Наурыз мейрамына арналған «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі » атты әдеби-сазды композициясының сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстыру.
Кітапхананың оқу залында Наурыз мейрамына арналған «Жаса, Наурыз,Дәстүрлі» атты кітап көрмесі және қол өнер көрінісі дайындалды.
Меңгеруші: Құрметті оқырмандар, қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, рухани құндылықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз мейрамы – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Осы бір құбылыстың өзі оның сипатын аша түскендей.
Қыс өтіп, қар кетіп
Шырайлы шуақ жаз жетіп
Шаруаның бұл кеңелген
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
Балақайлар, Жаңа жылды атап өткенімізге ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Тағы да бір «Жаңа жыл келді», деп үлкендердің қарбаласқа түсіп жатқандығын байқаған боларсын. Бұл- Наурыз . Наурыз мейрамы күн жылынады, табиғат жаңарады, ағаштар бүршік ата бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Осы кезден бастап мал төлдейді. Ұзақ суық қыстан кейін жаңа тіршілік басталады.
Ән
1 Жүр: Лағыл Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.
2 Жүр: Даулет Ұлыс күнгі ұлы тілек, Қыдыр атаның ақ батасы алатын болдық.
1 Жүр: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала
сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе
жүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа
түссе, тасты ерітіп жібереді екен. (Қыдыр ата кел еді)
Қыдыр ата: Ғалымжан
Армасың, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын,
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бостандықтың ордасын
Періштелер қорғасын.
Бесіктегі бөпеңнің
Бақайшығы тоңбасын.
Ұлыс күні ұл мен қыз
Тайпалдырсын жорғасын.
Көл жиналып тамшыдан
Теңіз толсын қансыған.
Атамекен тазарып
Асыға түссін алшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де таппасын!
Әумин!
(наурыз қыз келеді)
Наурыз қыз: Аружан Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата! Халыққа дәулет дарып, бақ
қонса, сіздің шапағатыңыз деп білеміз.
Қыдыр ата: Қош келдің, Наурыз!
Наурыз:
Жер әлемді жайнатқан
Наурыз қызбын,
Ерітіп жіберейін өзін мұздың.
Жылуымнан сескеніп тентек боран,
Өзімен ала кетер қыстың сызын.
Жан-жануар ойнақтап асыр салды,
Елге бірлік-береке ала келдім
Қуанышпен қарсы алған жаңа таңды.
Ән: «Наурыз»
Наурыз: Қыдыр атаның ақ батасын алғыларың келсе, балалар мына
сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
- Наурыз туралы не білесіндер?
Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.
- Наурыз жыры деген не? Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар.
Ұлыстың ұлы күнінде
Бай шығады балбырап,
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі салдырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жәудіреп.
3.Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады? Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
4.«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.
5.«Наурызкөк» дегеніміз не? Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.
6.«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.
Қыдыр ата: Бәрекелді! Бәрі де білімпаз балалар екен.
2-жүргізуші: Қыдыр ата, Наурыз қыз, бізде Быржан мен Сараның өнерпаз ізбасарлары да бар. Ортаға шақырайық.
(ортаға қолдарына домбра алған екі оқушы шығады)
Наурыз айтыс
Ұл: Мирас
Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз.
Наурызға айналсын
Бүгінгі жыр мен әніміз.
Наурыз деп, ей қыздар,
Кел шырқайық бәріміз.
Қыз: Камила
Көптен күткен айымыз
Келген шақта Наурыз,
Шараларға толғанда
Наурызкөже бал–уыз,
Досым әнін бастасын,
Қоштауға біз дайынбыз.
Ұл:
Қыздарға бұл не болған,
Тоймаған ба көжеге,
Ұқсайды екен шөжеге
Шөже, шөже, шөжелер,
Шөжелерге көже бер.
Қыз:
Жамыраған қаздай,
Маңыраған қозыдай,
Бірін–бірі тыңдамай
Ән салатын ұлдар–ай!
Көже көрсе тап беріп
Бас салатын ұлдар–ай!
(ортаға оқушылар шығып Наурыз мейрамы арналған өлеңдер оқиды)
1-оқушы: Камила
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүт бұлағын ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
2-оқушы: Айдар
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларын,
Құтты болсын тойларың!
3-оқушы: Темірлан
Наурыз – көктем тойымыз,
Той дәмі мол, тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз.
Наурыз өнер жарысын
Бастады жас, кәрі үшін.
4-оқушы: Рахат
Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған.
Тойын жасап ед енді,
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
5-оқушы: Абылайхан
Ұлыс күні кәрі–жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның,
Қош келіпсіз, Наурыз,
Құтты болсын қадамың!
6-оқушы: Алишер
Жаса, Наурыз, ойлымыз,
Жаса, көктем, тойымыз!
Ел дәстүрлі – арымыз,
Той бастығы – кәріміз.
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзін үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
7-оқушы: Еркежан
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурызкөже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурызкөжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы…
Қыдыр ата:
Бәрікелді! Барлығы да сайрап тұр екен. Тіл – көзден сақтасын!
Менің әлі баратын жерлерім көп.
Наурыз:
Мына кішкентай бүлдіршіндерге батаңызды беріңіз.
Қыдыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсан,
Ақ тілекті төгейін.
Қиып түсер қыран бол,
Ел – жұртқа ұран бол!
Даңқың кетер алысқа,
Бейбарыстай ұлан бол!
Оза шауып бәйгеден,
Озып келер құлан бол!
Ақ көңілді шынар бол,
Жақсылыққа құмар бол!
Сүйсінердей іс жасап,
Ел – халқына тұмар бол!
Қиындықтан сөз табар
Жиреншедей шешен бол!
Жетпіс тілді меңгерген
Фарабидей көсем бол!
Жапырағы жайқалған
Қарттарымдай есен бол!
Әумин!
(Қыдыр ата кетеді. )
2-жүргізуші:
Ұл –қызымыз жайнап тұр,
Өнерлерін сайлап тұр.
Біздің қара шаңырақтың құты ғой,
Қасиетті қара қазан қайнап тұр.
Сыйлаған жандар атасын,
Көжеден дәм де татарсың.
Тілейік қабыл болсын деп
Қыдыр атаның батасы.
1-жүргізуші:
Салт –дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша.
Кеңпейіл, дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз.
Дәстүрін елдің сыйландар,
Дәстүрлі салтты тойландар.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Кітапханашы:
Салт-дәстүрмен жарасса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!, — деп құрметті балалар салт-дәстүр конкурсын бастайық. Бірінші сұрағымыз:
- Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіндер (білгенінше)
- Наурыз көже қанша дәмден дайындалады? (жеті)
- Үрлеп ойнайтын музыкалық аспап (сыбызғы)
- Өрнекті тақыр кілем (алаша)
- Қазақтың қандай ұлттық мейрамдарын білесіндер (білгенінше)
- «Киіз үй» құралдарын ата? (білгенінше)
- Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (шолпы)
Кітапханашы: Бәркелді, бәрекелді, оқырмандарымыз қандай тапқырлық таңытты.
Конкурсымызды жалғастырсақ қалай қарайсындар?
Онда келесі ұлттық тағам конкурсы. Шарты: сөздердін мағынасын ашып беріңіздер: мысалы:
- Қонақасы- (қонақтарға арналған ас)
- Көже – (сусын көже жаз мезгілінде дайындайтын)
- Сорпа –
- Тұздық –
- Қуырдақ – (құырылған ет)
- Айран – ашыған сүт
- Құрт- ашыған сүттен дайындалган тағам
- Ірімшік
- Шелпек —
«Ән шашу» әні
2 Жүр: Бәркелді, жарайсындар балалар ! Енді қазақ ертегілеріне тоқталып, біраз ойнасақ: мен сөздің басын айтсам, сіздер жалғастырсаңыздар мысалы:
- Алдар………. Көсе
- Қобланды ………батыр
- Алпамыс……………батыр
- Баян……………..сүлу
- Қозы ………Көрпеш
- Жалмауыз…………кемпір
- Ер…………. Төстік
Бәрекелді, жарайсындар ! Қандай керемет тапқырлық таныттыңыздар!
«Қазақ биі» биі
1 Жүр: Ал балалар, қазір «Балаға ат қою» қазақ халқының салт- дәстүрін тамашалайсындар.
Кітапханашы: Құрметті оқырмандар, қонақтар, бүгінгі біздің кітапханада өтетін Наурыз мерекесіне қош келіңіздер! Наурыз мерайрамы құтты болсын!
Сахналық көрініс Балаға ат қою»
«Балаға ат қою» — салт дәстүрдің көрінісі. Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлерсәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталған. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде баланың атын молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына «Сенің атын Айсауле» деп , үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескереледі. Ата – аналар бала есімінің мағыналы, әрі көркем болғанын қалайды. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына «Ұлбосын» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар балаларына: «Қуаныш», Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді.
Ән
2 Жүр: Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек. Ұлт ойындары — ата – бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі асық ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, тапқырлықты, батылдықты, шапшандықты қажет етеді. Ондай болса, ортаға батылдарды шақырамыз.
Ойын тізімі «итеріспек», «арқан тарту», «орамал тастау», «сақина». (балалар түгелі қатысты)
/ «Қара жорға» биі, № 10 мектеп-лицей оқушылары/
1 Жүр: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.
Пайдаланған әдебиеттер:
- С. Қенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматыкітап, 2004. – 284 б.
- С. Қенжеахметұлы «Қазақтың дархан дастарханы». Алматыкітап,
- С. Қенжеахметұлы «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті». Алматыкітап,
- Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы, 1991.-265 б.
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
1 — жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
2 — жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ортаға ___ сынып оқушыларының _____________________________ сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
1 — жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры __________________________________________ беріледі.
2 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ______________________ атты әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім — кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
2 — жүргізуші:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл — қыздарыңыздың өнерлерін __________________________ қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2 — жүргізуші:
Ана деген — бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: ______________________ Орындайтын:__________________________
1 — жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Фаворит» КВН командасын ортаға шақырамыз.
2 — жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, — дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
2 — жүргізуші:
Қамымды ойлар күн — түні,
Анам — менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып _____________________ қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада _____________ биі қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1 — жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. ____________________әні.
2 — жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті ____________________ береміз.
1 — жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ________________________ атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда_______________ биі.
1 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап _______________________әні.
2 — жүргізуші:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір — қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1 — жүргізуші:
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «___________________________» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен
Просмотр содержимого документа
«8- ші наурыз мерекесіне арналған сценарий»
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
1 — жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
2 — жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ортаға ___ сынып оқушыларының _____________________________ сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
1 — жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры __________________________________________ беріледі.
2 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ______________________ атты әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім — кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
2 — жүргізуші:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл — қыздарыңыздың өнерлерін __________________________ қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
2 — жүргізуші:
Ана деген — бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: ______________________ Орындайтын:__________________________
1 — жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Фаворит» КВН командасын ортаға шақырамыз.
2 — жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, — дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
2 — жүргізуші:
Қамымды ойлар күн — түні,
Анам — менің көктемім.
Ақтай алсам үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып _____________________ қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада _____________ биі қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1 — жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. ____________________әні.
2 — жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті ____________________ береміз.
1 — жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ________________________ атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
2 — жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда_______________ биі.
1 — жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап _______________________әні.
2 — жүргізуші:
Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір — қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1 — жүргізуші:
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «___________________________» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!
22— наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Наурыз- жыр аңыз
— Армысыздар ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз –«Жана күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыныз мықты болсын, тілектерініз қабыл болсын!
1 жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар,
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Біздерді бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға,
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.
1 жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым бабамның сөзі, Наурызым анамның сөзі, Ғасырдан –ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрынҚыдыр атамыздапн бата сұрап алайық.
2 жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
(Наурыз көже беріледі)
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы: Балабаева Сауле Абибуллаевнаға беріледі.
Шашу: Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық! (Шашу шашылады)
Ортаға ән шашу: Көктем
Балалар тақпақтары. Даниял, Мұхит, Айлана, Рамазан.
Жамбыл ауылымен Абай ауылын ортаға шақырайық.
Салт –дәстүрге кезек берейік.
Қазақтың тағы салтымен танысайық. Тәй-тәй басқан балаға алғаш қадамын аттағанда тұсау кесер рәсімі өткізіледі.Осы салтты түсіндіру үшін ортаға Жамбыл ауылына кезек берейік.
Келесі кезекті Абай ауылына береміз. Бесікке салу салт -дәстүрі.
1 жүргізуші:Тойла бүгін, тауларымен боз далам
Тойла бүгін қарттарымен боз бала
Қайта оралған намысымдай Наурызым
Жана жыл боп қош келіпсін Наурызым
Балалар тақпақтары: Рахмет, Алия, Аружан
Ұлдар биі: Көкпар биі
Ойын : Арқан тарту, Асық ату
2 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз- жыл басы
Наурыз- жана серпін, жана леп.
Қыздар биі: Көктем
1 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз-ән мерекесі
Наурыз- би мерекесі.
2 жүргізуші: Қазақтың дастарханы Наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз Ұлыстың –ұлы күні Ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қойады.
Баршаларыңызды дастархан басына шақырамыз.
Ән : Дастархан
1 жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Келесі жылы амандықта кездесейік.
Сөз кезегін тәрбие жөніндегі меңгерушісі: Қазанбаева А.А беріледі.
Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астрахан № 1 орта мектебі
мұғалімі Есимсеитова Гульжан Касымхановна
8 наурыз мерекесіне орай мектеп оқушыларына арналған «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты сценариді назарларыңызға ұсынамыз.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз — аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе _ сынып оқушысы Жоламанды әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор: Жақыпов Мұхамедқали Исатайұлына беріледі (директор сөз сөйлейді).
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _ сынып оқушысы __________-ны «Аяулы ана» әнімен сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті үнді биіне береміз.
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген — рәмізі сұлулықтың.
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Олай болса ______ қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын _-cыныптың _ баласы бар. Тамашадан көрініс. Ортада _ сынып әзілкештері.
Жүргізуші: Келесі кезекті күйге береміз. Сахнада _ сынып оқушысы _______ «Ерке сылқым» күйін орындайды.
Жүргізуші:
Бұралып біздің қыздар билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам — — сынып өнерпаздарының биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы ____ — қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, — дей келе Елемесова Айгерімді «Ана» атты шығармасымен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.
Келесі кезекте _ — сынып оқушысы _______ «Анаға сыр» атты поэзиялық туындысымен ортаға шақырамыз. Жас ақынның жүрек сырын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып.
Жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!
«Қыз еркем,қылығымен көркем» мерекелік шарасы7.03.2019 ж
5 «А» сыныбы
Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымызға қуаныш сыйлау.Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Кештің көрнекілігі: ұлағатты сөздер, суреттер, шар, үнтаспа, гүл т.б.
(Көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
Өту барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
(Екі жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар қысқа би билейді де, сахнадан шығып кетеді).
2-жүргізуші: Құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, сыныбымыздың арулары
5 «А» сыныбының ұлдары дайындаған «Қыз еркем,қылығымен көркем» атты мерекелік шарасына қош келдіңіздер! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін шырқалады ән мен би
Сіздер үшін мереке шашулары , дей отырып алдарыңызға әнші шәкіртіңізНұрмұханның орындауындағы «Қос бәйтерегім» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Бүгін бізде мейрам, аналарымыздың мейрамы, ал мереке құттықтаусыз болмайтыны рас. Ендеше, сынып ұлдарының құттықтау тілектерін тыңдасақ.
2-жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз. Сыныптасымыз Нұрланның орындауындағы «Ана туралы жыр » әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей ортаға сынып аруларын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қыздар, сіздермен «Бір сөйлеммен » деп аталатын ойын ойнатсақ деп тұрмыз. Қазір қолдарыңызға бір сөз беріледі, сол сөзді пайдаланып, ата-аналармен сыныптастарңызға тілек тілеулеріңіз керек. Олай болса, ойынымызды бастайық. Сұлу да, инабатты ару қыздар тілектеріңізге рахмет. Сіздерге де тек жақсылықтар тілейміз.
1-жүргізуші:
Ал ендігі кезекте сыныптастарымыздың орындауында «Қыз бала гүл» әнін ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі ұлдар биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте сынып ұлдарының флемобын қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға сынып ұлдарының дайындаған мерекелік видеоролигін ұсынамыз. Назарымызды экранға салсақ.
2-жүргізуші:
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.Ару қыздарымызға рахмет айта отырып, өздеріңізге арналған мерекеліксыйлықтарымызды табыстауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Мерекелік кешімізді қорытынды тілегін ата-аналарғабереміз.
2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
1-жүргізуші: Ендеше, оқушылар аналарымыз бен аруларымызды сыйлап, құрметтеп жүрейікші!Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/355010-merekelik-shara-yz-erkemylyymen-krkem
Сценарий праздника Наурыз
Зазывала 1:
Слушайте! Слушайте!
И не говорите, что не слышали!
Зазывала 2: И не говорите, что не видели!
Зазывала 1: Наурыз идет к нам в гости!
Вместе: Добро пожаловать, Наурыз!
Ведущий 1: Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании древнего весеннего праздника Наурыз-мейрамы!
Ведущий 2: Наурыз мейрамы – это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий оптимизм и надежду на свершение самых светлых и заветных желаний.
Ведущий 1: Великий Наурыз объединяет под своим праздничным «шаныраком» весь многонациональный народ нашей страны!
Ведущий 2: Наурыз – древний праздник весны и труда, возникший у многих народов Востока и пришедший к нам из глубины веков. Отмечается Наурыз 22 марта – в день весеннего равноденствия!
Ведущий 1: Наурыз встречают в добром расположении духа и высказывают друг другу самые добрые пожелания. Вот и мы сегодня здесь все вместе, чтобы встретить Наурыз, пожелать друг другу добра, благополучия и процветания!
Ведущий 2: Сегодня светлый весенний праздник «Наурыз» собрал нас всех вместе. И все мы вместе, дружно говорим: Добро пожаловать. Наурыз
1 Ведущий: Құрметті қонақтар!
Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Отбасында бақыт, мол қуаныш тілейміз.
2 Ведущий: Сегодня замечательный день – праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз – праздник весеннего равноденствия.
1 Ведущий:
Приходит снова юная весна
Да будет изобильною она
За праздничным и щедрым дастарханом,
Надежды и доверия полна
Я счастлива, что обновляя жизнь,
Вернулся в край мой Наурыз.
2Ұлыс күні ұлыстың
Мейрамы ортақ Шығыстың.
Бас қосарлы осы күн,
Алыс, жақын, туыстың.
Ұлттың тойым — мерекем!
Алуан салты ересен.
Ұлаң-байтақ қазағым
Бола берсін берекең!
1Ведущий:
Наурыз — просыпается степь
Наурыз — оживает природа
Наурыз дай нам всем
Урожайного года.
Свежий ветер летит
Над моею страной,
В птичьем крике тепло
Тоже радость вселило.
2 Ведущий:
Вы же чувствуете?
В воздухе пахнет весной,
И она нам сейчас
Наурыз подарила.
У погоды весенней
Различный каприз:
Или выпадет снег,
Иль растает он рано.
2 Ведущий:
Но в любую погоду
Придёт Наурыз.
Это праздник весны.
Для всех народов.
Брызги солнца вширь и ввысь
Это праздник…(хором) Наурыз
1 Ведущий:
Он в улыбках тысяч лиц.
Это праздник… Наурыз.
2 Ведущий:
Он равняет день и ночь
Он прогонит стужу прочь
Это праздник … Наурыз
1 Ведущий:
Он в пожатье крепких рук
Он синоним слова «Друг»
Это праздник Наурыз
*** Ученица 9 класса выходит с «Шашу» (под музыку песни Р.Рымбаевой Наурыз-думан)
Ведущий 1:
Весной 22 марта, начинается солнечное равноденствие, день увеличивается во времени, становится равным ночи, весна вступает в силу по настоящему, сквозь землю пробивается молоденькая травка, а на деревьях распускаются почки.
Поэтому этот день у восточных народов считают началом нового года. Наурыз не религиозный праздник, а скорее народный и очень древний праздник, насчитывающий несколько тысячелетий.
Ведущий 2:
В этот тёплый , весенний праздник Наурыз люди ходят друг к другу в гости, прощают все обиды, угощают традиционным наурыз коже и разными вкусными блюдами. В день Наурыза все старались быть добрыми. При встрече заключали друг друга в объятия, высказывали самые добрые пожелания, желали здоровья. И мы с Вами будем добрыми, здоровыми, и в знак добра давайте обнимемся, пожелаем друг другу здоровья и споем песню о самом главном для каждого из нас человеке:
Ведущий 1.
Для казахов этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы.
В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья, цветы. Считалось, что если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяину, то болезни, неудачи, невзгоды обойдут его стороной, а щедрое празднование этого праздника принесет в дом изобилие и успех на целый год. Эти убеждения объясняют изобилие праздничных ритуалов и обычаев.
С приходом праздника казахи одеваются в праздничные одежды, ходят друг к другу в гости и обмениваются поздравлениями и пожеланиями благополучия в наступающем году.
Ведущий 2
Празднования сопровождаются повсеместным весельем, играми, лошадиными скачками и другими увеселениями. Главным ритуальным блюдом этого праздника является наурыз-коже. Наурыз-коже обязательно должен состоять из 7 ингредиентов, символизирующих 7 элементов жизни: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки (рис, кукуруза или пшеница) и молоко. Они символизируют радость, удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту.
Когда казахи празднуют Наурыз, наличие цифры 7 является обязательным: она заключает в себе 7 дней недели — временные единицы бесконечности Вселенной. По обычаю 7 чаш с наурыз-коже должны стоять перед самым уважаемым аксакалом («белобородый старик»). В этот праздник каждый казах должен посетить 7 домов и пригласить 7 гостей.
«Коктем Туды» («С рождением весны») – так казахи поздравляют друг друга на улицах с праздником Наурыз
Песня о матери «Анашым»
2 ведущий: Уважаемые гости 1 мы начинаем наш праздник. Посмотрите презентацию
1 ведущий: стихотворение «Наурыз», читает ученица
Мы здесь сегодня собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радуют сегодня всех!
Возьмемся за руки, друзья,
Ведь мы – единая семья:
Татарин, русский и казах,
Литовец, немец и поляк.
За нашим праздничным столом
Мы вместе песни запоем!
Открыта дверь для всех гостей —
Для пожилых и для детей.
Весна навстречу нам идет,
Весна на праздник всех зовет,
Народы самых разных стран
Шлют поздравленья в Казахстан!
Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения,
Чтобы мечты у всех сбылись –
Здравствуй, праздник Наурыз!
2 ведущий
Викторина.
- В какой стране зародился праздник Наурыз? (В Иране)
- Какие мясные блюда подавались на стол? (Казы,шужук, вареное мясо)
- Какие семь продуктов были необходимы для приготовления нарыз-коже? (Вода, соль, пшеница, просо, мясо, сметана, рис)
- Какое название имели качели, устанавливаемые к вечеру празднования Наурыза? (Алтыбакан)
- Какими именами нарекали рожденных в этот день мальчиков и девочек? (Наурызбай, Наурызбек, Наурыз)
- Сколько дней продалжалось празднование Наурыза? (Месяц)
- С каким видом хозяйственной деятельности человека был связан прежде всего праздник весны? (Земледелием)
- Закончите доброе пожелание, бытующее в народе на Наурыз: «Пусть продолжением праздника будет …». (Свадьба)
1 ведущий Однажды к нам в аул приезжал известный человек, а звали его Алдар – Косе.
Ассаламуалейкум, балалар!
Здравствуйте, дети!
Вы меня узнали? Ну-ка!
Меня знают все!
Я безбородный обманщик,
Веселый Алдар-Косе.
Я живу в замечательных книжках,
Я всегда помогаю обиженным,
Наказываю злых и жадных,
Слабых язаищаю, а с детьми играю
Расскажу я вам небылицы,
Очень смешные вещицы,
А вы мне дайте ответ,
Бывает так или нет.
Небылицы Алдар-Косе
1. Навьючив воз на стрекозу
Я раньше всех откочевал,
Из пряжки масла свил аркан
Прочней его никто не знал
Такое бывает?
2. К усам кузнечика легко
Я лошадь привязал свою,
И узел, стянутый потом
Едва-едва я развязал
3. Как на лихого жеребца
На муравья вскочил я,
И быстроногую лису
Догнал в одно мгновенье
4. К концу подходят небылицы
Я сшил аркан из пуха птицы
Синицы, воробьи, устроив пышный пир
Пришли ко мне с подарком от лисицы
Ведущий:
— Ребята, кто к нам стучится? О, это жеренши, Великий Мудрец!
Проходи, Мудрец, гостем будешь. Удиви своей мудростью. Порадуй изречениями.
Мудрец: А сейчас, ребята, я вам загадаю загадки, а вы дружно отвечайте
1.Он растёт не в огороде,
А растёт в большущем поле
Очень нужен он нам
Хлеб чудесный – это …(нан)
2.Любят все с ним играть
Все узнают – это мяч.
Он по полу скок – скок
Мяч весёлый – это …(доп)
3.Вам в бидон его нальют
Все ребята тёплым пьют.
Молоко назвали — …(сут)
4. Вяжет всем ребятам варежки и шапки
Все узнали без труда
Это бабушка — …(апа)
5.Смастерит он вам лошадку
Даст в свисточек погудеть
Вы узнали – это дед.
А по – казахски скажем без труда
Дедушка милый – это …(ата)
- Заплелись густые травы
Закудрявились луга
Да и сам я весь кудрявый
Даже завитком рога.
(барашек)
2. Хоть зверь я горбатый,
Но нравлюсь ребятам.
(верблюд)
- Рыжий молокозавод
День жует и ночь жуёт
Ведь траву не так легко
Переделать а молоко.
(корова)
- Не мой бы труд,
Не мой бы бег
Ты плохо жил бы человек,
Но в век машины и мотора,
Боюсь в отставке буду скоро. (конь)
Инсценирование сказки «Наурыз».
(входит грустный Наурыз).
Ведущий:
— Что случилось с тобой, добрый человек? Кто ты? Почему такой грустный?
Наурыз:
-Наурызом меня все зовут.
Каждый год люди так меня ждут!
Я должен Весну привести за собой,
Весна хочет быть мне верной женой!
Ведущий: — А что же мешает вам пожениться?
Наурыз: — Уж очень на нас отец её злится!
Он хочет калым за невесту большой.
Ведущий:
— Что ж, Наурыз, не печалься ты так!
Не можем мы без солнышка и Весны.
Мы все поможем тебе. Засылай к хану сватов.
Наурыз:
— Сейчас я их приглашу! (убегает)
(появляется хан, за ним идут, пританцовывая слуги, несут подушки. Хан хлопает в ладоши 3 раза. Вбегает Весна).
Хан:
-Хороша у хана дочь! Луноликая, как ночь» Женихов гоню я прочь!
Көктем, сокровище моё!
Сваты:
— Есть у нас сын Наурыз – красивый, умный, добрый юноша! Он влюблён в вашу дочь Көктем!
Хан:
— Не говорите мне про это! Моя дочь красавица!
Сваты:
— О, Ханеке! Как же наш Наурыз без Көктем? Как же народ без Весны?
Хан: (задумчиво)
— Ну что ж, не нужно мне золото и серебро. Я очень люблю свою дочь и
отдам её только за достойного жениха! Если сможет он победить злую холодную волшебницу Зиму, то станет женихом моей дочери.
Наурыз:
Ну, что же мне делать? Как же мне быть?
Смогу ли я злую Зиму победить?
Коктем:
Я слышу, Наурыз, любимый мой.
Тебе сразиться надобно с Зимой.
Я подарю тебе сазсырнай
Но не простой, а волшебный
Силы Зимы он подорвёт
Звука его Зима не снесёт!
Зима: Кто посмел в мои владения войти?
Сазсырнай волшебный кто посмел найти?
Звук его меня сломает,
Дух бурана погибает, и метели иссякают.
Не губи меня, джигит. Тело всё моё горит
Всё, что хочешь пожелай
В сазсырнай лишь не играй!
Наурыз: Ты зимой была нужна
Сила мне твоя нужна.
Этот калым мал для хана
У метели, у бурана вешней влагой будет рана.
И тогда с моей невестой той устроим повсеместно
Засверкает степь цветами, зашумит земля садами
Люди счастье обретут, сев весенний все начнут!
Зима: Победили вы меня.
Что же, ухожу я на покой.
С вами я сражусь зимой.
Хан: Наурыз, ты настоящий батыр. Прогнал холодную Зиму, я отдаю тебе в жёны мою дочь Коктем!
Эй, казахский народ, хан на свадьбу вас зовёт! Люди, наурыз встречайте! Молодых поздравляйте!
Песня на казахском языке
Уважаемые друзья! Чтобы весело отпраздновать праздник Наурыз, мы разделим всех присутствующих на две команды
Ведущий 2:
Итак, вы, посовещавшись, придумайте для своих команд название, девиз, приветствия для соперников и гостей. Оцениваться все будет по пятибальной системе. А нашим гостям мы предлагаем стать членами жюри.
Ведущий1:
Итак, я представлю вам совет мудрейших: ______________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ И сейчас они оценят результаты первого конкурса
Ведущий 1:
Команды наши готовы? . А мы продолжаем!
1 тур «Живой вопрос»
-Математика – Какое число считается священным и почитаемым в казахском народе и как оно связанно с праздником наурыз?
-Физика – Какое явление перехода одного агрегатного состояния в другое активно проявляется с наступлением Наурыза?
-Язык – Как переводится и с какого языка слово Наурыз?
-География – Как можно связать этот предмет с праздником Наурыз с точки зрения географии? (весы)
История – Откуда произошли корни праздника Наурыз?
Наурыз празднуется весной, в марте. С 21 на 22 марта день равняется с ночью. Народ начинает жизнь с нового листа. По традиции в этот день обидевщийся должен простить обиду, поссоривщиеся должны помириться.
Принято встречать Наурыз весело с открытой душой, с благими намерениями. В народе говорили как встретишь Наурыз так и весь год пройдет. Поэтому целый день народ пел песни, играли игры, ходили друг- к другу в гости.
Второй тур.
Блюда
1. Этот напиток изготавливают из верблюжьего молока?
2. На праздник Наурыз
у каждого дома устанавливался казан, в котором готовили праздничное блюдо из семи компонентов. Что это за блюдо?
3. Мясо, почки, печень, легкие нарезали мелкими кусочками и жарили, добавив жир и специи. Что это за блюдо?
4.Казахи почетным гостям подавали блюдо, в состав которого входили жал-жая, шұжық, қарта, қазы.
Что это за блюдо?
5. Маленькие кусочки теста жаренные на курдючном жиру. Что это?
Одежда
1.Как называется головной убор замужней женщины? Почему существует различие в одежде замужней и незамужней женщины?
2. Поверх платья женщины одевали приталенную вышитую орнаментами одежду без рукавов?
3. Как называется головной убор невесты?
4. Что такое мәсі?
5. Маленькая шапочка вышитая орнаментом?
Обычаи
1. Той, который устраивали в честь новорожденного?
2. Когда малыш делал первые шаги собирали гостей и самый почетный гость обрезал путы на ногах малыша. Что это за обычай?
3. Что такое «Беташар»?
4. Как проходит обряд «Қырқынан шығару»?
5. С какой целью казахи придерживались традиции “Бесікке салу”?
4 тур «Полиглот»
Команды вытягивают листочки со словами и они должны за предоставленное время перевести данные слова на казахский, английский, немецкий языки.
1. Знанье ( білім, нолидж, виссен)
2. Родина (Отан, мазэлэнд, хаймат)
3. Дружба (фрэндшип, фройндшафт)
4. Мир (бейбітшілік, пис, фриден)
5. Народ (халық, пипл, фольк)
6. Мать (ана, мазэ, муттер)
7. Край ( өлке, лэнд, ланд)
8. Ученик (оқушы, пьюпл, шюлер)
Ведущий 2:
А знаете ли вы, что Наурыз особенный праздник и готовят для него особые блюда. Так как Наурыз – это ещё и начало весенних полевых работ, было принято за 25 дней до праздника высеивать в специальных посудах зерно, а первый день праздника проростки употреблять в пищу. В каждом ауле устраивали состязание едоков. Чемпионы съедали до двух баранов.
Ведущий 1:
Они съедали баранов, а мы предлагаем выйти сюда по одному представителю от команды. Конкурс «Кто быстрее». Вы должны как можно быстрее съесть предложенное вам блюдо: баурсак и айран.(2 – 3 человека от команды)
Вопросы совсем несложные:
1. Когда отмечаем Наурыз?
2. Что означает слово “Наурыз”?
3. Какое блюдо готовят на праздник?
4. Первая столица Казахстана.
5. Переведите на казахский слова: праздник, новый, радость.
6. Из скольких ингредиентов состоит “Наурыз коже”?
7. Какие вы знаете национальные казахские игры?
8. Какие знаете традиции?
9. Как поздравляют друг друга люди в этот праздник?
10. В каких странах еще отмечают этот светлый праздник?
11. Какое число у казахов считается магическим и удачным?
12. Священная книга мусульман.
13. Из каких составных частей состоит юрта?
14. Как называется генеалогическое древо у казахов?
1. 22 марта.
2. “Новый день”.
3. Наурыз коже.
4. Оренбург.
5. Мереке(мейрам, думан, той), жаңа, қуаныш.
6. Состоит из 7 ингредиентов.
7. Алтыбакан, Кыз куу, Кокпар, Аударыспак, Байга, Куме алу, Ак каскыр — байланган каскыр, Балапандар, Такия тастамак!
8. Тусаукесер, кыркыдан шыгару, «жеты ата», бесике салу, атка отыргызу и другие.
9. Поздравляющий говорит: «Наурыз мейрамы кұтты болсын!» («Пусть праздник Наурыза будет счастливым!»), принимающий поздравления отвечает «Бірге болсын!» («Да будет вместе!»).
10. В настоящее время Наурыз отмечается, как государственный праздник: 21 марта в Иране, а также в Азербайджане, Албании, Афганистане, Грузии, Иракском Курдистане, Индии, Киргизии, Македонии, Турции, Туркменистане и в Узбекистане — а также в Казахстане — 21—23 марта и в Таджикистане (4 дня). Наурыз также празднуется на местном уровне в Татарстане, Башкортостане.
11. Число – 7.
12. Коран.
13. Юрта (уй, кииз уй) состоит из деревянного каркаса и кошомного покрова. Каркас юрты состоит из трех частей: кереге (решетчатый остов), уык (жерди, подпирающие верхний круг), шанырак (верхний круг).
14. Шежире.
Наурыз – начало года
Так считает наш народ.
И обычаи народа
Людям всем передаёт.
5-й чтец:
Наурызбен күттықтап
Алыс жақен қаутышты
Көктемдегі жарқын сәт
Көңелдерге ауысты.
6-й чтец:
С Наурызом поздравляем
Взрослых мы и малышей.
Счастья, радости желаем
И весенних тёплых дней.
8-й чтец:
— Да здравствует великий день народов Востока!
9-й чтец:
— Пускай погодные сюрпризы
В душе не оставляют след,
Пусть сердце радуется жизни,
А жизнь пусть будет, как цветов букет!
10-й чтец:
— Желаем счастья до небес,
Изведать всех больших чудес!
Познать любви божественную силу,
И видеть мир прекрасным и красивым!
Ведущий:
— Новый год всегда хочется начинать с чистой страницы.
Я желаю Вам, чтобы всё в нём было по-другому: светло и свежо. Желаю радости и счастья!