1. /сынып жетекш_/11 сынып.docx 2. /сынып жетекш_/7 _ сынып.docx 3. /сынып жетекш_/жоспар 9 май.docx 4. /сынып жетекш_/план жетекш_.doc 5. /сынып жетекш_/сынып жетекш_лер сценарий.docx |
Сабақтың мақсаты Тәрбие жұмысыны мақсаттары мен міндеттері Ашық тәрбие сағаты 22 сәуір – 2 мамыр арасында «Ең үздік сынып жетекшісі» |
«Ең үздік сынып жетекшісі»
Мақсаты: Сынып жетекшілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса «ұстаз» деген атқа лайық сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сынып жетекшілерді ортаға шақырайық.
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық.
1.Адамзаттың тарихын
Тарихтан алып үлгі еткен,
Өткен өмір белесін,
Ұрпаққа айтып сыр шерткен
Айман сынды ұстаз бар,
Саналы ұрпақ түлектен-деп Айман Қажымуратқызын қарсы алайық.
2. Ақботадай ұстаз бар,
Әр қадамын үлгі еткен.
Оның әрбір сабағы,
Жүрегінен сыр шерткен- деп Акбота Бақытқызын қарсы алыңыздар.
3 Б -сынып жетекшісі
3. Ал, халайық көркіне тамсанайық,
Қызы қылықты дегенге әнде лайық.
Каиргелдықызы Гуля деген ұстаз,
Келе жатыр, қол соғып қарсы алайық.
Киршимова Гуля- 1-сынып жетекшісі
4. Қыздарыңыз білсеңіз таң қалдырар,
Жүректің алау отын жандырар
Ағайын, қошеметпен қарсы алайық
Жас ұстаз — Бейбітгуль мұғалімді
Бейбітгуль — 2-сынып жетекшісі
5. Дүрсілдеп бара жатыр жүрегі оның,
Жайдары болғанымен көңілі дал-дүл.
Ұстаз боп сынға түсіп сыналмақшы,
Маңдайы жарқыраған Мергуль қызымыз.
Мергуль Амангелдықызы — 8 а-сынып жетекшісі
6. Білім құйған бойына
Қанық өмір жайына.
Салт-дәстүрдің әр сөзін.
Сақтар жүрген ойына- деп Карашаш Ермекқызын қошеметпен қарсы алайық
Осындай тапқыр достар кез- келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
— деп. құрметті қауым! Сынға түсетін сынып жетекшілерімізге тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
Әділ — қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан жетекшілер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Мектеп директоры: Найманова Айгүл Зейноллақызы
Әдіскер Мұхамеджарова Алмагүл Байжанқызы
Бастауыш сыныптың оқу ісі меңгерушісі – Төлеу Танауқызы Оразалинова
Ата – ана – Азмағанбетова Құралай
Бұл сайы негізі 3 кезеңнен тұрады:
- Мастер класс
- Портфолио сайысы
- Өз-өзін презентациялау
Қымбатты қонақтар , кезекті қатысушы ұстаздарымыздың «Мастер класс» сабақтан үзінділерін тамашалайық.
Кезек соңғы кезең, «Өзін-өзі презентациялау» кезегіне берейік.
Сіздердің қошеметтеріңізбер ортаға Айман Қажымұратқызын шақырайық.
Келесі қатысушы жас маман ұстазымыз Ақбота Бақытқызы.
Кайыргелдықызы Гуля
Бейбітгуль
Мергуль
Карашаш Ермекқызын
«Ең үздік сынып жетекшісін» анықтау үшін ортаға бүгінгі сайыскерлерімізге әділ баға берген қазылар алқасын шақырайық.
Осыменен сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар.
Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!»
1-жүргізуші: — Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және
көрермендер!
«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста
қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен
алғырлығы додаға түседі.
1-жүргізуші: — Баға берер топтарға,
Қара қалды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз салайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1)Мектептің ғылыми—әдістемелік жұмысының меңгерушісі Сапрыгина Р.Э.
2) Мектептің ғылыми – жобалар жұмысының меңгерушісі Абжанова Г
3) «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып
мұғалімі Сахариева М. М.
— Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:
1. Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)
2. Ширату
3. Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)
4. Жеті жұрттың тілін біл.
5. Тапқырлар сайысы.
6. Капитандар сайысы.
7. Ептілер сайысы.
1. кезең Таныстыру (жеребье арқылы) 5ұпай
Әдеппен ізетпен танысуға дей келе сайыстың алғашқы шарты
«Таныстыруды» бастаймыз.
2. кезең «Ширату» 3 мин
Балқарағай, қолшатыр, бозторғай, түймедағы – сөздеріндегі әріптерді
пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1 ұпай.
3. кезең «Өнер сайысы»
«Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Үшінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» — деп өнер сайысын бастайық. Бұл сайыста әр
топ дайындап келген өнерлерін көрсетеді.. Жоғарғы ұпай саны – 5 ұпай.
4. кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде
аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай
беріледі.
1) Аяғы біреу, қолы жоқ
Шиыр – шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (Қалам—ручка)
2) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза—жаза арықтаған (Бор—мел)
3) Сағат сайын қағылады
Тек мектептен табылады ( Қоңырау—звонок)
4) Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (Түлкі—лиса)
5) Қыста ғана болады
Ұстасаң қолы тоңады (Қар—снег)
6) Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны (Теледидар—телевизор)
7) Өзі кірді ашады
Суға салсаң қашады (Сабын—мыло)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз—лук)
9)Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен (Құмырсқа—муравей)
10) Жылт—жылт еткен
Жырадан өткен (су—вода)
11)Қабат—қабат қаттама
Ақылын болса аттама (Кітап—книга)
12)Белі бүкір
Алысқа түкір (Мылтық—ружье)
13) Судан алады,
Суға салса өледі (Тұз—соль)
14) Кесе –кесе мұқалды
Жони—жони жұқарды. (Пышақ—нож)
5. кезең «Тапқырлар сайысы»
4 топқа 4 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу
керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.
Шешуі:
6. кезең «Капитандар сайысы»
Әр топ командирін шақырамыз.
1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.
1. Республикамыздың басты қаласы (Астана)
2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
3. Білім күні қай күн? (1—қыркүйек)
4. Анаңның аты кім (...)
5. Қазақша жыл басы (Наурыз)
6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?
8. Аспан сөзінде неше әріп бар?
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)
10. Бір өркешті түйе (Нар)
11. Апркль айының қазақша атауы. (Сәуір)
12. ТОбыңның аты
13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?
14.Жасың нешеде
15.Мемлекеттік рәміздер
16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын
18.Оқу жылы қашан аяқталады?
19.Киелі құс
20. «Көз қорқақ – қол …»
7. кезең «Ептілер сайысы»
Бұл кезеңде әр сайыскер кедергілерден өтіп математикалық тапсырмаларды
орындап, келесі балаға эстафетаны тапсырады.
— Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді
Дұрыс, әділ шешімін.
— Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,
сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!
— Болмасын ешбір сын өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасының
төрайымына береміз!
«Үздік сынып жетекшісі-2015» байқауы
Мақсаты: Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын сынып жетекшілерін анықтау, жас ұрпақты тәрбиелеу әдістерімен педагогикалық ұжымды таныстыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, нақыл сөздер т.б
Әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап
Түрі: Сайыс
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! «Үздік сынып жетекшісі-2015» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер! Сынып жетекшісі міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуыныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Дегенмен де мектепте сынып ұжымының іс-әрекетін басқаратын одан қызық, одан жемісті жұмыс жоқ деуге болады. Сынып жетекшісі болу-бұл педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге ысыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктер қуанышы.
Шеттерінен жігер оты лаулайтын
Білімімен шәкірттерін баулайтын.
Биік қойған парасат пен тәлімді-
Мәртебелі ұзтаздықты таңдайтын,- деп бүгінгі «Үздік сынып жетекшісі-2015» байқауына қатысқалы тұрған сынып жетекшілерін ортаға шақырайық.
1. -1 « » сыныбының жетекшісі _________________________________
2. — 2 « » сыныбының жетекшісі__________________________________
3. — 3 « » сыныбының жетекшісі__________________________________
4. – 4 « » сыныбының жетекшісі_________________________________
5. — 5 « » сыныбының жетекшісі ________________________________
6. -6 « » сыныбының жетекшісі __________________________________
7. -7 « »сыныбының жетекшісі___________________________________
8.-8 « »сыныбының жетекшіс ___________________________________
9 .-9 « » сыныбының жетекшісі __________________________________
10 .-10 « » сыныбының жетекшісі ________________________________
Қазылар орнықтылар әділдікті
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- деп сайыс барысында баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық.
1.
2.
3.
4.
5.
— Ал, келіңіздер, келіңіздер
Дарындарыңызға сеніңіздер
Өнерлеріңізге сүйеніп
Сайысқа қатысып көріңіздер!- сайыскерлеріміз бен көрермендерге сайыстың жүру барысын таныстырып өтейік.
1. Өзін-өзі таныстыру-
2. педагогикалық жағдаяттарды шешу
3. тәрбие туралы монолог
4. өз өнері
5. Педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған тестілеу 20 мин.
Ақыл керек білім таңдап аларға
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл шырақ, қараңғы түнді ашатын
Білім-жарық, нұрын әлемге шашатын
Біліктіні тыңда – ақыл бұлағы
Білімді сөз-шырын жанның құнары.
Тәрбиесіз бала ұғар ма?
Олай болса уысыңнан шығарма.
Тартар күйік ет кескендей етінен
Қатал тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде,- деп, сайысымызды бастаймыз.
І-бөліміміз «Мен сынып жетекшімін» деп аталады. Сайыскерлер 5 минут аралығында өзін-өзі таныстыруы керек.
ІІ-бөліміміз «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» деп аталады. Сайыскерлерге ұсынылған шиеленісті жағдайды шешудің алуан жолдары, педагогикалық болжамдауларды, шешімінің әсерлілігі анықталады. (3-минут)
1.Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғылғанын, сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?
2. Сіз сабақ өткізудесіз. Мектепке сирек келетін ата-ананың бірі есік қақпастан кіріп келіп, әй-шай жоқ, партада отырған қызының жанына жүгіріп барып, айналып-толғанып ертіп әкете жөнелді. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Тез келсін!» деп сізді директор шақыртыпты. Кабинетіне кіріп келсеңіз ашуланып тұрған директор сіздің еш қатысыңыз жоқ оқиға жөнінде ұрса жөнелді. Сіз ештеңе түсінбей, аңырап қалдыңыз. Не істейсіз?
4.Сыныбыңда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз қандай?
5. Жатақханада бір оқушы ауылына қашып кетіпті. Күн болса аяз, боран соғып тұр. Сіз тәрбиешісіз. Баланың өміріне сіз жауаптысыз. Сіздің әрекетіңіз?
6.Мерекеге қарсы тәрбие сағатын өткізейін деп жатырсыз. Арман есімді бір оқушыны әлі жоқ, ол жүргізуші және көріністерге де шығады. Басталатын уақыт болды. Ата-ана т.б шақырылған қонақтар келіп болды. Сіз не істейсіз?
7.Сіз сыныптағы сабаққа келдіңіз. Әрине, ерекше жағдайды көресіз. Балалар өздерінің бір бетке ұстарын қоршап алған. Оның әңгімесі қатты күлкімен аяқталады. Сіздің әрекетіңіз?
8.Сыныбыңызда ұлдар өте тентек. Сыныбыңыз үшін үнемі ескерту аласыз. Шаштары өскен, үнемі ескертесіз. Бірақ орындалмайды. Ата-анаға барсаңыз «жалғыз сол ма?» деген сияқты дәлел айтады. Сіздің әрекетіңіз?
9. Сыныбыңызда нашар оқитын оқушы бар. Оның үлгерімін жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізер едіңіз?
10.Өзіңіз жетекшілік ететін сыныбыңызға үзіліс кезінде сөмкеңізді тастап кеттіңіз. Қайтып келгенде, сөмкеңізден қомақты ақша жоғалғанын аңғардыңыз. Қайтесіз?
(Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау)
. ІІІ.тәрбие туралы монолог .
Ү. Педагогика және психологиялық теориясы мен әдістемесі білімдерін тексеруге арналған тестілеу Сайыскерлерге тест сұрақтары беріледі. 20 минут ішінде тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын белгілеулері керек. (Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).
Соңғы бөліміміз «Өнер көрсету» деп аталады. Сайыскерлердің өнерін бірігіп тамашалайық. (Әділқазылардан сайыскерлердің бағасын беруді сұрау).
Жүргізуші: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оныңөміріне зиян әкеледі», — деп әлемнің екенші ұстазы Әл-Фарабидің көрегенділікпен айтқан пікірі ешқашанда маңызын жоймақ емес. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттеріне бойына сіңіре отырып, дені сау, рухани өрісі биік, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді, рухы кемел жеке тұлғаны қалыптастыру – тәрбиенің өзекті мақсаты екені айқын. Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазыларда.
Сайыскерлерді қорытындылап, байқауға қатынасушы сынып жетекшілерін марапаттау
— «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деген Ж. Аймауытов пікіріне сүйене отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп, сол еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер деп сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет
Тест сұрақтары 1. ҚР-ның «Тіл туралы заңы» қашан қабылданды? А)1998ж 11 маусым ә)1997ж 27 маусым б)1997ж 11 шілде
2. ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің 2004жылғы 16 наурызда бекітілген. Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде көрсетілгендей тестілеу қай кезде өтеді? А)10 маусымнан 15 маусымға дейін Ә)15 наурыздан 30 сәуірге дейін Б)10 маусымнан 25 маусымға дейін
3. ҚР –нің білім беруді дамыту тұжырымдамасы нешінші жылға дейін арналған? А) 2010 жылға дейін Ә)2015 жылға дейін Б)2017 жылға дейін
4.ҚР –сы үкіметінін «Ауыл мектебі» бағдарламасын бекіткен қаулысы қашан шықты ? А)4 қаңтар 2003 жылы №127 Ә)4 ақпан 2003 жыл №128
5) 4ақпан 2003жылы №108 5. «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасы қай жылы қабылданды? А)1998 жылы ә)1996 жылы б) 1997 жылы
6. Балалар құқығы туралы конвенцисын қабылдаған ұйым? А) Халықаралық ұлттар ұйымы ә) Біріккен ұлттар ұйымы б) Біріккен ұлттар ұйымы балалар фонды.
7.Тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен көлемі, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін негізгі құжат? А) Мемлекеттік бағдарлама Ә) Оқу бағдарламасы б) Оқу жоспары
8. Профессор Ж.А Қараевтің технологиясы қалай аталады? А) Ұжымдық оқыту тәсілі Ә)Деңгейлеп саралап оқыту Б) Ұжымдық ойлау әрекеті
9. ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі бекіткен 11 кешенді тәрбие беру бағдарламасы қашан қабылданды?
10. ҚР-ның азаматтарының орта білім алуға міндеті туралы ҚР конституциясының нешінші бабында жазылған? А) 29 ә)30 б)3 Қызға қырық үйден тыю Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.
Құрметті: Ұстаздар, оқушылар, ата — аналар!
Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Класс жетекші және оқушы» сайысына қош келдіңіздер.
Ұстазым өркендеткен ой — өлкемді,
Өзіңнен арман — тұлпар өршеленді.
Елімнің азаматы, ардақтысы,
Боп жүрсем өзіңменен өлшенеді.
Ақылдың, адамдықтың асыл кенін,
Ұқтырған өмір сырын, ғасыр демін.
Ұстазым, құзырыңа бас иемін,
Қаншаға келсе — дағы жасым менің.
Бүгінгі кешіміздің шарттарымен таныстырып кетуге рұқсат етіңіздер.
Қатысушылар өздерін сазды әуен немесе сахналандырылған қойылым арқылы таныстырады.
1.«Біздің сынып». Үміткерлер сынып мүшелерінен дерек беретін көрме ұйымдастырады, баяндап береді.
2.«Өнерлі өрге жүзер» сайысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.(класс жетекшісі мен оқушысы біріге отырып)
3. Ситуациялық жағдай
4.«Жорға» байқауы. Әр класқа 15 сұрақтан қойылады. Жауабы тез берілуі қажет.
5.«Әуенді тап»
6.«Көңілді аспаздар». Әр топ өздері (пісіріп) әкелген тағамдарынан билей жүріп, қызықты әңгімелер айта отырып салат дайындайды.(салат түрлерін өздері анықтайды)
Көзінде жылылық бар,
Сөзінде ұлылық бар.
Мінезін осы бастан,
Ұғынып қал!
Орынсыз күлгені,
Ойлана біл дегені.
Сыйламай,
Ренжітіп
Жүрме оны.
Ұялтып терлеткенде,
Бетіне жел боп келме.
Сағына еске алсаң,
Ержеткенде!
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.