Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Мұқағали Мақатаевқа – 90 жыл.
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқының ақиық ақындарының бірі — Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл – 90 жыл. Халқымыздың аяулы ұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жыл өткен сайын әр қазақтың жүрегінде маздап, әр шаңырақта, әр сахнада шарықтай шырқала түсуде. Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен де бақытты халық.
2-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Ендеше, ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», — деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді. «Ғасыр ақыны» атанды.
1-оқушы: «Поэзия!!! Менімен егіз бе едің?»
Ән: «Арман — ай»
2-оқушы:
Суырылған қылыштай жаңа қыннан,
Орын алған мықтылардың санатынан.
Сен қазақтың қияда ұшқан ақиығы,
Сусылдап жыр төгілген қанатынан.
Сөздерің ұлпасындай бала қаздың,
Өлеңіңмен жүректерде жара жаздың,
Нәр алып топырағынан Қарасаздың.
3-оқушы:
Лирикалық жырлармен мақамдаттың,
Әр сөзің ұлпасындай мақта алұапты.
Ғашықтар жаттап жүрер өлеңдерің,
Пәк сезімін баяндаған махаббаттың.
Тым еркін, дала еркесі құлан едің,
Тағдыр шалып, мың сүрініп құлап едің.
Бұл қазаққа жырларың мұра болған,
Мәңгі ұмытпас дүл-дүлін, құлагерін. (Еркін Оралбайұлы)
2-жүргізуші: Ерен жүйрік, талантты тұлға — Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.
(Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик тамашалау)
1-жүргізуші:
Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады («Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. 10 жасында әкесін сағынған ең алғашқы өлеңдерін жазған.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте орыс тілі пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
4-оқушы. «Ана сен бақыттысың»
5-оқушы. Қайран қара сазым –ай!
2-жүргізуші: Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір — дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.
Ән: «Нұрын төккен маған»
1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.
2-жүргізуші: Бүгінде ақынның өлеңдері ел арасында әділ бағасын алып, әр сахнада, әр шаңырақта шырқалып жүр.
Ендеше қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
6-оқушы: Бабаларым, рахмет сендерге
7-оқушы: Қара өлең
8-оқушы: Үш бақытым
9-оқушы: Отан туралы
10-оқушы: Не сыйлайды, не береді келер күн?!.
1-жүргізуші: Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір сырын жыр етеді.
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
2-жүргізуші:
Пай! пай! пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
1-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік.
11-оқушы:
Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз —
Нағыз сорлы панасыз?
12-оқушы: Құт мекені
2- жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
1-жүгізуші: Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Ендеше кезекті солаға берейік
13-оқуш ы: Әбділдә Тәжібаев:
«Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.
Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.»
14-оқушы: Михаил Курганцев:
«Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде өте жарқын, күшті де көрнекті жаңа бір дара тұлғалы ақын пайда болған екен-ау деп те айта аламын. Оның творчествосы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани күш-қуат құяды.»
15-оқушы: Әбіш Кекілбаев:
«М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның… өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.»
16-оқушы: Тұманбай Молдағалиев:
«Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.»
17-оқушы: Қадыр Мырзалиев:
«Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.»
18-оқушы: Бауыржан Момышұлы:
«Мұқағали да халыққа ұстаз болуға жарайды»
19- оқушы: Шерхан Мұртаза
«Мұқағали жалғыздықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жемқорлықты, бәлеқор — лықты жан-тәнімен жек көрген ақын».
20-оқушы: Фариза Оңғарсынова:
«Мұқағали Мақатаев — қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол — ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.»
2-жүргізуші:
Өлең жазу – дертіне болған дауа,
Оны оқысаң, жұтқандайсың таза ауа.
Бұл ақының – Мұқағали Мақатаев
Өлеңмен рух берген ұлтқа дара!!!
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
1-жүргізуші:
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
2-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізін қабыл алыңыздар. (оқушылар әріптер алып шығады)
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге:
Рахмет!.
1-жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын асқақтатып, мерейін асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Осымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық!
Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
«Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кеші.
Кештің мақсаты: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату ,оқырмандардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Мұқағали шығармалары арқылы туған жерін сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттері, бүктемелер, шарлар, гүлдер.
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата –аналар және оқушылар ! Қазақтың ғасыр ақыны. « Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз. Әнұран орындалады.
Кешімізді бастамас бұрын оқырмандарды Биылғы 2016 жылғы тойланатын «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесімен таныстыру.
Кітапханашы: Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын есімі Мұқаметқали. Әкесі Сүлеймен іс шаруа адамы . Бастауыш сыныпты Қарасазда оқыды, орта мектепті Нарынқолда бітірді 14-15 жасынан өлең жаза бастады. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтады. Ауылдағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңы, әке зары, жетім –жесір, қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салтын-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.
Сырым да осы, Жырым да осы,
Алдыңда, байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мұхаңдар жоқ, Мұхаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда дей отырып . Мұқағали Мақатаевқа арналған слайд көрсетіледі.
Жыл сайын Мұқағали тойланады,
Өлеңнің таралады бойға нәрі.
Жас ақындар талпынып шабытталып,
Мұқағали жайында толғанады. Дей отыра бүгінгі кешімізді алып баратын жүргізушілермен таныс болыңыздар. Сапарбай Аружан және Бойт Әсем.
-
жүргізуші Айналасын ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды.
«Дариға- жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Мен ғашықпын», «Шындық» шығармаларымен жыр сүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.
-
Жүргізуші Мұқағали Мақатаев өлеңдері, жыр шумақтары ғасырдан –ғасырға жалғаса береді. Есімі жалпы қазақ баласына, жыр сүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай өзі өлсе де, оның өлең жырлары өлген жоқ.
-
Жүргізуші Қуат алып Абайдың тіл күшінен.
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді. Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түседі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шыныменен бақытты халық.
2-Жүргізуші Қазаққа тән қара өлеңге табындым,
Ата –баба дәстүрінен ап үлгІ
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали поэзия алыбы.
Ия, Мұқағали –ғажайып, ақиық сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстарды бере алатын жұмбақ ақын.
Ендеше кешімізді «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» айдарымен Мұқағали Мақатаев өлеңдері оқылады.
1. Сапарбай Аружан «О, Поэзия»
2.Төреқұл Ұлдана «Мен ғашықпын»
3.Тыныштық Әсел «Мен таулықпын»
4.Тұрғанбек Дана «Фантазия»
5. Бердан Ақнұр «Көшеде»
2- Жүргізуші Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, тыныштық қандай рахат!
Қандай рахат сәбилер жыламаған.
