Тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер»
Мақсаты; Ұлы Жеңісті дәріптеу,өз Отанын,елін,туған жерін сүю,сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патротизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бейнематериалдар, слайдтар, суреттер.
Кіріспе сөз:
Соғыс десе қатуланам қиналам,
Рас, оны көрдік біздер кинодан.
Оққа оранып от кешкен арыстардың,
Арқасыда аман қалды бұл қалам.
Биыл Жеңістің 72 жылдығы. Осы сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп,соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін, ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегені, осы соғыста аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін, батырлығын еске түсірсек.
ХХ ғасыр. Бұл ғасыр қай жағынан қарасақ та адамзат үшін нағыз тайталас ғасыры болды. 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағының территориясына баса көктеп кірді. Бұл бейбіт жатқан елге ойран салған әділетсіз соғыс еді.
Бұл соғыс қаншама азаматтың қыршындай ғұмырын әкетіп, шешені жесір, баланы жетім қалдырған сұрапыл соғыс болды. Бұл соғыста қаншама атпал азаматтардың өмірі мен арман -тілегі майдан даласында қала берді.
Дәл осындай жадыраңқы жай күні
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы,
Ұлы Отаным — басын иіп 1 минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері , барлық майданда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылықты жеңе отырып төтеп берді. Өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 316-нші атқыштар дивизиясы құрылып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Москва үшін шайқаста генерал-майор Панфилов қолбасшылық еткен атқыштар полкын аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарды.
Нуртлек:
Бауыржан Момышұлы – қара басы
Халқының болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлв –қазақ деген,
Ғаламат, Ұлы елдің баламасы.
1-салайд:
Бауыржан Момышұлы 207 рет ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет ауыр жараланған. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін 1946 жылы Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ. 1990 жылы 11-ші желтоқсанда Бауыржан Момышұлына Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңес халқы үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыста ол өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін бүкіл дүниені фашистік тепкіден құтқару үшін қасық қаны қалғанша шайқасты. Тарихи деркетерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында 1 миллион жүз тоқсан алты мың жүз алпыс Қазақстандық әскерге алынған екен. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Асылай:
Қара көз қазақ қызы Әлия батыр,
Орнатқан дұшпанына заман ақыр.
Сұлатқан сан фашисті баудай турап,
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр.
2-слайд:Ленинград үшін шайқасқа шығыстың қос жұлдызының бірі Әлия Молдағұлова да қатысты. Әлия Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алды. Кейін ағасы Ленинградқа көшіп келеді. Әлия сол қалада оқиды. Ол ерекше ұстамды, зерек, жаңалыққа бой ұрғыш болып өсті. Соғыс басталар алдында небәрі 18 жаста еді.
Мұғалім:
Еркін далада еркін өскен қазақ қызының ғұмыры сонау алапат соғыс жылдарында қыршындай үзіліп кете барды. Бірақ ұлы даласы үшін асқан ерлік көрсетті, ұмытылмас батырлық таныттыы.
Ән «Әлия»
3-слайд: Жас жанын пида етіп, қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Әлия апамыздың есімі мәңгі есте. Ол бізбен бірге, біздің жүрегімізде. Осынау сұрапыл жылдарда майдан даласында жанкешті ғұмыр кешкен шығыстың қос жұлдызының бірі батыр жүректі қазақ қызы , небәрі 20 жасар Мәншүк Мәметова болды. 1922 жылы дүниеге келген, шын аты Мәнсия анасы еркелетіп Моншақ деп атаған. Әкесі дәрігер еді. Ол да әкесіне еліктеп дәрігер болғысы келген. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19-ға жаңа толған пысық , жігерлі қыз болатын. Мәншүк тәртіпті , тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін,батыл жауынгер, пулеметші болатын. Жолдастары біздің Мәншүк деп еркелететін. Өзі қорғаған Невель қаласында батыр қызға арнап ескерткіш қойылған.
Мейрбек:
Көк мұнар, көк түтін боп майдан үсті,
Сұрапыл соғыс сонша болды күшті.
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын,
Қолында пулеметі “Максим” онын.
Қиратып жаудың шебін алға шықты,
Жаралы жатқан жанға көзім түсті.
4-слайд: Жасжанын пида етіп қасық қаны қалғанша жаумен шайқасқан Мәншүк апамыздың есімі тарихта өшпес із қалдырды. Мәншүк — мәңгі маздақ! Ол бізбен бірге біздің жүрегімізде. Ол әр таң атқан сайын, әр ай туған сайын бізбен қауышпақ. Өлімге қиятын жан ба еді ол? Ер мінезді, ерлік иесі Батыр еді.
Мұғалім: — Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Отан үшін! Жеңіс үшін! -деген ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты. Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға екі жарым миллион дан жылы киім, Отан қорғау қорына төрт миллиард сомнан астам қаржы берді. Елдің қаржысынан «Қазақстан Комсомолы» , «Қазақстан колхозшысы» атымен танк калонналары «Советтік Қазақстан» атты әуе эскадрильясы жасалып майданға жіберілді.Сұрапыл соғыс одан әрі созыла берді. 1943 жылы шілде айында Курск, Смоленск шайқастары болды. Дұшпанды әбден титықтата отырып Кеңес әскерлері ерекше ерлік көрсетті. Дұшпанды тықсыра қуа отырып, фашистер басып алған селолар мен қалаларды бірінен кейін бірін азат ете бастады.
Толғанай:
Соғыс салған қанша өртке оранғандар,
Қызыл қанға қаншама боялғандар.
Соғыс деген сойқанның әлегінен
Мәңгілікке қаншама жоғалғандар.
Бексұлтан:
Қанша қайғы-қасірет тереңдеген,
Қандай жан бар қайғыға бөленбеген.
Қанша жесір көз жұмды жарын күтіп,
Әр күн сайын жол тосып елеңдеген.
Мұғалім:Кеңес әскерлері Берлинге жақындаған сайын 1945 жыл соғыстың соңғы жылы болатындығы белгілі еді. 1945 жылы сәуір айында Қызыл Армия Берлинге шабуыл жасауға әзірленді. Берлин үшін қиян кескі соңғы ұрпыстар болды. 2 мамырда соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде бұйрық берілді. Өйткені 30-шы сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтіргені туралы мәлімет келді. 9 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл көптен күткен Ұлы жеңіс еді.
Видеролик:
Бұл Рейхстагтың төбесіне желбіретіп жеңіс туын тіккен қазақ жауынгері Рақымжан Қоршқарбаев еді.Адамзатты апаттан сақтап қалған, болашақ үшін, Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, ұмытылмайды. Мәңгі есте қалады.
1 минут үнсіздік
Ән: Жеңіс күні.
Ұлы Отан соғысында ағаларымыз бен апаларымыз ұлы ерлік, қайтпас қайсарлық көрсетті.Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру-біздің парызымыз. Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілдік орын алсын.
Ән: Жойылсын жалғыз сөз “соғыс” деген.
Оқ дауысы мәңгілік жойылсын
Бомбаның орнын тегістеген
Күректер музейге қойылсын.
Ән: “Әрқашан күн сөнбесін”
Тақырыбы: Отан үшін от кешкендер
Кештің мақсаты: Ұлы отан соғысы жайында ерлік,батырлық, отаншылдық, елжандылық туралы жазылған ақын өлеңдері мен сазгер әндерін таныстырып, ұлы отан соғыс ардагерлерінің ерліктерімен таныстыру. Олардың соғыстағы ерліктерін паш ете отырып жас ұрпақты отаншылдыққа, ерлікке, ізеттілікке, имандылыққа, Отанға деген құрмет сезімдерін ояту, тәрбиелеу.
Мұғалім: Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай өткізгелі отырған «Отан үшін от кешкендер»поэзия кешіне қош келдіңіздер! Жеңістің 69 жылдық шуақты мерекесі құтты болсын. Бүгінгі кешіміз мынадай бөлімдерден тұрады:
І бөлім «Оқ пен оттың ортасында жауынгерлер» / бұл бөлімінде соғысқа арналған өлең жырлар оқылады/.
ІІ бөлім «Жеңістің жанды жұлдызы» /1945 жылғы жеңіс мерекесіне арналған әндер/
ІІІ бөлім «Ерлік жыры ұрпаққа үлгі, өнеге» / соғыс жылдарынан үзінді бейне таспа/
Мұғалім: ендеше бірінші бөлімімізді бастамас бұрын бізге осындай бейбіт өмір сыйлаған, ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, соғыстан оралмағандарды да, соғысқа қатысқан әрбір ардагерді де әрдайым есте сақтайық /1 минут еске алу/
Осындай бейбіт өмірде бақытты өмір кешіп жатқан бүгінгі жас ұрпаққа сөз кезегін берейік 3-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз «Болмайды соғыс» өлеңімен.
Шымболат
…Болды да соғыс сол кезде,
Бүлінді өмір шырқысы,
Шықты да фашист-сұм кезбе,
Бұзылады сәби күлкісі.
Зұмырат
Жалында қалып жапан түз.
Жабырқап дала күрсініп,
Жазалады жазықсыз
Жас бөбекті, қыршынды..
Қарлығаш
Кейінде қалды қатаң жыл,
Бейбіт күн құрды салтанат.
Аларып енді атомшыл,
Қарайды көзі қанталап.
Жасұлан
Жер шарында әр елде.
Айтады адал жан тегіс:
-Болмайды соғыс әлемде,
Болмасын қайта қантөгіс.
Мұғалім: Міне, оқушылар атойлатып айқайлап, қуаныштан бір жылап, бір күліп қарсы алған Жеңіс мерекесіне 69 жыл болыпты. Бейбіт күн шығып, бейбіт таңы атқанына 69 жыл толыпты.
Ендеше «Оқ пен оттың ортасында жауынгерлер» атты І бөлімді бастаймыз.
Расул
Отанын сүйіп, ар-намысын сақтаған,
Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.
69 жылда тат баспаған есімін,
Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!
Амина
Күн тұтылып,жоғалған жарықтарың,
Желге ұшқан да жастығың, мамықтарың.
Жария етіп жаһанға Жеңісіңді,
Өнеге еткен өренге өр ісіңді,
Бай –қуатты барсыз ба,алыптарым!
Дарина
От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан,
Тіршіліктің шырағын солар жаққан.
Жанын қиса сан есіл алғы шепте,
Қалғандары ауылға нұрын шашқан.
Диаз
Батырлығың кем соқпас ешкімнен де,
Өзіңді-өзің баулыдың ес білгенде.
Шаңырақта шалқайып жата алмадың,
Жау дүбірі алыстан естілгенде.
Ангелина
Есіңе ал,достым есіңе ал,
Есіңде қалмас несі бар.
Есіңе ал,күңгірт күндерді,
Есіңе майдан кешін ал!
Айдын
Соғыс бітті, мінеки, аспан ашық,
Бой жазылды,жетектеп үміт,жігер тасып.
Шіркін-ай, жеттік пе, жетпедікпе осы күнге,
Төрт жыл бойы тілеген,болып асық.
Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Желбіресің мәңгілік!
Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Асқақтасын жаңғырып!
Аружан
О,бабалар, ерлігіңе бас ұрдым,
Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың!
Ерен ерлік жасайды,әлі күмән жоқ,
Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың
Адель
Есімде бес әріп сөз-Жеңіс деген
У барма сол сөз үшін мен ішпеген.
Қан барма сол сөз үшін төгіспеген
Жас барма сол сөз үшін төгілмеген.
Алина
Есіңе ал, өткен-кеткенді,
Әр өзен,әр дөң, өткелді.
Есіңе ал қысты қақаған,
Кешігіп келген көктемді.
Айдар
Жеңістің парқын білейік,
Бас иіп үлкенге,аман жүрейік.
Өлгенге құран бағыштап,
Тіріге өмір тілейік!
Мұғалім: Бұл Жеңіссіз жер жүзінде қазіргі бейбіт заман болмаас па еді? Бүгін егемен еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізе алмай қалар ма еді? Бұрынғы одақ кезінде туып, есейген ұрпақ ол Жеңістің қадірін, Жеңіс мейрамының басқа күндерден ерекше екенін жан-жүрегімен сезінері анық. Ендеше кешіміздің «Жеңістің жанды жұлдызы» атты екінші бөлімін бастайық.
5А-сынып оқушыларының орындауында «» әні
7Б-сынып оқушыларының орындауында «Три танкист» өлеңі
5А-6А сынып оқушыларының орындауында «» әні
Мұғалім: Сол сұрапыл соғысты бастан кешкен, қан майданның қақ ортасында елі үшін жан кешкен жауынгерлер ерлігін паш ететін келесі бөліміміз «Ерлік жыры ұрпаққа үлгі, өнеге». Соғыс майданынан шағын бейне таспаны алдарыңызға ұсынамын.
Мұғалім: құрметті оқушылар бүгінгі кешімізді аяқтай келе тәуелсіздік таңы ата берсін дей келе ортаға 3А-сынып оқушыларын шақырамын. Қазақ би
Мұғалім: Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, майдандастарсыз бұл Жеңіс болмас еді…
Құрметті оқушылар,ұстаздар, Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай өткізіліп отырған «Отан үшін от кешкендер» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңіс мерекесі құтты болсын!
10.02.2020
Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты:
• Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында » және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
• Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
• Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу
• Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру ,дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:
• Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар алады
• Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасады
• Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандықтар туралы мәліметтер алады
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик, қабырға газеттері, суреттер.
Формасы: тәрбие сағаты
Жоспары:
І. Ерлік сабағының ашылуы
ІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс»
ІІІ. Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
ІҮ. Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығығына байланысты архивтік деректер
Ү. Ауғанстан тарихынан дерек
YІ. Ардагерлерге арнаулар
YІІ. Концерттік бағдарлама
YІІІ Қорытынды
Барысы: Кіріспе сөз:
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер!
27 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 – жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа — ұран» болатыны белгілі.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар жағылады. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян.
Әдеби монтаж
Дина: Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады, сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жабылып қасірет шегуде. Әр ана баласының кеміс те болса тірі келгенін құдайдан тілемей ме? Сол үмітінің ақталмай, баласының өлі денесін алудан артық анаға бұл дүниеде тең келер қандай қасірет бар?
Динара: Ауғанстан туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмтылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің бауырын бұл жалғанда жұлып әкетерін кім білген.
Айжан: Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер
1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.
Қазақстандықтар саны – 22 мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды
Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды
Хабарсыз кеткендер – 21
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар – 86
Бейбіт күн кешіп жүргендер – 600
Баян: Әлем бесігі қай уақытта да болмасын,дүрбелеңде ,жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты ,бейбітшілікті аңсайды. Ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп,ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып,жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз арамызда.
Мұғалім сөзі: Бұл соғыста көптеген жас жауынгерлер қаза тапты, жараланып бір өмірге мүгедек болып қалды. Хабар- ошарсыз кеткендері де болды. Біздің Отанда бейбітшілік болса, Ауғанстанда көптеген біздің жас жігіттер интернационалдық борышын өтеу үстінде қаза тапты, жараланды. Сондай от шарпыған қанды жат жерлік майданнан ауылдас ағамыз Ержан Сұлтанбаев аман-есен оралды. Соғыстың аты соғыс. Соғыста көп жан түршігерлік оқиғалар болады. Ержан Сұлтанбаев ағамыз Отан алдындағы борышын адал, абыройлы атқарды. Оның дәлелі «Ауған халқы атынан алғыс» медалі мен СССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
ІІІ. «Ауғанстан соғысы – жарияланбаған соғыс»
Зарина:
• 1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес – Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті
• 1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»
• 1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500 – де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды
• 1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.
Елара:
Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
• 1 – кезең: 1979 жылғы желтоқсан – 1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу, олады горнизондарға орналастыру ,жер – жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.
• 2 — кезең:1980 жылы наурыз – 1985 жылы cәуір аралығы. Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР – дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
• 3 – кезең: 1985 жылғы мамыр – 1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллериямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысуы
• 4 – кезең: 1987 жылғы қаңтар – 1989 жылғы ақпан аралығы. Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске асты
Ауғанстан тарихынан дерек (бейнеролик)
Мұғалім сөзі: «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызды біз қашан да мақтан тұтамыз.
Оқушы арнаулары:
Лаура:
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Қанармен хаттар тола қап келетін.
Тыншымай тыпыршыған тола солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап беретін.
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап келетін.
Күткенде жақсы хабар жолдасының,
Қуантып құлағынан шап беретін.
Аңсартып алты айда шақ келетін.
Балнұр:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
Дамир:
Жетпесем де шегіне шын арманның,
Қырқылғанша қанатымнан самғармын.
Жалынжастан зарын тартқан Ауғанның,
Тар жол тайғақ кешіп өткен тарланмын.
Айтқан сөзін екі етпеген сардардың,
Дайын тұрар сайыпқыран сарбазбын.
Өмір үшін өлімге де, сан бардым,
Ал бармауға намыстандым, арландым.
Бұл күндері ортасында жанжалдың,
Ойым дал боп жауап қатпай сандалдым.
Отанымды от кешсемде қорғармын.
Максим:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаңыңды емдер.
Өлгендердің жаннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп, — шалбар менен бөрікті.
Отан – ана алдындағы өтеймін деп, — борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Ұлдана:
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылында төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттіңмүлде жоқ болып.
Жау дейміз ау, қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдағы ай уаландарған тамырды.
Би: «Ерке сылқым»
Орындайтын: Қыздар тобы
Ән: «Туған ел».
Орындайтын: Ақылбек Арысбек, Мақсымхан Сүндет
Арысбек:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа, алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Айжан:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата – анаң
Отан – досың, бауырың,
Отан — өлкең, астанаң,
Отан – аудан,ауылың
Отан – тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан — өлең, Отан – жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан – жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!
Назерке:
Әуелің Отан – ана алды
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Динара:
Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата – ана, бала – шағасы, жары, дос – жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Дина:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын.
Шайқасты олар қасық қаны қалғанша,
Бермек еді бейбіт елге қол ұшын.
Ұлсерік:
Сапқа тұр, ақ ниетті адамдар
Кел, қосыл, бейбітшіл шеруге!
Тыныштық жауларын жеңуге
Бейбіт күн тулары самғасын.
Тыныштық тулары шарласын,
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп от басы қалмасын.
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
Сүндет:
Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.
Ардагерлер – естелігі ерліктің,
Ұрпақтары ұмытпайды мәңгі естен.
Зарина:
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған әркез көңіліңнің толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат.
Би: «Әскер биі».
Орындайтын: Қыздар тобы
Ән: «Жаса Қазақстан!».
Орындайтын: Манап Мұхтархан, Ділдабек Алтынбек
Қорытынды сөз:
Ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұңарқалаған сын сағаттарда бірін – бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етуде.
Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен ерен еңбегінің арқасында еліміз тыныш, бейбіт күн кешіруде.
Барша елімізді қорғаған ер азаматтарымыз, күндіз – түні шекарада кірпік қақпай тұрған сарбаздарымызға мың алғыс айтамыз.
Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Міне, құрметті қонақтар, «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Камисс М
· 1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес –Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті
· 1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»
· 1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500-де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды
· 1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.
Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі Қалдыбай Нұрдаулет
o 1-кезең: 1979 жылғы желтоқсан -1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу , олады горнизондарға орналастыру ,жер-жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.
o 2- кезең:1980 жылы наурыз-1985 жылы көкек аралығы .Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР-дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
o 3-кезең: 1985 жылғы мамыр-1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллириямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысу
o 4-кезең: 1987 жылғы қаңтар -1989 жылғы ақпан аралығы . Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске асты
Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығынына байланысты архивтік деректер. Нұрболова Аяжан
v Алматы облысы-117 адам қаза болған ,1 адам іс-түссіз
v Ақмола облысы тиісінше 62 адам және 2 адам
v Ақтөбе облысы тиісінше 26 адам және 1 адам
v Атырау облысы тиісінше 19 адам және 1 адам
v Жамбыл облысы тиісінше 62 адам
v Жезқазған облысы- тиісінше 32 адам және 2 адам
v Көкшетау облысы- тиісінше 32 адам және 1 адам
v Қарағанды облысы- тиісінше 70 адам және 2 адам
v Қызылорда облысы- тиісінше 17 адам
v Қостанай облысы- тиісінше 43 адам және 2 адам
v Орал облысы- тиісінше 27 адам және 1 адам
v Павлодар облысы- тиісінше 27 адам
v Семей облысы- тиісінше 46 адам және 2 адам
Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты:
Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында » және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасауОқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттауОтанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеуҰлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру ,дағдыландыру Күтілетін нәтиже:
Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар аладыОқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасадыАуғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қызылордалықтар туралы мәліметтер аладыКөрнекілігі: презентация, бейнеролик
Формасы: тақырыптық кездесу кеші
Жоспары:
І. Ерлік сабағының ашылуы
ІІ. Қонақтарды таныстыру
ІІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс»
ІҮ. Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
Ү. Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығығына байланысты архивтік деректер
YІ.Ауғанстан жерінде Кенес Одағы армиясыының құрамында болған Қызылордалықтар
YІІ Ардагерлерге арнаулар
YІІІ Қорытынды
Барысы:
Тәрбиеші сөзі: Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» ерлік сабағымызға қош келдіңіздер! Елбасымыз 2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізіді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп дариялады. Қазақ хандығының 550 жылдығын,Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конститутциямыздың 20 жылдығын,Ұлы Жеңістің 70 жылыдығын атап өтеміз.
Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер
1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.
Қазақстандықтар саны-22 мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды
Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды
Хабарсыз кеткендер-21
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар-86
Қызылода облысынан 827 азамат аттанды
Қаза тапқандар-18
Бейбіт күн кешіп жүргендер-600
Соғыстың аяқталғанына 14 ақпанда 26 жыл толды
Әлем бесігі қай уақытта да болмасын,дүрбелеңде ,жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты ,бейбітшілікті аңсайды.ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп,ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып,жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық:
——————————————————————————————————
ІІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс» Есет Гүлжайна
1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес –Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500-де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі Қалдыбай Нұрдаулет
1-кезең: 1979 жылғы желтоқсан -1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу , олады горнизондарға орналастыру ,жер-жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.2- кезең:1980 жылы наурыз-1985 жылы көкек аралығы .Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР-дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді3-кезең: 1985 жылғы мамыр-1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллириямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысу4-кезең: 1987 жылғы қаңтар -1989 жылғы ақпан аралығы . Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске астыАуған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығынына байланысты архивтік деректер. Нұрболова Аяжан
Алматы облысы-117 адам қаза болған ,1 адам іс-түссізАқмола облысы тиісінше 62 адам және 2 адамАқтөбе облысы тиісінше 26 адам және 1 адамАтырау облысы тиісінше 19 адам және 1 адамЖамбыл облысы тиісінше 62 адам Жезқазған облысы- тиісінше 32 адам және 2 адамКөкшетау облысы- тиісінше 32 адам және 1 адамҚарағанды облысы- тиісінше 70 адам және 2 адамҚызылорда облысы- тиісінше 17 адамҚостанай облысы- тиісінше 43 адам және 2 адамОрал облысы- тиісінше 27 адам және 1 адамПавлодар облысы- тиісінше 27 адамСемей облысы- тиісінше 46 адам және 2 адамСолтүстік Қазақстан облысы- тиісінше 27 адамТалдықорған облысы- тиісінше 58 адам және 1 адамШымкент облысы- тиісінше 65 адам және 3 адамШығыс Қазастан облысы-42 адам және 1 адамАуғанстан жерінде Кенес Одағы армиясының құрамында болған Қызылордалықтар . Әбдіразақ Серік
Қатысқан саны-22 мыңСоғыс құрбаны-761 адамСоғыс мүгедектері- 481Іс-түссіз жоғалғандар-20Жалпы шығыны -362 адамМарапатталғаны-2265-і қазақ ұлтыБатыр атағын алғандар саны-29 соғыс құрбаныАуған соғысының құрбандары:
Қармақшы ауданы бойынша-3Арал ауданы бойынша-2Шиелі ауданы бойынша-1Қазалы ауданы бойынша-2Сырдария ауданы бойынша-1Жаңақорған ауданы бойынша -1
Тәрбиеші сөзі: «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
Сыр сұхбат
Диас: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Ақмарал: Кешімізді әрі қарай жалғастырсақ! Бүгін біз сіздермен ашық сұхбат жүргізуді ұйғардық
1. Адам жүрегіне жара,санасына ауыр салмақ түсірген сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба? (Диас)
2.Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? (Ақмарал)
3.«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз? (Диас)
4. Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?(Ақмарал)5. Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба , әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?(Диас)6.Бейбіт өмірде сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз!?(Ақмарал)
7. Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
(Диас)
Тәрбиеші сөзі:Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағаларымызға арнаган арналарын ұсынамыз.
Оқушы арнаулары:
1- оқушы: (Ақгүлім)
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаңыңды емдер.
Өлгендердің жаннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп, — шалбар менен бөрікті.
Отан – ана алдындағы өтеймін деп, — борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
2-оқушы: (Бексұлтан)
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылында төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттіңмүлде жоқ болып.
Жау дейміз ау, қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдағы ай уаландарған тамырды.
3-оқушы: (Аружан Е)
Жетпесем де шегіне шын арманның,
Қырқылғанша қанатымнан самғармын.
Жалынжастан зарын тартқан Ауғанның,
Тар жол тайғақ кешіп өткен тарланмын.
Айтқан сөзін екі етпеген сардардың,
Дайын тұрар сайыпқыран сарбазбын.
Өмір үшін өлімге де, сан бардым,
Ал бармауға намыстандым, арландым.
Бұл күндері ортасында жанжалдың,
Ойым дал боп жауап қатпай сандалдым.
Отанымды от кешсемде қорғармын.
4-оқушы: (Асел)
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Қанармен хаттар тола хат келетін.
Тыншымай тыпыршыған тола солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап беретін.
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап келетін.
Күткенде жақсы хабар жолдасының,
Қуантып құлағынан шап беретін.
Аңсартып алты айда шақ келетін.
5-оқушы: (Нұрсұлтан)
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
6-оқушы: (Несібелі)
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа, алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Қорытынды сөз::. Біздің парызымыз бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалы…
Тәрбие ісінің меңгерушісі:______________________
06.05.2017 жыл
Cабақтың тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер»
Мақсаты:
Ұлы Жеңісті дәріптеу,өз Отанын,елін,туған жерін сүю,сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патротизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бейнематериалдар, слайдтар, суреттер.
9 мамыр. Ұлы Отан соғысының тарихы
Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл. 9 мамыр — Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық.
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды.
Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан, соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды.
Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін, 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған.
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдық Жеңісіне арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы»
атты балалар шығармашылығының республикалық байқауына жіберген Қарақат есімді арудың шығармасын қабыл алыңыздар.
«Желбіре, Жеңіс жалауы»
Шығарма атам айтқан сөзден туды,
Ғаламтор,кітап,газет-журнал емес ,
Сыр бүркеніп,жас тамған көзден туды.
Балалық шақта дәурен құра алмаған,
Қайғы шегіп, қан жұтқан кезден туды.
Автор
Мамыр айы келсе, ата-әжелеріміздің мерекесі бірге келетіні бәрімізге аян.Ұлы Отан соғысының Қазақстан халықтарына салған салмағы аз болған жоқ.Өзім соғысты көрмесем де, ата-әжелеріміздің айтқан әңгімелерін тыңдап, соғыстың салған жарасын, езілген ет жүректің соққан лүпілін, қалдырған ізін, ой елегімнен өткізіп,атамды сағынып еске аламын. Атам мені дүниеге келген күнімнен бастап, аса жақсы көріп, бауырына басып өсірді. Әр жылы 9 мамырда болатын Ұлы Жеңістің мерекесіне баратын кезде біздің үйде, үлкен қуаныш болатын. Атам медаль, орденге омырауы толы костюмін киіп, жүзі жайнап мені бір иіскеп құшақтайтын еді. Ал анам болса таңның атысымен ерте тұрып мерекелік дастархан әзірлейтін еді.
Сол күні Жеңіс күнін тойлап парадтқа барып, ескерткішке гүл қойып, соғыста қайтыс болған құрбандарды еске алып ,содан соң үйге бәріміз бірге қайттық. Үйге келген соң атам өз бөлмесіне кіріп костюмін шешіп, медалдарын қолына алып біріаз ойға шомылып отырғандығын байқадым. Қасына барып атамнан Ұлы Отан соғысы жайында сұрап едім, жүзіне мұң толып, қабағы бұлттанып,терең күрсініп, көзіне жас алды. Мен таңданып бұныңыз не деп сұрадым. Атам сол бір отты жылдардағы соңғыстың ауыртпалығын,көрген қиыншылықтарын маған баяндап берді.
Ұлы Отан соғысы басталған тұста мен он екі жаста едім деп ақтарыла әңгімесін бастады. Бұл соғыс менің нағыз тәтті балалық шағымды ұрлады. 1941 жылдың қазан айының бас кезі еді. Ол кезде мен мекетепте оқитын оқушы болатынмын. Қоңырау соғылып, барлық оқушылар сыныпқа кіріп сабақ басталып кетті. Бізге Кеңес ағайдың сабағы болып жатыр еді. Есік жақтан тарсылдаған аяқтың дауыстары естіліп кенеттен есік ашылды. Бәріміз жалт бұрылып қарасақ , әскери киім киген екі адам екен.Ішінен бойы ұзындау келген, жуан дауысты адам көп сөйлеп түсіндіріп отырмай,Кеңес деген мұғалімімізге: «Тез жинал, майданға кісі жетпей жатыр,сені алып кетеміз»- деп, сабақ беріп жатқан мұғалімімізді алып кетті. Содан соң көп ұзамай бізді де колхоздың басқармасы келіп жұмысқа алып кетті. Оқу жайында қалды. Төрт қыз, бес бала едік, бәріміз колхоздың белді жұмысшысына айналдық. Сол күннен бастап соғыс майданында соғысып жатқан әскерлерге, колхоздың кез-келген жұмысын істеп, зат жөнелтіп көмектесіп отырдық. Мен әкемнен екі жасымда жетім қалып, шешемнен тәрбие алдым. Әкемнің жоқтығы жаныма қатты батты. Содан кейін әке орнына әке болып, екі қарындасым мен анамды өзім бақтым.Таңның атысы мен күннің батысына шейін колхозда жұмыс жасап,майданға астық, айран, май, жылы киімдер және төсеніш тапсырдық. Тапсырған заттарды 150 шақырым жердегі аудан орталығындағы пойыз стансасына ,өгізге жегілген арбаға тиеп жеткізіп отырдық.
Сонымен қатар майданнан келген хаттарды тасып, пошташы да болып қызмет атқардым.Жақсы хат әкеліп талай отбасын қуанттым, Қарақағаз әкеліп талай ананың зарлы үнін естідім. Майданнан келген қуанышты хаттар неміс фашистерін қырып салып азайтуға септігін тигізген пулемёт секілді болса, қан жұттырған қарақағаз аналардың жүрегіне қадалған оқтай болды.
Біздің колхозда еңбекке жарамды қарттар, әйелдер және мен секілді балалар бүкіл шаруаны атқарып жеңістің аяқталуын тездетіп ,аянбай қызмет етті. 1943 жылы Майданға деп колхоз бұлақтан аққан суды тоқтатып, бөгет қақпа жасап, тары екті. Бөгет қақпаны жасаған кезде әрбір балаға 500 шым норма деп белгілеп беріп тасытып отырды. Норманы орындаған адамға, бір кесе бидайдың талқанын береді. Сол үшін таңнан кешке дейін езіліп жұмыс жасадық. Тарыны үйге апарып екі қарындасыммен анам үшеуміз жеп қарнымыз тоймасада,қанағат қылып көңілімізді тойдырдық.
Сол жылдары соғыс мені ерте есейтті. Майданға кеткен екі ағам соғыстан оралмады. Отбасымызбен ағаларымды соғыстан аман қайтса екен деп сарғая күттік. Өкінішке орай біздің үйді де қайғы бұлты бір түнеріп, көңілімізге қаяу салды.
Соғыс бітер уақытта Қазақстанның туысқан Украйна еліне көмек ретінде, біздің колхоз сиыр тапсыру керек болды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Орбық стансасына екі әйел, бір шал және мен өгіз арбамен жайлаудағы 300 сиырдың бәрін айдап, жолда азапты қиындықты көріп, төрт айдан соң әзер дегенде елге оралдық. Бұл соғыс бізге оңайлықпен келген жоқ деп терең тыныс алып, бір күрсініп әңгімесін аяқтады. Атамның бұл әңгімесін естіп ,көңілім босап менде сол кезде көзіме жас алдым. Содан соң араға екі жыл салып 2014 жылы атам өмірден озды. Атам өмірден озса да ерен ерлік жасап, ауықмды іс тындырып,бізге бейбіт өмір сыйлап,соғыстың аяқталуын тездетіп, нүкте қойды.Заманымыздың тыныштығының іргетасын қалап кетті. Біз қазір ешбір соғыссыз бақытты өмір сүріп жатырмыз.
Иә, шығармамды аяқтай келе расында да бұл қасіретті соғыстың аяқталуын тездетуде, жеңістің жалауын желбіретуде сол жылдардағы батыр ұлдарымыз бен қыздарымыздың көрсеткен ерлігі мен тылда еңбек еткен аталарымыз бен әжелеріміздің қажырлы еңбегі бірдей. Ерлік пен еңбектің арқасында бұл соғыстың тамыры кесілді. Жарқын болашаққа бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Солардың қасиетті рухы , ерлігі мен еңбегі бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі нұрын шашты. Ендігі кезекте тыныштықтың жалауын желбіретіп, жаулардан Отанымызды көз қарашығымыздай сақтау біздің қасиетті парызымыз.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер»
Сынып жетекші:Аймаганбетова А.К
06.05.2017 оқу жылы
Ауған асуында от кешкендер
Тәрбие сағаты- admin
- 15.03.2017
- 0
- 1
- 14550
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Жағырапия пән мұғалімі
Джульбикеева Балбекен Алиевна
Тақырыбы: «Ауған асуында от кешкендер»
Мақсаты:
Білімділік: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру. Ауған соғысы ардагерлерімен, олардың ерліктерімен таныстыру;
Тәрбиелік: қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, «Ауған соғысы» жайлы видеофильм.
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, студенттер және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған «Ауған асуында от кешкендер» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
(Әнұран орындалады)
1-жүргізуші
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған-дей отырып, бүгінгі кешімізге ауған соғысының ардагерлері кездесуге келіп отыр:
1. Құлсариев Сәтбай
2. Ерғалиев Шатай
3. Ылиев Мұрат
Бүгінгі кешімізді ашып, жүрекжарды лебізін білдіру үшін сөз — колледж директоры Бибінұр Саттарқызына беріледі.
2-жүргізуші
Ауғанның қанды даласы
Адамзаттың наласы
Бүк түсіп жатыр қан құсып,
Қаралы таулар, қарашы
Адасып барып армандар,
Камалда күл боп қалғандар
Гүл болып көгеріп
Өмірді қайта жалғаңдар
Арманда кеткен ер үшін,
Ұмытпас елім арысын — дей келіп, студентіміз Шеркешбаева Тұрсынайдың орындауында тәуелсіздік құрбандарына арналған толғауды қабыл алыңыздар.
Оқытушы:
Қазақ халқы Ресей халқы империясына 260 жыл тәуелді болды. Осы жылдары, яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес-Ауған достастық шартына қол қойылды. 5-мамыр Түркістан әсери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған тек Орта Азиялық жастар алынды. 1979 жылы 12 желтоқсанда Л.И.Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Жалпы он жылға созылған. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында екен.
Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.
(5 студент ортаға шығып өлең оқиды.)
1-жүргізуші:
Есімде ол күн қаралы,
Зуылдап жылдар барады.
Сарбаздар бәрін біледі,
Ауғаннан қайтқан жаралы – деп ортаға 2АТП-14Б тобы студенттерін шақырамыз.
2-жүргізші
Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын,
Баласын іздеп аналар
Анасын аңсап балалар,
Жүрекке түскен бомбадай..
Жазылар қашан жаралар — деп ортаға студенттер дайындаған «Соғыс қасіреті» көрінісін қабыл алыңыз.
2-жүргізуші
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер
өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! – дей отырып, ауған соғысында қаза болған ағаларымыздың рухына 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.
«Ардагерлерге тағзым», өлеңді оқитын Мұрат Нағашыбаев
Құрманғазының күйі «Адай», орындайтын Жолдас Қуаныш
1-жүргізуші:
Сол ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы щыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік деп, ауған соғысына қатысып ерлік көрсеткен ардагерлерімізге сөз берейік:
Ардагерлерге қойылатын сұрақтар.
1. Құрметті Сәтбай ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңыз қай жерде өтті, алғашқы ұстазыңыз кім?
2. Әскери борышыңызды қай жерде өткердіңіз?
3. Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы?
4. Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?
5. Сәтбай ағай, бізге айтар қандай ақ тілегіңіз бар?
1-жүргізуші:
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.
Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін! (алғыс хат, сыйлықтар табысталады)
Ұстаздар хоры «Қазақтай ел қайда?»
«Көк тудың желбірегені» әні