Сценарий кудалык на казахском языке

Құдаларға (құдалыққа) арналған тілектер мен құттықтаулар

Құдаларға (құдалыққа) арналған тілектер мен құттықтаулар


  • Тілектер, құттықтаулар
  • admin
  • 16.12.2021
  • 0
  • 0
  • 179569

Құрметті құда……., құдағи….!
Таудан аққан тас бұлақтың суы қандай мөлдір,
Қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай — сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем!
Баламыздың көңілі құлапты, қызымыздың жаны ұнатты — екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегендей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар! Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді. Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!

*** *** *** ***

Арнау

Арықтан су ағады шыр айналып,
Нәсіптіге мал бітер бір айналып.
Жастығыңның шағында ойна да күл,
Кім бар кім жоқ келгенше қайта айналып.

 
Қайырмасы: Құдажан жорытқанда жол болсын,
Құдағи дастарханың мол болсын.
Алланың шапағаты тие берсін,
Бізден тілек сол болсын.

 
Тал мен қайың жарасар тал мен қайың,
Денсаулықта кім ойлар ауру жайын.
Осы отырған қызықты ойын-тойда,
Көмейден ағызайын тілдің майын.

 
Қайырмасы

 
Құда жаңа, болды енді туыс жаңа,
Сыңғырлайды шырқасам үнім дара.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Шырқайықшы іркілмей осы арада.

 
Қайырмасы

*** *** *** ***

Құдалық тілектері

Құдай қосып құда болдық!

 
Құдалар келді!
Қарсы алып жүгір, ағайын
Гүл менен биге ораңдар бүкіл маңайын!
Алдынан шықсын Аталар мен аналар,
Ақ қырау шалған самайын!

 
Күмбірлеп күй мен жаңғырып жаңа ән ойналсын,
Отыз күн ойын,
Қырық күн тойың тойлансын!
Жайылып жастық, иіліп төсек болайық,
Құдалар Аты байлансын!
Құтты да болсын,
қарсы алған құдаң гүлдермен,
жандар деп жатыр тәрбие көрген, үлгі өрген.
Асауды — ноқта,
Құданы құдай қосады,
Баянды болсын қызықтарыңыз бұл көрген.

 
Баянды болсын,
Бақ болып келсін келінің,
Арқалап келген бір елдің ұят, сенімін.
Ұлағатты жермен
ұластырсам деуші ең ұлымды,
түсті ме, көке, орнына бүгін көңілің.

*** *** *** ***

Жаңбыр жауар бұлт келгенде түйіліп,
Сөйлейді ақын бір Аллаға сыйынып.
Сенің-дағы келіп отыр тойыңа,
Алты Алаш ел — алыс-жақын жиылып!

 
Тоймен бірге жасап жатсын құдалық,
Тұңғыш ұлға түсіпті ару-бұғалық.
«Көп тілегі көл болады» деген бар,
Жас келінің дана тусын бір алып!

*** *** *** ***

Қош келдің құдай қосқан құдаларым,
Төрімде не десең де құп аламын.
Бір жүріп, бірге тұрып қызықтайық
Өмірдің енді келген нұр-алабын!
Құдалар өрлеңіздер төрімізге,
Қарап тұр екі рулы ел — бәрі бізге!
Жетейік кәрілікке сыннан өтіп,
Сыйластық қалсын мәңгі өңімізде!

*** *** *** ***

Тәтті үміт болып болашаққа жалғасқан,
Ерекше екен алғашқы арман, алғашқы ән.
Құда боп келген — қадамы құтты ел болсын,
Құдаларымыз
Бақ — өзен болсын арна ашқан.

 
Үйленіп жатыр,
қырдан да дүрмек, ойдан кеп,
Жақсы жандарға айқара құшақ жайған көп.
Есітіп жатырмыз —
құдалардың бұл түп тегі,
Аймандай ұл-қыз
Тудырған текті Жайдан деп.

 
Кімдер де болса ел екен етек-жеңі кең,
Қазақ даласын желпінткен алған демімен!
Ұлыларға тән ұнасымды болған құдалық —
Құдай бұйрығы,
Терезе түсті теңімен!

*** *** *** ***

Қазақтың бір сөзінің қатесі жоқ;
Алдымен бауыздау құда, кейін қылауы түспеген құда, сосын белгілі бел құда, кейін Абай жарықтық қаһарлы қысқа теңеген кәрі құда болады екен. Абай атамыз кәрі құдадан қаймыққан, санасқан. Себебі кәрі құда іші-бауыры араласа келе бауырына  айналып барлық сырын біліп қояды. Шынымен білек сыбанып кіріссе — біліп айтады, батырып, жаныңды ауыртып, бетті тіліп айтады. Яғни, дос болып жылатып айтады. Абай — дана міне осы құданы айтқан.

*** *** *** ***

«Жігіттің үш жұрты болады» деп жатады. Дегенмен жақсы болса құдаларың да бір жұртың екені Айдан анық. Ақылды құдаң — құрдасың, ақылды құдағиың — сырласың емес пе?
Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың «Асауды — ноқта, құданы — құдай қосады», «күйеу — жүз жылдық, құда — мың жылдық» деген нақылында бір мысқал қоспа сөз. Біз де құдай қосып құда болдық, ………..! күйеу бала мен келіннің — екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын!

*** *** *** ***

Байлық, дәулет, бақыт туралы әңгіме қандай көп.
Сондай бірінде «Бай — байға құяды, сай — сайға құяды, шұқанаққа түк жоқ» депті бір ел ішінде жүрген елеусіз Дана.
Екінші бір Дана «Бай мен бай құда болса арасында дәнекер болып жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса арасында дәнекер болып дорба жүреді, бай мен кедей құда болса бір-біріне қарай зорға жүреді» депті.
«Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді».

Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп қосылса — не тұрыс бар, ендеше төскейде малымыз қосылсын, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!
Егіз арна қосылды — аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты — аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз — Сіздікі, Сіздің гүліңіз — біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын ләззаты — бір, сұлулық.Ұл-қыз —перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс түйістіріп құшақтасайық, құдалар!

*** *** *** ***

Бекзаттарым-ай, Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып ауылыма кеп жатқаның-ай!
«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді»

деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден — өтті, сіздерге — жетті.»Жібекті түте алаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де еңдігі жауапкершілік — Сіздерде, құдалар!

*** *** *** ***

Құда түсу

Жақсы қонақ келсе, құт келеді» — дейді. Ал, көршілер, арқан тартып, шашу шашып, қонақтарды қарсы алайық…
Келген қонақтарға  арқан тартылып, шашу шашылып дастарқан басына жайғасып отырады.
Осы үйде той болғалы жатыр деп естідік. Құрметті үй иелері сіздің үйде айдай сұлу, нәзік, ажары — көркіне сай қыздарыңызға біздің үйдің бой десе бойы, ой десе ойы бар, білімі жоғары, біздің үйдің сал — сері жігіті сөз салып жүр екен. Сіздерде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдік. Ата — бабамыздың дәстүрінің негізін сақтай отырып туған — туысымызды, көрші — қолаңымды жинап,  сіздің қызыңызға құда түсіп, алдарыңыздан өтуге келдік. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты,  неге бізге осы екі жастың ниетін қолдамасқа. Бізді құп көрсеңіздер құдандалы болайық!
— Құрметті, құдалар! Атамыздан қалған: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Алдағы құдалығымыз баянды болсын деп өлтірі әкелдік. Соған батаңызды беріңіз.
 «Өлі — тірі» — өлген аруақтарға арнап союға, етін елге үлестіруге арналған мал. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «Алдағы құдалық баянды болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеді» дегенді ұғындырады. Бұл малды бөгде біреу алады. Өлтірі өтіп болған соң екі жақ бірін — бірі құда дей берулеріне болады.

 
Ал, құдағи! Орамал тон болмайды, жол болады демекші сіздерге азын — аулақ әкелген сыйымыз бар еді, соны ұсынуға рұқсат етеңіздер» деп, ең бағалы кәдені қыздың әкесіне, содан кейін құдағи, құдашаларға үлестіреді. Содан кейін  қазақ халқының салты бойынша қыз балаға болашақ енесі белгі ретінде сырға салады.
Қыз бен күйеу баланың әжелері ақыл-кеңес, өсиет сөздер айтады.
Ал, құлыным, қазақтың «Күтімді болам десең, жаңа отауға түс» деген сөзі бар. Құрғалы отырған отауларыңның  шаруасына икемді бол. Оқыс мінез көрсетпе, тазалық сақта, бауырмал бол, сабырлы-салмақты бол, ата-анаңның ел-жұртыңның сенімін ақта, жаманат келтірме. Ол үйде мен сияқты әжең бар. Сол әжеңе сүйкімді келін бол. Ал құдағи, «ырыс алды — қыз» дейді ғой. Біздің қызымыз сіздің үйге тек бақ-береке әкелсін.
Құдағи «Келіннің өнегелі болуы енеден» деп бұрын шешем айтып отыратын. Өзімнің енем сондай бір салмақты, өнегелі, өмірден көрген, түйгені мол адам болатын

 
Я, Тәңірі-құдірет
Мал-бастарын аман ет.
Бастарына бер бақыт
Асына бер берекет
Өмір-жастарын ұзақ ет
Ұрпақтарын асыл ет!
Көрмей өссін қасірет
Өмірдегі жақсылықты
Дәл осы үйге нәсіп ет!

*** *** *** ***

Әкелердің әңгімесі /Құда түсу

Құдалықтың ең қызықты сәті — екі әкенің келісуі, өзара ымыраға келуі (ең басты мақсаты). Ұлдың әкесі: ал құда-құдағилар сіздерде қыз, бізде ұл дегендей, осы екі жастың арқасында бәріміз танысып білісіп жатырмыз. Қыз деген жат жұрттық, құдеке қызыңызды жылатпаймын ешуақытта, өте бақытты болады деп сенемін. Енесі өте жақсы адам, біз де қыз беріп, қыз алысқан адамдармыз. Әр ата-ана ұлын емес, қызын ойлайды екен бірінші кезекте “қызым жақсы жерге барса екен, барған жерінде жыламаса екен, аралары жақсы болса екен” деп. Ал енді ата салтымызбен, өз жөн-жоралғымыз, мынау енді қыздың қалың малы (конверт), қасында бір қойы, бір қап қант бар, арамыз тәтті болсын деп ырымдап әкелдік. Разы болыңыздар, құдалығымыз құтты болсын! Қыздың әкесі: Қазақта сөз бар “дүние адамға бітеді” деп, дені сау болса бәрі болады. Орамал тон болмайды, жол болады демекші, бұл енді жолы ғой, аз беріп көп бергенде одан ешкім байып кетпейді. Қыздан алып байып кеткен ешкімді көрген емеспін. Терезеңмен тең дейді, оның бәрі бізге керегі жоқ, екеуі бақытты болса, бізде де асып бара жатқан дүние жоқ, сіздер сияқты момын жандармыз. Екі әке төс қағыстырып, құда болады. Айналасында отырған жиылған жұрт, “құдалық мың жылдық болсын” деп тілектерін білдіріп жатады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Құдалық – қазақ халқының әдет-ғұрпында ерекше орны бар дәстүр. Жекжаттық қатынастарға бастайтын алғашқы ресми қадам ата-ананың алдын ала келісімімен немесе қыз бен жігіттің уәделесуі арқылы жүзеге асады. Осыдан кейін құдаласу рәсімі бойынша үкі тағуға әдетте жігіт жағының ең жақын адамдарынан төрт не бес туысы барады. Екі жақ келісімге қол жеткізген жағдайда құдалық уақыты белгіленеді. Бұрынғы қазақтың үкі тағу дәстүрі бүгінде сырға тағумен алмасты.

********

Құдаларға арналған өлең

Махаббаттың күшімен отау құрды жастарым 
Екі елді құда қып біріктірді бастарын 
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік 
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік 

Ойна, ойна, құдалар 
Жастық шақты еске алып 
Биле, биле, құдалар 
Жүрмеңіздер кеш қалып 

Отыр міне құдалар, құдағилар жиналып 
Кел ортаға билейік, неге отырсыз қиналып? 
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік 
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік 

Құда құда дегізген, құйрық, бауыр жегізген 
Екі жастың арқасы бізді тойға келгізген 
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік 
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік

********

Қазақтың құйрық-бауыр асату салты

«Ұлың өссе – ер жеткені, қызың өссе – бой жеткені» деп білген халық ұл бала ер жетіп, қыз балиғатқа толғаннан соң, әр ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды» өзіне парыз деп білген. Мұндағы «балиғаттық жас»деп қазақта қыз баланың 13-ке толғанын атаса, ұл баланы «ер жетті» деп танып, «он үш жас отау иесі» деген қағиданы ұстанған. Жасөспірімдік шақтың соңы 16-17 жасты белгілеген.

Халық исламдық шариғат ережелерін ұстанғандықтан үш нәрсені басты қағида: «қызың бой жетсе, тезірек ұзату, намазды уақытынан оздырмау, сонан соң қайтыс болған адамды арулап, ел-жұртымен қоштастырып, кешіктірмей жер қойнына тапсыру. Қалған асығыстың бәрі шайтанның ісі», — делінеді. Бұдан біз ата-бабаларымыздың ұлды ерте үйлендіріп, қызды да тезірек ұзатуды мақсат етуінде өзіндік сыр бар екенін ұғынамыз. Ата-ананың тілегі – ұрпағы өсіп, ел болса екен, шаңырағы биік боп, үй болса екен деген мақсат-мүддені анық байқаймыз.

Үйлену салтындағы осы дәстүрді XX ғасырдың орта шеніне дейін қазақ жерінде, сондай-ақ шет елде тұратын қазақтар арасында біраз уақыт сақталып келді. XX ғасырдың соңғы жылдарында жастар 20-25 жас аралығында үйленіп, тұрмыс құратын болса, соңғы уақытта некелесу 28-30 жасқа дейін ұзарып келе жатқандығы етек алып барады. Бұл мәселе өз алдына бір төбе. Алайда біздің мақаладағы көтеретін мақсатымыз – қазақ арасында сақталып келе жатқан кейбір салт-дәстүр мен жоралғылар.
«Үйірі басқаны ноқта қосады, атасы басқаны неке қосады» деп білген атам қазақ «ұлыңды ұрымға, қызыңды қырымға» деген заңдылықты ұстанып, неғұрлым алыс жерден қыз алып, қыз берісуді жөн деп тапқан. Ондағы негізгі себеп, қазақ өз арасында кем дегенде жеті ата араламаған ру ішінде бір-бірінен қыз алысып, қыз беріспеген, қан тазалығын сақтап, ақыл-есі дұрыс, дені сау ұрпақ өсіру мәселесін ерте баста-ақ ойластырған. Сондықтан да болар, бабаларымыз дүниеге ұл келсе, «шаңырағым биіктеді», «қыз туылса, «өрісім өсті» деп қуанған. Елмен елді жақындастырып, халықтың бірлігі мен татулығын ойлаған қазақ қыздарын да ерекше бағалап: «астың дәмін кіргізген тұз әулие, елдің сәнін келтірген қызь әулие» дейтін нақыл сөздің де мәнісі тереңде жатқанын түсіну әр қазаққа түсінікті-ақ. Үйлену салты негізінен құдалық, үйленуге дайындықтар, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты түрлі салт-дәстүр мен жоралғылардан тұрады. Солардың бірі «Құйрық-бауыр асату» салты. «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» демекші, бұл құдалық кезінде көрсетілетін рәсімнің ұлттық салт-дәстүрімізде орны ерекше. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі – құжаты болып бекітілген.
«Қонақ аз отырады, көп сынайды» деген қағиданы ұстанып, үй иелері құдалар алдында сыпайылық танытып, шашу шашып, дастархан жайып, ерекше құрметпен қарсы алады. Құдаларға «құйрық-бауыр» пісіріп, арнайы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтар тәтті болыңдар» деп тілек білдіріп, барлық қонақтар мен құдаларға ауыз тигізеді. Әдетте қазақ арасында әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз бір де бір той өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай-ақ осы «құйрық-бауыр асату» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпа сөздер айтылмай қалмайды. Сондай құйрық-бауыр ұсынылғанда айтылатын өлеңдерді дәстүрлі құдалыққа жиналған кезде айтылатынын естіп жүрміз. Оның мәтіні көбіне былай айтылады:
Құда, құда дейсің-ау,
Құйрық-бауыр жейсің-ау.
Құйрық-бауыр жемесең,
Несіне құда дейсің-ау.
Үлкен құда, бас құда,
Кіші құда, жас құда.
Құйрық-бауыр әкелдім,
Ауызыңды аш құда.
Үлкен құда ардақты-ай,
Кіші құда салмақты-ай.
Құйрық-бауыр асатам,
Тістеп алма бармақты-ай.
Үлкен құда әнекей,
Кіші құда мінекей.
Құйрық-бауыр асатам,
Кәделерің кәнекей!?
«Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» демекші, бұл өлең әр аймақта әр түрлі айтылып жүр. Ал Жетісу өңірінде айтылатын «құйрық-бауыр» жырының құлағымда қалғаны бар. Бұл өлең шумақтарын анам Ажар Нүсіпқызының аузынан жаттап алғаным бар. Анам орынды жерде әзіл айтып, жұртты күлдіріп жүретін еді.
Сол өлең шумақтарын келтіре кетуді жөн санап отырмын. Мүмкін, тойлар мен жиындарда айтып отыруға керек болып қалар деген ниетпен көпшілікке ұсынамын.
Біздер келдік бір үйге домбыра алып,
Домбыраның құлағын оң бұрадық.
Алдыңызға әкелдім құйрық-бауыр
Әзіл-шыны аралас әнге салып.
Құда, құда дегізген,
Құйрық-бауыр жегізем,
«Жей алмаймын» демегін,
Май әкелдім семізден,
Құдағидың жамалы-ай,
Мақтауға сөз табам-ай.
Құйрық-бауыр жеген соң,
Маған шапан жабады-ай.
Үрсін-дүрсін, ендеше, үрсін-дүрсін,
Қуанғанда, құдаша, жүзің күлсін.
Құйрық-бауыр салты ғой қазағымның,
Берем десе кәдесін өзі білсін. 
Бұзау-тайлақ айдап па ең,
Құлын-бие байлап ең?
Құйрық-бауыр жеген соң,
Апталап жат, айлап сен.
Құда, құда деген біз,
Бізде бауыр жегенбіз.
Құйрық-бауыр жеген соң,
«Құдам қандай!» — дегенбіз.
Арпа бидай ас екен,
Алтын-күміс тас екен.
Балаларым ер жетті,
Қызық деген осы екен.
Қазіргі кезде өз жанынан қолма-қол сөз шығарып, жыр айтатын адамдар мүлде жоқтың қасы. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларын көпшілік қауым ұмытуға айналды. Қазір құйрық-бауыр ұсынғанда бұл өлеңді сол елдің әйелдері жаттап алып айтып жүр. Кейде арнайы ақын жанды адамды алдырып, ән айтқызуды да үрдіске айналдырған. Ал кей жерде жай әншейін сөзбен ғана «ата-дәстүр салтымыз,құйрық бауыр асату» деп хабарлай салады да, жай халық әндерінің бірін айтады. Бұл үрдіс жалғаса берсе, біздің керемет дәстүріміз жоғалып қана қоймай, бүкіл бір елдің мәдениеті де жойылады деген сөз емес пе!
Үйлену тойларында «құдалық жыры», «той бастар», т.б. өлең-жырлар айтылса, нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай өлең-жырлар тойшыл қауымды бір серпілтіп, ерекше сезімге бөлейді, сондай-ақ ұлы дәстүрімізді жандандыра түсері де анық. Той өткізіп жүрген бүгінгі асабалар мұндай өлеңдерді қазіргі заман ыңғайына орайластыра әзірлеп елге таратса, олардың бұл ісін ұлттық дәстүрді насихаттауға қосылған сүбелі үлес деп білер едік.

Қарлығаш Шота, профессор.

********

Құдаларға және құдалыққа тілек

Құдаларым өмірден құдай қосқан,

Құшақ жайып төс қағып құдаласқан.

Алла қолдап сүйіндір ұзағынан,

Қуанышпен қостасып араласқан.

Құда- жөкжат қадірлесім қимасым,

 Өлгенімше қошаметім сыйласым.

Қос теректөй бұтақ жайып ұрпақпен,

Аллам бізге қуанышын сыйласын.

Ол да, мен де ата-аналар қос жақтан,

Үрпақ үшін тілеу тілеп от жаққан.

Өсіп-өніп,ата салттық дәстүрмен,

Мың жыл туыс бір-бірімен боп жатқан.

Құдаларым құрмет тұтып жүретін,

Қуанышқа көңіл шат боп күлетін.

Көрген кезде қос құшақтар айқасып,

Өре тұрып сағынышпен сүйетін.

Ата-анамыз ұлды,қызды өсірген,

Отау тігіп.от басы ғып көшірген.

Уа Алла, бере көргін бақытын,

Көрсетпей тек жат қылығын есірген.

¥л өсірген, қыз өсірген таңдағы,

Қазақ үшін құда болу арманы.

Әлпештеген бау-бақшамыз гүл жарып,

Тамырланып өсіп жатса болғаны.

********

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,

Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.

Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,

Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,

Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.

Бір сенің шаңыңа да ілесе алмас,

Талайлар менменсіген төсін көрген.

Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,

Жарқылдап, ажарыңа арай тұнған.

Құданың сыйластығы мың жылдық деп,

Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.

Армандар жетелейді тым алысқа,

Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та.

Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,

Басымыз қосылсын тек қуанышқа.

********

«Жігіттің үш жұрты болады» деп жатады. Дегенмен жақсы болса кұдаларын
да бір жұртың екені Айдан да анық. Ақылды құдаң — құрдасың, ақылды кұдағиың —
сырласың емес пе! Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың «Асауды — ноқта,
құданы — құдай қосады», «Күйеу — жүз жылдық, құда – мың жылдық»
деген нақылында бір мысқал қоспа сөз жоқ. Біз де құдай қосып құда болдық,
Сапеке! Күйеу бала мен келіннің — екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын!
Құдалығымыз мың жылдық болсын!

Құттықтау, тiлектер: Құдалық - со сватовством

Кұрметті құда…., құдағи…..!

Таудан аққан тасбұлақтың суы қандай мөлдір, қандай таза! Сәт сайын жаңарып
жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жаңдарыңыз да дәл осындай — сәт
сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі кұлапты, қызымыздың жаны
ұнатты — екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың
жапырағы жайылып, тамыры тереңдегей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын
аптал азаматтар болсын, құдалар!

Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен
деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы
баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді. Дәмнен, сусыннан, тағамнан алыңыздар!

Уважаемые, сват _____ и сватья _________!

Как прозрачна и чиста вода из родника, который течёт с гор! Разве может быть
недостаток в проточной обновляющейся с каждой минутой воде? Для нас ваша душа
именно такая – чистый мир, который обновляется с каждой минутой! Наш сын
проявил желание, а дочь ответила симпатией – вот так сблизились два дорогих
человека! Как говориться счастье переменчиво, но оно и передается, пусть листья
молодого дерева растянуться широко, а корни пустит глубоко! Сваты наши, пусть
будет много таких людей как вы, которые думают о будущем своей страны!

Мое сердце разрывается от счастья, ведь наши дети нашли свое счастье. Как
говорится, они друг другу пара! Я свое радушное пожелание хочу закончить этими
словами: «Пусть Создатель, который так все задумал, пошлет им плодотворное
счастье!» Угощайтесь, столы накрыты!

Құттықтау, тiлектер: Құдалық - со сватовством

*******************************

Бекзаттарым-ай, Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып ауылыма кеп жатқаның-ай!
«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді»
деген екен дана бабаларымыз.

Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп
келді. Үлпілдеген үкіміз бізден — өтті, сіздерге — жетті.
«Жібекті түте алаған жүн етеді» дейді.
Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де еңдігі
жауапкершілік — Сіздерде, кұдалар!

Друзья мои и родственники, я рад, что вы приехали к нам в аул! Как говорили
наши предки «Парень ищет счастье в девушке, а девушка на чужбине». Наша дочь
пришла искать свое счастье у вас дома. Наша нежная девочка уходит от нас, и
приходит к вам. Как говорится: «Кто умело обращается с шелком, тот сможет
справиться и с шерстью». А будет наша дочь шерстью или цветком, это уже в ваших
руках, сваты!

*******************************

Байлық, дәулет, бақыт туралы әңгіме қандай көп. Сондайдың бірінде «Бай —
байға кұяды, сай — сайға кұяды, шұқанаққа түк жоқ» депті бір ел ішінде
жүрген елеусіз Дана. Екінші бір Дана «Бай мен бай құда болса арасында
дәнекер болып жорға жүреді, кедей мен кедей кұда болса арасында дәнекер болып
дорба жүреді, бай мен кедей құда болса бір-біріне қарай зорға жүреді» депті.
«Барлық не дегізбейді, жоқтық жегізбейді».

Как много рассказов о богатстве, достатке и счастье. Один мудрец сказал: «Богач
льет богачу, овраг – оврагу, а рытвине ничего» Другой мудрец сказал: «Если
богатый становится сватом богача, их посредником будет ловкач, если бедный
становится сватом бедняка, их посредником становится сума, а если богатый
становится сватом бедняка они друг к другу идут с неохотой». «Что только не
позволит говорить богатство, чего только не заставит есть голод».

Құттықтау, тiлектер: Құдалық - со сватовством

*******************************

Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп төсекте басы қосылса — ие тұрыс бар, ендеше
төскейде малымыз қосылсын. Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз
қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Таудан құлаған егіз арна қосылды — аяғы теңіз
болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты — аяғы сегіз болғай!

Біздің ұлымыз — Сіздікі, Сіздің гүліңіз — біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын
ләззаты — бір, сұлулық. Ұл-қыз — перзент, ортақ немере сүйіп құанышымызды бір
етелік! Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс
түйістіріп құшақтасайық, құдалар!

Төреленіп терге шыққандарыңыз кұтты болсын!

Наши дети по обоюдному согласию воссоединились, так чего же мы стоим, давайте
дружить. Милости просим, пусть воссоединятся наши сердца! Пусть друзья наши
возрадуются, а враги страдают! Два горных русла воссоединились, так пусть они
станут морем. Сегодня их двое, пусть в будущем их станет восемь!

Наш сын – ваш сын, ваша дочь теперь наша дочь! У каждого цветка только одно
удовольствие, дарить свою красоту. Пусть рождение внуков принесет нам общую
радость! Ради счастья наших детей, давайте обнимемся сваты!

Поздравляем Вас, с вашим почетным местом!

*******************************

Қазақтың бір сөзінің қатесі жоқ:

Алдымен бауыздау құда, кейін қылауы түспеген құда, сосын белгілі бел құда,
кейін Абай жарықтық қаһарлы қысқа теңеген кәрі құда болады екен. Абай атамыз
кәрі құдадан қаймыққан, санасқан. Себебі кәрі кұда іші-бауыры араласа келе
бауырына айналып барлық сырын біліп қояды. Шынымен білек сыбанып кіріссе —
біліп айтады, батырып, жаныңды ауыртып, бетті тіліп айтады. Яғни, дос болып
жылатып айтады. Абай-дана міне осы құданы айтқан.

Как говорят казахи, а они всегда говорят правильно (в тему):

Сперва, вы уважаемые сваты, затем новые сваты, после родные сваты, ну а в конце
вы старые сваты. Даже великий Абай всегда почитал, считался и уважал старого
свата. Потому что старый сват, на протяжении долгого времени общаясь с вами,
становится вам почти родственником, узнает многие ваши секреты. А если он
захочет, сможет так сказать, что затронет вашу душу, а может и пристыдить. Он
поступает как настоящий друг. Вот таким описывал великий Абай старого свата.

Құттықтау, тiлектер: Құдалық - со сватовством

*******************************

«Жігіттің үш жұрты болады» деп жатады. Дегенмен жақсы болса кұдаларын
да бір жұртың екені Айдан да анық. Ақылды құдаң — құрдасың, ақылды кұдағиың —
сырласың емес пе! Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың «Асауды — ноқта,
құданы — құдай қосады», «Күйеу — жүз жылдық, құда – мың жылдық»
деген нақылында бір мысқал қоспа сөз жоқ. Біз де құдай қосып құда болдық,
Сапеке! Күйеу бала мен келіннің — екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын!
Құдалығымыз мың жылдық болсын!

Говорят, что «У джигита три родни». Понятно, что хороший сват это один из его
родни. Умный сват – твой друг-сверстник, умная сватья – твоя задушевная
подруга. Уважаемые и дорогие сваты! В изречениях казахов «Сватов соединяет сам
Бог» и «Муж – на сто лет, сваты на тысячу лет» нет ничего лишнего. Сапеке, нас
с вами соединил сам бог! Вашему зятю и моей невестке дай бог сто лет прожить. А
нашему сватовству тысячу!

Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.

Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып, кеңесіп (ет тартылып, шәй ішіліп) тойдың қалай болатынын, шақырылатын қонақтың тізімі жасалып, басты жауапкерлер (етке, складқа, тойбастарға) тағайындалып, құдалыққа кім барады, қандай кит қойылады, т.т осындай мәлелелер шешіледі.

Тойхана, тойды үйге жасау бір азап, келім-кетім адамың бар, стол тола ыдыс-аяқ, баяғыдай бір пәтнүске бәрін сала салатын емес, пішінәй үшін бір, кәмпит үшін бір, ет үшін бір, балық үшін бір, т.б. үшін бас-басына бір тарелкадан қойсаңыз, ыдыс-аяқты жуатын келіндерді аяп кетесіз. Аш құлақтан тыныш құлақ демекші тойхананың арендасын төлеп қойып, той басталғанда өз тойыңа қонақтар сияқты сәнденіп барғанға не жетсін. (Алдын-ала екі-үш апта әбіржіп, дайындықпен жүгіріп жүріп тырнаққа, қасыңа мән бермейсің, тіпті «әртіс» көйлегіңді кигенде бірәқ негр болып қарайып кеткеніңді байқайсың. Алба-жұлбаң шығып тойға барған тағы ыңғайсыз, той жасап жатқан жалғыз өзің сияқты, осы елдер әбіржімей де жасай береді ғой ұлан асыр тойын дейсің).

Құдалық, тойдың өзінен гөрі құдалық қатты ұнайды маған. (Өйткені тойда көршілес столда отырып, бір-біріңе мән бермейсің, ал құдалықта табақтас, стақандас болуың да ғажап емес. Барлық жекжаттық қатынастар осы құдалықтан басталады.)

Құда күтудің де өзіндік қыр-сыры, ерекшелігі бар. Атап айтсам, құдалыққа барлық туған туыстар келіп, абыр-сабыр дайындық болады. Аулаға барынша дауыспен бақыртып Заттыбектің «ақ маржаны» не болмаса «құдалар» деген әнді қоясың (басқаны қайдам, біз жақта бұл үрдіс әбизәтельні). Құда келе жатыр дегенде, жеңгем шығып беттеріне ұн жағып, шашу шашылады (шашудың ішінде кәмпит ғана болады, кейбір жерлерде тас болып қатқан құртты шашып адамды талдырып жатады). Бір-екі өлеңге билетіп, терлетіп, ентіктіріп үйге кіргізесің. Күйеу баланы табалдырықтан аттарда отқа май тамызу салтымен ғана өткізесің (отқа май-кәдуілгі шоқ, оның үстінде адыраспан шөбі бықсып тұрады, осының үстіне бір қасық май тамызады). От пен майды ұсынған жеңгемнің қалтасы бүгін аз болса да ақшаға толады. Күйеу бала үйге кіргеннен сырт киімі шешіліп, «қалта қарау» үрдісі басталады. Әдетте қалтасына ақша, әшекей бұйымдар салынады. Құдалар столға жайғасып, бір екі самауыр шәй ішіліп, жеңіл-желпі ас қуырдақ келеді. Гуде-гу, ығы-жығы адам, қанға жынды градустар әсер ете ме, жоқ құдалардың буы ма, бір кезде ауылдың алты ауызынан да жіберіп отырады. Осы кезде «құйрық-бауыр» салынған табақты көтеріп жеңгем келеді. Бұл да тегін табақ емес, жеңгелердің шала байып қалатын күні тура бүгін дерсің. Бірінші астан соң, қонақтарды сыртқа шығарып демалдырып аласың. Содан алып-берім салттар басталады, қыздың құлағына сырға тағылып, қыздың артынан апаратын киімді (үйге киетін сүйретпе тәпішкеден бастап, шубаға дейінгі киімдер)жиналған әйелдер көреді. Осыдан кейін құдалардың ығырын шығаратын тағы би, шаршады-ау дегенде, екінші асқа кіреді. Екінші асқа астың үлкені ет тартылады. Құдаларға бас, жамбастан, күйеуге төс тартылады. Төс салынған табақты тағы бір жеңгем күйеудің алдына қояды, оған да табақты аларда қомақты болмаса да ақша салынады. Тойдырып, ішкізіп, құдалардың қол-құлағына алтын, иықтарына шапан-камзол-дубленкі-шубі-орамал жауып үйіңнен шығарып саласың. Екінші аялдама ағайын туысыңның үйі не болмаса, кафеде күтеді құдаларды.

Ал ер жігіттің үйіндегі құдалықта кит-кәдеден басқа, қыздың әке-шешесіне «ата күші», «ана сүті» деген ақшалай жұбату сыйы беріледі.

Көрпе-төсек, қыздың жасауына міндетті түрде кем дегенде қолдан тігілген 6 көрпе, 5 құрақ көрпеше, махаббат көрпесі, құрақталған кішкене көпшіктер, екі жастық қосылады. Қалғанын сатып алып қосады, екі адамдық кереует, зал мен спальниге арналған кілем, екі сандық (бірі үлкен) бірінде ыдыс-аяқ салынған, екіншісінде (бірі кіші) көрпе жабындары салынады, жасауға тұрмыста керек үтіктен бастап, компьютерге дейін қосу әркімнің қалтасының қалыңдығы мен тереңдігіне байланысты.

Ұзату той, тойдың атын естігеннен-ақ көбіміз, бетімізді тыржитып жылататын той ғой дейміз. Бірәқ өзіңіз толқып сөз сөйлеп, жылап қиналмау үшін актерлерді жалдап театрландырылған қойылымдар жасасаңыз болады. Тойға келген халық орындарына жайғасқан соң, қыздың үш жеңгесі күймемен қызды залдың ортасына алып кіреді де күйеу баламен қосып орындарына отыруға рұқсат береді. Тойхананың ішінде қағаздан фейрверк атылып, дүркіреп той басталады. Тосттар өз кезегімен беріліп жатады, арасында «қыз бен жігіттің қалай танысқаны», «бірін бір еркелетуі», «бір-біріне сезімдерін әнмен жеткізу деген қойылымдар» болады. Тойдың соңына қарай жалданған актерлер әке мен қыздың қоштасу көрінісін қояды. (Айтпақшы қызды түнгі 12 дейін алып кеткені дұрыс деп жатады, қыр-сырын біле алмадым). Осыдан соң жолға ақ мата төселіп, раушан гүлімен безендіріліп, қыздың екі жеңгесі қызды қолтықтан демеп, ақ жаймамен есікке қарай жетелейді. Есіктің алдында қыздың әкесі қызға бата беріп, күйеу қыздың аяғын жерге тигізбестен көтеріп алып кетеді.

Қазақ халқында «құда – мыңжылдық» дейтін дәстүрлі сөз бар. Бұл сөздің астары сонау халықтың қалыптасу кезінен келеді. Қай елді, қай ұлтты алмайық, ержеткен баласы мен есейген қызын, бірін ұяға, бірін қияға қондырады. Бұл – үйлену дәстүрі. Соның ішінде, үй болып отырған жас отбасының ата-аналары бір-біріне төс қағысып құда-құдағи атанады. Құда-құдағи туралы қазақта айтылған аталы сөздер де жетерлік. Ендеше солардың бір легіне кезек берейік.

***

Құданы Құдай қосады.

 ***

Құда болғанша, құлы мен биін сұрас,

Құда болған соң, құл да болса сыйлас.

 ***

Жабыны жауға мінбе жалы бар деп,

Жаманмен құда болма малы бар деп.

 ***

Бай мен бай құда болса,

Ортасында жорға жүреді.

Жарлы мен жарлы құда болса,

Ортасында дорба жүреді.

Бай мен кедей құда болса,

Өзара зорға-зорға жүреді.

 ***

Біреу болса – құда, екеу болса – ұя.

*** 

Құданың тайын алғың келсе,

Құлынды биесін сұра.

 ***

Құдағи құрдасыңдай болсын,

Құдаң шын досыңдай болсын.

 ***

Ағайынның қызығы – алыс-беріс,

Құдалықтың қызығы – барыс-келіс.

 ***

Алыс жермен құда болсаң,

Түйе-түйе ас келер;

Жақын жермен құда болсаң,

Түйе-түйе сөз келер.

 ***

Құдасымен Құдай ұрған ұрысады.

 ***

Құда болғанша хал-жайын сұрас,

Құда болған соң, қолда барымен сыйлас.

 ***

Құда – мың жылдық,

Күйеу – жүз жылдық.

 ***

Құда – Құдайдың аты.

 ***

Құда болдым дедің бе,

Құйрық-бауыр жедің бе?

 ***

Аты, тоны бар кісі

Жиын, тойға барысар;

Ұлы, қызы бар кісі,

Құдалыққа барысар.

*** 

Қараның таққа мінгені –

Біріне бірінің құда түскені.

 ***

Бай мен бай құда болса, достасады,

Бай мен кедей құда болса, қастасады.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий культурно досугового мероприятия анимационной программы
  • Сценарий линейки открытия предметной недели
  • Сценарий ктд вечер веселых задач
  • Сценарий куда пропал дед мороз
  • Сценарий летнего спортивного праздника здравствуй лето

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии