Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл»
Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
Тәрбиеші сөзі: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30 жыл» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:
Кіріспе.
1.Тәуелсіз ел- Қазақстан.
2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
3.Тарихи оқиғалар тізбесі.
4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер
5. Қорытынды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
1-жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
1-жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздік алуы — халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгнді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
М. Шаханов « Төрт ана» Оқитын:
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы айбыны,
Туған тілі- сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайды қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-тердің ұлысы!»
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.
1-жүргізуші: Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1-көрініс.
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір: «Тақсыр! Қазақтар келіп тұр»
Хан: «Кірсін!»
«Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтататындарыңды айтыңдар да, елдеріңе қайтыңдар!»
Қазыбек: «Біз – қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ табысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт »
Хан: «Балам, атың кім?»
Қазыбек би: «Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек »
Хан: «Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын»
1-жүргізуші:
Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. 1723 жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқандқа, кейбір тайпа-рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Сөйтіп бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы деген атауға ие болады.Көрініс: «Ақтабан шұбырынды». Фон: « Елім-ай» әні жүріп тұрады.
2-жүргізуші: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу-ызасын тудырды.
Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
Махамбеттің өлеңінен үзінді.
«Мен, мен едім, мен едім…» Оқитын:———————————————
«Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсамдеп едім»
1-жүргізуші:
Ән: «Жаным қазақ». Орындайтын Иманғазы Азат.
1-жүргізуші:
1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп негізгі күн көрісі мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды. Сол жылдарды бейнелейтін видиороликке назар аударайық
Слайд: «Ашаршылық 1930 жылдары»
2-жүргізуші:1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде 4жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.
(Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)Слайд 1.
1-жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
2-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет-бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандары.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қолаңтаны қоздатқаның
Тұншықса да, түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтатып кете барған боздақтарын.
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы жылдарына тоқталайық.
«1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді» .Экранға назар аударайық.
( Кеңес Одағының Батырлары — Видиоролик)
Ән: « Мен қазақ» орындайтын: Самигулов Мирас
1-жүргізуші:
1986 ж. желтоқсаны.
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды.
2-жүргізуші:
Сол тарихи күндердің куәгері, сол кездегі Қазақ мемлекеттік университеті Философия факультетінің студенті, қазіргі таңда мектеп – интернаттының тәрбиешісі Жумагалиев Кенжемұрат Кукашеевич сол Желтоқсан оқиғасын өзі баяндап берсе.
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазақққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Қақаған қыстың ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жан шыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.
1-жүргізуші: Көрініс «Желтоқсан оқиғасы»
Ербол: — Қыздар, мен газет әкелдім.
Сәбира: — Не жаңалық шығыпты? — КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.
Қайрат: — Колбин деген кім екен? — Қайдан келіпті?
Гүлнар:- Колбин Ульяновтан келіпті.
Ербол: — Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
Ләззат: — Біз демократияны талап етеміз.
Қайрат: — Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға барайық!
Қайрат Рысқұлбековтың соңғы хаты. Оқитын Аманғали Данияр
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма, сорыма.
Біріншіден, мен анамды сағындым!..
Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?!
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман-саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім.
Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,
Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.
Айналайын қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?…
Айналайын інішегім, құлыным,
Сені ойласам, үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Қетіп барам мен айдауға, құлыным.
Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де,
Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашан да,
Бостандықта кездесеміз әлі де…
( артқы фонда «Желтоқсан желі» әні)
2-жүргізуші:
Ән «Қара бауыр қасқалдақ» орындайтын: Серік Мейірім
1-жүргізуші: Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат,Сабира сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
2-жүргізуші: 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
1-жүргізуші:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы асыға күткен бұл күнім
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым
Тәуелсіз Қазақстаным!
«Егемен Қазақстан» әні. Орындайтын :Серікбай Нұрбақыт
1-жүргізуші:
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан –бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Би. «Қара жорға»
1-жүргізуші:
1991-2021 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жеткенің көрейік .Экранға назар аударайық.
(Тәуелсіздіктің жетістіктері. Видиоролик)
1-жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы қайратты, қаhарман.
2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құрметте.
1-жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін!
2-жүргізуші: Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!
Той тойға ұлассын!
Тақырыбы: «Біз – тәуелсіз елміз»Мақсаты:– Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.– Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.– Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.Кіріспе– Қазақстан Республикасының гимні. Хор.Мұғалім сөзіТәуелсіздік бізге оңай келмеді.Жұртым менің не қиындық көрмеді?Жылап тұрып аналарым бұл жолда,Сан перзентін қара жерге жерледі.– Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.Асау аттай өз тізгінін бермеді.Қазағымның алтын басын иілтіп,Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі1986 жылы 16 – желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?– Біздің Отанымыз -….– Біз қай ұлтпыз?– Қандай Республикамыз?– Біздің ана тіліміз қандай тіл?– Елбасымыз кім?– Балалар, біз қандай елміз?– Қай жылы тәуелсіздік алдық?– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
АқниетҚазақстан Республикасының Гимні – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
АйшатКөк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
ГүлзатЕлтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай – ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
1 – оқушы ЕрнұрСол бір сәтте бұлт торлады аспанды,Алатаудың көзінен де жас тамды.Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2 – оқушы Анель.Қатыгездік жұдырығы түйіліп,Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,Желтоқсанда шықты үлкен алаңғаАта – баба аруағына сыйынып.
3 – оқушы. Арсен«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,Қазаққа күйе жаққан күн,Базары кетіп, бір түндеҚайғыға халық батқан күн.
4 – оқушы. АйшатНамыс үшін күрессең мазақтар кім?Құлға айналу азабы азаптардың.Қаны төгілді желтоқсан алаңында,Бодандыққа көнбеген қазақтардың.Көрініс– Қайрат пен тергеушіТергеуші:– Сен 13 – желтоқсан күні, сағат 10 – да қайда болдың?Қайрат– Жолдастарымен бірге Фурманов көшесіндеТергеуші– Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.Қайрат– Мен оны көргенім жоқТергеуші– Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.ҚайратКүнәдан таза басым бар,Жиырма бірде жасым бар.Қасқалдақтай қаным бар,Бозторғайдай жаным бар.Алам десең алыңдар,Қайрат деген затым бар.Қазақ деген атым бар.Еркек тоқты құрбандықАтам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).Анель:– Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 – ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.6 – оқушы АқниетӨктем билік қаралады, даттады,Бірақ Алла ақиқатты жақтады.Назарбаев атамды жұрт қалады.Түсті амалсыз Колбин деген атақты.7 – оқушы ГүлзатАлаңға шығып, ойын айтты жастарым,Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.Содан барып, тоңды еріді кеңестіңСодан кейін еркіндікті бастадым,8 – оқушы АрсенСол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.9 – оқушы АльмираЖелтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.Отан үшін отқа түссең күймейсің,Ізбасары болмай елге жақпаймыз.10 – оқушы ГүлімайЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 – желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 – минут үнсіздік)Хор: Атамекен.11 – оқушы ӘлібиАстана біздің сәніміз,Білім біздің нәрімізАзат елдің тірегіБолайықшы бәріміз.БекарысНұр атаның жолдауыХалықтың оны қолдауыБақыты үшін елінің,Болмайды еш сөз дауы!Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі.12 – оқушы ҚарақатБақтың құсы әр адамға қонып бір,О тәңірім бізді баққа жолықтыр.Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.13 – оқушы АйшабибіЖелдей еркін, түздей кең қандай азат,Мен қазақпын деген де қандай ғажап.Мақтан етсін халықтар халықтығынЖетер сан жыл шеккені азап.14 – оқушы Әбілхан16 – желтоқсанТәуелсіздік алған күн,Ерекше боп мәңгілікЕл жадында қалған күн.Жасай берсін ұлы күн,15 – оқушы ЕртилеуЖарқырап атар таңы бар,Жарқылдап айтар әні бар.Әні бар, теңіз дәні бар,Айналдым сенен Отаным!АнельЕлім бар да мен бақытты ұланмын.Елім сүйсе, сенімінен шығармын.Елім менің көтермесе елдігінНамысымның биігінен құлармын.Шығармашылық жұмыс1 – топ: Елбасына құттықтау хат жолдау2 – топ: Тәуелсіз елміз әңгіме жазу
Атырау облысы, Индер ауданы,М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебініңбастауыш сынып мұғаліміТулегенова Гулаим Едиловна
ҚорытындыСонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі – сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақХор: Көк тудың желбірегені
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Тақырыбы: «Біз — тәуелсіз елміз»
Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
— Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
— Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986 жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
«Ой ашар» сұрақ — жауап әдісі
— Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
— Біздің Отанымыз -….
— Біз қай ұлтпыз?
— Қандай Республикамыз?
— Біздің ана тіліміз қандай тіл?
— Елбасымыз кім?
— Балалар, біз қандай елміз?
— Қай жылы тәуелсіздік алдық?
— Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
— Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( әнұран, көк байрақ, елтаңба)
Ақниет
Қазақстан Республикасының Гимні — бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Айшат
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
Гүлзат
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай — ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
1 — оқушы Ернұр
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2 — оқушы Анель.
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата — баба аруағына сыйынып.
3 — оқушы. Арсен
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
4 — оқушы. Айшат
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
— Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
— Сен 13 — желтоқсан күні, сағат 10 — да қайда болдың?
Қайрат
— Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
— Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
— Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
— Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
Анель:
— Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22 — ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.
6 — оқушы Ақниет
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7 — оқушы Гүлзат
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8 — оқушы Арсен
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9 — оқушы Альмира
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
10 — оқушы Гүлімай
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 — желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 — минут үнсіздік)
Хор: Атамекен.
11 — оқушы Әліби
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Бекарыс
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
12 — оқушы Қарақат
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
13 — оқушы Айшабибі
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
14 — оқушы Әбілхан
16 — желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
15 — оқушы Ертилеу
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
Анель
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Шығармашылық жұмыс
1 — топ: Елбасына құттықтау хат жолдау
2 — топ: Тәуелсіз елміз әңгіме жазу
Атырау облысы, Индер ауданы,
М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тулегенова Гулаим Едиловна
Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Хор: Көк тудың желбірегені
Тәуелсіздік тұғырым
Балабақшадағы ертеңгіліктер- admin
- 24.10.2019
- 0
- 1
- 41786
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
«Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп» КММ
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
Тайпақова Гаухар Исабековна
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
— Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жақсы балалар.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Біздің Отанымыз Қазақстан — тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Каусар.
Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Сабина.
Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.
Дінмұхаммед.
Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да
Алмас.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Мерей.
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел
Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!
Би «Алға Қазағым»
Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
— Балалар рәміздерімізді кім атап береді?
Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға Рамазан. Нұржігіт.Зерде келе қойыңдар.
Рамазан.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Нұржігіт.
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Зерде.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім — Елтаңбам
Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі тақпақтарын айтуға балалар
Жібек. С.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Әлинұр.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Мөлдір.
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Қуаныш.
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Тәрбиеші:
Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай — деп
«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар!
Тәрбиеші:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,
Олжас.
Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
Диас.
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.
Аяла.А.
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным
Інжу.Қ.
Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған ауылым.
Інжу. З.
Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Тәрбиеші:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.
Жанел. Жандарбек.
Еркеназ.
Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Аиша
В День Независимости я
Стране желаю возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела шанс к мечте стремиться.
Жанель.
Родина моя – Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.
Данеля.
Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость так радость, беда не беда,
Гостям в каждом доме там рады всегд
Бота. Күтпеген сәт: Баланың түсі
Бала (Димаш): Әже, әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже: біссімілла неге шошындың бала?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді көрдім.
Әже: Е балам, ол сенің бақытың балам, Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні. Балам бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші сұрай ғой.
Бала: Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.
Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.
Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.
Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!
Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз
Деңсаулықпен әкелсін берекеңіз
Өзбек биін алып келген ортаңызға
Мұң бұралған бишілерді қарсы алыңыз
Биші қыздарымыздың орындауында өзбек биі «Назюлим» .
Орындайтындар: Мөлдір, Аиша, Зерде, Ботагөз, Каусар, Еркеназ.
Бахтияр.
Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.
Әділ.
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.
Тәрбиеші:
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет!
Балабақшадағы тәрбие сағаты.Тақырыбы:Тәуелсіздік тұғырым
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Материал балабақша тәрбиешілерінің ересек немесе даярлық топтарына керек.Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін қосып өтуге арналған материал.
Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек
Балабақшадағы тәрбие сағаты.Тақырыбы:Тәуелсіздік тұғырым
Дүйсенбаева Гүлнұр Беркінбайқызы
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы,Жаңатұрмыс ауылы.ЖШС «Шұғыла» балабақша тәрбиешісі
22.02.2020
5648
1
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады