Мерейлі отбасы туралы сценарий

Балабақшадағы отбасылық мерекеге арналған Отбасылық сайыс.. Дошкольное образование, Мероприятия, Жанара, "Мерейлі отбасы", "Отбасым-Тірегім"

Тақырыбы: Мерейлі отбасы

Мақсаты:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу
Барысы:  

І. Ұйымдастыру
Жүргізуші:         Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
                              Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
                              Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
                              Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.
1-бала: Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
«Отбасы» тойы басталды.
Қызықтан тыс қалманыздар!
2-бала:                            Қастерлейміз халық боп,
                                          Салт дәстүрді дәріптеп
                                          Айтып кеткен бабалар,
                                          Дәстүрінді таныт деп!
Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!
«Мерейлі отбасы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден
(Ортаға ____________________отбасын шақырамыз)
2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(ортаға _____________________отбасы шақырылады)
3. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Мерейлі бүгін сайыста

Жеңімпаз боп қалмақшы.
(ортаға ____________________отбасы шақырылады)
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
                                              ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс 6 кезеңнен тұрады
Ақыл-көрік бойлырыңа жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға ізетпен,
Отбасылар таныстырып өтеді.
1-ші кезен .  «Тегімді менің сұрасаң»  (Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе  2-ші кезең  «Өнерлінің өрісі кең»  кезеңі  (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б)

******************************************************************
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықта танытар.
Бұл сыннан де өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-деп,
3-ші кезең  «Ата мұраң-асыл қазынаң»  қазақтың салт-дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады
«Қонақ-Құдай елшісі», «Қонақ келсе құт» деген қазақтың мақалдарынан халқымыздың қонақжайлылығын көреміз. Осы қонақ жөн-жолағысына қарай неше түрі болады?
/1. Құдайы қонақ-көлік күтіп, кеш болып кеткенде келген қонақ. Ондай қонақты үй иесінің қабылдамауға хақы жоқ.
2.Сый қонақ-арнайы шақырылған қонақ.
3.Қыдырма қонақ-ауыл үйдің қонағы/
 2. «Жасау», «Енші» салт дәстүрі, айырмашылығы
3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт –жоралардың түрлері қандай?
4.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз
5.Малайсары қария Сырымға «Кеудең тола бауыр болсын, арқаң қара нардай жауыр болсын, үйіңнің сыртынан дүбір, құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін» деп бата беріпті. Осы батаны қалай түсінесіз?/ кеудең тола бауыр болсын-өкпешіл болма, кешірімді бол дегені, арқаң қара нардай нардай жауыр болсын- ел жүгін арқала, шыдамды бол дегені, жора жолдасың көп болсын дегені/
 6. «Домбыра сенде мін бар ма,
Мінсіз болсаң- тіл бар ма.
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден артық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда»,- 
деп дүлдүл ақын, күйші І. Жансүгіров айтқандай, күйді тыңдағанда жаныңды қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек бояуын табады. Олай болса, бірге күй тыңдап, сіз сол күйдің атын табыңыз, мүмкін болса авторымен (күй қойылады)

******************************************************************
4-ші кезең . 
Өнерлінің өнерін
Тағыда байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Ептілерге кезек берейік «Суретшілер сайысы» формат А3 ке сурет салу, кезекпе кезек.

Маркер 3 түсті

1.Менің балабақшам

2.Менің отбасым

3. Табиғат
******************************************************************
 5-ші кезең «Тіл өнері»
Шарты: Жұмбақ жасырылып, жауабын екі тілде айту керек: қазақша және орысша. 1 тілде жауап-5 ұпай, 2 тілдегі жауап 10 ұпай болып есептеледі.
Жұмбақтар:
Жұпар исі еседі, жайнап бақта өседі, аты не, кім шешеді? /гүл-цветок/ 
Суда қалқиды, жылыда балқиды /мұз-лед/
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен /су-вода/
Ашылып жабылады, әр үйден табылады /есік-дверь/
Желден желігеді, судан шегінеді /от-огонь/

******************************************************************

6-шы кезең. Отбасылық газет

Қорытынды:  ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Жүргізуші:   Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
                         Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.
                         Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
                         Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.
Қорытындылау 
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата-аналар ұстаздар! Сіздер бүгін отбасы сайысын көріп тамашаладыңыздар. Балабақша тәрбиеленушілерінің, өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке, ынтымақ тілеймін. Балабақшамен  жиі байланыста болыңыздар!

Отбасылық сайыс

«Мерейлі Отбасы»

Барысы:  

1-ші кезен «Тегімді менің сұрасаң»  (Ортаға

отбасылар шығып,өздерін таныстырады-ұранымен)

2-ші кезең «Өнерлінің өрісі кең»  кезеңі  (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б)

3-ші кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң»  қазақтың салт-дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады

4-ші кезең «Суретшілер сайысы» формат А3 ке сурет салу, кезекпе кезек.

5-шы кезең «Отбасылық газет» А2 ватман

қағазға фото немесе басқа да суреттерден

коллаж жасау

6-ші кезең «Тіл өнері»
Шарты: Жұмбақ жасырылып, жауабын екі тілде айту керек: қазақша орысша және ағылшынша. 1 тілде жауап-5 ұпай, 2 тілдегі жауап 10 ұпай болып есептеледі.

7-ші кезең «Сән үлгісі»:

«Мерейлі отбасы» сайысының сценарийі
«Бөбектер» биі
1 — жүргізуші:
«Бала – адамның бауыр еті», «балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі.
Армысыздар отбасы тірегі — асқар тау әкелер, ақжаулықты аналар және қадірменді қонақтар.
2 — жүргізуші:
Добрый день дорогие гости, уважаемые отцы и милые мамы!
1 — жүрг:
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы — ата — анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды.
2 — жүрг:
Семья – это колыбель всего человечества, а родители самые первые и главные учителя для ребенка. Они открывают все тайны и прелести жизни своему чаду. Учат его быть человеком.
1 — жүрг:
Себебі, отбасы – таным бесігі, отбасы — үлгі – өнеге бастауы. Ата – ананың үйдегі қарым — қатынасы, киімкиісі, мінез – құлқы бәрі балаға үлгі. Өйткені, бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан – мейір алады».
2 — жүрг:
Потому что, семья – это колыбель мироздания, семья – это начало подражания и примера. Взаимоотношения между родителями, их манера одеваться, выражение характера, все это служит примером для подражания. Потому что ребенок получает от отца – мудрость, от матери – тепло и доброту.
1 — жүрг: Сөзіннің жаны бар, Айслу баланың болшағы ата — анаға байланысты. Ал біз, «Ақбөбек» балабақшасы бөбектеріміздің болашағына зор үмітпен қараймыз. Себебі ең парасатты, ақылды, әдепті, жауапты, мейірімді ата — аналармен жұмыс жасаймыз. Сондай мерейлі отбасылардың көзқуаныштарын біздің орталық тәрбиелейді.
2 — жүр:
Будущее ребенка зависит от его родителей, а мы ДОЦ «Акбобек» ждем от будущего наших воспитанников самых лучших результатов, потому что мы сотрудничаем с самыми умными, воспитанными, ответственными, добрыми и отзывчивыми родителями. И самое ценное сокровища таких позитивных семей воспитываются в нашем ДОЦе.
1 — жүр
Олай болса, ата — ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата — ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру үшін сонмен қатар, балабақша өмірі мен отбасы байланысын нығайту мақсатында үйымдастырылған отбасылық «Мерейлі отбасы»сайысымызға қош келдіңіздер!
2 — жүр:
И в целях развития в семье уважения, доброты, дружбы и согласия, в целях привития всех благих человеческих качеств мы проводим сегодня семейный конкурс «Мерейлі отбасы».
1 — жүрг:
Ендеше, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, балабақша өмірімен тығыз байланыс орнатып, баласының болашағына жауапкершілікпен қарайтын, осынау сайысқа отбасы намысын қорғаймын деп келген, мерейлі отбасылық топтарды зор қошеметпен сахна төріне шақырамыз!
(Сахнаға рет — ретімен отбасылық жұптар шығады)
1 — жүрг: Балдырғантобыныңата — анасы —————— отбасылықтобы
Әкесі:
Анасы:
Баласы:
2 — жүрг: (орысша) Бүлдіршін
1 — жүрг: Балауса
2 — жүрг: (орысша) Балапан
1 — жүрг: Ботақан
2 — жүрг: Ақбота
1 — жүрг: Күншуақ
2 — жүрг: Шұғыла
1 — жүрг: Байтерек
2 — жүрг: Айгөлек

1 — жүрг: Отбасылық топтар және құрметті көрермендер «Мерейлі отбасы» сайысының кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Отбасылық «Мейрейлі отбасы» сайысы 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең «Таныстыру». Бұл кезеңде отбасылық топтар отбасы мүшелерін слайд — шоу немесе видеоролик арқылы таныстырады. Бұл кезең бойынша таныстыру стиліне, отбасылық жарасымдылыққа және үйлесімді көрнекілікке аса мән беріледі.
2 — жүрг:
Наш конкурс состоит из 3 этапов. 1 тур пройдет под названием «Знакомство». В этом туре семейные группы могут представить свою семьи в виде слайдов или видеоролика. Жюри будет оценивать стиль представления, семейную гармонию и эстетичность наглядности.
1 — жүрг:
Екінші кезең «Әкем, анам және мен» деп аталады. Бұл кезең тапқырлықты, шапшаңдықты қажет етеді. Бұл кезеңде отбасы мүшелері жеке — жеке сынға түсетін болады. Арнайы дайындалған тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады.
2 — жүрг:
2 тур мы проведем под названием «Папа, мама и я». В этом туре нашим семьям понадобится смекалка и скорость. Все члены семьи будут соревноваться по отдельности.
1 — жүрг:
Ал үшінші кезең «Отбасылық өнер». Бұл кезеңде отбасылық топтар өнерлерін ортаға салатын болады.
2 — жүрг:
Ну а 3 тур называется «Семейное творчество» в этом туре семейные группы будут состязаться с творческой стороны. Т. е. они могут спеть, станцевать, прочитать произведение.
1 — жүрг:
Сайысқа қатысушы отбасылық топтардың әр кезеңдегі көрсеткіштерін әділ қазылар алқасы әділ бағалайтын болады.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.

Отбасылық топтарға төрелік ететін әділ қазылар алқасының бас төрайымы.
1. Алпанова Гүлжамал Алпысбаевна «Ақбөбек» білім беру орталығының меңгерушісі.
2 — жүрг:
2. Сауле Тургановна, музыкальный руководитель ДОЦ «Акбобек».
1 — жүрг: Олай болса, сайысқа қатысушы отбасылық топтарымызға сәттілік тілеп, қошеметпен сахна сыртына шығарып саламыз!
2 — жүрг:
Итак, мы желаем всем семейным группам удачи и успеха в сегодняшнем конкурсе и просим пройти всех за сцену.
Ән «Мен кішкеннтай баламын!»
Періштелер биі
1 — жүрг:
Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.
Көрелік ал ендеше жарыстырып
Әр отбасының шағын бір мемлекеті.
Жіберсін өздерін таныстырып
Отбасы — шағын мемлекет. Ендеше, осы шағын мемлекеттің шыңу тарихымен, тұрғындарымен, демографиялық жағдайын және басшысымен таныс болуымыз үшін кезекті сайысымыздың алғашқы кезеңі«Таныстыруға» берейік.
2 — жүрг:
Семья – это маленькое государство. В этом случае для знакомства с историей этого государства и его демографией и привычками мы хотим пригласить наши семья на 1 тур «Знакомство».
1 — жүрг: Олай болса, сахна төріне «Балдырған» тобының ата — анасы ———— отбасылық тобын зор қошеметпен шақырамыз!
2 — жүрг: (орыс) «Балауса»
1 — жүрг:«Бүлдіршін»
2 — жүрг: (орыс)«Балапан»
1 — жүрг: «Ботақан»
2 — жүрг: (орыс)«Ақбота»
1 — жүрг: «Күншуақ»
2 — жүрг: (орыс) «Шұғыла»
1 — жүрг: «Байтерек»
2 — жүрг: (орыс)«Айгөлек»
1 — жүрг: Сайысымыздың бірінші кезеңі бойынша өздерін таныстырған соңғы отбасылық топ болатын. Кәне, құрметті көрермендер қол соғып қошемет көрсетейік.
2 — жүрг: (орыс)
Дорогие гости! Давайте поаплодируем нашей последней семейной группе в этом туре
1 — жүрг: Сайысымыздың «Әкем, анам және мен» атты екінші кезеңіне де келіп жеттік. Олай болса, барлық отбасылық топтарды сахна төріне шақырамыз.

Мерейлі отбасы сайысының сценарийі. жүктеу

Отбасылық сайыс 
Тақырыбы: «Мерейлі отбасы»
Мақсаты: Балабақша мен ата –аналар арасында ынтымақтастық орната отырып, ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті,адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру. 
Жүргізуші: 
Бүгін біздің бақшада дүбірлі той, 
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой. 
«Мейірлі отбасы» сайысында, 
Көрейік тамашаны, сергісін бой. 
Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік, татулық, достық, болмаса күллі әлем мағынасыз болып, зұлымдық билеп алар еді. Өйткені ғаламдағы барлық нәрсе мейірімнен жаратылған. «Мейірімді отбасы» дегенде, көз алдымызға уыздай ұйыған тату-тәтті, бақытты отбасы елестейтіні анық. Осы мейірімділіктің, татулықтың, бірліктің туын ұстаған отбасыларды ортаға шақырайық. 
1. Садуовтар отбасы.
2. Тлемисовтар отбасы.
3. Какимовтар отбасы.

(Отбасылар музыка ырғағымен қарсы алынып, тиісті орындарға отырғызылады). 
-Құрметті ата –аналар! «Біз мейірімді отбасы» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Аспанымыз ашық, күніміз жарық болсын деп шеңбер бойына тұрып, бір – бірімізге мейірімімізді төге отырып «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындайық. 
Ән : «Әрқашан күн сөнбесін!» 
Жүргізуші: 
Өнерпаздар өнерін салыстырып, Бәйге үшін терлетер шабыстырып. Әділдікті қолдайтын баға беріп, Жіберейік қазыларды таныстырып. 
Сайысымыздың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 
Сайыс шарттары мынадай:

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.

  2. «Білгенге – маржан…» — сұрақ-жауап.

  3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — қолөнер бұйымдарын қорғау.

  4. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

  5. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.  

 БИ. «Вальс» балалардың орындауында.

ӘН.«Әлди,әлди бөбегім» қыздардың орындауында. Қорытынды: Тәрбиеші жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасысмен таныстырып мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді: «Өнегелі отбасы»;

  1. «Ең өнерлі отбасы»;

  2. «Ең білімді отбасы».

  3. «Үлгілі отбасы»  

Тақырыбы: «Әдептілік, әдемілік»

Мақсаты: Әдептілік туралы үйрету.Кішіпейілдікке, сыпайылыққа, биязылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.Сөздік қорын арттыру, танымдылық қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: сурет, слайд,автобус макеті.

Жылулық шеңбері: Шеңберге тұрып бір бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейік.

Қайырлы күн.

— Аспанымыз ашық болсын.

— Деніміз сау болсын.

— Ауырмайық.

— Отанымыз тыныш болсын.

— Дос болайық.

— Тату болайық.

    • Балалар,бүгін біз сендермен әдептілік, әдемілік туралы әңгімелесеміз.

    • Өздерің әдепті деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Суретпен жұмыс. Слайд көрсету.

— Ал,мына суретте не көріп тұрсыңдар?

    • Істеген істері туралы не айтасыңдар?

    • Өздерің не істер едіңдер?

    • Жағдаятты сұрақтар. Балалардың пікірлері.

Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен

Отын ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жуамын ыдыс аяқты.

Жылай қалса бөпеміз,

Уатамыз ойнатып.

Автобуста, аялдамада болатын жағдайлар.Балалардың орындауында шағын көрініс.

    1. ші көрініс: Ауыр сөмкесі бар әже, автобусқа мінгелі жатыр.Балалардың әрекеті.

2-ші көрініс:Автобус толған адамдар,бос орын жоқ,үлкен адам ата немесе әже түрегеліп тұр. Балалардың әрекеті.

Балалардың мақал мәтел, тақпақтары.

    • Балалар мынау не? Не жетіспейді?

    • Күннің көзі. Оның сәулелері.

    • Ендеше балалар, әдептіліктің сиқырлы сөздері болады екен соны әр сәулесінде

жазулы тұр, мен оқып тұрамын сендер күннің сәулесін жапсырыңдар.

    • Қандай сиқырлы сөздер болады екен? Оларды не үшін айтамыз?

Балалардың жауаптары.

Қорытынды: Балалар сонымен әдептілік сөзін қалай түсінесіңдер? Әдепті,әдемі болу үшін не істеу керек? Балалар сендер күнде таңертең қайда келіп жүрсіңдер?Яғни балабақшада да әдептілік ережесін сақтайық. Мен сендерге мына тапсырманы беремін ,сендер суреттерді геометриялық пішіндер ішіне жапсырасыңдар.

1 топ үшбұрышқа «Шуламайық!» белгісін безендіреді (сурет аузы ашылған бала және аузын қолмен басып тұрған қол)

2топ шаршыға «Сәлемдесейік!» , «Қоштасайық!» белгісін (қолдарын түйістіріп тұрған және күлімдеп тұрған бейне)

3топ дөңгелекке «Ақырын жүрейік» белгісін (аяқтың іздері)

4топ төртбұрышқа «Тату болайық!» белгісін (геометриялық пішіндерден құрастырылған қолдарын ұстаған адамдар бейнесі)

Ережені қайталау, балаларды мадақтау.

Отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Сценарий тақырыбы: «Отбасы — өмір аясы»

Сценарий мақсаты: ? қыркүйек – отбасы күнін атап өту, оқумен отбасын бірге алып жүрген студент қыздарды дәріптеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.
Сценарий көрнекілігі: Плакаттар, мультимедиялық проектар, қолдан жасалған бұйымдар.

Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Ашық сабақ тақырыбы: Отбасы — өмір аясы
Ашық сабақ мақсаты: а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Халықаралық отбасы күні (Отан — отбасынан басталады)

Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер.
Тәрбие сағатқа Шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог
Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама

Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы — өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген — биік шыңы адамның,
Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы — өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген — биік шыңы адамның,
Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Отбасы күні (Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы)

Тақырыбы: Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын
көрсету.
Міндеті: Қарым-қатынасты нығайту әдіс-тәсілдерімен, тренингтік жаттығулармен және мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тиімді жолдары ережесімен таныстыру;

Барысы:
Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі — бала тәрбиелеу. Отбасы….

Халықаралық отбасы күні (МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ)

Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.
Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.
(Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).

Қазақша — орысша тәрбие сағат: Халықаралық отбасы күні (Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы
Тема воспитательный часа: Семья – основа нравственности

Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.

Колледжде өтетін «Мерейлі отбасы 2015» байқауының сценарийі

Мерзімі 28.03.15ж

Өтетін орны: Колледж мәдениет залы

Жүргізушілер: Орманов А.К.

Ихсанова А.С.

Фанфар ойнайды, сахнаға жүргізушілер шығады.

1 — жүргізуші: Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі  – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі

2 — жүргізуші:

Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.

1 — жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар. Ата — тау, ана — бұлақ, бала — жағасындағы құрақ. Ата — ананы қадірлеу, олардың ақ сүтін ақтауға тырысу әр перзенттің міндеті. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында жақсы тәрбиенің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды.
2 — жүргізуші: Балаң жақсы болсын десең баласы жақсымен көрші бол, «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан бала артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» — демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қазақ деген дана халықтың ұрпағымыз. Баласын мәпелеп өсіріп, өнегелі тәрбие беруді мақсат тұтқан атаның көзіміз.
1 — жүргізуші: Ендеше, бүгінгі «Мерейлі отбасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші: Бүгінгі сайысқа келіп отырған таңдаулы, үлгілі, мерейлі отбасыларымен таныс болайық!

1. Әшімовтер отбасы

2. Бексемұратовтар отбасы

3. Ахметжановтар отбасы

4. Қадырмановтар отбасы

5. Будановтар отбасы

6. Молдахановтар отбасы

1 — жүргізуші: Ал енді сайыскерлерімізге баға беруші әділқазыларымызбен таныс болыңыздар!

1. Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы

2. Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл Жанұзаққызы

3. Қызметкерлер жөніндегі менеджер Алтыбаева Гүлфайруз Слямовна

4. Кәсіподақ төрағасы Искаков Артур Николаевич

5. Жастар ісі жөніндегі менеджер Карибжанов Самат Алпамысұлы

Құттықтау сөз Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлына беріледі.

Сайыскерлерді сахна сыртына шығарып саламыз!
1. «Баланың ойы»
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен үлгілі ата — ана баласы… дегендей «Мерейлі отбасы» сайысының бөлімдерімен таныс болыңыздар!

1 бөлім.«Отбасым-мақтанышым». Жанұя өз отбасын таныстырады. Таныстыру кезінде отбасы мүшелері, ата-тектері, жанұялық кредолары туралы айтады. Бағалану: 1-5 ұпайға дейін.

2 бөлім. «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» сайыскерлер отбасы болып өз өнерлерін көрсетеді. /ән айту, көркем жанр көрсету, өлең оқу, сценка қою, би билеу т.б./ Бір жанрды ғана алуға болады.

3 бөлім. «Біз шағын мемлекетпіз» отбасына ситуациялық сұрақтар қойылады.Сұрақтар жанұяға әр түрлі отбасылық ситуациялық жағдаяттарға байланысты болады. Жанұяның тез ситуациядан шығу тапқырлықтары бойынша жауаптары бағаланады. Бағалану әрбір сұраққа 1-5 ұпай.

4 бөлім. «Отбасының бір күні». Сайыскерлер бейнеролик арқылы отбасының біркүндік өмірін, тыныс-тіршілігін таныстырады.

2 — жүргізуші: Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Сөнбес сенің шырағың деген.
Олай болса «Отбасым-мақтанышым» бөлімін бастаймыз! Сахнаға Әшімовтер отбасын шақырайық!

2. Бексемұратовтар отбасы

3. Қадырмановтар отбасы

4. Молдахановтар отбасы

5. Ахметжановтар отбасы

6. Будановтар отбасы

Әділқазылар 1 бөлімнің бағасын береді.

1 — жүргізуші: Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.

2 — жүргізуші: Келесі бөлім «Өнерлі отбасы өрге жүзеді» бөлімі. Сахнада өз өнерлерімен Әшімовтер отбасы.

2. Бексемұратовтар отбасы

3. Қадырмановтар отбасы

4. Молдахановтар отбасы

5. Ахметжановтар отбасы

6. Будановтар отбасы

Әділқазылар 2 бөлімнің бағасын береді.

«Біз шағын мемлекетпіз»

ситуациялық сұрақтар кезеңі

Сұрақтарға ата-аналар бірлесіп жауап береді.

Барлық сайыскерлерді сахнаға шақырайық.

  1. «Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіздер?

  2. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» ұғымының мағынасы қандай?

  3. «Отбасы –шағын мемлекет» дегенді қалай түсіндіресіздер?

  4. «Үмітті үзу — қайратсыздық» ұғымын қалай түсінесіздер?

  5. «Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» қалай түсіндіресіз?

  6. «Отбасының мәңгі бақытты болуы – ерлі-зайыптылардың мінездеріне тікелей байланысты» қай ғалымның сөзі? / Әл-Фараби/

  7. Отбасында қаржы мәселесі тығырыққа тірелді, сіздің әркетіңіз?

  8. Отбасында екі ерке қыз, екеуінің тәртібі бойынша мектепке шақыртты, қатты сөздер айтылды, қыздарыңызға сіздің әркетіңіз?

  9. Мектеп ұжымы сіздің балаңызды шетелге жіберетіндіктерін айтты, қаржы мәселесі отбасынан екендігі де айтылды, бірақ сіздерде ондай қаржы жоқ, сіздің әркетіңіз?

  10. Отбасында аяқ астынан ұрыс-керіс басталды, сіздің әркетіңіз?

  11. Үй тар, 4 балаңыз бар, ауылдан жұбайыңыздың 2-3 туысы қонаққа келе жатқандықтарын ескертті, олар сіздің үйіңізде біраз болатындықтарын білдірді, сіздің әркетіңіз?

  12. Жұбайыңыздың қызметі ауыр, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге мүлде уақыты жоқ, сіздің әркетіңіз?

Соңғы бөлім «Отбасының бір күні» атты бейнероликке кезек берейік!

Әділқазылар бағасы. Қорытынды сөз.

Мектепішілік «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2016» байқауының

СЦЕНАРИЙІ

  1. Запись сөз кетеді. / Мектепішілік «мерейлі отбасы» байқауына қош келдіңіздер!/
  2. Назарбаевтың видеосы
  3. Фанфар салтанатты.

Балжан. Армысыздар отбасы тірегі-асқар тау әкелер, ақжаулықты аналар және қадірменді қонақтар.

  1. Музыка

Данагүл. Қайырлы күн озық ойлы, зиялы қауым. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектебімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған мектепішілік «Мерейлі отбасы» байқауын ашық деп жариялаймыз. Балжан, әдеттегідей емес, өзінде білесің бұл сайысқа ерекше дайындалдық. Байқаудың қандай артықшылығы бар?

Балжан. Байқаудың ерекшелігі: Елбасымыздың бастамасымен отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» конкурсы өтетін болған. Сол конкурс бүгінгі таңда 90 жылдық тарихы бар Төлеубай Ыдырысұлы Аманов атындағы №16 мектебіміздің шаңырағында өткелі отыр.

Данагүл. Иә. расымен де отбасы – таным бесігі, отбасы — үлгі – өнеге бастауы. Ата – ананың үйдегі қарым — қатынасы, киімкиісі, мінез – құлқы бәрі-бәрі  балаға үлгі.Өйткені, бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан – мейір алады». Сондықтан да бұл сайыстың тәрбиелік мәні ерекше

Балжан: Данагүл, менің ойымша бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды көрермендер мен жиылған қауым тағатсыздана күтуде. Олар кім болды екен?.

ДАНАГҮЛ. Байқауға 1-6 сынып аралығындағы отбасылары қатысады. Олай болса, мен қатысушылармызды қошеметпен ортаға шақырайын. МУЗЫКА

1 сыныптың намысын қорғауға келіп отырған СОЛТАНҒАЗИНДЕР ОТБАСЫ 1 в

2 сыныптың мерейін үстем етер БЕКБАЕВТАР ОТБАСЫ 2 «А»

карсы алыңыздар.

3 сыныптың туын желбіретеміз деп келіп отырған  РАХИМБАЕВТАР ОТБАСЫ 3 «А»

4 МҰХАМЕТЖАНОВТАР ОТБАСЫ 4 «А»

5 ҚАЛДЫБАЕВТАР ОТБАСЫ 5 «Ә»

6 ЖУКЕНОВТАР ОТБАСЫ 7 А

ДАНАГҮЛ. Балжан,айтпақшы сайыс қандай кезеңдерден тұрады?

БАЛЖАН. Қатысушылар 4 кезең бойынша сайысқа түседі.

Бірінші кезең «Таныстыру»

отбасы мүшелері слайд-шоу немесе сахнада өлең жолдары арқылы таныстырады.  3минут уақыт берілед.

ДАНАГҮЛ. Екінші кезең «Отбасылық өнер»

Отбасылық топтар өнерлерін ортаға салатын болады. (ән,би, флеш-моб, көрініс т.б. Отбасы мүшелері толық қамтылуы керек) 5 МИНУТ

БАЛЖАН. Үшінші кезеңді ерекше деп те айтуға болады.

 «Үй тапсырмасы»

Бұл кезеңде арнайы ұйымдастыру тобы  қатысушыларымыздың үйіне барып, журналисттік зерттеу (яғни, корреспондент әдісі бойынша арнайы сұрақтарға жауап алған болатын, сол зерттеуді сіздерге экраннан ұсынатын боламыз. 

ДАНАГҮЛ. Төртінші кезең «Тренинг»

Қатысушы отбасыларымен бірге мектеп психологтары арнайы  тренинг жүргізеді. 

БАЛЖАН. Сайыс кезеңдерімен таныспыз, қатысушыларымыз белгілі, ендігі кезекте қатысушылардың өнерін әділ бағалайтын әділ-қазы алқаларымен таныс болайық.

ДАНАГҮЛ. Мектебіміздің ата-анасы, балалар мен жастар шығармашылық сарайының ұйымдастырушысы Самат Әскерғазыұлы

БАЛЖАН: Дәурен Жұмағалиұлы

ДАНАГҮЛ: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гүлнар Ағзамқызы

БАЛЖАН: Кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Болатовна

ДАНАГҮЛ: биология пәні мұғалімі Гүлбаршын Карімқызы

Данагүл: ҚҰТТЫҚТАУ сөз мектеп директорына беріледі.

БАЛЖАН. Қатысушылармызға сәттілік тілей отырып, сахна сыртына шығарып салайық.

БАЛЖАН. ОЛАЙ БОЛСА, не тұрыс сайысымызыды БАСТАЙЫҚ.

МУЗЫКА

ДАНАГҮЛ. Балжан, мен қатысушыларымызды шайымды дәмдеп өз шайханамда күтейін. Ал сен хабарлай бер.   

Шайханаға бөліну.

Балжан: Ортаға «Мерейлі отбасы» байқауының шымылдығын ашатын Солтанғазиндер отбасын шақырамыз. 1 «В» сынып. Қошеметпен қарсы алыңыздар.

БАЛЖАН: Алдарыңызда бірінші болып шыққан Солтанғазиевтар отбасы болатын. Қошеметтеріңіз. Сіздерді Данагүлдің шайханасына шығарып салайын.  

Шайханаға жіберу. 

Ортаға келесі болып шығатын Бекбаевтар ОТБАСЫН  қарсы алыңыздар.

 2 «А» сынып

Данагүл, шайыңды дәмдеп жібер саған Бекбаевтар отбасы бара жатыр. Қарсы ал. Мархаббат Данагүлдың шайханасына жайғасыңыздар.

Алдарыңызға 3 сыныптардың намысын қолдан бермейміз деп отырған  РАХИМБАЕВТАР ОТБАСЫН қарсы алыңыздар. 3 «А»

Данагүл шайың суып қалған жоқпа?  Сіздерді Шайханаға шығарып салайын.

Ортаға 4 сыныптардың атынан келіп отырған МҰХАМЕТЖАНОВТАР ОТБАСЫН қарсы алайық. ҚОШЕМЕТТЕРІҢІЗ!  4 «А»

Сіздерді әдеттегідей Данагүл шайханасында күтіп отыр. Шайханаға жайғасыңыздар.

Келесі кезекте өздерінің таныстыруларымен ортаға шығатын отбасы  ҚАЛДЫБАЕВТАР ОТБАСЫн қарсы аламыз.  5 «Ә»

Көп-көп рахмет. Сіздерді шайханаға шығарып салайын.

Осыншама қатысушыларымыздан кейін соңғы болып шығатын  ЖУКЕНОВТАР ОТБАСЫ 7 А сыныбы. Ыстық ықалыстарыңызбен қарсы алыңыздар.

Данагүл шайыңды дайындай бер саған ҚОНАҚҚА ЖУКЕНОВТАР ОТБАСЫ бара жатыр.  

Данагүл: Қазақта сөз бастау қиын дейді ғой. Сіздерге алғашқы боп өнер көрсеткен қиын болған жоқ па? Балжан сөз кезегі өзіңде.

Данагүлді сахнаға шығару:

БАЛЖАН: Ойбуууу.. енді қайттім, мынаны қалай жеткіземін?

Данагүл, сен сахнаға келші, маған жалғыз қиынырақ сияқты, екеуміз сахада бірге тұрсақ адемі көрінемізғой, солай емес пе?

ДАНАГҮЛ: Жақсы, мен сенің қасыңа барайын. Екеуміз сайысымызды әрі қарай жалғастырайық.   

БАЛЖАН: жалғастырмас бұрын, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында кішігірім видеоролик ұсынамыз. Экранға назар аударыңыздар.

Видеодан кейін.. Отбасы құндылықтарын ешқашан жоғалтпайық.  

ДАНАГҮЛ: осымен сайысымыздың 1 кезеңін аяқтап қалдық. Келесі кезең «Өнерлі отбасы» бастайық.

 СОЛТАНҒАЗИНДЕР ОТБАСЫ 1 в ортаға шақырайық.

БАЛЖАН:БЕКБАЕВТАР ОТБАСЫ 2 «А» карсы алыңыздар.

ДАНАГҮЛ: РАХИМБАЕВТАР ОТБАСЫ 3 «А»

 БАЛЖАН:МҰХАМЕТЖАНОВТАР ОТБАСЫ 4 «А»

ДАНАГҮЛ:  ҚАЛДЫБАЕВТАР ОТБАСЫ 5 «Ә»

БАЛЖАН:ЖУКЕНОВТАР ОТБАСЫ 7 А

ДАНАГҮЛ: Үй тапсырмасы. Құрметті әділ-қазы алқалары. Бұл кезеңде қатысушыларымыздан арнайы сұрақтарға жауап алдық. Сол жауаптарды сіздер экраннан қарап, қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, ойын толық жеткізе алуына, сұраққа қаншалықты толық жауап бере алғанына мән беріп, бағалайсыздар.

БАЛЖАН: өте керемет жауап. Қатысушыларымызға тағыда бір қол соғып қояйық. Байқауымыздың соңғы кезеңін мектеп психологтарына береміз.

Гүльназ Жұманқызы өзіңізді ортаға шақырамыз.  

ДАНАГҮЛ: Осыменбіздің бүгінгі өткізіліп жатқан «Мерейлі отбасы-2016» байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасын келесі бөлмеге өз шешімдерін қабылдауға шығарып салайық. МУЗЫКА

Ал, бүгінгі біздің сайысымызға жанкүйер болып келіп отырған қонақтарымыздың құрметіне  концерттік бағдарламамызды қары алыңыздар. «Жас ұлан» ұйымының мүшелерінен құралған мың бұралған «Балдаурен» бишілер тобын қарсы алыңыздар.

Би «ТҰЯҚ»

Ән «Астанам»

Ән «Қос бәйтерек»

Ән «Қазақстан»

БАЛЖАН: Әділ-қазылар шешімі дайын болған сияқты. Ортаға бүгінгі біздің байқауымыздың шешімін шығарып, әділ бағаларын беріп марапаттайтын қазылар алқасын шақырамыз. МУЗЫКА

ДАНАГҮЛ: Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» болып әрқашанда жүре беріңіздер. Үстемдеріңіз мерейлі, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

БАЛЖАН: Біз Сіздермен қоштаспаймыз келесі кездескенше.

Просмотр содержимого документа

«»Мерейлі отбасы-2016″»

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Метод сценариев это кратко
  • Мерейлі отбасы бай?ауы сценарий
  • Методическая разработка праздника ко дню матери
  • Миколайки польша праздник
  • Метод авторы сценария

  • Добавить комментарий

    ;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: