Отбасылы? жарыс сценарий

?йымдастыр?ан о?у іс- ?рекетіні? технологиялы? ?артасы Сынып: мектепалды ?Білім беру саласы: ?леуметтік орта?ОІ?: ?зін-?зі тануТа?ырыбы: Отбасым ба?ыт мекеніМа?

?йымдастыр?ан о?у іс- ?рекетіні? технологиялы? ?артасы              

Сынып: мектепалды «?»

Білім беру саласы: ?леуметтік орта          

?ОІ?: ?зін-?зі тану

Та?ырыбы: Отбасым –ба?ыт мекені

Ма?саты:С?йіспеншілік,сыйласты? ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.

Міндеттері:-отбасы с?йіспеншілігі,сыйласты?ы туралы т?сініктерін ?алыптастыру:

                   -отбасында?ы ?зара сыйласты? ?арым-?атынас да?дыларын дамыту,

                   -отбасына с?йіспеншілікке т?рбиелеу.

 ?діс-т?сіл: шатты? ше?бер, ойын,к?ркем с?з, ??гімелесу,?зіммен-?зім,ж?ректен ж?рекке

К?рнекілік:доп, суреттер,к?н (пара? б?лігінен ??растырыл?ан),альбом, т?рлі т?сті ?арындаш,фломастер.

С?здік ж?мыс:отбасы,ба?ыт

Билингвальдік компонент:отбасы-семья, ба?ыт-счастье

Іс-?рекет б?лімдері

Т?рбиешіні? іс-?рекеті

Балаларды? іс-?рекеті

Мотивациялы? -?оз?аушылы?

Шатты? ше?бер:

-Амансы?дар ма, балалар!Мен сендермен б?гін кездескеніме ?те ?уаныштымын. ?ане, бір-бірімізге ?арап, ?демі к?лкімізді сыйлайы?шы!

-Жарайсы?дар,балалар, к??ілдерін к?терілді ме?!

— Б?гін біз ?зін-?зі тану о?у іс-?рекетінде б?рімізге ?ымбат,с?йікті отбасымыз  туралы ??гімелесеміз.

Шатты? ше?берге белсе?ді ?атысады.

                     ?йымдастырушылы? ізденістік

-?ане, киіз ?йді ??райы?.

Д??гелене т?райы?,

Керегені ??райы?.

Уы?тар боп иіліп,

Киіз ?йді ??райы?.

-?алай ойлайсы?дар киіз ?йде кімдер т?рады?

-?андай отбасы болады?

Отбасын неліктен жа?сы к?ресі?дер?

Ойын.

Балалар?а кезек-кезек допты ла?тырып,с?ра? ?ою.

*Отбасы м?шелерін ата.

*Сен отбасында кімді жа?сы к?ресін?

*Отбасы м?шелерін ?алай сыйлайсы??

*Кішкентай б?пе?е ?андай к?мек к?рсетесі??

-Ана?ды ?алай мада?тайсы?? ?алай сыйлайсы??

?р адамны? ?з отбасы-?кесі,анасы, ?жесі,атасы,а?асы,?пкесі,болады.Олар бір-бірін жа?сы к?реді,сыйлайды, к?мектеседі.

Суреттермен ж?мыс.

-Ата мен ?ке-ер адамдар; а?а мен іні-?л балалар; ана мен ?же-?йел-аналар,?пке, сі?ілі,?арындастар-б?л с?йкімді ?ыздар.

Отбасында барлы?ы бір-біріне к?мектеседі,?ам?ор болады.

??гімелесу.

-?з отбасы туралы не айтасын?

Сергіту с?ті

Бір ?йде біз нешеуміз?

Кел санайы? екеуміз.

Бас барма?ым-атам,

Орта? терек-?жем

Бала? ?йрек-?кем

Шылдыр ш?мек-анам

Титтей б?бек-мен

Бір ?йде біз нешеуміз?

Бір ?йде біз бесеуміз.

-Балалар, сендерді ?йде еркелете ме? ?ане есімізге т?сірейікші.

?.Искаковты? «Кім ойлап тап?ан?» о?у,балалармен бірге ?айталау.

С?здерді е? аяулы,

Жа?сы к?ріп оларды

Кімні? ойлап тап?анын.

«К?нім», «жаным» дегенді,

«??лынша?ым» дегенді,

«Бота?аным» дегенді

«?оша?аным» дегенді,

«Айналайын» дегенді

«Тол?ан айым» дегенді

Ойлап тап?ан аналар.

-Неге ??сайды?

-К?н бізге не береді?

Д?йекс?з: «К?ннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» т?сіндіру.

-К?нні? жылуы мен ана махаббатыны? арасында ?андай байланыс бар?

-Ия, аналар бізді т?рбиелейді, жа?сы к?реді,к?нде аналар сия?ты ?сіреді,жылыуын береді.

?зіммен-?зім.

Баяу музыка орындалады.

-Балалар, к?здерін ж?мыс ?з аналарына ?андай г?л шо?ын сыйлатынын елестеті?дер.

Альбоммен ж?мыс.

-Сен анана ?андай г?лді? суретін сыйлайсы??

Ше?берге т?рып,?имыл жасайды.

С?ра?тар?а жауап беріп, ?з ойларын айтады.

Ойын?а ?атысады.

Балалар допты ?агып,алып с?ра?тар?а жауап береді.

М??ият ты?дайды.

Суреттерге ?арап,отбасы м?шелерін атайды, ??гімелейді.

?р бала ?з отбасы жайлы ??гімелейді.

Сергіту с?тін жасайды.

Сауса?тарын б?гіп, отбасы м?шелерін атайды.

-Айым, жаным,балапаным,к?нім.

?ле?ді ты?дайды.

С?здерді магнитты? та?та?а жапсырады.

Ты?дайды.

?з пікірлерін айтады.

?зіммен-?зім.

Балалар к?здерін ж?мып,отырады да ?з аналарына ?андай г?л шо?ын сыйлайтыны? елестетеді,сурет салады.

?андай г?л суретін сыйлайтыны? айтып береді.

Рефлексиялы?  т?зетушілік

?орыту.

-Б?гін біз ?зімізге е? жа?ын,е? ?ымбат анамыз туралы,е? а?ылды,?ам?ор ?кеміз туралы,е? ?айырымды ата-?жеміз,е? с?йкімді а?а-?пкеміз туралы ??гімелестік.Отбасы-ол е? жа?ын адамдарды? оша?ы.?р?ашан отбасы м?шелерін сыйлап, ??рметтеу керек.

Ж?ректен ж?рекке.

-Балалар, сендер ?з отбасыларынды жа?сы к?ресі?дер,оыс жылы тілектермен білдірейік.

Ж?ректен ж?рекке абабалр ?з отбасы тілек, жылы лебізін білдіреді

К?тілетін н?тиже:

 ?абылдайды: отбасы-ба?ыт мекені

Т?сінеді: отбасында?ы с?йіспеншілік, ?ам?орлы?

?олдана алады: ?з ойларын айту, ойын?а ?атысу, г?лді? суретін салу.

Просмотр содержимого документа

«отбасылы? жарыс»

«Өмірде бақыттысың денің сауда» (отбасылық — эстафеталық жарыс)

«Өмірде  бақыттысың  денің сауда»  (отбасылық — эстафеталық  жарыс)
Мақсаты: 1. Тәрбие негізі отбасынан басталатынын түсіндіру.
2. Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылығын арттыру.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
4. Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін ата-анасына білдіру.
Өткізілген орны: спорт алаңы.
Спорт түрі: эстафеталық жарыс
Өткізілген уақыты: 22. 04. 2013 ж.
Пайдаланылатын құралдар: ысқырық, доп, кедергілер, секіртпе, шелек, гир, оқ, нысана, пневматикалық мылтық, уақыт көрсеткіш, метр, велосипед  т. б.

Барысы:
Қызады бүгін той – сайыс

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді көтеріп

Інжу – маржан шашайық

Ырыс дәулет мол болсын

Жылда осындай той болсын

Жарысты енді бастайық

Ал, кәнекей жол болсын!

Құрметті ұстаздар,  ата-аналар мен оқушылар!
Бүгінгі «Өмірде  бақыттысың  денің  сауда» атты отбасылық жарысқа хош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Абылай әулетінен «Денсаулық», Зинекен әулетінен «Шапағат», Өтес әулетінен  «Жеңіс» топтарын ортаға шақырамыз.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер.-дей келе

Бүгінгі төрелік жасайтын әділ-қазылармен таныстыру.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Байшуақов.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Келдібаев.

Класс жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Б. Туралина.

Жарысқа қатысушы отбасылар  өз тобымен таныстыру.
Ән жолдау: Жарқыраның орындауында «Саржайлау»
Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Ойынның шартымен таныстыру:
1. «Жүйрік ат»  — допты аяқ арасына қысып, кедергілер арасынан алып жүру.
2. «Кім жылдам» — допты кедергілер арасымен қолмен жерге ұру арқылы барып, қайтарда да кедергілердің арасымен алып қайту.
3. «Допты торға»  — ата-ананың біреуі шелекті ұстап тұрады, қалған отбасы мүшелері жүгіріп келіп белгіленген жерден допты шелекке салады. (3 рет лақтырады).
4. «Теңге алу» — ата-анасы балаларын арқалап, «теңгені» алып кері қайтады.
5. «Футболшы»  — допты кедергілер арасымен аяқпен тебу арқылы алып жүру.
6. «Зілтемірші» — ата-аналары гир тасын көтеріп, белгіленген жерден ұзындыққа лақтырады.
7. «Кім шапшаң» — секіртпені ата-анасы айналдырып тұрады, балалары 1 минутта неше рет секіретіндігі есептелінеді.
8. «Кенгуру» — бір-біріне жалғастырып ұзындыққа секіру.
9. «Сұрмерген» — пневматикалық мылтықпен әртүрлі нысаналарды ату.

  1. «Жүргізуші» — велосипедпен кедергілердің арасымен жүру.
    Ән жолдау. Қуандықтың орындауында «Жаса, қазағым»
    Жарыс заңы ежелден — Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол — еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей, Тараса бізге жарады.

Ойынның нәтижесі бойынша әділ-қазылар топтық сайыста қай отбасы жеңіске жеткендігін хабарлау және марапаттау.

Тақырыбы :     «Толағай»   отбасылық  сайысы.

 Мақсаты:    Балалар  мен  ата-аналарға  спорттық  ойындарды     

                    орындата  отырып  ,  спортқа деген қызығушылық-

                    тарын  арттыру. Салауаттану – адам  жанының  да , 

                    тәнінің де  тазаруы,  денсаулығының  нығайуы ,       

                    салауатты  өмір  салтын  ұстануға  тәрбиелеу.                                      

Керекті  құралдар: доптар,  кеглилер, шығыршық, уақ  доп, 

                  үлкен   қолғап,  құрсаулар,  аттар,  конфеттер, 

                  себеттер, қаптар.                            

Жүргізуші:Шынықсаң  шымыр  боларсың,

                          Сауығып  айдай  толарсың.

                    Спортты  серік  ете  біл,

                    Жақсы  азамат  боларсың.

                    Жеңімпаз   болу оіай ма,

                     Арман  болған  талайға

                     Болмасаң да  ұқсап  бақ,

                    Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті  әріптестер, ата-аналар  және  балалар  бүгінгі «Толағай» отбасылық   сайысымызға  хош  келдіңіздер!  Көңілді  жарысымызға ересектер  және  естияр тобымыздың  бүлдіршіндері  мен  ата-аналары  қатысады.

 Жарысқа  қатысушыларды  шақырамыз,

 Әр  таңды  бақытпенен  атырамыз.

 Өнерді  ой  көгінде  бақылаңыз,

Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға — 

1.Ерлановтар отбасын  шақырамыз.

2. Ташеновтар отбасын  шақырамыз.

3.Айдаргазиндаротбасын  шақырамыз.

 (әр отбасы орнына  келіп  тұрып, тобын  таныстырады)

 Жүргізуші:  «ТОЛАҒАЙ» отбасылық  сайысы —  еліміздегі  отбасылардың  атсалысуымен  өтетін  тәрбиелік  маңызы  зор  ойын – сауықты  бағдарламалардың  бірі.  Олай  болса  сайысымызды  бастайық.

                                             Ал, құрметті  халайық!

                                               Жарысты  енді  көріңдер.

                                               Әділ  қазы  алқасы

                                               Әділ  баға  беріңдер.

Сайысымыздың  әділ  бағасын  беретін  әділқазылар  алқасымен  таныс  болайық.

1.    Балабақша  меңгерушісі:  Б.І.Байбусинова

2.    Балабақша  әдіскері:А.Б.Мусапова

3.    Балабақша медбикесі:Ж.Сергизина

Сайысымыз  6  кезеңнен  тұрады.

І    Кезең:  «Желаяқтар»  

Ойын шарты:    

 Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер  арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, екінші  ойыншыға қол беру.  Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.  Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

ІІ   Кезең:  Шығыршықтан өту.

Ойын  шарты:

 Бастапқы орыннан бірінші  ойыншы  шығыршықты ұстайды  қалған  ойыншылар  шығыршыұтан  өтеді. Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске  жетеді.

ІІІ  Кезкң: «Теңге  ілу»

Ойын шарты: 

 Әр топ хоп  добымен  секіріп,  өздеріне  берілген  түстегі  шарларды бір- бірден үш рет келіп   межедегі  шелекке  салу  керек.

ІV  Кезең: «Секірмек»

Ойын шашты:

 Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы  атпен шауып келеді.

V    Кезең:«Кедергілерден өту»             

Ойын шарты:

Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып доға баспадан өрмелеп- түсіп, гимнастикалық стол үстімен жүгіріп түсіп, кері қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші  ойыншы ойынды жалғастырады.

VІ    Кезең:«Кенгру»             

Ойын шарты:    

 Қаппен  секіру.

Жүргізуші:

              Жарыс  заңы  ежелден-

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарады.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы  алқасына  сөз  кезегін   береміз. (Әділқазыларды  тыңдау)

Уа,  халайық  назар  аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді

Құр  айтпаған  Ұлы  Абай  данамыз  да.

Құрметті  бүгінгі  сайысымыздың  қонақтары!  Сіздерге  сайысымызға  келгендеріңе  көп-көп  рахмет!

Просмотр содержимого документа

«Отбасылық сайыс»

«Отбасы күні» атты спорттық жарыс
Мақсаты: балабақша қызметкерлерімен ата — аналардың арасындағы қарым — қатынасты жақсарту, ата — аналарды балабақша өміріне белсенді қатысуға баулу.
Міндеттер:
1) мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын нығайту;
2) спорт және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру;
3) балабақша қызметкерлеріне және ата — аналарына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: үрленген шарлар, түрлі — түсті дөңгелектер, картоннан жасалған іздер, секіргіштер, кегли, қаптар, түрлі түсті жапырақтар.
Безендіруі: спорттық зал шар, түрлі түсті жалау және плакаттармен безендірілген.
Қатысушылар: әр 4 топтан 1 жанұя.
Сараптаушы: қазылар алқасы.

Жарыстың сценарийі
1 — жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қазылар алқасы, сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Бүгінгі, біздің балабақшамыздағы ата — аналардың қатысуымен алғашқы рет өткізіліп жатқан «Отбасы күні» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші:
Біздің ортамызға 1 топтан…………… жанұясын шақырамыз.
——————————-
(Төрт топтың жанұясы кезекпен залға кіріп, орындарына тұрады).

1 — жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата — аналар, балалар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгінгі жарысымыз өте қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, балалар — сүйкімді, аналар — әдемі, әкелер — мықты.
2 — жүргізуші: Ендеше, бүгінгі жарыстың қатысушылармен танысу уақыты келді. Жүргізушілері: ———————— және мен — ———————-.
Қазылар алқасының мүшелері:
Әр тапсырманы тез, дұрыс және бірінші орындаған топқа ұпай қойылады. Соңында, ең көп ұпай жинаған отбасы жеңімпаз боп аталады.
1 — жүргізуші: Енді, біздің отбасыларымызбен танысамыз.
Бірінші тапсырма: «Таныстыру». (1 топтан бастап әр отбасы өзін таныстарды).
2 жүргізуші:
Екінші тапсырмамыз: «Жұмбақты шешу». Мен жұмбақты оқимын, сіздер оны шешу керексіздер. Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Дайынсыздар ма?
Ендеше бастайық.

1) Тепсең — ақ секiрiп,
Ұстатпай қашады.
Бiр жерге бекiнiп,
Тұра алмай қашады. (Доп)
2) Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана)
3) Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)
1) Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки)
2) Үрлесең жеп — жеңiл,
Елпiлдеп кетедi.
Ұшырсаң,
Көк — теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
3) Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды. (ұшақ)

1 — жүргізуші: Үшінші тапсырма: «Дөңгелектерді жина». Жерде 4 түсті дөңгелектер шашылып жатады. Әр топқа бір түс айтылады. Балалар айтылған түсті дөңгелектерді жинап алу керек. Бірінші дұрыс және барлық дөңгелектерді жинап алған топ ұпай алады. дайынсыңдар ма? Ендеше бірге санаймыз. Бір, екі, үш — алға! (сайыс әуенмен жүргізіледі).
2 — жүргізуші: Төртінші тапсырма: «Шар». Осы сайысқа аналар қатысады. Аналардың қолдарына жіңішке таяқша мен үрленген шар беріледі. Шарды жерге түсірмей, тек қана таяқшамен итермелеп, алдарында қойылған кеглиді айналып өтіп, орындарыңызға қайту керексіздер. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш — алға!
1 — жүргізуші: Бесінші тапсырма: «Іздермен өту». Осы сайысқа әкелер қатысады. Әр әкеге екі ізден беріледі. Еденге баспай, ізден шығып кетпей, қойылған кеглиді айналып, қайта орыңызға келесіздер. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш — алға!
2 — жүргізуші: Алтыншы тапсырма: «Қаппен секіру». Балаларға қап беріледі. Қаптың ішіне аяқтарын салып, қойылған кеглиді айналып өтіп, қайта орындарына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш — алға!
1 — жүргізуші: Жетінші тапсырма: «Секіргішпен секіру». Әр анаға секіргіш беріледі. Секіргішпен секіріп, кеглиді айналып орнына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш — алға!
2 — жүргізуші: Сегізінші тапсырма: «Ұзындыққа секіру». Әкелер бір сызыққа тұрады. Дабыл бойынша алға секіру керек. Ең алыс секірген әкенің тобы ұпай алады. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш — алға!
1 — жүргізуші: Тоғызыншы тапсырма: «Мықты отбасы». Отбасының мүшелерінің бір аяқтары бірге байланады. Дабыл бойынша отбасы бірге жүгіріп, кедергілерді соғып кетпей, кеглиді айналып, қайта орнына келу керек. Дайынсыңдар ма? Ендеше, санаймыз. Бір, екі, үш — алға!
2 — жүргізуші: Оныншы тапсырма: «Ең мықты әке». Әкелер ана мен баласын көтеріп, жерге түсірмей, қойылған кеглиді айналып келу керек.
1 — жүргізуші: Он бірінші тапсырма: «Сурет құрастыру». Әр отбасыға бір суреттің қырқылған бөлшектері беріледі. Сол суретті тез уақытта құрастырып жинап алу керек.
2 — жүргізуші: Он екінші тапсырма: «Арал». Әр отбасының қарама — қарсысында «арал» жатады. Әкелер бірінші ананы, содан кейін баланы көтеріп, кедергілерге баспай «аралға» жеткізу керек. Әкелердің көздері орамалмен жабылған. Кедергілерден өтуге ана мен бала «солға, «оңға», «тура» деп көмектеседі.
1 — жүргізуші: Он үшінші тапсырма: «Спорттың түрін көрсету». Балалар 4 суреттің бірін таңдайды. Отбасы сол спорттың түрін қимылдарын көрсету керек.
2 — жүргізуші: Он төртінші тапсырма: «Жапырақтарды жина». Әр топ 4 түстен бір түсті таңдайды. Әр отбасының мүшелері кезекпен бір — бірден жүгіріп бір жапырақтан алып өз себеттеріне салады.
1 — жүргізуші: Біздің отбасыларымыз барлық тапсырмаларды орындады. Енді қазылар алқасына ұпайларды санауға уақыт береміз. Ал мен сендерді біздің балабақшада пайдаланатын жаңа технологиясымен таныстырғым келеді. Бұл — мнемогимнастика технологиясы. Бұл — сергіту сәттерінде қолданылады. Балалардың зейінін, байқағыштарын дамытады. Мнемогимнастика әдісінің басты факторы — барлық жаттығулар үнсіз орындалады. Қазір біз осы әдісті бірге жасап көреміз. Мен жаттығудың суретін көрсетемін, ал сендер орындайсыздар (мнемогимнастика орындалады).
2 — жүргізуші: Сіздер бүгін барлық тапсырмаларды орындап, өздеріңіздің жақсы спорттық дайындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Ал өз отбасыларыңызда қандай спорт түрлерімен шұғылданасыздар? Сол туралы айтып беріңізші (әр отбасы кезекпен сөз сөйлейді).
1 — жүргізуші: Сөзді қазылар алқасына береміз.

Мақсаты:

а) балалардың дене қимылдарын дамыту, ойындарға деген қызығушылығын арттыру;

б) шапшаңдылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, қадірлі тәрбиешілер, қымбатты балалар! Бүгін міне сіздер мен біздер жақсылықта қауышып, жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз!

Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ананың жасалады,- дей келе бүгінгі «Көңілді отбасы» атты сайысына қош келдіңіздер!

Бәйге, жарыс, деген соң жарысайық,

Мәреден бәрімізде табысайық.

Бұл сайысты ең алдымен бастау үшін

Ең әділ, әділқазылар алқасымен танысайық.

— Әдіскер – Бекенова Меруерт Джексенбековна

— Педагог – психолог Галеева Кунтай Амергалиқызы

-Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Құдайбергенова Бақыт Мұқатаевна

Жүргізуші: Экранға назар аударыңыздар. (Слайд көрсету)

-Ал, енді бүгінгі сайысқа қатысатын ана және бүлдіршіндермен танысайық

-Мухамеджанова Айжан –Тұрсынбай Айкөркем

-Васина Маргарита – Васин Станислав

-Баржаксинова Алтынай – Баржаксинова Рамина

-Жусупбекова Мөлдір – Шабдан Әмір

Енді қатысушыларымызды ортаға шақырайық(екі топқа бөлу)

1 — тапсырма:«Кім жылдам?»

Мақсаты: Шеңбер ішінде 3 сылдырмақ жатады. Ал шеңбер сыртында 4 бала тұрады. Әуен басталғанда шеңберді айналып жүріп билейді. Әуен тоқтағанда сылдырмақты алып үлгеру керек. Үлгермеген бала ойыннан шығады. Осылай ойын жалғасады.

2- тапсырма: «Анасының кішкентай көмекшісі»

Мақсаты: (Залдың бір шетінде аналар – екінші шетінде балалар тұрады.) Аналар орамалды жуып, сығып, балаларына жүгіп келіп, баласына береді. Баласы қысқышпен оны жіпке жаяды. Осылай екінші анада жалғастырады.

Сергіту сәті: Аяқпененен топ топ топ.

Жүргізуші: Аналар сіздер балаларыңызға ертегі оқисыздар ма?

Қазыр байқап көреміз. Біздің келесі тапсырмамыз ертегіге байланысты.

3 — тапсырма: «Шалқан»

Шарты: Бүгін біздің балаларымыз шалқан болады. Ал шалқанды ата мен әже тартады, бірақ тышқансыз оларда ештеңе шықпайды.

1 бала –шалқан, ана –әже, ана –ата, 1 бала – тышқан болады. Шалқан орындықта отырады, ата жүгіріп шалқанды айналып жүгіріп келіп әжені алып кетеді де жүгіреді. Сосын ата мен әже жүгіріп келіп тышқанды ұстап шалқанға жүгіреді. Тышқан шалқанды ұстап артқа жүгіріп келу керек. Қай топ бірінші келсе сол жеңеді.

4- тапсырма: «Отбасы туралы ән айту»

5 – тапсырма: «Кедергілерден өту»

Жүр: Бүгінгі сайыстың қорытынды шешімін білу үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

( Шешім бойынша жақсы өлең оқыған баланы мадақтамамен ( грамота) марапаттайды).

Жүр: Құрметті қонақтар, қадірлі тәрбиешілер, қымбатты балалар бүгінгі «Көңілді отбасы» атты сайысыда өз мәресіне келіп жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс. Сіздердің барлықтарыңызға отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, әрқашан өнердің биігінде қанаттарыңыз талмасын. Нұрлы күндерде жүздескенше қош сау болыңыздар!

«Әкем, шешем және мен» спортық жарыс

Мақсаты: Балалардың денсаулығын жақсарту, қимыл қозғалыс дағдыларын қалыптастыру,  балабақша мен ата-ана арасындағы байланысын нығайту.

Құрал-жабдықтар: конустар, доптар, стақандар, шығыршықтар, ысқырық.

Түрі: Эстафеталық жарыс

Өткізілетін орны: Музыка залы.

Барысы:

Жүргізуші: Қадірменді балабақша ұжымы мен ата — аналар!

Бүгінгі Әкем, шешем және менатты спорттық – отбасылық жарысқа қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнердің ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі отбасыларды шақырамыз.

  1. «Мукажановтар» отбасы
  2. «Жанатовтар» отбасы
  3. «Филипповтар» отбасы
  4. «Халифаевтар» отбасы

Денсаулық — бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, — дей келе жарысымыздың сайыс кезеңдерімен таныс болайық. Сайыс 6кезеңнен тұрады.

  1. Таныс болайық!
  2. «Желаяқтар»
  3. «Суретшілер мекені»
  4. «Мөлдір су»
  5. Бетпақдала
  6. «Жұптасу»

Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
1.Балабақша меңгерушісі: Нуршаева Э.

2.Балабақша медбикесі: Жумашева Б.

3.Музыка жетекшісі: Жарылгапова А.

4.Тәрбиеші: Тастабаева Ш.

Спорттық жарысымызды бастамас бұрын бой жаттығуларын орындап жіберейік.

(Қатысушылар шеңберге тұрып жаттығулар орындайды.)

Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік!

Сайысымызды бастаймыз.

1-кезең: «Таныстыру»

Команда мүшелері топтың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыруы керек.

2-кезең: «Желаяқтар»

Әкесі жүресінен отырып, аналар желаяқ жылдам, баласы ержейлілер жүрісімен конустарды айналып келіп, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.

3-кезең «Суретшілер мекені»

Екі аяқтың ортасына допты қысып алып, кедергілер арасымен мәреге жетуі керек. Мәреге жеткен соң 1 минут ішінде үйдің суретін салуы тиіс.

4-кезең «Мөлдір су»

Ойыншылар кедергілерді арасымен стақанға құйылған суды сөре сызығынан мәре сызығына төкпей алып жүруі тиіс.

5-кезең «Бетпақдала»

Бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай, мәре сызығына дейін барып, жеңіс мекересіне шығыршықты белдеріне киіп барып жылдамдықпен жетуі тиіс. Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.

6 – кезең «Жұптасу»

Әкелері мен аналары қолдарынан ұстап, балаларын отырғызып алып келуі тиіс.

Ойын: «Инелі қолғаптар». Екі ойыншы көрерменге бір қолғаптан киеді. Олар өте ұсақ заттарды қолғаптарымен жинауы керек.

Көрсетті міне өз өнерін ойыншылар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, — дей отырып, марапаттау сөз әділ – қазы алқасына беріледі.

Жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз  жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше

Осымен сайысымыз аяқталды.

Алтын уақыттарыңызды қиып, бүгінгі сайысқа қатысқандарыңыз үшін  топтарға алғысымызды білдіреміз. Амандықта жүздескенше, сау болыңыздар!

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жүзден жүйрік» отбасылық эстафеталық сайыс.

Спорттық шараның атауы: «Жүзден жүйрік» отбасылық эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата — аналарды балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата — аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Доптар, ленталар, үй жануарларының суреттері, жіптер
Жүру барысы: Береке де осында,
Мерекеде осында
Болып жатыр той думан
Балабақша бағында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр балаңыз
Қатысатын топтарды
Қол соғып қарсы аламыз
(Сайысқа қатысушы ата — аналар балалармен саппен жүріп келіп, қатарға тұрады)
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата — аналар, тәрбиешілер және балалар. Бүгін біздің балабақшада үлкен мереке, біздің балаларымыздың ата — аналар арасында спорттық сайыс. Сайысқа қатысушы ата — аналар «Жүзден жүйрік» атты көңілді сайысқа қош келдіңіздер!

Отбасылық жарысқа
Әділқазы береді
Жеңімпазын анықтап
Бізге айтып береді — деп әділқазыларды таныстыру.
1. Балабақша әдіскері: Галиева Б.К
2. Балабақша медбикесі: Дузбаева М.Т
3. Балабақша психологы: Қазиева Ж.М
Жүргізуші: Біздің сайысымыз 6 — бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. «Кім жылдам»
3. «Бәйге»
4. «Ептілік»
5. «Тіркесіп жүгіру»

«Гүл жинау»

«Таныстыру»
Өнер қуып өтер дейміз

Бір баспен өнері жетер дейміз
Сайысқа келген отбасы кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз — дей отырып кезекті таныстыруға берейік.

«Кім жылдам»: Әр отбасына доп беріледі, кедергілер арқылы баласы жүгіріп, мәреден айналып келіп, допты анасына берді, анасы кедергілер арқылы айналып келіп, әкесіне допты береді, осылайша межеден айналады.
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жараспай
Сайыстың мәні бола ма — деп келесі сайысымыз

«Бәйге»: Баласы әкесінің арқасында, анасы стартта қалады, анасының қолында әртүрлі ленталар болады, керілген жіпке анасының қолындағы ленталарды жіпке бір — бірден байлау керек, анасы лентаны бір — бірден беріп тұрады. Осылайша сайыс жалғасады.

«Ептілік»: Әкесі допты еденге соғып, межеден айналады, анасының қолында жануарлар суреті болады,  алма кезек жерге қойып, дәл солай межеден айналып, қайту керек, баласы еденде жатқан жануарларды жинап  әкелу керек.
Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа
«Тіркесіп жүру»: Әкесі анасы екеуінің орталарында шар болады, кедергілер арқылы сол шармен бірге тіркесіп, межеден айналып келеді, баласы кедергілер арасымен жүгіріп  межеден айналып келеді.

«Гүл жинау»: Балалар еденде шашылып жатқан гүлдерді  бір — бірден себетке жинап салып межеден айналып жүгіріп келу керек.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылық сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасысы — деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.(ата — аналарды мадақтау)

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса, сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады — дей отырып, бүгінгі «Жүзден жүйрік»отбасылық сайыс аяқталды, сайсқа қатысқан отбасыларға мың алғыс, сау болыңыздар.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Отбасы т?рбиесі сценарий
  • Отбасы мені? тірегім сценарий
  • Отан туралы сценарий балаба?шада
  • Отан ?шін от кешкендер сценарий
  • От чистого сердца простыми словами сценарий

  • Добавить комментарий

    ;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: