Сценарий мектепті? ашылуы

☑ Скачать бесплатно Жаңа мектептің ашылуы сценариі в формате Документ Microsoft Word (docx). Другие методич. материалы по предмету Другое.

Алматы қаласы Түрксиб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу жиынының сценарийі

Мектеп, білім тақырыбындағы әндер ойнап тұрады. 1-10 сыныптардың оқушылары сынып жетекшілерімен қатарға тұрғызылады (литер ұсталады).

Фанфар. Жүргізушілер ортаға шығады.

Жүргізуші-1: Армысыздар, аса мәртебелі қонақтар, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар. Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында салынып отырған 100-ші мектеп — білім ордасы пайдалануға беріліп отыр. Бұл мемлекеттің білім саласына орасан зор қаржы бөліп, назар аударуының нәтижесі.

Жүргізуші-2: Қайырлы күн, достар!

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.

Жүргізуші-1: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде бүгін тағы да бір, Білім Ордасы жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Олай болса, мектебіміздің салтанатты ашылуына қош келдіңіздер!

Хабарлаусыз «Шашу» биі биленеді.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкелінсін!

ҚР Туы әкелінеді.

ӘНҰРАН ойналады.

Жүргізуші-1: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер. Жеті қат жерді мекен еткен, жеті атасын білетін, жеті қазынасын бағалай білген қазақ екеніміз даусыз.

Жүргізуші-2: Олай болса, біздің мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің алғашқы қоңырау салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін жақсылыққа балап отыр. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып көрейікші.

Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны айнала тұрады.

1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?

2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел білім беретін жаңа мектептің ашылу қуанышын бөлісуге келіп жеттік.

3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім алатын жеткіншектердің көп және кейінгі өмірлері жарқын болатынын болжағанбыз.

4-жұлдыз: Әрбір бала – бір жұлдыз. Олардың біздердей жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да тілекші екен. Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін ұстаздармен де оқушылардың бүгін алғаш рет қауышып тұрғанына мен риза болып тұрмын.

5-жұлдыз: Ал мен болсам, жеті жасқа толған жеткіншек ұл-қыздардың қуанышты жүздері мен бақытқа толы ата-аналарын көріп тұрмын. Біз олардың ашылғалы отырған жаңа мектептің табалдырығын аттаған қадамдарына тек тілекші болып қана қоймай, біз жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшы жұлдызы өз сыйымызды да ала келдік.

6-жұлдыз: Иә, біздің көк жүзінен әкелген өз сыймызды табыстауға рұқсат етіңіздер!

Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын барлығы келіп шешіп ішіндегі кілтті Дәурен ағай алады да Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді.

7 -жұлдыз (Дәурен ағай): Құрметті, Ахметжан Смағұлұлы! Өзіңіздің нәтижелі жұмысыңыздың арқасында тағы бір Білім ошағы бой көтеріп отыр. Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ тағдырын ойлаған Ел азаматтарының еңбегі әрдайым өлшеусіз. Олай болса, осы мектептің ұстаздары мен шәкірттерінің атынан Білім кілтін қабыл алыңыз.

Жүргізуші-1: Ардақты ағайын, бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонағымыз Алматы қаласының әкімі Есімов Ахметжан Смағұлұлына құттықтау сөз кезегі беріледі.

Әкім құттықтау сөз сөйлейді.

Жүргізуші-2: Ахметжан Смағұлұлы, жүрекжарды тілектеріңізге алғыс айта отырып, бүгінгі білім ордамыздың тұсауын кесіп есігін алғаш ашқалы отырсыз, соған байланысты бұл күн бүкіл оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың жадында және де мектеп тарихында мәңгілік қалатыны сөзсіз, өзіңіздің құрметіңізге арналған ән шашуды қабыл алыңыз.

Париоттық немесе Алматы тақырыбындағы ән айтылады.

Жүргізуші-1: Мектебіміздің алғашқы қоңырауын соғуды……………….

Қоңырау соғылады.

Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет алады.

Жүргізуші-1: Құрметті қонақтар. Бүгін әрқайсымыз үшін маңызы зор айтулы мереке. Салтанатты жиынымыз концерттік бағдарламамен ұласып, өз жалғасын табады. Олай болса, қуанышымызға ортақтаса келген әнші ұлдарыңыз Байсұлтанов Алиханның ән шашуын қабыл алыңыздар!

ФЛЕШМОБ.

Музыканың ырғағымен жоғары сыныптың оқушылары бірдей формада қолдарына ту ұстап екі жақтан жүгіріп шығады. Бірдей қимыл істелінеді. Соңында 100 деген сан жазылып қалады.

Музыкалық нөмірлер кезектесіп жүріп жатады.

Жүргізуші-2: Келесі сөз кезегін №198 орта мектептің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары ……………………………………………………. береміз.

Оқу ісі жөніндегі орынбасардың қысқаша ақпараты.

АӘД пәнінің мұғалімі: ҚР Мемлекеттік туы әкетілсін!

ҚР Туы әкетіледі.

Музыкалық нөмір…………………………………………………….

Жүргізуші-1: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Аяулы шәкірттер! Асыға жеткен мектебіміздің ашылуы да өз мәресіне жетті.

Жүргізуші-2: Баршаңызды, 2014-2015 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші-1: Жаңа оқу жылы табысты да жетістікке толы болсын, достар!

Жүргізуші-2: Қош, сау болыңыздар!

Мектеп мұражайының ашылу сценарийі

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Қазақстан-еліміз,
Ұлан байтақ жеріміз
Туған жерім-Қазақстан
Тәуелсіздік алған елім,
Қазақстан кең далам

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Мектеп мұражайының ашылу сценарийі

Абуова Махаббат Куанышқызы

СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосы «№2 Новоишим орта мектебі «КММ

16.01.2019

1434

3

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз


19.12.2019

Открытие школьной олимпиады

по общеобразовательным предметам учащихся 3-9 классов.

Жалпы білім беретін пәндерден
мектепаралық  3-9 сынып оқушыларының олимпиадасының ашылу салтанаты.
 

Уақыты: 15 қазан  2019 жыл, сағат 9.00
Өтетін орны: Красный Кордон негізгі мектеп

Фанфары

1-ый ведущий: Қайырлы күн, қадірменді қазылар алқасы, құрметті ұстаздар, білім құмар жас достар!
Жалпы білім беретін пәндерден мектепаралық 3-9 сынып оқушыларының олимпиадасына қош келдіңіздер!

2-ой ведущий: Добрый день уважаемые учителя, учащихся! Мы рады приветствовать вас на открытии школьного этапа предметной олимпиады!
Пришла она – ума отрада!
Виват, виват, олимпиада!
Сегодня вместе мы опять,
Чтоб победителями стать!

1-ый ведущий: Бүгін білім додасының тағы бір сатысынан өткелі тұрмыз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танылатын білім жарысында сәттілік тілейміз!

2-ой ведущий:

Сегодня трудный день,

Он –еще одна ступенька,

Которую вы должны перешагнуть,

Еще один барьер, который нужно преодолеть.

Олимпиады возникли очень давно, но суть их осталась неизменной –выявить самых умных, самых сильных и самых талантливых.

1-ый ведущий:

В этом зале собрались достойнейшие представители всех классов, и хочется верить, что ваши знания станут надежной опорой для развития школы, района, области, страны.

2-ой ведущий:
Вы докажите в неподкупном споре,

Что надо все решать ценою знаний и труда,

С образованием и горе нам не горе,

С такими учителями и беда нам — не беда!

1-ый ведущий: 3-9 сынып оқушыларының қалалық олимпиадасын ашық деп жариялаймыз!

(ҚР гимні орындалады).

1-ый ведущий:

Бір емес, сен бұл жолы мыңды жықтың,
Мыңды жықтың, әлі де өрле мықтым,
Елім деп ту ұстаған өзге жерде,
Жеңісіңнің бастауы сол деп ұққын,

2-ой ведущий:
Однажды день и час приходят,
Все ждут с надеждой их приход
Сегодня вновь олимпиаду открываем
Огонь мы знаний зажигаем.

1-ый ведущий:

Дерзайте, юные!

Осталось нам сказать! Наш край  – умнейший край!
Ваш долг – его богатство умножать!
Желаем всем здоровья и успехов,
Умом, блистать, в олимпиаде побеждать!

1-ый ведущий: Члены сегодняшнего жюри – это учителя-предметники нашей школы
Қадірменді қазылар алқасы!
Бүгінгі білім сайысында шығармашылық табыс пен әділ баға күтеміз.

Уважаемые члены жюри! Желаем вам творчества, взаимопонимания и справедливости в оценке работ участников олимпиады!

2-ой ведущий: Вниманию участников школьной олимпиады!
Распределение кабинетов:
3,4 классы – кабинет №4

5,6 классы – кабинет №2

7,8,9 классы – кабинет №1

1-ый ведущий:
Итак, друзья ,пора вам в путь!
С дороги трудной постарайтесь не свернуть!
Побед добейтесь, да таких высоких,
Чтобы могла гордиться вами школа!

2-ой ведущий:
Прекрасен путь учебы и познанья
От школьной парты до больших высот.
От букваря до тайны мирозданья,
С одним девизом пламенным: «Вперед!»

Всем успехов!!! Просим вас пройти по кабинетам!

Сценарий: Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
— Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

— Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын — деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 «А»
— сынып жетекшісі Донгелекова Балайша Ануарбекқызы және 11 «б» сынып жетекшісі Омарова Аманкүл Байтұрсынқызы

Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.

Ойы ұшқыр Айдана
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Ер жүректі Асан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Самат сыныптың жүрегі.

Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Толғанай.

Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Нұрсұлтан.

Біздің сынып басшысы
Алуа болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.

Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Ерлан жақсы біледі.

Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Төрт қыздың бастығы
Ол,әрине,Толғанай.

Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Қобыландыдай жігітті.

Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Гүлнұрды
Жауқазын гүлге теңейміз.

2 қатардың баллары

Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Маржан

Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Ұлпанды.

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Ақсәуле.

Айдай сұлу Назирамыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .

Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол Айдана дер едім.

Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Аэлита келеді.

Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Гүлімді
Барлық досы қолдайды.

Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы Әсемді.

Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Әсем өнерлі.

Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.

Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.

Ортамыздың ажары
Перизаттай ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.

Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
— Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ — жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап «Жұлдызды кеш» деп атайық.

Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш— Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.

Жүргізуші: 2011 жыл Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
— Түлектерімізді орындарына қошеметтеп шығарып салайық.

МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген орындықтарына орналасады)

Жүргізуші:
— Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

(Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
— Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Жолдыбаева Күляш Рахымқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
— Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау кезегiн Жезқазған қалалық әкiмшiлiгiнен келген қонақ ———————- берiледi.
ФОН

Жүргізуші:
-Түлектердiң шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз қуанышын бiлдiрушi Жезқазған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлiмiнен келген қонағымыз —————————— берiледi.
ФОН
Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , «Жұлдыздар» келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.

Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.

— Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директора Жолдыбаева Күляш Рахымқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смайлова Сауле Тұрсынқызын ортаға шақырамыз.

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, мектеп бітіруші түлектеріміз!
Куляш Рахимовна Жанабай Айдананың аттестатыныңмәтінін өзі оқиды қолға аттестатын тапсырады

Қосымша винеткалары грамоталары беріледі

«Жұлдызды кештiң» аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ — бұл су, яғни Суды қорған етер топтың жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда тұрған Су атасының балалары:
Айдана Ж , Перизат
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші Қорғаны су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал болып келедi.
Шаяндар: өздерiн әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар
болады. Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра алады.

Жүргізуші: Бұл өмірде өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер. Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.

-Олай болса, Су атаның балалары да тегiн болмады. Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған тілегін тыңдайық.
Тілек айтады Айдана Ж , Перизат

Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
Мендеш ,Айдана Ә, Гүлім, Маржан, Ұлпан, Толғанай .
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер Ананы қорған қылар топ өз тілектерін жеткізбек
(топтан сойлейтін АЙДАНА Ә. )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.

Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.

Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы, суқұйғыштар. Қарсы алайық:
Алуа, Толғанай Ж., Ақсауле , Самат, Қобланды, Нұрсұлтан, Жұлдыз, Назира

-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған тілектерін жіткаізбек

(топтан сойлейтін САМАТ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
— Рахмет сіздерге. Биіктен көрініп бақытты болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

Жүргізуші: Мiне, ең соңғы «жұлдыздар» тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
АсемӘ, Асем Т, Ерлан, Аэлита , Гүлнұр, Асан
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз «эстрада жұлдыздары бола алады » деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан сойлейтін ЕРЛАН )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады

— Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздарын орындарына қошеметпен шығарып салайық.

— Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз «жұлдызды шақтарың» туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр, бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер , Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр , бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр, бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы жоқ ешқашан томендеуге

— Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектер атынан құттықтау соңгы сөз кезегi 11а сынып түлегі Сарбаева Гүлнұрға берiледi

(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай — талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
10-ші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!

(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )

ӘН «ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады .
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!

Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , — дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
11 «А» сыныбын бiтiрушi түлегі Құлманова Гүлімнің ата-анасы Несібелді Ибатаевнаға беріледі
11 «б» сыныбының бітіруші түлегі Аппазова Аэлитаның ата-анасы Қамбар Тасқымбаевичті ортаға шақырамыз

Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

ФОН
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

Соңғы қоңырау үнін шығару
Екі жақтан екі оқушы ҰЛ бала ҚЫЗ бала
-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг шашылады.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектеп жылдары» сценарий.
Мақсаты: Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен 
азаматтықты қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды
Қазақстан Республикасының Ата заңы, мемлекеттік тарихымен таныстыру.
Көрнекіліктер: ҚР мемлекеттік рәміздері, ұрандар,гүлдер,шарлар, жалаулар.
1­Жүргізуші: Құрметті ата­аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және аяулы 
оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін 
мейрам­алғашқы қоңырау. Бүгінгі қуанышқа толы, шаттыққа толы «Алғашқы
қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
2­Жүргізуші: Қош келдіңіздер, жас ұрпақ, жасөспірімдер, үлкен де, мықты 
орта білім әлеміне! 
1­Жүргізуші: Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін.
Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.
2­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін! 
Әнұран орындалады.
1­Жүргізуші: 1­қыркүйек­Білім күнінен арналған «Сыңғырла, күміс 
қоңырау!»  атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
2­Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға,
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы.
1­Жүргізуші: Көп жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғандар.
Алғашқы әріп үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар!
2­Жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді 
мектебіміздің тоғызыншы сынып оқушылармен, ұстаздармен ортаға 
шақырамыз. 
Ұстаздар шәкірттерімен ортаға шығады.
1­Жүргізуші: Аламын білім күш, жалын,
Арманға биік ұшамын,
Өрлетер өмір шыңына,
Өнегең абзал ұстазым.
Бүгінгі мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің қадамы құтты 
болсын! 2­Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата­аналар!
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
1­Жүргізуші: Жана берсін еңбегін , жана берсін,
Мерейіңе шәкірттер қана берсін.
Айнала балалар мен гүлге толып,
Оқу жылың зор бақыт ала келсін.
Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөз мектеп басшысы: 
Сейталинов Мақсұт Төкен ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы тойшашуы бимен 
басталмақ.
Би: «Қазақ биі» 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
1­Жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жан түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені.
Сөз кезегі ауылымыздың әкімі: Узденов Ерлан Рамазан ұлына беріледі.
2­Жүргізуші: Биылғы жыл ерекше жыл. 30 тамыз күні ҚР 
Конститтуциясының қабылдағанына 15 жыл толды. 
Ата Заңға арнау. Оқитын 8 сынып оқушысы: Әлжанова М. 
Мадина: Ата заңы ынтымақ, бірлік кепілі.
Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін!
Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін.
Егеменді елім бар, Ата Заң бар.
Қорғайтын ынтымағын, беріктігін Заңым бар
Әділетке негізделген Заңым бар.
Тау да мен, теңіз де мен!
Мен­халықпын, туған жер –Атамекен.
Ажырамас, мызғымас егіздер ем
Елім осы Ата Заңын аялаған…
1­Жүргізуші: Біз Отанымыздың бақытты балаларымыз.
Қарлығаш:Отан дейміз көрікті астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Ақнұр:Отанның бұл шеті жоқ, шегіде жоқ,
Бірақ ол өз үйіңнен басталады.
Ән: «Елім менің» 9 сынып оқушыларының орындауында.
2­Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар қауымға,
Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным. Сөз аудандық оқу бөлімінен келген қонағымызға беріледі.
1­Жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы.
Мінеки, достар тағы бір 
Жаңа оқу жылы басталды.
2­Жүргізуші: Ендеше, кәне халайық,
Жаңа оқу жылы төрлетсін.
Көңілді әнге салайық, Жаңа оқу жылы басталды.
Музыка ойналып, жаңа оқу жылы шығады.
1­Жүргізуші: Жаңа оқу жылы, кел төрлет,
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
Жаңа оқу жылы: Армысыздар, ағайын!
Хош келіпсіз баршаңыз!
Мен де есік қағайын
Бітсе шілде, сары тамыз.
Хан сарайдай шуақты 
Мектебің тұр, ашсаңдар.
Жаңа ынтамен қуатпен
Оқу жылын бастаңдар!
Би: «Мектебім» 9 сынып оқушыларының орындауында.
Ақнұр: Мектеп­қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз­оқушы боламыз.
Қарлығаш: Ардақты мұғалім!
Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің
Жаққан шам шырағын!
Ән: «Жарқын жүзді үстазым» 1­4 сынып оқушылары орындауында..
Арлен: Тіліңді аламын,
Сөзіңді ұғамын
Кеудеме құя бер
Білімнің бұлағын!
Нұрдаулет: Өсіп ой  мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз­оқушы боламыз.
Нұрболат: Мектебің, мынау класың,
Осында он жыл тұрасың. Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: «Мұғалім­ол біздің» 1 сынып оқушылары  орындауында.
Дина:Мектеп­анаң бүгіннен,
Мектеп­алтын босағаң.
Мектеп­берген біліммен,
Марқаясың жас ұлан.
Әділжан: Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Аяжан: Бүгін, бүгін қала, дала көңілді,
Қуаныш күй тербетеді көңілді. 
Қыркүйектің сылдыраған қоңырауы,
Балалардың күлкісі боп төгілді.
Ән: «Мектебім» 3­4 сынып оқушылары орындауында..
Әлібек: Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым­мұғалім!
2­Жүргізуші:Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән­мағына жатыр. 
«Жақсы ұстаз­мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір 
болмас,ұстазсыз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам 
қайраткері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман 
қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз. Ұстазсыз өмірдің 
нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат 
атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі­ұлы еңбек.
Хор: «Ұстазым»
1­Жүргізуші:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағынның ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Ендігі сөзді 1 сынып ұстазы Тусупова Алтын Рымбай қызына беріледі. 
Арна:Қадірлі мектеп­бұл мектеп,
Оқыған ата­анамыз.
Жүреміз дәйім құрметтеп,
Суыған емес арамыз!
Дәурен: Жадыраған жаздай жылы жаны бар
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Зарина: Қыркүйектің таңында
Күміс қоңырау тағы да.
Соғылады сыңғырлап Сыңғыр, сыңғыр жыр жырлап.
Әлішер: Мектебім менің, мектебім,
Өзіңде ғана көктедім.
Желкілдеп өстім құрақтай,
Арманға қарай беттедім.
Би: « Ұстазым  » 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында.
Индира: «5» болсын алар бағамыз,
Білімен бақыт табамыз.
Өнер –білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Мадина: Нағыз білім – ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Фариза:Мектепті ойлап жаз шыға,
Түсетін дей дәл сынға.
Жаңа оқу жылын­
Мен , күтіп жүрдім асыға…
Жанар: Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям­мектебім!
Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім­мектебім!
Ән: «Ұстаздар» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
Сырым: Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Жез қоңырау дауысы,
Күмбірлетті аспанды.
Милана:Сәлем саған, мектебім,
Сәлем, білім ордасы!
Жасыл бақтың көктемі,
Жастық шақтың жолдасы!
Назым: Алғаш барған күнімнен
Ардақты есім мұғалім.
Әсем нәзік үніңнен,
Білім мәні ұғармын.
2­Жүргізуші: Ата­ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата­ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата­ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата­ана деген алтын қазық, алтын бақ.­дей келе жаңа оқу жылының сөз кезегі 
ата­аналар атынан беріледі. Ата­аналар сөз сөйледі.
Ән: «Қызықты каникул» 8­9 сынып оқушылары орындауында..
1­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан
туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын! 
Әнұран орындалады.
2­Жүргізуші: Қоңырау, сыңғырла асыға.
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
1­Жүргізуші: Қағылды зор қоңырау, күмбірледі.
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.
Жаңа 2010­2011 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып және 9 
сынып оқушысына ұсынылады.
Хор: «Қоңырау»
2­Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата­аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! 
Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат 
болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Осымен алғашқы қоңырауға арналған 
салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Дайындаған:
Сейталинов М.Т.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Сценарий мектепті? ашылу салтанаты
  • Сценарий мектеп мерейтойы
  • Сценарий мектеп бітірушілер кеші
  • Сценарий мексиканской вечеринки на корпоратив
  • Сценарий мексиканского дня мертвых

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии