Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль
№ 278 орта мектеп
( 6-сыныптар аралығында өткізілген
әдеби-музыкалық кеш)
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ана тілі — жүрек үні»
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, өлеңдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана тілі туралы сөздер, ақын-жазушылардың суреттері, көркем әдебиеттер.
Кештің барысы:
(Кешке қатысатын оқушылар хормен әнұранды орындайды. Сахнада 7 жеті шешен қалып, тіл туралы толғау айтады)
1-жүргізуші: Жанын сап, халқың сүйіп, баққан тілім,
Жалықпай құпиялар ашқан тілім.
Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,
Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.
2-жүргізуші: Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
1-жүргізуші: Тіл — ұлттың жан дүниесі, халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі .
2-жүргізуші: Тіл — тәуелсіздік тірегі. Халық өмірінің өлшемі де тіл. Тілсіз ештеңе дамымайды. Республикада ана тіліміз — қазақ тіліне «мемлекеттік тіл» мәртебесі беріліп, Тіл туралы заң тұңғыш рет 1989 жылы, ал екінші рет 1997 жылы шілденің 11-жұлдызында қабылданды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек — «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Соған байланысты мектебіміздегі Тіл апталығы аясында өткелі отырған «Ана тілі — жүрек үні» атты әдеби-музыкалық кешімізге қош келдіңіздер!
1-2 жүргізуші: Қош келдіңіздер демекпіз!
2-жүргізуші: Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,
Тілің барда нұр шашып, атар күнің.
Сөзімнің ұғар болсаң түп-төркінін,
Жүрек жырын жазар ем таппай тыным,- деп ақын ағамыз жырлағандай тіл құдіретімен жазылған «Қазақтай ел қайда?» әнін 6 «Ә» сынып оқушысы Амангелдиев Асхаттың орындауында қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Тамаша таңдайға татып балдай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!
Жан-дүниең жарқырап сала берер
Ағарып келе жатқан атып таңдай!
2-жүргізуші:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар- қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,
Жер иесі — менің тілім мәңгі жас,-
деп М Әкімхановтың «Қуатым – ана тілім» атты өлеңін Бисенбекова Камила мәнерлеп оқиды.
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.
Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.
Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім – жан мерейім,
Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін .
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
1-жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
2-жүргізуші: Өлең жырмен арайланса тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік,-деп ақын жырлағандай, ендігі кезекте тіл туралы өз шығармашылығымен 6 «Д» сынып оқушысы Әлішерова Гүлнұрды «Ана тілім — айбыным» атты өлеңімен шақырамыз.
1-жүргізуші: Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,
Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым.
Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым,
Кербез қыздың бұлаң қаққан ғажап биін айналдым,- деп 6 «В» сынып оқушысы Күмісбекқызы Нұршапағаттың «Адай» биін тамашалайық.
2-жүргізуші: Төбемде тұрса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,
Екенін жан сырымның анық мұның!
Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,
Көзіңді сал көк аспан алыстарға.
Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын,
Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға.
1-жүргізуші: Өз тілінің елі, халқы үшін жанын берер, өр тұлғалы ақын М. Шахановтың тіл туралы «Тіл рухани күре тамыр» атты жырымен 6 «Д» сынып оқушысы Шегебай Мөлдірді ортаға шақырамыз.
«Тіл рухани күре тамыр»
Тіл рухани күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,
Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ, сана жоқ.
Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,
Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен.
Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасы,
Ана тілін ардақтауға жетпегені шамасы.
Егер тамыр жая алмаса бала ана тілінде,
Туған тілін тұңғыш тұғыр ете алмаса білімге.
Ол,әрине, орысша ойлап, тек орысша түс көрер,
Оны баба табиғатқа бұру қиын күшпенен.
Ана тілсіз дамыған соң сезім, ойы, санасы,
Түрі қазақ болғанымен , ол орыстың баласы.
Өмірінің ана парқын игергеннің бәрі де,
Яғни ана тілсіз өніп, көгергеннің бәрі де.
Басқа анаға , басқа ұлтқа кеткен жандар бала боп,
Өз халқына олар енді жарытпайды ана боп.
2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар ,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар.
1-жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар ,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!
Ортаға 6 «Ә» сынып оқушылары Қыстаубаева Зина мен Әбен Назгүлді «Ана тілім — дана тілім» атты әнімен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.
Ендігі кезекте 6 «А» сынып оқушысы Аманғалиев Ұланды Ә.Әбіловтің «Тіл сенің» жырымен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Ана тілім – бәрін сөйлер шежерем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
Ортада 6 «Г» сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалаңыздар!
2- жүргізуші: Ана тілін – болашағың, келешегің,
Сен арқылы биікпен теңесеміз.
Өлең жазып, ой толғап өз тіліңде,
Шыққан адам боламын өсемін де-
деп өз шығармашылығынан 6 «Б» сынып оқушысы Рахат Нұрсұлуды «Ана тілі — жүрек үні» өлеңін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Жаса мәңгі, ана тілім, жан тілім
Жаса мәңгі, дана тілім, жарқыным
Көкірегімнен көтерейін ар туын
Мәңгілікке нұрландырсын жарқылың
6 «В» сынып оқушысы Тайжан Тұрғанайды Қадір Мырзалиевтің «Тілдің туы» атты жырымен қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші : Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық,-деп келесі кезекте 6 «Г» сынып оқушылары Жанзақ Айдана, Жанетова Нұрайым, Төлеу Нұртуғанды «Иә, солай» әнімен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші : Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,- дегендей енді кезекті әзілқой жас Көңілді Тапқырлар Клубының әзілдеріне береміз.
2-жүргізуші : Ана тілім — алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым,
Сенің жазың, сенің әнің айтарым
Санам сөніп, байланғанша тіл жағым.
Ән «Жаса, қазағым» орындайтындар: Ерденбек Еламан, Жарылқасын Біржан
1-жүргізуші: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік, азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім — қазақ тілім!
2-жүргізуші : Ана тілі көңіліңе гүл егер,
Ана тілі — ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу — бір өнер,
Ана тілде таза сөйлеу — шын өнер, — дегендей ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіре білейік!
1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тіл — ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой» деген. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру — мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
2-жүргізуші: «Тіл — халықтың алтын діңгегі» дейді халық даналығы. Ана тіліміз біздің ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымызда!
Хор: «Анамның тілі»
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 6 сынып оқушыларының қатысумен өткізілген «Ана тілі — жүрек» үні атты әдеби-музыкалық кешіміз өз мәресіне жетті!
2-жүргізуші: Көңіл койып тыңдағандарыңызға алғыс айтамыз! Келесі кездескенше
1-2 жүргізуші: Сау болыңыздар!
Поиск по сайту
Музыкалық кеш сценариі «Біздің өміріміздегі әндер»
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: | Аитова Лаззат Зурулловна |
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 52.5 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |
Скачать
Просмотров: 102
Похожие материалы
- Музыкальный час «Песни В.Шаинского»
- Презентация по музыке : Музы не молчали
- : « Что стало бы с музыкой, если бы не было литературы?»
- Развлечение к 8 марта
- Консультация для родителей» Нужна ли детям музыка
- Планирование по музыку на тему: «Төлеген Момбеков» 3 класс
- Планирование по музыку на тему: «Айтыс» 5 класс
- Планирование по музыку на тему: «Біржан сал» 3 класс
- Планирование по музыку на тему: «Гәкку 3 класс
- Планирование урока: Ақан сері «Маңмаңгер»
?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан.
Ма?саты: О?ушыларды ?зіні? ата-тегі ??ымын білуге, бойына ?лтты? сананы сі?іруге т?рбиелеу. Халы?ты? ауыз ?дебиетіні? шы?армаларын о?у ар?ылы рухани жан д?ниесін байыту.
К?рнекілігі: Абай портреті, кітап к?рмесі, г?лдер, плакаттар, слайд.
Анель: ?айырлы к?н, ??рметті к?рермендер!
Абай с?зі – адамны? жанына азы?,
А?ылды? таразысы, алтын ?азы?.
Абайды? ?сиетін т?сінгендер,
Кетпейді деп сенемін д?ниеге азып, — деген тамаша жыр шума?тарынан кейін б?гінгі кешке келген к?пшілік ?ауым?а ж?не ?адірлі ?она?тарымыз?а ?ош келіпсіздер демекпіз. ?аза? хал?ыны? елдік тарихы, та?дыр жолы, мінез сипаты, а?ыл-ойы, т?рмыс- ахуалы, ?нер- ?рісі б?рі де Абай с?зінде т?нып т?р. Сонды?тан да ол – б?кіл ?лт т?л?асын ?амты?ан, на?ыз ?лтты? к?лемдегі ?лы а?ын.
Абайтану д?уірі ?за??а ?ласып, ?рпа?тан-?рпа??а кететін, ?здіксіз дамып, ке?и беретін ??былыс. Абай сол ?рпа?тарды? бірге жасайтын ??дірет иесі. Олай болса ?аза? к?ркем ?дебиеті мен оны? аса бай тілі, с?лу поэзиясы ?немі алдында?ы биік нысана – Абайды еске т?сіріп отыру ха?. Міне, осы ма?сатта б?гін баршамыз осынау кітапхана атты ?асиетті ша?ыра?та «?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан» атты Абай ??нанбаевты? ту?анына 170 жыл толуына арнал?ан ?деби-музыкалы? кешке жиналып отырмыз.
Абайды? суреті.
Мынау т?р?ан Абайды? суреті ме?
?ле? с?зді? ??са?ан ??діретіне,
А?ыл, ?айрат, білімді те? ?ста?ан
?арсы келер Абайды? кім бетіне!
Тере? ойды? т?бінде те?ізі бар,
Тесіле к?п ?араса? к??іл ??ар,
Сол тере?ге с?йсініп жан ??ілмей,
Есіл сабаз ызамен ?ткен шы?ар!
Ерасыл: ?лен с?здін тас б?ла?ын а?ыт?ан
?аза? елін д?ниеге таныт?ан.
Абай атам талантына б?л к?ні
Бар халы?ты т?ніріндей табынт?ан
Сендей болар ор т?л?асы алыпты?
С?улесіндей н?рын шаш?ан жары? к?н
?рі ойшыл, а?ын, сазгер, педагог
?лы ?стаз ??ламасы халы?ты?
Анель: Болаша?ты данышпанды?пен болжай білген ойшыл а?ын демократиялы? м?дени тілімізді? ірге тасын ?алады. ??ламалар айт?андай ?лем алдында ма?танса? Абайменен ма?танайы?. ?йренсек дауылпаз ?нді а?ыннан ?йренейік,
Абай атамызды? ?зі:
Ж?регімні? т?біне тере? бойла,
Мен бір ж?мба? адаммын, оны да ойла,- демеппе еді.
Ерасыл: Осы?ан ?араса? Абай ?лі де т?бі сар?ылма?ан т?ны? б?ла?, Абайды? ?лі де талай талай ашылма?ан сырлары бар екенін, біздер ?мытпауымыз керек. Д?лірек Абайды? с?зімен айтаттын болса?:
Мен жазбаймын ?ленді ермек ?шін,
Жо? барды ертегіні термек ?шін.
К?кірегі сезімді тілі орамды,
Жаздым ?лгі жастар?а бермек ?шін.
Анель: -Абай ?лендері? ?мір бойы ?адырлей бермекпіз, олар ?р о?ы?ан сайын жа?а бір ?ырынан к?рініп, жа?а бір сырлар, шынды?тарды танытып отырады.
Абай жыры бізді? ?мірімізге ?ш рет жа?алы? болып енеді. Бірінші бала кезде. Таби?ат к?рінісі: к?к аспан, жасыл жайлау, сар?ырап а??ан ?зен, жыр мезгілдері поэзия ??діретіне бір табынасы?.
?лендер «Жасымда ?ылымбар деп»- Анель, «?араша»- Айдана, «?ансонарда»- ?ырмызы «Жаз?ыт?ры» — Гульназ
Ерасыл: Жасты? ша?та п?к махабатты? от сезімінде елітіп екінші рет табынасын.
?шінші рет ?ыры?тан асып, ?мірді? алуан шынды?ымен бетпе бет келіп, жаттан да, жа?ыннан да к?нілі ?алып, жал?ан жанашырды? бар екенін к?зі?мен к?ріп, на?ыз Абай, ?ле? с?зді? патшасы м?лде бас?аша, бар болмысын, бар ??діреті? к?рсетеді.
?лендер. «?лсем орным.» — Назерке, «Сегіз ая?»- Диляра
Анель: Абайды? классик ?лдідегі а?ын екенін, оны? а?и?ат?а толы поэзиясында жа?а ?мірді? ?ры?ы барып, сол жа?а ?мірге талпын?ан ??атты ой империалы? езгіні жарып шы?у?а бет ал?аны? ?лы М?хтар ?уезов болатын. Абай ?леміні? шы? м?ні? ?лемге а?ынны? ?лылы?ы? ??ындыр?ан «Абай» романы еді.
«Абайды Абай еткен — М?хтар ?а?а, М?хтарды М?хтар еткен — Абай да?а. ?алайша бас имессі? о?ан, сір?» деп а?ындар жырласа, француз жазушысы Луй Арогон: «Эпикалы? «Абай» романы XX ?асырда?ы е? м?нді романдарды? бірі» — деп ба?а берген екен.
«?ке арманы» ?зінді о?ылады. Автор: Гульшат, Абай — Магжан ?біш — Ерасыл
Ерасыл: ?арас?з Абайды? 1890-1898 жылдар арасында жазыл?ан бір алуан шы?армалары. Абайды? «?арас?здері» а?ынны? к?п жылдар бойында?ы ойлары мен тол?аныстарыны? ізгі жан тебіреністері.
«19, 20 ?ара с?з». Темирлан-20, Мирас — 19
Анель: А?ынны? е? бір н?зік шеберлікпен тудыр?ан ?лені — таби?ат, махаббат сырына арнал?ан «Желсіз т?нде жары? ай» ?лені. Орындауында ты?дайы?…
Абай — данышпан, Абай кеменгер. Ол орыс ?дебиеті калссиктеріні?, Европаны? бірталай а?ындары мен ?алымдарыны?, ежелгі заман даналарыны? туындыларымен танысады. Солар ар?ылы ?деби білімін, д?ниетанымын ке?ейте т?седі.
Ерасыл: Абай ?дебиеттегі шебер аудармалары ?зге тілден аударыл?ан. А. С. Пушкин «Евгений Онегиннен» сегіз ?лен аудар?ан, к?бі Онегин мен Татьяна хаттары. «Татьянаны? хаты» орысша.
Анель: «Абайды? м?расы — ?аза?ты? е? ?асиетті ?азынасы. Заманалар ауысып, д?ние дидарлары ?згерсе де хал?ымызды? Абай?а деген к?нілі айнымайды, ?айта уа?ыт ?ткен сайын оны? ?лылы?ыны? ты? ?ырларын ашып, жа?а сырларына ?аны?а т?седі» — дейді Елбасы Н.?. Назарбаев.
Гульшат: 9 кл. ?лсе ?лер таби?ат
Ерасыл — деп а?ын ?зі жырла?андай ?лтымызды? ма?танышы Абай ?ле?ін, ?сиетін ?рпа?тан-?рпа??а жеткізу бізді? парызымыз.
Абай келер н?сіл адамына бар сырын ашып, м?? ша?ады.
К?п адам д?ниеге бой алдыр?ан,
Бой алдырып, ая?ын к?п шалдыр?ан.
?лді деуге сия ма, ойла?даршы,
?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан,
Болса да ?анша ?згеріс даламызда,
Б?л д?ст?р сі?іп ?ал?ан санамыз?а.
Артында с?з ?алдыр?ан ?лмейт??ын,
Кім айтар Абай жо? деп арамызда.
Абай бабам д?ниеге с?уле шаш?ан,
Адамды?пен білімні? кілтін аш?ан.
Б?гінгі ?рпа?ыны? мына с?зі,
Бабамны? рухына шашу шаш?ан.
К?рген аз ба та?дыр – талайы?нан,
Табыл?ан ?ай кезде де ма?айы?нан.
Алысып ?ткен еді-ау мы?мен жал?ыз,
?аза?ым, айналса?шы Абайы?нан,
-деп осы б?гінгі ?деби кешімізді ая?тайы?.
Просмотр содержимого документа
«?деби музыкалы? кеш»
Подборка по базе: ата аналармен жұмыс жоспар.docx, Ата — аналармен жылдық жоспар титулка.docx, Ата — аналармен келісімшарт.docx, «Музыка. Музыкалы- білім беру -дістемесі» п-нінен емтихан матери, Патриоттык тәрбие бойынша ата аналармен өзара әрекетке түсудің б, 5 сабақ. Шығыс халықтарының музыкалық дәстүрі, жалғасы.pptx, 27.01.2022 ж Түркі халықтарының музыкалық дәстүрі. Көл жағасында, қазақ халқының музыкалық аспаптары.docx, Ата аналармен жұмыс Нұрлыбекова Диана.pdf, Абайдың музыкалық мұрасы слайд.pptx
Тақырыбы: «Екі жұлдыз!»
(Ата — аналармен балаларға арналған музыкалық ойын — сауық кеш)
Мақсаты: Ата — аналар мен балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және біріккен шығармашылық жұмысын қалыптастыру, жас ұрпақты өнерге баулу. Ата — аналардың өзара қарым — қатынасын жақсарту, сөйлесу мәнерінің тәрбиесін жетілдіре түсу және тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту.
Жүргізуші: Құрметті ата — аналар және сүйкімді бүлдіршіндер! Топ арасында өзгеше бір мерекелік кеш өтпекші. Оны біз ата — аналармен балаларға арналған «Екі жұлдыз»атты музыкалық ойын — сауық кеш деп атадық. Құрметті қонақтар, ата — аналар, бүлдіршіндер және әріптестер бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Қазір қатысушылар дайындалуда, олар толқу үстінде. Оларды қолдап, қолпаштап әсем әннің ырғағымен ортаға шақырайық!
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Бүгінгі «Екі жұлдыз!»қатысушыларына
Қошеметпен бәріміз, қол соғайық!
Байқауға қатысушы Екі жұлдызды таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Толағай тобы-Балапан командасы
Нұр тобы-Нұржұлдыз командасы
Айгөлек тобы-Жалын командасы
Еркетай тобы-Шуақ командасы
Қызғалдақ тобы-Маржан командасы
Балбөбек тобы-Жұлдыз командасы
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әр қатысушы қорапшадан санды алып,сол реттік номер бойынша өз өнерлерін көрсетеді.(Әр қатысушы реттік санды тандап алады)
Олай болса музыкалық ойын — сауық кешімізді бастайық. Байқаудың жүрісімен таныстырып кетейін, байқау 5 кезеңнен тұрады:
1 Таныстыру
2 «Жұлдызды сәт!»өз өнерлерін көрсеті сайысы
3«Бәрінен бұрын біз ата — анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру
4 «Әуенді жалғастыр» ойыны
5 «Қолөнер» сайысы
Енді осы байқаудың әділ шешімін беретін әділ — қазы алқаларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Кунторова Нургуль Ерешовна (Мини-центр Асыл-Жібек балабақшасынын директоры)
2. Шынар Қанатқызы (Шағын орталығымыздың методисты)
3. Шырымгуль Толқыновна (Асылым KZ балабақшаның методисті)
4.Қарлығаш Ғабдулшакировна (біздің балабақшамыздың бухгалетрі)
5.Гульнур Балтабековна (ән мұғалімі)
1 Таныстыру (музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен, балаңызбен бірге немесе жеке дауыста)
Балалық шақ қызық, көңілді,
Сүйемін шексіз ол жаз өмірді.
Бақытты менің балғын шағым,
Арманым менің шаттық әнім.
2 «Жұлдызды сәт» өз өнерлерін көрсету сайысы
Қатысушылар еркін тақырыпта өз өнерлерін көрсетеді.(би,ән,т.б)
3 «Бәрінен бұрын біз ата — анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру.
Жүргізуші: Құрметті ата — аналар мен сіздерге қазір неше түрлі сұрақтар қоямын ал сіздер толық және шынайы жауап беруге тырысыңыздар (дайынбыз ба әр ата — анаға бір — бірден сұрақ қою)
1. Бала кезіңіздегі алғаш айтқан әніңіз немесе тақпағыңыз не болмаса биіңіз есіңіз де ме? Соның бір шумағы мен қайырмасын орындап бере аласыз ба?
2. Балаңызға ұйықтар алдында бесік жырын немесе ән айтып бересіз бе? Ол қандай ән, орындап бере аласыз ба? немесе балаңызды кішкене кезінде қандай әнмен ұйықтататын едіңіз?
3. Балаңыздың балабақшада айтып жүрген әнін орындап бере аласыз ба немесе балаңыз қандай әнді сүйіп орындайд.Шырқап беруіңізді сұраймын?
4. Сіз балаңызбен бірге дүкенге кірдіңіз, балаңыз сөреде тұрған музыкалық аспаптарға қатты қызықты: мысалы домбыра, сырнай, гитара, қобыз т. б аспаптар. Сол аспаптардың бірін сізден ойнап беруін өтінді, сіз балаңызға қалай жауап қайтарар едіңіз?
5. Балаңыздың жалпы ойын үстінде қандай іс — әрекетті жасағанын байқайсыз?(корсетіп бере аласыз ба?)
Жүргізуші: Жарайсыздар құрметті ата — аналар! Сұрақтардың барлығына толық жауап бердіңіздер, сіздерге сұрақ қиын болған жоқ па?
4 «Әуенді жалғастыр» ойыны.
Ойынның шарты:
Мен сіздерге алдымен ойынның шартын таныстырып өтейін. Бір әнді үнтаспадан жасырамын, ал сіздер сол әннің қалай аталатынын, кім орындайтынын тауып жалғастырып айтасыз және алдарыңыздағы белгіні көтеріп жауап берулеріңізге болады.
1 «Анашым әні»орындайтын Марат Омаров. Әннің бірінші жолы орындалады.
2 «Қамажай биі»орындалады
3 «Арыс жағасында»әні композитор Шәмші Қалдаяқов
4 «Жаса, Қазақстан»әні орындалады
5 «Атамекен»әні Ескендір Хасанғалиев
6 «Қошақаным» әні
Асыл тастан, өнер — жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі,
Әрқашан да нанымды,- деп келесі бөлімді бастауға рұқсат етіңіздер
5.Қолөнер көрсету сайысы
Қатысушылар өз қолыннан жасаған таныстырады,бейроликпен көрсетеді.
Жүргізуші: Құрметті ата — аналар, бүлдіршіндер және кеш қонақтары бүгін Сіздер өте жақсы өнер көрсеттіңіздер.«Өнер – ағып жатқан бұлақ» демекші өнерлі отбасы екендеріңізді тағы бір дәлелдей түстіңіздер, балаларыңызды да өнерге жақсы баулыпсыздар, осы кешке арнайы келгендеріңізге сіздерге көптен — көп рахмет! Қазылар алқасы Екі жұлдыз байқауынын женімпазын аңықтағанша ортамызда «Қызғалдақ» тобынын бүлдіршіндерін «Жігіттер» квартетін «Ақ көйлек»әнмен ортаға шақырайық.
Құттықтау сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін:
Жүргізуші:
Адалдықты ту еткен,
Бал жүзінен күн өткен.
Балдырғанбыз бақытты
Бақшамызға гүл еккен.
Болашаққа барамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамыз.
Біз сіздермен қоштасамыз, келесі кездескенше күн жақсы болсын, сау болыңыздар!
Мақсаты : әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу.
Шәмші әндерін насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау және оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу;
- ауысым қатысушыларын Шәмші әндерін нақышына келтіріп жеткізу қабілеттерін дамыту;
- өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: әдеби-сазды кеш.
Қажетті жабдықтар: тақырыптық слайдтар, Шәмші Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм.
ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ:
Көрініс: «Шәмшінің өмірге келуі»
(Музыка баяу ойнап тұрады.)
Автор: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Осы көлдің жағасын 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады.
Қалдаяқтың шын аты – Әнапия. Оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап кеткен. Татарлардың гармонын, қазақтың домбырасы мен қобызын шебер орындайтын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Шәмшінің әкесі ұл туса Жәмшид патшаның атын қоямын деп жүрген кезінде түс көрген. Түсінде ұлының көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көрген. Мұны Шәмшінің әкесі жақсылыққа жорыған.
«Ән аға» фильмінен үзінді
Жүргізушілер сахнаға шығады
1-Жүргізуші :
Армыздар, асылын ардақтап, ұлы өнерді ұлықтауға жиналған қадірлі қонақтар?!
2-Жүргізуші :Қайырлы кеш, қымбатты көрермен. Қазақ вальсінің королі атанған алты алаштың оң қолын жүрегіне қойғызып, ән салдырған халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың «Шәмші әлемі» атты кешіне қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші: Әндері ғажайып саздылығымен, бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен лирикалық наздылығымен ерекшеленген Шәмші Қалдаяқов тірі болса 90 жасқа келер еді. Эстрадалық әндердің әуенін ұлттық нақышпен құнарландырған құбылыстың артында «Сыған серенадасы», «Өмір өзен», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» сияқты 300 ден астам әні қалды. Бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастырған Шәмші әндері халықтың ыстық ықыласына бөленді.
2-Жүргізуші:Сонымен, ұлтымыздың арда жазушысы Мұхтар Әуезов тамсана тыңдап, жоғары баға берген XX ғасырдың төбесінен тамшылаған лирикаға кезек берейік.
Ән: «Ақмаңдайлым»
1-Жүргізуші: «Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан – таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған , Шәмші Қалдаяқовтың мен әр әніме алғашқы махаббатымдай қараймын деген сөзінде үлкен бір мән жатқан сияқты.
2-Жүргізуші:Дұрыс айтасың, шынында да әр әні әсем бір бақтың әртүрлі боп гүлдеген мәуелі ағашындай өз жемісі , өз жеңісі өз жолымен өз тағдыры бар.
Ән: «Кешікпей келем деп ең»
1-Жүргізуші: Бейне ролик «Әнім – халқымның жүрегінде….»
1-Жүргізуші:
Сұлу Арыс жаралғандай ән үшін
Бір кездері тапқан да еді әншісін.
Бұл күндері баяу ағады сарқылып,
Іздей ме екен төл перзенті Шәмшісін
2-Жүргізуші:
Жырымды бүгін арнасам сізге айып па,
Өмірден озған ағаға асыл ғайыпта.
Арыстың әсем жағасындағы арулар,
Жүргендей бүгін ескексіз мініп қайықта
Ән: «Арыстың жағасында»
1-Жүргізуші:
«Аңшыны аңшы алыстан таниды» демекші, Шәмші ағамыздың тұстасы, өнер әлеміне бірдей құлаш сермеген Қазақстанның халық әртісі Мыңжасар Маңғытаев Шәмшінің шығармашылығы, адамгершілігі жайлы көзі тірісінде айтып кетіп еді:
«Мен ойладым, Шәкен өлместің адамы, өйткені із қалдырған азамат. Тірі адам ешуақытта жанында жүрген адамды өз деңгейінде бағалай алмайды. Өкінетін жағдайым Шәкең ерте кетті.
Ол жиырмасыншы ғасырдың серісі еді. Бұл азамат күншіл емес еді. Өсек айтпайтын, ешкім туралы қызғаныш айтпайтын. Бір кездесуде Шәкеңнен әңгіме естідім: – Сізге неге атақ бермеді, дер кезінде?»- дегенде, «Халқым-ау, менің алдымда Әблахат тұр ғой»,- деді. Сонда мен бұл кісінің бойындағы адамгершілік қасиетті сезінген едім».
2-Жүргізуші: Шәмші ағамыз бір сөзінде.
…. Өмірге, адамдарға құрметі жоқ кісіден өнерпаз шықпасы керек. Мен де адамдарға ғашықпын.
Сендер менің әл – Фарабимен жерлес екенімді ұмытпаңдар.
Ол да, мен де Отырардың перзенттеріміз деген екен.
1-оқушы
Отырардың ерке ұлы Шәмші ағаға
Артында өнер өшпес мұра қалды,
Әніне табындырып барша жанды.
Қазақтың сазгер ұлы, сал – серісі,
Ғасырдың ұлы елдің маңдай алды.
Ел аузында айтылар өзге қыры,
Дайын тұрды кімге де әзіл, шыны.
Ақ пейіл көңіліне берген шығар
Әнұранға айналып отты жыры.
Ұлылықты өзің – ақ дәлелдедің,
Жарқырадың ұлыдай кемеңгерім.
Әнмен тербеп әлемді сен тұрғанда,
Мүмкін емес ұлы аға төмендеуің.
Аты аңызға айналды Шәмші бүгін,
Тиісті еркелеуге елге дүйім.
Жүректен орын алған сазды әуенің,
Көтерер алты алаштың көңіл күйін.
Вальстің королісіз – ақ, өзі алтын,
Бағалай білген қазақ өнер парқын.
Әуеннен күмбез салған өзіңізді,
Құрметпен тағзым етер сізге халқым.
2-оқушы
М. Мақатаев./ Шәміл – ау! Шәмші қайда? Шәмші қайда?
… Сол күдер ғой – жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп айызың тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз – өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма.
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл – ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағыда бір таңдандырсын,,
Жандырсын жүректі, жандырсын!
Мәңгі өлмейтін Махаббатым айта жүрер!
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!
Шәмшіге арнау.
Оқитын хор класының оқушысы
Жанаев Еренбақ
Отырарда туып, өсіп, ержетіп
Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.
Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан
Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.
Кетті аға, әнің қазақтың жерін шарықтап,
Көгершін болып көк аспанында қалықтап.
Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,
Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.
Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елің
Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.
Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін
Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.
Ол рас аға өмірден сыйды аз көрдің,
Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.
Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүр ме екен
Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.
Жабыны жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,
Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.
Бүгіндер жүр бармағын шайнап өкініп,
Уағында қадіріңізді білмеген.
Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қырқаны,
Ән салдың аға таңға ұрып тағы бір таңды.
Әлемнің қазір төрінен биік дауыспен,
Әніңіз сіздің Ән ұран болып шырқалды.
Күніңіз туды төріне өнер өрлейтін,
Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін
Өлді деп сізді кім айта алар жан аға,
Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін.
3- оқушы.
Шәмшіге
Мен сендей жаза алдым ба … жаза алмадым,
Жұртымды тербемеді ғазалдарым.
Уа, Шәке, мәңгілік ән сыры неде?
Түнде туып өледі азанда әнім.
Айтшы,вальс каролі,не қылайын,
Отырғаным түңіліп шегіп уайым.
Сенің ғажап әніңмен тербетіп тұр,
Жапырақтай жүрегін сері қайың.
Әндеріме шынайы мұң сіңіп пе?
Қайдам, қайдам жазбағам күрсініпте.
Мен әлде әндейтұғын ханшайымды,
Күң қылып жібергенмін тіршілікке.
4- оқушы.
Сезімге бай сырлы әнді сыйладым қай?
Күңіренткен дүниенің дидарын жәй.
Сүйкімсіз ноталарым сумаңдайды,
Қысқа киген сұлудың сирағындай.
Кешір,кароль ,кешірім өтінемін,
Запыранға толып тұр көкірегім.
Ән сенің аманатың аманатқа,
Қиянат жасадым-ау өкінемін.
Ажары бөлек боп тұр бүгінгі айдың,
Қозданып бара жатыр мұңым,қайғым.
Жалғыздық деген көлдің жағасында,
Жәй ғана “Қайықтаны” ыңылдаймын.
5 -оқушы. Шәмшіге арнау
Тарихқа ән қалдырған
Тастыда тан қалдырған Шәмші аға
Сезімнің қылын шерткен
Мұрын сепкен
Әндері жібек шапан
Жүрегің тігін жеткен Шәмші аға
Ақ шағала құстай Шәмшінің әні
Самғайды құламайды
Ұялшықтың өзін әнші қылады
Айтпауға шыдамайды
Сендегі ән шағымды
Шашқандай маржанымды Шәмші аға
Сен жазған наз орынды саз шағынды
Қазаққа білдін бе екен әнұран жазғанынды
Шәмші аға
1-Жүргізуші:
Келесі орындалатын әннің тарихы қызық . Бұл әнді Мұхтар ағамыз Владивостокта әскери борышын өтеп жүргенде татар жігіті татардың халық әні деп шырқайды. Мұхтар аға бұл ән әкесі Шәмшінің әні екенін дәлелдейді.
2-жүргізуші: Ол қай ән дейсіздер ғой? Ол Шәмші ағамыздың аналарға орнатқан ән ескерткіші. «Ана туралы жыр» болатын.
Ән: «Ана туралы жыр»
1-Жүргізуші :Арыстың жағасынан түлеп ұшқан Шәмші бүкіл қазақ даласын әнмен әлдиледі. Шәмші Қалдаяқовтың ән мұрасы бүгінде ұлтымыздың мәңгі өшпес рухани құндылығына айналды.
2-Жүргізуші:
Шәмшінің әні мынау өмір өзенінде, бақыт құшағына бөлеп, қуаныш вальсіне билетті. Ол қайықта тербеп, сырдың толқынындарында шомылдырды. Ол үшін еліміздің әр тасы қымбат бір уыс топырағынан асқан құндылық жоқ.
1-Жүргізуші :
Шәмшінің әні ғашықтардың сағыныш әні,
Шәмшінің әні еліміздің жігері мен рухын тіктейтін ән байрақ .Өмірінің соңғы сәтіне дейін Шәмші жүрегінің әр лүпілі Менің Қазақстаным деп соқты.
2-Жүргізуші :
Еліміздің әнұранына айналған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні
Хор: «Менің Қазақстаным»
Дереккөз: bilimainasy.kz
Басқа материалдар:
- Ән әлемінің падишасы, вальс королі – Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш сценарийі
- Шәмші Қалдаяқов — вальс королі
- Тест: Шәмші әндерінің шығу тарихын білесіз бе?
- «Абай жолы» роман-эпопеясының тараулары (ІІ том)
- «Абай жолы» роман-эпопеясының тараулары (ІІІ том)
- «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
- Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
- «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
- Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
- «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы түсінік (І том)
- Абай жолының ІV томы
- С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі (Сабақ жоспары)