Рухани кеш сценарий

Жұлдызды кешІ жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.Бүгінгі күн сіздерге арналады.ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әлі,Сіздер үшін осы кеш ашылады,Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.І

Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.

І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль

        «Рухани сезім әлемінде…»
атты әдеби-сазды  кештің сценарийі

Көрермен келіп, жайғасқан соң жарық
сөнеді. «Әдебиет» атты әлемге көз жүгіртіп, көрерменге ой салу. Көрермен жақтан
10 «Ә» сынып оқушысы Сәтбай Өмірәлі әдебиет жанашыры ретінде сөз бастайды.

Өнердін ілкі бастау бұлағын ұлық
тұту-әрбір саналы азаматтың борышы деп түсінсек, бұл әдебиетке деген шынайы
ықыластын нышаны болмақ.

Биік адамгершілік пен сұлу сезім жан
дүние тазалығын таптатпас тәкаппарлыққа тұнып тұрған әдебиетте ғасырлар
жүрегіне уақытпен бірге жол шегетін қилы тағдырлар жатыр.

Бұл әдебиетте ақын көкірегінен
бұрқыраған бұла шумақтардан тұратын жаһұт жырлар жатыр.

Бұл әдебиетте көк мұхиттың
толқынындай бір-бірімен жалғасып жататын өмір өткелдері жатыр.

Бұл әдебиетте қараңғы тұнғиыққа
малына батқан қыз сезімінің аласұрған тағдырына мойыған тұстары жатыр.

Бұл әдебиетте сезім дүниесін
бейнелейтін лирика жатыр.

Бұл әдебиетте аянышты өмір иелері
Айқарагөздің меніреу түнді серік етіп толықсып тұрған қияқтай әдемі айды сырлас
еткен Ләйлә қыздың тағдырлары жатыр.

Біле-білсек, қадірменді оқырман,
әдебиет-біздін ішкі жан-дүниеміздің жаршысы. Ол бізді күлдіреді, жылатады,
күйіндіреді, сүйіндіреді Себебі, өмір солай.  Иә…

         Содан соң, сахна ашылып, жарық жанады. Сахна
ішінде әр қалыпта тұрған оқушылар поэзия оқиды.

8 «Б» сынып оқушысы Көбесова Айя, 10
«А» сынып оқушысы  Қанибаев Дәуірхан, 5 «А» сынып оқушысы    Асылхан, 5 «Г»
сынып оқушысы Бурабай Динара, 6 «Б» сынып оқушысы Жақсылық Ботагөз.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:
Д.Байділда, А.Өтепбаева өлең оқып,  ән орындайды.

         Ф.Оңғарсынованың «Мұқтаждық»  өлеңіне қысқаша
көрініс. 3-сынып оқушысы Ербол жетім баланың  рөлін, 10 «Ә»,  8 «Б» сынып
оқушылары Қалимоллаева Жәмила, Әзілбекова Құралаай саудагер рөлін сомдайды. 
Жетімге жәрдем беріп, қолдау көрсетуші 11 «А» сынып оқушысы Ж.Өмірзақ  толғау
орындайды.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
А.Өтепбаева Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйланың рөлін
сомдайды. Келесі нөмірде 11 «В» сынып оқушысы     Гүлсая «Елім-ай» өлеңімен…

         Бір топ шәкірттер  поэзиядан сыр шертеді.

          Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
М.Сисенбиева М.Әуезовтың «Ай-Қарагөз» шығармасындағы Қарагөздің образын ашады.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қ.Жансұлтан өз інісі  Сәндібай Айдынмен ән шырқайды.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Г.Бозғұланова 5 «Г» сынып оқушыларымен өлең оқиды.

         Бастапқы монолог оқыған бала қайта шығады.

Е-е-е,  әдебиет осы бір жалғыз ауыз
сөзде қаншама ұлы сезім, толғаныс, сүйіспеншілік жатыр десеңші, шіркін!

Қадірменді оқырман, сіздер адам
дүниесін нұрландырып алып екі тамырына қан жүгіртетін,сезімнің тоқсан тарау
жырын қозғайтын ғажайып әдебиет деп аталатын рухани әлемнен жаныңызға азық
алдыныз.

Ендеше жылағанда жұбататын, қуанғанда қоштайтын, ғашық
болғанда шабыт беретін әдебиетпен етене жақын болайық, ағайын!

                                    №249
мектеп-лицей

    РУХАНИ СЕЗІМ ӘЛЕМІНДЕ…

     (Онкүндік аясындағы әдеби-сазда кештің сценарийі)

Ұйымдастырған: А.Т.Тұрымбетова

                                        2013 оқу жылы

«Көлік және коммуникация колледжі»

МКҚК Ахметова Г. К.

М. Әуезовтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі…»

Мақсаты:

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.

Жабдығы: мультимедиялық орталық, ноутбук, баннер, плакаттар,

Мұхтар Әуезовтің әдеби көрмесі

«Мұхтар Әуезов — біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз»

Н. Ә. Назарбаев.

Жоспары:

І бөлім — Ашылу салтанаты

ІІ бөлім — «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де».

Мұхтардың ғұмырнамасы

ІІІ бөлім — Әдеби — монтаж — Абай өлеңдері

ІҮ бөлім — Абай оқудан қайтқанда – көрініс

Ү — бөлім — Естелік бейнежазба

ҮІ — бөлім — «Әйгерімнің Абайды жоқтауы»

ҮІІ — бөлім — Қорытынды

І бөлім

Ашылу салтанаты

1 — жүргізуші: — Армысыздар, текті елімнің текті ұрпақтары!!!

2 — жүргізуші: — Армысыздар, кешке жиналған көпшілік қауым! Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!!!

1 — жүргізуші: Бүгінгі әдеби кешіміз қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР — ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жылдық мерейтойына арналады.

2 — жүргізуші: Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара, дана. М. Әуезов — жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі — Мұхтар Әуезов.

1 — жүргізуші: Осынша қазақ үшін дара тұлға туралы кемеңгерлердің, белгілі тұлғалардың өздері тебірене естелік айтыпты:

— «Мұхтар Әуезов — біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз» Н. Ә. Назарбаев.

2 — жүргізуші:

— «Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай» Ш. Айтматов.

1 — жүргізуші:

— «Қазақстан үшін Әуезов — екінші Абай» Николай Погодин.

ІІ бөлім

«Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де».

Мұхтардың ғұмырнамасы

1 — жүргізуші: Туған жері бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді.

2 — жүргізуші: 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.

1 — жүргізуші: 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

2 — жүргізуші: 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік — Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.

1 — жүргізуші: 1918 жылы М. Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми — көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірігіп) атсалысады.

2 — жүргізуші: 1919 жылы — Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1. 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.

1 — жүргізуші: 1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР — і ОАК — нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме — дәл келеді.

2 — жүргізуші: 1923 жылы Ленинград университетінің қоғамдық — ғылымдар факультетіне, әдебиет — лингвистика бөлімінің славян — орыс секциясына түседі. М. Әуезов көркем әдебиеттен сабақ береді, әрі «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет істейді.

1 — жүргізуші: Орта Азия мемлекеттік унивирситетінің тюркология кафедрасына аспирантураға түсіп, сол кезде қазақ халық ағарту институтында орыс және қазақ әдебиет пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарды. Қазақтың мемлекеттік университетіне ауысты да, оның жалғастығы өмірінің соңына дейін үзілмеді.

2 — жүргізуші: «Москва, как много в звуке этом» — дегендей М. Әуезов өмірінде Мәскеу университетінің орны ерекше. Өзін Мәскеу студенттері алғашында салқын қабылдайды. Бірақ шын тұлпар шабысына біртіндеп барып енеді емес пе? Академик Виноградов өз кезегін Әуезовқа ұсынып, студенттермен бірге отырып тыңдайды. Бұл кезең Әуезовты ерекше ширықтырғандай еді.

1 — жүргізуші:“Қорғансыздың күні ” (1921) – жазушының алғашқы жарық көрген әнгімесі. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.

2 — жүргізуші: “Ескілік көлеңкесінде” ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген. Мұхтар Әуезов өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.

1 — жүргізуші: “Қараш – қараш оқиғасы” төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда да 20 жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы сөз болады.

2 — жүргізуші: “Қилы заман” повесінде 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың барысы, әділетсіздікке төзбей, ел бастап шыққан ерлердің бейнесі көрсетілген.

ІІІ — бөлім.

Әдеби — монтаж — Абай өлеңдері

1 — жүргізуші: Мұхтардың әдебиеттің жауһарларына қалам тербеуі — Абайды зор биікке балауында, Абайды шың санауында.

2 — жүргізуші: Бала кезгі арман, Абайдың өлеңдері, Абайдың қарасөздері арқылы есейгенде шын армандарға ұласып жатты.

/Абай өлеңдерін сахнаға 6 студент шығып мәнерлеп оқиды /сазды әуен ойнап тұрады/.

ІҮ — бөлім

Абай оқудан қайтқанда

/көрініс/

1 — жүргізуші:

Биік шыңнан көрінген ақылымен

Мұхтар — тұлға, Мұхтар — дара, Мұхтар – дана

Мың ғасырда бір — ақ рет туылатын

Алып шың, алып тұлға, Мұхтар ғана.

2 — жүргізуші:

Мұхтарымен мақтанады қазағым

Мұхтарымен алға ұмтылады қазағым

Абай жолын – қазағына саралап

Салып берген, салып берген Мұхтарым

1 — жүргізуші:

Ұзақ зерттеп, кең тыныспен кіріскен «Абай жолы» романдарын Мұхтар он бес жылға жуық жазады. Жазушының өзі айтқандай, «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу – жазушының шығармашылық өміріндегі сүйікті ісіне айналады.

2 — жүргізуші:

Абай жолы – халық жолы, халық жолы – Абай жолы.

1 — жүргізуші:

“Абай жолы” – қазақ совет әдебиетіндегі тұңғыш роман – эпопея…

2 — жүргізуші:

Эпопеядағы орталық тұлға, типтік характер – Абай. Ол – бүкіл бір халықтың рухани адамшылық келбетін елестете алатын бейне.

1 — жүргізуші: Абайдың өмір өткелдерін, әлеуметтік майдандағы әр алуан күрделі істерін оның нағыз адамдық ықыластарымен, үміт — арманымен, күйініші — сүйінішімен бірлестіре көрсету арқылы суреткер оның тұлғасын типтік характер дәрежесіне көтерді, ақын, ойшыл, қоғам қайраткерінің асыл бейнесін жасады.

2 — жүргізуші: Құнанбай образының жасалу шеберлігі бүкіл дүние жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір ғана емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсаған.

1 — жүргізуші: Осылайша Абайды үлгі — өнеге тұтып, қазаққа Абайдай дана туралы керемет шығарманы жазып қалдырды.

2 — жүргізуші: Өзінің естеліктерінде жазғандай, әкесі оған бала кезінен Абайды үлгі тұтушы еді, шығармаларының қайнар бұлағынан сусындатушы еді.

1 — жүргізуші: Сол бір бала Абайдың бейнесі Мұхтарға да биік мұнардай елестетуші еді. Назарларыңызға «Абай жолынан» көрініс — «Абай оқудан қайтқанда».

/Абай оқудан қайтқанда – көрініс/

Ү — бөлім

Естелік бейнежазба

1 — жүргізуші:

Ұлы Абайдай алыпты,

Қазақ деген халықты,

Таныстырып бар елге,

Абайды бізге танытты.

2 — жүргізуші:

Адамдық пен надандық,

Жақсылық пен жамандық,

Суреттердің бәрін де,

Оқып одан нәр алдық.

Аталса Абай есімі,

Әуезов түсер есіме,

Абай — Мұхтар қос есім,

Киелі болған өзіме.

1 — жүргізуші: Мұхтардың өмірі мен шығармашылығына 7 кітабын бірдей арнап, өзі де сол Абай мен Мұхтарды дүниеге әкелген киелі Семей жерінде туған, профессор, филология ғылымдарының докторы, Отырар кітапханасының директоры Тұрсын Жұртбайдың естелік сөзіне кезек берсек.

2 — жүргізуші: Бейне жазуды назарларыңызға ұсынамыз.

/Бейне жазба/

ҮІ — бөлім

«Әйгерімнің Абайды жоқтауы»

1 — жүргізуші: Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді.

2 — жүргізуші: 1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады.

1 — жүргізуші: Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік — Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды.

2 — жүргізуші: Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуына рұқсат алды.

1 — жүргізуші: Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды.

2 — жүргізуші: Қазағымның дара ұлы, дана ұлы маңдайға сыймай кетті.

/Әйгерімнің Абайды жоқтауы/

ҮІІ — бөлім

Қорытынды

1 — жүргізуші: Бүгінде есімі ұлттық мақтанышымызға айналған, атағы жер жүзіндегі адамзат баласының арыстандары атанған Шекспир, Пушкин, Толстойлармен теңдесіп, әлемдегі үркердей ұлылардың қатарына кірген, халқымыздың кемеңгер перзенті, дара және дана Мұхтар Омарханұлы Әуезовты қазақ мәңгілік жоқтап өтеді.

2 — жүргізуші: М. Әуезов — жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі — Мұхтар Әуезов.

1 — жүргізуші: Қанша ғасыр өтсе де, қанша дәуір өтсе де қазаққа саралап берген Абай жолы жалғаса береді.

2 — жүргізуші: Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған, Мұхтардай ұлылар мәңгі жасайды.

1 — жүргізуші: Құрметті қонақтар, әлемге Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған Мұхтардай ұлыға арналған әдеби кешіміз осымен тәмамдалды. Қош сау болыңыздар!

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу


Рухани жаңғырудың жарқын жолы

 Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Мұғалімнің іс-әрекеті:
«Достық торы» әдісі арқылы бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
Оқушылар ән шумақтарын ұйқастыру арқылы 4 топқа бөлінеді
Топтың ережесін еске түсіру
Таныстырылым:
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2. Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.
6. Сананың ашықтығы

Оқушының іс-әрекеті:
Бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
1-топ. «Қазақстан»
Ән: Көк тудың желбірегені
2-топ. «Салт дәстүр» Ән: Қазақы дәстүрлер-ай
3-топ. «Мәдени құндылықтар және өнер» Ән: Қара жорға
4-топ «Ұлттық ойындар мен тағамдар»
Ән: Қазақы дастарханым

Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды.
Топтағы ең үздік
«Рухани жаңғыру» тақырыбында коллаж қорғайды

ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз.
Тапсырма:
1 — Қазақстан — Еуразия жүрегінде
2 — Қазақ халқының салт — дәстүрі
3 — Қазақ халқының мәдени құндылықтары және өнері
4 — Қазақ халқының ұлттық тағамдары және ойындары

3-топ: туралы айту;

«Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі.
Оқушылар қазақ халқының рухани мәдениетін шет елге таныстырады
Қадыр Мырза Әлінің
«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» бейне ролик қарап, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

Аяқталмаған сөйлем «Рухани жаңғыру — ……..»
«Рухани жаңғыру — дәуір талабына сай жаңғыру»
«Рухани жаңғыру — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»
«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»
«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

Танашева Гульназ Утегеновна

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Туған кездегі есімі: Ахмет Қызметі: ақын ,  әдебиет зерттеуші ғалым ,  түркітанушы , публицист ,  педагог , аудармашы ,  қоғам қайраткері Туған күні: 5 қыркүйек   1872 Туған жері: Ақкөл (Сарытүбек)  ауылы, Жангелді ауданы ,  Қостанай облысы Азаматтығы: Қазақ елі Ұлты: Қайтыс болған күні: Қазақ 8 желтоқсан   1937  (65 жас) Қайтыс болған жері: Алматы Әкесі: Байтұрсын Шошақұлы Анасы: Күңші Құлыбекқызы Жұбайы: Бадрисафа Мұхамедсадыққызы Балалары: Марапаттары: Аумат, Қазихан, Шолпан Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

Туған кездегі есімі:

Ахмет

Қызметі:

ақын ,  әдебиет зерттеуші ғалым ,  түркітанушы , публицист ,  педагог , аудармашы ,  қоғам қайраткері

Туған күні:

5 қыркүйек   1872

Туған жері:

Ақкөл (Сарытүбек)  ауылы, Жангелді ауданы ,  Қостанай облысы

Азаматтығы:

Қазақ елі

Ұлты:

Қайтыс болған күні:

Қазақ

8 желтоқсан   1937  (65 жас)

Қайтыс болған жері:

Алматы

Әкесі:

Байтұрсын Шошақұлы

Анасы:

Күңші Құлыбекқызы

Жұбайы:

Бадрисафа Мұхамедсадыққызы

Балалары:

Марапаттары:

Аумат, Қазихан, Шолпан

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы

Ағартушылық еңбегі    А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:     Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,    Сап – сары аяқтары ұзын маса.    Өзіне біткен түрі өзгерілмес,     Дегенмен қара я қызыл маса.     Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,     Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.     Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,     Қоймастан құлағына ызыңдаса, -  деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.  Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық - әкімшілік істеріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

Ағартушылық еңбегі

А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап – сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түрі өзгерілмес,

Дегенмен қара я қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса, —

деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.

Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық — әкімшілік істеріне араласуына да алып келген — өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

А.Байтұрсыновтың ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның өлеңдері “Маса”, “Қырық мысал” деген аттармен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған.   “ Қырық мысал” орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Ақынның әдеби шығарманың дәл осы жанрын таңдауының үлкен мәні бар. Мысал жанры – қазақ халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.   “ Маса” деген атының өзі символ: надандық, өнер-білімнен кенже қалушылық, шаруаға енжарлық - осылар, автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, ал өлең иесі “аяқтары ұзын, сары маса” болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы болады .

А.Байтұрсыновтың ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның өлеңдері “Маса”, “Қырық мысал” деген аттармен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған.

Қырық мысал” орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Ақынның әдеби шығарманың дәл осы жанрын таңдауының үлкен мәні бар. Мысал жанры – қазақ халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.

Маса” деген атының өзі символ: надандық, өнер-білімнен кенже қалушылық, шаруаға енжарлық — осылар, автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, ал өлең иесі “аяқтары ұзын, сары маса” болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы болады .

Алаш көсемдерінің бірі Аудармашы  Ғалым Түрколог Әдебиет-танушы Педагог-ағартушы

Алаш көсемдерінің бірі

Аудармашы

Ғалым

Түрколог

Әдебиет-танушы

Педагог-ағартушы

Ғылыми еңбектері “ Оқу құралы” “ Сауат ашқыш” “ Жаңа әліпби ” “ Әдебиет  танытқыш” “ Тіл - құрал” “ Тіл жұмсар”

Ғылыми еңбектері

Оқу құралы”

Сауат ашқыш”

Жаңа әліпби

Әдебиет

танытқыш”

Тіл — құрал”

Тіл жұмсар”

Өлеңдері “ Ақын ініме” “ Сөз иесінен” “ Қазақ халқы” “ Оқуға шақыру” “ Екі шыбын”

Өлеңдері

Ақын ініме”

Сөз иесінен”

Қазақ халқы”

Оқуға шақыру”

Екі шыбын”

“ Шымшық пен көгершін” “ Қырық мысал” “ Өгіз бен бақа” Аудармалары “ Қартайған арыстан” “ Аққу, шортан һәм шаян” “ Қартайған түлкі”

Шымшық пен көгершін”

Қырық мысал”

Өгіз бен бақа”

Аудармалары

Қартайған арыстан”

Аққу, шортан һәм шаян”

Қартайған түлкі”

Ахмет  жайлы  ғалымдардың пікірі.

Ахмет жайлы ғалымдардың пікірі.

Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы, ғалым, ақын А.Байтұрсыновтың туғанына –140 жыл, «Қазақ әліпбиінің»  жарық көргеніне – 100 жыл

Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы, ғалым, ақын А.Байтұрсыновтың туғанына –140 жыл, «Қазақ әліпбиінің»  жарық көргеніне – 100 жыл

Ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген. Ұлы сөз! Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным, деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс.  Н.Ә.Назарбаев

Ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген. Ұлы сөз! Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным, деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс.

Н.Ә.Назарбаев

Шәмші Қалдаяқов - вальс королі

Мақсаты : әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен  танысу.

Шәмші әндерін насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау және оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:  

  • Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу;
  • ауысым қатысушыларын Шәмші әндерін нақышына келтіріп жеткізу қабілеттерін дамыту;
  • өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: әдеби-сазды кеш.

Қажетті жабдықтар: тақырыптық слайдтар, Шәмші Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм.

ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ:

Көрініс«Шәмшінің өмірге келуі»
(Музыка баяу ойнап тұрады.)

Автор: Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Осы көлдің жағасын 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады.

Қалдаяқтың шын аты – Әнапия. Оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап кеткен. Татарлардың гармонын, қазақтың домбырасы мен қобызын шебер орындайтын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Шәмшінің әкесі ұл туса Жәмшид патшаның атын қоямын деп жүрген кезінде түс көрген. Түсінде ұлының көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көрген. Мұны Шәмшінің әкесі жақсылыққа жорыған.

«Ән аға» фильмінен үзінді

Жүргізушілер сахнаға шығады

1-Жүргізуші :
Армыздар, асылын ардақтап, ұлы өнерді ұлықтауға жиналған қадірлі қонақтар?!

2-Жүргізуші :Қайырлы кеш,  қымбатты көрермен.  Қазақ вальсінің королі атанған алты алаштың оң қолын жүрегіне қойғызып, ән салдырған халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың «Шәмші әлемі» атты кешіне қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші: Әндері ғажайып саздылығымен, бұлақ суындай  тап-таза сыңғырымен лирикалық наздылығымен ерекшеленген  Шәмші Қалдаяқов тірі болса 90 жасқа келер еді. Эстрадалық әндердің әуенін ұлттық нақышпен құнарландырған құбылыстың артында «Сыған серенадасы», «Өмір өзен», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» сияқты 300 ден астам әні қалды. Бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастырған  Шәмші әндері халықтың ыстық ықыласына бөленді.

2-Жүргізуші:Сонымен, ұлтымыздың арда жазушысы  Мұхтар Әуезов тамсана тыңдап,  жоғары баға берген XX ғасырдың төбесінен  тамшылаған лирикаға кезек берейік.

Ән: «Ақмаңдайлым»

1-Жүргізуші: «Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан – таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған , Шәмші Қалдаяқовтың мен әр әніме алғашқы махаббатымдай қараймын деген сөзінде үлкен бір мән жатқан сияқты.

2-Жүргізуші:Дұрыс айтасың, шынында да әр әні әсем бір бақтың әртүрлі боп гүлдеген мәуелі ағашындай өз жемісі , өз жеңісі өз жолымен өз тағдыры бар.

Ән: «Кешікпей келем деп ең»

 1-Жүргізуші: Бейне ролик «Әнім – халқымның жүрегінде….»

1-Жүргізуші:
Сұлу Арыс жаралғандай ән үшін
Бір кездері тапқан да еді әншісін.
Бұл күндері баяу ағады сарқылып,
Іздей ме екен төл перзенті Шәмшісін

2-Жүргізуші:
Жырымды бүгін арнасам сізге айып па,
Өмірден озған ағаға асыл ғайыпта.
Арыстың әсем жағасындағы арулар,
Жүргендей бүгін ескексіз мініп қайықта

Ән: «Арыстың жағасында»
 

1-Жүргізуші:
«Аңшыны аңшы алыстан таниды» демекші, Шәмші ағамыздың тұстасы, өнер әлеміне бірдей құлаш сермеген Қазақстанның халық әртісі Мыңжасар Маңғытаев Шәмшінің шығармашылығы, адамгершілігі жайлы көзі тірісінде айтып кетіп еді:
«Мен ойладым, Шәкен өлместің адамы, өйткені із қалдырған азамат. Тірі адам ешуақытта жанында жүрген адамды өз деңгейінде бағалай алмайды. Өкінетін жағдайым Шәкең ерте кетті.

Ол жиырмасыншы ғасырдың серісі еді. Бұл азамат күншіл емес еді. Өсек айтпайтын, ешкім туралы қызғаныш айтпайтын. Бір кездесуде Шәкеңнен әңгіме естідім: – Сізге неге атақ бермеді, дер кезінде?»- дегенде, «Халқым-ау, менің алдымда Әблахат тұр ғой»,- деді. Сонда мен бұл кісінің бойындағы адамгершілік қасиетті сезінген едім».

2-Жүргізуші: Шәмші ағамыз бір сөзінде.
…. Өмірге, адамдарға құрметі жоқ кісіден өнерпаз шықпасы керек. Мен де адамдарға ғашықпын.
Сендер менің әл – Фарабимен жерлес екенімді ұмытпаңдар.
Ол да, мен де Отырардың перзенттеріміз деген екен.

1-оқушы

Отырардың ерке ұлы Шәмші ағаға

Артында өнер өшпес мұра қалды,
Әніне табындырып барша жанды.
Қазақтың сазгер ұлы, сал – серісі,
Ғасырдың ұлы елдің маңдай алды.
Ел аузында айтылар өзге қыры,
Дайын тұрды кімге де әзіл, шыны.
Ақ пейіл көңіліне берген шығар
Әнұранға айналып отты жыры.

Ұлылықты өзің – ақ дәлелдедің,
Жарқырадың ұлыдай кемеңгерім.
Әнмен тербеп әлемді сен тұрғанда,
Мүмкін емес ұлы аға төмендеуің.
Аты аңызға айналды Шәмші бүгін,
Тиісті еркелеуге елге дүйім.
Жүректен орын алған сазды әуенің,
Көтерер алты алаштың көңіл күйін.
Вальстің королісіз – ақ, өзі алтын,
Бағалай білген қазақ өнер парқын.
Әуеннен күмбез салған өзіңізді,
Құрметпен тағзым етер сізге халқым.

2-оқушы

М. Мақатаев./ Шәміл – ау! Шәмші қайда? Шәмші қайда?

… Сол күдер ғой – жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп айызың тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па,
Өз – өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма.
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл – ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағыда бір таңдандырсын,,
Жандырсын жүректі, жандырсын!
Мәңгі өлмейтін Махаббатым айта жүрер!
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!
Шәмшіге арнау.
Оқитын хор класының оқушысы
Жанаев Еренбақ
Отырарда туып, өсіп, ержетіп
Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.
Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан
Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.
Кетті аға, әнің қазақтың жерін шарықтап,
Көгершін болып көк аспанында қалықтап.
Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,
Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.
Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елің
Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.
Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін
Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.
Ол рас аға өмірден сыйды аз көрдің,
Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.
Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүр ме екен
Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.
Жабыны жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,
Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.
Бүгіндер жүр бармағын шайнап өкініп,
Уағында қадіріңізді білмеген.
Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қырқаны,
Ән салдың аға таңға ұрып тағы бір таңды.
Әлемнің қазір төрінен биік дауыспен,
Әніңіз сіздің Ән ұран болып шырқалды.
Күніңіз туды төріне өнер өрлейтін,
Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін
Өлді деп сізді кім айта алар жан аға,
Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін.

3- оқушы.

Шәмшіге

Мен сендей жаза алдым ба … жаза алмадым,
Жұртымды тербемеді ғазалдарым.
Уа, Шәке, мәңгілік ән сыры неде?
Түнде туып өледі азанда әнім.
Айтшы,вальс каролі,не қылайын,
Отырғаным түңіліп шегіп уайым.
Сенің ғажап әніңмен тербетіп тұр,
Жапырақтай жүрегін сері қайың.
Әндеріме шынайы мұң сіңіп пе?
Қайдам, қайдам жазбағам күрсініпте.
Мен әлде әндейтұғын ханшайымды,
Күң қылып жібергенмін тіршілікке.

4- оқушы.

Сезімге бай сырлы әнді сыйладым қай?
Күңіренткен дүниенің дидарын жәй.
Сүйкімсіз ноталарым сумаңдайды,
Қысқа киген сұлудың сирағындай.
Кешір,кароль ,кешірім өтінемін,
Запыранға толып тұр көкірегім.
Ән сенің аманатың аманатқа,
Қиянат жасадым-ау өкінемін.
Ажары бөлек боп тұр бүгінгі айдың,
Қозданып бара жатыр мұңым,қайғым.
Жалғыздық деген көлдің жағасында,
Жәй ғана “Қайықтаны” ыңылдаймын.

5 -оқушы.  Шәмшіге арнау

Тарихқа ән қалдырған
Тастыда тан қалдырған Шәмші аға
Сезімнің қылын шерткен
Мұрын сепкен
Әндері жібек шапан
Жүрегің тігін жеткен Шәмші аға
Ақ шағала құстай Шәмшінің әні
Самғайды құламайды
Ұялшықтың өзін әнші қылады
Айтпауға шыдамайды
Сендегі ән шағымды
Шашқандай маржанымды Шәмші аға
Сен жазған наз орынды саз шағынды
Қазаққа білдін бе екен әнұран жазғанынды
Шәмші аға

1-Жүргізуші:

Келесі орындалатын әннің тарихы қызық . Бұл әнді Мұхтар ағамыз Владивостокта әскери борышын өтеп жүргенде татар жігіті татардың халық әні деп шырқайды. Мұхтар аға бұл ән әкесі Шәмшінің әні екенін дәлелдейді.

2-жүргізуші: Ол қай ән дейсіздер ғой? Ол Шәмші ағамыздың аналарға орнатқан ән ескерткіші. «Ана туралы жыр» болатын.
Ән: «Ана туралы жыр»

1-Жүргізуші :Арыстың жағасынан түлеп ұшқан Шәмші бүкіл қазақ даласын әнмен әлдиледі. Шәмші Қалдаяқовтың ән мұрасы бүгінде ұлтымыздың мәңгі өшпес рухани құндылығына айналды.

2-Жүргізуші:

Шәмшінің әні мынау өмір өзенінде, бақыт құшағына бөлеп, қуаныш вальсіне билетті. Ол қайықта тербеп, сырдың толқынындарында шомылдырды. Ол үшін еліміздің әр тасы қымбат бір уыс топырағынан асқан құндылық жоқ.

1-Жүргізуші :

Шәмшінің әні ғашықтардың сағыныш әні,
Шәмшінің әні еліміздің жігері мен рухын тіктейтін ән байрақ .Өмірінің соңғы сәтіне дейін Шәмші жүрегінің әр лүпілі  Менің Қазақстаным  деп соқты.

2-Жүргізуші :

Еліміздің әнұранына айналған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні

Хор: «Менің Қазақстаным»

Дереккөз: bilimainasy.kz

Басқа материалдар:

  1. Ән әлемінің падишасы, вальс королі – Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш сценарийі
  2. Шәмші Қалдаяқов — вальс королі
  3. Тест: Шәмші әндерінің шығу тарихын білесіз бе?
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)
  5. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІІ том)
  6. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  7. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  8. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  9. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  10. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  11. Абай жолының ІV томы
  12. С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі (Сабақ жоспары)

Қостанай қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң техникалық шығармашылық мектебi КММ

КГУ Школа технического творчества отдела образования акимата города Костаная

СЦЕНАРИЙ


весеннего праздника

«Наурыз»

в рамках реализации Программы

«Рухани жанғыру – взгляд в будущее». 

для учащихся кружка НТМ

Педагог: Онегина Елена Борисовна

Цель: формирование казахстанского патриотизма, укрепление единства нации углубить и расширить знания и представление о Казахстане — независимом многонациональном государстве;

  •  вызвать чувство восхищения и гордости за столицу, за нашу Родину;

  •  воспитание гражданственности, любви к Родине;

  •  воспитание духовно-нравственных качеств личности, чувство ответственности за судьбу Родины

Сценарий весеннего праздника «Наурыз»

Сəлеметсіздер ме, қүрметті қонақтар!

Здравствуйте, дорогие гости!

Разрешите вас поздравить с наступающим праздником весны «Наурыз мейрамы»! И пожелать вам всего самого лучшего!

Ребята, сегодня мы будем говорить с вами о нашей Родине, о том, как вы к ней относитесь. Идея нашего мероприятия «Рухани жаңғыру жолында. Взгляд в будущее». Соединяясь с ценностями и нравственными ориентирами, патриотизм приобретает национальную идею. В этой связи патриотизм рассматривается как часть национальной стратегии государства, и одна из его основ закладывается в любви к своей малой родине, родной земле – Туған жер

А начнем мы с вами с совместного рассказывания стихотворения!

Мы здесь сегодня собрались,

Чтоб встретить праздник – Наурыз!

Улыбки, шутки, звонкий смех,

Пусть радуют сегодня всех!

Возьмемся за руки, друзья,

Ведь мы – единая семья:

Татарин, русский и казах,

Литовец, немец и поляк.

За нашим праздничным столом

Мы вместе песни запоем!

Открыта дверь для всех гостей:

Для пожилых, и для детей.

Весна навстречу нам идет,

Весна на праздник всех зовет,

Народы самых разных стран

Шлют поздравленья в Казахстан!

Сегодня мы с вами будем говорить о Новом годе. Какой Новый год весной, спросите вы. Но, именно в ночь с 21 на 22 марта — в день весеннего равноденствия казахи встречали Новый год. «Наурыз» в переводе с казахского — «новый день». Празднование Нового года у казахов отмечено своеобразными чертами. Так казахи называли Наурыз также «Улыс кyні» («Первый день Нового года»), «Улыстын улы кyні» («Великий день народа»). Отношение народа к Наурызу характеризуется тем, что мальчиков, родившихся в этот день называли Наурызбай или Наурызбек, а девочек — Наурызгуль или Наурыз.

А кто сможет рассказать легенду происхождения Наурыза?

Существуют легенды о происхождении и названии Наурыза. Так по одной из них Наурыз — имя предка казахов, у него не было детей. Перед смертью Наурыз обратился к пророку со словами сожаления о том, что ему некому оставить свое имя. Чтобы сохранить имя

старика пророк дал имя Наурыз-коже. Наурыз — день рождения и смерти предка казахов. Согласно другой версии, Наурыз — имя нищего. Перед смертью он обратился к старикам со словами, что ему некому оставить свое имя. Старики обещали ежегодно готовить Наурыз-коже в память о нем.

До наступления праздника люди приводили в порядок свои дома, расплачивались с долгами, поссорившиеся — мирились. А в этот день в каждой семье накрывали дастархан — скатерть с различными яствами. Для угощения соседей готовилась похлебка — «Наурыз-коже» — из семи элементов: различных круп, мяса, соли и жира.

А вы знаете названия казахских блюд?

(«Палау», «Драники», «Шубат», «Квас», «Борщ», «Самса», «Баурсаки», Чак-чак», «Курт», «Кумыс», «Наурыз-коже», «Иримшик», «Куырдак», «Манты).

Обычаи, связанные с наурызом:

Когда казахи празднуют Наурыз, наличие цифры «7» является обязательным — она заключает в себе 7 дней недели — временные единицы бесконечности вселенной: напротив аксакала (белобородый, старик) должны быть поставлены 7 чаш с наурыз-коже. Каждый должен посетить 7 домов и пригласить 7 гостей.

«Коктем Туды» («С рождением весны») — так казахи поздравляют друг друга на улицах, в парках, скверах и на стадионах с праздником Наурыз.

Традиционное приветствие в этот день: рукопожатие двумя руками обязательно с чередованием объятий через оба плеча.

Если в Наурыз выпадал снег, это считалось добрым знаком.

Даже девичью красоту в казахских легендах сравнивают с белым снегом Наурыза, поскольку в марте месяце обычно идет мягкий пушистый снег с особенной белизной. Наурыз – день обновления природы и соответственно у людей это праздник обновления и очищения от грязи тела, одежды, дома; очищение от зла, ненависти, грехов. В этот день открывают и вычищают источники, родники, водоемы, колодцы.

В Наурыз прекращались войны между враждующими.

По мифологическим представлениям казахов накануне этого дня по земле ходит счастье, поэтому это ночь называется ночью счастья.

Древние тюрки, предки казахов к началу этого праздника также одевались в новые одежды, белые рубашки и платья, подправляли усы и бороду, обязательно сбривали волосы. Существует казахское выражение «Одежда, словно белый снег Наурыза».

Если Новый год войдет в чистейший дом, этот дом будет свободен от болезней и зла. Поэтому накануне праздника люди наводили идеальную чистоту и порядок в доме. Они наполняли всю пустую посуду продуктами и водой из священного источника, веря, что если будет обильно в доме в Новый год, так будет и до следующего года.

Кто такие акыны?

Что такое айтыс?

Назовите казахские спортивные игры (казахша курес, тогуз кумалак, лошадиные скачки – байга, кыз –куу)

Как называются казахские качели — алтыбакан.

С какого года Наурыз объявлен государственным праздником? (2001)

А сейчас начинаются веселые праздничные старты!

1. Деление на команды.

2. Выдача маршрутных листов, объяснение заданий.

3.Веселые старты.

4.Подведение итогов.

Вот и закончился наш праздник.

Хочется верить и думать, чтобы наше будущее — в надежных руках. Растите достойными людьми. Любите свою Родину и будьте достойными гражданами Республики Казахстан!

Желаем вам добра и радости, счастья и здоровья, успехов и удачи!

4

ÓZGE JAŃALYQTAR

«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Ashý

Júkteý

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий

Ashý

Júkteý

Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017

Ashý

Júkteý

«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы

Ashý

Júkteý


MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY

Baılanys aqparattary:

Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK

Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15

Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX

Telefony:
+7 (7142) 562-428

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Русь единая русь непобедимая сценарий
  • Русско народные православные праздники
  • Русско народные обряды праздники
  • Русско народные летние праздники
  • Русско народные календарные праздники

  • Добавить комментарий

    ;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: