«Көктем аруы» байқауы (8 наурыз сценарий)
Тақырыбы: «Көктем аруы» байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
1-Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!
Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыp!
2- Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
1-Жүргізуші
Тауып бір әйел — әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
2 — жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 — жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 — жүргізуші:
Арулар — аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір — біріне жалғап тұрар.
1 — жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін — өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 — жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы- дей келе құттықтау сөзін шаңырағымыздың басшысы Садвокасов Серғазы Уәлиұлына беріледі.
1 — жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық — деп ән жолдаймыз.
Ән: Анаға сәлем
Орындайтын: Балтабаев Дәулет Бәшімұлы
Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. Ендеше, «Ару қыздар – 2014» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
1 — жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Аруларды кезекпенен ортаға шығарайық
2 — жүргізуші
Ән салуға жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір
Аяжанның сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
1 – ші талапкеріміз 5-сынып оқушысы Дулат Аяжанды ортаға шақырамыз
1-Жүргізуші
Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Жүрек жұтқан Айдана қыз
2– ші талапкеріміз 6- сынып оқушысы Мадимарова Айдананы қол соғып қошеметпен қарсы алайық!
2-Жүргізуші
Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Лиана қыз ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген
3 – ші талапкеріміз 7- сынып оқушысы Қабдраш Лиананы сахна төріне шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Ашық қабақ, торсық шеке, томпақ бет,
Мадинандай ер жүрек қыз табылмас
4– ші талапкеріміз 8- сынып оқушысы Болатова Мадинаны қошеметпен қарсы алайық
2-Жүргізуші:
Алайық қарсы Фаризаны
Үлгілі қыз бұл инабатты
Мерекеге бүгінгі
Әкелген көп бар сыйлары.
5– ші талапкеріміз 9- сынып оқушысы Дүйсенбаева Фариза ду қол шапалақтап қарсы алайық.
1-Жүргізуші:
Ләззатымыз да өнерлі
Күліп жүрер ақырын,
Жолың болсын Ләззатжан
Өнеріңді төк енді.
6– ші талапкер іміз 10- сынып оқушысы Тұрсынәлі Ләззатты қошеметпен ортаға шақырайық
2-Жүргізуші:
Өзі әдемі сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Қарсы алайық Динараны
Жайдарлы жүзді әдемі
-
– ші талапкеріміз 11- сынып оқушысы Дәнебаева Динараны қол соғып қарсы алайық, халайық!
1-Жүргізуші
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
2- Жүргізуші:
Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.)
2) «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан шығарма оқу)
3) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
4)Үй тапсырмасы. Бір салат дайындап келу, оның құрамын, атын, дайындау тәсілін айту
5) . «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6) «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.
1- Жүргізуші
:
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бекмурзенова айгүл Базархақызы – директордың оқу ісінің меңгерушісі
2. Умбетова Жайнагүл Макенқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қыйлажева Алтынгүл амантайқызы – технология пәні мұғалімі
4. Жанғазина Айгүл Әділханқызы – Музыка пәнінің мұғалімі
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
2-Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
2- Жүргізуші:
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын — деп аналар сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Музыкалық нөмер сынып_______________________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
1-Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Әр түрлі өнермен өрге басып кідірмейік.
2-Жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі — өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
ІІ кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту, поэмадан үзінді оқу)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
1-Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші,
ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
(Әр ару өзінің шеберлігін, икемділігін көрсетеді).
1 мин ішінде Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
2-Жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай — пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Музыкалық нөмір__________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
ІV кезеңде Үй тапсырмасы
1-Жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып.
Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді
2-Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді,
Қапасыз қалай айтқан қайран бабам.
Музыкалық нөмір_________________________________
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
V кезең
1-Жүргізуші:
Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, — деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен шаш үлгісін көрсетуде сынға түседі.
Музыкалық нөмір_____________________________________-
1-Жүргізуші:
6 кезең : Зерделінің ойы озық
Зерделінің ойы озық
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтар
1. Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл сөз көнсеңіз.
2. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу)
3. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар)
4. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, затай сыйлық)
5. Үш қуат — ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып — ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз — ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
6. Үш даусыз — мінез, кәрілік, ажал.
Үш кәдесіз — жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық — Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
7. Үш жақын — Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз — Су анасы — бұлақ. Жол анасы — тұяқ . Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам — ақыл — арқан , ой — өріс, адам — қазық.
8. Жеті қазына
1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).
9.Бес парыз
1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайыр‑садақа беру. 5.Иман және ихсан (адамгершілік пен рақымшылық
10. Алты игілік
1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос. 4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)
11. Алты парыз
Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып).
2. Шақырса – бару.
3. Кеңес сұраса – ақыл қосу.
4. Сұрағына – жауап беру.
5. Ауырып қалса – көңілін сұрау.
6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)
12. Жеті жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
13. Жеті жетекші
1. Адамның басшысы – ақыл.
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)
14. Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ел жетім,
Замандасы қалмаса —
Бәрінен де сол жетім.
2 — жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі — дей келе қазақ қыздарымызға арналған мерекелік сәлем Ғалия Серікқызы жолдайды.
Ән: Қыз сынып
Орындайтын: Исмакова Ғалия
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар — дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2 — жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
1 — жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 — жүргізуші
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем аруы — 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда көңілдеріңіз шаттыққа, құшақтарыңыз гүлге толы болсын — дей отырып, балаларыңыздан гүл шоқтарын қабыл алыңыздар бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,.
Осымен концертіміз аяқталды.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!! Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!
Сценарий: Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
— Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
— Олай болса, осы вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!
(Музыка вальс)
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын — деп ортаға сынып жетекшiлерiн шақырамыз 11 «А»
— сынып жетекшісі Донгелекова Балайша Ануарбекқызы және 11 «б» сынып жетекшісі Омарова Аманкүл Байтұрсынқызы
Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Ойы ұшқыр Айдана
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.
Ер жүректі Асан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Самат сыныптың жүрегі.
Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Толғанай.
Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Нұрсұлтан.
Біздің сынып басшысы
Алуа болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.
Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Ерлан жақсы біледі.
Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Төрт қыздың бастығы
Ол,әрине,Толғанай.
Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Қобыландыдай жігітті.
Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Гүлнұрды
Жауқазын гүлге теңейміз.
2 қатардың баллары
Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Маржан
Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Ұлпанды.
Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Ақсәуле.
Айдай сұлу Назирамыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .
Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол Айдана дер едім.
Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Аэлита келеді.
Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Гүлімді
Барлық досы қолдайды.
Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы Әсемді.
Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Әсем өнерлі.
Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.
Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.
Ортамыздың ажары
Перизаттай ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.
Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
— Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ — жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап «Жұлдызды кеш» деп атайық.
Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш— Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.
Жүргізуші: 2011 жыл Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
— Түлектерімізді орындарына қошеметтеп шығарып салайық.
МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген орындықтарына орналасады)
Жүргізуші:
— Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
(Қазақстан Республикасының
әнұраны орындалады)
Жүргізуші:
— Кештiң ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Жолдыбаева Күляш Рахымқызына
беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
— Жұлдыздарымызға ақ жол тiлеп , құттықтау кезегiн Жезқазған қалалық әкiмшiлiгiнен келген қонақ ———————- берiледi.
ФОН
Жүргізуші:
-Түлектердiң шын жұлдыз боп биiктен көрiнуiне өз қуанышын бiлдiрушi Жезқазған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлiмiнен келген қонағымыз —————————— берiледi.
ФОН
Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда , Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда . Қол соғып қошаметпен шақырайын , «Жұлдыздар» келсiн, кәне ортамызға!
Шығармашылық қабілеттері бар адамдар, сіздерге салтанатты сәт келіп тұр – аттестат берілу кезеңі.
Жүргізуші: Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.
— Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директора Жолдыбаева Күляш Рахымқызын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Смайлова Сауле Тұрсынқызын ортаға шақырамыз.
-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, мектеп бітіруші түлектеріміз!
Куляш Рахимовна Жанабай Айдананың аттестатыныңмәтінін өзі оқиды қолға аттестатын тапсырады
Қосымша винеткалары грамоталары беріледі
«Жұлдызды кештiң» аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .
Оқу білімнiң бұлағы» деймiз, немесе «бұлақ көрсең көзiн аш» дейдi қазақ..
Бұлақ — бұл су, яғни Суды қорған етер топтың жұлдыздары: Шаян, Сарышаян, Балық.
Алдарыңызда тұрған Су атасының балалары:
Айдана Ж , Перизат
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
Жүргізуші Қорғаны су жұлдыздар өмiрде өте нәзiк, сезiмтал болып келедi.
Шаяндар: өздерiн әлеуметтiк жұмыста, ұстаздық салада көрсетедi.
Сарышаяндар: тез және шапшаң шешiм қабылдауға бейiм, адамдар арасында кез келген уақытта тамаша ой бередi.
Балықтар: ең тамаша, таңданарлық талапты да талантты жандар
болады. Олар әр мамандықты қалауынша жандандыра алады.
Жүргізуші: Бұл өмірде өздерінді суда жүрген балықтай сезіңдер. Қиналмандар, сүрінбендер, көңілді күйде жүріп, алда болыңдар.
-Олай болса, Су атаның балалары да тегiн болмады. Ал, бұл жұлдыздардың ұстаздарына арнаған тілегін тыңдайық.
Тілек айтады Айдана Ж , Перизат
Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер балаларына келді. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларының да үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
Мендеш ,Айдана Ә, Гүлім, Маржан, Ұлпан, Толғанай .
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
-Жер Ананы қорған қылар топ өз тілектерін жеткізбек
(топтан сойлейтін АЙДАНА Ә. )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
Жүргізуші: Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.
Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.
Ауа қорғауындағы жұлдыздар: Егіздер, таразы, суқұйғыштар. Қарсы алайық:
Алуа, Толғанай Ж., Ақсауле , Самат, Қобланды, Нұрсұлтан, Жұлдыз, Назира
-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз
-Ал жұлдыздар тың жобамен талғамдарыңызды ортаға салыңыздар! Бұл топ жұлдыздар өздерінің дайындаған тілектерін жіткаізбек
(топтан сойлейтін САМАТ )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
— Рахмет сіздерге. Биіктен көрініп бақытты болыңдар. Жарқын болашақ тобын орындарына қошеметпен шығарып салайық.
Жүргізуші: Мiне, ең соңғы «жұлдыздар» тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
АсемӘ, Асем Т, Ерлан, Аэлита , Гүлнұр, Асан
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)
От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз «эстрада жұлдыздары бола алады » деп тұжырым айтуға әбден болады .
-Ендігі сөз түлектер өздеріңізде.
(топтан сойлейтін ЕРЛАН )
Топ түлектері өздерінің тілектерін айтады
— Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздарын орындарына қошеметпен шығарып салайық.
— Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз «жұлдызды шақтарың» туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .
Бұл бақытқа жеткендер бар , жетпей кеткен талайлар ,
Отыр, бәлкiм, арасында расында Абайлар.
Жарқ-жұрқ етiп өте шыққан жасындар,
Бейiмбеттер , Iлиястар, Сәкен , Мұхтар, Қасым бар!
Отыр , бәлкiм, сөз зергерi Ғабеңдер де ,
Отыр, бәлкiм , кең жүректi Сәбендер де .
Ана тiлiн сүйiп өскен ұрпақтың,
Хақысы жоқ ешқашан томендеуге
— Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектер атынан құттықтау соңгы сөз кезегi 11а сынып түлегі Сарбаева Гүлнұрға берiледi
(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай — талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
10-ші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!
(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )
ӘН «ҰСТАЗЫМ»
Гүлдер тапсырылады .
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiзде тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!
Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , — дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
11 «А» сыныбын бiтiрушi түлегі Құлманова Гүлімнің ата-анасы Несібелді Ибатаевнаға беріледі
11 «б» сыныбының бітіруші түлегі Аппазова Аэлитаның ата-анасы Қамбар Тасқымбаевичті ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
ФОН
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
Соңғы қоңырау үнін шығару
Екі жақтан екі оқушы ҰЛ бала ҚЫЗ бала
-Сіздердің өмір жолдарыңызда бақыт –шашуы қадамдарыңызға ақ жол тілейміз.
Жүргізуші: Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз. Мектеп ауласында от-феерверг шашылады.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Мақсаты:
Мектеп бітіруші түлектермен дөңгелек үстел басында армандары, тілектері туралы ой бөлісе отырып, 10 сынып оқушыларымен байланысын нығайту, оқушыларды бірін — бірі құрметтеуге, мектебі мен ұстаздарына деген сүйіспеншіліктерін арттыруды жалғастыру.
Болашақтарына ақ жол, сәттілік тілеу.
Көрнекіліктер:
Сөздер: «Қош бол, мектебім!»
Білімді мыңды жығады.
Мектеп – кеме, білім теңіз.
Ақ жол! Сәттілік! Сенімділік! Төзімділік! Сәт сапар!
Шарлар, гүлдермен безендіріледі.
Музыкалық нөмірлер.
Тәрбие сағатына мектеп бітіруші түлектермен бірге олардың алғашқы ұстаздары мен қазіргі сабақ беріп жүрген ұстаздары, ата — аналары шақырылды.
Жүргізушілер:
Дастан: Құрметті ұстаздар мен ата — аналар! 10 «а» сынып оқушыларының мектеп бітіруші түлектерге арналған «Қош бол, мектебім» атты дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!
Тоты: Елнар ендеше биылғы мектеп бітіргелі отырған түлектерімізді ортаға шақырмаймыз ба?
Дастан: Дұрыс айтасың Тоты, бірақ қалай шақырамыз?
Тоты: Расында да, жәй ғана ортаға келіңдер дей саламыз ба?
Шырын мен Елнар кіреді.
Шырын: Тоты, Дастан жүректері толқып тұрған мектеп бітіруші 11 «а» сынып оқушыларын жетекшілерімен қосып, ортаға шақыруды Елнар екеумізге тапсырсаңдар, қалай қарайсыңдар?
Тоты: Өзімізде қиналып тұр едік, бастасаңдар бастаңдар.
Елнар: Ендеше, түлектерді ортамызға шақыратын кез келді.
Мектеп бітіруші түлектердің Жетекшісі бүгінгі,
Үндемей жүріп, тындырады жан — жақтағы бар істі.
Райкамал Ибитайқызы балаларыңызбен ортамызға келіңіз,
Шапалақтап, қошеметпен қарсы алайық бәріміз
Шырын
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Дастан:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп, сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың дана.
Тоты:
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп,
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын: «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Дастан:
Тоты ал, енді арнайы шақырылған құрметті қонақтарымызды қалай жайғастырамыз?
Шырын: Дастан — Тоты екеуің тағы да қиналып тұрмыз деп Елнар екеумізге сілтей салайын деп тұрсыңдар – ау шамасы.
Тоты: Шырын, Елнар сендер өздеріңді біз күшті жүргізушіміз деп біраз бөсіңкіреп қалдыңдар ғой деймін, ә. Өзіміз – ақ қазір жайғастырамыз.
Шырын: Тоты бұл бізге кетіңдер дегенің бе? Сендердің түлектерді жайғастырғандарыңды көрмей кетпейміз, иә Елнар.
Елнар: Сендердің дауларың бүгін бітпес, тезірек жайғастырайықшы, түлектердің ішінде менің апайым бар, ұят болды ғой.
Жүргізушілер: Түлектерге қағаз таратады.
Дастан:
Дулаттың орындауындағы «Балдәурен» әні мектеп бітіруші түлектер, сіздердің құрметтеріңізге арналады, Қарсы алыңыздар!
Массаған, алдандыңдар.
Директорға сөз беріледі.
Шырын. Келесі тыңдайтындарыңыз мектеп бітіргелі отырған 11 сыныпқа сипаттама. Оқитын Азамат, назар аударыңыздар!
11 «а» сыныбын бір мемлекет ретінде қарастырып көрейікші
Жер көлемі 45 кв. км. Халқы сирек қоныстанған. Табиғаты қыста жылы, жазда суық болып келеді.. Мемлекеттік басқаруы – монархиялық, мұғалімдер әулеті басқарады. Алғашында екі бөлек мемлекет болған. Сол кезде біреуіне Гүлза Сайлауғалиқызы, екіншісіне Мариям Түсіпбекқызы билік жүргізген. Кейіннен Райкамал Ибитайқызы мен Жамиға Жақсыбекқызы билік басына келген. 2008 жылы халқының күрт азаюына байланысты екі мемлекет қосылып, билік Райкамал Ибитайқызына берілген. Билік басында ұзақ отырған Райкамал Ибитайқызының бұл мемлекетке сіңірген еңбегі ерекше.
Халқының негізгі шаруашылығы – гүл суару, тақта сүрту, мусор төгу. Таяуда тал егіп, тал суару шаруашылығы қолға алынуда. Ұлттық тағамдары – чупа – чупс» Жетістіктері ғылым, білім, өнер. Халқы мемлекет басшысы мен қызметкерлерін сыйлағанымен, өздері жоқта оларды атымен атайды. Мысалы: Райкамал, Нұрғиза, Дайыр деген сияқты..
Халқы негізінен арық болып келеді. Оның басты себебі қаржы дағдарысына қатты ұшыраған мемлекет.
Сынып жетекш: Мұғалімдерге сөз береді. Ойын. «Қойлар»
1. Оларды жақсы көресіздер ме? Жақсы көрсеңіздер неге?
2. Олар сіздерге бағынбай жан — жаққа қашса не істейсіздер?
3. Оларды еркімен жіберсе не болады деп ойлайсыздар?
4. Олардың болашағы туралы не айтуға болады?
(Сыйлық беріледі.)
Елнар.
Осы ұстаздарына 11 сынып оқушылары не дайындап келді екен?
Соны тамашаласақ.
Тоты:
Мектебім, қия алмаймын,
Көп нәрсе қиялдаймын.
Мәңгілік оқушың боп,
Қалуға ұялмаймын.
Дастан:
Өзіңнен, тегінде, мен,
Аттанам сенімменен.
Ассалаумағалейкум,
Дәу мектеп — өмір деген
Тоты: Ендігі тамашалайтындарыңыз 11 сынып аруларына арналған әзіл өлеңдер.
Дастан: Жаннұрдың орындауындағы сыған биі өздеріңізге арналады құрметті 11 сынып арулары, қарсы алыңыздар.
Елнар: Өмір қызық, ойлап тұрсаң, тым қызық.
Бірде сені арғымаққа мінгізіп,
Тізгініңді ұстатады қолыңа,
Жігіт болып қалғаныңды білгізіп.
Шырын: Зымырайсың, жетем дейсің ақ таңға,
Қалады ескі таныстарың қапталда.
Не білдім деп, не көрдім деп ойлайсың,
Барып, барып аттың басын тартқанда.
Елнар. Ендігі тыңдайтындарыңыз 11 сынып серілеріне арналған әзіл өлеңдер.
Шырын: 11 сынып жігіттерінің құрметіне Инабат пен Азаматтың орындауында би.
11 сынып оқушыларымен ойын. «Алма»
Тоты: Мұғалім – бұл өмірдің ардақты аты.
Білімді бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты
Дастан: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар
Бірі сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң – ұстаз деген данаң бар
Ортаға мектеп әкімшілігін шақырамыз.
Тоты: сіздерге жұмбақ.
Бір қарны бар, төрт құлағы бар (қазан)
Аузы іште, мойны сыртта (пеш)
Дүниеге тұмсықсыз келеді,
Тұмсығынан өледі (қарындаш)
Сіздерге арналатын ән «Шоқ қыздар»
Дулат пен Елардың орындауында КВН.
11 сынып оқушыларына арналған өлең жолдары
1. Әділетке
Әділ болар болашақта ол, сірә,
Бір зауыттың бастығы да болсын ба?
Қашан көрсең күлімдейді әрқашан,
Бір күлмесе, көңілі оның толсын ба?
2. Арнұрға
Сұңғақ бойлы ойы терең, бұл адам,
Асықпай жүріп қызықтардан құр қалған.
Тыныш жүріп, бұзықтығы бар, сірә,
Ұзын шашпен қыздарға көп ұнаған
3. Жасұланға
Дауысынан сеземіз көп былықты,
Ұйықтаудан жүлде алып, көпті ұтты.
Мұғалімдер сабақ сұрап келгенде,
Қонжықтардай момақан боп тұрыпты
4. Дәулетке
Ойлап қалар біреу оны бала деп,
Дегенменен ойлайтұғын сана көп,
Кіп – кішкентай бойыменен ұшқан бір,
Дер едім мен шағып алар ара деп.
5. Асыланға
Сабаққа да кейде ғана келетін,
Сыныбына шаттық нұрын төгетін.
Сабақ беріп шаршағанда, ұстаздың,
Айтқанына сонда ғана көнетін
6. Ақанова Айгерім – тіл маманы,
Қатысады жарысқа ол сан — саналы.
Астанаға жол тартып жүлде алғанда,
Ұстаздары мәз болып қарсы алады.
7. Мусинова Айгерім де тіл маманы,
Аудармашы болу оның аңсағаны.
Би билеп, тамақ жасау өнеріне,
Талантына барлығы тамсанады.
8. Әрқашан да таудай биік талабы,
Дүние тарихы оның таңдау сабағы.
Әлімбекова Әйгерім ерекше қыз,
Тігу, тоқу – қабілеті болады
9. Бақытқанова Айдана дарынды қыз,
Әйгерімсіз отыра алмас өзі жалғыз.
Дәрігер болу сенің ізгі арманың,
Биіктерге қыран құстай самғағын.
10. Ақбошанова Айданаға
Ұстанымы — «ізденген жетер мұратқа»,
Дайындалар алдағы болар сынаққа.
Асу асып, белестерді бағындыр,
Мектебіңді сен ұмытпа, бірақ та.
11. Әсемге
Таңдағаны стандартизация маманы,
Бақыт тілеймін өміріңе алдағы,
Жеңіске жету ұстанымы өмірде,
Физиканы тез меңгеріп алады.
12. Индираға
Тек алға — өмірдегі ұраны,
Ақ жарқын боп, күлімсіреп тұрады.
Инспектор мамандығы қалауы,
Әлі талай заңғар шыңға шығады
13. Арайлымға
Ақ арманың орындалсын көңілдегі,
Ұстаз болу – қалауың өмірдегі.
Ұтаздық еткен жалықпас – деген сөз бар,
Тәрбиелейсің ертеңгі жас өрендерді.
14. Мейрамгүлге
Болашаққа сенімменен қарайды,
Ядролық физиканы ол қалайды.
Бойыңдағы білімің мен дарының,
Өжеттігің таң қалдырар талайды.
15. Камилаға
Дәрігерлікті алдына мақсат еткен,
Сәттілік тілейміз біз шын ниетпен.
Ақ халатты абзал жан атанарсың,
Жаңа өмірге қадам бас ақ ниетпен.
16. Біржанға
Ақындықпен қадам басқан өмірге,
Мақсатыңа сен қол жеткіз өмірде.
Біржан ақын, асықпайтын мінезің
Жазылып тұр мына сенің жүзіңде
17. Бауыржанға
Бар таланты бір бойына сыймайды,
Бір өнері – ескі тыйын жинайды.
Мектептегі ең көңілді Бауыржан,
Барша жұртқа әзіл — қалжың сыйлайды
18. Нұрбекке.
Бұл мектептің мақтанышы түлегі,
Жақсылыққа толы әрқашан жүрегі.
Бағындырар белестер бар әлі алда,
Тек сәттілік – ұстаздардың тілегі.
19. Бақытжанға
Ұлағатты ұстаздың сен ұлысың,
Бітіруші түлектердің бірісің.
Ақ жол тілеймін саған сәт — сапар,
Әлі алда өзің шығар биік шың!
20. Наржанға
Аласа ғана бойы бар,
Теңіздей терең ойы бар.
Ертеңгі күні еліне,
Ғалым боп мүмкін танылар.
Тұңғыштар:
1. Ақанова Айгерім
2. Әлімбекова Айгерім
3. Мейрамгүл
4. Индира
5. Камила
6. Әділет
7. Дәулет
8. Асылан
9. Біржан
10. Бауыржан
Кенжелер:
1. Ақбошанова Айдана
2. Бақытқанова Айдана
3. Әсел
4. Арайлым
5. Мусинова Айгерім
6. Арнұр
7. Нұрбек
8. Бақытжан
Ортаншылар:
1. Жасұлан
2. Наржан
11 сынып оқушыларының 10 сыныптарға арнаған тілектеріне назар аударыңыздар:
Алға қарай самғап, биіктерден көріне беріңдер (Әсел)
Тек қана үздік болыңдар (Ақанова А)
Үлкен жетістіктерге жетіңдер (Арайлым)
Мақсаттарыңа жетіңдер (Камила)
Армандарың орындалсын (Әлімбекова А, Бақытханова Айдана, Индира)
ҰБТ – дан жоғары балл алыңдар, 125 балл тілейміз (Мейрамгүл, Дәулет)
Бауыржанның тілейтіні — Жақсылық
Жалқау болмаңдар, оқыңдар, оқыңдар — дейді Асылан
Өзіме не тілемесем сендерге де сонны тілемеймін — дейді Арнұр
Сендер не тілесеңдер соны (Жасұлан)
Ешқашан мұңаймаңдар, патшалар мен ханшайымдар (Әділет)
Үлкен адам болу үшін ғаламда
Үлкен арман болу керек адамда (Мусинова Айгерім)
Дастан
Биылғы мектеп бітірушілер елімізде жақсы оқиғаларға толы болған жылы бітіргелі отыр
Тоты.
Иә, щынымен де, соларды тізбектеп атап көрейікші.
Шырын:
1. Қазақстан ОБСЕ – ге төрағалық етіп, 56 мемлекеттің басын қосып саммит өткізген жылы,
Дастан
2. 7 — ші Азия ойындарын өткізіп, зор жеңіске жеткен жылы,
Тоты
3. Біздің жеріміздегі Байқоңырдан дүние жүзінде бірінші рет ғарышқа ұшудың басталғанына 50 жыл толған жылы,
Шырын:
4. Негізгі заңымыз — ҚР Конституциясының 15 жылдығында,
Дастан
5. Президент сайлауы өтіп, Елбасымыздың теңдессіз жеңісі жылы,
Тоты
6. ҚР — ң 20 жылдығы қарсаңында,
Шырын:
7. Семей палигонының жабылуының 20 жылдығы қарсаңында,
Елнар
Болдыңдар ма? Ал ендеше мені тыңдаңдар:
Мен өзіміздің мектептегі айтулы күндерді айтам.
11 сынып оқушылары бітіргелі отыр —
Мектебіміздің директоры Медғат Рахметұлының 60 жылдығы қарсаңында,
Балалар сендер білесіңдер ме, Дайыр Сейілқанұлы мен Медғат Рахметұлының туған жылы, күдері, айлары да бірдей екенін, ендеше физика мұғалімнің 60 жылдығы қарсаңында,
Сәуле Жұмабекованың 50 жасқа толғанында,
Шырын
Елнар айтып тұрғандарың ұят болған жоқ па.
Дастан. Тоты: Расында да.
Елнар. Несі ұят екен. Ұялсаңдар мен сендерге ерегескенде тағы да айтам.
Қазақтың халық әртісі Бибігүл Төлегенова осы мектептен білім алса, биыл мектебімізге Бибігүл Төлегенова мұғалімі жұмысқа кірген кезде,
Ең бастысы Дәурен мұғалімнің көптен күткен үйлену тойы қарсаңында бітіргелі отыр.
Дастан: Жас түлектер болашақ өмірлерің осындай қуаныштарға толы болып, жолдарың әрқашан ашық болсын деп тілейміз!
Тоты: Алдыдағы үлкен міндеттерің — Бірыңғай ұлттық тестте білімдегі еңбектерің жансын!
Шырын: Сәттілік, Ақ жол тілейміз, қымбатты мектеп бітіруші түлектер, алтын ұя мектептеріңді, білім берген ұстаздарыңды ұмытпаңдар, еліміздің тәрбиелі, өнегелі азаматтары болуларыңды 10 сынып оқушыларының атынан шын жүректен тілейтінімізді білдіргім келеді.
Мектеп бітіруші түлектерге арналған дөңгелек үстел
Сынып жетекші: Кульджина Нургиза Бекзуркановна
1. /сынып жетекш_/11 сынып.docx 2. /сынып жетекш_/7 _ сынып.docx 3. /сынып жетекш_/жоспар 9 май.docx 4. /сынып жетекш_/план жетекш_.doc 5. /сынып жетекш_/сынып жетекш_лер сценарий.docx |
Сабақтың мақсаты Тәрбие жұмысыны мақсаттары мен міндеттері Ашық тәрбие сағаты 22 сәуір – 2 мамыр арасында «Ең үздік сынып жетекшісі» |
«Ең үздік сынып жетекшісі»
Мақсаты: Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса «ұстаз» деген атқа лайық сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сынып жетекшілерді ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.
1.Адамзаттың тарихын
Тарихтан алып үлгі еткен,
Өткен өмір белесін,
Ұрпаққа айтып сыр шерткен
Айман сынды ұстаз бар,
Саналы ұрпақ түлектен-деп Айман Қажымуратқызын қарсы алайық.
2. Ақботадай ұстаз бар,
Әр қадамын үлгі еткен.
Оның әрбір сабағы,
Жүрегінен сыр шерткен- деп Акбота Бақытқызын қарсы алыңыздар.
3 Б -сынып жетекшісі
3. Ал, халайық көркіне тамсанайық,
Қызы қылықты дегенге әнде лайық.
Каиргелдықызы Гуля деген ұстаз,
Келе жатыр, қол соғып қарсы алайық.
Киршимова Гуля- 1-сынып жетекшісі
4. Қыздарыңыз білсеңіз таң қалдырар,
Жүректің алау отын жандырар
Ағайын, қошеметпен қарсы алайық
Жас ұстаз — Бейбітгуль мұғалімді
Бейбітгуль — 2-сынып жетекшісі
5. Дүрсілдеп бара жатыр жүрегі оның,
Жайдары болғанымен көңілі дал-дүл.
Ұстаз боп сынға түсіп сыналмақшы,
Маңдайы жарқыраған Мергуль қызымыз.
Мергуль Амангелдықызы — 8 а-сынып жетекшісі
6. Білім құйған бойына
Қанық өмір жайына.
Салт-дәстүрдің әр сөзін.
Сақтар жүрген ойына- деп Карашаш Ермекқызын қошеметпен қарсы алайық
Осындай тапқыр достар кез- келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
— деп. құрметті қауым! Сынға түсетін сынып жетекшілерімізге тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Әділ — қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан жетекшілер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Мектеп директоры: Найманова Айгүл Зейноллақызы
Әдіскер Мұхамеджарова Алмагүл Байжанқызы
Бастауыш сыныптың оқу ісі меңгерушісі – Төлеу Танауқызы Оразалинова
Ата – ана – Азмағанбетова Құралай
Бұл сайы негізі 3 кезеңнен тұрады:
- Мастер класс
- Портфолио сайысы
- Өз-өзін презентациялау
Қымбатты қонақтар , кезекті қатысушы ұстаздарымыздың «Мастер класс» сабақтан үзінділерін тамашалайық.
Кезек соңғы кезең, «Өзін-өзі презентациялау» кезегіне берейік.
Сіздердің қошеметтеріңізбер ортаға Айман Қажымұратқызын шақырайық.
Келесі қатысушы жас маман ұстазымыз Ақбота Бақытқызы.
Кайыргелдықызы Гуля
Бейбітгуль
Мергуль
Карашаш Ермекқызын
«Ең үздік сынып жетекшісін» анықтау үшін ортаға бүгінгі сайыскерлерімізге әділ баға берген қазылар алқасын шақырайық.
Осыменен сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
«Үздік топ жетекші 2016» байқауының сценарийі
1 жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар және студенттер!
1 жүргізуші: Бүгінгі колледжішілік топ жетекшілерінің кәсіби деңгейлерін көтеру және біліктілігін бағалау мақсатында ұйымдастырылып отырған «Үздік топ жетекші 2016» байқауына қош келіңіздер!
1 жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаями, Адай да.
2 жүргізуші
Көк байрығым көк жүзінде қалқыған,
Әнұраным әуеленген шалқыған.
Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,
Елбасы да өткен ұстаз алдынан.
1 жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.
2 жүргізуші: «Үздік топ жетекші 2015» байқауына үміткер ұстаздарымызды ортаға шақырайық:
-
Мукушова Гүлмира Кусайновна 3 нег ИС топ жетекшісі
-
Сұлтанова Балауса Алтынбековна 1 нег Есеп топ жетекшісі
-
Несвельдинова Салтанат Мұратхановна 4 қысқ ПО-1 топ жетекшісі
-
Қуанышева Күлпаш Бадешовна 4 қысқ ПО-2 топ жетекшісі
-
Саменова Айнагүл Нұртаевна 3 нег ВТ-Э топ жетекшісі
-
Амежанов Жасұлан Жасболатович 2 қысқ ПО топ жетекшісі
-
Алимгожина Майнұр Гаппаровна 2 нег Есеп-1 топ жетекшісі
-
Аубакирова Меруерт Жанабыловна 3 нег ВТ-О топ жетекшісі
-
Дүйсенбекова Арайлым Нургелдиновна 1 нег ИС топ жетекшісі
-
Шакерхан Қапан Оралғазыұлы 3 нег ВТ-Т топ жетекшісі
-
Есимханова Дана Нурзатовна 3 қысқ Есеп топ жетекшісі
-
Едлипова Шолпан Метиоловна 1 нег ВТ-2 топ жетекшісі
Ал енді сайыскерлерімізге баға беруші әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:
-
Колледж директоры Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы
-
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Вощакина Елена Александровна
-
Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл Жанұзаққызы
-
Қаржы экономикалық мамандығы бойынша оқу әдістемелік бірлестігі бойынша директордың орынбасары Ибраева Аделя Маликовна
-
Методист Кайкенова Маржан Жумагазиновна
-
Физика пәнінің мұғалімі Ахметова Айгүл Түсіпжанқызы
-
Психолог Аскарова Айгерим Еркиновна
Сайыскерлерімізді бірінші бөлімге дайындалу үшін сахна сыртына шағарып салайық.
2 жүргізуші: «Үздік топ жетекші 2015» байқауының бөлімдерімен таныс болыңыздар!
1 жүргізуші: 1 бөлім таныстыру. Таныстыру
2 бөлім «Мен және менің тобым» топ студенттерімен бірге бейнеклип көрсету
3 бөлім ситуациялық сұрақтарға жауап беру
4 бөлім «Ұстазға жеті өнер де аз» Өз өнерлерін көрсету
2 жүргізуші
Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз
Әр ұстаз айта кетсін өзі жайлы.
1 тур. Байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы (еркін)
(сайыскерлер ортаға шығады)
Әділқазылар 1 бөлімге баға береді.
2 жүргізуші
Мұғалім деген ерекше қауым, дара шың,
Ол жаңашыл, жаңалық іздеп табатын.
Әр ұстаз өзі еткен бар ісін,
Уақыт келді ортамызға салатын-дей келе, топ жетекшілерінің бейнеклиптерін тамашалап көрейік.
(сайыскерлер ортаға шығады)
Әділқазылар 2 бөлімге баға береді.
1 жүргізуші
Әрқашан сөзі ізгі ірі асылдар,
Жүрекке үміт сеуіп тұрасыздар.
Өмірде түрлі-түрлі жағдай болса,
Тұйықтан қалай сіздер шығасыздар.
Сайыскерлерімізге арнайы қойылатын ситуациялық сұрақтар.
1.Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғалғанын, сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?
2. Сіз сабақ өткізудесіз. Мектепке сирек келетін ата-ананың бірі есік қақпастан кіріп келіп, әй-шай жоқ, партада отырған қызының жанына жүгіріп барып, айналып-толғанып ертіп әкете жөнелді. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Тез келсін!» деп сізді директор шақыртыпты. Кабинетіне кіріп келсеңіз ашуланып тұрған директор сіздің еш қатысыңыз жоқ оқиға жөнінде ұрса жөнелді. Сіз ештеңе түсінбей, аңырап қалдыңыз. Не істейсіз?
4.Тобыңызла бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?
5. Жатаханада бір оқушы ауылына қашып кетіпті. Күн болса аяз, боран соғып тұр. Сіз топ жетекшісіз. Баланың өміріне сіз жауаптысыз. Сіздің әрекетіңіз?
6.Мерекеге қарсы тәрбие сағатын өткізейін деп жатырсыз. Арман есімді бір оқушының әлі жоқ, ол жүргізуші және көріністерге де шығады. Басталатын уақыт болды. Ата-ана т.б шақырылған қонақтарың келіп болды. Сіз не істейсіз?
7.Тобыңызда ұлдар өте тентек. Тобыңыз үшін үнемі ескерту аласыз. Шаштары өскен, үнемі ескертесіз. Бірақ орындалмайды. Ата-анаға барсаңыз «жалғыз сол ма?» деген сияқты дәлел айтады. Сіздің әрекетіңіз?
8. Тобыңызда нашар оқитын оқушы бар. Оның үлгерімін жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?
9.Өзіңіз жетекшілік ететін тобыңызға үзіліс кезінде сөмкеңізді тастап кеттіңіз. Қайтып келгенде, сөмкеңізден қомақты ақша жоғалғанын аңғардыңыз. Қайтесіз?
10. Таңертең асығып етегіңіз сөгілген көйлек кигеніңізді байқамадыңыз. Сабақ басталғасын 15 минуттан соң бір оқушы «мұғалім, көйлегіңіздің етегі сөгіліп кетіпті ғой» деп дауыстап сыныпқа естіртіп айтты.Не дейсіз?
11. Қоңырауда сыныптастарымен жанжалдасып, ашуланып отырған оқушы Сіздің сабақ басталды,жұмыс істе деген сөзіңізге «мазамды алмаңызшы» деп дөрекі жауап берді. Қайтесіз?
(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау)
1 жүргізуші
Ойы озық өзге жаннан шарықтаған
Өнері көкке қарай қалықтаған,
Көкірегі ояу, парасатты ой иесі,
Білім беру жолында жалықпаған-деп, кезекті «Ұстазға жеті өнер де аз» бөліміне беріп, топ жетекшілердің өнерін тамашалап көрейік.
2жүргізуші
Бойларыңда от бар екенін байқадық,
Жүректерде шоқ бар екенін байқадық.
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар, әрдайым.
Әділқазылар қорытындысын шығарғанша кезекті әсем әнге берейік.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.