Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль
Тақырыбы: Біз бақытты
баламыз
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту,
тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға,
адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Түрі: концерттік бағдарлама
1-жүргізуші:
Өздеріңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Абай орта мектебіне ақ ниетпен,
Қош келдің, айналайын, халқым менің.
2-жүргізуші:
Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.
1-жүргізуші:
Армысыздар, еліміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін өнердің шашулары.
2-жүргізуші:
Тасқындаған табысымды айтамын,
Өнердің біз өшірмейміз май шамын.
Әнші де бар жез таңдай, биш де бар,
Әнші Айгерім
бұлбұлдайын сайрасын-деп, мектебіміздің жезтаңдай әншісі, Абидолда
Айгерімнің орындауында «Саржайлау» әні.
1-жүргізуші:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегінде таныстым, мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
«Алға, қазақ жігіттері» әнімен
6-сыныптың «Жігіттер»
тобын
ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші
Бақыт келер әрқашанда күреспен,
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.
Бақыт үшін арпалысты әкелер,
Тек бақытқа қол созумен ұл өскен-дегендей,
7-сынып
оқушыларының«Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты
көрінісін тамашалайық.
1-жүргізуші:
Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
«Қазақ биін» билесін мың бұралып,
Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп,
Ортаға 5-сыныптың
оқушыларының
орындауында «Қара
жорға» биін
қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып,
7-сынып оқушысы Төлеғазы
Гүлдананың орындауында «Шалқыма» әні.
1-жүргізуші:
Мектеміздің КТК
«Жас қыран КЗ» тобын қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
6-сынып оқушысы Сайн Жәмиланың орындауында халық әні
«Ақбақай».
1-жүргізуші:
Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,
Артық пейіл табылмас Отанымнан.
Олжалап орын алу мақсатым бар,
Алдыңғы елу елдің қатарынан- дей келе
10-сынып оқушысы
Сейтқали Мейірімнің орындауында
«Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,
Достық күйін мақтаныш етеміз біз.
Бейбітшілік бүгінгі ұранымыз,
Аңсаған мұраттарға жетеміз біз.
6-сынып оқушылары Дәулеткелді
Нұртас пен Тұрлығожа
Шұғыла «Өзбек биін»
қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
5-6-7-сынып оқушыларының орындауында «Асыл
айым» бишілер тобын қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым,
Жанымның жайып салып, тылсымдарын.
Махаббат боп маздаған мына ғалам,
Бақытты мектебімнің білсін бәрін-дей келе, 6-сынып
оқушысы Төлеғазы Алуаның «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ұстазға керек үлкен жүректілік,
Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.
Шын бедел, ел таңдауы, халық сыйы,
Оны ешкім бере алмайды үлестіріп- демекші,
«Ұстазым» әнімен Сағынай Саян.
2-жүргізуші:
Хор: Оқушылардың
орындауында
«Қазақ елі»
(Мектеп директоры Исаев Даулен Нұрғалиұлына сөз кезегі
беріледі.)
1-жүргізуші:
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі, ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені. (Қонақтарға сөз)
2-жүргізуші:
Осымен «Біз бақытты баламыз» атты концерттік бағдарламамыз
аяқталды.
Құрметтікөрермендер, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар. Бүгін мектеп жанындағы «Нұр шуақ»жазғытынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әншырқайық бәріміз» атты мерекелік шарағақошкелдіңіздер!!!
1 — жүргізуші:Көңілдерімарқайыпбірқалсыншы
Өнерпаздаршырқапәнгесалсыншы.
2 – жүргізуші:Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1 — жүргізуші:Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иес іжәне терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?
2 — жүргізуші:Олай болсатұрмайық байқауымызды бастайық.
Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін мектеп директоры ________________________________________________________ беріледі.
Сахнада жәй ән жүреді
1 — жүргізуші:
Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар
1 — жүргізуші: Келесі кезекте «Қызғалдақ» тобын «Отаным» әнімен қарсы алыңыздар.
2 — жүргізуші:
Ертең — ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
Орындап ата — ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін
1 — жүргізуші:
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
Ендеше осы өнер қайдан шығады.
2 — жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асылтастан, өнержастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.
Әрине бар.
1 — жүргізуші: Ендешесахна төріне «Сарғалдақ » тобын «Әй әй ата» әнімен қарсы алыңыздар
2 — жүргізуші:
Уа, туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
Жас дәуірдің түлегіміз
Әке деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз — дей келе сахнаға «Тұлпар » тобын «Әр қашан күн сөнбесін» әнімен қарсы алыңыздар
2 — жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өрелім де
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
Ендеше сахна төріне «Сұңқар» тобын «Қошақаным» әнімен қарсы алыңыздар
2 — жүргізуші:
Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз. Әділ қазылар еңжақсы ән орындаған топты айтып марапаттап, сыйлықтар үлестірді.
Анықтама
Жалпы бұл шараның өтілу мақсаты оқушылардың ән өнеріне деген қызығушылығын ояту болатын. Ойлаған ойымыз ойдағыдай орындалды деп ойлаймын, өйткені оқушылар бар ынта-жігерімен қатысып, барлық білетін әндерін айтып,өздерінің ойларын айтып, өздерінің ұнататын әндерін айтып, ойларын ортаға салу арқылы өздерінің ойларын жеткізе білді. Сондай оймен 4 топта өздерінің ұнатып бір ауыздан шешім қабылдап әндерін сүйсіне, рахаттана айтты.
Тақырыбы:
«Ән шырқайық бәріміз»
Өтебаев М.М
Орал 2017
«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі
«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі
(Сахна безендірілген. Ортада би падишасы мен уәзір).
Уәзір: Уа, падишам, датым бар.
Би падишасы: Айт датыңды.
Уәзір: Уа, падишам, сізден аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертін бастауға рұқсат сұрап отыр.
Би падишасы: Қашан?
Уәзір: Дәл қазір, қонақтар жиналып қалыпты.
Би падишасы: Қанша бала қатысқалы отыр?
Уәзір: 36 бала.
Би падишасы: Қандай жетістіктері бар?
Уәзір: 1. Аудандық «Сыр сұлуы» бишілер байқауының 1 орын иегері.
- Аудандық «Бозторғай» байқауында облыстық жолдамаға ие болды.
- Облыстық «Бозторғай» байқауында дипломант атанды.
Би падишасы: Олай болса балаларды шақыр ортаға, өнерлерін тамашалайық.
Уәзір: Құп болады, падишам.
«ҚАЗАҚ БИІ» (ашылуы).
1 жүргізуші: | Қайырлы күн көрермен баршаңызға,
Шымылдығын концерттің ашамыз ба? Бүгінгі кеш өздеріңізге арналады, Көрсетуге өнерді қашамыз ба? |
2 жүргізуші: | Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі өткелі отырған Ақмарал қыздарыңыздың «Өнерге қанат қаққандар» атты есеп беру концертіне қош келіпсіздер! Үкілеген үміттің жемісі мен жеңісін көретін бұл күн сіздер мен біздер үшін нағыз мереке. Олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын. |
1 жүргізуші: | Хореография (грек. choreіa — би, grapho — жазамын) —шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды. |
2 жүргізуші: | Шара – үлкен өнер шебері. Ол – күрескер өнерпаз. Әлі енші алып, отау тігіп кете қоймаған өнердің ордаланып, шаңырақ көтеруі қажымай, талмай еңбектенуіді қажет етеді. Ол тек әншейін шеберлердің емес, күрескер шеберлердің ғана қолынан келеді. Шара – алғашқы қазақ би өнерінің ізін салушы, би еркесі, би падишасы. |
1 жүргізуші: | Қимыл шіркін келіссе,
Барлық қимыл би болар. Бүгінгі бишілердің билерін, Тамашалаған жөн болар –дей отыра, Шара апамыздың бүгінгі із басарларына, жолын жалғастырушыларына кезек берсек. |
2 жүргізуші: | Орыс ұлттық биі Ежелгі Ресейде кеңінен-ақ танымал болған. Көңілді де, шатты билер тойларда, Ежелгі Ресейдің мерекелерінде кеңінен қолданылады. Орыс ұлттық билері – жақсы көңіл-күй, қуанышты би, той-думан, күлкі және әдемі ұлттық киімдер. Би, негізінен, кадрильден, қол ұстасып айналудан, жігерлі билерден тұрады.
«ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ БИІ» орындайтындар 2-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Тағдырдың талмаусырап тасыр күзі,
Бар мұңын келеді оның жасырғысы, Қимылы қияметтің жұмбағындай Пейіштің мың бұралса татар қызы!!! |
2 жүргізуші: | Ендеше, ортада
«ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ БИІ» орындайтындар 1-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Бұл жанр елімізде енді қанат жайып келе жатқанымен, көпшілікке танымал. Ең бастысы, бидің бұл жанрында еркіндік бар. Яғни, бидің ортасында әндетіп жіберсең де өз еркің. Модернмен қойылған кез келген би – кішігірім спектакль іспеттес. |
2 жүргізуші: | Әр елде оны әр түрлі атайды — қазіргі күннің биі, тәуелсіз би, көркем би, ырғақты би, тағы басқа. Бірақ бәріне ортақ нәрсе — ол классикалық бидің ескі және қазіргі заман тақырыбы мен бейнелерін аша алмайды деп жоққа шығару.
Хореографиядағы бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Айседора Дункан, Франсуа Дельсарт, Эмиль-Жак-Далькроз болды. Тамашалайық ортада «МОДЕРН БИІ» орындайтындар 3-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: |
Бұл би – қай заманда да өз өміршеңдігін жоймайтын дүние. Себебі үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатын жанр. |
2 жүргізуші: | Иә, дұрыс айтасың, біздің Шәмшінің әніндей ескі болса, жаңа және мәңгілік десеңші. Тамашалайық! Ортада
«РЕТРО БИІ» орындайтындар 2-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар. |
2 жүргізуші: | Үнді билері — театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен.
Бәріміз бірге үнді еліне саяхат жасап қайтайық. «ҮНДІ БИІ» орындайтындар 1-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Қазақ билерi — көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс — тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.. |
2 жүргізуші: | Ол елдiң сән — салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы — мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ. Олай болса, «Көктем гүлі» деп аталатын қазақ биін тамашалайық
«ҚАЗАҚ БИІ» орындайтындар 3-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Бойынан байқалады ұлылық тым,
Бишінің жұмбақ жанын қалай ұқтың? Қадалған қайсар көзі бар жүзімен Уызын жұтып барады сұлулықтың! |
2 жүргізуші: | Әрбір қимылы жүрекке ұрған қанжардай, есімізге қызыл түсті елестететін би – бұл әрине испан биі, сахнада
«ИСПАН БИІ» орындайтындар 2-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | «Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» — деп Л.Толстой айтқандай, асқақ көріністі аса бір құдіреттілікпен жеткізетін, еркіңді баурап алатын өзбек биі. |
2 жүргізуші: | Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы – Тамара!
Біздің мақтанашымыз – Шара! «ӨЗБЕК БИІ» орындайтындар 1-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Жыласыншы тамызып айдай жырын,
Бастады екен тағдыры қандай ырым? Төгілтіп мүсіндейді кавбой биін, Татырып тұрған кезде балдай шырын. |
2 жүргізуші: | Жер тарпып, сезім-тұлпар кісінеді,
Таза қанды жүйріктей мүсіндері. Тағылық табиғаты тасығандай, Бишінің баурап алар қимыл-ебі! «КАВБОЙ БИІ» орындайтындар 3-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Ламба́да (порт. Lambada) — музыкалық стиль және би, бразилияның солтүсітігіндегі Пара штатында пайда болған. Француздың Kaoma тобының әні арқылы 1980 жылдардың басы 1990 жылдардың аяғында бүкіл әлемге танылды,соның ішінде Ресейде. |
2 жүргізуші: | Көңілді күймен ортада
Латын биі «ЛАМБАДА» орындайтындар 2-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Жалпы лезгинка дегеніміз не? |
2 жүргізуші: | Би арқылы белгілі бір күшті, жігерді, икемді қажет ететін жастар арасындағы сайыс. Атақты лезгинка биі ежелгі халықтың наным-сенімімен, салтын көрсетеді. Бидің ең басты элементі — бұл бүркіттің бейнесі болып саналады. Бұл бейне, әсіресе, биші аяғының ұшына тұрып, екі қолын қанат сияқты жайып, бүркіттің ұшуы анық байқалады.
Келесі тамашалайтындарыңыз Грузин биі «ЛЕЗГИНКА» орындайтындар 3-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Биде тіл жоқ, онда тек әдемі қимыл ғана бар. |
2 жүргізуші: | Тамашалаймық, ортада
«ЖАСТАР БИІ» орындайтындар 2-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Катюша десе, сонау 1941-1945 жылдары алдыңғы шепте жауынгерлерге рух беріп, өнер көрсеткен жерлесіміз Роза Бағланова еріксіз көз алдымызға елестейді. |
2 жүргізуші: | Осы бір әннің шығу тарихы да соғыс жылдарымен тұспа-тұс келсе керек.
«КАТЮША» орындайтындар 3-класс оқушылары. |
1 жүргізуші: | Бал биі — би кештерінде жұптасып немесе көп кісі болып билейтін би. Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды. |
2 жүргізуші: | 19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды.
Бал биі «ВАЛЬС» орындайтындар барлығы бірге. |
Соңы.
Уәзір: Уа, падишам, өзіңіз куә болған аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концерті өз мәресіне жетіп қалғандай. Олар сізді қандай баға берер екен деп күтіп отыр? Алдыңызға соны сұрағалы келдім.
Би падишасы: (ойланып отырады)
Жоқ, бұл сөздің жауабын берер мен емес. Мен ұстаз алдынан өттім. Ұстаздың арқасында осындай дәрежеге жеттім. «Алты Алаштың басы қосылса, төр ұстаздікі демей ме?!» бұл сөздің жауабын мектеп басшысы ****** ағайдан сұрайық.
Уәзір: Құп болады, падишам, мұныңыз жөн екен.
1 жүргізуші: | «Қош» демейміз, әлі талай кештер болар,
Өнерлерің шыңдалып бағың жанар. Көрерменің көбейсін күннен – күнге, Келе берсін қонақтар гүл ұсынар. |
2 жүргізуші: | Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытымыз біраз жерге таяп қалды. Керісінше қош сау болып тұрыңыздар, «Өнерге қанат қаққандар» атты концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше қош сау болып тұрыңыздар! |
ÓZGE JAŃALYQTAR
«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
Ashý
Júkteý
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий
Ashý
Júkteý
Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017
Ashý
Júkteý
«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы
Ashý
Júkteý
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
+7 (7142) 562-428
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.
«Достық» алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).
Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен сап түзеп тұрады.
(Музыка ойналады. Шашу шашылады).
1- жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел, Жерұйығы _____ жайсандары.
2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.
1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
2-жүргізуші: Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар.
1 жүргізуші: Біз дәл осы жерде 29 желтоқсан күні жаңа жылдың бастауы — шыршамыздың ашылу салтанатына жиналған болатынбыз.
Ал бүгін қадірлі жамағат! Жыл басы көрісу айттан басталып, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.
2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз ауыл әкімі __________ беріледі.
1-жүргізуші: Үш жүз алпыс бес баласы
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарақшы,
– деп халық жұмбағында айтылғандай қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған бесінші күн «Бес қонақ» деп аталған екен.
1-жүргізуші: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылаққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен.
Ендеше сахнаға «Аластау» рәсімін жасау үшін «______» әжелер клубын шақырамыз.
2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қазақтар Ұлыс күнін «Жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «Жер бетінде жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні — Ұлыс күн», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай келген күн», «Көк құт көзін ашқан күн», «Жылдың жерге түскен күні» — деп бет қойып, айдар таққан.
1-жүргізуші: «Жер ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанның көк тасы еріген күн» деп халықымыз бұл мерекені ерекше қастер тұтқан.
Ендеше бәріміз ұлыстың ұлы күніне орай көктем аруларымен бірге келе жатқан, халқына ақ батасын жолдар Қыдыр атаны қарсы алайық! Ұлыстың ұлы күні Қыдыр атамыз еңбек жане соғыс ардагері ________ атамыздың шаңырағында, аудандық орталық ауруханада және биылғы жылы отау тіккен жас жұбайлардың шаңырағында болып келе жатқанын қатерлеріңізге береміз.
Қыдыр ата халыққа бата береді:
Құтты болсын Жаңа жыл!
Басталды бүгін мереке.
Жана жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Жеріміз биыл көркейіп,
Болсын дейік молшылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын қуаншылық.
Бәле-жала алыстап,
Қауіп-қатер қалыс қап,
Ортақ дінде бас қосып,
Барша ұлттың баласы,
Көтерілсін қарыштап.
Әумин!
Сонымен бірге Аудандық мәдени демалыс орталығының _______ клубының мүшелері ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, шашу шашады.
2- жүргізуші: Домбырам, қасиеттісің сен не деген.
Үнің шықса халық қазақ елеңдеген.
Сан ғасырды түсіресін сен есіме.
Қыл құйрықтың тұяғы дүбірлеген, — демекші _________ өңірінде небір дауылпаз, дарабоз күйшілер өткені баршаға аян.
Олай болса «__________» фольклорлық ансамблінің мерекелік сазды сәлемін қабыл алыңыздар.
1. Сейтектің күйі «Тойбастар».
2. Халық әні «Көш қызығы». Орындайтын: _____
3. Құрманғазының күйі «Балбырауын».
1-жүргізуші: Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Мемлекетіміз –тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!
2-жүргізуші: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке ырыс әкелсін!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама сценариі
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ.. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
«Әнім саған арналған»сценарий концертной программы к 25 летию Независимости Республики Казахстан
Цель: Воспитывать чувства патриотизма и любви к своей Родине.
Красочное оформление сцены.
У входа стенд отображающий летопись жизни республики за 25 лет.
Звучит күй
Занавес закрыт, за кулисами под тихое звучание күя чтец читает стихотворение.
«Тарихым бар тіл қатар» Айбатыр Сейтақ
1. Аз болмаған қызылдардың қырғыны,
Қызыл қанға тоя алмаған ындыны.
Жасырамын десең дағы қаншама,
Ұмытылмас Желтоқсанның шындығы!
Рухымызды Ар – қайратқа жаниық,
Ұлтымызды ұл – қызынан таниық!
Алматыда, тек алаңда емес – ау,
Тарихымда қалды ол күн қан ұйып!
Қасат қарды еріткендей ұлпа қар,
Ел жаңарып, күн артынан күн батар.
Қанша ғасыр өтсе – дағы жөңкіліп,
Тура бидей Тарихым бар тіл қатар!
Желтоқсан оқиғасы. Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай. Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.
2. Родная земля – наша суть и основа основ,
И слово родное, пришедшее к нам от отцов,
Родная история – как бы она ни была
Горька и печальна, мучительна и тяжела.
«Плох тот народ, который не помнит и не ценит своей истории», — эти слова Васнецова актуальны и в наши дни.
Человеку важно знать историю своей страны. И в памяти человеческой навсегда останутся декабрьские дни 1986 года. В эти дни молодежь от имени народа заявила о своем несогласии с существующим режимом. Уже тогда молодежь заглянула на десять лет вперед. Эти события Сурового декабря 1986 года стали в истории Казахстана началом становления независимого государства, поворотом в судьбе народа.
16 декабря студенты и молодежь города Алматы вышли на площадь. Выступление казахской молодежи продолжались три дня, пока они не были жестоко подавлены армейскими частями, спецподразделениями.
Люди веками мечтали о свободе. Сегодняшняя независимость, провозглашенная в декабре 1991 года, досталась не сразу. 16 декабря 1991 года Парламент РК принял Конституционный закон «О Государственной независимости Республики Казахстан»
Звучит Государственный Гимн Республики Казахстан
Звучит күй, окрывается занавес.
Песня «Атамекен» хор учителей
Выходит ученик
Включается видеоролик о Казахстане на фоне видеоролика читает стихотворение
Посмотри, мой жолдас, посмотри…..
Посмотри озарен, осиян,
Встал одетый в лучи Казахстан
От Тянь – Шаня его простор
До Уральских яшмовых гор.
У казахов своя страна,
Свои земли на все времена
У казахов теперь свой флаг,
У казахов сияет свой герб.
У казахов журчит, как арык
Свой живой и свободный язык
Посмотри, мой жолдас, посмотри
В чистом пламени ясной зори
Все богатства раскрыла страна.
Край родной заветной мечты,
Край обилия и красоты
Ты глаза хорошенько протри,
Посмотри, мой жолдас, посмотри,
На фазанов, на дроф, на гусей,
На трубящих весной лебедей
По степям, где трава и вода,
Вольно бродят джейраньи стада.
Все, что щедро цветет и поет,
Это наше – твое и мое!
Тихо звучит күй.На сцене учащиеся
Монтаж
1. Қазақстан – еліміз
Ұлан – байтақ жеріміз
Туған жерім – қазақстан
Тәуелсіздік алған елім
Қазақстан кең далам
2. Казахстан – это край и отар, и пшеницы
Край, и степи, и горы вместивший в границы
Край заоблачных пиков, джайляу широких,
Неуемных и пенистых речек протоки
3. Қазақ жұрты – меймандос,
Қазақ жері кең – байтақ
Қушақтарын жайған дос
Ұлыстарға ел ортақ
4. Народ Казахстана, пройдя желтоқсаном
Сегодня лишь песни свободы поет
Мы строим теперь грандиозные планы
Со знаменем зовущим нас только вперед
5. Алтын алқап егінді,
Қорғасынды, көмірлі,
Кең қопарып, мал баққан
Қазақ елі көңілді
6. Земля Казахстана стояла веками
Народ Казахстана и скромен и тверд
Мне вас не воспеть, не восславить словами
Великий и дружный казахский народ!
7. Жер қабылдап таң нұрын,
Береді елге байлығын
Осы жердің байлығы –
Қазақ жері, ай – күнім
8. Над Отчизной солнце светит,
И сады шумят над ней,
Нет нигде на целом свете
Для меня страны родней
9. Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем
10. Такие просторы степей и лесов!
И небо такой высоты, и рек синева
И лугов трава
И все это наш – Казахстан!
11. Русский, казах, белорус, украинец
Шагают в едином строю
Поют они песни о радостной жизни
О счастье в родимом краю
12. Достығымыз гүлденген,
Құтты болсын тойымыз!
Әрқашан да бір жерден,
Шыға берсін ойымыз
13. Страна моя прекрасная,
Легко любить ее
Да здравствует, да здравстует!
Отечество мое!
14. Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз
Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
15. Великую землю, любимую землю
Где мы родились и живем
Мы Родиной светлой,
Мы Родиной милой зовем
16. Пою тебе, мой Казахстан великий!
Теперь ты равный, среди равных навсегда!
Живи, трудись и процветай, наш многоликий
И вечной дружбе нашей вместе скажем «Да»
(дети садятся на сцену)
Инсценировка песни «Родина моя»
1 ряд: Марина, Ира, Маша, Гүлмира
2 ряд: Степа, Саша Г, Елнұр, Рома
3 ряд: Тихон, Витя, Виталя,
4 ряд: Аселя, Диана, Люда, Настя
Я, ты, он, она (ряды встают по очереди) в руках шарики
Вместе – целая страна (хором)
Вместе – дружная семья
В слове «мы» – сто тысяч «я»
(1 ряд) Большеглазых
(2 ряд) Озорных
(3 ряд) черных, рыжих и льняных
(4 ряд) грустных и веселых
(Вместе) В городах и селах
Солист: Над тобою солнце светит
(Вместе) Родина моя
Ты прекрасней всех на свете
(Вместе) Родина моя
Я люблю стран твои просторы
Я люблю твои поля и горы
Сонные озера и бурлящие моря
Я, ты, он, она
Вместе – целая страна (хором)
Вместе – дружная семья
В слове «мы» – сто тысяч «я»
(1 ряд) Большеглазых
(2 ряд) Озорных
(3 ряд) черных, рыжих и льняных
(4 ряд) грустных и веселых
(Вместе) В городах и селах
Солист: Над тобою солнце светит
Льется с высоты
Все на свете, все на свете
Сможем я и ты
Я прильну, земля, к твоим березам
Я взгляну в глаза веселым грозам
И, смеясь от счастья, упаду в твои цветы
Дети (хором): Я, ты, он, она
Вместе – целая страна
Вместе – дружная семья
Казахстанец ты и я (дети раздают зрителям шарики и убегают)
Выходят ведущие:
1 вед: Армысыңдар құрметті қонақтар!
2 вед: Здравствуйте, уважаемые гости!
1 вед: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз!
2 вед: Поздравляем с 25 летием Независимости Республики Казахстан!
1 вед: Қазақстан Республикасы жасасын! Отаным гүлденсін!
2 вед: Да здравствует, Республика Казахстан! Пусть цветет моя Родина!
1 вед: Что значит «Родина моя»? –
Ты спросишь я отвечу
— Сначала тропочкой земля
Бежит к тебе навстречу.
Потом тебя поманит сад
Душистой веткой каждой.
Потом увидишь стройный ряд
Домов многоэтажных.
Потом пшеничные поля
От края и до края.
Все это Родина твоя,
Земля твоя родная
Чем старше станешь и сильней,
Тем больше пред тобою
Она заманчивых путей
Доверчиво раскроет.
2 вед: Если скажут слово «Родина»,
Сразу в памяти встает
Старый дом, в саду смородина,
Толстый тополь у ворот.
В лужах первые кораблики,
Где недавно был каток,
И большой соседней фабрики
Громкий радостный гудок.
Или степь, от маков красная,
Золотая целина….
Родина бывает разная,
Но у всех она одна!
Песня «О Родине» 2-4 кл
1 вед: Родиной гордится и мал и стар, шахтер и учитель, банкир и поэт
2 вед: В какой стране вы родились? — спросил однажды французский писатель у известного поэта нашей Республики Музафара Алимбаева он ответил.
— В Республике Казахстан!
— О, какая большая, прекрасная страна! На ней могут поместиться пять Франций!- сказал француз.
— Да! ответил он с гордостью.
1 вед: своей страной гордятся и наши учащиеся.
Выходит ученик. читает стихотворение (собственного сочинения выпускницы школы, ровестницы Независимого Казахстана Хамзиной С.)
Смотрите: высокие горы стоят
Озера и реки красиво журчат
Здесь степи красуются, а там на лугу
Коровы пасутся у всех на виду
Вот лес величавый так грозно шумит
Вот зайчик от ветра укрыться спешит
Смотрите: колышется на ветру
Знамя Республики в нежном цвету.
А вот огоньки загорелись в дали —
Это столица — сердцы страны.
Смотрите друзья, это наш Казахстан
Предков земля оставлена нам.
1 вед: Отан — оттан да ыстық
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
2 вед:Родина жарче огня
Человек без Родины, как соловей без леса
1 вед: Детство наше золотое,
Все светлей ты с каждым днем
Под счастливою звездою
мы живем в краю родном!
Песня «Мой Казахстан» на мотив песни Мамонтека 5-7 кл
2 вед: Знаменитые строки песни «С чего начинается Родина?» трогают за душу любого человека, живущего на Великой Земле. И все знают, что Родина начинается там где ты родился, а мы родились дорогой нам малой Родине Обуховке.
Песня «Ауылым»
1 вед: Ота- сенің ата — анаң
Отан — досың , бауырың
Отан — аудан, ауылың
Отан — өлкең, астанаң
2 вед: Родина — это родители
Родина — значит родня
Родина — край нашлюбимый
Родина — столица моя!
Сценка»Кто в столице всех важней»1-4 кл
Песня «Здравствуй, столица»
1 вед:Необъятный наш край
Гор лесов и полей
Стал для многих народов судьбою
Согреваешь ты нас
Теплотою своей,
Мы гордимся за это тобою
Песня на украинском языке «Ой, калина, ты калина»
2 вед: Есть у казахов старый разговор,
Что время, дескать, действует, как вор.
И каждый месяц или каждый год
То то, то это украдет.
Ход времени, желая честным быть
Я не могу и не хочу хулить,
Я этих слов не стану повторять,
Не справедливо время упрекать
Песня «Ветер перемен»
1 вед: Наверное, в мире от века
Поистине нет ничего
Прекрасней любви человека
К земле, что взростила его.
Песня «Настольгия»
1 вед: Как хорошо, когда рядом друзья
Это для вас льются песни с утра
Как хорошо, что есть праздник души.
Старый друг к нам на прадник спешит
Песня «Луна, луна»
2 вед:Любовь к родной земле — святое чувство,
Чо скрыто в сердце каждого из нас
Светло и радостно, немного грустно
Оно в тебе, оно — не напоказ
Не выставишь его на обозрение,
Не крикнешь: Я люблю тебя, мой край!
А где — то в самых тайных сноведениях
Увидишь и прошепчишь:расцветай!
Танец «Дала қыздары»
1вед: Исхлестан ветром,
Словно плетью,
О, степь моя,
Сквозь все столетья
Я вижу прощлое твое
Меня волненья и тревоги
Не покидают
Ни на миг….
Здесь перепутаны дороги
Друзей и не другов твоих
Куда тянулись и откуда
По тем дорогам караваны
Барханов,
Словно бы верблюдов,
Верблюдов, словно бы барханов!
Здесь наши предки гнули спины,
Вставали грудью на врага,
А состязания акынов!
А сумашедшая байга!
А продолжительные тои!
А слезы женщин и сирот!
Дорогой,
Самой непростою,
Мое прозрение бредет!
О, степь!
Дорог твоих негладких
Объятья шире распахни!
Ты стала стартовой площадкой
Для взлета в будущие дни.
Опалены полдневным зноем,
Судьбой мы созданы одной.
Твое минувшее со мною,
Твое грядущее со мной!
Выходят участники концерта и танцуют Флеш — моб под песню «Алға Қазақстан!»
«Жылы жүрек, жомарт қол»
қайырымдылық концертінің бағдарламасы
Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт
ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана
биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық
елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі
болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж
болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан
қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жанұяларға
қолдау көрсетуге арналған «Жаны жүрек,жомарт қол» атты қайырымдылық
концертіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
Жүргізуші:
Сөз кезегін мектебіміздің директоры Ибраимова Айман Жатынқызына
ұсынылады.
Жүргізуші:
Ханымдар мен мырзалар! Жанарларында қашанда мұң тұратын,
аяушылықпен қараған адамға осы кісіден бір жақсылық болып қалар ма
екен деген оймен, сана сезімінде жалынның ұшқыны лаулап үмітпен
қараған, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған жанұяларға арналған
шағын концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыкалық ән шашу:
1 «Ә» сынып оқушысы Дарубаев Мейірдің орындауында «Сәби бақыты»
әнімен.
Жүргізуші:
Бар байлығымыз һәм бақытымыз — бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ
өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен
өлшенбек.
Музыкалық ән шашу:
3 а сынып оқушыларының орындауында «Шығыс» биі.
Жүргізуші:
«Бала — өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға
қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер
атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім
мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің құрметті
қонағы Қасымбекова Айгүл Абыкановнаға сөз береміз
Музыкалық ән шашу:
Мұқан Еркежанның орындауында «Туған жер» әні
Жүргізуші
Мейірімді ізде таза — аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
Музыкалық ән шашу:
Аузбаева Данараның орындауында «Привет» әні
Жүргізуші:
Мейірімділік — ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Өмірдің ащы дәмін ерте татқан
қол ұшын созам деген жаны жайсаң, жомарт жандар
Музыкалық ән шашу:
2 сынып оқушыларының «Чинури » биімен.
Жүргізуші:
Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет
жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба —
құп емес пе.
Музыкалық ән шашу:
Әкім Заңғардың орындауында «Жаяу» әні.
Жүргізуші:
Пейілділік көл — көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.
«Арнау» Тұрсынжұма Аягөз.
Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі
рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін
өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі
еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып
келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.
Музыкалық ән шашу:
6 «В» сынып оқушыларының орындауында «Мама» әнімен.
Жүргізуші:
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы
шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу —
жомарттық.
Музыкалық ән шашу:
Тұрсынжұма Аягөз «Жетім қыздың монологы»
Жүргізуші:
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы — Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ — Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап — қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ — Қарадан,
Ақ — Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Музыкалық ән шашу:
2 «б» сынып оқушысы Мейіржанның орындауында «Қызыл өрік»
әнімен
Жүргізуші:
Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
Қайса Ерсін «Қазақ жастары» әнімен
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс — адамзатқа
тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған мұқтаж
жандарға қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық
болуына қадам жасайық!Бір- бірімізге жақсылық жасауға асығайық!
Назарларыңыз экранда болсын!
Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Жасұланқызы Аяулымның орындауында «Мереке» әні
Кайырымдылық кқцертіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Аманбаева Индира Жомартқызына
ұсынылады.
Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол
ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы
сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға
алланың нұры жаусын демекпіз. Осымен біздің «Жаны жүрек, жомарт
қол» қайырымдылық концертіміз аяқталды.
Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен
«Жылы жүрек, жомарт қол»
қайырымдылық концерті
2015-2016 оқу жылы