«Мұқағалидың әнге айналған жырлары» айдарымен
Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнімен сахнада Сапарбай Аружан.
Медеу Жәннәт «Саржайлау» әнімен
1- Жүргізуші Мұқағалиді еске алып келеді елім,
Қайталаған қазақтың қара өлеңін
Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,
Мұқағали ,Жұмекен, Төлегенін дей келе
«Жазылар естеліктер мен туралы» айдарымен Мұқағали өлеңдері
Бойт Әсем «Бүгін менің туған күнім»
Мәдіомар Еркеұлан «Үш бақытым»
Зұпар Ақтолқын «Соқ жүрек»
Қалдыбай Асылжан «Шындық»
Қаратай Гүлдана «Соғыстың соңғы көктемі»
2-Жүргізуші Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.
Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен сахнада Қайрат Қарақат.
1-Жүргізуші Ғашықтар үшін таң күліп,
Күре тамырларға қан жүріп
Махаббаттарымен мәңгілік
Жатады өмір жаңғырып, — ендігі кезек Мұқағалидің ғашығы Фариза Оңғарсынова ақынға арнаған «Фариза қыз» атты өлеңіне пародия Төреқұл Ұлдана
Сая болып, жанына емен, терек
2- Жүргізуші Жетер енді жатқаның көлеңкелеп
Өгейсінбей өзі болып қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа өлең керек.
Мұқағали Мақатаев «Махаббат диологы» .
Кітапханашы: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі жырлағандай өзі өлсе де М. Мақатаевтың өлеңдері, әндері, жыр шумақтары, поэмалары өлмейді. Өйткені біздер, яғни Мұқағали ұрпақтары ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттай жүреміз.
Демеңдер біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Келесі кездескенше хош халайық
Осымен Мұқағалиға арналған поэзия кешіміз аяқталды.
Бүгінгі «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
Кітапханашы: Көлбаева.М
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»
Кештің мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Кештің көрнекілігі:
М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер.Сазды музыка.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Енднше ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видеосюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтің өмір жолынан деректерге назар аударайық.
/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/
Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)
Жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.
**********
Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе.
/2 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Есіңе мені алғасың)/
Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
/«Үш бақытым» , «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең» өлеңдері оқылады/
Жүргізуші: Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшклігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.
/ 3 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/
/«Бұлқынып жатыр» , «Қарлығаш», «Қаздар қайтып барады», «Пай,пай өмір»/
Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.
Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М.Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.
/ 4 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (әндері)/
/«Диалог» , «Ақ шағала», «Ақ қайың», «Саржайлау»/
Жүргізуші: Енді ақынның әндерін өз оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.
-
Анарбекова Аружан –
-
Нұрғалиева Айғаным –
Жүргізуші: Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.
. / 5 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Видео 2)/
Жүргізуші: Біздің де балалар құр алақан емес. ************************
Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштерңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.
/ 6 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Туған күнім)/
Жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр бір әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған
1…..Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кеші
Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған»
Кештің мақсаты: Ғасырлар тоғысында Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін,
ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын дамыту.
Көрнекіліктері:1. Мұқағалидың суреті
2. Анасының суреті
3. Ақынның жары
4. Ақынның балалары
Дәйек сөз: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.
1. Ақын жырларын мәнерлеп оқу:
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе халық.
2. Балаларына арнаған өлеңдері:
«Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!»
Мұқағали
3. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
4. Қорытынды: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Мұқағали
Кеш соңында әндерін орындаған, мәнерлеп оқыған оқушыларды марапаттау.
«Есіңе мені алғайсың»
Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевқа арналған
поэзия кеші
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.
1-жүргізуші: Сабитова Айым
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.
Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
Армысыздар құрметті халайық.
Ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.
Жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған» атты поэзия кешімізге хош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, — деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 81 жасқа толар еді.
Жүргізуші: Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап ақынның өлеңдеріне кезек берейін.
«Арыз жазып кетейін» Қайрат 7 а — класс оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, — деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі. Үкілім 7 а – сынып оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали — өмірдің қыр – сырын білген, аса бақытты жан. Ол «Жазылар естеліктер мен туралы» деп өз өлеңінде тектен тек айтылмаған. Олай болса, ақынның «Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңіне кезек берейік. Мәнерлеп оқитын 7-сынып оқушысы Шынтас Фариза 6 б — класс.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі мәнерлеп оқитын 5 – сынып оқушысы Смадияр Айша.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші. Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді –ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы — өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына берейін.
1. «Автограф» Гүлзат 6 б – класс
2. «Мен таулықпын» Шәкәрім 6 а – класс
3. «Махамбеттер, Абайлар» Фариза 6 а – класс
4. «Әй, өмір» Зарина 6 б – класс
5. «Қара өлең» Құндыз 6 а – класс
6. «Жүрек арызы» Фариза 11 – класс
7. «Пай – пай өмір» Гүлбақыт 5 а – класс
8. «Күрсінбеші» Жалғасбек 6 а – класс
9. «Барлығы да сендердікі» Айжан 5 б – класс
10. «Өмір жайлы» Абылай 5 б – класс
11. «Әке, әкеме» Самал 5 а – класс
12. «Ей, өлең» Ирина 6 б – класс
13. «Елім барда» Салтанат 6 б – класс
14. «Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен» Зарина 6 б – класс
15. «Менің мақсатым» Айдана 7 б – класс
16. «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін» Нұртуған 5 б – класс
17. «Үш бақытым» 4-класс оқушылары Гүлнұр, Қыдырәлі, Азиза
18. «Шыда, шыда» Қайрат 7 –класс
19. «Қарасаз» Нұртуған 6 –класс
20. «Жырласам ба екен?» Гүлжайна 7 –класс
21. «Жастық» Бейбарыс 7 –класс
22. «Ажалға» Абай 7 –класс
23. «Өзгереді» Нұрлыбек 8-класс
24. «Дәрігерге» Асқар 9 –класс
25. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан эпилог Нұртуған 8 –класс
26. «Халыққа хат» Асылан 7 –класс
Жүргізуші: Рахмет!
Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балаларын жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Балалары десе ішкен асын жерге қойды. Ендеше, Мұқағалидың балаларына арналған жыр жолдарына кезек берейік.
«Майгүлге» (1-ші, 2-ші өлеңі) Гүлзина мен Лида 7 б – класс
«Майгүлге» Сансызбай Ақбота 5 а – класс
«Шолпаным» Айдана 5 а – класс
«Ұлыма» Жамбыл Ерқанат 5 б – класс
«Арманда, ұлым» Гүлзат 6 б – класс
Жүргізуші. Рахмет!
Жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің
Гүлім едің
Елтіген түнім едің.
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің? – деп жырлаған Мұқағали ақын. Ендеше, ақынның махаббат
тақырыбына жазылған жырларын назарларыңызға ұсынамыз.
«Махаббат диалогы» 2 оқушы Құнан мен Назерке 6 – класс
«Ғашықпын» Салтанат 7 б – класс
«Мен сені сағынғанда» 6 –класс Назерке
Жүргізуші: Рахмет.
Жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың өлеңдерін жыр сүйер қауым іздеп жүріп оқитын болды. Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», тағы басқа әндері.
Олай болса, ақынның әндеріне кезек берейік.
1. «Жарығым-ай» Нағашыбай Нұржан мен Шәкәрім 6 а – класс
2. «Көнеміз де» Нұржан
3. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» Ералиева Мадина
4. «Құмған алған» домбырада 7 б – класс оқушысы Жантөре Ақерке
5. «Күрең күз» Жұматай Тұрсынай 9 –класс
6. Құрманалы Жеңісбек 11 –класс
7. Сілтеу Ислам 11 –класс
Жүргізуші: Рахмет, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін.
Жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Жүргізуші: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» — деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген
Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия кешіміздің қорытынды сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағайға береміз.
(Кеш барысында мәнерлеп оқуда, әндерін орындауда көзге түскен оқушыларды марапаттайды).
Жүргізуші: Рахмет, ағай.
Жүргізуші: Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Хош сау, болыңыздар!
2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.
Ән: «Нұр жауып тұрған көктемде» осы әнмен өзім аяқтау
Жүргізуші: Осымен біздің әдеби сазды кешіміз аяқталды.Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен ‐ көп рахмет.
Мектепішілік «Жырлайды жүрек» атты М.М-евқа арналған әдеби сазды кешке белесене қатысқаны үшін марапатталады.
1) Мұқым елдің мұзбалағы. Слайд
2) Ылғи ұлдар бабочка таққан, бірыңғай өлең оқу монтаж
3) жұптарды хотя бы 2 жұп, махаббат туралы өлеңдері
4) Шәмілге, 2 ұл бөліп оқу
5) Фаризажан домбырамен 1 оқушыға орындату
6) Есіңе мені алғайсың әнін, 1 оқушымен дуэт орындаумен аяқтау
7) әдемі бір өлеңді оқумен бастау,ұл мен қыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шелек политехникалық колледжі
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш «Жырлайды жүрек»
Кештің мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.
М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Кештің көрнекілігі:
М.Мақатаевтың суреті мен «Жырлайды жүрек» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.Слайд.
Сахна әдемі композициялық әуеннің қосылуымен «Пай-пай өмір» өлеңі М.Мақатаевтың өз дауысымен оқылады.
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қадірменді жыр сүйер қауым.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізге қош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса 86 жасқа толар еді.
2-жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
1-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,студенттер! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешімізді бастаймыз.
Бүгінгі кешіміз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім «Жазылар естеліктер мен туралы»
(Мұқағали туралы естеліктер айтылады)
ІІ бөлім «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады.
ІІІ бөлім «Жас ақындар арнауы» студенттердің өлеңдері
1-жүргізуші:Олай болса, І бөлімге кезек берелік.
Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.
/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/
Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
1-жүргізуші
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), (1963-1965 жж), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)
2-жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік.
Нұрлан-жас Мұқағали
Салимбай Мадияр-тергеуші
– Туған жерің?
– Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін…
– Партияда барсын, ба?
– Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де…
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
– Мекен-жәйің?
– Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Нұрлан- Еркек деген тартылмаған күй дер ем!
2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,- деп өзі жырлағандай, кезекті ІІ бөлім ақын өлеңдеріне берейік.
1-жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.
/«Үш бақытым» , «Отан туралы», «Отан», «Қазақ жері» өлеңдері оқылады/
Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын.Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Келесі тыңдайтындарыңыз Туған елге деген сағыныш.
«Елім барда»,
2-жүргізуші:
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы – бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.
«Автограф» Султанов Ислам – 72 топ
«Кел, болашақ» Наметова Мадина -75 топ
«Соғыл соңғы көктем» Көшкінбай Бекмурат
2-жүргізуші:
Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
1 жүргізуші: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
Олай болса Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.
«Ғашықпын» -Жақаш Динара
1-жүргізуші: Ана- өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиесіші. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі, мәнерлеп оқитын-71 топ студенті Жылқышы Айдана
1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз.
Арнау –Жылқышы Айдана
2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.
1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.
22.01.2015
Литературный вечер памяти Мукагали Макатаеву «Я улыбаюсь мыслям своим
Цель мероприятия: Воспитание казахского патриотизма. Показать учащимся значение личности МукагалиМакатаева как патриота своей Родины, его многосторонний талант поэта, глубину произведений, познакомить детей с жизнью и творчеством поэта. Прививать любовь к прекрасному, учить слушать музыкальные произведения. Активизировать познавательную деятельность учащихся.
Оценить
8947
Содержимое разработки
Литературный вечер памяти МукагалиМакатаеву «Я улыбаюсь мыслям своим об Отчизне родной»
Цель мероприятия: Воспитание казахского патриотизма. Показать учащимся значение личности МукагалиМакатаева как патриота своей Родины, его многосторонний талант поэта, глубину произведений, познакомить детей с жизнью и творчеством поэта. Прививать любовь к прекрасному, учить слушать музыкальные произведения. Активизировать познавательную деятельность учащихся.
Оформление зала: Книжная выставка из книг М. Макатаева, газеты со статьями о его творчестве.
На интерактивной доске портрет М. Макатаева, показ слайдов о поэте.
Ход мероприятия:
«К векам обращаюсь, но нет мне ответа,
Нет здесь Магжана, нет Махамбета,
Есть здесь наследник по крови,
по праву – Я – МакатаевМукагали!»
Ведущий 1: Добрый день, уважаемые взрослые!
Добрый день, ребята!
Сегодня мы проводим вечер памяти, посвященный поэту МукагалиМакатаеву. 9 февраля 2011 года ему исполнилось бы всего 80 лет.
Ведущий 2:«К векам обращаюсь, но нет мне ответа, нет здесь Магжана, нет Махамбета, есть здесь наследник по крови,по праву – Я – МукагалиМакатаев!»
Ведущий 1:Мукагали… Сегодня это имя символизирует казахскую поэзию. Мукагали… Это имя вызывает в душе образы казахской земли: бескрайние степные просторы, величественно – неприступные Хан – Тенгри и Алатау, могучие деревья, в кронах которых кроется прохлада звенящего летнего дня.
Ведущий 2:Оно несет в себе свет и радость понимания, бесконечности природы. Мукагали… Великий сын великой казахской земли и казахского народа, щедро одаренный их любовью и сам одаривший их ярким талантом.
Чтец: Три счастья
Первое счастье мое – это мой народ,
Если он есть, значит, живу и я,
Ему отдаю стихов свой сотовый мед,
Дороже золота эта светлая радость моя!
Второе счастье – это родной язык,
Сердце гранитное словом я размягчил,
Все потому, что народа я ученик,
Он меня правде и доброте научил.
Третье счастье мое – Родина-мать,
Кто-то за Бога стоит, за Родину – я.
Разве погасший очаг может вновь запылать?
Друг, приходи, возьми огонь у меня.
Три счастья мои на ладони моей лежат,
Кто может сравниться со мной, поди разузнай,
Три солнца в безоблачном небе моем горят,
Под ними Арка, Алатау, Атырау, Алтай!
2 — Ведущий:Я слышу шаги. Это шаги МукагалиМукатаева.
Звучит запись 1 стихотворения М.Макатаева в его исполнении.
Звучит кюйКурмангазы:
СайлаубайКолымтаевич Жунусов читает стихотворение.
Жас қайын
Жапырақ – жүреп жас қайын,
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын,
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер мүмкін кімге ерсі)
Өмірінді маған бір берші.
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймалім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен – дағы жерден нәр алдың,
Мен — дағыжерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым – Адаммын.
Бар – жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің,
Тірілер қайта дүркіреп,
Өмірге өмір жалғасып,
Анамыз Жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып…
1 — Ведущий: Полное имя поэта – Мухаметкали, но его с детства ласково называли Макагали.
Ученик
Жизнь, раскрой же объятья, разомкни же тиски!
Все, что недоделала, мне возврати, как долги
Я другим все отдал, был щедрее дождя,
А теперь изнываю, как под солнцем пески.
Тяжело я вздыхаю под небом родным.
Как весеннее деревце, был я корне храним.
Так спаси меня, жизнь, все во власти твоей!
Ты войди в мою грудь,
Стань сердцем моим!
Широка моя степь, горы так высоки!
Смерть все ближе ко мне, все сжимает тиски…
Жизнь, великая жизнь,
Коль не даешь мне мое,
Буду плакать младенцем в неизбывной тоске!
Ведущий 2: Мукагали был подлинным сыном Небесных гор. Высок, широкоплеч, строен. Черты его красивого крупного лица были словно высечены этим лучшим ваятелем: горным солнцем, осенними дождями и снежными вершинами.
МукагалиМакатаев родился 9 февраля 1931 года в местечке Кара-Саз, близ Нарынкола, высоко в горах. Воздух там чист, весенние пастбища зелены, речушки быстры и прозрачны, а стайки форели резвятся в прозрачных заводях. В предвечернее время коричневые и красные холмы предгорий приобретают мягкие очертания, спадает жара и горячее солнце высокогорья уплывает в далёкую степь, на запад. Это надо увидеть, поцувствовать, чтобы уже никогда не забыть.
Ведущий 1: Заповедная красота Карасаза стала источником поэтического дара Мукагали. Как он воспевал «счастливый край» своего детства!
«Мой Карасаз!
Моё невысказанное чувство,
Ты счастье, которое я искал!»
Ученик: Лета, зимы,вёсны.
Гуси…
Птицы…
Сосны…
Разливье, плёсы, родники,
Холмы, равнины, журавли,
Рассвет-закат степной земли,
Вершины, пики, ледники.
Орлы, архары,
Ночные страхи, чудо-птицы,
Медведи, зайцы и лисицы.
Волшебные девицы-пэри,
Погибшие мечты и веры.
Мальчишки, девочки, студенты,
Шахтёры, критики, поэты.
Печали, думы, племена,
Узлы, запутанные крайне,
Раздробленные времена
И неразгаданные тайны. Песня «Жаса Казахстан»
Ведущий 2: Макатаеву, так же, как и всем его ровесникам, пришлось пережить тяжёлое детство, которое пришлось на страшные военные годы.
Ведущий 1: Отец МукагалиМакатаева- один из организаторов колхоза в Кара-Сазе, погиб в первый же год войны где-то в зимних лесах Подмосковья, на этой кровавой войне погиб брат.
Ведущий 2: Война всё изменила в жизни Мукагали. Ему было 10 лет, когда отец ушёл на фронт, и все тяготы жизни легли на плечи подростка. Как все мальчики военного поколения, он рано стал взрослым, осознав, что в доме, где женщины и дети, теперь остался за мужчину. Помню всё-и землю мою, и жизнь мою. Только не помню- смеялся ли, плакал ли я. Только не помню- было ль детство у меня?
Ученик: И огненное марево степное
Текло со мною вместе без конца,
И в этом жгучем зное
Вдруг вспомнил я, что нет уже отца,
Что грозная война бушует в мире,
Людские жизни хищно унося;
И что становится она всё шире
Что мера бед исчерпана не вся.
Ученик: Не отрекайтесь от чёрного цвета!
Самая прочная краска черна.
Видел я белые сны до рассвета,
А пробудился от чёрного сна.
Мечутся тени в кругу освещённом,
Крайности сходятся как никогда,
В небе полночном, немыслимо чёрном-
Светлая, светлая наша звезда.
Ведущий 2: Он увидел, сколько боли односельчанам принесла война, и эта боль обострила сильное чувство связи с родной землёй, с Отчизной.
Ученик: Родина! Родина!
Как же я без тебя жил?
Я бы вечным скитальцем был.
Я бы горькие слёзы лил,
Никогда никого б не любил!..
Ведущий 2: МунагалиМакатаев- светлая звезда казахского народа, литературы, поэзии. Звезда, которая постепенно начинает ярче светить на литературном небосклоне.
Ведущий 1: В 1948 году Макатаев окончил в Нарышколе школу-интернат. Он несколько раз успешно поступал в институты: на филологический факультет КазГУ, затем в институт иностранных языков и вновь в КазГУ, но уже на юридический факультет. В 1937 году он стал студентом Литературного института имени М. Горького в Москве, но, по семейным обстоятельствам, на первом году оставил учёбу. Лёгкость, с которой Макатаев поступал в высшие учебные заведения, свидетельствует о его огромных способностях, а желание получить образование- о стремлении к знаниям. Возможно, это связано и с отцовским наказом, который навсегда остался в сердце Мукагали: быть не только опорой бабушке Тиын, матери, младшим братьям, но и обязательно учиться.
Ведущий 2: Оставаясь в ауле, Мукагали работал в конторе, потом был учителем русского языка в школе, корреспондентом районной газеты. После переезда семьи в 1962 году в Алматы его профессиональная деятельность тесно связана с литературным творчеством: директор на Казахском радио, журналист в газете «СоциалистыкКазакстан», сотрудник журнала «Жулдыз», руководитель совета по делам молодёжи в Союзе писателей. Поэзия Макатаева несёт в себе огромный заряд патриотизма, основой составляющей которого является любовь к своему народу и родному языку. Поэт считал, что человек в долгу перед Отчизной и обязан отдать ей огонь своего сердца.
Ученик: «Отан»
Отан, Отан, сен болмасаң не етер ем.
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.
Өмірден бұл, өксу менен кетер ем.
Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан, өмірінде оңбайды.
Өзін –өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға бұл қайғы.
Білесің бе, сен Отанның не екенін,
Екі өмір жоқ, әрине жоқ екі өлем,
Екі отан жоқ, жалғыз Отан мекенің.
Ученик: Я улыбаюсь мыслям своим об Отчизне родной,
Если же плачу, только о ней,
Об Отчизне родной!
Пусть унижают, уничтожают меня,
Пусть в моей жизни не будет счастливого дня,
Пусть обижают,
На каждом углу пусть ждёт западня,
Лишь бы меня не оттолкнула Отчизна моя.
Всё, что угодно, ради неё могу изменить,
Очень люблю эти бескрайние степи-просторы,
Даже случится невыносимо тяжкое горе,
Я всё равно буду землю родную так же любить.
Я преклоняю колени свои перед травою степной,
Солнечный луч отразился на глади речной,
Я улыбаюсь мыслям своим об Отчизне родной.
Ведущий 2: Макатаев рано женился, весной 1949 года. Любовь в поэзии Макатаева- это глубоко драматическое чувство, наполненное тоской и безысходностью. Любовь для Макатаева- понятие универсальное и многомерное. Ведь вся его поэзия пронизана любовью- любовью к народу, к поэзии, к женщине, к природе, к Отчизне, к матери, к детям, к своему народу, к родному языку и родной культуре.
Ведущий 1: Особое место в творчестве Макатаева занимает поэма «Дарига». Дарига- земная, грешная женщина. Она жена брата, погибшего на войне. Она тоскует по мужу, и тоска эта выливается песней.
Песня чиста, как её слёзы. Но жизнь не хочет знать ни о какой печали, не хочет мириться с ранним вдовством молодой красавицы. И Дарига любит.
Ученик: О сердце, сердце-Дарига.
Слилась ты с песней лебединой!
Но тишина теперь долга,
Не будет песни ни единой.
Не слиться облаку с горой,
Мы — словно два холма в разлуке,
И кажется: видны порой
Цветами машущие руки.
Густая ночь. Глухая ночь…
И люди спят во мгле кочевья,
Но темноты не превозмочь:
Застыли травы и деревья,
И скалы обнажали грудь,
Лощиной пересохшей каждой
Пытается земля вздохнуть.
Ведущий 1: Мукагали говорит: «Она сделала меня поэтом». Дарига осенит его поэзию, соединит в ней небесные выси и бездны, свет и тьму, смерть и жизнь.
(Звучит песня на слова М. Макатаева о любви)
Ведущий 2: К началу 1972 года Макатаев уже десять лет как живёт в Алматы. В это время к нему приходит слава, и одновременно на его долю выпадают тяжёлые испытания, которые сыграли не последнюю роль в ранней смерти поэта.
Ведущий 1: Трагическая гибель старшей дочери: одиннадцатилетнюю Майгуль сбил мотоцикл.
Ведущий 2: Ощущение неустроенности.
Ведущий 1: Многочисленная семья Макатаевыхдилгие годы скиталась по съёмным квартирам. Потеря портфеля с рукописями.
Ведущий 2: Записи, касающиеся творчества, имеют иной характер. Читатель оказывается свидетелем радостей и открытий Макатаева, они несут в себе свет его души и счастье созидания.
Ведущий 1: Поэзия начинается с любви, а заканчивается размышлениями. Да, всё проходит через сердце поэта.
Ведущий 2: « Дни без стихов — для менямёртвые дни. У поэта есть своё государство, своё общество, своя вселенная. Это не мало. Значит, я ради этого живу, ради этого борюсь».
Ведущий 1: « Храни своё достоинство! Береги имя поэта, ибо ты истиный поэт, будь достоин этого! Будь простым, как сама природа, но и будь непреклонным, как она. Так будь же гордым! Выше голову, брат!»
Ведущий 2: «Как поэта волей-неволей меня понимают люди, а как человека, едва ли кто понимает, даже самые близкие мне. Так поймите же, я родился Человеком и останусь им, а поэтом я стал, понимаете, стал…»
Ведущий 1: «Что должен иметь поэт, чтобы быть поэтом?
Первое – талант.
Второе – совесть.
Третье – простоту.
Четвёртое – интуицию.
Пятое – труд.
Шестое – дух.»
Ведущий 2: Дневник Макатаев вёл до самой смерти. Последняя запись сделана 28 февраля 1976 года – ровно за месяц до смерти Макатаева. Тонкое понимание вещей, чутьё, свойственное поэту, позволили ему определить самое главное качество не только своей поэзии, но и поэзии в целом – это современность, основой которой является Дух. Последняя прижизненная книга стихов Макатаева «Жизнь – поэма» вышла в середине марта 1976 года.
Ведущий 1: Значение поэзии Макатаева в двадцать первом веке наиболее точно определяют слова одного из его почитателей: «Началась вторая жизнь поэта. Мукагали сегодня – легенда. Мукагали сегодня – истина. Муакгали сегодня – Коран». Вся поэзия Макатаева – это гармония любви и созидательного смысла, в ней отражается личность поэта, творившего бессмертие. И эта поэзия всегда современна и вечно живёт в мире, который поэт любил и которому завещал в любви вспоминать о нём.
Ученик: Когда буйствует весна,
Когда идёт проливной дождь,
Когда грохочущие тучи
Пронзает молния,
Вспомни обо мне.
Когда плывут лёгкие облака,
Когда летом очутишься в лесу,
Мечтай обо мне, мечтай!
Когда останешься наедине с собой,
Вспомни обо мне.
Когда наступит октябрь,
Когда в садах, одетых в багрянец,
Кураи тоскливо запоют,
Когда опадает листва,
Вспомни обо мне.
Когда белый снег накроет землю,
Когда деревья принарядятся,
Когда наступит серого февраля
Бледный рассвет,
Вспомни обо мне!
Вспомни обо мне!
(Звучит запись стихотворения М. Макатаева в его исполнении)
Песня о Родине.
Ведущий 1: Предоставляем слово библиотекарю. Познакомимся с книжной выставкой. Ведущий 2: Литературный вечер, посвящённый памяти поэту МукагалиМакатаеву, подошёл к концу. Благодарим за внимание!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/97702-literaturnyj-vecher-pamjati-mukagali-makataev
«Свидетельство участника экспертной комиссии»
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
Сценарий «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл»атты поэзия кеші.
Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
«Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кеші.
Кештің мақсаты: Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату ,оқырмандардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Мұқағали шығармалары арқылы туған жерін сүюге, махаббатты, сүйіспеншілікті, достықты бағалауға, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттері, бүктемелер, шарлар, гүлдер.
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата –аналар және оқушылар ! Қазақтың ғасыр ақыны. « Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қош келдіңіздер. Кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз. Әнұран орындалады.
Кешімізді бастамас бұрын оқырмандарды Биылғы 2016 жылғы тойланатын «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесімен таныстыру.
Кітапханашы: Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын есімі Мұқаметқали. Әкесі Сүлеймен іс шаруа адамы . Бастауыш сыныпты Қарасазда оқыды, орта мектепті Нарынқолда бітірді 14-15 жасынан өлең жаза бастады. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтады. Ауылдағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ. Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұңы, әке зары, жетім –жесір, қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салтын-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.
Сырым да осы, Жырым да осы,
Алдыңда, байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мұхаңдар жоқ, Мұхаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда дей отырып . Мұқағали Мақатаевқа арналған слайд көрсетіледі.
Жыл сайын Мұқағали тойланады,
Өлеңнің таралады бойға нәрі.
Жас ақындар талпынып шабытталып,
Мұқағали жайында толғанады. Дей отыра бүгінгі кешімізді алып баратын жүргізушілермен таныс болыңыздар. Сапарбай Аружан және Бойт Әсем.
жүргізуші Айналасын ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға- жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Мен ғашықпын», «Шындық» шығармаларымен жыр сүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.
Жүргізуші Мұқағали Мақатаев өлеңдері, жыр шумақтары ғасырдан –ғасырға жалғаса береді. Есімі жалпы қазақ баласына, жыр сүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай өзі өлсе де, оның өлең жырлары өлген жоқ.
Жүргізуші Қуат алып Абайдың тіл күшінен.Жыр жазамын Абайдың үлгісімен Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді. Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түседі. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шыныменен бақытты халық.
2-Жүргізуші Қазаққа тән қара өлеңге табындым,
Ата –баба дәстүрінен ап үлгІ
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали поэзия алыбы.
Ия, Мұқағали –ғажайып, ақиық сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстарды бере алатын жұмбақ ақын.
Ендеше кешімізді «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» айдарымен Мұқағали Мақатаев өлеңдері оқылады.
1. Сапарбай Аружан «О, Поэзия»
2.Төреқұл Ұлдана «Мен ғашықпын»
3.Тыныштық Әсел «Мен таулықпын»
4.Тұрғанбек Дана «Фантазия»
5. Бердан Ақнұр «Көшеде»
2- Жүргізуші Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!
О, тыныштық қандай рахат!
Қандай рахат сәбилер жыламаған.
«Мұқағалидың әнге айналған жырлары» айдарымен
Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» әнімен сахнада Сапарбай Аружан.
Медеу Жәннәт «Саржайлау» әнімен
1- Жүргізуші Мұқағалиді еске алып келеді елім,
Қайталаған қазақтың қара өлеңін
Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,
Мұқағали ,Жұмекен, Төлегенін дей келе
«Жазылар естеліктер мен туралы» айдарымен Мұқағали өлеңдері
Бойт Әсем «Бүгін менің туған күнім»
Мәдіомар Еркеұлан «Үш бақытым»
Зұпар Ақтолқын «Соқ жүрек»
Қалдыбай Асылжан «Шындық»
Қаратай Гүлдана «Соғыстың соңғы көктемі»
2-Жүргізуші Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым,
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын.
Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен сахнада Қайрат Қарақат.
1-Жүргізуші Ғашықтар үшін таң күліп,
Күре тамырларға қан жүріп
Махаббаттарымен мәңгілік
Жатады өмір жаңғырып, — ендігі кезек Мұқағалидің ғашығы Фариза Оңғарсынова ақынға арнаған «Фариза қыз» атты өлеңіне пародия Төреқұл Ұлдана
Сая болып, жанына емен, терек
2- Жүргізуші Жетер енді жатқаның көлеңкелеп
Өгейсінбей өзі болып қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа өлең керек.
Мұқағали Мақатаев «Махаббат диологы» .
Кітапханашы: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас , алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі жырлағандай өзі өлсе де М. Мақатаевтың өлеңдері, әндері, жыр шумақтары, поэмалары өлмейді. Өйткені біздер, яғни Мұқағали ұрпақтары ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттай жүреміз.
Демеңдер біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Келесі кездескенше хош халайық
Осымен Мұқағалиға арналған поэзия кешіміз аяқталды.
Бүгінгі «Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл» атты поэзия кешімізге қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.
Кітапханашы: Көлбаева.М
Кештің мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді әсемдікке, елжандылыққа, елін-жерін сүюге талпындыру.
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай»
Видео көрсетіледі. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай!»
1-жүргізуші:Батар күн,келер күн,атар таң,шығар күн,
Бәріңе,бәріңе,бәріңе құмармын.
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірәде өлмейтін шығармын.
2-жүргізуші: Өмірім сірә де,әріден басталған,
Әріден басталып,мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін,өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.
1-жүргізуші: Бүгінгі 9 «ә» және 10-шы сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай» атты М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-композициялы кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Бүгін менің туған күнім,
Ой,пәлі-ай!
Мына адамдарнеге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!»,-деп мұңдаған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгінде біз бен сіз болып ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Артына өшпес із қалдырған ақиық ақынымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
1-жүргізуші: М.Мақатаев-ғажайып, ақиық,гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан шабыт алатын ақын.
2-жүргізуші:Иә, дұрыс айтасың. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса қыран тағдырлы ақынның өмірбаянымен таныстыратын 10-шы сынып оқушылары: Бисенбаева Дина, Олжабаева Жұпар, Каржауова Мөлдір.
1-жүргізуші: Ақын өзінің аз ғана ғұмырында өшпес із, жалынды жырларын қалдырды. Оқырманды тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» атты дастандары бар. Қазіргі таңда ақынның сөзіне жазылған әндер эстрада төрінде шырқалып жүр.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әсем ән мен тәтті күй,-деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек берейік. Абильбаева Айнұрдың орындауында «Жас қайың» әні.
1-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын?
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын?!
10-шы сынып оқушысы Абдижамилова Динара «Жоқ,дәрігер!»өлеңі.
2-жүргізуші: Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен өтер ем.
Жалғыз мекен-Отаным!,-деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса артық етпейді. Ендеще ақынның Отанына, туған жеріне, қазақ еліне арнаған өлнңдеріне кезек берелік.
Қайырмұхамедов Берекет «Апырмай, туған жер-ай»
Огайбаева Мадина «Қазақ жері»
Абдықұл Аяжан «Қазақстан»
Назабаева Динара «Отаным»
Шоғаева Фариза «Елім барда»
1-жүргізуші:Поэзия- адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі. Мұқағали ақынның өзі де поэзияға арнап қаламынан жыр төккен.
2-жүргізуші: Берекетова Айгерім «Поэзия»
Демегенова Бибі «Ей,өмір»
Абильбаева Айнұр «Дос болам десең»
Күй: «Еркесылқым». Орындайтын 9 «ә» сынып оқушысы Исатай Айнұр
1-жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі-бұл мәңгілік тақырып.
2-жүргізуші: Иә, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам жоқ шығар.
Мұқағали ақынымыздың «Махаббат диалогі» біздің нұсқамызда. Онгайбаева Мадинаны қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Ақын махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады. Олай болса махаббат лирикасына арнаған туындысы «Жүректесің». Қаржауова Көркем.
Сондай махаббат тақырыбындағы ең тамаша туындысы «Ғашықпын». Дүйсенбаева Гүлдана.
Исатай Айнұрдың орындауында «Есіңе мені алғайсың»
Ақын шығармаларының үлкен бір саласы поэмалары. «Ильич» 1964 жылы, «Мавр» 1970 жылы, ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланған.
2-жүргізуші:Олай болса «Аққудың қанатынан жазылған сыр» Аққулар ұйықтағанда поэмасынан үзінді.(көрініс:Аққулар ұйықтағанда)
1-жүргізуші: Гүлдана, кеш басталғалы бері ақынымыздың өлеңдері оқылып жатыр. Осында отырған көрермендер ақынымыздың өлеңдерін жатқа білеме екен?
2-жүргізуші: Білмеу мүмкін емес. Ендеше ойын ойнайық. Осы отырғандардың қайсысы болсын Мұқағали ақынымыздың өлеңін жатқа оқыса сыйлық берейік.
(ойын ойнатылады)
1-жүргізуші: 10-шы сынып оқушысы Сайынова Айгерім «Сәби болғым келеді»
2-жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа еліктемейтін ақын жоқ. Мұқағали жайлы қаламынан төкпеген ақын,жазушылар кем де кем.
Сырбай Мәуленовтің Мұқағалиға жазған естелік сөзі.Сабурова Венера
1-жүргізуші:Ақынымыздың жолын қуып жүрген жас ақындар бізде жоқ емес. Олай болса ақынға арнаған арнауларымен мектебіміздің ақындары өз жырларын жырлайды.
Есназаров Заманбек
Қазиева Теңге
Алламбергенов Әділбек
Нұрбергенова Айнура
2-жүргізуші:Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын 21-ші ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали мәңгілік өмір.
1-жүргізуші:сонымен ақиық ақынға арнаған «Бүгін менің туған күнім,ой пәлі-ай» атты әдеби-композициялы кешіміз аяқталды. Ендігі кездескенше аман-сау болыңздар.
2-жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.
Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев
— Армысың ардақты поэзия сүйер қауым! Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 82 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ» атты әдеби-сазды поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер! Слайд. Өмірбаяны
— Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ. Өлеңдер
— Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галериясы. Ән: Музыкасы Нұрғиса Тілендиевтің Саржайлау әнін Тілепі Ақтотының орындауында тамашалаңыздар!
— Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гумнист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр боялардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Кезекті ақын туралы айтылған пікірлерге береміз.
— Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,-
деп жырлап, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өз айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызды жаңғырған жыр жолдарына тағы бір мәрте құлақ түрелік.
Ән: Музыкасы Тұрсынжан Шапайдың Оразғалиева Сандуғаштың орындауында Туған өлке әнін тамашалаңыздар!
— Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары оқырмандарды тәнті етті. Оның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сынды поэма-дастандары бар. Соның ішінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқыған жанның жүрегін тербетіп, ерекше күйге бөлейді. Ақынның бұл поэмасында аққулардың сұлу да пәк, киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шебер кескіндеп жырлай білген. Ендеше осы поэмадан шағын көрініс тамашалайық.
Тілепі Ақтотының орындауында Бақыт деген әнін тамашаңыздар!
— Артық едің аға, сен асылдардан,
Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.
Астыңа ат мінгізе алмасамда
Өлеңіммен жасай алам бір той саған.
Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқандай заңғар аталарына аталарына арнаған жыр-шумақтарына береміз!
-Алтын хорда ақынның өз даусымен айтылған біраз өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса керек. Кезекті Мұқаңның өз даусымен айтқан өлеңдеріне береміз. Өлеңдер.
— Найзағайдай жасымда жарқылдайын,
Сөз сөйлеуден шаршы алаңда тартынбайын.
Ақындарың көбейе берсін орақ ауыз
Қазақтың мұңын айтқан Мұқандайын.
Күнді көрем қашанда алып таңнан,
Сәуле туар тулаған жарықтардан.
Еске алып ұрпағы ақындарын
Биігіне көтеріп, ұлықтаған.
Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай қалықтасын асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспаңға!
«Батырды-батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.
Автор: Марат Қаниев
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдығына арналған
«Жырлайды жүрек» атты әдеби кеші
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Жастардың
барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының
ауқымды платформасын қалыптастыру керек деп. 2019 жылды «Жастар жылы» деп
жариялады». Осыған орай Екібастұз Атамұра мәдени орталығының қолдауымен өткізгелі
отырған Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты
әдеби кешіне қош келдіңіздер!
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі
кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзімақ,
Тәңірімнің жарытпайақ қойғаныай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі
туған күндері халық болып тойланатын болды.
Мұқағали Мақатаев ағамыздың жырлары, жыл өткен сайын жарқырай, өркендей өсіп,
оқырманын іңкәр етіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –
шынымен бақытты халық.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына
қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін
шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны жайлы бейнатаспаға көз жүгіртіп өтейік.
(слайд жүріп тұрады жүргізуші сөйлейді)
Жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Райымбек ауданында,Қарасаз ауылында 1931
жылы 9ақпанда дүниеге келген.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты
Мұхаметқали..Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Атасының аты – Мақатай,
әжесінің аты – Тиын. Мұқағали әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі
мол, адуынды адам еді. Әжесіне арнап ақын біраз өлең жазды.
Анасының аты – Нағима. Анасы мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті.
1948 жылы орта мектепті интернатта оқып бітіреді.
Ақын 1949 жылы сүйіктісі Лашынмен шаңырақ көтереді.
Мұқағали ерекше ақкөңіл, ақжүрек, мейрімді жан болған. Ақынның Майгүл, Жұлдыз,
Алмагүл, Айбар ,Шолпан, есімді балалары болды. Мұқағали аға балаларын өте жақсы
көрген. Қандай ашуы келсе де балаларын көргенде майдай еритін.
Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты.
1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ берді. 1957 жылдарында қазақ радиосында диктор болды.
Мұқағали қаламдас жолдас, іңілерімен.
Шығармалары:
19621972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде,
«Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 19721973
жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде
басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек»,
«Аққулар ұйықтағанда», «Өмір дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық
көрді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені
анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп
жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100ден астам әндер жазылды.1976
жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы.
Қазақ ақын –жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайдың
ашулуында.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЗ АУДАНЫНДАҒЫ М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ
МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ.
Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта
мектепте ақынның ескерткіші ашылды.
Ақтөбе қаласының Қызылжар ауылында 300 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім
ордасына Мұқағали Мақатаевтың есімі берілген.
Талдықорғанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жастар» саябағында ескерткіштің
ескерткіш бюсті қойылды.
Ақынға арнап ескертіштер қойылды.
ӘН: «Фариза» орындайтын Қабікенов Жомарт
Жүргізуші:
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хан тәңірідей биіктеп сен барасың, — деп жырлап өткен ақынның өлеңдеріне кезек
берейін.
Самарова Зарема : «Туған жерім»
Габнасыр Жансұлтан : «Ей,өмір»
Жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған заманадардан,– дейтін Мұқағали‐біздің замандағы ғажайып
ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге
көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.
Жасқайрат Дархан: Өмір жайлы
Ахметқалиева Азиза: Өмір ай
Ән: « Сағым жылдар» орындайтын, «Арна тобы»
Жүргізуші:
Жақындық сеземін
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын, деген өлең жолдары бір көрегендікпен,
сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне
бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр
сүйер елі куә.
Жартарова Айдана «Ана»
Аманбай Алтынбек: «Арманда,ұлым»
Ән: «Сарыарқа» орындайтын Гүлмира Алданова
Жүргізуші:
«Мені сөзге, жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген –әжем» дейді ақын. Мұқағали
Мақатаев –драматург, сатирик, публицист, жазушы, ұстаз, журналист. «Мұқағали
поэзиясы таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия» дейді Ф.Оңғарсынова.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын, деп Мүқағали Фаризаға жанын жеген қайғыны
жырмен жеткізген.
Қайыркен Темірлан: «Фариза» үзінді.
Мұхамади Сезім « Қазақ тілі»
ӘН: «Бұлбұл ай» орындатын Күмісхан Сағындық
Жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне
жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен
қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қолдарымызға таратылған әннің
мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде
ӘН: «Есіңе мені алғайсың»әнін орындайтын Арман Рай
Жүргізуші: Сөз кезегін
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары :
Табуктинова Жайдары Нургалиевнаға сөз береміз.
Құрметті тыңдарман қауым!Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа,ізгілікке,өз
ұлтын сүйе білуге баулысақ,сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл
саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек
поэзияда ғана емес,өмірде де,күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген
М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес. Әрқашан жүрегіңізді ән
әуелеп,жандарыңызды жыр тербесін. Осымен кешіміз аяқталды.Келіп
тыңдағандарыңыз үшін рахмет !!!! Өтетін күні: 11 ақпан
Өтетін орны: ЕКИТИ
Өтетін уақыты: 11.00
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби кештін
бағдарламасы.
1. Жүргізуші сөзі
2. Презентация (М.Мақатаевтың шығармашылығы туралы)
3. Ән: «Фариза» орындайтын Жомарт Қабікен
4. Жүргізуші сөзі
5. Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
6. Жүргізуші сөзі
7. Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
8. Ән: «Сағым жылдар» орындайтын «Арна» тобы.
9. Жүргізуші сөзі
10.Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
11.Ән : «Сарыарқа» орындайтын Гүлмира Алданова
12.Жүргізуші сөзі
13.Ақынның өлеңдері оқитын ЕКИТИ студенттері 2 оқушы
14.Ән: «Бұлбұл – ай» орындайтын Күмісхан Сағындық
15.Жүргізуші сөзі
16.«Мұқағали» есіміне арналған студенттердің лебізі.
17.Жүргізуші сөзі
18.Ән: «Есіңе мені алғайсын» орындайтын Арман Рай
19.Жүргізуші сөзі Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз
инженерліктехникалық институтының
колледжі
Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдығына арналған
«Жырлайды жүрек» атты әдеби кеші 2019 жыл
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы :
К.К.Исабаева
Сценарий. «М. Мақатаев оқулары кеш сценарииі»
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал — жабдықтар, аудио аппаратура.
Кіріспе сөз: Келген қонақтар мен әділ қазылармен таныстыру.
1 — жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.
Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
2 — жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім — ақ,
Тәңірімнің жарытпай — ақ қойғаны — ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.
Би
1 — жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:
І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз» деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау.
ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың…» Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды.
2 — жүргізуші:
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліп жатады)
1 — жүргізуші:
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.
Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)
2 — жүргізуші:
І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. № 115 мектеп т. б
1 — жүргізуші:
Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген…
деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген.
2 — жүргізуші: Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған.
ІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау. Ендеше әнге кезек берейік. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1 — жүргізуші:
Жақындық сеземін —
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем —
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-
деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйерелі куә.
2 — жүргізуші:
ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың…» Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1 — жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.
2 — жүргізуші:
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл — өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
1 — жүргізуші:
Әділ қазылар байқауды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап болғанша мектебіміздің күйшілері Мағауин Рауан мен Бағдатов Алматтың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»
2 — жүргізуші:
Тілеубаева Қымбаттың орындауында би
1 — жүргізуші:
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір — ақ нәрсе –
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.
2 — жүргізуші:
Мұқағалиын ел — жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер — жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз — ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден — бір той – Мұқағали тойы.
1 — жүргізуші:
Жылдар өтер… әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге.
2 — жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
1 — жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!
2 — жүргізуші:
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
Ән: