Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс-шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады.
Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
1 — жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
2 — жүргізуші:
Қымбат, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
1 — жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
2 — жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
1 — жүргізуші:
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысыДәмелі Қойбаққызын шақырамыз!
2 — жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
Ән «Алтын ұя мектебім»
1 — жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
2 — жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
«Ұстазым» әні
1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. 1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
2 — жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Әй ақымықтық деймін, біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге тамашалайық!
Музыкалық қойылым
1 — жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар! 2 — жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға Кәсіп одақ ұйымының төрағасы Маржангүл Сағиданқызын шақырамыз.
1 — жүргізуші: Тәтті әуен бағаланса, балдан нәрі, Өнердің асулары алда әлі. Өнерге іңкәр етіп қояр жанды
Ән «Мектебім»
2 — жүргізуші:
Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстазжайлыайтылар сыр да, жыр да көп. Ұстазсенімінақтау — адамгершіліктіңбелгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылықкерекекен.
(баяу музыка ойнап тұрады)
1 — жүргізуші: Қымбат, мен саған жұмбақ жасырайын? Шешіп көрші
2 — жүргізуші: Жарайды жасырып көр, кәне
1 — жүргізуші: Жылдың ең қысқа күндері.
2 — жүргізуші: Каникул
1 — жүргізуші: Оқушылардың үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиясы
2 — жүргізуші: Күнделік.
1 — жүргізуші: Бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
2 — жүргізуші: Дос
1 — жүргізуші: Үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
2 — жүргізуші: Сабақ
1 — жүргізуші: Әжеме айтатын басты сылтауым.
2 — жүргізуші: Спорт секциясы
1 — жүргізуші: Қыздардың негізгі қаруы.
2 — жүргізуші:“Апайға айтам”
2 — жүргізуші: Әрине бұның бәрі әзіл.
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
«Жылқышы» биі 1-класс бүлдіршіндерінің орындауында.
1 — жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,…..
2 — жүргізуші:
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі әсем ән сіздерге арналмақ, қабыл алыңыздар!
«Ұстазым» әні
1 — жүргізуші:
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
2 — жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
8. Хор. «Ұстазым»(Көңілді әуен, сахнаға барлық оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді)
1 — жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.
Martebe.kz ақпараттық білім порталының мақсаты Ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған. Сондықтан біздің сайтымызда Ұстаздар тақырыбының жиі қозғалуы заңдылық. Оқырмандардың назарына сайтымыздағы «Ұстаз» тақырыбындағы таңдаулы материалдарды ұсынамыз.
- Ұстаздар туралы 10 таңдаулы қанатты сөздер
- Ұстаз — ұлы тұлға (шығарма)
- «Менің ұстазым» тақырыбында шығарма
- Ұстаздар күнінің шығу тарихы
- Ұстаздар туралы өлеңдер топтамасы
- Ұстаздар күніне құттықтау сөз
- Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
- Сүйікті ұстаз (Шығарма)
- ҰЛТ боламын десең, ұстазыңды түзе
- Ұлы ұстаз өнегесі
- Өмірқұл Айниязов: Ұстаздың үстінен шағым айту — біздің санамызда болған емес…
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектебіміздің ұлағатты, ардагер ұстазы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Ерғали Балғараұлына береміз. Рахмет, ағай!
Келесі құттықтау сөз мектеп басшысының уақытша міндетін атқарушы Буденова Салтанат Құрмангалиевнаға беріледі.
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Ән: «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – сынып оқушылары Тлеуберген Ерасыл мен Рахымқұ Нұрасыл.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі» — деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін — өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет!
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Ұстаздар (Мұғалімдер) күні
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Жалаңтөс батыр ауылы, Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна
Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.
1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым
2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығап «Бипыл» биін билейді.
1-жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.
2-жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
1-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам –мектебім!
ӘН орындалады
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман
2-жүргізуші:
Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады
1-жүргізуші:
Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би орындалады.
2-жүргізуші:
Оқытыңдар,ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете,ұстаздар.
1-жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Қорытынды бөлім.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Мұғалімдер күніне сценарий
Сценарилер- string
- 29.09.2015
- 1
- 7
- 84135
Ұстаз – саған мың алғыс!
Өткізілетін уақыты: 05.10.2012ж, сағ: 15:00
Өткізілетін жері: Баянды ауыл клубы
Ансамбль ашады. Гүлжанат, Маржан, Ақмоншақ, Алтынгүл, Еңлік. Домбырада 3 күй орындайды
1-жүргізуші:Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.
2-жүргізуші:Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Құралай апайға сөз береміз.(апай сөйлейді)
Әлімжанова Гүлназ
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
2-жүргізуші:Ал бұлбұл әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнада ән, орындайтын Дүзелбай Динара
Дүзелбай Мадияр
Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың — кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды —
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз — үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
1-жүргізуші:Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахна төрінде қазақ биімен Сабирова Анаргүл
1-жүргізуші:Құрманғазы,Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Қазір сахнада көңіл толқытар күй орындалады. Орындайтын Лауадин Әліби
2-жүргізуші:
Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің —
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол — өзің арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам — елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір — сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға қыздарымыздың триосын шақырамыз!(«Гүлдәурен», Көпжүрсінова Еңлік, Қосанова Үмітжан, Аманбай Ақмоншақ )
Жайлау Маржан
Нұр құйды ма сәби – гүл — әлди елі,
Жүрегіңде қасиет бар киелі…
Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,
Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.
Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,
Тәрбиені үйреттің басқышы көп…
Өнегелі еліне еңбек еттің,
Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.
Азаматқа жүретін балап елім,
Сондай жұртқа қадірлі адам едің!
Ұл-қыздарың қондырған ұясына,
Мен де Сізді бір тауға санап едім.
«Талпынған бақытына болады кез,
Арналы дарындардан қалады сөз» —
Деп құйған құлағына шәкірттердің,
Адамсыз –
Дана ойлы,
Бал мінез!
2-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
Сіздерге арнап сахнада мектебіміздің қыздары мың бұралып би билейді. «Ақжелкен» би тобы.(Гауһар қанатбаева, Фариза, Дәмеш, Айкүміс)
1-жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге арнап өз әзілдерін алып келген мектебіміздің «Жігер» КВН командасын ортаға шақырайық!
2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Ән-шашу
Сценарий тақырыбы: «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!
ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі» — деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін — өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет!
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ мұғалімдер күніне арналған сценарий
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ мұғалімдер күніне арналған сценарий
Қатысушылар: Бірінші жүргізуші (бастаушы), екінші жүргізуші (озат оқушы),
басқа да класстағы оқушылар.
Сахнаға бірінші және екінші жүргізушілер шығып сауықты бастайды.
Бірінші жүргізуші:
- Бүгін мұғалімдер күні. Бәрімізге тәлім – тәрбие беріп, сауатымызды
ашқан ардақты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын !
Екінші жүргізуші (тебіреніп):
- Үйретіп бізге алғаш «ӘЛІППЕНІ»,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой – арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Бірінші жүргізуші:
- Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты Ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
(көңілді күй ойналып, оқушылар сахнаға шығады.)
Екінші жүргізуші:
- Оқымысты білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан.
Бірінші жүргізуші:
- Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан , ақыннан,
Ой шалқытқан күйшіден
Екінші жүргізуші:
- Өнері көп актерден,
Өндіргіш ер шахтеден,
Бой балқытқан бишіден,
Ғарышкерден, батырдан.
Бірінші жүргізуші:
- Отандық жас – кәріден,
Оқушының бәрінен,
Бәрі:
— Ұ С Т А З Д А Р Ғ А М Ы Ң А Л Ғ Ы С !
Оқушылардың орындауында «Қаражорға» биі.
О қ у ш ы л а р:
Бірінші оқушы:
- Таудай биік талабым,
Таңдап білім аламын.
Ғарышкер боп ғарышқа,
Жол салуды қаладым.
Екінші оқушы:
- Отанның, ел – ананың,
Мақтанышы боламын.
Туған елдің көгінде,
Жұлдыз болып жанамын.
Үшінші оқушы:
- «Ел сенімін ақтайды»,
Деп ұстазым мақтайды.
Мұғалімнің әр сөзін,
Көкейімде сақтаймын.
Төртінші оқушы:
- Басталғанда үзіліс,
Балалар шу көтерді.
Қым – қуыт бір қызық іс,
Бір мектепке жетерлік.
О қ у ш ы л а р д ы ң орындауында «Мектебім» әні. Хор
Бесінші оқушы:
- Ой – ұшқыным жанады.,
Ұлағатты саналы.
Ұстазыма ұқсаймын,
Болам істің маманы.
Алтыншы оқушы:
- Тәрбиеші лезде,
Келіп сөзін ұқтырды.
Бағынды да бір сөзге,
Барлық бала тік тұрды.
Жетінші оқушы:
- Ақыл білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп, көктедім
Сенсің өмір көктемім.
Сегізінші оқушы:
- Ыстық мектеп партасы
Оқулығы, картасы,
Мұнша қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
(бірнеше оқушы өнер көрсетеді. Ән, би, күй.)
Екінші жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ынта
қойып тыңдап, зер салып үйреніп жүрміз. Әрбір пән мұғаліміне жан – жақты білім бергені үшін алғысымыздың шегі жоқ. Оқушы шәкірттеріңіз пәндер туралы сыр шертеді.
Оныншы оқушы:
- «А»- дан сыр шерткен,
Барлық пәнді үйреткен.
Ардақтап мен оқимын,
Ана тілін құрметпен.
Он бірінші оқушы:
- Терең ғылым, сананың,
Тегі деп ой саламын.
Маңызды деп оқимын,
Математика сабағын.
Он екінші оқушы:
- Шынықтыру денені,
Ол да бір пән елеулі.
Барлық шәкірт ұнатар,
Физкультура сабағын.
Он үшінші оқушы:
- Табиғаттың сыры бар…
Тарихты да ұғып ал.
Кемдігі жоқ бәрінің,
Пәндер аты қыруар.
Он төртінші оқушы:
- Сан алуан өнерді,
Сызу , сурет, өлеңді.
Мұғалімдер үйретіп,
Өркендеткен өнерді.
Он бесінші оқушы:
- «Гео» деген – жеріміз
«Географиясын» көріңіз.
Өрнектелген картада,
Өзен, тау, ел, көліміз.
Бірінші жүргізуші:
- Қадірлі Ұстаздар, Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мадақтап, жырға
қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзектен шыққан сөзімізді тыңдап көріңіздер.
Он алтыншы оқушы:
- Сөз сөйлесе сартылдап,
Күніміздей жарқылдап,
Қызық сабақ бастаса,
Қыза түсер қарқындап.
Бірінші оқушы:
- Бізбен ойнап, күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашанда,
Қамқор болып жүреді.
Екінші оқушы:
- Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар көзіңе.
Құрмет тұтар бізді де,
Қуат беріп сезімге.
Үшінші оқушы:
- Көңіліңнің хошын – ай!
Көп шәкірттің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл,
Біздің ағай осындай.
Төртінші оқушы:
- Тәрбиелеп, сан алыпты,
Үйреттіңіз саналықты.
Түзеттіріп шалалықты
Есейттіңіз балалықты.
Бесінші оқушы:
- Ойламас ез ертеңгіні,
Оспандарсыз еркелігі.
Күнде сотқар көңіліңізге,
Күй салып, өртендірді.
Алтыншы оқушы:
- Сабырыңыз құрыштай нық,
Салып жөнге ұрыспай- ақ.
Санасызды, тентекті де,
Кешіріңіз. Жүрміз аяп.
Жетінші оқушы:
- Бірін- бірі жақтаған,
Оқушыңыз тақтада.
«Белгі» жасап тым ерсі,
«Көмек» күтсе, білесіз.
Сегізінші оқушы:
- Шәкірт сасып тұрғанын,
Сыбырға бой ұрғанын;
Қас қағымнан білесіз,
Білмегенсіп жүресіз.
Тоғызыншы оқушы:
- Сыпсыңбайдың сыбырын,
Сытыры мен сыбдырын.
Болымсыздың «достығын»,
Болбырдың тым бостығын.
Оныншы оқушы:
- Кім ақылды, кім ессіз…
Бәрін сезіп білесіз.
Әр қимылды көресіз
Әділ баға бересіз.
Он бірінші оқушы:
- Үйретіп өмір талабын,
Игілік іске нұсқадың.
Ақкөңіл, іскер, әмбе бап,
Ақылшым менің ұстазым!
Бір оқушы «Ақылшым — мұғалім» әнін айтады.
Он екінші оқушы:
- Еркін білім аламыз
Ертең біз де маманбыз.
Он үшінші оқушы:
- Мен ғарышкер боламын,
Мен жер шарын шоламын.
Он төртінші оқушы:
- Өнерші боп өсемін.
Мен кен сырын шешемін.
Он бесінші оқушы:
- Егін егіп баптаймын,
Елді жаудан сақтаймын.
Хормен:
- Берген білім, бұлаң күш,
Ұстаздарға мың алғыс!
Бәрі қосылып «Ұстазым, менің ұстазым»әнін хормен айтады.
Соңы.
«Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік» ұстаздар күніне арналған екі тілде концерттік бағдарлама
«Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік»
ұстаздар күніне арналған екі тілде концерттік бағдарлама
Мақсаты: Білім алушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: шарлар, қабырға газеттері, теледидар
Өтілетін жері: акт залы
Өтілетін күні:
(баяу сазды музыка қосылып тұрады)
(Муз «Вести» информац программы)
Жүрг: Сәлематсыздар ма, қадірменді телекөрермендер!
Қайырлы күн! Бүгін бізде айтулы мереке — Ұстаз атты жаңа телеканалымыз өз жұмысын бастайды. Бұл жаңалығымыз өте айырықша — себебі халықаралық Ұстаздар күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан бүгінгі бағдарламамыз осы мерекеге арналады. Кештің аяғына дейін сіздермен бірге – жүргізушілер Мұхамед пен Сабира. Мұхамед, ұстаздарымызды бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтап қоялық
(бірге —— МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!)
Ведущие: Здравствуйте, уважаемые телезрители! Добрый день! Сегодня у нас знаменательное событие – начал свою работу новый телеканал «Учитель». И это событие тем более знаменательно, потому что начало работы нашего телеканала совпало с грандиозным событием – международным Днем Учителя! И поэтому наш сегодняшний выпуск посвящен именно этому празднику.
Жүргіз.: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Ведущ.: Давно люблю я школьные звонки…
А впрочем, и не может быть иначе.
С них начинается живая вязь строки
И первые раздумья над задачей.
От них уходит вдаль любой маршрут,
И в них открытий радостных начало
Вот так, наверное, ракеты старт берут
И корабли уходят от причала.
Жүргізуші: «Сіздердің хаттарыңыз бойынша» атты келесі бағдарламамызға, біздің редакция мекенжайына өз ұстаздарын құттықтаған жүрекжарды ақ тілек хаттар легімен келіп түсуде, және де ұстаздар қауымына өз тілегін білдіру үшін, бағдарламамызға кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мырзабеков Молдахмет Сейдахметович келіп отыр. Сөз кезегі өзіңізде, Молдахмет Сейдахметович.
(Музыка кетеді)
Жүрг. Сіздердің құрметтеріңізге Шұғыланың орындауында қазақ биі
Ведущ. Море писем пришло в адрес нашей редакции с просьбой поздравить любимых учителей.
Прочитаем вам одно из писем: «Уважаемая передача! Сегодня нам очень хотелось бы в этот день побывать в родном колледже, поговорить с нашими любимыми учителями. Как много хлопот мы доставляли им, а они всегда относились к нам с материнской нежностью и делились теплом своей души. Мы просим прощения за свои маленькие проказы и хотим вам сказать, что мы любим и помним всех своих учителей. Просим исполнить для них хорошую песню про учителей. С уважением выпускники.
Жүрг. Ұстаздар, сіздер үшін Томиристің орындауында « Махаббатым» әні
Жүрг.: Қазір сіздердің назарларыңызға ауа райы туралы мәліметтерді ұсынамыз. Аружан, Анель сөз кезегі өздеріңізде
(Ауа райы туралы музыка қойылады)
Аружан: Армысыздар, бүгін, 2қазан, біздің факультетте күн райы өте қолайлы, шуақты, гүлдестелерінен жел тұруда. Күннің екінші жартысында шын көңілден соғылған алақан шуылы мен көңілді күлкілер күтілуде. Гидрометорталығы сіздері бүгінгі Ұстаздар күнімен құттықтайды.
Анель: Сегодня, 2 октября, в нашем факультете солнечно от улыбок, дуют цветочные ветры. К середине дня ожидаются порывы радостных аплодисментов, возможны теплые кратковременные слезинки и ожидается фронт хорошего настроения. Гидрометеоцентр поздравляет всех с праздником – Днем Учителя – и дарит вам песню. В исполнений Ерзата и Боты «Сағындың ба»
Жүрг:. Ал біз әрі қарай бағдарламамызды жалғастырамыз. Көрермендердің сұрауы бойынша эфирде концерттік бағдарламамызды көруге шақырамыз.
Ведущие: А мы продолжаем дальше нашу трансляцию. По просьбам телезрителей на нашем телеканале выходит на сцену Марина с песней «Шагай»
Ведущие: А ведь верно, без любви жизнь невозможна. И мы на самом — то деле любим Вас. Мы ведь понимаем, что если бы вас, любимые наши учителя, не было, то не было бы и нас. Для вас исполняет следующую песню Саид и Сабина С песней Во преки
Жүрг: Келесі кезекте Авиация колледжінің 1 курс білім алушысы Славаның ақындық өнерін тамашалаңыздар РЭП Слава
Ведущие: наш канал не просто так называется «Учитель». Мы планируем показывать различные обучающие программы. И первую такую программу мы представляем сейчас вашему вниманию – «Школа танцев».
Ведущии. Танец в исполнении группы ТОП — 15 — 16. Ча — Ча — Ча
Жүрг. Адиля мен Алуаның орындауында араб биі
Ведущий: А следущий номер посвещается для ВАС (флешмоб)
( гүл шоқтарын таратады)
Ведущие: Вот и заканчивается первая трансляция телеканала «Учитель». Но мы просим вас задержаться у экранов телевизоров. Вашему вниманию предлагается песня.
Жүргізуші: Осымен біздің бағдарламамыз аяқтала келді, біз сіздермен қоштаспаймыз
Караокеде Ұстазым әнін бірге орындаймыз
Ұстаздар мерекесі
Балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатының балалардың санасына жеткізуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Ұстаздарға мың алғыс!
Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.