегіз күн ұдай жол жүріп,

Ерте көшіп, кеш қонып, басыңды көтер, Жібекжан,

Еңбегім кетер еш болып.

Сонда Жібек ойлайды: бұл Қаршыға адамсынып келген екен, бұған көрінбесем, ұят болар және әбден бетімді ашып отырсам тағы жарамас деп, бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп амандасты да, қайтадан пәуескінің қақпағын түймелеп жапты.

Төлеген:

Қыз Жібектің құрметі, жиһаннан асқан сәулеті.

Ләйлі — Мәжнүн болмаса,өзгеден артық келбеті.

Өзі он төрт жасында-ай, кебісінің өкшесі,

Бұхардың гаухар тасындай, ақ маңдайы жалтылдап, Танадай көзі жарқылдап, алтын шашпау шашындай,

Қыз Жібектің дидары, қоғалы көлдің құрағы,

Көз сипатын қараса, нұр қызының шырағы,

Дури гаухар сырғасын, көтере алмай тұр құлағы,

Бой нұсқасын қарасаң, бектер мінген пырағы,

Қыз Жібектің ақтығы, наурызды ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы, ақ тауықтың қанындай.

Екі беттің ажары, жазғы түскен сағымдай,

Білегінің шырайы, айбалтаның сабындай.

Төсінде бар қос анар, нар бұраның санындай,

Оймақ ауыз, құмар көз, іздеген ерге табылдай.

Төлеген:

Жиһанда бұл сипатты әйел көргенім жоқ еді, енді мұны алайын. Оған шейін бір — екі ауыз сөз сөйлесіп кетейін, бекер кеткенім жарамас.

Басыр, басыр, басыр — ау, аққа құлпы жасыл-ау,

Басыды көтер, ай, Жібек, Төлеген келді қасыңа — ау!

Қыз басыңмен алшақтап, бүйте берме-ай, Жібек,

Кесірің жұртқа тимесін.

Жібек:

Олай болса, Төлеген, мен жайымды айтайын:

Ағыным судай ағады, халқым малдай бағады,

Жұртым қойдай қағады, менің қылған кесірім,

Саған кесір болса да, өзіме майдай жағады.

Жалғыз атты жолаушы, жақындамай, арман тұр,

Үстімдегі кесірлер, саған таман барады.

Ат байлаған шағыр тас, арқама біткен қола шаш,

Қайдан келіп кез болдың, қаңғырып өскен бір құ бас?

Жалғыз атты жолаушы, кесірім ұрып керпесін,

Қасыма келмей аулақ қаш!

Төлеген:

Қыз Жібек мінген күймесін, күймеге тағып түймесін,

Қайдан білдің, Жібек — ау, іздеп келген Төлеген.

Мал беріп, сені алмасын?

Жібек:

Жақсы айтасын, Төлеген, сіз — сіздей әр жерден,

Неше жігіт келмеген? Бәрі де айтқан:

«Жібек — ау, сені алмасам » дей берген,

Кебісі келмей шеңіме, бидарха болып жөнеген.

Келсең кел шыңдап қасыма, шай мамығым басыңа,

Ап жатпас па едім қасыма, алуа шекер беремін,

Ішетұғын асыңа, келсең келгін, Төлеген,

Құрметім мұндай, мінеки.

( екеуі, қолыстасып кетеді)

Күй үні естіледі, жүргізуші дауыстап:

Әлқисса, о дариға, Құдай деп, лә илаһа ил — алла деп,

Жұлдыз шыға Төлеген ахірет сапар жөнеді,

Мадайдан тиген жалғыз оқ, желкеден ағып өтіпті,

Алладан жазған пәрмені — ажалы бүгін жетіпті,

Айтып — айтпай немене, сол секілді асылдар,

Кебіні жоқ, көрі жоқ, ит пенен құсқа жем болып,

Мұратына жете алмай, арманда болып кетіпті.

( Абайдың өлеңі « Көзімнің қарасы »)


12.02.2021

Тақырыбы: Махаббат үшін өмір сүру.

Мақсаты: Оқушылардың әлемге деген сүйіспеншілігі мен мейірімділік сезімдерін ояту; бауырларына, туған –туысқандарына, достарына, қоршаған ортаға деген махаббатын оятып, дамыту.

Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер т.б;

Барысы.

Мұғалім: Адамзатпен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып –ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Жер бетінде қанша миллиард адам болса, солардың әрқайсысында өзінің дара махаббаты бар. Махаббат –адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келгеннен бастап сезіп –көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында, олардың аялы алақанын сезіне жүріп өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көріп- көрмеуі екіталай. Әйтсе де адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық.

Оқушылар: Дүниені ұстап тұрған – ыстық махаббат,

Махаббат бар жерде ғана өмір бар. (М.Ганди)

Махаббат демімен үрленбесе,

Тіршіліктің шырағы жанбас болар. (Махтымқұлы)

Мүмкін сен бұл өмірде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. (Маркес)

Махаббат адамды танымастай ғып өзгерте алады. (Теренций)

Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде.

(Луиза Хей)

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділікпен, баяндылықпен өлшенеді. (Цицерон)

Мұғалім: Бәрінің бастауы махаббат,

Жаныңа нұр құйған махаббат.

Еңбектің рахатын сездірген,

Гүлдерге құлпыртып түр берген,

Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы мейірін қандырған,

Шуағы жылытқан жүректі,

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы махаббат!

Махаббаттың 25-ке тарта түрі бар екен. Осы махаббаттың қайсысы сіздің бойыңызда бар?

— Ананың махаббаты (сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын)

— Әке махаббаты (жауға қарсы кеткен ұлын мойнына бұрша салып, соқыр көзінен жас парлап күткен әкенің махаббаты)

— Бауырға махаббат (басына іс түскенде «Әйел жолда, бала белде, бауырды қайдан табасың?» дегізген бауырмалдық махаббат)

— Отанға деген махаббат (туған жерден, атажұрттан алыстап бара жатып бір уыс топырақты түйіп әкеттірген махаббат)

— Достық махаббат

— Өмірге махаббат

— Табиғатқа деген махаббат

— Екі адам арасындағы т.б

Қатысушыларға таратып беріп, түсінік бергізу

Ержан: Адамзатты аялаған ақ арман,

Барлық ғалам махаббаттан жаралған.

Өмір- өзен сан тарапқа ақса да,

Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,

Адамзаттың талмай айтар әні ме?

Өзіңді де, өзгені де сүйе алсаң,

Жете аларсың махаббаттың мәніне.

Анар: Әкем- біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім,

Олар барда мереке, көрген емен

Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Әке -білек, саусағы- балалары,

Қантамырмен жалғасқан аралары.

Ана- тамыр бойымен бәріне де

Тіршіліктің жылуы таралады.

Гүлдана: Табиғат –алтын күнім, асыл айым,

Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.

Үңілем таңнан тұрып терезеге,

Ашық па, жабық па деп қас –қабағың.

Табиғат –көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Ислам: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,

Тәуелсіз Қазақстан –елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,

Тындарсың оң жүректің сазын әлі.

Шіркін-ай жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Сен неткен Отан –Анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім!

Мұғалім: Кешегі тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу- маржаны, сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Ләйлі мен Мәжнүн, т.б Махаббат тақырыбы әдебиетте, соның ішінде шығыста сонау заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп жырланғынымен, махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес.

-Қазіргі заман әдебиетіндегі махаббатың жыршысы деп кімдерді айтар едіңіздер?

Екі топқа тақырыптық байқау. Екі топқа мынадай тірек сигналдары таратылады сол бойынша өлең немесе эссе, пікір жазу.

І топқа «Армансыз адам болмайды» 1.Қиялым. 2.Үмітімді үзбедім. 3.Іздей-іздей шаршадым.

ІІ тоқа «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» 1.Адам құдіреті. 2.Лаулаған сезім. 3.Ғашық болып. 4.Сенім артқан ерекше еді-ау

Әлемге танымал ғашықтар туралы әңгімелеу.

«Махаббат шуағы»

1-көрініс

(Сахнаға қария мен жас жігіт шығады)

Қарияның рөлінде Бақытжан А, жас жігіттің рөлінде Жазықбай А, қыздың рөлінде Уахитова А.

Қария: Мынау үлкен ғаламда адамзат баласының жүрек қылын шертетін, тәтті қиял-ғажайыптарға бөлейтін ұлы сезім бар. Ол сезім махаббат деп аталады.

Жас жігіт: Ұлы сезім дейсіз бе, ата?! Мен сол сезімді неге сезбеймін? Жүрегім менің неге ол сезімнің ләззатына бөленбейді? Айтыңызшы. Әлде ол сезім көптің уысына түсе бермейтін, әркімнің дегеніне көнбейтін, сусыз ми далада шөлдейтін, алыстан мұнарлатып маған кел дейтін сезім бе?

Қария: Ей, қарағым, бұл сезімнің дәмін татпаған, рахатына бөленбеген, қызығына қанықпаған, шыжығына күймеген жан жоқ шығар жер бетінде. Сен де бір күні сол сезімнің шырмауына арбаласың. (Екеуі шығып кетеді)

2-көрініс

Жас жігіт: Махаббат қандай ғана сезім едің, сен үшін әлем жерді кезіп едім. Қария, қанша жерге жол тартып, қанша елге сапар шексем де сіз айтып тамсандырған тәтті сезімді кезіктіре алмадым.

Қария: Қарағым, алты қырдан ассаң дағы, жеті қырды кезсең дағы махаббат сезімін таба қоймассың. Ол әлде бір күш сияқты. Кенеттен ойламаған жерден жүрегіңе ғашықтың ыстық тамшысы еніп, сол тамшыдан махаббат деп аталатын тәтті сезімнің ұлпасы түзіледі. Оның орны тек жүректе. Жүректен жүрекке өтетін сезім ғой бұл.

3-көрініс

Қария: Махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік бәрі –бір-бірімен байланысқан асау аттың шабысындай ешкімге дес бермейтін адам бойындағы баға жетпес құнды дүние. Оны ешқандай ақшаға, ешқандай алтынға сатып алуға болмайды. Қазіргі заманның жастарының махаббатты аяққа таптағанына ішім ашиды. Осындай ұлы сезімді аяламаған жастарға не дерсің?! Қадіріне жетіңдер махаббатың. Оның киесіне қалмаңдар, шырақтарым!

Жас жігіт: Егер менің жүрегімде ғашықтық сезімі болса, қария, сізге уәде берем: ол сезімді аялап өтемін.

(Сахнаға қыз шығады)

Қыз: Сәлеметсіз бе, ата. Қал-жағдайыңыз қалай?

Қария: Амансың ба, балам, танымадым ғой?

Қыз: Ата, мен ауылдағы Ахат есімді ініңіздің Бану атты қызы боламын.

Қария: А-а, қарағым, енді есіме түсті. Сен жастайыңнан өнер-білім қуып қалаға кетіп едің ғой.

Қыз: Иә, ата, сол арманыма жетіп, қалаған мамандығымның тізгінін ұстап, оқу-білімді жалғастырып жатқан жайым бар. Ауылымның көктемгі жұпар иісін сағынып, табиғат аясында серуендеп жүрген жайым бар.

Қария: Дұрыс айтасың, қызым, ауылдың жанға дауа, шипа ауасына не жетсін. Шырағым бойыңда ақындық қабілетің бар еді.

Қыз: Ақындық өмірімнің мәні, қиналсам да, қуансам да ойымды өлең арқылы бөлісемін. Табиғат аясында тұрып бойымдағы шабытымды шыңдап тұрмын.

Қария: Олай болса, балам, шабытыңның жемісін біз де көорейік.

(Қыз өлең оқиды)

(Кейін шығып кетеді)

Жігіт: Ата, айдай сұлу мына қыз періште ме, пері ме? Қайдан ғана келе қалды жеріме? Жүрегімді әлдеқандай бір белгісіз сезім билеп, күш-қуатым тасып бара жатқандай. Ата, бұл қандай сезім? Маған не болды?

Қария: Әй, балам, айтып едім ғой, махаббат –мезгілсіз келетін дерт. Арбалдың сен де сол сезімнің шырмауына.

4-көрініс

(Жігіт қолында қағаз бен қаламы бар сахнаға шығады. Сезімін дәптерге жазуда)

Ғашықпын, мен ғашықпын сол адамға,

Мен болмасам болмайын, сол амнба?

Ғайптан періштедей пайда болған

Сол қызды енді қайтіп көре алам ба?

(Осы кезде сахнаға қыз шығады)

Жігіт: Қарындас, сәл кідіре тұрыңызшы.

Қыз:Иә, жігітім қандай шаруаң бар?

(Екеуі бірге сахнадан шығып кетеді)

Ән: «Қайықта»

(Қыз бен жігіт қосылып)

Махаббаттың туын ұстап жарқырап,

Қос аққудай жүзейік біз қалықтап.

Аялайық ғашық сезім пәк гүлін,

Бір кешейік бұл өмірдің шаттығын.

Мұғалім: «О, махаббат!»

Берілген парақтарға махаббат түрлері жазылады, оқылады. Пікірлеседі.

Махаббат түрлері: мөлдір махаббат, баянды махаббат, ессіз махаббат, қорғансыз махаббат, есепті махаббат, пәк махаббат, алғашқы махаббат, бала махаббат, жауапсыз махаббат т.б.

Ойланайық, пікірлесейік.

  • Адамға махаббат не үшін қажет?
  • Адамда махаббат сезімі болмаса не болар еді?
  • Махаббат пен сүйіспеншілік ұғымдарын қалай түсіндіресіздер?
  • Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
  • Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
  • Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?
  • Махаббаты аңызға айналған қазақ сазгері- Естайдың сүйіктісіне арнаған әні
  • Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
  • Махаббатта қызғаныш болу мүмкін бе?
  • Махаббатқа деген тұрақтылық неден көрінеді?
  • Достық түбі махаббатқа ұласа ма? Екеуінің арасындағы айырмашылықты қалай түсінесің?

Тренинг «Асық»

«Асық» ұғымына не айта аласыз?

Өмір сүруге асық!
Жақсылық жасауға асық!

Бақытты болуға асық!

Өзгені бақытты етуге асық!

«Махаббатсыз дүние бос…» тақырыбында постер қорғау.

Төменде берілген тапсырмаларды орындап, көпшілікке таныстырып, өз ойларын қорғау.

1.Махаббаттың сізге белгілі формалары бар ма?

2. «Махаббат» ұғымына синоним яғни ұқсас ұғымдарды іріктеу.

3. «Махаббат» ұғымына антоним яғни қарсы ұғымдарды іріктеу.

4. Бұл сезімнің адам өміріндегі мәні, орны.

— Махаббат адамға қандай артықшылықтар береді?

— Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

— Махаббат та кемшіліктер бола ма?

— Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?

5. Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?

Қорытынды.

Мұғалім: Бүгінгі кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Шуақты нұрмен бірге әр адамның жүрегіндегі махаббат сезімін бағалауға түрткі болған бұл кештен баршаңыз да әсер алдыңыздар деп ойлаймыз. Қай заманда болмасын, қай мамандық иесі болмасын барша адамзатты біріктіретін ұлы сезім –махаббат сезімі. Жас болсақ та, кәрі болсақ та осы бір аялы сезімді ардақтап, бір-бірімізге үлкен сүйіспеншілікпен қарай білейік.

    Махаббат қызық мол жылдар — Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.

Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. «Апамның айтқандары», «Өз ойларым», «Алтын діңгек» дейтін нақыл тараулар және т.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енді. Автор Ерболды тілші болып жүргеніндегі барлығын сынап, ал соғыста қас батыр, еңбекте ер қылып көрсетті.

    Шығарма кейіпкерлері:

Ербол — шығарманың негізгі кейіпкері, ақкөңіл, досына адал, аңғал,шығарма басында біраз ұяң болып сипатталатын кейіпкер.

• Меңтай — шығарманың негізгі кейіпкері, адал, ақылды, сұлу, Ерболдың жары.

• Майра Абаева — Ербол мен Меңтайдың курстас досы, прототипі – Майра Ыбыраева.

• Жомартбек — арықтау келген, қу, Ерболдың курстас досы.

• Зайкүл — өте қу, жеңіл мінезді, өз мақсаты жолында ештеңеден тайынбайтын қыз.

• Тәкен — Ерболдың майдандас досы.

• Қанипа — Ербол мен Меңтайдың курстас досы.

• Мұхит Әуенов — прототипі – Мұхтар Әуезов, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.

• Сәлима — Ерболдың уәделескен қызы.

• Бүркітбай — Колхоз басшысы, Ербол уәделескен қыздың күйеуі.

• Заман — Ерболдың жан досы, Тананың сүйгені.

• Тана — Заманның жары, Ерболдың досы.

• Шалдуар Шалғынбаев — жағымсыз кейіпкер, менмең, мақтан сүйер, өзімшіл жан.

• Тұмажан Ошақбаев — жағымсыз кейіпкер, тек өзін ойлайтын, өтірік сөйлейтін, арсыз жан, Меңтайдың ағасының майдандасы.

    Роман Абайдың «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық мол жылдар? Ақырын-ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар» деген өлең жолдарымен басталады. Журналист, әдебиет зерттеуші және жазушы арасында махаббат туралы әңгіме ұласады. Журналист өзінің махаббат хикаясын баяндай бастайды… 1945 жылдың 14 қарашасы. Ербол Есенов Алматыдағы Қазақ университетінің студенті боп қабылданады. Сол күннен бастап оның махаббат кемесіне жол табуы басталады. 33-аудиторияда Ербол мен Жомартбек жалғыз жігіттер болатын. Отыз шақты қыз ішінде қуы да, ақылдысы да, сұлуы да, өнерлісі де болады. Бірақ Ербол жанына ең жақын болғаны — Меңтай. Ол ақылы көркіне сай, сабырлы қыз. Ербол келгеннен оны «ағай» деп атап, ылғи жәрдемдесетін де осы болды. Ербол уақыт өте келе Меңтайдың ақкөңілділігіне, ақылдылығына тәнті болып, ғашық бола бастайды. Меңтай да «ағайына» ештеңе сездірмесе де, Ерболға көңілі ауып жүреді. Ербол Меңтайға өз сезімдерін айтудан сескектенеді. Оған арнап бір-екі рет өлең шығарады. Осылай біраз жыл өтеді. Курстастарының алдында Ербол біраз ашылып, мұғалімі Мұхит Әуеновтің де алдында өз өнерін көрсетеді. Соғыс жайлы, сондағы оқиғалар жайлы «Тоғжан» деген новелласын да баяндайды. Ербол өзіне сенімді де, адал достар табады. Көптеген оқиғаларды бірге бастарынан кешіреді. Аудитория ішіндегі қызықтар, сессия тапсыру — мұның барлығы студенттердің естерінде қаларлық оқиғалар. 1946 жылы өзінің жан досы, майдандас жолдасы, қаза болды деп жүрген Заманнан хат келіп, Тананы сүйіктісіне жібереді. Ал 1947 жылдың жазында Меңтай туралы адам сенгісіз жайт естиді. Тұмажан Ерболға барлығын айтып береді. Оның үстіне, Меңтайдың абырой-арын кірлеткенін мақтан тұтарлықтай сезімде айтып отырып, Ерболдың ашуына тиеді. Ол, біріншіден, аймалап, күтіп, сүйіп жүрген аруы Меңтайды кірлетті. Екіншіден, қыздарға қорғаныш болудың орнына оларды кемсітіп, қолданып, қадірін түсінбейтіндігінен. Содан ол сессиясын тапсырып, Меңтай кеткен ауылға, яғни досы Майраның ауылына барады. Сол үйде екеуі тойларын өткізеді. Аз уақыттан соң Меңтай жүкті болады. Ол жүрегінің астында Ерболдың баласын сақтап жүреді. Алайда ауруханада жатқанының 3-күні толғақ тартып, бала да, Меңтай да о дүниеге аттанады. Ербол қатты қапаланады. Оған дәрігерлер Меңтай қалдырып кеткен күнделікті береді. Ол күнделікте Меңтайдың уайымы, ойлары, Ерболды шексіз сүйетіні туралы, «Мен өліп кетсем, балама анасын есіне салып отыр» деген сөздерге толы хаттар жазады. Тана мен Заман өздерінің 4 баласының екеуін Меңтай мен Ербол деп атайды.

Бұл әңгіменің ең жағымды жағы — Ербол армандаған жұмысына тұруы және, ең бастысы, махаббатқа толы жылдарын Меңтаймен бірге өткізуі.

Махаббат — өмір өзегі
9 сынып
Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
• адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
•сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып интерактивті тақтада жазылған өлең жолдарын бірлесіп оқиды.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы — мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін —
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп: «Өмір сүр…» дегенде,
Тербелдің Махаббат — кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы – Махаббат!

Ойланайық, пікірлесейік
•Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
•«Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
•Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады? Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
•Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланыс бар?
•«Бәрінің бастауы – Махаббат» дегенді қалай түсінесіз?

Мұғалім интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі пікірлерге тоқталып өтеді.

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро — эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.

Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қылдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде аз болмаған.

Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адал және оны қадірлей, қастерлей білу керек.
Оқулықта берілген І. Есенберлиннің «Алтын кұс» романынан үзінді оқып, талдау ұсынылады.

Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналып тұрады.

Мұғалімнің сөзі:
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс
(дәптерге орындалады)
«Махаббатсыз дүние бос…» тақырыбына зерттеу, талдау жасаңыз.
(Интерактивті тақтада тапсырмалар жазылып тұрады)
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.

2-кезең Ұқсас ұғымдарды іріктеу:
• «Махаббат» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу.

3-кезең Қарсы ұғымдарды іріктеу:
• «Махаббат» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу.

4-кезең. Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау үшін сұрақтар:
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Оның ғашықтық, сүйіспеншілік, құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
• Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

5-кезең Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
• Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?

Махаббат — өмір өзегі жүктеу

Махаббат — өмір өзегі

9 сынып
Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
• адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
•сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып интерактивті тақтада жазылған өлең жолдарын бірлесіп оқиды.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы — мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін —
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп: «Өмір сүр…» дегенде,
Тербелдің Махаббат — кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы – Махаббат!

Ойланайық, пікірлесейік
•Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
•«Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
•Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады? Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
•Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланыс бар?
•«Бәрінің бастауы – Махаббат» дегенді қалай түсінесіз?

Мұғалім интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі пікірлерге тоқталып өтеді.

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро — эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.

Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қылдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде аз болмаған.

Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адал және оны қадірлей, қастерлей білу керек.
Оқулықта берілген І. Есенберлиннің «Алтын кұс» романынан үзінді оқып, талдау ұсынылады.

Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналып тұрады.

Мұғалімнің сөзі:
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс
(дәптерге орындалады)
«Махаббатсыз дүние бос…» тақырыбына зерттеу, талдау жасаңыз.
(Интерактивті тақтада тапсырмалар жазылып тұрады)
1-кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.

2-кезең Ұқсас ұғымдарды іріктеу:
• «Махаббат» ұғымына синоним ұғымдарды іріктеу.

3-кезең Қарсы ұғымдарды іріктеу:
• «Махаббат» ұғымына антоним ұғымдарды іріктеу.

4-кезең. Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау үшін сұрақтар:
• Махаббаттың құндылығы неде?
• Оның ғашықтық, сүйіспеншілік, құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?
• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
• Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
• Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?

5-кезең Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
• Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?
Махаббат — өмір өзегі жүктеу

Махаббат өмір өзегі, махаббат күніне арналған ,15 сәуір ,ғашықтар күні, өмірді сүю, алғашқы махаббат

© Дереккөзі

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Махаббат ?ызы? мол жылдар сценарий
  • Мафия сценарий праздника
  • Мафия ведущий на праздник
  • Маф1эщхьэтыхь тхьэлъэ1у сценарий
  • Маф1эщхьэджэд тхьэлъэ1у сценарий

  • Добавить комментарий

    ;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: