Отбасы т?рбиесі сценарий

Та?ырыбы : Отбасы т?рбиені? басты ?ясыМа?саты: Ата - ананы? бала т?рбиесіндегі ?арым - ?атынасы туралы т?сініктер беру ар?ылы ата - аналарды? білімдерін к?теруг

Қожахметова Н.З

Педагог-психолог

Ақсу ауданы,

Қарашілік орта мектебі

Тақырыбы : Отбасы –тәрбиенің басты ұясы

Мақсаты: Ата — ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата — аналардың білімдерін көтеруге көмектесу, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер («Отбасы –тәрбиенің басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман болса бала –солардан»

Сабақтың түрі: тренинг-сабақ

Сабақтың жоспары:

І. Ынтымақтастық атмосферасын құру

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. Түстер психологиясы

І-Жаттығу «Есімдер»

ІІ. «Аквариум» Аңыз

І-топ «Өз мақсатыңа берік бол»

ІІ-топ «Батыл бол, талпынып көр»

ІІІ. Эссе (Ой-толғау)

«Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері»

ІV. Постермен жұмыс ( Отбасының бала тәрбиесіндегі орны)

V. Сергіту сәті

VІ. Cұрақ жауап Мен қандай ата-анамын?

VІІ. Психологиялық тренинг «Ашулы шар»

VІІІ. Рефлексия

Сабақтың барысы:

1. Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! «Отбасы –тәрбиенің басты ұясы» айдарында өткізгелі отырған тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымызды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ортаға шығуларыңызды сұраймын.

І. Ынтымақтастық атмосферасын құру

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрып үлкен шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Құрметті ата-аналар барлығымыз бір-біріміздің алақандарымыздан ұстап, бір-бірімізге алақан арқылы жылуымызды жіберейік және бір-бірімізге жымия отырып бүгінгі күніміз сәтті өтсін деп сабағымызды бастайық.

педагог-психолог жақсы рахмет енді орнымызға жайғаспас бұрын өздеріңізге ұнаған гүл түстерін таңдап орындарыңызға отыруларыңызға болады.

ІІ. Топқа бөлу

ІІІ. Түстер психологиясы Құрметті ата-аналар сіздер таңдаған түс қандай сипатқа ие екенін білу үшін интербелсенді тақтаға назар салайық, міне бұл сіздердің мінездеріңізге сай келетін қасиеттермен сай келеді екен.

АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.

КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.

ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.

САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.

КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.

ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.

І-Жаттығу «Есімдер»

Мақсаты: тренингке қатысып отырған ата-аналарды таныстыру.

Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:

Есіміңіз кім?

2. Өз есіміңіздің алғашқы әрпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өтіңіз.

Кіріспе

Бала тәрбиесі –ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға бейім болатыны баршамызға аян. Олай болса сіздерге ресурстар тарата отырып «Аквариум» тәсілі арқылы тәрбиенің елеулі мәселелеріне көз жүгіртіп көрейік.

ІІ. «Аквариум»

Аңыз І-топ «Өз мақсатыңа берік бол»

ІІ-топ «Батыл бол, талпынып көр»

Сіздер алдарыңызда таратылған ресурсты оқи отырып, аңыз арқылы беріліп отырған ойдың түйінін табуларыңыз қажет. Өз араларыңыздан топ басшысын, баяндамашы, спикер тағайындап алуларыңызға болады.Сіздерге ойлануға 2минут уақыт беріледі.

Аңыз І-топ

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты.Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын.Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады…..

Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: «Бұл өте қиын! олардың шыңға шығуы мүмкін емес!» немесе «Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!»

Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады…Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді…Көрермендер сонда да «Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыңға шыға алмайды! деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап құлай берді… Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді. Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды.Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш қуатты қайдан алды?

Жауабы: Сөйтсек жеңімпаз бақаның құлағы естімейді екен! Ол көпшіліктің кертартпа пікірін естімеген.

Түйін: Балаңызды өзгелердің кертартпа сөзіне құлақ аспауға және өз-өзіне сенімді болуға үйретіңіз

Аңыз ІІ-топ

Бір күні патша өз сарайындағы қызметкерлерінің қайсысы үлкен лауазымға лайық екенін анықтағысы келеді. Осы мақсатта ол барлық уәзірлерін жинап алып: «Менің сіздерге арналған қиын тапсырмам бар, оны кім шеше алады екен, көрейік»,-дейді.Ол барлық уәзірлерді бір есіктің алдына алып келеді. Ол есікте бұрын ешкім көрмеген өте үлкен құлып тұрады. «Бұл біздің патшалықта бұрын -соңды болып көрмеген құлып. Осыны кім ашып береді»-дейді патша.

Сарай қызметкерлерінің біразы тек басын шайқап қала береді. Ақылгөй деп саналатын біраз уәзірлер құлыпты жан-жағынан қарап зерттей бастайды, бірақ көп ұзамай –ақ оны аша алмайтындарын мойындайды. Ақылгөйлердің өзі сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, басқалары әрекет жасап көрген де жоқ. Тек бір уәзір ғана құлпының жанына келіп, оны ұстап, зерттеп көріп, әртүрлі тәсілмен орнынан қозғалтуға тырысады. Ең соңында ол құлыпты бар күшімен тартып қалады. Ғажап, құлып ашыла кетті! Ол толық жабылмаған да екен. Сонда патша : «Сен сарайдың жоғары лауазымына ие болдың, өйткені сен……..»

Жауабы: Көзіңмен көргенің мен естігеніңе сеніп қана қоймай, өз күшіңе де жүгінесің және талпынып көруден қорықпайсың»-деп ризашылығын білдіреді.

Түйін: Отбасында баланы батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелеу.

ІІІ. Эссе «Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеу»

ХV ғасырда Англияның атақты ойшылы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сияқты балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиелесе, соған көне береді»- деген болатын. Ендеше, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтын шимай-шатпақ түспесін десек, нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн – дей келе,әр топ ақылдасып, ой қорытып, түйінін қағаз бетіне түсірсеңіздер. Эссе жазуға 3мин, жариялауға 2 мин уақыт беріледі, соңында әр топ баяндамашысын «Ыстық орындыққа шақырамын» 2 топ мүшелері бір-біріңізге айтар тілектеріңіз бен қосар ойларыңыз болса 2 жұлдыз, 1 тілекке кезек берейік.

ІV. Постермен жұмыс. Енді сіздер «Отбасының бала тәрбиесіндегі орны» айдарында ойларыңызды постерге түсіресіздер. Берілетін уақыт 7 мин+3 жариялау.

V. Сергіту сәті

Педагог-психолог: Отбасы ошақ қасы-деп, бекер айтпаймыз. Өйткені тәрбиенің бәрі жан-ұядан басталады. Жанұя деген кішкентай бір мемлекет. Сол мемлекетте өмір сүріп жатқан балаларымызға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе? Көкірегі ояу, көзі ашық ата-ана баласының қамына да көңіл бөледі.

VІ Кейс-стади .Құрметті ата-аналар өзіміздің қандай ата-ана екенімізді білу үшін «Кейс-стади»әдісі арқылы «Мен қандай ата-анамын?» деген сауалға жауаптар іздестіріп көрейік. Кейс-стадидің басты қағидасы «Ақиқатты-іздену, ақиқаттың өзінен де маңызды» екенін естен шығармайық. Сіздер таратылған ресурстардағы сұрақтардың жауаптарын өз топтарыңызда талқылап, қабылданған шешімдеріңізді кезекпен жариялайсыздар.

  1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

  2. Бала үшін ата-ананың қайсының беделі күшті деп ұғасыз?

  3. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, ал одан неше алуан адам шығуының салдарын қалай түсінесіз?

  4. Дені сау, тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?

  5. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қалай?

VІІ. Психологиялық тренинг «Ашулы шар»

Әр топтан 2 ата-анадан шығуы керек. Сіздер шарларды үрлеп, оларды байлаңыздар. Шарлар сіздің балаңыздың денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа-сезімін. Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.

-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар? Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол-қатерлі жол.

Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуді ұсыныңыз. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер.

Шар кішірейді,бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

— Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсыныңыздар. Бұл нені білдіреді?

Түйін: Ашудың қауіпсіз жолын табу-әр адамның өз қолында.

VІІІ. Кері байланыс. Құрметті ата-аналар біз бүгінгі тренинг сабағымызда бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы, отбасы тәрбиенің басты ұясы екенін ашуға тырыстық, енді кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақ сізге несімен ұнады, көкейлеріңізді толғандырып жүрген мәселелеріңізді жазып смайликтерге жапсыруларыңызды сұраймын.

Қорытынды:

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Ұрпақ тәрбиесіне ата – аналардың тәлім-тәрбиесінің орны ерекше екенін өздеріңіз дәлелдедіңіздер. Міне, мектеп пен отбасы біріге отырып осындай ынтымақ бірлігінде жұмыс жасасақ ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар.

Қосымша ресурстар

Аңыз І-топ Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты.Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын.Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады…..

Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: «Бұл өте қиын! олардың шыңға шығуы мүмкін емес!» немесе «Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!»

Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады…Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді…Көрермендер сонда да «Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыңға шыға алмайды! деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап құлай берді… Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді. Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды.Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш қуатты қайдан алды?

Аңыз ІІ-топ Бір күні патша өз сарайындағы қызметкерлерінің қайсысы үлкен лауазымға лайық екенін анықтағысы келеді. Осы мақсатта ол барлық уәзірлерін жинап алып: «Менің сіздерге арналған қиын тапсырмам бар, оны кім шеше алады екен, көрейік»,-дейді.Ол барлық уәзірлерді бір есіктің алдына алып келеді. Ол есікте бұрын ешкім көрмеген өте үлкен құлып тұрады. «Бұл біздің патшалықта бұрын -соңды болып көрмеген құлып. Осыны кім ашып береді»-дейді патша.

Сарай қызметкерлерінің біразы тек басын шайқап қала береді. Ақылгөй деп саналатын біраз уәзірлер құлыпты жан-жағынан қарап зерттей бастайды, бірақ көп ұзамай –ақ оны аша алмайтындарын мойындайды. Ақылгөйлердің өзі сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, басқалары әрекет жасап көрген де жоқ. Тек бір уәзір ғана құлпының жанына келіп, оны ұстап, зерттеп көріп, әртүрлі тәсілмен орнынан қозғалтуға тырысады. Ең соңында ол құлыпты бар күшімен тартып қалады. Ғажап, құлып ашыла кетті! Ол толық жабылмаған да екен. Сонда патша : «Сен сарайдың жоғары лауазымына ие болдың, өйткені сен……..»

V. Cұрақ жауап Мен қандай ата-анамын?

1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2. Бала үшін ата-ананың қайсының беделі күшті деп ұғасыз?

3. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, ал одан неше алуан адам шығуының салдарын қалай түсінесіз?

4. Дені сау, тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?

5. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуна отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қалай?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Краткосрочное планирование урока по казахскому языку в 7 классе из серии последовательных уроков. Тема: «?лтты? отбасы т?рбиесі».

Раздел: «Отбасы ынтыма?ы»

Место проведения: средняя школа

Дата и время проведения:

Учитель Жуманова Х.Н. учитель казахского языка II категории.

Тема: «?лтты? отбасы т?рбиесі».

Цель:знать – о применении в воспитании национальных традиции у разных народов.уметь— рассказать какие народные традиции сохранились в их семье, -применить в своей речи вводные слова

Задачи: — образовательная:сформировать знания о национальных традициях народов Казахстана — развивающая:способствовать развитию мышления учащихся, умения анализировать, делать выводы.развивать творческие способности; — воспитывающие: привить уважения к традициям других народностей, уважение к традициям другой семьи.

Оборудование: интерактивная доска, интернет ресурсы, флипчарты

Ход урока:

Этапы урока

Вид работы

Роль учителя

Деятельность ученика

Модули программы

Мозговой штурм по пройденной теме

Показать важность правильной формулировки вопроса. Создание коллаборативной среды.

Отвечают на вопросы низкого и высокого характера

Обучение тому как обучаться, диалог, критическое мышление.

Проверка домашнего задания

Парная работа.Индивидуальная (представление своих творческих работ)

Наблюдение за работой учащихся.

Учатся задавать вопросы

Диалог, критическое мышление, взаимооценивание.

Изучение нового материала

Групповая работа.

«Бодрячок» (физминутка). Обеспечение демонстрационным материалом и дополнительными ресурсами. Консультация, наблюдение.

Делятся на группы по цветам радуги (каждая группа собирает радугу 7 цветов). Распределяют роли. Готовят презентацию вопроса. Делают записи в тетрадях.

Применение ИКТ, возрастные особенности, обучение одаренных и талантливых, беседа, критическое мышление.

Закрепление

Представление презентаций, проведение демонстраций.

Предложить учащимся выработать критерии оценивания выполненных работ, помощь в проведении демонстраций.

Представляют презентации, необходимые демонстрации,

Критериальное оценивание, обучение талантливых и одаренных, применение ИКТ, возрастные особенности.

Домашнее задание

Рефлексия

Творческое задание сделать слайд-презентацию «Я и моя семья. Рефлексия (все было понятно, кое — что не ясно, ничего не понял).

Дает пояснения по проведению домашнего эксперимента и написанию вывода.

Для рефлексии – смайлики разного цвета и эмоции (у каждого по три).

Записывают задание в дневники или тетради.

Заполняют лист оценивания всех членов группы для каждого.

Рефлексируют.

Обучение одаренных и талантливых, возрастные особенности, самооценивание

Тақырыбы: «Отбасы бақыт мекені»

Мақсаты:
— Ата — аналармен бірлесе отырып, жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді, жігерлі тұлғаны дамыту.
— Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. — Ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар, слайдтар.
1 — жүргізуші:
— Қайырлы күн, құрметті дәрігерлер, ата — аналар, ұстаздар мен оқушылар!: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен — кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл — гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Отбасы — бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бала бақыт, бала қуаныш, өмірді жалғастырушы, демеуші ата — ана тәрбиелеуші.
Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Бүгінгі біздің санаторийімізде Отбасы мерекесіне байланысты «Отбасы өмір аясы» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!
ІІ — ведущий: Добрый день, уважаемые родители, врачей, педагоги,! Добро пожаловать на праздник, посвященный дню семьи.
1 – жүргізуші
Әке асқар тау,
Ана мөлдір бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен құрышын қаңдырып, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы тәрбиелік шарамызды ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегін «Ивушка» балалар санаторийінің бас дәрігері Әлия Хабиболлақызына сөз беріледі.
ІІ — ведущий: Это особый день, это – праздник радостей, побед и ощущения надежности близкого человека. Именно в семье малыш впервые испытывает глубокую радость от согревающей родительской любви, что является залогом его уверенного вступления в большую сложную жизнь. Здесь он учится видеть прекрасное и постигать секреты общения между людьми. Здесь передается мудрость от одного поколения к другому, уходящая корнями в вечность.
Муз. номер: «Узбекский танец». Танцевальная группа «Жулдыз — Ай».
Ән: «Перзент парызы» Орындайтын: Капсихова Т. Тулекова А.
1 – жүргізуші
Қыз бой жетіп келеді, шуақ шашып әр үйге,
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне,
Ата — ананың жүрегі «Бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.
Ән: «Қос бәйтерегім» Орындайтын: Елжанова Гүлмира
ІІ — ведущий
Основное назначение семьи – вырастить детей, дать им достойное образование и помочь определиться в непростом мире человеческих отношений. И очень важно, чтобы семья была прочной. Установление этого дня было вызвано озабоченностью сообщества современным положением семьи, а также ее значением в жизни общества и воспитании подрастающего поколения.
Би: «Қазақ биі
Ән: «Әке — ана» Орындайтын: Ғарифолла Т., Капсихова Т.
Ойын: Шығармашылық жұмыс
1 – жүргізуші
Ыстық — ау кім — кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған әндерін тыңдап көрейік.
ІІ — ведущий: На свете добрых слов
Живёт немало.
Но всех добрее
И нежней одно:
Из двух слогов
Простое слово «мама»,
И нету слов
Роднее, чем оно!
Ән: «Моя мама лучая на свете» Орындайтын Кульмуханова Саягүл
Ойын: «Мен сән әлеміндемін» (3 ата — ана және балдары шығады. Алдарыңызға қағаз беріледі. Сол қағаздардан 5 мин ішінде балдарыңызды әсемдеп киіндірулеріңіз қажет)
Би: «Румбо»
Ән: «Ана» орындайтын Қадыров Ислам
1 – жүргізуші
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата — бабасының салт — дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата — ананың ең маңызды міндеті.«Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Ән: «Елім менің» орындайтын — Капсихова Тойғаным, Елжанова Гүлмира
Ойын « Менің балам(қызым) балдай!» (Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу)
Би: Жастар биі
Жанұя» ойыны
1 Балаңыздың туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Балаңыздың парталас көршісі кім?
4 Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6 Балаңыздың сүйікті мультфильімі?
7 Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8 Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10 Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11 Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
12 Балаңыздың ең жақын досы кім?
Балаларға:
1. Ата — анаңның туған күні, айы, жылы
2. Ата — анаңның сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Ата — анаңның ізгі қасиеттері
4. Анаңның сүйікті түсі?
5. Анаңның сүйікті тағамы?
6. Анаң сені қалай еркелетеді
7. Анаңның сүйікті телесериалы
8. Анаң қандай тамақ пісіргенді ұнатады
9. Ата — анаңның арманы
10. Анаңның сүйікті көйлегі
Хор: Қазақстаным — Ұлы Отаным — ай
1 – жүргізуші
Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені. Осымен отбасы күніне арналған сазды бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс — дәулет, жақсылық пен шаттық болсын деп тілейміз!
ІІ — ведущий: С Днём семьи Вас поздравляем,
И в этот чудный «День семьи» от всей души желаем:
Для сердца – праздник тепла и радости в общении.
Желаем с близкими всегда быть в лучших отношениях!
Уважаемые родители и учащиеся нашей школы, благодарим Вас за участье. На этом завершается праздничное мероприятие, посвященное «Дню семьи».

ЖУМАГЕЛЬДИНА КАМИЛА ШАЯХМЕТҚЫЗЫ
Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез санаторийі мектебінің тәрбиешісі

Отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Сценарий тақырыбы: «Отбасы — өмір аясы»

Сценарий мақсаты: ? қыркүйек – отбасы күнін атап өту, оқумен отбасын бірге алып жүрген студент қыздарды дәріптеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.
Сценарий көрнекілігі: Плакаттар, мультимедиялық проектар, қолдан жасалған бұйымдар.

Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Ашық сабақ тақырыбы: Отбасы — өмір аясы
Ашық сабақ мақсаты: а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Халықаралық отбасы күні (Отан — отбасынан басталады)

Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер.
Тәрбие сағатқа Шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог
Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама

Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы — өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген — биік шыңы адамның,
Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы — өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген — биік шыңы адамның,
Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.

Отбасы күні (Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы)

Тақырыбы: Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Мақсаты: Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын
көрсету.
Міндеті: Қарым-қатынасты нығайту әдіс-тәсілдерімен, тренингтік жаттығулармен және мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тиімді жолдары ережесімен таныстыру;

Барысы:
Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі — бала тәрбиелеу. Отбасы….

Халықаралық отбасы күні (МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ)

Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.
Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.
(Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).

Қазақша — орысша тәрбие сағат: Халықаралық отбасы күні (Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы
Тема воспитательный часа: Семья – основа нравственности

Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.

Отбасы – тәрбие бастауы

Тақырыбы: Отбасы – тәрбие бастауы
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Баланың жан — жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата — анасын, жора — жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Әдісі: Сұрақ — жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу.
Көрнекілігі: Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,
баяндамалар, плакаттар.

Нақыл сөздер:
1. «Анаң — асыл қазынаң, әкең — асқар тау».
2. «Ата — ананың міндеті — тәрбиелеу және жақсылықты үйрету».
3. «Бала — біздің болашағымыз»
4. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».
5. «Бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
6. «Балаға сіңірген ата — ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле — өлгенше сусындайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин
Түрі: Ата — ана мен баланың арасындағы сыйластықты күшейту.

Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата — аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Сонымен, бүгінгі ата — аналар мен бала бірлескен «Мықты отбасы – мықты мемлекет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы — адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы — ата — ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата — ананың орны бөлек. Бала әкеден — ақыл, анадан — мейірім алады. Әке — отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата — анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала — адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата — ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі — ата — бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.

Біздің ойынымызға ата – аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады екен?
Оқушыларға актуалдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Біздің алдымызда үй салатын мынандай кірпіштер жатыр:
1. байлық.
2. бауырмалдық
3. татулық
4. қайырымдылық
5. әдептілік
6. инабаттылық
7. шыдамдылық
8. толеранттық
9. түсіністік
10. ізеттілік
11. ауызбірлік
12. сенімділік
13. махаббат
14. ата – ананың балаға деген махаббаты

Осы кірпіштердің көмегімен біздер өз үйлерімізді тұрайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)
Балаға теріс әсер етеді.
 Жанұядағы жанжал
 Үлкендердің аузына келген сөздеріне айтуы
 Балалардың көзінше басқа біреуді сөгуі
 Басқалардың сыртынан өсек айту
 Арақ ішу
 Темекі тарту
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің…
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе — ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
…. Үміт пен күдіктің ортасында
Ата — ананың үміті талады екен!
Мұзафар Әлімбаев

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата — ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Ата – анаға берілетін кеңес

1 1. Балаңызды өзіне — өзі қызмет етуге дайындаңыз
2. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер
3. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз
4. Балаңыздың өз бетімен әрекет жасауға мүмкіндік беріңіз.
5. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз.

Отбасы – тәрбие бастауы. жүктеу

Отбасы-қоғамның маңызды буыны.көп ұлт мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан  қаланады. Осы жағынан келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

Қоғамда отбасы  екі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы-баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты,құндылықтарын біліп,өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағұламаттарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыландырады.

Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ « Бақытыңды басқадан емес ,балаңнан ізде»-деген даналық сөз бар.Кез келген адам  өзі жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреу даңқ пен атақтан,маңсап пен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Ұлықтан хақім «ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Шыр етіп  сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қиын,қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі,бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана.Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар.Әсіресе отбасындағы,ата-ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәдениетті отбасындағы  ерлі -зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілдігі,отбасындағы туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.

Бала тез еліктегіш,иланғыш болғандықтан  жаман қылықтарды да тез үйренеді.Бала кішкентай кезінен әр нәрсеге әуестеніп,үлкендерге көмектескісі келеді.Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бүлдіресін» деп ұрысып жіберуі мүмкін,бұл қате түсінік.Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай  туғызып,оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн.Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.Әр істеген ісін

ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы істерін мадақтап,терісін оң етіп түсіндіріп отырса ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді.Орынсыз ұрысу,зеку сұрақтарына дөрекі келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Қазіргі  заманда отбасының құрылымы өзгеріп,ондағы мүшелер саны азайып,бала саны кеми түсті.Қоғамдағы әлеуметтік,мәдени ,экономикалық жанғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр өйткені әкеге бағыну,өзінен үлкен апа,ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті.Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп,керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті  өз мойындарына алуда.Осы заманның тағы бір ерекшелігі : толық емес отбасылар көбейіп, ата,әке,қайын жұрт,нағашы жұрт деген  туыстық байланыс әлсіреді.Отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді түзету  үлкен қиындықтармен жеңуге тура келеді.

Яғни отбасындағы  жарасты сыйластық пен жылылық бала тәрбиесіне көп әсерін тигізетінін баршамыз білеміз. «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны істерсің» дегендей ата-ананың өнегесін көріп бала  өздері үй болғанда сол жақсы тіршілікті жалғастыра біледі.Олар ата-анадан алған  сыйластық,сөзге тоқтау,төзімділік,қамқорлық сияқты қасиеттерді өз отбасында қолданады.

Келешек ұрпақты   тәрбиелеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып,оны жетілдіру жолдары іздестіруде.

Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен тұлға-әже мен ана.Әжелердің ұстамдылығын,төзімділігін, сабырлығын,қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұруы үнемі үлгі.Олар немерелеріне аңыз-әңгімелермен,мақал-мәтелдермен таныстырады.Шоқанның Айғаным,Абайдың Зере,Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған.Ал,көпті көрген қариялар-өз балаларының ғана тәрбиешісі емес, иісі қазақтың ақылшысы,кемеңгерлері.

Қазақтың ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері,әсіресе қарттары араласқан.Үлкендер ауылдастарының балалары өрескел мінез-құлық көрсетсе,өз баласындай көріп дұрысын айтып түзеуге өздерін міндетті санаған. «Қызға қырық үйден тыю», «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деген сөз баланы қауым болып тәрбиелеу мақсатынан шыққан.

Бала тәрбиесі -қуанышты,сонымен бірге қиындығы да жетіп жатыр. Бала белгілі бір биологиялық заңдылықтар бойында дамиды.Баланың дені сау болып өсуіне ешқанай нұсқау келтірмеу үшін бұл заңдылықтарды білу,ескеру және тиімді пайдалану қажет.баланың адамшылығын қалыптастыру,оның ақылын молайту,оны белгілі адами сапарларға көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу- бұдан да қиынырақ іс.Бұл жерде қоғамдағы жағдай ең алдымен тәрбиенің ықпалы шешуші орын алады.

Баланың айналасындағы бүкіл өмір шындығы-табиғат, қоғамық орта,ең алдымен адамдар,бәрінен бұрын ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелейді.

Тәрбиелеу дегеніміз- балаға мақсат қойып,ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз, осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап еткен  мінезге ие болып,мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді.Тәрбие баланың дене және ақыл -ой қабілетін дамытады.,оны алдағы еңбекке даярлайды, сол бойынша қоғамның болашақ белсенді қайраткерлері өсіп шығады.

Бала мектепке қабылданғанда өздігінен оқи алмаса,оқуға ынтасы болмаса ата-аналар зейіні төмен,жасық деген шағымдар айтады.,яғни теріс тәрбиенің салдары болып табылатын себепті іздестіреді.Әдетте, осындай ұнамсыз қасиеттердің бірі ата-аналары еңбекке үйретпеген балалардың басында болады,өйткені адамның зейінділігі,ынта жігері еңбек үстінде ғана дамып,нығайып отырады.Еңбек арқылы тәрбиеленбеген бала  оқи алмайды,әрқашанда ата-аналардың үнемі  жәрдеміне,бақылауына мұқтаж болып жүреді.Ата-аналар туа пайда болған қасиет деп айтып жүрсе де мұндай балалардың жалқаулығы,шынында да оларды жас шағында еңбекпен қорғаштаған   ата-аналардың кінәсінен болады.

Отбасының негізгі міндеттері:

1.Баланың өсіп дамуына толық жағдай жасау;

2.Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

3.Өз халқының этно- мәдениетінің тәжірибесін ауыстыру;

4.Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау;

Отбасы- адам баласының өсіп-өнер,қаз тұрып қанат қағар ұясы,алтын бесігі.Тәрбиеге белгілі бір уақыт бөлуді талап етпейді.Баланың  күні бойы іс-әрекеті толықтыруды,қадағалап отыруды қажет етеді.Бұл мезетте  балаға деген  ата-ана мейірімінің,шапағатының ықпалы ерекше орын алады.

Ата-анаға мынадай  кеңесті ұсынамын:

  1. Баланың әр күнді бастауы,қарсы алуы сәтті болу керек; ол үшін таңертен баланы оятқанда жайлы,баппен оятыңыз;ол сіздің күлімдеп,мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезуі керек.
  2. Балаға балабақшаға барар алдында сенімділік сәттілік тілеу керек.
  3. Бала балабақшадан келгенде бірден сұрақтар қойып,қарсы алмау керек.
  4. Бала бірдене айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау керек.
  5. Бала ренжіп отырса,себебін өзі айтқанша асықпаңыз.
  6. Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз,баланың жүйкесіне әсер етеді.

Ұрпақ тәрбиесінде ең шешуші орын отбасындағы психологиялық ақуал,оның ішіндегі ата-ананың балаға деген махабаты екені анық.

Төрт жасар баладан адамға неге екі қол берілген деп  сұрағанда бала

«Бір қол маманы, екінші қол папаны ұстап жүру үшін»- деп жауап берген.Міне, үлкендер ойлап таба алмайтын сөзді балалар тауып, дәл жауап беріп отыр.Бала психологиясының  жақсы дамуына әке мен ананың екеуінің де болуы  қаншалықты маңызды екенін осы мысалдан айқын көруге болады.Отбасы- бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкін орын.Бала үшін туған отбасы-алтын діңгек.Отбасындағы жылылық пен мейірімді ешнәрсемен-басқа жерлерде жүз есе артық материалдық жағдай жасалса да алмастыру мүмкін емес.Отбасының бірлігі ұрпақ тәрбиесінде  өте қажет.Бұл- өте қымбат ұлттық құндылық.

«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн,тәрбиесіз берілген білім,ол ертен бір апатқа әкеп соғады»- деген, данұшпан  ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби.Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи- әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне,соның ішінде мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына,тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі  осындай міндеттерді іске асырушылар мектепке дейінгі мекеме мен отбасы.Осы екі арада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса,ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.

Біз XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз.Жаңа ғасырда өркенетті елдер қатарынан орын аламыз десек,жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге,дұрыс білім беруге міндеттіміз.

Тәрбие жұмысының тақырыбы: « Отбасы – тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы»

Мақсаты: Отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екенін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы,оның патриоттық көзқарасы

 Қажетті құралдар: Суреттер, мақал – мәтелдер, техникалық құралдар, дидактикалық материялдар.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.       Отбасы кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым,отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге     (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Суреттен президенттің, тудың , үйдің,отбасы мүшелерін көрсету арқылы не екенін, кімдер екенін сұрау. 

Балалар үйден дайындап келген отбасы фотосурет,бейнежазба арқылы отбасылары туралы айтып береді.

Би «Қыздар биі»

Жүргізуші:Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Шығармашылық жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар.

Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
Отбасымда ең сыйлы?
Ең қымбатты ?
Ең сүйкімді ?
Ең құрметті?
Ең құнды ?
Ең бағалы?
Ең қажетті ?

Отбасының басшысы кім? ( Әке)

б) Ата – аналарға сұрақтар
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,Ақылшың болса, апайың жақынлдыңа тартқан, адал асын,Қимас жақын қарындасың.)

5. Не қымбат?Алтын ұяң Отан қымбат.Құт— береке атаң қымбат.Аймалайтын анаң қымбат.Бәрінен де ар мен ұят қымбат.

Ойын «Құрылысшы»: Ал, енді балалар қазір біз ойын ойнаймыз. Тақтаға 5 бала шығады. Олар музыка ойналғанда жердегі геометриялық фигураларды айнала жүгіреді. Музыка тоқтағанда оқушылар тоқтап жанындағы геометриялық фигураны алып, оның түсін, атын айтып беруі керек, енді балалар,алдарыңдағы геометриялық фигуралардан отбасы мүшелері тұратын үй құрастырайық.
Өлең

Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)

Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады….)

Сіздердің назарларыңызға  ұсынылатын нақыл сөздермен таныс болыңыздар және осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңызды құрыңыздар.

Ұлы адамдардың, халық даналығының ойларымен келісесіз бе әлде жоқ па?

*Кім мені мақтаса- сол менің жауым ( корей мақалы)

*Өзіңді мақтаған адамға сенбе ( жапон мақалы)

*«Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады» Ф.Э. Дзержинский.

*«Балада еркіндік көп болған сайын, жазалау қажеттілігі де соғұрлым аз. Мадақтау көп болған сайын, жазалау соншалықты аз» Я. Корчак

 * «Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» Фин мақалы.

* «Баланы дүре соғумен емес, ұятпен жазала» орыс мақалы.

* « Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды» И.Кант.

*«Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П. Чехов.

Өлең :ата-аналар

Ойын «Жапырақтар жинау»

Аталмыш жұмыс (плакатта көрсетеді) әңгімелесуге келесі тақырыпты ашады: мадақтау мен жазалау.

Мадақтау. Ата-аналар шеңбердің сыртында ,балалар ортасында бір-біріне қарап тұрады. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.

Талқылауға тапсырма: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.            Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдерМенің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

— Неге жылап тұрсың? – деді.

— Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

— Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Жүргізуші:тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік…..т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

Жүргізуші: ал енді осы өскіншеге жапсырылған  сөздерді алып  тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз… Ол өледі. Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.

Рефлекция: «Жылулық шеңбері»

Ал енді барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап  үлкен шеңбер жасайық. Өздеріңізді үлкен тұтас дененің бір бөлшегі ретінде сезініңіздер, әр қайсысымыздың өз орнымыз, өз есебіміз бар….

Көздеріңізді жұмыңыздар, ал енді ойша осы шеңберде тұрған адамдарға жақсы, жылы, қайырымды тілек тілеңіздер. Біздің оларға бергіміз келетіндігін барлығы сезінетіндей етіп жасау біздің күш- жігерімізде. Біз қаншалық көп берсек, соншалықты өзімізге қайтады, себебі біздің әрқайсымыз- тұтас үлкеннің жартысымыз, сіздің өз отбасыңыздың бір бөлшегіміз… ( сезіну мен жанасу коммуникациясы)

 Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады.

Тілек шамы

Отбасы, жанұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

      Құрметті ата аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.

Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.    

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Отан ?шін от кешкендер сценарий
  • От чистого сердца простыми словами сценарий
  • От чего я рад сегодня нынче праздник новогодний
  • Особенности съемки детских праздников
  • От чего произошло слово праздник

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии