Отбасылы? спортты? сайыстар сценарий

Тақырыбы: ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН отбасылықспорттықсайыс Қатысушы:4 сынып оқушылары мен ата аналары Мақсаты:Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаул

Тақырыбы:  «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»

отбасылық спорттық сайыс

Қатысушы: 4 сынып оқушылары мен ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, кіші доптар, бадминтон қалақтары.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Негізгі бөлім.

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Отбасы – бақыт мекені» апталығына орай 4 – сыныптар арасында ұйымдастырылған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

1. Маңғыстау тобы.

2. Қыран тобы.

3. Сұңқар тобы.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Аширов Сағынжан.

2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Ерғали Ерлан.

3. Дене нұсқаушысы Мәтенов Исембай.

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:

1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру

2-тур: «Эстафета»

3-тур: «Батпақ»

4-тур: «Шар»

5-тур: «Арба»

6-тур: «Дастархан»

7-тур: «Арқан тартыс»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

І. «Менің отбасым».  Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

  • Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

ІІ. «Эстафета»

Шарты:  Таяқшаны бір топ мүшесі алып жүреді, мәреге жетіп кейін қайтып келіп екінші топ мүшесін алып кетеді, мәреге қалдырып келесі топ мүшесінде озімен бірге алып барлық отбасы жиналып бірге өз орнына жетуі тиіс.

ІІІ. «Батпақ»

Шарты: Шығыршықпен орындалатын бұл ойында әр отбасы бірге шығыршықтан қығыршыққа секіру арқылы белгіленген жерге барып кейін қайтадан орынға жету.

ІV. «Шар»

Шарты: Әке мен ана бір – біріне арқаларын қаратып орналасады екі араға шар қойылып, сол шарды кедергілер арасымен жерге түсірмей алып келу.

V. «Арба»

Шарты:  Әр отбасы  мүшелері гимнастикалық таяқпен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау.

VI. «Дастарқан».

Шарты: Дастарқан  басында  отыру тәртібі. Кеглиде әр отбасы мүшелерінің атары берілген. Сол отбасыларын рет –ретімен орналастыру. Үстелде №1 кім отырады (атасы, әкесі), № 2 кім отырады (ағайындары, ағалары, ұлдары), № 3 кім отырады (анасы, келіні), № 4 сан – қонақ (құда-құдағи, нағашы, жиен, бөле т.б) қонақтан кейін немесе қонақ келмесе тұрмыс  құрмаған қыз отырады, №5 сол үйдің немесе әулеттің қыз-күйеулері, №6 табалдырық, №7 санының қасиеті — дастархан, ондағы ұлы тағам-ас

  1. «Арқан тартыс»

Шарты:  Екі отбасы  мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

  • Рахмет!
  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше! 

Просмотр содержимого документа

««ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН» отбасылық спорттық сайыс»

Өтілген күні : 09.12.2017

Тақырыбы: «Біз-спорттық отбасы»  спорттық сайыс

Қатысушы:  бір отбасынын балалары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  қапшық, доптар, секіртпе, асықтар, батут,кедергілер.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Негізгі бөлім.

Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған « Біз – спорттық отбасы » атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

  1. «Бейбарыс» тобы,

  2. «Жас қыран» тобы,

  3. «Жас қыран» тобы,

  4. «Жалын» тобы,

Бейбарыс тобы топтың ұраны:
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық

Ортаға: Жеңіс отбасын шақырамыз«Қыран»тобының ұраны.
Қыран тобы алға биіктерге самға
Жарыстарда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға
Ортаға: Қайсаровалар отбасын шақырамыз

Тұлпар тобының ұраны:
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.

Ортаға: Темірғалиевалар отбасын шақырамыз

«Жалын» тобының ұраны

«Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз, 
 Жігерлі де, білімді, айбаттымыз»

Ортаға: Бекболатовтар отбасын шақырамыз

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Жаналы Ерболат Жақсығалиұлы

2. Малсақбаева Гүлімай Шайжановна

3. Аблаева Анаргуль Базарбаевна

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 7 турдан тұрады:

1-тур: Жүгіру

Шарты: Белгіленген жерге дейін жүгіріп келіп кедергіден барып келу. Команда толық қатысады

Әділ – қазы алқаларынан бағаларын сұраймыз.

2-тур: Секіртпе

Шарты: Секіртпемен белгіленген жерге дейін жүгіріп барып келу

3-тур: Қапшық сайысы

Шарты: Кедергілерден арасынан белгіленген жерге дейін қапшықпен жүріп өту

4-тур: Баскетбол добы

Шарты: Баскетбол добын кедергі арсынан ұрып өту

5-тур: Асық ойыны

Шарты: Асықтарды белгіленген жерге 5 рет ату. Қанша асық атса сонша ұпай беріледі

6-тур: Теңге алу

Шарты : Батутпен кедергілер арасынан жүріп өту теңгені жинау

7-тур: 3 аяқпен жүгіру

Шарты: Сайыскерлерді аяқтарын бір – біріне байлап кол ұстасып 3 аяқпен жүгіру

III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер.

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

Жалпы ұпай санымен 1 орынды Жеңіс отбасы. 2 орын Темірғалиевалар. 3 орын Қайсаровалар. 4орын Бекболатовтар отбасы марапатталады. Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Бекқұл баба атындағы негізгі мектебі

Өткізген: Сейлова Алмагуль Жубанышовна

2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»

отбасылық спорттық сайыс

Қатысушы:  3 – 4 сынып оқушылары мен ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, кіші доптар, бадминтон қалақтары.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Негізгі бөлім.

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

  1. «Бәйтерек» тобы, Досқалиевтар отбасы
  2. «Болашақ» тобы, Алмұхановтар отбасы
  3. «Жас қыран» тобы, Кажимовтар отбасы

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрбек Бекболатұлы
  2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жомарт Алдоңғарұлы
  3. Даярлық топ сыныбының тәрбиешісі Райгүл Қобыланқызы

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:

1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру

2-тур: «Эстафета»

3-тур: «Тасымақ»

4-тур: «Көпсайыс»

5-тур: «Арба»

6-тур: «Арқан тартыс»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

І. «Менің отбасым».  Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

  • Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.

ІІ. «Эстафета»

Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы  бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей, допты теуіп алып жүру.

ІІІ. «Тасымақ»

Шарты: Әр отбасы  мүшелері еңкейе жүре желкесіндегі  допты жерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.

  • Сәт сапар!
  • Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!

ІV. «Көпсайыс»

Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана  баласын айқастырылып ұсталған  қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.

  1. «Арба»

Шарты:  Әр отбасы  мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау.

  1. «Арқан тартыс»

Шарты:  Екі отбасы  мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

  • Рахмет!
  • Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!

III. Қорытынды бөлім.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:

— «Жаса, қазағым» әні.

Орындаушылар: Ермекқалиев Дамир, Тілекқабылов Мейірбек.

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

І орын – Кажимовтар отбасынан құралған топ «Жас қыран»

ІІ орын – Алмұхановтар отбасынан құралған топ «Болашақ»

ІІІ орын – Досқалиевтар отбасынан құралған топ «Бәйтерек»

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

«Толағай» отбасылық сайысы


  • Дене шынықтыру
  • medetmmm
  • 12.01.2018
  • 0
  • 1
  • 11241

ШҚО Катонқарағай ауданы Көкбастау ауылы КММ «Юбилейное орта мектебі»
Дене шынықтыру пән мұғалімі: Черьязданов Ернат Меирович

Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер

1. Спорт — денсаулық кепілі.

2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

3. Саулық-байлық негізі

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық- әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы — еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектеп-лицейіміздің 7 «А» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1-жүргізуші:

Денсаулық — ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2-жүргізуші:   

Денсаулық — ол күлуің
Көңіл — күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

1-жүргізуші:

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.

2.

1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.       

2-жүргізуші:   

Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

1-жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

2-жүргізуші:   

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!

1-жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Күшімізді көрсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

2-жүргізуші:   

Бүгінгі спорттық сайыс _____ кезеңнен тұрады.

1.

2.

1-жүргізуші: Сайысқа арнайы _____ отбасы қатысады.  

Ал, енді І «Таныстыру»  кезеңін бастайық!

(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.

1____________________________________________ отбасы

2____________________________________________ отбасы

3____________________________________________ отбасы

4____________________________________________ отбасы

2-жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

І тур: «Кім жылдам?»

(анасы допты полға ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, колесоға  түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)

1-жүргізуші:

ІІ тур: «Білімді кенгуру» сайысы.

(ата-аналар мен оқушылар кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек)  /барарда және қайтарда осы іс-әрекет/

2-жүргізуші: ІІІ тур: «Кім көп секіреді?». (ата-анасы скакалканы екі жақтан ұстап, баланы  секіртеді) /10-нан аса/

1-жүргізуші: ІҮ тур: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!».  (Ата-ана кезекпен-кезек орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата-ана соны шешу керек, яғни айту керек. /Шар жарылғанша, қайталайды./ Кездескен кедергілерден өту қажет: обручтан өту, бір аяқпен секіру)

2-жүргізуші: Ү тур: «Жеңіске жету» сайысы.

Ата-аналар кезекпен-кезек кездескен кедергілерден өтіп, /змейка- доппен, обручты айналдыру-3 рет,  скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../

Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді.

1-жүргізуші:

Денсаулықтың  маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат  күлкіні жамылып.
Той – думанда да, кездесу мен жиын да,
Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

2-жүргізуші: Ендігі кезек,  бүгінгі сайыста белсенділік танытып отырған белсенді көрермен ата-аналарға берейік. Сонымен «Белсенділер» тобымен өткізілетін сайыс:

1-жүргізуші:

1. Қол күресі. (әкелер үшін)

2. Арқан тартысу. /аналар бөлек және әкелер бөлек/

3. Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын түсіндіру./

2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын ашу, түсіндіру./

Мақал-мәтелдер

1. Денсаулық — …………………… (зор байлық)

2. Тәні саудың — ………………………….. (жаны сау)

3. Емнің алды — ………………………….. (еңбек)

4. Тазалық – саулық негізі,

Саулық — ……………….. негізі. (байлық)

5. Шынықсаң — ………………… (шымыр боласың)

6. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын …………. ізде. (жол)

7. Сау дене,озат ақыл, адал көніл-

Үшеумен бақытты болады …………….. (өмір).

1-жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.

Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.

2-жүргізуші:

Өмір, өзін қайдасын,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсын.
Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,
Нұр төгеді сиқырлы кітап  біздерге.
Денсаулықтың  әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне

1-жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

2-жүргізуші: Марапаттау рәсімі біздің ата-аналарымыздың өнерлеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1-жүргізуші:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!

2-жүргізуші:

Денсаулық — басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1-жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамадалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!


«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс
Мақсаты: Ата — ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым — қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: доптар, шығыршық, түрлі — түсті шарлар, төсеніш, қап, арқан, қасық, теннис добы, кеглилер.

Сайыс шарттары:
1. Тіке жүгіріс
2. Шығыршықпен допты алып жүру
3. Қаппен секіру
4. Шар ату
5. Кедергілерден өту
6. Ептілікті байқау
7. Тіркесіп жүгіру
8. Үзілісті жүгіріс
9. Арқан тартыс
10. Кім жылдам? (логикалық есеп шығару)
11. Капитандар сайысы

Сайысқа 3 отбасы қатысады. (құрамында 3адам)
Сайыс шарты бойынша әр топтың аты, төсбелгісі, ұраны болады.
Сайысты бағалайтын төрешілер құрамы сайланады.

Сайысқа түсетін отбасыларының тобының аты:
«Арлан» тобы
«Бірлік» тобы
«Смайлик» тобы
1.«Тіке жүгіріс» ысқырып белгі бергеннен бастап тіке жүгіріп, белгіленген жерден кеглиді айналып өтеді.
2. «Шығыршықпен допты алып жүру» допты кедергілердің арасымен алып жүру.
3. «Қаппен секіру» бел тұсына дейін қапты киіп, қос аяқпен секіру.
4. «Шар ату» отырып, қаз жүрісімен жүріп барып, белгіленген жерден шарды атып жару.
5. «Кедергілерден өту» жүгіріп келіп төсеніштің алға домалап түсіп, шығып шықтың арасынан өтіп, жүгіріп қайту.
6. «Ептілікті байқау» теннис шаригін қасыққа салып, ауызға тістелеп жүріп қайту.
7. «Тіркесіп жүгіру» алдағы екі ойыншы тіркесіп жүгіріп қайтып, үшінші ойыншыны тіркестіріп жүгіріп шығу.
8. «Үзілісті жүгіріс» алаң ішіндегі (едендегі) сызық бойынша үзілісті жүгіріспен жүріп қайту.
9. «Арқан тартыс»
10. «Кім жылдам?» логикалық есеп шығару (уақыт есебімен)
4 4 4 4 = 20
11. «Капитандар сайысы» гір тасын көтеру

Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленеді.
Жүлделі 1 орын 48 ұпаймен «Бірлік» тобы
2 орын 46 ұпаймен «Смайлик» тобы
3 орын 44 ұпаймен «Арлан» тобы
марапатталады.

 Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы

Мақсаты: оқушылар мен  ата-аналарға  адам  денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  1.Доп,кегли,шеңбер,скакалка,секундомер,ысқырық,арқан

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,  ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.

 «Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда».Бүгінгі «Әкем, анам және мен» спорттық  отбасылық   сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы – отбасыларды  спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі!  Бұл жарыс — отбасылардың қатысуымен  өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама  бүгінде біздің мектепте 3 «А», 3 «Ә», 4 «А» сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

 Сайысымызды ашып беру үшін  ортаға  мектебіміздің директоры Избасова Алтын Болатқызын   шақырамыз.

Ортаға «…………….»  әнімен  мектебіміздің  ……сынып оқушысы   ………………….. шақырамыз.

1-жүргізуші: Ендігі сөз әрдайым игі істердің қасында жүретін  еліміздегі көшбасшы «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясынан келіп отырған аса қадірменді қонағымыз     ………………      береміз.

2-жүргізуші: Ендігі сөз мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әрі әділқазылар алқазылар алқасының төрағасы Болат Мұхамедалиұлына береміз.

1-жүргізуші:

Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әке, шеше және мен» отбасылық  сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

   2-жүргізуші:

  Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Оқу-тәрбие  ісінің меңгерушісі – Абылаев Болат Мұхамедалиұлы

  2. Ғылыми-әдістемелік орынбасар -Садыкова Гульзада Рустемовна

  3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-Огнева Людмила Николаевна

1-жүргізуші:   

  Бүгінгі спорттық сайыс    2  кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. «Шынықсаң шымыр боласың»   дене жаттығу жасауы

2-жүргізуші: Сайысқа арнайы  отбасы қатысады.  

Ал, енді І «Таныстыру»  кезеңін бастайық!  

Әр отбасы өздерінің командаларын таныстырып өтеді.

1-жүргізуші: Ал,енді ойынымыздың негізгі бөлігіне көшейік  . «Шынықсаң,шымыр боласың» тақырыбында әр түрлі дене жаттығулары.

2-жүргізуші:  1 тур   Эстафеталық таяқша.  

Топ мүшелері  таяқшаны алып  жүгіре отырып,белгіленген межені айналып,таяқшаны келесі ойыншыға табыстайды.

1-жүргізуші: 2  тур   Аралас эстафета.   

Әкесі допты кедергілер арасымен  аяғымен  жүргізе отырып  межеге қойып кетеді,ал баласы  тіке жүгіріп барып,межедегі допты кедергілер арасымен қолымен жүгірте отырып алып келеді.Анасы скакалкамен кедергілер арасыен жүгіре отырып,межеге скакалканы қалдырып,тіке жүгіріп қайтып келеді.

2-жүргізуші:  3  тур   Шеңбермен  жүгіру.

Әкесі тіке жүгіріп барып межедегі шеңберді алады да беліне ұстап жүгіріп келіп,тобындағы баласын шеңбер ішіне салып екеуі межені айналып орындарына келеді,енді шеңберден әкесі шығады да,анасымен бірге баласы дәл осы тәртіппен жүгіреді

                                                                  1-жүргізуші:  4 тур Арба.

Қатысушы допты шеңбер ішіне салып,кедергілер арасымен жүгіре отырып,межені айналып келесі ойыншыға табыстайды.

2-жүргізуші: 5 тур Пингвин.

1 қатысушы допты екі аяғының ортасына салып,межені айналып келеді де,допты келесі ойыншыға табыстайды.Осылайша ойын жалғасады.

1-жүргізуші: 6  тур  Арқан тартыс.

                                                                                      2-жүргізуші:  

Осымен бүгінгі «Әкем ,анам және мен » тақырыбындағы отбасылық сайысымыз аяқталды.Ортаға  әділқазылар мүшелегінің төрағасы  Абылаев Болат Мұхамедалиұлы мен «НұрОтан» ХДП-нан келген …………….. шақырамыз.

Қорытынды: Командаларға ойын нәтижелері бойынша ,орындар,соған сәйкес дипломдармен марапатталуы тиіс.

Бекітемін:

Тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтмуханова А.Ж.

Күні 20.10.2017ж. 11.30-да

Қатысушылар 1-сынып 18 атаана

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде

Тақырыбы:   «Дені сау ұрпақ ел болашағы»   отбасылық спорттық сайыс 

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік  құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.   Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 

Түрі: эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: спорт зал

Керекті  құралдар: доптар,  кеглилер, шығыршық, себеттер, қаптар.                            

Жүргізуші:                  

Шынықсаң  шымыр  боларсың,

Сауығып  айдай  толарсың.

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боларсың.

Жеңімпаз   болу оіай ма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті  әріптестер, ата-аналар  және  балалар  бүгінгі отбасылық  спорттық сайысымызға  хош  келдіңіздер!  

Сайысқа 18 отбасы  қатысып отыр.

                                      Жарысқа  қатысушыларды  шақырамыз,

                                      Әр  таңды  бақытпенен  атырамыз.

                                       Өнерді  ой  көгінде  бақылаңыз,

                                       Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға — 

 (Әр тобын  таныстырады )

Сайысымыздың  әділ  бағасын  беретін  әділқазылар  алқасымен таныс  болайық.

1.    Тәрбие ісінің меңгерушісі     Сейтмуханова А.Ж.

2.    Дене шынықтыру пәні мұғалімі Сабиров С.Ш.

3.    Мектеп медбикесі Кабиева А.Х.

Сайыс кезеңдерін смайликпен бағалайсыз .

Сайысымыз  4  кезеңнен  тұрады.

І «Желаяқтар»

ІІ «Шығыршықтан өту»

ІІІ «Кенгуру»

ІҮ «Пингвин»

«Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. әр топтың эмблемасы
1 — топ «Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан»
2 — топ «Барыс» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін»
3 – топ «Қыран» тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»

І    кезең:  «Желаяқтар»  

Ойын шарты:  Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, екінші  ойыншыға қол беру.  Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.  Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

ІІ   кезең:  Шығыршықтан өту.

Ойын  шарты: Бастапқы орыннан бірінші  ойыншы  шығыршықты ұстайды  қалған  ойыншылар  шығыршыұтан  өтеді. Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске  жетеді.

ІІІ  кезең:                  «Кенгру»             

Ойын шарты: қаппен  секіру.

ІҮ кезең: «Пингвин»

Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып, эстафетаны келесі ойыншы жалғастырады.

Жүргізуші:

              Жарыс  заңы  ежелден-

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарады.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы алқасына  сөз  

кезегін   береміз. (Әділқазыларды  тыңдау)

Марапаттау рәсімі.

Уа,  халайық  назар  аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді

Құр  айтпаған  Ұлы  Абай  данамыз  да.

Құрметті  бүгінгі  сайысымыздың  қонақтары!  Сіздерге сайысымызға  келгендеріңізге  көп-көп  рахмет!

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Отбасы т?рбиесі сценарий
  • Отбасы мені? тірегім сценарий
  • Отан туралы сценарий балаба?шада
  • Отан ?шін от кешкендер сценарий
  • От чистого сердца простыми словами сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии