Салауатты ?мір салты сценарий

Cкачать: Салауатты өмір салты Сынып сағаты

Сынып
сағатының тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сынып
сағатының мақсаты:

Білімділігі:Салауатты
өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру.
Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға
ұғындыру.

Дамытушылығы: Денсаулықтың
негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға
ұғындыру.

Тәрбиелігі:Өзін-өзі
күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне
білуге баулу.

Түрі: ашық
сынып сағаты

Әдісі: ойын,
жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.

Көрнекілігі: Суреттер,
дәрігер салауат

Тәрбие
сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру
кезеңі:

-Оқушылардың
дайындығын қадағалау.

-назарын
сабаққа аудару.

Мұғалім: Күндей
жарқырап,

Айдай
арайлап, Жұлдыздай жарқырап,

Судай
мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі 
тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)

Армысың,
асыл күн!

Армысың,
асыл жыр!

Армысың
көк аспан!

Армысың
жан досым!

Жылуыма
жылу қос

Міне,
менің қолым.

Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 »

стратегиялық
даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының
денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.

 
Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір біздің болашағымыз
»атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Бүгінгі
тәрбие сағатында екі топқа бөліну  арқылы өз білімдерімізді ортаға
саламыз.

1-топ:
Алма

2-топ
Алмұрт

Бүгінгі
сайысымыздың мақсаты-« Бірінші байлық-денсаулық » деп

дана 
халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден
сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру.Зиянды
әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Ендеше
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көптің
жүзін білненше,

Бірдің
атын біл.

1.   Таныстыру. 
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2.   «Бірінші
байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі.

1
–топқа     1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық
дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам
еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны
нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

Денсулық
салауатты өмір  салты туралы ғылым.

3.Денсаулықты
сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

 Жеке
бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс
тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

4.Таңертеңгілік
жаттығу жасау не үшін қажет?

5.
Денсаулыққа  не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз
қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

6.
Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

2-топқа   
1.  Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?

2.Біз
не үшін тамақтанамыз?  Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына
келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір
сүру үшін тамақтанамыз.

3.Өздерін
қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер

4.
Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

5.
Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай
спортшыларды білесіңдер?

6.Үстел
басында өзіңді қалай ұстауың керек?

 3.   Дені
саудың –жаны сау

Жігерің
бар, талабың бар қайратың,

Мақсат
тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді
ұстай білсең тартынып,

Өмірің
бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.

Дене
қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға
жүріп дертті жең.

Таза
болса- табиғат,

    
Аман болар –адамзат.

   
Жалқаулық-жаман ауру.

   
Шынықсаң, шымыр боласың.

4.   Ситуациялық
жағдайлардан шығу.

1-   жағдаят:

Арман
мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан
естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл
ойға келіспеді. Ол

 «
Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер
не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағжаят:

Самат
енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол
неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды
жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп
шешті.


Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай
құрар едіңдер?

5.   Білігіңе
сенбе, біліміне сен! Жұмбақ шешу

Оң
жағымда бес сарбаз,

Сол
жағымда бес сарбаз.  ( он саусақ)

Асқар
тауда қара орман (шаш)

Таңмен
көзін ашады,

Әлемге
нұрын шашады? (күн)

Жеп
көріп ем мен,

Жас
шығарды көзімнен / пияз /

Іші
жұмсақ, сырты қатты,

Еті
қызыл, сүті тәтті. / қарбыз/

Әрі
қызыл, әрі тәтті,

Татқан
жанды таңырқатты.  / алма /

Тәтті
жемістердің бірі,

Қауақтың
кішкентай түрі.

Ай
бұтаққа ілінді,

Айтыңдаршы,
кім біледі.  / алмұрт /

Дәмі
де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас
кісі жоқ. / су/

  Дидактикалық
ойын: « Егер де..-не болар еді? »

-Егер
де күн болмаса не болар еді?

-Үнемі
қараңғы, қорқыныш болар еді.

-Егер
де су болмаса не болар еді?

-Шөптер
құрғайды, шөлдейміз.

-Егер
де ауа болмаса не болар еді?


Дем ала алмаймыз.

-Ендеше
бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.

—Балалар
, дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?

-Денсаулық

Аслан:

Шыныққан
шымыр денеміз,

Күн
сайын өсіп келеміз.

Денсаулық-
5 сабақ -5

Деп
рапорт береміз!

Сардар:

Суық
қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың
таза ауада ойнасаң.

 Осы
кезде спортпен шұғылданып,

Сұлулық
пен денсаулықты ойлайсың.

Нұрай: Дені
сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп,
отбасында тыныштық орнайды.

Берік
Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен
сақтап, нығайтуға болады.

Аяулым:

Спорт
біздің досымыз,

Күш
қайрат сыналған.

Спорт
біздің досымыз,

Бала
кезден шыңдалған

Анель:

Денсаулық
ол күлуің,

Көңіл
күйің жадырай.

Денсаулық-ол
жүруің,

Ешбір
жерің ауырмай.

Ералы:

Басты
байлық-денсаулық-

Бабаң
айтқан даналық.

Сақта
жолын сен тауып,

Осы
шақтан балалық.

Нұралы:

Денсаулық
–ол шыныққан

Барлық
денең мүшесі

Денсаулық
–ол тыныққан

Жүйке-тамыр
жүйесі.

Алишер:
Салауатты өмір салтын қолдайық,

Әдеттен
жаман әманда аулақ болайық,

Өз
өмірің өз қолыңда, ей , балалар,

Су
ішпеген гүлдей болып қалмайық,

 
Әділет:

Біз
өмірді таңдаймйз,

Біз
өмірді қолдаймыз. 

Әрқашан
бар ынтамен,

Салауатты
қолдаймыз.

Айым:
Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.

Мейрамбек:

Денсаулықты
сақтайық.

Шынығайық
баптайық

Сынып
сағатын қорыту:

Салауатты
өмір салты біздің болашағымыз тақырыбында газет шығару.

Сабақ
сонында екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу  үшін аурудан
алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен
біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік

Ашық тәрбие сағаты 
«Салауатты өмір салты» 

Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру 
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б.

Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.

Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.
Сабақтың мақсаты
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 
2. ой — өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» — деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
1- топ «Денсаулық» 
2- топ «Салауат» 
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:

І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 
ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. 

IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .

V- Мимикалық ойын (Кракодил)

VI -Сұрақ-жауап:

І-тапсырма бойынша:

«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)

топ: 1. Д…… і (дәрі) 
2. в…та…н (витамин) 
3. ….ны…..у (шынығу) 
4. с….ау……т (салауат) 

2- топ: 1. Г…и…на (гигиена) 
2.ту…ку….ез (туберкулез) 
3. тұ……у (тұмау) 
4. д… ау…. қ (денсаулық) 

Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.

ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ

1.Денсаулық зор байлық.

2.Тазалық — саулық негізі.

3.Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық

4.Аурудың алдын ал.

5.Демі бардың емі бар.

6.Көзің ауырса, қолынды тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

7.Көкірек ауру күле кетер.

8.Ауру аздырады,

Суық тондырады.

9.Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

10.Ауру батпандап кіріп,

Мысқалдап шығады.

Мақал мәтелдің жалғасын тап:

1.Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.

3.Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

5.Ауру желмен келіп, термен шығады.

6.Сырқат — тән жарасы,

Қайғы — жан жарасы.

7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

8.Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

9.Демі бардың емі бар.

ІІІ -тапсырма

  1. топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)

  2. 2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)

IV-тапсырма
Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ: 
…………………………………………баламыз, 
………………………………………….аламыз. 
…………………………………………….. 
………………………………………….санамыз. 
2-топ: 
…………………………………………күлеміз, 
………………………………………….жүреміз, 
………………………………………………. 
……………………………………………сүреміз. 

V Мимикалық ойын:

  1. Темекі зиян екенін көрсету.

  2. Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.

  3. Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.

  4. Таза ауада серуендеу.

VI Сұрақ-жауап:

I топ — Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
II топ — Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
Ортақ сұрақ қою: Сенің жан досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай араласасыңба әлде сен оған кеңес бересіңбе.

Ойларыңа рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
Бекіту: Тренинг «Өрмекшінің торы…» 
Тренинг «Денің сау болсын десең…» 
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 
VII Қорытынды: 
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

Ашы? т?рбие са?аты
Білімділік ма?саты:
таби?атты? адам баласына сыйла?ан басты байлы?ы –денсаулы?ты са?тауды? басты жолдары –зиянды, жат ?ылы?тардан аула? болып, салауатты ?мір с?ру екендігін ??ындыру.
Дамытушылы? ма?саты: «Ауырып ем іздегенше, аурмауды? жолын іздегенні?» ?лде ?айда тиімдірек екендігін ??ындыру, дене т?рбиесіне, салауаттылы??а да?дыландыру.
Т?рбиелік ма?саты: О?ушыларды? бойына адами игі ?асиеттерді ?алыптастыру?а, денсаулы?ты? ?адірін т?сіне, са?тай білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі: сызбала, о?ушыларды? газеттері, магнитафон, ?олшатыр.
Саба?ты? ма?саты:
1. о?ушылар?а салауатты ?мір салтын са?тауды? ?ажеттілігін, зиянды заттарды? зардаптарын білуге, жат ?деттерден аула? болу?а ?йрену;
2. ой – ?рістерін, сана, сезімдеріні?, тілдерін, шы?армашылы?тарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік м?дениеттілік ?асиеттерді бойына сі?ірген жан – жа?ты, рухани дамы?ан т?л?аны т?рбиелеу.

Саба?ты? барысы:
1. Ма?ынаны табу: С?ра? –жауап т?рінде ??гімелеу.

-Міне балалар, біз денсаулы? туралы тегін ??гімелеп отыр?ан жо?пыз, б?гінгі саба?ымызда денсаулы?ымызды ?алай са?таймыз, не н?рселерден аула? болуымыз керек, сол ж?нінде ой ?рбітеміз.

Бізді? хажл?ымыз «Денні? саулы?ы –басты? байлы?ы» – деп тегін айтпа?ан. Елбасымыз Н.?. Назарбаев хал?ымызды? денсаулы?ына ?з жолдауында ?лкен м?н беріп, азаматтарды? денсаулы?ына, ?орша?ан ортаны? таза болуына к?ш салу ?ажеттілігін атап айт?ан.

Ендеше, денсаулы?ты са?тау ?з ?олымызда. Денсаулы?ты са?тау –е? ?уелі тазалы?ты са?таудан басталады екен. Бізді? дінімізде де денсаулы?ымызды са?тау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды ты?дап к?рейік.

Магнитофоннан ты?дау:
1. денім сау болсын десе? –тама?ты ішер алдында ж?не ішіп бол?аннан кейін ?олы?ды жу. Тама?ты? берекесі де осында.
2. Тістері?ізді тазалап ж?рі?іздер, себебі ол п?ктікке жатады. П?ктік иман?а ша?ырады, ал иман ж?ннатта иесімен бірге болады.
3. Алла та?ала п?к, ол п?ктікті жа?сы к?реді, ол таза, тазалы?ты ?натады. ?й жайы?ызды, ж?ріп –т?ратын жолдары?ды таза ?ста?дар.

(«Мы? бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулы?ымызды са?тау жолдарын ?аншалы?ты білетінімізді екі топ боп сайысып, орта?а саламыз.

1. Топ о?ушыларын екі топ?а б?лу.

1- топ «Денсаулы?»
?раны:
«Денсаулы? –зор байлы?».

2- топ «Салауат»
?раны:
«Салауатты ?мір –денсаулы?ты? кепілі»

2. ?діл?азылар ал?асын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

І ?р топ ?здері шы?ар?ан газеттерін ?ор?айды.

ІІ Кластер ??ру.
ІІІ «Т?сіп ?ал?ан ?ріптер».
Берілген с?здерге ?ріптерді ?ою.
1- топ: Денсаулы?ты ны?айту жолдары.

2- топ: Денсаулы??а зиянды ?деттер.
1- топ: 1. Д…… і (д?рі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны….у (шыны?у)
4. с….ау……т (салауат)

2- топ: 1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. т?……у (т?мау)
4. д… ау…. ? (денсаулы?)

IV. «Т?рбие к?зі – халы?та». Екі топ денсаулы? туралы ма?ал – м?тел жазып о?иды.
V. Шы?армашылы? тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
…………………………………………….
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………к?леміз,
………………………………………….ж?реміз,
……………………………………………….
……………………………………………с?реміз.

Сайысты ?орытындылау барысында о?ушылар ?нерін к?рсетеді.
1-о?ушы:
Жымыс?ы жау- ара? мынау.
А??ылда?ан жалпылда?ан.
А??ау ж?ртым ?аза?ым.
Сенгіштікті? к?нбістікті?,
Тартты? ?дбен азабын.

VI Бекіту: Тренинг «?олшатыр…»
-Біз зиянды заттардан ?ор?ану ?шін не істеуіміз керек? О?ушылар ?олшатырды? ?р б?лігіне ?а?аз?а ?з ойларын жазып іледі.
Тренинг «Дені? сау болсын десе?…»
Бір о?ушы «Дені? сау болсын десе?…» деп орта?а шы?ады. ?ал?ан о?ушылар осы с?йлемді толы?тырып ая?тап, ше?бер ??райды.

VII ?орытынды:

Просмотр содержимого документа

«Салауатты ?мір салты»


С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: Кейс 3.docx.
Показать все связанные файлы


Подборка по базе: Баяндама _Бала, ата-ана, мектеп_.docx, Баяндама _Бала, ата-ана, мектеп_.docx, 533 МЕКТЕП ҮШІН.docx, Ұлттық Мектеп лигасын құру бұйырық.docx, _Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшел, 6 сын тест мектепіш.docx, Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың санитариялық.docx, Екі жұлдыз. Сценарий. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасындағ, Жетекші мектеп жоспары үлгі.doc, Ғаппар Наргиз №187 мектеп-лицей.docx


Қазіргі мектеп оқушыларының салауатты өмір салтына деген ынтасы

ВЕБ-КВЕСТ «Денсаулық сіздің қолыңызда»
Ерсаин Айгерім Дәулетқызы,

Павлодар педагогикалық Университетінің студенті, Павлодар қ.

Ғылыми жетекшісі: Калиева Салтанат Жұмабайқызы,

Павлодар педагогикалық Университеті Жаратылыстану жоғары мектебінің б.ғ. к., қауымдастырылған профессоры, Павлодар қ.
Адамның ең құнды нәрсесі-оның денсаулығы. Жастардың өмірлік құндылықтарының рейтингінде денсаулық отбасының, достық пен қарым-қатынастың, қаржылық әл-ауқаттың маңыздылығынан кейін тек 4-орынды алады. Қазіргі уақытта мектеп алдында оқушылардың салауатты өмір салтына деген жеке қызығушылығын тәрбиелеу мәселесі тұр.
Салауатты өмір салты-бұл не?

СӨС-бұл адамның өміріне оң әсер ететін пайдалы әдеттер кешені.

Оның көмегімен сіз денсаулықты нығайтуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және бақытты болуға болады.
Мұғалім: Сәлеметсіз бе, балалар!
Бүгін сіз тек тыңдаушылар мен көрермендер ғана емес, салауатты өмір салты деген не екенін білесіз, оның компоненттерімен танысасыз.

СӨС сақтау әркімге өз денесіне күтім жасауға және күтім жасауға көмектеседі. Бұл оны нығайтуға, тұрақтылыққа және күшке ықпал етеді. Бұл тек бір шарт бойынша.

Оның барлық компоненттерін пайдалану керек:

  • дұрыс тамақтану
  • спортпен айналысу
  • жеке гигиена ережелерін сақтау
  • қатаюдың әртүрлі түрлері
  • жаман әдеттерден бас тарту немесе азайту

Қызығушылықтар бойынша біріктіріңіз, рөлді таңдаңыз.

Ақпараттық ресурстардың тізімін зерттеңіз.

Жалпы материалдан ең қызықты және қажет нәрсені таңдаңыз.

Әр топ өз жұмысын аяқтағаннан кейін бәрін бірге жинап, ақпаратты талдаңыз.

Жұмыс нәтижелерін шығармашылық есеп түрінде ұсыныңыз.
Сәттілік тілеймін!

Топ Тапсырмалар
Әдебиетшілер Салауатты өмір салты туралы жұмбақтар жинаңыз.

«СӨС» тақырыбына сәйкес келетін мақалды таңдаңыз, оны ребус түрінде көрсетіңіз

http://rebus1.com / ребустар

Кроссворд түрінде салауатты өмір салты туралы викторина жасаңыз

http://puzzlecup.com/crossword-ru / — кроссвордтар фабрикасы

Физиолог-ғалымдар СӨС туралы ақпарат жинаңыз.

СӨС дегеніміз не, оның негізгі компоненттері қандай?

«Денсаулық құпиялары»буклеті түрінде есеп беріңіз

Фотографтар,

суретшілер,дизайнерлер

СӨС негізгі компоненттерін зерттеңіз.

Қосымша ресурстарда фотосуреттер мен суреттерді қараңыз. A3 қағазын пайдаланып, суреттерде СӨС компоненттерін суреттеңіз

Әлеуметтанушылар Үлгі бойынша сауалнама жасаңыз, сауалнама жүргізіңіз. Сауалнама деректерін талдаңыз. Есепті нөмірлеу түрінде беріңіз.
Практика Кешенді құрыңыз таңертеңгілік гимнастика, сергіту .»Спортград» блогы («Денсаулық құпиялары»айдары) Кешенді бейне түрінде көрсетіңіз.

Қорытынды

Әр адам өз денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Өмірдің осы маңызды факторынсыз бақытты заманауи адамның толық өмірін елестету қиын.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тек әркімнің еркі мен қалауына, сондай-ақ қоршаған ортаға, генетикалық кодқа байланысты.

Маңызды қадағалауға үшін басылып жүрді зиянды әдеттер таралған біздің уақытта.

Олардан бас тартудың жаман әдеттері бар.

Өйткені, салауатты өмір салтының қазіргі өмірдегі рөлі сөзсіз. Дені сау адам қартайғанға дейін жас және белсенді болып қалады, әлеуметтік өмірге толық қатысады және өмірден қанағат алады.

Барлықтарыңызға салауатты өмір салтын ұстануды, дені сау, жинақы және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!

«Салауатты өмір салтын дәріптейік»

атты сайыс сценарийі.

Дастенова Лайля-валеология пәні мұғалімі

Сыныбы: 7а,7б

Сайыстың мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық »деп айтылғандай,

«Қазақстан-2030»бағдарламасында көрсетілгендей,

өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы

мықты,хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды

әдеттерден ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен

сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау

екендігін түсіндіру.

Тәрбиелік мәні: зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене

тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғы.

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе бөлім.

Жүргізуші:

Халқымыздың алаулап,оттай жаны,

Қанымызда қаншама кек қайнады,

Еркін елміз,біз бүгін ерікті елміз,

Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай,еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болғанына да міне 16 жыл толды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында,Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі мектебіміздің 7-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір салтын дәріптейік»атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты «бірінші байлық-денсаулық»деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден-ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру,өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:

7а-сыныбынан «Болашақ»тобы.

7б-сыныбынан «Денсаулық сақшылары» тобы.

Сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Сайысымыздың шарттары:

1.Таныстыру.(Әр топ өздерін таныстырады,төс белгілерін қорғау.)

2.Бірінші байлық-денсаулық ( зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру)

3. «Денсаулық-зор байлық» ( денсаулыққа зиянды нәрселер туралы әзіл өлеңдер айту)

4. «Тәні — саудың, жаны — сау» (зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру)

5. Уланбасын өмірің (зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету).

6.Ситуациялық жағдайлардан шығу.

7.Сұрақ-жауап (СПИД-ке байланысты конверттің ішінде 22 сұрақ берілген,осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болу керек).

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

ІІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші:

Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,

Ащы суға өзіңді-өзің қыстама,

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,

Әуес көріп ұстамасты ұстама!,-деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін 7а-сыныбынан ұйымдастырылған «Болашақ»тобын сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» кезегіне шақырамыз.

Жүргізуші:

Иманыңды,дидарыңды,

Тазалап ал,қазағым,

Ұрпақтарың,ұл-қыздарың,

Түзу бассын қадамын!,-деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген 7бсыныбының «Денсаулық сақшылары»тобын ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

Жігерің бар,талабың бар,қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып,жаман әдеттерден жирендіретін,денсаулыққа зиянды нәрселерге байланысты мақал-мәтелдер айтудан 2 топ мүшелері сайысқа түседі.

Жүргізуші:

Жағымсыз иістен аулақ бол,

Жақсы іске жақын бол,

Темекімен жау болып,

Адамдыққа асық бол,-дей отырып, «Денсаулық-зор байлық»айдарымен сайыскерлерді әзіл өлеңдер айту шарты кезегіне береміз.

Ал,шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын,

«Ол кім», «Бұл не?»бөлімінде,

Танымдықпен,білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын-

деп келесі «Тәні саудың,жаны сау» бөліміне тоқталайық.

Шарты:зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.

Болашақ тобына сұрақ:


  1. С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?

(Ұстаздан ұлағат)


  1. Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?

(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)


  1. Құрамында этил спирті бар. Ол не?

(Ішімдік)


  1. Темекі құрамындағы улы зат?

(Никотин)


  1. Туберкулезге қарсы күрес күні?

(24-наурыз)

6. СПИД неліктен қорқынышты?

(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)

Денсаулық сақшылары тобына сұрақ:

1.. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?

(Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)

2.СПИД нашақорларға қалай жұғады?

(ортақ пайдаланған ине арқылы)

3.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?

(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)

4.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?

(1-желтоқсан)

5. Шылымның зияны тиетін мүше?

(Өкпе)

6.Есірткінің ең көп тараған түрі?

(анаша,кокаин,апиын,ең көп тараған түрі-героин)

Жүргізуші:

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Уланбасын өмірің»бөліміне өтеміз.Шарты зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету.

Жүргізуші:

Дүниеде дерт боп әркез жетеді,

Әдет болып жаман нәрсе кетеді,

Жаман әдетке жақ болсаң,

Өмірің қор боп өтеді,-келесі бөліміміз ситуациялық жағдайлардан шыға білу.

«Болашақ»тобына:

Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?

«Денсаулық сақшылары»тобына:

Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.(қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді

«Болашақ» тобына:

Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?

«Денсаулық сақшылары»тобына:

Бастықсыз:Сіздің қол астыңыздағы жұмысшыңыз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды,себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді.Ол жаңа ғана түскі үзілістен ішіп келіп тұр.Не істейсіз?

Жүргізуші:

Басталады кім тапқыр деген сайысың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың,алғырлығың сыналар,

Қане,шәкірт көрінеді қай ісің.

СПИД-ке байланысты конверт ішінде 22-сұрақ берілген.Осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болуы қажет.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Қалу керек өмірдің шуағы боп,

Денсаулықты сақта,түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-

деп сайысымызды аяқтай келе әділқазылар алқасына сөз береміз.

Жүргізуші:

Ата-анамыз,ұстазымыз,

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Балаңыз аман болсын,

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын-дей келе

-Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал боламын десе………………….

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім сүйікті жар боламын десе……………

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе……….

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе………..

Хормен: Арақ ішпесін!

Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе…..

Хормен:Арақ ішпесін!

-Денім сау болсын десең………….

Хормен: Темекі тартпа!

Әнші болғың келсе……………………..

Хормен: Темекі тартпа!

Ғалым болғың келсе………

Хормен:Темекі тартпа!

Білімді,ақылды азамат болғың келсе……….

Хормен:Темекі тартпа!

Қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Міне бүгінгі 7 сыныптар арасында өткен «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Баршаңыздың дендеріңізге саулық тілейміз.

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің 7бсыныбында ұйымдастырылған

«Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатының бағдарламасы.

Валеология пәні мұғалімі: Дастенова Лайля

Сыныбы: 7б

Тақырыбы: Менің денсаулығым-менің болашағым.

Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты

байлығы,денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-

зиянды,жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір сүру

екендігін ұғындыру,денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге

тәрбиелеу,ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген

әлдеқайда тиімдірек екендігін түсіндіру,дене

тәрбиесіне,салауаттылыққа дағдыландыру.

Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қатысуын түгелдеу,назарларын тақырып аясына шоғырландыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1 Кіріспе сөз.

2. «Денсаулық-байлықтан қымбат»тақырыбындағы баяндама.

4. «Есірткінің зобалаңы» көрініс.

5. Сергіту сәті.

6. «СПИД құрбаны» монолог-көрініс.

7. «Мені жалғастыр» ойыны

ІІІ. Қорытынды.

«Алтын қақпа» ойыны

1-жүргізуші:

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда,

Денсаулық терең байлық деген сөзді.

Құр айтпаған кешегі бабамыз да.

2-жүргізуші:

Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары!

Бүгінгі біздің Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі-темекі,арақ,есірткі,СПИД ауруларына қарсы 7бсыныбында ұйымдастырылған «Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар,ол оны қолынан шығарып алады,бұдан кейінгі күні «тар жол,тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да,ең қымбатты-ол оның мәнді де,сәнді өмірі.

Ал,осы өмірінің мәнді де,сәнді өтуіне оның басты байлығы-денсаулығы тікелей әсер етеді.

2-жүргізуші:

«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың-жаны сау»деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.Өкінішке орай,адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады.Сондықтан да,елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып,әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

1-жүргізуші:

«Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімдірек.

Егер әр адам ақылға салып,табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе,денсаулығына зиян келтірмей,ұзақ өмір сүрген болар еді.Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысып,есірткілерді,темекі мен ішімдікті пайдаланбауымызға бағытталған.

2-жүргізуші:

Салауатты өмір сүрудің басты шарты-темекі,нашақорлық,маскүнемдіктен арылу.Маскүнемдік,шылымқорлық,нашақорлық-ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.Оның қасіреттілігі сол-денсаулықты нашарлатып-адамды аздыруда.

1-жүргізуші:

Кешіміздің алғашқы бөлімінде «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбындағы баяндаманы сыныбымыздың озат оқушысы Асарбай Гүлзат оқиды.

2-жүргізуші:

Маскүнемдікпен,нашақорлықпен,шылымқорлықпен жеке аудан,қала,не облыс бойынша күресу мүмкін емес.Жеңіске жету үшін бүкіл қазақты көтеру керек.Барлық қазақ арақтың,нашаның,темекінің ата-жаулар екенін түсініп,оған қарсы аттандап шығуы керек.

Келесі кезекте «Уланған ұрпақ өспейді» атты әдеби-монтаж.

1-жүргізуші:

«Салауатты өмір»Қазақстан-2030 жолдауында шылым шегу терең ойластырылып,қоғамдық өмірден ығыстырылуы қажет делінген.Сонымен,қатар ғасыр қасіреті нашақорлыққа,маскүнемдікке жол бермей спортқа көп көңіл бөлейік.

2-жүргізуші:

Жігерің бар,талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі жайнайтын,-дей отырып, «Есірткі зобалаңы» атты көріністі тамашалайық.

1-жүргізуші:

Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі,

Ешбір затпен уламай жас денеңді,

Бағытталған мол қозғалыс керегі.

2-жүргізуші:

Ендеше оқушылар,келесі кезекте сергіту сәтіне кезек берейік.Ұстаздар,сіздердің де қалыс қалмай қатысқандарыңызды қалаймынз.

1-жүргізуші:

Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын.

2-жүргізуші:

Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін.

1-жүргізуші:

Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін.

2-жүргізуші:

Арақты зиян дегендер екі қолын төмен түсірсін.

1-жүргізуші:

Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.

2-жүргізуші:

Бақытты да,ұзақ жасағысы келгендер,алақандарын соқсын.

1-жүргізуші:

«Денсаулық-басты байлық»дегенді қолдайтындар орындарына отырсын.

Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,

Аман-есен өтіп келген өткелден,

СПИД деген аждаһа бар сақ болшы,

Дүниені орап келер беткейден.

1-жүргізуші:

Обасы ол жиырма бірінші ғасырдың,

Айырмаған досың менен қасың кім?

Мың миллиондап жеп келеді жегі құрт,

Қиылуда қыршынынан қанша гүл

Келесі кезекте «СПИД құрбаны»атты монолог-көрініс.

2-жүргізуші:

Өмірің болсын десең,сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді,

Адам бол!Білімі тасқын,өнері асқан,

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын «Мені жалғастыр»ойынына кезек берейік.

1-жүргізуші:

Ауырып ем іздегенше,……………………………………. жол ізде.

2-жүргізуші:

Темекі ақшаның жауы,……………………………………..бақшаның жауы.

1-жүргізуші:

Арақпен достасқаның,……………………………………….қоштасқаның.

2-жүргізуші:

Шылымды әр тартқаның,…………………………………..темір шеге қаққаның.

1-жүргізуші:

Шылым шеккенің іші де күйеді,…………………………күйеді.

2-жүргізуші:

Араққа сәлем берсең,…………………………………………..қош бол де.

1-жүргізуші:

Есірткі тартса баласы,…………………………………………ата-анасы.

2-жүргізуші:

Есірткімен достасқаның,……………………………………….қоштасқаның.

1-жүргізуші:

Әуестенсең есірткіге әу бастан,…………………………….деген науқастан.

2-жүргізуші:

Адамның үш жауы бар,………………………………………….

1-жүргізуші:

Аурудың жақсысы жоқ,………………………………………….тәттісі жоқ.

2-жүргізуші:

Шарап сіңіп тынар,………………………………………………….құрып тынар.

1-жүргізуші:

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда мәнді, салауатты өмір сүргенге не жетсін! Бұл біздің қолымызда ағайын. Еліміз егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда темекі, есірткі, арақ деген пәлекет жағамыздан алмасын деп тілейміз.

2-жүргізуші:

Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,-дей отырып:

Айналайын жастарым,

Өн- бойыңды әрдайым,

Дәл осындай кеселден,

Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.

Қорытынды: Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, ішімдік, темекі балта шабылмасын. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды ұлы түтінге әуес, құмар болмайық дей келе, ашық тәрбие сағатымызды «Алтын қақпа» ойынымен қорытындылайық.

(«Көңіл толқыны» әуенімен) Өтеген Жарбол

«Менің Республикам» мәнерлеп оқу

1-жүргізуші: Ия, ата бабам аңсаған азаттық таң.

2-жүргізуші: Ата-баамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған желтоқсан оқиғасының орны ерекше.

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз үшін жанын пида құрбан еткен азаматтарымыздың, ерен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік -ұлтың менен ұраның.

2-жүргізуші:

Шартарапта аттығындай азаттың,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

1-жүргізуші:

Көк байрағы, елтаңбасы, бірілігі,

Шалқи берсін әнұраны қазақтың. (әнұран)

2-жүргізуші: Еліміздің елдігін, бірлігі мен тірлігін ойлаған ата-бабамның ұлтарақтай жері үшін, туған елі үшін жанын берді.

1-жүргізуші: Халықтың татулығын, кең байтақ жерінің тәуелсіздігін, елінің мұраты мен келешегінойлаған ата-бабам толарсақтан саз кешіп, ат үстінде елін қорғады. (көрініс)

Ән. Хор: «Егеменді Қазақстан»

2-жүргізуші: Қазақ халқы ханын ақ киізге салып, көкке көтеріп, басы жерге жеткенше сыйлап өткен.

1-жүргізуші: Татулық пен бірлікке шақырған билердің шешіміне, тоқтамына келісіп,ақыл кеңесіне құлақ түрген. Қара қылды қақ жарған әділ билердің шешіміне тоқтаған.

(Билер көрінісі)

Ән. Хор:

2-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа, тәуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ.

1-жүргізуші:Халықтың басынан небір дүрбелең өтті.

2-жүргізуші: Ғасырлар бойы бабаларым армандағантәуелсіздіктің туын тігуге-желтоқсан оқиғасы Ақ жол, нұрлы бастау болды.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік — халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік – елдіктің киелі кепілі, келесі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны.

1-жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

Шуағын күн төгеді енді көктен.

2-жүргізуші:

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуіелсіздік жалауын желбіреткен.

1-жүргізуші:

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақбоз аттың алдынан шалды үмітте.

2-жүргізуші:

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке.

1-жүргізуші: Міне, 2 жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасау, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» мәні ерекше. («Тәуелсіздік сөз» ер балалар)

Хор: «Атамекен»

1-жүргізуші:

Қарыштай бер Қазақстан шың басына,

Айналып Орта Азия барысына.

Талапты ел атанып, табысты ел,

Асты даңқың мұхиттың ар жағына!

2-жүргізуші: Мемлекеттік нышандары айқын, болжам парасатын пайымдаған мемлекет аталуымыз елбасының сардарлы да салиқалы саясатының нәтижесі.

1-жүргізуші: Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.

1991 жыл. ҚР-ның тәуелсіздік алған жыл

1992 жыл ҚР-ның рәміздері бекітілді.

1993 жыл ҚР-ның төл теңгелері айналымға түсті.

1994 жыл- ҚР-ның жаңа парламенті өз жұмысын бастады.

1995 жыл. ҚР-ның ата заңы конституция қабылданды.

1996 жыл. Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1997 жыл. Ел ордамыз Астанаға көшірілді, осы жылды «Татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жаияланды.

1998 жыл. ҚР-сы үшін «Халықтар бірілігі мен ұлттық тарих» жылы

1999 жыл. ҚР-ның «Ұрпақтар білігі мен сабақтастығы» жылы

2000 жыл.ҚР-да «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланды

2001 жыл. ҚР-да «Тәуелсіздік пен достық» жылы болып жарияланды.

2002 жыл. ҚР-да «Денсаулық жылы»болып жарияланды.

2003-2005 ж.ж. «Ауыл жылдары» болып жарияланды.

2006 жыл. ҚР-да сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.

Осы жылы Қазақстан Республикасы алғаш өз жер серігі «Kazsat» -ғарыш кеңістігіне ұшырылды.

2007 жыл. Қазақ тілін қолдау жылы.

Қазақстан үшін әрбір жыл жетістікке толы болмақ.

Хор:

1-жүргізуші:

Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ақ қанатты қыраны,

Азаттығы халқымның.

2-жүргізуші:

Паш еткен даңқын,атағын,

Қазақстан –Отаным.

Нұрға бөлеп елімді,

Ақ таңың боп атамын.

1-жүргізуші:

Қазақстан –Отаным,

Туған жерім киелі.

Арттырып даңқын, атағын,

Туына бас иемін.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар егемендіктің елдігігін тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлы ата бермек!

1-жүргізуші: Азаттықтың айбарлы алдаспанын асқақтата адымдаған айбынды елімнің күні шұғылалы, туы биік желбірей бермек.

2-жүргізуші: Осымен «Өрлей бер өркениетке, өсер елім» атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.. Келесі кездескенше күн нұрлы болғай!

Достарыңызбен бөлісу:

ІҮ. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары:

дұрыс тамақтану;

зиянды әдеттерден аулақ болу;

жеке бас тазалығын сақтау;

денешынықтырумен айналысу;

оң эмоциялардың көп болуы;

қоршаған ортаның тазалығы;

күн тәртібін сақтау;

үнемі қозғалыста болу.

Ү. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау.

Зиянды әдеттер

Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық

Салауатты өмір салтын ұстануға бірден бір кері әсер ететін факторлар.

Ішімдік «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді.

Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр

ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.

Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе

қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың

ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.

Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық бұл тажал адамның денсаулығына кері

әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%ы

өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.

Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.

Нашақор адамдар өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.

ҮІ. «Тәні саудың жаны сау» (сұрақ жауап)

1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)

2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас

гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)

3. 2002 жылы Елбасы қандай жыл деп жариялады? (Денсаулық)

4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз

қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)

5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)

6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)

7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)

ҮІІ. Мақал мәтел.

1. Сақ жүрсең, …………..сау жүресің.

2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

3. Денің сау болса, жарлымын деме. ……………Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

4. Тыста ұзақ жүргенің – ……….……..ұзақ өмір сүргенің.

5. Дені сау адам ……………..табиғаттың ең қымбат жемісі.

6. Елемеген ауру жаман, ……………..ескермеген дау жаман.

7. Сырқат тән жарасы,……………. қайғы жан жарасы.

8. Тазалық – саулық негізі, …………саулық – байлық негізі.

9. Көзің ауырса,……………….. қолыңды тый,

Ішің ауырса,………………. аузыңды тый

10. Жарлының байлығы –үүүүүүүүүүүүүүү денінің саулығы.

ҮІІІ. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке…

Оқушылар бір біріне тілектерін жазып ұсынады.

Қорытынды.

«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов

айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.

Асалова Несібелі Елубаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

Әдісі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.

Сабақ барысы:

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.

Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі

Зиянды әдеттер бөлімшесі

Пайдалы кеңестер бөлімшесі

  1. Қорытындылау.

І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен.

Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер?

Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 4 топқа бөліп отырмыз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып,  «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Сонымен саяхатымызды бастайық.

Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады. Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.

—         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

—         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

—         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

—         Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

—         Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

—         Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

—         Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

—         Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

—         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

—         Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

—         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

—         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

—         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

—         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

—         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

—         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

—         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

Тері тазалығы.

Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ.

Табиғи дәрумендер

Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

А дәрумені.  Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.

В дәрумені.  Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

С дәрумені.  Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.

Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

 Темір. Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

Кальции Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.

Оқушының тамақтану кестесі.  

Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді. Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.

Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.

Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.

Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.

Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:

—         Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;

—         Біркелкі тамақтанудан;

—         Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;

—         Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;

—         Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;

—         Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;

—         Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі  

Спорт (франсуз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Тарихы

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, жәнеАустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн. Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло жәнеатты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.  Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталғанОлимпиада ойындары өтіп тұрған.

Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

  1. Велоспорт                                                         1. Биатлон
  2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты
  3. Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары
  4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау
  5.  Теннис                                                              5. Фристайл
  6.  Футбол                                                              6. Хоккей
  7. Суда жүзу                                                         7. Шорт-трек т.с.с.

Енді сыныбымыздың спортшыларының өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!     (спортшылар өнері)

   Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы.

—         Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;

—         Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;

—         Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;

—         Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;

—         Ауыр заттарды көтеру зиян;

—         Орындықта дұрыс отыру керек;

—         Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.

Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері.

—         Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;

—         Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;

—         Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;

—         Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;

—         Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;

—         Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;

—         Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;

—         Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;

—         Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);

—         Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.

Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі.

—         Өте сирек ауырады;

—         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

—         Ұйқысы да тыныш;

—         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

—         80 жастан кем жасамайды;

—         Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

Зиянды әдеттер бөлімшесі

Шылымқорлық

Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.

Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған. Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.

Ішімдік.

Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.

Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті. Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.

Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!

Пайдалы кеңестер бөлімшесі.

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

Қоршаған орта ластығы.

Дұрыс тамақтанбау.

Тұқымқуалаушылық.

Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

Зиянды заттарды қабылдау.

Тазалықты сақтамау.

Отбасындағы кері жағдайлар.

Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

Дұрыс тамақтану.

Қоршаған орта тазалығы.

Дене шынықтыру.

Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

Зиянды заттарды қабылдамау.

Жеке бастың тазалығын сақтау.

Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

Эмоциялардың оң болуы.

Ұйқыңнан ерте тұр,

Жадырап, жарқын күл.

Әдетің болсын әрқашан

Жаттығу жасау, жуыну!

Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,

Тісті жуу соншалық түспес күшке.

Екі мәрте күніне тазаласаң,

Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.

Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр –

Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл.

Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,

Таза ауамен мектепке беттеген жөн.

Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.

Жылы сөйлеп, барлығымен амандас. (Оқушы)

Суық қардан онша қорқа қоймасаң,

Шынығасың таза ауада ойнасаң.

Осы кезде спортпенен шұғылдан,

Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.

Әуес болып шылымға,

Қылыққа жаман ұрынба.

Жамандық саған жабысып,

Ісің кетер құрдымға.

Шашыңды сап аузыңа,

Тырнағыңды тістеме.

Жетелейтін ауруға

Мұндай қылық істеме. (Оқушы)

Мұрын – мұржа,

Кеуде көмір, ыс – күйе,

Шылымқордың, міне күйі осындай.

Араққорда

Қылық та жоқ ел сүйер,

Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.

Нашақор ма?

Өз еркіне өзі ие бола алмас.

Адам емес, хайуанның досындай.

Іс істесең әдеппен,

Шырайлы жүзің, көрік – бет.

Жиреніп жаман әдеттен,

Салауаттылықты серік ет.

Қалмайсың сонда ұятқа,

Жетесің барша мұратқа.  (Оқушы)

(Оқушы)

Шыныққан шымыр денеміз,

Күн сайын өсіп келеміз.

«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,

—         Деп рапорт береміз!

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың — өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру

Қорытынды.

Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-20 балл қою.

Дене қозғалысының түрлері Күнделікті Аңда-санда Мүлде жасамаймын
1 Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру
2 Таңертеңгі дене қозғалысы
3 Мектепке келу
4 Дене шынықтыру сабағына қатысу
5 Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)
6 Денені шынықтыру
7 Үйдегі дене еңбегінің орындалуы

60 – жоғары

45 – орташа

25 – төмен

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Біздің саяхатымыздың соңында сіздерге айтарым: Біз саяхат жасаған бөлімшелердің ішінде қайсысы ұнағаны, қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен, бауырларыңмен бөлісіп, не білгеніңді ортаға саларсың.

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

«Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».

Қыздардың спорттық биі.

Қатысқан мұғалімдерге сөз беру.

 жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың СӨС туралы білімінің қалыптасуы; Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімделуі; Білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі Әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы Темекі, алкоголь және есірткі заттарға тәуелділіктен туындайтын проблемелар туралы ақпараттану деңгейінің жоғарылауы; Уақытын мағынасыз, тиімсіз өткізетін жасөспірімдер санын азайту; Спорттық секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылданатын оқушылар санының көбеюі; Оқушыларды қоғамдық маңызы бар шараларға тарту;

  • Оқушылардың СӨС туралы білімінің қалыптасуы;
  • Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімделуі;
  • Білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі
  • Әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы
  • Темекі, алкоголь және есірткі заттарға тәуелділіктен туындайтын проблемелар туралы ақпараттану деңгейінің жоғарылауы;
  • Уақытын мағынасыз, тиімсіз өткізетін жасөспірімдер санын азайту;
  • Спорттық секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылданатын оқушылар санының көбеюі;
  • Оқушыларды қоғамдық маңызы бар шараларға тарту;

Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.   Н. Ә. Назарбаев

Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.

Н. Ә. Назарбаев

 Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.

Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Біз осы жаңа ғасырдан күтер үмітіміз көп. Сондай-ақ қазіргі заманда адам ағзасына тиер залалы да жетерлік. Тірі ағзаға тиер экологиялық үш фактордың әсері осы таңда айтпаса да көзге шыққан сүйелдей болып көрініп тұрғаны анық.

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығы-на кері әсерін тигізуде. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен етек алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 пайызы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты деп көрсетілген.

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығы-на кері әсерін тигізуде.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен етек алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 пайызы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты деп көрсетілген.

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

Салауатты өмір салты дегеніміз не?

 Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау Зиянды әдеттерден аулақ болу Салауатты өмір салты Денсаулықты сақтау, нығайту, спортпен шұғылдану Бос уақытты тиімді пайдалан у Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау

Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау

Зиянды әдеттерден аулақ болу

Салауатты өмір салты

Денсаулықты сақтау, нығайту, спортпен шұғылдану

Бос уақытты тиімді пайдалан у

Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау

Қозғалыс – өмір негізі Дұрыс тамақтану Ата – аналармен жұмыс Оқушылармен жұмыс

Қозғалыс – өмір негізі

Дұрыс тамақтану

Ата – аналармен жұмыс

Оқушылармен жұмыс

Дұрыс тамақтану Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы Толық және құнарлы тамақ Алдыңғы қатарлы тамақты буда әзірлейтін, жаңа құралдармен жабдықталған заманауи асхана

Дұрыс тамақтану

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

Толық және құнарлы тамақ

Алдыңғы қатарлы тамақты буда әзірлейтін, жаңа құралдармен жабдықталған заманауи асхана

Қозғалыс – өмір негізі  Спорттық жарыстар өткізу;  Жыл маусымдарына байланысты таза ауада ойындар өткізу; - Сабақ үстіндегі сергіту сәттері; - Спорттық үзілістер ұйымдастыру - Спорттық үйірмелер мен секциялар; - экскурсия, саяхаттар; Денсаулық күні;

Қозғалыс – өмір негізі

  • Спорттық жарыстар өткізу;
  • Жыл маусымдарына байланысты таза ауада ойындар өткізу;

— Сабақ үстіндегі сергіту сәттері;

— Спорттық үзілістер ұйымдастыру

— Спорттық үйірмелер мен секциялар;

— экскурсия, саяхаттар;

  • Денсаулық күні;

Оқушылармен жұмыс Ағартушылық жұмыстар: Зиянды әдеттер туралы шаралар; Балалар жарақатының алдын алу шаралары; Күн режимі, шынығу түрлері, салауатты өмір салты туралы тәрбие сағаттары

Оқушылармен жұмыс

Ағартушылық жұмыстар:

  • Зиянды әдеттер туралы шаралар;
  • Балалар жарақатының алдын алу шаралары;
  • Күн режимі, шынығу түрлері, салауатты өмір салты туралы тәрбие сағаттары

Ата – аналармен жұмыс Оқушылармен сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттарда бірлескен іс-шараларға қатысу

Ата – аналармен жұмыс

Оқушылармен сабақ уақытында және сабақтан тыс уақыттарда бірлескен іс-шараларға қатысу

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Ауру патшадан дені сау кедей бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.  Сондықтан зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүрейік.

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты:

«Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті.

Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Ауру патшадан дені сау кедей бақыттырақ» деп жауап беріпті.

Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек,

ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. 

Сондықтан зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүрейік.

Таза ауа Спорт  Дұрыс ұйқы Көңілді жүру Тазалық Демалу Дұрыс тамақтану Шынығу

Таза ауа

Спорт

Дұрыс ұйқы

Көңілді

жүру

Тазалық

Демалу

Дұрыс тамақтану

Шынығу

1. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал. Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек, тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға болады? 2. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз? 3. Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады. Сөйтіп ол ...

1. Бір спортсмен өзі әйгілі болады. Жақсы, жұртқа танымал.

Бірақ табыс көзі онша болмайды. Енді ол отбасынан асырау

үшін“Арақ заводына” жұмысқа тұрады. Алғашқы кезде жақсы

табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз – аздап ішіп, араққа бойы

үйреніп кетеді. Енді жұмысты тастайын десе, ақша керек,

тастамайын десе, ішіп қоя береді. Жағдаяттан қалай шығуға

болады?

2. Ол 15 жаста. Темекі тартып, арақ ішіп, аз-аздан үйреніп

жүріп әбден бойына сіңіріп алды. Ал оның ағасы да алғашқыда қалай бой ұрғанын білмей қалған болатын. Інісі ағасының сол бір заттардан қанша зардап шеккенін біледі. Бірақ өзі сол заттарды тастай алмайды. Сіздің пікіріңіз?

3. Жартылай жасанды есірткі – героиннің тағы бір ерекшелігі бірден бой көрсете қоймайды. Шегуші ағзасына мысқылдан сіңіп, әбден бойын игеріп алғанда ғана көрініс береді. Алғашқыда қалай тәуелді болғанын білмей қалады.

Сөйтіп ол

ҚОРЫТЫНДЫ Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет. Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының ісі денсаулық сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілген де ғана нәтижелі болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.

Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының ісі денсаулық сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілген де ғана нәтижелі болады.

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір — жарқын болашақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету
2. Оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту.
3. Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, «біз жағымсыз әдетке қарсымыз», «салауатты өмірді қолдаймыз» сурет көрмесі, сұрақ жасырылған қоржын.

І. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызып аламын. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеріп, жаңа сабақты бастаймыз
Ал, балалар жаңа сабақ бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір — бірімізге сәттілік тілейік.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық халыққа жолдаған жолдауда
«Қазақстан — 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1 — бағыт — «темекі шегуді тоқтату»
2 — бағыт — «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
3 — бағыт — «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Осы үш бағытты ұстанған жағдайда салауатты өмір қалыптасады.

Денсаулық — біздің емес, мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.
Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы «Ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған.
Зиянды әдеттер: темекі тарту (шылымқор), ішімдік ішу (маскүнемдік), улы заттарды иіскеу(токсикомания), есірткі тарту(наркомания). Бұл әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар организмді біртіндеп улайды. Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды қинаймыз. Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады. Дауысы өзгереді, ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады. Темекі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады. Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады.

Ал, балалар осы естіген ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?
1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады?
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
3. Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?
Оқушылар пікірі тыңдалады.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақ келді. Ол қонағымыз — медбике. Медбике сендердің түсінгендеріңді тексере отырып, сендерге бір тапсырмамен келіпті. Бұл тапсырмада жағымсыз әдеттерден адам ағзасында қандай аурулар пайда болатынын айтуды сұрап отыр. Оқушылар плакатқа кесте түрінде сызып, қорғайды.
Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырма өте жақсы орындалды. Медбике апайларың сендерге өте риза болып кетті.

Сергіту сәті. Ал, енді балалар, бізге «5 сыныптың оқушылары қалай оқиды екен, өз денсаулықтарын қалай нығайтады, салауатты өмір салтын ұстана ма, жоқ па» — деп бізге дене тәрбиесінің мұғалімі қонаққа келді. Бұл қонақ та сендерге тапсырмамен келіпті. Ол тапсырма зиянды әдеттерге байланысты сөзжұмбақты шешу. Екі топтан оқушылар, тапсырманы қаппен секіру ойыны арқылы орындайды.
1. Бензин, ацетон, клей, улағыш заттарды иіскейтін адамды қалай атайды?
2. Арақ, сыра, шарап ішетін адамды қалай атайды?
3. Қандай жағымсыз әдеттен өкпеде қатерлі ісік пайда болады?
4. Есірткіні қабылдайтын адамды қалай атайды?
5. Осы зиянды заттар барлығы қандай заттар?
6. Осы заттан қан тарылуы, цирроз аурулары пайда болады?
7. Күшті у ол не?

Барлығы дұрыс балалар, жарайсыңдар! Дене тәрбиесі мұғалімі де сендерге риза болып, сендерді жағымсыз әдеттерден аулақ болуды, дене шынықтырумен айналысуға шақырады.. «Біз жағымсыз әдетке қарсымыз», «Салауатты өмірді қолдаймыз» сурет көрмесімен жұмыс.
Қорытындылау.
Ал, балалар бүгінгі сабақты қалай түсіндіңдер, соны байқайық. Екі топ бір біріне қарама – қарсы сұрақтарды қоржынға жасырып, жауап береді.
Ал, құрметті оқушылар осы зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық деген ниетпен, өзіміздің сыныптың оқушылары бата береді.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Салаты секторами на праздник
  • Салаты самые популярные на праздник
  • Салаты на праздники майские праздники
  • Салаты на праздник топ 10
  • Салаты на праздник стол номер 5

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии