Алматы қаласы Түрксиб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу жиынының сценарийі
Мектеп, білім тақырыбындағы әндер ойнап тұрады. 1-10 сыныптардың оқушылары сынып жетекшілерімен қатарға тұрғызылады (литер ұсталады).
Фанфар. Жүргізушілер ортаға шығады.
Жүргізуші-1: Армысыздар, аса мәртебелі қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында салынып отырған 100-ші мектеп — білім ордасы пайдалануға беріліп отыр. Бұл мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп, назар аударуының нәтижесі.
Жүргізуші-2: Қайырлы күн, достар!
«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.
Жүргізуші-1: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде бүгін тағы да бір, Білім Ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Олай болса, мектебіміздің салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!
Хабарлаусыз «Шашу» биі биленеді.
АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!
ҚР Туы әкелінеді.
ӘНҰРАН ойналады.
Жүргізуші-1: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер. Жеті қат жерді мекен еткен, жеті атасын білетін, жеті қазынасын бағалай білген қазақ екеніміз даусыз.
Жүргізуші-2: Олай болса, біздің мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің алғашқы қоңырау салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін жақсылыққа балап отыр. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып көрейікші.
Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны айнала тұрады.
1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?
2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел білім беретін жаңа мектептің ашылу қуанышын бөлісуге келіп жеттік.
3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім алатын жеткіншектердің көп және кейінгі өмірлері жарқын болатынын болжағанбыз.
4-жұлдыз: Әрбір бала – бір жұлдыз. Олардың біздердей жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да тілекші екен. Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін ұстаздармен де оқушылардың бүгін алғаш рет қауышып тұрғанына мен риза болып тұрмын.
5-жұлдыз: Ал мен болсам, жеті жасқа толған жеткіншек ұл-қыздардың қуанышты жүздері мен бақытқа толы ата-аналарын көріп тұрмын. Біз олардың ашылғалы отырған жаңа мектептің табалдырығын аттаған қадамдарына тек тілекші болып қана қоймай, біз жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшы жұлдызы өз сыйымызды да ала келдік.
6-жұлдыз: Иә, біздің көк жүзінен әкелген өз сыймызды табыстауға рұқсат етіңіздер!
Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын барлығы келіп шешіп ішіндегі кілтті Дәурен ағай алады да Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді.
7 -жұлдыз (Дәурен ағай): Құрметті, Ахметжан Смағұлұлы! Өзіңіздің нәтижелі жұмысыңыздың арқасында тағы бір Білім ошағы бой көтеріп отыр. Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ тағдырын ойлаған Ел азаматтарының еңбегі әрдайым өлшеусіз. Олай болса, осы мектептің ұстаздары мен шәкірттерінің атынан Білім кілтін қабыл алыңыз.
Жүргізуші-1: Ардақты ағайын, бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонағымыз Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына құттықтау сөз кезегі беріледі.
Әкім құттықтау сөз сөйлейді.
Жүргізуші-2: Ахметжан Смағұлұлы, жүрекжарды тілектеріңізге алғыс айта отырып, бүгінгі білім ордамыздың тұсауын кесіп есігін алғаш ашқалы отырсыз, соған байланысты бұл күн бүкіл оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың жадында және де мектеп тарихында мәңгілік қалатыны сөзсіз, өзіңіздің құрметіңізге арналған ән шашуды қабыл алыңыз.
Париоттық немесе Алматы тақырыбындағы ән айтылады.
Жүргізуші-1: Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды……………….
Қоңырау соғылады.
Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет алады.
Жүргізуші-1: Құрметті қонақтар. Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік бағдарламамен ұласып, өз жалғасын табады. Олай болса, қуанышымызға ортақтаса келген әнші ұлдарыңыз Байсұлтанов Алиханның ән шашуын қабыл алыңыздар!
ФЛЕШМОБ.
Музыканың ырғағымен жоғары сыныптың оқушылары бірдей формада қолдарына ту ұстап екі жақтан жүгіріп шығады. Бірдей қимыл істелінеді. Соңында 100 деген сан жазылып қалады.
Музыкалық нөмірлер кезектесіп жүріп жатады.
Жүргізуші-2: Келесі сөз кезегін №198 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ……………………………………………………. береміз.
Оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысқаша ақпараты.
АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!
ҚР Туы әкетіледі.
Музыкалық нөмір…………………………………………………….
Жүргізуші-1: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Аяулы шәкірттер! Асыға жеткен мектебіміздің ашылуы да өз мәресіне жетті.
Жүргізуші-2: Баршаңызды, 2014-2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші-1: Жаңа оқу жылы табысты да жетістікке толы болсын, достар!
Жүргізуші-2: Қош, сау болыңыздар!
Гуманитарлық пәндер апталығының ашылу салтанаты
(Апталықтың ашылу салтанаты мектептің салтанат залында өтеді.)
9-10- сынып оқушылыры барлық салтанатты жиынға қатысушылардың назарын аудару үшін флешмоб орындады. (сахнада жазушы )
Жүргізуші: Қайырлы күн !Құрметті ,ұстаздар,оқушылар! Бүгін біздің білім ордамызда гуманитарлық пәндер апталығы басталады.Апталықта қазақ,орыс,
ағылшын тілдерімен қатар,тарих,өзін-өзі тану пәндерінен ашық сабақтар жүріп,іс-шаралар мен тапсырмалар болады.
Тіл жүректің үні ғана емес,ұлттық рухтың абыройы мен болмысы.
Елімізде қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық тіл,ал ағылшын тілі-жаһандық экономика тілі болып саналады.Елбасымыз қазақстан халқына жолдауында «Үш тұғырлы тілді білу-баянды болашақтың кепілі» деген болатын,сондықтан ана тіліміздің абыройын асырып,мәртебесін үш тілде дамытайық.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған игі 25 қадамның алғашқысын бастайық.
(6-сынып оқушылыры)
Мерхат: Respect your friends
Respect your relatim.
Don’t stingy, don’t be unkind
Be kindness and it won’t de bod.
Ильяс: Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болсаң- сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Даламдай кең пейілдім.
Данияр: Добрый день! Тебе сказали
Добрый день! Ответил ты.
Как две ниточки связали
Теплоты и добраты.
Жүргізуші:«Тілі бірдің-тілегі бір,тілі бірдің –жүрегі бір» Осы елдің мемлекеттік тілін білу арқылы халық бір-бірін түсінеді,тағдырлары мен тарихы ортақ екенін сезінеді.Тілін түсінген халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне де құрметпен қарайды.Тіл жайлы қанатты сөздер.
(7-9-сынып оқушылыары)
Акерке: «Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?»
Мұхтар Әуезов.
Наргиза: «Если ты говоришь с человеком на том языке, который он понимает, ты говоришь его головой. Если ты говоришь с человеком на его родном языке, ты говоришь с его сердцем.»
Нельсон Мандела.
Жанна: A different language is a different vision of life.
Фредерико Фенллини
Нұрайна: « Ана тілі- жүректің терең сырларын , басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…»
Жүсіпбек Аймауытов.
Наргиза: «Кто незнает иностранных языков, ничего не знает и о своём собственном.»
Гёте.
Жанна: If we spoke a different language ,we would perceive a somewhat different world.
Людвиг Витгенштейн
Акерке: «Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт- тарихынан , түп-тамырынан айырылған ұлт.Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық — ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.»
Шерхан Мұртаза. Наргиза: «Язык-средство получения идеи из моегомозга в ваш без хирургического вмешательства.
Марк Амидон.
Жанна: To have another language is to possess a second soul.
Ұлы Карл
Халқымыздың ерекше қадір-қасиеттерінің бірі-ұрпағының иманжүзді,адал да өжет,батыл да табанды,еңбекқор болуы үшін,обал мен сауапты білуі үшін олардың іс-әрекетін бақылап,кейбір жаман қасиеттерден тыйып отырған.Мұндай тәрбиеге мән беру адамдық қасиетті арттырып,жаманшылықтан сақтайды екен.(6 -сынып оқушылары)
Білсін деп қазақ ұланы
Дильназ: Кіреріңде есікті
Тарсылдатып қақпа.
Шығарыңда есікті.
Тарс еткізіп жаппа.
Құралай: Ақты әсте төкпейді,
Итаяқты теппейді.
Асыранды күшікті
Жұртқа тастап кетпейді.
Дильназ: Оттың орнын баспайды
«Қасиетімді қашырар» деп.
Күлді қолмен шашпайды
«Ел бүлініп шашырар »деп.
Құралай: Сөз өнерін тыңдасаң:
Бекіте сөйле, бос айтпа.
Көпіре сөйлеп кісіге,
Саусағыңды шошайтпа.
Дильназ: Өспеген көкті жұлмайды
«Көктей орыласың» деп.
Малды басқа ұрмайды
«Киесіне жолығасың » деп.
Құралай: Адамды қолмен санамайды
«Сарапқа түсер күн болар» деп.
Құс ұясын тонамайды
«Ұрпағыма мін болар »деп.
(Екеуі бірге)
Дильназ: Ақиқатты күндеген
Құралай: Әділетке жарымас.
Ана тілін сүймеген
Анасын да танымас.
Қытайдың ұлы ойшылы «Бір тіл білсең-бір адамсың,екі тіл білсең-екі адамсың» деп айтқан екен.Елбасының «Тілдің үштұғырлығы» идеясынан халықтың келешегін көрегендікпен ойлағандығын көруге болады.Сондықтан мемлекеттік тілді білі –әрбәр қазақстандықтың міндеті,ал шет тілін білу-ол жетістіктің ,табыстың кілті.
(6-9 —сынып. Қайнар,Бақыт ,)
Сценка «Наши падежи»
(по Л. Каминскому)
Действующие лица: учитель и ученик Петров
(6-9 —сынып. учитель -Қайнар, ученик Петров -Бақыт )
Учитель: Петров, выйди к доске и запиши небольшой рассказ, который я тебе продиктую.
Ученик: выходит к доске и готовится писать.
Учитель(диктует): “Папа и мама ругали Вову за плохое поведение. Вова виновато молчал, а потом дал обещание исправиться.”
Ученик: пишет под диктовку на доске.
Учитель: Прекрасно! Подчеркни в своём рассказе все имена существительные.
Ученик: подчёркивает слова: «папа», «мама», «Вову», «поведение», «Вова», «обещание».
Учитель: Готово? Определи, в каких падежах стоят эти существительные. Понял?
Ученик: Да!
Учитель: Начинай!
Ученик: “Папа и мама”. Кто? Что? Родители. Значит, падеж родительный.
Ругали кого, чего? Вову. “Вова” — это имя. Значит, падеж именительный.
Ругали за что? За плохое поведение. Видно, что-то натворил. Значит, у “поведения” падеж творительный.
Вова молчал виновато. Значит, здесь у “Вовы” падеж винительный.
Ну, а “обещание”, конечно, в дательном падеже, раз Вова его дал !
Вот и всё!
Учитель: Да-а, разбор получился оригинальный! Неси-ка дневник, Петров. Интересно, какую отметку ты предложил бы себе поставить?
Ученик: Какую? Конечно, пятёрку!
Учитель: Значит, пятёрку? Кстати, в каком падеже ты назвал это слово — “пятёрку”?
Ученик: В предложном!
Учитель: В предложном? Почему же?
Ученик: Ну, я же её сам предложил!
Олай болса құрметті достар ,
Қыран қанат құстаймыз
Талабымызды ұштаймыз
Зерделіге достаймыз ,–деп апталықта өзіміздің
дарындылығымызбен ,білімімізді көрсете білейік!
Назарларыңызға рахмет!.
Шемонаиха қаласы
«№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Гуманитарлық пәндер апталығының ашылу салтанаты
2015-2016 оқу жылы
19.12.2019
Открытие школьной олимпиады
по общеобразовательным предметам учащихся 3-9 классов.
Жалпы білім беретін пәндерден
мектепаралық 3-9 сынып оқушыларының олимпиадасының ашылу салтанаты.
Уақыты: 15 қазан 2019 жыл, сағат 9.00
Өтетін орны: Красный Кордон негізгі мектеп
Фанфары
1-ый ведущий: Қайырлы күн, қадірменді қазылар алқасы, құрметті ұстаздар, білім құмар жас достар!
Жалпы білім беретін пәндерден мектепаралық 3-9 сынып оқушыларының олимпиадасына қош келдіңіздер!
2-ой ведущий: Добрый день уважаемые учителя, учащихся! Мы рады приветствовать вас на открытии школьного этапа предметной олимпиады!
Пришла она – ума отрада!
Виват, виват, олимпиада!
Сегодня вместе мы опять,
Чтоб победителями стать!
1-ый ведущий: Бүгін білім додасының тағы бір сатысынан өткелі тұрмыз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танылатын білім жарысында сәттілік тілейміз!
2-ой ведущий:
Сегодня трудный день,
Он –еще одна ступенька,
Которую вы должны перешагнуть,
Еще один барьер, который нужно преодолеть.
Олимпиады возникли очень давно, но суть их осталась неизменной –выявить самых умных, самых сильных и самых талантливых.
1-ый ведущий:
В этом зале собрались достойнейшие представители всех классов, и хочется верить, что ваши знания станут надежной опорой для развития школы, района, области, страны.
2-ой ведущий:
Вы докажите в неподкупном споре,
Что надо все решать ценою знаний и труда,
С образованием и горе нам не горе,
С такими учителями и беда нам — не беда!
1-ый ведущий: 3-9 сынып оқушыларының қалалық олимпиадасын ашық деп жариялаймыз!
(ҚР гимні орындалады).
1-ый ведущий:
Бір емес, сен бұл жолы мыңды жықтың,
Мыңды жықтың, әлі де өрле мықтым,
Елім деп ту ұстаған өзге жерде,
Жеңісіңнің бастауы сол деп ұққын,
2-ой ведущий:
Однажды день и час приходят,
Все ждут с надеждой их приход
Сегодня вновь олимпиаду открываем
Огонь мы знаний зажигаем.
1-ый ведущий:
Дерзайте, юные!
Осталось нам сказать! Наш край – умнейший край!
Ваш долг – его богатство умножать!
Желаем всем здоровья и успехов,
Умом, блистать, в олимпиаде побеждать!
1-ый ведущий: Члены сегодняшнего жюри – это учителя-предметники нашей школы
Қадірменді қазылар алқасы!
Бүгінгі білім сайысында шығармашылық табыс пен әділ баға күтеміз.
Уважаемые члены жюри! Желаем вам творчества, взаимопонимания и справедливости в оценке работ участников олимпиады!
2-ой ведущий: Вниманию участников школьной олимпиады!
Распределение кабинетов:
3,4 классы – кабинет №4
5,6 классы – кабинет №2
7,8,9 классы – кабинет №1
1-ый ведущий:
Итак, друзья ,пора вам в путь!
С дороги трудной постарайтесь не свернуть!
Побед добейтесь, да таких высоких,
Чтобы могла гордиться вами школа!
2-ой ведущий:
Прекрасен путь учебы и познанья
От школьной парты до больших высот.
От букваря до тайны мирозданья,
С одним девизом пламенным: «Вперед!»
Всем успехов!!! Просим вас пройти по кабинетам!
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп» МКМ
Мәңгілік елдің – болашағымыз
(Бастауыш сыныптардың апталығының ашылу салтанаты)
Жауаптылар: Толкимбекова Н
Алибекова С
Кузембекова С
Өтеген батыр кенті
2017 жыл
Тақырыбы: Мәңгілік елдің – болашағымыз
Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу. Ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, шарлар т.б
Жүру барысы: қонақтар барлығы АКТ залға кіріп отырады. Музыка ойналып тұрады. Кенет экраннан музыкамен бірге «Жаңалықтар» деген сөз шығады.
Журналист:
-Армысыздар! Сіздерге күндізгі жаңалықтарды ұсынамыз! Бүгінгі таңда ауданымыздың білім ордаларының бірі Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектепте бастауыш сыныптардың апталығы өтуде. Осы апталықтың ашылуына арнайы кездесу ұйымдастырып отырмыз. Белгілі кино актер Берік Айтжанов бізде қонақта. Олай болса, Берік Айтжановты студиямызға шақырамыз. /сұхбат алу/
-Актерлік мамандықты таңдауыңызға не себеп болды және өз жүрек қалайыңызбен бардыңыз ба?
-Жақсы маман болуы үшін, адам нені біліп, нені үйренуі керек?
-Қай жерде туып өстіңіз?
-Әтттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
-Сіз «Рухани жаңғыру» дегенді қалай түсінесіз?
-Мектепте қандай оқушы болдыңыз? Екілік алғанда не істеуші едіңіз? Ұстаздарыңызды еске аласыз ба?
-Балалық шағыңыздан есте қалған қандай қызықты оқиғаларыңыз бар?
-Біз сияқты өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге қандай ақыл-кеңестер айтар едіңіз?
Жүргізуші: -Оқушыларымыз осы кездесуден қандай әсер алды екен? Соларға кезек берейік
1-оқушы: Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.
2-оқушы: Арым -таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін! -дегендей бүгінгі кездесуде ағамыздың айтқан ақыл-кеңестерін жадымызда сақтап, ілім – білім алуға барлық күш – жігерімізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі – болашағымыздың рухани жан – жақты дамыған азаматтары боламыз деп сенім білдіреміз.
Жүргізуші:– Ал, дәл қазір мектепте «Мәңгілік елдің – болашағымыз!» атты бастауыш сыныптардың апталықтарының ашылуы өтуде. Ендеше бірге тамашалайық!
Жүргізуші: Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын.
Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табасың,
Тақпақтар: (білім туралы)
Ақжүніс: Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп,мектеп,менің жарқын көңілім.
Мектеп,мектеп,шаттық толы өмірім.
2-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын
Болармын күні ертең – ақ мақтанышың,
Білім алып,тер төгем,еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
3-оқушы: Талпынамыз,тойлаймыз
Талапты біз жоймаймыз.
Ұлы мақсат шыңына,
Шықпай әсте қоймаймыз.
Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар
4-оқушы: Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да жақсыға пана болған
Ән:
Жүргізуші:
Шырын: Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан жылдар бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Аңсар: Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып, Мәңгілік елдің іргетасы қаланды.
Айнаш: Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені, Отан біз үшін оттан да ыстық.
Бекзат: Біз еліміздің болашағымыз. Сондықтан біздің иманды,білімді,өнерлі, болуымыз еліміздің ертеңі үшін аса маңызды.
Тақпақтар: (Отан,Қазақстан туралы)
Айзере: Қасиетті Қазақстаным,мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,жерім,Отаным,бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім,өркенім.
Әлихан: Отан деген әрбір жүрек дірілі,
Отан үшін болып келем үлгілі.
Менің,сенің үмітіміз ертеңгі,
Қазақстан-келешектің мекені.
Айнара: Дарқан далам – сенің,менің қуатым,
Ата-бабам сақтаған жез қанатым,
Салт-дәстүр,дініміз бен тіліміз,
Бола бермек мәңгі менің жалауым.
Асима: О,Родина! В неярком блеске
Я взором трепетным ловлю
Твои пролески, прелески-Все,
Что без памяти люблю.
Заман: Твой путь, республика, тяжел
Но я гляжу в твой глаза.
Какое счастье, что нашел
Тебя я там, где родился!
Бахтияр: Бежит волна неторопливая,
Простор полей ласкает глаз.
Какая Родина счастливая,
И это счастье все для нас!
Аяулым, Инкар, Алинур ағылшынша тақпақтар айтады.
Жүргізуші: Бұл қай кезде болады?
Көрініс: Бала мен күз
Бала: Сәлем саған күз!
Күз: Амансың ба, балақай?
Бала: Сыйлығын көп пе?
Асыға күттік біз.
Күз: Бітік шықты егінім.
Астық толды қырманға
Елдің көбі жүр сонда
Бала: Бауырсақ пен ақ тоқаш
Мол болады десеңші
Күз: Ақ маржандай күріш.
Жүгері мен тары
Қара құмық жетеді
Бала: Ботқа менен көжесіз
Таңғы астың мәні жоқ.
Күз: Көкөнісім көп менің – Шалқан, сәзіз, қияр,
Асқабақ пен пияз бар
Бала: Көкөкністе екен ғоо,
Тамақтың бар нәрі.
Күз: Бақтарымда тұр менің.
Алма менен алмұртым.
Бала: Алма қандай шырынды.
Алмұрт қандай жұғымды?
Күз: Міне менің сыйым
Жемісімді теріп ал!
Астығымды төкпей- шашпай,жиып ал!
Бала: Рахмет саған, алтын күз!
Күз:-Балалар мен сендерге құр алақан келген жоқпын. Өзіммен бірге сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Жемістерімнің құпия тапсырмаларын экранға қарап орындап көріңдер.
Жүргізуші: —Жақсы күз. Сенің еңбегіннің нәтижесін, жемістеріннен көріп отырсақ, ал біздің оқушыларымыздың жемісін, алған білімдерінен байқайтын боламыз.
— Ендеше барлықтарыңызға сәттілік тілеп, тапсырмаларымызды орындауға кірісейік.
-Кәне,жемістеріміздің алғашқы тапсырмасын көрейік.(суреттер бойынша үш тілде әңгіме құрастыр)
Тапсырмалар орындалады (Күз, аңшы)
Ән:
Жүргізуші: Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық-
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Құрметтеуге лайық!
Дүниедегі сұлулықтың бәрі де,
Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,
Көп тіл білу – өте қажет бүгінде!-дей отырып,
Екінші тапсырмамыз- «Бәйге» Бұл ойында мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, жұмбақтардың шешуін тауып, үш тілдегі баламасын айтады.
1.Адам басшысы- …(ақыл, ум, intelligence)
2.Ана сүті бой өсіреді, … ой өсіреді (ана тілі, родной язык,language)
3.Нет дыма без … (огонь,от,fire)
4.Чистота залог…(здоровье, денсаулық, health)
5. Жазда жайнайды,
Күзде жайрайды. (жапырақ-листья-lebes)
6.Айбат шегіп алыстан,
Аң патшасы -……..(арыстан-лев-lion)
7.Уылжыған албырт
Дәмі ғажап — ……….(алмұрт-груша-rear)
8.Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы. (аққу-лебедь-sebans)
Ән:
Қорытындылау:
Жүргізуші: — Міне,бүгін «Мәңгілік елдің — болашағымыз» атты сабағымызда ән-жырлар, тақпақтарынды арнап жатырсыңдар.
-Балалар, болашаққа қандай ұранмен барасыңдар!
Оқушылармен хормен:
-Алау болып жанамыз,
Көкке қанат қағамыз!
Біз бақытты баламыз!
Біз – Қазақстанның болашағымыз! (Лентаны жоғары көтереді)
Ән: