Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп-балабақшасы
2017 – 2018
оқу жылының
18 қыркүйек – 22 қыркүйек
аралығында
жоспарланған
«Өзге
тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының
Жауапты қазақ тілі
мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері
Г.Ж.Сагатова
К.С.Қошқарбаева
2017 – 2018 оқу жылы
2017 – 2018 оқу жылының 18 қыркүйек пен
22 қыркүйек аралығына жоспарланған «Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің
шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге
баулу.
І . Алғы сөз. Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті
ұстаздар!
«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді
құрметте» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәндері апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Тіл — халықпен бірге өмір
сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Баршаңыз да
білесіздер 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы
қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы
тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан
Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы
шілденің 11- і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы
қабылданды. Бұл Заңның 4-бабында қазақ тілі Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі екендігі жазылған.Осыған байланысты 22 қыркүйек Тілдер күніне
орай
мектебімізде
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы
тілдер апталығы өткізілмекші.
ІІ.
Әдеби монтаж
1.
Нарша Қашағанұлы «Ана тілі» .
8-сынып оқушысы Төлегенова Аймекен
Ата-баба аманаты тіл деген,
Нағыз надан дәл осыны білмеген.
Түкіргенді суын ішкен құдыққа,
Түсінбеймін, түсінбеймін мүлде мен!
Өз тіліңді сыйласаң-ол мінің бе?
Өзге тілде сөйлеу әлде білім бе?
Қорынбай-ақ, қорықпай-ақ, қазағым,
Амандасып жүрсеңші ана тіліңде.
Ана тілің – бас байлығың, ырысың,
Тілің тірі болса ғана тірісің.
Ата-баба аманатын ұмытып,
Атқа мініп, шен алғаның құрысын.
2.
«Ана тілім» Несіпбек Айтұлы. 7-
сынып оқушысы Мухамбеткалиева Аружан
Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, егер сені ұмытсам.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім, алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!
3. Ана тілі Ысқақ Әкім. 7-сынып оқушысы Сатымова
Санжар
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.
4.Үйрен
ана тіліңді Оразақын Асқар . 9-сынып оқушысы Имангалиева Самал
Өз
тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз
тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз
халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей
тұрып туған ана тіліңді.
Сенде
айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің
жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең,
өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ
жазғырып ел тұрады.
Қаның
жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен
үлгі алар қызың менен ұлың
бар.
Перзентісің
еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз
ел, мәртебелі тілің бар.
5. АНА ТІЛІНЕ
ТАҒЗЫМ Мұзафар Әлімбаев. 6-сынып оқушысы Тулеушева
Айнамкөз
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
Қуан, далам! 9-сынып оқушысы Хусайнова Жұлдыз
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Қуан, анам!
Ұзағынан сүйсініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен алдыңда бас иіп.
ІІІ
. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарымен оқушыларды таныстыру
2017 – 2018 оқу жылының 18 қыркүйек пен
22 қыркүйек аралығына жоспарланған «Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Түрі |
Сыныбы |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
Апталықтың «Мемлекеттік |
Әдеби кітап |
1-11 |
18.09-22.09 |
Кітапханашы А.М. |
2 |
«Тіл-халықтың |
Үздік |
5-11 |
18.09-22.09 |
Сурет |
3 |
«Тілім-менің |
Ашық |
1-11 |
18.09-22.09 |
Сынып |
4 |
«Бір акциясы |
С.М.Торайғыров шығармаларын |
5-11 |
18.09 |
Кітапханашы А.М. |
5 |
«Полиглот» |
Зияткерлік |
5-6 |
20.09 |
Қазақ Қошқарбаева |
6 |
«Біз |
|
Балабақ МДТ |
18.09 |
Тәрбиешілер |
7 |
«Мен |
С.М.Торайғыров әдеби |
10-11 |
19.09 |
Қазақ Қошқарбаева |
8 |
«Тіл |
Сайыс |
6-7 |
21.09 |
Қазақ Сағатова |
9 |
«Әрі |
сайыс |
2-4 |
21.09 |
Бастауыш |
10 |
«Өзге |
Мерекелік |
1-11 |
22.09 |
ҚББП О.Ж. Пән |
ІV.
Қорытынды сөз
Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті
қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана
тілімізге деген махаббатты осы апталық аясында жоспарланған барлық іс –
шараларға белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы апталықта
сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждағаттылықты
күтеміз.
Бейсембаева Актоты Амирхановна— Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
» Ана тілі-тірегіміз «,соғып тұрған-жүрегіміз атты ана тілі апталығының ашылуына арналған сценарий.
(Зал мерекедегідей безендірілген.Баяу күй әуені естіліп турады.)
Би: Қазақ биі
1-ж: Кенің бай,келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып,құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум,құрметті тіл жанашырлары,бүгінгі
атты ана тілі апталығының ашылу жиынына Қош келдіңіздер!
2-ж: Қонып тур ордаң міне,жаңа журтқа
Салып тур ұлын » Қазақ» көзін сыртқа
Жау болсаң,жақындама,аулақ жур деп,
Ел болсаң есігім бос,ен деп ұлтқа.
Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар.
1-ж: Балалар,1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды .
2-ж: Осы 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні» Қ Республикасындағы тілдері » заңы қабылданып,қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды.
1-ж: Кейін 1993 жылы қантардың 28-і күні бұл статус ҚР-ның жаңа Конституциясында турақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11-і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды.
2-ж: Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
1-ж: Несіне мен қазақпын,өз тілімді білмесем,
Өз елімде жарқылдап,еркін сөйлеп жүрмесем
Қут мекенім қасиетті ата-бабам жеріне,
Нағыз қорлық деп білем,басқа тілде тілдессем.
2-ж: Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тіліңде сөйлейдіөмір көрген кісілер
Жойған күні тіліңді,жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар-қулдыққа да түсірер.
1-ж: Мансап үшіп өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп,ана тілін жамандар
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дурыс
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
2- ж: Ана тілін сатқандар опасыз — деп білемін,
Білген жанға өз тілің ө қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де,
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Ән:
1-ж: Қазіргі таңда 22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтуде.Қазір іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізетін мекемелер көбейді,жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілінде өтетін сабақтар саны бұрынғыға қарағанда көп өсті.Мекеме,ұйымдарда тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға,2011-2020 жылдарға арналғанжаңа бағдарламасы шықты.
2-ж: Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады,атадан балаға жеткен ұлы құбылыс.Ол талай тарих сынынан өтті.Ғасырлар дан ғасырларға сүренбей өтті.Дүние жүзіндегі ең бай,бейнелі,таза,өткір,терең,күшті,кең тіл ретінде саналады.
1-ж: Қазіргі таңда ана тіліміз жан-жақты зерттеліп,уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйелінді.Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық игімгі болумен қатар,әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар,кемел тіл ретінде танылуда.
Экранға назар аударайық
Аудио-жазба: Қазақ тілі.
2-ж: Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішендегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.
1-ж: Ал,орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай,ондайды біз еуропада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз.Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді,тілі өткір әрі майда,шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.
2-ж: Тәңірі ортақ жаратқан
Аузына көпті қаратқан.
Қара қылды қақ жарған
Алдынан топты таратқан,
Мөңке,Төле,Қазыбек,
Әйтеке,Алшын,би Кебек.
1-ж: Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздерінің барлығы жазылып сақталмағандықтан,тек бізге узын-ырғасы,жемжурнағы ғана жеткен.Ауыздан ауызға көше жүрип,сырланып,бүкіл халық қазынасына айналған.Олар халық даналығын,тіл байлығын көрсетеді.
Көрініс:4б кл. үш би
2-ж: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
1-ж: Әуезов,Абайды өткен дөрістілі
Тіл тартқан Тоқтар,Талғат ғарыш тілі
Қанша Заң қабылдаймыз,жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
2-ж: Апталықтың жұмыс жоспарымен таныстыру үшін сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Мухамбедиярова Айман Тлеуқабылқызына береміз.
1-ж: Туған тіліңді қорғау-туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ.Отаныңды жау басып алса,оны ерте ме,кеш пе,әйтеуір,азат етеріңе сенесің.Ал тілің жауланса-бітті.Басқа тілге көшіп,туған тілің ұмыт болады.
2-ж: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолднылатын 6 тіл бар.Олар: ағылшын,француз,орыс,испан,қытай,араб тілдері.
Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тілбілеуміз қажет.Бірақ өзге тілді білсек те,өз ана тілімізді ұмытпай,қастерлеп,құрметтей білуіміз керек.»Өзге тілдің бәрін біл,өз тілінді құрметте!» дегендей өз тілімізді құрметтеп өсу біздің паразымыз.
Ән:
1-ж: Ия,біз бүгін ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық.ана тілін ұлы мухитқа боласақ,біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап ішкендей ғана болдық деп ойлаймын.Оның тереңіне бойлап,түбіндегі інжу-маржанын ерінбей-жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
2-ж: Тіл-ұлттың жаны,халықтығының асыл белгісі,намысы,тыныс тіршілігінің көзі.Ата Заңымен қорғалатын еркіндігінің үні.
Оны құрметтеп,қорғау,келешек ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.
1-2ж: Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
1-ж: Осымен «Ана тілі тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!» атты ана тілі апталығының ашылуына арналған салтанатты жиын аяқталды.
2-ж: Аспанымыз ашық,еліміз тыныш,тіліміздің мәртебесі биік болсын!
Апталық кезіндегі іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.Әрбір күндеріңе сәттілік тілейміз!
«Тілім менің тірлігімнің айғағы»
атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының
СЦЕНАРИЙІ
1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді оқушылар және ұстаздар!
2- жүргізуші: « 22 кыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналғалы отырған тіл апталығының ашылу салтантына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: « Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.
2- жүргізуші: : Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер! Мен енді сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Абдикадирова Камшат Мейрамқызына бергім келіп отыр.
Камшат апай сөйлейді
1-жүргізуші: Менің қазір ойыма Қадір Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.
2- жүргізуші: Олай болса сені тыңдалық
1-жүргізуші:
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
2- жүргізуші: Олай болса мен де саған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдемі өлең жолдарын оқып берейін:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
1-жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?
2- жүргізуші: Ия, Қазағымның ән-жырына не жетсін, Жүректерді одан әрі тербетсін дей келе сіздердің алдарыңызға әнімен
шақырамыз.
Ән айтылады
1-жүргізуші:
Ана тілім — ана күтім арым менің
Сәулетім — сая бағым , сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
2- жүргізуші:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім,-демекші мен ендігі кезекті жырдан шашу шашуға колледж оқушысы
шақырғым келіп отыр.
Өлең оқылады.
1-жүргізуші:
Әнсіз мына өмірдің несі көктем,
Ән десе қазағымның есі кеткен дегендей, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қоятын халық. Сондықтан тағы да шырқалатын әсем әннің куәсі бола отырайық, ағайын!
Ән айтылады
1-жүргізуші:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
2-жүргізуші:
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
1-жүргізуші:
Туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы біздің сөзімізді жалғастыруға ортаға
шақырамын.
Өлең оқылады.
1-жүргізуші:
Білесің бе, «Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек» деп Вяземский айткан екен.
2-жүргізуші:
Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.
1-жүргізуші:
Ендеше өз туған тілін қорғап, сол тілде ән айтқалы келіп отырған
неге кезекті бермеске…
2-жүргізуші:
Қарсы алыңыздар!
Ән айтылады
2-жүргізуші:
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»деп С.Негимов тіл туралы өз пікірін де білдіріп өткен екен.
1-жүргізуші:
Ия, тіл туралы қалам тербемеген бірд-бір ақын-жазушы жоқ та шығар. Сондықтан осындай әдем іөлең шумақтарын тарту ететін
қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.
Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-жүргізуші:
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
1-жүргізуші:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2-жүргізуші:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
1-жүргізуші:
Қадірменді көрермендер! Келесі кездескеше аман болыңыздар!
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Проблемалардың бірі заманауи мектеп — күрт құлдырауы оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті, сауаттылығының төмендеуі, тіл мүкістігін дұрыс,білмеу, қисынды білдіру, өз ойын анық білдірмеу.
Орыс тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс жұмыстары – мектептегі оқу-тәрбие жұмысының маңызды буыны. Сыныптан тыс жұмыстың жалпы жүйесінде орыс тілі мұғалімдерінің қызметі маңызды орын алады. Ол пән бойынша білімді нығайтуға ықпал етеді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандырады, оларды дербес зерттеу жұмысына дайындайды. Әдетте, сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы мектепте пән апталығын өткізу болып табылады.
Апталықты өткізуге дайындық жұмыс жоспарын құрастыруды, пән апталарын өткізу кезінде мектепте жинақталған озық тәжірибені қолдануды, оқушыларды аптаға қатысуға дайындауды қамтиды.
Апталықты өткізу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың мүдделері мен тілектері, жеке бейімділігі мен қабілеттері ескерілді, оқу іс-әрекетінің түрлі формалары мен әдістері қолданылды, дифференциацияға сүйеніп жұмыстың ұжымдық және жеке формалары сәтті үйлесілді. Ой қызметін белсендіру үшін АКТ-ны қолдану бойынша ойындар, конкурстар өткізілді. Компьютерлік презентациялар, схемалар, кестелер қолданылды, құзыреттілік тәсіл, интеграцияланған және жүйелі — әрекеттік оқыту әдістері қолданылды.
Пән апталығының мақсаты:
* оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту;
* әртүрлі жастағы білім алушылар арасында коммуникативтік дағдыларды дамыту;
* орыс тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
* жалпы тіл мәдениетін арттыру;
* балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;
* тілге, мәдениетке, туған өлкеге ұқыпты қарым-қатынас пен қызығушылықты тәрбиелеу.
Орыс тілі мен әдебиетінің пән апталығы келесі міндеттерді шешуге арналған:
* оқушылардың жеке қабілетіне, бейімділігіне, мәдени-білім қажеттіліктеріне байланысты сапалы білім алуға барынша қолайлы жағдай жасау;
* білім алушылардың оқу қызметіне, шындықты және өзін-өзі тануға, сондай-ақ өзін-өзі тәртіп пен өзін-өзі ұйымдастыруға қызығушылығын арттыру;
* оқитын пәндерге оқушылардың қызығушылығын дамытуға пән апталығының әсерін бағалау;
* шығармашылық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау белгілі бір оқу пәндерін тереңдетіп оқуға ұмтылады.
* мұғалімдер мен білім алушыларға өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу;
* дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыстың перспективалық жоспарын әзірлеу.
* оқушылардың оқу пәндеріне қызығушылығын арттыру — Орыс тілі мен әдебиеті;
* танымдық белсенділікті қалыптастыру;
* ой өрісін кеңейту •
Қолданылатын технологиялар:
* интерактивті технологиялар (топтық, командалық жұмыс; диспуттар және проблемалық оқыту);
* акт технологиясы;
* жобалау технологиясының элементтері.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығының өткізілу күні- 18 қараша – 28 қараша
Қатысушылар – оқушылар 1-11 сынып
Апта жоспары әр түрлі жастағы білім алушылардың коммуникативтік қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылды және оның мазмұны коммуникативтік- ақпараттылық ынталандыру бағыты, білім беру құндылығы мен қолжетімділігі сияқты талаптарға жауап берді.
Апталықтың барлық іс-шаралары оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Әр іс-шара үшін тілдік материалдарды таңдау оқушылардың мүмкіндіктерімен анықталды, тапсырмалар қиындық дәрежесіне қарай бөлінді. Шығармашылық қызметке тек үздік білім алушылар ғана емес, сонымен қатар инертті оқушылар да тартылды. Барлығына табыс қуанышын бөлісу, іс-шараларға қатысу немесе көрермен бола отырып, сыныптастарына көңіл бөлу мүмкіндігі берілді.
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ
Әр іс-шара қызықты болды. Балалар тапқырлық, орыс тілінде шығармашылық қабілеттерін және актерлік талантын көрсетті. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Пәндік апталықты ұйымдастыру және өткізу талдауы өткізудегі табыс дайындық жұмысының қаншалықты уақтылы және сапалы жүзеге асырылғанына байланысты екенін анықтауға мүмкіндік берді.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығының нәтижелілігі келесі критерийлермен анықталады:
* оқушылардың белсенділігі, танымдық қызығушылығы, дербестігі, логикалық-лингвистикалық операция жасаудың қалыптасуы, сөйлеу даму деңгейі;
* апта қатысушыларының эмоционалдық-іскерлік қарым-қатынасының жағдайы;
* апта қатысушыларының мәдениет деңгейі.
Сонымен қатар, орыс тілі мен әдебиеті кабинетінің әдістемелік жинағы толықтырылды.
Қорытынды
Орыс тілі мен әдебиеті апталығының жоспары орындалды. Іс-шаралар жоғары әдістемелік және тәрбиелік деңгейде өтті және білім алушыларға жалпы тілдік, зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамытуға, эрудицияны және жалпы білімдік ой-өрісін кеңейтуге көмектесті. Мұғалімдер мен білім алушылар апталықтың дайындығы мен өткізілуіне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарады, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен орыс тілі мен әдебиетпен қосымша айналысуға деген ынталарын көрсетті.
Ұсыныс:
1.Білім беру процесінің сапасын арттыру, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыту мақсатында пәндік апталықтарды дәстүрлі өткізуді жалғастыру.
2.Шығармашылық немесе практикалық сипаттағы тапсырмаларды сапалы таңдау есебінен пәндік апталықты өткізу тиімділігін арттыру.
3.Жаңалықты енгізу мақсатында пәндік апталықты жоспарлау бойынша жұмысқа оқушыларды қосу.
4.Оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне қызығушылығын дамыту.
5.Мұғалімдер мен білім алушыларға өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмек көрсету.
Осылайша, орыс тілі мен әдебиеті апталығы-дарынды балаларды анықтауға, шығармашылық қабілеттері бар, белгілі бір оқу пәндерін тереңдетіп оқытуға ұмтылатын оқушылармен жұмыстың перспективалық жоспарын әзірлеуге тамаша мүмкіндік.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/392143-orys-tili-men-debieti-aptalyyny-tkizilui-
Қазақша — орысша сценарий: Тілдер күні
Звучит музыка, домбра.
Ведущий: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер.
Ведущий: Здравствуйте, уважаемые гости. Здравствуйте, вес, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.
Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана разрешите считать открытым.
Ведущий: Good afternoon dear guests. Good afternoon everybody who has come to our party. We are very glad to see you here. Today is the day of languages. Lets start.
Исполнение гимна РК.
Ведущий: 22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы — Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.
Ведущий: Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Слайд Назарбаева
Ведущий: Every day, on the twenty first of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure!
Стихотворения на казахском языке для второго потока
Ведущий: Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Т. Молдағалиев былай деген Туған тілім — тірлігімнің айғағы, Тілім барда ашылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін. Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. слайд
Песня «ана тілі»
(1 поток Песню исполняет ср. гр. Айголек подгруппа)
2 поток все поют
Ведущий: Казахстан — многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы. (слайд народности)
И сегодня у насв гостях представители разных народов. Это
украинцы (музыка)
Русские (музыка)
Узбеки (музыка)
Татары (музыка)
И коренное население нашей страны Казахи (музыка)
Ведущий:
А сейчас предоставляем слово представителям русской национальности. (1 поток. Слайд.) Встречайте!
Звучит музыка
В зал входит Алдар Косе
Ведущий: Слышите, на наш праздник спешат гости, кто же к нам пришел? Так это же знаменитый на всю степь герой казахских сказок Алдар Косе. Сәлеметсиз бе, Алдар Косе.
Алдар Косе: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Да, правильно, меня зовут Алдар Косе. Хожу я по всему Казахстану сказки рассказываю, наказываю злых и жадных людей и помогаю добрым, хорошим людям, а еще я очень люблю веселиться петь, танцевать и играть в разные игры.
А я для вас приготовил 5 волшебных тюбетеек. Эти тюбетейки необычные. Под каждой тюбетейкой сюрприз! Хотите посмотреть что лежит под первой тюбетейкой?
Ведущий: Конечно хотим, открывай!
Алдар Косе открывает и достает платочки –
Алдар Косе играет в игру с детьми.
1 поток 2 мл. гр Балдырган — русская игра Прятки
2 поток ст. гр. Кулыншак Русские – игра Ловушка, танец с листьми
Ведущий: Алдар Косе, проходите пожалуйста за наш дастархан! А мы переходим к презентации следующей нашей национальности — татары (англичане 2 поток). Слайд Даем вам слово.
1 поток ср. гр. Непоседы — татары
Алдар Косе играет с детьми
2 поток подг. гр. Родничок – англичане
подг. гр. Родничок — танец Ковбоев (в презентации)
Алдар Косе играет английскую игру Ducklings
Ведущий: А сейчас встречаем украинцев (слайд — украинцы)
1 поток (ср. гр. Айголек) –
Ребята к нам из китая приехали гости. Сейчас они выйдут и покажут нам свой танец.
Алдар Косе играет украинскую игру с лентами
Ведущий: А сейчас встречаем узбеков (слайд)
1поток (гр№2мл. капельки) Узбекская песня Зайчик
Алдар Косе играет узбекская игру Собери монеты
А теперь встречаем хозяев шанырака – Казахов!
1 поток — 2 мл. гр. Почемучки – казахи (песня На желтеньких листочках)
Алдар Косе играет игру с асыками
2 поток Ст. гр. Кораблик — (Песня Алтын Астык)
Алдар Косе танцует с детьми танец кара жорга.
Ведущий: Ребята, посмотрите какой красивый и богатый дастархан у нас получился. Сколько вкусных блюд разных народностей! Все эти блюда вы попробуете у себя в группе.
Ведущий: Шанырак – это верхняя часть юрты, от которой в виде солнечных лучей расходятся уыки (опоры). Шанырак символизирует отчий дом, а в более широком смысле, всю вселенную. Образ шанырака – это образ общего дома, всех людей, проживающих в Казахстане. Если Шанырак – это дом, а уыки – это народы, то благополучие в нем зависит от каждого из нас, потому что мы все – народ Казахстана.
А давайте мы все вместе сейчас образуем свой Шанырак. Я попрошу представителей всех народностей в костюмах подойти и взять каждый по ленточке.
Дети в костюмах берутся за ленты и кружатся по кругу. Остальные дети встают в хоровод вокруг шанырака.
Ведущий: Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы — да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
Екібастұз қаласы,
№24 «Айналайын» бөбектер бақшасы
Шайхатова Динара Талгатовна
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз.
Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.
Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.
2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
Осы кезде кешке қатысушылар «Елім менің» әнін орындайды.
1-жүргізуші: Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!
1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің?
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
1-жүргізуші: «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!
2-оқушы: Мұзафар Әлімбай
Ана! — десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.
Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен?!
Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен?!
Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім:
Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым,
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Туған тілде ас қайырған сайын да,
Оқығандай серпіліп қал бір дұға.
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,
Жарқырат қазақ тілі алмастарын.
Халқына олжа салған айта алады,
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,
Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.
3-оқушы: «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов
Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз,
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап,
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл,
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.
Ән: «Анамның тілі» Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев
4-оқушы: «Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.
5-оқушы: «Бір досқа» Әдібай Табылды
Өзге тілді белгенге,
Білімді боп билейсің.
Кергенменен құр кеуде,
Өз тіліңді білмейсің.
Төс қаққанмен күнде сен,
Демес халқың «құлыным».
Өз тіліңді білмесең,
Неге керек білімің?!
1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.
2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.
2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер
6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.
Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.
1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.
1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.
Поиск по сайту
Сценарий ко дню языков«Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: | Cаттыбаева Гульбану Сапаргалиевна |
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 190.5 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |
Скачать
Просмотров: 56
Похожие материалы
- Cценарий ко дню языков » Тіл -ел байлығы»
- Сценарий выпускного вечера в 9 классе
- Занятие по профориентации «Путешествие в страну профессий»
- Внеклассное мероприятие + презентация на тему «Я, ты, он, она-вместе дружная семья»(7 класс)
- Внеклассное занятие по основам социальной жизни Конкурс «Маленькие хозяюшки»
- Конспект внеклассного занятия в 7 классе (развитие речи + ручной труд)
- Внеклассное мероприятие на тему «Я гражданин своей страны» (8 класс)
- Конспект внеклассного занятия в 9 классе «Профессии, которые мы выбираем»
- Внеклассное занятие в 8 классе «Здоровье дороже богатства»
- Классный час на тему «Саулык — зур байлык» (6 класс)
22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс-шараның сценарийі
Қатысушылар: 1 – 11сынып
Уақыты: 10-11:30
I жүргізуші:
Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған іс-шараны ашық деп жариялаймыз!
ІІ жүргізуші:
Здравствуйте, уважаемые учителя и учащиеся!!! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале.22 – сентября ежегодно отмечается «День языков народов Казахстана» наш президент Нурсултан Назарбаев выступает за знание нескольких языков. Мы поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. И надеемся, что вам будет интересно провести это время с нами. Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана считается открытым.
ІІІ жүргізуші:
Good afternoon dear guests teachers and pupils. Good afternoon everybody who has come to our party. Our language is connected with our thought and sense. It appeared in antiquity. It’s close to the society’s life. All languages developed under influence of economic, political and geographical conditions. We are very glad to see you here. Today is the day of languages. Let’s start.!.
І жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
ІІ жүргізуші:
Каждое поколение передает следующему свой язык, религию, культуру, обычаи и традиции. Как говорится, без прошлого нет настоящего и, тем более, будущего.
ІІІ жүргізуші:
English is spoken by more than 350 million people. Geographically, it’s the most widespread language on earth.! Knowing of languages is very important for us. We must know three languages. These are Kazakh, Russian and English.
І жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
ІІ жүргізуші:
Язык — это, прежде всего слово, оно придает уникальность айтысом, русским былинам и сказкам. Отнимите слово, и душа народа потеряет свою первозданность и красоту.
ІІІ жүргізуші:
Kazakhstan is a bilingual country: the Kazakh language, spoken by 64.4% of the population, has the status of the «state» language, while Russian, which is spoken by almost all Kazakhstanis, is declared the «official» language, and is used routinely in business.
І жүргізуші:
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттіктілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама. Ендігі кезекті мектеп оқушыларының өлең-жырларына берейік.
1-оқушы: Амантай Талшын
«Қымбат менің туған тілім»
Қымбат маған ана тілім, бал тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілі – ардақ тұтар алтыным
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
2-оқушы: Каримова Алина
Он нужен мне как небо, каждый миг
На нем живые трепетные чувства открылись мне,
И мир открылся в них
Текут две речки в сердце, не мелея
Становясь единой рекой
Забыв родной язык я немею
Утратив русский – стану я глухой
2—оқушы: Волошенко Екатерина
Oh, friend unseen, unborn, unknown,
Student of sweet English tongue,
Read out my words at night alone:
I was a poet, I was young
Since I can never see you by the land
I send my soul through time and space
To greet you. You will understand.
Келесі кезекті 5 – 6 сыныптар арасындағы сайықа береміз.
І тур: «БӘЙГЕ»
-
Қазақ тілінде неше әріп бар?
-
Көптік жалғауларды ата
-
Наурыз мерекесі қай айда
-
ҚР астанасы қай қала
-
Ағылшын тілінде неше әріп бар?
-
Қазақ халқының бір етегісін ата
-
Тіл мерекесі қашан тойланады
-
Үй жануарын ата
-
Қазақ тілінде неше септік бар?
-
Біздің мектеп қай көшеде орналасқан
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
-
Кел балалар, оқылық» кімнің өлеңі?
-
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-
Абай Құнанбаев кім?
-
Буынның үш түрін ата
ІІ тур. «ПОЛИГЛОТ»
1.На дворе горой,
А дома водой. (…………………..)
2.Упадет – поскачет,
Ударишь – не плачет. (……………………)
3.Везёт, а не лошадь,
Летит, а не птица,
Жужжит, а не пчела. (………………………)
4. Я всё знаю, всех учу,
А сама всегда молчу.
Чтоб со мною подружиться,
Нужно грамоте учиться. (………………………….)
5. Круглое, румяное,
Я расту на ветке.
Любят меня взрослые,
И маленькие детки (…………………….)
6. •Зелёный телёночек
Привязан верёвочкой,
Лежит на боку и толстеет. (…………………………)
ІІІ тур. МАҚАЛ-МӘТЕЛ (Берілген буындардан тіл туралы мақал құрастыр)
1. ӨНЕР АЛДЫ- ҚЫЗЫЛ ТІЛ
2.ТІЛ –ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
Көрермендермен сайыс:
«Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталады. Мен өз ойымды айтамын, дұрыс болса қол шапалақтаңдар, бұрыс аяқтарыңды ұрасыңдар. Сонымен бастайық.
-
Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны.
-
Бесбармақ – француздық ұлттық тағамы.
-
Наурыз – шығыс елінің жаңа жылы.
-
Хачапури – қазақтың ұлттық тағамы.
-
Илья Муромец – қазақтың батыры.
-
Масленица мейрамында орыстар бауырсақ пісіреді.
-
Түйелер тікенекті сүйсініп жейді.
-
Қымызды сиыр сүтінен жасайды.
-
Наурыз күз айында басталады.
-
Мектепке біз дұрыс жазуға, оқуға үйренеміз.
-
Роза Рымбаева – Италия әншісі.
-
Семей жері Абай, Шәкірім, Мұхтардың Отаны.
-
Абай Құнанбаев – орыстың ұлы ақыны.
-
Қазақстанның астанасы – Астана.
-
Қазақстан – біздің Отанымыз.
ІV тур. «Мені түсін» Қысқаша әңгіме оқылады. Оқушылар не түсінді оны қағаз бетіне сурет түрінде түсіреді
Джейн — ағылшын қызы. Ол Лондонда тұрады. Джейннің үш мысығы бар. Оларды жақсы көреді. Олардың аты-жөні -Сати, Смоки и Тигр. Біреуі ақ, біреуі қара, біреуі сары. Тигр сүт ішеді. Сати балық жейді. Смоки жастықта ұйықтайды.
Көрермендермен ойын: «Сақина салмақ»
V тур. «Шешендік өнер» (Сурет бойынша сөйлем құрастыр)
АСТАНА МЕКТЕП
Көрермендермен ойын: «Тақия»
VІ тур. Ертегі құрастыру
«ШАЛҚАН»
«БАУЫРСАҚ»
Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз!
Марапаттау
І жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Тіл күніне арналған іс – шарамызды жабық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші:
Родной язык!
Он с детства мне знаком,
На нем впервые я сказала «мама»,
На нем клялась я в верности упрямой,
И каждый вздох понятен мне на нем.
Каждый язык чрезвычайно богат, гибок и живописен. Вот и подошёл к концу наш праздник, посвященный Дню языков! Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желаем всего вам доброго и до скорой встречи!
ІІІ жүргізуші:
Knowledge of the foreign language is becoming more important nowadays. There are many reasons why we study English. If you know English, you can communicate with others who use this language. Knowledge of foreign languages helps people of different countries to develop mutual friendship and understanding. We congratulate you with day of languages!!! Good bye dear friends!!!
Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп, үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай — күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
I — жүргізуші: Райымбек
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2 — жүргізуші: Эльмира
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!
(Әнұран)
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам — тілдер күні!
2 — жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
1 — жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 — сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғысөз кафедра меңгерушісі Молдахмет Сейдахметовичке беріледі.
2 — жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1 — жүргізуші. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» деп, ұлы
Абай айтқандай, құлақ құрышын қандырған әсем әннен кейін сахнаның сәнін келтірер ғажайып қазақ биін тамашалайық, халайық.
1. Әйгерімнің орындауында қазақ биі
ТОП — 12. Топ тыңдаушысы Қанаттың орындауында Адай күйі
«Земные языки»
(Татьяна ТОП — 14 — 1)
Когда с природой я наедине,
То различаю языки земные:
Беседуют деревья в тишине,
Друг с другом птицы говорят лесные.
Есть говор свой у волн вдали,
Насвистывает что — то тихий ветер…
За краткий срок, отпущенный на свете.
Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали…
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
Все в языке: рожденье, первый шаг,
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете.
И если вдруг исчезнет мой язык,
То и меня вы больше не найдете!
ТОП — 13. 13 — топтың білім алушысы Асылзаттың орындауында «Қазақ елі»
1 — жүргізуші: Қазақстанда 130 — дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.
2 — жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно — Казахстанской области – узбекского телевидения.
В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.
Қанаттың орындауында «Әлқиса» күйі
1 — жүргізуші. Тіл — ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Ортада түрікмен, орыс, ауған: хазар, тәжік, пушту, өзбек ұлттарының өкілдері: шетелдік тыңдаушылар
1. Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. (Мәлике – ауған қызы, хазар )
Ана тілім — ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.
2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,
Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру. ( Мұрад — түрікмен)
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да – халық мұңы.
3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат. (Таня — орыс)
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ұйғыр халқының биі орындайтын Гүлгина
2 — жүргізуші: В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учашиеся покажут свое мастерство владения английским языком.
1. жүргізуші. Кафедра мақтаныштарықазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін жетік білетін полиглот жастарымыз бен шетелдік тыңдаушыларға сөз кезегін береміз. Шығармашылық және филология топтарының тыңдаушылары, шетелдік бірнеше тілде құттықтайды және әндер орындайды.
Ауғанстандық тыңдаушыларының орындауында «Ватан — Отан» биі1 — жүргізуші. Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2 — жүргізуші. Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.