Тақырыбы: «Рәміздерім — мақтанышым».
Мақсаты:
-
білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;
-
дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;
-
тәрбиелік – қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті, видеороликтер, презентациялар.
Барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы (экраннан дыбыспен)
1 — жүргізуші: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Гимн, Елтаңба, Ту.
Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп — оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр — қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
2-жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.
1-жүргізуші: Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән — мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер. Олар көне замандардан бері бар. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.
2-жүргізуші:
Туымның түсі көк аспан,
Қыраны көкте самғайды
Бақытты күнге жол ашқан
Үмітті мәңгі жалғайды
Аспаннан биік бар ма өлшем
Биіктік басқа болмайды
Ол жайлы мүлде білмеген
Түбінде өзі сорлайды
Қазақтың туы желбіреп
Жеңістің болсын куәсі
Қуаныш жасы мөлдіреп
Жазыла бергей құлашы
1-жүргізуші:
Елтаңба мәңгі тұмарым
Оятқан намыс-жігерді
Қиындықтарға шыдадым
Сәтсіздік, алыс тұр енді.
Ұлылар ұрпағымыз ғой
Сескенбей қарар дұшпанға
Көзінің ағы, қарасымыз ғой
Шаршамас бойда күш барда.
Әнұран – сөзім жүрегімдегі
Жүректің сөзі жалған болмайды
Жетелер алға тілегім мені
Осыдан асқан арман болмайды – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу – бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
1-слайд. Тұңғыш Президент (видеоролик)
1-оқушы: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-оқушы:
Президенті болдың туған еліңнің
Ода-жырмен сансыз тілде төгілдің
Жерұйыққа айналдырып жеріңді
Бостандықтың жолы болып өрілдің
Күнге қарай заман көшін бастадың
Нұрға бөлеп Атамекен аспанын
Нұрсұлтаным ұлы тұлға десе ел
Әр жүрекке сәулелі нұр шашқының
3-оқушы:
Кең байтақ ғой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан
Бері қарап жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті.
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел.
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
2-слайд. Еңселі Елтаңба. (экранда суреті)
1-жүргізуші: Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
2-жүргізуші: Балалар, бүгін біздің ортамызда елімізге танымал суретші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібеков ағамыз қонақта. Ендеше ағамызды қошеметпен ортамызға шақырайық.
(сұхбаттасу, оқушылар сұрақтар қояды)
Елтаңба автордың қолымен ілінеді.
4-оқушы:
Көк туым, көк аспан көгілдір
Жанымды жұбатар желбіреп.
Ілесіп солармен көңіл жүр,
Сүйсінген жан-жүрек елжіреп.
Шаттыққа толғанда шаңрағым
Ошақтан от маздар алаулап
Жатса егер қолпаштап жан-жағым,
Мінгендей желпінем жараулы ат.
5-оқушы:
Арайлы елімнің таңбасын
Құлпыртса тұлпарлар жегіліп
Қалайша мейірім қанбасын
Қалайша жыламан егіліп
Тәңірдей – Алып күн орныққан
Қолымда қуатты байрағым
Еңселі ел болдық біз толыққан
Үстем боп қыран құс айбарым.
Алып күн, шаңырақ, қыран құс
Қанатты тұлпарлар – Елтаңбам
Келген жан сәлем бер, аттан түс
Елді көр кешегі шер толған.
3-слайд: Тұғырлы туымыз (видеоролик – экранда Шәкен Ниязбеков сөзінен үзінді тыңдалады)
1-жүргізуші:
Байтақ елдің бақыты да көпке айғақ
Бас иемін сәл аялдап, тоқтай қап,
Жеңнен тартып жетелеген жеміске
Жүрегімде желбіреген көк байрақ.
Әлсіз болсаң әр нәрсеңді ап қоймақ
Әлді әке әрбір сөзі ақ қаймақ
Намыстардың жиынтығынан жаралған
Арыстардың көзіндей ме көк байрақ.
Өлі сөзі өміріме нақ қайрақ,
Өсиеттер апарар алға қақпайлап
Еркін ескен жел тербеген жеңісім
Егеменді ел тербеген көк байрақ.
2-жүргізуші:
Келбетті, сымбатты сыр айтып тұрғандай,
Бар игі, ізгілік салтанат құрғандай
Арайы төгіліп Күн кетпес көгінен,
Қырағы қыраны қонбаған шыңды алмай!
Көк туым – намысым, ділімнің айғағы,
Оюым-өрнегім – ұлттықтың қаймағы!
Алтындай үш белгі – зерделі тарихым,
Жасасын, қазақтың көгілдір байрағы!
Ән: «Көк тудың желбірегені» (экранда видеоролик)
4-слайд: Біздің Гимн (экранда Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің суреттері)
1-жүргізуші: Біздің елімізде Мемлекеттік Әнұран ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданған. Бұл әнді ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1959 жылы жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері болатын. Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі берілген. Бұл ән әр үйде, әрбір мекемеде шырқалатын. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2-жүргізуші: «Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» — деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Гимнның жаңа мәтіні қазақ халқының асқақ рухын, асыл мұраттарға деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатынын көрсетеді. Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов.
6-оқушы:
Әнұраным – жайлаулы ел әлемі,
Кең даламның симфониялы сәлемі
Тұлпар мінген қазақтың ұл-қыздары
Тәңір таудай тұлғалы да әдемі
Шарықтасын мәңгіліктің әуені
Қазақиям асқан бағым мәуелі
Әнұраным, тілі шыққан сәбилер
Ыңылдап-ақ сені шырқар әуелі.
Әнұраным, Астанамның аспаны,
Қарияма құрметіммен жас қамы.
Әнұранмен таныттым да өзімді,
Әнұранмен таныдым мен басқаны
1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
2-жүргізуші:
Еркін бейбіт елде қандай бар арман!
Нуым дағы, туым дағы жаңарған.
Менің туым алтын шапақ Күні бар,
Көк Ананың жатырынан жаралған.
Көк түс қандай адал және сенімді!
«Көк» сөзінде көп мән тұрар ең ізгі.
Жердің Шарын ұстап тұрса Су Ана,
Біздің ту да елестетер теңізді.
Өлең тұнған өр қазақтың тұрағы
Шапағаттан, махаббаттан тұрады.
Айбынымды айқындап тұр тудағы
Ер елімнің еркін ұшқан қыраны.
1-жүргізуші:
Күндер, міне, күлімдейді ең нұрлы
Қазағымды бүкіл әлем – жер білді.
Ортасында шаңырағым киелі
Мақтан етемелтаңбамды – гербімді!
Елтаңбада көп мағына бар терең
Маңдайдағы жұлдыз, неткен көркем ең!
Осы жұлдыз – Отанымның бақыты,
Осы жұлдыз – менің биік мәртебем!
Бізді осылай асқақ етіп жаратты
Кім айырған жылқы менен қазақты.
Ерен елдің елтаңбасын көркейтіп,
Екі тұлпар арқырап тұр қанатты.
Алты алашқа арнап, атап сый нұрын,
Төгіледі әсем ән мен күй бүгін.
Әні, сөзі бір-бірімен қауышқан
Қандай ғажап әнұраным – гимнім!
2-жүргізуші:
Рәміздерге мақтанышпен қараймын,
Үш рәмізді бақытыма балаймын.
Ту, Әнұран, Елтаңбасы бар елді –
Әлемдегі бақытты ел деп санаймын.
Кештің сценариін жазған және ұйымдастырған:
Медеуова Гулияр Тілеубекқызы және
Жактаева Динара Өміртайқызы
«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ
АНТ. «Мен ?Р- ? азаматы Отаным ?аза?станны? д?ние ж?зінде алды??ы ?атарлы, ?ділетті, ?ркениетті ел болуы ?шін сапалы білім аламын. Жо?ар?ы м?дениетті азамат боламын. Ту?ан хал?ымны? ата- д?ст?рін жал?астырамын. Мемлекетті? Президентін ??рметтеймін. Конституциясы мен за?дарын б?лжытпай орныдаймын, елімні? Туын, Елта?басын, ?н?ранын сыйлап ?астерлеймін деп ант етемін.»
?аза?стан Республикасыны? Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдумда ?абылданды. 9- б?лім, 98- баптан т?рады. 9- бабында:
?Р Мемлекеттік р?міздері – Туы, Елта?басы ж?не ?н?рнаны бар. Оларды? сипаттамасы ж?не ресми пайдалану т?ртібі конституциялы? за?мен бекітілген. 34- бапта ?ркім республиканы? мемлекеттік р?міздерін ??рметтеуге міндетті екені айтыл?ан.
Мемлекеттік р?міздер деген не?
Мемлекеттік р?міздер белгілі бір елді? ?зіндік ?мір салтын, б?кіл болмыс ерекшелігін, айыры?ша арман- а?сарын, бас?алармен байланыс м?раттарын білдіреді.
XV ?асырда ?уатты ?аза? ханды?ын ??рды?. Алайда ?аза? елі тыныш ?мір с?ре алмады. Жо??ар ?алма?тар т?т?иылдан шабуыл жасап, ?алы? ж?ртты ?ан жылатты. Д?рліккен ел ш?быра ?ашып, а?табан ш?бырынды болды.
XVIII- XIX ?асырда- хал?ымыз еркіндік пен т?уелсіздігіннен айырылды. ?лы сайын даламыз империя меншігіне айналды.
1923- 1933 жылдарда бол?ан адам айтса нан?ысыз ашаршылы? та болды. 6 миллион халы?ты? 2,2 миллионы опат болды.
1937- 1938 жылдарда?ы ?асірет.
1941- 1945 жылдарда?ы адамзат тарихында болма?ан алапат со?ыста ?аза? батырлары азатты?ты ?ор?ап, ерекше ерлік к?рсетті.
1986 жылы желто?санда отты о?и?а болды. Сол отты о?и?ада?ы жастар ерлігі т?уелсіздігімізді? бастауы болды.
Шығыс Қазақстан облысы ,Тарбағатай ауданы
Байтоғас ауылы
«Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Кітапханашысы
Канжекенова Алия Кариевна
Сценарий тақырыбы:
Сайыстың тақырыбы: Рәміздерім- мақтанышым.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер:слайд, үлестірмелі материалдар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады
Кітапханашы:Армысыздар құрметті оқушылар және сайысымыздың қонақтары!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 — орынды иеленеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 — бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген.
Сондай — ақ осы заңның 34 — бап, 2 — тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Олай болса, бүгінгі біздің 7-8 сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Рәміздерім- мақтанышым » атты сайысымызға қош келіпсіздер.
Кітапханашы: Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Әділ қазылар алқасы тағайындалады. Кітапханашы: Сайысымыз 4 кезеңнен түрады. 1. Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру.)
2. «Ойлан тап!» 3. «Мақал –сөздің мәйегі» (берілген мақал- мәтелдерді жалғастыру.) 4. «Ойлы болсаң, озып көр!» (қолдарымызға берілген қағаз қиындыларын, Қазақстан Республикасының картасын құрастыру.
Кітапханашы:
Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.
Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
(Ту, Елтаңба, Гимн)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі?
(Көк, сары)
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты?
( Екі рет)
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі?
(Жұлдыз)
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай?
( 2:1)
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?
(1992 жыл)
7. Мемлекеттік рәміздер күні?
(4 маусым)
8. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін қандай құс?
( Қыран бүркіт )
9. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген қандай жануар ?
(Қанатты пырақ)
10. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды?
(Ел президенттін ұлықтау рәсімінде )
Кітапханашы: Оқушылардың І кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.
Кітапханашы: Әнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады.
Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар»,
«Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.
«Авторлар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім?
(Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?
(Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім?
(Шәмші Қалдаяқов)
4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын кімдер?
(Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?
( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер?
(Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп — өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан — байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР — ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан — дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?
( Шаңырақ — мемлекеттiң түп — негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?
( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
«Спортшылар» категориясының сұрақтары:
1. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім?
(Жақсылық Үшкемпіров)
2. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы?
( Александр Винакуров)
3. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар
(Илья Ильин)
4. Әйгілі отандастары Василий Жиров пен Бахтияр Артаевтың жетістігін қайталап Олимпиадалық ойындарда бокстан алтын медальмен бірге «Баркер» кубогін иеленген қазақ спортшысы кім?
(Серік Сапиев)
«Мемлекет» категориясының сұрақтары:
1. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет қай мемелекет?
(Түркия)
2. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет?
(Англия)
3. 2017 жылы қандай айтулы мереке тойланды?
(Ел тәуелсіздігінің 25жылдығы)
4. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет?
(Ресей)
Кітапханашы: Оқушылардың ІІ кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.
Кітапханашы:Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар.
1.Отан- елдің анасы, Ел -ердің анасы
2. Отансыз адам Ормансыз бұлбұл
3. Отанды сүю- Отбасыдан басталады
4. Аққу көлін аңсайды Адам туған жерін аңсайды
5. Ит- тойған жеріне Ер -туған жеріне.
6. Отан үшін күрес- Ерге тиген үлес
7.Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
8.Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Кітапханашы: Оқушылардың ІІІ кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.
Кітапханашы: Сайысымыздың 4 кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр!»
(қолдарымызға берілген қағаз қиындыларын, Қазақстан республикасының картасын құрастыру. Кітапханашы: Оқушылардың ІV кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.
Кітапханашы: Әділ қазы алқалары қорытынды баға шығарғанша, көрермендермен ойын.
Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.
-
Күрекпен су тасуға болады ма?
(болады, мұз күйінде)
-
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
-
Есік пен терезенің арасында не тұрады?
(«пен» тұр)
-
Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай?
(Май — үш әріптен тұрады)
-
Қай өзен ең қорқынышты ?
(Тигр өзені)
-
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?
(сабақты)
-
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс?
(шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
-
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз?
(ұйықтап жатырсыз ба?)
-
Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады?
(көктайғақ болатындығы)
-
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?
(бәрі жарылып қалады)
-
Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?
(Талдықорған облысы, Тентек өзені.)
Кітапханашы: Оқушылардың жалпы жинаған ұпайларын бойынша марапаттау сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Кітапханашы: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге ?
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен – таңба ?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын , өзі әнші халықта ,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным алды жаулап ғұмырды .
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді,
дей келе, бүгінгі «Рәміздерім- мақтанышым» атты сайысымызды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен қорытындыласақ.
Достарыңызбен бөлісу:
Внеклассная работа на тему Р?міздерім — ма?танышым
Тақырыбы: Рәміздерім – мақтанышым. Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімзге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар. Барысы: I. Кіріспе сөз. Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Біздің мектебімізде патриоттық айлық өтуде. Бұл өтіп жатқан айлықтың мақсаты – Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Әр адам өз елінің қасиетті белгілерін құрметтеуге, тарихын білуге тиіс. II. Қазақстан Республикасының Гимнін орындау. Барша халық таныған, Біздің үміт, тілекті. Шырқалғанда Әнұран, Шаттық кернер жүректі. Жеңіс туын көтерген, Жарыстарда сан қилы. Жетіп бізге шет елден, Көкке Әнұран шалқиды. Шәмші атаның сазды үні, Жігер беріп қайратты Бәрімізді мәз қылып, Жаңғыртады аймақты. III. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті. «Тәуелсіздік» деген құрметті ұғым. Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ, ол сөз елдің өзіндік өмір салтын, арманын, ерекшелігін білдіреді. Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ. Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 20 жыл болады, ал 1986 жылғы 16 желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсылық көрсетті. Осы оқиғадан бері 24 жыл өтті. Осы оқиға жүрегімізде қалды. : Он екіде бір гүл ашылмай, қыршын кеткен Асанова Ләззәттің, Сыпатаев Ерболдың, Мұхаметжанова Сабираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары бұл күнде жүзеге асты. Қазақ өзінің тәуелсіздігін алды. Сол күні дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерліктеріне тағзым етейік. 1 минут тұрып үнсіздік жариялау. Тәуелсіздік — достығымыз, Тәуелсіздік ел бірлігі, Тәуелсіздік – ертеңіміз, Ұрпақтар жалғасатын, Тәуелсіздік – ата жолы, Болашаққа нық басқан. Ән: «Елім менің». 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемелекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жаңдарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар — әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің. Таратады хас үлгі, Киесіндей жерімнің. Бабам тұлпар жартты, Құлынында танып – ақ. Тұлпар барда қанатты Шайқалмайды шаңырақ. Тәуелсіздік көркі ол да, Өркениет өрінде. Нұр төгеді Елтаңба, Ақ Орданың төрінде. : Жалау – Ту. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір бір түстілгі бұлтсыз аспан күмбезін еске түсіреді және Қазақстан халқын бір жолды ұстауға, бірлестікке шақырады. Ашық көк аспан бейбітшіліктің, аманшылық, тыныштықтың белгісі. Күн – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Сары түс – Алтынның түсі, байлықты білдіреді. Өрнек – ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші. Ал қыран – қырағылықты, қайырымдылықты, ой биігін көрсетеді. Ән: «Елтаңбасы елімнің» Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді, Ту болмады дегенге ? Батырлыққа уызынан жарылған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар, Болмаған деп, — Әұран Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға, Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ең – таңба?! : Желбірейді шалықтап, Қазақстан Жалауы. Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады. Көк асапанда нұрлы Күн, Күлімдейді далама. Бақыт тілеп тұр бүгін, Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өрнек мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай. Ән: «Қазақстан жалауы» Әркім тілін сүйеді, Қадірлейміз мұны біз. Қазақ тілі киелі – Мемлекеттік тіліміз Қазына бар бұл тілде, Анам айтқан жыр — әнін. Жоғалуы мүмкін бе, Өлмейтұғын мұраның?! Өлмейді еш уақытта, Ата – баба аңсары. Қазақ тілі бақытқа Жеткізеді баршаны.
: Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті. 1998 жылы 6 мамыр күні Президет Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. Астана – елімнің бас қаласы! Астана — ән қала, Астана – сән қала! Еліммен егеменді өркендей бер, Ақ қала, Арман қала, Астана! Ән: «Атамекен» Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Осымен 2 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Рәміздерім – мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге денсаулық, бақыт тілейміз. Отанымыз гүлдене берсін, Қазақстанымыз туымыздағы қырандай самғай берсін!
Рәміздерім-мақтанышым
Ашық сабақтар- Orunbasarova
- 13.04.2016
- 0
- 1
- 12394
Сабақтың тақырыбы: Рәміздерім-мақтанышым
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
2. Дамытушылық. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ауызша журнал.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.
Кіріспе бөлім:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім,Отан — суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан — ұран, Отан — туым,
Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман — тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Ендеше, «Рәміздерім–мақтанышым» атты ауызша журналымызды бастаймыз.
Әнұран орындалады.
Журналымыздың бірінші беті: Тұңғыш Президент.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның ел басшысы — Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір фонда киіз үйдің шаңырағы бейнеленген, одан күн сәулелері тәрізденіп ертегідегідей арғымақтардың қанаттарымен безендірілген уықтар тарайды. Мемлекеттік Елтаңбаның негізіне алынған шаңырақ ошақты, дүниенің біртұтастығын білдіреді. Елтаңбаның төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар.
Аружан:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Күнімхан:
Елдігімнің белгісі.
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Айым:
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Журналымыздың үшінші беті: Тұғырлы туымыз
Ту – ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. Алғаш рет ту осыдан бес мың жыл бұрын Таяу Шығыста пайда болды. Бұл құстардың, аңдардың, құдайлардың бейнелері салынған ту болатын.
Ең көне ту Иран елінің аумағында табылған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Бұл ту – төртбұрышты металдан жасалған.
Қазіргі қолданылып жүрген тулардың алғашқысы болып Чжод деген Қытай императорының туы саналады. Оның түсі ақ болған. Бұл түс көштің, биліктің белгісі болып есептелген. Сондай-ақ осыған ұқсас тулар Үнді елінде және Таяу Шығыста пайда болған. Біздің заманымыздың бірінші мың жылдығында олар Еуропаға келген.
ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Геральдика – латын тілінен алынған сөз. Ол “елтаңба тану” дегенді білдіреді. Геральдика ілімінің негізін салушы ХVII ғ. француз ғалымы Менестре болған.
Әр елдің ұлттық туларында әртүрлі түстер қолданылады. Соның ішінде жиі кездесетіні – үш рең, яғни үш түрлі түстен тұратын тулар.
Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс – аспанның белгісі. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Алғашқы геральдистердің бірі Аксельм жасаған кесте бойынша, көк түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Сенімділік, үміт сияқты адам қасиеттеріне жақын келеді.
Біздің республикамыздың мемлекеттік рәміздеріне шетелдік мамандар жоғары баға берген. Мемлекеттік рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық бейнесі. Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран — тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші — суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман — есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Гүлсая:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Жанатын да өзі отша
Жалын шарпып бетіңді
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.
Журналымыздың төртінші беті: Асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Самат:
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Мерей:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Қорытындылау: Әрқашанда өз рәміздерімізді мақтан тұттып, мәртебесін асқақтата берейік.
Слайды и текст этой презентации
Слайд 1 Рәміздерім
мақтанышым
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебі
Дайындаған: Байкасынова Балауса Кикбаевна
Слайд 2
БІЗДІҢ ТУЫМЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК.
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ОСЫ ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ.
БҰЛ ДҮНИЕДЕ БІЗДІҢ БІР ҒАНА ОТАНЫМЫЗ БАР, ОЛ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН.
Н.А.НАЗАРБАЕВ.
Слайд 3 Қазақстан
Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбарлы
Слайд 4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
Слайд 5Қазақстан Республикасының әнұраны.
Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов. Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Алтын кун аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктін дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Данқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой.
Слайд 6Менің елім, Менің елім, Гүлін болып егілемін, Жырын болып Төгілемін,
елім! Туған жерім менің — Қазақстаным!
Слайд 7 Әнұран елі
2006 жылдың 7 қантарында Қазақстан Республикасының жаңа
әнұраны шықты.
Сөзі — Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев
Әні – Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Слайд 8Елтаңба елі
1992 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес сесиясында мемлекеттік
елтаңба нұсқасы қабылданды.
Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков
Шотаман Уалиханов
Слайд 9ШАҢЫРАҚ
Шаңырақ – елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ – ошақтың кейпін көрсетеді.
Шаңырақ – бейбітшіліктің
тұтастығы.
Шаңырақ – мемлекеттің алғашқы негізі –
отбасының рәмізі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған арқау болып тұрған –шаңырақ. Ол-елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ нышан мәнінде күннің қозғалысының, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Күннің шашақ шуақтарына қарап қазақтар уақыт мезгілін анықтап отырған. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.
Киіз үй көшіп-қонуға лайықталып жасалады. Оның іші жылы, әрі кең болады. Киіз үй көшпенділердің ұғымы бойынша әлемнің кішкене үлгісі. Керегелері мен шаңырағы – Аспанның күмбезі. «Аспан мен Жердің некесінен алғашқы адамдар-түріктер пайда болды» — деген ертеде.
Киіз үйдің есігі әрқашанда Шығысқа қарайды. Түндігінен күн сәулесі еркін түсіп тұрады. Күнге бетін беріп, үйдің ең қадірлі де құрметті жерінде, патша, яки хан отырады. Қонаққа арналған ең құрметті орын – төр деп аталады. Сондықтан да патша тағын білдіреді.
Слайд 10 Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кеңінен тараған
образ. Ол биік арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлық пен қайраттылықтың нышаны.
Айрықша күш-қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі. Желмая жүйрік тұлпар – Уақыт пен Кеңістікті жалғастырады. Ол – мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қанатты, ай мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп, өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді.
Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар дала Пырағы, оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Тұлпар – күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.
ТҰЛПАР
Тұлпар – күннің, қозғалыстың белгісі.
Тұлпар – тұрақтылықтың, бірқалыптылықтың
белгісі.
Тұлпар – Егемен Қазақстанның құрылымын
сақталуының белгісі.
Слайд 11 Рәміздер дәстүрінде бестармақты жұлдыз – шағынкеңістіктің тұрқы, адам формуласы. Еліміздің
мемлекеттік елтаңбасында жұлдыздың бейнеленуі біздің асқақ арманымызды білдіреді — өзіндік мемлекет ретінде қазіргі, жоғары кемелденген, биік өркениетті қоғам керуеніне қосылу, бүкіл бес континенттегі барлық мемлекеттер мен халықтарға ашық болу.
БЕСТАРМАҚТЫ ЖҰЛДЫЗ
Жұлдыз – биліктің, жарықтың белгісі
Жұлдыз – алдағы мұнартқан мақсаттың белгісі
Жұлдыз – биікке деген ұмтылыстың белгісі
Жұлдыз – мәңгіліктің белгісі
Слайд 12Ту елі
1992 жылы маусымда Қазақстан Республикасында Жоғарғы Кеңес сесиясында мемлекеттік тудың
нұсқасы қабылданды
Тудың авторы –
Шәкен Ниязбеков
Слайд 13 Сары — Өмір, бастаудың түсі, тымық қараңғылықты серпілдірген жарықтың өзіндік бейнесі,
сондықтан да Космостың алғашқы құрылымы құрылған.
Күн бейнесі – байлық пен берекені білдіреді. Осы бейнені қоршаған шеңбер өмірдің символы. Өзінің шуағына шомылған Алтын күн тыныштық пен байлықты білдіреді. Күн тынымсыз қозғалыстың, даму процесінің символы, өсу мен өшудің, шығыс пен батыстың, өмір мен өлімнің, шығу мен батудың символы. Күн уақыттың символы.
Қыран бейнесі — қазақтардың ұлттық көзқарасымен бірлесіп, бостандық,
намыс, батырлық, биік мақсаттар, көңіл кеңдігі мен ой тазалығын білдіреді.
Қанаты кеңінен шарықтаған қыран билік, тұтастық символы. ҚР мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың кеңдігі пен өткірлігін, ой биіктігін білдіреді.
Оюлар — ғасырлардың ізі, халықтың көркем талғамының эталоны. Қазақ оюларында аңбейнелес «қошқар мүйіз» кеңінен таралған. Ертеден оюлар арқылы адамдарды қатерлі күштердің әсерінен қорғайтын сиқырлы күшті көрген.
Қазақстан туының түсі мен бейнелеріне түсінік
Слайд 14Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті.
(Қазақстан Республикасының Президентының 1996 жылы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышындары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығынан).
Слайд 15Балалар шығармашылығы
Сәнді айшығы, бедері,
Рәміздер- ел беделі:
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Рәміздер.
Мадиева
Зарина
Слайд 16
Төрт түлігім бақ үйсін,
Серттен тайсам дәм ұрсын!
Елдігімді,
Ғұрпымды
Елтаңбамнан танырсың.
Елтаңба.
Әнұран:
Бейне
шулы нұрлы бақ,
Баурар жанды сырлы ырғақ
Әнұранды
Мен ылғи,
Жүрем іштей ыңылдап…
Алмасқызы Жанерке
Слайд 17Ту.
Жалауымда көгілдір:
Күн күледі төгіп нұр..
Қыран-бейне
Қанатты,
Көкке самғар-Елім бұл!
Алдабергенов
Берик
Слайд 18Еліміздің рәміздерін құрметтеуге ант етеміз!
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ — жауап
Көрнекілігі: ҚР — ның рәміздері, Президент портреті
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім — мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР — ның Әнұранын орындайды.
Жанғаным:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Айжол: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру — тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер — жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?
Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Камила: ҚР — ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Еркін:
Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу — өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын — қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
Гүлназ: 1992 жыл 4 — маусым — тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР — ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Аянна:
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен — таңба.
Камила:
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР — ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.
Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Жанғаным: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Гүлназ: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз — ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Аянна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Қорытынды.
Айжол: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер — азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл — қыздар молая берсін.
Достарыңызбен бөлісу:
Добрый день, дорогие друзья!.. Хэерле кон, хормэтле кунаклар!
Ведущий 1: Сегодня мы отмечаем самый главный, самый важный для каждого человека день — день Матери! Ведь именно мама подарила нам жизнь, окружила нас заботой и лаской, вниманием и душевным теплом!
Разрешите поздравить вас с этим замечательным праздником, Днём Матери. Примите самые сердечные, самые искренние поздравления!
2 вед. Без сезгэ телибез шатлыкнын
йорэккэ сыймастай зурысын
Саулыкнын имэндэй ныклысын
Бэхетнен бары тик зурысын!
1 вед. Пусть вам всегда сопутствует искренняя любовь благодарных дочерей и сыновей. Пусть ваши дети радуют вас своими успехами, своей заботой и вниманием к вам. И мы начинаем…
Песня
Объявление. В честь праздника обучающиеся ИЗО СТУДИИ «БАЛКЫШ» 5, 6, 7 лет нарисовали своих мам. Обратите внимание, какие красивые, яркие мамочки и т.д.
Вед.2. Энилэр конен бэйрэм итмэуче бер генэ дэ ил юктыр.
Рэсэйдэ энилэр конен чагыштырмача куптэн тугел билгели башладылар. Илебездэге билгелэнуче куп кенэ бэйрэмнэр арасында Энилэр коне зур урын алып тора.
Хэм буген без энилэребезгэ булган хормэтебезне, яратуыбызны жырларыбыз , шигырьлэребез аша житкерэчэкбез.
Вед.1. Мы поздравить нынче рады
Женщин всех, кто с нами рядом!
Но отдельно поздравляем
Наших бабушек и мам!
Вместе : И эта песня посвящается вам!
Песня
1 Вед. Слова мама, мать – одни из самых древних на Земле и почти одинаково звучат на языках всех народов. Это говорит о том, что все люди почитают и любят своих матерей.
2 Вед. Словом мать называют и свою Родину, чтобы подчеркнуть, что она по-матерински относится к своим детям – народам, её населяющим (татарча)
Песня Бэйрэм сэламе булып Гилязов Камиль башкаруында «Идел буе каеннары» жыры янгырый
Конферанс «Спасибо», «Пожалуйста»
1 Вед. Ребята как вы думаете, что нужно чтобы мамы были счастливы? (Ответы детей)
— Мам надо радовать примерным поведением, хорошими отметками.
2 Вед. Дарить им цветы, часто говорить “большое спасибо” и ничем не расстраивать.
1 Вед. А если уж случилось, что ненароком обидели вы маму, то не стесняйтесь попросить прощения. Морщинки на лицах ваших мам появляются от того, что вы чем-то их огорчили.
2 Вед. С помощью волшебных слов можно даже грустной или обиженной маме вернуть хорошее расположение духа, поднять настроение. А вот следующим поздравлением это сделает (стих)
1 Вед. Предлагаю вспомнить те добрые, волшебные слова , которые так важны для всех нас, взрослых и детей.
2 Вед. Растает даже ледяная глыба
От слова тёплого (Спасибо)
1 Вед. Зазеленеет старый пень
Когда услышит (Добрый день)
2 Вед. Если больше есть не в силах;
Скажем маме мы: (Спасибо)
1 Вед. Когда бранят за шалости,
Говорим: (Прости, пожалуйста)
2 Вед. И во Франции и в Дании
На прощанье говорят:
(До свидания)
Но… мы не прощаемся, а приглашаем на сцену
1 Вед.: Нет ничего бескорыстнее любви матери. С первого дня рождения ребенка мать живет его дыханием, его слезами и улыбками. Мать нужна ребенку. В этом смысл ее жизни. Любовь к своему ребёнку для нее также естественна, как цветение садов весной.
Примите музыкальное поздравление от
2.Вед. Как солнце посылает свои лучи, согревая все живое, так и любовь матери согревает жизнь ребенка. Мать приобщает дитя к человечеству. В его уста она вкладывает родной язык, вобравший богатства разума, мысли и чувства народа. Она наполняет его духовной силой, помогает постичь вечные ценности. Не это ли держит мир?
Песня
1 Вед. Мамы вас любят такими, какие вы есть, но самое заветное желание – видеть вас здоровыми, добрыми и умными. Но не только мамы вас любят, но и бабушки. А бабушка – это тоже мама!
2 Вед. Говорят, что внуки похожи на бабушек и дедушек больше, чем на своих родителей. Бабушка всегда рядом, как добрый дух дома. Сколько в бабушкиной любви богатства чувств, вечной доброты и самопожертвования!
1Вед. Между бабушками и внуками устанавливаются дружеские, доверительные отношения. Бабушки стараются разделить и горести, и радости своих внуков, выступают советчиками.
Сколько добрых слов о вас, дорогие бабушки, могут сказать ваши внуки.
Исполняется песня:
1 Вед. О, как прекрасно слово — Мама!
Все на земле от материнских рук.
Она нас, непослушных и упрямых,
Добру учила — высшей из наук!
Дарит нашим мамам и всем присутствующим
2 Вед. Гади генә бер сүз “әни”,
Күпме аклык, сафлык анда!
“Әни” диюгә җылылык
Һәм ышаныч туа җанда.
1 Вед. Где столько силы и терпенья
Берут все мамы на земле
Чтоб скрыть тревоги и волненья
И счастья дать тебе и мне!
песня
2.Вед. Әниләр – алар иң якын,
Иң кадерле кешеләр.
Йөзләрендә җыерчыклар,
Ул – еллар салган эзләр.
Әниләрдә генә була
Кадерле, якын күзләр.
Алар гына әйтә ала
Безне юатыр сүзләр.
Әниләрнең күңелләре
Ярсыз тирән диңгезләр.
Без бәхетле алар барга,
Рәхмәт Сезгә, Әниләр!
На сцену приглашаем
1 Вед. Известный писатель Максим Горький однажды сказал:
«Без солнца не цветут цветы, без любви нет счастья, без женщины нет любви, без матери нет ни поэта, ни героя, вся гордость мира – от Матерей!»
Песня
1 Вед. Дорогие мамы! Милые бабушки поздравляем вас с Днем Матери! Без сна ночей прошло немало
Забот, тревог не перечесть
Земной поклон вам все родные мамы
За то, что вы на свете есть!
2 Вед. Хормэтле энилэр!
Йозлэрегез елмаюдан, кулларыгыз
— чэчэк бэйлэмнэреннэн генэ арысын,
Балаларыгыз тынлаучан, ирлэрегез ихтибарлы булсын!
Гаилэгез учагын хэрвакыт мэхэббэт хэм хормэт жылытсын !
Вместе : Счастья вам, дорогие!