Сценарий махаббат туралы

Ма?саты: 1.Махаббат туралы т?сінік бере отырып, с?юге ?йрету, махаббатты тану?а ?йрету, ба?ытты болу?а ?йрету, ?зі?ді ?зі? ??рметтей білуге ?йрету, адам баласы

Семей құрылыс колледжі

Арнайы пән оқытушысы Скакова Айгерім Ниязхановна

Тақырыбы: «Махаббат – мәңгі ертегі»

Мақсаты: 1.Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету

2.Ой өріс, қиялдарын дамыту,дүниетанымдарын кеңейту.

3.Махаббат сезіміе,махаббат сыйластығына,сезімге тұрақтылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік:

Көрнекілігі: тақырыптық слайд-шоу, видео

Тәрбие жұмысының түрі:

Барысы: 1. Ұйымдастыру (акт залын безендіру)

2. Кіріспе сөз — топ жетекшісі

1-жүргізуші:

Махаббат — өмір көркі.

Абай Құнанбаев

Құрметті ұстаздар,студенттер!

Бүгін барлық жас жүректі желпіндіретін «Махаббат –мәңгі ертегі » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі.  Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет — адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір – Ғашықтар күні болып аталып кетті.

2-жүргізуші:

Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.

41 МВС топ студенті Тұрарбаева Ақмаралдың орындауында «Сен маған сүюді үйреттің»

(экранда бейне-клип көрсетіліп тұрады)

1-жүргізуші:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады
Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді
Құлай сүю- ерлікпен тең себебі!деп Мұхтар ағамыз айтқандай.

Махаббат — бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Махаббат:  сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік  — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады.

21 МВС топ студенті Маратов Мақсатты қарсы алайық

2-жүргізуші:

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

— деп Мұқағали Мақатаев ақынымыз айтқандай шын ғашық болып, ғашықтарыңыздың амандығын тілеп, оның жанарының ішінен өзіңізді ғана көріп, сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңдер деп, М.Мақатаев қаламынан «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан» т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі — өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен» т.б. жыр кітаптары, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы» (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін, махаббатқа жыр еткен, демекші Мұқағали Мақатаев ақынымыздың өз дауысымен айтылған «Есіңе мені алғайсын» атты видеосын назарларыңыға ұсынамыз.

1-жүргізуші:

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, ана мен бала, ақын мен ақындық, махаббат т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

21 МВС топ студенттері: Құнай Санатқан мен Айытов Мадиярдың орындауында Мұқағали Мақатаев ақынымыздың үзінді монолог.

2-жүргізуші:

Шынымен де, махаббат барша сезімдердің жиынтығы. Оны жоқ деп айтудың да қажеті шамалы. Өйткені, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады. Мәселен, Қозы көрпеш – Баян сұлу жырында, екі ғашықтың бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Екеуі бастапқыда бір –бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезімдері үдей түседі. Жырда Қозының Баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. Қай нұсқасында болсын, оның Баянды сүюшілік сезімін баса суреттеуге тырысады. Мысалға, Баянға айтқан бір сөзінде Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме,

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен соған,

Ішіме қайғы толғызды, — деп айтқандай Әбиірбек пен Майраның орындауындағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» атты бейне көріністі назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші:

Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген

Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген

Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген

Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген

Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген

Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген –деп ортаға 31 МВС топ студенті Толқынқызы Ризаны шақырамыз

Көрермендер арасында «Махаббат» аты мақал-мәтел, өлең шумақтар сұралады.

2-жүргізуші:

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махабаттан не басталады? Махабаттан барлық басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Өшпенділік, қызғаншақтық, күншілдік сияқты сезімдері махаббаттан басталады. Сөйтіп, махаббат – ең жақсы өмір жағы. Ал алайда ғалымдармен психологтардың зерттеуі бойынша қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты былай анықтайды екен, ендеше назарларыңызға «Қыз бен жігіт арасындағы» бейне көріністі ұсынамыз

1-жүргізуші:

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні

-деп ортаға құрылыс колледжінің психологы Аусарова Майра Қайыпжановнаны ортаға шақырыайық.

1-жүргізуші: «Махаббат – мәңгі ертегі» атты ашық тәрбие сағатымызды қорыта келе,

махаббат – біздің өмірімізде сирек пен асыл сезім. Көптеген тек махаббат туралы айтады, ал істе осы қандай болса да қанағатсыздық болады. Менің ойымша, тек қыз бен жігіт арасында ғана махаббат емес, махаббат «Тәрбие отбасынан басталады» және махаббат ана мен бала арасында, мүмкін әлемде ең күшті сезім шығар. Бірақ махаббат түйсігі өз табиғат –ана салады. Себебі ол бізге достарды, ата-аналарды, өмірді сыйлайды. Сондықтанда адамдар махаббат сөзін дұрысырақ түсінсе деймін.

2-жүргізуші: Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет

Сабақтың тақырыбы: Махаббат – өмір нәрі

Мақсаты:оқушылардың сүйіспеншілік,махаббат туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өмірдің   бар жақсылығының негізі махаббат,сүйіспеншілік екенін түсіндіру;

-адамды,Отанды ,өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;

-сүйіспеншілікті ,махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:сыныптан тыс

Сабақ әдісі:түсіндіру,әңгіме –сұхбат

Көрнекілік:интербелсенді тақта,слайд

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезең

II.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын ашатындай «Махаббаттың сарқылмас бұлағы», «Махаббат – өмір нәрі» дегендей ұғымдарға сипаттама береміз. Махаббат сезімі  туралы, оның неге әкелетіні, бұл өмірде неге қажетті екені сияқты сұрақтарды талқылаймыз. Сіздерге махаббат сөзінің түсінігін кеңейтетін, ол туралы ой  дамытатын, өзінің өмірлік мәнін сезіндіретін түрлі жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылады.

                                          Махаббат түрлерімен танысу

Анаға            балаға               екі жастың             отбасыңа             отанға

«Махаббат» өлеңін оқу

О,махаббат аяулы асыл сезім,

Арнамаған бар ма екен саған сөзін .

Мекендеген жер үстін жан иесін .

Баурамаған бар ма екен сірә кезің.

Асыл сезім жаралған ізгіліктен

Талпынады жан біткен ізгі үмітпен

Сенен шығып ,тарайды сенен ғана

Бар жақсылық атаулы бізді күткен.

Дүние бос,өмір жоқ сенсіз жерде

Тең саналар хайуанмен сенсіз пенде.

Адамдықтың ,ізгілік,ұлылықтың

Биігіне жетудің кілті сенде.

Ұлы сезім,шегің жоқ ,шеңберін жоқ,

Бір қарасақ өзіңсіз елдегі көп.

Түрлерің көп,қырларың,сырларын көп.,

Ең қол жетпес және жердегі жоқ.

Адамдағы қымбаттың ,қасиеттің

Қадіріне жетуді ғасыл еттің

Сен бар жерде бақытты жан атаулы,

Сен жоқ жерде  басында қасиет-мұң.

О,махаббат берілген тек адамға

Нұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда

Тек қадірің түсіну ,құрбан болу

Бұйырмаған жердегі әр адамға.

III.Әңгімелесу.

Танысқан өлең бойынша сұрақ – жауап өткізіп, талқылау жасау.

  1. Неліктен махаббат құдыретті де қасиетті ұғым?
  2. «Ғашықтық» және «құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
  3. Туған жерге, туған елге деген махаббат сезімін қалай түсінесіз?
  4. Махаббаттың сыйластық пен достыққа деген қандай байланысы бар?
  5. Махаббат сезімінсіз адам бола ма?
  6. Қандай құс махаббаттың белгісі деп аталады?
  7. IV. Жаңа ақпарат

Жүрек— махаббат символы

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл  өзінің космол. ілімінде махаббат  бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат  деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік махаббат  — сұлулыққа  сұқтанатын  махаббаттың төменгі сатысы,

ал рухани  махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары

Ағартушылар  махаббат адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді. Мәселен, Шефтсбери махаббатты ынтымақ  сезімі және қоғамдық тәртіптермен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, махаббат — адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы  махаббатты мәселесін әлеуметтік өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі махаббатты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірінің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендікпен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеуметтік таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті.

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстетикалық  көркемдік, этикикалық ғибраттық зор маңызға ие болды.

Орта ғасырдағы өзекті мәселе

Орта ғасырларда махаббат  ұғымы көркем шығарманың ғана нысаны емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика  салаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында,діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында  да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтол., аксиол., гносеол. мәселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.

Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс  сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше.
Мысысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат .

Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы М. —имандылықтың,ер мен әйел махаббатты — отбасының, Отанның беріктігінің,ұстаз бен шәкірт махаббаты — білімнің,ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббаттар — елдіктің т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі.

Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы

иман,

Отан,

отбасы махаббатқа негіз болар құндылықтар.

Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат  иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. М-тың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт  өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.

Ер мен әйел арасындағы махаббат

Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат  жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға өтеді. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйел арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы — олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі.

Хақты сүю махаббаты

Хақиқатты сүю — адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін махаббат. Мұндай хақты сүю махаббаты жайлы өз  махаббаттарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған.Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде: “Хазірет Хақ субхана уа тағала: мен кеңістіктің бір бұрышында жасырынулы тұрған кен-қазына едім. Менің Тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып барша, ғаламды жараттым”, — деді.

Абсолютті ақиқат өзінің құдіретін паш ету үшін бұл дүниені пернелеп жаратуының үш негізгі себебін атайды:

Құдай — абсолютті, кемел, ол өзінің махаббатының нысаны-адамды жаратты. Алланың самадтығы (мұқтажсыздығы) шексіз, ол әуел бастан махаббат бастауы болғандықтан да сүйіспеншіліктің, мейірім-шапағаттың таусылмас кені. Алланың адам сүйіспеншілігін қалауы шындығында мұқтаждық емес — жомарттық, себебі хақтың достығына жеткен адамды шексіз рахым-шапағатқа бөлейді.

Адамзат бүкіл жаратылыстың ішіндегі жауһары, ең сүйіктісі. Ең сүйіктісі болғандықтан да ол — аса көркем жаратылыс, оны “Алла тағала өз бейнесінде жаратқан” және ол өзінің ең сүйікті досын адамзат қауымы ішінде жаратты. Бүкіл ғаламды, жанды-жансыз дүниені осы екі дүниенің шамшырағы, екі ғаламның тәжі, Алланың сүйікті досы — Мұхаммедтің (ғ.с.) құрметіне, соған деген махаббатының себебінен жаратты. Бүкіл жанды-жансыз, ірілі-кішілі, рухани және материалды заттар мен дүниені “Нұри Мухаммедтің” яғни, хазірет пайғамбардың нұрынан жаратты.

Абай өзінің 38-қара сөзінде “…ықыласпен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл ғылым деген нәрселерменен… Талап, ұғым махаббаттан шығады. ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады… Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” дейді. Яғни адамның ең асыл қасиеті — ақыл, ең асқақ мұраты — танымға құмарлық. “Махаббатсыз, дүние дос, хайуанға оны қосыңдар” деген ақын адам “ғы-лым-білімді махабатпен көксерлік болғанда”, жүрегін дүние достығынан босатып, хаққа арнағанда ғана адам атына лайық боларын айтады.
Адам жаратылысының осы негізгі үш себептерін:сүйіспеншілік үшін,сұлулыққа ғажаптану үшін,ақиқатты тану үшін деп ажыратқанмен де, осы талпыныстың бәрі махаббаттан бастау алады.Пәктікті сүюге, сұлулықты түйсінуге, кемелдікті тануға талаптанудың барлығы махаббаттан шығады “Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй сол  Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады иманигүл, Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл”.Имандылық жаршысы болған осы ғұламалардың махаббат жайлы пікірлері бір арнада тоғысады. Олар махаббат бастауы — Алла деп біледі. “Кәпір болса да берме азар” дейтін Иасауи де бүкіл адам баласын сүюге, татулыққа, бауырмалдыққа үндейді. Ал Хақ жолы — әділдікті сүю — ізгілікті сүю, яғни ғаламның, табиғаттың үйлесімділігінен, заңдылығынан ғибрат алып, соған сай өмір сүру, сондай-ақ адамзат қауымындағы, адамның жаны мен тәніндегі бүкіл заңдылықтар мен құбылыстарды ретке келтіретін ақиқат ілімге сай өмір сүру.
Сұрақ-жауап жүргізу.

Махаббат тарихына қысқаша шолу жасау(суреттері интербелсенді тақтадан шығып тұрады).

Атақты махаббат жұптарымен таныстыру:

Қозы Көрпеш-                   Қыз Жібек пен                       Еңлік-Кебек

Баян сұлу                             Төлеген

Қалқаман-                         Ләйлі-Мәжнүн                     Ер Тарғын

Мамыр                                                                             Ақжүніс

V.Тапсырма.

«Қызықты жағдаяттарды талдау»

1.    Бір-бірін ұнатқан екі жас, яғни қыз бен жігіт көшеде келе жатады.Сол кезде қыз жігітті сынамақшы болып сұрақ  қояды.

Сұрақ: жолдың шетінде бір құмыра жатады,қыз жігітке сен мені шын сүйсең осы құмыраның ішіне кіріп кет дейді.Сол кезде жігіт қызға жауабын қалай қайтарады?

2.    Бейтаныс қыз бен жігіт өтіп бара жатқан екі автобустың екеуінде отырады.Сол кезде бір-бірін бақылап ғашық  болып,танысып үлгіреді.Екі автобус екі жаққа жүріп кете береді.

Сұрақ: Сол екі ортада қалай танысып үлгіреді?

Шығармашылық жұмыс:

«Махаббат бейнесі» тақырыбында оқушылар өз пікірлері негізінде махаббат бейнесін салады.

Ойын: «Ашық хат» оқушылар бір-бірлеріне хат жазады.

 VI. Қорытындылау:

Сұрақ-жауап:   «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
1-топ. Ұқсас ұғымдарды іріктеу.
2-топ. Қарсы ұғымдарды іріктеу.

•Махаббаттың қандай түрлері болады?Оларды қысқаша

•Қай ғалым «Махаббат  бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш» деп білді?
• Қай ғалым және махаббатты нешеге бөлді?Оларды ата.

• Сезімдік,рухани деген бұл қандай махаббат ?

• Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысын атаңдар.

•Адам жаратылысының  негізгі үш себептерін атаңдар.
•Махаббаттың құндылығы неде?
• Адамға махаббат қаншалықты қажет?

• Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
•Махаббат адамға қандай артықшылық береді?

Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
• Махаббатта кемшіліктер бола ма?
• Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
• Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?
• Махаббат қай уақытқа жағымсыз қасиетке айналады?  

«Махаббат»  сөзіне түйіндеме жасау.
Махаббат – бұл …
Сонымен, махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды.
Жүректен жүрекке.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады- дей келе сабағымызды қорытындылап, баршаңызға жүректер таратамын. Әрбіріміз оған жақсы тілектер жазып Жер тәрізді шарға орналастырамыз.


  • Сценарилер
  • samal_eskende
  • 29.11.2019
  • 0
  • 1
  • 10932

15-сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған

«Көктем келді, мен сені тағы ойладым…» жыр кешінің бағдарламасы

Өтетін орны:

Өтетін күні: 15.04.2020

Өтетін уақыты: 16:00

Жүргізушілер: Самал Сәрсенбекова

Қатысушы ақындар:

Қатысушы әншілер:

ҚОЙЫЛЫМ

Мен:

Көктем келді, мен сені тағы ойладым.
Өткенге енді, ойлармен қарайладым.
Қалай жаным табады тыныштықты,
Өлең деген отпенен тағы ойнадым.

Ойдың төгіп қағазға ақ айранын,
Өзің дедім атқан таң арайларын.
Ғашықтардың тілі тек ойлар ғана,
О, тоба қалай білген Абай бәрін?!

Абайды оқып, мен сені тағы ойладым.
Сен жайлы жыр жазғандай талай дарын.
Сені ойласам жүректе шабыт шалқып,
Шуағымен жібітер жан аймағын.

Мен сені тағы ойладым, тағы ойладым.
Сен келесің түсінбей қалай бәрін…
Сол кеткеннен жүректе жара қалды.
Сол кеткеннен от алып шөлмектерден,
Өртеніп кетті менің сан ойларым.

Мен сені тағы ойладым, тағы ойладым.
Ойлай берем біткенше жан айғайым.
Бітіргенше жүректің жанармайын,
Жолдай берем жырымды ауылыңа
Ағарғанша осынау самайларым.

Мен сені тағы ойладым, тағы ойладым.
Ұмытты деп ойлама оңай бәрін.
Кездестірер келеді қалайда күн,
Сонда айтамын қалғанын осы жырдың,
Мен сені әлі ойлаймын, солай жаным!

Сен:

Мына әлемге керек ауа, керек күз.

Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.

Сүйсе деп ем қыңыр-қисық қалпыммен.

Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.

Сұп-суық деп ойлайды екен оны да

Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен?

Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,

Және көңіл көтерген соң кешқұрым.

Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,

Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.

Күн егер де не болады күлмесе?

Бәрімізде жан қалмайды Күн десе.

Түнге ғашық адамдарға таң қалма,

Түнді неге сүйетінін білмесе.

Кетер едім құс боп ұшып дерексіз,

Кете алмадым жан секілді керексіз.

Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,

Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.

Ән:

Жүргізуші:

15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні таяп келеді. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, осы бір аяулы мерекені асыға күтіп жүрген шығар. Әлбетте. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау.

Жүргізуші:

Өзгенің қызығына көзімізді қызартпай, төл мәдениетіміз бен төл әдебиетіміздің кейіпкерлерін ұлықтау мақсатында өткізілгелі отырған «Көктем келді, мен сені тағы ойладым» атты Баянауыл ақындарының жыр кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Әлкей Марғұлан «Мәңгілік жыр» деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеген мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді.

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Жүргізуші:

Өмірдің тұтқасы осы ұлы махаббат сезімінде. Ғашық болсаң саған күнде, гүлде, жан – жағындағы адамдар да күліп, қызыға қарап тұрған секілді. Бұл өлең шумақтарын оқи отырып, махаббатты жоқ деп айтуға да қорқасын. Махаббат бар, ол адаммен бірге жүреді. Тек оны аялай білу керек. Әрбір адам өз махаббатының бағбаны. Солып қалмау үшін қай гүлге қанша су құю керек екендігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыру тиіс. «Махаббат – дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» – деп айтқан Әзілхан ағамыздың пікіріне қосыламыз.  

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Сен де он бесте, ей, қалқа, мен де он бесте,

Екі он бесте қосылса, тең келмес пе?!

Ойнап – күлсе, әркім өз теңіменен,

Талай жүрек дертінен емделмес пе?!

Жүргізуші:

Сен де сері, ей, қалқа, мен де сері,

Шын сүймесем, көңілімді бермес едім.

Құс аңдыған мергендей көл жағалап,

Сен болмасаң бұл жерге келмес едім.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

«Махаббатсыз дүние бос» дегенді айтқан абыз Абайдың, Мағжан мен Қасымның, Мұқағали мен Жұматайдың жырлары қаншама ғашықтың жан жарасын жазды. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш — Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық.

Жүргізуші:

«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырында, екі ғашықтың бір-біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Бұл екі ғашық шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Екеуі  бастапқыда  бір-бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезім үдей түседі.  

Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Жырда Қозының Баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. Қай нұсқасында  болсын,  оның Баянға деген сезімін баса суреттеуге тырысады.  Мысалға, Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды – дейді Баянға…

Бұл үзіндіден Қозы Көрпештің Баянды шын сүйетіндігі, тіпті, өзінің сүйгені үшін бәріне де дайын екенін дәлелдейді.

Жүргізуші:

Ал, Баян сұлу, ақылды да инабатты. Оның сұлулығын былайша жырланады:
Баян сұлу он төртке келген екен,

Тал шыбықтай бұралған ол бір керім.

Беті аппақ, ұшы қызыл, қара көзді,

Қиғаш қара қасы бар сондай көркем.

Аппақ, көрік маңдайлы, қолаң шашты,

Шашының ұзындығы тізе басты.

Аузы гүлдің шашағындай, тісі меруерт,

Мұндай сұлу жаһанда жаралмас-ты…

Жүргізуші:

Ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкер. Оның да Көрпешті сүйетіндігі мына өлең шумақтары арқылы байқалады:

Есімнен Көрпеш үшін жаңылып ем,

Әкеме мұнша қашып не қылып ем.

Дертіңіз болды ма екен бізден үлкен.

Өлместей болып алдық құса, дерттен.

Беліңнен қатты қысып құшақтасам,

Қабырғаң солқылдайды, сынар ма екен?

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Баянауыл басынан бұлт кетпес,

Қиядағы түлкіге құсым жетпес.

Ақбоз үйдің тұсынан аттандырып,

Қош, қалқатай!,- дегенің естен кетпес.

Жүргізуші:

Баянауыл басынан түсер сағым,

Сағынғанда қайда едің сен, қарағым.

Кәмшат бөрік басыңа құп жарасып,

Сенің сұлу болғаның – менің бағым.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер де болады. Оны, айтпасақ та барша адам біледі. Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз оброздың бірі – Қодар. Тіпте, ел аузында екі ғашықтың зиратының басында өсіп тұрған екі әдемі гүлдің ортасында тікенекті гүл өсіп тұр деген де бар. Адамдар оны келіп жұлып алып тастаса да, ол гүл қайта шығады екен-мыс. Әрине, ең соңында екі ғашықтың қосылмағаны көңілге кірбің түсіреді.

Жүргізуші:

Қазіргі таңда шынайы махаббат жоқ деп айтатын адамдар да кездеседі. Оларға Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең шумақтарын айтқым келеді:

Махаббатты жоқ деп жүрген ауыздың,

Айтары да айтпағы да жауыздық.

Сүймегендер – аянышты пенделер,

Ғашықтарды жырлайды ақын аңыз ғып.

Арбамайды жүрегімде өзге өлең,

Меңреу жан ғой махаббатты сезбеген,

Ғашықтықтан туды менің бар жырым,

Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен.

Жүргізуіш:

Бұл өмірде досым бар, дұшпаным бар,

Мені ылғи да бақыттыға қосыңдар.

Ғашық күнім ашық күнім ол менің,

Ғашық емес кездерімнен шошыңдар.

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Әндетіп аспан деген теңізбенен,

Аққулар барады ұшып көл іздеген.

Самғаған аққу емес илан, жаным,

Жүрегім ол да менің сені іздеген.

Жүргізуші:

Мен күтсем де сезіммен аласұрған,

Сен өтпедің қара орман, қара судан.

Сен өтпесең қара орман, қара судан,

Мен өтейін кірпігің арасынан.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

Білесің бе, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау жастардың бір-біріне «Селтеткізер» сыйлап, «Ұйқыашардан» дәм татуынан бастау алған. Дана халқымыздан жеткен өлең жолдарына жүгінсек, жігіт:

«…Өйтетіндей, ес кіріп, ерте тұрып,

Өзің маған «Ұйқыашар» беріп пе едің?» — дегенде, бойжеткен:

«Сыйың бар ма селтеткізер бойымды,

сонда білерсің қамаудағы ойымды», — деп жауап қатады.

Жүргізуші:

Дұрыс айтасың… Наурыздың негізгі көркі – жастар. Ұл-қызының болашағының баянды болғанын қалаған ата-бабамыз бұл күнді ғашықтардың бас қосып, сезімдерін білдіретін уақыты деп санаған.  Себебі, олар алтыбақан теуіп, ауылдың алты ауызын айтып, қыз-жігіттер бір-бірімен ойнап-күліп, таңның атқанын бірге тосып, сөз байласатын болған.  Сезім мен сенімге толы таңнан соң шаңырақ көтерген жастардың ғұмыры «Ұлыс» тойындай ғұмырлы болмақ.

 Жігіт «Селтеткізер» беріп ғашық болып, отау құруға әзір екендігін тұспалдаса, бойжеткен «Ұйқыашар» әзірлеп келісетінін жеткізген. Бақтары жарасқан ғашықтардың ән мен би, ойын-сауықтары түннiң бiр уағына дейiн созылған. Бабаларымыз бұл дәстүрлерді инабаттылықтың және кіршіксіз сезім мен таза махаббаттың шуағы деп қабылдаған. Жастардың бірін-бірі ұнатып, мөлдір сезімдерін жеңгетайларсыз, дәстүр арқылы білдіруі де осының айғағы болса керек.

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Қараша күз қайтады қатқақ болып,

Қалады көл суалса, батпақ болып.

Ақ кербез отыр ма екен, жатыр ма екен?

Аққудай көлге қонған аппақ болып.

Жүргізуші:

Жеңеше, мені жанға балағаның,

Маржандап бұрымымды тарағаның.

Құрбыма сәулесінен сәлемдеме,

Сағыныш жасы тамған орамалым.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

1912 жылы 10 сәуірде Саутгемптоннан Нью-Йоркке бағыт алған алғашқы сапарында Британия мен АҚШ туын желбіретіп шыққан әйгілі «Титаник» кемесі, 1912 жылдың 14 сәуір күні кешкі сағат 11.40 кезінде үлкен айсбергке соқтығылады. Адамзат тарихындағы ең үлкен апат орын алады.

Аталмыш қанқұйлы оқиғаны бейнелейтін «Титаник» фильмі баршамыздың есімізде. Фильмнің басты кейіпкерлері, қарапайым суретші жігіт Джек пен ақсүйек әулетінің еркесі Розаның махаббат хикаясы талайды тамсандырды. Бәлкім, осынау персонаждар қазақ дастандарындағы ғашықтар образы шығар… Біздің лиро-эпостық жырлдардан сусындаған Еуропа жұрты аталмыш туындыны дүниеге әкелген болуы да бек, мүмкін.

Өлең оқиды:

Жүргізуші:

Ұшады көк ала үйрек көл дегенде,

Бал татыр сілекейің шөлдегенде.

Қалқажан, сен қандайсың мен дегенде,

Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.

Жүргізуші:

Әуеде қалқып ұшқан қара инелік,

Ұшады қара инелік зар иленіп.

Түскенде сен есіме, қимас қалқа,

Қатады қабырғама қан иленіп.

Ән шырқайды:

Жүргізуші:

Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік – Кебек, Сәлиха – Сәмен, Қыз Жібек – Төлеген, Қалқаман – Мамыр, Естай – Қорлан… Тізе берсек, бір-біріне деген сүйіспеншілігі күллі адамзат баласын ізгілікке жетелеген осынау ғашықтардың ғасыл сезімі әлемді ғадауаттан қорғап тұрғандай…

Жүргізуші:

Абай «Әй, керімім» деп Шүкмән сұлуды Тоғжанға ұқсатқанда… Петрарка Лаурасына мың сонет арнағанда… Есенин Айсидораның ажарын айға балағанда… Жұматай Ләйләні іздеп «эфирлерден жылағанда»… Светқали Ақханшасына ынтыққанда… Мирас Жадырасына «Соңғы раушанын» сыйлағанда… осынау кіршіксіз нәркес сезімнің құдіреті өмірге өң беріп тұрды, әлемге әл беріп тұрды…

Жүргізуші:

Көктем келгенде, бір-бірімізді ойға алайық… Жоқ… Ғұмыр бойы бір-бірімізді аңсайық, сүйейік, сағынайық…

Махаббаттарыңыз баянды болсын!

Хош сау болыңыздар!!!

Қорытындылау

Ән


 «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

 

  • Басты бет
  • Оқу қызметі
  • Онкүндіктің салтанатты ашылуы…

Онкүндіктің салтанатты ашылуы «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

Онкүндіктің салтанатты ашылуы

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

(жалпы мектептік салтантты саптық жиын).

Құрастырған: Джуматаева Акмарал Болегеновна

Өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және

Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты

Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат,

бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адам қасиеті мен өзара

көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету

дағдыларын дамыта отыра рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс

қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, «Өзіңді тану – өмірді тану» стенд,

слайд, шарлар, С. Назарбаева туралы бұрыш, бейнефильм.

Жүргізуші:

   Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Өзін-өзі тану

пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі нкүндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

 (С. А.Назарбаева туралы слайд көрсетіледі, қысқаша баяндама оқылады)

Сара Алпысқызы Назарбаева

    1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге

келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар

қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. «Бөбек» қорының негізін  қалаушы Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға.  2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының  үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.

       «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға,  ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап,  өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

Тақпақтар:

1- оқушы:

Алғыс айтам, Сара Алпысқызына

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

2-оқушы:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

3-оқушы

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.

4-оқушы:

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

5-оқушы:

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет  қыл бұл ісіңді,

Тазалап   жүр тісіңді.

6-оқушы:

Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,

Қамқор боп сіңлі-ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау –кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.

7 оқушы
Мейірімділік — ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң — сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

8 оқушы

Жақсылық бар адамда,
Жүреді әр кез қасында.
Көмектесіп жүрмесең,
Ашылмайды ешқашан.
Жақсылықты сүйемін, 
Жамандықты желкенем. 
Таңдарын қайсысын білемін,
Жақсылықты сүйемін.

9 оқушы
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Жүргізуші: Мейірімділік балаға анадан , әкеден дариды. Адам өз бойында ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау  құндылықтарын  дамыту керек. Бүгінгі онкүндіктің ашылу салтанатында осы құндылықтарды сипаттайтын  «Ана туралы жыр»  және «Бала тілегі» деген әндерді шырқап өтейік.

Бала тілегі.

Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсін деп атмекен-қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мүңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін, 2рет

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.

Ана туралы жыр.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Жүргізуші: Осымен салтанатты жиынымыз аяқталды. Жан жылуын шашып, жадырап жүріңіздер.

І жүргізуші:

 Ия, сүйіспеншілік болған жерде бәрі болады

екен. Тек сол сүйіспеншілік сезіміміз адал да ақ жүректен шыққай.

 І жүргізуші:

Терең   білімді, білікті іскер болу, қайраткер, ұлттық тұлғаға айналу, көп оқып, көп

ізденуді ғана емес, уақытты дұрыс пайдаланып, ерінбей еңбек етуді де қажет

етеді. Демек, адамның өзін – өзі үнемі қамшылап отырғанда ғана айтулы тұлғаға

айналмағы хақ. Осымен, Өзін – өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық» атты

онкүндіктің ашылу салтанаты аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 10.02.2020 15:45
Құрылған күні: 10.02.2020 15:45

    Махаббат қызық мол жылдар — Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.

Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. «Апамның айтқандары», «Өз ойларым», «Алтын діңгек» дейтін нақыл тараулар және т.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енді. Автор Ерболды тілші болып жүргеніндегі барлығын сынап, ал соғыста қас батыр, еңбекте ер қылып көрсетті.

    Шығарма кейіпкерлері:

Ербол — шығарманың негізгі кейіпкері, ақкөңіл, досына адал, аңғал,шығарма басында біраз ұяң болып сипатталатын кейіпкер.

• Меңтай — шығарманың негізгі кейіпкері, адал, ақылды, сұлу, Ерболдың жары.

• Майра Абаева — Ербол мен Меңтайдың курстас досы, прототипі – Майра Ыбыраева.

• Жомартбек — арықтау келген, қу, Ерболдың курстас досы.

• Зайкүл — өте қу, жеңіл мінезді, өз мақсаты жолында ештеңеден тайынбайтын қыз.

• Тәкен — Ерболдың майдандас досы.

• Қанипа — Ербол мен Меңтайдың курстас досы.

• Мұхит Әуенов — прототипі – Мұхтар Әуезов, қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.

• Сәлима — Ерболдың уәделескен қызы.

• Бүркітбай — Колхоз басшысы, Ербол уәделескен қыздың күйеуі.

• Заман — Ерболдың жан досы, Тананың сүйгені.

• Тана — Заманның жары, Ерболдың досы.

• Шалдуар Шалғынбаев — жағымсыз кейіпкер, менмең, мақтан сүйер, өзімшіл жан.

• Тұмажан Ошақбаев — жағымсыз кейіпкер, тек өзін ойлайтын, өтірік сөйлейтін, арсыз жан, Меңтайдың ағасының майдандасы.

    Роман Абайдың «Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық мол жылдар? Ақырын-ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар» деген өлең жолдарымен басталады. Журналист, әдебиет зерттеуші және жазушы арасында махаббат туралы әңгіме ұласады. Журналист өзінің махаббат хикаясын баяндай бастайды… 1945 жылдың 14 қарашасы. Ербол Есенов Алматыдағы Қазақ университетінің студенті боп қабылданады. Сол күннен бастап оның махаббат кемесіне жол табуы басталады. 33-аудиторияда Ербол мен Жомартбек жалғыз жігіттер болатын. Отыз шақты қыз ішінде қуы да, ақылдысы да, сұлуы да, өнерлісі де болады. Бірақ Ербол жанына ең жақын болғаны — Меңтай. Ол ақылы көркіне сай, сабырлы қыз. Ербол келгеннен оны «ағай» деп атап, ылғи жәрдемдесетін де осы болды. Ербол уақыт өте келе Меңтайдың ақкөңілділігіне, ақылдылығына тәнті болып, ғашық бола бастайды. Меңтай да «ағайына» ештеңе сездірмесе де, Ерболға көңілі ауып жүреді. Ербол Меңтайға өз сезімдерін айтудан сескектенеді. Оған арнап бір-екі рет өлең шығарады. Осылай біраз жыл өтеді. Курстастарының алдында Ербол біраз ашылып, мұғалімі Мұхит Әуеновтің де алдында өз өнерін көрсетеді. Соғыс жайлы, сондағы оқиғалар жайлы «Тоғжан» деген новелласын да баяндайды. Ербол өзіне сенімді де, адал достар табады. Көптеген оқиғаларды бірге бастарынан кешіреді. Аудитория ішіндегі қызықтар, сессия тапсыру — мұның барлығы студенттердің естерінде қаларлық оқиғалар. 1946 жылы өзінің жан досы, майдандас жолдасы, қаза болды деп жүрген Заманнан хат келіп, Тананы сүйіктісіне жібереді. Ал 1947 жылдың жазында Меңтай туралы адам сенгісіз жайт естиді. Тұмажан Ерболға барлығын айтып береді. Оның үстіне, Меңтайдың абырой-арын кірлеткенін мақтан тұтарлықтай сезімде айтып отырып, Ерболдың ашуына тиеді. Ол, біріншіден, аймалап, күтіп, сүйіп жүрген аруы Меңтайды кірлетті. Екіншіден, қыздарға қорғаныш болудың орнына оларды кемсітіп, қолданып, қадірін түсінбейтіндігінен. Содан ол сессиясын тапсырып, Меңтай кеткен ауылға, яғни досы Майраның ауылына барады. Сол үйде екеуі тойларын өткізеді. Аз уақыттан соң Меңтай жүкті болады. Ол жүрегінің астында Ерболдың баласын сақтап жүреді. Алайда ауруханада жатқанының 3-күні толғақ тартып, бала да, Меңтай да о дүниеге аттанады. Ербол қатты қапаланады. Оған дәрігерлер Меңтай қалдырып кеткен күнделікті береді. Ол күнделікте Меңтайдың уайымы, ойлары, Ерболды шексіз сүйетіні туралы, «Мен өліп кетсем, балама анасын есіне салып отыр» деген сөздерге толы хаттар жазады. Тана мен Заман өздерінің 4 баласының екеуін Меңтай мен Ербол деп атайды.

Бұл әңгіменің ең жағымды жағы — Ербол армандаған жұмысына тұруы және, ең бастысы, махаббатқа толы жылдарын Меңтаймен бірге өткізуі.

Тақырыбы: «Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі»

Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының түстен кейінгі бос уақыттарын тиімді өткізу. Концерттік бағдарламалар арқылы балаларды ұйымшылдыққа, шығармашылыққа баулу.

Көрнекіліктері: Плакат, шарлар, слайд.

Барысы:
І жүргізуші: Махаббат қырдың қызыл түлкісі дер,
Махаббат біреулердің күлкісі дер.
Махаббат жүректерді жаулап алған,
Махаббатты өмірде кім түсінер?

ІІ жүргізуші: Құрметті, жиылған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз, көрермен, сергісін бой.

«Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі» атты сауық кешімізге келген, көрермендер, армысыздар?!

І жүргізуші: Кешегі күн жалғасып бүгінменен,
Уақыт зырлап барады дүбірменен.
Дүбірдің дүмпуімен дүниедегі,
Бұл өмірдің өткені білінбеген.

ІІ жүргізуші: Болмасаң да маған серік, маған жар,
Сені ойлап көңіл әр кез алаңдар.
Ай бетіне салдым аппақ бейнеңді
Таптап кетіп жүрмесін деп табандар.

Би: Қадырова Динараның орындауындағы үнді биін қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
ІІ жүргізуші: Сені іздеумен мәңгілік өтер едім!
І жүргізуші: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
ІІ жүргізуші: Жел боп қуып, ақыры жетер едім!
І жүргізуші: Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
ІІ жүргізуші: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім!
І жүргізуші: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
ІІ жүргізуші: Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін!!!
І жүргізуші: О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің.
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің,
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің???
ІІ жүргізуші: Иә, махаббат – біреуге қуаныш, екіншісіне жұбаныш болған ұлы сезім ғой, шіркін…
І жүргізуші: Махаббат демекші, Айназ, мен саған осы тақырыпта бір жаңалық айтып берсем…
ІІ жүргізуші: Иә… Иә…

І жүргізуші: Вэн Чанлинь мен Чжан Фэн алғаш рет Вэн қыздың науқас әкесіне күтім жасап жүргенде таныс болатын. Ол Қытай деревнясындағы танымал емші еді. Ол кезде оның жасы 60 — та, ал Чжан 15 — те ғана болған.

ІІ жүргізуші: Емші қыздың әкесін емдеп жүрген кезде қызға қандай да бір қызығушылық танытқан емес, үнемі алыстан сөйлесетін. Ал әкесі қайтыс болысымен бойжеткен Вэнге өзінің ғашық екенін жеткізіп, үйленейік деп жалынып жалбарынады.

І жүргізуші: Ол кезде бойжеткен 27 — де, болашақ күйеу 72 — де еді. Көп ойланбастан Вэн келісім береді. Бұл жұптың Тиан есімді ұлдары дүниеге келіпті жуырда…

ІІ жүргізуші: Чжан мен Вэн бір — бірін шын жақсы көріп, бақытты өмір сүруде деседі.

І жүргізуші: Иәәә… Тылсым дүниенің ғажайыптары таусылған ба?! Жаратқанда ұлт жоқ, махаббатта шек жоқ деген бар емес пе?!

Музыкалық үзіліс: _______________________________________________

І жүргізуші: Махаббат – биік шыңы сезімдердің,
Мен бүгін түні бойы көз ілмедім.
Махаббат па, балалық па, білмедім,
Бір уыс жүрегіммен сезінгенім.

ІІ жүргізуші: Балайды біреулері өтпеліге,
Расымен де сезімім өтпелі ме?
Бәлкім бұл балалықтың легі болар,
Немесе менің де бой жеткенім бе?

І жүргізуші: «Ғашығыңмен бір билеші» — дейді досым,
Көріп алып үнділердің киносын.
Әзілдеуін доғармас осы адамдар,
Жағдай орнап жатса — дағы бір тосын.

ІІ жүргізуші: Тағы да бір танысыма жүгіндім:
«Бір кездері абайсызда сүріндім.
Аңдап басқай әр қадамды, болмаса
Кейіндері өкіндірер бұрынғың…»

І жүргізуші: Танысымның тамаша бұл жауабы,
Жақсы істердің мол болады сауабы.
Шынымен де ғашық болып қалсам мен,
Жас жүрегім анық іштен тынары.

ІІ жүргізуші: Қыздың жолы жіңішке ғой қашан да,
Жеткізе алмай жан сырымды сол жанға.
Тынарым хақ ішімнен, иа болмаса,
Тағдыр басқа салғанынан қашам ба?!

Ән: _______________________________________________________

КВН:

І – ойыншы: Бір қыз әруақтардан қатты қорқады екен. Бір күні дискотекадан қайтып келе жатып, түнде зираттардың ортасымен өтіп келе жатса, бір жігіт шығып:

Қарындас, ренжімесеңіз мен сізді өткізіп жіберейін, — депті. Қыз келіседі. Жігіт зираттардан өткенше қызға неше түрлі анекдоттар айтып күлдіріп, қорыққанын ұмыттырып жіберіпті. Өтіп болған соң қыз:

Рахмет сізге! Қорыққанымды ұмыттырдыңыз, өзіңіз бір комик кісі екенсіз, — десе жігіт:

Ой бұл ештеңе емес қой… Мен тірі кезімде вообще комик болғам,- депті…

ІІ – ойыншы: Бір күні аңдар жиналысы болып жатса, бір тышқан қ — а — ш — ы — ң — д — а — р, қ — а — ш — ы — ң — д — а — р деп айғайлап жүгіріп келе жатса, аңдар қашып кетіпті. Намысқа тырысып, арыстан қорыққаннан дір — дір етіп:

Не болды? – деп сұраса,

Папам мас, ұстап алса өлтіреді, — депті…

ІІІ – ойыншы: Асабаларымыз апталап үйге қонбай кетеді екен. Сондай бір асабаның кішкене баласы бір күні анасына:

Мама, біздің үйдегі домбыра шертетін ағай қайда кеткен? – деген екен…

Музыкалық үзіліс: ____________________________________________

І жүргізуші: Қымбатты, достар! Келесі кезекті логикалық сұрақтарға берсек…
ІІ жүргізуші: Қойылған сұрақтарға кімде — кім дұрыс жауап берсе, сый — сыяпатымыз бар…
І жүргізуші: Сонымен, алғашқы сұрағымыз: Қазақстан мен Қытайдың арасында не бар? (мен)
ІІ жүргізуші: Ти десем тимейді, тиме десем тиеді… (қырсық қыздар)
І жүргізуші: Қашсаң қуады, қусаң қашады… (кәндек иттер)
ІІ жүргізуші: Ненің көлеңкесі болмайды? (көлеңкенің)
І жүргізуші: Қап — қара, төртбұрышты. Ол не? (жұмыртқа)
Неге қап — қара, төртбұрышты деп ойлайтын шығарсыздар… Өйткені, мен әппақ, сопақ десем бірден тауып алар едіңіздер ғой…
ІІ жүргізуші: Русалка балық па, қыз ба? (бас жағы қыз, аяқ жағы балық)
І жүргізуші: Тауық бірінші пайда болды ма, жұмыртқа ма? (оның жауабын ешкім таппаған екен)

Музыкалық үзіліс: ____________________________________________

ІІ жүргізуші: Демеңіздер өнерін аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Жиылған жұрт, рұқсат болса егер,
Концертіміз осымен аяқталды.

І жүргізуші: Уақыт бөліп, кешімізге қонақ болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Соңынан би кеші…

Ведущий: Добрый день, дорогие друзья! Мы рады видеть вас сегодня здесь
всех веселыми и здоровыми. Много чудес есть на свете, но самое главное
чудо, самое драгоценное это вы – дети.

Не стало б солнышко вставать,
Не стали б радуги сиять,
Когда бы на Земле
Вдруг исчезли разом дети ,
И птиц затихли голоса,
И опустились небеса,
И люди б радости лишились на планете!
Поэтому, здравствуйте, все от всего сердце с любовью – здравствуйте!
Наш сегодняшний концерт называется «Все начинается с любви» и посвящен
он дню рождения основателя и президента детского благотворительного фонда
«Бобек», основателю программы Самопознание Саре Алпысовне Назарбаевой и
конечно вам – детям!!!
Есть замечательный человек —
Она открыла детям центр «Бобек»!
Школу любви и добра
Школу «Самопознания».
Сара Алпысовна Назарбаева родилась 12 февраля 1941 года в селе Кызыл-жар
Карагандинской области. В 1962 году вышла замуж за Н.А. Назарбаева, имеет
трех дочерей, внуков, правнуков.
Окончила завод — ВТУЗ при Карагандинском металлургическом комбинате,
экономист, почетный профессор КазГу (2000 г.) После окончания ВТУЗа
работала на Карагандинском металлургическом комбинате, ПО «Карагандауголь».

С февраля 1992 года — создатель и президент республиканского детского
благотворительного фонда «Бобек». На сегодня фонд «Бобек» один из самых
активно действующих фондов, получивший признание не только в Казахстане, но
и за рубежом. На счету «Бобека» тысячи благотворительных акций, оказание
помощи сиротам и инвалидам, поддержка матерей. Но главное в том, что эта
неправительственная организация перешла от разовых благотворительных
мероприятий к широкомасштабной деятельности по защите детей, нравственному
воспитанию и заботе о психологическом здоровье юных казахстанцев.
Благодаря заботе фонда «Бобек» и его Президента – Сары Алпысовны
Назарбаевой, многие из обездоленных детей обрели семью и проживают в
детских деревнях, которые открыты по всему Казахстану.
Сара Алпысовна автор идеи и вдохновитель программы нравственно-духовного
развития детей и студенческой молодежи «Самопознание» — многие годы на
практике занималась благотворительной деятельностью по оказанию помощи
социально уязвимым категориям населения. Образовательная программа
«Самопознание» стала смыслом и главным делом всей жизни Первой леди
Республики Казахстан.

НОМЕР. «Ана туралы жыр» 7Р Жангазиева Амангуль

Жүргізуші: Өзіңді тани білу, жақсыларға еру.
Өзіңді тани білу, тәрбиеге көну.
Әлемде болса жақсылық, басқа бақыт не керек.
Өзін өзі тану сабағы — мейірім ғой керемет.
«Бәрі де махаббаттан басталады…» деген Сара Алпысқызының сөзінде
тіршіліктің түйіні жатқандай болып көрінеді. Өйткені, махаббат адам жүрегін
нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ
сүйіспеншілік сезімі.
«Өзін өзі тану» пәні арқылы мейірім мен махаббат, адамгершіліктің,
әділдіктің дәнін себуге болады. Ең бастысы, бұл пән қазіргі кезде өз мәнін
жоғалта бастаған дербестікке, адамгершілік рухани этикаға үйретеді.
Махаббат туралы заманымыздың үлкен ақыны Роберт Рождественский былай деп
жырлады:
Бәрі де махаббаттан басталады!
Ел айтты: «жай сөз еді баста бәрі»
Мен болсам өз сөзімді қайталаймын:
Бәрі де махаббаттан басталады.
Жұмыс пен жарық сәуле санадағы,
Гүл көзі, сәбилік көз баладағы —
Бәрі де махаббаттан басталады!
Бәрі де махаббаттан!
Білем соны, Бәрі де, — былай қойсаң басқаларын —
Жек көру — махаббат қой ұлы, еңселі!
Бәрі де махаббаттан басталады:
Шарабың, арманың мен қорқынышың
Қасірет, сағыныш пен ерлік ісің —
Көктем боп сыбырлайды: «Жаса, мәңгі!»
НОМЕР (танец «Край — край» девочки 6 Р класса)

Ведущий. Живем в стране «Самопознание»,
И места лучше нет.
От сердца к сердцу посылаем
Любви и счастья свет.
(Исполнение песни «Друзья» 6 «Р» Бесимбаева Жайна)
[pic]

Жүрг. Қазақстанға «Бөбек» қорын әкелген,
Көп балаға бақыт, шаттық әперген.
Көп баланың құрғатып ол көзжасын,
Сізді Тәңір жарылқасын, қолдасын!
Ана жоққа ана болған ардақтым,
Әке жоққа пана болған салмақтым,
Толғандырған балалардың тағдыры
Тәрбиеге көңіл бөлген жан жақты.
«Өзін өзі тану» пәнін енгізді,
Қызықтырды, еліктірді біздерді,
Жете берсін көп жылдарға жасыңыз,
Аман болсын жанұяңыз, басыңыз!

Вед: Страна Самопознания
Волшебная страна!
Здесь мир царит среди людей,
Любовь и доброта!
Тебе спасибо говорю,
Страна Самопознания!
За то, что в жизни пригодится,
Благодарю заранее!
Жүргізуші: Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегінен мейірім төгіледі.
Сара апаны ойласақ өміріміздің,
Төріндегі қиялы сөгіледі.
Оны көрсек бақыт та көрінеді.
Ол арқылы бақытымыз өріледі,
«Өзін өзі тану» пәні арқылы
Ажыраттық ақ қараны өмірдегі» (Хорезм биі)

Ведущий. Входя в волшебную страну,
Ты начинаешь жить
В гармонии с самим собой
И дружбой дорожить!
И самому решать, когда
И как себя вести.
Но за поступки и слова

Ответственность нести.
Самопознание это радость удивленья,
Ему цены нет, исток оно, начало становления.
Ведь жизнь не вспять стремится, а вперед.
Познай себя и ты духовное богатство обретешь. (Танец «Торжорға»)

Жүргізуші. Махаббат – ұлы сезім, құдіретті күш. Онсыз өмір жоқ, тіршілік
жоқ. Бәрі де махаббаттан, сүюден басталады,Не нәрсенің бәрі дердік осы
сезімнен бастау алып,жаралып, жаңарады,
Махаббатсыз дүние бос, Айуанға оны қосыңдар !
деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев айтқандай , шынында да,өмірді махаббатсыз
елестету мүмкін емес.Махаббаттан өмір құралады, бар тіршіліқ нәр алады.
Отанға, анаға, балаға,досыңа,сүйген жарыңа,тіпта, адамзатқа деген
сүйіспеншілік осы махаббаттан басталады.
Махаббат — адам жанының ең нәзік, ең ыстық сезімі. Оны сөзбен
айтып жеткізуге болмайды,тек сезе білуге болады.Сол сезім әр адамда әр
түрлі болады.Алайда ананың балаға деген махаббатын еш нәрсемен салыстыруға
болмайды. Ана баласы үшін бәрін де істей алады, бәріне де барады.Ана мен
бала арасындағы махаббат өлшеусіз, шексіз. Ал адамның Отанға, туған жерге
деген махаббаты, сүйіспеншілігі шыр етіп дүниеге келген күннен бастап
қалыптасады деп ойлаймын.Өсе келе ол толығып, артып, ерен ерлік істерге
жетелейді. Осының бәрі махаббат сезімінің күштілігін, құдіретін көрсетеді.
Қысқасы, не жақсының бәрі осы сезімнен бастау алып, дамиды, көркейеді.
Сондықтан да махаббатты, өмірді қадірлейік!
Енді 6 «Р» сыныбының «Нағыз қазақ биін» тамашалайық!

Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға рахмет, сау болыңыздар!
Ведущий: Мы прощаемся с вами! До свидания! До новых встреч со всеми, кто
любит нескучную жизнь!

«Бейнеу орта мектебі» М.М

[pic]
[pic]

Дайындаған: Асалова Ырыс Елубаевна

2013 жыл

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий маленькая страна детства
  • Сценарий мамы разные нужны мамы всякие важны стихотворение
  • Сценарий мафиозной вечеринки
  • Сценарий массового праздника масленица
  • Сценарий маленькая ведьма спектакль

  • Добавить комментарий

    ;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: