Ұлы тұлға, ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған,
«Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әнім-халқымның жүрегінде…» атты әдеби кештің сценарийі
Мақсаты: Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау, әндерінің сырын сезініп, құрметтеу және де сазгердің әндерін көпшілік назарына ұсыну, сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру .
Кештің барысы:
І Жүргізуші:
Қайырлы күн! Қымбатты ұстаздар мен оқушылар, ата — аналар!
Ән әлемінің падишасы, қазақ вальсінің королі атанған, Қазақстанның халық артисі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Әнім-халқымның жүрегінде» атты ән кешіне қош келдіңіздер!
ІІ Жүргізуші:
Туған жерінің әрбір қуанышы мен шаттығына ән болып, жыр болып төгілген, шашу болып шашылған Шәмші жүрегі, Шәмші тілегі, Шәмші әуені үнемі халқымен бірге. Сағыныш пен сағымға айналған асыл ағаны ән әлемі ақ тілектің, тәтті үміттің құсына балайды.
І Жүргізуші:
Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған,
Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған Шәмші Қалдаяқовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі орасан зор.
Бүгін сіздердің алдарыңызда 11 класс оқушылары мен мектеп мұғалімдері дайындаған Шәмші әндері шырқалады. Ендеше «Ақ Ерке – Ақ Жайықтың» жағасында шалқып, «Бақыт құшағында» балқып, айдын көлде жүзгендей «Қайықтың» сазында тербеліп, әсем ән мерекесін бірге тамашалайық.
ІІ Жүргізуші: (Слайд көрсетіледі)
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріндегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Осы көлдің жағасында қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартып, гармонын қолынан тастамайтын сері Қалдаяқтың қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Бұл — баладан басқа байлығы жоқ, өзі кедей, бірақ өнерпаз әкенің алғашқы қуанышы еді. Баласының Жәмшиид деген атпен аталып, аттай 30 жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп, жетіліп, «Вальс королі» атанатынын ол тұрғанда білген жоқ. Ия, оған табиғат ана әннен қанат бітірді. Әні шарықтап, бүкіл қазақ даласына самғады. Ол әнді өміріне серік етті, әні халқына өмір бойы рухани азық болды. (Фильм көрсетіледі)
Шәмшіге арнау (Мұқағали Мақатаев) – Казиев Жанат-11 класс оқушысы
О, шіркін!
Қайран күндер.
Сайран күндер!
Қанатын бақыт құсы жайған күндер.
Жалт бұрылып, оқыс бір қарағанда,
Жүзіңнен жүрексініп, тайған кімдер.
Сол күндер ғой — жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па?
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма?
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл-ау!
Шәмші кайда?
Шәмші қайда?
Шәмшіге айт,
Тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын!
Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!
ІІ Жүргізуші:
Әннің қадірін әнші білер,
Әншінің қадірін Шәмші білер,- демекші сахна төріне «Кешікпей келем деп ең» әнімен мектебіміздің кішкентай жұлдызы Касьянов Артемді шақырамыз.
І Жүргізуші:
Шәмші туралы айтқанда оның өмірі әнмен өрілген десек артық болмас. Әр әні оның өмірінің бөлшегі іспеттес. Бір күні Шәмшіге қараторы жігіт келіп: Мен-Қалқожа Жолдықожаевпын, — дейді. «Е, оны неге айтып тұрсың?», — дейді Шәмші. «Екеуіміз де Арыс бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда, ештеңеден сескенбеймін. Әндеріңізде неге Арыс жоқ. Ерке өзеннің аруларын неге ән етпейсіз? Мен соны айтуға келдім», — дейді де, кетіп қалады. Жерлесінің орынды ескертуінен кейін сазгердің «Арыс жағасында» әні дүниеге келеді.
Қазіргі тыңдайтындарыңыз «Арыс жағасында» әнін орындайтын 11 класс оқушысы Викторияны ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.
ІІ Жүргізуші:
Шәмшіге ән шығару қасиеті анасынан дарыған. Анасы өнерді бағалайтын, жақсы ән айтатын адам болса керек. Шәмші өзінің аяулы анасына әндерінің ең асылын арнады. Ол -«Ана туралы жыр». Бұл әннің туу тарихы былай екен:- Бірде анасы қатты ауырып, өзінің о дүниелік боларына көзі жетті. Алматыдан Шәмші баласын шақырып, өзінің соңғы сөздерін айтып келіп:
— Балам, — деді көзіне жас алып, — жалғыз тілегім — сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып, үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам!
Шәмші анасынан бұл дүниеде шын айрылғалы тұрғанын біліп, анасының кеудесіне басын төсеп, өксіп жылап жібереді.
— Апа, қарыздармын саған…. Қарыздармын, апа!… Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, — деді Шәмші
Бұл 1959 жылы 4 қыркүйек болатын. Шәмші уәдесінде тұрып, 1961 жылы «Ана туралы жыр» әні дүниеге келді.
Бұл ән — ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.
Ән: «Ана туралы жыр» орындайтындар Батенова Айгуль Бақытжановна мен Батенова Сабина
І Жүргізуші:
Халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің королі» деп бекер айтпаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағына жазылған. Шәмші әндеріне вальс билемеген жан бар ма? Біздің әке — шешелеріміз осы вальстің ырғағында жүріп бір — бірімен танысып табысты емес пе? Сонымен «Сыр сұлуы» әнінің ырғағында вальсті тамашалайық.
ІІ Жүргізуші:
Студент кезінде шығарған әндері «Қайдасың», «Қайықта» әндері студент жастар арасында кеңінен таралып, сол әндері осы күндерге дейін орындалуда. Ендігі тыңдайтын әндеріңіз «Қайдасың» , қабыл алыңыздар!
ІІ Жүргізуші:
Жаңа ғана бойжеткен
Жас күнімді еске алам
Шәмші ағаның жазатын
Кездері ғой асқақ ән — деп Күләш апамыз жырлағандай келесі кезектегі «Әнім сен едің» әнін де ұстаздар тарапынан қарсы алайық.
І Жүргізуші:
Сазгер Шәмшіге көрсетілген алғашқы да соңғы құрмет 1991 жылдың 29 желтоқсанында Алматы қалалық әкімшілігі атынан, «Қазақстан халық әртісі» деген атақ берілді. Бұл күндері Шәмші ауруханада еді. 1992 жылы 29 ақпанда соңғы сапарға аттанды. Шәмші бұл атақты небәрі 60 күн ғана алып жүрді.
Артында өнер өшпес мұра қалды,
Әніне табындырып барша жанды.
Қазақтың сазгер ұлы, сал – сері,
Ғасырдың ұлы едің маңдай алды.
Шәмшіге бірі аға, бірі іні болып ән арнаған Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың арнаулы өлеңдері де бар. Аспанынан қазақтың ән боп ұшқан, дара туған дарын Шәмші Қалдаяқовқа 83 өлең арналыпты. Қазақтың Шәмші ағасы — ән ағаға айналып барады.
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған «Шәмшіге арнау» оқушы: Отырарда туып-өсіп, ержетіп
Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.
Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан
Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.
Кетті, аға, әнің қазақтың жерін шарықтап,
Көгершін болып көк аспанында қалықтап.
Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,
Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.
Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елің
Ғашықтардың жүрегін, аға, өртедің.
Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін
Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.
Ол рас, аға, өмірден сыйды аз көрдің,
Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.
Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүр ме екен
Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.
Жабыны жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,
Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.
Бүгіндер жүр бармағын шайнап өкініп,
Уағында қадіріңізді білмеген.
Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қырқаны,
Ән салдың, аға, таңға ұрып тағы бір таңды.
Әлемнің қазір төрінен биік дауыспен,
Әніңіз сіздің Ән ұран болып шырқалды.
Күніңіз туды төріне өнер өрлейтін,
Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін
Өлді деп сізді кім айта алар, жан аға,
Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін.
ІІ Жүргізуші:
Әр адамның өз өмірі секілді, әр әннің өз тарихы бар – деп, Шәмші бір жолдасына «Менің Қазақстаным» әнінің қалай туғанын еске алады.
Ол кезде Ақмоланы (қазіргі Астана) «Целиноград» деп атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, Ресей жаққа бермекші болып жүрген кез еді. Қазақ жері осылай бөлшектенгелі жатқанда оның асқақтаған жырлайтын ән қажеттігін сезінді. «Менің Қазақстаным» әні осылай туды.
«Менің Қазақстаным» әнін елімнің ұраны болар деп Шәмші біліп айтқан екен. 1986 жылы 17 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика алаңына «Елім — ай» мен бірге осы әнді де айтып шықты. «Менің Қазақстаным» деп шырқаған жастардың армандары орындалды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
Шәмші Қалдаяқовтың ХХІ ғасырдың басында «Менің Қазақстаным» атты әні Мемлекеттік Гимнге айналып, ол алтын әріппен ел тарихында қалды…
І Жүргізуші:
Елің мен әнің салмайды бөлек іргесін,
Болашаққа барасың, бастап жыр көшін
«Менің Қазақстанымменен», жан аға,
Қазақтың көк байрағыменен біргесің!
Әндеріңменен айдынды шалқар көлдейсің
Көңілімде әлі отырған күліп сол кейпің
Жер бетінде қазағым аман тұрғанда
Өлмейсіз аға, өлмейсіз аға, өлмейсің!
ІІ Жүргізуші:
Шырқалса әнің қалада, дархан далада,
Тыңдайды ұйып, бесікте жатқан балада.
Соңына өшпес рухани мұра қалдырдың,
Тірісің мәңгі, тірісің мәңгі жан аға!
«Менің Қазақстаным» әнінің түпнұсқасы орындалады.
І Жүргізуші:
Өмір жолы сан тарау, қиын да күрделі, аты аңыз, ел жүрегінде қалған Отырар өлкесінің ұланы, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнегесі ешқашан ұмтылмайды, сүйікті ағамыздың өнер жолын ары қарай жалғастырушы сіздерсіздер, жас түлектер!
ІІ Жүргізуші:
Шәмші ағаның әндері,
Жүректерді тербеді.
Көңілдегі жақсы үміт,
Әнмен бірге жаңғырып,
Болашаққа беттеді
Жақсы әндердей мәңгілік,
Ұрпақтарды таң қылып,
Тозбасын тарих беттері – дей келе бүгінгі Шәмші шығармашылығына арналған «Әнім-халқымның жүрегінде…» атты ән кешіміз аяқтаймыз.
Саба?ты? та?ырыбы: «Ш?мші ?алдая?ов – ?аза? вальсіні? королі»
Саба?ты? ма?саты:
- Ш?мші ?алдая?ов туралы м?лімет беру;
- Ш?мші ?алдая?овты? ?ндері жайлы ма?л?мат беру;
- ?аза? музыкасына деген ?зге ?лт балаларыны? с?йіспеншіліктерін арттыру, насихаттау;
К?рнекілігі: Ш.?алдая?овты? суреттері, кадаскоп, магнитофон, интерактивті та?та, на?ыл с?здер;
- «Сы?ан серенадасына »салын?ан би;
1 – ж?ргізуші:
?н ?нерімізде жары? ж?лдыздай с?уле шашып, айры?ша із ?алдыр?ан Ш?мші ?алдая?ов — к?ллі ?аза? хал?ыны? ?лтты? ма?танышы, сазгерді? серісі.
2 – ж?ргізуші:
Ш?мші ?алдая?ов – ?аза? музыка м?дениетінде ерекше із ?алдыр?ан т?л?аларды? бірі. Оны? композиторлы? шы?армашылы?ы хал?ымызды? ?н ?неріні? жар?ын бір белесі іспеттес.
1 – ж?ргізуші:
Ш?мшіні? сырлы да сыршыл ?ндері талай ?рпа?тарды? жан ж?регін тербеп, рухани д?ниесін байытты, с?лулы??а, ізгілікке і?к?р етті. Ш?мші ?нері — ?лмес те ?шпес ?нер.
2 – ж?ргізуші:
Ш.?алдая?овты? ?мірбаянымен танысайы?.
1 – о?ушы:
Арыс ?зеніні? Сырдария?а ??ятын жердегі ?ойнауында «Сарык?л»деген ша?ын к?л бар. Міне, осы к?лді? жа?асына 1927 ж. Бір жа?ы ?ыстамшылы? ???ан ?алдая? деген кедей келіп, ?амыстан к?рке салып, оында мекендеп ?алады. ?алдая?ты? шын аты ?напия екен. Оны? о? ая?ында ?алды к?ріп ж?рген же?гелері оны ?алдая? атап, содан осы ат сі?ісіп кетеді.
2 – о?ушы:
Татарларды? гармонын, ?аза?ты? ?обызы мен домбырасын ??й?ылжата тартатын сері ?алдая?ты? сол ?амыс к?ркесінде 1930 жылы бір бала д?ниеге келеді.
— Оу, ?алдая?, ?лды болды?! — деген хабарды алып, ?йіне асы?а келген ?кеге жырты? ш?берекке ора?ан н?рестені ?олына ?стата ?ойыпты.
3 – о?ушы:
Н?ресте болса да, ересек адамны? ?арулы ?олын сезе ?ой?ан бала шар етеді. Бас?а балалардай шы??ырып жыламай, бір т?рлі ?уезді ыр?а??а ??сайтын ?н шы?ар?ан ?лына ?арап:
— Мен сені хиссада?ы Жамшид патшаны? атымен ата?алы ж?р едім. Біра? мына дауысы? патшанікі емес, ?ншінікіне к?бірек ??сайды екен, — депті ?алдая?. 30 жыл ?ткен со? Ш?мші ?алдая?ов болып ?сіп жетіліп, «вальсті? королі» атанатыны? сол т?р?андар білген жо?.
4 – о?ушы:
Оны? анасы кезінде халы? – музыкалы? аспаптарында орындайтын, сонды?тан болар Ш?мші анасына деген мейірімі т?сіп, анасыны? к?птеген ?ндерін ?йренеді. Содан 1949 жылы Ш?мші сол жердегі Сахалин училищесінде офицерлік ?ызметін ат?арады.
5 – о?ушы:1956 жылы Ташкенттегі Хамза атында?ы консерваториясна т?седі. 1957 жылы Алматыда?ы ??рман?азы атында?ы консерваториясына т?седі. Осы жылы М.?лім??ловты? с?зіне жазыл?ан «?айы?та»?нін жазып шы?арады. Осылайша Ш?мшіні? ?ндері т?кпір – т?кпірге тарала бастады.
Ол ?міріні? со?ында 1991 жылы «?аза? халы? ?ртісі, ?нші» деген ата??а ие болды. 1992 жылы 29 а?панда Ш?мші ?мірден ?тті.
1 – ж?ргізуші: «Мені? ?аза?станым»?ніні? ?алай шы??анын айтып кетейік.
6 – о?ушы:
Ол т?с а?моланы «Целиноград» атап, сол жа?та?ы бес облысты бір ?лке етіп, оны Ресей жа??а бермекші болып ж?рген кез еді. ?аза? жері осылайша б?лшектенгелі жат?анда, оны? ас?а?ты?ын жырлайтын ?н?ран ?ажеттігін сездім. «Мені? ?аза?станым» солай туды. ?ле?ін Ж?мекен Н?жімеденов жазды.
— Мен ?німді ?айран елім – ?аза?станыма арнап отырмын. ?з елімді, ?з жерімді ешбір саясатсыз, адал к??ілмен жырла?ым келеді, — деді Ш.?алдая?ов.
2 – ж?ргізуші: «Арыс жа?асында »?ніні? тарихын ты?дайы?.
Орта?а екі о?ушы шы?ып:
- Мен ?ал?ожа Жолды?ожаевпын, — деді.
- Е, болса? бол. Оны ма?ан несін айтып т?рсы??
- Екеуміз де Арысты? бойында туыппыз. Бір ?зенні? суын ішіппіз. Артымда Арыс т?р?анда, алдымда жолы??ан ешкімнен де сескенбеймін. Осы ?зенні? жа?асында мен ?зімні? е? с?лу на? с?йерімді тауппын. Ш?мші деген аты?ыз бар, ?алайша осы ?зенні? бойында бір с?лу жолы?пады сізге?
- Неге олай дейсі?? Ондай с?лу мені? ?иялымда осы Арысты? бойында туды.
- Олай болса, ?ндері?ізде неге Арыс жо?? Айналайын ерке ?зеніні? аруларын неге ?н етпеді?із? Оларды ?лде жа?тырмайсыз ба?
- ?й, бала, сен ?алай – ?алай с?йлейсі?? Мен кімді ?н ?ылам, онда сені? не шаруа? бар?
- Шаруам бар! ?скен жері?ізді? с?луларын неге жырламайсыз? Мен – ?ал?ожа, соны айту?а келдім.
?н: «Арыс жа?асында»
7- о?ушы:
?аза?ты? музыка ?нерінде Ш?кенні? орны ерекше. ?ш ж?зге жуы? ?ні бар. Ш?мші ?алдая?ов кеудесін ?а?ып, мен ата?ты композитормын деп бір с?тте ма?тан?ан жан емес. ?ашан да ?зіні? ?арапайымдылы?ы мен ізгілігі мол адам ретінде б?кіл ?аза? хал?ыны? ж?регінен м?нгі орын алды.
8- о?ушы:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.
Просмотр содержимого документа
«»Ш?мші ?алдая?ов — ?аза? вальсіні? королі» »
№ 85 жалпы білім беретін мектеп
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Еркибаева Нинель Гинаятқызы
Алматы қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Шәмші Қалдаяқов – қазақ вальсінің королі»
Сабақтың мақсаты:
-
Шәмші Қалдаяқов туралы мәлімет беру;
-
Шәмші Қалдаяқовтың әндері жайлы мағлұмат беру;
-
Қазақ музыкасына деген өзге ұлт балаларының сүйіспеншіліктерін арттыру, насихаттау;
Көрнекілігі: Ш.Қалдаяқовтың суреттері, кадаскоп, магнитофон, интерактивті тақта, нақыл сөздер;
-
«Сыған серенадасына »салынған би;
1 – жүргізуші:
Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқов — күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы, сазгердің серісі.
2 – жүргізуші:
Шәмші Қалдаяқов – қазақ музыка мәдениетінде ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Оның композиторлық шығармашылығы халқымыздың ән өнерінің жарқын бір белесі іспеттес.
1 – жүргізуші:
Шәмшінің сырлы да сыршыл әндері талай ұрпақтардың жан жүрегін тербеп, рухани дүниесін байытты, сұлулыққа, ізгілікке іңкәр етті. Шәмші өнері — өлмес те өшпес өнер.
2 – жүргізуші:
Ш.Қалдаяқовтың өмірбаянымен танысайық.
1 – оқушы:
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл»деген шағын көл бар. Міне, осы көлдің жағасына 1927 ж. Бір жағы қыстамшылық құған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, оында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен. Оның оң аяғында қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап, содан осы ат сіңісіп кетеді.
2 – оқушы:
Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжата тартатын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді.
— Оу, Қалдаяқ, ұлды болдың! — деген хабарды алып, үйіне асыға келген әкеге жыртық шүберекке ораған нәрестені қолына ұстата қойыпты.
3 – оқушы:
Нәресте болса да, ересек адамның қарулы қолын сезе қойған бала шар етеді. Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:
— Мен сені хиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ мына дауысың патшанікі емес, әншінікіне көбірек ұқсайды екен, — депті Қалдаяқ… 30 жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, «вальстің королі» атанатының сол тұрғандар білген жоқ.
4 – оқушы:
Оның анасы кезінде халық – музыкалық аспаптарында орындайтын, сондықтан болар Шәмші анасына деген мейірімі түсіп, анасының көптеген әндерін үйренеді. Содан 1949 жылы Шәмші сол жердегі Сахалин училищесінде офицерлік қызметін атқарады.
5 – оқушы:1956 жылы Ташкенттегі Хамза атындағы консерваториясна түседі. 1957 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваториясына түседі. Осы жылы М.Әлімқұловтың сөзіне жазылған «Қайықта»әнін жазып шығарады. Осылайша Шәмшінің әндері түкпір – түкпірге тарала бастады.
Ол өмірінің соңында 1991 жылы «Қазақ халық әртісі, әнші» деген атаққа ие болды. 1992 жылы 29 ақпанда Шәмші өмірден өтті.
1 – жүргізуші: «Менің Қазақстаным»әнінің қалай шыққанын айтып кетейік.
6 – оқушы:
Ол тұс ақмоланы «Целиноград» атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кез еді. Қазақ жері осылайша бөлшектенгелі жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын әнұран қажеттігін сездім. «Менің Қазақстаным» солай туды. Өлеңін Жүмекен Нәжімеденов жазды.
— Мен әнімді қайран елім – Қазақстаныма арнап отырмын. Өз елімді, өз жерімді ешбір саясатсыз, адал көңілмен жырлағым келеді, — деді Ш.Қалдаяқов.
2 – жүргізуші: «Арыс жағасында »әнінің тарихын тыңдайық.
Ортаға екі оқушы шығып:
-
Мен Қалқожа Жолдықожаевпын, — деді.
-
Е, болсаң бол. Оны маған несін айтып тұрсың?
-
Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда, алдымда жолыққан ешкімнен де сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?
-
Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.
-
Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ? Айналайын ерке өзенінің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?
-
Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, онда сенің не шаруаң бар?
-
Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен – Қалқожа, соны айтуға келдім.
Ән: «Арыс жағасында»
7- оқушы:
Қазақтың музыка өнерінде Шәкеннің орны ерекше. Үш жүзге жуық әні бар. Шәмші Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашан да өзінің қарапайымдылығы мен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәнгі орын алды.
8- оқушы:
Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көретін әкесіне ол өлген соң моласының басына үлкен кешене ғимарат салдырды. Ал өзінің ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол – «Ана туралы жыр».
-
Ән «Ана туралы жыр»
-
Ән «Әнім сен едің».
9 – оқушы.
Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Ш.Қалдаяқов әннің сырын былай дейді: Ән – адал жүректен туады. Ән жарқын болашаққа деген сенімді паш етеді. Асқақтата салған ән сені әлдеқайда алысқа, қиыр шетке, сонау шалғайдан көзге ұратын биік таудың шыңына жетелейтін даусы болмаса да, әннің табиғатын түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсем үні бар еді. Оның даусы кейде қырылдай шығып, биіктеп кете алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз елтітіп, қай жүректі болмасын баурап әкететін.
-
Ән «Қайдасың?»;
10 – оқушы:
Шәмші сонау бір жылдары өнер делегациясымен бірге Қазанға барғанда татар достар аэропорттың маңдайына: «Хош келдің, қазақтың ұлы композиторы» — деген плакат іліп қарсы алған еді.
-
Ән «Кешікпей келем деп едің»;
-
Шәмшінің батасы:
Екі тойын қабат болсын,
Дастарқаның берекелі болсын.
әр күнің мерекелі болсын,
шайың қызыл болсын.
Несібең таса берсің,
Дұшпаның қаша берсін!
Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын.
Босағаң – Ақасақ Темірдің дарбазасындай береік болсын.
Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес,
Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин!
Кадаскоп бойынша суреттерді көрсету:
-
Студент Шәмші, 1963 жыл;
-
Оразбек, Шәмші және Қадыр, 1988 жыл;
-
Әуесқой компоизтор Райымбек Темірбаев пен Шәмші, 1986 жыл;
-
Рыстай Артықбаев және оның жұбайы Зүлфия Шәмші мен Оразбектің ортасында;
-
Шәмші ой үстінде. 1991 жыл. Деректі фильмнен көрініс;
«Ән аға немесе Шәмшімен сырласу» әнін тыңдау.
Нәр берген ән — бұлақтан
Әдеби — музыкалық кештің мақсаты:
1. Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндерімен танысу.
2. Шәмші әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау
3. Халқымыздың ұлы сазгері Ш. Қалдаяқовтың әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдеби музыкалық кештің көрнекіліктері:
«Қазақ вальсінің королі» Ш. Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің қорытындысы. Қазақтың әйгілі адамдарының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері, әндер жинағы, өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм, т. б.
1 — жүргізуші:
— Құрметті қауым, әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән бұлақтан»атты ән кешіне қош келдіңіздер.
2 — жүргізуші: Адам жылап туады
Жатады оны жұбатып,
Және жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын.
Осылай деген уа, Қадір аға, неткен ерсің.
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының, яғни социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналған.
Дегенімен ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, ата мекені әлдилеп жүр. Оған дәлел бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
Шәмші өмірі жайлы оқылады.
1. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі
Ән — «Арыс жағасында» Орындайтын ——————
2. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі
Ән — «Ақ бантик» Орындайтын ——————
Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?
Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол Ана.
Ана — теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай — қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы.
Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
— Балам, деді көзіне жас алып,- жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
— Апа қарыздармын саған… Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деді Шәмші. Бұл 1959 ж 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 ж орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.
Бұл аналар туралы Әнұран болатын.
3. Сөзі: Ғафу Қайырбековтікі
Ән — «Ана туралы жыр» Орындайтын ——————
4. Сөзі: Мұхтар Шахановтікі
Ән — «Кешікпей келем деп ең» Орындайтын ——————
5. Бірде — бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді жатырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй күйсіз жүрген кездері болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүнген қызы» атты әнін ———— орындауында қабыл алыңыздар.
6. Сөзі: Тұманбай Молдағалиевтікі
Ән — «Бақыт құшағында» Орындайтын ——————
7. Шәмші Қалдаяқов 1990 ж тамыз айының 17 жұлдызында 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде мерей тойға байланысты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар келіп түсіп жатты… Солардың бірі «Творчестволық жолыңызда сізді ренжіткендер болды ма?» деген сауал. Оған Шәмші аға былай деп жауап берген екен: Мен өмірде қанша ән салсам, сонша жылаған болуым керек… Маған жақын нәрсе халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт «Жақсылық көрсем де, жамандық көрсем де өзімнен» деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы — халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әндерімде бар.
Сөзі: Мұхтар Шахановтікі
Ән — «Өмір өзен» Орындайтын ——————
8. Шәмші Қалдаяқовтың Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбановаға арнап шығарған әні «Шынарым» Орындайтын ———————-
9. 1991 ж 20 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы берілді.
Ия, 60 асқан шағында берілген атақ ұлық па, кішік пе?
10. Мұқағали Мақатаев «Шәмшіге» оқитын —————————-
11. Ән «Отырардағы той»
Орындайтын:———————
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші 300-ге жуық ән жазған. Шәмші әндері тұнып тұрған лирика махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде студенттік және отбасылық кештерде, демалыс кезінде әуелетіп шырқайтын.
Ән: «Бәрінен де сен сұлу» Орындайтын:————————
12. «Ән аға» немесе «Шәмшімен сырласу» Орындайтын ——————-
Менің Қазақстаным деп шырқаған жастардың арманы орындалып Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқы үшін 100 жылға созылған бостандықтан босауына Шәмші әнінің осылай септігі тиді. Бұл ән еліміздің әнұраны болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы республика алаңына «Елім — ай» әнімен бірге осы әнді айтып шықты.
Қазақстан — мерейім,
Сені төрден көрейін
Жеңісіңе желпініп
Жемісіңді терейін
13. Хор «Менің Қазақстаным»
— Олай болса, бізді бүгін «Нәр берген ән бұлақтан» атты әдеби сазды кешіміз тамамданды.
— Шәмші әнін өз әлімізше шырқадық. Біз «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші ағаның алдында бас иеміз.
— Кешке қатысқандарыңызға көп — көп рахмет.
Сау болыңыздар!
Классный час. Патриотический акт-«Мәнгілік — ел!»
Сынып са?атыны? та?ырыбы: Патриотты? акт-м??гілік ел»
Ма?саты: ?аза?стан-2050 «?аза?стан-м??гілік ел» туралы т?сінік беру.
Ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыру. Барша ?аза?станды?тарды? ма?саты, м?ддесі, та?дыры бір екендігін ??ындыру. О?ушыларды? патриотты? сезімдерін ояту.
К?рнекілігі: Мемлекеттік р?міздер, с?зж?мба?, суреттер, ма?алдар, слайдтар.
Барысы Кіріспе с?з: Ту?ан ?лке туралы ?ле?дер о?у.
Зарина:Отан-жерім,Отан-суым, Отан ?уат,н?р береді. Отан-?ран,Отан-туым, Отан м??гі г?лденеді!
Диас:Отан-сені? ата-ана?, Отан-досы?, бауыры?. Отан-?лке?,астана?, Отан-аудан, ауылы?.
Ділназ: Отан-тарих, Отан-тіл, Жаса?ан елі?, ер хал?ы?. Отан-?ле?, Отан-жыр, К?терген к?кке ел да??ын.
А?сар: Отан-осы, достарым, К??ілге м?ны т?йе біл. «Отан» деп ?с, жас ?ауым, Оны арда?тап с?йе біл!
Елдар: Алтын д?нді даласы бар, А? к?містей ?аласы бар. Неткен с?лу, неткен к?ркем! Осы мені? ту?ан ?лкем!
Данат: Т?лігі ?скен алуан-алуан, Т?с, ал?абы мал?а тол?ан. Неткен с?лу, неткен к?ркем! Осы мені? ту?ан ?лкем! -Балалар, бізді? ту?ан ?лкеміз ?алай аталады? -?аза?стан -?аза?стан ?андай мемлекет? -Т?уелсіз,егеменді мемлекет. ?аза?станны? жері — ке?-байта?. Батыстан шы?ыс?а ?арай ?ш ж?з мы? ша?ырым?а,солт?стіктен о?т?стікке ?арай бір мы? жеті ж?з ша?ырым?а созылып жатыр. ?аза?станны? таби?аты ?р т?рлі. М?нда тау да,?зен де,ш?л де бар.
-?аза?стан Республикасы 1991 жылды? 16 желто?санында т?уелсіз ел болып жарияланды.
-Т?уелсіз деген с?зді ?алай т?сінесіздер? Ешкімге т?уелді емес,дербес,я?ни ?з м?селелерін ?зі шешетін, ?з байлы?ын ?зі бас?ара алатын мемлекет. ?аза?стан Республикасын елімізді? т???ыш президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев бас?арады. Елдікті?,айбынды жал?асы, Кейде тасып,кейде тол?ып арнасы. ?иялменен, ??ындым, бір шынды?ты, О?ай емес, болу деген-Елбасы. Елбасымызды? биыл?ы жыл?ы хал?ына жолдауында баршамызды? ма?сатымыз, м?ддеміз, та?дырымыз бір,сонды?тан да м??гілік ел болуымыз ?шін бірлікте,татулы?та болуымыз ?ажет деген болатын. ?аза?стан-м??гілік ел болуы мына отыр?ан сендерді? де ?олдары?ызда,ол ?шін сіздер берген білімді одан ?рі игеріп, ізденіп ?з ?ажеттіліктері?е ж?мсап отырасы?дар, ел ерте?і- білімді ?рпа? деп тегін айтылма?ан. ?рпа?ымыз білімді, т?рбиелі, саналы бол?ан жа?дайда ?ана еліміз к?ркейіп, г?лдене т?сері с?зсіз.
Олай болса, тек білімді болайы?! -Ендеше, балалар, ?з білімдері?ді орта?а салайы?! ?Р-сыны? мемлекеттік тілі ?андай? -?аза? тілі. -?аза?стан Республикасыны? ?з Ата За?ы бар. Тамыз айыны? 30 ж?лдызы Ата За?ымызды? ?абылдан?ан к?нін тойлаймыз.
-Барша ?аза?станды?тарды? ???ы?ы осы за? аясында ?ор?алады.
Сейфуллин: ???ы?ымды ?ор?а?ан, Ата за?ды ?ол?а алам. Оны? ?рбір бабымен ?ділеттік орна?ан.
Султанна: ???ы?ы?ды білгейсі?, Т?ртіпті боп ж?ргейсі?. За?ды білсе? ?ашанда, Жаман ?мір с?рмейсі?.
Диас: Елдігімді са?та?ан, Бар ?мітті а?та?ан, Ата за?ым ?діл деп Барша ж?рт?а ма?танам. -И?,балалар, «бала бол,дана бол б?рі?е за? біреу-а?». ?Р-сыны? мемлекеттік р?міздерін ата?дар. -Ту, Елта?ба, Гимн.
Зарина: Р?міздерім елдігімні? белгісі, Білу керек бала да?ы е? кіші. Р?міздерім Гимн,Ту, Елта?ба, Р?міздерді жат?а білген ж?н кісі. Мемлекеттік ту?а сипаттама беру. ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік туы-тік б?рышты к?гілдір мата. Туды? ортасында ш??ылалы к?н бейнеленген. Оны? астында ?алы?тап ?ш?ан ?ыран ??с бейнесі алтын т?сті бояумен берілген. Матаны? сол жа?ында ?лтты? ?рнек салын?ан тік жола? бар. Туды? ені-1 метр, ?зынды?ы-2 метр. Туды? авторы: Ш?кен Ниязбеков. ?Р-сыны? сыйлы?ыны? лауреаты, е?бек сі?ірген суретшісі.
Ансар: Желбіресе к?к туым, К?терілер шо?ты?ым. ?аза?ты ?лем таныды, Егеменді ел боп б?гін.
Елдар: Та?дай ?а??ан шартарап, К?к туымда барша ба?. ?ыран сам?ап барады, К?нді иы??а ар?алап.
Данат: К?к туымнан н?р алдым, Сол ?ыран?а сы?армын. Ерікті елді? еншісі- Еркіндігі ?ыранны?.
Ділназ: Елімізді? жалауы Желбірейді аспанда. Бар ?лемге танылып, Биік т?рар ?ашанда! Елта?ба туралы сипаттама беру. ?аза?станны? Мемлекеттік елта?басында к?гілдір т?с аясында?ы ша?ыра? бейнеленген. Елта?ба толы? ше?бер кескінін береді. Ол тіршілік,м??гілік белгісі. Ша?ыра?-отбасы аманды?ыны? бейбітшілік пен тынышты? ай?а?ы,елімізде т?ратын барлы? ?лттарды? ынтыма?ыны? белгісі. Ша?ыра?ты айнала к?н с?улесіндей тарап уы?тар шаншыл?ан оны а?ыз- ??гімелердегідей ?анатты пыра?тар к?мкеріп т?р. Жыл?ы-пір т?тар ?аза? хал?ы ?шін айры?ша ?асиетті жануар. Елта?баны? жо?ар?ы жа?ында орналас?ан бес б?рышты ж?лдыз бізді? 11 ??ша?ымыз бен ж?регіміз бес ??рлы??а ашы? екенін к?рсетеді. Ал к?к т?с аспан барша ?лемні? халы?тарына орта? деген с?з. Б?л бізді? жер бетіндегі барлы? елдермен бейбітшілікте, досты? пен бірлікте, ?мір с?ргіміз келетіндігін баяндайды. Елта?баны? авторлары: Шот-Аман У?лиханов ?Р е?бек сі?ірген архитекторы, ?Р мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты. Жандарбек М?лібеков- с?улетші.
Султанна: Елта?басы елімні? Неткен ?йбат,?демі! Т?ны?ындай к??ілді?, Ортада-аспан ?лемі.
Сейфуллин: ??т,береке-ша?ыра?, Орын ал?ан ол т?рден. ?анатты ?ос ар?ыма?, Екі жа?тан к?мкерген.
Данат: Т?уелсіздік жолында, Талай-талай тер там?ан. Билігім ?з ?олымда, Еркіндігім-Елта?бам. Мемлекеттік Гимн?а сипаттама беру. Мемлекеттік Гимн — халы? ж?регіні? л?пілін танытып, адамдарды патриотты? сезімге б?лейтін музыкалы? бойт?мар іспеттес. Оны? ?уенінен Отан?а деген с?йіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік а??арылса, с?зінен рухани жан д?ниемізді танытар ?лтты? ?асиетіміз бен бейбіт пейілімізді, дос?а ашы? ??ша?ымызды еркіндікке ??штар, ке? к??іліміз жа?сы к?рініс тап?ан. Мемлекеттік Гимн-егеменді елімізді? туы мен елта?басыны? сазды баламасы. 2006 жылы ?Р-сыны? жа?а гимны ?олданыс?а енді. Гимнны? с?зін жаз?ан: Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев, Ж?мекен Н?жімеденов. Гимнны? ?нін жаз?ан: Ш?мші ?алдая?ов.
Зарина: Батырлы??а уызынан жары?ан, Ер т?ркіні байра?ынан таны?ан. ?зі а?ын, ?зі ?нші халы?та, Кім айта алар, болма?ан деп-?н?ран. Астана туралы ?ле?дер Жа?а ?ала, жас ?ала, Болды б?гін бас ?ала. Ол – с?йікті Астана. ?анат жай?ан к?сіле Алатауды? т?сінде. Алып ?ала – Астана.
ІІ.?орытынды б?лім.
Сендер де ерте? елімізді? к?ркеюіне ?з ?лестері?ді ?осасы?дар,бірі? с?улетші, бірі?, д?рігер, бірі? ??рылысшы, та?ы да бас?а маман иесі болып, елді г?лдендіре т?сесі?дер деген сенімім мол. Сонымен, «ел болам десе? бесігі?ді т?зе» демекші, м??гілік ел болу ?шін осы отыр?ан б?лдіршіндеріміз аман болып, болаша?тары жар?ын болсын деп тілейік! ??жатты? ?ыс?аша мазм?ны: ?аза?стан-2050 «?аза?стан-м??гілік ел» туралы т?сінік беру. Ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыру. Барша ?аза?станды?тарды? ма?саты, м?ддесі, та?дыры бір екендігін ??ындыру. О?ушыларды? патриотты? сезімдерін ояту. ?аза?станны? жері-ке?-байта?. Батыстан шы?ыс?а ?арай ?ш ж?з мы? ша?ырым?а, солт?стіктен о?т?стікке ?арай бір мы? жеті ж?з ша?ырым?а созылып жатыр. ?аза?станны? таби?аты ?р т?рлі. М?нда тау да, ?зен де, ш?л де бар. -?аза?стан Республикасы 1991 жылды? 16 желто?санында т?уелсіз ел болып жарияланды. -Т?уелсіз деген с?зді ?алай т?сінесіздер? Ешкімге т?уелді емес, дербес, я?ни, ?з м?селелерін ?зі шешетін, ?з байлы?ын ?зі бас?ара алатын мемлекет. ?аза?стан Республикасын елімізді? т???ыш президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев бас?арады. Елбасымызды? биыл?ы жыл?ы хал?ына жолдауында баршамызды? ма?сатымыз, м?ддеміз,та?дырымыз бір, сонды?тан да м??гілік ел болуымыз ?шін бірлікте, татулы?та болуымыз ?ажет деген болатын. ?аза?стан-м??гілік ел болуы мына отыр?ан сендерді? де ?олдары?ызда,ол ?шін сіздер берген білімді одан ?рі игеріп,ізденіп ?з ?ажеттіліктері?е ж?мсап отырасы?дар, ел ерте?і- білімді ?рпа? деп тегін айтылма?ан. ?рпа?ымыз білімді,т?рбиелі, саналы бол?ан жа?дайда ?ана еліміз к?ркейіп,г?лдене т?сері с?зсіз. Олай болса, тек білімді болайы?!
Содержимое разработки
Сынып сағатының тақырыбы: Патриоттық акт-мәңгілік ел»
Мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру.
Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар, слайдтар.
Барысы Кіріспе сөз: Туған өлке туралы өлеңдер оқу.
Зарина:Отан-жерім,Отан-суым, Отан қуат,нәр береді. Отан-ұран,Отан-туым, Отан мәңгі гүлденеді!
Диас:Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең,астанаң, Отан-аудан, ауылың.
Ділназ: Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан-өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын.
Аңсар: Отан-осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!
Елдар: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Данат: Түлігі өскен алуан-алуан, Төс, алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! -Балалар, біздің туған өлкеміз қалай аталады? -Қазақстан -Қазақстан қандай мемлекет? -Тәуелсіз,егеменді мемлекет. Қазақстанның жері — кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар.
-Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды.
-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елдіктің,айбынды жалғасы, Кейде тасып,кейде толқып арнасы. Қиялменен, ұғындым, бір шындықты, Оңай емес, болу деген-Елбасы. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір,сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп, ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі- білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді, тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп, гүлдене түсері сөзсіз.
Олай болса, тек білімді болайық! -Ендеше, балалар, өз білімдеріңді ортаға салайық! ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай? -Қазақ тілі. -Қазақстан Республикасының өз Ата Заңы бар. Тамыз айының 30 жұлдызы Ата Заңымыздың қабылданған күнін тойлаймыз.
-Барша қазақстандықтардың құқығы осы заң аясында қорғалады.
Сейфуллин: Құқығымды қорғаған, Ата заңды қолға алам. Оның әрбір бабымен Әділеттік орнаған.
Султанна: Құқығыңды білгейсің, Тәртіпті боп жүргейсің. Заңды білсең қашанда, Жаман өмір сүрмейсің.
Диас: Елдігімді сақтаған, Бар үмітті ақтаған, Ата заңым әділ деп Барша жұртқа мақтанам. -Иә,балалар, «бала бол,дана бол бәріңе заң біреу-ақ». ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар. -Ту, Елтаңба, Гимн.
Зарина: Рәміздерім елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім Гимн ,Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Мемлекеттік туға сипаттама беру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген суретшісі.
Ансар: Желбіресе көк туым, Көтерілер шоқтығым. Қазақты әлем таныды, Егеменді ел боп бүгін.
Елдар: Таңдай қаққан шартарап, Көк туымда барша бақ. Қыран самғап барады, Күнді иыққа арқалап.
Данат: Көк туымнан нұр алдым, Сол қыранға сыңармын. Ерікті елдің еншісі- Еркіндігі қыранның.
Ділназ: Еліміздің жалауы Желбірейді аспанда. Бар әлемге танылып, Биік тұрар қашанда! Елтаңба туралы сипаттама беру. Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңбер кескінін береді. Ол тіршілік,мәңгілік белгісі. Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз- әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің 11 құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз. Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды. Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов ҚР еңбек сіңірген архитекторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.
Султанна: Елтаңбасы елімнің Неткен әйбат,әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада-аспан әлемі.
Сейфуллин: Құт,береке-шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ, Екі жақтан көмкерген.
Данат: Тәуелсіздік жолында, Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам. Мемлекеттік Гимнға сипаттама беру. Мемлекеттік Гимн — халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Гимн-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы. 2006 жылы ҚР-сының жаңа гимны қолданысқа енді. Гимнның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Гимнның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Зарина: Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар, болмаған деп-Әнұран. Астана туралы өлеңдер Жаңа қала, жас қала, Болды бүгін бас қала. Ол – сүйікті Астана. Қанат жайған көсіле Алатаудың төсінде. Алып қала – Астана.
ІІ.Қорытынды бөлім.
Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол. Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік! Құжаттық қысқаша мазмұны: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Барша қазақстандықтардың мақсаты, мүддесі, тағдыры бір екендігін ұғындыру. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстанның жері-кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, шөл де бар. -Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды. -Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес, дербес, яғни, өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз,тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі- білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз. Олай болса, тек білімді болайық!
-80%
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Классный час. Патриотический акт-«Мәнгілік — ел!» (27.23 KB)
Похожие файлы
-
Игра по станциям «День семьи, любви и верности»
-
Великие полководцы России
-
Презентация к классному часу «Вейпинг: опасные заблуждения»
-
Зачем нужна положительная мотивация. Заметки из наблюдений опыта в работе.
-
Игровая программа «Ану-ка мальчики, а ну-ка девочки»