1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-ж: Отбасы күніне арналған «Отбасы – Ұлттың тірегі» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-ж: Отбасы — шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-ж: Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді.
1-ж:
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет депе түсінінем
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен — деп Төлеген Айбергенов жырлағандай ананың қадірі қай кезде де ерекше.
2-ж: Олай болса алдарыңызда ана туралы монологпен Купеева Гүлфия Әке туралы (Монолог) Бактыбаева Диана (монолог) Ана туралы
1-ж: Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
2-ж: Қазақ халық тәрбиесінде шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар ерекше орын алған. Халқымызда отбасы, әке, ана және ер бала м ен қыз балаға арналған тәрбиелік маңызы зор мақал мәтелдер көптеп кездеседі.
1-ж: ендеше 7-класс оқушылары дайындаған мақал-мәтелдерге кезек берейік.
(Мақал-мәтелдер айтылады)
1-ж: «әке асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ» — деп тегін айтылмаса керек. Ата-анасын, аға сіңілілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тигізетініне күмәнданбаймын.
2-ж: отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей, Отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Себебі Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
1-ж: Олай болса отбасы туралы шағын аңызға кезек берейік. Ортада өзінің қызықты әңгімесімен Күнбай Жанбек.
(аңыз-әңгіме)
1-ж:
ана сен бақыттысың жыламағын,
Жай түсіп жатса да сен құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын – деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай ана сенің өмірлік тірегің, баға жетпес асыл адамың.
2-ж. Иә Дұрыс айтасың. Отбасында ана мен әкенің орны әрқашанда ерекше емес пе.
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін. Келесі кезекте «Ана-әке» әнімен Күнбай Жанбекті ортаға шақырайық.
(Ән орындалады)
1-ж: осымен біздің мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті.
2-ж. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар!
.
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім — тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым — қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал — мәтелдер, шарлар.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Сынып сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — деген ұлы ғұлама әл — Фараби.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің отбасым – менің тірегім». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік мен қайырымдылық қайдан басталады?
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі
ІІ. Бүгін біз топпен жұмыс істейміз.
1 — топ: «Шаңырақ» тобы
2 — топ: «Қуаныш» тобы
ІІІ. Сайыс
1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
Маған да, саған да,
Жақын туыс — бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)
2. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -…
Отан -…
Әке -…
Аға -…
Іні -…
Ана -…
3. «Ана» анатуралыөлеңшығару.
4. Ана туралыоқушылардыңтақпақтары
5. Отбасыдәстүрлері.(Әр топ өзотбасыдәстүрлерінкөрсетеді).
6. Отбасыныңбастықазығы, алтын тіреудіңгегі – бала. Олайболсақазір
« Аялыалақан» ойынынойнаймыз.
7. «Меніңотбасым» суреткеқарапөзбалаларыныңсалғансуретін табу.
8. «Мейірім» (жылысөздерайтқызу).
9. Бағалау
ІҮ. Қорытынды. «Тілекшамы». Міне, қоштасатын да сәтжетті. Отбасы – ұшқанұя, жылылықтың, жылулықтыңмекені. Отбасыатауыныңмәнінетереңірекүңілерболсақ, от дегенсөздіңүлкенмаңызы, мәні бар екенінсеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздыңтүтінітүзуболуыүшінмынабір «Тілекшамын» бір — бірімізгежақсытілекайтаотырыпұсынайық.
Тақырыбы: Мерейлі отбасы
Мақсаты:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Жүргізуші: Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.
1-бала: Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
«Отбасы» тойы басталды.
Қызықтан тыс қалманыздар!
2-бала: Қастерлейміз халық боп,
Салт дәстүрді дәріптеп
Айтып кеткен бабалар,
Дәстүрінді таныт деп!
Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!
«Мерейлі отбасы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден
(Ортаға ____________________отбасын шақырамыз)
2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(ортаға _____________________отбасы шақырылады)
3. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Мерейлі бүгін сайыста
Жеңімпаз боп қалмақшы.
(ортаға ____________________отбасы шақырылады)
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс 6 кезеңнен тұрады
Ақыл-көрік бойлырыңа жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға ізетпен,
Отбасылар таныстырып өтеді.
1-ші кезен . «Тегімді менің сұрасаң» (Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе 2-ші кезең «Өнерлінің өрісі кең» кезеңі (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б)
******************************************************************
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықта танытар.
Бұл сыннан де өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-деп,
3-ші кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» қазақтың салт-дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады
«Қонақ-Құдай елшісі», «Қонақ келсе құт» деген қазақтың мақалдарынан халқымыздың қонақжайлылығын көреміз. Осы қонақ жөн-жолағысына қарай неше түрі болады?
/1. Құдайы қонақ-көлік күтіп, кеш болып кеткенде келген қонақ. Ондай қонақты үй иесінің қабылдамауға хақы жоқ.
2.Сый қонақ-арнайы шақырылған қонақ.
3.Қыдырма қонақ-ауыл үйдің қонағы/
2. «Жасау», «Енші» салт дәстүрі, айырмашылығы
3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт –жоралардың түрлері қандай?
4.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз
5.Малайсары қария Сырымға «Кеудең тола бауыр болсын, арқаң қара нардай жауыр болсын, үйіңнің сыртынан дүбір, құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін» деп бата беріпті. Осы батаны қалай түсінесіз?/ кеудең тола бауыр болсын-өкпешіл болма, кешірімді бол дегені, арқаң қара нардай нардай жауыр болсын- ел жүгін арқала, шыдамды бол дегені, жора жолдасың көп болсын дегені/
6. «Домбыра сенде мін бар ма,
Мінсіз болсаң- тіл бар ма.
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден артық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда»,-
деп дүлдүл ақын, күйші І. Жансүгіров айтқандай, күйді тыңдағанда жаныңды қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек бояуын табады. Олай болса, бірге күй тыңдап, сіз сол күйдің атын табыңыз, мүмкін болса авторымен (күй қойылады)
******************************************************************
4-ші кезең .
Өнерлінің өнерін
Тағыда байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Ептілерге кезек берейік «Суретшілер сайысы» формат А3 ке сурет салу, кезекпе кезек.
Маркер 3 түсті
1.Менің балабақшам
2.Менің отбасым
3. Табиғат
******************************************************************
5-ші кезең «Тіл өнері»
Шарты: Жұмбақ жасырылып, жауабын екі тілде айту керек: қазақша және орысша. 1 тілде жауап-5 ұпай, 2 тілдегі жауап 10 ұпай болып есептеледі.
Жұмбақтар:
Жұпар исі еседі, жайнап бақта өседі, аты не, кім шешеді? /гүл-цветок/
Суда қалқиды, жылыда балқиды /мұз-лед/
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен /су-вода/
Ашылып жабылады, әр үйден табылады /есік-дверь/
Желден желігеді, судан шегінеді /от-огонь/
******************************************************************
6-шы кезең. Отбасылық газет
Қорытынды: ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.
Қорытындылау
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата-аналар ұстаздар! Сіздер бүгін отбасы сайысын көріп тамашаладыңыздар. Балабақша тәрбиеленушілерінің, өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке, ынтымақ тілеймін. Балабақшамен жиі байланыста болыңыздар!
Отбасылық сайыс
«Мерейлі Отбасы»
Барысы:
1-ші кезен «Тегімді менің сұрасаң» (Ортаға
отбасылар шығып,өздерін таныстырады-ұранымен)
2-ші кезең «Өнерлінің өрісі кең» кезеңі (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б)
3-ші кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» қазақтың салт-дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады
4-ші кезең «Суретшілер сайысы» формат А3 ке сурет салу, кезекпе кезек.
5-шы кезең «Отбасылық газет» А2 ватман
қағазға фото немесе басқа да суреттерден
коллаж жасау
6-ші кезең «Тіл өнері»
Шарты: Жұмбақ жасырылып, жауабын екі тілде айту керек: қазақша орысша және ағылшынша. 1 тілде жауап-5 ұпай, 2 тілдегі жауап 10 ұпай болып есептеледі.
7-ші кезең «Сән үлгісі»:
Менің отбасым – менің тірегім!
- Мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін кеңейте отырып, отбасы құндылықтарының маңызын айқындау.
- Міндеттері:
- Білімділік: «Отбасы» құндылығының мәнін ашу, отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсініктерін, білімдерін толықтыру.
- Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеуде өз ойын жеткізе білу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: Әр балаға өз отбасын қадірлеуге, сыйлауда жауапкершілікке, ата-ана алдындағы борышын сезіну ортасын құру.
Сұрақтарға жауап беру
1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады? 2. Әкелеріңнің анасы кім болады? 3. Отбасының тірегі кім? 4. Үйдегі алтын қазық кім? 5. Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім? 6. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?
Сайысқа қатысушылар:
1.«Алтын ұя»
Тобы
2. «Берекелі отбасы » тобы
3. «Бақытты отбасы»
тобы
Сайысымыздың шарттарымен танысайық:
- I.«Сәлем — сөздің анасы»
(Топ атымен таныстыру)
- II. «Білімдіге дүние жарық»
(Сұрақтарға жауап беру)
- III. «Менің отбасым – менің тірегім»
(Сурет байқауы)
- IV. «Тығырықтан шығу»
(Жағдаят)
- V. «Тіл өнері»
(Мақал-мәтелдердің жалғасын табу)
Білімдіге дүние жарық
I
ұяшық
II ұяшық
III ұяшық
І ұяшық
- 1 . Балдан тәтті не?
- 2. Бес дұшпанды атаңдар?
- 3. 7 атаны ата?
- 4. Үйдегі алтын адам кім?
II ұяшық
- 1. Қара шаңырак иесі кім?
- 2. Әкеден балаңа берілетін зат?
- 3. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
- 4. Отбасындағы асқар тауды ата?
ІІІ ұяшық
- Тәрбие мен білімнің ордасы?
- 2.18жасқа толмаған адам?
- 3.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы?
- 4.Бес асылды атаңыз?
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта . Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
«Менің отбасым – менің тірегім»
Тығырықтан шығу
Марапаттау
Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі атты байқау сценариі
Байқаудың басты мақсаты: отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата — ана мен бала қарым — қатынасын жетілдіру, үлгілі отбасын анықтау және олардың татулығын арттырып, қолдау көрсету.
Сценарий көрнекілігі:
Плакаттар, мультимедиялық проектар, қолдан жасалған бұйымдар, музыкалық безендіру
Сценарий жүру барысы:
Жүргізуші 1. Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушы қонақтар. Бекзат
Ведущий 2: Мы рады видеть вас на семейном празднике «Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі». Вы, конечно, знаете, что 8 сентября в Республике Казахстан отмечается День семьи.
Ән «Родительский дом»(1 шумақ)
Ведущий 1: Чалова
В семейном кругу мы с вами растем,
Основа основ – родительский дом.
В семейном кругу все корни твои,
И в жизнь ты входил из семьи.
Жүргізуші 2: 8 қыркүйек отбасы күні. Отбасы — қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Бота
Ведущий 1: Семья – самое главное в жизни для каждого из нас. Семья – это близкие и родные люди, те, кого мы любим, с кого берем пример, о ком заботимся, кому желаем добра и счастья. Именно в семье мы учимся любви, ответственности, заботе и уважению. Земляков
Ведущий 2: На нашем семейном празднике присутствуют семейные команды и семейный совет, выполняющий функции жюри. Чалова
Жүргізуші 1:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасын таныстырайық (қазылар алқасын таныстыру) Бекзат
1…..
Ведущий2: Итак, самое время начинать нашу конкурсную программу. Земляков
Жүргізуші 3:
Сайыстың өту ережесімен таныстыу.
Әр кезең 3минуттан аспауы керек және осы кезеңдерге берілетін жоғарғы ұпай саны 5 ұпай.
Байқау 6 кезеңнен тұрады Бота
1. «Отбасылық сурет»Таныстару (топтың аты, ұраны, эмблемасы) плакат
2. Сұхбаттасу (сұрақ — жауап)
3. Музыкалық номер (ән, би, сурет, күй )
4. Мың бір мақал
5. Біздің жанұямыздың дәстүрлі тағамдары (Үй тапсырмасы)
6. Традиционное блюдо нашей семьи
7. «Дом моей мечты»
1 — кезең “Отбасылық сурет ” Бекзат
Жүргізуші:
Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт,
Көрелік сіздерді де жарыстырып,
Байқауға келіп тұрған отбасылар
Жіберсін өзді — өзін таныстырып дей келе «семейный портрет» кезеңіне берелік.
Отбасылар таныстыруы
Ведущий: Каждая команда — семья расскажет о своей семье что — нибудь интересное, учитывая творческие навыки. Итак, послушаем рассказы семей под названием “Дело было вечером, делать было нечего…”. Выступление команд, представление. Чалова
Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі атты байқау сценариі. жүктеу
Та?ырыбы: «Мені? отбасым –мені? тірегім»
Ма?саты: т?рбиешіні? жоспары бойынша балаларды ??гіме ??рау?а ?йрету; ?з отбасы ?мірінен кейбір жа?дайларды аны?, ретті, байланыстыра сипаттай білуге ?йрету.
Жабды?тар: «Отбасы» суреті, балаларды? отбасылы? фотосуреттері ,
дидактикалы? ойын «Б?л кімге тиісті «.
Саба? барысы. ??гіме.
— Балалар, ?ара?даршы, мен б?гін сендерге ?андай сурет ?келдім. (суретті стендке іледі)
— Б?л суретті ?алай атайсы?дар? Неліктен?
— Ал сендер ж?мба? шешкенді жа?сы к?ресі?дер ме?
-?азір мен сендерге ж?мба? жасырамын, ал сендер кім туралы айтыл?анын табы?дар.
Ол ?те мейірімді, а? шашты, к?зіні? айналасында ?са? ?жімдері бар, д?мді та?амдар, т?тті нандар пісіреді, сендерге жылы ?ол?ап то?иды, ?йы?тар алдында ?н немесе ертегі айтып береді.
-Б?л кім? (?же)
— Оны ?алай білді?дер?
— Ал сендерді? ?желері? не істей алады? (балаларды? жауаптары, т?рбиеші толы? жауап беруін талап етеді )
Ол к?зілдірік киеді, к?п кітаптар о?иды, к?птеген ?ызы?ты тарихи о?и?аларды біледі. Ол ?жеге к?мектеседі, д?кенге ж?не базар?а барады, зейнета?ы алады, немерелеріне ?арайласады.
— Кім б?л? (ата)
— Ал сендерді? аталары? ?андай? (балаларды? жауаптары).
Оны жер бетіндегі е? бірінші, е? ?демі с?збен атайды. Ол сен ?шін е? ?ымбат адам..
-Б?л ж?мба? кім туралы? (ана туралы)
—Сендер ?здері?ні? аналары?ды ?андай мейірімді с?збен атайсы?дар? (Анашым, анатайым).
-Аналары? сендерді ?алай еркелетеді? (балаларды? жауаптары)
— Ж?не со??ы ж?мба?..
Ол салма?ты да, байсалды, барлы? бос уа?ытын сендермен ?ткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлы? отбасын таби?ат?а алып шы?ады.
-Б?л кім? (?ке)
-Д?рыс. Ал ?ке не істей алады? (а?аш жарады, футбол ойнайды, т.б.).
— Ал сендерді? ?келері? ?андай? (к?шті, батыл, мы?ты,…)
— Балалар, ал сендер білесі?дер ме, жа?ын адамдарды ?алай атайды? (егер балалар ?иынды? к?рсе, олар?а т?рбиеші к?мектеседі)
Просмотр содержимого документа
«» Мені? отбасым-мені? тірегім» »
Тақырыбы: «Отбасым – бақыт мекенім»
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Ой бөлісу.
Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу.
Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян: «Отбасы құндылығы», шарлар, гүлдер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар 5 «А» сыныбының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасым – бақыт мекенім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.
Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».
-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
І. « Жүректен — жүрекке» шеңбері.
Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.
Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Алпанова Аружанның орындауындағы «Ата-әже» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Сыныптың қыздарының орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар.
Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
ІІІ кезеңіміз «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл кезеңде
1-топ. Отбасы туралы өлең жолдарын айтады.
2-топ, «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
3-топ. «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, қорғайды.
4-топ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады.
Абулгазиева Ботагоздің орындауындағы «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
ІҮ кезең . «Конверттегі сұрақтар»
«Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады. Ортаға 6 ата-ананы шақырамыз.
Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.
№1
1. Балаңыздың парталас көршісі кім?
2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
№2
1. Балаңыздың сүйікті асы не?
2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
№3.
1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
№4.
1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
№5.
1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?
2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.
Сыныптың ұлдардың орындауындағы «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.
Анаң-күнің жүрегің,
Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Әжең- асыл ардағың,
Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың,
Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
Бейнебаян «Отбасы құндылығы»
1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?
2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?
3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?
Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.
Қорытынды сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мулдашева Маназилия апайға беріледі.
- Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі
Жупаргалиева А.Б.