?ар?абаева Г?лза?ира Лесбековна- бастауыш сынып м??алімі
Т?ле би атында?ы орта Шу ?аласы Жамбыл облысы
«Хал?ым ?андай десе?, салтымнан с?рап біл! »
Саба?ты? ма?саты: ?аза? хал?ыны? ?лтты? ерекшеліктеріне
то?талып, о?ушыларды? ?дет-??рып, салт-д?ст?рлерді, ?лтты? та?амдарды, ?лтты? с?н киімдерді, ?лтты? аспаптар мен ?лтты? ойындар туралы білімдерін тексеру, ба?алау. О?ушыларды с?йлей білуге, шешендік с?здерді ?йрету. Ырым-тыйым с?здерді? ма?ынасын есте са?тау. ?лтты? салт-д?ст?рге т?рбиелеу.
М??алім с?зі:
«Асыл тастан, ?нер жастан шы?ады», — деп дарынды
Халы? айтса, халы? с?зі ?р?ашанда нанымды
Сол ?нерді? жолын ?у?ан о?ушылар атынан
?абылда?ыз шын ж?ректен с?лем сізге жалынды.
?ранымыз:
«Хал?ым ?андай десе?, салтымнан с?рап біл! »
?р халы?ты? ?зіне т?н ?лтты? ерекшеліктері болады. Біз басты ерекшеліктеріне то?таламыз.
К?ш бастау ?иын емес
?онатын жерде су болса.
?ол бастау ?иын емес
Шабатын жерде жау болса.
Шаршы топта с?з бастау ?иын емес
Аталы с?зді ??атын к?пшілік болса.
?азір бізді? топты ?діл ба?алайтын ?діл?азылар м?шелерін таныстырамыз.
Сайысты? кезе?дері:
І – кезе?. «Таныстыру.»
ІІ – кезе?. «?аза? хал?ыны? ?лы ??ламалары.»
ІІІ – кезе?. «Хал?ым ?андай десе?, салтымнан с?рап біл! »
ІV – кезе?. «Ж?зден біреу шешен, мы?нан біреу к?сем.»
V – кезе?. «Салт-д?ст?р мен ?дет-??рыптар.»
VI – кезе?. «Ырым-тыйым с?здер.»
VII – кезе?. «Ойнайы? та, ойлайы?!»
VIII – кезе?. «?лтты? ойындар мен ?лтты? аспаптар.»
І – кезе?. «Таныстыру.»
І – топ. «?ожанасыр тобы.»
І – о?ушы: Сіздерге ?ожанасыр тобынан жалынды с?лем!
?ожанасыр – ?аза? халы? ауыз ?дебиетіні? кейіпкері. Ол шешен, айлакер, ?у адам бол?ан. Біра? кейде ашы? ауыз да бол?ан.
ІІ – о?ушы: ?ожанасыр ?орлы? к?ргенні? жа?таушысы, ?ділдікті? т?решісі. Сонды?тан оны осы ?асиеті ?шін, халы? жа?сы к?реді. Міне, ?ожанасырды? ?зі де келіп ?алды.
ІІІ – о?ушы: ?ожеке, с?леметсіз бе? ?зі?із к??ілсізсіз ?ой. Ренжіп т?рсыз ба?
?ожанасыр: — И? ?ара?ым, жа?а осы сайыс?а келе жатып, есегімді суы? сумен суарып, ?иын жа?дай?а ?шырадым. Есегім ?аза тапты.
Сайыс м?шелері оны ?оршап алып, бастарын шай?ап, м??айып мына ?ле?ді айтады.
Топ м?шелері хормен:
Есегім мені? есегім-ай,
Неден де болды кеселі?-ай,
Та?ерте? т?рып, суы? су ішіп,
Содан да болды кеселі?-ай.
ІІ – топ. Алдар К?се ?ле?детіп жал?ыз шы?ады.
— Мен Алдармын, Алдармын
Б?рін бірден алдармын.
Сенбесе?дер к?рі?дер,
Байды да мен алдаймын.
Бай: — То?та, сен шынында да Алдарсы? ба?
К?се: — И?, Байеке, мен Алдармын. Не айтайын деп еді?із?
Бай: — Ендеше мені алдашы
К?се: — Жо?, мен ?азір алдай алмаймын. Алдайтын тая?ым ?йде ?алып ?ойыпты.
Бай: — Онда мені? атыма мініп алып кел.
К?се: — К?н суы?, то?амын.
Бай: — Мені? шапаным мен б?рігімді ки.
К?се: — ?амшысыз ?алай барам, аты? ж?рмейді ?ой.
Бай: — М?, онда ?амшымды да ал, тек тез кел, — деп б?рін береді.
К?се: — Байеке, алда?ан осылай болады. Мен сізді алдадым. Сау болы?ыз! – деп шауып кетеді.
?н ?уенімен б?кіл топ м?шелері шы?ады.
ІІ – кезе?. «?аза? хал?ыны? ?лы ??ламалары туралы не білеміз?»
І – топ. ?бу Н?сір ?л-Фараби, Шо?ан Уалиханов.
ІІ – топ. Абай ??нанбаев, Ш?к?рім ??дайбердиев.
?діл?азылар ба?алап отырады.
ІІІ – кезе?. «Хал?ым ?андай десе?, салтымнан с?рап біл! »
І – топ. Шежіре дегеніміз не?
Шежіре дегеніміз – бір атадан тара?ан ?рпа?ты таратып айту.
Ата, ?ке, бала, немере, ш?бере, ш?пшек, немене, туажат.
ІІ – топ. ?аза? хал?ы ?зіні? руына, ?ай жерде ?оныстануына байланысты ?ш ж?зге б?лінеді?
?лы ж?з – Т?ле би
Орта ж?з – ?азыбек би
Кіші ж?з – ?йтеке би (Б?лар жайлы не білеміз?). ?аза? хал?ында жеті саны ерекше сан болып есептеледі.
ІІ – топ?а жаз?ызу.
?з Т?уке ханны? жеті жар?ысы, жеті жетекші, жеті ?ашы?, жеті ш?ріп (?улие), жеті ?азына, жеті ?алам, жеті к?н, жеті ж?т, жеті жо?, жетім, жеті ата, жеті ?ат ж?не к?к, жеті ?ат жер, жеті амал.
ІІ – І – топ. Жеті ?азына туралы не білесі??
Ер жігіт, с?лу ?йел, а?ыл-білім, ж?йрік ат, ?ыран б?ркіт, берен мылты?, ж?йрік тазы.
ІІ – топ. Жеті жо? туралы не білесі??
Жерде ?лшеуіш жо?, аспанда тіреуіш жо?, таста тамыр жо?, тасба?ада тала? жо?, аллада бауыр жо?, а??уда с?т жо?, жыл?ыда ?т жо?.
IV– кезе?. «Ж?зден біреу шешен, мы?нан біреу к?сем.»
М??алім:
— ?аза? хал?ы ?ашанда шешендікті ??рмет т?т?ан «С?з тап?ан?ан?а ?ол?а жо?» деп орынды айтыл?ан с?зге то?та?ан. «?нер алды- ?ызыл тіл» деп ?адірлеген, ?негелі с?здерді жатта?ан. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жо?»,-деп – ?зіне ажал т?ніп т?р?анда да, ?ас жауына айтатынын ?аймы?пай, ?оры?пай айта берген.
?аза? хал?ыны? т?сінігінде шешендік с?з ?ынаптан суырыл?ан ?ылыштай ?ткір, со?ыр?а тая? ?стат?андай аны?, бой?а ?уат, к??ілге медет болатындай тере? ма?ыналы.
Ата?ты шешендерді? с?зін айту.
І – топ. ІІ – топ.
Бала биді? шешендік с?зі.
?азбек биді? шешендік с?зі.
Сырымны? шешендік с?зі.
V – кезе?. «Салт-д?ст?р мен ?дет-??рыптар.»
— Бала т?рбиесіне, жалпы адам т?рбиесіне тере? м?н беріп, оны? с?тті ?а?идалары мен ережелерін жаса?андарды? бірі – ?аза? хал?ы.
С?билік кезден — ес біліп, ер жеткенге дейін салт-д?ст?р, ?дет-??рып ?лгілері мен ?негелері баланы? ?су жолымен беріліп отырады.
Салт-д?ст?р мен ?дет-??рыптар.
Жа?ар?ан сананы?
?мытады м?ны кім?
Ата-салты бабаны?
Алып келді осы к?н, –
дей отырып, салт-д?ст?рге байланысты с?ра?тар.
2 топ кезекпен айту:
??рса? шашу, ?азан жарыс, с?йінші, шілдехана, шашу, ?анжы?а, бесікке салу, тыштырма, итк?йлек, ?ыр?ынан шы?ару, т?саукесер, т?мар, т?лым, кекіл, айдар, мойнына б?рша? салу, ?алау, базарлы?, бай?азы, жеті ата, жасау, ??да т?су, ?ыз танысу, боса?а майлау, т.б.
І – топ. ІІ – топ.
Тыштырма Айдар
Т?лым К?гент?п
Итк?йлек Бай?азы
Осылар туралы не білесі??
VI – кезе?. «Ырым-тыйым с?здер.»
- ?аза? хал?ыны? т?рбие ??ралдарыны? бірі – тыйым с?здер.
Есі кірген балалар?а ?дет, жат пи?ыл, орынсыз ?ылы?, теріс мінезден са?тандырып отыр?ан.
«Ырымдар мен тыйым с?здерге» кезек береміз.
VII – кезе?. «Ойнайы? та, ойлайы?!»
Ребус шешу: К+и+(т)+(?к)і+(?ы)з +(т)?й(е) = киіз ?й.
І – топ. ІІ – топ.
Киіз ?йді? ??рылымын айту. Киіз ?йді? жабды?тарын айту.
Ж?мба? шешу:
С?йы? еті аппа?,
Ішсе? д?мі т?тті-а?.
Б?л не? (С?т)
Мына ?ріптерден (15?ріп) с?ттен жасалатын та?амдарды айту, жазу. ?р топ кезекпен айтады.
І – топ: «А?ла?, Бал?айма?» ?алай жасалады? ІІ – топ: «Томырт?а, Торта» ?алай жасалады?
VIII – кезе?. «?лтты? ойындар мен ?лтты? аспаптар.»
І – топ. ІІ – топ.
?лтты? ойындар. ?лтты? ойындар
?діл?азылар м?шесіне с?з берейік.
?орытынды с?з:
К?ріскенше к?н н?рлы болсын! ?ош сау болы?ыздар!
Просмотр содержимого документа
«» Салт-д?ст?рім хал?ымны? ?азынасы» »
Тақырыбы: Салт — дәстүрім – таусылмайтын байлығым.
Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт — дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.
Барысы:
1 — жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 — жүргізуші:
Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт — дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл — гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Өнерлі халық — өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт — дәстүр – асыл қазына» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Ән: «Қазақтың салт — дәстүрлері»
1 — жүргізуші. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт — дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп өтсек.
Қазақ халқының салт — дәстүрлері:
Отау көтеру дәстүрі
Отбасы, тұрмыс дәстүрі
Еңбек дәстүрі
Тәрбие дәстүрі
Наурыз дәстүрі
Қаза ғұрпы
Ислам тағылымы
1 — оқушы: Тәрбие дәстүрі.
Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын — сауық, той. Кіндіккесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік — қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
2 — оқушы:
Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.
3 — оқушы:
Дәстүр — халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени — тұрмыстық, кәсіптік, салт — сана, әдет — ғұрып, мінез — құлық, тәлім — тәрбие және рухани іс — әрекеттер көрінісі.
Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу — жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
Жеті ата (дәстүр)- халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.
Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
2 — жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.
Бала: Сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.!
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған, мінекей сүйіншіңді ала ғой.
1 — жүргізуші: Ой қандай керемет, дүниеге бір қазақ келді десейші!. Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.
«Балаға ат қою» рәсімі жасалады.
2 — жүргізуші: Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты, сен қалай ойлайсың?
«Бесікке салу» рәсімі жасалады.
1 — жүргізуші:
Халқымның қолөнері аса көркем,
Қуанады, сүйсінеді оны көрген.
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді?!. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көріп тон пішер, әкеден көріп оқ жанар» демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп, тоқыма тоқып, көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрінісі емес пе?! 2 — жүргізуші; Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.
«тұсау кесу»рәсімі жасалады. Әже: Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауды кесейік,
Күрмеуіңді шешейік.
(Сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.)
1 — жүргізуші: Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батаменен жер көгереді.
Баламызға аталарымыз батасын берсін….
2 — жүргізуші: Қарашы, ана жақта да қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді. Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді…
Қыздар бұл ойнап жатқан ойындарың қандай ойын, қалай аталады?
(Қыздар «Бес тас» ойынын түсіндіріп береді.)
1 — жүргізуші: Жігіттеріміз де қызу ойынға кіріскен тәрізді, ал жігіттер қандай ойын ойнап жатсыңдар?
(Ұлдар «Асық» ойынын түсіндіреді.)
2 — жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез — келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?
«10» саны
— Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)
«3» саны
— Үш мақсатты ата.(жол мақсаты — жету, дау мақсаты — біту, сауда мақсаты — ұту)
— Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
— Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
— Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
— Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
— Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)
— Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
— Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
— Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен)
Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
— Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
«4» саны
— Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
— Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі — Ойсыл қара, жылқы пірі — Қамбар ата, сиыр пірі — Зеңгі баба, қой пірі — Шопан ата, ешкі пірі — Шекшек ата)
— Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт — береке атаң қымбат.
Мейіріміңді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат)
«5» саны
— Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
— Бес асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
— Бес байлық (Әуелгі байлық — денсаулық.
Екінші байлық — еркіндік.
Үшінші байлық — тіл байлық.
Төртінші байлық — қайрат — күш, ақ жаулық.
Бесінші байлық — балаңыз.)
— Бес қаруға нелер жатады?(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
— Бес жақын кімдер? (Тату болса — ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса — інің жақын,
Инабатты болса — келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың.)
«6» саны
— Алты алаш деген кімдер?
(Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)
— Алты қиынды атаңдар.(Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың)
«7» саны
— Жеті жұт.(құрғақшылық, мал жұтау, оба,(індет), өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)
— Жеті күнді атаңдар (Бүгін — дүйсенбі.
Ертең — сейсенбі.
Бүрсігүні — сәрсенбі.
Арғы күні бейсенбі
Қасиетті күн жұма
Соңғы күні — сенбі
Азына — жексенбі.)
— Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім — білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Жеті атаны таратыңыз?
(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
— Жеті жетімге нелер жатады?
(Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу — қазсыз көл жетім.
Елінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.)
1 — жүргізуші:
Ата — дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі — мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады? — Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
— Амансың ба, досым. «Қуыс үйден құр шықпа»деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
— «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
— «Сыйға сый, сыраға бал»демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.
— «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер»демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
— «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар»деген ғой, о не дегеніңіз?
-«Бірлік түбі — тірлік»деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
-«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады»дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
-«тау тауға қосылмас, адамға адам қосылмас»деген, әлі кездесерміз, сау бол!
2 — Жүргізуші:
Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шұрайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен — ақ көз жеткізген боларсыздар.
1 — Жүргізуші:
Құрметті көрермен қонақтар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сияқты. Қазақта қонақкәде деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге қояр тапсырмамыз бар. Мына үзік — үзік сөздерден мақал құрастыру керек.
1. Ұяда ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2. Ата… бала…(Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.)
3. Ер… ез…(Ер біл өледі, ез мың өледі.)
4. Өле… бөле…(Өле жегенше бөле же.)
5. Таяқ… сөз…(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
6. Мал… жер…(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)
7. Тентектің… түстен…(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)
8… сүйіндіреді,… күйіндіреді…(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9. Мысыққа…, тышқанға…(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)
10. Мектеп…, білім,(Мектеп — кеме, білім — теңіз.)
2 — жүргізуші:
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты — заман өзгерсе де ұлттық салт — дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт — дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
№185 қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қайырқұлов Алмат
Тақырыбы: Қазақ халқының салт-
дәстүрлері
Мақсатым:1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;
2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық
бұйым көрмелері.
Барысы:
1-оқушы :
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2-оқушы:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
3-оқушы:
Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.
Өнер халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне
бағытталған «Салт-дәстүр-асыл қазына»атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет
беріп кетсек.
Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала
тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Тәрбие дәстүрі.
Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен
сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің
өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне
жасалатын ойын-сауық, той.
2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның
кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы
іс.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке
салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн
толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің
қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп
кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б.
қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше
ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге
жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін
беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып
өсіріп қояды.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен
алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып
қояды. Оны «кекіл»дейді.
Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын
және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана,
әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.
Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап
өтсек.
1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің
түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп
ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп
бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.
2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың
жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген
сыйлығы.
3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін
берілетін ақшалай,заттай сый.
4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа
киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп
атайды.
5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі
ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата,
Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6) Асату(дәстүр).ет желініп болған
соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге
асатады.
Оқушы. Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
Бала: Сүйінші,сүйінші.дүниеге сәби
келді.
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл
қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені
аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.
Оқушы:Балаға қандай ат қойсақ болады
екен?
Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат
қою»рәсіміне кезек берейік
( «Балаға ат қою» рәсімі жасалады.)
Оқушы:Енді дүниеге келген баланы
бесікке салу әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу»рәсіміне
кезек берген дұрыс сияқты. (Бесікке салу)
Оқушы:Халқымның қолөнері аса көркем,
Таң қалып қарап қалар оны көрген,-деп
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді. Бүгінгі
кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден
көрген тон пішер, әкеден көрген оқ жонар»демекші біздің сыныптың қыздары кесте
тігіп,тоқыма тоқып,көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс
үстінде.Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?
Оқушы: Айтпақшы біз атын қойған
кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол
сәбидің тұсауын кеседі дейді.Жүр қалып қоймай соны тамашалайық.( «тұсау кесу»
рәсімі)
Әже: Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,Тұсауыңды
кеселік,
Кірмеуіңді шешелік,-деп сәбидің
тұсауын ала жіппен кеседі.
Оқушы:
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батамен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді,-демекші
баламызға аталарымыз батасын берсін.
Оқушы: қарашы ана жақтада қазақ
жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді.Сол жаққа барып қайтсақ
қайтеді.қыздар, бұл ойнап жатқан ойындарын қандай ойын , қалай атайды?( « бес
тас»ойыны түсіндіреді)
Оқушы: Бүгінгі кешіміз қызықты өту
үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол
асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан
сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?
1-сұрақ
Он атаны таратып беріңіз.
( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)
2-сұрақ
Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту,
сауда мақсаты-ұту.
3-сұрақ
Үш арсыз.
Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ
арсыз.
4-сұрақ
Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс
пен жақын.
5-сұрақ
Үш биді атаңыз.
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
6-сұрақ
Үш жүзді атаңыз.
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
7-сұрақ
Үш даусыз.
Мінез, кәрілік, ажал.
8- сұрақ
Жігіттің үш жақын жұртын ата.
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
9-сұрақ
Үш арыс
Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин,
ілияс жансүгіров.
10-сұрақ
Үш сауап
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен.
11сұрақ
Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
12-сұрақ
Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
13- сұрақ
Төрт қонақ
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма
қонақ,
Қылғыма қонақ.
14-сұрақ
Төрт түліктің пірін атаңыз.
Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі-
қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.
15-сұрақ
Төрт қымбат не№
Алтын ұя Отан қымбат,
Құт- береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
16-сұрақ
Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,
бекермал шашпақ.
17-сұрақ
Бес асыл
Талап еңбек, терең ой, қанағат .
18-сұрақ
Бес байлық
Әуелі баайлық- денсаулық.
Екінші байлық-еркіндік.
Үшінші байлық- тіл байлық
Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ
жаулық.
Бесінші байлық-балаңыз.
19-сұрақ
Бес қаруға нелер жатады?
Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.
20-сұрақ
Бес қатер
От, жау, борыш,ауру, сөз.
21-сұрақ
Бес жақын кімдер?
Тату болса- ағайын жақын.
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын.
Инабатты болса-келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жақын қарындасың.
22-сұрақ
Алты алаш деген кімдер?
Алаш ханның балалары: қазақ,
Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.
23-сұрақ
Алты қиынды атаңдар.
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды болса бас миың.
24-сұрақ
Жеті жұт
Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт,
соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)
25-сұрақ
Жеті күнді атаңдар
Бүгін-дүйсенбі
Ертең –сейсенбі.
Бүрсігүні-сәрсенбі.
Арғы күні-бейсенбі.
Ауыр күні-жұма.
Соңғы күні-сенбі.
Азына-жексенбі.
26-сұрақ
Жеті қазынаны атаңыз.
Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік
ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.
27-сұрақ
Жеті атаны таратыңыз.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
немене, туажат.
28-сұрақ
Жеті жетімге нелер жатады?
Тыңдаусыз қалған сөз жетім.
Киюсіз қалған бөз-жетім.
Иесіз қалған жер-жетім.
Басшысы жоқ ел-жетім.
Аққу-қазсыз көл –жетім.
Елінен айырылған ер -жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Оқушы
Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым
бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек
берейік. Қане екі жақтан жарысқа кім шығады?
1. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым.
«АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге
келдім.
2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден
құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
3. — «Сыйлап берген су, сатып алған
балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші
өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.
5. –«Аз да бітер, көп те бітер,
татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.
6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау
ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.
7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой
бабаларымыз, бірлік болсын.
8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің
ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды
ғой.
9. — «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме
бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.
10. — “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!
2-жүргізуші: Қарап отырсақ казактың мақалдап
сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мэні зор, астарлы. Бұған осы
көріністен-ак көз жеткізген боларсыздар.
1-жүргізуші: Құрметті көрермен қонактар, сіздерге
де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта конак- кәдедеген бар. Олай болса сергіту
сэтімізде сізгерге кояр тапсырмамыз: мы на үзік-үзік сөздерден макалқұрастыру керек.
- Ұяда… ұшқанда …
(Үяда не көрсең, үшцанда соны ілерсің)
- Ата… бала…
(Ата — бэйтерек, бала жапырақ)
- Ер … ез …
(Ер бір өледі, езмыц өледі)
- Өле… бөле…
(Өле жегенше бөле же)
- Таяқ… сөз…
(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен
өтеді.)
- Мал… жер…
(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)
- Тентек… акыл…
(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)
- Сүйіндіреді…
күйіндіреді…
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз
күйіндіреді)
- Мысык… тышқан…
(Мысыцца ойын керек, тышцанга өлім
керек)
- Мектеп… білім…
(Мектеп — кеме, білім — теціз)
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің
сабағымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің
көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие
сағатымызда өздеріңіз куә болған дэстүрлерді көкейлеріңізге токып,
саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Токсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпак болашакта халқын
сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры
болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы
сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!
Халқымыздың ғасырлар бойы жасап
кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз
имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ
тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз
болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.
Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас
жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.
Ұлттық қадір-қасиеттер — ұлттық сана-сезімнің өзегі,
адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
санасының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы.
Қазақ халқы өз үрпағын
адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты
мақсаты етіп қойған.
Ұлттық қадір-қасиетттер: әдептілік, қонақ- жайлылық,
бауырмалдық, қайырымдылық т.6.
Әдептілік — әдеп сақтау халықтық рэсімге, жол-
жоралғыға, тәртіпке қүлдық етіп амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды
құрметтеу, қастерлеу, дәлірек айтқанда адамгершілік борышты сактау болып
табылады. “Әдептілік — әдемілік” дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық
астары терең. Әдептілік — ізеттік, кішіпейілдік, кішілік деген сөз. Қазақ
этносында атадан балаға мирас болып келе жатқан әдептілік дәстүрдің бірі —
аттергеу, кісіге қосымша ат кою.
Аттергеу — бұл кісіні қастерлеп, оны
өз айтылуында атамай құрметпен атау, оны сыйлау, күрметтеу, қадір түту: “Ақ
бөпем”, “Үкім”, “Тэмпіш танауым” т.б.
Балалар да жанындай жақсы көргендерін “Ақ
әжем”, “Мырза әжем”, “Аппақ апам” деп атаған.
Қазақ эйелдері кайыны, қайын
сіңлілеріне ат қоюға шебер. Мәселен, “Ак жігіт”, “Сал жігіт”, “Еркежан”,
“Шырайлым” т.б.
Қонақжайлылың. Меймандостық — ата салтымыздың
ішіндегі ең бір мақтауға түрарлық мэнді түрлерінің бірі. Қазак меймандостығы
ерекше, ата-бабаларымыз бүл жағынан алғанда да басқалардан көш ілгері түрған.
Қазақ қонақжайлылығына негізі себеп: бүл қазақтың көшпелі түрмысы. Ен далада
кеңжайлап отырған ауылға шаруасы жоқ адам бекерден бекер бас сұқпайды.
Қонақжайлылықтың ең үлкен белгісі —
ең дэмді тағамын, сусынын, шай-қантын, қонаққа сақтағаны. Халқымыз
қонакжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мэн берген. Сыйластық осы
дэм татырудан басталады. Мұндай дәстүрдің түрі көп.
Дэм тату дәстүрлері: ерулік,
көрімдік, есік көрсету, соғымбасы, үлкенге сыбаға.
Қонақжайлылық, сыйластық салтын
бүрынғы ата- бабаларымызша түсініп, соларша дәріптей білсек нүр үстіне нүр
болар еді.
Бауырмалдылың. Адамгершілік қасиеттің айрықша бір
көрінісі — бауырмалдылық. “Бала бауыр еттен жаралған”, қазақтың бауырмалдылығы баланы әлпештеуден,
баланың ата-анасын құрметтеуінен байқалады.
Халқымыздың бауырмалдық сияқты атам
заманнан сүйегіне сіңген қасиеті Қүран-Кэрім кағидаларымен де үштасып жатыр.
Осы қасиетті кітап адам баласының бір-біріне жат емес, барлық адамзат баласының
дос, бауыр екенін айтады. Олай болса “Ақ, қарамыз, сарымыз, дос-бауырмыз
бәріміз” деп халықты нәсілге, руға, жүзге бөлмей кішкентай кезден жас үрпақты
бауырмалдылыққа баулуымыз қажет. .
Қайырымдылың. * Халық өз үрпағына қайырымдылықты ес
біле бастағаннан үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы, оны түрмыстық
салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді.? Қайырымдылықты кей жағдайда
кедей-кепшік, жарлы-жақыбайларға көмектесу, қайыр-садақа беру арқылы үштастырған. Адам
өміріндегі ең игі істің бірі — қаріп кісілерге қамқорлық көрсету. Үй ішінде
үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға,
әке-шешенің бала- шағасына мейір-шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі —
қайырымдылықтың қайнар көзі. Халқымыз өте жоғары бағалаған қасиеттердің бірі — кішіпейілділік. Кішіпейіл кісіні барлық жерде
сыйлаған, дәріптеген қасиеттеген, үлгі түтқан. “Кішіпейілділік — кішілік емес
кісілік, кішіпейілділік — кісілік көркі”, “¥лық болсаң кішік бол”т.б. осы сияқты нақылдар
халқымыздың кішіпейілділікті қаншалыкты қастерлегендігін айқын байқатады.
Тәрбиелі адам тағалаған аттай өмірдің небір тайғақ қияларынан қиналмай өткен.
Халқымыздың ұлттық
қадір-қасиеті жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа,
қайырымдылыққа тәрбиелейді. Халқымыздың салт- дэстүр, әдет-ғұрыптарын бойымызға
сіңіре отырып өзіндік тұрмыстық-әлеуметтік мәдени дэстүрлерін жалғастырушы —
мына отырған жеткіншектер, сендер.Ата-бабамыздың салған сара жолынан таймай
ұлттық мэдениетіміздің өркендеуіне өз үлеетеріңді қоса отырып, егеменді
еліміздің жалынды жастары екендіктеріңді естен шығармай, оқуда, еңбекте
табыстан табысқа жете беріңдер. /
Адалдық — адамгершіліктің ең басты
қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік
мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы
үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды.
Адалдык өсек-өтірікке жоламауды,
біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз — жаны, жүрегі таза болу деген сөз.
Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді.
Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын,
айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі
қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты
кіршіксіз адалдық деп атайды.
Адалдық рухани тазалықтан туындайды.
Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды,
үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды.
Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы
— мэңгілік.
Қазақта айналасындағыларға
көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын
жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ
көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған.
Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі
ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер
жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол — тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз
жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет.
Амандасу — бейбіт пейілдің, достық
ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу — қолында тасы не басқадай қаруы
жоқтықты көрсету үшін жасалған
қауіпсіздік әрекеті, “Міне, көрдің бе, қолымда дэнеңе жоқ” деп оң қолды көтеріп
сэлемдесу, “Сенбесең алақанымды үстап көр” деп оң қолды үсынып амандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң
қолды көтеру немесе оң қолды үсыну қару үстайтын оң қолдың бос екендігін,
жауластық ниетінің жоктығын аңғартады.
Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияқты тамаша әдетке, одан
бірте-бірте мінез-қүлық ережесіне айналған,
Қазақ халқында амандасуға айрықша мэн
беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бүрын амандасады.
Ассалаумағалейкүм (Алланың нүры
жаусын!) — амандасудың кең тараған түрі (сәлем беру).
Уағалайкүмассалам! (Саған да Алланың нүры жаусын!) (сәлем алу).
Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі
қазақи түрі.
Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы
сәлем беру.
Сэлемдесу немесе сэлем беру деп кішінің үлкенге алдымен
амандасуын айтады. Қатар қүрбылардың бір-бірімен амандасуын да көбіне сэлемдесу дейміз.
Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді.
Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бүрып
немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір- бірінің көзінетура қарап шын пейілмен, жылы жүзде
амандасқандары жөн. Теріс қарап амандасу — менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті
емес.
Төс цагыстырып амандасу — ер жігіттердің, батырлардың
шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана
осылай амандасады.
Қолдан сүйіп амандасу — әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің,
жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпакқа деген қүрметті
білдіреді. Қолдың сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.
Көзден сүйіп амандасу — әжелер немесе апалар өте жақсы көретін
немерелерін сағынғанда көзінен сүйіпамандасады.
Иіскеп амандасу-қ ариялар, ақсақалдар кішкентай
бөбектерді иіскеп амандасады.
Маңдайдан сүйіп амандасу — үлкен адамдар кішкентай
балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіпамандасады.
Көпшілікпен амандасу. Көпшілік отырған жерге келген
кісі әрқайсысына емес, жүрттың бэріне ортақ
бір ғана сәлем береді. Отырғандардың
бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен
қол алып амандасу міндетті емес.
Бір үйдегі отбасы мүшелері де, бірге
қонып шыққан адамдар да таңертең бір-біріне “Қайырлы таң!” деп айтып амандасқандары
жарасымды,
Уәдеде тұру — адамдық қарым-қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның
сенімі сөзін бүлжытпауынан, берген уэдесінде түруынан қалыптасады. Сенім жоқ
жерде іс оңға баспайды. Ал сенім — бірлесіп атқарылатын кез келген істің, кез
келген шаруаның іргетасы. Сондықтан досыңа, туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын орындауға
келісім берерде алдымен ойланып алғаның абзал.
Уәдеде тұру адамның өз-өзіне сенімін
арттырады, өзгелердің алдында абыройын көтереді. Жүртқа қашанда сыйлы болады.
Халқымызда f “Уәде — құдайдың ісі” деген мэтел бар. Ол берілген уэдені қалайда орындау керектігін меңзейді.
Уэде берме, берсең өлсең де орында. Айтқан уэдеде тұру — ер жігіттің ісі.
Уәдеде тұруға үмтылу — балалардың
өзін- өзі тэрбиелеуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкершілік,
өзгелерге жэне өзіне қүрмет сезімдерін қалыптастырады.
Қолынан келе ме, келмей ме
ойланбастан “Мен мына істі қатырамын” деп бөсу ақыры абыройсыздыққа соқтырады.
Жүрт “Е, соны койшы, жүрген бір бөспе” деп теріс айналады.
Сондықтан бірден уэде беруден бүрын
адам өз мүмкіншілігін есептеп алғаны жөн. Қолынан
келмейтін болса, бірден бас тартқаны жарасымды.
Уәдеде тұрмау адамды аздырады.
Айналандағылардың сенімін кемітеді. Адамдық, азаматтық бейнесіне нұқсан
келтіреді. Жүрттың мазағына айналады.
Бұл орайда “мұра” деген қасиетті
үғымға тоқталмай кетуге болмайды. Өйткені ата-бабаларымыздан біздерге калган барлық құндылықтар — мұра, аманат. Біз — бүл құндылықтардың
мұрагеріміз, олай болса олардан аманат қып алған бұл мұраларға қиянат жасауға еш қақымыз жоқ.
/ “Мұра” деген үғымға Манаш Қозыбаев
ағамыз былайша түсініктеме береді: “Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі
өркениет, мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таңғаларлық қонакжай, кең
пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған мейірбандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді
тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін
қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз, қүлашын әлемге сермеген
мэдениетіміз, тіліміз, дініміз — осының бәрі халық мұрасы.
Бір ғажап қазына — азаматтық парасат,
тарих алдында адал болу, ата рухын сақтау, туған
жердің алдындағы парызын ақтау ата өсиеті болып танылған.
Ары таза, Отан деп шырылдап, жанын
шүберекке түйіп шейіт болып кеткен халық перзенттерінің істері
1-халық мүрасының асылы, үлттық
мақтанышы. Біз
осындай есімі даңқты ата-бабаларымыздың
осы күнгі мұрагеріміз
Салт-дәстүрді білесің бе?
5-6 сынып оқушылары үшін қазақтың салт-дәстүрлері
бойынша дайындалған тәрбие сағаты
Мақсаты: ұлттық қазынамыз салт-дәстүрлерімізбен таныстырып, рухани байлықты қадірлеп- қастерлеу керектігін түсіндіру, бүлдіршіндердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Мерекелік салтанатқа байланысты күй ойналып, көрнекті жерге әдет – ғұрыпқа байланысты нақыл сөздерді де жазып қою, слайдтар.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт- дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтімен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап, олардың сөздерін еске сақтап, құрметтеуіміз керек.
Бүгінгі кездесуіміз қазақ халқының салт- дәстүрі жайлы болатынын естеріңе салып өтемін.
Балалар сендер «салт-дәстүр» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Салт – дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған.
Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы.
1-жүргізуші:Қазақ халқы салт — дәстүрге бай халық. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың т.б. салт-дәстүрге жатады.
2-жүргізуші: ДӘСТҮР – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік –мәдени құндылықтар жиынтығы.
Дәстүр — кең мағыналы ұғым. Мысалы қазақтың өю-өрнек, сәулет, ән –күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған. Бұл жөнінде де өткен заман ғұламалары тебірене айтқан Мысалы, Шоқан Уәлиханов «Түркі тектес халықатрдың ішінде поэзиялық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады» десе, Г. Н. Потанин: қазақта ақындық творчество аса дамыған, ақын деген сахараға сыймайды» дейді. Жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше.
Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық т. б. жатады.
1- жүргізуші: Балалар сендерді алда күзгі демалыс күтіп тұр емес пе? Шамалы уақыттан соң, сендердің бірің ауылға, енді бірің демалыс орындарына асығасыңдар. Ауылдағы ата-әжелеріңнен көптеген аңыз -әңгімелер естіп, жаңа күш жинап қайтатындарың белгілі. Ауылда салт-дәстүр, ырым деген ұлттық үрдістер өз алдына үлкен мектеп болып қалыптасқан. Оның оқытушылары ата- әжелер, үлкендер екенін естен шығармаңдар.
-
оқушы
-
Туған соң адам боп,
-
Білімсізден жаман жоқ.
-
Ел дәстүрін білмесең
-
Жұрт айтады надан деп.
-
Ата-бабаң ардақты,
-
Жамандыққа бармапты.
-
Ардай тұтып үлкенді
-
Ата жолын жалғапты.
-
2-оқушы
-
Бауырласқан тәніміз
-
Бұзылмаған антымыз.
-
Кең даланың ежелгі
-
Қазақ дейтін халқымыз,
-
Өзге ұлттай біздің де
-
Бар дәстүр мен салтымыз.
-
1-жүргізушінің сөзі: Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін басқа жұрт өкілдері де әділ бағалаған. Мысалы қыр халқын алғаш зерттеушілердің бірі А. И. Левшин (1799-1879) қазақ дәстүрі жайында былай деп жазды: «Қазақтардың басқа Азия халықтарына қарағанда қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айырықша қасиеті».
-
Мұғалім: Салт-дәстүрлеріміз : отау көтеру, тәрбие, отбасы, тұрмыс, еңбек, наурыз, дәстүрлері, ислам тағылымдары, қаза ғұрыптары болып бөлінеді. Тәрбие дәстүрлеріне тоқталып, өздеріңе сол туралы қысқаша мәлімдеп берейін. ( Слайд)
-
Оқушы:«Базарлық» (дәстүр). Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
-
Оқушы: «Ашамайға мінгізу» (салт). Баланың сана — сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі- осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді.
-
2-жүргізуші: Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолының бірі — осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:
-
Ал ақ тілек, ақ тілек,
-
Атқа тоқым сал білек,
-
Атқа жақсы шаба біл,
-
Жасыңнан малды баға біл,
-
Өнеге, өнер таба біл,
-
Аймағыңа жаға біл,
-
Атқа міндің, ақ жол болсын- деп бата беретін болған
-
1-жүргізуші: Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мәтел бар. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Қазір де солай. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.
-
2-жүргізуші: Жеті ата (дәстүр). Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан әрі білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?
-
Олай болса жеті аталарыңды білемісің соны байқайық:
-
Бала.
-
Әке.
-
Ата.
-
Арғы ат.
-
Баба.
-
Түп ата.
-
Тек ата. (Ата –тек деген сөз осыдан шыққан сөз)
-
1-жүргіуші: Бала тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де бар.
-
Олар мынадай: кіндік кесер, ат қою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шығару, тұсау кесу, тіл ашар, аузына түкіру, шідерге сигізу. т. б.
-
Енді сендерге түсінікті болу үшін осы аталғандардың біразына тоқталып, өздеріңмен бірге соны талқылап көрелік.
-
Ендігі сәтте құрметті оқушылар сіздермен «салт-дәстүріңді білесің бе?» атты ойынымызды бастаймыз. Мен сіздерге салт –дәстүр атауларын /түрлерін/ атаймын, сіздер соны шамаларыңыз жеткенінше түсіндіруге тиіссіздер. Ол үшін сіздер екі жұпқа бөлініп, жарысуға дайындалыңыздар.
-
Ойын шарты бойынша, әр топтың дұрыс жауабына 1 ұпай /1 жетон/ берілетінін ескертеміз.
-
Жүргізуші карточкадағы мына і сөздерді дауыстап оқыған кезде, балалар шамалары келгенше осы аталған салт-дәстүрлер жайлы өз ойларын айтуға тиіс. «Шілдехана» , «Ат қою» , «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» , «Тұсау кесер».
-
-
3-оқушы:
-
«Әлди-әлди ақ бөпем,
-
Ақ бесікке жат бөпем
-
Айыр қалпақ киісіп,
-
Ақырып жауға тиісіп,
-
Батыр болар ме екенсің?
-
Бармақтарың майысып,
-
Түрлі ою ойысып,
-
Шебер болар ма екенсің?
-
Таңдайларың тақылдап,
-
Сөзіңді жұрт мақұлдап
-
Шешен болар ма екенсің?
-
4-оқушы:
-
Қаз – қаз балам, қаз балам,
-
Қадам бассаң мәз болам.
-
Тағы, тағы баса ғой,
-
Тақымыңды жаз балам.
-
Қаз баса ғой, қарағым,
-
Құтты болсын қадамың!
-
2-жүргізуші: «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданатын үлгі-өнеге түрлерінің бірі – тыйым, яғни тыйым сөздер.
-
«Тыйым» (дәстүр, тәрбие). Бұл – балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне , осы арқылы ата –бабаларымыз, жастарымызды теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау –жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу— әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу— ысыраптың белгісі деп танылған, және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
-
1-жүргізуші: Қазақи ырымдарды білесің бе?
-
Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, әкесі Шыңғыс ырымдап Шоқанға Сегіз Серінің (Мұхаммед -Қанапия) атын қойғызған. Абай, Абылай, Олжас, Сәкен есімдерін қазір де ата-аналар өз балаларына ырымдап, қойып жүр.
-
Жалпы айтқанда, ырым –халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшелік көрінісі.
-
2-жүргізуші: Мұны есіңде сақта!!!
-
1-бала: Нанның қоқымын жесең – бай боласың.
-
2-бала: Бөбек алақанын шапалақтаса –қонақ келеді.
-
3-бала: Дастарқаны жалаң қолмен сүртпе – дастарханың жұтайды.
-
4-бала: Кірдің суын баспа – ауруға шалдығасың.
-
5-бала: Дастархан басында керілмейді – тосыннан болатын ауыр жағдайдың белгісі.
-
6-бала: Аяқ киіміңді төрге шығарма – дұшпаның басқа шығады.
-
7-бала: Аяқ киіміңе қарап, басыңды салбыратып жүрме — өрісі кеңімейтін, ісі жүрмейтін жасық, ынжық адамдар ғана сөйтіп жүреді.
-
8-бала: Аяғыңды айқастырып отырма – тәкаппарлық пен кесірліктің белгісі.
-
Шашыңды жайма.
-
Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма.
-
Тұзды, күлді шашпа.
-
Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.
-
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
-
Үйге жүгіріп келме.
-
Адамға қарап түкірме, есінеме.
-
Жалғыз ағашты кеспе.
-
Бүйіріңді таянба, жер тепкілеме.
-
Бөркіңді (бас киімді) теріс киме.
-
Үлкендердің жолын кеспе.
-
Бос бесікті тербетпе.
-
Өтірік жылама.
-
Адамды айналма.
-
Ақты төкпе.
-
Мереке соңында балалар әдет ғұрыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысады.
-
Мақал-мәтелдер:
-
Оқып ойыңды түзет, Өтірік сөз ұят,
-
Үйреніп сөзіңді түзет. Шын сөз мият.
-
Балаға міндет, Жан қиналмай жұмыс бітпес,
-
Анаға құрмет. Талап қылмай мұратқа жетпес.
-
Көпшіл болсаң — өсесің,
-
Кекшіл болсаң өшесің. Сыйға сый- сыраға бал.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Салт- дәстүрім салтанатым»
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші : Қайырлы күн, қасиетті ел, Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
Жер ананың тоң кеудесі жібіп,
тас емшегі иіген күн,
Самарқанның көк тасы еріген күн» құтты болсын!
2-жүргізуші :
Болашақта мәңгілік ел «Қазақ елі»ұлы елдердің қатарынан боламыз деп, Ел басымыз үндеу тастап ,білімді ,саналы өз ұлтының мәдениетін жетік меңгерген ұлттық нақышта тәрбиеленген қазақ деген атымызды тарихта қалдыратын білімді азаматтар тәрбиелеу жолын көрсетіп, ашып отыр.Өздеріңіз ойлаңыздаршы өзіміздің тамаша мәдениетіміз(әніміз,жырымыз,күйіміз) бен тарихымызды,тілімізді арқалап жүрмесек ұлы елдердің қатарынан қалай және немізбен көрінбекпіз .Болашақ ұрпақтың кілті өз қолдарыңызда құрметті ата-аналар және оқушылар . Атам қазақ намысын қолдан бермеген ,осынау кең байтақ даламызбен мәдениетімізді мұра етіт ,қан мен тер төгіп еңбекпен бизге жеткізді Енді осы асыл мұраларымызды көзіміздің қарашығындай ,елу ел қатарынан қалмай, асыл мұрамызды арқалап жетейік ағайын!
1-жүргізуші :
Өзіміздің қазақ халқының да сан алуан салт- дәстүрі бар. Халқымыздың салт- дәстүрлері қай халыққа болса да үлгі боларлық. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салт-дәстүрі мен ғұрыптарын атап өтсек.
Түсіндірме:
2-жүргізуші :
Салт
1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі)
дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі,
құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны
ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің
қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен
жасалатын ғұрып.
1-жүргізуші :
Ғұрып— қазақтың өмір салты, өрен салты қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып,
ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да
маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп
қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.
2-жүргізуші :
Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып
отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана,
әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер
көрінісі.
Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.
1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен
құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп
ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына
үлестіріп береді.
2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,
көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген
сыйлығы.
3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,
заттай сый.
4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу
жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны
«тілашар»тойы деп атайды.
5 (жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді
міндеттеген. Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған
етті жас балалар мен жігіттерге асатады
Хор « Шілдехана бесік той»
1-оқушы: Еңілік
Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Хош келдіңіз Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергің жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
2-оқушы: Ақжан
Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухани шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің әжесіне ғашық болған.
Басыңды көтер,
қане, күн қақтаған,
Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.
Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған
Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.
3 -оқушы: Сымбат Қауышып қайта оралған наурызға,
Ерніміз әрез тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
Қақ жарып әділдіктің қара қылын,
Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.
«Ақтабан щұбырынды-Алқакөлмен»
Жалғашы Арал, Семей аралығын.
4-оқушы:Жансая
Алашты алаш десе, аттанамын. Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Болғанда әкем- қазақ, шешем- қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? 5-оқушы: Адижан Ата салтым –асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Ән « Түркістан» (Жансая ,Адижан, Рейхан)
1-жүргізуші:
Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге. «Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.
Қане, жігіттер мен қыздардан екі жақтан жарысқа кім шығады? 1.Б:Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім. 2.Қ . -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп
дәм ауыз ти. 3.Б — «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ
жайғасайық. 4.Қ. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.
5.Б. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін. 6.Қ -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не
дегеніңіз.
7.Б -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын. 8.Қ. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің
ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой. 9.Б. — «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал
келетін уақыт болды. 10.Қ. “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, әлі кездесерміз, cay бол!
2-жүргізуші:
Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы,
тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ак көз жеткізген
боларсыздар. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?
Ұлдарымыздың биі «Жігіттер »
оқушы: Ақжан Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сұр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
оқушы: Еңілік Көже елдің ырзығы. Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл — көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!
Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай,
ананың аппақ арындай
әжеміз наурыз көже әкелді.
оқушы: Сымбат
Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз ,Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар сол мерекенің бірі Жыл басы тойы – Наурыз
Наурыз — түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын еткізеді. Абай атамыз атқандай:«Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен».
оқушы: Мирас Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунә-сір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұлама-лары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Нау- рыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу ,ұрысу,таласу ауыр күнә.
оқушы: Фариза
Наурызда наурыз көже пісіріледі.Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.Енді біздің ата аналарымыз дайындаған көжеден ауыз тиейіп қарт әжеміздің батасын алайық
Бейнефильм көрсетіледі
Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі, халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған, Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған. Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын. Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Сабақтың тақырыбы: Халықтың салт-дәстүрі-болашақ келбеті
Мақсаты:
«Салт- дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап,
құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын
факторлардың бірі екендігін ұғындыру
Міндеттері:
— әр түрлі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы түсініктерін тереңдету;
— өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабын қалыптастыру;
-халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, құрметтеу арқылы білім;
алушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Өзін-өзі тану» оқу құралы, әдістемелік құрал, суреттер, оюлар, слайдтар т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Шаттық шеңбері: Барлық студенттер ортаға шығып, шеңбер жасап, бір-біріне сәттілік
тілейді
Ән шашу: Күй
Дәйексөз
«Саналы ел салтын сақтар» (Халық даналығы)
«Алты жыл аш болсаңда, атаңның салтын ұмытпа» (Қазақ мақалы)
Әңгімелесу:
Қазақтың салт-дәстүр, әдет ғұрыптарына қайта оралудың рөлі туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деп жазған: «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге-дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу-бұл, әрине оң процесс».
Пікірлесуге арналған сұрақтар:
-
«Салт-дәстүр» ұғымдарын қалай түсінесіздер?
-
«Әдет» дегеніміз не?
Кел,оқиық бәріміз!
(мәтінмен жұмыс)
Есіңе сақта!
Қазақ дәстүрі тек атананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, кимелеп баса көктеп өтпеу, үйіне келе қалса атын байлап, есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескермейтін, адамнан адам іштей әмәнда дәметіп тұратын табиғи құлық-мінездер. Бұл мінездерді қорлау-алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау-алдымен өзін-өзі сыйлау.
Рөлдік ойындар
1-топ «Сүйінші»Топтардың өзін таныстыруы (топтың атын қорғайды)
2-топ «Шашу»
3-топ «Байғазы»
Тапсырмалар:
1-топ тұсау кесер рәсімін көрсетеді (өлең шумағын айту)
2-топ құлақ тесу
3-топ тойбастар
Тыныштық сәті
Көздеріңді жұмып , манаураған қалыпқа келіңдер.
Демдеріңді ішке алып сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңыздар.
Енді, ойша болашақтағы өмірлеріңе көз тастап көріңіздер. Мейлі бір жылдан, бес жылдан, он жылдан кейін болса . Ал енді қазіргі қмірлеріңізден қандай айырмашылық байқайсыздар. Не сезініп тұрсыздар?
Шығармашылық әрекет (ақырын музыка ойнап тұрады)
Белгілі жазушы-этнограф, қолөнер шебері Сейіт Кежеахметұлы халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін терең білетін және оны көпшілікке насихаттауда қызықты әрі құнды еңбектер жазып, арнаулы жеке мектеп ашқан санаткер
1-топ 1-тапсырма
С. Кенжахметұлының «Сәлем,қимыл, сезім әдептері» мәтінін оқып талдайды
2-топ 2-тапсырма
Қазақ халқының дастарқан әдебі дәстүрлерінің мәнін ашып түсіндіріңіздер және толықтырыңыздар
3-топ 3-тапсырма
С.Кежахметұлының «Әдет-ғұрып ишаралары» мәтіннің мазмұнын оқып, өзіңіздің жақсы
және жаман әдеттеріңіз туралы айтыңыздар.Жаман әдеттеріңізді қалдыру үшін не мақсат қоятыныңызды әңгімелеңіздер
Тыйым дегеніміз не?
Бала тәрбиесіне байланысты қандай тыйым сөздерді білісіздір?
Даналық тағылымы
Шоң мен Ақтайлақ билерінің емеурін-ыммен «сөйлесулері»
(қазақтың шешендік сөздері оқып талдау)
Жаттығу, сергіту (музыка ойнайды)
Төмендегі жағдайларға байланысты адамның әр түрлі ишараларды(түрлі ым-белгі,тұспал,ишарат кейіп)қолдану жағдаяттарын көрсетесіздер
1-топ 1.Бір істі мақұлдау, қоштау, ризалық.
2. Біреуді менсінбеу, жақтырмай, ұнатпау сәті.
2-топ 1. Адамның ашулы,ызалы күйі.
2. Жеңіске жету сәті
3- топ 1.Ұялу, ыңғайсыздық таныту.
2. Қапы кету, «қап, әттеген-ай» белгісі
«Мақалдың жалғасын тап» ойыны
Ата жолы-адамдық,
Ана жолы-……….
Әдепті дегенше…….десейші.
Ағадан ақыл, данадан……….
Атадан -пейіл,
Анадан-……….
«Бүгінгі сабақта не ұқтық?» ойыны
1-топ Тілші
2-топ Сұхбат беруші
3-топ Сарапшы
Қорытындылау
Халықтың салт-дәстүрі әрбір адамның әдетінен басталады. Олай дейтініміз әдет қайталана берсе әдепке айналады. Ал сол әдепті қауым боп, қоғам боп жиі қайталайтын болса, онда ол халықтың салт-дәстүріне айналады.
Ойлап отырсақ ,әрбіріміздің салт-дәстүрдің қалыптасуына қосатын үлесіміз бар. Содықтан да қолымыздан келгенше жақсы нәрсеге әдеттенейік. Өйткені озық дәстүрлер мәңгі жасайды. Демек, сол дәстүрлерді тудырған ұлт мәңгі есте қалмақ.
« Жүректен жүрекке»
«Қазақы дастарханым»
Әні: М. Ілиясовтікі
Сөзі: Ж. Боранбаевтікі
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған,
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді,
Иілсе келің балаң.
Ықылас ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абайласын!
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын.
Назарларыңызға рахмет
Сабақтың тақырыбы: Салт- дәстүрлер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі — қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт — дәстүрлерді бойларына сіңіру;
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет — ғұрпы мен салт — дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан — жақты білімді болуға, салт — дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой — өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика — эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, суреттер, интерактивті тақта бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, топтау стратегиясы, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ — жауап, қызығушылықты ояту стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет, география, әдеп, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Топтастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет — ғұрпы мен салт — дәстүрлері».
Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет — ғұрыптары мен салт — дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет — ғұрыптары мен салт — дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым — қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет — ғұрыптары
2. Әдептілік пен сыпайылық әдет — ғұрпы
3. Жасы үлкендерге құрмет көрсету
4. Тамырлық және қоныс таңдау әдет — ғұрпы
5. Отбасы және неке саласындағы әдет — ғұрыптар мен салт — дәстүрлер
6. Бата беру
7. Бала тәрбиесі
І. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Салт — дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет — ғұрып дегенді қалай түсінеміз?
Дәстүр — латынша жапсыру, жалғастыру — тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып отыратын әдет — ғұрыптар, салт — сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез — құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет — ғұрып — дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт — сана.
ІІ. Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Әр топқа мәтін таратылады
Әр топқа тарауларды таратып беріп әр топқа тапсырма беру
1 топ. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет — ғұрыптары
2 топ. Әдептілік пен сыпайылық, үлкендерге құрмет әдет — ғұрпы
3 топ. Тамырлық және қоныс таңдау әдет — ғұрпы
4топ. Отбасы және неке саласындағы әдет — ғұрыптар мен салт — дәстүрлер. Бата беру. Бала тәрбиесі.
ІІ Көрініс көрсету. 1 — топ «Амандық саулық білісу»
2 — топ «Сарқыт беру»
3 — топ «Байғазы»
4 — топ «Бата беру»
(Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністей-ақ көз жеткізген боларсыздар)
ІV Класстер
Тұсау кесер(салт)..
6. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған ғұрып қалай аталады? Ат қою(ғұрып)
7. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай аталады? Айдар(ғұрып).
8. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны не дейді? Кекіл (ғұрып).
1. Бағалау:
Рефлексия. Қорытындылау.
Үйге тапсырма. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет — ғұрыптарын басқа халықтардың әдет — ғұрыптарымен салыстырып, қосымша материалдар жинақтау
Смотреть курс
×
Международные дистанционные олим
Қызды үйінен ұзатып салуата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-келген ата-ана өз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпен шығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады.
Жігіт пен қыз келіскесін бір-бірінің ата-анасымен танысып алғаны дұрыс. Той кезінде түсініспеушіліктер болмауы үшін құдалар алдын ала киіт анау мынауды алдын ала келісіп алғандары дұрыс (көбіне келіспеушіліктен реніш туып жатады). Қазіргі заманда қызға сырға салу мен бірге қызды ұзатуды бірге бір күнде жасайды.
Сонымен қызды ұзатар кезінде мына салт — дәстүрлер жасалады:
Құдалар келе жатқан кезде есік алдына екі адам арқан тартады, арқан тартқан адамдарға құдалар жағы өз жоралғысын (орамал, мата, ақша) береді.
Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң қыздың екі жеңгесі жігітті отқа май құйғызуғаалып кетеді. Отқа май құйғызғанан соң жігіт жоралғысын (көбіне ақша, моншақ анау-мынау ұсақ түйектер) береді.
Құдалар жайғасып алғасын, болашақ келіндерін таныстырады. Оған құдағи көрімдігін беруге міндетті. Жастарға бір бөлек үлкендерге бөлек дастархан жасалады.
Тамақтарын ішіп алғасын қоржын ашуға кіріседі. Бірінші кезекте, өлілер риза болсын деп босағаға ер адамға киім қыстырады. Сонан соң қызға әкелінген сырға салынады. Оның қыздың құлағына енесі не қайын әпкелері салады.
Қыздың өлі- тірісідеп бір мал атайды. Көбіне қой немесе жылқы әкелінеді. Әкелінген киіттер беріледі, негізі алдын ала келісіп алынса аттарын атап береді. Көбіне алтын заттарын береді. Қыздың анасына «ана сүтінің» ақысы мен құдағи қоржынтабыс етіледі. «Ана сүтінің» ақысынакөбіне анасына жеке алтын зат алып береді. Құдағи қоржынның ішіне піскен ет, тәттілер, арақ-шарап салады. Қоржынның сырты сақина, білезік, моншақтармен көмкеріледі. Оларды қоржынды ашқан қыз жақтың кісілері бөлісіп алады. Соңында қыздың анасына «қыздың қалыңы» деп ақша беріледі. Бұл ақшаны бұрындары қалың мал деп атаған. Ары қарай той жалғасады.
Етке отырған кезде күйеу бала сыбағасы төс тартылады. Төс тартылған табақты қайтарып берген кезде жігіт ішіне ақша салып береді. Үлкендер жағына бауыр асату басталады.
Құда, құда дегізген,
Құйрық бауыр жегізген.
Айналайын баладан,
Құдасы бар дегізген, — деп құдаларға бауыр асату басталады. Бауыр асатуда бауыр мен құйрық май ортасына қатық жағып бір — бірден құдалардың бәріне таратып шығады. Бауырдан жеген құдалар табаққа ақша салады.
Дастарханда отырыс біткесін қыз жақ құдаларына киіттерін кигізеді. Сонан кейін, қызды алып кетерде қыздың аяқ кимін тығып қояды. Қыздың аяқ кимін күйеу бала жеңгелерінен сатып алуы керек.
Ары қарай той көбіне той залында жалғасады. Тойда жастарға ақ бата беріліп, тілектерайтылады. Көп қыздар қоштасарларында сыңсуайтады. Сыңсыма— қыздың ата-анасымен, туыстарымен қоштасу жыры. Бірақ, қазір көп ешкім айтпайды, арнайы осы әнді орныдайтын әншілерді жалдайды. Ол әнді орындай отырып, қызды бар туысымен қоштастырып шығады. Қызды соңында үлкендердің батасын беріп ақ мата бойы мен шығарып салады. Қызды артына қаратпай алып кету керек. Қыз ұзату тойы көбіне түнгі 00 00 ге шейін жалғасады.
http://neke.kz/kyz_uzatu/
</ Салт-дәстүрім ‒ қазынам
Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру,
ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі-өнеге алу, жаман мен жақсыны
ажырата
білуге, аталы сөзден ғибрат алуға баулу және ұлттық мақтаныш
сезімдерін ояту.
Достыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әдепті болуға
тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, «Дәстүрсіз халық жоқ» атты
көрме,
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка, этнография.
1‒ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін өткізгелі
отырған «Салт-дәстүрім ‒ қазынам» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Дәстүрсіз халық жоқ. Қай ұлттың болмасын өзіне тән
салт-дәстүрлері болады. Қазақ халқы салт-дәстүрлерін өскелең
ұрпақтың бойына сіңіре отырып, тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.
«Салт-дәстүрін сақтамаған,
Ана сүтін ақтамаған» ‒ демекші біз өзіміздің халықтық
дәстүрлерімізді құрметтеуіміз керек.
2 ‒ жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды
таныстырып өтейік.
1 топ: Алғырлар тобы. Топ басшысы: Жапаров Мирас
2 топ: Тапқырлар тобы. Топ басшысы: Мәсәлім Ерасыл
1‒ жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын топтарымызға әділ
бағасын берер әділ қазылар алқасымен таныстырайық:
1. Шоманова Ажар Ахметкаримқызы ‒ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
2. Тұйғынбекова Гауһар Әуелбекқызы ‒ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
3. Қуатова Айнұр Сәбитқызы ‒ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
2 ‒ жүргізуші: Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1- кезең: «Ата салты ‒ асыл мұра» деп аталады. Бұл бөлімде
сіздер ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап
бересіздер.
2 кезең: «Көрініс» Салт-дәстүрге байланысты көрініс
көрсетесіздер.
3 кезең: «Өнерлі өрге жүзеді» деп аталады. Бұл кезеңде сіздердің
өнерлеріңізді тамашалаймыз.
4 кезең: «Мақал ‒ сөздің мәйегі» деп аталады. Мақал-мәтел
айтудан сайыс.
1‒ жүргізуші: Сайысымыздың 1-ші кезеңін бастаймыз.
1 кезең: «Ата салты ‒ асыл мұра» Экранға назар аударыңыздар.
Экранда салт-дәстүрлердің түрлері беріледі. Сіздер оның қандай
дәстүр екенін түсіндіріп айтасыздар.
2 ‒ жүргізуші: Бастаймыз.
1-топ Дайынсыздар ма? Мұқият болыңыздар.
1. Байғазы
(Дұрыс жауабы) Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге,
негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі. Байғазыны көбінесе
жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде,
жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр
жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі
т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.
2. Жасау
Жасау беру — ежелден келе жатқан қазақ халқының салт- дәстүрінің
бірі. Қыз шешесі жасауды, қызы бой жетпей тұрып-ақ, жасап қоятын
болған. Жасау — қызға берілетін дүние-мүліктер.
3. Сыралғы
Сыралғы — дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан
кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының
сөзін жерге тастамайды.
4. Асар жасау
Асар, үме — көпшілітің жәрдемін пайдалану дәстүрі. Қазақ
арасында ертеден бар. Қауырт күш жұмсауды және тез бітіруді талап
ететін жұмыс кезінде ауылдастар мен руластар, дос-жарандар жабыла
жұмылып, істі тындырады. Мұндай іске қой тоғыту, қой қырқу, тай
таңбалау, жылқы күзеу, үй көтеру, киіз басу, бие байлау, соғым сою,
егін ору, шөп шабу, пішен жинау, той жасау, ас беру, келін түсіру,
қыз ұзату т.б. жатады.
5. Сәлемдеме
Біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт, тyыстық жағынан жaқын
адaмдардың бір-біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі
болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды.
Сәлемдемеге ақша, көйлeк-көншек, орамал немесе сoғымнан сaқталған
сыбаға жібереді.
6. Селт еткізер
Наурыз мейрамымен бірге келетін ұлттық салт-дәстүр. Жүрегін
махаббат оты жаулаған ғашығына бұл күні серілеріміз «селт
еткізілерге» тазалықтың, пәктіктің нышаны (белгісі) ретінде айна,
тарақ иіс су сыйлаған екен.
7. Көгентүр (көгендік)
Көгентүр — бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың
баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін
сый-қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі
десе де болады.
8. Ауыз тию
Ғұрып. Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен
дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдасын
деген сенімінен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстінде келген адам
дәмнен ауыз тиюге тиісті деген ырым бар. Қазақтың дәстүрі бойынша,
үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармау керек
1‒ жүргізуші: Келесі кезекті 2-топқа береміз.
1. Енші
(Дұрыс жауабы) Енші — қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға
шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті
үлесті енші дейді.
Енші — балалары ержетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние
мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды.
2. Бәсіре атау
Бәсіре — халқымыздың ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі.
Ата-ана баласына арнап, көбінесе жас төлге ен салады да, бәсіре деп
айтады. Әдет бойынша, бәсіре тек аталған баланың қажетіне
жаратылады.
3. Тоқым қағу
Тоқым қағар — қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет
жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт
аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге
байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады,
болмаса қазы-қарта асылады.
4. Ерулік
Ерулік ‒ ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе сол ауылдың
тұрғындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл
жаңадан қоныстанушыны бөтенсітпей ортаға тартудың, сыйластықтың
белгісі.
5. Базарлық
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар
жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға
ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл
жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде
қабылданады.
6. Саумалық
Саумалық ‒ Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен
айтылатын дәстүрлі тілек.
7. Қымызмұрындық
Алғашқы қымызды ауыл адамдарын шақыртып беретін салт.
8. Кеусен
егіншілердің өнімдерін ауылдастарына, ағайындарына беретін
үлесі.
2 ‒ жүргізуші: 1-ші кезеңнің ұпай сандардарын берсеңіздер.
1- топтың ұпай саны:
2-топтың ұпай саны:
Сайысымыздың 2-кезеңін бастаймыз.
2-кезең: «Көрініс» Салт-дәстүрге байланысты көрініс
көрсетесіздер.
1-топ: Жеті жасқа келген қыз баланың құлағын тесіп, сырға
салады.
Сахнада үстел қойылған. Шетінде көрпе бар. Үстел басына әжесі
мен анасы келіп отырады. Сол кезде қазақша көйлек киген үш қыз
шығады. Ортасындағы Айсұлу деген қызды әжесі мен анасы шақырып
алады.
Әжесі: Айсұлу, қызым, келе ғой.
Анасы: Айсұлу, кел, отыр.
Әжесі: Бүгін біз сенің құлағыңды тесіп, сырға тағайық деп
отырмыз. Құлақ тесуде де тәрбие жатыр. Қазақта қыз баланың
өміріндегі айтулы күн — құлағын тесу. Тоғыз жасты балиғатқа толған
кез деп айтады екен, ал жеті — қазақ үшін қасиетті санның бірі.
Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен.
Анасы: құлағы тесілгеннен кейін оның мінез-құлқы бірден
өзгереді. Осыдан бастап «сен енді сырғалы қыз боласың», «сырға
таққан соң қыз санатына қосыласың. Бұдан былай қолыңа кесте алып,
ою оюды үйренесің.
Әжесі: Қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола
теспейді. Бұл да — тәрбиенің бір түрі.
Анасы: Бұл — қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы.
Ұл баланы сүндетке отырғызған сияқты, қыздың құлағын тесу де —
бірдей, ата-анаға парыз болып саналады.
Айым: Айсұлу, таққан сырғаң құтты болсын!
Үміт: Айсұлу, сырғаң өзіңе сондай әдемі жарасып тұр.
2-топ: «Тұсау кесу» рәсімін орындайды.
1 ‒ жүргізуші: Рахмет, өнерлеріңізге. Бұл кезеңнің ұпай сандарын
білу үшін әділ қазылардың қалай бағалағанын білейік.
1 топтың ұпай саны:
2 топтың ұпай саны:
Сайысымыздың 3-кезеңін бастаймыз. «Өнерлі өрге жүзеді» кезеңінде
өз өнерлеріңізді көрсетесіздер.
1-топтың өнеріне кезек берейік.
1. Ән: «Қазақтай ел қайда?»
6а сынып оқушылары: Әділжанов Әділ, Жапаров Мирас, Айамбаев
Мерей
2. Би: «Қамажай»
6а сынып оқушылары: Айдынқызы Үміт, Абдықалықова Элдана, Ильсова
Айым.
2-топтың өнеріне кезек берейік
1. Би: «Қара жорға»
6б сынып оқушылары: Асылғазиев Арсен, Данабеков Дастан, Сапар
Сағыныш
2. Ән: «Қазағымның дәстүрлері»
6б сынып оқушысы: Қожахметова Аружан
1 ‒ жүргізуші: Рахмет, әділ қазылар алқасы екі топтың өнерлерін
қалай бағалайды екен?
1 топтың ұпай саны:
2 топтың ұпай саны:
2 ‒ жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік.
4 — кезеңіміз «Мақал ‒ сөздің мәйегі» деп аталады. Экранға назар
аударыңыздар.
Мақал-мәтелдерді толықтырып айтуларыңыз керек. Білмеген
мақал-мәтелді келесі топ айтуға болады. Оған ұпай беріледі.
Дайынбыз ба? Онда бастаймыз.
1топ
1. Өнер ‒ ағып тұрған бұлақ,
(Ғылым ‒ жанып тұрған шырақ.)
2. Мағынасыз сөз болмайды,
(Мақалсыз ел болмайды.)
3. Отаның үшін еңбек етсең
(Халқыңның сүйген ұлы боласың.)
4. Тозар елдің жанжалы бітпес,
(Озар елдің арманы бітпес.)
5. Туған үйдің түтіні жылы,
(Туған ананың күтімі жылы.)
6. Сумен ойнама ‒ батарсың.
(Отпен ойнама ‒ жанарсың.)
7. Көпшіліктен береке кетпес,
(Берекелі жерден мереке кетпес.)
8. Анаңа ауыр сөз айтпа,
(Атаңа ауыр жүк артпа.)
9. Досыңның мың болғанына мақтан,
(Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.)
10. Татулық ‒ оқ өтпес сауыт,
(Сыйластық ‒ ол бітпес сауық.)
1 ‒ жүргізуші: Ал енді 2-ші топқа кезек берейік. Қаншалықты
мақал-мәтелдер білетіндеріңді байқап көрейік. Мұқият болыңдар.
1. Далалық көсем сөзінде,
(Жылылық күннің көзінде.)
2. Білімдіге дүние жарық,
(Білімсіздің күні кәріп.)
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.)
4. Еңбек адамның көркі,
(Адам заманның көркі.)
5. Өнерлі бала елдің көркі,
(Үкілі қамыс көлдің көркі.)
6. Білген адам тауып айтады,
(Білмеген адам қауып айтады.)
7. Ұстазы пейілді болса,
(Шәкірті зейінді болады.)
8. Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды.)
9. Ана алдында құрмет,
(Ата алдында қызмет.)
10. Отаны бірдің жүрегі бір,
(Жүрегі бірдің тілегі бір.)
2 ‒ жүргізуші: Әділ қазылар екі топтың ұпай сандарын
берсеңіздер.
1 топтың ұпай саны:
2 топтың ұпай саны:
1 ‒ жүргізуші: Сайысымыздың 4-кезеңі де аяқталды, екі топтың
жалпы алған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтасаңыздар. Қай
топ басымырақ түсті?
Соны білу үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
2 ‒ жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысқан топтарымызды ортаға
шақырамыз.
1 топ: Алғырлар тобы
2 топ: Тапқырлар тобы
Қорытындылау: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер екі
сыныптың оқушылары қатысқан «Салт-дәстүрім ‒ қазынам» атты сайысын
тамашаладыңыздар. Көп салт-дәстүрлермен таныстыңдар.
Салт-дәстүрлеріміз ‒ асыл қазынамыз. Әрқашан дәстүрімізді берік
ұстанып, қадірлеп өтейік.
Топтарды марапаттау.
1 ‒ жүргізуші: Осымен «Салт-дәстүрім ‒ қазынам» атты сайысымыз
аяқталды. Әрқашанда салт-дәстүрімізді ұмытпай дәріптеп, құрметтеп
жүрейік.
2 ‒ жүргізуші: Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Кадырова Айзат Мұсағалиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі