Тақырыбы: Салауатты өмір салтын
сақтайық!
Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салты туралы білімдерін тереңдету,
танымдық қабілеттерін дамыту; денсаулықты сақтауға, салауатты өмір
сүруге тәрбиелеу
(әзірлемеде интернет материалдары пайдаланған)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың
барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды 3 топқа бөлу.
I топ – «Дәрумендер» тобы.
II топ – «Сымбат» тобы.
III топ – «Денсаулық» тобы.
II Ой шақыру. Тақырыпқа қызықтыру мақсатында сұрақтар беріледі.
1.
«Дені сау адам» — ол қандай адам?
2.
Денсаулықты сақтау үшін не
істеу керек деп ойлайсыңдар?
III Мағынаны ашу.
1.
Топтын атын қорғау.
2.
Топтарға тапсырмалар беру.
IV Ой толғаныс.
1.
Қоғамға қандай адамнан
көбірек пайда келеді?
V Сергіту сәті.
VI Қорытынды.
Тәрбиешінің сөзі: Бүгінгі күн сендер үшін ұмытылмайтын, сәтті күн
болсын, дендерін сау, көңілдерін көтеріңкі болсын, өнер-білім алыңдар,
ата-аналарыңды қуантыңдар.
II Ой шақыру.
Балалар, бүгін «Денсаулықты нығайту жолдары»
тақырыбында әңгімелесеміз.
Топпен жұмыс.
«Дені сау адам» — ол қандай адам?
·
Шыныққан
·
Еңбекқор
·
Білімді
·
Көңілді
·
Белсенді
·
Денсаулығы мықты
·
Қоғамға пайдасын тигізеді
Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?
·
Шынығу
·
Спортпен айналасу
·
Серуендеу
·
Күн тәртібін сақтау
·
Дұрыс тамақтану
Тәрбиеші: Балалар, осы сөздерді естігеннен кейін өздеріңді қалай
сезіндіңдер? Көңілдерің өсіп қалды емес пе? Сондықтан әрқашан бір-бірімізге
жақсы сөздерді айтып жүрейік. Қазақ халқы бұл туралы «Жақсы сөз – жарым ырыс»
дейді.
III Мағынаны ашу.
1.
«Дәрумендер» тобының ұраны.
Дәрумендер тірегің
А, В, С, Д, Е деп аталасың.
Жетіспесе бірі оның
Аурып сен қаласың.
А – қажет көзіңе
В – жүйекені нығайтар
С – дан микроб безінер
Д – сүйекті нығайтар.
2.
«Сымбат» тобының ұраны.
Сымбат – мүсін
дегенің
Білім көркі
дененің.
Сымбат жүру
әдемі
Дене қалпын тік
ұстап.
3.
«Денсаулық» тобының ұраны.
Денсаулық ол
шыныққан
Барлық дене
мүшесі.
Денсаулық ол
тыныққан
Жүйке тамыр
жүйесі.
Топтарға сұрақ беру (конвертті таңдап алады).
1.
СӨС деген не?
СӨС деген – Салауатты өмір салты, бұл өз денсаулығыңды
сақтауға және нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы.
2.
Жеке бастың гигиенасы
деген не?
Әр адамның өз басын, денесін күту талаптары.
IV Ой толғаныс.
Қоғамға қандай адамнан көбірек пайда келеді? Дені
сау адамнан ба, әлде зиянды әсерінен өзін өзі жарымжан еткен адамнан ба?
·
Дені сау адам қоғамға
пайдалы, себебі ол белсенді, еңбекке төзімді.
·
Ал өз өздерін жарымжан
еткен адамдардың қоғамға еш пайдасы жоқ, себебі ол адамдар ұрлық жасайды,
оларды емдеуге қаншама қаржы кетеді.
VI Сергіту сәті.
VII Сабағымызды қорытындылайық.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз
да,
Оң болсын десең егер тіршілігің
Сақта, халқым, саулығын
аналардың
Болсын десең дені сау
ұрпақтарың.
Салауатты өмір салтын сақтайық!
Дайындаған:
Айтбергенова З.С
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі ».
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер, кітап көрмесі.
Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Қазақстан Республикасының әнұранымен ашу.
Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьгп жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
Негізгі бөлім:
Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.
Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.
Көрініс. «Қымыз бен арақтың айтысуы»
Ал нашақорлық неден басталады?
Сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.
Көрініс: «Нашақордың мұңы»
Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.
Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы:
Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды.
Дәрігер:
Шылым шегу — зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
Алкоголъ — адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.
Бәрі бірге:
Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын.
Ән: «Өз елім»
Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Сендердің назарларыңа «Сен білесің бе?» айдарын ұсынамын.
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.
2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.
4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.
5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.
6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де — есірткінін бір түрі.
7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.
8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде.
Қорытынды бөлім: «Ойқозғау»
1. Қоғамда «Мемлекет қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай?
2. Қазір арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай:
3. Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың?
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Ш.Уәлиханов атындағы
жалпы орта мектебі
4 “А” сынып
Сынып жетекшісі:
Шуленова Жанар Альмуратовна
2017-2018 оқу жылы
Салауатты- өмір
салтын қалыптастыру- денсаулық кепілі
Мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып,зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру,насихаттау.
- Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық — денсаулық екендігін түсіндіру.
- Болашақ ұрпақты дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.
«Салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет.»
Н. Ә. Назарбаев
Салауатты өмір дегенді қалай түсінесіздер?
Салауатты
Жеке бас тазалығы
Зиянды әдеттен аулақ болу
Спортпен айналысу
Дұрыс тамақтану
өмір
Еңбек ету
Таза ауада демалу
Салауатты өмір —
көтеріңкі көңіл
Денсаулық – зор байлық
Денсаулықты сақтау
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру.
Денсаулықтың достары
Көңілді жүру
Спорт
Таза ауа
Дұрыс тамақтану
Демалу
Дұрыс ұйқы
Шынығу
Тазалық
Денсаулықтың қастары
Салақтық
Жалқаулық
Зиянды әдеттер
Дұрыс тамақтанбау
Күн тәртібін сақтамау
Ашушаңдық
Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол — ?
(жақсы)
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол — ? (жаман )
Биязы мінез тіл алғыш,
Бал-бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол — ?
(жақсы)
Беті-қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап
Әдепсіз өссең сол — ?
(жаман)
Дұрыс тамақтану
Ас қорыту
Жүрек-қан
тамыры
Жүйке ауруына
глюкоза
голактоза
лактоза
Д, Е ,Ғ
А және С
В 1,В 12
белок
май
Қанттың жақсы
қорытылуына
Құрамында сүт
организмге
қышқылы бар
жақсы әсер етеді
Қымыз
Көмірсулар негізінен
Дәрумені мол
Дәрумендер — денсаулық тірегі
Д ә р у м е н д е р
Дәрумен – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін өте қажетті биологиялық, белсенді органикалық қоспалар.
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді. Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады. Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады.
А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар — сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор.
Д дәрумені өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді. Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет.
Е дәрумені ағза бездерінің қызметін жақсартады. Күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады .
К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор.
Суда еритін дәрумендер
- С дәрумені (аскорбин қышқылы).
- Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.
- С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.
С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, қырыққабат, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз — тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды.
РР дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. Оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б. РР зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. Ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. Бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді.
Р дәруменi—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.
В1 дәруменi ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, кептірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай.
В2 дәрумені биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. В2 дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады.
В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады.В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар .
В12 дәрумені қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады.
Денсаулық туралы
мақал — мәтелдер
Нақыл сөздерді, өз ойларыңмен толықтырыңдар.
- Тәртіп пен еңбек — … кепілі.
- Жақсы күлкі- … сенімді белгісі.
- Әдемілік- … жемісі.
- Сергек әрі жайдарман көңіл күй- …ең жақсы
шипалы дәрі.
5. Дене шынықтыру ойындары…жәрдем етеді.
Денсаулық туралы тақпақтар
Спорт-денсаулық кепілі
Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Қысқа қашықтықтарды тек өз жолымен жүгіру керек;
Басқа жүгірушінің жолына өтіп кетуге болмайды;
Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды;
Қатарласа жүгіріп келе жатқан сыныптастарымен әңгімелесуге, оларға тым жақындауға болмайды.
Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты жеті өсиеті
Бірінші — ерте тұру;
Екінші — орта тазалығын сақтау;
Үшінші — дене шынықтыру;
Төртінші — үнемі денені таза ұстау;
Бесінші — сергек жүру;
Алтыншы — артық тамақ ішпеу;
Жетінші – көп ұйықтап жалқау болмау.
Көпір моделі
ш
ы
г
л
и
г
ы
и
д
м
е
ү
е
ш
н
н
н
е
с
е
а
д
г
в
а
т
у
І
ұ
а
у
й
а
ш
у
л
ы
а
м
қ
н
е
а
ы
о
ы
қ
л
қ
т
о
т
а
г
ы
н
и
р
б
я
у
а
у
д
а
н
Салауатты өмір салты
1. Зиянды заттарды тастау арқылы
2. Достарының үгіті арқылы
3. Өмірге деген құлшынысы арқылы
4. Қажырлық, төзімділік арқылы
5. Өз — өзіне серт беру арқылы
6. Спортпен айналысу арқылы
7. Қауіпті заттардан арылу арқылы
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Денсаулық — бар байлығың басыңдағы, Жайнаған өміріңнің жасыл бағы. Қастерлеп мәпелесең, аяласаң, Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы. Денсаулық қашаннан да алтынға тең, Болады болашағың жарқын да кең
Бақытты
бол
Ауырма
Ұзақ өмір
сүр
Денің сау
болсын
Спортпен
айналысайық
Көңілді
бол
Тазалықты
сақтайық
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Ашық тәрбие сағаты
«Салауатты өмір салты»
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б.
Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты.
Сабақ әдәсі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой — өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» — деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
1- топ «Денсаулық»
2- топ «Салауат»
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:
І -«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
ІІ- Мақал-мәтелдер жарысы. ІІІ -Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
IV-тапсырма: Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .
V- Мимикалық ойын (Кракодил)
VI -Сұрақ-жауап:
І-тапсырма бойынша:
«Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. (2-минут)
топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)
2- топ: 1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)
Күннің шуағы деп аталатын қысқаша ойын түрінде яғни бір оқушы шығып кун болады қалғаны сол күннің жақсы шуағын жылуын келтіретін тақырыпқа сай қағаздарды алып іледі немесе тұрады.
ІІ-тапсырма «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен .5 мақал-мәтел.
ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ
1.Денсаулық зор байлық.
2.Тазалық — саулық негізі.
3.Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
4.Аурудың алдын ал.
5.Демі бардың емі бар.
6.Көзің ауырса, қолынды тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
7.Көкірек ауру күле кетер.
8.Ауру аздырады,
Суық тондырады.
9.Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
10.Ауру батпандап кіріп,
Мысқалдап шығады.
Мақал мәтелдің жалғасын тап:
1.Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.
3.Жасыңда салақ болсаң,
Бара-бара былық боларсың.
4.Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
5.Ауру желмен келіп, термен шығады.
6.Сырқат — тән жарасы,
Қайғы — жан жарасы.
7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
8.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
9.Демі бардың емі бар.
ІІІ -тапсырма
-
топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)
-
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)
IV-тапсырма
Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2-топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
V Мимикалық ойын:
-
Темекі зиян екенін көрсету.
-
Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.
-
Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.
-
Таза ауада серуендеу.
VI Сұрақ-жауап:
I топ — Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
II топ — Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
Ортақ сұрақ қою: Сенің жан досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай араласасыңба әлде сен оған кеңес бересіңбе.
Ойларыңа рахмет балалар. Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
Бекіту: Тренинг «Өрмекшінің торы…»
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
VII Қорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.
атты сайыс сценарийі.
Дастенова Лайля-валеология пәні мұғалімі
Сыныбы: 7а,7б
Сайыстың мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық »деп айтылғандай,
«Қазақстан-2030»бағдарламасында көрсетілгендей,
өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы
мықты,хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды
әдеттерден ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен
сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау
екендігін түсіндіру.
Тәрбиелік мәні: зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене
тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғы.
Өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе бөлім.
Жүргізуші:
Халқымыздың алаулап,оттай жаны,
Қанымызда қаншама кек қайнады,
Еркін елміз,біз бүгін ерікті елміз,
Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай,еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болғанына да міне 16 жыл толды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында,Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты,хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі мектебіміздің 7-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір салтын дәріптейік»атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты «бірінші байлық-денсаулық»деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден-ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктен сақтандыру,олардың денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру,өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:
7а-сыныбынан «Болашақ»тобы.
7б-сыныбынан «Денсаулық сақшылары» тобы.
Сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Сайысымыздың шарттары:
1.Таныстыру.(Әр топ өздерін таныстырады,төс белгілерін қорғау.)
2.Бірінші байлық-денсаулық ( зиянды әдеттер тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастыру)
3. «Денсаулық-зор байлық» ( денсаулыққа зиянды нәрселер туралы әзіл өлеңдер айту)
4. «Тәні — саудың, жаны — сау» (зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру)
5. Уланбасын өмірің (зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету).
6.Ситуациялық жағдайлардан шығу.
7.Сұрақ-жауап (СПИД-ке байланысты конверттің ішінде 22 сұрақ берілген,осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болу керек).
Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІІ. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,
Ащы суға өзіңді-өзің қыстама,
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір,
Әуес көріп ұстамасты ұстама!,-деп жас жеткіншектерді салауаттылыққа үндейтін 7а-сыныбынан ұйымдастырылған «Болашақ»тобын сайысымыздың алғашқы шарты «Таныстыру» кезегіне шақырамыз.
Жүргізуші:
Иманыңды,дидарыңды,
Тазалап ал,қазағым,
Ұрпақтарың,ұл-қыздарың,
Түзу бассын қадамын!,-деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген 7бсыныбының «Денсаулық сақшылары»тобын ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Жігерің бар,талабың бар,қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып,жаман әдеттерден жирендіретін,денсаулыққа зиянды нәрселерге байланысты мақал-мәтелдер айтудан 2 топ мүшелері сайысқа түседі.
Жүргізуші:
Жағымсыз иістен аулақ бол,
Жақсы іске жақын бол,
Темекімен жау болып,
Адамдыққа асық бол,-дей отырып, «Денсаулық-зор байлық»айдарымен сайыскерлерді әзіл өлеңдер айту шарты кезегіне береміз.
Ал,шәкірттер алды-артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын,
«Ол кім», «Бұл не?»бөлімінде,
Танымдықпен,білгірлікпен
Жауаптары тыңдалсын-
деп келесі «Тәні саудың,жаны сау» бөліміне тоқталайық.
Шарты:зиянды әдеттер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру.
Болашақ тобына сұрақ:
-
С.А.Назарбаеваның салауатты өмір салты туралы қандай кітабы бар?
(Ұстаздан ұлағат)
-
Есірткінің әлеуметтік салдары қандай?
(Отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы)
-
Құрамында этил спирті бар. Ол не?
(Ішімдік)
-
Темекі құрамындағы улы зат?
(Никотин)
-
Туберкулезге қарсы күрес күні?
(24-наурыз)
6. СПИД неліктен қорқынышты?
(Ауырғаннан кейін ең көбі 5-7жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ)
Денсаулық сақшылары тобына сұрақ:
1.. Салауаттылық сөзінің негізгі мағынасы?
(Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, зерделі, сабырлы)
2.СПИД нашақорларға қалай жұғады?
(ортақ пайдаланған ине арқылы)
3.«Пассивті темекі шегу» деген термин нені білдіреді?
(Темекі шегетін адамның айналасындағы темекі шекпейтін адамның темекінің түтінін жұтуы. Темекі шегетін адамның кесірінен басқа адам жапа шегеді)
4.Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні?
(1-желтоқсан)
5. Шылымның зияны тиетін мүше?
(Өкпе)
6.Есірткінің ең көп тараған түрі?
(анаша,кокаин,апиын,ең көп тараған түрі-героин)
Жүргізуші:
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
Уланбасын өмірің»бөліміне өтеміз.Шарты зиянды әдеттердің алдын-алу шараларын дәріптейтін көрініс көрсету.
Жүргізуші:
Дүниеде дерт боп әркез жетеді,
Әдет болып жаман нәрсе кетеді,
Жаман әдетке жақ болсаң,
Өмірің қор боп өтеді,-келесі бөліміміз ситуациялық жағдайлардан шыға білу.
«Болашақ»тобына:
Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.Енді жұмысты тастайын десе,ақша керек,тастамайын десе,ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?
«Денсаулық сақшылары»тобына:
Темекі тартпайтын планетадан келген қонаққа темекі деген не және оны адамдар не үшін тартатыны жайлы түсіндіру қажет.(қонақтың ролін бір оқушы ғана орындайды,қалған оқушылар темекі туралы оған түсіндіреді
«Болашақ» тобына:
Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?
«Денсаулық сақшылары»тобына:
Бастықсыз:Сіздің қол астыңыздағы жұмысшыңыз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды,себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді.Ол жаңа ғана түскі үзілістен ішіп келіп тұр.Не істейсіз?
Жүргізуші:
Басталады кім тапқыр деген сайысың,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Жылдамдығың,алғырлығың сыналар,
Қане,шәкірт көрінеді қай ісің.
СПИД-ке байланысты конверт ішінде 22-сұрақ берілген.Осы сұрақтың 11-і дұрыс,11-і дұрыс емес болуы қажет.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,
Қалу керек өмірдің бұлағы боп,
Қалу керек өмірдің шуағы боп,
Денсаулықты сақта,түзу өсесің,
Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-
деп сайысымызды аяқтай келе әділқазылар алқасына сөз береміз.
Жүргізуші:
Ата-анамыз,ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Балаңыз аман болсын,
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын-дей келе
-Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал боламын десе………………….
Хормен: Арақ ішпесін!
-Кімде-кім сүйікті жар боламын десе……………
Хормен: Арақ ішпесін!
-Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе……….
Хормен: Арақ ішпесін!
-Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе………..
Хормен: Арақ ішпесін!
Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе…..
Хормен:Арақ ішпесін!
-Денім сау болсын десең………….
Хормен: Темекі тартпа!
Әнші болғың келсе……………………..
Хормен: Темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе………
Хормен:Темекі тартпа!
Білімді,ақылды азамат болғың келсе……….
Хормен:Темекі тартпа!
Қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Міне бүгінгі 7 сыныптар арасында өткен «Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.Баршаңыздың дендеріңізге саулық тілейміз.
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің 7бсыныбында ұйымдастырылған
«Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатының бағдарламасы.
Валеология пәні мұғалімі: Дастенова Лайля
Сыныбы: 7б
Тақырыбы: Менің денсаулығым-менің болашағым.
Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты
байлығы,денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы-
зиянды,жат қылықтардан аулақ болып,салауатты өмір сүру
екендігін ұғындыру,денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге
тәрбиелеу,ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген
әлдеқайда тиімдірек екендігін түсіндіру,дене
тәрбиесіне,салауаттылыққа дағдыландыру.
Көрнекілігі: мультимедиялық қондырғылар.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың қатысуын түгелдеу,назарларын тақырып аясына шоғырландыру.
ІІ. Негізгі бөлім.
1 Кіріспе сөз.
2. «Денсаулық-байлықтан қымбат»тақырыбындағы баяндама.
4. «Есірткінің зобалаңы» көрініс.
5. Сергіту сәті.
6. «СПИД құрбаны» монолог-көрініс.
7. «Мені жалғастыр» ойыны
ІІІ. Қорытынды.
«Алтын қақпа» ойыны
1-жүргізуші:
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда,
Денсаулық терең байлық деген сөзді.
Құр айтпаған кешегі бабамыз да.
2-жүргізуші:
Армысыздар,құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары!
Бүгінгі біздің Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі-темекі,арақ,есірткі,СПИД ауруларына қарсы 7бсыныбында ұйымдастырылған «Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар,ол оны қолынан шығарып алады,бұдан кейінгі күні «тар жол,тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да,ең қымбатты-ол оның мәнді де,сәнді өмірі.
Ал,осы өмірінің мәнді де,сәнді өтуіне оның басты байлығы-денсаулығы тікелей әсер етеді.
2-жүргізуші:
«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың-жаны сау»деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.Өкінішке орай,адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады.Сондықтан да,елімізде салауатты өмір сүруге дабыл қағып,әр-түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
1-жүргізуші:
«Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімдірек.
Егер әр адам ақылға салып,табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып,гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе,денсаулығына зиян келтірмей,ұзақ өмір сүрген болар еді.Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысып,есірткілерді,темекі мен ішімдікті пайдаланбауымызға бағытталған.
2-жүргізуші:
Салауатты өмір сүрудің басты шарты-темекі,нашақорлық,маскүнемдіктен арылу.Маскүнемдік,шылымқорлық,нашақорлық-ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.Оның қасіреттілігі сол-денсаулықты нашарлатып-адамды аздыруда.
1-жүргізуші:
Кешіміздің алғашқы бөлімінде «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбындағы баяндаманы сыныбымыздың озат оқушысы Асарбай Гүлзат оқиды.
2-жүргізуші:
Маскүнемдікпен,нашақорлықпен,шылымқорлықпен жеке аудан,қала,не облыс бойынша күресу мүмкін емес.Жеңіске жету үшін бүкіл қазақты көтеру керек.Барлық қазақ арақтың,нашаның,темекінің ата-жаулар екенін түсініп,оған қарсы аттандап шығуы керек.
Келесі кезекте «Уланған ұрпақ өспейді» атты әдеби-монтаж.
1-жүргізуші:
«Салауатты өмір»Қазақстан-2030 жолдауында шылым шегу терең ойластырылып,қоғамдық өмірден ығыстырылуы қажет делінген.Сонымен,қатар ғасыр қасіреті нашақорлыққа,маскүнемдікке жол бермей спортқа көп көңіл бөлейік.
2-жүргізуші:
Жігерің бар,талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі жайнайтын,-дей отырып, «Есірткі зобалаңы» атты көріністі тамашалайық.
1-жүргізуші:
Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,
Ақылды алсаң тиер саған көмегі,
Ешбір затпен уламай жас денеңді,
Бағытталған мол қозғалыс керегі.
2-жүргізуші:
Ендеше оқушылар,келесі кезекте сергіту сәтіне кезек берейік.Ұстаздар,сіздердің де қалыс қалмай қатысқандарыңызды қалаймынз.
1-жүргізуші:
Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын.
2-жүргізуші:
Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін.
1-жүргізуші:
Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін.
2-жүргізуші:
Арақты зиян дегендер екі қолын төмен түсірсін.
1-жүргізуші:
Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін.
2-жүргізуші:
Бақытты да,ұзақ жасағысы келгендер,алақандарын соқсын.
1-жүргізуші:
«Денсаулық-басты байлық»дегенді қолдайтындар орындарына отырсын.
Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,
Аман-есен өтіп келген өткелден,
СПИД деген аждаһа бар сақ болшы,
Дүниені орап келер беткейден.
1-жүргізуші:
Обасы ол жиырма бірінші ғасырдың,
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың миллиондап жеп келеді жегі құрт,
Қиылуда қыршынынан қанша гүл
Келесі кезекте «СПИД құрбаны»атты монолог-көрініс.
2-жүргізуші:
Өмірің болсын десең,сенің сәнді,
Ойланып айналаңа қара мәнді,
Адам бол!Білімі тасқын,өнері асқан,
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын «Мені жалғастыр»ойынына кезек берейік.
1-жүргізуші:
Ауырып ем іздегенше,……………………………………. жол ізде.
2-жүргізуші:
Темекі ақшаның жауы,……………………………………..бақшаның жауы.
1-жүргізуші:
Арақпен достасқаның,……………………………………….қоштасқаның.
2-жүргізуші:
Шылымды әр тартқаның,…………………………………..темір шеге қаққаның.
1-жүргізуші:
Шылым шеккенің іші де күйеді,…………………………күйеді.
2-жүргізуші:
Араққа сәлем берсең,…………………………………………..қош бол де.
1-жүргізуші:
Есірткі тартса баласы,…………………………………………ата-анасы.
2-жүргізуші:
Есірткімен достасқаның,……………………………………….қоштасқаның.
1-жүргізуші:
Әуестенсең есірткіге әу бастан,…………………………….деген науқастан.
2-жүргізуші:
Адамның үш жауы бар,………………………………………….
1-жүргізуші:
Аурудың жақсысы жоқ,………………………………………….тәттісі жоқ.
2-жүргізуші:
Шарап сіңіп тынар,………………………………………………….құрып тынар.
1-жүргізуші:
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда мәнді, салауатты өмір сүргенге не жетсін! Бұл біздің қолымызда ағайын. Еліміз егемендік алып, енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқанда темекі, есірткі, арақ деген пәлекет жағамыздан алмасын деп тілейміз.
2-жүргізуші:
Елдің елдігін, азаматтың ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,-дей отырып:
Айналайын жастарым,
Өн- бойыңды әрдайым,
Дәл осындай кеселден,
Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.
Қорытынды: Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар. Жастық шақтарыңның тамырына анаша, ішімдік, темекі балта шабылмасын. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды ұлы түтінге әуес, құмар болмайық дей келе, ашық тәрбие сағатымызды «Алтын қақпа» ойынымен қорытындылайық.
(«Көңіл толқыны» әуенімен) Өтеген Жарбол
«Менің Республикам» мәнерлеп оқу
1-жүргізуші: Ия, ата бабам аңсаған азаттық таң.
2-жүргізуші: Ата-баамыз армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз үшін жанын пида құрбан еткен азаматтарымыздың, ерен еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік -ұлтың менен ұраның.
2-жүргізуші:
Шартарапта аттығындай азаттың,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
1-жүргізуші:
Көк байрағы, елтаңбасы, бірілігі,
Шалқи берсін әнұраны қазақтың. (әнұран)
2-жүргізуші: Еліміздің елдігін, бірлігі мен тірлігін ойлаған ата-бабамның ұлтарақтай жері үшін, туған елі үшін жанын берді.
1-жүргізуші: Халықтың татулығын, кең байтақ жерінің тәуелсіздігін, елінің мұраты мен келешегінойлаған ата-бабам толарсақтан саз кешіп, ат үстінде елін қорғады. (көрініс)
Ән. Хор: «Егеменді Қазақстан»
2-жүргізуші: Қазақ халқы ханын ақ киізге салып, көкке көтеріп, басы жерге жеткенше сыйлап өткен.
1-жүргізуші: Татулық пен бірлікке шақырған билердің шешіміне, тоқтамына келісіп,ақыл кеңесіне құлақ түрген. Қара қылды қақ жарған әділ билердің шешіміне тоқтаған.
(Билер көрінісі)
Ән. Хор:
2-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған азаттыққа, тәуелсіздікке қолымыз оңай жеткен жоқ.
1-жүргізуші:Халықтың басынан небір дүрбелең өтті.
2-жүргізуші: Ғасырлар бойы бабаларым армандағантәуелсіздіктің туын тігуге-желтоқсан оқиғасы Ақ жол, нұрлы бастау болды.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік — халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі.
2-жүргізуші:Тәуелсіздік – елдіктің киелі кепілі, келесі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны.
1-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,
Шуағын күн төгеді енді көктен.
2-жүргізуші:
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуіелсіздік жалауын желбіреткен.
1-жүргізуші:
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,
Ақбоз аттың алдынан шалды үмітте.
2-жүргізуші:
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке.
1-жүргізуші: Міне, 2 жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп, көтеріліс жасау, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» мәні ерекше. («Тәуелсіздік сөз» ер балалар)
Хор: «Атамекен»
1-жүргізуші:
Қарыштай бер Қазақстан шың басына,
Айналып Орта Азия барысына.
Талапты ел атанып, табысты ел,
Асты даңқың мұхиттың ар жағына!
2-жүргізуші: Мемлекеттік нышандары айқын, болжам парасатын пайымдаған мемлекет аталуымыз елбасының сардарлы да салиқалы саясатының нәтижесі.
1-жүргізуші: Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.
1991 жыл. ҚР-ның тәуелсіздік алған жыл
1992 жыл ҚР-ның рәміздері бекітілді.
1993 жыл ҚР-ның төл теңгелері айналымға түсті.
1994 жыл- ҚР-ның жаңа парламенті өз жұмысын бастады.
1995 жыл. ҚР-ның ата заңы конституция қабылданды.
1996 жыл. Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.
1997 жыл. Ел ордамыз Астанаға көшірілді, осы жылды «Татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жаияланды.
1998 жыл. ҚР-сы үшін «Халықтар бірілігі мен ұлттық тарих» жылы
1999 жыл. ҚР-ның «Ұрпақтар білігі мен сабақтастығы» жылы
2000 жыл.ҚР-да «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланды
2001 жыл. ҚР-да «Тәуелсіздік пен достық» жылы болып жарияланды.
2002 жыл. ҚР-да «Денсаулық жылы»болып жарияланды.
2003-2005 ж.ж. «Ауыл жылдары» болып жарияланды.
2006 жыл. ҚР-да сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.
Осы жылы Қазақстан Республикасы алғаш өз жер серігі «Kazsat» -ғарыш кеңістігіне ұшырылды.
2007 жыл. Қазақ тілін қолдау жылы.
Қазақстан үшін әрбір жыл жетістікке толы болмақ.
Хор:
1-жүргізуші:
Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ақ қанатты қыраны,
Азаттығы халқымның.
2-жүргізуші:
Паш еткен даңқын,атағын,
Қазақстан –Отаным.
Нұрға бөлеп елімді,
Ақ таңың боп атамын.
1-жүргізуші:
Қазақстан –Отаным,
Туған жерім киелі.
Арттырып даңқын, атағын,
Туына бас иемін.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар егемендіктің елдігігін тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлы ата бермек!
1-жүргізуші: Азаттықтың айбарлы алдаспанын асқақтата адымдаған айбынды елімнің күні шұғылалы, туы биік желбірей бермек.
2-жүргізуші: Осымен «Өрлей бер өркениетке, өсер елім» атты тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.. Келесі кездескенше күн нұрлы болғай!
Достарыңызбен бөлісу:
Подборка по базе: Физика 8 Термодинамика негіздері. Термодинамиканың 2-заңы. Презе, КТЖ_Құқық негіздері_10 сынып ЖМБ, ҚГБ_36 сағат.docx, «Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.docx, 2022, Генетика негіздері және БАЕҚ бар балалардың клиникалық бұз, Информатика теориялық негіздері .docx, ОШ_ТЖБ_Құқық негіздері_ЖМБ_11кл_каз.pdf, «Бухгалтерлік есеп негіздері» п_нінен тест с_ра_тары. 1.docx, Тұқым шаруашылығы негіздері.docx, 10 сынып ___ы_ негіздері _ыс_а мерзімді жоспар 1.docx, Мейіргер ісі негіздері 208М. 60..156.docx
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті — денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:
— жеке және қоғамдық гигиена;
— дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
— организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;
— күн тәртібін тиімді пайдалану;
— дұрыс және уақтылы тамақтану;
— жұкпа аурулардың алдын алу;
— тән ауруларынан сақтандыру;
— жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
— зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;
— жыныс гигиенасы;
— психопрофилактика және психогигиена;
— кикілжің және денсаулық;
— экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бүдан мынандай міндеттер туындайды:
— салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
— өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
— негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
— осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».
Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .
И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды . Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».
Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.
Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.
Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.
Әлеуметгік түр— тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.
Тұлғалық түр— өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.
Рухани түр— адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Рухани тазалық— тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.
Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
• зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;
• өсу мен даму көрсеткіштері;
• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
• қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
• имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
— өмір сүру деңгейі;
— өмір сүру сапасы;
— өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.
СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.
СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:
— жеке бас гигиенасы;
— дене шынықтыру;
— тиімді тамақтану;
— оңтайлы қимыл тәртібі;
— зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;
— жағымды эмоциялар.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: ________________
28.01.2017 жыл
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі
дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына темекінің, алкогольдің
теріс әсері туралы түсінік бере отырып тәрбиелеу.
2. Оқушылардың ой — пікірлерін ортаға салу, өзін — өзі бағалауына жол ашу, ой қорыта білу
қабілеттерін дамыту, ортаның қысымына қарсы тұра білуге дағдыландыру (темекіні,
алкогольді байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру).
3. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу
2.Сыныптың тазалығына назар аудару
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
І. Кіріспе.
Мұғалім сөзі:
Саламатсыздар ма оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Салауатты өмір салты » деп аталады. Бұл тәрбие сағатты өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау,денсаулықты күту, тазалық сақтау , зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу. Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», — депті.Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей — ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді.
Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей «Адам – елдің басты байлығы», осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс — әрекеттерінің әсері мол. Және де біздің елбасымыз 2002 жылды «Денсаулық» жылы деп те жариялаған болатын. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлау керек!Ей, болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның,
Сендерсің деп білемін
Балғынды жас болашақ
Мен сендерге сенемін! – дей отыры бүгінгі іс — шарамызды бастайсыз.
ІІ. Миға шабуыл.
1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
2. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
3. Спорттың, қимыл — қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?
4.Денсаулық дегеніміз не?
5.Сен өзің үйде өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай жағдайлар жасап жүрсің? ІІІ. Салауатты өмір сүрудің мақсаты
Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік — экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.ІҮ. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары:
— дұрыс тамақтану;
— зиянды әдеттерден аулақ болу;
— жеке бас тазалығын сақтау;
— денешынықтырумен айналысу;
— оң эмоциялардың көп болуы;
— қоршаған ортаның тазалығы;
— күн тәртібін сақтау;
— үнемі қозғалыста болу.
Ү. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау.
Зиянды әдеттер
Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық Салауатты өмір салтын ұстануға бірден — бір кері әсер ететін факторлар.
Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 — ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.
Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.ҮІ. «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап)
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. 2002 жылы Елбасы қандай жыл деп жариялады? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)
ҮІІ. Мақал — мәтел.
1. Сақ жүрсең, …………..сау жүресің.
2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3. Денің сау болса, жарлымын деме. ……………Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
4. Тыста ұзақ жүргенің – ………………ұзақ өмір сүргенің.
5. Дені сау адам – ……………..табиғаттың ең қымбат жемісі.
6. Елемеген ауру жаман, ……………..ескермеген дау жаман.
7. Сырқат тән жарасы,……………. қайғы жан жарасы.
8. Тазалық – саулық негізі, …………саулық – байлық негізі.
9. Көзің ауырса,……………….. қолыңды тый,
Ішің ауырса,………………. аузыңды тый
10. Жарлының байлығы –үүүүүүүүүүүүүүү денінің саулығы.
ҮІІІ. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке…
Оқушылар бір — біріне тілектерін жазып ұсынады.
Қорытынды.
«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты».
Сынып жетекші: Ханов Ш.У
2016-2017 оқу жылы
Асалова Несібелі Елубаевна
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».
Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Әдісі: саяхат сабақ.
Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.
Сабақ барысы:
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.
Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі
Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
Зиянды әдеттер бөлімшесі
Пайдалы кеңестер бөлімшесі
- Қорытындылау.
І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен.
Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер?
Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 4 топқа бөліп отырмыз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып, «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Сонымен саяхатымызды бастайық.
Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады. Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.
Жеке бас тазалығының ережелері.
— Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
— Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
— Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
— Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
— Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
— Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
— Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
— Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;
— Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
— Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
— Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
— Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
— Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
— Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
— Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
— Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
— Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
Тері тазалығы.
Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.
Шаш және тырнақ күтімі.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.
Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ.
Табиғи дәрумендер
Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.
А дәрумені. Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т.с.с.
В дәрумені. Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.
С дәрумені. Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.
Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.
Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.
К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.
Темір. Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.
Кальции Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.
Оқушының тамақтану кестесі.
Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді. Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.
Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.
Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.
Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.
Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:
— Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;
— Біркелкі тамақтанудан;
— Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;
— Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;
— Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;
— Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;
— Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;
Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
Спорт (франсуз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Тарихы
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, жәнеАустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн. Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло жәнеатты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды. Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталғанОлимпиада ойындары өтіп тұрған.
Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.
Жазғы спорт түрлері: Қысқы спорт түрлері:
- Велоспорт 1. Биатлон
- Ат спорты 2. Тау шаңғысы спорты
- Жеңіл атлетика 3. Шаңғы жарыстары
- Гольф 4. Мәнерлеп сырғанау
- Теннис 5. Фристайл
- Футбол 6. Хоккей
- Суда жүзу 7. Шорт-трек т.с.с.
Енді сыныбымыздың спортшыларының өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер! (спортшылар өнері)
Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы.
— Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;
— Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;
— Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;
— Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;
— Ауыр заттарды көтеру зиян;
— Орындықта дұрыс отыру керек;
— Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.
Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері.
— Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;
— Үлкен күш жұмсауды қажет ететін қозғалыс әрекеттері тыныс алу ырғағымен сәйкес келуі керек;
— Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;
— Таза ауа сіздің денсаулығыңызға пайдалы;
— Мұрын қуысы арқылы дем алған дұрыс;
— Түшкіріп, жөтелгенде мұрныңды беторамалмен жап;
— Үйде де, көшеде де шаңмен күрес;
— Дұрыс тыныс алу үшін дене бітімінің де дұрыс қалыптасуының рөлі зор;
— Жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу керек (сырқат пайдаланған заттарды пайдалануға болмайды, дәкеден жасалған арнайы таңғыш тағып жүру керек);
— Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.
Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі.
— Өте сирек ауырады;
— Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;
— Ұйқысы да тыныш;
— Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;
— 80 жастан кем жасамайды;
— Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.
Зиянды әдеттер бөлімшесі
Шылымқорлық
Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық.
Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған. Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.
Ішімдік.
Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь.
Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті. Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады.
Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!
Пайдалы кеңестер бөлімшесі.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:
Қоршаған орта ластығы.
Дұрыс тамақтанбау.
Тұқымқуалаушылық.
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
Зиянды заттарды қабылдау.
Тазалықты сақтамау.
Отбасындағы кері жағдайлар.
Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
Дұрыс тамақтану.
Қоршаған орта тазалығы.
Дене шынықтыру.
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
Зиянды заттарды қабылдамау.
Жеке бастың тазалығын сақтау.
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
Эмоциялардың оң болуы.
Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,
Тісті жуу соншалық түспес күшке.
Екі мәрте күніне тазаласаң,
Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.
Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр –
Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл.
Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,
Таза ауамен мектепке беттеген жөн.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас. (Оқушы)
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпенен шұғылдан,
Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.
Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
Шашыңды сап аузыңа,
Тырнағыңды тістеме.
Жетелейтін ауруға
Мұндай қылық істеме. (Оқушы)
Мұрын – мұржа,
Кеуде көмір, ыс – күйе,
Шылымқордың, міне күйі осындай.
Араққорда
Қылық та жоқ ел сүйер,
Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.
Нашақор ма?
Өз еркіне өзі ие бола алмас.
Адам емес, хайуанның досындай.
Іс істесең әдеппен,
Шырайлы жүзің, көрік – бет.
Жиреніп жаман әдеттен,
Салауаттылықты серік ет.
Қалмайсың сонда ұятқа,
Жетесің барша мұратқа. (Оқушы)
(Оқушы)
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,
— Деп рапорт береміз!
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру
Қорытынды.
Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-20 балл қою.
№ | Дене қозғалысының түрлері | Күнделікті | Аңда-санда | Мүлде жасамаймын |
1 | Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру | |||
2 | Таңертеңгі дене қозғалысы | |||
3 | Мектепке келу | |||
4 | Дене шынықтыру сабағына қатысу | |||
5 | Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес) | |||
6 | Денені шынықтыру | |||
7 | Үйдегі дене еңбегінің орындалуы |
60 – жоғары
45 – орташа
25 – төмен
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдық. Біздің саяхатымыздың соңында сіздерге айтарым: Біз саяхат жасаған бөлімшелердің ішінде қайсысы ұнағаны, қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен, бауырларыңмен бөлісіп, не білгеніңді ортаға саларсың.
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».
Қыздардың спорттық биі.
Қатысқан мұғалімдерге сөз беру.
Салауатты ?мір салтын ?алыптастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Бізге өз қоғамызды құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойында дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш — жігерлерді қолдану қажет. Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөліктерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.Біздің мемлекетімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру саясатының ауқымында балалардың әл — ауқаты мен денсаулығына басым көңіл бөлінуде.Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың білімін, мінез — құлқын әрі олардың денсаулығын сақтау проблемасына көз қарасты жақсарту, білім және денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, бүкіл қоғам үшін аса зор маңызды міндет болып табылады.Салауатты өмір салты зиянды әдеттермен қатар тұра алмайды. Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге белсенділік танытуына, дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді.Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін маңызды факторлар болып табылады. Біздің республикамызда балалар мен жастар арасында ішімдік ішу, темекі тарту, есірткі заттарды қолданудың өршуі, ас қорыту жүйесі, жүйке ауруы, жақыннан көрмеушілік және қозғалыс — тірек аппаратының аурулары көбеюде. Сондықтан балалардың салауатты өмір сүруіне мектептің ролі жоғары.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы негізінде оқушылар қоғамдық және жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, дене шынықтыру, зиянды әдеттер туралы, адамгершілік және жыныстық тәрбиенің гигиеналық аспектілері туралы оқып біледі.Мектепте 1 — 11 сынып оқушыларының бағдарлама бойынша алған білімдерін бағалау үшін тестілер мен білім стандартын қолдану арқылы бастауыш, негізгі және жоғарғы сыныптарда жеке мониторингтер жасалуы тиіс.Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шеберлігі мен дағдысының қалыптасуына яғни салауатты өмір салтын қалыптастыруына дене тәрбиесінің маңызды өте зор.Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан — жақты толық дамымайды. Ғалымдардың пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 14 — 21 сағат болуы қажет. Қимыл әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныш күшін әлсіздендіреді, толық дене дамуын қанағаттандырмайды.Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қуаты қабілеттілігін мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең мектеп жанындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады.Бала кезінде әртүрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл әрекеттер адамға оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді, жаңа күрделі қимыл әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал, мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан ебедейсіз, орашалақ қимыл әрекетін көреміз.Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минуттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар темекі тартпайды, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады. Адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда біздің мектепте дене тәрбиесі сабақтары жоғарғы дәрежеде өтеді. Сыныптан тыс уақытта әртүрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Денсаулық күні өткізіліп, апталықтарда сынып аралық жарыстар ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде көптеген оқушыларым аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып жүр.Мектеп жасындағы балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс насихаттап, ағзаларына әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының дене қуаты және ақылдылық жұмысқа қабілеттілік деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әртүрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек.Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелілік, эстетикалық, еңбек, ақыл — ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды оңайлатады.Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асырудағы дене тәрбиесінің сауықтыру міндеттері1. Денсаулық нығайту, дұрыс мүсін қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функциялары дамыту, жүрек — қан айналу, тыныс алу, нерв — жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдістерін белсендіру.2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарлату. Мүмкіншілік болғанынша дене тәрбиесі жаттығуларын, сабақтарын таза ауада өткізу қажет. Күн қызуы, ауа температурасы, ылғалдылығы бала ағзасын шынықтырады.3. Ағзаның жалпы жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату және гигиена дағдыларын қалыптастыру. Ол міндеттерді орындау үшін оқушылар күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларын орындауы, оқу, демалыс, ұйқы, тамақтану тәртіптерін сақтауы қажет.4. Жынысына, мектептегі жас кезеңдеріне байланысты дене қуаты қасиеттерін дамыту. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың барлық дене қуаты қасиеттерін үйлесімді дамыту керек. Бірақ негізінен жылдамдық және қимыл үйлесімділігі, ептілікке басты назар аудару қажет болады. Орта сынып жасындағы балалардың жылдамдық қабілеттігін және күш жылдамдығын дамытуға баса көңіл бөлу қажет болады. Бірақ өте ширығып, ұзақ уақыт күш салатын жаттығуларды беруге болмайды. жоғарғы сыныптарда оқушылардың күш жылдамдығы және өз күш жылдамдығы қасиетін дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.Балалардың денсаулығын жоғалтпай білім беру үшін ата — ана, мұғалім, дәрігер үш жақты байланыс орнатып, жұмыла қызмет атқару керек деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасынан басталып, бала — бақшада, мектепте жалғасын тапса, тәрбиелік мәні зор іс — шаралар өткізу бір — біріне жалғасып, бірін — бірі толықтырып отырса, баланы жаман әдеттен жирендіріп, күнделікті жақсыны айтып отырсақ келешек ұрпағымыздың дені сау болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген емес пе.Пайдаланылған әдебиеттер:1. Е. Уанбаев, Ф. Ж. Уанбаева «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»2. Мектептегі дене шынықтыру журналдары.
Презентация на тему: » МУ Қ АТАЕВА АИЗА ПАЗЫЛБЕК ИНКАР Салауатты ө мір салтын қ алыптастыру.» — Транскрипт:
1
МУ Қ АТАЕВА АИЗА ПАЗЫЛБЕК ИНКАР Салауатты ө мір салтын қ алыптастыру
2
Салауатты өмір салты Салауатты өмір салты (СӨС) бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығсайтуға бағытталған сауықтыру желындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтана тәуелді болады.
3
4
Организмді шынықтыру Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жеғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның ужасы, денсаулығы, шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
5
Дұрыс толыққанды тамақтану Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зорь. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі запалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс
6
Зиянды әдеттерден алшақ болу. Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және утты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организме әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
7
Қ азіргі кезде білім беру мекемелеріні ң алдында т ұ р ғ ан міндеттерді ң бірі – жас ұ рпа қ ты ң салауатты ө мір с ү руге к ө з қ арасын қ алыптастыру, оларды ң денсаулы ғ ын са қ тау ғ а, қ орша ғ ан ортасын таза ұ стану ғ а ж ә не же ғ ары, запалы білім алып, сол білімді келешектегі ө мірінде пайдалана білуге т ә рбиелеу.
8
Мектепте салауатты ө мір салтын қ алой ұ стану ғ а болады? Қолды үнемі жупы журу Зиянды тағамдардан аулақ болу Дене шынықтыру сабағына белсене қатысу Сынып бөлмесіндегі өсімдіктерді күту, баптау
9
Академик Н.М.Амосов сайт қ андрей: Денсаулы ғ ы ң мы қ ты болуы ү шін ө зіні ң к ү шін болуы қ ажет,оны еш н ә рсемен ауыстыру ғ а болмайды