Отан туралы сценарий балаба?шада

Балаба?шада?ы жайдарлы жаз . Покатилов ауылында?ы «?ыз?алда?» балаба?шасында жаз айларында с?билерді? денсаулы?ын ны?айтып ,ой-?рістерін дамыту?а арналган шаралар ?туде .Жаз айыны? жайдарлы к?ндері т?рбиешілер с?билерді адамгершілікке,ізгілікке,?з жерін, ту?ан ауылын ,Отанын с?юг

Балаба?шада?ы жайдарлы жаз .

       Покатилов ауылында?ы «?ыз?алда?» балаба?шасында жаз айларында с?билерді? денсаулы?ын ны?айтып ,ой-?рістерін дамыту?а арналган  шаралар ?туде .Жаз айыны? жайдарлы к?ндері т?рбиешілер  с?билерді  адамгершілікке,ізгілікке,?з   жерін, ту?ан ауылын  ,Отанын с?юге  ,?адірлей білуге баулы?ан,с?билерді ойната ж?ріп ойландыра алатын ,жа?а заман талабына  сай т?л?аны т?рбиелеуде  ма?ызды орын бар,т?рлі серуен,ерте?гілік ?ткізуде.

     ?аза?стан Республикасы Президенті Н.?.Назарбаев 2010 жыл?ы 7желто?санда?ы №118 жарлы?ымен бекітілген «?аза?стан Республикасында білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасында»

    «Зерек бала мектепке дейінгі т?рбиемен о?ытуды? м?нін арттыру жалпы ?лемдік ?рдістер ?атарына жатады .Балаба?ша?а бар?ан балалар білім беруді? барлы? де?гейлерінде білімді тез ?абылдайды  ж?не жалпы ?мірде табысты болып келеді»-деп жазыл?ан с?би ж?ректерді н?р?а,?уанышка толтыр?ан «Білімге ал?аш жол ашкан,?ош бол менні? балаба?шам!»атты ертенгілікті ?ткізген  Габдуаахитова Жибек б?л к?ніді мерекеге айналдыра білді.Балаба?шамен ?оштас?ан б?лдіршіндер ?з ?нерлерімен  ата-аналарын да ?уантты.

     «Ауылым алтын бесігім» атты та?ырып аясында Шамуратова   Гулдана балалар?а серуен  ?йымдастырып ,ауылда?ы мекемелерге  «Демалыс саяба?ына»  апарып ,ауыл адамдарыны? е?бек іс ?рекетімен  таныстырды .Б?лдіршіндер де ?з ойларын айтып,с?ра?тар беріп жатты.Балаларды? ауыз ?дебиетіне,?лтты? салт д?ст?рге,?мірге тал?амдарын,к?з?арастарын зерделі зейінмен ?алыптатыру?а арнал?ан.

     «Ертегілер-бізде ?она?та»атты  ерте?гілікті Айткалиева Н?ржау?ан ?ткізді.Ертегі кейіпкерлермен бірге р?лдік сюжеттік ойндар ойнатып,ж?мба?тар шешкізеді.

     Елбасы Н.? Назарбаев :Білімді сауатты адамдар-б?л   ХХІ ?асырда адамзат дамуыны? негізгі ?оз?аушы  к?ші-деуіні? ?зі-?лкен жауапкершілікті  ж?ктейді .Мені? де ж?регім арман –ма?сат?а толы,жаным ??штарлы??а жа?ын ,ж?мыс десе жанып т?р?ан бойымда?ы жалыным бар –жас маманмын .Кішкентай б?лдіршіндерді  отанымды с?юге ,елімізді? бас ?аласы Астананы ?адірлеуге ,тани білуге арнал?ан «К?рікті  мені? Астанам! » атты ?йымдастырыл?ан   о?у іс-?рекетін ?ткіздім .?лты ?р т?рлі болса да,ойы-тілегі бір халы? т?ратын  ауылды? б?лдіршіндері  де с?йкімді .Олар Астана туралы та?па?тар ,?н айтып  , «Б?йтерек», «Хан шатыры», «Бейбітшілік ж?не Келісім сарайы » т.б    ?аланы? к?рікті ,?сем ?имараттарыны? суреттерін  тамашалап ,?здері де Астана ?аласына с?йіспеншілігін жеткізуге талпынып ?аланы?  ?сем келбетін салын?ан суреттерді ?п-?демі етіп бояды.

      Б?лдіршіндерге жол ?ауіпсіздік ережесін са?тай білуге арнал?ан «Жол ережесін білейік ,Аман есен ж?рейік!»-атты шараны   жас  маман Рамазанова Альфия ?лкен  ?зірлікпен ?ткізді.Т?рбиеші балаларды ба?даршамны? т?стерін ажырату?а,жаяу ж?ргінші жол ?ауіпсіздігін ?алай са?тау керек екендігін білу ?ажеттігі туралы ?йретті.Б?лдіршіндер жол белгілері туралы ж?мба?тар шеші.

    21.06.2013 жылы к?ні б?лдіршіндермен спортты? шара ?тті.Балалар  ?лтты? ойындар?а  зор  ынтамен ?атысты. «?аза?стан-2030»стратегиялы? ба?дарламасы елімізде  салауатты ?мір салтын насихаттау ?шін спортты дамытуды?  міндеттерін  белгілеп берсе ,Елбасыны? жыл сайын?ы халы??а арнал?ан  Жолдауында б?л ма?сат  ай?ын к?рсетілген .Б?гінгі бала  елімізді? ерте?і.

     Біздер де балаба?ша да б?лдіршіндерді?  денсаулы?ын са?тап,ны?айту?а шыны?тыру?а арнал?ан «К??ілді жаз »  атты спортты?  шара ?ткіздік . ?имыл-?оз?алыс?а  толы ойындарды ойнап,спортты? сайыс?а ?ызы?а ?атыс?ан б?лдіршіндерден  болаша?та  елін , Отанын с?йген ,жерін,ана тілін ?адірлей білген ?лтжанды азамат шы?атынын мен шын ж?ректен сенемін.

       Жаз бойы барлы? уа?ытын балаба?шаны? асханасында ?ткізетін аспазшы Л.Васильевна,аспаз к?мекшісі  Г.Гумарова  е?бегі айтарлы?тай  .Олар ат?ар?ан аспазды?  міндеттеріне ?лкен  м?н беріп , балалар?а  ?те д?мді та?ам  ?зірлеп,б?лдіршіндерді? ал?ысына б?ленген жандар.Т?рбиешіні? к?мекшілері  А.Рамазанова,К.Мырза?алиева  б?лдіршіндерді? тазалы?ына   к??іл б?ліп ,?з ж?мыстарын адал ат?ару?а тырысады.

     «Т?рбие- талбесіктен басталады »-. Балаба?ша б?лдіршіні? екінші ?йі .Бала?а  балаба?шада т?лім-т?рбие беретін,та?ерте? жылы шыраймен ?арсылап алатын т?рбиешілер ?з міндеттерін  адал ат?ару?а талпынады «?ыз?алда?»балаба?шаны?  ме?герушісі  Тлесова А.М  да ?зі де талмай   ізденіп ,о?ып т?рбиешілерге де талап ?оя білетін е?бек?ор  жан.

      ?зім Орал ?аласында т?рсам да,осы Покатилов ауылына ж?мыс?а келдім,енді к?н де бойымда?ы к?ш-жігерімді,білімімді ?нерімді осы балаба?шада?ы б?лдіршіндерді т?рбиелеп,о?ыту?а арна?ым келеді.Жайдарлы жаз бізді? «?ыз?алда? » балаба?шасында м?нді де ,с?нді ?ызы?ты т?рде ?тіп  жатыр  Сан  ?лт т?ратын  ,досты?ы жарас?ан  ,тілегі бір ауылда халы?ты?  к??ілінен  шы?ып  ,?рпа? т?рбиесі  алдында?ы жауапкершілігімізді сезініп ,т?рбиешілік ,?зтазды?  міндетімізді адал ат?ару  бізді?  міндетіміз .

Омарова Мейрамг?л Н?рлыбек?ызы

«?ыз?алда?» балаба?шасы ?діскері.

Покатилов ауылы.

Просмотр содержимого документа

«Балаба?шада?ы жайдарлы жаз .»

Ұйымдастыру

шылық –ізденушілік

-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының ән орындадық.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір республиканың өз  ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп аталады.  Осы рәміздер туралы  жеке-жеке түсінік беріп өтейік.

Слайдпен  жұмыс:

-Мынау –біздің  туымыз. Тудың  түсі аспанның түсіне  ұқсас көк аспандай көгілдір., ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз. «Қазақстан» деген жазуы бар.

-Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Балалар, біздің отанымыздың   астанасы қай қала?

                        Ел бөбегі  бүлдіршін жас баламыз.

                        Астанамыз Астана – бас қаламыз.

-Балалар ,үлкен мерекелерде  туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерді үлкен де , кіші де құрметпен жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер  елтаңба мен  туды әрқашан қастерлеуге  тиістісіңдер. Қазақстан  Республикасының  рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

-Жарайсыңдар,балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз демек. Отанымыз-Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.

-Отан деген не, қалай түсінесіңдер?

-Балалар, өте жақсы .Егеменді елдің басты белгісі- тіл, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі біздің –ана тіліміз.

                         Сергіту  сәті:

Гүлдей жайнап,

 күндей жайнап,

Мен ер жетіп толамын.

Әжем айтқан дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең

Солдат болам мен ертең.

 -Балалар қанекей, көк туымыз мәңгілікке асқақтап, желбірей берсін деген  ниетпен , мына күн  сәулелерін сендерге  таратып беремін.Ал, сендер, өз тілектеріңді, отанға деген сүйіспеншіліктеріңді айтып, күн сәулесін құрап жасаймыз

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып әнұранды орындайды.

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Астана қаласы.

Көк  туымыз бетінде, Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Елтаңбасы елімнің

Қандай әйбәт әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақпен көмкерген

-Отан деген менің үйім, туған жерім.

-Менің жүрегім Отан деп соғады.

Азаматқа лайық

Отанымның ұлымын.

Отанымд қорғайтын,

Азаматтың бірімін

Отан деген Атамекен

Отан деген-туған жер.

Отан –ана, Отан-үлкен

Қазақстан туған ел.

Отанды жас ,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәріміз де

Туып өмір сүреміз.

Отанды біз «атамекен»

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

.

Балалар қолдарын созып, сермеп қайталап айтады.

Балалар өз сөздерімен тілектерін айтып, күнге сәулелерін әкеліп жапсырады.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Елбасымыз аман болсын!

-Ауылымыз көркейе берсін!

-Ата-аналарымыз аман болсын!

-Достарымыз көп болсын!.

Рефлексиялық

Түзетушілік.

                        Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

-Міне, балалар өміріміздің  жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

«Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта , бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қорғанымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Балалар  әнді бірге хормен  айтты.

«Отан – рухы биік, асқақ ұғым!»

Мақсаты:

1. Білімділік: Балаларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.

2. Дамытушылық: Балалардың ой — өрісін, сана — сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік: Балалардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ҚР — ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мақалдар, үлестірме қағаздар, т. б

Сабақтың барысы:

— Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Себебі, бүгін бізге сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Олай болса, балалар, қонақтарға бізде білімді, үлгілі, тәртіпті, алғыр балалар бар екенін бүгінгі сабағымызда көрсетейік. Ендеше сабағымызды бастайық.

Сұрақ – жауап

1. Қазақстанның астанасы қай қала?(Астана)

2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

3. Қазақстанның рәміздерін атаңдар?( )

4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?(Ақтөбе, Алматы, Орал,Атырау, Ақтау)

5. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл? (қазақ)

— Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.

«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.

НОТА

— Балалар, әріптерді орнына қойғанда қызыл шаршының ішінде қандай сөз шықты?

— Әрине, ОТАН

— Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!»

Ендеше балалар тақтада берілген «Отан» деген сөздің әр әрпінен өз Отанын қорғайтын азамат қандай болу керек, соған байланысты сөздер ойлап табайық.

О – оқымысты, отансүйгіш, озат, ойлы, озық.

Т – тәртіпті, талапты, тапқыр, тіл алғыш.

А – ақылды, адал, арманшыл, абыройлы, ақкөңіл.

Н – намысшыл, нағыз ер.

— Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Қазақстан Республикасының бас қаласы, астанасы – Астана. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кең байтақ Отанымыздың қалалары, байлықтары өте көп. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, түрлі — түсті металдар өндіріледі. Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей сынды үлкен қалалары бар. Туған жеріміздің табиғаты өте керемет. Өзен — көлдеріміз де бар. Бірақ Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны далалы өлке деп атайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 16 млн халық тұрады. Сонымен қатар, өзіміздің президентіміз, әнұранымыз, туымыз, валютамыз, елтаңбамыз бар. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар да шыққан. Мысалы: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, т. б. Осы ақындар өз өлеңдерінде Отан туралы көп жырлаған.

— Қане, сендердің араларыңда Отан туралы өлең білетіндерің бар ма?

(оқушылар монтажы)

Фатима

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан үлкен

Қазақстан – туған ел!

Мұхамбет

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның –

Мақтанышым Астанам.

Сәнді

Көк байрағы бабамның –

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке, баланың – Қазақстан жалауы.

Санжар

Қазақстан – елім,

Ұлан — байтақ жерім.

Тәрбиелеп өсірер

Өр тұлғалы ерін.

Асқар

Алтай,Арқа,Атырау

Жетісудай өңірді

Жайлап жатқан осынау

Қазақ елі көңілді.

— Жақсы, балалар!

Сергіту сәті

Халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталған Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіретін, біздерді Отаншылдыққа тәрбиелейтін мақал — мәтелдермен танысайық.

1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2. Отанның алғысы – жүректің қуанышы.

3. Өз елің – алтын бесік

4. Отан — елдің анасы, ел – ердің анасы.

5. Орағың өткір болса, қарың талмайды

Отаның берік болса, жауың алмайды.

6. Отан – қуат, отбасы – шырақ.

— Балалар, сендер де Отан туралы мақал — мәтелдер білесіңдер ме?

1. Отанды сүю отбасынан басталады. Нұрәділ

2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Фатима

3. Отан оттан да ыстық. Айару

4. Туған жерге туыңды тік. Мұхамбет

— Жарайсыңдар, балалар!

Сөздік жұмыс: Түсініктеме

«Отан» сөзі арабтың «ватан», яғни «өлке» деген сөзінен шыққан.

Сабақты бекіту

— Балалар, қазақта 7 санын киелі сан деп атаған. Сол себепті біз де еліміздің жеті белгісін есте мәңгі сақтаймыз.

Біздің еліміздің жеті белгісі

1 белгісі – Қазақстан Туы

2 белгісі – Қазақстан Елтаңбасы

3 белгісі – Қазақстан Республикасының Әнұраны

4 белгісі – Мемлекеттік тілі

5 белгісі – Қазақстан Республикасының Ата Заңы

6 белгісі – Қазақстан Төлқұжаты

7 белгісі – Ұлттық Теңгеміз

Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Балабақша тәрбие сағаты: Менің отаным - туған өлкем

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Айгөлек» Әулиекөл балабақшасы» МКҚК
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы_ «А» тобы

Сабақтың тақырыбы: Менің отаным — туған өлкем
Балабақша тәрбие сағаты тақырыбы: Менің отаным — туған өлкем
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін дамыту. Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, карта.
Мотивациялық -қозғаушы Қолдарын кеуделеріне қойып, «Менің Қазақстаным» әнұранымызды шырқаймыз.
Балалардың барлығы әнұранды шырқайды.
Ұйымдас
тырылған-
Ізденушілік
Бaлалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді әнұраннан бастаған себебіміз бүгін біз, Отанымыз-Қазақсан және туған өлкеміз Әуликөл селосы туралы айтамыз.
Суретпен жұмыс.
-Балалар біздің республикамыз қалай аталады?
-Біздің отанымыздың президенті кім ?
-Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?
— Қазақстан республикасының бас қаласы, астанасы қай қала?
Біз қай тілде сөйлейміз?
Жарайсыңдар.
Балалар жана біз елкен отанымыз туралы еске түсірдік. Ал енді өзіміздің туған өлкеміз Қостанай облысы, Әуликөл селосы жайлы айтамыз.
Балалар біздің тұрып жатқан жеріміз, туған өлкеміз қалай аталады?
Ендеше туған өлкеміз Әулиекөл туралы шағын бейне көріністі тамашалайық.
Назар аударып, тыңдайды.
Қазақстан республикасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Әнұран, Ту, елтаңба
Астана қаласы
Ана тіліміз-қазақ тілінде
Қостанай облысы, Әулиекөл аданы
Рефлексті-
түзету
Әулиекөл өлкесімен таныстырып, өтемін және әнұраның тыңдаймыз.
Мынау Әулиекөл селосының бірнеше мекемелері, орталығы, аудандық кітапханасы, мектептері, емханасы, екі балабақшасы т.б. әртүрлі көптеген мекемелері бар.
Ал балалар сендер келіп жүрген қандай балабақша?
Балалар біз Әулиекөл селосында туғандықтан осында тұрамыз, білім аламыз, өскенде туған жерімізде жұмыс жасаймыз.
Сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қолдарынмен көк тіреп,
Кигіз үйді құрайық.
Есік қағып, Білімпаз ата қонаққа келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Білімпаз ата:-Балалар 16-шы желтоқсан тәуелсіздік мерекесі жақындап қалды. Ал сендер туған өлкелерін, өз отандарын Қазақстан республикасы жайлы не білесіңдер?
Мен сендердің ақыл мен білімдерінді тексергелі келдім!
Жүргізуші: Келіңіз ата қонақ болыңыз.
Білімпаз ата:- Балалар отан туралы, еліміз, жерімізтуралы не білесіңдер?
Жүргізуші: Ата біздің балалар сіздің сұрағынызға тақпақ арқылы айтып береді.
Білімпаз ата:- Қазақстан республикамыздың қандай рәміздері бар?
Білімпаз ата:- Балалар біз қай тілде сөйлейміз?
Замира:
Әркім тілін сүйеді,
Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі-
Мемлекеттік тіліміз.
Білімпаз ата:- Біздің мемлекетіміздің негізгі ата заңы жайлы не білесіңдер?
Білімпаз ата:- Балалар сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Жүргізуші: Балалар ұлттық ойын «Қыз қууды» ойнайық.
Жүргізуші: Білімпаз ата! Біздің балалар «Менің отаным» әңгімесін сахналап қойып көрсеткісі келеді.
Білімпаз ата:- Жарайды тамашалайық.
Білімпаз ата:- Жарайсыңдар балалар ақылды, білімді балалар екенсіңдеріне көзім жетті.
Мен сендерге естелікке жұлдызшалар сыйлаймын. Жұлдыздай жарқырап тек беске оқыңдар! Ал енді менің қайтатын уақытым болды. Қош сау
болыңдар!
Мақал жаттаймыз.
Отан оттанда ыстық.
Отан сүю отбасынан басталады.
Жүргізуші: Балалар біз отанды қалай жақсы көреміз?
Жан-тәнімізбен, жүрегімізбен жақсы көреміз.
Ендеше балалар қағаздағы жүрекшелерді қиып алайық!
Жүргізуші: Балалар қолымыздағы жүректерді алып шеңберге тұрайық. Осы жүрегімізбен туған өлкемізге отанымызға жылы сөздерді білдірейік.
Қортындылау.
Жүргізуші: Шын жүректен жылы сөздер айттық енді осы жүректерімізді картаның бетіне орналастырып қояйық.
Назар салып, тыңдайды.
Әуликөл «Айгөлек» балабақшасы
Қайталайды, мағынасына қарай қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар атамен амандасады.
Аружан:
Ен даласы егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан.
Менің жерім, туған елім,
Күн сәулелі Қазақстан.
Әнұран, Ту, Елтаңба.
Алина:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Аяна:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй,
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Фариза:
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
-Қазақ тілінде
Алмира:
Келе жатыр керім күн,
Қалық сүйіп қалаған.
Ата заңың елімнің
Құрметтейді бар адам.
Қыз қуу, ,Арқан тартыс, сақина тастамақ т.б.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Әмір мен Бекарыс шағын көріністі қояды.
Балалар Білімпаз атамен қоштасады.
Мақалды сурет арқылы жаттаймыз.
Балалар қайшымен жүректерді қиып алады.
Балалар менотанымды сүйемін, тілімді сүйемін, туған жеріміз гүлдене берсің,
Туған өлкемді жақсы көремін, Отанымыз биіктерден көрінсің, ата-анамды, туған жерімді жақсы көремін. Астанамыз гүлдене берсің…..

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіз елім — Қазақстаным» ертеңгілік сценариі
Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың»Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Сәлемдесу рәсімі

Тәрбиеші сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

КӨРІНІС

Тәрбиеші сөзі:

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)

Тәрбиеші сөзі:
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Күш сынасу»

Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру

«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.
Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық
Ән: «Отан»
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Тақпақтар

Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!

Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!

Ортаңғы «Бүлдіршін»
тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі

Күні:26.11.19ж

Тәрбиеші:Торина
Самал Аблайхановна

Білім
салалары: Әлеумет, шығармашылық, қатынас.

Бөлімі:
Қоршаған ортамен танысу, сурет, сөйлеуді дамыту.

Өтпелі
тақырып: «Менің Қазақстаным!»

Тақырыбы: «Менің
Отаным – Қазақстан!» 

Мақсаты:

Тәрбиелілік: Балаларды
адамгершілік-патриоттық, еңбексүйгіштікке,
жақсылыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.

Дамытушылық: 
Балалардың сөздік қорларын молайту,
сөйлеуді қалыптастыра отырып, Отан туралы тақпақ,
мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.

Оқыту: Балаларға Қазақстан Республикасының Президенті,
рәміздері, музыкалық аспаптар, құрал-жабдықтар
туралы мәлімет беру, өзінің Отаны туралы білімдерін
кеңейту.
                                                                  Алдын
– ала жасалатын жұмыс
: сергіту сәті, ту, елтаңба,
әнұран атаулары, музыкалық аспаптармен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, АКТ.

Сөздік
жұмыс:
Отан,  Нұр-Сұлтан, ту,
елтаңба, әнұран, домбыра, сылдырмақ, саз сырнай, киіз
үй, сандық, торсық, тостаған.

Билингвалды
компонент:
Отан-Родина, Ту-Флаг, Елтаңба-Герб,
Әнұран-Гимн, киіз үй-юрта, сандық-сундук.                              

Қолданылатын
көрнекі-құралдар:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері,
Нұрсұлтан қаласының ғимараттары бейнеленген
суреттер, дидактикалық ойынға байланысты  суреттер (игровизор), құрастыруға
суреттер (аспаптар), бояу, ватман, салфетка, үнтаспа, пойыз дыбысы,
Құрманғазы күйі, музыкалық аспаптар дыбысы.

Оқу
қызметінің барысы:

І.Ұйымдастыру
кезеңі:

Құрманғазы
күйі орындалады, балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Келген
қонақтармен амандасады.

Педагог: Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай
қазақстандықтарым. Неге мен сендерге олай айттым,
білесіңдер ме? Өйткені, кім Қазақстанда тұрады,
бір сөзбен – қазақстандықтар деп аталады.
Қолдарымызды ұстап, мақтанышпен айтамыз: «Біз –
қазақстандықтармыз!»

Педагог: -Жарайсыңдар балалар! Ендеше біз сендермен Қазақстан
Республикасының әнұранын айтамыз.

Қазақстан
Республикасының әнұраны орындалады. Балалар мен педагог
қосылып айтады.

Кейін
балалар орындыққа отырады.

ІІ.Негізгі
кезең:

Ғажайып
сәт:
Топқа Алдар Көсе кіреді.

-Сәлемесіңдер
ме, қонақтар, балалар! Мен сонау жерден сендердің
Қазақстан Республикасының әнұранын орындап
жатқандарынды естіп, қуанып, сіздерге келіп отырмын.
Білесіңдер ме, менің неге қуанып жатқанымды?
Өйткені сендер нағыз болашақ еліміздің патриотысындар!
Сондықтан да, мен сіздерді менімен бірге Қазақ еліне
саяхатқа шақырғалы отырмын. Барасындар ма?

-Ия,
барамыз!

-Саяхатқа
немен баруға болады?

-Автобус, 
машина, трамвай, пойыз, т.б.

-Ендеше
біз сіздермен, пойызбен саяхатқа аттанамыз! Ол үшін бір-біріміздің
артымызға тізіліп тұрамыз. (Осы жерде пойыз дыбысы шығады)

1
станция: «Көңілді сұрақтар»

-Балалар
біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан
республикасында.

-Біздің
астанамыз қай қала?

-Нұр-Сұлтан
қаласы.

-Біздің
еліміздің тұңғыш президенті кім?

-Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.

-Қазіргі
президентімізді кім біледі?

-Қасым
– Жомарт Тоқаев.

-1-ші
желтоқсанда қандай мерекені тойлап өтеміз?

-Президент
күні.

-Балалар,
өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?

-Отан.
Атамекен. Туған жер.

-Балалар,
кім Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып береді?

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Еліміздің
туының түсі қандай?

-Көгілдір
түсті –аспан мен судың түсі

-Көк
түс тазалықты белгілейді.

-Ортасында
алтын күн- бейбітшілік күні.

Қыран
құс –еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі.Биікте
самғайды  және ұлттық ою бейнеленген.

-Елтаңбамыздың
түсі қандай?

-Елтаңбамызда
қазақтың қарашаңырағы-әрбір
отбасының бірлігі, бейбітшілік шанырағын көтерген , күн
сәулесіндей уықтар,екі жақтағы қанатты
пырақтар(қос тұлпар)-адамның досы, және
жоғарысында бес бұрышты жұлдыз  бен «Қазақстан»
деген жазу бар.

-Жарайсыңдар!
Ендеше орындарымызға отырып, «Рәміздерінді тап»  атты дид. ойынын
ойнаймыз. Ойын шарты: рәміздердің ішінен
Қазақстан Республикасының рәміздерін табу. (Игровизор
арқылы)

Балалармен
тағы да пойызға отырып, келесі станцияға барады.

2
станция: «Тақпақтар мен мақал-мәтелдер»

-Балалар,Елтаңба
туралы кім тақпақ біледі?

1-бала.Бағым

          
Елтаңбасы елімнің

          
Неткен әйбат, әдемі          

          
Тұнығындай  көңілдің

          
Ортада аспан әлемі.

-Рахмет. Балалар,
Қазақстан байрағы туралы кім тақпақ біледі?

 2-бала:
Әлібек

Айнымайды
аспаннан

Біздің
тудың бояуы

Оны
халық қашанда                                                                                           
                            Биікке іліп қояды.

Ал,Әнұран туралы
тақпақ білеміз бе?

 3-бала: Аруна

 Әнұраны
елімнің

Әнұраны
халқымның

Шақырады
бірлікке

Егеменді
халқымның

Болашағы
бірлікте

-Әнұранды
қай жағдайда орындайды?                                                                                         
-Оны салтанатты жағдайларда орындайды.Жеңіске жеткенде орындалады.                         
Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, қолымызды
жүрегімізге қоямыз.

-Отаным,
елім туралы кім тақпақ айтып береді?

 1-бала.Інжу

Ортақ
бізге бір отан

Төбемізде
бір аспан

Барлық
ұлттың баласы

Достығымыз
жарасқан

2- бала. Камила

Отан
сенің ата-анаң

Отан
досың бауырын

Отан
өлкең, астанаң

Отан
аудан, ауылың.

-Рахмет, Отанымызды,Туған
жерімізді әдемі өлең жолдарымен айтып бердіңдер. -Отан
туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз.

-«Отан
елдің анасы»

«Отан
оттан да ыстық.

«Отанды
сүю отбасынан басталады»

«Жері
байдың елі бай.»

-Балалар,
сендер жақсы жұмыс істедіңдер, жарайсыңдар, енді біраз сергіп
алайық:

Орнымыздан тұрайық.

Құс болып қанат қағайық.

Астананың төріндегі

 Бәйтерекке ұқсайық.

3
станция: «Музыкалық аспаптар»

Бұл
станцияда сіздер музыкалық аспаптардың ішінен ұлттық
аспаптарды айыру.

Дид.ойын.
«Аспапты құрастыр» Ойын шарты:
берілген
қиындылардан ұлттық музыкалық аспапты
құрастыру. (Домбыра, сылдырмақ)

4
станция: «Тұрмыс – салт жабдықтары»

Бұл
станцияда біз сендермен қазақ халқының тұрмыс-салт
жабдықтарымен танысамыз. Балаларға киіз үй, сандық, 
торсық, тостаған көрсетіледі.

5
станция: «Достық»

Бұл
станцияда балалар топпен жұмыс жасайды, яғни, Қазақстан
Республикасының картасына алақан әдісі арқылы суретті
бояйды.

-Жарайсыңдар
балалар! Біз сіздермен көріп отырғандай Қазақстан
елінде тек қана қазақтар емес, сонымен қатар, орыстар,
ұйғырлар, татарлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Және олардың да Отандары — Қазақстан. Бәрімізге
бір ортақ – Қазақстан.

Алдар
Көсе мен Педагог балаларды мадақтап, топқа оралады. Алдар
Көсе сыйлық ретінде балаларға қазақтың
ұлттық тағамы бауырсақты сайға тартады.
Балалармен қоштасады.

Тәрбиеші
жақсы қатысқан балаларды мадақтап, оқу
қызметін аяқтайды. Қонақтармен қоштасады.

«Қостанай қаласы
әкімдігінің»Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №13
бөбекжай-бақшасы МКҚК

Ортаңғы
«Бүлдіршін» тобының ҰОҚ-нің конспектісі

Білім салалары: Әлеумет, шығармашылық,
қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, сурет,
сөйлеуді дамыту.

Өтпелі
тақырып:
«Менің
Қазақстаным!»

Тақырыбы: «Менің
Отаным – Қазақстан!»

Тәрбиеші:Торина
Самал Аблайхановна

Қостанай 2019
жыл.

«Мен Отанның бақытты ұлымын»
Құрметті ата — аналар, кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Құлагер» мектеп алды тобы атынан шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.

Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!

І. Әнұран.
Тәрбие сағатын ашу үшін балабақша меңгерушісі Нұрмағанбетова Эльмира апайға беріледі.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Мен Отанның бақытты ұлымын!» қысқаша тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

ІІ. Хор: «Егеменді Қазақстан»
Елші:
— Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші:
— Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз — ау деймін.
Елші:
— Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші:
— Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Елші:
— Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
— Қазақстан Республикасы.
Елші:
— Президент кім?
Балалар:
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Елші:
— Отандарыңның астанасы қай қала?

Балалар:
— Астана қаласы.
Елші:
— Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
— Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Елші:
— Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл — қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?

1. Шыңғыс: Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі — бақи шырқалады
Республикам, Әнұраным

2. Назлы: Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

3. Манас: Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, көк қыран сәні бар
Көк байрақ ашық көк кеңісін
Алтын күн – белгісі жеңістің.

ІІІ. Ән: «Ойнаймыз да күлеміз». Жанназар Жанна.
Жүргізуші:
— Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
— Отан дегеніміз біздің әке — шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып — өскен жеріміз.

Ернұр: Отан – сенің ата — анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан — өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.

Жанна: Отан – атам, Отан — әкем
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса неге біздер
Дейміз оны атамекен.

ІV. Би. Армян биі. Бишілер тобы.
Жүргізуші:
— Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата — апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
— Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
— Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Ғ.Мұратбаев ауылындағы № 15
«Балдәурен» балабақшасының І санатты
әдіскер-тәрбиешісі Жұлдызбаева Гүлбану

Толық нұсқасын жүктеу

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы білім беру. Қазақстан Республикасының рәміздерімен
таныстыру. Рәміздерді танып, біліп, айтып беруге үйрету. Қазақстан Республикасының
рәміздеріне құрметпен қарауға, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті, слайд.
Билингвалды компанент: Менің Қазақстаным- Мой Казахстан, Отан-Родина.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.

Шаттық шеңбері: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане бәріміз қонақтармен жақсылап
амандасып алайық.
Білгір қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Тобымызға келіп отырған
Апайларға қарашы
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Сәлеметсіздерме апайлар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.
(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.
Сұрақтарға жауап алу.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
— Қыста қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
Бүгінгі тақырыбымыз: «Менің Қазастаным» республикамыздың рәміздері туралы болады.

Кіріспе әңгіме
— Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
— Бас қаламыз қай қала?
— Біздің елбасымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев — өзі еңбекқор, білімді, ізденімпаз. Ол өзінің осындай еңбекқорлығының арқасында мемлекетіміздің мықты басшысы бола білді. Қазіргі президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Оны рәміздер деп атаймыз.
Біздің Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Біз әнді орындаған кезде қолымызды жүректің тұсына қоямыз. Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз.

Тудың түсі — көк, тудың сол жақ жиегі қазақ халқының оюымен өрнектелген. Тудың ортасында сары түсті шұғылалы алтын күн. Алтын түспен сары түс байлықты, молшылықты білдіреді. Күннің астында бүркіт, қыран құс — еркіндік, бірліктің белгісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

СЕРГІТУ СӘТІ: Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!

— Балалар, рәміздер, қалалар туралы қандай тақпақ, мақалдар білесіңдер?
Досымжан: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Аяулым : Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада — аспан әлемі.

Нұрсұлтан: Астана — әйбат қала,
Келесің айбаттана.
Еліме тірек болып,
Тұр соғып жүрек болып.
Біз отанымызды сүйеміз,
Елбасымызды мақтан тұтамыз.

Мақал-мәтелдер:
Мейірім: Отан-көркі жерімен,
Асылзат: Отан – оттан да ыстық.
Диас: Ер-жігіт ел үшін туады,
Елі үшін өледі.

Ойын: «Қазақстан қалалары». Ойынның шарты: Ойынды бастаушы қолындағы допты
Қазақстанның кез-келген қаласын айтып, қарсы тұрған балаға лақтырады. Допты
қағып алған бала келесі қаланың атын айтып, допты тағы бір балаға лақтырады.

Қорытынды:
«Ыстық доп» әдісі.
— Бүгінгі оқу қызметі саған ұнады ма?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?
— Рәміздер не жатады?
— Тудың түсі қандай?
— Туымызда ненің суреті бейнеленген?
— Елтаңбамызда не бейнеленген?
— Елтаңбаның пішіні неге ұқсайды?

Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Қазақстан Республикасының рәміздерін.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды.
Қолданады: Отан туралы, Қазақстан Республикасы туралы мақал мәтелдерді.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Отан ?шін от кешкендер сценарий
  • От чистого сердца простыми словами сценарий
  • От чего я рад сегодня нынче праздник новогодний
  • Особенности съемки детских праздников
  • От чего произошло слово праздник

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии