??рметті: ?стаздар мен о?ушылар !
Б?гінгі «Шешендер шы?ты сайыс?а.» атты сайыс?а ?ош келді?іздер!
С?зге то?та?ан, ?ара с?зді? ?адір-?асиетін кие т?т?ан дана хал?ымызды? рухани-м?дени ?мірінде би-шешендерді?, оларды? артында ?ал?ан ба?а жетпес м?расыны? алар орны, ат?аратын ?ызметі ?лшеусіз екендігі баршамыз?а аян. Аузымен ??с тістеген ділмар да, шаршы топта д?йім ж?ртты та?дай ?а??ыз?ан шешен де, тілін а?ылына билетіп, ?серлі, у?лі с?з айт?ан к?сем де шы??ан ел арасынан.Біз «Шешендер шы?ты сайыс?а.» атты жас шешендер арасында осынау ??нды, киелі м?рамызды насихаттау?а арналды.
Сайысты? ма?саты:1.Кеме?гер шешендерді? — ?лгі-насихат?а толы ??мыр иелеріні? даналы? ой маржандарын, сырлы с?здерін бой?а сі?іру, адамды? ?асиеттерін ?йрену.
2.Шешендік ?нер, шешендік с?здер ар?ылы хал?ымыз -ды? ?деби бай м?расын, д?ст?рін ?адірлеуге т?рбиелеу.
3. Балаларды? ?з пікірлерін орта?а салу, ой ?орытынды- сын жасау ?абілетін дамыту, ?з бетінше ж?мыс істеу да?дысын ?алыптастыру.
Халы? ма?алдарында: «Тая? еттен ?теді, с?з с?йектен ?теді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жо?», «?ылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы с?зге арсыз ?ана то?тамайды», – деп с?зді айтушы?а да, о?ан ??ла? ?оюшы?а да биік талап ?ой?ан. Демек, шешенні? е? негізгі ??ралы – с?з. Ол тындаушыны? ж?регіне жетіп, ерекше сезімге б?леген.Б?гін сіздерді де б?лекше сезімге б?лейтін сайыс?а ?атысушыларымызды орта?а ша?ырайы?! Енді сайысты? ба?дарлама сымен таныстырылады.
Сайысты? кезе?дері:
І.“Тілді? майын тамызып, жас шешендер с?з саптар” (шешендік ?нер,шешен с?йлеу,?з ойын ма?ыналы,к?ркем с?здермен ж?йелі жеткізу)
ІІ.”?ле? –с?зге керегі,Дауысты? ?о?ыр м?нер (к?ркемс?з о?у-поэзия,проза, драмалы? шы?армалардан ?зінді)
ІІІ.?лтты? аспапта ойнау(домбыра,?обыз т/б)
ІV.”?нер алды-?ызыл тіл”(А?ындар айтысы)
І.Шешендік ?нерге байланысты берілетін та?ырыптар:
1. Т?ні сауды? – жаны сау
2. Ту?ан тілі – сатылмайтын байлы?ы. 3. Ел іші — ?нер кеніші.
4.Хал?ын с?йген – салтын с?йер
5.Ерлік білекте емес,ж?ректе.
6. Доссыз адам – жапыра?сыз а?ашпен те?.
7.Т?рбиесі жаман?а жа?сы ?стаздан пайда жо?.
8.Тіршілікті? к?ші-бірлікте.
9.Ырыс алды-ынтыма?
10.Отан-?уат,Отбасы-шуа?./
11.О?усыз білім жо?,білімсіз к?ні? жо?.
12. Баланы? бас ?стазы-ата-анасы
Айтыс?а берілетін та?ырыптар:
1.Дамуды? сыры-бірлікте,табысты? сыры-тірлікте
2.Т?уелсіздік –ел арманы
3.Досты?та жо? шекара
Б?гінгі сайыста ?атысушыларымыз?а табанда тауып с?йлер тап?ырлы?, топ алдында м?дірмей с?з бастайтын батылды? ж?не с?з сайысында саспайтын сабырлы болу?а ша?ырамын. Ендеше,сіздерге с?ттілік!
І.кезе? “Тілді? майын тамызып, жас шешендер с?з саптар”
Шарты:1.?атысушы та?ырып бойынша алдымен ?з ойын жеткізеді.
2.С?ра? –жауап с?ті(2с?ра?тан)
3.?орытынды ойын айтып,та?ырыпты т?йіндейді.
4.Шешендік с?здерден айтады.
ІІ. Кезе?.”?ле? –с?зге керегі,Дауысты? ?о?ыр м?нері” (к?ркемс?з о?у-поэзия,проза, драмалы? шы?армалардан ?зінді)
?ле? — с?зді? патшасы, с?з сарасы,
?иыннан ?иыстырар ер данасы.
Тілге же?іл, ж?рекке жылы тиіп,
Теп-тегіс ж?мыр келсін айналасы,-деп ?ле?ні? ?адірін,м?нін т?сіндірген болатын.
Келесі кезекті”?ле? –с?зге керегі,Дауысты? ?о?ыр м?нері” (к?ркемс?з о?у-поэзия,проза, драмалы? шы?армалардан ?зінділер о?у?а берейік.
ІІІ.?лтты? аспапта ойнау(домбыра,?обыз т/б)
Домбыра м?нша шешен болды? неге?
К?й тол?ан к?кірегі? шежіре ме?
Сыр ?оз?ап ?асырлардан ж?нелесін,
Сауса?ым тиіп кетсе ішегі?е, — деп ?асым Аманжолов жырла?андай ?аза? хал?ыны? бас?а халы?тардан ерекшеліктеріні? бірі ол ?зіні? ?лтты? музыкасыны? болуы. Атадан бала?а жеткен, ?адірлеп к?зіні? ?арашы?ындай са?талып, ?ымбат ?азына?а айналды. ?айма?ы б?зылмай жеткен б?л ?нерді? бір шы?ы домбыра к?йлері.Келесі кезекті ?лтты? аспапта ойнау ?неріне берейік.
ІV.”?нер алды-?ызыл тіл”(А?ындар айтысы)
Шешендік с?здер ?ашанда халы?ты? ?ажетті м?расы болып табыл?ан. Сонымен бірге олар – т?рбие ??ралы. ?аза? елі ?андай ауыр жа?дайда ?мір с?рмесін, ?зіні? би — шешендеріні? с?зін жадында са?тап, жаттап айта ж?руді, одан ?лгі — ?неге алуды то?тат?ан емес. Шешендер мен билер ?р?ашан шынды?ты айтып, аз с?зге к?п ма?ына сый?ызып, халы?ты? рухани ?ажетін ?теп отыр?ан. Шешендікті? негізгі ?асиеті – айтыл?ан ой?а тап?ыр, ?рі жедел жауап ?айтару. То?сан ауыз с?зді? тобы?тай т?йінін айту.Айтыс?а ?атысатын ?нерпаздарды орта?а ша?ырайы?.
V.?орытынды с?з.
Жинал?ан к?пшілік ?ауым!
?аза?ты? небір дуалы ауыз би-шешендеріні? с?з оралымдарын, айшы?ты, бейнелі с?з тіркестерін с?тімен пайдаланып,н?шіне келтіре орындап ?ана ?оймай, ?зара с?з ?а?ысулары, ?рымтал с?ра?-жауап алмасулары ?тымды шы?ып жатты. Тілімізді? с?улелі к?кжиегін, сан ?ырлы ?ызметін таныту?а жаса?ан талпыныс тары бала ?иялын дана ?иял?а ?штастыр?ан арман-тілектері де жарасым тауып, к?пшілікті? жанына шуа? ?ялатып, к??ілін жадыратты.Олай болса,шешендік ?нерді? м?нін т?сініп,?адір-?асиетін ??ынып,асыл м?рамызды ?з ?ажетімізге жаратып, са?тап,істі? м?нін екі ауыз с?збен шешеті тауып айтар тап?ыр болайы? достар!
Просмотр содержимого документа
««Шешендер шы?ты сайыс?а …» »
Поиск по сайту
«Бала би» интеллектуалды шешендік өнер сайысы
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: | Шокан Назгул Гайсаевна |
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 37.06 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |
Скачать
Просмотров: 78
Похожие материалы
- Сценарий мастер-класса «Поговорим о дружбе»
- Семья. Игровая программы для детей, родителей и бабушек
- Методическая разработка внеклассного мероприятия «Экскурсия в осенний парк»
- Линейка «Дети говорят телефону доверия — ДА!»
- Новогодние грамоты для учащихся
- Методическая разработка на тему: » А может не было войны»
- Путешествие в страну Пионерия
- Раздаточный материал к устному журналу «Тула — город мастеров»
- «И помнить страшно, и забыть нельзя…» (воспитательная работа)
- Сценарий праздника «Первый раз в первый класс»
Пән: Биология.
6 класс.
Ашық сабақ: Білгір биолог
Мақсаты: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Сыныпты 3 топқа:
1 — топ – Бәйшешек
2 — топ – Қызғалдақ
3 — топ – Жауқазын бөлу
Сайыс шарты:
1. Таныстыру.
2. Бізден сұрақ – сізден жауап.
3. Ойлан тап.
4. Кім тапқыр?
5. Топ басшылар сайысы.
6. Шешендік өнер сайысы.
7. Образға ену ойыны
8. Қорытындылау
1. Таныстыру:
2. Бізден сұрақ – сізден жауап
Бұл бөлімде топтардың әрқайсысына үш сұрақтан беріледі. Берілген сұрақтарға нақты және шапшаң жауап беруі керек. Жауап болмаған жағдайда келесі топқа жауап беруге мүмкіндік бар.
1) А) Қызыл кітап не үшін қажет
Б) Гүл құрылысын атаңыз.
В) Жапырақтың қызметі.
2) А) Тозаңдану дегеніміз не?
Б) Жылдық сақина қалай пайда болады?
В) Жеміс пен тұқым неден дамиды?
3) А) Микроскоптың құрылысын айтып беріңіз.
Б) Өсімдік ұлпаларын атаңыз.
В) Фотосинтез үрдісін ашқан ғалым.
3. Ойлан тап.
Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарларға қатысты сөздерді құрап жазу керек. Бұл жерде оқушының шапшаңдығы да бағаланады.
1. Ж, ұ, а,, т, л, п, ү, ы, п, а, р, л, к, і, а, қ. ( ұлпа, жапырақ, түлкі)
2. Г, ж, қ, а, ү, а, с, қ, с, у, л, ы, р, ш, а. (гүл, жасуша, қасқыр)
3. Ж, е, т, ү, й, м, і, а, р, е, к, ы, р, с, м. (жеміс, тамыр, үйрек)
4. Кім тапқыр? Ойыны.
Ойынның шарты: сандықта қандайда бір жеміс немесе көкөніс жасырылады. Сұрақты оқығаннан кейін, сұраққа бірден жауап берсе, 5 ұпай алады. Ал, егерде көмекке 2 — сұрақты алса – 3 ұпай, 3 — көмекті алса – 1ұпай алады.
1 — Топ. А) Бұл өсімдікпен, Ежелгі Египетте пирамида жасап жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.
Б) Бұл өсімдікте фитоницидтер өте көп, оны тұмау ауруымен ауырғанда пайдаланады.
В) жуаның інісі (Сарымсақ)
2 — топ. А) бұл жемісті бетті күтуде, маска жасауда, беттегі секпілді кетіруде пайдаланады.
Б) оның құрамында 98 пайыз су бар.
В) огурцыдың қазақша атауы. ( қияр)
3 — топ. А) Бұл өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Оның шырыны асқазан ауруына ем.
Б) Бұл өсімдіктен спирт, крахмал алынады, мал азығы ретінде де пайдаланылатын техникалық өсімдік.
В) көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтуге болады. (картоп).
5. Топ басшылар сайысы. Әр топ басшылары қоржындағы асықтар бойынша тапсырмалар таңдайды.
1. Тірек — сызбаны аяқтаңыз. Тозаңдану
2. Тәжірибені баяндаңыз:
3. Есепті шығарыңыз: 1 га жердегі жас терек 1 жылда 300 кг шаң жинайды. Ол 15 жылда қанша шаң жұтып қалады. (4500 кг).
6. Шешендік өнер. Берілген тапсырмалар бойынша жауап беру. Оқушылардың сөйлеу мәнері, сөз саптау, сөйлем құрай білуі қарастырылады. ( 5 минут)
1. Өсімдіктердің пайдасы.
2. Жануарлардың пайдасы.
3. Жануарлардың зияны.
Қонақтармен ойын:
1. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).
2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады).
Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан өсімдік бар,
Соларды топтастырып, жүйеге сап
Ғылымда өз алдына атайды
(Түр)
Түрлерді топтастыру ол да дұрыс
Ол тобын өсімдіктің дейді
(Туыс)
Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас өсімдік тобы
(Тұқымдас)
7. Образға ену.
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсетіңіз.
2. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болыңыз.
3. Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз.
Тақырыбы: Шешендік өнер.
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру.
- Дамытушылық: Балалардың өз пікірлерін ортаға салу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: Шешендік өнер, шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақ халқының шешен-билерінің суреттері. Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің слайдтары.
Сабақ түрі: Сайыс сабағы арқылы тіл ұстарту.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, шешендік сөздер мен
мақал-мәтелдер сайысы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу
ә) Әнұранмен сабақты бастау
б) Кезекші арқылы
оқушыларды түгелдеу
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрап тексеру.
- 98- беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе:
Мұғалім:
Балалар, бүгін біз сабақта шешендік өнермен таныса отырып, қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, шешендік сөздердің түрлері, шешен-билердің өмірі мен шығармашылығын біліп, үйренеміз. Сондықтан бүгін біз сайыс сабағы арқылы өз білімдерімізді әрі қарай жетілдіріп, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеуге дағдыланамыз.
- Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу:
- – Шешендік өнер дегеніміз не?
— Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің шығуымен,
қалыптасуы.
- – Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
— Шешенік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда болуына
байланысты.
- – Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?
— Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика деп
атайды.
- – Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған?
— Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим
империясынан басталған.
- – Оның алғашқы негізін салушы кім болған?
— Оның алғашқы негізін салушы грек, софист Протагор болған.
- – Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді аламыз?
— Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға аларымыз әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз.
- — Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға болады?
— Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға болады.
- Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері.
Біріншіден: қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.
Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да — халық.
- Шешендік сөздердің түрлері.
а) Жаңа сөздермен жұмыс.
арнау – посвящение
толғау – размышление
дау-спор
сын – критика
әзіл – шутка
бата- пожелание
нақыл – изречение, назидание
мысал – басня
заттық – вещественный
рухани- духовный
әдет-обычай
құндылық – ценность
тапқырлық — находчивый
Шешендік сөздердің түрлері |
ә)
сәлем
— бір адамға арнайы айтылған сын
әзіл
бата
шешендік нақыл
шешендік мақал
шешендік мысал
шешендік жұмбақ
шешендік жауап
Мәселелерді реттейтін әдет заңы
заттық
рухани
Шешендік сөздердің құндылығы
шындығы
тапқырлығы
б) Осы берілген сызба бойынша әнгіме құрап айтыңдар.
- Мұғалім: Қазақ халқының атақты шешен- билерімен танысайық.
Төле би 1663 — 1756
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Қазыбек би 1667 – 1763
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы «Тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан.
Әйтеке би 1689 — 1766
Әйтеке Байбекұлы — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың немересі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.
Мұғалім: Міне балалар, біз үш бидің өмірімен қысқаша танысып шықтық. Ал енді сол билер айтқан шешендік сөздерді жатқа айтайық:
1 оқушы: Төле би сөзі:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
2 оқушы: Қазыбек би сөзі:
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын.
Сыйлас болса – нағашың жақын.
3 оқушы: Әйтеке би сөзі:
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаса серт қиын.
5.Мұғалім: Сөз өнері, тіл мәдениеті.
Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал-тәсілдерді, қарым-қатынас мақсатына қолдану (теңеу, метафора, салыстыру, эпитет). Міне, егер осы талаптар болса, сөз шешендікке жалғасады.
Ұлағатты сөздер сайысы.
- Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз. (Э.Ренан).
- …. Сөз өнері, сөз жоқ , ардың ісі. (М.Шолохов)
- Адам сөзді шыңдай білген жағдайда ғана шешен болады. (Қайқауыс).
- Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың. (М.Горький).
- Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. (М.Әуезов).
- Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт – санасының белгісі.
( Б.Момышұлы).
- Мұғалім: Сабақты қорыта отырып, сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында «Вен» диаграммасымен жұмыс жасаймыз.
Төле би
Қазыбек би Әйтеке би
- Үйге тапсырма 1) Билер туралы қысқаша әңгіме бойынша түсінік
2) Шешен — билердің сөздерін жаттау.
- Бағалау.
Шешендік өнер
Әдістемелік көмек- admin
- 24.01.2017
- 0
- 2
- 17197
«Қаратөбе мектеп – гимназиясы» КММ
Факультатив, 1 – сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Кетебекова Көркем Урынкабыловна
Қаратөбе мектеп-гимназиясының әдістемелік кеңесінде қаралып, аудандық білім беру бөлімінің эксперттік кеңесіне ұсынылды.
Хаттама №1 31 тамыз 2016 жыл.
Жасақтаған: Бастауыш сынып мұғалімі К.У.Кетебекова.
Рецензенттер: Аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сынып пәндерінің жетекшісі: Г.Б.Сагинова.
Бастауышш сынып бірлестігінің жетекшісі: 1 санатты бастауыш сынып мұғалімі Т.К.Әтшібай
Пікір
«Шешендік өнер» факультативі 1 – сынып оқушыларына ана тілі пәніне негіздей отырып, кеңейтіп оқыту негізінде құрылған. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларына ата – баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
«Шешендік өнер» факультативі оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Би-шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
Түсінік хат
«Ел боламын десең, бесігінді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден–бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік өнер болса, ауыз әдебиетінің бір саласы. Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелеу- мұғалімнің міндеті, ата – ананың парызы. «Шешендік өнер» бұл орайда көмекші құрал бола алады. Ол мұғалімге бағыт бағдар береді. Ал балаларды көркем және шебер сөйлеуге тәрбиелейді.
Оқушыларды “Шешендік өнерге” баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларына ата – баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі — өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
1- сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Би–шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
Сондықтан да оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетік меңгеріп, шебер сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Шешендік өнер» факультативінің маңызы зор.
Шешендік сөздер-сонау ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл мұра. Бұл көркем сөздер терең мағыналы, әр сөздің астарында тәлімді ойлар жатады. Сонысымен де тыңдаушысының нысанасына дөп тиіп, көңілге берік ұялайды. Дана халқымыз ол сөздерді өнердің падишасына балап, шешендікті терең меңгерген адамды қадір тұтып, кемеңгер сөздерді «шешендік сөздер» деп дәріптеген.
Данышпан халқымыздың басты байлығы — өте көнедегі тасқа қашалып жазылған ескерткіштеріміздегі киелі таңбалардан бастау алған қара қылды қақ жарған би-шешендердің теңіздей терең нақылдарымен сабақтасып, от тілді орақ ауызды ақын-жазушылардың қарымды қаламынан туған қанатты сөздермен толысқан ұлы ана тіл атты теңдессіз қазына. Оқушыларға осы қазынаның қыр-сырын меңгертудің бір жолы-«Шешендік өнер» факультативін оқыту.
Факультатив аптасына 1 сағат, 33 сағатқа құрылған.
Факультативтің мазмұны: Факультатив «Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары.», «Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер», «Төрт түлік жырлары», «Ерлік – ел есінде», «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.» атты бес тараудан тұрады.
Бағдарламаның кіріспесінде «Шешендік өнер»факультативінің мақсат мен міндеттері туралы түсінік беріледі.
Алғашқы тарауы қазақтың шешендік өнерінің қалыптасуы, Төле би, Қаз дауысты Қазбек, Әйтеке би т.б. билердің шешендік өнерде алатын орнын білгізу. Екінші тарау арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілер, аңыздар, әңгімелері таныстырылады. Үшінші тарауда қазақтың төрт түлік жырлары туралы мағлұмат береді.ал төртінші тарауда қазақ батырларының өмір баяны мен жырлары туралы мәлімет беріледі. Соңғы бесінші тарауда бата, жұмбақ, айтыс, нақыл сөздер, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, санамақтар, өтірік өлеңдерге талдау жасалып, сөйлеу мәнерлілігі жөнінде білім, білік-дағдыларын қалыптастыру көзделген.
Факультативтің мақсаты:
• Оқушы қазақ халқының би-шешендерінің нақыл сөздерін үйрену арқылы сөйлеу қолданысында пайдалана білуді;
• Шешендік өнер дәстүрін бойларына сіңіру арқылы ой жүйелілігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіруді;
• Өз бетімен жұмыстану арқылы танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды;
• Шешендік сөздерді болашақ шығармашылығында ұтымды пайдалана білуге үйретуді көздейді.
• Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйрету.
Факультативтің міндеттері:
• Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру:
• Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
• Шығарманын түпкі мазмұн – мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
• Өзіндік ой – пікірін айта білуге баулу;
• Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
• Шешен сөйлей білу үшін жүйрік ойлай білуді маңыздылығын меңгерту;
• Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау;
• Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін ашуға үйрену;
• Тұжырымды сөздерді көркемдігіне талдау арқылы пайымдауға, салыстыра талдауға үйрену;
Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар:
• мәнерлі, астарлы, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
• сөз өнерінің мәнін жете түсіну;
• өз ой-пікірлерін көп алдында тиянақты да нақты жеткізе білу;
• ұлттық құндылықты бағалай білу;
• берілген тапсырманы міндетті түрде орындау.
Факультативті қорытындылау формасы:
Пікірталастың түрлері ойбөліс, ойталқы, сөзталас түріндегі дидактикалық ойындар,сұрақ–жауап, бес жолды өлең.
Бағдарламаның мазмұндық бөлімі
Кіріспе (1 сағат)
«Шешендік өнер» факультативі туралы түсінік. Оқушыларды факультативпен таныстыру.
І тарау
Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары.
(7 сағат)
Кіріспе: Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы. Қазақ шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарына ортақ Орхон-Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұралар болып табылатындығы. Қорқыттың нақыл сөздері. Алғашқы шешендер Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен. Қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, олардың шешендік өнерді дамытуға қосқан үлестері. Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би шешендік өнердегі орны.
Мақсаты: Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі мен нақыл сөздерін; билер сөзіндегі тапқырлық, ұтқырлық мәселесін; Билердің шығармаларындағы шешендік пен парасатты; Тіл шеберлігіне қойған талаптарын және жазба әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы қанатты сөздерді меңгеруі тиіс.
Міндеті:
— Қазақ шешендік өнерінің тарихын, Қорқыттың, Майқы би, аяз билердің шешен сөздерінің мәнін аша білу.
— Үш жүздің ұлы билерінің даналық сөздерін жатқа білу,
Бөлімнің теориясы: 1. Қазақ шешендік өнерінің тарихы.. (қазақ шешендік өнерінің шығу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдері)
Қорқыт ата нақыл сөздері.. Қазақ шешендік өнеріндегі Майқы би мен Аяз би тұлғалары, олардың шешендік сөздерінің мәні мен маңызы.
(Майқы би мен Аяз бидің шешендік сөздері, мәні, ерекшелігі, маңызы) . Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше шешен
(аталған би-шешендердің шешендік сөздері, мәні мен маңызы)
Өзіндік оқу әдебиеттері: Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері», Алматы.Ғылым,1984ж, Б.Адамбаев «Алтын сандық» Алматы 1989ж. «Ел аузынан:Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985,
Н.Төреқұлұлы «Қазақтың жүз би-шешені»Алматы.Қазақстан -1995.
Оқушы шығармашылығы: 1. Би – шешендердің шешендік сөэдерін жаттау.
ІІ тарау
Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер
(4 сағат)
Кіріспе: Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілердің яғни аңыздардағы, ертегілердегі, әңгімелердегі шешендік сөздердегі тапқырлық, олардың шешендік өнерді дамытуға қосқан үлесі
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді тауып, ерекшелігін анықтау, бір-бірінен ажырата білу.
Міндеті:
— Аңыздардағы бейнелі ойлардың мәнін ашу,
— Ертегілердегі шешендік сөз үлгілерінің белгілерін табу, астарындағы негізгі түйінін ашу
— Оқушылар әңгімелерден шешендік сөздер құрауы тиіс.
Бөлімнің теориясы:
Алдаркөсе мен шықбермес Шығайбай. (Ертегіні түсініп алып, екі кейіпкерді талдау, талқылау.) Қожанасырдың хикаялары. (Қожанасыр туралы мәлімет беру, шешендік сөздерін талдау.) Төрт тентек (әңгімесінен бейнелі сөздерді табу.) Әділ төрелік ( мәні маңызы)
Өзіндік оқу әдебиеттері: «Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985, Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері», Алматы.Ғылым,1984ж, Б.Адамбаев «Алтын сандық» Алматы 1989ж. «Ел аузынан:Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985,
Оқушы шығармашылығы: Әңгімелеу. Түсінгендерін айту. Кейіпкерлердің суретін салу.
ІІІ тарау
Төрт түлік жырлары
(7 сағат)
Кіріспе: Қазақ шешендік өнерінде төрт түліктің орны ерекше. Төрт түліктің өз балаларын сүюі, төлдерінің атаулары және олардың пірлерінің аталу ерекшелігі, пайдасы туралы мәлімет.
Мақсаты: Оқушыларды халықтың тіршілік-істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ, мақал — мәтел, өтірік өлеңдер, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.Олардың пірлерінің есте сақтауы. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
Міндеті: Төрт түлік туралы білімдерін тереңдету.
— Төрт түлік пірлерін құрметтеу, сыйлауға, бағалауға
— Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру және актёрлік қабілетін дамыту.
Бөлімнің теориясы: Төрт түлік туралы мағлұмат беру. Төрт түлік туралы мақал–мәтел, жұмбақтар. Төрт түліктің пірлері. Сексек ата. Шопан ата. Ешкі мен қойдың айтысы. Ойсыл қара. Түйе ойнақтаса. Қамбар ата. Зеңгі баба.
Өзіндік оқу әдебиеттері: «Ел аузынан:Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер» Алматы. Жазушы-1985, Д.З. Жүсіпова, С.Ж. Андабекова, К.А. Сатыбалдиева, Қ.Т. Байғабылова Көркем әдебиеттің хрестоматиясы – Алматы «Аруана» 2010жыл.
Оқушы шығармашылығы: Мақал–мәтел, жұмбақтар, жатқа білу. Пірлерін есте сақтау. Өлең шумақ жырларын жаттау.
ІV тарау
Ерлік – ел есінде
(5 сағат)
Кіріспе: Билердің шешендік сөздеріндегі, жыраулар поэзиясындағы, Махамбет, Исатай, Сырым өлеңдеріндегі шешендік сөздердің бейнеленуі. Қазақ эпостарындағы бейнелегіш құралдар.
Мақсаты: Оқушылар көркемдегіш әдіс-тәсілдерді шешендік сөздерден таба отырып, осы тәсілдерді қолданып өздері нақыл сөздер құрай алуы
Міндеті:
— Сырым шешендердің сөздеріндегі көркемдік, бейнелегіш құралдарды табу,
— Батырлар жыры, лиро-эпостық жырлардағы шешендік оралымдардың тәлімдік мәнін ұғу,
— Батырлар жырларындағы троптың түрлерін тауып талдауы
— Оқушылар троптың түрлерін қолданып, шешендік сөздер құрауы тиіс.
Бөлімнің теориясы: Троп — сөздерді ауыспалы мағынада қолдану. Сөздерді ажарлап, бейнелеп, астарлап айту. Осы бейнелегіш құралдардың шешендік сөздердегі маңызы. Батырлар жыры, лиро-эпостық жырлардағы батырдың,әйел образын берудегі шеберлік, тұлпар образын суреттеудегі бейнелеуіш құралдар. Махамбет пен Исатай ақындар поэзиясының өткірлігінің қисыны.
Өзіндік оқу әдебиеттері: З.Қабдолов, «Сөз өнері» Алматы,1992. М.Өтемісұлы,С. Датұлы, И. Тайманұлы шығармалары.
Оқушы шығармашылығы: Батырлардың нақыл сөздеріне ұқсастырып, өздері де троптың түрлерінен нақыл сөздер ойлап жазу.
2. «Тылсым табиғат сыры» (өз туған жерлерінің әсемдігі) тақырыбында досқа сыр-хат жазу.
V тарау
Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.
(8 сағат)
Кіріспе: Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал–мәтелдердегі шешендік сөздер. Бата берудегі халық даналығы. Айтыстағы шешендік оралымдар. Қазақтың ырым-тыйым сөздері.
Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді тауып, ерекшелігін анықтау, бір-бірінен ажырата білу.
Міндеті:
— Бата берудегі бейнелі ойлардың мәнін ашу,
— Айтыстағы шешендік оралымдардың тәлімдік мәнін ұғу,
— Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал–мәтелдердің мән–мағынасын ашу.
— Қазақтың ырым–тыйымдарын талдау, талқылау.
— Жеті атасы туралы білу.
Бөлімнің теориясы: Қазақтың жұмбақтары-шешендіктің бір түрі. Бата беру қазақ халқының мәдени даналығы. Мақал-мәтелдер- халықтың өмір тәжірибесінен қорытылып жинақталған ой-пікір. Айтыстағы поэтикалық ерекшеліктер. Айтыстың көркемдік кілті-шешендік сөз. Қазақтың ырым-тыйым сөздері.
Өзіндік оқу әдебиеттері: М.Ғабдуллин. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы. Мектеп-1974ж, Ақылдың көзі (мақал-мәтелдер) Алматы. Жазушы-1990ж.«777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді», Алматы, 1994. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. 15. «Қазақпарат»2004ж.Алматы. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.
Оқушы шығармашылығы:
1. Мақал-мәтелдерді қатыстырып, туған өлкенің тұлғаларына арнап аңыз-әңгіме шығару
2. Бата беріп үйрену, жатқа айту.
3. Жұмбақтарды шешу.
4. Айтыстын басқа түрлерін ойдан шығарып жазу
«Шешендік өнер» бағдарламасы 1- сынып 33 сағат.
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
1.1 1.2 1.3 1.4 1.5 2.1 2.2 2.3 2.4 3.1 3.2 3.3 3.4 3.5 3.6 3.7 4.1 4.2 4.3 5.1 5.2 5.3 5.4 5.5 5.6 5.7 5.8 |
І. Кіріспе. Би-шешендердің шешендік сөз сараптаулары. Шешендік өнер тарихы Қорқыт ата нақыл сөздері. Қазақ шешендік өнеріндегі Майқы би мен Аяз би тұлғалары. Қазақтың үш биі. Қазақ шешендерінің атасы – Жиренше шешен. ІІ. Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер Алдаркөсе мен шықбермес Шығайбай. Қожанасыр хикаялары. Әділ төрелік. Төрт тентек. ІІІ.Төрт түлік жырлары Төрт түлік туралы түсінік. Төрт түлікке арналған мақал – мәтелдер мен жұмбақтар. Төрт түліктің пірлері. Ойсылқара. Шопан ата. Ешкі мен қой айтысы. Қамбар ата Ойсыл қара. Түйе ойнақтаса. Зеңгі баба. IV. Ерлік – ел есінде Батырлар жыры Сырым шешен Махамбет,Исатай шешендіктері. V. Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен. Жұмбақтар құрастыру. Нақыл сөздер Қазақтың ырым- тыйым сөздері. Тіл-туралы мақал – мәтелдер. Жеті ата туралы түсінік Қазақ халқының айтыс өнері және әдеп. Батамен ел көгерер….. Жаңылтпаш VІ. Қорытынды. |
8 1 1 2 3 1 4 1 1 1 1 7 1 1 1 1 1 1 1 5 2 1 2 8 1 1 1 1 1 1 1 1 1 |
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәні.
Оқу процесінің жабдықталуына қойылатын талаптар:
— үнтаспа
— электронды оқулықтар
— бейнефильмдер
— кестелер
— слайдтар
Оқушылардың білім-білік дағдысына қойылатын талаптар:
– мәнерлі, астарлы, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
– сөз өнерінің мәнін жете түсіну;
– өз ой-пікірлерін көп алдында тиянақты да нақты жеткізе білу;
– ұлттық құндылықты бағалай білу;
– берілген тапсырманы міндетті түрде орындау.
Факультатив бойынша әдістемелік кешеннің тізбесі:
— Сауат ашу әдістемесі
— Ана тілі әдістемесі
— Бағдарламалар.
Курс аяқтаушылардың іскерліктері мен біліктерін бағалауға арналған талаптар:
(Блум таксономиясы бойынша)
І деңгей Есте сақтау |
Шешендік өнер тарихын, көрнекті өкілдерін, олардың шығармаларын, шешендік өнер техникасын білу. |
ІІ деңгей Түсіну |
Шешендік сөз үлгілерінің өзіндік ерекшеліктерін, сипаттарын ажырату. |
ІІІ деңгей Қолдану |
Шешендік сөз үлгілерін ойлау жүйелілігі мен өйлеу мәдениеті ережелерін пайдаланып, орынды қолдану. |
ІҮ деңгей Талдау |
Шешендік сөз үлгілерін салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін талдай білуі. |
Ү деңгей Жинақтау |
Сөйлеу мәнерінде шешендік сөйлеу мәнерін кірістірудің маңыздылығын, тиімділігін негіздей білуі. |
ҮІ деңгей Бағалау |
Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтар негізінде шешен сөйлеу мәдениетін меңгеріп, ойды жүйелі құруға, сөзді орынды қолдануға, сезімді еркін жеткізе біліп, өз ойын, өзгенің ойын таразылай білуі. |
Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:
1. Адамбаев Б. «Алтын сандық». Алматы -1989
2. А.Байтұрсынов «Шығармалары»(ІІІ бөлім, «Әдебиет танытқыш»,137-298-б.), Алматы, «Жазушы»,1989
3. «Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер».
4. Құраст.Б.Адамбаев, Т.Жарқынбеков. Алматы. «Жазушы»-1985
5. Төреқұлұлы Н. «Қазақтың жүз би-шешені». Алматы. «Қазақстан»- 1995
6. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» Алматы. «Ана тілі»-1991
7. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, «Ана тілі»- 1993
8. А.Сейдімбек «Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау» Оқу құралыАлматы, «Санат»-1997
9. Г.Қосымова «Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері» Көмекші құрал Алматы, «Рауан»-1997
10. «Алаштың ардағы» Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.
11. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.
12. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.
13. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.
14. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. 15. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.
16. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.
17. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.
Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік кешеннің тізбесі:
1. Балақаев М. «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері». Алматы-1965
2. «Билер сөзі». Құраст. Т.Кәкішев, Қазақ Университеті Алматы-1992
3. Ә.Нұрмұханова «Лектордың тіл шеберлігі» Алматы,1997
4. Әміров Р. «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» Алматы, 1977
5. М.Дүйсенбаева «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері». Алматы, «Мектеп»-1973
6. «Шешендік өнер курсының бағдарламасы». Құраст.Ф.Оразбаева, А.Қыдыршаев. Алматы, «Арыс-2000»
7. Шканова Б. «Шешендік өнер негіздері» . Орал,1999.
8. М.Балақаев «Тіл мәдениетіжәне қазақ тілін оқыту» Алматы,1989
9. Жұмалиев Қ. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі Алматы,1960»
10. Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді», Алматы, 1994.