Тақырыбы: Жүректі жылытар мейірімділік
Көрнекілігі: Слайд, видеоролик, плакаттар
Мақсаты: Адам бойындағы асыл қаситтердің бірі мейірімілік туралы жан жақты ой қозғап, оқушылардың өнерлерін тамашалау
1 — жүргізуші:
Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар бүгінгі « Жүректі жылытар мейірімділік»атты шарамызға қош келдіңіздер!
2 — жүргізуші:
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс — тіршілігін, жан — дүниесін жадырататын, шат — шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі. Ендеше мейірімділік сезімі жайлы видеороликке назар аударайық!
1 — жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың………….. Мейірімділік махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады деп хәкім Шәкәрім бекер айтпаса керек.
2 — жүргізуші:
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн: кір тигізбей ұста ойыңның өрісін, мейірім етсең — мейірімділік көресің деп, мейірімділікке зор мән берген екен.
1 — жүргізуші:
Мейірімділік — ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң — сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
2 — жүргізуші:
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
1 — жүргізуші:
Ендеше, алдарыңызда әсем әнімен _________________ қарсы алыңыздар
1. Зарина
Жақсы адам көңілі күн –
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі түн –
Кеудеден отты өшірген.
2. Азамат
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын,
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
3. Альбина
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
4. Ерназ
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң,
Ел сүйсінсің ісіңе.
5. Әсел
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «Сіз» деген.
1 — жүргізуші:
Қазір оқушыларға слайд арқылы жағдаяттар беріледі, соларға жауап берейік
Жағдаяттарды шешу:
1 — жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2 — жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет — журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3 — жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
4 — жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Жауабы
1. Егер менде ролик болып, жанындағы досымда ролик болмаса, мен оның рұқсатымен роликті кезектесіп тебуге келісер едім.
2. Егер алдымнан хат тасушы шықса, оның көңілін аулап, жұмысын жеңілдетіп, газеттерін көтерісуге көмектесер едім.
3. Анам алаңсыз тамақ дайындауы үшін, інімді алдандырып ойын ойнатқызар ем.
4. Кешірім сұрап, шашылған заттарды жинап, үйіне апаруға жәрдем берер едім.
2 — жүргізуші:
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.
1. Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен баста, бос өткізбе
2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек
сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
3. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
4. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5. Ата — анаңның мейірім шуағын сезініп, қадірлей біл..
6. Тыныштық сақтай білуге үйрен, Нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен
7. «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.
(баяу музыка ойнап тұрады)
1 — жүргізуші:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
2 — жүргізуші:
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
Шара тақырыбына орай мейірімділікке жетелейтін, ақыл, қайрат, білімділік қасиеттері жайлы қысқаша көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
Жүрек:
– Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді:
– Ей, ақыл! … Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.
– Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.
Білім:
– Сенің үшеуіңнің басыңда қоспақ – менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.
1 — жүргізуші:
Үш — ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.
2 — жүргізуші:
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
1 — жүргізуші:
Ендеше, адамдар бір — біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Жақсылықпен — кәрі — жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел — жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма.
Жүзінде жылу, жүрегінде мейірімділігі мол, күн көзіндей жарқырауды қалайтын жас өрендердің орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әні. Қабыл алыңыздар!
2 — жүргізуші: Жүрегіміз жылылыққа көңіліміз шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін мейірімділік қасиеті сөнбей, әр күніміз әдемі өтсін. Жақсылықтың жаршысы болыңыздар! Бар болыңыздар! Бақытты болыңыздар!
Бірге: Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
«Балаға мейірім сыйла»
қайырымдылық кешінің сценарииі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.
Атаң болса, анаң мен
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса, ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса, жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе бауыр, жүрегің.
Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін аудандық білім беру бөлімінің бастығы Наурызбаев Орынбасар Қызылғұлұлын және білім беру бөлімінің бас маманы қайырымдылық шараның ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы Қошимова Амангүлге беріледі.
Жүргізуші: Басқа төлдер жатқан кезде жамырап,
Жетім қозы анасы жоқ маңырап,
Сүт іздейді таңдайына таматын,
Оны көру ақын үшін ауыр тым
Ауыр алып демімді мен ішімнен,
Оның жайын болам, рас, түсінген,
Өзге қойға телімесе қозыны,
Асыраймын жырдың сауған сүтімен.
Облыстық «Менім қуанышымды бөліс» балалар шығармашылығында мәнерлеп оқу байқауынан I орын алған 6 «б» сынып оқушысы Жәкен Нүркеннің орындауында көрекмсөз «Бақыт» .
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен…
Құттықтау сөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Өмірбековке беріледі.
Жүргізуші: Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына
« Шаттық » биі бишілер тобы
Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың
Аудан мектептерінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан,жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларды яғни әлеуметтік жағдайын анықтап және олармен тығыз байланыс орнатып олардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік –педагогтар жұмыс істейді. Ә.Жангелдин атындағы мектеп интернатынын әлеуметтік педагогы Болысов Есен мырзаға сөз беріледі.
Жүргізуші: Жетім қозы жетілер де марқаяр,
Қарын тояр, қайғы, уайым ортаяр,
Шілдехана жасап ертең ата -анам,
Нәрестенің қалжасына мал сояр.
Жас нәресте апыл- тапыл жүгірер,
Аяқтағы ала жіп те үзілер,
Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын,
Жетімдерді жебей берсін, дүйім ел!
Ән: «Туған елім» Жолбергенов Данияр
Жүргізуші: Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық,
Именіп жүретін игіліктен,
Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық ( Б. Момышұлы )
Ән: «Бақытты балалық шақ» орындайтын Рабаева А
Жүргізуші:
Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты,
Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе
Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес пе
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой»
Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт ойнау»
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой!
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой!»
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым,
Безбеймін мен байлықтан да, баладан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты.
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты ! деп ақын атамыз айтқандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз,мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Балаға мейірім сыйла» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілеймін! Қош сау болыңыздар.
«Бейнеу лицейі» ММ педагог ұйымдастырушы: Әжібаева Г
Маңғыстау облысы . Бейнеу селосы
Құрметті редакция!
Әжібаева Гулназ Айтжанқызы «Бейнеу лицейі»ММ -де 2001жылдан бері мұғалімдік қызмет атқарып келеді. Атырау қаласындағы Х.Досмухаммедов атындагы Атырау мемлекеттік университетінің «денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. I- санатты мұғалім.
Бейнеу лицейінде педагог- ұйымдастырушы боп қызмет атқарады.Ол өзінің жасаған жұмыстарын, іс-тәжірибесін өзінің әріптестеріне көмек болсын деп баспасөз беттеріне жариялап жүр. Соның бірі мектебімізде өткізілген «Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық кешінің сценарииін ұсынып отыр. «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева Алпысқызының 70 жас мерейтойына арналған кешінде демеуші жасаған ата аналар шақырылып, оларға алғыс айтылды.Кеш өте әсерлі өткізіліп, көрермендер жүрегіне жылылық, адамгершілік сияқты қасиеттер себе білді.Көмек алған білім алушылар дән риза болып алғыстарын жаудырды. Осындай тәрбиелік мәні бар кештер жалғасын таба берсін деп Гүлназға шығармашылық табыс тілейміз.
«Бейнеу лицейі»ММ директордың тәрбие ісінің орынбасары: Г.Шәудірбаева
Мейірімділік-асыл қасиет
Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару; психологиялық дайындық; шаттық шеңбері, сәлемдесу.
Мұғалім: Бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мейірімділік-асыл қасиет» Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді, балалар, менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)
Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
Ән: «Күлімде, күн, күлімде»
Мұғалім:Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, қол соғып қояйық.
Жаңа сабақ: Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі, сол туралы білеміз.
-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
(балалар жауабы)
Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Енді, балалар, «Сары тауық пен балапандары» деген әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық.
«Сары тауық пен балапандары»
М.Төрежанов
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
— Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
— Ол тым жас.
— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
— Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
— Мен,-деді тұңғышы.
— Мен барайын?-деді оған тетелесі.
— Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
— Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
— Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
— Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақтар:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?
(балалар жауабы)
Мұғалім:Тапсырма: (интербелсенді тақтамен жұмыс)
-Сары тауық өзінің бойында бар қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.
«Болады-болмайды» тренингі (Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
Мейірімді болуға …. (болады),
Кешірімді болуға …. (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды),
Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады),
Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады),
Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды),
Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады),
Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады),
Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады),
Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы,
Жаман болуға ….! (болмайды).
Мұғалім: Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор, мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді? (оқушылар жауабы)
— Дұрыс, балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде ата-аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)
кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы кешірімді
Ана
әдепті жақсы жанашыр
Дәйексөз: Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.
Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да, ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп тұрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам)
Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)
Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше, бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Сабақты бекіту: Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс, балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
«Жүректен-жүрекке» шеңбері
-Балалар, барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза, сен ғажайыпсың, Ақжол, сен ақкөңілсің т.б».
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«Ғабит Мүсірепов атындағы
№ 43 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Айсакова Нуржамал Сериковна
«Мейірімділік – ғажайып өмір есігі» сыныптан тыс іс-шара.
Мақсаты: «Мейірімділік» және «қайырымдылық» адамгершілік ұғымдарды қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу;
-
Ойлау және пікір бөлісу іскерлігін дамыту.
Сыныптан тыс іс-шара
Мұғалім:
Әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев: «Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес» деген болатын. Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу – өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды.
В словаре С.И. Ожегова читаем: «Доброта – отзывчивость, душевное расположение к людям, стремление делать добро другим». Добром считаются отношения доверия, справедливости, милосердия, любви. Добро в первую очередь связано с умением сорадоваться и сострадать, сочувствовать, сопереживать, откликаться на чувства других и держать свою душу открытой. Когда мы говорим о человеке «добрый», то имеем в виду, что он готов прийти на помощь другому по велению сердца. Доброе дело – это то, что дарит радость другому человеку.
-
оқушы:
Немало встречается злого
В любой человечьей судьбе.
А скажут лишь доброе слово –
И легче на сердце тебе.
Мұғалім: Адам дүниеге ештене қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың. Жақсылық пен жамандың адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген.
Адамгершілік бастауы неде?
-
оқушы:
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
-
оқушы:
Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
-
оқушы:
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойығы міндеті. адам қандай жоғары лауазымда, қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Мұғалім:
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Алматы, Ақтау, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Көкшетау, т.б.
Ал, балалар, өздеріңе қай қала ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
Сұрақтар:
-
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
-
Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
-
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
-
Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
-
Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
-
Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
-
Асықпай түсіндіріп беремін.
-
Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
-
Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
-
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
-
Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
-
Әдептілік деген не?
-
Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.
-
оқушы:
Мы часто говорим друг другу: «желаю вам всего доброго», «желаю вам добра и счастья» — это не просто выражение вежливости, в этих словах мы выражаем свою человеческую сущность. По-настоящему хорошие, добрые желания живут в душе того, кто умеет отдавать силы своей души другим людям.
Мұғалім: Вслушайтесь в пословицы народа о доброте. Как вы их понимаете?
-
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
-
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
-
Кішіпейілдік – кісінің көркі.
-
Добрые дела – красят человека.
-
Без добрых дел нет доброго имени.
-
Жизнь дана на добрые дела.
6-оқушы:
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым.
Мұғалім: Жақсы адам деген қандай адам? (кластер құру)
Жақсы адам
сөзінен іс көрінетін
пайда іздемейді
түсінуге тырысатын
8-оқушы:
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Мұғалім: Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
-
Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.
Мұғалім: Доброго человека можно еще назвать толерантным.
Что такое толерантность?
Толеранттық / Толерантность
қайғысына ортақтасу/
сострадание
қайырымдылық/
милосердие
жан мейірімділігі/
доброта души
терпение/
шыдамдылық
милосердие
достық/дружба
құрмет/уважение
Мұғалім: Давайте с вами выработаем правила дружбы и постараемся эти правила соблюдать (работа в группах)
-
Всегда быть откровенным с другом;
-
Не бойся попросить прощения;
-
Не груби;
-
Не надо менять друзей;
-
Надо быть постоянным в дружбе;
-
Не злись!
-
Не жадничай!
-
Радоваться вместе с другом его успехам;
-
Предлагать свою помощь;
-
Защищать друга.
Все вместе поют песню «Если с другом вышел в путь».
Мейірімділік асыл қасиет
Мейірімділікті анадан үйрен.
Халық даналығы
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі –құралдар: дәптер, жүрекшенің үлгісі, тауық пен балапандардың суреті.
Балалар, біз седермен бүгін бір ғажайып елге саяхатқа барамыз ол қандай ел екенін маған сендер айтатын боласыңдар.
-Жарайма!
Шаттық шеңбері
— Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік .
Әңгімелесу
— Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
— Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
— Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
— Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Тыныштық сәті
Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.
Мәтінмен жұмыс
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
— Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан
— Ол тым жас.
— Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
— Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
— мен- деді тұңғышы.
— Мен барайын! — деді оған тетелесі.
— Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.
— Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
— Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
— Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақ қою
— Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
— «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
— Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
— Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Балдалардың жауаптарын тыңдаймыз
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді
— Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында.
Ойын
«Мейірімді жүрек» ойыны ұйымдастырылады
Ойынның шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастауышы жүрекшенің үлгісін қолына ұстап тұрып:
«балалардың мейірбандық жүрегі, адамдарға бақыт шаттық тіледі» — деп айтады
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап айтады да, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады.
Жаңа ақпарат
Балаларға мейірімділік сөзінің мағынасын түсіндіремін. «Адамдар бір-біріне, туған- туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.»
Ал енді келесі тапсырмаларды орындайық
Тапсырма:
Суреттерге қараңдар.
— Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
— Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
— Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
Дәптермен жұмыс
1- Тапсырма
Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар
2- Тапсырма
«Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар
3- Тапсырма
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.
Қортындылау
Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырып көрейік.
Жүректен- жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді
Ойын «Мейірімділік жібі»
— Енді біз « Мейірімділік жібі » деген ойынымызды бастаймыз.
Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер.
(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады)
— Күлімдеген- күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді
— Таза мөлдір су – мейірімді!
— Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату-тәтті достарым мейірімді!
— Егіні мол жер мейірімді!
— Қамқор апам мен ағам мейірімді!
-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
Үй тапсырмасы
Дәптерде төмендегі сұрақтарға жауап жазу
1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.
3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?
Жүректен жүрекке
Қолдарыңдағы жүрекшелеріне
-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
— Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
— Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
— Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
— Талапты достарыма табыс тілеймін.
— Сыныптастарыма амандық тілеймін.
— Отбасыма бақыт тілеймін.
Ал енді сабағымызды ең мейірімді жан туралы әнмен аяқтайық
«Мейірім шуағы» (Қайырымдылық концерті)
Мақсаты: Оқушыларды қамқорлық жасауға жастайынан тәрбиелеу
Фонфары
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!
Бүгінгі күні – біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?…. Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата – аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса ата – аналардың құрметіне арналған «Мейірім шуағы»атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер.
Сөз №5 орта мектеп директоры Әбдіғапарова Алия Пәуединқызына беріледі.
Жүргізуші:
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі, үзіледі әуендер
Күмбірлеген домбырасы барында.
9 б класс оқушысы Балғабаев Ерсұлтанның орындауында күй «Теріс қақпай»
Жүргізуші:
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Өмірге Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ұзақбаева Айымның орындауында «Мама» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.
Жүргізуші:
Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату – тәтті достарым мейірімді!
Сымбатына сән киімі жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасасың
Алдарыңызда 2 класс оқушыларының орындауында «Барбарики» биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата – анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы ата – ана.
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның.
9В класс оқушысы Нұритжанов Бекжанның орындауында «Асыл әжем» әні.
Жүргізуші:
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата – анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
7а класс оқушыларының орындауында «Золотое сердце» әні
Жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Қымбатты ұстаздар мен ата – аналар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Мейірім шуағы» атты концертіміз өз мәресіне келіп жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да шуақты болсын. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар.
Қайырымдылық концерт сценарий мейірім шуағы
© Дереккөзі
Ашық сабақ: Мейірімділік- асыл қасиет
Сабақатың мақсаты: оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, қима қағаздар, үнтаспа. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу. 5 Т ережесін еске түсіру (барлық ойымызды, сөзімізді, ісімізді осы ережеге бағындыру). Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді. 1-топ: Сүйіспеншік 2-топ: Мейіріділік 3-топ: Жанашырлық 4-топ: Қамқорлық. Тыныштық сәті: Орманға ойша серуен Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны терең жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Айналаңызға зейін салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Жап жасыл шөптер, жайқалған гүлдер, сылдырлап аққан бұлақ, әнші құстар. Сіз табиғат аясында өзіңізді бақытты әрі қауіпсіз сезінесіз. Терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым- жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және өзімізді бақытты сезіну қандай ғажап. Іштей айтыңыз «Мен бақыттымын», «мен баққытты баламын», «мен бақыттымын». Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
. |
Өткен сабақты еске түсіру: «Тақия тастамақ» ойыны Бір ойын бар бастамақ, Оның аты тақия тастамақ, Аспаймын, саспаймын Ортаны аралай бастаймын. Біріңнің қасыңа барғанда Тақияны кигізіп тастаймын. «Сары тауық пен балапандары» әңгімесін оқу, талқылау.
|
Интербелсенді тақта, қалпақ. |
“Мейрімділікті анадан үйрен” Халық даналығы
Оқушылардың ойлары негізінде қорытынды жасау. Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім, табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында. |
Оқулық, интербелсенді тақта, қосымша дерексөздер. |
Ой қозғау
|
Бейнеролик |
1-топ: «Мейірім төгетін ана» тақырыбында коллаж жасау. 2-топ: «Ана» туралы өлең құрастыру. 3-топ: Мейірімділік туралы эссе жазу. 4-топ: «Мейірімділік кестесін» толтыру. Дәптермен жұмыс: |
Интербелсенді тақта,,қима қағаздар, А3 форматтағы қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, суреттер. Оқушы дәптері |
Ана туралы жыр Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арнаған. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. Өтеуге борышың, анашым, жан сырым, Іздедім сен үшін әлемнің асылын. Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені, Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. Ете гөр қанағат, әзірге берерім, Балалық махаббат, балалық жүрегім. Бол риза анашым, қолдағы осы бар, Өзіңе арнаған әнімді қосып ал. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. |
Үнтаспа, интербелсенді тақта. |
Үй тапсырмасы. «Анама сый» |
Оқулық |
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көңіл – күй суреттерімен бағалау. |
Стикерлер |
Соңғы тыныштық сәтi. |
Үнтаспа |
Содержимое разработки
Мұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беру орта мектебі
Тақырыбы: «мейірімділік — асыл қасиет»
Мұғалім: Каный Л.С.
Сыныбы: 3 «А»
Өткізілеген күні: 16.03.2018 ж.
2018 оқу жылы
Мектеп: №6
Мұғалім: Каный Л.С.
Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік — асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық.
Сабақатың мақсаты: оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, қима қағаздар, үнтаспа. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу. 5 Т ережесін еске түсіру (барлық ойымызды, сөзімізді, ісімізді осы ережеге бағындыру). Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді. 1-топ: Сүйіспеншік 2-топ: Мейіріділік 3-топ: Жанашырлық 4-топ: Қамқорлық. Тыныштық сәті: Орманға ойша серуен Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны терең жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Айналаңызға зейін салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Жап жасыл шөптер, жайқалған гүлдер, сылдырлап аққан бұлақ, әнші құстар… Сіз табиғат аясында өзіңізді бақытты әрі қауіпсіз сезінесіз. Терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым- жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және өзімізді бақытты сезіну қандай ғажап. Іштей айтыңыз «Мен бақыттымын», «мен баққытты баламын», «мен бақыттымын». Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
. |
Өткен сабақты еске түсіру: «Тақия тастамақ» ойыны Бір ойын бар бастамақ, Оның аты тақия тастамақ, Аспаймын, саспаймын Ортаны аралай бастаймын. Біріңнің қасыңа барғанда Тақияны кигізіп тастаймын. «Сары тауық пен балапандары» әңгімесін оқу, талқылау.
|
Интербелсенді тақта, қалпақ. |
“Мейрімділікті анадан үйрен” Халық даналығы
Оқушылардың ойлары негізінде қорытынды жасау. Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім, табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында. |
Оқулық, интербелсенді тақта, қосымша дерексөздер. |
Ой қозғау
|
Бейнеролик |
1-топ: «Мейірім төгетін ана» тақырыбында коллаж жасау. 2-топ: «Ана» туралы өлең құрастыру. 3-топ: Мейірімділік туралы эссе жазу. 4-топ: «Мейірімділік кестесін» толтыру. Дәптермен жұмыс: |
Интербелсенді тақта, ,қима қағаздар, А3 форматтағы қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, суреттер. Оқушы дәптері |
Ана туралы жыр Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арнаған. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. Өтеуге борышың, анашым, жан сырым, Іздедім сен үшін әлемнің асылын. Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені, Сыйлар ем ай-күнін, қолыма түспеді. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. Ете гөр қанағат, әзірге берерім, Балалық махаббат, балалық жүрегім. Бол риза анашым, қолдағы осы бар, Өзіңе арнаған әнімді қосып ал. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын. |
Үнтаспа, интербелсенді тақта. |
Үй тапсырмасы. «Анама сый» |
Оқулық |
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көңіл – күй суреттерімен бағалау. |
Стикерлер |
Соңғы тыныштық сәтi. |
Үнтаспа |
-80%