22— наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Наурыз- жыр аңыз
— Армысыздар ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз –«Жана күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарыныз мықты болсын, тілектерініз қабыл болсын!
1 жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар,
Бәрің бері қараңдар
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық,
Ұштасқан оймен мәңгілік,
Біздерді бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға,
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар
Сөзіме көңіл бұрыңдар
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.
1 жүргізуші: Уа, ағайын! «Наурызым бабамның сөзі, Наурызым анамның сөзі, Ғасырдан –ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрынҚыдыр атамыздапн бата сұрап алайық.
2 жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
(Наурыз көже беріледі)
Сөз кезегін мектебіміздің басшысы: Балабаева Сауле Абибуллаевнаға беріледі.
Шашу: Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық! (Шашу шашылады)
Ортаға ән шашу: Көктем
Балалар тақпақтары. Даниял, Мұхит, Айлана, Рамазан.
Жамбыл ауылымен Абай ауылын ортаға шақырайық.
Салт –дәстүрге кезек берейік.
Қазақтың тағы салтымен танысайық. Тәй-тәй басқан балаға алғаш қадамын аттағанда тұсау кесер рәсімі өткізіледі.Осы салтты түсіндіру үшін ортаға Жамбыл ауылына кезек берейік.
Келесі кезекті Абай ауылына береміз. Бесікке салу салт -дәстүрі.
1 жүргізуші:Тойла бүгін, тауларымен боз далам
Тойла бүгін қарттарымен боз бала
Қайта оралған намысымдай Наурызым
Жана жыл боп қош келіпсін Наурызым
Балалар тақпақтары: Рахмет, Алия, Аружан
Ұлдар биі: Көкпар биі
Ойын : Арқан тарту, Асық ату
2 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз- жыл басы
Наурыз- жана серпін, жана леп.
Қыздар биі: Көктем
1 жүргізуші: Наурыз- көктем мерекесі
Наурыз-ән мерекесі
Наурыз- би мерекесі.
2 жүргізуші: Қазақтың дастарханы Наурыз мейрамына мол жайылады. Қазағымыз Ұлыстың –ұлы күні Ақ мол болсын деген ниетпен дастархан басына ақ тағамдарды көп қойады.
Баршаларыңызды дастархан басына шақырамыз.
Ән : Дастархан
1 жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Келесі жылы амандықта кездесейік.
Сөз кезегін тәрбие жөніндегі меңгерушісі: Қазанбаева А.А беріледі.
Ақмола облысы, Астрахан ауданы Астрахан № 1 орта мектебі
мұғалімі Есимсеитова Гульжан Касымхановна
Сыныптан тыс шара » Бәрін білгім келді » бастауыш класс
Материал жайлы қысқаша түсінік:
бастауыш класс оқушыларына арналған шара.Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге
дағдыландыру
Төмендегі Сыныптан тыс жұмыс толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Сыныптан тыс шара » Бәрін білгім келді » бастауыш класс
Сейтжанова Закия Кыдыралиевна
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы «Аққұдық орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі
28.11.2019
2382
54
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
Өз пікіріңізді қалдырыңыз
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебінің
математика мұғалімі Кәсенова М.Н.
«Қызықты сағат»
Математикалық ойынның мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5-6- сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе — ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе — шегеріледі. Аукцион — сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.
Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.
С Ц Е Н А Р И І
— Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
— Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
— Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
— Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.
— Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?
— Ойынды бастайық!!!
1 ТУР
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
200. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
300. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
400. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
Ойлан, тап
100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
400. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)
Бөлшектер
100 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
200. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
300 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
400. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН — сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН — сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)
2 ТУР
Балалар
100.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5)
200.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
300.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
400 Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
Қызықты сұрақтар:
100.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
200. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
300 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
Логика
100.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
200. АУКЦИОН — сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
300. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
400. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
Сандар
100. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
200.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
300.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөліне
400.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? тін сандар 2;3;7)
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.
06.02.2018
Сыныптан тыс іс –шараның тақырыбы: «Тіл-ұлттың жаны»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында көп сөйлеуге өз пікірін жеткізе білуге ынталандыру.
Дамытушылық: ойын барысында оқушылардың ауызша ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: туған тілін сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс –тәсілі: сұрақ –жауап, сөзжұмбақ
Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, тіл туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқушыларға сәттілік тілеу.
ІІ.
Сайыс сабақ. Құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар! Біздің сайысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі “Тіл ұлттың жаны” атты іс-шарамыз Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналады. Алдымызға қойылған мақсат–қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Оқушылардың тіліне, еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сайыстың барысы:
1. “Жедел жауап”
2. “Сөз мәйегі- мақал”
3. “Полиглот”
4. “Ойлан тап”
5. “Қызықты ұйқастар”
6. “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы “
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл-халық тарихы, тіл –ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз.
Біздің Отанымыз–Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Гимні, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол-әрине, қазақ тілі.
-Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық. Қатысушылар
-7, 8-сынып оқушылары. Оқушылар екі топқа бөлінген. Әр топ өзін-өзі таныстырады.
l . “Жедел жауап”
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
l топ:
1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана)
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)
3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
5. Қазақстанның ел басшысы кім? (Н.Назарбаев)
6. Жеңіс күні (9 мамыр)
7.Тышқаннан қорқатын аң (піл)
8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)
9. Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)
10. Қыстың бірінші айы( қаңтар)
ll топ:
1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
2.Қазақстан тарихында неше астана болды? (4)
3.Көктемнің бірінші айы (наурыз)
4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
5.Бір жылда неше күн бар? (365)
6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
7. Бала оқытатын адам (мұғалім)
8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту, елтаңба, гимн)
9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)
10.Абайдың шын аты (Ибраһим)
2-жүргізуші: Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
1-жүргізуші: -Мемлекеттік тіл-Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып, оның 4 бабында ”Қазақстан Республикасыны мемлекеттік тілі –қазақ тілі” екені жазылған.
ll бөлім “Сөз мәйегі-мақал”
Келесі сайысымыз, сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге береміз. Мақалдардың
жалғасын табу.
l топ:
1.Ең тәтті де-тіл, ….. (ең ащы да-тіл).
2.Отансыз адам- ….(ормансыз бұлбұл).
3.Тіл- қылыштан.….(да өткір).
4.Өнер алды- …(қызыл тіл).
5.Отан….(оттан да ыстық).
6. Оқусыз-білім жоқ, …..(Білімсіз күнің жоқ).
ll топ:
1.Жүз сом ақшаң болғанша,….(жүз досың болсын).
2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі).
3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба).
4.Мектеп- кеме,……(білім теңіз).
5.Жақсы жолдас- жанға серік,…..(жаман жолдас- малға серік).
6.Шебердің қолы- ортақ,…..(шешеннің –тілі ортақ).
2-жүргізуші: -Армысың, ардақты анам-қазақ тілім,
Бір өзіңнен тараған өнер –білім.
Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы,
Жарқын болсын әрқашан келер күнің!
-Енді келесі сөзді мына оқушыларға берейік. Содан кейін, әрі қарай сайысымызды жалғастырамыз.
.
1-жүргізуші:
lll бөлім “Полиглот”
Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам. Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот”дейді. Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс, қазақ, ағылшын тілінде шешу.
l топ:
1.Темір тілді,
Күміс үнді. (қоңырау, звонок ……)
2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар, снег…..)
3.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда…..)
4.Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың. (мектеп, школа……)
5. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга…….)
ll топ:
1.Сырты тәтті,іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма, яблоко….)
2. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы, лыжи…..)
3.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар.(бор, мел……
4.Жесең ащы,
Көзіңнен шығар жасы.(пияз, лук……)
5.Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып. (бұлт, облако…….)
Сөзжұмбақты шешу.
3
7
50
100
Қай топ тез осы цифрларымен сөздер құрастырады?
(Үшқұдық, Жетісай, Жетісу, Елубай, жүзім)
III бөлім «Бәйге»
Мәңгі бақи есте қалар, Қызықты бір ойын болсын. Тек білімді шәкірт озар, Сұрақтары қиын болсын.
Сұрақтар:
1. Табиғатты игеру үшін кім керек? (адам) 2. Табиғатты қандай заттар құрайды? (орман, тау, өзен, су, ағаш) 3. Әр адамның
шағын Отаны? (отбасы) 4. Судың үш күйін ата? (қатты, сұйық, газ) 5. Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата? (Каспий, Арал, Балқаш) 6. Ауа температурасын өлшейтін құрал? (термометр) 7. Кеуде қуысының сол жағында орналасқан өз жұдырығыңдай мүше? (жүрек) 8. Өсімдік мүшелерін ата? (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым) 9. Табиғат заттары мен құбылыстарын көріп, ұстап, тыңдап, естіп, зерделеу жұмыстары. (бақылау әдісі) 10. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? (құбылнама)
« Қызықты сұрақтар » кезеңі. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі.
1) Шай қайнатып шағала,
Бәрін шайға шақырды.
Келді тоғыз шағала,
Неше шағала шай ішті? (10)
2) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)
3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)
4) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Екеуі де тең)
Берілген сөзден кез-келген
бір-бір буын алып, сөз құрау. 10 ұпаймен бағаланады.
АҚТӨС
ҚОРА
ҚАП-ҚАРА
ШАНА
АЛАТАУ (Шешуі: аққала)
ТЫШҚАН (шешуі: қошақан)
Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлеміне саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.
Міндеттері:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;
Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;
Сабақ түрі: интеллектуалды ойын
Сайыстың барысы:
Мұғалім:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
7 –8 сыныптар арасында өткізілетін «Биология әлеміне саяхат» атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл — тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, — деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі ойынға әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысады. Алдымен топ ішінде өзара ақылдаса отырып топтың лидерін, топтың атын, және девизін ойластырасыздар, сонымен қатар сіздерге берілген эмблеманың мәнісін түсіндіресіздер. Ол үшін сіздерге 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топта сайлаған лидер таныстырады.
Ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз, ол үшін ойынның барысымен және шарттарымен таныстырып өтейік. Ойын 7 сайыстан тұрады:
I сайыс: Ұлы және белгілі ғалымдар
II сайыс: Жұмбақ әлемінде
III сайыс: Пантомима
IV сайыс: Кім білгір?
V сайыс: Абракадабра
VI сайыс: Өсімдіктер әлемінде
VII сайыс: Жануарлар әлемінде
Мұғалім: Олай болса I сайысымызды Ұлы және белгілі ғалымдар бастаймыз. Онда келесідей ережелер мен шарттар белгіленген:
4 сұрақ берілген, әрбір дұрыс сұраққа 10 балл;
Сұраққа бір ғана нақты жауап қабылданады.
1. Алғаш рет биологиялық білімдерді жіктеп, жануарларға қарапайымдарынан күрделілеріне дейін ретімен орналастырып жіктеу жасаған ғалым. (Аристотель).
2. Алғаш рет биологиялық білімдерді жіктеп, жануарларға қарапайымдарынан күрделілеріне дейін ретімен орналастырып жіктеу жасаған ғалым. (Роберт Гук).
3. Біржасушалы организмдерді микроскоп арқылы зерттеген. (Антони ван Левенгук).
4. Эволюциялық теорияның негізін қалаған. «Адаманың шығу тегі» деген еңбегін жазған ғалым. (Чарльз Дарвин).
Ойын шарттары сіздерге түсінікті ме? Олай болса бастайық, іске сәт!
II сайыс: « Жұмбақтар әлемінде»
Жұмбақтардың жауаптарын қазақша, орысша, ағылшынша айту керек.
1. Мойны сұрақ белгісі.Бұл қандай көл құсы? (аққу, лебедь, swan)
2. Көк ала шапан киеді, күннің көзін сүйеді? (қарбыз, арбуз, watermelon)
3. Ақкөйлектікөкжелек,
Ормандаорныбірбөлек.
Әнніңатыдеседі,
Сыздыжердеөседі, бұл не? (қайың, береза, birch)
4. Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп? (тырна, журавль, crane)
III сайыс: Пантомима
Бұл кезең «Крокодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.
Бұл ойынның шарты сөйлеуге болмайды, сөйлеген жағдайда есептелмейді. Әрбір дұрыс табылған сөзге 10 баллдан беріледі, әрбір суретке 40 с уақыт беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса бастаймыз!
Енді ойынымыз қызықтырақ болу үшін тапсырманы қиындатамыз, енді сіздер қандай да бір биологиялық процесті табуларыңыз керек, мысалы тыныс алу, жеке даму деген сияқты. Ол үшін 2 немесе 3 адам шығуына болады, сіздерге күрделігіне қарай 1 мин уақыт беріледі.
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсету
2. Судан шығып қалған балық.
3. Мысықтан қорқып қашқан тышқан.
4. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу.
IV сайыс: Кім білгір?
Сұрақтар 2 категорияға бөлінген, әрбір категорияда 10 баллдан 50 баллға дейін бағаланған сұрақтар берілген, сұрақты таңдау топтың еркінде;
Берілген сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сұраққа белгіленген балл топтың қоржынына кіреді;
Ал дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, жауап беру құқығы қарсыластарға беріледі.
Жануарлар дүниесі:
-
Көбелектің дернәсілі қалай аталады? (жұлдызқұрт).
«Неше жыл өмір сүреміз», — деген сұрақты қандай құсқа қоямыз? (көкек).
Ең ірі сүтқоректі (піл).
Қандай құстар ұшпайды? (түйеқұстар).
Қандай жануарлар сусыз көп уақыт жүре алады? (түйелер).
Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар дүниесі:
Қандай организмдер өмір бойы өседі? (өсімдіктер).
Теңіз қырықжапырағында қандай антисептик жиналады? (йод).
Қандай саңырауқұлақсыз нанды пісіре алмаймыз? (ашытқы).
Бұлан қандай саңырауқұлақпен емделеді? (шыбынжұт).
Ең биік ағаш (секвойя).
V сайыс: Абракадабра
Берілген әріптерден өсімдіктер түрлерінің атауларың құрастыру қажет.
1.ТАҚАРҚА (қарақат)
2. АННАБ (банан)
3. МҰРАЛТ (алмұрт)
4. НҰЛЫПАЙҚ (құлпынай)
VI сайыс: Өсімдіктер әлемінде
Б ерілген суретте жемістер мен гүлдердің сәйкестіктерін табыңдар.
VII сайыс: Жануарлар әлемінде
Презентацияда табиғатта жоқ жануарлар бейнеленген. Осы тірі организмдер қандай екі жануарлардан қосылып, түзілгенің анықтау қажет.
Рефлексия
Сізге ойын ұнады ма,қандай әсер алдыңыз? __________________________________________________________________
Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады
__________________________________________________________________Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?
__________________________________________________________________Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?
Қорытындылау:
Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Өздеріңіздің жинаған баллдарыңызды санап шығыңыздар.
Сонымен бүгінгі «Биология әлеміне саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Алда әлі де биік — биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
I сайыс: Ұлы және белгілі ғалымдар |
1 топ |
2 топ |
II сайыс: Жұмбақ әлемінде |
||
III сайыс: Пантомима |
||
IV сайыс: Кім білгір? |
||
V сайыс: Абракадабра |
||
VI сайыс: Өсімдіктер әлемінде |
||
VII сайыс: Жануарлар әлемінде |
||
Қорытынды |