Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.
І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, — деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең — жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, — деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Әндер — әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, — деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, — деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, — деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» — деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, — деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, — дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль
ÓZGE JAŃALYQTAR
«Болашақты нұрландырған-Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
Ashý
Júkteý
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты кеш сценарий
Ashý
Júkteý
Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауы ашылуының сценарийі, 2017
Ashý
Júkteý
«Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды» аймақтық ақындар айтысы
Ashý
Júkteý
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń «Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy» KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
+7 (7142) 562-428
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама сценариі
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ.. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Весенний концерт для начальной школы
Ведущий1: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен мектебіміздің қонақтары. Біздің көктемгі концертімізге қош келдіңіздер!
Ведущий2: Мы собрались сегодня в зале
Чтоб о весне начать рассказ
Всю зиму долгую мы ждали
И очень рады ей сейчас.
Весна на свой пост заступила,
Тепло земле всей подарила.
И ярким солнечным лучом,
С улыбкой вошла в наш дом
№1 Ведущий 1: Сіздердің алдарыңызда Көктем әнімен Есимбекова Айгүл Рамазанқызы, және 7 А сынып оқушылары Оразбаева Дильназ, Бекмухамбетова Райхан қарсыалыңыздар.
Ведущий 1:
Ару көктем армысың
Көкке біткен әнбісің
Жерге біткен сәнбісің
Алтын арай таңбысын
Жырың шашақан күнбісің
Жайнап өскен гүлмісің
Тербетілген талмысың
Хош, келіпсің армысың!
№2 2 ведущий: Примите весеннее поздравление от маленьких участников нашего концерта — девочек 2 а класса Они дарят вам испанский танец.
Ведущий 2:
Посмотри, мой добрый друг,
Сколько здесь цветов вокруг:
Розовые, синие,
Голубые, красные –
Как один – красивые,
Хоть и очень разные.
№3 Ведущий 1: Алдарынызда қазақ биі, орындайтын Диев орта мектебінің шығармашылық би тобы.
Ведущий 1:
Көктем — ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі.
№4 Ведущий 2: Весеннюю песню вам споют ученицы 5-6 классов нашей школы.
Ведущий 2:
Как первый луч весенний ярок!
Какие в нем нисходят сны!
Как ты пленителен, подарок
Воспламеняющей весны!
Так дева в первый раз вздыхает —
О чем — неясно ей самой,—
И робкий вздох благоухает
Избытком жизни молодой.
№ 5 Ведущий 1: Сіздер үшін бишелер тобының орындауында керемет танго!
Ведущий 1:
Көктем келді Көктем келді сағынта
Бүршік атты алма ағаштар бағымда
Біздің үйге ұйя салды алақай
Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да
№6 Ведущий 2: На сцене 4б класс с песней «Веснянка».
1-жүргізуші:
Әрі ұстаз, әрі анамыз,
Арта берсін бағаныз.
Тату болса арамыз,
Біз бақытты боламыз.
Тәлім –тәрбие бердініз,
Суығыма тондыныз.
Ыстымызға күйдініз,
Бәріне де көндініз.
Ұстамызға мың алғыс,
Бас иеміз мәңгі біз!
2-й ведущий:
Своим ученикам
Вы сердце отдаёте!
За всё спасибо вам,
Успехов вам в работе,
Весны и теплоты,
Улыбок, пониманья,
Пусть сбудутся мечты,
Исполнятся желанья!
№7 Ведущий 2:
Младшая группа детского танцевального коллектива дарят вам танец «Учат в школе».
Ведущий1:Біз сіздерді келе жатқан наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып зор денсаулық, отбасылық береке, бақыт тілейміз.
Ведущий 2:
Пусть март подарит вам цветы,
Пускай растопит все невзгоды.
Желаем счастья вам и доброты
От окружающей природы.
Ведущий1:Біздің бүгінгі мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті. Кош сау болыныздар
Ведущий 2:Спасибо за внимание!